Қиял. қиял түрлері



Мазмұны:

1. Кіріспе 3.4

2. Негізгі бөлім
3. Қиял nүрлері 5.8
4. Қиялдың физиологиялық негіздері 9.10
5. Қиял және жеке адам 11.12

6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13
Буын дегеніміз үзілісті, қуысты, қозғалмалы қосылу немесе буындасу. Әрбір буындабуындасатын сүйектердің буын беттері, буын капсуласы және капсуланыңішінде сүйектер арасында жататын буын қуысы болады.
1.Буын беттері, facies articulares, гиалинді, кейде талшықты, қалыңдығы 0,2-0,5 мм буын шеміршегімен, cartilago articularis, жабылған. Ұдайы үйкелу салдарынан буын шеміршегі буын беттерінің сырғанауын жеңілдететін жылтыраққа ие болып, ол шеміршектің серпінділігінен соққыны жұмсартып, буфер қызметін атқарады. Әдетте буын беттері азды-көпті бір-біріне сәйкес келеді. Бір сүйектің буын беті тиісінше ойыс болады.
2.Буын капсуласы, capsyla articularis, буын қуысын саңыласыз қоршай отырып, буындасатын сүйектерге олардың бын беттерінің жиегін лал немесе олардан сәл кейіндеу өсіп бекиді. Ол сыртқы фиброзды мембрана, mmbrana fibroza, мен ішкі синовиальды мембранадан, membrana sinovialis, тұрады. Синовиальды мембрана буын бетіне қараған жағында эндотелий клеткалары қабатымен жабылған, соның салдарынан тегіс және жылтыр болады. Ол бын қуысына жабысқақ мөлдір синовиальды бүрлер, vili synovialis деп аталатын кішкене өсінділер түзеді. Сонымен қатар ол буын ішіне енетін үлкенді-кішілі синовиальды қатпарлар, plicae synoviales, түзеді. Кейде синовиальды қатпарларда оларға сыртынан өсіп енетін едәуір мөлшерде май жиналады, ондай жағдайда май қатпарлары, plicae adiposae, деп аталатын пайда болады, оған тізе буынының plicae alares мысал бола алады.
Кеуде капсулаың жұқарған жерлерінде қапшық сияқты дөңестер немесе сіңірлерді айнала орналасатын немесе буынға жақын бұлшықеттер астында жатқан синовиальды мембрананың айналалары - синовильды қалталар, bursae synoviales, түзіледі. Синовия аталған бұл синовильды қалталар қозғалыс кезінде сіңірлер мен бұлшықеттердің үйкелісін азайтады.
3.Буын қуысы, cavitas articularis, буын беттері және синовиальды мембранамен шектелген саңылаусыз(герметикалы), жабылған саңылау пішінді кеңістік болып табылады. Қалыпты жағдайда ол бос қуыс емес, буын беттерін ылғалдандырып және майлап, олардың арасындағы үйкелісті азайтатын синовильды сұйықпен толған.
Сонымен қатар сұйықтықтардың алмасуында және буын беттерін іліктестіру арқылы бекітуде роль атқарады. Ол сондай-ақ беттерінің сығылуы соғылуын жұмсартатын буфер қызметін атқарады, өйткені буындардағы қозғалыс - тек сырғанау емес, буын беттерінің ажырасы да болып табылады. Буын беттерінің арасындағы қысым теріс (атмосфералық қысымнан төмен). Сондықтан олардың ажырасып кетуіне атмосфералық қысым кедергі жасайды (кейбір аурулар кезіндегі буындардың атмосфералық қысымды сезгіштігі осымен түсіндіріледі), ондай науқастар ауа райының өзгеруін болжап айта алады. Буын капсуласы зақымданғанда ауа буын қуысына өтеді, соның себебінен буын беттері дереу ажырайды. Әдеттегі жағдайларда буын беттерінің ажырасуына қуыстағы теріс қысымнан басқа жалғамалар (буынішілік және буынсыртылық) мен сіңірлерінің қабатында орналасқан тобық сүйектері бар бұлшықеттер де кедергі жасайды. Жалғамалар мен бұлшықет сіңірлері буынды нығайтатын қосалқы аппарат болып табылады. Бірқатар буындарда буын беттерін толықтыратын қосымша тетіктер - буынішілік шеміршектер болады; олар талшықты шеміршек тканінен тұрады және пішіндері не тұтас шеміршек пластинкалары - дискілер, disci articulares, не тұтас емес, жарты ай түрінде иілген, сондықтан менискілер, menisci articulares, деп аталатын түзіліс түрінде, не шеміршек құрсауы, labra articularia түрінде болады. Барлық осы буынішілік шеміршектер шеңбері бойымен буын капсуласымен бітісіп өседі. Олар жаңа функциялық талаптардың нәтижесінде статикалық және динамикалық жүктеменің күрделеніп, артуына жауап реакция ретінде пайда болады. Олар бастапқы үздіксіз қосулылардың шеміршектерінен дамиды, өздерінде беріктік және серпімділік қасиеттерін ұштастарып, соққылауға кедергі жасап, буындағы қозғалыстарға көмектеседі.
Тірі адам организмінде буындар үш түрлі роль атқарады:
1)олар дене қалпының сақталуына жәрдемседі;
2)дене бөліктерінің өзара орын ауыстыруына қатысады;
3)дененің кеңістіктегі локомоция(орын алмастыру)мүшесі болып табылады.
Эволюция барысында бұлшықет қызметі үшін жағдайлар әр түрлі болғандықтан, түрлі формалар мен функциялардың буындасуы пайда болды. Пішіні жағынан буын беттерін геометриялық айналу денелерінің кесінділері деп қарастыруға болады:бір осьті айнала қозғалатын цилиндр ретінде, екі осьті айнала қозғалатын эллипс ретінде үш және одан да көп осьтерді айнала қозғалатын шар ретінде.
Буындарда қозғалыс үш негізгі осьті айнала жүреді. Буындарда мынадай қозғалыс түрлерін ажыратады:
1.Фронталь (горизонталь) осьті айнала қозғалу, бүгілу(flexio), яғни буындасатын сүйектер арасындағы бұрыштың кішіреюі және жазылуы(extensio), яғни осы бұрыштың үлкеюі.
2.Сагиталь (горизонталь) осьті айнала қозғалу, келтіру, яғни орта жазықтыққа жақындау және әкету, яғни одан қашықтау.
3.Вертикаль осьті айнала қозғалу, яғни айналу:ішке қарай және сыртқа қарай.
4.Шеңбер бойымен қозғалу, бұл кезде бір осьтен екінші оське ауысу іске асады, соның өзінде сүйектің бір ұшы шеңбер сызады, ал бүкіл сүйек- конус фигурасын сызып шығады.
Буын беттері сырғанай қозғалуы мүмкін, сондай-ақ, олар бір бірінен алыстауы мүмкін, мысалы, саусақтарды созғанда. Буындардағы қозғалыс сипаты буын беттерінің пішініне байланысты. Буындардағы қозғалыс көлемібуындасатын беттер шамасының айырмасына тәуелді. Егер, мысалы, буын шұңқыры ұзына бойы 140 градус доға болса, ал басы 210 градус болса, онда қозғалыс доғасы 70 градусқа тең болады. Буын беттері аумақтарының айырмасы неғұрлым көп болса, қозғалыс доғасы соғұрлым үлкен болады және керісінше. Буындасқан беттер аумақтарыайырмасының кішіреюінен басқа буындардағы қозғалыстыкуйбір жалғама, бұлшықеттер, сүйек өсінділері сияқты т.б.тежеуіштер шектеуі мүмкін.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Психология, психиатрия және наркология кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Қиял. Қиял түрлері

Орындаған:
Абдрахман Б.
№102 ҚДС
Тексерген:
Жакишева Г.С.

Қарағанды, 2010
Мазмұны:
1. Кіріспе
3-4
2. Негізгі бөлім

3. Қиял түрлері
5-8
4. Қиялдың физиологиялық негіздері
9-10
5. Қиял және жеке адам
11-12
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
13

Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш
уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен
заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалдарды оқып отырғанда, не
өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда
бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып
табылады. Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай
алуы қиял деп аталад (М.Жұмабаев)
Адамның өмір тәжірибесі, білімі неғұрлым мол болса, қиял елестер де
соғұрлым айқын және толық болатындығы, ал бұл айтылғандар жеткіліксіз
болса, қиялдың өте солғын болатындығы байқалады.
Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік
образдарын қайтадан жаңғыртып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана
тән психикалық процесс: ...барлық жан қуаттары тек қиял ғана өзіндік
сақталатын сезімдік заттарды модельдендіре алады(Әл-Фараби). Адамда қиял
пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі
комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша
байланыстарды қайта жасап, өңдеу жұмысында екінші сигнал жүйесі шешуші рөл
атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға
болады:
1. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне,
алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап
шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын
студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің
қиялын салыстырып көруге болады;
2. Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де,
білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп,
өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен
өмірге енді ғана аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын бір
өлшемге салуға болмайды;
3. Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су
қоршауына байланысты да көрініп отырады. Жаратылыстың құшағында, -
деп жазады М.Жұмабаев, - меруерт себілген көк шатырдың астында, хош
иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп,
желмен бірге жүгіріп, алдындағы малмен бірге өріп, сары сайран далада
тұрып өсейін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға
тиісті.
4. Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс.
Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын
іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл қиялдың ерікпен байланысына жақсы
мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені, ойлау
белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет
қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз
байланысты. Жан жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің
өзіндік ерекшелігі болады. Қиял – мәселені суреттеу, жанды көрініс
арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым
түрінде шешеді;
5. Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып
отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты
болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны
өңдеп, өзгертіп, елестете алу – адам қиялына тән негізгі белгілер.
Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада
қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттілігінен
тәуелді бола тұрып, оны белсенді қызметке итермелейді, творчестволық
ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте
ғана емес, ол адамның бүкіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады.
Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері,
іс-әрекетінің құрылымы, өмір салтының қалыптасуы мұнсыз мүмкін емес.
Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы – адамда
ойлаумен қатар қиял әрекетінің болғандығында.
Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял
арқылы былайша суреттейді: Көкжал иттің не жай иттің басын аламыз, оған
басқа мысықтың құлағын саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі
секілді, қасы арыстандікі, самайы әтештікі, мойыны суда жүзетін
тасбақанікі сияқты. Осы бейнені өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру
арқылы тауып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас
образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет.
Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар.
Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.
Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын
кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі
баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А.П. Чехов Үйде
деген әңгімесінде осы жағдайды өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдет
еткен жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпеген. Бірде әкесі оның қиялына
әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадй әңгіме айтады: Кәрі патшаның
патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты, - өзі дәл сен сияқты
кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте
жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен...өзі ақылды болыпты...Оның бір
ғана кемшілігі – шылым тартады екен...Патшаның баласы шылымнан өкпе ауруы
болып, жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз
қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау
келіп, шалды өлтіріпті, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да,
шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған.... Эмоциялы әсерге толыосы
әрекеттің оған әсер еткені сонша, бала қараңғы терезеге ойланып сәл қара
отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: Мен енді шылым тартпаймын...,
- деді. Қиялдың адам қажетіне ауысуы, оның шындықпен байланысты болып
келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады.
Халық Қыран жетпеген жерге қиял жетеді деп өте тауып айтқан. Бір кезде
талантты орыс ғалымы К.Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуда арман
еткен еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю.Гагарин
мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың және басқалардың ерліктері
осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.

Қиял түрлері

Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдың бүгіндей пассивтік
түрінің шегі – түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп
берген И.П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежемейді,
кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай
бөліктерін күзетші пункт деп атайды. Осы пункттерде біздің бұрын
қабылдаған, көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін тартқан заттарымыздың
бейнелері мида қайтадан тіріледі. Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың
жасалатыны белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің
арасындағы байланыс әлсірейді, мұнда негізінен бірнеше ғана сигнал жүйесі
қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызмет толық тежелуге
ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік
сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай
жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы кереметтер кіреді. И.М.
Сеченов осындай түстерді болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары деп
сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде
қосылуынан ғажайып образдар жасалады.
Ұйқы кезінде осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің
жиынтығынан құралған. Бұлардың негізі – адамның ояу кезіндегі басынан
кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері,
істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т.б.ұйқыдағы адамның түс
көруіне себепші болатын белгілерінің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына
көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің
шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті,
организмнің ішкі мүшелерінің жұмысына бір жайсыздық түссе, бұл да адамның
түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, ұйқыдағы адамның
жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай
адам мынадай түс кереді. Өзін қуған біреуден қашады, бұдан ол ентігіп,
булығады да. Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына
орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. Егер иттің
түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді деген мақал да біздің
осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер
түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып
туған адамның түсіне көзге көрінетін бейнелер кірмейді, оның басқа сезім
мүшелері арқылы қабылданған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық
кейінірек пайда болса,
онда сол адамның түсіне бұрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре
береді. Барлық адмдардың түсі,- деп жазды И.П. Павлов, - бірінші
сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы. Түс көруді
ұйқыдағы мидың фантазиясы деуге болады. Мұндай қиялды әдейілеп туғызу
және оны саналы түрде басқарып отыру мүмкін емес. Сондықтан түс көру
қиялдың ең пассивтік түрі болып табылады.
Пассив қиялдың ырықсыз түрі адамның ояу кезінде де туып отырады. Адам
алдына ешбір мақсат қоймаса да, оның көз алдынан елестер тізбектеліп өтіп
жатады. Мәселен, адам аспандағы бұлтқа, үй қабырғасындағы түрлі
көлеңкелерге қарап, оларды бір нәрсеге ұқсатады. Леонардо да Винчи:
қабырғадағы даққа, үйілген күлге, бұлтқа қарап, осылардан адамның
пішінін, табиғат көріністерін табуға болады дейді. Бұл айтылғандардың
бәрі – ырықсыз қиялдың мысалдары.
Қиялдың екінші түрі – актив қиял деп аталады. Бұл – қиялдың шарықтап
дамуының жоғарғы сатысы, адамның творчестволық әрекетімен тығыз
байланысып жатқан түрі. Актив қиял кейде ырықты қиял деп те аталынады.
Актив қиял қайта жасау, творчестволық қиял, арман болып үшке бөлінеді.
Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нәрсені
елестете алуын, қайта жасау қиялы деп атайды.
Қайта жасау қиялы арқылы адам шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар беріп
отырады. Бұл үшін түрлі сипаттау, схема сызықтарын дұрыс түсінуіне
білумен қатар, адамда өмірден алынған көрнекті образдардың жеткілікті
қоры болуы қажет. Қайта жасау қиялын тәрбиелеудің басты жолы – көркем
әдебиет кітаптарын оқу. Бірақ тек оқи бергенмен қиял өспейді. Мәселен,
үстіртін, тек қызық жерін теріп оқудан қиял дамымайды. Қиялды өсіру
үшін кітап мазмұнын ойға түйіп, оны көргендей, естігендей болып отыру
қажет. Мәселен, Мұхтар Әуезовтің Абай романын қиялы бай адам оқитын
болса, ондағы кейіпкерлер мен түрлі оқиғалар оның көз алдына елестеп,
галереядағы суреттей жайнап тұрады. Бұл – қайта жасау қиялының көрінісі.
Мұндайда адам авторлардың суреттеп жазғандарын көз алдында тұрғандай
көріп, тіпті сөйлеген сөздерін есіткендей де болады. Өзін романның
кейіпкерлерімен бірге жүргізіп, онымен бірге тұратындай сезінеді.
Көркем суреттеулер адамда қиялдың бірнеше түрлерінің қатарынан жұмыс
істеуін қажет етеді. Жоғарыдағы үзіндіге байланысты қайта жасау қиялын
тәрбиелеудің екінші шарты, оның тамаша мектебі – географиялық карталарды
оқып үйрену. Картаның бетінде саяхат жасау бала қиялына планетаның түрлі
түкпірлерін елестетеді, балаға талай алыс жерлерді көргізіп отырады.
Эксперименттік зерттеулердің бірінде географиялық картамен жұмыс істеу
оқушылардың ой белсенділігіне, түрлі объектілердің айналасындағы ұқсастық
айырмашылықтарды іздей түсуге, түрлі кеңістікпен бағыт-бағдар іздестіруге
себепші болатындығы, сөйтіп қайта жасау қиялы адам психикасын
активтендіре түсетіндігі анықталған.
Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа
продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің,
ғалымның, композитордың т.б. қиялы творчестволық қиялға жатады.
Творчестволық қиял – қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі
қиын. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған
шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-
жазушылардың, суретшілердің, артистердің т.б. осы секілді өнер
қайраткерлердің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері
өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді. К.С.Станиславский:
Артистің көкірегінде өзі бейнелеп тұрған адамның ой-толғаныстары туғанда
ғана шынайы өнер туады, нағыз жанды сезім еш уақытта зорлағаннан, қолдан
жасағаннан келмейді,- дейді. Мәселен, Чехов спектакліндегі Раневскаяның
ролін орындаушы Ольга Книппер – Чехова шие бағын сатадыдеп хабарлағанда
шын көңілмен көзіне жас алады екен. Мұндайда актер сахнада ойдан
шығарылған нәрсеге шындықтың өзіндегідей көзқараспен қарайды. Бұл
творчестволық қиялы өте бай адамның қолынан келетін қасиет.
Ақын-жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін көреді,
олардың мінез-құлықтарын елес етеді, сөзін естиді. Сонымен қатар,
ақын-жазушылар өз геройларымен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл
күйін сезіп, қоян-қолтық араласып жүргендей болады. Мәселен, француз
жазушысы О.Бальзак егер жеңі жыртық біреуді көшеде кетіп бара жатқанын
көрсе, өзін сол адамға ұқсататыны соншалық: Өз жеңім де жыртық емес па
екен,- деп еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы болады
екен.
Бақылағыштық жеке өмірдің эмоциялық байлығы алдын-ала орасан зор жұмыстар
істей білуге қабілеттілік адамның творчестволық қиялының самғауына күшті
әсер етеді. Өмірден түйгені шамалы, творчестволық қиялы жетілмеген
адамнан жақсы ақын шығуы мүмкін емес. Абай мұны өте дұрыс көре білген:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр клсін айналасы.
Өлеңге әркімнің бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бұл өлеңінде Абай қиыннан қиыстырар, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын секілді сөз тіркестерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиялдың дамуы
Қиял туралы түсінік
Қиял анықтамасы
Қиял процесі
БАЛА ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Қиял бейнелерінің жасалу жолдары
Қиял – психикалық процесс ретінде
Қиялды зерттеу және дамыту әдістер
Қиялдың түрлері
Танымдық процестердің бірі – қиял жөнінде түсінік
Пәндер