Информатика 10 сынып



Жоспар.
1.ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
2.Процедуралық программалау
3.ОЖ Windows 2000
4.Мicrosoft 2000 орнату
5.Графикалық файлдарды ендіру
6.POWER POINT 2000
Программалау жүйелері деп компьютердегі есептетрді программалауды автоматтандыруға арналған программалар жиынтығы аталады.
Әдетте программалау жүйесінде:
• қолданылатын программалау тілдерінің сипаттамалары;
• тілді жүзеге асыру құралдарын сипаттау –бұл осы тілдерден аударғыш программалар;
• стандартты бағыныңқы программалар кітапханасы бар.
Программалау тілдері мен тілді жүзеге асыру құралдарын айыру қажет. Программалау тілі – бұл программаны құрайтын жазбалар жүйесін, пайдаланылатын грамматикалық құрылыс синтаксисі мен семантикасын анықтайтын ережелер жинағы. Тілді жүзеге асыру құралы – бұл жоғары дәрежелі тілдердегі жазбаларды машиналық командалар тізбегіне айналдыратын жүйелік программа.
информатика 10 сынып

1.2.-тақырып. ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ.

Программалау жүйелері деп компьютердегі есептетрді программалауды
автоматтандыруға арналған программалар жиынтығы аталады.
Әдетте программалау жүйесінде:
• қолданылатын программалау тілдерінің сипаттамалары;
• тілді жүзеге асыру құралдарын сипаттау –бұл осы тілдерден аударғыш
программалар;
• стандартты бағыныңқы программалар кітапханасы бар.
Программалау тілдері мен тілді жүзеге асыру құралдарын айыру қажет.
Программалау тілі – бұл программаны құрайтын жазбалар жүйесін,
пайдаланылатын грамматикалық құрылыс синтаксисі мен семантикасын
анықтайтын ережелер жинағы. Тілді жүзеге асыру құралы – бұл жоғары
дәрежелі тілдердегі жазбаларды машиналық командалар тізбегіне
айналдыратын жүйелік программа.
Компилятор үздіксіз процесс барысында жоғары дәрежелі тілде жазылған
программаның бүкіл мәтінін аударады. Бұл кезде машиналық кодта толық
программа жасалынады, кейін оны компьютер компилятордың қатысуынсыз
орындайды.
Интерпретатор программаның операторын бір-бірлеп ретпен талдайды.
Сонымен қатар жоғары дәрежелі тілде жазылған әрбір синтаксистік
құрылымды машиналық кодқа бірін соң бірін орындай отырып айналдырады.
Әрбір программалау тілі интерпретациялануы да, компиляциялануы да
мүмкін екенін айта кеткен жөн, бірақ көптеген жағдайларда әрбір тілдің
өзінің артық көретін жүзеге асыру әдісі бар. Фортран, Паскаль тілдері
негізінен компиляцияланады, Ассемблер тілі негізінде
интерпретацияланады, Бейсик пен Лисп тілдері осы екі әдісті де кең
қолданады.
Мұнымен қатар бұл жүйелердің бірқатар жетіспеушіліктері де бар:
• тиімді программалар жасау үшін берілген компьютердің командалар
жүйесі мен қызмет ету ерекшеліктерін білу қажет;
• қателер пайда болуынан аз қорғалған программалар құру процесінің
қиындығы (әсіресе машиналық тілдерде және символдық кодтау тілдерінде);
• программалау жылдамдығының төмендігі;
• бұл тілдерде құрылған программаларды, компьютерлердің басқа
типтерінде пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы.
Машиналық-бағытталған программалау жүйелерінің операторлар жиынтығы
және бейнелеу құралдары компьютердің ерекшеліктерінен (ішкі тілі, жад
құрылымы ) едәуір тәуелді ішкі тілі бар.
Қазіргі программалау жүйелерінің негізгі тізімі және олардың қызметтік
арналуы:
Объекті – бағытталған визуалды программалау жүйелері. Олар графикалық
интерфейсті пайдалану арқылы программалардың күрделі жинағын жасау
процесін тиімдірек етуге мүмкіндік береді.
Логикалық программалау жүйелері. Программист фактілер мен ережелер
көмегімен мәселені тек қана тұжырымдайды және логикалық қорытынды
механизмінің көмегімен барлық мүмкін нәтижелерді алады, яғни мәселенің
шешуін іздеген кезде білім ұсынудың мәлімдеу әдісін іске асырады.

Процедуралық программалау.
Тарихи пікір бойынша, программалау процедуралық программалау ретінде пайда
болып дамыған, программаның негізгі алгоритм мен деректерді өңдеу
процедурасы дейді. Процедуралық программалау 40 жылдары Фон Нейман ұсынған
дәстүрлі ЭЕМ сәулетінің бейнесі болып табылады. Процедуралық
программалаудың идеологиясы мынадай:
• программа мәселені шешу процедурасын беретін операторлардың
(нұсқаулардың) тізбегінен тұрады
• негізгі оператор жады аймағындағындағыларды өзгерту үшін қызмет ететін
меншіктеу операторы болып табылады;
• компьютер жады мәндердің сақтау қоймасы ретінде көрсетіледі. Ондағы
мәліметтерді программа операторы жаңартады.
• программаны орындау жадының алғашқы күйін, яғни алғашқы деректердің
мәндерін қорытынды, яғни нәтижелерге түрлендіру мақсатында операторларды
ретпен саяды.
Осылайша, программисттің көзқарасы бойынша программа және жад болады, мұнда
біріншісі екіншісінің мәліметтерін ретпен жаңартып отырады.
Процедуралық тілдер келесі ерекшеліктермен :
• жадты нақты түрде басқару, оның ішінде айнымалыларды сипаттау
қажеттілігімен ;
• символды есептеу үшін аз жарамдылығымен;
• қатаң математикалық негіздің жоқтығымен;
• әдеттегі ЭЕМ-да іске асырудың жоғары нәтижелілігімен сипатталады.
Екінші тіл машинаның тілі болып табылады. Қазіргі кезде мұндай тілдерді
программисттер қолданбайды.
Ассемблер тілі – машина тілінде жазылған, программаның оқуға жеңіл
символдық түрінде ұсыну үшін арналған. Ол программистке операциялардың
мнемоникалық кілттерімен қолдану, жадтың аймақтарына және ұяшықтарға өзіне
қолайлы аттарды беру, және де адресациялаудың аса қолайлы схемаларын беру
мүмкіндігін береді.
Раscal(Паскаль) програмисттердің арасында әсіресе ЖК үшін аса танымал
процедуралық қолданбалы тілдердің бірі болып танылады. 1970 ж. есептеу
техникасы саласындағы швейцар маманы профессор Н.Витрум ойлап тапқан тіл
француз матаматигінің құрметіне аталып автордың ойынша программа-лауды
үйретуге арналған. Алайда тілдің сәттілігі сонша, есептеу және инфор-мация-
логикалы сипаттағы мәселелерді шешу үшін программисттердің қолданбалы және
жүйелі негізгі құралдарының біріне айналды. 1979 ж. Раscal ВS 6192
программалау тілінің британдық стандартының жобасы дайындал-ды., сонымен
қатар ол ISQ 7185 халыкаралық стандарты болды. Раscal тілінде дұрыс
программалаудың негізі болып қаралатын және кейінен көптеген тілдерді
жасаушылар пайдаланған бірқатар концепциялар іске асырылған. Бұл тіл
алдында айтылған программалау тілдерінен өзгешілігі мыналармен мінезделеді:
• жоғары дәрежемен;
• кең мүмкіндіктерімен;
• пішінділікпен, қарапайымдылықпен, қысқашалықпен;
• нәтижесі және сенімді программа жасауға керекті қаталдықпен;
• ЭЕМ-да іске асырылудың жоғары нәтижелілігі.
Раscal тілінің маңызды белгілерінің бірі құрылымды программалау концепция-
сының толық іске қосылуы және кезектемелілігі.
Құрылымдық программалау.
Процедуралық программалаудың дамуында құрылымдық программалаудың
принциптері үлкен роль атқарды. Программаны белгілі бір мәселені шешіп
жатқан орындаушы ретінде қарастырайық. Программа жазып болған кезде,
бастапқы мәселе көптеген бөліктерге бөлінеді, оларрдың әрқайсысы элемен-
тарлық (базалық) орындаушы-нұсқаумен шешіледі. Бұл жерден бөлінуде қоры-
тындылайтын, жоғары-төмен программалау әдістемесі деп аталатын келесі қа-
тынас туындайды:
• мәселелер мен бөліктер өзінің аралық орындаушымен (процедура деп
аталатын бір кіруі мен бір шығуы бар код фрагменттерімен);
• әрбір бөлшек өзінің бөлшектеріне базалық орындаушылар (нұсқаулар)
дәрежесіне жетпейінше өзінің аралық орындаушысымен.
Мұндай әдістемесінің теориялық негізі келесі 4 типті элементарлы блок-
схемалардан тұратын кез келген алгоритмнің құрылымдық блок-схемасын ұсыну
мүмкіндігі болып табылады.
Сипатталған процестің әрбір қадамында кезекті аралық орындаушы жасай
отырып, біріншіден, ағымдағы орындаушының жұмысының үлкен үлесін оларға
арту қажет, екіншіден, оларда базалық орындаушылардың аяққы дәрежесіне
жақындауы қажет. Жазылған құрастырудың құрылымдық технологиясы бойынша
өңделген алгоритмдер ішіне еңгізілген дұрыс қасиеттері бар:
• кезекті мәселенің келесі бөлімдерінің дұрыс мағлұматтануын, аралық
орындаушылардың дұрыстығын, кезекті орындаушының дұрыстығын қамтамасыз
етеді, оларда қате аз;
• оларды түсіну мен модификациясының оңайлатылғанын.
Программаларды өңдеудегі модульдік қатынас.
Программалық жабдықтама өңдеуіндегі модульдік қатынас түсінігін оңдаған,
жүз мыңдаған операторлары бар программалар мысалында қарастырамыз. Мұндай
үлкен күрделі алгоритмдік программалардың құрылысы, оларды программалық
өнім деп атайық, бөлінбейтін бүтін болып табылмайды. Программалық өнім
өзара байланысқан – программалық модульдер жиынтығы болып көрінеді.
Модуль – бұл анықталған тағайындалуы және басқа программалық модульдерден
автономды өңдеу берілген функцияларын қамтамасыз ететін программаның
тәуелсіз бөлігі. Өзара байланысқан бөлік-модульдер жиыны түріндегі жасалып
жатқан программалық өнім көрінуі, ыңғайлылығы үшін орындалады: • өңдеу;
• программалау;
• жөндеу;
• программалық өнімге өзгертулер енгізу.
Программалық өнімнің модульдік көрінуі келесі мақсаттарды көздейді:
• өндеудің қажет мерзімін қамтамасыз етіп
орындаушыларға жұмысты үлестіру;
• жобалық жұмыстарға күнтізбектік график құрау
және программалық өнімдерді жасау процесінде оларды үйлестіру;
• жобалық жұмыстардың еңбек шығыны мен бағасын
бақылау.
Көптеген модульдер арасынан ерекшелейді:
• басты модуль – программалық өнімнің іске қосуын басқарады;
• басқарушы модуль – басқа модульдерді өндеуге шақыруын қамтамасыз етеді;
• жұмыс модульдері - өндеу функцияларын орындайды;
• сервистік модульде және кітапханалар, утилиттер – қызмет ету функцияларын
атқарады.
Объектті-бағытталған программалау.
Программалаудың осы бағытының негізін салушылардың бірі Алан Кэйдің
баяндамасында Объектті-бағытталған программалаудың мынадай принциптері
берілген:
1. Барлығы объект болып саналады.
2. Объекттер бір-бірімен хабарлама жіберу арқылы әрекеттеседі.
3. Хабарлама- қимылға келтіру үшін керекті аргументтер жиынтығымен
қамтылған әрекетті жасауға сұрау.
4. Әрбір объекттің онда басқа объекттер орналасқан тәуелсіз жадысы бар.
5. Әрбір объект объекттердің жалпы қасиеттерін білдіретін кластың өкілі
болып саналады.
6. Класта объекттің іс-әрекеті беріледі. Бір кластың барлық объекттері
бірдей әрекеттерді жасай алады.
7. Кластар жалпыға бірдей, біріңғай иерархиялық ағаш тәріздес құрылым
ретінде ұйымдастырылған. Кейбір класт объекттерінің жадысы мен іс-
әрекеті иерархиялық ағаштың төменгі сатысында орналысқан әрекеттерді
қайталайды.
Операциялық жүйелер және олардың дамуы.
Операциялық жүйелердің (ОЖ) дамуы көбінесе компьютерлердің аппараттық
базасының жетілдіруімен байланысты. Ең бірінші компьютерлердің
операциялық жүйесі болған жоқ – олар бір ғана енгізілген программаны
орындады; программаны дайындау мен енгізу бойынша барлық әрекетті,
сонымен қатар деректер мен нәтижелерді енгізушығару пайдаланушыдың
өзімен қамтамасыздандырылды. Сонымен бірге ОЖ шығу тарихы компьютерлердің
ең алғаш пайда болуынан басталды, 1949 жылы ағылшын компьютері ЕDSАС
өзінің бірінші автоматтық есептеуін жасады. Оның оған дейінгі
компьютерлерден негізгі айырмашылығы программалық жабдықтаманы
ұйымдастыру жаңа концепциясында болды: оперативті жадта сақталатын
программа, жиі пайдаланылатын есептеулер үшін стандартты программалар
кітапханасы және программалардағы қателерді табу құралы. ЕDSАС үшін
есептеу процесін автоматты басқаратын және компьютер ресурстарын
жобалауды қамтамасыз ететін программалар жиыны ретінде бірінші ОЖ
жасалды. Компьютерлердің 1 және 2 кезендері үшін операциялық жүйелер
өзінің дамуының бірінші қадамдарында, негізгі зейінін дестені орындау
процесінде пайдалунышы мәселелерін автоматты ауыстыруына бөліп, бірінен
соң бірі жүретін мәселелер дестелерін автоматты орындау функцияларын
қолдайтын. ОЖ-нің ары қарай дамуы олардың басқарушылық және жоспарлаушы
функцияларының күрделенуінде, қарапайым мультипрограммалық және диалогтық
режимдердің т.б. пайда болуында көрінеді.
3-кезендегі компьютерлердің аппараттық құралдарының дамуы ОЖ-нің ары
қарай дамуына түрткі берді. Бұл кезде аппараттандырудың жоғары дәрежелі
пайдаланушылардың көптеген тапсырмалар ағымын бір уақытта орындауға
мүмкіндік беретін дестелік өндеу режимінің қалыптасуы аяқталды.
Қазіргі заманғы ОЖ-ге мынадай талаптар қойылады:
• сыйымдылық – ОЖ басқа ОЖ-лер үшін әзірленген қосымшаларды орындайтын
құралдарды қамтуы тиіс;
• көшірушілік – ОЖ- ні бір аппараттық тұғырнамадан басқасына көшіру
мүмкіндігін қамтамасыз ету;
• сенімділігі мен бас тартуға төзімділігі – ОЖ-ні ішкі және сыртқы
қателіктерден, іркілестерден және бас тартулардан қорғауды ойластырады;
• қауіпсіздік – ОЖ-де бір пайдаланушының ресурстарын екінші
пайдаланушыдан қорғау құралдары болуы тиіс;
• ұлғайтылымдығы – ОЖ келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізудің
қолайлылығын қамтамасыз етуге тиіс;
• өнімділігі – жүйе жеткілікті тез әрекет ету қасиетіне ие болуы тиіс.
ОЖ Windows 2000.

Windows 95-тің пайда болуы операциялық жүйе MS-DOS кезеңінен дербес
компьютерлер әлемінде жаңа эраға өтуі болды. Келесі нұсқа - Windows 98-
ті пайдаланушыларға одан да көп құрал және жұмыс өнімділігін арттыру мен
Internet-те жұмыс істеу үшін ыңғайлы интерфейс мүмкіндігін ұсынды. 2000
жылғы қарай - Windows NТ дің мирасқоры болып табылатын, жаңа
операциялық жүйе Windows 2000 шығарылды. Windows 2000-да өндірістік
операциялық жүйе Windows NТ- дің мүмкіндіктері мен Windows 98-дің
қарапайым интерфейсі мен қуаты қосылды. Мағлұматты ары қарай беру
барысында Windows 2000-дағы жұмыс қарастырылады, бірақ айтылған Windows
98-ге қатысы бар.
Бірнеше бағдарламамен жұмыс істеген кезде есте болатын ережелер бар:
• әрбір бағдарлама өзінің терезесінде жұмыс істейді;
• уақыттың әр сәтінде бір ғана бағдарлама пәрменді;
• пәрменді бағдарламаның тақырыбы ерекшеленген, пәрменді емес
бағдарламалар сөндірілген.
• пәрменді бағдарламаның терезесі әманда алдыңғы қатарда болады.
• пәрменді емес бағдарламамен жұмыс істеу үшін оның терезесін пәрменді
ету керек;
• бағдарламалардың ашық терезелерінің барлығының міндеттер панелінде
өздерінің батырмалары болады.
Анықтаманың инструменттер панелінде (құралдар панелінде) мына командалар
бар:
Начало – мұнда анықтама бөлімдерінің мазмұны, ақауларды жою жөнінде
ұсынымдар мен қосымша анықтамалық ресурстар тізімі бар.
Указатель – шешуші терминдер мен сөз тіркестері бойынша анықтама бөлімін
табуға мүмкіндік береді.
Іздеу үшін: 1. Тізімнің жай-күйін қадағалай отырып, мәтін өрісіне сөзді
енгізе баста.
2.Тізімде керек термин (сөз тіркесі) пайда
болған кезде, оны

тышқанды шертіп ерекшелейсің.
3. Показать батырмасын шертесің, егер
термин бірнеше бөлімдерде
түсіндірілетін болса, қажет бөлімді таңдап аласың.
Пайдаланушы интерфейсі және файл қосымша жүйесі.
Windows 2000-ның пайдаланушы интерфейсі Internet Explorer 5 ықпалдасқан
қосымшасы бар Windows 98 интерфейсі еске салады. Интерфейстің негізі –
Жұмыс үстелінің тұжырымдамасы. Айталып кеткендей, Windows 2000 объективті-
бағдарлық жүйе болып саналады. Мұндай жүйелердегі объектінің әрбір түріне
өзінің белгішесін және осы объектіні пайдалану әдісін анықтайтын кейбір
қасиеттер тобын береді. Қапшықтар қоймалар болып табылады, оларда
таңбашалар, файлдар, басқа да қапшықтар және әр түрлі құрылымдағы
пиктограммалар(дискілер, принтерлер, компьютер желілері) бар.
Белгішелер мен таңбашаларды жұмыс үстелінің кез келген жеріне орналастыру
үшін оларды осы жерге апару керек. Оны апару (тасымалдау) тышқанның сол
жақ батырмасын (левой кнопки мыши) басу кезінде жүзеге асырылады.
Белгішелерге, таңбашаларға және қапшықтарға шерту көмегімен, Открытие
(Ореn) - Windowsтің тиісті объектілеріне қол жеткізуге (Windowsті
пәрменді етуге) мүмкіндік береді.
Мой компьютер (Му Соmputer), Сетевое окружение (Му Network Рlaсе),
Корзина (Reсусlе Віn) белгішелері типтік белгішелері типтік белгішелер
болып табылады. Мой компьютер (Му Соmputer) белгішесі компьютердің
файлдарына, қапшықтарына және басқа да тұрақты ресурстарына (басқару
тақтасына, принтерлерге )қол жеткізеді. Сетевое окружение желінің
ресурстарымен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Бұл ретте желімен жұмыс
істеу желілік бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға байланысты
болмайды. Корзина – пайдаланушы алып тастаған объектілер болады. Оларды
қалпына келтіру үшін маустың оң жақ батырмасымен контексті менюді
шақырып, ондағы Восстановить пунктін таңдап алса болғаны.
Windows-те терезелердің бірнеше түрі пайдаланылады:
• Қосымша терезесі нақты қосымшамен байланысты болады және меню,
инструменттер панельдері, жай-күй жолдары сияқты және басқа да қосымша
элементтердің болуымен сипатталады
• Құжат терезесі қосымшаның өзінен туындайды. Мысалы, Мicrosoft Word
редакторы құжатының терезесі
• Диалогтық терезесі пайдаланушының ОЖ-нің әр түрлі қосымшаларымен өзара
әрекетін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, оны тек жабуға немесе көшіруге
ғана болады.
• Жүйелік хабарлар терезесі ОЖ немесе қосымша жасайтын әр түрлі алдын
алулар мен хабарларды шығаруға арналған
Мicrosoft Оffice панелі қосымшаларды тез жіберуді қамтамасыз етеді.
Міндеттер панелі пайдаланушыға жұмыс істеу үшін құралдарды береді және
жұмыс үстелінің кез келген шетінде (әдетте оның төменгі бөлігінде)
орналасады. Панель сүйретіп әкелінеді. Міндеттер панелінде Пуск (Start)
батырмасы мен ағымдағы кездегі қосымшалардың пәрменді батырмалары
орналасады.
Пайдаланушы бастапқыда DOS ОЖ-де жұмыс істей отырып мәтіндік және
графикалық редакторларды жеке пайдаланады, содан соң оларды біріктіріп
тұтас басып шығарады. Бұл бірқатар ыңғайсыздықтар туғызады:деректерді әр
түрлі файлдарда сақтауға тура келеді, бұл жағдайда құжатты қабылдау
өзінің тұтастығынан айырылады, беттерді нөмірлеуде және басқа да
қиындықтар туады.
1. Қосымша-тұпнұсқада деректер үзіндісін ерекшелеу керек.
2. Алмасу буферінде ерекшеленген үзіндіні Правка-Копировать немесе Правка-
Вырезать(Еdit-Сору немесе Еdit-Сui) командасымен көшірмелеу керек.
3. Қосымша-қабылдаушыға көшіп, меңзерді (курсор) буфердегі деректерді қою
қажет болатын жерге орналастырып, Правка-Вставить командасын орындау
керек. Алмасу буфері арқылы деректерді алмасудың артықшылығы әр түрлі
қосымшалармен жасалған(құрымды құжаттар) бір құжатта объектілердің
ұштасуы болып табылады. Мұндай алмасудың кемшіліктері:
Аралық сақтау буферінде деректерді жинақтау мүмкіндігінің болмауы.
СІірboardқа жаңа үзіндіні орналастырған кезде ескісі өздігінен жойылады.
Сондықтан, мысалы, бір құжаттың әр түрлі жерінен екінші құжатқа бірнеше
үзіндіні көшірмелеген кезде пайдаланушыға қосымша-түпнұсқа мен қосымша
қабылдағыш арасында талай рет қайталап қосылып отыруына тура келеді.
Сіірboard арқылы берілетін ақпарат көлемінің шектелуі;
Ауыстыру буфері арқылы құжат-қабылдағышқа кірістірілген деректер оларды
құжат көзінде өзгерткенде жаңармайды.
OLE-де байланыстыру кезінде:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төменгі сыныпта информатиканы оқыту әдістемесі
Орта мектепте информатика пәнін оқытудың негіздері
5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру
12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері
Компьютердің программалық жабдықтары
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Операциялық жүйені оқыту әдістемесі
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Пәндер