Кәсіптік білім берудің моделі



Жоспары
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім
Кәсіптік білім берудің моделін жасаудың ерекшеліктері.
Кәсіптік білім беру мекемелері.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.

Кәсіптік даярлық, кадрларды кәсіптік даярлау – білім беру жүйесінің маңызды саласы; мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Бастауыш кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша біліктіжұмыскерлерді (жұмысшыларды, қызметшілерді) даярлауға бағытталған. Кәсіптік мектепте оқу мерзімі 2 – 3 жыл, кәсіптік лицейде – 3 жыл, ал ерекше маңызды кәсіптер және бірегей жабдықтарға күтім жасауға байланысты кәсіптер бойынша – 4 жыл. Сондай-ақ, тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқуорталықтарында, курстарда және жұмысшылар мен қызметшілерді даярлайтын басқа да оқу-өндірістік құрылымдарда да кадрлар кәсіпке даярланады. Орта кәсіптік білім оқушыларғаколледждер мен училищелерде беріледі, мұнда кәсіптік білім беру ісі арнаулы орта білім берумен ұштастырыла жүргізіледі және ол орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған. Колледжде оқу мерзімі – 3 – 4 жыл. Жалпы орта білімі бар, сондай-ақ, сабақтас мамандықтар бойынша бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар колледждерде қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша орта кәсіптік білім алады. Колледждерде тиісті лицензиясы болғанда ғана бастауыш кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылады.
Экономиканың нарыққа бағдарланып қайта құрылуына байланысты мамандардың біліктілік деңгейіне, олардың кәсіптік ілкімділігіне, ептілігі мен шеберлігіне, бастамашылдығына жоғарыталаптар қойылып отыр. Осыған орай кәсіптік білім беру жүйесіне ерекше назар аударылып, дағдарысқа қарсы күрес барысында оған экономикада жүргізілетін құрылымдық өзгерістердіқамтамасыз ететін, нарықтық сауаттылықты енгізетін “қуатты фактор рөлі” жүктелуде. 1999 ж. колледждердің мемлекттік қазыналық кәсіпорындар қатарына жатқызылуына байланысты олар ақылы оқытуға көшті, олардың тек кейбіреулері ғана мемлекттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Бұл тапсырысты тиісті мемлекттік органдар білікті жұмысшылар мен қызметшілерді даярлаудың мемлекттік бюджет есебінен іске асырылатын жоспары ретінде белгілейді. Қазіргі кезде колледждерде оқушыларға конкурстық негізде мемлекттік гранттармен несиелер беру жолымен мамандар даярлаудың тетігі әзірленіп, тәжірибеге енгізілуде.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
3. Аутов П.Р. Роль трудового обучения в политехническом образовании школьников.-М., 1985
4. Батышев С.Я. Профессиональная педагогика.- М., 1999
5. Өстемиров К. Кәсіптік педагогика. Алматы, 2006,276 б.
6. Батышев С.Я. Трудовая подготовка школьников.-М.: Педагогика,1981.- 192с.
7. Кальней В.А.,.Капралова В.С., Поляков В.А. «Основы методики трудового и профессионального обучения ». М., Просвещение, 1987.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім

Кәсіптік білім берудің моделін жасаудың ерекшеліктері.

Кәсіптік білім беру мекемелері.

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Кәсіптік даярлық, кадрларды кәсіптік даярлау – білім беру жүйесінің
маңызды саласы; мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру,
оларды мамандыққа даярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру.
Бастауыш кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы білім беру базасы негізінде
кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде жүзеге асырылады және ол еңбек
қызметінің түрлі бағыттары
бойынша біліктіжұмыскерлерді (жұмыс шыларды, қызметшілерді) даярлауға
бағытталған. Кәсіптік мектепте оқу мерзімі 2 – 3 жыл, кәсіптік лицейде – 3
жыл, ал ерекше маңызды кәсіптер және бірегей жабдықтарға күтім жаса уға
байланысты кәсіптер бойынша – 4 жыл. Сондай-ақ, тікелей өндірісте, оқу-
өндірістік комбинаттарда, оқуорталықтарында, курстарда және жұмысшылар мен
қызметшілерді даярлайтын басқа да оқу-өндірістік құрылымдарда
да кадрлар кәсіпке даярланады. Орта кәсіптік білім
оқушыларғаколледждер мен училищелер де беріледі, мұнда кәсіптік білім беру
ісі арнаулы орта білім берумен ұштастырыла жүргізіледі және ол орта
кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған. Колледжде оқу мерзімі
– 3 – 4 жыл. Жалпы орта білімі бар, сондай-ақ, сабақтас мамандықтар
бойынша бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар колледждерде қысқартылған,
жеделдетілген бағдарламалар бойынша орта кәсіптік білім алады. Колледждерде
тиісті лицензиясы болғанда ғана бастауыш кәсіптік білім беру бағдарламалары
іске асырылады.
Экономиканың нарыққа бағдарланып қайта құрылуына байланысты мамандардың
біліктілік деңгейіне, олардың кәсіптік ілкімділігіне, ептілігі ме н
шеберлігіне, бастамашылдығына жоғар ыталаптар қойылып отыр. Осыған орай
кәсіптік білім беру жүйесіне ерекше назар аударылып, дағдарысқа қарсы күрес
барысында оған экономикада жүргізілетін құрылымдық өзгерістерд іқамтамасыз
ететін, нарықтық сауаттылықты енгіз етін “қуатты фактор рөлі” жүктелуде.
1999 ж. колледждердің мемлекттік қазыналық кәсіпорындар қатарына
жатқызылуына байланысты олар ақылы оқытуға көшті, олардың тек кейбіреулері
ғана мемлекттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Бұл тапсырысты тиісті
мемлекттік органдар білікті жұмысшылар мен қызметшілерді даярлаудың
мемлекттік бюджет есебінен іске асырылатын жоспары ретінде белгілейді.
Қазіргі кезде колледждерде оқушыларға конкурстық негізде
мемлекттік гранттармен несиелер бер у жолымен мамандар
даярлаудың тетігі әзірленіп, тәжірибеге енгізілуде.

Кәсіптік білім берудің моделі.

Модель (фр.тілінен modele, лат. modulus – өлшем) – белгілі бір
зерттелетін нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған
шартты үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.). Модель мен түп нұсқаны
бір-бірінен абсолютті түрде айыруға болмайды. Қарастырылып отырған құбылыс
немесе процесс абстрактылық нысандар мен математикалық заңдылықтар түрінде
берілетін модель математикалық модель деп аталады. Модельдің ең қарапайым
түрі нысандарды көрнекі етіп сурет, кескін, сызба формасында графиктік
түрде көрсету. Модельдің екінші түріне – нысандардың, процестер мен
құбылыстардың ауызша (қандай да бір тілдің көмегімен) суреттелуі,
сипатталуы жатады. Үшінші түрі – ақпараттық-логикалық модель , ауызша
сипатталған нысанды кескіндеп көрсету (формалау). Төртінші түрі –
динамиканың ішкі заңдарын, өзара әсерін, қасиеттерін көрсететін физикалық
нысандардың, құбылыстар мен процестердің математикалық түрде сипатталуы.
Мысалы, белгілі бір физикалық процестің уақыт ішінде өтуін баяндайтын
дифференциялдық теңдеулер жүйесі осы процестің моделі деп аталады. Модель
ұғымы логика, математика, физика, химия, кибернетика, лингвистика, т.б.
ғылым салаларында қолданылады. Ғылымда модель ұғымы әдетте модель жасау
әдісін қолдануға байланысты аталады. Алгебра мен математика логиканың
тоғысқан жерінде арнаулы пән – модельдер теориясы қалыптасты.
Әлеуметтанушылар бұл терминге көптеген анықтама береді. Кейбір
жағдайда, ол теория деген сөздің синонимі ретінде, тағы да бір жағдайларда
теориядан гөрі жалпылау деңгейде абстрактілі ұғымдар жүйесіне сілтеме
ретінде пайдаланылады. Ол, сондай-ақ, себептік модельдердегі сияқты
статистикалық модельді қолданылады. Қаңдай анықтама берілсе де, модельдер
оны зерттеуде эмпиризмнен аулақ болып, теориямен шұғылдануды талап етеді.
Модельдер өзінің түп негізінде тұжырымдама мен түсініктеме құралы
ретінде құбылыстарды жеңілірек ұғыңдыруға тырысады. Әлеуметтануда
құрылымдық функционализм алғашқы екі мағынада модель болып табылады,
өйткені ол түсіндірудің кең құрылымы (қоғам организм секілді деп
пайымдайтын метатеория) мен тұжырымдамалық топшылаулардың жиынтығын (қоғам
бөліктері жалпының міндетін атқаруына қалай үлес қосатынын көрсететін
теория) қамтамасыз етеді. Ұғымдар арасындағы қатынастар туралы гипотеза
нақтыланып, ұғымдарды өлшеуге болатын тұста біз операциялык модель туралы
айта аламыз. Бұл модельдер кейде диаграммалар түрінде көрсетіліп,
математика терминдері арқылы неғұрлым ұтымды ұсынылуы мүмкін. Мысалы,
регрессия немесе логлиния модельдері. Математикалық әлеуметтанудың маңызды
жағы - модельді құрастыру - модельдерді диаграммалар тасқыны сатысынан
бастап, математикалық бейнелеуге дейін жетілдіруге байланысты. Себеп-
салдарлық модельдер кез келген түрде болуы мүмкін. Қандай анықтамаға ие
болса да, модель-теориялық қызмет түрлері кешеніндегі құрал болып,
назарымызды ұғымдарға немесе өзгерістерге және олардың өзара байланысына
аударады.
Педагогикада
Оқытудағы модельдеудің екі аспектісі бар:
модельдеу оқушының меңгеруі қажет мазмұн іспетті;
модельдеу оқу әрекеті, құралы іспетті, мұнсыз толық мәнді оқу мүмкін
емес.
Модельдеу көмегімен күрделіні қарапайымға, көрінбейтінді және
түйсінілмейтінді көрінетінге, түйсінілетінге, белгісізді белгіліге келтіріп
оқу, яғни, кез келген күрделі объектіні мұқият және жан жақты оқып білу
мүмкіндігі туады.
Модельдер құрудың және оларды сәйкес құбылыстар, процестер, объектілер
жүйесі негізінде оқып білу әдістерінің жиыны; зерттеу объектілерінің
сипаттамаларын біліп алу немесе анықтап алу үшін, басқаруды жақсарту немесе
нұсқа жөнінде сәйкес болжамды тексеру үшін, жаңадан құрастырылатын
объектілерді жасау тәсілдерін тиімді ету үшін модельдерді зерттеу нәтижесін
пайдалану әдістерінің жиыны. Модель, нұсқаны табиғи жағдайларда зерттеу
кандай да болсын себептермен қиын немесе мүмкін болмағанда, кандай да бір
объектіні зерттеу процесін жеңілдету керек болғанда қолданылады. Әдістер
модельдің сипатына, оны қолдану алаңы мен зерттеу мақсатына тәуелді; өзінің
қүрделілігі мен өлшемдері бойынша сол күйінде зерттеуге мүмкіндік бермейтін
қандай да болсын объектілерді қайталап жасау. Модельдеу ғылым, техника,
технология негіздері бойынша қабілеттерді дамытуға көмектеседі.
Модельдеу танымның әмбебап формасы ретінде қызметтің кезкелген
саласындағы құбылыстардың өзгеруі мен зерттелуінде қолданылады. Модель
зерттеу нысанасының орнын ауыстырушы. Модель - басқа жүйелер туралы ақпарат
алудың құралы ретінде қолданылатын жүйе, зерттеу болып табылады.
Түрлері:
материалдық;
идеалдық (оймен танылатын).
1) Кәсіптік мектепте алдын-ала кәсіби дайындауды және кәсіптік білім
беруді ұйымдастыруда маңызды, кілттік сұрақ болып, кәсіптендіру
бағытын, кәсіптік білім берудің педагогикалық процесінің мазмұны
мен құрылымының моделін, кәсіптік білім беру мен алдын-ала кәсіптік
дайындықты ұйымдастыруды, жартылай кәсіптік мектептің түлегінің
тұлғасының моделін мектепті құрудың соңғы нәтижесі ретінде анықтау
табылады.
Мұндайда келесі жағдаяттарды есепке алған жөн:
- қаланың, облыстың, аймақтың шаруашылық спецификасын;
- оқушылардың индивидуальды қызығушылықтарын, қабілеттіліктерін,
бейімділіктерін мектеп бойынша толықтай есепке алу;
- оқушылардың бір мамандық бойынша ары қарай білім алуы үшін, білім
деңгейін;
- кәсіби сыныптарда жұмыс істеуші, мұғалімдердің кәсіби деңгейін;
- педагогикалық ұжымның басқа, көрші мектептермен бәсекелестік сапасы;
- оқушылардың, ата-аналардың, оқу орнының ұйымдастырушыларының
күтулері, нәтижелері;
Басқа жағынан,кәсіптік білім беруді ұйымдастыруды тежейтін келесі
факторларды есепке алу қажет:
- типтік оқу жоспарындағы сабақ жүктемелері;
- альтернативті оқулықтардың жетіспеуі, жаңа ұрпақтың оқулықтарымен
қамтамасыз етілу дәрежесі.
- сәйкес педагогикалық мамандармен қамтамасыз етілу дәрежесі;
- сәйкес матрериалдық-техникалық базаның болуы;
- жергілікті аймақтың маман потенциалына сұранысы.
Кәсіптік және базалық деңгейлердің сәйкестігі, әртүрлі білім беру
аймағындағы сияқты, олардың бірі қандай да мөлшерде өзгешеленуі мүмкін,
яғни, алдын-ала кәсіптік дайындықтың және кәсіптік білім берудің әртүрлі
моделдерін құру мүмкін.
Білім беруді кәсіптендірудің кез келген формасы инвариантты
компоненттің қысқаруына әкелмеуі тиіс.
Кәсіптік білім беретін жалпы білім беру мекемесінің моделі туыстас
пәндердің әртүрлі комбинациясын, яғни, кәсіби білім берудің икемді
жүйесінің мүмкіндігін қарастырады. Бұл жүйе өзіне оқу пәндерінің келесі
типін қосады: базалық жалпы білім беретін (инвариантты компонент),
кәсіптендіруші(инвариантты бөліктің кәсіби компоненті), элективті курстар
және таңдау бойынша курста (вариативті компонент).
Базалық жалпы білім беретін пәндер барлық мамандықтардың оқушылары
үшін міндетті болып табылады. Кәсіптендіруші пәндер әрбір нақты мамандықтың
бағыттылығын анықтайды, сонымен қоса олар міндетті болып табылады.
Элективті курстар деп таңдау бойынша міндетті курстар түсініледі, және
олардың бағыттылығы білім беру профилімен сәйкес келуі қажет. Элективті
курстар үшін сағаттар оқу жоспарының мектептік вариативті компонентінде
қарастырылған. Элективті курстар екі қызметтің бірін атқарады: берілген
кәсіби стандарт деңгейінде негізгі кәсіби пәндердің оқытылуына қолдау жасау
немесе ішкі кәсіби мамандандыру, индивидуалды білім беру аумағын құру.
Таңдау бойынша курстар кәсіптің шегінен шығып, индивидуалды сабақтар,
консультациялар және т.б. түрінде жүзеге асады, таңдау бойынша курстарға
сағаттар базистік оқу жоспарының индивидуалды компонентінде қойылған.
Бүгінгі күні кәсіби білім беруді жасаушылар-Ы.Алтынсарин (К.У.Кунакова
және т.б.) атындағы үздіксіз білім берудің Ұлттық (Қазақ) Академиясы -10-шы
сынып оқушыларына үш бағыт бойынша мамандық таңдауды ұсынады: жаратылыстану-
математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық, технологиялық. Осылайша, кәсіптік
білім беруді ұйымдастырудың бірнеше нұсқасын(моделін) бөліп көрсетуге
болады. Кәсіби білім беруді ұйымдастырудың осы барлық формалары оқушылардың
кәсіби білімді таңдау құқыған қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қоса
жасаушылар, кәсіби білім беруді жүзеге асыру үшін нақты әкімшілік-аймақтық
сипаттағы шарттарды есепке алған.
1. Үлкен қала шартында мектепішілік кәсіптендіру моделі ыңғайлырақ.
Бұл жағдайда мектеп бір кәсіптік болуы мүмкін және тек таңдалған бір
кәсіпті жүзеге асырады (жаратылыстану-математикалық, немесе әлеуметтік-
гуманитарлық, немесе технологиялық), немесе білім берудің барлық үш кәсібін
ұйымдастыра отырып, көп кәсіпті болуы мүмкін. Кәсіптік білім беруді
ұйымдастырудың берілген моделін енгізуде жалпы білім беретін мектептер
нақты кәсіпке бағытталады, бірақ та оларға сол немесе басқа кәсіптендіру
пәндерін элективті курстар мен таңдау бойынша курстар есебінде қоса отырып,
сонымен қоса оқушыларға өздерінің индивидуальды кәсіби білім беру
бағдарламаларын толықтай жүзеге асыру құқын беруі қажет. Әрбір кәсіптің
ішінде бір немесе бірнеше мамандандыру бағыттары болуы мүмкін.
Таңдау мектептің іс-әрекетін анықтайтын көптеген аспектілерді есепке
ала отырып жүргізіледі, соның ішінде оқушылардың индивидуальды
қызығушылықтарын, қабілеттіліктерін және бейімділіктерін , алдын –ала
кәсіби дайындықтың мазмұнын, мұғалімдердің кәсіби деңгейін,мектептің
материалдық –техникалық базасын және т.б.
2. Шағын қала шартында (облыс орталығы) кәсіптік білім беруді
ұйымдастырудың желілік моделі ыңғайлырақ.
Бұл моделде нақты мектептің оқушыларына кәсіптік білім беру басқа
білім беру мекемелерінің, басқа жалпы білім беретін мектептердің білім беру
ресурстарын мақсатты бағытталған және ұйымдасқан түрде тартудың есебінде
жүзеге асады. Осылайша, білім беру мекемелерінің желісі немесе білім беру
процесінің барлық қатысушыларының: балалар, ата-аналар, мұғалімдердің
қажеттіліктері мен сұраныстары қанағаттанатын білім беруші кеңістік
құрылады. Ол негізгі екі нұсқада құрылуы мүмкін.
Бірінші нұсқа –ресурстық орталық моделі, бірнеше мектептің
ресурстық орталықтың рөлін атқаратын жеткілікті материалдық және маман
потенциалына ие бір мектептің жанына бірігуімен байланысты, ал оның жанына
бірігетін мектептер- магнитті мектептердің рөлін атқарады. Бұл жағдайда
берілген топтың әрбір мектебі оқытуды базалық жалпы білім беретін
мектептердің пәндерін толық көлемде қамтамасыз етеді. Қалған кәсіби
дайындықты ресурстық орталық өзіне алады.
Екінші нұсқа- әлеуметтік серіктестік. Ұсынылып отырған тәсіл орта
жалпы білім беру мекемелерінің, мамандандырылған жалпы білім беретін
мекемелермен (хореографиялық, музыкалық, спорттық, шығармашылық), орта және
кәсіби білім беретін мекемелермен кооперация құруын қарастырады.
Бұдан басқа жергілікті жерлерде бір білім беру мекемесінің күшімен
және соның құрамында мектеп ішілік кәсіптендіру ыңғайлы болып табылады. Бұл
жағдайда жалпы білім беретін мекемелер бір кәсіпті немесе көп кәсіпті болуы
мүмкін.
3. Ауылдық аймақ шартындағы кәсіптік білім беруді ұйымдастырудың
моделі.
Ауылдық қоғам шартында кәсіптік білім берудің моделін ұйымдастырудың
ерекшеліктері кәсіптік білім беруді ұйымдастырудың типінің, формасының және
түрлерінің әртүрлілігімен шарттасқан.
Ауыл мектебінде кәсіби білім берудің моделін қалыптастырушы факторлар
болып, ауылдағы мектеп саны, білім беруші мектептің беделі, комплект-
сыныптар саны, педагогикалық мамандар потенциалының болуы, қосымша білім
беруді ұйымдастырудың мүмкіндігі, ресурстық мүмкіндіктер, географиялық
орналасуы болып табылады.
Жоғарыда айтылған факторларды есепке ала отырып, ауыл шартында
кәсіптік білім берудің келесі қосымша формалары ұсынылады:
- білім берудің интернатты жүйесі;
- пәндер бойынша білім берудің интенсивті циклдері;
- жалпы білім беретін және кәсіптік пәндер бойынша сабақтардың апта және
күндермен кезектесіп отыруы;
- 10-11сынып оқушыларының кәсібін әртүрлі жас бойынша анықтау;
- қашықтықтан оқыту мүмкіндіктерін қолдану.
Сонымен қатар кәсіптік білім беру аймағында кәсіптік білім беруді
ұйымдастырудың мүмкін моделдерінің бірнеше нұсқасын К.Кунакова ұсынған:
- ресурстық орталық болатын мектептерді құру;
- кәсіптік мектептің немесе магнитті мектептің картасын құру;
- мектеп ішілік кәсіптендіру.
Осы нұсқаларды толығырақ қарастырайық. Ресурстық орталық мектебі
келесілерді ұсынады: оқушы өзі үшін туыстас пәндерді блоктың
жоғарылатылған деңгейінде оқуды таңдайды, мысалы, химия,
биология,гографияны, физиканы. Ол өз мектебінде негізгі пәндердің негізін
оқиды, ал берілген білім беру аймағын осы курстар толығырақ оқытылатын
жерде оқиды. Бұл мектеп ресурстық орталық болып аталады. Оқушылар
өздерінің білім алу траекторияларын өздері құрады. Осылайша, бір жергілікті
жерде 5-6 ресурстық орталықтар құрылады. Бұл кезде оқушыларды
тасымалдайтын арнайы транспорттың болуы қажет.
Кәсіптік мектептердің немесе магнитті мектептің картасы бірнеше
мектептердің бір ресурстық орталыққа бірігуін дұрыс санайды. Берілген
топтың әрбір мектебі жүзеге асыруға қабілетті кәсіптік оқытудың бөлігін
алады, ал орталық өзіне қалған кәсіптерді алады.
Үшінші нұсқа: мектеп ішілік кәсіптендіру, оқушыларға бір мектеп
қабырғасында барлық мүмкін негізгі кәсіптерді ұсынуды білдіреді. Мұнда
кәсіптік оқыту басқа білім беру мекемелерінің ресурстарын тарту есебінде
өткізілуі мүмкін: мектептердің, бастауыш кәсіби білім беру мекемелерінің,
ЖОО-ның, қосымша білім беру мекемелерінің. Бұл мектеп ресурстық орталық
деген атауға ие болады.

2) Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғарғы білім беру
мекемелері, оның ғылыми, және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың
басқару жүйесінің құрылымы мыналар болып табылады:
1. Бастауыш кәсіптік білім;
2. Орта кәсіптік білім;
3. Жоғары кәсіптік білім;
4. Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім;
5. Қосымша кәсіптік білім;

Қазақстан Республикасында Білім беру туралы заңының № ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы
Бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби дайындық моделі
12 жылдық дамыту күні және білім беру бағдарындағы негізгі оқу бағдарламалары
Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау
Оқыту құралдары
Мұғалім атқаратын қызметі
Пәндер