Ойлау туралы жалпы түсінік



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Ойлау. 9
1.2 Ойлаудың психологиялық териясы. 12
1.3 Ойлаудың негізгі формалары. 21

2. ОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. АҚЫЛ.ОЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. ОЙЛАУ ҚАСИЕТТЕРІ.
2.1 Ойлаудың негізгі түрлері. 23
2.2 Ақыл.ой операцияларының негізгі түрлері. 31
2.3 Ойлау қасиеттері. 32

3. ОЙЛАУДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. ОЙЛАУДЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ.
3.1 Ойлауды зеттеу әдістері. 34
3.2 Ойлаудың даму ерекшеліктері. 37
3.3 Баланың ойлауының дамуы. 38

ҚОРЫТЫНДЫ 39

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 41
КІРІСПЕ
Когнитивтік психологияның көрнекті өкілі, әлемге белгілі ғалым, Америка Құрама Штаттарындағы Невада–Рено университетінің профессоры, осы саладағы танымал ғылымдардың бірі Р. Солсо өзінің атақты “Когнитивтік психология” атты ең бегінде қабылдау, ес, ойлау, қиял, жасанды интеллект жайлы ғылыми теориялық талдауларын бере отырып, олардың қолданбалы аспектісін де қарастырады. Адамның ойлау мен интеллектісін когнитивтік психология аясында зерттей отырып, ойлау мен интеллектіні табиғи және жасанды салаларға бөліп, теориялық тұрғыдан талдайды. Ойлау мен интеллектінің ара қатынасын зерттейді. Біріншіден, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау мәселесіне қатысты ойлаудың ғылыми негізі талданады. Сонымен қатар, ойлаудың этностық аспектілері зерттелінеді.
Ойлау процесі шығармашылық пен интеллектінің міндетті шешуімен байланысты зерттеліп, шығармашылық процеске және жасанды интеллектіге талдау жасалынады.
Өткен ғасырдың елуінші жылдары негізгі мәні бихевиоризмді информациялық бағыттың құлауы болып табылатын революция жасалды. Алайда бұл революцияның ойлауды зерттеу меселелерінде осыншалық к ешіккені таңғаларлық. Дегенмен де ойлау психологиясын түсінуде айтарлықтай өсу жүзеге асырылды... және болашақтағы көрнекі жетістіктердің айқын алғышарттары байқалды.

Джонсон–Лэард және Возон (1977).

“Адамдар – нағыз логикаға ие емес тірі жандар”
Спок.

Ойлау психологиясы–жалпы психологияның негізгі бөлімдерінің бірі. Бұл психология ғылымдарының негізгі категориялар жүйесіндегі ойлауды талдаудың қажеттілігін, соның ішінде “іс-әрекет”, “психикалық бейне”, (ұғынылған, ұғынылмаған) “тұлға”, “қарым–қатынас” категорияларын анықтайды. Ойлау кешенді пәнаралық зерттеулердің пәні болып табылады; ойлауды философия, формальды логика, социология, физиология, кибернетика, психология ғылымдары зерттейді.
Психология ойлауды танымдық іс-әрекет ретінде, оны қолданатын құралдардың деңгейіне тәуелді оны түрлерге жіктеуді, олардың субъект үшін жаңашылдығын, оның белсенділігінің деңгейін, ойлаудың шынайылығының бара–барлығын зерттейді.
Ойлау жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады. Процесс ретінде пайда болып, өмірлік іс-әрекетке байланысты дами отырып, салыстырмалы түрде өзінің мотивіне, мақсатына, тәсіліне ие іс-әрекетке айналады. Ойлаудың жемісі А.Н. Леонтьев атаған “Әлем бейнесінің” интегралды құрылуына енеді және сонымен қатар оның құрылымдарының өзіндік сапалы бейнесін құрайды. Ойлау–қарым–қатынаспен бірге, басқа
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Жарықбаев Қ. Жантану: Оқулық. Алматы ЖШС “Шұғыла” 2008 ж.
2. Жұмасова К.С Психология. Алматы “Фолиант” баспасы 2006 ж.
3. Жарықбаев Қ. Психология: арнаулы орта оқу орындары оқушылары мен пединституттардың педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі факультеті студенттеріне арналған оқулық. Алматы, “Білім”, 1993 ж.
4. Әдеп және жантану. Хрестоматия. – Алматы, 1996 ж.
5. Бап–Баба С.Б. Жалпы психология. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы. Алматы: “Заң әдебиеті” 2005 ж.
6. Бап–Баба С.Б. Жантану негіздері. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы. Алматы: “Заң әдебиеті” 2003 ж.
7. Т. Тәжібаев. Жалпы психология. Оқу құралы. Алматы: “Қазақ университеті” 1993 ж.
8. Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. – Алматы: Мектеп, 1966 ж.
9. Общая психология. Под ред. А.В. Петровского. 2-изд. – Москва, 1977 г.
10. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы: “Білім”, 1996 ж.
11. Немов Р.С Психология. -М., 1998 ж.
12. Рубинштейн Л.С Основы общей психологии. -М., 1998 ж.
13. Гамезо М.В. Атлас по психологии. –М., 1997 ж.
14. Столяренко Л.Д. Основы психологии. –М., 1997 ж.
15. Столяренко Л.Д. Психология. Алматы 2010 ж.
16. Никандров В.В. Психология. Алматы 2009 ж.
17. Петровский А.В. Психология. Алматы 2007 ж.
18. Темірбеков А. А., Балаубаев С. Психология. Алматы “Мектеп” 1966 ж.
19. Джемс У. Психология. М., 1991 ж.
20. Реан А.А. Общая психология и психология личности. Алматы 2009 ж

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1. ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Ойлау.
9
1.2 Ойлаудың психологиялық териясы.
12
1.3 Ойлаудың негізгі формалары.
21
2. ОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. АҚЫЛ–ОЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ.
ОЙЛАУ ҚАСИЕТТЕРІ.
2.1 Ойлаудың негізгі түрлері.
23
2.2 Ақыл–ой операцияларының негізгі түрлері.
31
2.3 Ойлау қасиеттері.
32
3. ОЙЛАУДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. ОЙЛАУДЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ.
1. Ойлауды зеттеу әдістері.
34
2. Ойлаудың даму ерекшеліктері.
37
3. Баланың ойлауының дамуы.
38

ҚОРЫТЫНДЫ
39

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
41

КІРІСПЕ
Когнитивтік психологияның көрнекті өкілі, әлемге белгілі ғалым,
Америка Құрама Штаттарындағы Невада–Рено университетінің профессоры, осы
саладағы танымал ғылымдардың бірі Р. Солсо өзінің атақты “Когнитивтік
психология” атты ең бегінде қабылдау, ес, ойлау, қиял, жасанды интеллект
жайлы ғылыми теориялық талдауларын бере отырып, олардың қолданбалы
аспектісін де қарастырады. Адамның ойлау мен интеллектісін когнитивтік
психология аясында зерттей отырып, ойлау мен интеллектіні табиғи және
жасанды салаларға бөліп, теориялық тұрғыдан талдайды. Ойлау мен
интеллектінің ара қатынасын зерттейді. Біріншіден, ұғымдарды қалыптастыру,
логика және шешім қабылдау мәселесіне қатысты ойлаудың ғылыми негізі
талданады. Сонымен қатар, ойлаудың этностық аспектілері зерттелінеді.
Ойлау процесі шығармашылық пен интеллектінің міндетті шешуімен
байланысты зерттеліп, шығармашылық процеске және жасанды интеллектіге
талдау жасалынады.
Өткен ғасырдың елуінші жылдары негізгі мәні бихевиоризмді
информациялық бағыттың құлауы болып табылатын революция жасалды. Алайда бұл
революцияның ойлауды зерттеу меселелерінде осыншалық к ешіккені
таңғаларлық. Дегенмен де ойлау психологиясын түсінуде айтарлықтай өсу
жүзеге асырылды... және болашақтағы көрнекі жетістіктердің айқын
алғышарттары байқалды.

Джонсон–Лэард және Возон (1977).

“Адамдар – нағыз логикаға ие емес тірі жандар”
Спок.

Ойлау психологиясы–жалпы психологияның негізгі бөлімдерінің бірі. Бұл
психология ғылымдарының негізгі категориялар жүйесіндегі ойлауды талдаудың
қажеттілігін, соның ішінде “іс-әрекет”, “психикалық бейне”, (ұғынылған,
ұғынылмаған) “тұлға”, “қарым–қатынас” категорияларын анықтайды. Ойлау
кешенді пәнаралық зерттеулердің пәні болып табылады; ойлауды философия,
формальды логика, социология, физиология, кибернетика, психология ғылымдары
зерттейді.
Психология ойлауды танымдық іс-әрекет ретінде, оны қолданатын
құралдардың деңгейіне тәуелді оны түрлерге жіктеуді, олардың субъект үшін
жаңашылдығын, оның белсенділігінің деңгейін, ойлаудың шынайылығының
бара–барлығын зерттейді.
Ойлау жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады. Процесс
ретінде пайда болып, өмірлік іс-әрекетке байланысты дами отырып,
салыстырмалы түрде өзінің мотивіне, мақсатына, тәсіліне ие іс-әрекетке
айналады. Ойлаудың жемісі А.Н. Леонтьев атаған “Әлем бейнесінің” интегралды
құрылуына енеді және сонымен қатар оның құрылымдарының өзіндік сапалы
бейнесін құрайды. Ойлау–қарым–қатынаспен бірге, басқа адамға әсер етудің
қажетті құрылымын, коммуникация актілерін құрайды және тұлғааралық таным
процестеріне қосылған. Ойлау бірлескен іс- әрекеттің формаларын пайдалануы
мүмкін. Адамның ойлауы оның индивидтік ерекшеліктеріне шартталғаны сияқты,
жеке түрде шартталады.
Ойлау–тұлға рефлексиясының қажетті құрылымы және өзі осы рефлексияның
объектісі болып табылады. Психология ғылымдарының негізгі салаларының
(дифференциалды психология, еңбек психологиясы, басқару, әлеуметтік, жас
ерекшелік, педагогикалық, медициналық психология) құрылымында ойлау
психологиясы мәселелерін өңдеу арнайы талдауды қажет етеді.
Берілген жинақта XX ғасырда бұрынғы Кеңес Одағы және шетел
психологтарының ойлау психологиясындағы классикалық еңбектерінен үзінділер
ұсынамыз.
Ойлауды шынайы психологиялық зерттеу тек қана оның басқа танымдық
процестер мен субъектінің қажеттілік–мотивациялық саласының өзара
байланыстылығы мүмкін және “интуиция”, “шығармашылық”, “өнімді ойлау”
терминдерінің жалпылауынан тұратын шынайылықты ашып көрсетуге бағытталуы
тиіс.
Ойлау психологиясы–психологияның қызықты, сонымен қатар күрделі
салаларының бірі. Бұл пәннің күрделілігімен және оның теориялық және
практикалық аспектілерін зерттеудің көпқырлылығымен байланысты.
Адамның ойлау заңдарын түсінуге деген талпынысы психологияның дербес
ғылым ретінде орнауына дейін болған. Ойлау әрқашан да және бүгінгі күнге
дейін гносеология мен логика, педагогика, физиология, кибернетика тәрізді
әр түрлі ғылымдардың зерттеу пәні болып саналады. Ойлаудың (сана) табиғаты
оның болмысқа қарым–қатынасы туралы мәселе философиясының негізгі мәселесі
болып табылады.
Ойлауде зерттеуде өзінің заңдарын түсінуге талпынғанда ғана ой ішкі
және сонымен қатар сыртқы әлемді зерттеуге бағытталады. Сыртқы әлемді
зерттеу процесінде ол туралы әр түрлі ғылымдар пайда болады. Сондықтан
ойлау туралы ғылым ғылыми танымның сәйкес ережелерін жалпылау мен
бөлшектеу, ойдың әдіс–тәсілдерінің нәтижесінде пайда болды. Мұнда кез
келген ой процестерін бөлінген формада сипаттауға мүмкіндік беретін
формалды логиканың негізгі түсініктері туралы айтылады.
Логикалық ғылымның дамуындағы сәттіліктерге байланыссыз ойлауға деген
логистикалық ықпал, әсіресе ойлаудың өзіне тән ережелерін түсіндірудің
ерекшеліктері психология үшін жағымсыз мәнде болады. Ойлаудың шынайы
процесі, оның мазмұны, динамикасы және нақты ерекшеліктері ұзақ уақыт бойы
зерттелмеді деп те айтуға болады.
Ең алдымен, Вюрцберг мектебінде жүргізілген эксперименттік
зерттеулерді атауға болады. Мұнда зерттеу пәні ретінде ойлаудың тек қана
бір түрі–сөздік–логикалық ойлау, ал зерттеу әдісі ретінде тек интроспекция
әдісі болғанына қарамастан, Вюрцберг мектебінің өкілдері ойлау процесінің
біраз маңызды заңдылықтарын ашты. Ең алдымен бұл ойлау актісінің белсенді
және мақсатқа бағытталған сипаты, оның тұтастығы жеке түсініктердің
ассоциацияға жатпайтындығы, қабылдаудан айрықша ерекшелігі және т.б.
мәселелер еді. Ойлауды эксперименттік зерттеу гештальт психология
мектебінде сәтті жалғастырылды, мұнда творчетсволық ойлау, сонымен қатар
жаңа әдістемелік тәсілдер жасалды.
Ойлауды зерттеудегі келесі бағыт шынайы өмірдің фактілері мен
құбылыстарын қарастыратын зерттеулер болды. Ғасырлар тоғысында
психологиялық әдебиеттерде әр түрлі практикалық іс-әрекеттер барысындағы ой
актілерінің жүруі туралы мәліметтер көптен шыққан. “Таза” ойлауды
зерттеудегі артефактілер, атап айтқанда, ойлаудың мотивациялық сферамен
байланысы психологиялық талдаудың пәні болды. Маңызды қосымша материалдар
клиникалық бақылаулардың негізінде алынды.
Ойлаудың келесі–фило–және онтогенетикалық зерттеулері психикалық
дамудың кез келген сатысындағы өзгермейтін және әмбебап ойлау заңдары
туралы түсініктердің қайта қаралуымен байланысты. Жануарлармен
тапсырмаларды шешуге арналған эксперименттік зерттеулер, алғашқы адамдардың
халықтардың саналы өмірінің заңдылықтарын зерттеу, балалар ойлауының
ерекшеліктерін зерттеу ой процестерінің тарихи табиғатын көрсетті, оның
дамуының сапалы сатылары туралы мәселені көтерді.
Кеңестік психологияның ойлау теориясы мен зерттеу әдіснамасына қосқан
маңызды үлесі адамның сыртқы, практикалық, ішкі, ақыл–ой іс-әрекетінің
байланыстарын бөліп көрсету мен құрылымдық ұқсастығын анықтау болды.
Осылайша, қазіргі уақытта ойлау психологиясы өзі зерттейтін салаға әр
түрлі критерийлер бойынша енетін феномендер мен процестерді қарастырады.
Қазіргі жаңа танымдық процестерді зерттеу ерекшелігіне қарай ойлауды
тар және кең мағынада қарастырамыз. Кең мағынадағы адамның ойлуы, оның
белсенді танымдық іс-әрекеті, сонымен қатар ішкі іс-әрекеті жоспарлау мен
реттеу процесі ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан біздің қалай
ойлайтындығымыз туралы мәселе өзімізді қоршаған әлемді және өзімізді қалай
түсінеміз, қалай елестетеміз, осы білімдерді өз мінез–құлқымызды басқаруда
қалай пайдаланамыз дегенді білдіреді.
Ойлау тар мағынасында эксперименттік психологиялық зерттеулерде
пайдаланылады. Ол ойлау процесінің айрықша ерекшеліктерін түсініктердің
қарапайым жүруімен салыстыруға деген талпыныстан көрінеді. Осылайша, ойлау
тар мағынасында шығармашылық міндеттерді шешу процесі ретінд түсіндіріледі.
С.Л. Рубинштейн философия, психология, педагогикадағы іс-әрекеттік
тәсіл тұжырымдамасын ұсынған. Оның ұйғаруы бойынша: “Адам және оның
психологиясы” практикалық іс-әрекетінің көрінісін ала отырып, қалыптасады
және сондықтан да олардың көрініс табуы арқылы іс-әрекеттің негізгі
түрлерінде, яғни еңбекте, танымда, оқуда, ойында зерттелуі қажет. Тұлғаға
психологиялық сипаттама бере отырып, С.Л. Рубинштейн кез келген
психологиялық құбылысты түсіндіруде барлық сыртқы әсердің өзгеруі арқылы
тұлғаның ішкі жағдайдың тұтас жүйесі ретінде көрінетіндігін айтады.
Көптеген жылдар бойы О.К. Тихомиров “Жалпы психология” негізгі курсы
бойынша дәрістер оқыған, бірқатар арнайы курстарды дайындаған және оқыған,
үлкен әдістемелік жұмыс жүргізген, үш оқу құралы мен оқулық жазған. Ол
үнемі студенттер мен аспиранттардың ортасында болған, олардың курстық,
дипломдық жұмыстарына және диисертациялық зерттеулеріне жетекші болған.
О.К. Тихомиров 200–ден астам ғылыми еңбек жариялаған. Оның көптеген
жұмыстары шетел тілдеріне аударылған, бірнеше рет халықаралық конгрестер
мен конференцияларда баяндалған. Ол шетелге де әйгілі отандық
психологтардың бірі болған. Өмірінің соңғы күндеріне дейін ол Мәскеу
Мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің мүшесі болды. Бірнеше рет
кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша маманданған
кеңестердің төрағасы және мүшесі, психологиялық журналдардың редакциялық
алқасының құрамында болған.
Оның көптеген жылдар бойғы теориялық және эксперименттік
зерттеулерінің нәтижесі “адамның ойлау іс-әрекетінің құрылымы” (“Структура
мыслительной деятельности человека”, 1969); “Эмоциялар мен ойлау” (“Эмоции
и мышление”; бірлескен–ұжымдық монография, 1980); “Шығармашылық іс-әрекетті
зерттеу психологиясы” (“Психология исследования творческой деятельности”,
1975); “Мақсат қалыптастырудың психологиялық механизмдері”
(“Психологические механизмы ценообразования”, 1977); “Интеллектуалды іс-
әрекетті психологиялық зерттеу” (“Психологические исследования
интеллектуальной деятельности”, 1977) атты жұмыстарда негізінен
қалыптастырылған ойлау теориясын қалыптастыруы болып табылады. Ол ағылшын
тіліне аударылған, жалпы психология курсы бойынша негізгі оқулықтардың бірі
болып табылатын “Ойлау психологиясы” (1984) атты оқулықтың авторы.
Тихомиров психология ғылымында жаңа бағытты–компьютерлеу психологиясын
дамытты.
А.В Брушлинский (1933-2002)–Ресей психологы, Ресей Білім Академиясының
корреспондент–мүшесі, С.Л. Рубинштейннің жақын оқушыларының және
ізбасарларының бірі. Субъектілі іс - әрекет бағытының ұстанымынан
психология ғылымының негізін, субъект психологиясының табиғатын, ойлау
заңдылықтарын, XX ғасырдағы психология ғылымының үрдістерін зерттеді.
Адамның психикасын зерттеуде континуалды– генетикалық әдісті жасаған. Ойлау
теориясын алғашқы белгісіз есепті шығаруда субъектіні болжаудың үздіксіз
процесі ретінде ұсынды; ойлаудың тұлғалық және процесуалды аспектілерінің
арақатынасын ашты.
Адам психикасын зерттеудің әлеуметтік–тарихи бағыты кеңес
психологиялық ғылымында ерте бекітілді. Тағы да 20–30 жылдары шетелде-
әсіресе Л.С. Выготский еңбектерінде–адам психикасының әлеуметтік табиғатын
жүйелі зерттеу басталды. 30–шы жылдары–С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, А.Н.
Леонтьев, А.А. Смирнова, Б.М. Теплова, Д.Н. Узнадзе және тағы басқалардың
зерттеулерінде–адам іс-әрекетін психологиялық зерттеу оның
әлеуметтік–тарихи шарттануымен басталды. Осы және басқа да зерттеулердің
барысында психология ғылымдарының құрылуы шындығында диалектикалық
материализм негізінде жүзеге асты.
Осы уақытқа дейін кеңестік психологияда адам психикасының әлеуметтік
–тарихи табиғаты Л.С. Выготский және С.Л. Рубинштейн еңбектерінде жүйелі
және жан–жақты зерттелді. Бұл екі зерттеуші де көшбасшы және атақты кеңес
психологтарының қатарына жатады. Олар спихология ғылымында өз мектептерін
және бағыттарын құрды. Олардың бір–бірімен психикалық тұжырымдамаларын
салыстыруы және талдауы тек психология үшін ғана емес, сонымен қатар
философия, логика және әлеуметтану үшін де өзекті. Біз осы еңбегімізде
осындай философиялық–психологиялық талдауды жүзеге асыруды мақсат еттік.
Л.С. Выготскийдің теориясындай С.Л. Рубинштейннің теориясы да ойлау
психологиясының бай эксперименталды материалында жан–жақты мұқият
қарастырылған. Бұл аспектіде біз көбінесе екі тұжырымдаманы да
қарастырамыз.
Майкл Коул және Сильвия Скрибнердің “Мәдениет және ойлау” атты
еңбектерінде мәдениетті өмір сүретін халықтардың танымдық іс - әрекетін
зерттеуде тест әдісін қолдануға қатты сыни көзбен қарайды. М. Коул және С.
Cкрибнер бұл әдістің толығымен ғылымға сай келмейтіндігін және оның
көмегімен сенімді мәліметтер алуға қабілетсіздігін ашып көрсетеді. М. Коул
және С. Скрибнер өз еңбектерінің соңғы бөлімінде кеңестік психологияның
позициясына, оның ішінде Л.С. Выготскийдің теориялық көзқарасына сүйенеді.
М. Коул оның әріптестерінің зерттеу жолы қоғам дамуының түрлі
деңгейінде өзгеретін, адамдардың шынайы қоғамдық практикасындағы кез келген
танымдық іс-әрекет негізі деп саналатын тарихи материализмнің даму бейнесі
дегеннен шықпайды. Осының барлығының кітаптың авторлары дұрыс логикалық
жолда келе жатыр деген дерек туындайды; бұл олардың зерттеу бағыты жоғары
бағалатынлығына және олардың еңбектері отандық оқырмандар назарынан тыс
қалмайтындығына сенім туғызады.
К. Дункер шығармашылық ойлауды эксперименталды зерттеуде оның жалпы
кезеңдерін бөліп шығару мен “іштен сөйлеу” әдісін енгізуді дамытуды,
проблемалы жағдайларды эксперименттік өңдеуді өз еңбегінде көрсетеді.
Гештальт психологияның өкілі К. Дункердің еңбегін де Ж. Пиаже
мектебіндегі ойлаудың дамуын зерттеу мен шығармашылық тапсырмаларды шешу
процесін зерттеуді қарастырады.
О. Кюльпе–ойлау психологиясының Вюрцберг мектебінің негізін салушы. Ол
Вундтың идеяларын шығармашылықпен дамыта отырып, жоғары психикалық
функцияларды–ойлау және ерік–күшін зерттеу үшін инстроспекция әдісін
пайдалана бастады. Оның зерттеулерінің пәні “эмпириялық ойлау” аталған және
“таза ойлауды, нақты ойлауды өзінді жүзеге асыратын психологиялық акті мен
жай–күйлер болды. Кюльпеннің атауы бойынша, психикалық актіні бақылау
“жүйелік инстроспекцияның” көмегімен орындалады.
О. Зельцтің ғылыми жұмысының басы Вюрцберг мектебі шегінде ойлаудың
эксперименталды зерттеулерімен, оның әдістері мен көріністерін дамытуымен
байланысты. Ол ассоциативтік тұжырымдамалардың сынаушы талдауы негізінде
“спецификалық реакциялар” мен “комплекс теориясында” сипатталған және кең
атақ аталған репродуктивті міндеттердің шешу процесінің жалпы принциптерін
ұсынды. Зельц міндеттерді шешу әдісі сияқты, ойлау операцияларын анық
жіктеді. Содан соң ол ойлау іс- әрекетінің жалпы заңдылықтарын ерекшелей
отырып, өз теориясын өнімді ойлауға таратты.

1. ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Ойлау.
Психология тарихының бас кезінде, әсіресе ол XIX ғысырдың аяғында,
Еуропада пайда болған кезде ойлауға деген қызығушылық басым болды. Бақылау
ғылыми әдіс болғандықтан ертедегі зерттеушілер (мысалыц, Кюлпе)
сынаушыларға ойлануды және өз ойларын суреттеуді ұсыну арқылы дұрыс ойлауды
зерттеген деп санады. Бұл инстроспективті ықпал көп нәтижелер берді, олар
өз кезегінде тиімді ойлаудың кейбір факторларын анықтауға үлес қосты.
XX ғасыр бойынша арасында В. Вундт, Джеймс, Торндайк, Дьюи, Дж. Уотсон
және Вертгеймер бар көптеген атақты психологтар өздері таңдап алған
теориялық модель негізінде ойлау тақырыбына көңіл бөлді.
Соңғы жиырма жыл бойы психикалық зерттеудің заңды тақырыбы ретінде
ойлау тағы да бір кезеңдік қайта жаңғыруды басынан өткізді (Bourne and
Dominowsky, 1972; Erickson and Jones, 1978; Mayer, 1983). Бұл қайта
жаңғыруды логикалық ойлау мен ой пікірлер бойынша жасалған экспериментке
жатқызуға болады.
Біздің қоршаған дүние туралы білімдеріміз түйсік пен қабылдаудан
басталады. Бірақ таным олармен ғана шектелмейді. Түйсіктер мен қабылдау
арқылы алынған мәліметтер сезімдік шектен шығып, ойлау арқылы біздің таным
шекарасын кеңейтеді. Себебі ойлауда қабылдауда берілмеген нәрсені ой
қорытындылары арқылы жанама түрде ашуға мүмкінідік беретін қасиет болады.
Ойлау негізінде адамның қоршаған дүние жөніндегі танымы тереңдей түседі.
Ойлау дегеніміз–сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс–
қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау–жаңа ой репрезентациясы қалыптасатын процесс; ол міндеттерді
шешу және қиялдау, пайымдау, дерексіздену, пікір айту тәрізді ой
атрибуттарының күрделі өзара әрекетінде қол жеткізілеген ақпараттарды қайта
эасау жолымен жасалады. Ойлау–ақыл–ой процесінен үш құрамдас бөлігінен
құралған айтарлықтай мазмұнды элемент және ерекшелігінен гөрі бәрін қамти
алатындығымен сипатталады. Біз кітап оқығанда ақпараттар сенсорлық сақтау
қорынан ес сақтау қорына жүйелі түрде беріледі. Содан кейін, бұл жаңа
ақпарат қайта өзгереді, “қорытылады”, нәтижесінде қайталанбайтын ерекше
нәтиже алынады.
Егерде сіз, Германиямен соғыс кезінде II Николай патша Ресей
азаматтарының негізгі мұқтаждықтарын елемеді деп оқысаңыз, онда ұзақ
мерзімді естен Николайдың әйелі Александра тегі бойынша неміс болған деген
мәлімет жайлы ақпаратты алып шығуы мүмкін, ал бұл екі жағдай бірігіп Ресей
тарихына әсер етті деген ұйғарымға итермелейді. Әрине бұл мысал осы жерде
көрсетілгеннен де гөрі күрделірек, себебі жоғарыда келтірілген қарапайым
ойлардың дамыту үшін міндетті шешу және қиялдау, пайымдау, дерексіздену мен
пікір айтуға сүйенуге тура келеді.
Түйсіктер мен қабылдау ақиқат дүние құбылыстарының жеке қасиеттерін,
көбіре ретсіз кездейсоқ түрде бейнелендіреді. Ал ойлау адамға заттар мен
құбылыстардың қасиеттері мен олардың өзара қатынастарын салыстырып,
ажыратуға, олардың сезімдік түрде берілмеген қасиеттерін, жаңа қатынастары
мен қырларын ашады. Сөйтіп, ойлау сезім мүшелері арқылы алынған
мәліметтерді өңдейді.
Сонымен, жекеден жалпыға және жалпыдан қайта жекеге көпсатылы ауысу
ерекше психикалық процесс ойлау негізінде жүзеге асады.
Ойлау процесі елестермен де тығыз байланысты.
Ойлау проблемасын қарастырған А.А. Смирнов ойлау және интеллектуалдық
процестердің ассоциативті ағымын ажырату қажеттілігін атап көрсеткен. Мұның
себебі, ойлау іс-әрекетінде біз ассоциацияларды өте кең қолданамыз олар
ойлау есептерін шығаруға елеулі септігін тигізеді. Мысалы, біз қазір тап
болған жағдайға ұқсаса, оқиғаларды жиі, арнайы еске түсіреміз. Мұнда пайда
болған ассоциациялар біздің ой мәселесін шешуімізде пайдаланылады. Олар
бізді одан алыстатпай, оның жауабына, шешіміне жақындатады.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге
пікірін білдіргенде, өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз
күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлелдене түседі. Ойлау
мен сөйлеуді бірдей деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.
Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа
адамдарға жеткізетін құрыл болып табылады.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы
дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл
түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы
үлкендермен қарым қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін
болады.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым–қатынас жасау процесінде туындап
отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін–объективтік шындық. Адамға мақсат
қойып, оған жетуге ұмтылдыратын–оның қажеттіліктері.
Ойлау-өзіндік ішкі қарама–қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар
ойлау дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады, яғни
ойлау осы қарама–қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды
шешу барысында өрбиді.
Ойлау “ішкі” процесс пе немесе ол мінез–құлықта көрінгендіктен бар
болып санала ма, міне осы даулы мәселелер әлі күнге дейін жалғасып келеді.
Шахмат ойнаушы өзінің келесі жүрісін орындамас бұрын ең алдымен бірнеше
минут алдын ала ойланып алуы мүмкін. Ол өзінің әрекеттерін таразылап тұрған
кезде ойлау қатыса ма? Әрине, қатысады және ешқандай да сыртқы мінез–құлық
байқалмағандықтан бұл жағдайда кейбіреулер қорытынды элепирикалық бақылауға
емес, өз пайдасына негізделген деп айтар еді. Ойлаудың жалпы анықтамасы бұл
шиеленісті ішінара шеше және онда біздің талқылауымызға көмектесе алар еді.
Әдетте ойлау үш негізгі кезеңмен сипатталады (Mayer. 1983);
1. Ойлау когнитивті болып табылады, яғни “іштей” ақыл ойда өтеді, алайда
оны мінез–құлық бойынша бағалайды. Шахмат ойнаушы жүріс жасағанда
өзінің ойлауын көрсетеді.
2. Ойлау–ол процесс, онда когнитивті жүйеде білімдермен кейбір айлалы
әрекет жасалады. Өзінің жұмысын ойластыра отырып шахмат ойнаушы сол
сәтте өтіп жатқан ақпараттармен бұрынғы есіндегілерді біріктіреді және
жағдай жайлы өз білімін өзгертеді.
3. Ойлау бағытталған сипатқа ие, оның нәтижелері кейбір мәселелерді
“шешетін” немесе оның шешілуіне бағытталған мінез–құлықта көрінеді.
Шахматшының ойындағы әрбір келесі жүрісі жеңіске жетуге бағытталған.
Барлық әрекет сәтті болмайды, бірақ та ойыншының ойында олардың
барлығы шешуге бағытталған.
Ойлау, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау сияқты
когнитивті процестерді қарастырмастан бұрын, біз әрине, алдыңғы
тақырыптарды талдауды аяқтаймыз, себебі ол ақпараттарды өңдеу тізбегінің
соңғы буыны болып табылады, сонымен қатар олар “жоғары деңгейдегі” танымдық
іс-әрекетке жатады. Ойлау “жоғары деңгейдегі” танымдық іс- әрекет ретінде
сипатталады, себебі ол ақпараттарды өңдеу процесінің анағұрлым іргелірек
компонентіне тәуелді болып табылады, Осы ақпараттардың өңдеудің
бірізділігінде қабылдау, паттерндерді тану және ес феномендері ерте пайда
болған жағдайда ғана олар “симметриялық” деген мағына негізінде танымдық іс-
әрекеттің “төменгі деңгейін” құрайды.
Ойлау танымдық теориялық іс-әрекет ретінде әрекетпен тығыз байланысты.
Адам әсер ету арқылы ақиқатты таниды, дүниені өзгерту арқылы оны түсінеді.
Әрекет ойлаудың жүзеге асуының бірінші ретті формасы болып табылады. Ойлау
операцияларының барлығы (анализ, синтез және т.б.) ең алғашында практикалық
операциялар түрінде пайда болып, содан соң барып теориялық ойлаудың
операцияларына айналды, Яғни ойлау еңбек іс-әрекеті барысында практикалық
операция ретінде немесе практикалық іс-әрекеттің бір компоненті ретінде
туындап, содан кейін барып дербес теориялық іс-әрекетке айналады. Бірақ
тәжірибе әрқашан да ойлау ақиқаттығының негізі, мәнді критерийі болып
табылады. Бірақ егер де біз бір есепті тек практикалық түрде ғана шешетін
болсақ, онда оның тек көрнекі және мазмұнымен әрекет жасап, оны тек
берілген жеке жағдаятты ескере отырып шешеміз. Ал әрбір келесі жағдайларда
қайтадан есепті шешуге тура келеді, және тағы да бұл жеке міндетті ғана
шешу болып табылады. Ал егер берілген есептің жалпыланған мазмұнын
құрастырып, оны шешудің жалпыланған тәсілін табатын болсақ, бұл есеп өзінің
тек белгілі бір жағдайға сәйкес болатын, практикалық–шешімін ғана емес,
сонымен қатар, теориялық та, яғни принциптік біртекті жағдайлардың
барлығына ортақ шешімін таба алады.
Айтып өткеніміздей, когнитивті модельдің берілген компоненттері бір–
бірінен оқшауланбайды; осыған сәйкес ойлау, ұғымдарды қалыптастыру, логика
және шешім қабылдау танымдық процестердің ертеректегі сатыларынан
бөлінбейді.
Іс-әрекетпен байланыса отырып, теориялық ойлаудың өзі жекеден жалпыға,
жалпыдан жекеге, құбылыстан мәнге, мәннен құбылысқа өту процесі болып
табылады. Шынайы ойлау–ол ойдың ағымы. Ол тек іс-әрекет пен оның өнімінің
бірлігі негізінде түсініледі.
Ойлау процесі күрделі процесс әрі ақпараттарды өңдеудің қорытынды
сатысын кезеңіне жақын келетіндіктен оны зерттеу біздің түсіну деңгейіміз
бен техникалық мүмкіндіктеріміздің шегінен шығады деп жоғарыдағы айтылған
ойларға қарсылық білдіруге. Мұндай мәлімет аздап шын да, аздап жалған да
бола алады. Ойлау процесінің көптеген ерекшеліктерінің құпия болып
қалатынын мойындамау, әрине қиын, алайда когнитивті психологияның соңғы
жиырма жылда жеткен жетістіктері, ойлауға қатысты кейбір фактілерді ашуға
қабілетті және оларды дұрыс мағыналы психологиялық теориялардың қатарына
қосатын теориялық модельдер мен зерттеу әдістерінің керемет арсеналдарын
берді.
Сонымен, ойлау–аса күрделі психикалық процесс. Осы зерттеумен бірнеше
ғылымдар айналысады. Солардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше.
Бірақ екі осы ғылымның ойды зертеудегі әдіс–тәсілдерінде өзіндік
айырмашылықтары бар. Мысалы, егер психология әр түрлі жас шамасындағы адам
ойлауының пайда болуы, дамуы мен қалыптасу жолын, яғни тұлға ойлауының даму
ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастыратын болса, ал логика бүкіл
адамзатқа ортақ ойлау іс-әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам
ойлауының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, ой, қорытындылары
сиқяты ойлау формаларының табиғатын зерттейді.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П. Павловтың бірінші және екінші
сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау–ми
қыртысының күрделі формадағы анализдік–синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда
екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші рөл атақарады.
Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес заңдары бар деуге
болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Бірақ олардың
айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы
құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.

1.2 Ойлаудың психологиялық теориясы.
Ойлау психологиясы арнайы түрде XX-шы ғасырда ғана жасала бастады. Осы
уақытқа дейін үстемдік еткен ассоциативтік психология барлық психикалық
процестер ассоциациялар заңы бойынша өтетін және сананың құрылуы аз не көп
күрделі комплекстердің ассоциациялары арқылы біріктірілген қарапайым
сезімдік түсініктерден тұратын ережеден бастау алады.
Сондықтан да ассоциативтік психология өкілдері ойлауды арнайы
зерттеуді қажет деп таппады: олар шынында да оны өз теориясының
алғышартынан құрастырды.
Ұғымдар түсініктермен ұқсастырылды және белгілердің ассоциативті
байланысқан жиынтығы ретінде тұжырымдалды: пікірлер түсініктердің
ассоциациясы ретінде; ой қорытындысы–оның тиянақтарына қызмет ететін екі
пікірдің арасындағы ассоциация ретінде және одан шығатын үшінші түсінік
ретінде қарастырылды. Бұл тұжырымдама Д. Юмнан басталады. Ол XIX ғасырдың
соңынан бастап үстемдік еткен болатын.
1. Ойлаудың ассоциативтік теориялары.
Құрылымдық психологияға сәйкес жеке сезімдік елестер психологиялық
тәжірибенің бастапқы элементтері болып табылады. Осындай жеке сезімдер
елестер арасында ерекше байланыстар немесе ұқсастық, контрастылық, уақыт
пен кеңістікте сәйкес келу сияқты аасоциациялар орнайды. Осылайша,
ассоциативтік психологияда ойлау сезімдік елестердің ассоциациясы ретінде
түсініледі. Бұл бағыттардың психологтардың негізгі қойған міндеті– ойлаудың
белгілі логикалық формаларын ассоциация заңына сәйкес түсіндіру. Ұғымдардың
қалыптасуы елестерді ассоциациялау барысында жүзеге асады деп есептелінді.
Пікір ұғымдарды ассоциациялау, ал ой қорытындысы пікірлердің ассоциациялау
нәтижесі ретінде түсіндірілді.
Осылайша, мәнді мен жалпының арасына теңдік белгісін қою тұтас
аcсоцианизмге тән құбылыс болды. Бұл бағыттағы теоряиларға келесі
тұжырымдар енді:
1. Г. Мюллердің “диффузиялық репродукциялар” теориясы. Берілген
тұжырымдамаға сәйкес, екі (немесе одан да көп) елестердің үйлесімі
былайша қалыптасады: субъекте олардың әрқайсысы судағы шеңберлер
тәрізді басқа елестермен ассоциацияларының ағымын тудырады (ал бұлар
өз тарапынан дәл солай жаңа ассоциацияларды тудырады).
2. Ойлау үйрену ретінде. Бұл жерде талдаудың негізгі элементтері болып,
қозғалыстық реакция және оларды үйлесімге келтіру заңдылықтары
бөлініп шығады. Жаңа стимул–реакциялық байланыстар, яғни шартталу
механимздері инттелектуалдық мінез– құлыққа тән емес. Сондықтан ойлау
бұл жерде үйрену, интеллектуалдық практикалық міндетті шешу дағдысын
қалыптастыру болып табылады.
Ассоциативті теория ойлаудың мазмұнын түйсінудің сезімдік
элементтеріне апарады, ал оның өту заңдылықтарын ассоциативті заңдарға
апарады. Бұл екі жағдай да жарамсыз. Ойлау өзінің сапалы ерекше мазмұны мен
өтудің сапалы ерекше заңдылықтарына ие. Ойлаудың ерекше мазмұны ұғымдарда
көрінеді; ұғымдар түйсінулер немесе түсініктердің ассоциативті байланысқан
қарапайым жиынтығына апарылмауы керек.
Тура сол сияқты ойлау процесінің өту заңдылықтарын ассоциативті
процестерді (кеңістік пен уақытта араласу бойынша ассоциация заңдары)
анықтайтын ассоциативті байланытсрамен заңдарға апарылмауы керек.
Ойлау процесінің ассоциативті процестен ең бірінші маңызды
айырмашылығы мынада, ойлау процесінің өтуі өзінің санадағы заттық
мазмұнының байланыстарымен азды–көпті адекватты бейнелегендермен реттеледі;
ассоциативтік процесс тек қана кеңістікте және уақытқа араласу бойынша
ұғылмаған байланыстарды алған субъектінің мәліметтерімен немесе кездейсоқ
субъективті әсерленулерімен ғана анықталады. Әр бір субъектіде олар сол
заттар үшін қаншалықты маңызды екендігіне қарамастан, сол әсерлену
мәліметтері қаншалықты біріктірілгеніне қарамастан қабылданады. Сондықтан
да, ассоциативті байланыстар танымның әлі жетілмеген сатысы болып табылады.
Онда тек қана мәнді байланыстар ғана бейнеленеді, және әрбір жеке жағдайда
ассоциациялар кездейсоқ сипатқа ие болады.
Ассоциациялық процесте процестің өтуін объективті анықтайтын
қатынастар мен байланыстарды субъект заттық мазмұнның байланысы ретінде
ұғынбайды. Сондықтан да процестің мазмұны танымдық қатынаста субъективті,
және сонымен қатар оның өтуі автоматты турде субъектіден тәуелсіз болады;
субъект оның өтуін реттемейді. Ассоциативті процесте субъектіге тәуелсіз
бірқатар субъективті түсініктер өтеді; ассоциативті процестің мақсатты
бағыты жоқ.
Әрбір түсінік ассоциациялар бойынша кез келген түсінікті шақыра алады,
олар өздерінің қатысыуымен кеңістік немесе уақытша араласуларда көрінеді,
ал мұндай түсініктер әдетте көп болады. Ассоциативті шақырылған
түсініктердің әрқайсысы өз кезегінде ассоциациялардың әр түрлі жақтарына
тарап кететін бастапқы нүктесі болып табылады.
Сонымен, алғашқы және соңғы түсініктер арасындағы байланыстарға
негізделген ассоциациялар бір жақты емес: процесс бағыттылықтан айырылады,
онда оны ұйымдастыруды реттеп, отыру деген болмайды. Мысалы, кездейсоқ
келген ойлар әр жаққа шашырап, үзіле берсе, олар бір затқа қатысты
жинақылықты және шоғырланған бағыттылықты талап ететін ойлау жұмысынан
шығып қалады, сөйтіп біз шешіп отырған міндетте өз “ойымыздың адасуға,
шаршауға әкелеміз және кездейсоқ армандарымыз да ыдырайды; алайда осы
армандарда ассоциациялардың қарапайым тізбегіне қарағанда бағыттылық көп
болады”. Ойлау процесінде ассоциацияның осы механизмнің әрекетін
“шашыраңқылық” жағдайымен түсіндіруге болушы еді, алайда ойлау
операцияларының бірізді жүру барысында ойлау операциялары реттелген, дұрыс
өту барысынан, оның жолынан ойды ауытқытып, кездейсоқ ассоциациялар бойынша
шыға келген бейнелер пайда болады.
Сөйтіп, жоғарғы ойлау процесі және қарапайым ассоциативтік
процестердің өту сипаты бір–бірінен мәнді айырмашылығы болады, сондықтан да
екіншіні біріншісіне апару мүлдем дұрыс болмайтын еді.
Ассоциативті теорияның алғашқы алғышарттарынан бас тартпай ойлау
процесінің бағытталған сипатын түсіндіру үшін, ол бойынша барлық ойлау
процестері сезімдік деректер мазмұнын өндіретін репродуктивті сипатқа ие
болады деген көзқарасты ассоциациялармен қатар осы теорияны жақтағандар
персеверацияны (Г. Мюллер), пайдалануға тырысты. Персеверация тоқтау
түсінігі бағытында көрінеді, әрбір жолы біздің түсініктердің өту барысына
қайтадан кіреді. Сөйтіп, адамның артынан қандай да бір мотив ілесіп
қалмайды. Жабысқақ идеялар персеверацияның соңғы патологиялық формасын
көрсетеді.
Ойлау бағыттылығын түсіндіру үшін персеверативті үрдісті пайдалану
талпынысы Г. Эббингауздың формуласынан айқын көрінді: “реттелген ойлау –бұл
идеялардың секірісі және жабысқақ түсініктердің арасындағы орташа бір нәрсе
деп айтуға болады”. Сөйтіп, ойлау екі патологиялық күйдің теңдей әрекет
етуші түрінде түсіндіріледі – оны түсіндіру жүзеге асатын негізде осы
теорияның алғышарының ойлаудың табиғатына сәйкес келмеуінің айқын дәлелін
көреміз.
Адамның психикалық өмірінің әмбебап заңдылықтары ассоциация
принципімен байланысты. Ассоциацияның негізгі заңы: ассоциация жиі
қайталанған сайын, дұрыс әрі берік болды.
Ассоциацияның төрт негізгі түрі бар: ұқсастық бойынша, контраст
бойынша, уақыттық немесе кеңістіктік іргелестік бойынша, қатынас бойынша.

Ассоциациялардың заңдылықтары Д. Гартли, Дж. Пристли, Дж. С. Милль, А.
Бэн, Т. Цигень және т.б. еңбектерінде зерттелінді. Бұл жерде ассоциация
психикалық бірлігі және түсіндіруші принципі ретінде қарастырылды.
Ассоциациялар ойлау белсенділігін түсіндіре алмай, оларды априорлы, яғни
ассоциацияларға тәуелсіз ақыл–ойдың туа біткен қабілеті деп білген. Бұлар
да рационалдық сезімдікке баланып, субъекттің іс-әрекет белсенділігі
талдаудан тыс қалды. Бейне-елестердің ырықсыз ілесуі кез келген ақыл-ой
процесінің жүзеге асу типі ретінде ұғынылды. Осылайша, ассоцианистердің
пайымдауынша, ойлау–ассоциацияларды жинау процесі.
Идеялардың репродукция (қайта өңделуі) сауалы ақыл–ой іс-әрекетінің
ассоциативтік теориясының негізгі мәселелерінің бірі болып табылғандықтан,
оны жиі репродуктивті психология деп атаған.
Отандық психологияда ассоцианистік тұрғы Ю.А. Самарин, П.А. Шеваревпен
зерттелінді. Ассоциациялардың ойлау механизмі ретіндегі мәні А.Ф.
Эсауловпен ерекше аталды.
2. Вюрцбурлық мектеп. Вюрцбурлық мектеп–сана психологиясын зерттеген
бағыттардың бірі. Бұл мектептің негізін салушылр–О. Кюльпе және К. Бюллер,
ал өкілдеріне жататындар – Н. Ах, А. Марбе, О. Зельц және т.б.
Вюрцбурлық мектеппен зерттелінген негізгі мәселелер: a) ойлаушы
субъекттің белсенділігін анықтайтын ұғымдарды шығару; ә) ерекше
психологиялық ақиқат ретіндегі ойлаудың қасиеттерін сипаттау және мазмұнын
анықтау; б) ойлау процесінің психологиялық механимдерін түсіндіру.
Сәйкес әдістемені шығара отырып, Н. Ах ұғымдарды қалыптастырудың
тәсілдерін таңдау процесі мен қолдану сипаты субъектпен шешілетін нақты
міндеттерге байланыстылығын атап өтті. Осылайша, вюрцбурлық мектептің
негізгі қосқан үлесі–“міндет” ұғымын енгізуі (В. Уайт). Вюрцбурлық мектеп
өкілдері интроспекция әдісін өзгертті. Субъекттің өзінің ішкі ойлары,
елестері, күйзелістері жөніндегі есебі белгілі бір қойылған сқраққа жауапты
іздей, белгілі бір міндетті шешу жолымен жүрді.
Сенсуалистік ассоциациялық психология жүргізген логикалықты сезімдікке
апарған мәліметтер, ойлау психологиясын жасауды өзінің негізгі міндеті деп
санаған вюрцберг мектебі логикалықты сезімдіктен рационалды, идеалистік
тұрғыда бөлуге қарсы қойды.
Франциядағы А. Бинемен қатар ойлау психологиясын жүйелік зерттеуді
бастаған вюрцберг мектебінің өкілдері, ең алдымен, ассоциативті
психологияның сенсуализміне қарсы, ойлау, қабылдау және түйсінудің
көрнекі–образды мазмұнына апарылмайтын ерекше мазмұны бар деген ережені
алға тартты. Алайда ойлаудың көрнекі сезімдік мазмұнға апаралмайтындығы
жайлы дұрыс тұжырымдар оларда бір–бірінен жалған ажыралатын тұжырымдармен
біріктірілді: “таза” сезімдік “таза” ойлауға қарсы қойылды; олардың
арасында бірліксіз тек сыртқы қарама–қайшылық орнатылды. Нәтижесінде
Вюрцберг мекбетінде ойлаудың және сезімдік пайымдаудың ара қатысын дұрыс
ұқпайға алып келді.
Ойлау процесін субъективті түсініктердің қарапайым ассоциацияларына
апаратын ассоциативті психологияның субъективизміне қарсы Ф. Брентано мен
Э. Гуссерлярдан келген интенция ұғымына сүйенген вюрцбург мектебі ойлардың
заттық бағыттылығы жайлы тұжырымды жылжытты және ойлау процесіндегі заттың
ролін бекітті.
Алайда идеалистік философияға сәйкес шыққан вюрцбург мектебі ойлауды
болмыстың барлық сезімдік мазмұнына сырттай қарсы қояды, ойлаудың
бағыттылығын затқа (интенция) қарсы қойып ол таза актіге (схоластиктік
философиядағы actus purus) және барлық мазмұнынан тыс мистикалық
белсенділікке айналды. Осы таза ойлар идеалды объектілермен ара
қатыстырылды, ал идеялық мазмұны өзі трансцендентті ойлау болып табылады.
Ойлаудың одан тәуелсіз іштей ара қатыстылығы жайлы дұрыс тұжырымдар
трансцендентті идеяларға қарсы тұратын таза мазмұндық белсенділік жайлы
жалған метафизикалық тұжырымдамаға айналды.
Ойлау процестерін түсініктерді сыртқы механикалық тіркеуге апаратын
ассоциативті теорияның механизміне қарсы вюрцбург мектебінің өкілдері
ойлаудың бағытталған, реттелген сипаты жайлы тұжырымды қойды. Алайда
ассоциативті психология өкілдерінің ойлаудың механикалық тұжырымдамасына
вюрцберг мектебінің өкілдері міндетті шешкенде ассоциативті процестерді
мақсатқа бағыттайтын детерминацияланған үрдістер (Н. Ах) жайлы
телеологиялық тұжырымдаманы қарсы қойды. Міндетті шешуге жарамды болатын
ойлаудың маңызды ішкі ерекшеліктерін ашудың орнына механикалық ассоциативті
процестерімен шешілмейтін міндеттерге өзіндік таралуға деген қабілетті
қосақтады.
Осы телеологизмді жеңуге және ойлау процесінің өтуін түсіндіруге
ұмтылған О. Зельц ойлауды зерттейтін еңбегінде мынадай дұрыс тұжырымды
жасады, яғни тиңмді ойлау, репродуктивті және детерминацияланған әр түрлі
үрдістердің қозғалысы, жеке түсініктердің констеляцияларынан тұрмайды, ол
белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталған әдістердің рөлін атқаратын
арнайы операциялардың жұмыс істеуімен байланысты болады. Ойлау процесінің
өтуі актуальды зияткерлік операцияларды шешуге арналған міндеттермен немесе
ішкі бағдарлардың арасындағы ара қатыспен анықталады.
Алайда осы негізгі ара қатынасты анықтауда Зельц таза механикалық
позицияға қайта оралады: реакция ретінде сәйкес операцияларды жіберетін
міндеттерді шешуге қойылған ішкі бағдарды мойындайтын тітіркендіргіштер деп
түсініледі. Сөйтіп, ойлау құрылымы бойынша күрделі рефлекстерге (тізбекті
рефлекстер) ұқсас болатын “рефлексойдты бірігулер жүйесі” болып табылады.
Зельц алдымен ойлау актісі ассоциациялардың механикалық тіркеуіне
апарылмайтын операция деп көрсетіп, ол операцияларды ойлау табиғатына
сыртқы және механикалық ассоциативті байланыстыстар сияқты мүлдем адекватты
емес рефлексойдты қатынастарды тіркеді.
Вюцбурлық мектептің негізгі идеялары О. Зельцтің еңбектерінде жалғасын
тапты. Ол ойлауды интеллектуалдық операциялардың қызмет етуі ретінде
анықтады. О. Зельц өз алдына ойлау іс-әрекетінің қандай да бір нәтижесінің
жүзеге асуындағы интеллектуалдық іс-әрекеттің әрбір сатысының қызметін
анықтау мақсатын қойды. Қатынастарды саналау әрекеті ретіндегі ойлауды
түсіндіру үшін оның міндетті шешуде жүзеге асырылатын әрекет немесе
операция ретінде қарастыру керек.
О. Зельц міндетті шешу барысы мен тәсілдерін сипаттауда үш ұғымды
енгізді:
1. Арнайы реакция, яғни берілген жәйтта қойылған мақсатқа сәйкес келетін
объективті қажетті жауап.
2. Операция–осындай жауапты анықтайтын амал.
3. Әдіс, яғни субъектімен міндетті шешу тәсілі ретінде саналатын және
пайдаланылатын операция.
О. Зельц репродуктивтік және продуктивтік ойлау түрлерін
эксперименттік зерттеуде ойлау процестерінің ерекше “мәселе тудыратын
кешен” түріндегі шешілетін мінлеттің құрылымымен себептенетіні жөнінде
тұжырымға келді. Бұл “мәселе тудыратын кешеннің” ерекшелігі–онда
аяқталмағандық элементінің болуы. Осы аяқталмаған элементті толтыру
берілген міндетті шешу нәтижесін анықтайды. Мұның өзі, негізінен
антиципапия схемасын жүзеге асыру, яғни әлі табылмаған шешімді алдын ала
болжау негізінде іске асады. Бұл кезде субъектпен міндетті шешуге қажетті
интеллектуалдық операциялар жаңғыртылып, есептің шешімі табылады
(комплексті толықтыру, абстракция және ұқсастықтарды қайта келтіру әдістері
арқылы).
Вюрцберг мектебі өзінің өмір сүру уақытында өте мәнді эволюцияны
жасады. Ойладың образсыз сипаты (О. Кюльпе, Х. Дж. Уатт, К. Бюлер өздерінің
ертеректегі жұмыстарында) жайлы тұжырымнан бастап ол мектептің өкілдері (О.
Зельц, кейінгі жұмыстарында айтқандай сол К. Бюлер) содан кейін ойлау
процесіндегі көрнекі компоненттеріндегі рөлі жайлы әдейі нақты көрсетіп
айтты.
О. Кюльпе “Ойлау психологиясы” еңбегінде ойлау мен ерікті зерттеуде
интроспекциялық әдісті қолданды. Зерттеген мәселелері: “эмпирикалық ойлау”
деп аталатын және формальдық логика заңдарына сүйенетін “таза ойлаудың”
нақты жүзеге асуын көрсететін психикалық акттер мен күйлер. Н. Ахтың тағы
бір қосқан үлесі–“детерминациялық тенденциялар” тұжырымдамасын шығарып,
негіздеуі. Басқаша айтқанда, бұл–себептендіру теориясы. Адамның бойындағы
осындай детерминациялық тенденциялары адамды тұртіп отыратын, санадан тыс
процестерге жатады. Ойлау өзінен-өзі қалыптаспайды. Ол тікелей сыртқы орта
әсерінен пайда болады.
Сезімдік елестер мен ойлаудың арақатынасын түсіндіруде бұлар мынадай
пікірде болды. Өздігінен сезімдік елестер мен олардың кез келген үйлесімі,
тіпті оңай логикалық есепті шешіп бере алмайды. Себебі есепті шешу үшін
берілген міндеттің сезімдік көрінісінен тыс, одан еркін болатын есептің
(міндеттің) шарттары мен талаптары арасындағы қатынастарды ашу мен саналау
маңызды болып табылады.
Вюрцбург мектеп өкілдері ойлаудың басқа психикалық процестерден
өзіндік ерекшеліктерін көрсетті; тұтастылығы, белсеңділігі, бағыттылығы,
бейнесіздігі және т.б.
Алайда көрнекілік бастан–аяқ зияткерлік сипат алды, көрнекілік
түсініктер ойлаудың икемді құралының тәуелсіз сезімдік сипатынан айырылған
көрініске айналды; сөйтіп зияткерлік принципі жаңа формада таралды. Мұндай
революцияны вюрцбург мектебі ойлау мен сөздің өзарақатынасында да жасады.
Алдымен (О. Кюльпеде) ойлау дайын, одан тәуелсіз сырттай қаралды. Содан
кейін нәтижесінде ойлау және ұғымдардың құрылуы (Н. Ах) міндетті шешудегі
сөздік белгіні формальды ұғынуды кіргізуге айналды.
Осындай мәселе тудыратын жәйттің құрылымының тұтастығын қалпына
келтіру идеясы кейін гештальтпсихология өкілдерінің зерттеулерінде, сондай
–ақ басқа да, мысалы, шығармашылық ойлау зертеулерінде басшылыққа алынды.

3. Гештальтпсихологтар ойлау жайында. Гештальтпсихологияның
өкілдері–Келер, Вертгеймер, Коффка, К. Левин. Гештальт психологтар
ойлаудың құрылымын, шығармашылық астарларын қарастырды. Ізделген
шешімді оған қажетті құрылымды табу арқылы шешуді ойлау деп атаған.
Гештальт психологтар ойлауды формальды–логикалық операциялардан
ажыралатын, мәселе тудыратын жәйтті ескеру арқылы соған қарай
танымдық құрылымдарды қайта құру, жаңадан “орталықтандыру”
нәтижесінде жүзеге асатын продуктивті психикалық процесс ретінді
түсіндірді. Олар тұтас құрылым ретіндегі мәселе тудыратын жәйттің
барлық құрауыштарын, олардың арасындағы қатынастады бірден ұғынуды
инсайт деп атады.
Ойлау психологиясын сынаудан кеткен О. Зельц, К. Коффка ойлау
теориясын гештальт психология позициямен белгілдеуге тырысты: өздері
орнанылған мүшелердің арасындағы көрнекілік мазмұнға апарылмайтын ойлаудың
мәнді мазмұнын құрайтын қатынасты дәлелдеген вюрцбург мектебінің өкілдеріне
қарсы (А. Грюнбаум), Коффка көрнекілік мазмұнды құрылымдыққа апаратын
қатынасты жасағысы келеді.
Оның ойлау теориясының негізгі тұжырымдамасы мына жағдаймен байланысты
болды, ойлау,-қатынастарды операциялау емес, құрылымдардың көрнекілік
ахуалға айналуы.
Проблема туындайтын алғашқы ситуация–бұл өзінің көрнекілік
мазмұнындағы толтырылмаған орны бар теңгерілмеген феноменалды өріс болып
табылады. Осының салдарынан проблемалық азуалда орнықты көрнекілік ахуалдан
басқасына өтуді шақыратын шиеленіс туады. Осындай бір қатар ауысулардың
бірізділігі арқылы (Вертхаймер бойынша Umzentrierung) өзгерулер өтеді, яғни
міндетті шешуге әкелетін бастапқы көрнекілік мазмұнынын құрылымдардың
өзгерісі жүзеге асады.
Вюрцбург мектебінің ойлауды сезімдік пайымдаудан ажыратқан ойлау
психологиясына қарсы Коффка құрылымдар принципі негізінде ассоциативті
психологияны ассоциациялар жайлы ілімін жақтау негізінде ойлауды көрнекілік
мазмұнға әкелуді жүзеге асыруға талпынды. Бұл талпыныс ойлаудың
ерекшелігін елемейді.
Коффка бойынша, ойлау дегеніміз–вюрцбурлық мектептегідей қатынастармен
әрекет ету емес, ол көрнекі жәйттердің құрылымдарын түрлендіру. Мәселе
тудыратын жәйт–бұл өзінің көрнекі мазмұны теңестірілмеген феноменальдық
өріс тәрізді. Бұл өрістегі кейбір толтырылмаған орындар мәселе тудыратын
жәйтте белгілі бір кернеу тудырады. Осы кернеу тұрақсыз көрнекі жәйтті
басқасына ауыстырады. Осылайша, міндет біздің бастапқы жәйтті басқаша
көруіміздің нәтижесінде шешіледі. Осы пікірлерден, Коффканың ойлауды
ассоцианистер сияқты көрнекі мазмұнға теңестіргенін байқаймыз.
Коффканың ойынша оның теориясы Вюрбургшелердің ойлау субъектінің
операцияларынан тұрады деген идеалистік теориясына қарсы ойлау прцоесінде
субъектіде “феноменалды объектіге” ауыстырады деп саналды. Бұл мәні бойынша
субъектінің объектіні механикалық жұтып қою; ол айқын түрде субъективті
сипатқа ие болады, себебі объектіге сананың көрнекілік мазмұны, яғни
“феноменалды объект”–ойлау процесі апарылды.
Сөйтіп Коффка олардың теңдігін ұғынбайтын екі әр түрлі фигураларды
қабылдауға болады деген (және екі фигураның теңдігін ұғыну, ол фигуралар
қандай екенін дәл ұғынбау), содан кейін сол фигуралардың теңдігін ұғынамыз
деп көрсеткен А. Грюнбаумның тәжірибелерінің дұрыс талқыланбағанын айтты.
Оның көзқарасы бойынша біз алдымен екі фигураны қабылдаймыз; бізге сол
бір ғана заттар және олардың арасындағы қатынастар берілмеген, және бірінші
және екінші жағдайда да заттар әр түрлі болған.
Бұл жағдайда заттар ұқсас заттық ара қатысқа қатыссыз болатын сананың
көрнекі мазмұны жағдайына жағдайдан тыс өзгеретін жағдайлармен анық
ұқсастырылады. Әр түрлі көрнекі мазмұнды заттық арақатынастың ұқсастығы
ойлаудың маңызды алғышартын құрайды; онсыз ойлаудың болуы мүмкін емес.
Ал шындығында, бір көрнекі ахуалдан басқасына, бір “феноменальды
өріске” өтуіне ойлау процесін апарғысы келген Коффка бірінші жағдайда пайда
болған; міндетті шешуге әкелмейді: ол үшін алғашқы ахуалды соңғы ахуалға
ауыстыру жеткіліксіз.
Соңғы ахуал бірінші ахуалда пайда болған міндетті шешу үшін соңғы
ахуалдың мазмұны біріншісіне қатысты болуы қажет және екеуінің мазмұны бір
затқа ғана қатысты болуы керек. Шешім Коффқа жоққа шығарған осы жағдайда
ғана шешім ретінде ұғынылады. Коффқа айтқан бір көрнекі ахуалдан басқасына
өту процесін алғашқы проблемалық ахуалдан келесісіне өту деп айтуға болады,
ал жағдай дұрыс болғанда міндеттен кету және одан құтылу, алайда біз шешкен
нәрсе деп түсінбеу керек.
Субъектінің тікелей аталған мазмұндағы сананың құрылымына деген затқа
және операцияға деген екіжақты мағлұмат ойлау актісінің негізгі алғы
шарттарын жойып жібереді. Ойлау сонымен қатар түсніктер ассоциациялары
сияқты феноменальды құрылымдарды өзгертуге де апарылмайды.
4. Психоанализ: Ойлау мотивтелген процесс ретінде. Адам мінез– құлқының
мотивтері ең алғаш психоанализмен қойылып, зерттелді. З. Фрейд
бойынша, негізгі мотивтер санасыз сипатта болады және әр түрлі
көрініс табады: түс көру, сөзден жаңылу, ұмыту, аурулар симптомдары.
- Түстер–бұл ырықсыз жүзеге асатын, бейнелік ойлаудың түрі.
- Еркін ассоциациялар әдісі. Ырықсыз бейнелік ойлау, еркін
ассоцициялар–санасыз мотивтердің көрініс табатын маңызды аумақтарының
бірі.
- Сублимация–санасыз энергияны әлеуметтік құпталған тәсілдерге
ауыстыруда іске асатын шығармашылық ойлау процесі.
- Мотивті саналау адамның өзіндік саналуын, ішкі ойлау типін қажет
етеді.
Аутистік ойлау тұжырымдамасы Э. Блейлермен шығарылған. Аутизм адамның
ішкі өмірінің басымдылығымен, сыртқы өмірден кетуімен байланысты. Әдетте
түс көру, ырымшылдық, аңыздарға сену, шизофрениялық ойлау–аутистік ойлаудың
көріністері. Бұларда ойлар аффективтік ұғымдарға бағынады.
5. Ойлаудың когнитивтік психологиясы (У. Найсер). Бұл тұрғы танымдық
процестерді жасанды моделбдеу негізінде белгілі бір міндеттерді шешу
тәсілдерін табу мақсатымен қарастырған. Адам ақпаратты тасымалдау және
өңдеу каналы, компьютерлік жүйелердің аналогы ретінде ұғынылады. Есептерді
шешу механизмдері және оған қажетті жағдайлар (саналы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным процестер және олардың инженерлік ерекшеліктері
Интеллект және оның функциялары
Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны
Сана мен таным
Логикалық ойлау қабілеті
Ойлау
Мектеп жасына дейінгі балаларда өлшеу әдістері туралы идеяларды қалыптастыру
Жалпы психология пәні
Философия жалпы түсінік
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙДЫҢ ФОЛЬКЛОРДАҒЫ КӨРІНІСІ
Пәндер