Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде балабақшадағы тәрбие



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1 Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудегі тәрбиенің рөлі
1.1. Ұрпақ тәрбиесі . келешек қоғам тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.6
1.2 Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің басты қағидалары ... ... ... ... ... ..7.10

2 Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде балабақшадағы тәрбие
2.1. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу балабақшадан басталады ... ... ... .11.13
2.2 Бала тәрбиесінде балабақшаның рөлі зор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Кіріспе
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған ірі экономикалық өзгерістер мен технологиялық жетістіктер қоғам дамуының қозғаушы күші болып табылатын білім жүйесіне орасан ықпалын тигізіп отыр.Әлемдік қауымдастықтың біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуі жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттігін көрсетеді.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру. Адам тәрбиесі-ұзақ үрдіс. Күн сайын өзгеріп жатқан заманда, кешегі тұжырымдама бүгін ескіріп жатады. Сондықтан да жас ұрпаққа тәрбие беруде ұстаздар қауымы тәрбиенің қайнар көзін, негізгі алтын діңгегін анықтап алуымыз қажет. Тәрбие жұмысындағы айқын бағыт-бағдарды елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық патриотизм, ұлтжандылық, халықтар достығы» деп көрсетіп берген болатын.Міне, осы ұстанымды бағыт-бағдар ете отырып мен өзімнің тәжірибемді баяндамақпын.
Қазіргі таңда тәрбие берудің барлық деңгейлері бойынша дәстүрлі тәжірибеге инновациялық көзқарастар тұрғысынан келу бағытын ұстану қалыптасты.
Инновациялық үрдіс – білім берудің жүйесін жаңарту және дамыту, сонымен қатар қоғамның, еліміздің өз дамуында жаңаша қоғамның, әлемнің оқытушысы қажеттілігінен туындаған үрдіс.
Инновациялық білім беру құралдары: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, инновациялық веб-сайт және т.б.
Бүгінгі таңда «Ғасыр мектебі мен мұғалімі қандай болуы керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да , идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. Ол үшін тәрбие беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды , әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер.

1.Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері. – Алматы: Рауан, 1998. ж
2. Асылбеков А. Бала тәрбесіндегі семьяның рөлі. – Алматы: Мектеп, 1986. ж
3. Ахметова З. Шуақты күндер: Естелік, эссе. – Алматы: Жалын, 1987..
4 .Қоянбаев Ж. Балаларды семьяда тәрбиелеу. – Алматы: Білім, 1997
5.12 жылдық білім журналы №5 2005ж
6.Бастауыш мектеп 2007ж
7. ХХІ ғасырдағы Республикалық педогогикалық оқулардың озық тәжірбиелер
8. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б
9. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.
10. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б
11. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет
12. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған ірі
экономикалық өзгерістер мен технологиялық жетістіктер қоғам дамуының
қозғаушы күші болып табылатын білім жүйесіне орасан ықпалын тигізіп
отыр.Әлемдік қауымдастықтың біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға
бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуі жалпы адамзаттық және ұлттық
құндылықтарды бойына сіңірген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу
қажеттігін көрсетеді.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың
қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын
және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру. Адам тәрбиесі-ұзақ үрдіс. Күн
сайын өзгеріп жатқан заманда, кешегі тұжырымдама бүгін ескіріп жатады.
Сондықтан да жас ұрпаққа тәрбие беруде ұстаздар қауымы тәрбиенің қайнар
көзін, негізгі алтын діңгегін анықтап алуымыз қажет. Тәрбие жұмысындағы
айқын бағыт-бағдарды елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстандық патриотизм,
ұлтжандылық, халықтар достығы деп көрсетіп берген болатын.Міне, осы
ұстанымды бағыт-бағдар ете отырып мен өзімнің тәжірибемді баяндамақпын.
Қазіргі таңда тәрбие берудің барлық деңгейлері бойынша дәстүрлі
тәжірибеге инновациялық көзқарастар тұрғысынан келу бағытын ұстану
қалыптасты.
Инновациялық үрдіс – білім берудің жүйесін жаңарту және дамыту,
сонымен қатар қоғамның, еліміздің өз дамуында жаңаша қоғамның, әлемнің
оқытушысы қажеттілігінен туындаған үрдіс.
Инновациялық білім беру құралдары: аудио-видео құралдар, компьютер,
интерактивті тақта, интернет, инновациялық веб-сайт және т.б.
Бүгінгі таңда Ғасыр мектебі мен мұғалімі қандай болуы керек? деген
негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен
қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық
үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген
жоқ. Қазір заман да қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да,
құндылықтары да , идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар өзінің
болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап
қоя білетін адамдар. Ол үшін тәрбие беру саласында жүйелі жұмыстар атқару –
еліміздегі ең маңызды , әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер болып
табылады.
Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана
ашылады. Мұғалім қолында сол кілт жүруі керек деп дана халқымыз
айтқандай мектептегі бала тәрбиесін жүйелі түрде ұйымдастыра отырып,
кешенді түрде жан-жақты жоспарлап , жаңа технология үлгісінде тәрбиелік
шараларды жасақтап, өз тәжірибемде қолданып келемін.
Жаңа инновациялық тәрбие берудегі теледидардың, ақпарат құралдарының
ролі аса маңызды. Өйткені , ол баланың талғамын дамытады, әдемілік пен
жағымсыз дүниелерді ажырата білуге үйретеді, сонымен қатар тәрбиенің
көптеген саласымен тығыз байланыста болады. Әдемілікті көру, еңбек ету
сапалары жан-жақты дамыған адамды тәрбиелеуде өте қажет.

1 Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудегі тәрбиенің рөлі

1.1 Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-
жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу
– біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие
– балалардың адами сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды қамтиды.
Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік пен кішіпейілдік,
қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалылық адамзат
тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері. Ата-ананың бала тәрбиесіне
деген жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Балапан ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы
балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер не айтса, соны айтатыны, не
істесе, соны істегісі келетіні белгілі. Баланың үйден көргені, етене
жақындарынан естігені ол үшін адамгершілік тәрбиенің ең үлкені. Демек,
жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға
берер тәлімі мол болмақ. Бүгінде көгілдір экранның, жалпы бұқаралық ақпарат
құралдарының адамзат баласы үшін маңызы зор. Балаларды адамгершілікке
тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі тұтады. Халық
педагогикасына нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары,
даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып
ертегілері, ой-өрісті дамытатын ойындар, ұлттық тәрбие негіздері жатады.
Міне, мұның барлығы адамгершілікке баулиды. Олай болса, тәрбие кілті –
халық педагогикасында деуге толық негіз бар. Өйткені халқымыздың тәлім-
тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.
Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық сынды
адамгершіліктің құнды қасиеттерін сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке
тәрбиелеуде отбасы мен мұғалімдер шешуші рөл атқарады. Яғни рухани-
адамгершілік тәрбие – екіжақты процесс. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің
маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана
халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер,
ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты
педагог Ы.Алтынсарин: Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта
әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады, –
деп атап айтқан. Ертегілерде жақсылық пен жамандық, батырлық, жауыздық,
қорқы-ныш пен әділетсіздік бар екендігі белгілі. Сондай-ақ, олардың бір-
біріне қарсылығы, ең бастысы, небір қиын-қыстау жағдайда қалай жеңіп шығу
мүмкіндігі көрсетіледі. Сонымен қатар, балалардың танымдық қабілетін
дамытуда ойындардың да атқаратын маңызы зор. Ойын – мектеп жасына дейінгі
баланың жеке басының дамуына ықпал тигізетін басты құбылыс. Ойын – баланың
бірінші әрекеті. Ол баланың қабылдау, ойлау, қиял, есте сақтау сияқты даму
үрдістерінің жетілуіне көмектеседі. Баланың ақыл-ой белсенділігін
қалыптастыратын, алған білімдерін тереңдететін де – ойын. Соның ішінде,
ұлттық ойындардың орны ерекше. Қазақ халқының ұлттық ойындары ерлікті,
өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, логикалық ойлау қабілетін,
ізденімпаздықты дамытады. Сонымен бірге, ойындар әділдік пен
адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Сондықтан болар, ойын
үстінде бала өзін-өзі ұмытып, ортадағы іс-әрекетке ден қойып, өзгелермен
еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады.
М.Жұмабаев: Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң,
есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ, – деген екен. Демек, халық
педагогикасына сүйене отырып, баланы патриоттыққа тәрбиелеу, отансүйгіштік
пен ұлттық намысын ояту – ең басты мәселелердің бірі. Бәсекеге қабілетті
дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін де бұл мәселенің маңызы зор. Ендеше
ұрпақ тәрбиесіне бүкіл халық болып жұмылғанымыз жөн. Сонда ғана көтерер
жүгіміз жеңілдеп, көкжиегіміз кеңеймек.

1.2 Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің басты қағидалары
Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі - қазақ.
Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені,
қазақтың ел алдындағы абырой беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының
жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының
салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген.
Ата-бабаларымыздың сондай-ақ тектілік деген киелі ұғымды ежелден
қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай.
Туа бітті тектілігін, табиғи қадір-қасиетін сақтап қалу үшін олар
мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы-жекжат болуға ұмтылған. Тарих
қойнауына үңіліп, ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымыз да тегін
емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай көшелі
ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш
уақытша да естен шығармауымыз керек. Шығыстың ғұламасы әл-Фараби: "Жас
жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып
берейін" - деген. Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара
олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады. Адамның құдіреті санасында,
сондықтанда әрбір адам саналы өмір сүрсе және  бәрін ақылға салып, ойлап
істесе, оның алдына қойған мақсатына да, байлыққа   да, бақытқа да қол
жеткізуіне болады. Адамзат баласының осы кезге дейін құрған қоғамы, жасаған
рухани және материалдық байлығы, осының бәрі сананың жемісі. Ендеше біз
адамды адамгершілік әдетке баулығанда оның санасына салмақ салуымыз керек.
Сана арқылы адамның дүниетанымы, өмірге көзқарасы, рухани мәдениеті
қалыптасады. Адамның ғұмыры жан мен тәнге негізделген. Яғни адам жан мен
тәннен тұрады. Жан жайбарақат болуы үшін тәннің жайбарақат болуы шарт. Олай
болса, адам бақытты болу үшін жаны мен тәнін қоса тәрбиелеуі керек. Яғни
салауаттылық өмір қағидасын ұстануға тиіс. Бұл орайда бабаларымыз: "Тәні
саудың - жаны сау" - деп, салауаттылық өмірді игерудің жолын көрсетіп
берген. Баланың жастайынан дені сау азамат болуын аңсаған халқымыз
келіндерге жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде ақыл-кеңес берген,
сәбиді тұзды сумен шомылдырып, денесін маймен сылаған, қол-аяғын созып, "өс-
өс" - деп буындарын бекіткен. Дене сұлулығына, әсіресе, қыз баланың көрікті
болуына ерекше көңіл бөлген "Аттың көркі - жал, қыздың көркі - шаш" деп
ұққан.
"Денсаулық - зор байлық" деп қазақ халқы дене тәрбиесіне ерекше көңіл
бөлген. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның құралы. Құралы
мықты болса, иесі де мықты. "Сау жан сау денеде ғана болады" деген мәтел
ескіден қалған. Адам бақытты өмір сүру үшін ең әуелі рухани саулығына көңіл
бөлуі тиіс. Рухани саулыққа көңіл қойылған жағдайда адам елмен сыйласымды,
ойлау қабілеті жоғары, шама-шарқын білетін, ақылмен іс істейтін, өте
сезімтал, ұстамды да байсалды, қоғамдағы өз орнын білетін, жауапкершілігіне
ұқыптылықпен қарайтын, адамдармен тез тіл табыса алатын, табиғатты сүйетін,
қоршаған ортадан хабардар, бақыт дегеннің не екенін түсінетін жан болады.
Ал, рухани саулығы жоқ адам аталған барлық қасиеттен жұрдай болмақ. Қазіргі
кезеңде қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға, еңбекке,
қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Олар дөрекі,
әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі - отбасы тәрбиесіндегі ата-
аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті,
қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихқа көз жүгіртетін
болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік,
көргенділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол
қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.
Екінші себеп - бұл отбасындағы маскүнемдік, ұрыс-керіс, ата-аналарының
және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы
ажырасу яғни неке бұзу. Балалар тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы
шешуші рөл атқарады. "Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын
өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз
шешуші нәрсе... Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін
қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең
бірінші және ең басты әдісі" деген болатын А.С.Макаренко.
Ал, ұлы ата-бабаларымыз "Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы",
"Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" деп түсіндіреді. Сондықтан балаға
өмірінің алғашқы жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек. Егер
әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі
қояншық ұстамадан азап шегеді. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң
келеді.
Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір
отбасы баланың ішкі дүниесін , тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған
ортаға қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-
анасының еңбекқорлығы, ұстамдығы, кішіпейілдігі, ақыл-ойы, сана-сезімі,
адамгершілігі әсер етпек.
Ұрпақ тағдыры дегеніміз - ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы, оның
білімді де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді
бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтарының қолында.
Халықтық педагогика құндылықтарына үңіле отырып жастарды салауаттылыққа
тәрбиелеуде оның озық үлгілерін оқу-тәрбие барысында кеңінен пайдалануымыз
керек.
Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында өмірінің жалғасы,
мұрагер балаға тәрбие берудің өзіндік әдеп-ғұрпын жинақтады. Оларға
бұқаралық жасампаз тәжірибесі, рухани бай орнықты қазыналары, санқилы
қағидалар топтастырылды.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайлары мен
көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты тәрбие
берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.
Бала тәрбиесі көшпелі малшы отбасының күнделікті тұрмыс тіршілігімен
тығыз байланыста болды. Содан да олар баланы жұбатса да, жақсы көрсе де,
оның жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де өз тіршілігінің негізі болған
малдың ерекше жақсы қасиеттеріне, сұлу тұлғасы мен әсем бейнесіне теңеп
"қошақаным, құлыным, ботам, қозым" деп еркелетті.
"Қанағат қарын тойғызар" деп қанағатшылдыққа, үнемшілдікке пайымдаса,
"бұлақ көзін аш" деп табиғатқа деген аяушылықты үйретті, бес уақыт намаз
арқылы гигиеналық тазалыққа баулыса, қырық парыздың бірі - ілім деп енерге,
ілімге үйретті.
Әрбір адам ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер
болмасын, ең алдымен, шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп, мәпелеп, солардың
жемісін- күтуші ата-ана. Оның қоғам алдындағы қайраткерлік тұлғасы, адамдық-
азаматтық болмысы, тіпті өмірінің бар мәні мен сәні бірінші кезекте
перзенттерін қалай тәрбиелеп жетілдірумен өлшенбек. Бұл әрбір ата-ананың ең
жауапты, ең сындарлы қоғамдық қызметі деп түсінеміз. Ата-ана балаға тәрбие
берумен бірге өзі де тәрбиелі болуға тиіс.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер   білімді
игеруі тәрбиеге, салауатты өмірге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға
байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз - "Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы",
"Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қуар" деп ұлағатты ұстаздың
еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен.
Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт, яғни ол
өзінің өсу есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек
көзін ашқан ұстаздарымен де, қоршаған ортасы - табиғатпен де өзара үйлесім
таба білуі тиіс. Әдетте, нәресте дүниеге келерде жақсы не жаман болып
келмейді. Және де ол мүмкін емес. Жат қылық өсе келе жабысады. Ата-
аналардың да, ұстаздардың да, қоғамдық ұйымдардың да басты міндеті - жас
өскіндердің мөлдір шықтай таза, періштедей пәк жан дүниесін келеңсіз
қылықтардан қызғыштай қорғай білуі дер едік.

2 Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде балабақшадағы тәрбие

2.1. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу балабақшадан басталады
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі Қазіргі таңдағы егеменді
еліміздің болашағы дарынды, білімді, іздемпаз жастарға байланысты. Осыған
орай бүгінгі Балабақша алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой -
пікірі бар, жоғары саналы, белсенді, бәсекеге қабілетті азамат тәрбиелеп
шығару. Қоғамдағы түбегейлі озгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа
адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Балалардың ойлау
қызметін дамыту, ой пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз
бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірбиелерінде жаңа
жағдайларға байланысты қолдана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патриоттық тәрбиенің мәні
Қазақстанның ұлттық басымдығы: балалар және білім
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Балабақшадағы балалардың музыкасы
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде шетелдік тәжірибе түрлері
Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Тәрбиенің инновациялық әдістері мен технологиялары
Халықтық педагогиканы (жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, жұмбақ, ырымдыр, нақылдар) қолданып тәрбие сағатын өткізуге материалдар жинастыру. Тәрбие сағатының үлгісі
Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру
Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру
Пәндер