Бал арасын өсіру



МАЗМҰНЫ

Анотация
I.Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3.4

II.Негізгі бөлім
2.1.Бал арасы. . . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... ... ... ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..5.13
2.2. Бал арасын өсіру . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.15
2.3. Ара балы . . . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16.18
2.4. Ара балының бөлінуі. . . . . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . . . 19.21
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . .27
Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .28.40
Кіріспе
Ғылыми жобалық жұмыстың мақсаты:
Өзімізге белгілі барлығымыз білетін бал арасын толығымен зерттеп ол жайлы барлық мәліметтерді танып біліп, ол туралы достарыма да айту. Табиғат құндылығының бізге берген сиын қастерлеп құрметтеу.
Ара балы жайлы жан-жақты зерттеп оның құндылықтарын елге таныту. Оның қасиетті сырларын ашу.
Ғылыми жобалық жұмыстың өзектілігі:
Бал арасы Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» Ара болады.
Ара балына келетін болсақ, бал жоғары калориялы диеталық тағам. Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал – тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әр түрлі атайды. Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты болып келеді. Ара балының сапасын негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақтық қасиеттері арқылы ажыратылады. Бал –қуаты жоғары тамақтық азық. Оның 1 кг-ы 3250 кал. қуат береді. Бал адам организмін витаминдермен, белокпен, ферменттермен, т.б. тіршілікке қажетті заттармен байытады. Сондай-ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық тигенде қолданады. Ара балын косметикада, дәрі жасау өндірісінде пайдаланады. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5оС-тан 10оС-қа дейінгі температурада сақтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
2. Қазақ энциклопедиясы, 2 том;
3. Қазақ энциклопедиясы I том

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Анотация
I.Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3-4

II.Негізгі бөлім
2.1.Бал арасы. . . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... ... ... ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..5-13
2.2. Бал арасын өсіру . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-15
2.3. Ара балы . . . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . . 16-18
2.4. Ара балының бөлінуі. . . . . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . . . 19-21
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . .27
Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .28-40

Кіріспе
Ғылыми жобалық жұмыстың мақсаты:
Өзімізге белгілі барлығымыз білетін бал арасын толығымен зерттеп ол жайлы барлық мәліметтерді танып біліп, ол туралы достарыма да айту. Табиғат құндылығының бізге берген сиын қастерлеп құрметтеу.
Ара балы жайлы жан-жақты зерттеп оның құндылықтарын елге таныту. Оның қасиетті сырларын ашу.
Ғылыми жобалық жұмыстың өзектілігі:
Бал арасы Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) жұмысшы Ара болады.
Ара балына келетін болсақ, бал жоғары калориялы диеталық тағам. Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал - тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әр түрлі атайды. Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты болып келеді. Ара балының сапасын негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақтық қасиеттері арқылы ажыратылады. Бал - қуаты жоғары тамақтық азық. Оның 1 кг-ы 3250 кал. қуат береді. Бал адам организмін витаминдермен, белокпен, ферменттермен, т.б. тіршілікке қажетті заттармен байытады. Сондай-ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық тигенде қолданады. Ара балын косметикада, дәрі жасау өндірісінде пайдаланады. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5оС-тан 10оС-қа дейінгі температурада сақтайды.

II.Негізгі бөлім
2.1 Бал арасы.
Ара,үй арасы, бал арасы (Apіs mellіfera) - жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) жұмысшы Ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20 - 25 мм, ал салм. 150 - 300 мг-ге жетеді. Тәулігіне 2 - 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек Аралар ғана шығады.
Бал арасының үш тобы
Ара - ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді.
Жұмысшы ара
Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш жай, екі күрделі көзі болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы үш буынды, ор-та буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ қанаты бар. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4-ке дейін келген қара белдеулер бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады.
Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі - қоймалжың, тәтті сұйықты бал деп атайды. Және де бал арасынан фармацевтика, электротехника, авиация өнеркәсіптерінде пайдаланылатын органикалық зат - балауыз алынады. Аралардан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт дайындалады. Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге, байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.
Бауыр жағында төрт түп балауыз пластинкасының ішіндегі балауыз безі балауыз бөліп шығарады.
Ара патшасының денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею органы ерекше жетілген. Еркек ара жұмысшы сәл үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. У безі және шанышқы инесі болмайды. Ара патшасы мен еркек араның ауыз қуысы кішкене келеді. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай - ақ балауыз шығаратын балауыз безі болады.
Ара топтасып тіршілік етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он мың-даған жұмысшы аралардан құралады. Ара патшасының бірден бір міндеті - жұмысшы араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығар-ту, ұя салдыру, балапан құрт-тарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау сондай - ақ, қорғау міндетін атқарады.
Еркек араның бірден - бір міндеті - ара патшасымен шағылысу. Араның бөліп шығаратын балауызы, улы сұйық-тығы, балы дәрілікке жасалады.
Жинау мен өңдеу - жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған балды алу әдістері бойынша сауып алады. Дәрілікке жасалатын балды отқа жылытып, сұйылған сүзгіден өткізіп әзірлей-ді. Бал ақ және сарғылт түсті болады. Жаз, күз мезгілдері тұнық өсімдік майы тектес сұйықтау болып, қыс мезгілінде қоюланып, шекер өңдес іріткі кристаллға айналады. Балы - тәтті, дәмді, усыз болады.
Аналық ара.
Аналық бал ара (пчелиная матка) - бір ұяда мекендейтін аралар тобы ішіндегі жалғыз ұрғашы ара. А.б.а. не бары 5-6 жыл емір сүреді. Тек омарташының балымен қоректенеді. Күн сайын 1000-2000 жұмыртка салады. Жыл өткен сайын жүмыртқалауы кемиді. Сондықган 1-2 жылдан соң а.б.а. жас арамен алмастырып отырады.
Аналық Ара ұяның анасы болып есептеледі, ол 3 - 5 жыл, кейде 10 жылға дейін өмір сүреді. Күзде салқын түсісімен жұмыртқа салуды тоқтатып, оны қайтадан ақпанның 2-жартысынан бастайды. Еркек Ара денесінің ұзындығы 15 - 17 мм, салмағы 250 мг болады. Ол негізінен ұрғашы Араны ұрықтандырады да, одан кейін өліп қалады. Омартаның негізін қалайтын жұмысшы Аралардың денесінің ұзындығы 12 - 15 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы Аралар көбею мүшелері жетілмеген ұрғашы Аралар. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды. Жұмысшы Аралар 7 - 8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір Ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. Аралардың ішінде дербес тіршілік ететін түрлері де бар. Қазақстанда Іле Алатауының етегінде Араның антофора деген түрі дара тіршілік етеді. Ара ұясынан емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады. Арадан алынатын ара балы, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады.[1]
2.2 Бал арасын өсіру
Жалпы ақпарат.

Ара өсіруге негізделген бизнес - бұл негізінде бал ара ұясын және омартаны ұстауға жататын бизнес. Бұл бизнеспен айналысу арқылы бал ара балы, балауыз, аражелімі, тозаңы және басқада бал ара өнім дерін алуға болады. Табиғи жас бал ара өнімі азық - түлік саласындада, медицина саласында да әрқашан үлкен сұранысқа ие.
Түрлері.
Араның түрлері шамамен 25 мыңға жуық. Араның бал жинау мен гүлденген дақылдардың өнімділігін арттыру үшін ең көп тараған орта ресейлік, карпаттық және қиыр шығыстық іспетті түрлерін өсірген дұрыс.
Орта ресейлік аралар. Ірі болады, салмағы 110 мг жетеді. Тұмсығы қысқа - 6,35 мм. Түсіқара-сұр. Араның бұл түрі өте долы болып келеді. Қысқа өте төзімді. Аналығының өнім беруі 2 000 жұмыртқаға дейін жетеді. Карпат аралары таза сұр реңді. Олардың мөлшері орта ресейліктен кіші, бірақ кавказдықтан үлкен. Салмағы 100 мг дейін. Тұмсығы 6,7 мм. Аралар бейбіт сүйгіш, тыныш. Қысқа төзімділігі орташа. Өнімділігі 1 800 жұмыртқаға дейін. Қиыр шығыстық аралар. Сұртүсті. Салмағы 105 мг. Тұмсығының ұзындығы 6,7 ммдейін. Бұл аралар да бейбіт сүйгіш, тыныш. Қысқа төзімділігі орташа. Аналығының өнімділігі 1 800 жұмыртқаға дейін.
Неден бастау керек? Омарта орналастыратын жерді таңдаудан (ара ұясымен бірге бірнеше омарталар) және қажетті құрал-жабдық алудан бастау керек. Омартаны ұйымдастыру үшін құрғақ жерде орналасқан, желден жақсы қорғалған шағын жер учаскесі қажет, сонымен қатар оның маңында орман, бақша, балды өсімдіктер өсетін шалғындармен алаңдар болуы керек. Омарталар конструкциясы да үлкен мәнге ие, оның сапасы күшті, жұмысқа қабілетті аралардың тобын құруға және омарташының еңбек өнімділігінің артуына тікелей әсер етеді.
Құрылғылар мен технология.
Ең алдымен сізге омарта алу қажет. Әрине, тәжірибесі мол омарташылардың өздерінің ағаш өңдейтін құралдары бар және олар омартаны өздері жонып жасай алады. Сіздің қолыңыздан омарта жасау келмейді, сондықтан сатып алуға тура келеді. Омартаның бұрын қолданылғанын әрі онша тозбағанын алу керек. Бұл олардың кемшіліксіз болатынын білдіреді, және сізге де оны түзету үшін қолыңызға балға алудың қажеті болмайды. Бірақ бұндай жағдайда баға мен сапаның үйлесімдігі өте қолайлы болып табылады. Ондай омарталарды 1 500 - 2 000 теңгеге сатып алуға болады.
Бірақ бір ғана ара отбасын асырау - бұл бизнес емес. Күзде өнімді сату үшін ең жоқ дегенде 5 омарта сатып алып, ең кемі 5 ара отбасын асырау керек (бұдан да көп болса болады, бірақ тәжірибе болмағандықтан сіз үлкен омартаға қарау барысында проблемаларға ұрынуыңыз мүмкін). Сондықтан да 5 омарта сатып алсаңыз, барлығы шамамен 10 000 теңге болады.
Енді аралар. Оларды омартамен бірге сатып алуға болады, бұл өте қарапайым, бірақ есесіне ең қымбат тәсіл болып шығады. Аралар отбасының құны орта есеппен 11 000-13 000 теңге.
Құрал-жабдықтар. Сізге бетжақ перде, мұржа және ең керегі омарташы қашауын алу керек, онсыз омартаға жақындай алмайсыз. Сонымен қатар, ашық түсті, түксіз киім керек, араларды ұйпау үшін щетка (қаздың қанаты) және қажеттілікке қарай басқа да жабдықтар керек.
Жем.
Аралар үшін негізгі тамақтану көзі - гүл шырыны (гүлдің арнайы мүшелерінен бөлінетін тәтті сұйықтық). Аралар өздері жемін тауып, қысқы азық қорларын өздері әзірлейді. Олар жемді өңдейді, өсімдік шырынын балға, ал гүл тозаңдарын балтозаңға, яғни ұзақ мерзімге сақтауға болатын және ара ағзасымен жақсы игерілетін өнімге айналдырады.
Араларды сонымен қатар қосымша қант шәрбатымен (жүзім тұнбасы қышқылы қосылған суға араласқан құрақ қант) азықтандыру қажет;
Көбейту.
Бал аралардың көбеюі екі түрлі жолмен болады: шағылысу және аралардың үйірлену жолымен (бұл ара отбасыларын жеке жайғастыру жолымен аналық отбасын аралардың жартысынан бөлу - роя болып табылады).
Үрдіс. Аналық - бір өзі үлкен отбасының жалғыз анасы. Шағылысудан кейін 3-4 күн өткен соң аналық ара жұмыртқа сала бастайды. Жұмыртқалау кезеңінде ол тәулігіне 2-3 мыңға дейін жұмыртқа салады. Аналығы 30 күн бойы шағылысу қабілетін сақтайды.
Үйірлесуге дайындалу барысында аралардың отбасы кәріздер құрылысын тоқтатады, бірден шырын мен тозаң жинауды төмендетеді. Аналықтың алмасуы отбасының үйірлесуі үшін ынталандыру бола алады. Бұл жаздың ортасында, бал өсімдіктері гүлдеуі азайғанда байқалуы мүмкін. Үйірлесу 2-ден 6 аптаға дейін жалғасады. Жаңадан жарып шыққан араның жұмсақ хитинді сүйегі болады, денесін жүн жауып тұрады, сондықтан түрі ұлпаға ұқсайды. Алғашқы үш тәулікте барлық личинкалар ақуыз жемімен - аналық сүтімен тамақтанады. Үш тәулік өткеннен кейін асыраушы аралар жұмыс істейтін және жалқау аралардың личинкаларын көмірқышқыл жемімен - бал мен балтозаңның араласқан түрімен қоректендіреді. Нәтижесінде үш тәуліктің ішінде ( 3-күннен 5 күндік жасқа дейін) аналық личинканың таза салмағы 26 есеге дейін өседі (жұмысшы аранікі - 6 есе, жалқаудікі -3 есе).
Сату.
Балдан басқа жанама өнімдерді сатумен де айналысуға болады: аналық сүтті, балауызды, тозаңды. Дегенмен, омарта шаруашылығының негізгі табыс көзі (шамамен 80%) - бал сату.
Сіз балды өз туыстарыңызға, достарыңызға сата аласыз, базарға, дүкенге өткізуге де болады және т.б.
Болжамды есептеулер.
Шығыстар:
- бұрын пайдаланылған омарталар сатып алу (5 тал) - 10 000 теңге.
- аралар сатып алу, 5 отбасы х 11 000 теңге = 55 000 теңге.
- жабдықтар сатып алу - 15 000-16 000 теңге.
Барлығы: 88 000 теңге.
Табыс:
Енді кірістер туралы. Бүгінгі күні балдың литрі 1 000 - 1 200 теңге (өңіріне сәйкес) тұрады. Орта есеппен алғанда бір ара отбасынан шамамен бір маусымда 30 кг сатуға арналған бал алуға болады, бұны қарапайым есепке салу үшін литрге айналдырайық, шамамен - 20 л. Сонымен, 20 л х 1 000 теңге х 5 отбасы = 100 000 теңге.
Балдан басқа балауызды, ара желімін, гүл тозаңын, ара уын сатуға болады, яғни кірістер бұдан да жоғары болуы мүмкін.
Айта кететін бір жайт, бұл шығыстарды бір реттік төлем деп те атауға болады. Егер сіз омартаны кеңейтуді көздемесеңіз, жыл сайын құрал-жабдықтар мен ара омарталарды сатып алудың қажеті болмайды.
Тағы айта кетерлігі, омарташылықпен әуесқойлық тұрғыдан айналысу, яғни тағы басқа жерде жұмыс істей жүріп айналысуға болады, омарташылар 30 және одан да көп ара отбасыларын ұстай алады. Бұны бал бағасына көбейтсеңіз, жалақыңызға қосымша жап-жақсы табысты қоса аласыз.
Ал кім омарташылықпен кәсіби айналысса, оларда 60 және одан да көп ара отбасылары болады, онда кәсіппен айналысушы өзін осы тамаша жәндіктер есебінен толық қамтамасыз ете алады.
2.3 Ара балы
Ара балы,
Бал жинау
Бал жинау -- ара ұясының жылы маусымдағы гүл шірнесі мен тозаңын жинап, бал өндіруі; табиғи процесс. Аралардың ішінде бал жинауға тек ерекше балауыз бездері бар, "жұмысшы" аралар (қ. Ара) ғана қатысады. Ара өзінің "бал сауытына" (артқы екі аяғында болатын арнайы қуыс) өз салмағының жартысындай шірне (нектар) жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араға қалдырып, қайтадан ұшып кетеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады, желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін, ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Араның Бал жинауы ара ұясының күйіне, ауа райына, өсімдік түріне және оның омартаға қашықтығына, шірненің бөліну дәрежесіне байланысты. Бір маусымда ара ұясы 100 -- 200 кг бал жинайды. Араның Бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан оны үш кезеңге бөлуге болады. Көктемгі жинау -- өсімдіктің алғашқы гүлдеу кезеңінде басталады. Ерте көктемде, тал, үйеңкі, алма, алмұрт ағаштары гүлдеген кезде аралар екі аптадай тынымсыз (күніне 5 -- 6 кг) бал жинайды. Көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары болады. Жазғы жинау 2 -- 3 аптаға созылады. Бұл кезде бал (күніне 6 -- 7 кг), негізінен, жөке ағашынан жиналады. Өйткені жөке ағашы маусымның аяғы, шілденің басында гүлдейді. Жөкеден алынатын бал қоңыр түсті, хош иісті келеді. Ең көп бал -- қарақұмықтан жиналады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ара шаруашылығы жайлы
Ара шаруашылығын ұйымдастыру
Ара шаруашылығының өнімдерінің түрлері,сипаттамасы және ол өңімдердің пайдалану салалары
Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан жиналған балдың тозаңдық құрамын зерттеу әдістері Тозаң микроскопиясы
Ара шаруашылығы, ара өсіру
Ара шаруашылығы
Нарық талабына сай мал шаруашылығының мамандануы
Орман және өсімдіктер дүниесін оптимальды түрде молайту жұмыстары
Ара шаруашылығы өнімдері және олардың қолданылуы
Бал арасы
Пәндер