Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1. Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.2. Жұмыссыздық және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.3. Қазақстан Республикасының жұмыссыздық деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ...7


ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.1. Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2. Қоғамдық жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НАҚТЫ ҚОЛДАНЫЛЫП ЖАТҚАН ШАРАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
3.1. Жаңа жұмыс орындарын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
3.2. Қоғамдағы ішкі еңбек базарын қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
3.3. Кәсіптік оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Кіріспе


Осы курстық жұмыста нарықтық экономиканың маңызды түрлерінің бірі еңбек нарығы және еңбек нарығының маңызды мәселесі жұмыспен қамту саясаты қаралған. Жұмыспен қамту қазіргі кезде әр мемлекеттің алдына қойған проблемаларының бірі. Әр елдің тұрғындарының жұмыспен қамту деңгейі сол елдің даму деңгейін көрсетеді. Егер жұмыспен қамтылу жоғарғы деңгейде болса, онда сол елдің халқының әлеуметтік-экономикалық деңгейі соған сәйкесті жоғары болады.
Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыспен қамту мәселесі алға қойылып отыр. Бірақ Қазақстанның әлі буыны қата қоймағандықтан, оның бұл проблемасы аяғымен шешілген жоқ. Біздің еліміздің үкіметі осы мәселенің шешілуіне әр түрлі шаралар қолдануда. Аман айтар болсақ, ең негізгі шара болып табылатын – бұл Президенттің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы. Басқа да негізгі шаралары еліміз тәуелсіздік алғаннан, оның аяғын басқаннан бері жүргізілуде. Осы еңбек нарығының маңызды мәселесі тұрғындарды еңбекпен қамту неғұрлым оң нәтижелі болса, соғұрлым мемлекеттің даму деңгейі де жоғары болады.
Бұл курстық жұмыста еңбек нарығы туралы және жұмыспен қамту туралы мәліметтер қамтылған. Соның ішінде Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту саясаты мысалға алынған.
Осы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Олар:
І-бөлім. Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі
ІІ-бөлім. Еңбекпен қамту саясаты
ІІІ-бөлім. Қазақстан Республикасындағы нақты қолданылып жатқан шаралар
Курстық жұмыстың мақсаты – Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметін, жұмыссыздықтың және оның түрлерін, ҚР-ндағы жұмыссыздық деңгейін және халықты жұмыспен қамтуын күрделі қарастыру.
Қолданылған әдебиеттер


1. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. «Экономикалық теория» Астана – 2002 жыл.
2. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табаев Т.П. «Экономикалық теория». «Қазақ университеті» Алматы – 1999 жыл.
3. Жүнісов Б.А., Мәмбетов Ү. «Нарық экономикалық негіздері» Алматы – 1999 жыл.
4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А. «Жалпы экономикалық теория» Алматы – Ақтөбе, 2002 жыл.
5. Чепурин М.Н. «Курс экономической теории»
6. «Динамика рынка в Кзахстане» // Труд в Казахстане. 2000, №17, 81-83 стр.
7. Досқалиев С.А. «Экономика ілімдерінің тарихы» Алматы – 2003 жыл.
8. «Еңбек нарықтық категория» // Егемен Қазақстан 2000, 4 қаңтар.
9. «Рынок в Республике Казахстан» // Труд в Казахстане 2001. декабрь стр. 31
10. «Рынок труда в Казахстане» // Аль-Пари 1999, стр. 69-73
11. «Ситуация на рынке труда» // Приуралье 2001, 28 апрель.
12. Мауленов «Экономикалық теория».

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1. Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.2. Жұмыссыздық және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.3. Қазақстан Республикасының жұмыссыздық деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

Еңбекпен қамту саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.1. Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .9
2.2. Қоғамдық жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

Қазақстан Республикасындағы нақты қолданылып жатқан шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
3.1. Жаңа жұмыс орындарын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3.2. Қоғамдағы ішкі еңбек базарын қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 17
3.3. Кәсіптік оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Кіріспе

Осы курстық жұмыста нарықтық экономиканың маңызды түрлерінің бірі еңбек нарығы және еңбек нарығының маңызды мәселесі жұмыспен қамту саясаты қаралған. Жұмыспен қамту қазіргі кезде әр мемлекеттің алдына қойған проблемаларының бірі. Әр елдің тұрғындарының жұмыспен қамту деңгейі сол елдің даму деңгейін көрсетеді. Егер жұмыспен қамтылу жоғарғы деңгейде болса, онда сол елдің халқының әлеуметтік-экономикалық деңгейі соған сәйкесті жоғары болады.
Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыспен қамту мәселесі алға қойылып отыр. Бірақ Қазақстанның әлі буыны қата қоймағандықтан, оның бұл проблемасы аяғымен шешілген жоқ. Біздің еліміздің үкіметі осы мәселенің шешілуіне әр түрлі шаралар қолдануда. Аман айтар болсақ, ең негізгі шара болып табылатын - бұл Президенттің Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасы. Басқа да негізгі шаралары еліміз тәуелсіздік алғаннан, оның аяғын басқаннан бері жүргізілуде. Осы еңбек нарығының маңызды мәселесі тұрғындарды еңбекпен қамту неғұрлым оң нәтижелі болса, соғұрлым мемлекеттің даму деңгейі де жоғары болады.
Бұл курстық жұмыста еңбек нарығы туралы және жұмыспен қамту туралы мәліметтер қамтылған. Соның ішінде Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту саясаты мысалға алынған.
Осы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Олар:
І-бөлім. Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі
ІІ-бөлім. Еңбекпен қамту саясаты
ІІІ-бөлім. Қазақстан Республикасындағы нақты қолданылып жатқан шаралар
Курстық жұмыстың мақсаты - Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметін, жұмыссыздықтың және оның түрлерін, ҚР-ндағы жұмыссыздық деңгейін және халықты жұмыспен қамтуын күрделі қарастыру.

Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі
0.1. Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі

Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сату - сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.
Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалылығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады. Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық табиғатын және оның өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми дау негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ол оны өндіріс құрал-жабдықтарымен қосу нарықтық тәсілмен сату, сатып алу арқылы жүзеге асады.
Егер де жұмыс күші тауар болса, онда оның құны туралы сұрақ туады. Ол қалай анықталады және оның қазіргі шамасы қандай? Жұмыс күшінің құны, оны қайта өндіруге қажетті өмір сүру құралдарының құнымен анықталады. Әзірше, дүние жүзінің көптеген елдеріне қарағанда, біздің елімізде адамның еңбегі, оның жұмыс күші төмен бағаланады. Мысалы, Швейцарияда бір сағаттық еңбек - 30, Францияда - 15, Германияда - 28, Австрияда - 22 доллар тұрады. Біздің есебіміз бойынша бұл көрсеткіш қазіргі таңда Қазақстанда орта шамамен 0,10 доллар (әрине бұл арада инфляцияның деңгейін ескеру қажет) құрайды.
Еңбек нарығы барынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатындар әдетте олар еңбегіне деген сұранымнан хабардар бола бермейді, олар тіпті өздерінің тұратын қала шеңберіндегі бос жұмыс орны туралы да білмеуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы одан да аз біледі.
Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның мақсатымен және атқаратын қызметтері өзгереді. Еңбек биржасы - бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме. Бұрынғы КСРО-да ең соңғы еңбек биржасы 1932 жылы жабылған болатын. Қазіргі нақты жағдай - еңбек нарығының барлық элементтерін қайта жаңғыртудың қажеттілігін көрсетіп отыр. 1991 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастайды.
Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпарат беру; жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту және қайта дайындауға ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік беру жұмысын жүргізу; адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау. Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа жалдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады, себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға құқы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.
Қазіргі еңбек биржасында, жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным туралы мағлұматтар банкісі болуы қажет. Осы бағытта АҚШ-та, мысалы, аймақты және жергілікті деңгейде жұмыс күшінің электронды банкілер құрылған. Онда жұмысқа орналасқан кезде жоғары сапалы консультациялық көмек көрсетіледі. Нәтижесінде барлық мамандық топтарындағы жұмыссыздардың 40 пайызы бір айдың ішінде жұмысқа орналасады. Сондай-ақ жұмыссыздарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы енгізілген. Әсіресе Вашингтон штатында федералдық үкімет тиісті білім, жұмыс тәжірибесі бар және өз ісінің маманы болғысы келген 400 жұмыссыз адамға белгілі бір уақытқа дейін мүмкіндік беріп, алдын ала жәрдемақы төлейді. Бұның өзі олардың жұмыс жобасының экономикалық дәлелі бар, әдейі курстарды өткен, сондай-ақ жаңа істі консультант көмегімен бастаған жұмыссыздарға беріледі.

0.2. Жұмыссыздық және оның түрлері

Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын толтыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан алуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық және тағы басқа. Осыларға толық тоқталайық.
Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппартта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде олардың жұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.
Фрикциондық жұмыссыздық - еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жоқтығының нәтижесінде болады.
Маусымдық жұмыссыздық - ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдерде қолданылғанда болады.
Құрылымдық жұмыссыздық - өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.
Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық - адамдарды машинамен ауыстыру нәтижесінде болады, ол жұмыскерден кәсібін өзгертуді немесе басқа мамандық игеруді қажет етеді.
АҚШ конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізілген зерттеудің мәліметі бойынша қазіргі шет елдерде жұмыссыздықтың 70-ке жуық нысандары және олардың болуының ерекше себептері бар екен. Батыс елдердің мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа бөледі. Біріншісіне - жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең алдымен циклдік жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне - жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын жұмыссыздықты (фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа нысандары) жатқызады.
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасу барысында жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады. 1992 жылы жасырын жұмыссыздықтың ауқымы кеңейе түсті. Осы аталған жылдың желтоқсан айының өзінде-ақ 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап тұрды. Осындай кәсіпорындардан 2 мыңнан астам жұмыскер еңбектен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді.
Жұмыссыздықтың зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі ғылыми-технологиялық процесс. Ғ.Т.П. жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс салаларында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді. Жалпы ғылыми-технологиялық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы, жоғары еңбек айқымдылығымен сипатталады. Мысалы, 80 жылдары жұмыспен қамтуды көбейтуде өндірістік емес саланың үлесі АҚШ пен Жапонияда 80-90 пайыз, ал Батыс Еуропада 100 пайыз құрады.
Қазақстан Республикасының Халықты жұмыспен қамту туралы заңына сәйкес жұмыстан босап қалып, жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрын жұмыс орнындағы негізгі жалақысының орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өмір сүру минимумінен төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.
Осылармен бірге мемлекет жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін иммиграцияны (шетел азаматтарының келуі) шектеу, шетел жұмысшыларының репартиясын (отанына қайту) ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтылығын қысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімінен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыспен қамту саясатын жүргізген еді. Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау, жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезекте жастар мен үнемі жұмыссыз болатындарға жәрдем көрсетеді.
Нарық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі топтағы адамдарды, әсіресе жастарды жұмыспен қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойнына алады.
Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және тепе-теңдік жағдайымен сипатталады. Психологиялық тұрғыдан алғанда еңбекке сұраным қисық сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті ұсыным қисығы қызметкердің (жұмысшының) тілегін көрсетеді. Жекелеген еңбек нарығы, әдетте бізге бұрыннан белгілі графикпен бейнеленеді.

Q

Жалақының тепе-теңдік деңгейі.

Бұл графикте еңбекке сұраным мен ұсыным және жалақының тепе-теңдік деңгейінің графигі көрсетілген. Сұраным мен ұсыным шарттарының ауытқуы SS және DD қисық сызықтарының жылжуына және жалақының тепе-теңдік мөлшерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Еңбекті ұсыным жалақы динамикасында кері пропорционалды тәуелділікпен әсер етеді. Басқаша айтқанда, егер жұмыс күшін ұсыну басқа өндіріс факторларын ұсынумен салыстырғанда шектеулі болатын болса, онда жалақының өсуі орын алады. Еңбекті ұсыну мынадай факторлармен анықталады:
халықтық мөлшермен;
тұрғындардың жалпы санындағы еңбек етуге қабілеті бар халықтың үлесімен;
жұмысшының бір жыл ішінде атқаратын жұмыс сағатының орташа санымен;
жұмсалатын еңбектің саны және сапасымен, жұмысшының мамандық деңгейімен (квалификациясымен).
Жалақының тепе-теңдік деңгейін орнықтыруды автоматты тенденциясы болады деген жорамал бар. Тепе-теңдікке жету механизмі болып, жұмыссыздық көлемінің өзгеруінің ықпалымен және тауарлардың нарыққа әсері етуімен болатын жалақының ақшалай мөлшерінің ауытқуы қызмет етеді: ақшалай жалақы өсетін жағдайда бағаның жалпы деңгейі өседі, төмендеген жағдайда азаяды.
Еңбек нарығын біз жеткілікті дәрежеде алып көрсете алдық па? Жоқ. Себебі, біріншіден, біздің моделімізде жұмыссыздық жоқ, екіншіден, әр түрлі мамандық иелерінің жалақы айырмашылығы көрсетілмеген.
Барлық экономика үшін біртұтас еңбек нарығы болмайды. Нақты өмірде біз көптеген жеткілікті дәрежеде оқшауланған сегменттермен кездесеміз. Еңбек нарығы мамандықтар, салалар және территориялар бойынша бөлінді. Бір сегменттен басқа сегментке өту үлкен шығынмен байланысты. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік жағдайы көбінесе мемлекеттің араласуымен анықтайды. Жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдем ақша еңбекті ұсыну жағдайына әсер етеді. Жалақының ең төменгі мөлшері нарықтық сұраным шек қояды.

3.3. Қазақстан Республикасының жұмыссыздық деңгейі

Былтыр республика үкіметі қабылдаған 2000-2002 жылдары кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында өткен жылы кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздықтың деңгейін төмендету бағытында жұмыспен қамту саясатын белсенді жүргізу және кедей азаматтарымызға атаулы көмек көрсету арқылы біраз жұмыз атқарылды.
Әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмек көрсету 2000 жылы мемлекеттік және жергілікті бюджеттен жоспар бойынша қараған 21.599,3 миллион теңгенің орнына 16.650,3 миллион теңге бөлініп, игерілді, яғни не бәрі жоспар 77,3 пайыз орындалды. Бағдарлама бойынша оның ЖІӨ-дегі үлес салмағы 0,8 пайыз болып белгіленсе, іс жүзінде 0,7 пайыз болды.
2001 жылдың 1 қаңтарында ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 3,7 пайыз болды. Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агентінің сараптамалық бағалауы бойынша 2000 жылдың аяғында жұмыссыздықтың жалпы көлемі жыл басындағы 13,5 пайыз орнына 12,8 пайызға дейін төмендеді.
Жұмыссыздықтың деңгейін анықтаудың негізгі факторы ретінде (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес) жұмыссыздық нақты санын білу тетігін жетілдіру қажет, оны 2001 жылдан бастап әр тоқсан сайын статистика жөніндегі агенттік жүргізетін болады.
2001 жылы 1 қаңтарға жұмыспен қамту орталықтарына өтінішпен барған азаматтар саны 368,2 мың адам болды, ал 2000 жылғы 1 қаңтарда ондайлардың саны 362,4 мың адам болғанды. Ауылдағы жерде жұмыс іздеуші адамдар саны 115,4 мыңға жетті, яғни 1999 жылғыдан 5 пайыз өсті. Жұмыссыздық деңгейі Павлодар облысында 6,3 пайыз, Қызылордада 6,0 пайыз, Маңғыстауда 5,8 пайыз және Атырау облысында 4,9 пайыз болды.
Жасаған талдау көрсеткендей, жоғарыдағы аймақтарда жұмыспен қамту органдарда өтінішпен барушылар санының біраз өсуінің себептерінің бірі - жұмыссыз ретінде тіркеуге деген ұмтылыстың ұлғаюы. Бұған өз кезегінде жұмыспен қамту бағдарламасына мезгілінде қаражат бөлінуі себеп болды. Мәселен, Павлодар облысында қаржы бөлу белгіленген мөлшердің 87 пайыздай, Қызылордада 72 пайыз, Маңғыстауда 85 пайыз және Атырауда 79 пайыз болды. Сондай-ақ жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі органдардың құрылымы мен статусын күшейтуде өз әсерін тигізді.
Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасының орындалуы үшін 2000 жылы 19.530,4 миллион теңге қаржы бөлу жоспарланғанды, нақты бөлінгені 16.650,3 миллион теңге, яғни жоспар 85 пайызға орындалды.
2001 жылдың 1 қаңтарында республика бойынша тұтас салғанда есепте 231,4 мың жұмыссыз адам тұрды, оның 22,2 мыңы ғана материалдық көмек алды, 7,8 мыңы қоғамдық жұмысқа қатысты, 2,2 мыңы кәсіптік оқытуда біліктілігін көтеруде болды.
Сондай-ақ жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландырудың 80 пайызы жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан (87 пайыз), Батыс Қазақстан (81 пайыз), Қарағанды (86 пайыз) облыстарында және Астана қаласында (81 пайыз) орын алады.
Алайда, қорыта айтқанда жұмысқа орналастыру жөніндегі органдарға өтініш жасап барған жұмыссыздар деңгейі орта есеппен 3,3 пайыз көлемінде ғана болуы бұл мәселеде халықтың оған сенімінің өте төмен деңгейде екендігін көрсетеді.

Еңбекпен қамту саясаты
2.1. Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту

Еңбек рыногы және жұмыспен қамту саясаты деген проблеманың мәселеде зерттеу арқылы жоба жасау туралы Қазақстан мен Германия арасында 1996-1997 жылдары келіс сөз жүргізіліпті. Ол жобаға кірісу 1998 жылғы ақпан айынан қолға алынған екен. 2000 жылдың басында Технологиялық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының тапсырысы бойынша мамандардың халықаралық тобы Талдықорған қаласындағы жұмыссыздық жағдайы және экономикалық дамудың жұмыспен қамтуға көмектесе алатын әлеуметтік мүмкіндіктері деген тақырыпта жүргізілген жобалық зерттеу нәтижесі бойынша есеп даярлады. Бұл жұмысты орындауға Қазақстан Республикасының Экономика Министрлігінің экономикалық зерттеулер институтының (ЭЗИ), қоғамдық пікірді зерттеудің бүкілресейлік орталығының (ҚПЗБО), Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мамандары қатысты.
Мен ең алдымен талқылауға жиналып отырған тәжірибелік жобаны жасауға себепкер болған кейбір басты мәселелерге көңіл аударғым келеді. Қазір елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөнінде бағдарлама жасалып жатыр. Ол сәуір айында аяқталып, жалпы ұлттық сипат және Президенттің бекіткен құжаттың мәртебесін алмақ. Бұл - мемлекеттік бағдарлама. Ол президенттің Жарлығымен іске қосылды. Мұнда күрделі мәселелер өте көп. Қазіргі кезде оның алғашқы нұсқасы ғылыми қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кәсіподақ ұйымдарының, үкімет орындарының көмегімен жазылып, дайындалған десек те, оның әлі де пісіп жетілмеген жерлері баршалық.
Біріншіден, тәжірибелік жобамен мұқият танысқан соң, жобаның кейбір тұстарын жалпы ұлттық бағдарламаға кіргізу қажет деген қорытындыға келдім. Мен бұған үлкен мән беріп айтып отырмын. Әңгіме тек жұмыссыздықтың ана түрін, мына түрін айқындаудың және еңбек ресурстарына қалай ықпал жасаудың сипаты жайында ғана болып отырған жоқ, мұнда әкімшіліктің қызмет жайлы нақты ұсыныстары бар. Сонымен қатар бізді ескеріп, бағдарламаға кіргізетін ұсыныстар да бар. Сондықтан жобаны жасаушыларға мен алғысымды айтамын.
Жұмыссыздық пен кедейлік - бұлар экономикалық және әлеуметтік түсініктер. Баланс бойынша жұмыссыздық бүгінде 13,5 пайыз, ресми тіркелгені 3,9 пайыз, ал шын мәнінде көптеген аймақтарда оның деңгейі әлдеқайда жоғары. Жұмыссыздық неге көп, неліктен осылай болып отыр дегенде, саяси мәселелердің толық шешілмегендігінен емес, жұмыспен қамтамасыз етуінің экономикалық тетіктерінің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан екендігіне сеніміміз мол.
Біздер жұмыссыздық пен кедейлік жөнінде материал жинағанда, үкіметтің әр кездегі қимылының тиянақсыздау болғанын байқаймыз. Жұмыспен қамту қызметі жаңа жұмыс органдарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек. Ол үшін 7 миллиард теңге бөлінгенді. Бұл қор 1999 жылы жойылып, тек жұмыссыздық жөніндегі борыш қана қалды. Екіншіден, бұрын жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын пайдаланатын биржалар шұғылданады. Көбінесе кәсіпорын жұмысқа алған адамдарды биржа қызметкерлері жұмысқа арнайы орналастырады деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет бюджетінен олар ақша алады.
Бүгінгі күні экономикамыз біраз көтерілген тұста жұмыссыздық онша байқалмайды. Ал егер әлемдік бағалар өзгеріп, төмендесе, біздегі ахуал қиынға айналуы мүмкін. Біз жұмыссыздықпен күрес бағдарламасында біздің елдің өзін-өзі қамтамасыз етуінің элементі болуға тиіс салаларда қажетті жұмыс орындары жасаған жоқ деп мойындаймыз. Бұлар - жеңіл тамақ өнеркәсібі, бірінші кезекте қажетті тауарларды өндіру, құрылыс материалдарын өндіру, яғни біз Қытайдың, Ресейдің, Түркияның тауарларын импорт жасадық та, олар біздің рынокты лық толтырды, ал біз валютаны шетке жіберіп жатырмыз. Қазіргі күні бұған төзуге болады, өйткені, әлемдік бағалардың жоғары болуымен валюта көптеп түсуде. Жоғарыда айтқанымдай, егер бағалар төмендесе, онда біздегі әлеуметтік жағдай ауырлау болады. Себебі, жер асты кендерін қазып шығаратын өнеркәсіпте жұмысшыларды жұмыстан шығару күшейеді.
Осыларға сәйкес кейбір мәселелерді сіздермен талқылағым келеді. Біріншіден, айқын экономикалық тетіктерді жасамай тұрып, жұмысшылардың құрамын қайтадан жасау, өндірістің құрамын қайтадан жасау жайында сөз ету бұл шындыққа сай болмайды. Екіншіден, егер қазір жұмысшыларды қайтадан оқытуды сөз етсек, онда қазір бізде жұмыс күші артық және өте білікті. Бізге бір жұмыс орнына 29 маман етсек, оған жергілікті бюджеттен ақша бөлінеді. Бірақ та берешек көлемі өте үлкен, ол орындалмайды.
Қазақстанда шағын, ұсақ өндірістің күшті дамығаны белгілі. Қазір ол тіпті әлсіреді. Біз бір (өндіріп) өнім өндірсе, жеңілдіктер соған берілуге тиіс дейміз. Әрине, Қытай тауарын екі қаптауға болады. Ал өзімізде тауарды жаңадан өңдеуге уақыт керек, кейде жолдар қажет, өндірістік циклге айналым жасауына көп уақыт кетеді. Сөйтіп өз өндірісін жаңа жұмыс орындарын құрғандарды көтермелеу керек. Одан салық салуды, кеден бажын реттеу қажет. Қазір ішкі рынокты жабуға болмайды деушілер көп. Ал көп елдерде кеден бажы 20 пайызға дейін жетеді. Ал, бізге қазір аяқ-киімге, тоқыма, тігін бұйымдарына, әр түрлі маталарды әкелуге кеден бажының ставкасы 0-ден 5 пайызға дейін, көп елдерде 5 пайыз да қолданылмайды, баж жоқ. Еш баж салығын алмай күніміз жоқ, онда жаңа жұмыс орындарын құра алмаймыз. Сондықтан да біз аса жоғары кеден бажын қолданбай-ақ, аяқ-киім және тігін бұйымдары 20 пайызға дейін баж салығын тағайындасақ, бұл осы өндірісті өзімізде дамытуға болатын еді.
Жұмыссыздық сияқты әлеуметтік құбылыстың пайда болуы Қазақстан үшін жаңа оқиға болып табылады. Жұмыссыздық мәселесін үкімет әр түрлі заң актілерін қабылдау, көптеген бағдарламалар жасау арқылы шешуге тырысуда. Сол кезде ешкім де жұмыссыздардың өздері нені қалайды, олардың жалпы келбеті қандай екендігін зерттеген емес. Мұнсыз бағдарламалардың көптеген қағидалары жүзеге асуы мүмкін емес және де тиімді де болмайды. Екінші жағынан жұмыс берушілердің жұмыспен қамту мәселесін шешудің жолдары туралы пікірлерін ескеру де қажет. Тек жұмыс берушілер мен жұмыссыздардың көзқарастарын салыстырып қарау арқылы ғана жұмыспен қамтудың нақтылы және тиімді жолдарын жасап шығаруға болады. Республика бойынша тұтас алғанда 127,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл жұмыс іздеушілердің жалпы санының 35,0 пайызы. Ауылдық жерде жұмысқа орналастыру деңгейі 28,0 пайыз болды. Бағдарлама 2000 жылғы белгіленген еңбекпен қамту тапсырмасы 109,4 пайыз орындалды.
Республика бойынша 2000 жылғы желтоқсанның аяғында бір бос жұмыс орнына есеппен 25 адам, ауылдық жерде 137 адам таласты.
Жеке аймақтар бойынша алып қарағанда Қарағанды облысында бағдарлама бойынша жұмыс сұрап келген 18 мың адамды орналастыру көзделсе, іс жүзінде 32 мың адам орналастырылды, яғни 77,7 пайыз артық, Солтүстік Қазақстан облысында - тиісінше 4 мың және 5,2 мың адам, яғни 30,9 пайыз, Оңтүстік Қазақстанда - 7,9 мың және 9,5 мың адам немесе 20,1 пайыз, Қызылордада - 4 мың және 5 мың адам, яғни 25 пайыз, Ақмола облысында 5 мың және 6 мың адам, яғни 19,6 пайыз артық орналастырылды.
Жұмыссыздарды еңбекпен қамтудың төменгі көрсеткіштері бұрынғысынша Жамбыл облысында, бұл облыста жұмыс сұрап келгендердің тек 13,9 пайызы ғана орналастырылған. Бағдарламада көрсетілген жоспарлы тапсырма бос орындалмай қалды.
Еңбекпен қамту жәрдемдесудің бір түрі - бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу. Бүгінгі күні оларды ұйымдастыру мен өткізудің тәжірибесі Қарағанды, Ақмола, Атырау, Павлодар облыстарының, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдарында бар.
Германияның ғылыми-техникалық қоғамының бірлесіп атқарып жатқан Еңбек базарының саясаты және жұмыстылық техникалық жоба аясында елімізде еңбек және жұмыспен қамту саласындағы қызметті жақсартуға көмегін тигізіп, елеулі нәтиже беруде. Өткен жылы төмендегідей бірнеше бірлескен жоба асырылды:
жұмыссыздар үшін бірнеше қоғамдық жұмысты ұйымдастырып дамытуға жәрдемдесу;
жұмыспен қамту жөніндегі органдардың жәрдемімен жұмыссыздардың еңбек базасында кәсіптік бейімделе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық
Жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары
Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы
ДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГІ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ МОДЕЛІ
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс,жұмысбастылық және еңбекке ақы төлеу
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Еңбек нарығы және тұрғындарды еңбекпен қамтудың мемлекеттік саясаты
Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу аспектілері
Пәндер