Әлемнің жеті кереметі туралы ақпарат



МАЗМҰНЫ

Анотация
I. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3.4

II. Негізгі бөлім
2.1. Әлемнің жеті кереметі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..5.13
2.2. Хеопс перамидасының соғылу жолдары . .. . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . .13.14
2.3. Ғажайып фактілер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15.17
2.4. Жаңа әлемнің жеті кереметі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17.19
2.5. Қазақстанның жеті кереметі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19.23

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .25
Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .26.39
Кіріспе
Ғылыми жобалық жұмыстың мақсаты:
Әлемнің жеті кереметін жете танып біле отырып, олардың жасалу жолдарын зерттей отырып, жаңа әлемнің жеті кереметтерін танып білу.
Ғылыми жобалық жұмыстың өзектілігі:
Адамзат мәдениетінің ғажайып ескерткіштерімен, яғни сәулет және мүсін өнерінің керемет тамаша үлгілерімен таныу. Әлемнің кереметтері халықтардың мұрасы екендігін ұғыну. Дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін және ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды біліп, өз отаным – Қазақстанның дамуы үшін пайдалану.
«Әлемнің жеті кереметі» антика /латынның ежелгі деген сөзі/заманында сәулет пен мүсін ескерткіштерінің сол кездегі ең даңқты жетеуі осылай аталған.
Б.ғ.д. III ғ 7 кереметтің үлгісі деп:
1. Мысыр /Египет/ пирамидалары;
2. Вавилонның /Семирамиданың/ аспалы бағы;
3. Эфес Артемидасының ғибадатханасы;
4. Галикарнас мовзалейі;
5. Александрия маягі;
6. Олимпиядағы Зевс мүсіні;
7. Родос алыбы
-осы жетеуі аталады.
«Керемет» деген ұғым баяғы заманнан бері орныққан дәстүр бойынша кең мағынасында қолданылады. Жоғарыда аталған кереметтерді дүниеге келтірудегі атқарылған жұмыстың мінсіздігі мен ауқымының жерден ақылға сыймаса да, керемет атаулының бәрі сырттың көмегінсіз жер бетіндегі адамдардың қолынан шыққан. Көркем шығарма мүмкіндігінің өзі еңбекпен тығыз байланысты.
«Еңбек - өнерден көне»- деген Плеханов. Демек, бүкіл дүние жүзіндегі өнер өзінің пайда болуымен еңбекке борышты. Өйткені Ф.Энгельс жазғандай, тек еңбектің және еңбек туғызған өзгерістердің арқасында «адам баласының қолы жетілгендіктен сондай бір жоғарғы сатысына жетті, міне осы сатыда адам баласының қолы бейне бір сиқырдың күшімен жасалғандай Рафаэльдің суреттерін, Торвальдсеннің статуяларын, Паганинидің музыкасын дүниеге келтірді».
«Жұлдызды аспанның кең байтақтығы ғажап емес, адамның соны өлшеп білгендігі ғажап». /Франс/
«Жаратылыстың қолынан бәрі де келеді және ол бәрін де жасайды». /Монтень/
«Егер сен өмірден ләззат алғың келсе, онда өнерден білімдар адам болуың керек». /К. Маркс/
Гете архитектураны «үнсіз музыка» деп атаған.
Атақты грек философы Демокрит: «Ляззаттың бәріне құмар болма, тек әсемдікке байланысты құмарды ғана таңдай біл» - деген.
«Әсемдікті сезіну» адамдық қасиет шарты. Онсыз, осынау сезімсіз кемеңгірлік те, талант та, ақыл да жоқ, тек үй ішіндегі тірлік үшін ғана емес, өзімшілдіктің күйкі есебі үшін ғана қажет құрғақ ақыл» қалмақ. Тек би музыкасына үн қататындар жүрегімен емес, аяғымен үн қатады, музыка көңіл сарайын әлдилеп, жанын тербемейтін, суретті тек бөлменің сәнін кіргізетін галантериялық зат деп біліп, оның жақтауын ғана тамашалайтын, өлеңді жастайынан сүйіп өспеген, драманы тек театр пьесасы деп білетін, романды еріккенде ермек үшін керек ертегі деп білетін пенде – адам емес.Эстетикалық сезім – ізгілік негізі, адамгершілік негізі» - деп жазған болатын Белинский.
Бірақ осындай сезімді адам өз бойында қалай дамыту керек?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ол кім? Бұл не? энциклопедиясы, Алматы, 1989
2. Әлемнің ұлы кереметтері, Алматы 2005, авторы – Рассел Эш, қазақ тіліне аударған А. Сужиков
3.Жеті және отыз жеті керемет, 1980 ж, Өтебай Тұрманжанов.
4. Интернет материалдары, www.google.kz.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Анотация
I. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3-4

II. Негізгі бөлім
2.1. Әлемнің жеті кереметі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . ..5-13
2.2. Хеопс перамидасының соғылу жолдары . .. . . . . . . . . . . .. . . . .
. . . . . . . .13-14
2.3. Ғажайып фактілер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . 15-17
2.4. Жаңа әлемнің жеті кереметі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 17-19
2.5. Қазақстанның жеті кереметі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 19-23

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . .25
Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . .26-39

Кіріспе
Ғылыми жобалық жұмыстың мақсаты:
Әлемнің жеті кереметін жете танып біле отырып, олардың жасалу
жолдарын зерттей отырып, жаңа әлемнің жеті кереметтерін танып білу.
Ғылыми жобалық жұмыстың өзектілігі:
Адамзат мәдениетінің ғажайып ескерткіштерімен, яғни сәулет және мүсін
өнерінің керемет тамаша үлгілерімен таныу. Әлемнің кереметтері халықтардың
мұрасы екендігін ұғыну. Дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше
екендігін және ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды біліп, өз отаным –
Қазақстанның дамуы үшін пайдалану.
Әлемнің жеті кереметі антика латынның ежелгі деген сөзізаманында
сәулет пен мүсін ескерткіштерінің сол кездегі ең даңқты жетеуі осылай
аталған.
Б.ғ.д. III ғ 7 кереметтің үлгісі деп:
1. Мысыр Египет пирамидалары;
2. Вавилонның Семирамиданың аспалы бағы;
3. Эфес Артемидасының ғибадатханасы;
4. Галикарнас мовзалейі;
5. Александрия маягі;
6. Олимпиядағы Зевс мүсіні;
7. Родос алыбы
-осы жетеуі аталады.
Керемет деген ұғым баяғы заманнан бері орныққан дәстүр
бойынша кең мағынасында қолданылады. Жоғарыда аталған кереметтерді дүниеге
келтірудегі атқарылған жұмыстың мінсіздігі мен ауқымының жерден ақылға
сыймаса да, керемет атаулының бәрі сырттың көмегінсіз жер бетіндегі
адамдардың қолынан шыққан. Көркем шығарма мүмкіндігінің өзі еңбекпен тығыз
байланысты.
Еңбек - өнерден көне- деген Плеханов. Демек, бүкіл дүние жүзіндегі
өнер өзінің пайда болуымен еңбекке борышты. Өйткені Ф.Энгельс жазғандай,
тек еңбектің және еңбек туғызған өзгерістердің арқасында адам баласының
қолы жетілгендіктен сондай бір жоғарғы сатысына жетті, міне осы сатыда адам
баласының қолы бейне бір сиқырдың күшімен жасалғандай Рафаэльдің
суреттерін, Торвальдсеннің статуяларын, Паганинидің музыкасын дүниеге
келтірді.
Жұлдызды аспанның кең байтақтығы ғажап емес, адамның соны өлшеп
білгендігі ғажап. Франс
Жаратылыстың қолынан бәрі де келеді және ол бәрін де жасайды.
Монтень
Егер сен өмірден ләззат алғың келсе, онда өнерден білімдар адам болуың
керек. К. Маркс
Гете архитектураны үнсіз музыка деп атаған.
Атақты грек философы Демокрит: Ляззаттың бәріне құмар болма, тек
әсемдікке байланысты құмарды ғана таңдай біл - деген.
Әсемдікті сезіну адамдық қасиет шарты. Онсыз, осынау сезімсіз
кемеңгірлік те, талант та, ақыл да жоқ, тек үй ішіндегі тірлік үшін ғана
емес, өзімшілдіктің күйкі есебі үшін ғана қажет құрғақ ақыл қалмақ. Тек
би музыкасына үн қататындар жүрегімен емес, аяғымен үн қатады, музыка көңіл
сарайын әлдилеп, жанын тербемейтін, суретті тек бөлменің сәнін кіргізетін
галантериялық зат деп біліп, оның жақтауын ғана тамашалайтын, өлеңді
жастайынан сүйіп өспеген, драманы тек театр пьесасы деп білетін, романды
еріккенде ермек үшін керек ертегі деп білетін пенде – адам емес.Эстетикалық
сезім – ізгілік негізі, адамгершілік негізі - деп жазған болатын
Белинский.
Бірақ осындай сезімді адам өз бойында қалай дамыту керек?
Мұның ең жақсы жолы - өнерді жан – тәнімен сүйетін, әрі сол бір
таңданысқа толы түсінігін басқаларға жеткізе алатын адамның басшылығы
арқала ғана өнермен қауышу. Кезінде Белинский жазғанда адамның бойындағы
нәзіктікті сезінуді сол нәзіктіктің өзі тудырады ... Мұның өзі Маристің
өнер туындысы...өнерді түсінетін және әсемдіктен ләззат алуға қабілетті
адамдарды туғызады - деген белгілі қағидасына сәйкес келеді.
Әлемнің кереметтері халықтардың мұрасы, сондықтан оларға барша халық
ие.

Негізгі бөлім
1. 2 Әлемнің жеті кереметі
Мысыр пирамидалары
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені
де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстікбатыс
жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер
қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын
тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-
софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер
пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей
береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік,
құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам
өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен
жалғасын тапты. Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы.
Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де
болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. Осыншалық алып дүниені
адам салуы мүмкін емес деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері жындар
салған болуы ықтимал десе, бәзбіреулері бұл - жер бетінде болған басқа
өркениеттің белгісі дейді, енді бірі жоқ, мұндай кереметті бөтен
ғаламшардан келгендер салған деген болжамдарын ұсынып бағады. Неге олай?
Себебі, бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл
осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Мысалы,
1989 жылы Париж қаласындағы Лувр мұражайының жанына салынған сәулетші
Пэйдің шыны пирамидасының биіктігі 22 метрден аспайды. 1972 жылы АҚШ-тың
Сан-Франсиско қаласында пирамидаға еліктеп салынған халықаралық штаб-
пәтердің алып құрылысы бар. 48 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі 260
метр болғанмен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына жетпейді. Сондықтан
да, Хеопс пирамидасы - адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі. Грек
тарихшылары 7 кереметке: Олимпиядадағы Зевстің статуясын, Галикарнастағы
мавзолейді, Ирактағы Семирамиданың аспалы бағын, Родос аралындағы 32
метрлік Гелиос алып мүсінін, Александрия маягын, Эфестегі Артемида
ғибадатханасын жатқызады. Бірақ, осылардан бүгінге дейін аман жеткені осы
Хеопс пирамидасы ғана. Аңыздарға қарамастан оны салғызған иесі мен қалай
тұрғызылғаны жөніндегі деректердің анықталғаны рас.
Хеопста басқа пирамидаларға қарағанда ішкі ауа жолдары мен камералар өте
көп. Олардың бәрі фотокамера-роботтар арқылы зерттелсе де, жұмбақ нәрселер
әлі де жетерлік. Пирамиданың дәл ортасына патша камерасы орналастырылған.
Оның ұзындығы - 10,6 м, ені - 5,3 м, биіктігі - 5,9 м. Оның үстінде және 5
шағын камера бар. Олар қабір камерасын басып тұрған салмақты жеңілдетеді
және оны бұзылудан қорғайды. Камералардың аралығындағы гранит тақталарға
Хуфудың өз аты және шеберлердің аты ойылып жазылған. Хуфудың мәйітіне
арналған тас саркофагін камерадан шығарып әкету мүмкін емес, оның көлемі
камераға кіретін есіктен үлкен. Бұл оның алдын ала орналастырылғанын
көрсетеді. Патша камерасына ауа ағыны солтүстіктен және Орион жұлдызы
бағытынан келіп кіреді. Бұл фараонның жаны жұлдызға көтерілсін деген
тілектен туған. Фараонның мәйіті 43,3 метрлік кемемен молаға әкелінген.
Пирамиданың іргесіндегі ғибадатханада жерлеу рәсімі жасалған соң, мәйіт
жерасты жолымен патша камерасына жеткізілген. Оған кірген жұмысшылар мен
абыздар жерасты жолына қарай түскен соң, қайтарда шығар жерді гранит
тақталармен білінбейтіндей етіп бекітіп кететін. Ал, патша камерамен
жалғасып жатқан Үлкен галерея деп аталатын ұзындығы 46,7 м, ені 2,1 м
ұзын дәлізді қарақшылардан қорғау үшін үш гранит тақтамен бөгеп қойған.
Оған солтүстік жақтан келіп кіретін есік әктасты қаптауыштың астында құпия
жасырылған. Патша камерасынан төменіректе ханшайым камерасы да болған. Оған
да 2 ауа жолы және жер астына түскен соң екіге айырылатын бөлек дәліз
жасалған. Бірақ, оған ханшайымның мәйіті қойылмаған, Фараонның мүсіні
сақталған. Бұл да - шешуі жоқ жұмбақтардың бірі. Қазір бұл пирамидалар
қалашығы саяхатшылардың сүйікті мекеніне айналып отыр. Түнге қарай онда
сиқырлы музыкалар ойналып, төрт жағынан көз тартарлық лазер сәулесі
түсіріліп тұрады. Пирамидада әлі де қазба мен қалпына келтіру жұмыстары бір
толастамайды[1; 81].
Ғажайып пирамиданы салдырған қандай күш? Әрине, осындай идеяны ең
алдымен өмірге әкелген адамның өз рухы екені талассыз. Ал, адамның рухында
мәңгілікке деген құштарлық бар. Ол - адамға Жаратушыдан берілген. Мәңгі
дүниенің бар екендігінің нышаны осыдан білінеді. Яғни, өтпелі мынау дүниені
емес, ақырсыз ақирет дүниесін адам өз рухынан тануына жол ашылған. Алайда,
адамдар мәңгілікті бұ дүниеден іздеген. Өлместің суы, Қорқыттың көрі,
Самұрық құс...осыдан шыққан. Перғауын секілді жарты әлемді билегендер де
жанталасып, мәңгі жоғалып кетпеудің амалын іздеген. Бірақ, осындай рухтың
иесі болған мәртебелі фараондар өзіне рух дарытқан Ұлы иесін тани алған ба?
Рас, оны тани алғанда, мәңгілікке қалудың амалын бұл дүниеден шарқ ұрып
іздемес еді. Жаны шығып кеткен мәйітін мумиялатып әуреге түспес еді. Жүз
мыңдаған жұмысшы құлдардың қан мен терін ағызып, тас зәулім салғызбас еді.
Мәңгілік деп өзін алдаусыратқан асқан берік гранит тастардың терең
қуысына өз атын жазғызып, зергерлерді азапқа салмас еді. 4 мың жыл адамзат
тарихы үшін ұзақ көрінгенмен замана үшін қас қағым сәттей ғана. Әрі асқар
шыңдай тас пирамиданың шын мәнінде Перғауынның жанымен де, рухымен де еш
қатысы жоқ. Асылында, ол тас ескерткіш мәңгілікті аңсаудың рәмізі болып
қана қалған. Олай болса, мәңгілікті пәни дүниеден табам деу адасушылық.
Әлемнің патшасы, мейлі көшенің қайыршысы болсын, иманға келмесе, мәңгілікке
деген арманын қанағаттандыра алмайды. Бақи дүниеге сенбеген соң,
мәңгіліктің де мәні жоқ. Кім болса да пирамиданың иелеріне ұқсап, бұ
дүниелік мәңгіліктердің жетегінде адасумен торыққан күй кешеді. Ал,
баяғыда салынып, бізге жеткен бұл пирамидалардан біз адам өмірінің де,
дүниенің де өтпелі екендігін пайымдайтын ғибрат алсақ дейміз.

Семирамида аспалы бағы
Семирамида аспалы бағы — Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс.
Навуходоносор ІІ патша Иранның таулы өлкесінен келген өзінің сүйікті
әйелдерінің бірі, туған жері мен елін сағынған мидиялық Семирамидаға арнап
салдырған деген аңыз-әңгімелер сақталған. Ол ежелгі дәуірде билік жүргізген
патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең
ауласында тұрғызылған. Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс
тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида
аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ
төгіледі әрі соның бетіне Вавилонияның, Мидияның және басқа елдерден арнайы
алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады.
Шөлді, ауа райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып
өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті
тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған
деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің
ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің”
біріне айналса керек. Бұны Бағдадтың оңт. жағынан 88 км қашықтықтағы
Вавилон қаласының орнына жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде бақ
террасаларын суаруға арналған алып конструкциялық құрылыстардың табылуы да
дәлелдей түседі. Семирамида аспалы бағы Тигр және Ефрат – жарыса аққан қос
өзен аңғарын жайлаған Месопатамияда біздің заманымыздан бұрынғы VІ ғасыр
шамасында Вавилон шаһарында салынған. Вавилонның құлдырауынан кейін су
тасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің
қазба жұмыстарының нәтижесінде аспалы бақтың қалдықтары Ирактағы Хилла
қаласынан табылады[1; 46].
Артемиданың ғибадатханасы
Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған Артемиданың
құрметінеб.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты
сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика
ордерінің стилімен тұрғызған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық,
Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас
құрылыстар да салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры
ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа
шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті
сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл
осы ғибадатхана жалын құшағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін
Ескендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші
Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадатхананың
жобасын сақтағанмен, одан сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110х55
метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр
болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекейленген. Әйгілі грек
шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру
жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес
суретшінің қолынан шыққан. Қаладан қасиетті орынға қарай арнайы порт
салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұмыры ұзаққа барған жоқ. III ғасырда,
дәлірек айтсақ, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары
ғибадатхананы қиратып кетеді. 1869 жылы ағылшын археологы Дж.Т.Вуд
жүргізген қазба жұмыстары кезінде ғибадатхана болған жерден тірек тақталар
мен сарайға әкелінген біраз нәрселер табылған[1; 89].
Галикарнас мавзолейі.
Кейінгі классикалық грек архитектурасының ең ғаламат зор
ескерткіштерінің бірі- парсы провинциясының билеушісі Галикарнас
қаласындағы (Кіші Азияда) мазары еді. Мавзолей сөзі де соның атынан келіп
шықты. Мовзолейді сәулетшілер Сатир мен Пифий салды, ал оның мүсіндік
безендірілуі бірнеше шеберлерге тапсырылды. Олар Скопас (басшылық етті),
Пракентель, Лисипп – кейінгі классикалық ең ұлы грек мүсіншілері еді.
Бұлардың әрқайсысы өзінің дүние жайлы жарқын да, дара түйсігін, өзінің
сұлулық мұратын, өзінің мінсіздік жөніндегі бейнеледі. Сөйтіп олар жеке,
өздері ғана ашқан жаңалық арқылы мәңгілік – жалпы адамзаттың асқар биікке
жетті. Олардың әрқайсысының творчествосындағы бұл жеке қасиеттер дәуірмен
үндесіп жатты, сөйтіп олар замандастарының өздерінің жеке сезімдерімен,
аңсаған армандарымен сай келетін жай күйін бейнеледі.
Галикарнасс мавзолейінде үш бірдей әйгілі үлгілер (тоқайласқан)
тоғысқан. Ол қос қабаттан тұрады.:
1. Төменгі қабаты – мазар камерасы – дориялық үлгідегі 15 колоннамен
тірелген.
2. Мазар храмы – ішкі колонналары коринф үлгісінде, сыртқы колонналары
иониялық үлгіде жасалған.
Биіктігі 60 метр. Оның ұшар басындағы 4 ат жегілген күймеде 2 м.
мавсол мен Артемисияның мүсіні асқақтайды. Мазардың төңінегіне арыстандар
мен шауып келе жатқан салт аттылардың мүсіні орнатылған.
Бір кездері әйгілі Герадот дүниеге келген қала, Нарияның астанасы
Галикарнас туралы айта келіп, Проспер Мериме былай деп жазды:
Мавзол өз қарауындағы елдің қаққанда қанын, соққанда сөлін шығаратындығы
сонша, Герадоттың өзімен айтсаң, оның қойшылары қойжы жылан жалағандай етіп
қырыққанда басқа елдің қойшылары жіп есе алмай калушы еді. Ол қол
астындағыларға қырық сылтауды көлденең тартып пайда түсіре алатын; керек
болса жерлеуге ерекше салық шығарған, шаш салығын жүргізгенін қайтерсің.
Осылайшы қыруар салық жинаған. Неге Мавсолдың бейіті әлемнің жеті
кереметінің санатына кірді дегенде, осынау мол байлықты және нариялықтар
мен гректердің ұдайы аралас-құралас болғанын айтса лайық [2; 81].
Александрия маягі
Александр Македонский есімімен байланысып жатқан кереметтердің бірі –
Александрия маягі. Александрияның ірге тасы біздің жыл санауымызға дейінгі
332 жылы Ракотис деп аталатын Мысыр қалашығының орнына қаланып, Нілдің
атырауына жайыла салынған.
Александрия аймағы дүние жүзіндегі ең бір халқы сапырылысқан,
іскерлері көп мекен болғандықтан да қолайсыздау еді. Нілдің жойқын лай
ағындыларынан пайда болатын құм қайрақ пен тас шөгінділерінің ортасынан жол
тапқыш шебер лоцмандарға ұдайы зәру болатын. Ақыры теңіз жолының
қауіпсіздігі үшін Александрия кірер ауыздағы Фарус аралынан маяк салуға
шешім қабылданады. Біздің жыл санауымызға дейінгі 285 жылы арал мен
құрлықтың арасына бөген салынады да архитектор Сострат Книдский іске
кіріседі. Құрылыс жұмысы бар – жоғы 5 жылға созылады. Себебі: Александрия
сол кезде дүние жүзіндегі ең озық техникалық орталық әрі ең бай қала
болатын. Құрылысшыларға көмек көрсету үшін қыруар флот пен тас қопарушылар
және мусейн академиясының жетістіктерін пайдаланады. Маяк биіктігі 120
метрлік, 3 қабатты мұнара секілденіп салынады. Оның шаршы іргесінің әр
қабырғасы 30 метрден болады. Мұнараның 60 метрлік алғашқы қабаты тас-
тақталардан қаланады. Одан әрі 40 метрлік 8 қырлы мұнараның әр қыры
колонналармен бекітіліп, сырты мәрмәрмен қапталады. Үшінші қабатының
мұнарасы колонналармен шеңбер жасай көтеріледі де, оның үстінде мәңгілік от
лаулап, аса күрделі айналар жүйесі сәуле шашып тұрған. Бұл жүйе күмбезде
жанған оттың жарығын күшейтіп, ол от 60 км жерден көрінетін болған.
Маяктың ғажаптығы соншалық, осындай құдіретті салғанда бір кездері
ұмыт болмау деген ой шектелгенде, Сострат Книдскийдің өзі тәуекелге бел
буып, Птолемейдің жарлығын аттаған. Сөйтіп Маяктың іргесіне Книдтен шыққан
Декстифонның ұлы Сострат теңізшілер үшін желеп-жебеуші құдайға арнады -
деп қашап жазады. Бұл жазудың үсті сылақпен жабылады да, сылақ үстіне
Птолемей, Сотердің есімі ойып жазылады. Бұл қулықты істегенде Сострат
сылақтың түсуіне өмірім жетеді-ау деп үміттенбеген, патша қаһарына
ұшырармын-ау деп ойламаған. Состраттың жазуын Рим саяхатшылары көрген. Ол
кезде маяк бүтін қалпында болатын, Рим империясы құлаған соң маяк та
төңірегіне жарық шашуын тоқтатты. Мұнан кейін 100 жылда әбден тозығы жетіп,
үстіңгі мұнарасы құлайды, ал төменгі қабатының қабырғалары ұзақ уақыт
тұрып, XIV ғасырдағы жер сілкінісінің құрбаны болады. Көне маяктың
қалдықтары кейін түрік бекінісін салуға пайдаланылады.
Александрия маягінің қайта салынған үлгісіне Нью-Йорктегі көкпен
таласқан Эмпайр Стейтс Билдинг аздап ұқсайды. Маяк жағалауды бағдарлауға
арналған мұнара шам: жол сілтеп, бағыт нұсқап тұрған жарық маяк деп
аталады[2; 123].

Олимпиадағы Зевс мүсіні
Олимпиадағы Зевс мүсіні – Еуропа құрлығындағы әлемнің жалғыз ғана
кереметі. Зевстің Олимпиаға тікелей қатынасы болған. Бұл өңірдің әрбәр
тұрғыны дәл осы жерде билікті балаларынан қызғанып, оларды тірілей жұтқысы
келген қанішер Кронды туған ұлы Зевстің жеңгенін жақсы білетін. Әр халықтың
қиял-ғажайып ертегілерінде мейірбан жанның ұшарасатыны сияқты, нәресте
Зевске де бір қамқор тап болып аман қалады. Кронның әйелі Фея күйеуінің
алдына Зевс деп, тас кесекті қойғанда Крон сол тасты жұтып жіберген. Сірә,
Крон өз балаларын бітеудей жұтса керек.
Кейін Зевс ер жетіп, әкесін жеңгенде бұрынғы тірідй жұтылған бауырларының
бәрін қайтадана құстырады. Сонда Зевс деп жұтқан ораулы тас та шыққан
дейді.
Олимпия ойындары ішінара осы оқиға құрметіне өткізіліп, Зевске
құрбандық шалынатын болған. Олимпиядаға ең басты ғибадатхана болатын.
Фидий Афинада туып -өскен. Б.з.б.. 500 жыл туылып, 430 жылы қайтыс болады.
Ұлы ойшыл, ұлы суретші Фидий өнерде грек философиялық даналығының, грек
рухының ең жоғары орнының мүддегері болды. Автор өзі жасаған бейнелерде
адам мүмкіндігінен тыс ұлылықты бейнелей алған . Сондай ғаламат бейне,
олимпия адамына арналған Зевстің 14 метрлік мүсіні пілдің сүйегі мен
алтыннан жасалған. Бұл мүсін Әлемнің жеті ғажабының бірі саналған.
Материалы синкретті (құранды) осынау мүсінді жасау үшін Фидий бірнеше жыл
Олимпияда болады.
Зевс мүсіні тұрған ғибадатхананың биіктігі 64 метр, ені 28 метр
болса, бөлме ішінің биіктігі 20 метрге жуық. Залдың төрінде тақта отырған
Зевстің басы төбеге жетіп тұрған. Кеуде жағы жалаңаш отырған Зевс ағаштан
қашалған. Желеп-жебеушінің денесі әдемі қызғылт түсті піл сүйегімен
қапталып, киімі алтын жапырақпен апталған. Бір қолында жеңіс құдай –
Никаның алтын мүсіні, келесі қолымен биік аса таяққа сүйеніп отыр. Ендігі
қалғаны – піл сүйегінен қашаған бедерлі суреттері бар құдайлардың алтын
мүсіні орнатылған. Зевстің орындығын сипаттау ғана. Тақтың бүйірлерін
Фидийдің туысы әрі көмекшісі суретші Панэн безендірген.
Кейін Византия императорлары мүсінді аса мұқияттылықпен
Константинопольге алдыртады. Олар християн болғанымен, Зевске қол көтеруге
ешқайсысының батылы жетпейді. Алайда, християн діні уағыздаушылардың
қалауы бойынша пұтқа табынушылардың бәсекелестерін күнәға тартып, жолдан
тайған императорларды жазалап отырған. Біздің заманымыздың V ғасырында
император Феодосий II сарайы өртенеді. Сонда алып мүсінді от шалып,
Фидийдің мұрасынан күйген сүйектер мен алтын балқымасы ғана қалады[2; 235].

Родос алыбы.
Родостықтарға Поликраттың шабуылы өтіп кеткесін өздерінің
желеп, жебеушісі ретінде Гелистің мүсінін салуға пәпу жасады. Родостықтар
өздері тұрақ еткен арал осы құдайдың тілегімен теңіз түбінен көтерілді
дейтін.
Мүсінді қоюды шәкірті, мүсінші Хареске тапсырды. Хорес Гелистің
тұрған қалпын бейнелеуді ұсынады. Сол қолынан сусып төгілген жамылғының бір
ұшы жерге тиіп, оң қолын маңдайына тигізген қалпы қиырға күн сала қарау
керек болды. 36 метрлік зор мүсінге иығына деңгейлес темір арқалықпен
бекітілген үлкен үш тас бағана негіз болады. Бағаналардың түбі мүсіннің
екі аяғы мен жамылғы арқылы тұғырға орнатылады., ал иық және белмен
деңгейлес тұстары көлденең діңгектермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айша бибі мазары
Домбыра құрылымы
Әлем кереметтері
Тележурналистика
Одан кейінгі саяхатымыздың маршруты Стамбул қаласы
Әлем халықтарындағы жеті саны
Өнер кереметі
Египет пирамидалары
Әлемнің жеті кереметтері
Әлемнің көне жеті кереметі
Пәндер