Балабақшадағы меркелереді өткізу және ұйымдастыру



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1 Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
1.2Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.7
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін дамытудағы мерекелердің маңызы зор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.10

2 Балабақшадағы меркелереді өткізу және ұйымдастыру
2.1 Балабақшадағы көктемдегі 8 наурыз мерекесін ұйымдастыру ... ... ... .11.16
2.2 Балабақшадағы «Алтын күз» мерекесін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ..17.19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Балабақшадағы мереке - бұл күн басқа күннен бөлменің безендірілуімен, үлкендер мен балалардың сәнді киімдерімен, қонақтарды шақырумен, ерекше ас мәзірімен, тосын сый, сыйлықтармен ерекшеленеді.
Балабақшадағы мерекелер мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейтін бағдарламаға сәйкес барлық жас ерекшелік топтарындағы балалармен өткізіледі.
Мерекені өткізудің формалары әр түрлі болады:
- тақырып бойынша тақырыптық немесе комплексті сабақтар;
- театрландырылған әрекеттер, олардың тақырыптары қысқы суреттемелер бола алады;
- халықтық фольклор негізіндегі мерекелер («Ауылдағы апама қонаққа барамыз», «Қысқы жәрмеңке», «Менің Отанымдай әдемі жер жоқ!»)
- әдеби-музыкалық көрініс («Қыс кереметі», «Қысқы мерекелер», «Қысқы суреттер», «Қысқы сыйлықтар»)
- Мереке тақырыптары және олардың мазмұны мекеме ұжымы қолданатын бағдарламада негізделген мүмкіндіктер және жағдайлар, педагогикалық бағдар, мекеме дәстүрлерімен анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Богданова О.С. “Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмысының методикасы” Петрова В.И. Алматы. “Мектеп ”(1980ж)
2.БолдыревН.И. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі .Алматы.“Мектеп”(1987ж)
3.Омаров Е.О. Қазақстандағы мәдени –ағарту жұмыстарының тарихы. Шымкент.(1991ж)
4.Серғожаев Н. Сенде бір кірпіш дүниеге ...Алматы “Рауан”(1990)
5.“Бастауыш мектеп”журналы 2005 №2
6. “Сынып жетекшісі” журналы 2004 №6
7. Черемошкина Балалардың есте сақтауын дамыту 1996
8. Миншник. Л.М. Балаларды есте сақтауға үйретіңдер 1985
9. Баланың танымдық процесін дамыту В. Д. Щадрикова 1991
10. 12 жылдық білім № 1 2007
11. Бастауыш мектеп № 8 2005
12. Мектеп психологіне көмекші құрал. Мамашбаева, Н. Байтелиева, Момынова
13. .Бастауыш мектеп. №1-2004
14. Бастауыш мектеп. №10-1992 ж
15. Бастауыш мектеп. №7-2007ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Балабақшадағы мереке - бұл күн басқа күннен бөлменің безендірілуімен, үлкендер мен балалардың сәнді киімдерімен, қонақтарды шақырумен, ерекше ас мәзірімен, тосын сый, сыйлықтармен ерекшеленеді.
Балабақшадағы мерекелер мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейтін бағдарламаға сәйкес барлық жас ерекшелік топтарындағы балалармен өткізіледі.
Мерекені өткізудің формалары әр түрлі болады:
- тақырып бойынша тақырыптық немесе комплексті сабақтар;
- театрландырылған әрекеттер, олардың тақырыптары қысқы суреттемелер бола алады;
- халықтық фольклор негізіндегі мерекелер (Ауылдағы апама қонаққа барамыз, Қысқы жәрмеңке, Менің Отанымдай әдемі жер жоқ!)
- әдеби-музыкалық көрініс (Қыс кереметі, Қысқы мерекелер, Қысқы суреттер, Қысқы сыйлықтар)
- Мереке тақырыптары және олардың мазмұны мекеме ұжымы қолданатын бағдарламада негізделген мүмкіндіктер және жағдайлар, педагогикалық бағдар, мекеме дәстүрлерімен анықталады.
Сәбилер үшін мерекелер 25-30 минут ұзақтықта өткізген қолайлы; естиярлар тобы үшін - 30-40 минут, ересектер тобы үшін - 50 минутқа дейін.
5-6 жастағы балалар үшін мерекені күннің бірінші жартысында да, екінші жартысында да өткізуге болады.
Мерекеде шығармашылық тасырмаларды іздену барысында табиғи, шығармашыл жағдай тууы мүмкін: ән және би құрастыру, үлкендер мен тәрбиеленушілердің біріккен іс-әрекеті.
Курстық жұмытың мақсаты. Ең бастысы мереке баланы қуанту керек. Ғажайыптарға толы, таныс кітаптардың жаңа кейіпкерлерімен кездесу, сыйлықтармен, қызықты ойындармен қуанту керек. Мереке балаларға қуаныш, шаттық сыйлауы керек. Мерекеге үлкендердің қатысуы балаларға үлкен қуаныш сыйлайды.
Мерекеге дайындық кезінде балаларға күш көрсетуге болмайды. Балалар мерекеге сол күнге арналған дайындықпен, өз еріктерімен келгені жөн. Мереке қонақтарға арналып дайындалмайды, ол балаларға арналған мереке.
Бала әнді дұрыс айта алмай қалады, сөзін ұмытып қалады, биден шатасып қалады деп қорқуға болмайды. Бала өзін - өзі емін еркін, сенімді ұстап, үлкендердің көмегін, сергектікті және кеңпейілдікті сезінуі керек.
Егер сюжетті ойын араласса, ең қиың жұмыс балаларға жаңа және қызықты, кездейсоқ болып көрінеді.
Мерекелік орындауларда балалар қуана және қызығушылықпен таныс материалдарды қайталайды. Оның тақырыпты болуы міндетті емес. Ол сол жастағы балалардың музыкалық дамуына арналған негізгі міндеттерді шешуіне көмегі тиетін материал болып табылады.
Балаларға мерекелік шараны ұйымдастырушы үлкендер оған сәбилер мен ата-аналарды қатыстырады. Таныс ойындарды, әндер, билер, тақпақтарды немесе жаңа күтпеген қызығушылық туғызатын және барлық қатынасушыларға қуаныш сыйлайтын әдістерді қолданады.
Үлкендердің, әсіресе ән айта алатын, би билейтін, ертегі, тақпақ оқып беретін, қойылымдарда қатысатын ата-аналардың белсенділігінің арқасында балаларға қуаныш пен бақыт сыйлайтын жақсы эмоционалдық жағдай туындайды.
Егер бала мерекеден кейін достары мен ата-анасына өзінің мереке жөніндегі ойымен бөлісуге асықса, ол осы ойымен көп күн жүреді - онда сіз мақсатыңызға жеттіңіз. Яғни, балаға мереке ұнады.
Ата-аналардан ертең мейрам болғандықтан баласының балабақшаға барғысы келмейтінін естігенде көңілсіздік туындайды. Ол неден қорқып қалды? Қатал ересектердің талаптарының кейбіреуін орындай алмағаны ма? Немесе күнделікті бір нәрсені қайталай беру оны жалықтырып жіберді ме?!
Мерекелерге дайындық кезінде, балаға мереке тек қана қуаныш сыйлағаны маңызды. Мереке балаға бақытты кезең болып, оның есінде көпке дейін сақталып қалуы қажет.
Курстық жұмыстың міндеті:
oo балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде;
oo балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде;
oo мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін дамытудағы мерекелердің маңызы зор;
oo балабақшадағы меркелереді өткізу және ұйымдастыру;
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі. Балабақшадағы мерекелерді өткізу және ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың құрлымы. Курстық жұмыс кіріспе және негізгі бөлім және бөлімшелерден тұрады.

1 Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
1.2Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Балабақшадағы мерекелер - баланы әлеуметтендірудің бірден-бір құралы. Ол бір жағынан тұлғаның қалыптасуына, құрбы-құрдастарына, қоғамға тән рухани құндылықтар мен нормаларды, білімді игеруге мақсатты түрде бағытталса, екінші жағынан адамның қалыптасуына аяқ астынан әсер ететін әлеуметтік бақылау үрдістері болып табылады. Мерекелердің әлеуметтік-мәдени белгісі мәдени байлықты, тәрбиені игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.
Балаға мерекенің өзін іс жүзінде көрсетіп, тұлға ретінде қалыптасуы үшін маңызы зор. Сол себептен мерекге қатысу өзін көрсету бала үшін маңызды. Мерекеге қатысу барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді. Мерекелер арқылы адамның ой-өрісінің дамуы көрінеді.
Мереке адам қарым-қатынастарының әр түрлі жағдайларында болдырады. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді. Топтық меркеге қатысушылар ойыншылар қоғамын құрайды. Осы қоғамның мүшелері бір-бірімен коммуникативті байланыс орната алмаса, ешқандай мерекелік кеш болуы мүмкін емес.
Мерекелік кеш адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әртүрлі қиындықтарды жеңу үшін де пайдаланылады. Д.Б.Эльконин мереке тәсілдерінің емдік мағынасын бағалай келе, былай деді: Мереке емінің эффектісі бала рөлдік ойын кезінде алған жаңа әлеуметтік қарым-қатынастың тәжірибесімен анықталады. Мерекелік кештер баланы үлкендермен, құрдастарымен нағыз қарым-қатынасқа үйретеді. Әр түрлі сатыдағы қарым-қатынастың емдік эффектісі болады.
Мерекенің әрбір қатысушысы өз рөлі ғана емес басқалардың да рөлін жақсы білсе, мерекемен Сонымен қатар бала өзінің және басқалардың ойынының нәтижесін бақылай, талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің істерінде ұтымды қолдануға машықтанады.
Мерекеде көңіл көтеру - түрлі нәрсеге, әртүрлі әрекеттерге ұмтылу. Мерекенің көңіл көтеру функциясы жеке тұлғаның тұрақтануы мен рухани қуанышын қалыптастыру, сондай-ақ жағымды атмосфера құрып, белгілі бір жағдайларда жайлы жағдай орнатумен тығыз байланысты. Мерекедегі көңіл көтеру үнемі ізденіс жағдайында өтеді. Мереке қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.
Балалар мерекеге қатыса отырып, бір мақсатты шешу арқылы қарым-қатынас жасауды, жолдастарының пікірімен санасуды үйренеді. Ұжымдық тапсырмаларды шешу барысында балалардың әртүрлі мүмкіндіктері пайдаланылады. Тәжірибелік іс-әрекет кезінде тез ойлай білетін, жылдам, әрі мұқият жұмыс істейтін байқампаз, сын тұрғысынан қарай білетін балалармен бір топта болудың тиімді екенін байқайды. Мерекелер кезіндегі біріккен эмоционалды қобалжулар өзара қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді.
Мерекелік кештерге кезінде әр бала өзінің білімін, дағдысын, мінез-құлқын, ерік-жігерін, адамдарға және іс әрекетке деген қарым-қатынасын көрсетеді.
Әрбір мерекенің аяқталуы балалардың мақсатқа, жеңіске жету жолында басқалардан білімінің, дағдыларының, спорттық қабілетінің жоғары болуына итермелейді. Топтық мерекелік кештерге қатысу кезінде балалар бас кезінде тең жағдайда болады. Бірақ мерекенің қорытындысы әр оқушының дайындығына, қабілетіне, мінез-құлқына, біліміне, шыдамдылығына тәуелді. Кейбір мерекелерде балалар әлеуметтік бет перде киіп, өздерін тарихтың белгілі бір тұлғасы ретінде сезінеді. Мерекеге қатысу кезінде бала қызығушылықтың дамуы үшін жағымды эмоция тудырса, ал жеңілген жағдайда танымдық іс-әрекетін жоғарылату қажеттігін тудырады. Мерекеден алынған рахаттану сезімі сабақтарда жағымды жағдай тудырып, пәнді оқуға қызығушылықтарын арттырады.
Баланың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін белсендендіру үшін көптеген мерекелік ойындар арқылы басқару қажеттілігі туындайды.
Мерекеге қатысу баланың белгілі бір тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асыру қажеттілігінен туындайды. Мереке ұжымдық болған жағдайда ойнаушылар құрамын, олардың интелектуалдық дамуын, дене бітімінің дамуын, жас ерекшелігін, қызығушылықтарын, қарым-қатынас жасау деңгейін білу қажет. Бала мерекелік кештерге қатысу барысында өзара байланыстағы бірнеше деңгейдегі мақсатты жүзеге асырады.
Бірінші деңгейдегі мақсат - мерекеге қатысқанын сезіну. Егер мереке балаға қуаныш әкелетін болса, онда бала кез-келген белсенділікке дайын болады.
Екінші деңгейдің мақсаты - функционалдық. Ол мереке ережесінің сақталуы, көріністер ойнау, рөлдерді орындаумен байланысты.
Үшінші деңгей мерекенің шығармашылық мақсатын айқындайды. Шешу, табу, қорытындыға жете білу жолындағы іс-әрекетті көрсетеді.
Баланың тілегі мен тәрбие мақсаты үйлескен кезде мерекеге қатысуға қызығушылық пайда болады.
Мерекелер барысындағы маңызды сәттердің бірі рөлге бөлу. Олар белсенді және енжар, негізгі және қосымша болуы мүмкін. Рөлге бөлу кезінде дене тұлғасының ерекшелігіне, жынысына, жасына тәуелді болмайды. Көп ойындар рөлдердің тең құқылығына құрылған. Кейбір ойындар үшін жүргізушілер, капитандар, басқарушылар қажет. Жетекшілер мен тәрбиешілердің балалар мерекелеріндегі рөлі маңызды. Олар мерекені ұйымдастыруьшы, мерекенің мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі балалардың даулы мәселелерін шешіп беретін әділ төреші болуы тиіс. Тәрбиеші кейде рөлдерді өзі бөледі.
Топтық мерекелер кезінде рөлдерге бөлу талас-тартысты ұмытып, ортақ мүдде туралы ойлауға, енжарларға белсенді болуға, беделі жоқтарға беделін көтеруге, тәртіпсіздерге тәртіпті болуға, жаңадан қосылған балаларға басқалармен тіл табыса білуге көмегін тигізеді.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін дамытудағы мерекелердің маңызы зор
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына балабақшаның және өткізілетін іс-шаралардың маңызы зор.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен мерекелерді ұйымдастыруда ұстанатын принциптер:
Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, қызығушылығына сүйену.
Тәрбие мен оқыту міндеттерін бірлікте шешу.
Баланың еркін де дербес дамуын қамтамасыз ететін табиғи, емін еркін жағдай туғызу.
Әрекет етуге үйрету, үйренгенін бойына дағды қылып сіңіру.
Педогогикалық процесс белгілі бір құралдар мен әдістер көмегімен жүзеге асырылады. Балабақшадағы тәрбие - қазақы ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір-қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады.
Ойнау, еңбек ету және оқу барысында ақыл - ой адамгершілік физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет-дағдыларын игеруге бейімделеді.
Іс-әрекеттің осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Осы аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Бала өзін-өзі көрсетсе ойын, оқуда адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Осылар арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыда ықпал жасай аламыз. Біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Осыларды негізге ала отырып ата-аналар мен тәрбиешілер баланы тәрбиелеуде ертегілер мен қойылымдардың және мерекелер ролінің айрықша екенін ұмытпау керек.
Сөйлесу қызметі - белсенді әрі мақсатты үрдіс.Бұл қызмет түрі серіктестіктің болуын талап етеді, онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердегі мерекелердің басты мақсаты - бүлдіршіндердің диалогтық қарым-қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу арқылы сөйлеу тілдерін дамытады. Сонымен қатар өзімен серіктесінің қимыл-қозғалысын келісу мен бақылау дағдысы қалыптасады. Бұл жерде мен трафареттік сахналау тәсіліне басты назар аудардым. трафарет арқылы сөз құрамының байлығын, диалогты дамытуға болады. Бұл жұмыс барысында балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояумен бояйды. Дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде баланың шығармашылық ойлау қаблеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс жасау кезінде әрбір баланың жеке қиялына да орын беріледі. Балабақша қызметкерлерді бұларды балалардың бойына түрлі мерекелерді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады.
Мысалы Наурыз жыл басы мерекелік кешті ұйымдастырғанда жүгіріп келе жатқан қоян бейнесі. Дайындық кезеңі аяқталған соң сөйлеу кезеңін өтеміз. Бұл кезеңде балалар ертегі кейіпкерлерімен диалогтық әрекет жасайды. Әрбір бала өзіне жұп таңдайды. Яғни жұмыс жұптасу түрінде жүреді. Бұл кезеңде мен кімнің ынталы, кімнің ынтасыз қатысып отырғанын білемін.Ертегілер құрастырған кезде балалар бір-бірімен өзара сөйлеседі. Бұл жерде автор сөзі деген болмайды. Балалардың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениетімен ой-өрісін, дүние танымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Ролді ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді.
Сондай-ақ мерекелерге қатысубарысында балада жағымды эмоция, жоғары қызығушылық туғызады. Атап айтқанда балабақшада тәрбиемен оқытудың негізгі және жетекші формасы бұл жалпы топпен, шағын топпен және арнайы ұйымдастырылатын экскурсиялар, серуендер, ертеңгіліктер, мерекелер. Балабақшада балалар өздігінен оқи алмайтыны белгілі, сондықтан тексті оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету, көркем сөздермен таныстыру жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық принциптерге негізделеді. Ол принциптер - айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен, табиғатпен таныстыру, дүниетанымын, ой-өрісін жетілдіру, зейінін, қабылдауын, бағдарлай білу, қаблеттерін дамыту болып табылады.
Шығарма оқу, тіл дамыту жұмысында естиярлар мен ересектер тобында шығарманы тыңдай отырып, оның мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін түсініп, өзінше талдап ойын қорытындылай білуге, кейбір үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай әңгіме құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, өздігінен салыстыра сипаттай білуге үйренуге тиісті.
Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.
Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ұлттық тәрбиенің алатын рольі өте зор. Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан-ақ өзінің жиып - терген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен көңіл аударған. Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, өмірге нәресте келгенде оған лайықты ат қойып, бесікке салып, тұсау кесер рәсімдерін жасап, өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін, өзінің шыққан тегін, халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген.
2 Балабақшадағы меркелереді өткізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Балабақшадағы ертенгіліктерді ұйымдастыру әдістемесі
Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі курсын педколледждерде оқытудың ұйымдастыру формалары
Қазіргі балабақшадағы тәрбиешенің тың қызметі
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалармен психолог жұмысының функциялары
Оқу процесінің негізі - жоспарлау
Пәндер