Жүйке жүйесі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ. ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ.
1.1 Жоғарғы жүйке қызметі . психиканың физиологиялық негізі. 4
1.2 Мидың рефлекторлық қызметі. Шартты және шартсыз рефлекстер, шартты рефлекстердің жасалу жолы. 8

2. НЕГІЗГІ НЕРВ ПРОЦЕСТЕРІ, ТЕЖЕЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ЖОҒАРЫ НЕРВ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢДАРЫ.
2.1 Негізгі нерв процестері, тежелу және оның түрлері. 12
2.2 Жоғары нерв қызметінің заңдары. 15

3. БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ СИГНАЛ ЖҮЙЕЛЕРІ. ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП.
3.1 Бірінші және екінші сигнал жүйелері. 17
3.2 Динамикалық стереотип. 17

ҚОРЫТЫНДЫ 19

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ 21
КІРІСПЕ
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән – жайына қанығу үшін ми мен психикасының, материя мен сананың қарым – қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар нерв жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін нерв орталықтары атайды. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өне бойына орналасқан.
Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Әдеп және жантану. Хрестоматия. – Алматы, 1996 ж.
2. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. Петровского А.В. 2 изд. – М., 1979 ж.
3. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. Гамезо М.В. – М., 1989 ж.
4. Бапаева М.К., Нығметова К.Н., Шериязданова К.Т. Балалар психологиясынан танымдық жаттығулар мен тапсырмалар. – Алматы: Рауан, 1994 ж.
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993 ж.
6. Алдамұратова Ә. Жалпы психология. Алматы 1995 ж.
7. Немов Р.С. Психология. Т-1. М., 1998 ж.
8. Аймауытұлы Ж. Психология. А., 1995 ж.
9. Данилова Н.Н., Крылова А.Л. Физиология высшей неврной деятельности. - М., 1989 ж.
10. Лурия А.Р. Эволюционное введение в психологию. – М., 1975 ж.
11. Мұқанов Ж. Жас және педагогикалық психология (лекциялар). – Алматы, 1982 ж.
12. Курс общей, возрастной и педагогической психологии. Вып. 1 -3. Под ред. М.В. Гамезо. – М., 1982 ж.
13. Жарықбаев Қ. Психологи. – Алматы: Білім, 1993 ж.
14. Крутецкий В.К. Психология. 2 изд. – М.,: Просвещение, 1986 ж.
15. Кузин В.К. Психология. – М.,: Высшая школа, 1982 ж.
16. Психология. – Алматы: Мектеп, 1966 ж.
17. Психология№ 2 – басылымнан қазақ тіліне аударылған. – Алматы: Мектеп, 1980 ж.
18. Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. – Алматы: Мектеп, 1966 ж.
19. Общая психология. Под ред. А.В. Петровского. 2 изд. – М., 1977 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ. ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ.
1. Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізі.
4
2. Мидың рефлекторлық қызметі. Шартты және шартсыз рефлекстер, шартты
рефлекстердің жасалу жолы.
8
2. НЕГІЗГІ НЕРВ ПРОЦЕСТЕРІ, ТЕЖЕЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ЖОҒАРЫ НЕРВ
ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢДАРЫ.
1. Негізгі нерв процестері, тежелу және оның түрлері.
12
2. Жоғары нерв қызметінің заңдары.
15
3. БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ СИГНАЛ ЖҮЙЕЛЕРІ. ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП.
1. Бірінші және екінші сигнал жүйелері.
17
2. Динамикалық стереотип.
17

ҚОРЫТЫНДЫ
19

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ
21

КІРІСПЕ
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән –
жайына қанығу үшін ми мен психикасының, материя мен сананың қарым –
қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті
мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның
заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын
іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі
– мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер
арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып
отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен
қатар нерв жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың
қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі
өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл
нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын
тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты
дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп
бітетін жерін нерв орталықтары атайды. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі)
және вегетативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өне бойына орналасқан.
Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми
мен жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады.

1. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ. ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ.
1. Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізі.
Психика – жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан, психикалық қасиетті
түсіну үшін адам мен жануарлардың психикасының материалдық негізі болып
табылатын жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктерін білу керек.
Жүйке жүйесі орталық және перифериялық жүйке жүйесі болып екіге
бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі – бұл ми (бас миы және омыртка жұлыны).
Перифериялық жүйке жүйесі - жүйкелер, яғни талшық шоқтары. Осы
жүйкелер бас миы мен омыртқа жұлынынан адамның барлық денесіне тарап
жатады.
Ми да, жүйкелер де, нейрондардан яғни бірімен – бірі жалғасып жататын
жүйке жасушаларынан құралады.
Мидың бірнеше бөліктері болады. Омыртқадағы жұлын қарапайым қозғалысты
реттейді.
Жануарлардың миына қарағанда адам миының құрылысы күрделі болып
келеді. Адамның миының аумағы да үлкен. Маймылдардың миының орта салмағы
400 – 500 грамм болса, ал адам миының орта салмағы 1400 грамм. Ағзаның өмір
ссүруіндегі ми қызметі үлкен роль атқарады. Сонымен қатар организм
тіршілігінде ми сыңарлары қыртысының маңызы зор. Адамда ол орта есеппен
алғанда 14 – 15 миллиард нейроннан тұрады. Мы қыртысының маңдай жағы
неғұрлым маңызды роль атқарады.
Жануар неғұрлым дамыған болса, оның ми қыртысының маңдай жағының үлесі
соғұрлым көбірек болады.
Жеке адамның психикалық өмірінде мидың көлемі мен салмағының бірсыпыра
маңызы бола тұрса да, ми құрылымының ерекше маңызы бар. Сондықтан мидың
салмағына қарай, адамның ақылы туралы кесіп – пішіп айтуға болмайды.
Мәселен, Тургеневтің миының салмағы 2120 грамм, Павловтың миы 1653 грамм,
ал кейбіреуінде кем, Анатоль Франстың миының салмағы небәрі 1170 грамм. Ми
сыңарларынан айырылған ит толық мүгедек болады.
Жүйке жүйесі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады,
айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құралған. Бұл
нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын
тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты
дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп
бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық перифериялық (шеткі)
және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өң бойында орналасқан.
Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің
құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы
бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі
жөнінде де күрделірек болып келеді. Ортарлық нерв жүйесінің төменгі бөлімі
– жұлын (жуандығы 1 см-дей) омыртқа қуысының ішінде орналасқан, оның
ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішңі
жағында сұр зат орналасқан. Мұның көлденең кесіндісінің пішіні көбелектің
бейнесіне ұқсайды. Сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен
қоршалған.
Жұлыннан жан жаққа 31 жұп нерв талшықтары тарайды, олардың бәр тобы
ортаға тебетін, екінші бір тобы – шетке тебетін жүйке деп аталады.
Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым
қозғалыстарымыздың (аяқ – қолды бүгу, керіп – созу т .б.) жұмысын
басқаратын орталық болып табылады. Мәселен, жаңа туған нәресте емуге
әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлынның
шартсыз рефлекстері, олар организмге туысынан тән болады.
Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі – ми. Оның орташа салмағы ересек
адамдарда 1400 грамм. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми, бәрі қосылып
– ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы әсіресе, омыртқалы жануарлардың
өмірінде ерекше рөл атқарады.
Сопақша ми жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан
айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру,
шайнау, жұту сияқты реакцияларымыз – сопақша мидың қызметі.
Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық
орналасқан. Мишық ағзаның қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс – тұрғысын
басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың
үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғары орналасқан орта мида құлақ
пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, секлет еттерінің қалпын реттейтін
жүйке орталықтары бар.
Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады.
Мидың осы бөлігін тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық
рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі –
афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады. Афференттік – латынның
афферекс деген сөзі, қазақша “жеткізуші” деген мағынаны білдіреді.
Мидағы осы орталық, оның төменгі бөліктеріне (жұлын т. б.) басшылық
ету процестерінің жұмысын реттестіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін
арттыру не төмендету, оған баратын импульстерді іріктеп, електен өткізу де
осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не
басқару пульті деуге болады. Ретикулярлық формация ми қабығы астындағы
орталық миды қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұрады. Мәселен, адам
күрделі ой әрекетімен айналысқанда адам миына біраз энергия қажет болады.
Мұндайда мидың осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі. Аталмыш нерв
орталығы эмоция, ерік процестерін басқаруда, сондай – ақ адамды ширатып,
зейінін арттыра түсуде елеулі қызмет атқарады.
Миға сырттан келген әсерлерді жеткізіп, сол әсерлерге мидың реакциясын
іске асыратын бөлім – шеткі (перифериялық) жүйке жүйесі. Бұл жүйенің түрлі
қызмет атқаратын екі түрлі жүйкелік өткізгіш талшықтары бар. Оның бірі –
сыртқы тітіркендіргіштерден алынған қозу толқындарын ми және басқа орталық
жүйке жүйесінің бөлімдеріне жеткізетін аффренттік жүйке талшықтары.
Екіншісі – ми және басқа да бөлімдердің импульстерін бұлшық етке, сезім
мүшелеріне жеткізуші эфференттік (әкетуші) жүйке талшықтары.
Ішкі (вегетативтік) жүйке жүйесінің атқаратын қызметі – адамның ішкі
мүшелерінің әрекетін басқару. Мұндай мүшелерге жүрек, өкпе, ішек, қарын,
ішкі секреция бездері т.б. жатады. Вегетативтік жүйке жүйесінің
симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің арасында өте күрделі
қатынас болып отырады. Егер мұның бірі организмдегі белгілі бір мүшенің
жұмысын қоздыратын болса, ал екіншісі сол жұмысты бәсеңдетуге, сөндіруге
тырысады. Мысалы, симпатикалық жүйке талшықтарының қозуы жүрек жұмысын
күшейтетін болса, ал парасимпатикалық талшықтар оны әлсірете бастайды.
Вегетативтік жүйке жүйесінің бөлімдері адамның ішкі мүшелерінің қызметін
басқаруда антагонистік қайшылық тудырып отырады. Мұндай әрекет адамның
сезім мүшелеріне де үнемі әсер етеді.
Егер осы айтылған ми бағанысының құрамдары эволюциялық дамудың төменгі
сатысында тұрған жануарлардың психикасы үшін елеулі орын алатын болса,
жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдардың өмірінде негізгі қызметті ми
қабығы атқарады. Денеде болатын барлық құбылыстарды өз қарамағында ұстайтын
ми қабығы адамдарда ерекше жетілген.
Адам миының күрделілігі оның көлемі мен ішкі құрылысынан жақсы
байқалады.
Ми сыңарлары екі бөліктен (оң жақ және сол жақ сыңары деп аталатын)
тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80 пайызына тең.
Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталынады.
Ми қабығының қалыңдығы – 2 -5 миллиметрдей. Ми қабағында екі жүздей
орталықтар орналасқан және оның атқаратын қызметі де әр алуан (8, 9
суреттерде мидың құрылымы, орталықтары, олардың орналасу жағдайы,
эволюциялық дамуы, ерекшеліктері мен сипаттары көрсетілген). Ол қалыңдығы
3–4 миллиметрлік бірнеше қабаттардан тұрады. Бұл қабаттардың клеткалары
типі мен қызметіне қарай бір – бірінен өзгеше болып келеді. Осы
клеткалардан тарайтын нерв талшықтары оларды сезім мүшелерімен, бүкіл
денемиен, сондағы барлық клеткалармен байланыстырады. Ми қабығындағы
осындай нерв клеткаларының саны 15 миллиардқа жуық деп есептелінеді.
Ми біздің сезім мүшелерімізге келетін сан қилы сигналдарды талдап,
оларға қайтарылатын жауаптарды біріктіріп отырады. Ми қабығының
рефлекторлық механизмдерінің әрекетін іске асырып, тежеп, төменгі қабаттағы
бөлімдердің әрекетімен ұштастырады. Сондай – ақ, сыртқы, ішкі әсерлерге
организм қайтаратын реакцияларды даярлайды. Яғни мидың шартты рефлекс
жасайтын қабілеті болғандықтан, ол өмір тәжірибесін меңгереді, оларды
жинақтап, реттеп отыратын мүше ретінде танылады. Адам миының күрделілігі
оның көлемінен, ішкі құрылысынан айқын көрінеді. Мәселен, ересек адам
миының қабағының сылып алып, тегістеп жайып көретін болсақ, оның ауқымы екі
шаршы метрге (2 м²) тең болар еді. Адам миының салмағы мен құрылысының аса
күрделі және кемелденіп жетілген материя екендігін мынадай салыстырмалы 1
кестеден да айқын аңғаруға болады:

Таблица 1.
Кит Піл Жылқы Ит Маймыл Адам
1 1 1 1 1 1
20000 5000 400 250 100 46

Салыстырмалы түрдегі бұл кестеде әрбір жануардың өзіндік салмағымен
салыстырғанда кит миының салмағы бүкіл дене салмағының жиырма мыңнан бір
бөлігіндей, маймыл салмағы денесінің жүзден бір бөлігіндей ғана екен. Ал
адам миының салмағы оның жалпы денесінің салмағының қырық алтыдан бір
бөлігіндей. Бұл көрсеткіш адамның ми салмағының дүние жүзінде тіршілік
ететін жан – жануарлардың бәрінікінен де артық екендігін көрсетеді.
Ми қабығы төрт бөлімге бөлінеді. Олар: маңдай, төбе, желке және самай
деп аталынады.
Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше. Ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді
көптеген анализаторлардың (талдағыштардың) ядросынан тұрады. Мида көру,
есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм т. б. анализаторларлың жүйке орталықтары
бар. Мәселен, мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есту, төбе
бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан. Осындай орталықтардың саны 200 –
ге жуық. Бұлардың мидағы орны бір жерге шектелмеген, нерв клеткалары мидың
басқа бөліктеріне де таралып кетіп жатады. Ми қабығының дамуы еңбек
процесімен қатар жүріп отырған. Оның дамуы адамның сезім мүшелерінің,
әсіресе, заттарды сипай сезу арқылы танытатын қолдың дамуына үлкен әсер
еткен. Адамның жүйелі дыбыстар шығаратын дауыс аппаратының (тамақтан,
тілден, таңдай мен еріннің бұлшық еттерінен келетін тітіркендіргіштерді
қабылдайтын клеткалар), есту мүшесі мен көзінің ерекше дамуы да ми дамуының
нәтижесі. Расында да табиғат жасаған кереметтердің есебі жоқ. Ми солардың
ішіндегі ең бір теңдесі жоқ түрі. Оның әлде де ашылмаған көптеген құпия
сырлары бар. Мәселен, мида бір ойдан кейін екінші ойдың қалайша пайда
болатындығы, өлең шумақтарының қалайша есте қалатындығы, яғни осындай
жағдайларда қандай нейрондардың жұмысқа түсетіндігі ғылымға онша мәлім
емес. Дегенмен ғылым бұл салада да біраз жетістіктерге жетті. Ғалымдар
қазір де арнаулы құрал арқылы миддың кез келген бөліктерімен байланыса
алады, түрлі психикалық құбылыстарға сәйкес келетін “тірі” электр
импульстерін тіркейді. Мидағы нерв талшықарының жаны да “сіріден” берік.
Өйткені, егер бір тіл сымы істен шыққан радиоприемник жұмысын дереу
тоқтататын болса, жүздеген, мыңдаған нерв клеткалары зақымданған ми өз
жұмысын одан ары жалғастыра береді. Зақымданған нейрондар да қалпына келіп
отырады екен. Мәселен, адам қатты ашуланған кезде, нерв клеткаларының
бірқалыпты жұмысы бұзыла бастайды да, оның кейбір нейрондары істен шығады.
Ауруға шалдыққан бөлімнің әуелі жан – жағындағы клеткалар жойылып, артынан
өзгеріс орта шеніне қарай ауысады. Адамдар түрлі психикалық ауруларға
шалдыққанда оның нейрондарымен синапстарының (нерв талшықтарының
клеткаларға ұштасқан жуандау жері) кейбір блімдері бұзылады да, кейін бұл
нерв клеткалары өзгеріске түсетін көрінеді.
Мида әлсіз электр токтары (биотоктар) жұмыс істейтіндігі ғылымға
көптен мәлім. Биотоктардың мидағы жүріс – тұрыс, өрісін осциллограф дейтін
аспап арқылы зерттейді. Мәселен, оны электродпен жалғастырып адамның басына
кигізгенде, битоктар ирек сызық түрінде қағазға түседі. Осындай жазылымды
мидың электроэнцефаллограммасы дейді. Биотоктардың бірнеше ритмдері
(толқындары) ажыратылады. Мәселен, мида 9 – 12 жиілік шамасында өрістейтін
“альфа - толқын” (мидың дем алыс, тыныш жағдайын көрсететін ритм),
секундына 3 – 5 жиілікпен өтетін “дельта - толқын” (ұйқы кезіндегі ми
қызметінің ритмі), секундына 13 – 20 жиілікте болатын “бета - толқын”
(күрделі ой жұмысы жағдайындағы ми қызметі) өріс алып отыратындығы
анықталған.

2. Мидың рефлекторлық қызметі. Шартты және шартсыз рефлекстер, шартты
рефлекстердің жасалу жолы.
Сыртқы орта адамның миына, жүйке жүйесіне сезім органдары арқылы үнемі
әсер етеді. Ағза бұл әсерлерді қабылдап жауап беріп отырады. Бұл процесті
рефлекс деп атаймыз. Рефлекс латын сөзі, қазақшаға аударғанда “бейнелеу”
деген мағынаны білдіреді. Мәселен, біз байқаусызда қолымызды ыстық затқа
тигізіп алсақ, сол сәтте тартып аламыз. Бұл тітіркендіргіш жүйке жүйелері
арқылы омыртқа жұлындарына беріледі, ал одан кейін бұлшық еттерге импульс
береді. Импульс латын сөзі қазақша аударғанда “түрткі ояту” деген мағына
береді. Рефлексті бұдан 300 жыл бұрын Француз ғалымы Ренэ Декарт ұсынды.
Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс туралы
алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт (1596 – 1650 ж.ж.). Ол өз
еңбектерінде жүйке жүйесінің рефлексі жайында өз дәуірінің талабына сәйкес
құнды пікір айтып, оны дәлелдеп те берді.
Ал рефлекстің биологиялық сипатын ашып көрсеткен – чех ғалымы Иржи
Прохаске (1749 - 1820). Ол ғылымға “рефлекс” ұғымын ендіріп, оның мәнін
ашып түсіндірді. “Рефлекс” – латын сөзі, қазақша бейнелеу деген мағынаны
білдіреді. Ал рефлекс терминінің нақты мағынасы – сырттан не іштен келетін
тітіркендіргіштерге организмнің жауап қайтару реакциясы. Рефлекстер -
жануарлар мен адамдардың туысынан пайда болатын қасиеттері. Мысалы, электр
тоғымен иттің аяғына әсер еткенде, ол аяғын жылдам тартып алады. Анасы жаңа
туған нәрестені емізетін болса, бала еме бастайды. Осындай әрекеттердің
бәрі – сан алуан рефлекс түрлері.
Шартсыз рефлекстердің нерв жүйесі арқылы жасалу жолын рефлекс доғасы
деп атайды. Рефлекс доғасының бөліктері: рецептор (сезім мүшесі), өткізгіш
нерв пен қозу процесі пайда болатын орталық нерв жүйесінің тиісті бөлімі
және орталықтан жұмыс аппаратына (сілекей шығаратын бездер, бұлшық еттер)
келетін нервтер.
Рефлекс доғасы қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым
рефлекторлық доға кемінде үш нейроннан (афференттік, аралық, эфференттік)
құралады. Қарапайым рефлекторлық доғаның бойымен жүріп отыратын қозу –
шартсыз рефлекстің физиологиялыұ негізі. Шартсыз рефлекс – тума құбылыс.
Оның орталықтары жұлын мен ми бағанасында орналасқан. Күрделі рефлекторлық
доға бойымен жүріп отыратын қозу - - шартты рефлекстердің (жүре пайда
болатын, қайталау нәтижесінде туатын рефлекстердің) физиологиялық негізі.
Рефлекс доғасының күрделі түрі ми қабығының жұмысына байланысты. Күрделі
рефлекторлық доғаның құрылуына көптеген нейрондар қатысады. Ми жұмыс
органына хабар жіберіп қана қоймай, ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат
алып та отырады. Мұнсыз ми сыртқы ортадан мүлде қол үзген болар еді де,
организмдегі түрлі тітіргендіргіштерге ретімен жауап беріп отыру қиынға
соғар еді. Тек екі жақтан хабарлаудың арқасында ғана ми айналадағы
құбылыстар туралы дұрыс мәлімет алып, нақтылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін
бағыттай алады. Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің жасалу дәстүрі үш мүшелі
доға принципіне шектелмейтіндігі, яғни рефлекс қызметі жұмыс органына
келумен бітпей, он сонымен бірге миға қайтадан хабар жеткізіп отыратындығы
белгілі болып отыр. Кибернетика ғылымы жарыққа шықпастан көп бұрын орыс
физиологы П.К. Анохин (1898 - 1974) ұсынған осы теория (1935) рефлекс
туралы ілімнің творчестволықпен дамытылуының айғағы еді. Сөйтіп физиолог
Н.А. Бернштейн (1896 - 1966) айтқандай, қазір рефлекстердің жасалу жолын
доғамен белгілемей “рефлекс шеңбері” арқылы жасалатындығын мойындау бірден
– бір ғылыми түсінік болып отыр.
Шартсыз рефлекстер мен шартты рефлекстердің мән – жайын жалпы
рефлекторлық теория тұрғысынан қарастырғанда, олардың өзіндік
ерекшеліктерін атап көрсеткен ұтымды болмақ. Шартсыз рефлекстің мынадай
ерекшеліктері бар: 1) Шартсыз рефлекс – тума; 2) шартсыз рефлекстер
жұлында, ми бағанасында жасалады; 3) рефлекстің бұл түрі тума болғандықтан
тұрақты; 4) рефлекстің жасалуы үшін ешқандай шарттың қажеті жоқ (мысалы,
тамақ ауызға түсісімен, сілекей пайда болады). Ал шартсыз рефлекстер
организмде жүре – бара, ми қабығында жасалады; ол уақытша; шартты
рефлекстер жасалу үшін мида шартты және шартсыз екі түрлі тітіркендіргіш
мезгіл жөнінен ұштасып, соның нәтижесінде уақытша жүйелік байланыс
орналасуы қажет. Сондықтан шартты рефлекс жасалу үшін организмнің сыртқы
ортамен уақытша байланысы орнығып, атқаратын қызметіне орай ол сигналдық
сипатта болады.
Рефлекс туралы теорияның негізгі қағидаларын нағыз ғылыми тұрғыдан
тұжырымдаған атақты орыс физиологы И.М. Сеченов болды. Ол өзінің 1863 жылы
жазған “Ми рефлекстері” деген еңбегінде психикалық құбылыстардың табиғатын
рефлекс тұрғысынан түсіндірді. Сеченовтың отандық ғылым алдындағы баға
жетпес еңбегі мынада: ол рефлекстік теорияның негізінде ғасырлар бойы
жұмбақ болып келген психикалық құбылысты материалдық тұрғыдан алғаш рет
шешті. И.М. Сеченов мынадай қарапайым тәжірибе жасады: құрбақаның үлкен ми
сыңарларын аралық мидың тұсынан тілін алып тастап, оның аяғын қышқыл
ерітіндісімен тітіркендірді, ол осы тітіркендіруге жауап ретінде келетін
рефлекстің қандай жылдамдықпен пайда болатынын бақылады. И.М. Сеченов мидың
тілінген жеріне ас тұзының кристалын салғанда онда рефлекстің тежелуге
ұшырағанын көрген. Бұл тәжірибе рефлексті мидың тежей алатындығын айқын
көрсеткен И.М. Сеченовтің ми қабығында қозумен қатар тежелу процесі де қоса
қызмет атқарады деген пікірі психикалық әрекеттің мидың күрделі жұмысына
байланысты екендігін, оның барлық көріністерінің негізінде қозу мен
тежелуге байланысты пайда болатын рефлекстер жататындығын тамаша дәлелдеп
берді.
Организмнің рефлекторлық қызметін ғылыми тұрғыдан жете зерттеген
әйгілі физиолог ғалымдар И.М. Сеченов пен И.П. Павлов өз еңбектерінде
жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын (қозу мен тежелу, динамикалық
стереотип, бірінші және екінші сигнал жүйелері) ашып көрсетті. Организмнің
сыртқы әсерлерге тұтастай не жеке мүшелермен жауап беруі (рефлекстер) жүйке
клеткаларының тітіркеніп, физиологиялық процестердің туындап отыруына
байланысты екендігі анықталды.
И.М. Сеченовтің ми қызметінің рефлекстік механизмі туралы идеялары
И.П. Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімінде (бұл ілім жоғары нерв
қызметі туралы ілім деп те аталады) дамытыла түсті. И.П. Павлов өзінің
көптеген шәкірттерімен бірге отыз бес жыл бойына рефлекстердің жаңа түрін –
шартты рефлекстерді зерттеді. Олардың көптеген заңдылықтарын ашты, шартты
рефлекстердің шартсыз рефлекстерден ерекшеліктерін көрсетті.
Шартты рефлекстер үнемі өзгеріп отырады, егер оларды туғызған
жағдайлар қайталанбайтын болса, онда бұлар жойылып кетеді.
Рефлекстің осы екі түрінің арасында мүлде байланыс жоқ деуге болмайды.
И.П. Павлов шартты рефлекстер сыртқы жағдайлардың әсеріне бейімделуіне
қарай шартсыз рефлекстерге ауысып отыратындығын, сөйтіп бұл екеуінің
арасындағы өзара байланыстың барлығын талай рет айтқан болатын. Сөйтіп екі
түрлі бұл рефлекстердің арасында өзара байланыс болып отыратындығы нақты
мысалдармен анықталды. Шартты рефлекстердің жасалуы негізінен организмнің
сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, мидың белгілі алабында қозу
процесінің пайда болуы және сол тітіркендіргіштің қайталануы мен жүйкелік
байланыстар нәтижесінде нығаяды.
Шартты рефлекс өмірде пайда болып қоймайды, сонымен қатар жоғалып та
кетеді. Сондықтан И.П. Павлов оны ми қабығындағы уақытша жүйке байланысы
деп атады.
Уақытша жүйке байланысы ми қыртысында тек тітіркендіргіштің пайда
болуының нәтижесінде ғана құралмайды, сонымен қатар мақсатқа жеткізетін
байқау әрекеттерінің нәтижесінде құралады. И.П. Павлов лабараториясында
жүргізілген тәжірибенің қысқаша мазмұны мына төмендегідей: егер итке бір
мезгілде екі тітіркендіргіш әсер етсе – бірі шартсыз рефлексті туғызатын –
тамақ, екіншісі өздігінен жануарда рефлекс туғызбайтын, бейтарап
тітіркендіргіш – жарық болса, мида қозудың екі алабы (бірі – көру, екіншісі
– тамақтану орталығында) пайда болады. Қозудың осы алаптарының арасында екі
тітіркендіргішті қосарландыра қайталаған сайын нығайып отыратын нерв
байланысы жасалады. Тамақ жарыққа қарағанда жануардың тәршілігі үшін аса
қажетті тітіркендіргіш. Сондықтан мидың тамақтану орталығы көру орталығына
қарағанда күшті қозады. Күшті қозған тамақтану орталығы өзінен баяу қозған
көру орталығының қозу процестерін өзіне тартып алады. Осыдан барып бұл
екеуінің арасында байланыс жасалады. Мұны И.П. Павлов ми қабығындағы
уақытша жүйке байланысы деп атаған.
Осындай байланыс жасаудың нәтижесінде ит кейін жарық жағылып, тамақ
берілмесе де сілекей шығара береді. Жеке алғанда итке мүлдем қатысы жоқ,
бейтарап тітіркендіргіш болып табылатын жарық тамақпен бекіндірілгеннен
кейін ит үшін биологиялық маңызы бар тітіркендіргіштерге айналып отыр.
Мәселен, ит өзін қамаған үйден шығудың жолын іздейді, бірнеше есіктің
біреуі жабылмаған. Әр есікті тұмсығымен түртіп, жабылмаған есікті тауып
алады. Екінші рет ит қамалғанда үйден шығудың жолын бірден табады. Мұндай
нәтиже (үйден шығу) мақсатына жетудегі әрекеттен ғана болып отыр.
Осындай организмге қажетті құбылыстарды білдіретін көптеген сыртқы
тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болатын ми қабығының қызметі сигналдық
қызмет деп аталады. Жоғарыдағы тәжірибеже жарық тамақтың сигналы болып
отыр.
Шартты рефлекстер табиғи жағдайда да, сыртқы ортаның өзгерген
жағдайларына да байланысты жасалады. Мысалы, жабайы аңдардың кейбірі адамды
алғаш көргенде сескенбеуі мүмкін. Бірақ, адам оларды ұстай бастаса,
жануарлар өз мінез – құлқын өзгертеді, адамды көрісімен тығылады, не қашуға
тырысады. Демек, мұндай жағдайда жасалған рефлекс аңдар тіршілігі үшін өте
пайдалы шартты рефлекс болып табылады.
Ағза үшін ми сыңарлары қабатындағы уақытша байланыстардың маңызы өте
үлкен. Егер жануарларда тек шартсыз рефлекстер ғана болған болса, олар
өмірдің үнемі өзгеріп тұратын қиын жағдайларында өмір сүре алмаған болар
еді. Мәселен, жануарлар өзіне төнген қатерді, тек жыртқыш аңның тырнағы
қадалғанда ғана білер еді. Бірақ жануарлардың жыртқыш аңның гүжілдеген
даусын немесе аяқ басуын алыстан – ақ естиді, бұл дыбыстар қатердің
жақындап келе жатқанын білдіретін шартты сигналы болады. Шартты
рефлекстердің көпшілігі үлкен ми сыңарлары қыртысында құралады, егер
жануардан оны алып тастаса ол барлық өмір тәжірибесінен айырылады. Онда
шартсыз рефлекстердің көбі сақталса да, ол жануар дәрменсіз болып қалады.
Ми қыртысы алынған ит, етті көре тұра, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйке - жүйке талшықтарынан құралған тіндер шоғырлары
Жүйке жүйесі жайлы
Жүйке жүйесінің түрлері
Орталық жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі
Жүйке жүйесінің типтері
Вегетативтік жүйке жүйесі
Адам организмі
Вегетативтік жүйке жүйесінің ерекшеліктері
Вегатативті жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы
Органдар биохимиясы II жайлы
Пәндер