Тәуелсіз Қазақстанда саяси қалыптасуы мен дамуы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА САЯСИ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ.
1.1 Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз даму парадигмасы, оның қалыптасуы және жүзеге асуы. 7
1.2 Қоғамды демократияландыру жаңартудың тұжырымдамасы және оның негіз қалаушы элементтері. 13

2. ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ.
2.1 Қазақстанның шет елдермен тең құқықтық қатынастар құру саясаты. 20
2.2 Мемлекет қауіпсізділігін сақтау . басты міндет. 29
2.3 Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы экономикалық байланыс мәселелері. 36

3. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ САЯСАТЫ. ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ.
3.1 Елдегі демократиялық қатынастардың дамуы. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар. 41
3.2 1993, 1995 ж. ж. Қазақстанның Конституциясы. 51
3.3 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері. 55

4. ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2030.ҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ. 60

ҚОРЫТЫНДЫ 61

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 64
КІРІСПЕ
Қазақстан ыдыраудың соңына дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті. Бірақ республиканың бұл ниетіне Одақта болып жатқан әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық - саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті. Атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады. Тәуелсіздік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа республикалармен бірге іс – жүзінде орталыққа қарсы оппозицияға айналды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір – бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.
1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшілері өзара төрт жақты шарт жасау жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы федерацияның орнына, енді конфедерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс мәселелерін шешуді қалдырып, қалған мәселелердің барлығын жергілікті жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді.
Алайда, бұл талаптар негізінде жаңа Одақтық шартқа қол қояр алдында 1991 жылы 19 тамызда Янаев, Павлов, Язов, т.б. қатынасқан мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтар республикалардың детекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты. Украина мен Белоруссия өздерінің тәуелсіздігін жариялады. Ал Қазақстанның атынан Н.Ә. Назарбаев КСРО Жоғары Кеңесінің кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ енді федерация түрінде болуы мүмкін емес, тек конфедеративтік шарт негізінде болуы керек деп ашық айтты, яғни бұл тек тең құқықты республикалардың достық одағы болуы мүмкін деп көрсетті. Республикалардың бұл ұсынысы 1991 жылғы 19 тамыздан кейінгі оқиғаның артынша тәжірибе жүзінде іске асырыла бастады, бұрынғы бірыңғай одақтың орнына тәуелсіз мемлекеттер достастығы қалыптасты. Олар көптеген саяси, әлеуметтік – экономикалық мәселелерді өздері шешетін болды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бойынша әскери, сыртықы және т.б. аса маңызды халықаралық мәселелерді бірігіп шешу міндеті ғана қалды. Тамыз уақиғасынан кейін Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы, оның құрамдас бөлігі Қазақстан Компартиясы (1991 ж. қыркүйек) тарихи аренадан кетті.
1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР – нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдағаны жоғарыда айтылды. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процесстердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан уақиғалармен тығыз байланысты еді. Міне, осындай күрделі жағдайда Қазақ Мемлекеттігі шеңберінде Республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші үкімет басшысы ретінде Қазақ КСР – нің Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттілігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламентінің 1991 жылы 20 қарашада қабылдаған “Қазақ КСР – да мемлекеттік үкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы” Заңы бойынша берілді. Заң негізінде Республиканың мемлекеттік басқару органдарында өзгерістер жасалды. Прокуратура, Мемлекеттік қауіпсіздік, Ішкі істер, Әділет, Сот органдары қайта құрылды. Қазақстанның мемлекеттік Қорғаныс комитеті жаңадан ұйымдастырылып қызметіне кірісті.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды. Осы кезде Президенттің Жарлығымен бұрын Одаққа бағынған кәсіпорындар мен ұйымдарды республика үкіметінің қарамағына беру, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы және т.б. заңдар шығарылды. Сол жылғы 10 желтоқсанда Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депуттатары “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерімен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.
Республикадағы барлық ұлттардың өкілдері жергілікті қазақтармен тең құқыты азаматы деп саналады. Олар республикадағы мемлекеттік үкіметтің қайнар көзі және егемендікті бірден–бір қорғаушы болып табылады. Республика азаматтарының құқытарына қол сұғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тис делінген.
Заңда Республика Қарулы Күштерін құру жөніндегі құқы, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Оған сондай – ақ республика қарауындағы азаматтарды қорғау, қоғамдық тртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кірген. Заңның 16 – шы бабында ішкі және шекаралық әскерлердің істері мен қауіпсіздік органдары Президентке бағынады деп жарияланды. Республиканың мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгіленді. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Советтік Социалистік Републикасының Мемлекеттік егемендігі туралы. Декларация. Алматы 1991 ж.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1993 ж.
3. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. Алматы 1995 ж.
4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы 1992 ж.
5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы оның идеялық бірлігінде. Алматы 1993 ж.
6. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар толғасында.
7. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік бес жылы.
8. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030.
9. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік он жылы; бейбітшілік, прогресс және қоғамдық келісім. Қазақстан халықтар Ассамблеясының VII сесиясында сөйлеген сөзі «Егемен Қазақстан» 2001 ж.
10. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.
11. Ғ. М. Аймақов. Қазақстан Республикасының саяси құқықтық тарихы.
12. Қазақстандық жол:тұрақтылықтан – жаңару арқылы өркендеуге. ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ҚР-ның тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі. «Егемен Қазақстан» 2006ж. 16 желтоқсан.
13. Ел Конституциясына бес тармақ бойынша өзгерістер ұсынылады. «Егемен Қазақстан» 2007ж. 15 мамыр.
14. Мусин Чапай. Қазақстан тарихы ЖШС “Издательство “Норма - к” Оқулық 4 – ші басылым – 2008 ж.
15. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. Очерк. Алматы “Дәуір” баспасы 1994 ж.
16. Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. Алматы., 1994 ж.
17. Әбдікімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997 ж.
18. Берденова К.Ә., Құбаев, Қ.Е., Кәрібай А.Ш. Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономикалық даму негіздірі. Алматы, 1998 ж.
19. Қазақтың көне тарихы. Алматы “Жалын”, 1993 ж.
20. Қайназаров Е.К., Кайназарова А.Е. История Казастана./Учебное пособие/.Алматы, 1992 ж.
21. Кан Т. История Казахстана. Учебное пособие. Алматы, 2002 ж.
22. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы, 1994 ж.
23. Маданов Х.M., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы. Алматы, “Cанат” 1994 ж.
24. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2000 ж.
25. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003 ж.
26. Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994 ж.
27. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы, 1999 ж.
28. Тынышпаев М. История казахского народа. Алматы, 1993 ж.
29. Шаймерденов Е. Қазақ елінің рәміздері. Алматы, 1993 ж.
30. Ана тілі 2010 ж. 22 желтоқсан 2 бет.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА САЯСИ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ.
1.1 Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз даму парадигмасы, 7
оның қалыптасуы және жүзеге асуы.
1.2 Қоғамды демократияландыру жаңартудың тұжырымдамасы және оның негіз13
қалаушы элементтері.
2. ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ.
2.1 Қазақстанның шет елдермен тең құқықтық қатынастар құру саясаты. 20
2.2 Мемлекет қауіпсізділігін сақтау – басты міндет. 29
2.3 Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы экономикалық байланыс 36
мәселелері.
3. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ САЯСАТЫ.
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ.
3.1 Елдегі демократиялық қатынастардың дамуы. Саяси партиялар мен 41
қоғамдық қозғалыстар.
3.2 1993, 1995 ж. ж. Қазақстанның Конституциясы. 51
3.3 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері. 55
4. ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2030-ҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ. 60

ҚОРЫТЫНДЫ 61

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 64

КІРІСПЕ
Қазақстан ыдыраудың соңына дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін
күресті. Бірақ республиканың бұл ниетіне Одақта болып жатқан әлеуметтік –
экономикалық және қоғамдық - саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан
Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті. Атап
айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың
мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге
Қазақстанның егемендігін жариялады. Тәуелсіздік алу Қазақстанда жалпы
демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып
жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа
республикалармен бірге іс – жүзінде орталыққа қарсы оппозицияға айналды.
Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және
басқа республикалармен бір – бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды,
орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы
екі жақты келісімдер жасалды.
1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан
республикаларының жетекшілері өзара төрт жақты шарт жасау жөніндегі
келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа
қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы
федерацияның орнына, енді конфедерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде
талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық
мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс
мәселелерін шешуді қалдырып, қалған мәселелердің барлығын жергілікті
жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді.
Алайда, бұл талаптар негізінде жаңа Одақтық шартқа қол қояр алдында
1991 жылы 19 тамызда Янаев, Павлов, Язов, т.б. қатынасқан мемлекеттік
төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты
одақтар республикалардың детекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз
талаптарынан бас тартты. Украина мен Белоруссия өздерінің тәуелсіздігін
жариялады. Ал Қазақстанның атынан Н.Ә. Назарбаев КСРО Жоғары Кеңесінің
кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ енді федерация түрінде болуы мүмкін
емес, тек конфедеративтік шарт негізінде болуы керек деп ашық айтты, яғни
бұл тек тең құқықты республикалардың достық одағы болуы мүмкін деп
көрсетті. Республикалардың бұл ұсынысы 1991 жылғы 19 тамыздан кейінгі
оқиғаның артынша тәжірибе жүзінде іске асырыла бастады, бұрынғы бірыңғай
одақтың орнына тәуелсіз мемлекеттер достастығы қалыптасты. Олар көптеген
саяси, әлеуметтік – экономикалық мәселелерді өздері шешетін болды. Тәуелсіз
мемлекеттер достастығы бойынша әскери, сыртықы және т.б. аса маңызды
халықаралық мәселелерді бірігіп шешу міндеті ғана қалды. Тамыз уақиғасынан
кейін Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы, оның құрамдас бөлігі Қазақстан
Компартиясы (1991 ж. қыркүйек) тарихи аренадан кетті.
1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР – нің
мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдағаны жоғарыда айтылды.
Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процесстердің барысын
шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан уақиғалармен тығыз байланысты
еді. Міне, осындай күрделі жағдайда Қазақ Мемлекеттігі шеңберінде
Республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші үкімет басшысы ретінде
Қазақ КСР – нің Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттілігі пісіп
жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламентінің 1991 жылы 20 қарашада
қабылдаған “Қазақ КСР – да мемлекеттік үкімет билігі мен басқару құрылымын
жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу
туралы” Заңы бойынша берілді. Заң негізінде Республиканың мемлекеттік
басқару органдарында өзгерістер жасалды. Прокуратура, Мемлекеттік
қауіпсіздік, Ішкі істер, Әділет, Сот органдары қайта құрылды. Қазақстанның
мемлекеттік Қорғаныс комитеті жаңадан ұйымдастырылып қызметіне кірісті.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада
жалпы халықтың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру
қорытындысы бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды. Осы кезде
Президенттің Жарлығымен бұрын Одаққа бағынған кәсіпорындар мен ұйымдарды
республика үкіметінің қарамағына беру, мемлекеттің сыртқы экономикалық
қызметінің дербестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы
және т.б. заңдар шығарылды. Сол жылғы 10 желтоқсанда Елбасы жарлығымен
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы
болып өзгертілді.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
жетінші сессиясында парламент депуттатары “Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне,
ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі
саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерімен халықаралық құқықтық
принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.
Республикадағы барлық ұлттардың өкілдері жергілікті қазақтармен тең
құқыты азаматы деп саналады. Олар республикадағы мемлекеттік үкіметтің
қайнар көзі және егемендікті бірден–бір қорғаушы болып табылады. Республика
азаматтарының құқытарына қол сұғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тис
делінген.
Заңда Республика Қарулы Күштерін құру жөніндегі құқы, республика
азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде
айтылған. Оған сондай – ақ республика қарауындағы азаматтарды қорғау,
қоғамдық тртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері
кірген. Заңның 16 – шы бабында ішкі және шекаралық әскерлердің істері мен
қауіпсіздік органдары Президентке бағынады деп жарияланды. Республиканың
мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып
белгіленді. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні
ретінде бүкіл әлемге танылды.
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз
тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге
дейін қол жеткізген бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп,
өркендегеннен, кейін тарих сахнасынан біржола өшкенін білеміз. Бұл
мемлекеттік бірлестіктер халқының басым бөлігі ежелгі түрік халықтары
болды. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты мемлекеттер пайда болып, жойылып
отырды, ал халық жаңа жағдайға бейімделіп келді.
1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек
тұсындағы ежелден ұлы дала атанған ұлан – ғайыр өлкеде жаңа мемлекеттің
дүниеге келген паш етті. Санаулы сағаттардан кейін әлемнің әр тарапындағы
алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңсаған қаһарман халықтың
тәуелсіздігін таныған қуанышты хабарлар әлемдік ақпарат құралдары арқылы
дүниенің төрт бұрышына түгел тарап жатты.
Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы тек патша
отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы 200-ден астам ұлт
азаттық көтерілістерге шыққан екен. Соның ең соңғысы тоталитарлық жүйенің
темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының желтоқсан қозғалысына
да 20 жыл толды. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел
тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын
болады.
Осыдан кейін Қазақстанда тәуелсіз егемен мемлекеттік даму процесі
басталды. Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың,
қалалардың және аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді.
Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың алдына Президент пен Үкімет
шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалыө, мәдени - әлеуметтік
мәселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен
босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін
болып белгіленді. Ал бюджеттті бекіту, оның орындалуын қадағалау,
депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету,
әртүрлі қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау Кеңестердің қарауына берілді.
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде
халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар
Ұйымына кірді, Халықаралық валюта қорының, Халықаралық реконструкция және
даму банкісінің, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму қауымдастығының,
Инвестицияға кепілдік беретін көп жақты агенттіктің, Инвестициялық
таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра ұйымдарға кірді.
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасынң дүниежүзінің
ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты
АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі – ірі мемлекеттер
мойындады. Қазақстан шет елдерде демократиялық және консулдық өкілдіктер
ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және
ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың
егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап мемлекетаралық және
үкіметаралық келісім – шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдына үлкен келелі міндеттер
қойылды. Олар елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің
тұтастығын нығайтып, нарықтық экономкиаға көші, жоспарларды іске асыру,
елдің ішінде көп ұлтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді
пайдалану. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты міндеттер–оның бүкіл
дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы
өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау,
әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Халықтың
еркі – жігері тек осындай аса маңызды міндеттерді іске асыруға бағытталды.

Тәуелсіздік – біздің халқымыздың сан ғасырлық қаһармандық тарихының
ажрамас бөлігі.

1. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА САЯСИ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ.
1.1 Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз даму парадигмасы, оның
қалыптасуы және жүзеге асуы.
Кайта құрудың соңына қарай Кеңес Одағының орталық органдарының билігі
әлсіреп, керісінше одақтас республикалардың құқықтары күшейе түсті. Алдымен
Ресей Федерациясы, Украина КСР-ы өздерінің сгемендіктерін жариялады. Одақты
реформалауга бағытталған жаңа Одақтық шарттың жобасы жасалып жатты. Осындай
жағдайда 1990 жылы 25 қазанда республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасының егемендігі туралы Декларация кабылдады. КазКСР
Жоғарғы Кеңесі Казақстан халқының еркін білдіре отырып, ұлттардың өзін-өзі
еркін билеу құқығын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті
ұғына отырып, демократиялық., құқықтық мемлекет құруды негізге алып, Казақ
КСР-нің мемлекеттік егемендігін жариялады және осы Декларацияны кабылдады.
Декларация 17 баптан тұрды Қазақ КСР-і егемен мемлекет, ол басқа
республикалар мен егеменді Республикалар Одағына ерікті түрде бірігеді және
өзара қалыптасып шарттық негізде құрады. Одақтан еркін шығу құқығын
сақтайды. Декларацияда алғаш рет КазКСР-і ұлттық мемлекеттігін сақтау,
қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады деп жазылды. Бұрын бұл
қызметтер Одақтық органдарға тиесілі еді.
ҚазКСР-нің территориясының өзгсрмейтіндігі бекітілді.
Республиканың барлық ұлт азаматтары Қазақстан халқын құрайды, әрі
КазКСР егемендігінің бірден-бір иесі және мемлекеттік өкімет билігінің
негізі болып табылады деп керсетілді. Республика халқы атынан ҚазКСР
Жоғарғы Кеңесінің іс-қимыл жасауға құқығы бар.
Қоғамдық, саяси, діни ұйымдарға мемлекет пен қоғам өміріне катысуы үшін
кепілдіктер берілді. Мұндай нормалар ол кезең үшін демократиялық өзгерістер
қатарына жатты.
Мемлекеттік өкімет билігі заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу
принципі бойынша жүзеге асырылды.
Заң шығару Жоғарғы Кеңеске берілді. Президент республиканың басшысы
болды және ең жоғары әкімшілік — атқарушы билік болып есептелді. Сот
билігін Жоғарғы сот жүргізді.
ҚазКСР Бас прокурорының кандидатурасын Республика Президенті КСРО Бас
прокурорымен келісе отырып ұсынады жоне оны ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі
бекітеді.
Алғаш рет ҚазКСР территориясында, оның өз еркімен одаққа берген
мәселелерін қоспағанда, ҚазКСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі
орнатылады деп жазылды. Бүл егемендіктің езекті қағидаларының бірі еді.
Осыған орай ҚазКСР-і өз егемендігіне қайшы келетін одақ зандарын тоқтата
алды.
Меншіктің алуан түрлілігі және олардың теңдігі қамтамасыз етілді.
Республика өз бюджетін дербес калыптастырады.
Республикада ядролық каруды сынауға, ол үшін полигондар салуға тиым
салынды.
ҚазКСР-нің өз ішкі әскерлерін, мемлекет кауіпсіздігі және ішкі істер
органдарын ұстауға құқылы болды.
ҚазКСР-і халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде Біріккен
Ұлттар Ұйымына дейінгі ұйымдарға қатысуға құқылы болды.
Қазақстанның егемендік құқықтарын ҚазКСР-і мен Одақ жүзеге асырды.
Бірақ оның ажырағысыз егемендігін ешкім бұза алмады.
Декларация Одақтық шарт жасау, ҚазКСР-нің жаңа Конституциясын,
егемендік мәртебесін жүзеге асыратып заң актілерін жасауға негіз болып
табылды.
Егемендік Декларациясын қабылдау шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болып,
тәуелсіздікке жету жолындағы соңғы саты болып табылды. Сондықтан да
кейінірек егемендік Декларация қабылданған 25 қазан Рсспублика күні
мерекесі болып бекітілді.
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауы Қазақстан Республикасы
болып өзгертілді.

Қазақ халқының ғасырлар бойы тынымсыз тәуелсіздік жолындағы жүргізген
қүресі жүзеге асты. Осы 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заңы кабылданып, онда
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде
жарияланды. 7-тарау, 18-баптан тұрған бұл заң Қазақстанның мемлекеттік-
құкықтық тарихының жаңа тәуелсіздік бетін ашты. Заңның 1-бабы былай
жазылды. Қазақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық
мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленді, өзінің ішкі
және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді. Қазақстан Республикасы
территориясында тек өз заңдары және ол таныған халықаралық құқық нормалары
қолданылады. Конституциялық заңның 2 тарауы (6-8 баптар) Қазақстан
Республикасы ұлттарының азаматтары біртұтас Казақстан халкын құрайды, бұл
халық егемендіктің бірден-бір иесі, мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып
табылады, азаматтар барлық жағынан тең құқықка ие екендігі көрсетілді.
Қазақ халқы мен Казақстан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдерінің
тілі, мәдениеті мен дәстүріне ерекше мән беріліп, олар мемлекет
қамқорлығына алынды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік өкімет органдарына арналған 3-
тарауда биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлінуі
бекітілді. Қазақстан Республикасы халқы атынан сөйлеу құқығы Қазақстан
Республикасы Жогарғы Кеңесі мен Президентіне берілді. Мұндай құқык,
егемендік Декларациясыңда тек Жоғарғы Кеңеске берілгсн еді. Енді
Президенттің билігі өсіп, ол Республика халқы атынан сөйлеуге құқықты
болып, Қазақстан Республикасының басшысы және атқарушы өкіметі болып
табылды. Атқару билігі толығымен Президент қолына шоғырланды.
Сот билігін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Жоғарғы
Арбитраждық соты атқарды. Конституциялық сот туралы норма кіргізіліп, ол
Конституцияны сот арқылы қорғайтын Жоғарғы орган болып табылды.
Осы заң бойынша мемлекеттік өкімет органдарының құрылымына елеулі
өзгерістер енді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық
негіздеріне арналған 4-тарауда жер, су, әуе кеңістігі, табиғи ресурстар,
экономикалық, және ғылыми-техникалық потенциал Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін құрай отырып тек қана соның меншігінде
болады деп көрсетілді. Меншіктің көп түрлілігі және олардың теңдігі
қамтамасыз етілді.
Заңда тәуелсіздікті қорғау үшін Қазақстан Республикасының өз қарулы
күштерін құрайтыны, өз территориясында әскерлер, қару-жарақ пен техника
құру мәселелерін шешетіні айтылды. Қазақстан Республикасы территориясына
қол сұғылмайды.
Осылай Қазақстан Республикасының тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы заң қабылданып, оны қорғау мен дамытудың да негіздері қаланды.
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы І-Конституциясы
қабылданды. Конституция Жобасы бүкіл халықтық талқылаудан өтті.
Конституция преамбуладан, “Конституциялық құрылыс негіздері” деген
арнайы бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрады.
Ата Заң жеке кәсіпкерлікті де қамқорға алған. Оның еркіндігіне
кепілдік беріледі. Қорғау мен қолдау қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ конституцияда заңды бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға,
негізсіз артыкшылық алуға, тұтынушылардың мүдделеріне нұқсан келтіруге
бағытталған монополистік және өзге де кез келген қызметке жол берілмейді.
Бұл ереже де нарықтық қатынастарды кеңінен дамытуға арналған.
Қорғамдық бірлестіктердің, құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға
мемлекет кепілдік береді.
Мемлекет пен қоғамдық бірлестіктердің қызметі бір-бірінен бөлінген.
Мемлекет қоғамдық бірлестіктердің жұмыстарына заңсыз араласа алмайды.
Саяси мақсат кездейтін бірлестіктердің негізгілері саяси партиялар.
Ата Заңда олардың қызмет аумағы былай анықталған: “Партиялар азаматтардың
саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруіне жәрдемдеседі”. Басқа
мемлекеттердің саяси партияларының және діни негіздегі саяси партиялардын,
біздің елімізде қызмет етуіне жол берілмейді.
Қоғамдық бірлестіктердің ауқымды тобы діни бірлестіктер. Олар
мемлекеттен бөлінген әрі діни насихат пен атеизмнің ешқайсысына артықшылық
берілмейді. Оларға мемлекет тең карайды.
Кез-келген қоғамдық бірлестік белгілі мемлекеттік органдарда тіркелген
соң ғана қызметке кіріс алады.
Ата Заңдағы ең ірі және өзекті бөлім “Мемлекет, оның органдары және
институттары” мемлекеттік билікті болу мен біріктіруге арналады. Бөлім
“Жалпы ереже”, “Жоғарғы Кеңес”, “Президент”, “Министрлер кабинеті”,
“Мемлекеттің аймақтық ұйымдастырылуы және жергілікті басқару”, “Сот”,
“Прокуратура”, “Қаржы”, “Қорғаныс және қауіпсіздік” деген тараулардан
тұрады.
Мемлекеттік билік біртұтас. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері
мемлекеттік биліктің үш тармағы болып табылады.
Билікті дербес тармақтарға бөлу терең демократияға негізделген.
Жоғарғы Кеңесті де, Президентті де халық тікелей сайлап қояды. Ал жоғарғы
сот органдары болса Жоғарғы Кеңесте Прсзиденттің тікелей араласуымен
сайланады.
Бұрынғы конституцияларда Жоғарғы Кеңес мемлекеттік биліктің жалғыз
жоғарғы органы болып табылатын және республиканың ішкі-сыртқы саясатының
барлық мәселелерін шеше алатын. Бірақ бұл шешімдерді ол тек Компартияның
басшылығы, нұсқауы немесе келісімі арқылы ғана шеше алатын. Мұның өзі оның
қызметінің шектеулі болғаның көрсетеді.
Жаңа Конституцияда Жоғарғы Кеңестің сипаты өзгерді. Ол бірден-бір заң
шығарушы және ең жоғарғы өкілді орган болып табылады. Бірақ бұрынғыдай
мемлекеттік биліктің жалғыз жоғарғы органы емес, биліктің бір тармағы ғана.
Ата Заңда Жоғарғы Кеңеске көптеген өкілдіктер берілген. Оның
қызметінің негізгі бағыттары 12-тарауда көрсетілген. Жоғарғы Кеңес кәсіптік
парламент ретінде тұрақты қызмет етеді, сондықтан оның депутаттары басқа
жерде қызмет істей алмайды, басқа өкілді органға депутат та бола алмайды.
Конституция Жоғарғы Кеңес депутатының беделін арттырып, әр депутатты бүкіл
республика халқының өкілі деп жариялады.
Тұрақты парламент бес жылға сайланады. Жоғарғы Кеңес төменгі өкілді
органдарга тікелей басшылық жасамайды. Өкілді биліктің жоғарыдан төменге
дейінгі біртұтас жүйесі қарастырылмаған, олардың әрқайсысы өз алдына
дербес.
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіздік
алғаннан кейінгі алғашқы Негізгі Заң болды. Ол үлкен тарихи, саяси-құқықтық
роль атқарды. Дегенмен Конституцияны Кеңес дәуірінде сайланған Жоғарғы
Кеңестің кабылдауы өз таңбасын қалдырды. Ұзамай ол қайшылықтар өсіп, жаңа
Конституция қабылдауға негіз болды.
1993 жылғы Конституция қайшылықты, өтпелі кезеңде кабылданды. Әлі де
көп мәселелер шешімін таба алмады. Бірнеше ауқымды мәселелер бойынша елде
ұзақ пікірталас, даулар болды. Олардың ішінде: қос азаматтық; тіл мәселесі
ұлттық мемлекет пен азаматтық қоғам құру туралы; әкімшіліктер мен кеңестер
арасындағы қайшылықтар; Жоғарғы Кеңес пен Үкімет арасындағы кайшылықтар
болды. Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен бұл мәселелер шиеленіске жіберілмей
кезең-кезеңімен саяси және құқықтық тұрғыдан шешіледі.
Н.Ә.Назарбаевтың 1992 жылы жарық көрген “Казақстанның егеменді
мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” және “Қазақстанның
болашағы оның идеялық бірлігінде” (1993 ж.) атты кітаптарының рөлі ерекше
болды. Бұл кітаптарда көп ұлтты тәуелсіз Қазақстан халқының жаңа
демоқоатиялық нарықтық негізде топтасуы мен еңбек етуінің теориялық
негіздері қалыптасты. Кездескен қайшылықтарды шешіп, демоқратия, нарық,
құқыктық мемлекетке аяқ басудың жолдары анықталды.
Казақстан Республикасының “Азаматтық туралы” заңы қабылданып (1991
жылы желтоқсан), елде қос азаматтықка жол берілмеді. ТМД елдерімен тарихи
байланыстарды ескеріп, азаматтық алудың өзара жеңілдетілген жолдары
кіргізілді. Тіл және азаматтық мәселесін желеу етіп Қазақстан
Республикалары құрамында ұлттық автономиялы бірліктер құруға әрекет
етушілерді халық қолдамады. Тіл мәселесі 1993 жылғы Конституцияда толық
шешімін таба алмағанымен 1995 жылғы Конституцияда және Қазақстан
Республикасының жаңа “Тіл жөніндегі заңында” жаңаша шешімін тапты. Қазақ
тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-
өзі басқару органдарында ресми түрде тең қолданылатын болды. Мемлекет
барлық халықтар тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай туғызуға қамқорлық
жасайды.
1993 жылы жергілікті кеңестер мен әкімдер, Үкімет пен Жоғарғы Кеңес
арасындағы қайшылық шегіне жетті. Бірақ Қазақстанда Президент
Н.Ә.Назарбасвтың салмақты да салиқалы саясаты арқасында Ресейдегідей
қақтығыстарға жол берілмеді. Кеңестер Қазақстанда тарих сахнасынан жаңа
құқықтық жүйеге үйлесе алмай, біртіндеп өз еркімен кетті. Дегенмен
әкімшілік жүйеге қарсы жергілікті және Жоғарғы Кеңес тарапынан да қатты
қарсылықтар болды. 1993 жылғы Конституция бойынша, әсіресе жергілікті
жерде қос өкіметке кеңестер мен әкімдерге заңды база жасалған еді. Мұның
өзі болашақта біртіндеп биліктің ажырауына алып келе жатты. Кеңестер мен
әкімдер арасындағы кайшылық жергілікті кеңестердің өзін-өзі таратуына алып
келді. Мұның соңы XII сайланған Жоғарғы Кеңестің 1993 жылы 13 желтоқсанда
өзін-өзі таратуына апарып соқты. Осылай 1990 жылы сәуірде сайланған Жоғарғы
Кеңес мерзімінен бір жарым жылдай бұрын өзін-өзі таратты. Бұл Жоғарғы Кеңес
тұсында ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы (1990.25.10.)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы
(1991.16.12.), Қазақстан Республикасының Конституциясы (1993.18.01.),
барлығы 265 жаңа заңдар кабылданды.
Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыруда 2015 жылға дейінгі мерзімге
есептелген нақты бағдарлама әзірленіп, қабылданды.
Жалпы құны 84 миллиард теңгеге бағаланатын 54 жобаны іске асырып
жатқан ұлттық инновациялық қор құрылды. Капиталдануының жалпы көлемі
шамамен 700 миллион долларлық отандық және шетелдік венчурлық қорлардың
жүйесі қалыптасты.
Қазақстанның болашағы біздің геосаяси транзиттік артықшылықтарымызды
тиімді пайдалануға тәуелді болмақ.
Біз бұл жерде жүйелі жұмыстар үшін еліміздің 2015 жылға дейінгі көлік
стратегиясын қабылдадық.
Біз Еуропадан Қытайға, Жапонияға және Оңтүстік–Шығыс Азияға қысқа
телекоминикациялық бағытқа айналатын Ұлттық ақпараттық супермагистраль құру
жобасын табысты іске асыруға тиіспіз.
“Электрондық үкіметті” кұруды аяқтауға, біздің казақстандық тұңғыш
жерсерігінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға тиіспіз. Біз еліміздің
аумағы мен жер қойнауларының мониторингін камтамасыз ететін екінші
жерсерігін ұшыруға тиіспіз.
Қазақстанның өркендеуі экономиканың орасан әлеуетке ие энергетикалық
саласын жаңарту мен тиімді пайдалануға көп тәуелді болмақ.
Қазіргі уақытта біздің еліміз табылған мұнай қоры бойынша әлемдегі
алғашқы ондыкқа кіреді. ОПЕК-ке кірмейтін елдер ішінде Қазақстан мұнай қоры
жөнінен екінші орынды иеленеді. Кемірсутегінің жалпы болжамдык ресурсы
шамамен 12-17 миллиард тоннаға бағалануда.
Бұл таяу болашаққа көмірсутегін өндіру жөнінен өлемде жетекші орынға
шығатынын білдіреді. Әлбетте, мұндай ресурстар Қазақстанның әлемдегі мұнай
державаларының бірі ретінде карастыруға мүмкіндік туғызады. Бұл әлемдік
энергетикалық рынокта біздің жаңа геостратегиялық рөлімізді сезінуімізді
және алдағы 10-15 жылдағы энергетикалық саясаты дамытуды талап етеді.
Барлық межелерге кол жеткізуде,соның ішінде одан әрі экономикалық өсу
және ұлттың әл-ауқатын арттыру көп жағдайда біз Қазақстанның ұлттық
қауіпсіздігін қаншалықты камтамасыз етуімізге катысты болмақ.
Ал бұл белең алып келе жатқан тұрақсыздығы бізді алаңдататын Азиядағы
қауіпсіздікке тікелей қатысты. Таяу Шығыстағы және Ауғанстандағы ұзаққа
созылған қақтығыстар тұрақтылықтың елеулі қатері ретінде қалуда. Барынша
күш-жігер жұмсауға карамастан жаппай қырып жоятын каруды тарату үдерісі
жалғасуда.
Азия үшін есірткі трафигі, адам және қару саудасы, заңсыз көші-қонның
күш алып бара жатуы күрделі проблемалар күйінде қалуда.
Мұндай жағдайда біз Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары
жөніндегі кеңес шеңберінде стратегиялық үнқатысуды белсенді дамытуға
тиіспіз.
Барша орталықазиялық өңірінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
мейлінше қолдау көрсету біздің ұлттық мүдделерімізге сай келеді, бұл біздің
стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызбақ.
Әлбетте, инновациялық экономиканы құру жөне елдің технологиялық
секірістің басты шарты адам дамуы болып табылады. Экономиканың өркендеуімен
бірге мәдениет пен өнердің, қазақ тілінің, халкымыздың дәстүрлері мен
өмірлік философиясының гүлденуі тең қатар жүруі тиіс. Өкінішке орай,
қазіргі өркениеттің күйреуі біздің уақытымыздың сипаттарының біріне
айналуда.
Қазақстан Еуразия жүрегінде, ислам, христиандық және буддизм сиякты
әлемдік үш діңнің түйіскек тұсында орналаскан және біздің коғам дүние
жүзіне түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің
бірегей өнегесін көрсетуде.
Оны үш әлемге бөлуді жалғастыруда: либералдық демократиялы елдерді
атайтын дамыған, өтпелі кезендегі елдер енгізілген “екінші” және көнерген
саяси режімдердің “үшінші” әлемі.
Біріншісі: бәсекелес, инновациялық, технологиялық, ақпараттық әлем.
Екіншісі: бәсекелесе алмайтын, тоқыраған, технологиясы төмен, артта
калған әлем.
Табиғи ресуретарға иек арта отырып, өз “игілік аралын” сақтауға деген
әрекет бұған дейін орнықты экономикалық өсу мен халықтың өмір сапасын
арттыруға бірде-бір рет қол жеткізе алған жоқ жөне қол жеткізе де алмайды.

1.2 Қоғамды демократияландыру жаңартудың тұжырымдамасы және оның негіз
қалаушы элементтері.
Тегінде демократияландыру - қоғамның өзінің қалауы. Жиырмасыншы
ғасырдың соңындағы либерализмді сыртқа тарату эрекеті де, сондай-ақ
саясатқа толы осынау жүзжылдықтың бірінші жартысындағы төңкерісті сыртқа
тарау әрекеті де еш нэтиже берген емес. БҰҰ-ның мыңжылдыққа арналған 2000
жылғы 8-қыркүйектегі басқосуында қабылданған Декларациясында “Қоғамның өз
ішіндегі және қоғамдар арасыңдағы айырмашылық үрей туғызбауға, кудалаудың
себебі болмауға тиіс, қайта адамзаттың қымбат игілігі ретінде шыңдалып
сомдауға тиіс. “Әлемдік мәдениет пен барлық өркениеттер арасындағы
үндестікті белсенді түрде қолдап отыру міндет”, делінгені кездейсоқ емес.
Адамның халыкаралык түрғыдай танылған барлық құқықтары мен бостандықтары
жайлы айта келе Әлемдік қоғамдастық өзінің Декларациясында “Демократияны
көтермелеу мен құкық тәртібін нығайту” үшін күш-жігер жұмсау қажеттігін
ерекше атап көрсетеді.
Қазақстандағы саяси реформалардың өзегін демократияландыру мен саяси
ырықсыздандырудың негізгі жеті буыны құрайды.
Біріншіден, сайлау процесі адал, кең ауқымды болуы және кандидаттар
мен сайлаушылардың оған белсене қатысуына жағдай жасауы тиіс.
Кез-келген демократия атаулының тәні - еркін де әділ сайлау. Бұл
біздің демократиямызда да тап осы міндетті атқаруы керек. Халықтық
даналығымыздағы “Халық айтса, қалт айтпайды” деген бір ауыз сөз осының
мәнін дәл аша алады. Халықтың өз пікірін айтып қалатын тұсы да - осы сайлау
кезеңі. Біздің мақсатымыз айқын: алда келе жатқан ұлттық сайлауды еркін де
әділ сайлаудың үлгісіндей етіп өткізу.
Демократия қашан да даму үстінде болады. Тіпті ең кемеліне келді деген
Батыс демократияларының өзі де елдеріндегі азшылықты саяси процеске толық
араластыра алмай отыр. Біздің оны жүзеге асыра алмайтын тэніміз де бар.
Сонымен қатар біз аса бір қиын жағдайда жүрсек те ұлттық және діни
топтардың арасында тұрақтылықты сақтай алғанымызды мақтанышпен айтсақ,
әбден жарасады, бүған кейінгі онжылдықтарда элемнің кептеген елдері қол
жеткізе алмай келеді.
Осы мақсатқа жету үшін біз өзіміздің сайлау туралы зандарымызды
оңайлатуға тиіспіз. Солай еткенде адамдардың саяси бэсекеге түсуі
жеңілдейді. Сөйтіп депу-таттық орындар іс жүзінде сайлаушылардың көбі
қолдайтын кандидаттарға, тек сондай кандидаттарға ғана бүйырады. Сондықтан
да, мен Қазақстанның жасы заңдағы мөлшерге сиятын кез-келген азаматы,
өзінің дәулетіне де, әулетіне де қарамастан, Парламент депутаттығына
сайлану қүқығы жолында емін-еркін таласқа түсе алатындай болуы үшін
Парламент депутаттығына кандидат ретінде тіркелерде төлейтін жарнаны
азайтуды немесе тіпті соны атымен алып тастауды ұсынамын.
Бұған қосымша ретінде, дауыс берудің өзі өкілетті билікті занды деп
танып, соған сенім көрсету екендігін толық пайымдай келіп, неғүрлым көп
дауыс алған кандидаттар дауыс беруге келген адамдардың санына қарамастан,
депутаттыққа заңды түрде сайланатындай жағдай жасауымыз керек. Егер өзі
қаламаса, адамдар-дың дауыс бермеуге қүқығы бар, сондай-ақ дауыс бе-руге де
қүқығы бар, Тіпті Америка Құрама Штаттары сияқты әбден қалыптасқан
демократиялардың өзінде берілген дауыстың саны тіркелген сайлаушылардың
жартысынан кем болып жатуы мүмкін нәрсе. Дауыс бергендердің қалауын дауыс
бермегендер жоққа шығаруға тиіс емес. Бұл қағида президенттік сайлауға да
қатысты болмақ. Басқаша айтқанда, дауыс берушілердің саны сайлаушылардың 50
процентінен кем болмауы керек деген талап алынып тасталады.
Еліміздегі сайлау шын мәнінде еркін де әділ болсын десек, онда біз
сайлаудың барысын бақылауға Қазақстанның, шетелдердің жұртшылық өкілдерінің
қатысуына жағдай жасауға, оны барынша қолдауға тиіспіз. Сондықтан да мен
елдің Президенті ретінде басын ашып, қадап тұрып: біздің мемлекетіміздегі
кез-келген сайлау адал да ашық өтеді деп мәлімдей аламын.
Ақыр аяғында, біз барлық деңгейдегі басшыларды сайлаудың кең ауқымды
және кезең-кезеңге бөлінген бағдарламасын жасап шығуға тиіспіз. Бұл істе
бізге тым жалаң төстеніп жұлқынудың жөні жоқ, мұның өзі бірқатар елдерді
басқару тұтқасынан айырып бей-берекетсіздікке ұрындырған болатын. Сонымен
қатар осындай мәселенің бар екеніне де көз жұма қарауға болмайды. Кезеңдері
мен деңгейлерін нақпа-нақ белгілеп алып, таяу уақытта сол бағдарламаны
жасауға кірісіп кету керек деп санаймын. Оның үстіне, жергілікті өзін-өзі
басқарудың біздегі үлгілері жетілдіруді қажет етеді. Бұл тұрғыдан қарағанда
да реформа жасауымызға тура келеді.
Екіншіден, қоғам өмірін саяси демократияландыру тұрғысындағы шаралар
кешеніндегі тағы бір маңызды буын біздің саяси жүйеміздегі партиялардың
рөлін күшейту болып табылады. Демократия ғимаратын түрғызатын негізгі
“құрылыс материалы” да сол саяси партиялар, демек, біз олардың өсуі,
бұғанасы бекуі үшін құқықтық түрғыдан да, басқа тұрғыдан да қолдан
келгеннің бәрін жасап, партиялардың қоғамдағы орнын бекіте түсуге тиіспіз.
Сайлау туралы Президент Жарлығы партиялардың саяси процестегі рөлін
нақты анықтап беруі керек. Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың тұсында
саяси партиялардың үйымдастырылуы мен құрылымы жөнінде семинарлар өткізеді,
ол семинарларға, біздің еліміздін ресми тіркелген саяси партияларының
барлығының белсенді мүшелері қалауы бойынша қатыса алады. Бұл мақсатқа
Орталық сайлау

комиссиясына қаржы бөлінетін болады. Қазақстанға келсек, біздің саяси
партияларымыздың кадрларын оқыту мен даярлауға атсалыссақ деген ниеттегі
Үкіметтен тыс ұйымдар деп аталатын шетелдік топтарды қолдауға тиіспіз.
Біздің мақсатымыз - Казақстанның саяси партияларының 1999 жылғы
Мәжіліс сайлауына жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету. Бұл сайлаушыға өзінің
саяси көзқарасын дэлірек анықтауға көмектеседі, азаматтарға саяси процестің
толыққанды қатысушысы болуға, Мәжілістің жаңа құрамына саяси партиялар
өкілдерін енгізуге, сөйтіп Парламент лидерлерін тәрбиелеуге мүмкіндік
туғызады. Парламентімізде қилы - қилы көзқарас иелері барынша молырақ болуы
үшін Мэжіліске қосымша он орын енгізуді ұсынамын, олар партиялардың
тізімдері бойынша тиесілі орын бөлу тетігі арқылы толығатын болады. Біз бұл
шешімге ойланып-толғанып барып келдік, осы шешім демократияны дамытуға
бағытталған қуатты қадам болады деп санаймыз. Еліміздің саяси күштері бұл
бастаманы халқымыздың игілігі үшін пайдалана біледі, мемлекеттігімізді
нығайту мэселесінде жауаптылық танытады деп сенгім келеді.
Саяси бағыттары қандай екендігіне, қарамастан, мен барлық партияларды
өз қызметінде біздің еліміздегі саяси және ұлтаралық тұрақтылықты
құрметтеуге, сақтауға шақырамын. Мемлекетіміздің тағдыры да, еліміздегі
демократияның тағдыры да осыған байланысты.
Үшіншіден, біз Сенат пен Мәжілістің барынша нығаюына, олардың
тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, Қазақстандағы биліктің орнықтылығы мен
сабақтастығына ұмтылуымыз керек. Бұл үшін мынаны ұсынамын: Республика
Президенті мерзімінен бұрын қызметінен босатылғанда, қызметінен
кетірілгенде, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда оның өкілеттігінің қалған
мерзімінде Президенттің міндетін атқару Парламент Сенатының төрағасына
ауысады. Сенат төрағасының Президент міндеттерін өзіне қабылдауы мүмкін
болмаған жағдайда бұл міндеттер Парламент Мәжілісінің төрағасына ауысады.
Мәжіліс төрағасының Президент міндеттерін өзіне қабылдауы мүмкін болмаған
жағдайда бұл міндеттер Премьер-министрге ауысады. Сенат пен
Мәжілістің комиссияларында Үкіметтің жекелеген мүшелері мен елшілердің
кандидатуралары талқыланатын болуға тиіс. Еліміз өмір сүріп келе жатқан
алғашқы жеті жылдың өзінде мемлекетімізді басқару ісінде Парламент
қызметінің өзіндік дәстүрі қалыптасып үлгірді. Бүгін менің сіздердің
алдарыңызда осы тұрғанымның өзі Қазақстандағы Парламенттің ересен рөлінің
нақты дәлелі, мен мұны мақтан етемін. Сонымен бірге, мен алдағы
жылдарда Парламент өзінің рөлін күшейтіп, Үкіметтің жұмысы ел жұртшылығының
мұқтажына сай келуіне кепілдік беретіндей деңгейге жетеді деп сенемін.
Саяси партиялардың өкілдігін олардың мүшелерінің санына қарай тиесілі
мөлшерде белгілейтін болсақ, онда біз Мәжілістің құрамын Қазақстандағы
халық кеңінен қолдайтын сан алуан саяси көзқарастардың анағұрлым дәл де
әділ айнасы ете аламыз. Оған қоса Парламенттің жұмысына аз ұлттардың шағын
діни конфессиялардың өкілдері де кеңінен қатысатындай етуді ұсынамын; бұл
үшін Парламентке Президент тағайындайтын сенаторлардың бір бөлігі Қазақстан
халықтарының ассамблеясы ұсынған кандидаттардың арасынан іріктелуге тиіс.
Парламент әр палатасындағы дауыстың 80 процентімен Конституцияға өзгеріс
енгізе алады, ол үшін бұл өзгерістер референдумда халықтың қолдауына ие
болуы қажет, референдумға азаматтардың 50 проценті қатысып, жақтап дауыс
беруі шарт.
Сондай-ақ, Парламент мәжілістерін теледидар арқылы кеңінен әрі жүйелі
түрде көрсетіп тұруды ұсынамын. Мұның өзі Парламенттің саяси салмағын
арттырады, қоғам өміріндегі орнын айшықтай түседі. Бұл үшін мемлекеттік
жалпыұлттық арналарда Парламент мәжілістерінен тікелей хабар беретін
белгілі бір уақыт бөліп қою керек.
Ел басшыларының жауапкершілігін арттыру және мемлекеттік биліктің
өзінше дербес әрі алабөтен ерекше тармағы ретінде Парламенттің рөлін
күшейту мақсатымен Премьер-министр мен оның кабинетінің мүшелері
Парлементтің алдында жауапты болуы, депутаттардың Парламент комиссияларының
алдына жүйелі түрде сөз сөйлеп тұруы керек.
Демократияландырудың төртінші, маңызды буыны - азаматтық қоғам
құрудағы Үкіметтен тыс ұйымдардың рөлін күшейту. Қымбатты отандастарым,
елдің құрылымының демократиялық сипатта болуы қоғам өзінен-өзі
демократиялық бола қалады деген кепілдік етпейді. Демократия өз еркімен
қалыптасқан жеке институттарға арқа сүйейді, солардың көмегімен азаматтар
саяси өмірге араласады, басқалардың, елдің ризығы үшін еңбек етеді,
өздерінің бір нэрсеге келісетін-келіспейтінін білдіріп жатады, өз
мүдделерін қорғайды.
Азаматтық бірлестіктердің шын мәнінде еркін қимылдауын қамтамасыз ету
үшін Әділет министрлігі Қазақстанның және бізде жұмыс істегісі келетін
шетелдердің Үкіметтен тыс үйымдарын тіркеу мен олардың қызметін бақылау
тәртібін оңайлатуға, мұндай ұйымдардың құрылуы мен белсенді қызмет етуін
қолдап отыруға тиіс.
Бесіншіден, демократиялық қоғамның негізі бір нышаны - тәуелсіз сот.
Бізге барлық мәселелерді туғансыз тура бидей шешетін, арбалудан ада сот
жүйесінің биік деңгейін және дербестігін қамтамасыз ету керек. Судьяларды
дайыңдаудың дәрежесін арттыру жөнінде де көп іс атқаруымызға тура келеді.
Жақында қабылданған Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Заңды барынша қатал
қолдануымыз керек. Жоғарғы сот кеңесін Президент басқаруға тиіс емес.
Алтыншыдан, еркін, цензурадан азат, тәуелсіз баспасөзді қалыптастыру
ісінде қол жеткізгенімізді барынша дамыта түсуге тиіспіз. Үкімет
журналистердің ақпаратқа еркін ие болуын тап бір оларға жасап тастаған
жақсылықтай етпей, өзінің қоғамдық пікір алдындағы парызы деп қарағаны жөн.
Еліміздегі еркін баспасөздің жолында әлі де көлденең тұрған кедергілерді
жою жөнінде жұмыс істеуіміз керек. Сондықтан да бірқатар мемлекеттік
бұқаралық ақпарат құралдарын жекешелендіруге бару қажет. Көптеген
мемлекеттік кітап баспаларын жекешелендіре бастайтын боламыз. Қаншама
кемшілігі бар десек те, елде тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының болуы,
саны көбейе түсуі сол қоғамның барған сайын ашық қоғам бола бастағанын
айқындайды.
Енді ең соңғы, жетінші буынға тоқталайын. Қоғамның өркениеттілігі
әйелге қарым-қатынасынан көрінеді. Біздің эйел баласына көзқарасымыз қатты
ойлантатынын ашық айтуымыз керек. Көп нәрсені өзгертуге тура келеді. Бұл
проблеманың күрделілігін түсінгендіктен де мен қазіргі Отбасы, әйелдер және
демографиялық саясат мәселелері жөніндегі кеңестің рөлін күрт көтеруге
немесе оның орнына әйелдер мәселелері бойынша арнаулы комиссия құруға
бекініп отырмын. Ол орган осы саладағы көкейкесті мәселелерді шешуде
Президенттің, Үкіметтің басты кеңесшісі болуға тиіс. Салған жерден бәрін
шеше алмаймыз. Алайда, кейбір нақты істерді таяудағы жылдарда-ақ қолға
алуға болады.
2005 жылы ақпандағы Жолдауында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев
өзінің Қазақстан халқына Жолдауында қоғамымызда демократияны одан әрі
дамыту мен мемлекетіміздің саяси жүйесін тиісінше жаңартуға бағытталған
бастамалардың тұтас кестесін ұсынды. Осы бағытта нақты жұмыстар, кең
көлемде басталды.
Біз бүгін оның тырнақ алды тыңғылықты практикалық нәтижелері туралы
айта аламыз.
Биылғы жылдың мамырыңда Президент “Казақстан Республикасы
Конституциясының әлеуетін одан әрі пайдалану жөніндегі шаралар туралы”
Жарлықка қол қойды. Соған сәйкес элеуметтік-экономикалық саланың
министрлері, дипломатиялық өкілдіктер басшылары, Есеп комитетінің төрағасы
мен оның екі мүшесі олардың кандидатуралары Парламенттің бейіндік
комитеттерінде алдын ала талқыланғаннан кейін ғана тағайындалатын болады.
1. Орталық сайлау комиссиясы сайлау заңнамасындағы кемшіліктерді жою
жөнінде ұсыныстар жасады. Онда Сайлау туралы конституциялық заңға
таяуда ғана енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен бірге
өңірлердің, министрліктер мен ведомстволардың, саяси партиялар мен
үкіметтік емес ұйымдардың жаңа ұсыныстары ескерілді.
2. Атқарушы билікті реформалауға келсек, қазір Парламенттің қарауында
мемлекеттік баскару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді барынша
тиімді ажыратуды қарастыратын заң жобасы жатыр. Мұнымен қатар, әлемдік
тәжірибені ескере отырып, жергілікті өзін-өзі басқаруға оңтайлы жағдай
туғызу үшін аталған мәселе жөнінде қабылданған шешімдерге талдау
жасалуда.
3. Атқарушы биліктің қызметі мен есептілігінің айқындығын қамтамасыз ету
жөніндегі шаралар қолданылуда. Сәуірде Елбасы әкімдердің халық
алдында есеп беруін реттейтін Жарлықка қол қойды. Бұл жұмыс даусыз оң
нәтижелер беруде әрі жалғастырылатын болады. Барлық деңгейдегі
әкімдердің есеп беру кездерінде айтылған мөселелердің 80 пайызы
қазірдің өзінде тиісті шешімін тапқанын атап көрсету керек.
4. Тамыз айында біз ауылдық аудан әкімдерінің тәжірибе жүзінде сайлауын
өткіздік. Нақ қазіргі уақытта оның нәтижелілігіне баға беру, әрине,
ертерек, бірақ кейінірек олар әкімшілік реформалардың осы бөлігіндегі
жұмыс ырғағын айқыңдайтын болады.
5. Әділет министрлігі алқа билер соты институтын енгізумен қалыптастыру
мэселелерін реттейтін заң жобаларын әзірлеп, Үкіметтің қарауына
енгізді, сондай-ақ сот өндірісін жүргізу шеңберінде және сот
шешімдерінің орындау сатысында адвокатураның рөлін арттыру жөніндегі
шаралар қолданылып жатыр.
Жаңарту мен саяси демократиялаңдырудың белгіленген бағыты шеңберінде
сот жүйесін реформалау мәселелері республика судьяларының IV съезінде
талқыланғанын айта кетуі керек. Сот өндірісін оңайлату мен оның
объективтілігін қамтамасыз ету белсенді талқылау тақырыбына айналды. Наурыз
айының өзінде Парламент қарауына “Соттылықгы ажырату мәселелері жөніндегі
кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықгырулар енгізу туралы” заң
жобасы ұсынылғанын өздеріңіз білесіздер. Қазір судьялар съезінің
қорытындылары бойынша Жоғарғы Сот сіздермен бірге осы жобаны жұмыс
жағдайында жетілдіріп, пысықтауға тиіс. Аталған Занды Парламент осы
сессияның өзінде қабылдайтынына сенімдіміз.
Демократияландыру проблемасының нақ осы мәдени және өркениеттік қыры
қоғамымыздағы ахуалды саралаған кезде мүлде назардан тыс калдырылып жүр.
Ендеше дәл біздегідей жағдайда он жылдың ішінде қай құрлықта, кай ғасырда
демократиялық қоғам орнатылған екен?
Біріншіден, азаматтарының бойына дәл осындай құқықтық нигилизм жүз жыл
бойы қай елде сіңірілген екен? Екіншіден, мемлекеттің ыдырауы салдарынан
экономикасы мүлде құлдырап, туралаған осындай ел бар ма екен? Үшіншіден,
ұлттық, діни және нәсілдік белгілері жағынан сан алуан, ондаған ұлттардан
құралған басқа осындай ел бар ма екен? Төртіншіден, осындай жағдайда өзінің
мемлекеттігін кұрған ел бар ма екен? Жоқ, мұндай мемлекет іс жүзінде де,
саяси теорияда да болган емес.
Демократия жолында, шынында да біршама ілгері кеткен Шыгыс Европа,
Балтық бойы мемлекеттерін немесе Шығыс Азияның кейбір мемлекеттерін мысалға
алғанда, осы елдердің айта қаларлык мәдени, ұлттық, діни біртектілігі, әрі
осы елдердің бәрінде үстіміздегі ғасырдың өзінде-ак осы заманғы
мемлекеттілік тәжірибесі болғаны, еске аларлық демократиялык дәстүрлері бар
екені, басқасын былай қойғанда, жағрапиялық жағдайына дейін, неге екені
белгісіз, оп-оңай ұмытылып кетеді.
Сондықтан да, біздің демократияға беттеген қозғалысымыз әмбебап
зандылықтарға бағына отырып, бірнеше мәселелерді шешуі керек. Бірінші -
барлығы зандарға сүйеніп өмір сүретін нақты құқықтық мемлекет құру. Әрине,
ең алдымен, мемлекеттік құрылымдардың өздері занда белгіленген ережелер
бойынша қимыл жасауы керек. Саяси процестің басқа да субъекгілеріне
қойылатын талаптар да осындай. Барлық азаматтар заңға сәйкес өмір сүруді
үйренуге тиіс. Бұл толыққанды демократияға көшудің саражолы. Өйткені заң
өзің мен өкіметтің арасындағы шарт. Жалған демократиялық ұрандар кұқықтық
мемлекетте құқық ауқымынан асып кетпеуі керек, ал асып кетсе, жанжалға,
бөлшектелуге, қан төгіске әкеліп тірейді. Екінші - демократия дегеніміз,
қаншама маңызды эрі бағалы екеніне қарамастан, саяси бостандық қана емес.
Бұл лайықты экономикалык өмір шарты мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
басқа да бірсыпыра іргелі күқыктардың іске асырылуы деген сөз. Үшінші -
саяси жүйені ырықтандырған кезде біз аймақтагы халықаралық экстремизм
қысымының ұлғайып келе жатқанын, халықтың аса күрделі ұлттық және мәдени-
діни құрамын ұдайы есте ұстауымыз қажет. Бұл жағдайды ескермесек, жеріміз
әлдеқашан отқа оранған болар еді. Бұл біздің сыншыларымыздың оңды-солды ой
сабақтауына оңды болар еді, алайда біз оларға мұндай мүмкіндік бере
қоймаймыз.
Алайда біздің бүгінгі қоғамымыздағы саяси реформаның қаркыны
экономикалық өзгерістеріміздің ауқымынан біршама кейіндеп қалғанын
мойындауымыз керек. “Ілгері жүрмеген — кері кетер” деген көнеден қалған сөз
бар.
Саяси жүйені демократияландыру бірнеше негізгі бағыттар бойынша
жүргізіледі.
Бірінші. Сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту, құқықтық- реформа.
Жаңарту мен саяси демократияландырудың белгіленген бағыты шеңберінде
сот жүйесін реформалау мәселелері республика судьяларының IV съезінде
талқыланғанын айта кетуім керек. Сот өндірісін оңайлату мен оның
объективтілігін қамтамасыз ету белсенді талқылау тақырыбына айналды. Наурыз
айының өзінде Парламент қарауына “Соттылықгы ажырату мәселелері жөніндегі
кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықгырулар енгізу іуралы” заң
жобасы ұсынылғанын өздеріңіз білесіздер. Қазір судьялар съезінің
қорытындылары бойынша Жоғарғы Сот сіздермен бірге осы жобаны жұмыс
жағдайында жетілдіріп, пысықтауға тиіс. Аталған Занды Парламент осы
сессияның өзінде қабылдайтынына сенімдіміз.
Біз өзіміз бастаған саяси реформаларды жалғастырамыз, олар
Қазақстанның демократиялық прогресс қарқынын одан әрі жеделдетудің, саяси
жүйенің, Қазақстанның мемлекеттік құрылымының тиімділігін арттырудың,
тежемелік әрі тепе-теңдік үйлесімі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егеменді Қазақстанның саяси ақиқат ретінде қалыптасуы мен дамуы.
Қоғамның құқықтық жағдайы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУСЫ
Сайлау жүйелері ұғымы
Құқықтық мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің арақатынасы
Қазақстан Республикасындағы сайлау технологияларының даму ерекшеліктері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Азаматтық қоғам туралы мәлімет
Пәндер