III – VII ғасырлардағы иран



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. III . VII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ИРАН.
1.1 Сасанилер әулетінің билікке келуі. 5
1.2 I . V ғасырлардағы Иранның қоғамдық құрылысы. Дін. 7
1.3 Маздакшылар қозғалысы. 8
1.4 I Хосров реформалары. 8
1.5 VI . VII ғасырлардағы Иранның сыртқы саясаты. 9
1.6 Сасанилік Иранның мәдениеті. 10

2. X . XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ИРАН.
2.1 Иран аумағындағы феодалдық мемлекеттері (саманилер, буидтер, газнауилер мемлекеттері). 11
2.2 Сельжуктер билігі кезіндегі Иран. 12
2.3 Дін. 13
2.4 Иранды Монғолдардың жаулап алуы. 14
2.5 Сердебарлар мемлекетінің құрылуы. 16
2.6 Севефилер мемлекетінің құрылуы. 17
2.7 Мәдениеттің дамуы. 17

ҚОРЫТЫНДЫ 19

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24
КІРІСПЕ
Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. Б.з.б. 3 –мыңжылдықта қазіргі Иранның оңтүстік – батысында алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Б.з.б. 2 – мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий тайпалары келіп қоныстанды. Б.з.б. 673 – 672 ж. қазіргі Иранның солтүстік – батысында Мидия мемлекеті пайда болып, 616 – 605 ж. Ассирияны талқандап, аса ірі мемлекетке айналды.Б.з.б. 550 ж. үкімет билігі парсылық Ахемен әулетіне көшті (қ. Ахемен әулеті). Ахемен әулеті мемлекетінің шекарасы шығыста Үнді өзенінен батыста Эгей теңізіне дейін, солтүстікте Армениядан оңтүстікте Ніл өзендеріне дейін жетті. Батыс пен Шығысты жалғастыратын сауда жолдары үшін бұл мемлекет гректермен ұзаққа созылған соғыс жүргізді. Сақтар еліне бірнеше дүркін басқыншылық жорықтар жасады. (қ. Кир II, Дарий I). Ахемен әулеті мемлекетін б.з.б. 330. Александр Македонский талқандады. Иран эллиндік мемлекеттердің билігіне көшіп, б.з.б. 2 ғасырдың орта тұсынан бастап Парфия патшылығына бағынды. 224 ж. Парфия мемлекеті құлап, орнына Сасани әулеті мемлекеті құрылды.
Сасани әулеті мемлекеті Оңтүстік Арабияны, Сирияны, Палестинаны, Мысырды жаулап алды. Византияға қауіп төндірді, Түрік қағанатымен соғыс жүргізді. Бірақ Сасани әулеті мемлекеті арабтардың шабуылынан құлап, 7 ғасырдың 2 – жартысында Иранның Араб халифаты құрамына қосылды. 8 ғасырда Араб халифатының билеушісі Әбу әл – Аббас әс – Саффах халифат астанасын Бағдатқа көшірді. Иран аумағы ұзақ жылдар бойы Аббас әулеті билеген Бағдад халифаты құрамында болып, мәдени және экономикалық дамуды басынан кешірді. 9 – 10 ғасырларда елде Араб халифатына шартты түрде ғана тәуелді болған әмірліктер құрылды. Елде экономикалық және мәдени өрлеу байқалып, қалалар өсе бастады.
Сондай әмірліктердің бірі Самани әулеті биліктен кеткеннен кейін Шығыс Иранның Ауғанстанмен және Орта Азияның бір бөлігімен бірге түркі текті ғазнауи әулеті билеген мемлекеттің құрамына кірді (қ. Ғазнауи әулеті). 11 ғасырда Иранға түрік – оғыздар (селжүк) басып кіре бастады. Көп ұзамай олар Ғазнауи әулеті әскерін талқандап, бүкіл Иранды және көрші елдерді басып алып селжүктер мемлекетін құрады. 12 ғасырда селжүктер бірнеше сұлтандыққа бөлініп кетті де, осы ғасырдың аяғына таман бүкіл Иранды түркі қыпшақ тайпасынан шыққан Хорезм шаһы Текеш басып алды. 1220 – 1256 ж. Иранды Шыңғыс хан әулеті жаулап алды. Олар елде Хулагу әулетіне қарайтын ельхандар мемлекетін құрды.
14 ғасырдың 30 жылдары ельхандар мемлекеті бірнеше иелікке бөлініп кетті де, 1380 – 1393 ж. Иранды Әмір Темір әскерлері басып алды. Әмір Темір өлгеннен кейін Шығыс Иран Темір әулетінің билігінде қалып, Батыс Ирандағы Қарақойлы мемлекеті құрылды. 16 ғасырда Кіші Азиядан шыққан түркі тайпалары (қызылбастар) Иранға басып кіріп, 1501 – 1610 ж. елді толығымен бағындырып, Сефеви әулеті мемлекетін құрды. 17 – 18 ғасырларда Иранның экономикасы құлдырап, халықтың жағдайы нашарлап кетті. Ұсақ халықтар (ауғандар, түрікмендер, әзербайжандар, курдтер, армяндар, грузиндер) орталықтың езгісіне қарсы жиі – жиі көтеріліс жасап тұрды. Әсіресе, 18 ғасырдың 2 – жартысында елдегі үстемдік үшін екі әулеттің (Зенд және Каджар) арасындағы үздіксіз соғыс халықты әбден қалжыратты. 18 ғасырдың аяғында билікке Каджар әулеті келді. Осы кезден елдің ішкі істеріне еуропалық мемлекеттер (Англия, Франция) араласа бастады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Шабани Р. Иран тарихы. – Алматы: “Зерде” 2002 ж.
2. История Востока. Т 2: Восток в средние века. – М.: Восточная литература РАН, 1995. – 23 – 33 бб.
3. Васильев Л.С. История Востока: В 2 т. Т. 1. – М.: Высшая школа, 1998. – 252 – 259 бб.
4. C.Ә. Тортаев Орта ғасырлардағы Азия және Африка тарихы. Алматы 2009 ж.
5. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Оқу - әдістемелік құрал. Алматы 2004 ж.
6. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 4 том. Бас редакциясы Алматы 2004 ж. 307 – 308 бб.
7. История Востока. Т 2: Восток в средние века. – М.: Восточная литература РАН, 1995. – 252-259 бб.
8. Безертинов Р.Н. Татары, тюрки – потрясатели вселенной. – Новосибирск, 2001. – 129 – 135 бб.
9. Агибалова Е.В., Донской Г.М. История средних веков. Алма-Ата, 1971.
10. Агаджанов С.Г. Государство Сельджукидов и Средняя Азия в XI - XII вв. М., 1991.
11. Васильев Л.С. История Востока. М., 2003.
12. Древний и раннесредневековый Иран. М., 1987.
13. Иванов М.С. Очерк истории Ирана. М., 1952.
14. Иран. История и культура в средние века и новое время. (Сб. ст). М., 1980.
15. Иран. История и современность. (Сб. ст). М., 1983.
16. История Востока: В 3 - х т. / Отв. ред. Якобсон /. М., 1982.
17. История Ирана с древнейших времен до конца XVIII века. Под ред. Н.В. Пигулевской. Л., 1958.
18. История Ирана. Под ред. Иванова М.С. М., 1977.
19. История стран Азии и Африки в средние века. Под ред. Симоновской Л.В., Ацамба Ф.М. М., 1968.
20. Средневековый Восток. М., 1980.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. III – VII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ИРАН.
1.1 Сасанилер әулетінің билікке келуі. 5
1.2 I – V ғасырлардағы Иранның қоғамдық құрылысы. Дін. 7
1.3 Маздакшылар қозғалысы. 8
1.4 I Хосров реформалары. 8
1.5 VI – VII ғасырлардағы Иранның сыртқы саясаты. 9
1.6 Сасанилік Иранның мәдениеті. 10
2. X – XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ИРАН.
2.1 Иран аумағындағы феодалдық мемлекеттері (саманилер, буидтер, 11
газнауилер мемлекеттері).
2.2 Сельжуктер билігі кезіндегі Иран. 12
2.3 Дін. 13
2.4 Иранды Монғолдардың жаулап алуы. 14
2.5 Сердебарлар мемлекетінің құрылуы. 16
2.6 Севефилер мемлекетінің құрылуы. 17
2.7 Мәдениеттің дамуы. 17

ҚОРЫТЫНДЫ 19

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24

КІРІСПЕ
Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. Б.з.б. 3
–мыңжылдықта қазіргі Иранның оңтүстік – батысында алғашқы мемлекеттер
құрыла бастады. Б.з.б. 2 – мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий
тайпалары келіп қоныстанды. Б.з.б. 673 – 672 ж. қазіргі Иранның солтүстік –
батысында Мидия мемлекеті пайда болып, 616 – 605 ж. Ассирияны талқандап,
аса ірі мемлекетке айналды.Б.з.б. 550 ж. үкімет билігі парсылық Ахемен
әулетіне көшті (қ. Ахемен әулеті). Ахемен әулеті мемлекетінің шекарасы
шығыста Үнді өзенінен батыста Эгей теңізіне дейін, солтүстікте Армениядан
оңтүстікте Ніл өзендеріне дейін жетті. Батыс пен Шығысты жалғастыратын
сауда жолдары үшін бұл мемлекет гректермен ұзаққа созылған соғыс жүргізді.
Сақтар еліне бірнеше дүркін басқыншылық жорықтар жасады. (қ. Кир II, Дарий
I). Ахемен әулеті мемлекетін б.з.б. 330. Александр Македонский талқандады.
Иран эллиндік мемлекеттердің билігіне көшіп, б.з.б. 2 ғасырдың орта тұсынан
бастап Парфия патшылығына бағынды. 224 ж. Парфия мемлекеті құлап, орнына
Сасани әулеті мемлекеті құрылды.
Сасани әулеті мемлекеті Оңтүстік Арабияны, Сирияны, Палестинаны,
Мысырды жаулап алды. Византияға қауіп төндірді, Түрік қағанатымен соғыс
жүргізді. Бірақ Сасани әулеті мемлекеті арабтардың шабуылынан құлап, 7
ғасырдың 2 – жартысында Иранның Араб халифаты құрамына қосылды. 8 ғасырда
Араб халифатының билеушісі Әбу әл – Аббас әс – Саффах халифат астанасын
Бағдатқа көшірді. Иран аумағы ұзақ жылдар бойы Аббас әулеті билеген Бағдад
халифаты құрамында болып, мәдени және экономикалық дамуды басынан кешірді.
9 – 10 ғасырларда елде Араб халифатына шартты түрде ғана тәуелді болған
әмірліктер құрылды. Елде экономикалық және мәдени өрлеу байқалып, қалалар
өсе бастады.
Сондай әмірліктердің бірі Самани әулеті биліктен кеткеннен кейін Шығыс
Иранның Ауғанстанмен және Орта Азияның бір бөлігімен бірге түркі текті
ғазнауи әулеті билеген мемлекеттің құрамына кірді (қ. Ғазнауи әулеті). 11
ғасырда Иранға түрік – оғыздар (селжүк) басып кіре бастады. Көп ұзамай олар
Ғазнауи әулеті әскерін талқандап, бүкіл Иранды және көрші елдерді басып
алып селжүктер мемлекетін құрады. 12 ғасырда селжүктер бірнеше сұлтандыққа
бөлініп кетті де, осы ғасырдың аяғына таман бүкіл Иранды түркі қыпшақ
тайпасынан шыққан Хорезм шаһы Текеш басып алды. 1220 – 1256 ж. Иранды
Шыңғыс хан әулеті жаулап алды. Олар елде Хулагу әулетіне қарайтын ельхандар
мемлекетін құрды.
14 ғасырдың 30 жылдары ельхандар мемлекеті бірнеше иелікке бөлініп
кетті де, 1380 – 1393 ж. Иранды Әмір Темір әскерлері басып алды. Әмір Темір
өлгеннен кейін Шығыс Иран Темір әулетінің билігінде қалып, Батыс Ирандағы
Қарақойлы мемлекеті құрылды. 16 ғасырда Кіші Азиядан шыққан түркі тайпалары
(қызылбастар) Иранға басып кіріп, 1501 – 1610 ж. елді толығымен бағындырып,
Сефеви әулеті мемлекетін құрды. 17 – 18 ғасырларда Иранның экономикасы
құлдырап, халықтың жағдайы нашарлап кетті. Ұсақ халықтар (ауғандар,
түрікмендер, әзербайжандар, курдтер, армяндар, грузиндер) орталықтың
езгісіне қарсы жиі – жиі көтеріліс жасап тұрды. Әсіресе, 18 ғасырдың 2 –
жартысында елдегі үстемдік үшін екі әулеттің (Зенд және Каджар) арасындағы
үздіксіз соғыс халықты әбден қалжыратты. 18 ғасырдың аяғында билікке Каджар
әулеті келді. Осы кезден елдің ішкі істеріне еуропалық мемлекеттер (Англия,
Франция) араласа бастады.

1. III – VII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ИРАН.
1.1 Сасанилер әулетінің билікке келуі.
224 ж. Парфян патшалығының вассалы, Парсы (Персия) билеушісі Ардашир
Ормиздаган алқабында Артабан V – ң әскерін талқандады. Бұл жеңіілстен кейін
Парфия патшалығы Персияның құрамына еніп, дербестігін біржолата жоғалтты.
Парсылар – Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысының халқы. Оның астанасы алғаш
Истахр, кейін, Буйилер мемлекеті кезінде – Шираз қаласы болды.
Сөйтіп 224 (226) ж. Парфяндар әулетін құлатып, билікке келген парсылық
Сасанилер әулетінің негізін қалаушы Ардашир [224(226) -241] болды. Ол
әулеттің билігі кезінде, яғни 224 – 651 жж. Иранның халықаралық аренадағы
шоқтығы биіктей түсті. Иран бұл кезде Риммен, кейін, IV – VII ғасырларда
Византиямен қырқысқан соғыстар жүргізді.
Ардашир оңтүстіктегі Фарс облысындағы князьдердің бірі болатын. Таққа
отырған соң ол Ктесифон қаласын астанаға айналдырды. Ардашир билікке
заратуштра (зороастризм) дінбасыларының қолдауымен келді. Оның атасы Сасан
осы діннің басшысы болатын. Сасанилер ірі ақсүйектерге қарсы күресінде
орташа және майда жер иелеріне арқа сүйеуге тырысты.
Парфян патшалығында тақ мұра арқылы көшіп отырса, жеке облыс басшылары
вассалдық тәуелділікте ғана болса, жаңапарсылық Сасанилер патшалығы бір
орталыққа бағындырылған мемлекет болды. Ел олардың тұсында 18 сатраптыққа
бөлінді. Әр сатрап басында губернатор тұрды. Губернаторды патша өзі
тағайындап отырды. Оны патша қалаған кезінде алып тастай алатын. Сондықтан
губернаторлап патшаға толық тәуелді еді. Патшаның қатаң тәртіпке бағынған
атты және жаяу әскері болды. Өзіне қарсы ақсүйек – мықтыларды патша күшпен
құртып отырды. Кейде керісінше де болатын. Ебін баба білген ақсүйектер
өздері жек көретін патшаны құртып, оның орнына өздері қалаған Сасан
әулетінің өкілін таққа отырғызатын...
Жаңа әулеттің ресми астанасы Персеполь болды. Бірақ тоқтаусыз жүріп
жатқан соғыстарға байланысты Шахиншах мекені іс жүзінде шекара маңындағы,
Тигр өзені бойындағы Ктесифон (Бағдад маңында) болды.
Иран Риммен, кейін – Византиямен Қара теңіз жағасы үшін күрес
жүргізді. I Шапур тұсында (241 - 272) парсылықтар жеңіске жетіп, Кіші
Азияны басып алды. 256 ж. Антиохия басып алынды. 260 ж. Рим әскері
талқандалып, император Валериан тұтқынға түсті. Иран әскерінің онан әрі
жылжуын арабтық Пальмира патшасы Одейната қарсылығы тоқтатты. 266 – 272 жж.
патшалық құрған Одейнатаның әйелі Бат – Заббай Римге қарсы көтеріліс жасап,
бүкіл Кіші Азия мен Египетті басып алды. Бірақ 272 ж. Бат – Заббайдың
әскері Рим императоры Аврелианнның әскерінен жеңілді. 273 ж. римляндар
Пальмираны біржолата құртып жіберді. Рим әскері 283 ж. Сасанилер астанасына
дейін жетті. Оны басып ала алмады. 298 ж. парсилықтар Нисибин түбінде тағы
да рим әскерінен жеңілді. Нисибин шарты бойынша Прмения мен Месопотамияның
солтүстігіндегі 5 провинция Римніңқол астына көшті.
Иран – рим соғыстарының жаңа кезеңі II Шапур (309 - 373) тұсында
басталды. Ол алдымен парсы шығанағындағы Бахрейнді басып алды. Иран мен Рим
қатынастарының сипатына христиан дінінің тарауы елеулі ықпал етті.
IV ғасырдың басында Грузияда, Армения мен Солтүстік Әзербайжанда
христиан діні қабылданды (301 – 303 жж.). Арменияның христиан дінін
қабылдауы оны Риммен байланысын нығайтуға итермеледі. Армения халқының бір
бөлігі Римді, христиандықты қолдаса, бір бөлігі Иранға бағыт ұстанды. 338
ж. II Шапур Риммен соғысты қайта жалғастырып, Армения мен солтүстік
Месопотамияға басып кірді, 363 ж. Иранға жасаған сәтсіз жорығы кезінде Рим
императоры Юлиан өлді. Оның орнына таққа отырған Иовиан Иранмен бітім
шартын жасады. Ол шарт Иран үшін тиімді болды. Грузия мен Арменияның шығыс
бөліктері Иранның қол астына көшті (387 ж.).
V ғасырдың Иран мен Шығыс Рим империясы – Византия арасында тыныштық
болды. Ол екеуі енді солтүстіктен қауіп төндірген ортақ жау – гунн көшпелі
тайпаларына қарсы күреске бірікті.
II Шапур өлген соң 20 жыл бойы тақ үшін талас, сарай төңкерістері
болды. Ол төңкерістер тек 399 ж. таққа I Иездигерд отырған соң тыйылды. Бұл
патша христиандарды қуадалаулы тоқтатты, тұтқындарды босатып, бұзылған
шіркеулерін қалпына келтіруге рұқсат етті.
Христиандарды қудалау V Бахрам мен Гур (421 - 438) тұсында қайта
жалғасты. Бұл кезде солтүстік пен солтүстік – шығыстан көшпелілер шабуылы
күшейді. V Бахрам Мерв (Мары) түбіндегі шайқаста эфталиттерді жеңіп,
Сасанилер державасының шекарасын Амударияға дейін жылжытты.
II Иездегирд (438 - 457) тұсында Армениядағы үстемдікті нығайтып, онда
зороастризмді таратуға күш салынды. Армения автономиясына қастандық
көтеріліске әкеп соқты. Армяндарға Византия көмектесе алмады. Көтеріліс 451
ж. басылды. Бірақ Армения автономиясы мен христиан дінін ұстану құқын
сақтап қалды.
II Иездегирд өлген соң екі жылдай таққа талас жүрді. 458 ж. таққа оның
баласы Пероз (458 - 484) отырды. Көшпелі эфталиттер Хорасанның жартысын
басып алды. Оларға қарсы екінші рет жасалған жорық тағы да сәтсіз аяқталды.
Иран әскерлері талқандалып, Пероз қаза тапты.
Сасанилер әскері шығыстағы жорықтарда жүргенде Закавказье халқы Иранға
қарсы көтеріліске шықты. Оны Картли патшасы Вахтанг Горгасал мен армян
батыры Ваган Мамиконян басқарды. Ол көтеріліс Пероздың мұрагері Валаш (484
- 488) шахиншахтың тұсында тоқтады. Валаш Картлидің, Арменияның және
Албанияның (Дағыстан) басшыларымен бітім шартын жасады. Шарт бойынша Иран
ол елдердің автономиясын мойындап, христиан дінін қудаушылығын тоқтатты.
Валаш Иранның өзінде де несториандық түріндегі христиан дінін ұстауға
рұқсат берді. Валаш таққа отырғанда қазына қаңсып бос тұрған еді. Сондықтан
ол көп әскер ұстамай алды. Төрт жылдан соң Валаш тақтан құлатылып, оның
орнына соғыста қайтыс болған Пероздың баласы Кавад отырғызылды (488 - 496).

1.2 I – V ғасырлардағы Иранның қоғамдық құрылысы. Дін.
Ежелгі Иранда еріктілердің 3 тобы: абыздар, жауынгерлер мен егіншілер
белгілі болатын. IV ғасырға қарай қоғам мүшелері төрт топқа: абыздар,
жауынгерлер, есеп – қисапшылар (писцы), шаруалар (податное население) болып
бөлінді. Мемлекет басында шахиншах тұрды. Оның ең бірінші көмекшісі, әрі
кеңесшісі Мобедан–мобед деп аталған зороастризм дінбасшысы болды. Сондай –
ақ кеңесші – көмекшілер еран – спахбад (әскер басшысы) пен дабирбед
(хатшылар басшысы), вастриошан – салар болды.
Алғашқы үш сословие (абыздар, жауынгерлер, хатшылар) жер иелері болса,
төртінші сословиенің көпшілігі тәуелді диқандар еді. Барлық алым – салықтар
осы төртінші сословиенің мойнында жатты. Құлдар шаруашылықта шешуші рөл
атқарған жоқ. Құлдық біртіндеп жойылып келе жатты.
Сасанилер тұсында бұрынғы парфяндық синкретизм орнына зороастризм діні
келді. Оның қасиетті кітабы Авеста болды. Ол энциклопедия іспеттес еді.
Оған діни білімнен басқа астрономиялық, космогондық, заңдық, моральдық
білімдер енгізілді.
Зороастризм ілімі негізінде екі бастаманың: адалдық пен арамдықтың
күресі туралы түсінің жатты. Адалдық құдайы Ахурамазда (күн, ай, ...),
зұлымдық құдайы Анхра майнья (ауру, өлім, қыс, жұт, т.б. жаманшылық
құдайы). Бұл екеуінің күресінде түбі жарқын күштер жеңеді деп уағыздалады.
Адам бұл күреске Ахурамазда жағында қатысуы тиіс. Әртүрлі әдет–ғұрыптарды
қатаң сақтау арқылы адам өмірде өзін зұлымдық күштерден қорғай алады.
Зороастрилықтар сонымен қатар отқа, жер мен суға табынды. Ғұрыптарды
орындау орны от храмдары болды. Абыздар тек діни ғұрыптарды ғана орындаумен
шектелмеді. Олар өз қолдарында ағарті ісі мен сот ісін де ұстады. Мұра бөлу
де солардың билігіне тиді. Олар барлық адамдардың өміріне араласып отырды.
Сол себепті де III – V ғасырлардағы халық қозғалыстары сектанттық
тұрғысынан немесе жаңа дінге ауысу ұранымен өтіп отырды.
III ғасырдың ортасында тарай бастаған жаңа дін манихейлік болды. Оның
негізін қалаушы Мани зороастризм мен христиан дінінің ортасынан жаңа дін
шығармақ болды. Оның жаңа діні бойынша алғашқы адамды жарық күші өмірге
келтірді. Бірақ оны туысымен зұлымдық құдайы – түнек – тұтқынға алды. Жарық
күші әрең дегенде алғашқы адамды ол тұтқыннан босатып алды. Дегенмен
адамның бойында түнек патшалығының зұлымдық қасиеттері де қалып қойды. Ол
зұлымдық қалдығынан құтылу үшін адам материалдық игіліктен, байлықтан бас
тартып, өзін - өзі жетілдіруімен шұғылдануы керек. Мани аскетизмге,
үйленбеуге, қан төкпеуге шақырды. Өз уағызын Мани 241 – 242 жылдары
бастады.
Ол елден кетуге мәжбүр болды. Иранға қайтып келгенде ұсталып, 276 ж.
зороастризм дінбасыларының үкімімен өлім жазасына кесілді. Манихейлік ізі
XI ғасырға дейін сақталды.
Ирандағы христиан дініне көзқарас туралы жоғарыда айтылды. Сасанилер
державасында иудейлер колониялары да болды. Иудаизмді уағыздаушылар
қуғындалған жоқ. Елдің шығысында, Балхта, буддизм кеңінен өріс алды.

1.3 Маздакшылар қозғалысы.
V – VI ғасырларда кезінде Иранда кең өріс алған бұқаралық халық
қозғалысы маздакилер қозғалысы болды. Ол Иранда V ғасырдың аяғында
басталды. Оның қозғаушы күші қауымдас диқандар мен кедейленген қолөнершілер
болды.
Қозғалыстың басшысы Маздақ жарқын болмыстың, әділеттіліктің зұлымдықты
қалай да жеңетіндігі туралы ұран тастады. Ол жеңіс әйтеуір бір кезде, құдай
сәтін салғанда ғана емес, осы өмірде, табан астында келуі тиіс деп
есептелді. Тек адамдардың белсенділігі арқасында жер бетіндегі зұлымдықтан
құтылуға болады делінді. Зұлымдықтың нақтылы көрінісі – адамдар арасындағы
мүлік теңсіздігі деп табылды. Ең алдымен сол мүлік теңсіздігі жойылуы керек
болды. Меншікті тепе – тең етіп қайта бөлу талабы қойылды. Өз
бағдарламаларының әлеуметтік талаптарын жүзеге асыру үшін маздакилер
байлардың мал – мүлкін тартып алып, кедейлерге бөліп бере бастады.
Байлардан алынған жер қауым аумағына қосылды.
Қозғалысты үстем таптың біраз бөлігі де, шахиншах I Кавад өз
мақсаттарына пайдаланып алуға тырысып, оған алғаш қолдаушылық көрсетті.
Кавад күшті байлардан құтылмақшы болды, әрі әскердің негізін құрайтын азат
– дехкандардың көңіл – күйін де есепке алды. 496 ж. шонжарлар Кавадты
құлатып, зынданға тастады. Бірақ 499 жылы Кавад билікті қайтарып алды.
Кавадтың көмегімен маздакилер өз жоспарларын жүзеге асырып қалуға
тырысты. Маздақ мемлекет басшыларының бірі болып тағайындалды. 502 – 506
жж. Иран Византиямен соғысты табысты аяқтады, көшпенділер шабуылын
тойтарды. Иранда бірнеше қалалар салынып, каналдар жүйесі кеңейтілді. Қауым
ішіндегі пысық, бақуаттылары біртіндеп маздакиттер қатарынан шығып, оған
қарсы бола бастады. Оның үстіне Кавад та ақсүйектермен, дінбасыларымен
келісімге бет бұрып, өз позициясын өзгертті. Себебі біраз әлсіреген
ақсүйектер енді Кавадқа қауіпсіз болды. Азат – дехкандар да қозғалыстан
шықты. Қозғалыс 529 ж. толық талқандалды.

1.4 I Хосров реформалары.
I Хосров реформалары. Халық қозғалыстары үстем тапқа ескі тәртіптер
бойынша өмір сүруге болмайтынын көрсетті. Сондықтан да сасанилердің жаңа
патшасы I Хосров (531 - 579) феодалдық укладты дамытып, нығайтуға
бағытталған қайта құру (реформа) жолдарын іздестіруге мәжбүр болды.
Маздакилердің байлардан тартып алған жерлері кәмпескеленді. Ол жер
енді мемлекеттік жер қорына қосылды. Байлығынан айырылған ақсүйек
әулеттерін, азат адамдарды Хосров патша қызметіне қабылдап, өзне тәуелді
жаңа әлеуметтік топ құрды.
Салық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Бұрынғы әртүрлі салықтар
жойылып, негізгі екі түрі ғана болды. Ол “хараг” деп аталған жер салығы
және “гезит” деп аталған жан басы салығы. Жаңа салық бөлшері маздакиттер
қозғалысына дейінгі мөлшерден әлдеқайда төмен болды. Бұл шаруаларға
жасалған жеңілдік еді.
Айлық табысы белгіленген тұрақты армия құрылды. Елде 4 әскери округ
құрылды. Әскери билік азаматтық биліктен бөлінді. Ел оңтүстік, батыс,
солтүстік, шығыс деген төрт облысқа бөлінді. Ол облыстардағы азаматтық
үкімет билігі әскери билікке – спахабадтар деген әскер басшыларына
бағынышты болды. Патшаның тең праволы үш уәзір – фармардары тағайындалатын
болды. Бұл өзгерістер, жаңалықтар патша билігін нығайтуды көздеді.

1.5 VI – VII ғасырлардағы Иранның сыртқы саясаты.
I Хосров белсенді сыртқы саясат жүргізді. 540 ж. Византиямен соғысты
жалғастырды. Шахиншах әскерлері Сирияны басып өтіп, Оронттағы Антиохияны
(Таяу Шығыстағы) талан – таражға салды. Сонан соң соғыс қимылдары Кавказға
ойысты. Онда Иран Византиядан Лазиканы (Батыс Грузия) тартып алуға тырысты.
561 ж. I Хосров Ануширван мен император I Юстиниан арасында “мәңгілік”
“бейбітшілік” бітімі жасалды. Ол бітім бойынша Византия өзінің бұрынғы
шекарасын сақтап қалды.
Бірақ көп өтпей бұл бітім қайта бұзылды. Енді Иран мен Византия
Оңтүстік Аравия үшін қырқысты. 577 ж. Сайф ибн зу – Иазан бастаған Иемен
ақсүйектері I Хосров жіберген әскердің көмегімен Византия мүддесін қорғаушы
Эфиопия әскерін елден қуып, үкімет билігін өз қолына алды. Иемен шахиншахқа
салық төлеп тұруға тиіс болды. 598 ж. Иемен Иранға қосылып алынды. 628
жылға дейін оның басшысы марзбанды шахиншах тағайындап отырды. 536 – 567
жылдары I Хосров солтүстік – шығыста эфталиттерді жеңіп, бұрынғы жоғалтқан
жерлерін қайтарып алған болатын.
579 ж. I Хосров Ануширван өлген соң таққа оның баласы IV Хормузд (579
- 590) отырды. Бұл кезде Иранға қарсы Кавказдың солтүстігінен хазарлар,
шығыстан – Амудария жақтан – түріктер, оңтүстіктен – арабтар шабуылға
шықты. Оларға тойтарыс берілді. 589 ж. күзде түріктерді жеңген әскер
басшысы Бахрам Чубин көп олжа түсіріп, оның азғантай бөлігін Ктесифонға
жіберді. Оған ашуланған IV Хормузд Бахрамның әскер басшылығынан
түсірілгенін жариялады. Бұл бұйрыққа қарсы Бахрам көтеріліске шықты. Оған
қарсы жіберілген әскердің көпшілігі көтерілісшілер жағына шығып кетті.
Бұл кезде астанада IV Хормуздқа қарсы қастандық ұйымдастырылды. Оны
шахиншахтың ағайындары Биндой мен Бистам басқарды. Олар IV Хормуздың көзін
ойып алып, орнына баласы II Хосровты отырғызды. II Хосров Парвиз (590 -
628) жас болғандықтан, қастандықты басқарған ағайындардың қолындағы
қуыршаққа айналды. Ол басқарған әскер Бахрам қолынан жеңілген соң II Хосров
Византияға қашты. Бұл кезде Биндой мен Бистам оның әкесі IV Хормузды
өлтірді. Бахрам астананы басып алып, елді бір жылдай басқарды. 591 ж. II
Хосров византиялықтар көмегімен тақты қайтарып алды. Бахрам Чубин түріктер
қағанатына қашып барып, сонда өлтірілді. II Хосров ағайыны Биндойды
өлтірткізді. Хорасанда әкім болып жүрген Бистам көтеріліс жасап, 595 ж.
жеңілді.
602 ж. II Хосров вассалдық тәуелділікті арабтық Хира патшалығының өзін
- өзі басқаруын жойды. Бұл әрекетке наразы болған араб – бедуиндер Зуқарада
604 және 605 жылдары шахиншах әскерін талқандады. 604 ж. Иран мен Византия
арасындағы ең үлкен соғыс басталды. Оның алғашқы кезеңі (622 жылға дейін)
ирандықтар үшін сәтті болды. Олар Месопотамияны, Сирияны, Арменияны
бағындырып, Египетке жақындады. Соғыстың екінші кезеңінде (622 - 628)
Византия жоғалтқан иеліктерін қайтарып алды.
628 жылдың аяғында астанада қастандық ұйымдастырылып, II Хосров Парвиз
тақтан құлатылды. Cол жылы су тасқыны болып, өз жағаларынан шыққан Тигр мен
Ефрат өзендері егістікке орны толмас зиян келтірді. II Хосров өз мұрагеріне
соғыстағы жеңілістер мен бүлінген шаруашылықтарды қалдырды. Ол тақтан
түскеннен кейінгі төрт жылдың ішінде он шақты мұрагерлер бірінен соң бірі
ауысты. Кейбір облыстардың орталықпен байланысы үзілді. III Иездегирд (632
- 651) тұсында елді қайта біріктіріп, нығайту әрекеті жасалды. Бірақ
экономкиасы әлсіреген Иран араб шапқыншылығына қарсы төтеп бере алмады.

1.6 Сасанилік Иранның мәдениеті.
Иран – байырғы мәдениеттің отаны. Сонау ерте орта ғасырларда Иранда
сәулет өнері жоғары дәрежеде дамыды. Ктесифон мен Сервистанда зәулім
сарайлары салынды. Мүсін өнері де елеулі табыстарға жетті. Оған дәлел Накш
– и- Рустам мен Би – Шапурдағы I –Шапур патшаның Рим императоры Валерианды
жеңгендігін бейнелейтін мүсін.
Сасанилер билігі кезінде жаратылыстану ғылымдары үлкен табыстарға
жетті. Математика, астрономия, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы
саласында ежелгі сириялық және пехлевилік тілдерде жазылған кітаптар
сақталған. Әдебиет саласындағы жетістіктерге “Авеста” дәлел бола алады.
Иран – ғажайып ертегілердің, керемет ақындардың отаны. Сасанилер
билігі кезінде Иранда грек ғылымы, оның ішінде неоплатанизм кеңінен тарады.
Оны христиандық Византиядан қуылған пұтқа табынушы оқымыстылар дамытты.
VI – VII ғасырларда ақын – сазгер Барбадтың аты кеңінен танымал болды.
Базигер театры туралы мәліметтер сақталған. Иранда сол кезде пантомима
өнері дә едәуір өріс алды. Сондай – ақ көлеңке театры мен қуыршақ театры да
қалысқан жоқ.
Сөйтіп, III – VII ғасырларда Иран мәдениет өзіндік ерекшеліктері бола
тұра басқа, көрші елдердің де озық мәдениетін бойына сіңіре отырып, дамып,
жетіле берді.

2. X – XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ИРАН.
2.1 Иран аумағындағы феодалдық мемлекеттері (саманилер, буидтер, газнауилер
мемлекеттері).
IX ғасырдың 60 – жылдары Аббастар халифатының әлсіреуі нәтижесінде
Иранның шығысында Саффар әулеті басқарған мемлекет құрылып, Систан мен
Хорасанда өз билігін орнатты.
900 жылдан кейін Саффарилер жаулап алған жерлер 819 ж. Мауераннахрде
қалыптасқан Саманилер әулетінің қолына көшті. Саманилер үкіметі 999 жылға
дейін өмір сүрді.
Иранның батысы мен оңтүстік батысында 935 жылдан 1055 жылға дейін
Буидтер мемлекеті өмір сүрді. Каспий теңізінің оңтүстігіндегі тау
халықтарының кедей отбасынан шыққан үш ағайындығы Буидтер алғаш жалдамалы
әскер қатарында болды, кейін әскер басы болып, 935 жылы Батыс Иранды, 945
жылы Бағдадты басып алды. Іс жүзінде халифты да бағындырып алып, Ахмед ибн
Буид оны өзіне “Эмирлердің эмирі” деген атақ беруге мәжбүр етті.
Cөйтіп Буид арабтық ирактың, бүкіл батыс Иранның тақсыры болып, халиф
тек сунниттік мұсылмандардың діни басшысы ғана болып қалды. Шираз бен Рейде
Ахмед Буидтің інілері Хасан мен Әли ел басшылары болды. Буидтік басшылардың
ішінде белсенділігімен, әсіресе Азуд – ад – Доулэ (949 – 983 жж.) ерекше
көзге түcті. Ол Ширазды басқаратын. Ол феодалдық рентаны қатаң тәртіпке
келтіріп, суару жүйесін кеңейтті. Сөйтіп, ауыо шаруашылығын көтеру жолында
көптеген шаралар қолданды.
Буидтер шийзмге қамқорлық жасап отырды. Саманилер мен Буидтер
мемлекеттерінде арабтар билігі кезінде қалыптасқан жерге феодалдық
меншіктің түрлері сақталып қала берді. X ғасырдың аяғына қарай ерікті
қауымдық шаруалардың көпшілігін феодалдық басыбайлы шаруаларға айналдыру
процесі негізінен аяқталды.
999 жылы Саманилер мемлекеті құлағаннан кейін Амудария өзенінің батысы
мен оңтүстігіндегі Хорасан, Систан жерлері және Ауғанстан 977 жылдан 1187
жылға дейін өмір сүрген Газнауилер мемлекетінің қол астына көшті. Бұл
мемлекеттің негізін Газни қаласы маңындағы шағын вассал князьдық қалады.
Газнауилер түркі тілдес халықтар болған. Газнауилер мемлекеті өзінің саяси
қуаттылығының шегіне Махмұд сұлтанның (998 - 1030) тұсында жетті. Махмұд
пұтқа табынушы индустарға қарсы Солтүстік Индияға “Қасиетті соғыс”
жариялады. Махмұд Индияға 17 рет жорық жасады. Тек бір жорығында ғана,
деректердің мәліметі бойынша, Махмұд Индиядан 57 мың құл, 20 млн. дирхемдік
байлық пен 350 піл әкеткен. “Дін үшін” соғыс туының астына жерсіз қалған,
байығысы келген мыңдаған шаруалар өз еркімен жиналатын. Махмұд Ғазнауи
Буидтер мемлекетімен де соғысты. 1017 жылы ол Хорезмді басып алды.

2.2 Сельжуктер билігі кезіндегі Иран.
XI ғасырдың басында Орта Азиялық селжүк оғыздары Иранмен Кіші Азияға
қоныс аударды. Қарахандық түріктерден қудалаушылық көрген оғыздар сұлтан
Масуд Газнауиден Абиверда, Серахс, Ниса, Мерв аудандарынан көшіп – қонып
жүретін жер сұрап алды. Ақысына әскери қызмет атқаруға уәде берді, әскері
жетіспеген Масуд оғыздар тілегін қанағаттандырып, 1035 ж. олардың сұраған
жерлерінің біраз бөлігін берді.
Бірақ жыл өткен сайын оғыздардың жерлерін кеңейту талабы өсе түсті.
Ашуланған Масуд Газнауи оғыздарға қарсы әскер жіберді. Сельжуктық оғыздар
көсемдері ағайынды Тоғрылбек пен Шағрылбектер 1040 жылы ол әскерді
талқандап, өздеріне Хорасан мен батыс Иранға жол ашты. 1043 жылы Газнауилер
Хорасан мен Хоремзнен айрылды. Тоғрылбек басқарған Сельжук мемлекеті
құрылды. 1040 – 1055 жылдар аралығында Сельжуктер бүкіл Иранды басып алды.
Сельжуктер батысқа қарай жылжи отырып Иракты, Әзербайжан мен Арменияны
басып алды. 1055 жылы олар Бағдадты басып алып, аббасид халифы Қаимды
Тоғрылбекке сұлтан атағын беруге мәжбүр етті. 1077 жылы Рум сұлтанаты
құрылып, оның қол астында Кіші Азия қалды.
Исмаилилік шиит Хасан ибн Саббах басқарған секта 1090 жылы Казвин
қаласының солтүстігіндегі Аламут (“Бүркіт ұясы”) қамалын басып алды да, өз
орталығына айналдырды. Кейін исмайлилер Альбрус, Кухистан, Сагс, Ливан
тауларында бірнеше қамалдар мен замоктарды басып алды, сөйтіп “таулық қарт”
басқаратын, текоратиялық исмаилилік мемлекет құрылды. Ол 1090 – 1256 жылдар
аралығында өмір сүрді.
Cекта мүшелері қатаң тәртіппен, антпен берік топтасқан ұйым құрды.
Исмаиилілер сельжуктерге қарсы аянбай күрес жүргізді, өмірін қиюға дайын
тұратын фидайлар өздеріне қас деп санайтын саяси және мемлекеттік
қайраткерлерді өлтіріп отырды. Адамның басын айналдырып, мас қылатын
есірткі тартатын Хасан Саббахтың исмаилилері “хашиш тартушылар” атанды.
Арабтар оларды “хашишийун” деп атаған. Осы сөзден еуропалықтар исмаилилер
сектасының мүшелерін ассасин деп атап кетті. Бұл француз, итальян
тілдерінде “өлтіруші” дегенді білдіреді. Алғаш исмаилилер – ассасиндер
бұқарасын қолөнершілер мен шаруалар құрды. XII ғасырдағы Сириялық араб
Усама ибн Мунқыз, мемуарлар авторы, исмаилилерді “кедейлер”, “жүн түтушілер
еді” дейді. Замоктар мен жерлерді басып алып, сектаның басшылары бай
феодалдарға айналды. XIII ғасырдың басына қарай Ирандағы исмаилилер
мемлекеті кәдімгі феодалдық мемлекетке айналды.
Сельжуктер билігі кезінде қолөнершілер мен көпестер арасындағы
қырқысулар ондаған жылдарға созылды. Тегеран тұрғындары қорғауға ыңғайлы
болу үшін жерден үй жасап, сонда тұра бастады. Рейде XIII ғасырдың басында
ақсүйектер жеңіске жетті. Бұл жеңіс өте қымбатқа түсті. Екі жақтан 100
мыңдай адам қаза тапты дейді тарихшылар. Мұндай қанды қырқысулар Нишапур
мен Исфаханда да орын алды. Бұл қырқысулардың идеологиялық негізінде діни
нанымдағы қайшылықтар – шииттер мен суниттер келіспеушіліктері жатты. XI –
XII ғасырларда Ирандағы феодал ақсүйектер сунниттердің, қала мен деревня
кедейлері–шииттердің идеологтары болды.
“Ұлы Сельжуктер” сұлтанатына Балх ауданында көшіп – қонып жүретін
түрік – оғыздар көтерілісі ауыр соққы болып тиді. Балх оғыздары ауыр
салыққа – жылына сұлтан дастарханына 24 мың қой беріп отыруға наразы болып,
көтеріліске шықты. Олар 1153 ж. сұлтан әскерін талқандап, сұлтан Санжардың
өзін тұтқынға алды. Сонан соң Мерв пен Нишапур қалаларын, Хорасанды тонап,
талан – таражға салды. Парсы ақыны Анвар бұл тонаушылықты өзінің
“Хорасанның көз жасы” атты элегиясында өте шебер бейнелеген.
Бұл көтерілісті оғыз тайпасының басшылары пайдаланып қалды. Соғыста
қолға түскен олжаларды иемденіп, жер үлестерін кеңейтті. Ондағы басыбайлы
шаруалар қатары да көбейді. Қарапайым шаруалар бұқарасы көтерілістен пайда
таппады. Санжар сұлтан (1118 – 1157 жж.) өлген соң “Ұлы Сельжуктер”
сұлтанаты бірнеше ұсақ князьдыққа бөлініп кетті. Бұл сұлтанаттың әлсіреп
ыдырауына байланысты XI ғасырда бұрынғы Сельжук империясының леннигі болған
Хорезмнің саяси маңызы күшейді. Суару жүйелерінің дамуы, ауыл
шаруашылығының жоғары дәрежеде жетілуі, Орта Азияны орыс, Иран жерлерімен
қосатын керуен жолының бойына орналасуы Хорезм басшыларының қуатын өсірді.
“Ұлы Сельжуктерджің” құлауын пайдаланып, Хорезм шахтары XII ғасырдың 80 –
90 жылдарында Мерв пен Хорасанды өз мемлекеттеріне қосып алды. 1210 жылы
Мұхаммед Хорезмшах тұсында Бұхара мен Сарарқанд қалалары орналасқан
Мауереннахр қосып алынды. Ал 1215 жылы Ауғанстан толығымен түріктерге
қосылды.
XII – XIII ғасырлар аралығында Иран экономикасы біраз жандана түсті.
XIII ғасырдың басында жазылған “Табаристан тарихының” авторы Ибн Асфандияр
Мазендаран облысы туралы былай дейді: “Бұл жерде арпа – бидай, жеміс –
жидек, аң мен төрт түлік дегенің өте жеткілікті. Байлық көзіңді тойдырады.
Бір жапырақ бос жатқан жерді кездестіре алмайсың”. Соңғы Хорезм шахтар
Сельжук сұлтанатындағы дағдарысты пайдаланып, 1132 жылы төменгі Ирак пен
Хузистанда саяси биліктерін қалпына келтірген Аббасидтік Бағдад халифатымен
сәтсіз соғыстар жүргізді. Ақыры 1220 жылы Хоремзшахтар империясы моңғол
жаулап алушыларының оңай жеміне айналды.

2.3 Дін.
XII ғасырдың басында суиниттік қағидалар тұжырымжалып бітті. 112 жылы
қайтыс болған имам Мұхаммед Газали “Ихья улум – ад дин” деген еңбегін
жазды. Ол мұсылмандық діни қағидаларды қарапайым халыққа жақындатуға,
қызығырақ етуге тырысты. Мұхаммед Газали атеистік философияға қарсы еңбек
те жазды (“Философтардың күйреуі”). Атеист философтар оған “Күйреудің
күйреуі” деген трактатпен жауап берді. XI ғасырда Иранның қала тұрғындары
арасында суфизм (ислам дініндегі мистикалық – аскеттік бағыт) ықпалы күшті
болды. XII ғасырдағы ақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Деректерде осы маздакиттер қозғалысы тұсында
Сасанид дәуіріндегі Иран мәдениеті
Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Жібек жолының қалыптасуы
Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті
Түркі – Соғды қатынастары
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Түрік қағанатының ыдырауы
Пәндер