Мемлекетті басқарудың объективтілігі, мүмкіндігі шегі



МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ОНЫҢ ОБЪЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МӘНІ
1.1 Мемлекеттік басқарудың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Мемлекеттік басқарудың объективті реттеу қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

II МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ӘДІСІ МЕН МЕХАНИЗМІ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІЛІГІ
2.1 Мемлекеттік басқарудың әдісі мен механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Мемлекеттік басқарудың әдістері, объектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

III ҚР.НЫҢ КЕЙБІР САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ, ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасы экономикасын басқару органдарының ұйымдық құрылымы және дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3.2 Табиғи ресурстарды қорғауды және оны ұтымды пайдалануын экономикалық реттеудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3.3 Еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
КІРІСПЕ


Әлемдік жаһандану шеңберінде Қазақстан үшін, бір уақытта үш талапты бірдей сақтау - басты бағыт болып табылады: әлемдік экономикаға бірігу, халықаралық аренада бәсекелестікті сақтау және ел ішінде осы үдерістердің маңызды және елеулі өзгерістерге әкелуін қамтамасыз ету. Алға қойған міндеттерге жету мемлекет тарапынан басқару әрекеттерінің табыстылығына байланысты болады. Мемлекет ойластырылған экономикалық саясатты жүргізу жағдайында нарықтық қатынастарды дамытуға қызу қарқынмен ерекше екпін бере алады. Сондықтан мемлекетке қоғам дамуының жалпы жағдайын қамтамасыз ету қызметі, өзінің тетіктері мен әдістерін пайдалану арқылы «ойын ережесін» анықтау, экономикалық үдерістерді тікелей және жанама реттеу жүктеледі.
Қазіргі уақытта мәселе мемлекеттің араласпауы туралы емес, осы араласудың шектері туралы болып отыр. Әлемдік тәжірибе мемлекеттің күші мен нарықтық күштердің оңтайлы арақатынастарын тұрақты іздестіруде екенін көрсетуде. Бұл арақатынастың қазіргі заманғы түсінігі әріптестік қатынастардың пайдасына шешілуде, соған байланысты, қоғамның бастан кешіріп отырған реформалар сатысындағы, оның міндеттеріне, экономиканың жағдайына тұрақты дамып отырған және нарықтық экономика төтенше және т.б. жағдайларда дамып келе жатқан шаруашылықтың бір жүйесінен екіншісіне және тағы басқаға байланысты «мемлекет-нарық» арақатынасын өзгерту идеялары толығымен іске асырылуда.
Бұл «Мемлекеттік басқарудың объективті қажеттілігі, мүмкіндігі, шегі» атты курстық жұмыста мемлекеттік басқарудың құрылымы, оның объективті қажеттілігі мен мәні, әдісі мен механизмі, әдістерінің құрамы қарастырылады. Сондай-ақ, кейбір салаларда, мысалы, табиғи ресурстарды қорғауды және оны ұтымды пайдалануды, ҚР-ның экономикасын басқару ұйымдарының құрылымы, сонымен қатар, еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің механизмдері қарастырылған.
Осы курстық жұмыстың басты мақсаты мемлекеттік басқарудың объективтілігінің қажеттілігі. Осы мақсаттардың, өзекті проблемалардың, басқару объективтілігін жолдарын қарастырдым. Курстық жұмысты жазу барысында әйгілі экономист А. Смиттің, Қарағанды экономикалық университетінің профессорлары Шумеков З.Ш, Сүйіндіков Ж.С, Жанағұлов А.Ш секілді профессорлардың еңбектеріне сүйене отырып осы курстық жұмысты жаздым.
Мемлекеттік басқарудың нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Назарбаев Н.А. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазакстан халқына Жолдауы. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Алматы, «Білім», 1998 ж. .
2. А.С.Әбдірахманова. «Экономиканы мемлекеттік реттеу». – Оқу құралы. Қарағанды, 2008ж.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Егемен Қазақстан» газеті. 7 ақпан, 2008 жыл.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: «Жеті жарғы», 2007 ж.
5. «Қазақстан халқының белсенділігі» Статистикалық жинақ – Астана, 2010. 368б. Редакциясын басқарған Ә.Смайылов
6. Экономикалық теория. Оқу-тәжірибелік құрал /Шумеков З.Ш., Сүйіндіков Ж.С., Жанағұлов А.Ш.-ҚЭУҚ-Қарағанды 2005

7. http://www.google.kz/

8. http://www.enbek.gov.kz

9. http://www.nur.kz/

10. http://stud.kz/

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ОНЫҢ ОБЪЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МӘНІ

1.1 Мемлекеттік басқарудың
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2 Мемлекеттік басқарудың объективті реттеу
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

II МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ӘДІСІ МЕН МЕХАНИЗМІ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІЛІГІ

2.1 Мемлекеттік басқарудың әдісі мен механизмі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

2.2 Мемлекеттік басқарудың әдістері,
объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..13

III ҚР-НЫҢ КЕЙБІР САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ, ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Республикасы экономикасын басқару органдарының ұйымдық
құрылымы және дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..17

3.2 Табиғи ресурстарды қорғауды және оны ұтымды пайдалануын экономикалық
реттеудің жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

3.3 Еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудегі мемлекеттік
шаралар жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .20

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

КІРІСПЕ

Әлемдік жаһандану шеңберінде Қазақстан үшін, бір уақытта үш талапты
бірдей сақтау - басты бағыт болып табылады: әлемдік экономикаға бірігу,
халықаралық аренада бәсекелестікті сақтау және ел ішінде осы үдерістердің
маңызды және елеулі өзгерістерге әкелуін қамтамасыз ету. Алға қойған
міндеттерге жету мемлекет тарапынан басқару әрекеттерінің табыстылығына
байланысты болады. Мемлекет ойластырылған экономикалық саясатты жүргізу
жағдайында нарықтық қатынастарды дамытуға қызу қарқынмен ерекше екпін бере
алады. Сондықтан мемлекетке қоғам дамуының жалпы жағдайын қамтамасыз ету
қызметі, өзінің тетіктері мен әдістерін пайдалану арқылы ойын ережесін
анықтау, экономикалық үдерістерді тікелей және жанама реттеу жүктеледі.
Қазіргі уақытта мәселе мемлекеттің араласпауы туралы емес, осы
араласудың шектері туралы болып отыр. Әлемдік тәжірибе мемлекеттің күші мен
нарықтық күштердің оңтайлы арақатынастарын тұрақты іздестіруде екенін
көрсетуде. Бұл арақатынастың қазіргі заманғы түсінігі әріптестік
қатынастардың пайдасына шешілуде, соған байланысты, қоғамның бастан кешіріп
отырған реформалар сатысындағы, оның міндеттеріне, экономиканың жағдайына
тұрақты дамып отырған және нарықтық экономика төтенше және т.б. жағдайларда
дамып келе жатқан шаруашылықтың бір жүйесінен екіншісіне және тағы басқаға
байланысты мемлекет-нарық арақатынасын өзгерту идеялары толығымен іске
асырылуда.
Бұл Мемлекеттік басқарудың объективті қажеттілігі, мүмкіндігі, шегі
атты курстық жұмыста мемлекеттік басқарудың құрылымы, оның объективті
қажеттілігі мен мәні, әдісі мен механизмі, әдістерінің құрамы
қарастырылады. Сондай-ақ, кейбір салаларда, мысалы, табиғи ресурстарды
қорғауды және оны ұтымды пайдалануды, ҚР-ның экономикасын басқару
ұйымдарының құрылымы, сонымен қатар, еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен
қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің механизмдері қарастырылған.
Осы курстық жұмыстың басты мақсаты мемлекеттік басқарудың
объективтілігінің қажеттілігі. Осы мақсаттардың, өзекті проблемалардың,
басқару объективтілігін жолдарын қарастырдым. Курстық жұмысты жазу
барысында әйгілі экономист А. Смиттің, Қарағанды экономикалық
университетінің профессорлары Шумеков З.Ш, Сүйіндіков Ж.С, Жанағұлов А.Ш
секілді профессорлардың еңбектеріне сүйене отырып осы курстық жұмысты
жаздым.
Мемлекеттік басқарудың нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны,
қолданылып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу
және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық
ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы
типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Курстық жұмыс 3 тараудан тұрады: 1-тарау - мемлекеттік басқарудың
құрылымы, оның объективті қажеттілігі мен мәні; 2-тарау - мемлекеттік
реттеудің әдісі мен механизмі және сол әдістердің механизмі; ал 3-тарау –
ҚР-ның кейбір салаларын мемлекеттік басқару теориялары. Сондай-ақ, жұмыс
қорытындыланып, пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

I МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ОНЫҢ ОБЪЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МӘНІ

1. Мемлекеттік басқарудың құрылымы

Мемлекеттік басқарудың құрлымы нарықтық шаруашылық жағдайындағы
мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға
бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен
қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау
сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде
шешілмейтін, яғни мемлекеттік басқару қағидалары негізінде экономикалық
және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің
дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызды, өндірісті мамандандыру,
капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі
елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының
белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық
күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыс сала
шеңберінен асып, жалпы ұлттық, кейін әлемдік дағдарыстарға айналды.
Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының
бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалық
саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылығының жұмсаруына
әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап
етті.
Нарықтық экономикаға мемлекеттің араласу қатынасы оның дамуы мен
қалыптасуының әртүрлі сатысында түрліше болды. ХVІІ-ХVШ ғасырлардағы
нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық
доктрина-меркантилизм - елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік
басқарудың сөзсіз қажеттігін тануға негізделген.
Нарықтық қатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы
мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне
кедергі ретінде қарастыра бастады. А.Смит өзінің Табиғат және халықтың
баюының себептері туралы зерттеу еңбегінде, экономикалық либерализм
идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негіздеген және оның көптеген
жақтаушылары болды.
А.Смиттің көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке
мүдде көзделген нарық жүйесі өзін-езі реттеуге қабілетті екенін байқатты.
Бұл мүдде мемлекеттік дамудың ең басты қозғаушы күші ретінде көрінеді.
А.Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік
реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея
болатын. А.Смит: нарық басты реттеуші болатындықтан, нарыққа толық еркіндік
беру қажет, - деп есептеді.
Нарықтық үйлестіру ресурсы тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде,
нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық тәжірибе
растады. Нарықтағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы әсерге ғана
емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең маңызды себебі
- нарыққа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда бәсекелестікті
қамтамасыз ету үшін, нарық қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау -
монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік
қажеттілік болды.
Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды сатысы
көрнекті ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен байланысты. Кейнсиан
революциясы барысында алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан өз
бетімен сауығудың мүмкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы
дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты
тендестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал
ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж.М. Кейнс идеяларын екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын
реттеуде ақшалай-несиелік және қаржылық саясатты пайдалану, бұл елдердегі
экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға көмектеседі деп есептелінді.
Сөйтіп, экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті мүмкіндігі
экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың
үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс
қатынастарының дамуында пайда болады. Экономиканы мемлекеттік реттеу
қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып
табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді
реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу,
экспортты қолдау сияқты әртүрлі тапсырмаларды шешеді. Мемлекеттік
басқарудың көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен,
экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.
Мемлекеттік басқарудың объектілері - бұл автоматты түрде шешілмейтін,
немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мүмкін
немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың
аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы
- әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың калыпты дамуы үшін
қажетті.
Мемлекеттік басқарудың негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық
кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау
жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін, ақша айналымын; төлем балансын;
бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік
қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын; коршаған
ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.
Мемлекеттің кезеңдікке қарсы немесе шаруашылық жағдаятын реттеу
саясатының мәні тоқырау мен дағдарыс кезінде тауарлар мен қызметке
сұранысты қолдау мен капитал салу және жұмыспен қамтамасыз етуден тұрады.
Ол үшін жеке капиталға қосымша қаржылық жеңілдіктер беріледі, мемлекеттік
шығындар мен инвестициялар өсіріледі.
Экономиканың ұзақ мерзімді көтерілу кезінде, тауар қорының азаюы,
импорттың өсуі және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне сұраныстың
күшеюі тәрізді қауіпті жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан келіп, баға
мен еңбекақының негізсіз өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, экономиканы
мемлекеттік реттеудің міндеті -экономиканың қызып кетуіне жол бермеу
үшін, яғни тауарды артық өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі
жасау үшін, сұраныстың, күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне
жол бермеу қажет.
Мемлекеттік басқару сонымен бірге, аумақтық құрылым мен салалық
шеңберде маңызды рөл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік
күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты
жағдай қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы дағдарыста қалған
шаруашылық бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі; басқа жағдайда -
салалардың ішінде, салалар арасында және барлық халық шаруашылығында оның
тиімділігін көтеруде және бәсекелестік қабілетін арттыруда құрылымдық
ілгерілеушілікке әкелетін, өндірістің түрлері мен жаңа шаруашылық саласының
дамуы көтермеленеді. Сонымен бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға
кедергі жасауға шаралар қабылдануы да мүмкін.

1.2 Мемлекеттік басқарудың объективті реттеу қажеттілігі

Мемлекеттік басқару теориясының әдістемелік негізгін әдістеме түсінігін
қарастырудан бастаған жөн. Себебі ол тек ғылыми танымның жиынтығын ғана
емес, сонымен қатар, әлеуметтік-философиялық, саясаттану және басқа да
жалпығылымдық қағидалардың және оларды негіздейтін теориялар жиынтығы.
Әдістеме- бұл таным процесінің негізгі бастамасы және әлеуметтік
процестерді ғылыми тану барысында нақты әдіс-тәсілдермен бірге іс-жүзінде
қолданылатын жалпытеориялық талаптардың жүйесі. Басқару тұрпаты ұғымын
пайдаланғанда ең жоғары мемлекеттің биліктің ұйымдастырылуы түсініледі.
Әсіресе оның ең жоғарғы және орталық органдарының ұйымдастырылуы, олардың
құрылымы, құзыреттері, құрылуының тәртіптік реті, өкілеттерінің мерзімі,
былайғы халықпен қатынасу түрлері, бұл халықтардың оларды қалыптастырудағы
қандай дәрежеде қатысатыны түсініледі. “Басқару тұрпаты мемлекет тұрпатының
кең мағынада баяндалып түсіндірілуіндегі жетекші элемент болып саналады”.
“Аристотель өз заманында басқару тұрпатын жоғарғы үкіметтік биліктің
жүзеге асырылуының қалай орындалатынына қарай жіктеген болатын”.
Басқару тұрпаттарының көрсетілген айырым белгілері осы қазіргі кезге
шейін сақталды. Жоғарғы билікті жалғыз адам атқара ма? Әлде ол билік
сайланбалы алғалы органға тиесілі мемлекетті? Міне осы жәйтке байланысты
басқару тұрпаты ерекшеленіп ажыратылады. Енді осымен байланыстыра отырып
басқарудың монархиялық және республикалық тұрпаттарын атап, біліп көрсетуге
болады . Әрбір қоғамдық жүйені сыртқы ортаның сыртқы әсерін қабылдап, оған
қарсы жауап қайтаратын кибернетикалық модель ретінде қарастыруға болады.
Айталық, саяси жүйеге қоғам мүшелерінің қоятын талаптары және белгілі бір
қоғамдық күштердің қолдау көрсетуі – сыртқы ортадан туындаса, шешім
қабылдау және іс-әрекет жасау – қойылған талап пен қолдау көрсетуге жауап
қайтару болып табылады.
Мемлекеттің басқарушылық қызметі қоғамдық ортақ және жеке мүдделер
арасындағы қоғамдық қайшылықтар мен шиеленістерді шешуге және реттеуге
бағытталған.
Мемлекеттік – қоғамдық жүйелерге даму, дағдарыс, басқарушы және
басқарылатын жүйе элементтерінің, интеграция және дезинтеграция
субьектілерінің шиеленісті өзара қарым – қатынастары тән. Бұл өз кезегінде
мемлекеттік басқару теориясында конфликтік ұстанымның қалыптасуына негіз
болады. Мұндай ұстаным танымның және практикалық іс-әрекеттің диалектикалық
әдіснамасына да тән.
Бірақ конфликтологиялық ғылымда мұндай тұжырымдама көпшіліктің
қолдауына ие болып отырған. Саяси-әлеуметтік процесті қақтығыстар тізбегі
ретінде қарастыратын неміс саясаткері Р. Дарендорф көзқарасына қарсы Т.
Парсонс тұжырымдамасы қақтығысты уақытша, заңсыз құбылыс деп анықтап,
әлеуметтік тәртіп, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын зерттеуге бағытталған.

Мемлекеттік басқару жүйесінде қағида заңдылықты, қатынастарды,
элементтер арасындағы өзара байланысты білдіреді. Соларға сәйкес
мемлекеттік басқару жүйесі құрылып, жұмыс істейді. Қандай да бір қағидадан
бас тарту бүкіл жүйенің қалыпты қызметіне нұсқан келтіруі мүмкін.
Сондықтан мемлекеттік басқару қағидаларын айқындау және негіздеу процесіне
белгілі талаптар қойылады: а) мемлекеттік басқарудың кез келген емес, тек
ең маңызды, басты, обьективті, қажетті заңдылықтарын, қатынастары мен өзара
байланыстарын білдіру; ә) мемлекеттік басқарудағы тек тұрақты заңдылықтырды
сипаттау; б)мемлекеттік басқарудың өзге басқару түрлерінен ерекшелігін
білдіру.
Мемлекеттік басқарудың міндеттеріне мыналар жатады:
1. Мемлекеттік басқарудың міндеттеріне:
- өтпелі кезеңде бірінші мемілекетті ребализациялау жөнінде шаралар
жүргізу;
- екінші кезеңде мемілекетті тұрақтандыру бойынша шараларды іске асыру;
- үшінші кезеңде дамудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар.
2. Мемлекеттік басқарудың өзара байланысты көзқарастарды тепе-теңдікке
алып келуі қажет, яғни бір жағынан экономикалық механизмін қолдана отырып,
мемілекеттік реформаларды тиімді жүргізуді қамтамасыз ету болса, ал екінші
жағынан ресурстар мен табысы әділетті бөлуге қол жеткізу.
3.Басқарудың және бір негізгі міндеттердің бірі мемілекеттің дамуын
инвестициялау үшін, сондай-ақ бюджеттің кіріс бөлігінің түсуін арттыру үшін
мемлекет қолдағы бар ресурстарды (табиғи, адами және қаржылай, т.б.)
рационалды пайдалану қажет.
Басқарудағы мемлекеттің ролі, онымен көрсетілетін әлеуметтік
экономикалық даму бағдарламалары, салықтық, аймақтық, аймақаралық мақсаттық
бағдарламалар, инвестициялық жобалар, әлеуметтік экономикалық даму
тұжырымдамалары өнделуі қажет.
Мемлекеттік басқару ҚР-ның барлық аймақтарының өзбетінше әлеуметтік
экономикалық дамуының экономикалық негізін нығайтуға (табиғи ресурстар
әлеуетін, экономиканың базалық салаларын дамытуға) бағытталуы қажет. Сондай-
ақ үкіметтің аймақтық муниципалдық ортаның өзара әрекет етуінің құқықтық
негіздерін жетілдіру бойынша шараларды қолдану қажет.
Республикалық бюджеттің принциптерінің негізінде аймақтардың қаржылық
дербестігін нығайту.
Аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуының деңгейін теңестіру.
Аймақаралық айырмашылықтарды теңестіру.
Мемлекеттік басқаруды реттеудің объектілері:
Жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу - бұл нарықтық экономика көзқарасы
тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынастарды қалыпты
қолдау. Бұл қатынастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға қызмет ететін
экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге деген талабын
қанағаттандыруы тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың арасындағы катынастар
ұлттық бәсекелестік қабілетке кері әсер ететін еңбекақының шектен тыс
өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен қамтамасыз етудің қажетсіздігі және тез
төмендеуі жұмыссыздар армиясын көбейтуге, тұтынушы сұранысының, салық
түсімінің төмендеуіне, жәрдемақыға, салықтың өсуіне және қауіпті әлеуметтік
нәтижелерге әкеледі.
Ақша айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар:
инфляциямен күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер ету, ұлттық валюта
бағамының көтерілуі мен төмендеуі, (валюталық дәлізді анықтау),
халықаралық экономикалық интеграцияға қатысу.
Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның
серпіні мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге сол
баға шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына, ұлттық
валютаның тұрақтылығына күшті ықпал етеді.
Мемлекеттік реттеу объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың
деңгейінен, салалардың ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін
байланысты айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады.
Мемлекеттік басқаруды реттеудің құралдары. Мемлекеттік қызметтерді
жүзеге асыру үдерісінде мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін
мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздысы -
қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу
саясаты; сыртқы мемлекеттік саясат және т.б. жатады.
Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп
бөлінеді. Әкімшілік кұралдар қосымша материалдық ынталандыруды құрумен
немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет
билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделген
(мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық
пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты). Мемлекет
өндірістік кәсіпорынды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін
жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы елеусіз
көлемде пайдаланылады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршаған ортаны
қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен
шектеледі.
Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:
- қазыналық саясат, яғни шығын мен салықтың құқықтық аумағындағы
саясат;
- ақша саясаты;
- табысты реттеу саясаты;
- әлеуметтік саясат;
- баға белгіленімін мемлекеттік реттеу;
- сыртқы экономикалық реттеу.
Мемлекеттік реттеудің экономикалық кұралы ақша-несие, қаржы мен
бюджеттік саясатқа бөлінеді.
Негізгі экономикалық құралдар:
- есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін, дисконттық
саясат);
- елдің қаржылық институттары орталық банкте сақталуға міндетті, ең аз
резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;
- мемлекеттік мекеменің бағалы қағаз нарығындағы мемлекеттік
міндеттемелер эмиссиясы, олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.
Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:
- экономиканың қызмет етуі үшін құқықтық негізді құру мен реттеу;
- монополияға қарсы реттеу;
- макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;
- ресурстарды орналастыруға ықпал ету;
- табысты бөлу аясындағы қызмет;
- мүліктік қатынастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.

II МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ӘДІСІ МЕН МЕХАНИЗМІ, ҚҰРАМЫ
ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІЛІГІ

2.1 Мемлекеттік басқарудың әдісі мен механизмі

  Нарықтық қатынастар макроэкономикалық тұрақтылық және оның тиімді
сәйкестіліктерін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан бұл проблеманы шешу
мемлекеттің үлесінде болады. Егер жалпы экономика объективтік экономикалық
заңдардың, айтайық, тиімділіктің кему, азаю заңы, пайдалылықтың кему заңы,
сұраныс және ұсыныс зандары және тағы басқадай заңдардың талаптарына сәйкес
келсе, онда ол тұрақты және тиімді түрде дамиды. Бұл зандардың әрекеті жеке
емес біртұтас әлеуметтік-өңдірістік және экономикалық катынастар (өнім
өндіру, оны бөлу, айырбастау, тұтыну процесінде құрастарылады) жүйесінде
көрінеді. Бірақта бұл топтағы қатынастардың әрбір жеке біреуі өзіне тиісті
экономикалық заңның талаптарын бейнелейді. Мысалға, өндіріс факторларымен
алынған өнімнің арасында өзара байланысты сипаттайтын көрсеткіштің өрісін
зерттегенде өнімнің өсуі төмендейтін үрдіс орын алатыны байқалады, егер ол
өсу факторлардың тек біреуі арқылы қамтамасыз етілсе. Бұдан мынандай
зандылық туындайды - нарық  шаруашылығының макроэкономикалық және тиімділік
тепе-теңдігі туындыратын, оны қамтамасыз ететін шаралар тиімділіктің кему
заңының талаптарына негізделуіне тиісті. Ал, егер материалдық-каржылық
ресурстар туралы болса, олар сұраныс және ұсыныс заңының талаптарының мәнін
білдіреді, бұларды макро- және микродеңгейде реттеудің нәтижесіңде
өндірілген өнімдерді және көрсетілетін қызметтерді өткізудің қолайлы
сәйкестілігі туындайды. Бірақта қоғамның өңдірістік емес қажеттілігін
қанағаттандыруға жіберілетін өнім бөлігінің тиімділігіне пайдалылықтың
кему заңының талабын еске ала отырып баға беру керек. Бұл өнімнің
пайдалылығының өсуі оны тұтынудың өсуімен салыстырғанда тым баяу болатынын,
өсетінін көрсететін заңдылық. Мемлекеттік реттеуде бұл заңдылықтың
ескеріліп тұруы қажет.
Экономикалық дамудың мақсаттарының және саяси құрал саймандардың өзара
байланыстарының өзгерулерінің көлемін, санын сипаттайтын көрсеткіштерді
мультипликатолар деп аталу қалыптасқан.
Егер экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми негізделінген
тұжырымдамасы болмаса, негізгі принциптері және механизмдері белгіленбесе,
онда оны жүзеге асыру мүмкін емес. Реттеу тұжырымдамасы экономикалық
саясаттың, нарық шаруашылығының макроэкономикалық мақсаттарының және басым
дамыған салалардың өзгеруіне қарай (мультипликатордың сипатына қарай)
өзгеріп тұрады.
Экономиканы реттеу тұжырымдамасын құрастырарда мына Қазақстандағы
жағдайлар есептелуі керек. Олар: экономиканы дағдарыстан шығарудың
қажеттілігі, шаруашылықтың нарықтық үлгісіне тез өту мақсатта жекешелендіру
процесін тездету, өнеркәсіптің және сыртқы экономикалық байланыстың
шикізаттық бағытта болуы және т.б.
Экономиканы реттеудің ғылыми тұжырымдаманың басты бағыттары:
1. Меншіктің екі түрі (мемлекеттік, жеке меншік) болуына байланысты
шаруашылық қызметін реттеудің екі әдісінде - жоспарлау және нарықтық,
колданушының қажеттілігін ескеру.
Егер мына көрсетілген жағдайлар ескерілсе, онда жоспарлау әдісін
қолданғанда ол нәтиже береді:
- жоспарлаудың әміршілік - директивтік мәні жойылса;
- жоспарлаудың баланстық, реттеушілік қызметтерін күшейту;
- мақсаттық бағдарламаның тиімділін және рөлін көтеру.
Мемлекеттік реттеу нарықтық қатынастарды кұрастыруға, оның механизмін
нығайтуға бағытталынуы қажет. Сонымен жоспармен нарықтық тәсілдерді қолдану
мемлекеттік реттеудің алғашқы позициясы және мақсатты белгілеушілер ретінде
көрінеді.
2. Макроэкономиканы реттеу процесінде үкіметтің қызметінің бағыты,
көзқарасы анық байқалуы қажет, онсыз бұл процестің қазіргі, нақтылы,
болмаса болашақтағы нәтижесін білуге болмайды. Егер ол нәтиже қолайсыз
болса, оны дұрыстау, жөндеу үшін көп уақыт және материалдық шығындар
кетеді. Сондықтан, үкіметтің ой-пікірі, қызметі мемлекеттік реттеу
тұжырымдамасында нақтылы  көрсетілуі керек. Олар ғылыми негізделінген болу
керек.
Құрылымдық-инвестициялық аяны реттеу макроэкономиканың тиімділігінің
көрсеткіштерін жоғарылатуға бағытталуы қажет. Мұнда қоғамның өндіргіш
күшінің қолайлы, дұрыс орналасуының маңызы зор.
Құрылымдық-инвестициялық аяны реттеуде басты мақсат республиканың халық
шаруашылығының ғылыми-техникалық базасын сапалы түрде жетілдіру,
жаңаландыру. Ол үшін өзіміздің отандық ресурстарды және шетелдік
технологиялық инвестицияларды дұрыс, ұтымды пайдалану керек. Мұнда шетелдік
инвестицияның екі есе қымбатқа түсетінін естен шығармау керек.
Басқарудағы макроэкономикалық көзқарастың тағы бір маңызы - ол ұлттық.
Қазақстан экономикасын дүниежүзілік шаруашылыққа кіргізу, онымен
араластыру. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысын жалпы мемлекттік
реттеу проблемаларының басымдылары мыналар:
- технологиялық инвестицияны тарту арқылы импорттық тауарды
алмастыратын өнімдерді кеңейту, көбейту;
- экспортқа шығарылатын бәсекеге қабілетті жоғары дайын өнімдерді
өндіруге мемлекеттік қолдау жүйесін құрастыру. Экспортқа табиғи
шикізаттарды шығарудың болашағының жоқтығы ескерілуі керек.
Сонымен Мемлекеттік басқарудың әдісі мен механизмінің тұжырымдамасы
былай қорытындыланады. Ол жоспарлау және нарықтық үлгілердің басым,
артықшылықтарын дұрыс пайдалану арқылы мемлекеттің макроэкономикалық,
құрылымдық-инвестициялық және сыртқы-экономикалық саясатын тиімді түрде
жүзеге асыру, қоғамның шаруашылық қызметін реттеп, жөнге келтіріп тұру.
Тұжырымдамадан мемлекеттік басқарудың әдісі мен механизмінің
принциптері туындайды. Оның басты принциптері мыналар:
- барлық мәселелердің шешімінің табысты болуын қамтамасыз ететін
бірінші кезекте орындалатын басым іс-әрекеттерді белгілеп, анықтау;
- мемлекет шаруашылығын басқару жүйесінің барлық деңгейінде тиімді
сәйкестіліктің және тепе-теңдіктің болуы.
- мемлекеттік реттеудің міндеттерінің деңгейіне сәйкес келетін құрал-
саймандарды таңдау, дайыңдау;
- қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына және макроэкономикалық
тұрақтылыққа ықпал жасайтын объектілерді кешеңді түрде реттеу.
Мемлекеттік басқарудың тұжырымдамасы және принциптері белгіленгеннен
кейін, онда көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыратын құрал-саймаңды,
механизмді таңдап алу қажет болады. Ол механизмге мыналарды жатқызуға
болады: болжамдау және стратегиялық жоспарлау, қаржылық – бюджеттік реттеу,
салықтық реттеу, ақша - несиелік реттеу, бағаны реттеу, кеден- бажды
реттеу, номативтік - тарифтік реттеу, әкімшілік-құқықтық және лицензиялық
реттеу, нарықтық реттеу.
 

2. Мемлекеттік басқарудың әдістері, объектісі

 Басқару объектісіне жіберілген ақпараттар байланысы - ол тікелей
байланыс көрінісі. Басқару объектісінің белсенді түрде қатысуы керісінше
байланыс - ол объектіден басқаруға баратын байланыстар. Олар дұрыс-жағымды
және теріс-жағымсыз болып екіге бөлінеді. Дұрыс-жағымды  байланысы кіру
сигналына ықпалды күшейтеді (олардың белгілері біреу болады), ал теріс-
жағымсыз байланыс – кіру сигналына ықпалды әлсіретеді (белгілері керісінше
болады). Егер жағымды кері байланыс мемлекеттік жүйенің тепе-теңдігін бір
жағдайдан басқа жағдайға өтуін қамтамасыз етсе (тепе-теңдіксіз арқылы), ал
теріс кері байланыс мемлекеттік жүйені тепе-теңдіксіз жағдайдан тепе-
теңдікке қайтарады.
Кері байланыста катаң және бейімді (адаптационный) болып екіге
бөлінеді. Егер кері байланыс сигналы өзінің мән–маңызы жағынан кіру сигналы
мен бірдей болса және оның өзгеруінің шашпаңдығына тәуелді болмаса, мұндай
байланысты қатаң байланыс деп атайды. Егерде кері байланыс кіру сигналының
өзгеру шапшаңдығына қарай түзетілсе, бұл байланыс бейімделген байланыс
делінеді.
Жоғарыда айтылған басқарудың жалпы теориясының іргетасты-қолданбалы
экономикалық жүйеде қолданылады, ал олар төменде көрсетілген құбылыстардан
көрініс алады.
Мемлекет механизмі экономикалық жүйені басқарудың негізі болып
саналады, ал оның негізі сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдік. Бұл
механизм экономикалық жүйенің ішкі және сыртқы жағдайына көңіл бөліп, ықпал
ете алады. Мұндайда экономикалық субъектілердің тәжірибесіне қарай нарық
механизмінің әсері қатал болмаса, бейімделген түрде кері байланыста болуы
мүмкін. Бірақта нарықтық механизм өз бетімен басқарудың мақсатын қоюға
шамасы келмейді, яғни мақсатты қоя алмайды, сондықтан мемлетті объективті
басқарудың қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда экономикалық жүйені кері
байланысқа негізделінген басқару процесі екі кезеңде жүзеге асырылады:
а) объективті басқару бағдарламасын өңдеу;
б) объективті басқарудың өзі.
Бұл объективті басқару проблемасы айрықша талдау жасауды талап етеді.
Мемлекеттік процесс тек даму мақсаты таңдалған жағдайда және ол мақсат
қолда бар өндірістік ресурстардың көлеміне сәйкес, келісімді болса ғана
іске асырылады. Мұндай жағдайда субъективизмге және волюнтаризмге жол
берілмеу керек, тек мемлекеттік заңдарға, тәсілдерге сүйенуі қажет.
Объективті басқару бағдарламасын жасар кезде мемлекеттік жүйенің іс-
әрекетінің өткен уақыттағы нәтижесі анықталады және жинақталған тәжірибеге
талдау жасау негізінде болашақта дамудың нақтылы мақсаттарын құрастырып,
оларды бағдарламаға кіргізеді. Мұнда сөз болып тұрған болашақты жобалау,
өйткені мемлекеттік жүйенің жаңа жағдайға өтуі белгілі бір уақытты талап
етеді. Объективті басқару кезеңінде мемлекеттік жүйенің алдағы уақытта
дамуының нақтылы мақсаттары қазіргі уақытта жұмыс жасап тұрған жүйеде
жүзеге асырыла бастады. Былайша айтқанда жобада белгіленген мақсаттар
жүзеге асырылады.
Мұндай қозғалыс ықтималдылық көріністе емес, жоспарлық сипатта болады:
құрастырылған көп нұсқалардың ең қолайлысы, мақсаттысы іске асырылады. Оның
орындалуы мемлекетті объективті басқарудың тәжірибесінің аз-көптігіне
байланысты. Тәжірибе неғұрлым мол болса, проблеманың шешімі соғұрлым дұрыс
болады. Соңдықтан, алға қойылған мақсаттар жоспарлау арқылы жүзеге
асырылады.
Жалпы, қиын жүйелерде мемлекетті объективті басқарудың қажеттілігі үш
түрлі үлгісі орын алады:
а) өзін-өзі сақтау;
б) өз-алдына даму;
в) өзін-өзі ұдайы өндіру.
Өзін-өзі сақтау. Белгілі жүйенің тұтастығын және оның алдағы уақытта
жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Басқарудың бұл түріңде жүйе эволюциялық
өзгерістердің шеңберінен шығып кетпей, сыртқы жағдайлардың өзгеруінің
ықпалымен болуы тиіс. Бұл үлгінің өзіне тән белгісі - жүйеде ақпарат санын
және объективті басқару мақсатының тұрақтылығын сақтау. Бұл өзін-өзі сақтау
жүйесінің құрылымының үнемі бірқалыпта бола беруіне мүмкіндік тудырады.
Өз-алдына даму. Бұнда жүйені объективті басқарудың бір қиын түрі,
жүйенің болашақта өмір сүруінің мүмкіндігінің кепілдігі, онымен қатар
олардың тұтастығын өзгертуге жағдай жасауы. Өз-алдына даму кезінде жүйе
өзінің эволюциялық өзгерістерінің шеңберін кеңейтеді.
Мұның өзіндік көрінісі – ақпарат санын көбейту және реттеудің мақсатын
түзету.
Өзін-өзі үздіксіз өндіру тәсілі жүйенің тұтастық сипатын жаңа жүйенің
элементтерін енгізу арқылы өзгеруін қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес
басқарудың бұл түрінің мәні жүйенің ұйғарылған эволюциялық өзгерісінің
көрсеткіштерін кеңейту, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі шешім әзірлеу және қабылдау
Мемлекеттік басқару теориясына түсінік берумен қатар басқарудың обьектілері мен субектілеріне тоқталу
СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ПАЙДА БОЛУЫ
Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері
Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Құқықтық қатынастардың классификациясы
Мемлекеттік басқару стилінің түсінігі
Мемлекеттік жергілікті басқарудың теориялық негіздері
Пәндер