Жарнама және оның түрлері



Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Негізгі бөлім:
1 Жарнама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Жарнаманың атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Жарнама түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Жарнама әрекетін жүргізудегі негізгі сатылары ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Жарнаманы тарату құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Арнайы сату әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Тауар өтімін ынталандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4 Қоғаммен байланыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5 Коммуникация стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Маркетинг коммуникациясы кәсіпорынның өндіріс-өткізу жүйесінде маңызды орын алады. Өйткені маркетинг кешенінің ол ең белсенді бөлімі болады.
Коммуникация дегеніміз тауарлар, қызметтер туралы хабарландыру, оларға деген тұтынушының сенімін күшейту, олар туралы ескерту ұшін фирма қолданатын әдіс-амалдары.
Кәсіпорын тұтынушыларға тиімді әсер ету үшін коммуникацияның келесі әдіс-амалдарын пайдалануы мүмкін: жарнаманы, арнайы Сатуды, өтімді ынталандыруды, қоғаммен байланысты.
Коммуникацияның әр элементіне сәйкес ерекше тәсілдер мен әдістер қолданылады. Алайда олардың пайдалану мақсаты бір - маркетинг концепциясын табысты енгізу үшін стратегиялық және тактикалық мәселелерді дұрыс шешуді қамтамасыз ету. Коммуникация элементтерін дұрыс қолдану арқылы рынокта тауарды ұтымды жылжытуға болады. Тек қана төменде аталған шарттарды сақтау нәтижесінде коммуникация жүйесінің әсерлі нәтижесіне жетуге болады:
• көзделген шаралар жүйелі түрде орындалуы тиіс;
• коммуникация кешенін құру кезінде тауардың ерекшеліктері және оның өміршендік кезеңдері есепке алынуы тиіс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ


1. Сатыбалдыұлы С.Маркетинг – нарықтану Алматы, «Білім», 1999.

2. Нысанбаев С.Н., Садыханова Г.А.Маркетинг неіздері Алматы, «Қазақ университеті», 2002.

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
Негізгі бөлім:
1 Жарнама
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Жарнаманың атқаратын қызметтері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.2 Жарнама
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
1.3 Жарнама әрекетін жүргізудегі негізгі сатылары
... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Жарнаманы тарату құралдары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
2 Арнайы сату
әдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
3 Тауар өтімін ынталандыру
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
...
4 Қоғаммен байланыстар
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
5 Коммуникация
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Кіріспе

Маркетинг коммуникациясы кәсіпорынның өндіріс-өткізу жүйесінде маңызды
орын алады. Өйткені маркетинг кешенінің ол ең белсенді бөлімі болады.
Коммуникация дегеніміз тауарлар, қызметтер туралы хабарландыру, оларға
деген тұтынушының сенімін күшейту, олар туралы ескерту ұшін фирма
қолданатын әдіс-амалдары.
Кәсіпорын тұтынушыларға тиімді әсер ету үшін коммуникацияның келесі
әдіс-амалдарын пайдалануы мүмкін: жарнаманы, арнайы Сатуды, өтімді
ынталандыруды, қоғаммен байланысты.
Коммуникацияның әр элементіне сәйкес ерекше тәсілдер мен әдістер
қолданылады. Алайда олардың пайдалану мақсаты бір - маркетинг концепциясын
табысты енгізу үшін стратегиялық және тактикалық мәселелерді дұрыс шешуді
қамтамасыз ету. Коммуникация элементтерін дұрыс қолдану арқылы рынокта
тауарды ұтымды жылжытуға болады. Тек қана төменде аталған шарттарды сақтау
нәтижесінде коммуникация жүйесінің әсерлі нәтижесіне жетуге болады:
• көзделген шаралар жүйелі түрде орындалуы тиіс;
• коммуникация кешенін құру кезінде тауардың ерекшеліктері және оның
өміршендік кезеңдері есепке алынуы тиіс.

1. Жарнама
Жарнама дегеніміз белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды
тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға жылжытуға бағытталған ақылы
әрекеттер. "Жарнама" тілінен аударғанда "айқайлау" (reclamare) ұғымын
сипаттайды.
АҚШ Маркетинг Ассоциациясының анықтамасы жарнама дегеніміз тауарларды,
қызметтерді, идеяларды тұтынушыларға карай жылжытуына арналған "кез-келген"
әрекеттер нысандары және нақтылы жағдайды есепке ала отырып, анағұрлым
тиімді тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып, әлуетті тұтынушылардың
назарларын жарнамалау аудару үшін орындалатын ақылы қызметтер деп
анықталған.
Жарнама ерекшеліктері:
• қоғамдық сипаттама алады;
• үгіттеуге қаражат қабілеттілігі бар сатушы жарнама өзінің
хабарландыруын бірнеше рет қайталай алады;
• мәнерлік - түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге
болады;
• иесіз жарнама монолог ретінде ғана жасалады.

1.1. Жарнаманың атқаратын қызметтері
Рыноктағы жарнама бернесі:
• экономикалық бернесі – сұранысты қалыптастыру, өтімді ынталандыру,
тұтынушыларға тауарларды алғызуды тездету арқылы "сату - алу"
үдерісін тездетеді;
• ақпараттық бернесі - тұтынушыларды өндірушілер және олардың
тауарлары туралы ақпарат ағымдарымен қамтамасыз етеді;
• коммуникациялық бернесі - маркетинг зерттеулері кезінде қолданатын
сауалдама, тұтынушылар пікірлерін жинау, тауар өтімін талдау арқылы
жарнама рынокпен және тұтынушымен қайтара байланысын қамтамасыз
едеті;
• бақылау бернесі - рыноктағы өнімдердің жылжуын бақылауға мүмкіндік
береді;
• түзетім бернесі - өткізу саясатын және жарнама қызметін ұтымды
жағына өзгертуге мүмкіндік жасайды;
• сұранысты басқару бернесі - нақты тұтынушылар топтарына көзделген
әсер тигізу жолдарын табуға мүмкіндік ашады.

1.2. Жарнама түрлері
Жарнаманың жоғарыдағы айтылған көптеген бернесі әмбебап сипатын
көрсетеді және оның жеке түрлерін бөліп талдауды қажет етеді. Жарнаманың
түрлерін айыруда көптеген белгілер қолданылады. Оның бірнешеуі 1-кестеде
көрсетілген.
1-кесте. Жарнама түрлерінің негізгі белгілері
Жарнама Жарнама түрлері
түрлерін айыру
белгілері
1 2
Жарнаманы "Қатаң" жарнама - қысқа мерзімді, агрессияшыл жарнама
жеткізу "Жайлы" жарнама - тауар айналасында қолайлы жағдай
әдіс-теріне құратын жарнама
қарай
Мияткер түрінеӨндірушінің атынан жүргізілген жарнама көбінесе
қарай коммерциялық әрекетхе байланысты Жеке адамдар атынан
жүргізілген жарнама көбінесе хабарландыру сипатын алады.
Тұтынушыға Оңтайлы жарнама - әлуетті тұтынушының ақыл-ойына әсер
әсер ету ететін жарнама Эмоцисналды жарнама - тұтынушылардың
әдісіне қарай сезіміне, эмоциясына ассоциация арқылы әсер ететін
жарнама
Мақсатты Бизнес саласына арналған жарнама - тауарды өндіріс
аудиторияның үдерісінде қолдану үшін сатып алатын тұтынушыларға және
түріне қарай делдалдарға арналған жарнама Жеке тұтынушыға арналған
жарнама
Коммуника-ция Тандамалы жарнама - нақты рынок сегментіне арналған
стратегия-сынажарнама Жалпылама жарнама - жалпы рынокқа арналған
қарай жарнама
Компания Ақпараттық жарнама - тұтынушыларды жаңа тауармен және
мақсатына жаңа фирмамен таныстыратын жарнама Ескерту жарнамасы -
қарай тұтынушылар есіне тауар туралы ақпаратты сақтауға
арналған және тауарды қай жерде сатып алуын еске
түсіретін жарнама
Жарнама затынаТауар жарнамасы – тауарға сұранысты қалыптастыратын және
қарай оған ынталандыратын жарнама.
Фирма (фирма беделі) жарнамасы – кәсіпорынның жағымды
көрсететін жарнама.
Тигізетін Тікелей жарнама – жеке тұлғаға арналған жарнама.
әсеріне қарай Жанама жарнама – көпшілікке арналған жарнама.
Әсер ету Көз жарнамасы (баспа және сыртқы жарнамасы).
жолына қарай Акустикалық жарнама (радиожарнама).
Иіс сезу қабілетіне әсер ететін жарнама (хош иісті буклет
немесе с.с.заттар арқылы)

1.3. Жарнама әрекетін жүргізудегі негізгі сатылары
Маркетинг жүйесіндегі жарнама қызметі біркатар сатыларға бөлінген
кұрамдас үдеріс ретінде сипатталады (1-сурет).

1-сурет. Жарнама қызметін жүргізудегі негізгі сатылары

Жарнама мақсаттары кәсіпорын қабылдаған жалпы маркетинг және
коммуникациялық стратегияларына сәйкес анықталады. Ол мақсаттарды екі үлкен
топқа белуге болады:
1) тауарды өткізу саласына байланысты мақсаттар - сату көлемін
молайтуға және тұтынушылардың тауарды сатып алуын ынталандыруға арналады;
2) коммуникация саласына байланысты мақсаттар - нақты идеяларды
хабарлауға, кәсіпорынның бейнесін қалыптастыруға, тұтыну әдетін ыңғайлы
өзгертуге бағытталады.
Жарнама мақсаты негізінде жарнамалық жариялау шешімдерін қабылдау
тәсілдері анықталады. Алдымен үсынатын тауардың ерекше қасиеттері талданып,
соның ішіндегі тұтынушыларға аса маңыздыларының тізімі жасалады. Одан кейін
жарнамалық жариялаудың қандай мақсатты аудиторияға арналуын нақты анықтау
керек.
Жарнамалық жариялауды дайындаған кезде мына мәселелерді шешу қажет:
1) жарнамалық жариялаудың құрылымын;
2) жарнамалық жариялаудың түрін;
3) жарнамалық жариялаудың бет-бейнесін. Жарнамалық жариялаудың
құрылымы АIDА (Attention - назар, Interest - қызығу, Desire - ықылас,
Action - әрекет) талаптарына сәйкее болуы қажет. Дұрыс құрастырылған
хабарландыру тартымды да қызықты болады. Ол хабарландыруды адам қайтара
оқуы, немесе көруі мүмкін. Хабарландырумен түгел танысып, жарнама
объектінің дәлелдігіне толық сенсе, тұтынушы тауарды сатып алуы мүмкін.
Жарнамалық жариялаудың түрі тауарды тұтынушыға көрсету
әдісіне:байланысты. Көрсету әдістерінің бірнешесі болады. Олар: тауардың
ұнатымды жақтарымен клиенттердің пікірлерін игеру, қажеттіліктерді
қанағаттандыратын тауардың жағымды қасиеттерін анық және дәлелді көрсету,
нақты жағдайда тауарды қолдану тәсілдерін көрсету, тұтынушының көңілін
көтеру үшін әзіл-сықақ т.б. жағдай жасау.
Жарнамалық жариялаудың бет-бейнесі көзделген ойды тұтынушыға ауызша не
жазбаша түрде жеткізуі керек. Жарнамада бес түрлі атқарымдық бет-бейнесін
айыруға болады:
• ресми іскерлік;
• ғылыми түрде кәсібилік;
• жариялымдық;
• әдеби тілмен сөйлеу;
• дөрекі тілмен сөйлеу.
Жарнамалық жариялауды дайындаумен бірге жар құралдарын таңдау
мәселелері де шешілуі қаже тарату құралдарын тандау кезінде мына сұрақтарға
қажет болады:
Жарнама тарату құралдары анықталғаннан кейін қажет қаржы көлемі
есептеледі.
Жарнама қаржы көлемі анықталғанда келесі факторлар есепке алынады:
• болжаған өткізу рыногының көлемі мен мөлшері;
• кәсіпорын маркетинг кешеніндегі жарнаманың ролі;
• тауардың өмір кезеңдері;
• бәсекелестердің жарнама шығындары;
• өзінің қаржы мүмкіндіктері.
Жарнама қаржысы коммуникация кешенінің жалпы шығындары сметасына
енгізілуі тиіс.
Дәрежелі жарнама көптеген шығындарды талап етеді. Сондықтан жарнама
қызметінің тиімділігін бағалау жұмысы өте маңызды орын алады. Оның өзі
мынадай мүмкіндіктерді береді:
• жарнаманың пайдалылығы туралы ақпарат береді;
• әрбір жарнама тарату қүралдарының нәтижелілігін көрсетеді;
• әлеуетті тұтынушыларға жарнаманың оңтайлы әсер ету шарттарын
анықытауды.
Жарнама науқаны мен құралдарының тиімділігін нақты абсолютті санмен
анықтау мүмкін емес. Осы туралы американдық кәсіпккер Джон Ванемейкер былай
дейді: "Менің жарнамаға жұмсаған ақшаларымның бірталайы бекерге кететінін
білемін. Бірақ оның нақты мөлшерін анықтай алмадым". Салыстырмалы есеп
бойынша жарнама өзін сонда да ақтайды. Мүнда жарнаманың экономикалық
тиімділігі мен жарнаманың психологиялық әсер ету тиімділігін айыру қажет.
Жарнаманың экономикалық тиімділігі жарнаманың сату көлеміне тигізетін
әсерімен анықталады. Ол үшін оперативті және бухгалтерия мәліметтерін
талдау керек.
Жарнаманың психологиялық әсер ету тиімділігі әлуетті тұтынушылардың
назарын тарту деңгейімен және жарнамалық жариялауды тыңдаушылар қаншалықты
еске сақтау деңгейімен анықталады. Бұны тұтынушылар қимылдарының
өзгерістерінен шамалап білуге болады. Ал оны нақты есептеп шығару қиындау.

1.4. Жарнаманы тарату құралдары
Қазіргі кезде жарнама тарату қүралдарының көптеген түрлері қалыптасқан
(2-кестеде солардың кейбір түрлері көрсетілген).
Жарнама түрлері және оны тарату құралдары 2-кесте
Жарнама Жарнаманы тарату құралдары
түрлері
1 2
Тікелей а) пошта хаттары, баспа материалдары
жарнама б) пошта арқылы видеокассеталар, видео-дисктер
Баспа а) анықтамалар, каталогтар
жарнамасы б) пресс-релиз, баспасөз хабарламасы
в) буклет
г) анықтама
Баспасоз а) газеталар
жарнамасы б) журналдар
Хабар а) радиожарнама
жарнамасы б) тележарнама
Сыртқы жарнамаа) үлкен габариттік плакат
б) газжарығы құрылымдар
в) роллер г) мультивизио плакаты д) электронды панносы
Экран а) кино және видеофильмдер
жарнамасы б) слайд-фильмдер
Транспорт а) транспорт сыртындағы жарнама
жарнамасы б) транспорт салонындағы плакаттгю және хабарландырулар
Сату а) витрина
орнын-дарындағб) тауар қорабы
ы жарнама в) зат таңбасы
г) назар аударуға арналған жазулар, таңбалар
("ай-стоппер")
Жарнаманың а) көрме және жәрмеңке
баска түрлері б) компьютер жарнамаеы
в) кәдесый
г) купон, лотерея

2. Арнайы сату әдісі

Арнайы сату әдісі сатушы мен сатып алушы арасында тікелей қарым-қатынас
орнатады.
Арнайы сату әдісінің ерекшеліктеріне мыналар жатады:
• сатушы мен сатып алушы тауарға байланысты қарым-қатынасы туралы
арнайы кездесу өткізеді;
• қарым-қатынас содан кейін тұрақты қалыптасуы
• кездесу нәтижесі өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАРНАМА ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Маркетинг коммуникациясының негізгі түрі – жарнама
Жарнама және өткізуді ынталандыру
Жарнаманы тарату құралдары
Маркетингтік коммуникациялар жайлы
Жарнаманың экономикалық тиімділігі
Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру
Жарнама агенттігі
Интернет арқылы жарнама
Аудиовизуалды жарнама
Пәндер