Шырынды жемістердің биологиялық ерекшеліктері



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1 Жемістер

1.1 Шырынды жемістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.7

1.2 Шырынды жемістердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.17

2 Тәжірибелік бөлім

2.1 Шырынды жемістердің биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... .18.28

2.2 Шырынды жемістердің дәрілік қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28.31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Шырынды жемістерді өсірудің ғылыми негізделген технологиясына қарамастан, жемістердің қауымдастықтарында олардың сақталынуы, олардың көптеген биологиялық қасиеттері мен экологиялық орнықтылығына байланысты. Бұл ерекшеліктерді жан – жақты және терең білу жемістер қандай сәттерде түрлі агрономиялық тәсілдерге шыдамды және сыртқы факторларға неғұрлым сезімтал екендігін ажыратуға мүмкіндік береді.
Шырынды жемістердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін салыстыра отырып, олардың өсіп тұрған, олардың емдік, шипалық қасиеттерін анықтауға болады. Әрине, биоэкологиялық қасиеттердің және жемістердің жеке түрлерінің, алуан түрлі құрамының ерекшеліктерінің айқындылығы мен мәнділігі бірдей емес, бұл оларды жан – жақты қарау қажеттігін туғызады.
Шырынды жемістердің ең басты биологиялық және экологиялық ерекшеліктері: оладың тұқымдық жоғары өсімталдығы; тұқы мдары мен жемістерінің таралу жолдары; ұрықтың қасиеттері; тұқымдармен жемістердің әруақытылы пісуі; шырынды жемістердің тұқымдары мен жемістерінің көктеуі; көпжылдық жемістердің вегетативтік көбеюі; тіршілік ортаның индикаторлығы; жемістердің экологиялық орнықтылығы.
Курстық жұмыстың мақсаты. Шырынды жемістер ғаламшарда 3000 мыңдай түрі бар Қазақастанда көп таралған жеміс. Оның жемістерінің пайдасы мол. Ол дәрілік емдік қасиеттері арқылы да таныс. Оны тағы тағам ретінде пайдаланады. ХАлық арасында кең қолданатын жеміс. Сондықтан бұл тақырыпты зерттеу маңызды.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Жемістер
2. Шырынды жемістер
3. Шырынды жемістердің түрлері
4. Шырынды жемістердің биологиялық ерекшеліктері
5. шырынды жемістердің дәрілік қасиеттері
Курстық жұмыста қолданылған зерттеу әдістері – оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, бақылау – байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым. Зерттеу тақырыбына қатысты әдебиеттерді, дидактикалық нұсқауларды зерделеу, талдау.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
2. Т. Мұсақұлов, Орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік І-том, Қазақ мемлекет баспасы, Алматы — 1959
3. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
4. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
5. “Балалар Энциклопедиясы”, V-том
6. Аяпов К.Ж. Қазақстан жеміс шаруашылығы. – Алматы: Қайнар, 1993
7. Аяпов К.Ж., Мажитова Р.С. Жүзім шаруашылығы. Оқу құралы. Алматы, 2000.
8. Юсупов М.З., Петров Е.П., Ахметова Ф.С. Овощеводство Казахстана. – Алматы, 2000.
9. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
10. Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

1 Жемістер

1.1 Шырынды
жемістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...5-7

1.2 Шырынды жемістердің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-
17

2 Тәжірибелік бөлім

2.1 Шырынды жемістердің биологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...18-28

2.2 Шырынды жемістердің дәрілік
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .28-31
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...32

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .33

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Шырынды жемістерді өсірудің ғылыми
негізделген технологиясына қарамастан, жемістердің қауымдастықтарында
олардың сақталынуы, олардың көптеген биологиялық қасиеттері мен экологиялық
орнықтылығына байланысты. Бұл ерекшеліктерді жан – жақты және терең білу
жемістер қандай сәттерде түрлі агрономиялық тәсілдерге шыдамды және сыртқы
факторларға неғұрлым сезімтал екендігін ажыратуға мүмкіндік береді.
Шырынды жемістердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін
салыстыра отырып, олардың өсіп тұрған, олардың емдік, шипалық қасиеттерін
анықтауға болады. Әрине, биоэкологиялық қасиеттердің және жемістердің жеке
түрлерінің, алуан түрлі құрамының ерекшеліктерінің айқындылығы мен
мәнділігі бірдей емес, бұл оларды жан – жақты қарау қажеттігін туғызады.
Шырынды жемістердің ең басты биологиялық және экологиялық
ерекшеліктері: оладың тұқымдық жоғары өсімталдығы; тұқы мдары мен
жемістерінің таралу жолдары; ұрықтың қасиеттері; тұқымдармен жемістердің
әруақытылы пісуі; шырынды жемістердің тұқымдары мен жемістерінің көктеуі;
көпжылдық жемістердің вегетативтік көбеюі; тіршілік ортаның индикаторлығы;
жемістердің экологиялық орнықтылығы.
Курстық жұмыстың мақсаты. Шырынды жемістер ғаламшарда 3000 мыңдай
түрі бар Қазақастанда көп таралған жеміс. Оның жемістерінің пайдасы мол. Ол
дәрілік емдік қасиеттері арқылы да таныс. Оны тағы тағам ретінде
пайдаланады. ХАлық арасында кең қолданатын жеміс. Сондықтан бұл тақырыпты
зерттеу маңызды.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Жемістер
2. Шырынды жемістер
3. Шырынды жемістердің түрлері
4. Шырынды жемістердің биологиялық ерекшеліктері
5. шырынды жемістердің дәрілік қасиеттері
Курстық жұмыста қолданылған зерттеу әдістері – оқылған әдебиеттерде
шолу жасау, түсіндіру, бақылау – байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым.
Зерттеу тақырыбына қатысты әдебиеттерді, дидактикалық нұсқауларды зерделеу,
талдау.

1 Жемістер
1.1 Шырынды жемістер
Жеміс (лат. fructus) — жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс
ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен
де (гүл кіндігі, гүл серігі, т.б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз
жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс
тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше
тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік
түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әр түрлі болады. Жеміс
құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп
тұқымды қақырап ашылатын (бұршақ, бұршаққын, т.б.) және бір тұқымды,
қақырап ашылмайтын (жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек) түрі бар. Шырынды
жеміс дегеніміз - жеміссерігі жұқа қабықты, сондай-ақ жемісаралық пен жеміс
іші шырынды көпжемісті шырынды жеміс (алқа, лала, жүзім, қызамық, т. б.
тұқымдастар).
Шырынды жемістің көп тұқымды түрі: жидек, асқабақ, алма, т.б., бір
тұқымды түрі: сүйекті жеміс. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзокарпий)
жылтыры: шие, алма, балауыздысы: жүзім, алхоры, шомыр, түктісі: шабдалы,
жұмсағы: өрік, қыртыстысы: тұшала, қалыңы: лимон, апельсин, қаттысы:
жаңғақ. Жер бетінде алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп
келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Шырынды жемісті көп тұқымды (жидек,
асқабақ, алма, т.б.) және бір тұқымды (сүйекті жеміс) деп бөледі.
Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзокарпий) жылтыр (шие, алма), балауызды
(жүзім, алхоры, шомыр), түкті (шабдалы), жұмсақ (өрік), қыртысты (тұшала),
қалың (лимон, апельсин), қатты (жаңғақ) болады. Шырынды жемістерде
экзокарпий қабатынан кейін қант, май жиналатын жұмсақ мезокарпий (өрік,
шие, т.б.) қабаты түзіледі. жемістің ең ішкі қабаты (эндокарпий) кейбір
өсімдіктерде қатайып, сүйектеніп кетеді (алхоры, т.б.), кейбіреуінде жұмсақ
шырынды (лимон, апельсин) немесе үлпекке (бұршақ тұқымдасы) айналады.
Экзокарпий мен мезокарпий клеткаларында хлорофилл болғандықтан, пісіп-
жетілу кезінде жемістің клетка шырынында антоциан пигментінің көбеюіне және
хлоропластың хромопласқа айналуына байланысты түсі өзгереді. Бір гүлдегі
бірнеше аналықтан (таңқурай, қара бүлдірген, т.б.) пайда болған жемісті
күрделі жеміс деп атайды. Бұл жағдайда күрделі жеміс түзетін әр жеміс
аналықтан дамиды. Гүл шоғырындағы жеке гүлден дамыған жемістерді шоқ
жемістер (мысалы, жүзім) дейді. Өсімдіктердің піскен жемістері мен тұқымы
жел (анемохория), су (гидрохория), жануарлар (зоохория) және адам
(антропохория) арқылы таралады. Құрамында белок, май, көмірсу витаминдері
көп болғандықтан жеміс тағамға, мал азығына, т.б. пайдаланылады. Көптеген
жемістен дәрі, бояу алынады. Улы және арам шөптердің жемістері зиянды
болады
Жеміс – жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30–жылдарынан бастап дами
түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік
ғылыми – зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс
және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он
беске жуық жеміс–жидек сорттары еліміздің әр түрлі аумақтарында
аудандастырылды. Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық (ботоникалық тегі)
формалары жағынан мынандай топтарға бөлінеді:
ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары)
бұталар (қарақат, тұшала т.б.)
жартылай бұталар (таңқурай, т.б.)
лиандар (актинидия, жүзім, т.б.)
Шырынды жеміс құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай:
шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т.б.)
сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б.)
жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген, т.б.)
жұмсақ шырынды жеміс (апельсин, лимон, мандарин, т.б.)
субтропиктік (анар, інжір, құрма, т.б.)
тропиктік (банан, ананас, т.б.) болып бөлінеді.
Қазақстандағы жеміс дақылының 95 пайызы раушан гүлділер тұқымдас.
1.2 Шырынды жемістердің түрлері
Шырынды жеміс құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай:
1. шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т.б.)
2. сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б.)
3. жидекті (жүзім, қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген, т.б.)
4. жұмсақ шырынды жеміс (апельсин, лимон, мандарин, т.б.)
5. субтропиктік (анар, інжір, құрма, т.б.)
6. тропиктік (банан, ананас, т.б.) болып бөлінеді.
1. Шекілдеуікті шырынды жемістер (алма, алмұрт, беке, т.б.). Алма
(лат. malus) — раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс
ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10 — 12-сінің
шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы,
Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары
бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 3—10 м болады.
3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады.
Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту
бұлама алуда және селекцияда қолданылады.
АЛМҰРТ – раушангүлдер тұқымдасына жататын жемісті өсімдік. Табиғатта
18 түрі, 5000-нан астам сұрпы бар. Сұрпына қарай биіктігі 20-30 метр
аралығында болады. Өмір сүру ұзақтығы 50-80 жыл, кейбір түрлері 150-300
жылға дейін өмір сүреді. 8-10 жылдан кейін жеміс береді. Жапырақтары
жұмыртқа пішінді немесе домалақ, ұштары үшкірлеу, ұзындығы 3-7 см.
Алмұрттың гүлдеуі сәуір, мамыр айларында, жапырақтары шыға бастаған кезде
басталады. Гүлдері ақ, хош иісті, жәндіктерді өзіне тартады. Бір алмұрт
ағашынан 10 кг-нан 40 кг-ға дейін жеміс алуға болады. Жарық жерде жақсы
өседі, көлеңкеге де шыдамды, бірақ көлеңкеде өссе, жемісті аз береді.
2.Сүйекті шырынды жемістер(шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б.) Шабдалы –
раушангүлдер тұқымдасы, бадам тобына жататын өсімдік. Шабдалының отаны
нақты белгісіз. Көпке дейін шабдалының отаны Иран деп есептеліп келген,
бірақ жабайы түрі Қытайда табылғаннан кейін, зерттеушілер шабдалының отаны
– Қытай деген тұжырымға келді. Қазіргі кезде шабдалыны субтропикалық және
жылы қоңыржай климаттардың көп жерлерінде өсіреді. Еуропаға шабдалы Парсы
елі арқылы келген. Жеміс өсіруден Еуропада шабдалы, алма мен алмұрттан
кейін үшінші орында тұр. Шабдалы өсіруден АҚШ бірінші орындағы мемлекет.
Қазіргі кезде шабдалының 3000-ға жуық сұрыпы бар. Шабдалының екі түрі бар:
біріншісінің қабығы түкті, екіншісінікі – тегіс. Ағаштың биіктігі 6 м.
Жапырақтары сопақша келген ұзын. Жапырақтары гүлдеп болғаннан кейін шығады.
Гүлі қызғылт-күлгін, мәдени түрлерінде ақ, қызыл, ала түстілері де бар.
Күлтелері жәй және гүлпарлы болып келеді. Жемісі шар пішінді, бүйірінде
сызығы бар. Алдында жасыл түсті болады да, соңынан қызғылт-сары түске
айналады. Жемісінің өзіне тән хош иісі болады. Жемісінің ортасында ірілеу
сүйегі болады. Сүйегінің беті бұдырлау, қоңыр. Жеміс беру кезеңі мамырдан
қазанға дейін созылады. Ерте пісетін сұрыптарына қарағанда, кеш пісетіндері
хош иісті, дәмдірек және дәрумендері көп болады. Жемісінің салмағы
50грамнан 500 грамға дейін жетеді. Шабдалы 40-50 жылға дейін өмір сүреді,
бірақ ауруға шалдыққыш, сондықтан ертерек өліп қалады. Көбінесе 15-30 жылға
дейін ғана өмір сүреді. Шабдалы – жарықсүйгіш өсімдік, көлеңкелі жерде
жемістері кішірейіп, дәмсіз болады. Шабдалы тұқымнан және вегативті
тәсілмен – қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейеді. Шабдалыны отырғызған кейін
3-5 жылдан соң жеміс бере бастайды. Әр ағаш 30 кг - 100кг-ға дейін жеміс
бере алады.
Шие (лат. Prunus subgen. Cerasus) – раушангүл тұқымдасына жататын ағаш
және бұта типтес өсімдік.
Гүлі ақ, кейде қызғылт. Гүл шоғыры шатырша. Етжең, шырынды жемісінің
сүйегі бар. Жер жүзінде шиенің 150 түрі, Қазақстанда 7 түрі таралған.
Шиенің жемісінде 7,3 – 17,5% қант, 0,8 – 2,4% әр түрлі органикалық
қышқылдар, 0,15 – 0,88% илік заттар мен витаминдер болады. Жемісінен тосап,
компот, шарап жасайды және кондитер тағамдарына қосады.
Шие көшет, екпе шыбықтарын телітушіге ұластыру арқылы көбейтіледі.
Тұқымы арқылы көбейту селекция саласында жаңа сорттар шығару үшін
қолданылады. Шие құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі.
Бұлардан басқа далалық және орманды далалық шие (Cerasus frutіcosa),
құмдық шие (Cerasus pumіla) деген түрлері бар. Қытай түкті шиесі Солтүстік
Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан
облыстарында өсіріледі.[1]
Өрік (Armeniaca) — раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс
ағаштарының туысы, жеміс дақылы. Ағаштары өте биік, 8 – 15 м аралығында.
Жапырақтары жалпақ, жоғары жағы үшкірлеу, тісті болып келеді. Жеміс
бүршіктері бір гүл береді, олар ақ немесе қызғылт түсті, жапырақтарынан
бұрын ашылады. Жемісі етті, түкті, ал сүйегі жылтыр.
Өрік – жарық, жылу сүйгіш дақыл, жеңіл ауа, ылғал өткізгіш
топырақтарда жақсы өседі, ал сазды, тұзды жерлер Өрік өсіруге жарамсыз
келеді. Құрғақшылыққа төзімді. Тікпе көшеттері отырғызылған бақтар 3 – 4
жылдан кейін өнім бере бастайды, 40 – 50 және одан да көп жыл өмір сүреді.
Әр түбінен 15 – 20 (7 жылдық ағаш), 60 – 100 кг (15 – 20 жылдық ағаш) жеміс
алынады. Жемісі шілде айында піседі, салмағы 20 – 70 г. Жемісінің құрамында
4 – 20% қант, алма және лимон, т.б. қышқылдары, 10%-дай каротин, 0,4 – 1,3%
пектин заттары, ал тұқымында 29 – 58% май болады. Жемісінің өзін,
кептірілген және өңделген күйінде (шырын, тосап) пайдаланады. Өрік ағашын
егісті желден қорғайтын орман алқабында отырғызады және шабдалымен телу
үшін өсіріледі.
3. Жидекті шырынды жемістер (жүзім, қара және қызыл қарақат, таңқурай,
бүлдірген, т.б.) Жүзім – шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық
түрі бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне
адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде
4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі.
Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан
өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5
салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін
сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына
қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі
жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі.
Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50
жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы
көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды.
Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі
ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы,
жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте
бастағанға дейін аяқтау қажет.
Бүлдірген (Fragarіa) – раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық
шөптесін өсімдік, жидекті дақыл. Бүлдіргеннің Қазақстанда 2 түрі: орман
Бүлдіргені (F. verca), жасыл Бүлдірген (F. vіrіdіs) бар. Олар көбінесе
таулы аудандарда, ормандардың ашық беткейлерінде және өзендердің бойында
өседі. Бүлдіргеннің биіктігі 5 – 25 см, бұтақталған сабағы ұзарған жер асты
өркенін құрайды. Тілімденген ұзын сағақты жапырағы үш-үштен топтасады. Гүлі
ақ немесе сары, қос жынысты, гүлшоғыры – көпгүлді қалқанша. Жемісі – жидек
(қызыл, қызғылт шырынды). Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жер үсті
бөлігі ұзын сағақты жапырақшалардан, гүл сағақтарынан және мұртшалардан
тұрады. Қысқа мүйізшелері гүл бүршігімен аяқталады, келесі жылы олардан гүл
сағағы өсіп шығады. Бұтағы арқылы көбейеді. Бүлдіргендер бал-шырынды және
дәрілік өсімдіктер. Жемісі дәмді, хош иісті, құрамында А, В1, В2, ... В9, РР,
К витаминдері, органик. қышқылдар, фосфор, темір, кальций және т.б. пайдалы
заттар болады. Бүлдіргеннің зиянкестері: қой бүлдірген ұзынтұмсығы,
бүлдірген жұмыр құрттары, бүлдірген кенесі. Аурулары: ақұнтақ (қалталы
саңырауқұлақтардан туындайтын өсімдік ауруы), шірік, т.б. Жемісін жинап
алғаннан кейін мұртшаларын қиып, мезгілімен суарып, түбін қопсытып,
тыңайтқыштармен қоректендіреді. Қазақстанның суғармалы жерлерінде өсетін
бірнеше сорттары бар.
4. Жұмсақ шырынды жеміс (апельсин, лимон, мандарин, т.б.) Апельсин –
цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгіжасыл жеміс ағашы. Отаны –
Оңтүстік Қытай және Үндістан. Жабайы күйде кездеспейді. Бүгінгі біз білетін
апельсин мандарин мен помеланың гибриді. Еуропаға апельсинді саяхатшылар ХV
ғасырда әкелген. Қазіргі кезде апельсин тропикалық және субтропикалық
аймақтардың көбісінде өсіріледі. Биіктігі 10-12 м, жапырағы қалың, сопақша,
ұшы сүйірлеу болып келеді. Гүлінің түсі ақ, жұпар иісті. Жемісінің түсі
сұрыпына қарай ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін болады, пішіні домалақ.
Жемісінің орташа салмағы 100-400 г. Апельсин – жылусүйгіш өсімдік. -5ºС
температурасында жапырақтары түсе бастайды, ал -8ºС, - 9ºС-ге жеткенде,
ағаш өліп қалады. Өсіп тұрған жері қолайлы болса 75 жасқа дейін өмір
сүреді. Апельсиннің селекционерлер шығарған сұрыптары өте көп, жылда 10-15
шақты жаңа сұрыптары шығып жатады.
Лимон (Cіtrus lіmon)— руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш.
Шыққан жері — Үндістан, Оңтүстік және Үнді Қытай аралдары. Біртіндеп
Жерорта теңізі аймақтарына және Батыс Еуропа өңірлеріне жерсіндірілген.
Жабайы түрі жоқ, қолдан өсіріледі. Биіктігі 3 — 7 м-ге жетеді. Бұтақтары
тікенекті. Жапырағының жоғарғы ұшы үшкірленген, пішіні жұмыртқа тәрізді,
шеттері ара тісті болып келеді. Өзіне тән эфир майының хош иісі бар.
Гүлдері (6 — 8 күн) ашық ақ түсті. Жемісі ірі, салмағы 200 — 400 г,
сопақшалау, сары түсті қалың қабықпен қапталған. Ішіндегі шырын жемісі 8 —
10 бөлікке бөлінген, сыртын жұқа ақ қабық жауып жатады. Шырынының дәмі
қышқыл, құрамында 5 — 7,2% лимон қышқылы, 1,9 — 3% қант, 50 — 90 мг С
витамині, темірге бай, эфир майы, кальций, калий, т.б. болады. 3 — 4-
жылдары жеміс береді. Бір ағаштан 15 — 30 кг жеміс алынады. Лимонның
жемісін шырын және Лимон қышқылын алуға пайдаланады. Ашық алқапта
өсіріледі. Қарашірігі мол, кәрізделген топырақта жақсы өседі. Лимон жылу,
жарық, ылғал сүйгіш, оны тұқымы, қалемшесі және өркендері арқылы көбейтеді.
Өсу кезеңінде артық өскіндерін қиып, биіктеп кеткендерін қысқартып отырады;
қара Цитрусті өсімдіктер.
Мандарин - жемістің бір түрі. Мандарин (Cіtrus retіculata) — руталар
тұқымдасына жататын мәңгі жасыл аласа ағаш. Шыққан жері Үндіқытай, Қытай,
Жапония. 1805 жылдан Еуропа елдеріне жерсіндіріле бастады. Қытай, Испания,
Мексика, Жапония, т.б. елдердің субтропиктік және тропиктік аудандарында
өсіріледі. Биіктігі 2 — 3 м, діңгегінің бұтақтары тармақталып өседі.
Сабақтары жасыл. Жапырағы жұмыртқа пішінді сопақшалау келеді. Басқа
цитрустарға қарағанда жапырағының сабағы жіңішкелеу және ол ең тез пісетін
әрі көп жеміс беретін ағаш. Мамыр — шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ
түсті, майда. Қараша — желтоқсанда жеміс береді. Жемісінің салмағы 60 — 80
г, түрі қою сарғыш, дөңгелектеу. Жемісінің шырынында 7,4% қант, 0,8 — 0,9%
қышқыл, С және Р витаминдері, ал қабығының құрамында біріктіргіш заттар,
көп мөлшерде эфир майы, т.б. бар. Көшеті отырғызылғаннан кейін 3 — 4-жылда
жеміс бере бастайды. 1 жылда 10 — 12 жылдық ағаштың 1 га-сынан 500 ц-дей
өнім алынады. Суыққа төзімді, жапырақтары –6,5°С-қа дейін үсімейді. Әк және
қарашірігі мол құнарлы топырақта жақсы өседі.
5. Субтропиктік шырынды жемістер (анар, інжір, құрма, т.б.) Анар —
анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді субтропикалық өсімдік.
Жабайы анар Кавказда, Орта және Кіші Азияда, Ауғанстан мен Үндістанда
кездеседі. Кәдімгі анар (Punica granatum) Орталық Азия жемістерінің ішінде
көп өсірілетін дақыл. Оңтүстік Қазақстанда анардың қызғылт Гюлоща, Бала-
мюрсаль, Қазеке анар, Қызыл анар, т.б. сорттары өсіріледі.
Биіктігі 3—5 м, бұтақтары тікенекті, ашық қызыл түсті келеді. Анар
жарықты жақсы көреді, құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз. Бақта қатар
аралығы 4 × 2 м немесе 4 × 3 м етіп отырғызылады. Отырғызылғаннан кейін 3—4
жылда жеміс бере бастайды. Анар тұқымынан және өсімді (внгнтативті)
тәсілмен, ал қолда отырғызылатын сорттары, көбінесе, сүректелген қалемше
немесе ұластыру арқылы көбейеді. Орта есеппен әр ағаштан 25—30 кг өнім
алынады. Ағаштары жемісті 30-50 жылға дейін береді. Кейбір анар 300 жылға
дейін өседі. Жемісінің салмағы 200-ден 1000 г-ға дейін, дөңгелек
(диаметрі — 8—10 см), шырынды, көп тұқымды, сыртында қатты қабығы бар.
Жемісінің шырынында 80—90% су, 8—12% қант, 0.5—5 % түрлі қышқылдар, 3—4%
көмірсу, С, B дәрумендері болады.
Інжір (Fіcus carіca) – тұт тұқымдасына жататын субтропиктік жеміс
ағашы. Інжірдің биіктігі 4 – 8 м, діңінің диаметрі 0,2 – 0,4 м. Тамыры
жақсы дамыған, жас сабақтары жасыл, сүтті-шырынды, жапырағы ірі. Жемісі
етжеңді, жеміс шоғырының ішінде ұсақ жаңғағы болады, жемісінің салм. 32 –
77 г. І. – қос үйлі өсімдік. Аталық ағашын капфирикус, ал аналығын фиг деп
атайды. І. гүлін бластофага арасы тозаңдандырады. Ол болмаған кезде қолдан
тозаңдандыру жүргізіледі. І-дің көптеген сортының жеміс шоғыры
партенокарпты. Аналық ағаштардың көпшілігі 2 рет жеміс береді. Біріншісі
шілдеде, екіншісі тамыздан қарашаға дейін піседі. Ылғалды жерде жаздың
ыстығына төзімді, топырақ талғамайды, бірақ қара шірігі мол саздақ
топырақта жақсы өседі. І. ағашы 100 – 200 жыл өмір сүреді. Оның 2 – 3
жылдық көшеттері жеміс бере бастайды. 50 – 80 жылға дейін өнімі мол болады
(әр ағаш 20 – 100 кг). І. Жерорта теңізі жағалауында, Кіші Азия түбегінде,
Иранда, Солт. Батыс Үндістанда, Кавказ сыртында, Орта Азия елдерінде жабайы
түрлері, ТМД елдерінде (Әзербайжан, Грузия, Армения), Ресейде (Краснодар
өлкесі, Қырым), Орта Азия елдерінде қолдан отырғызылған түрлері өседі. Жас
жемісінде 12 – 23% қант, 0,5 – 4,2% пектин заты, 3,4 – 7,4% клетчатка, С,
В1, В2 витаминдері, каротин, кальций, темір және фосфор мол.
6.Тропиктік шырынды жемістер (банан, ананас, т.б.) Банан (Musa) — көп
жылдық шөптесін өсімдік. Банан ағаш дақылдарына ұқсас аласа сидамды,
биіктігі 1,5 — 8 м-ге дейін, жапырақтары өте үлкен — ұзындығы 1,5 — 3 м,
ені 0,6 — 1 м. Гүлі дара және қос жынысты, жемісі — қабығы қалың жидек.
Тропиктік және субтропиктік Африкада, Азия және Австралияда бананның 60 —
70 түрі бар. Банан вегетативтік жолмен көбейеді, мәдени сорттары тұқым
байламайды. Банан тәтті және крахмалды болып екі топқа бөлінеді. 95 кг
жемісі жас кезінде пайдаланылатындары тәтті сорттарына жатады. Жемістері
тәтті, дәмді. Өнімділігі жоғары: бір сабақта жалпы салмағы 50 — 60 кг 300-
дей жеміс өседі. Ол тропиктік аудандардың халқы үшін бағалы тағам, әрі шет
елге шығарылатын өнім. Жер жүзіндегі жеміс дақылдарының ішінде жалпы өнімі
бойынша банан екінші орын алады (жылына 55 — 60 млн. т). Жемісінің құнары
бидаймен тең келеді, құрамында 22 — 25% көмірсулар, 14 — 22% қант, 5 — 8%
крахмал, 1 — 1,5% белок, 0,5% май, сонымен қатар минералды тұздар, А, В, С,
Р витаминдері бар.Банан жемістерін жас күйінде және кептіріп те жеуге
болады, одан банан ұны, консерві, мармелад, шәрбат, шарап дайындалады.
Ананас (лат. Ananas) - жеміс Ананас — субтропиктік және тропиктік
өңірлерде өседі. Піскен ананасты 8—9 градус температурада 10—12 күнге дейін
сақтауға болады. Температура 7 градустан төмен болса ананас жемістері
қарайып,су татып кетеді, ал 10 градустан жоғары болған жағдайда жеміс тез
пісіп кетеді де, дәмі, түсі бұзылады. Ананастың құрамында қант, органикалық
қышқылдар, күл пектин және хош иісті заттар, сондай-ақ С витаминнің 20 мг
проценті, каротин (А провитамині), Ві және Вг витаминдері бар. Ананасты
жаңа піскен күйінде де, сондай-ақ түрлі өңдеуден өткізіп те (шырын, компот
ретінде) там аққа пайдалануға болады. Ол үшін ананасты тілімден немесе
дөңгелектеп кеседі (кейде қант ұнтағын себеді).

Анар Алма

Өрік
Шие

Жүзім Інжір

Ананас Банан

Лимон Мандарин

Бүлдірген Шабдалы

Алмұрт

2. Тәжірибелік бөлім
2.1 Шырынды жемістердің биологиялық ерекшеліктері

Шырынды жемістер

Раушангүлділер.
Қызыл алма.

Ғаламшарымызда Шырынды жемістердің 3000-нан астам түрі бар деп
есептеледі. Республикамызда олардың 35 түрі өседі: мойыл, шетен, алмұрт,
алма ағаштар және т. б. - көпжылдық шөптекті өсімдіктер.

Жапырағы

Шырынды жемістердің жапырақтары барлығында бірдей емес. Жай
жапырақтылары: алма, алмұрт, долана, шие, өрік және т. б. ағаштарында
болады. Күрделі жапырақтар (үшқұлақты) бүлдірген, құлпынай, таңқурай;
қауырсын тәрізді күрделі: итмұрын, шетен, қараған; саусақ салалы күрделі:
жатаған қазтабан және т. б. кездеседі.
Жапырағы қауырсын тәрізді немесе саусақ салалы күрделі жапырақты,
кейде жай жапырақты болып келеді. Жапырақтарында бөбешік жапырақ болады.

Гүлдері

Шырынды жемістердің - ағаш, бұта, көпжылдық шөптекті, гүлдері
қосжынысты, қосжарнақты өсімдіктер тобы. Бұлардың сирек те болса дара
жыныстылары (біржыныстылары) кездеседі. Раушангүлділердің дентиннің
гүлшоғырлары алуан түрлі. Гүлсеріктері қосқабатты, 5 тостағанша
жапырақшадан және 5 күлтеден тұрады. Олардың 4 тостағанша жапырақшалары да
(түзу қазтабан) бар. Аталықтары өте көп, кей түрінде (теңгежапырақ) 4-8-9,
ұзынды-қысқалы болып шеңберлене орналасады. Аналықтары біреу (шие, шабдалы)
немесе өте көп (таңқурай, бүлдірген) болады. Оларды ұзын тұмсықты
бунақденелілер тозаңдандырады. Ал жемістері құстар, жарқанаттар және су
арқылы таралады.

Гүлдері - орташа мөлшерлі немесе ұсақ. Ұсақ гүлдері шоғырбас,
шатыршагүл, шашақ гүлшоғырына жиналады. Гүлі біріккен бес тостаған
жапырақшалар, 5 күлтежапырақшадан құралады. Күлтенің құрылысына қарай әр
түрлі атаулары да бар. Ең ірі күлтежапырақша - желкен, күлтенің екі
бүйіріндегі 2 күлтежапырақша - ескек деп аталады. Ал төменгі тұтасып
өскен екеуі - қайықша. Қайықшаның ішінде 1 аналық бар, оны 10 аталық
қоршап тұрады. Аталықтар қоршаған аналық түбіне тірне жинақталады.

Жемісі

Жемістердің жемістері де алуан түрлі. Шырынды жемісті (алма, шие)
және т. б. Мойылдың, шиенің жемістері - сүйекті-шырынды. Таңқурай жемісі
көпсүйекті болып келеді. Мұндай жеміс гүлтабанға бірігіп өскен қарама
сүйекті ұсақ жемісшелерден түзіледі. Құлпынай мен итмұрын жемістері қарама
(көп)жаңғақшалы құрғақ жеміске жатады, тек гүлтабандары ғана шырынды
болады. Тұқымдарында эндосперм болмайды, кей түрінде эндоспермнің қалдығы
байқалады. Итмұрын гүлінің формуласы - Т(5)К5А6Ж6. Жабайы алхоры (терн)
гүлінің формуласы: Т(5)К5А20Ж1. Раушангүлділердің жабайы (тікенгүл,
итмұрын, шетен) және мәдени түрлері де (алмұрт, шие) бар. Алма, шабдалы,
өрік, беже ағаштары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шырынды жемістер
Қауын - бақша дақылдары, біздің түсінігімізде көкөністен гөрі жеміс
Айва жемісінің ерекшелігі
Шырын өндірісі
Алма ағашы сияқты, алмұрт өздігінен құнарлы
Тамыр-түйнектілердің құрылысымен танысу және оның технологиясы
Картоп сақтауға арналған қойма түрлері
Биология сабақтарында проблемалық оқыту арқылы оқушылардың ізденіс дағдысын қалыптастыру
Алма, алмұрт дақылдарын сақтау технологиялары
Стандартпен нормаланады мөлшері жемістер
Пәндер