Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1 Мектепке дейінгі жас ерекшеліктер

1.1 Жас ерекшеліктері туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.9

1.2 Мектепке дейінгі балалықтың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... 9.13

2 Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері

2.1 Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.16

2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық күңіл.күйінің дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Кіріспе
Тақырыптыңкөкейкестілігі.Бүгiнгi таңда бiлiмнiң мемлекеттiк стандартына сәйкес республика мектептерiнебiлiм беру мен тәрбиенiң мазмұны туындауда. Оның басты себебi республика өзiнiң тәуелсiздiгiне ие болған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшелiктерiн ескерте отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу iсiн қайта құрудың аса қажеттiгi пайда болды.
Әр баланың қызығушылығын бiлмегендiктен және олардың психологиялық ерекшелiгiн ескертiп отырмағандықтан, көп жерде оқушылардың ата-аналары мен мұғалiмдер арасында түсінiспеушiлiк жағдайлар жиi кездеседi.
Жастық шақта балалар отбасының тәуелдігінде, балабақшаның ықпалында бола тұрып көп мәселеге өзіндік тұрғыдан қарайды, өмірге көзқарасы өзгеріп, жасөспірімдік кезеңдегі жағымсыз іс — әрекеттерге сын көзбен қарайды.
Бала жасының осы төрт кезеңін талдай отырып, жас ерекшелік педагогикасының мазмұны мен құрылымында мына төмендегідей логикалық байланыс бар екеніне көзіміз жетті:
Біріншіден, баланың психофизиологиялық дамуы.
Екіншіден, әсіресе оның психологиялық — педогогикалық дамуының басымдылығы.
Үшіншіден, осы төрт кезеңде де баланың өзіндік іс — әрекетінің жетекті рөлінің басымдылығы.
Төртіншіден, балаға дұрыс тәрбие беруде негізгі педогогикалық идеяларды өз уақытында пайдалана білуде.
Бесіншіден, педогогикалық қызметтің технологиясы мен оның басымдылық бағыттары.
Осы көрсетілген бес бөліктің әрқайсысын баланың өсу, даму кезеңдерінде әртүрлі ықпал етеді. Міне, осылардың әрқайсысына тоқталып көрейік.
Курстық жұмыстың мақсаты. Мектепке дейінгі балалық – бұл өзін адам қоғамының мүшесі ретінде түсінуден (шамамен 2-3 жас) бастап, жүйелі оқуға (6-7 жас) дейінгі кезең. Бұнда күнделікті даму шешуші роль атқармайды,тұлғаның әлеуметтік факторларының қалыптасуы маңызды болыт табылады. Бұл кезде балада негізгі дара-психологиялық ерекшеліктер қалыптасады, тұлғаның әлеуметтік-адамгершілік сапаларының бастапқы белгілері көрінеді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- бала өміріндегі негізгі мұқтаждарын қанағаттандыру үшін үлкендердің көмегін көп қажет етеді;
- материалдық, рухани, танымдық мұқтаждарды қанағаттандыруда отбасының ролі аса маңызды;
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – А., 1991.
2. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. – Алматы, 2000.
3. Айтмамбетова Б., Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. – А.,1991.
4. АйғабыловаН. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. – А., Өнер. 1972.
5. Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, А., 1994.
6. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана,1998.
7. Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999.
8. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А., 1991.
9. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. - А.. 1999
10. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.-123б .
11. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының ұжымы, -Алматы,2005. - 152-162б
12. М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісінде енгізу жолдары. Алматы.2002.
13. Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т., Муканова Б.И. Педагогика: Оқулық/Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедралар авторлар ұжымы.- Алматы. 2005.430 б.
14. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2004-420б.
15. Педагогика Оқу құралы –Алматы: ҚазМҰУ, 2006
16. Ахметова Г.К., Исаева З.А., Әлқожаева Н.С.Педагогика:Оқулық.-Алматы:Қазақ университеті, 2006
17. Әлқожаева Н.С. Педагогика (оқу әдістемелік кешен) .-Алматы:Қазақ университеті, 2006
18. Педагогика. Оқу құралы (Ред. Пидкасистого.-М., 1998) Аударған Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева.-Алматы:Қазақ университеті, 2008
19. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: Нұр әлемі, 2003
20. Бекгалиев Т. Педагогика . Тараз. 2001
21. Балғымбаева З.М. Білім берудің практикалық психологиясы: оқу құралы, Алматы: Қазақ университеті, 2008.
22. Қалиев С, Майғаранова Ш., Нысанбаева Г. Тәрбие хрестоматиясы Алматы, 2001
23. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. -Алматы, Рауан, 1995.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі. Бүгiнгi таңда бiлiмнiң мемлекеттiк стандартына сәйкес республика мектептерiне бiлiм беру мен тәрбиенiң мазмұнын туындауда. Оның басты себебi республика өзiнiң тәуелсiздiгiне ие болған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшелiктерiн ескерте отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу iсiн қайта құрудың аса қажеттiгi пайда болды. Әр оқушының қызығушылығын бiлмегендiктен және олардың психологиялық ерекшелiгiн ескертiп отырмағандықтан, көп жерде оқушылардың ата-аналары мен мұғалiмдер арасында түсінiспеушiлiк жағдайлар жиi кездеседi. Осының бәрi тәрбие жұмысының үстірт жүргiзiлуiне әкелiп соқтыруда. Оған жол беру тұлғаның дербес ерекшелiктерiне қалай болса солай қараудан, оқушылардың өзiн-өзi тәрбиелеудегi iшкi мүмкiндiктерiн ескермеуден, олардың қабiлеттерiн әлеуметтiк жағдаймен байланыстырмау салдарынан туындап отыр.
Соңғы жылдары оқыту мен тәрбие мәелесiне қатар жарыспалы үрдiс немесе тәрбиенi оқытуға қосымша деп қарау, олардың өзара байланысын ескермеу, жалпы бiлiмнiң базалық сынарларын дұрыс таңай бiлмеу, бiлiмдi iзгiленруде тәрбиелiк мүмкiндiктiң толық ескерiлмеуi, этникалық мәдени бiлiмнiң дүниежүзілiк мәдениетпен байланыста қарастырылмауы сияқты терiс көзқарастар байқауда. Тәрбие iсiнде отбасымен, балабақшамен,
Жасөспірімдік кезеңді балалардың қиын кезеңі деп те айтады. Олай дейтін себебі жасөспірімдерде менмендік асқындай береді. Материалдық, рухани жағынан отбасына, мектепке тәуелді болғанымен, бұл жастағы балалар жаман қылықтарға әуес болады, көп мәселені өз бетінше шешкенді дұрыс көріп, тәуелсіздігі асқындайды.
Жастық шақта балалар отбасының тәуелдігінде, мектептің ықпалында бола тұрып көп мәселеге өзіндік тұрғыдан қарайды, өмірге көзқарасы өзгеріп, жасөспірімдік кезеңдегі жағымсыз іс -- әрекеттерге сын көзбен қарайды.
Бала жасының осы төрт кезеңін талдай отырып, жас ерекшелік педагогикасының мазмұны мен құрылымында мына төмендегідей логикалық байланыс бар екеніне көзіміз жетті:
Біріншіден, баланың психофизиологиялық дамуы.
Екіншіден, әсіресе оның психологиялық -- педогогикалық дамуының басымдылығы.
Үшіншіден, осы төрт кезеңде де баланың өзіндік іс -- әрекетінің жетекті рөлінің басымдылығы.
Төртіншіден, балаға дұрыс тәрбие беруде негізгі педогогикалық идеяларды өз уақытында пайдалана білуде.
Бесіншіден, педогогикалық қызметтің технологиясы мен оның басымдылық бағыттары.
Осы көрсетілген бес бөліктің әрқайсысын баланың өсу, даму кезеңдерінде әртүрлі ықпал етеді. Міне, осылардың әрқайсысына тоқталып көрейік.
Курстық жұмыстың мақсаты. Мектепке дейінгі балалық - бұл өзін адам қоғамының мүшесі ретінде түсінуден (шамамен 2-3 жас) бастап, жүйелі оқуға (6-7 жас) дейінгі кезең. Бұнда күнделікті даму шешуші роль атқармайды,тұлғаның әлеуметтік факторларының қалыптасуы маңызды болыт табылады. Бұл кезде балада негізгі дара-психологиялық ерекшеліктер қалыптасады, тұлғаның әлеуметтік-адамгершілік сапаларының бастапқы белгілері көрінеді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- бала өміріндегі негізгі мұқтаждарын қанағаттандыру үшін үлкендердің көмегін көп қажет етеді;
- материалдық, рухани, танымдық мұқтаждарды қанағаттандыруда отбасының ролі аса маңызды;
- балада ортаның жағымсыз ықпалынан сақтану мүмкіндіктері шектеулі.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі - Балабақшадағы балалардың жас ерекщелігінің маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны. Балабақшада педагогиканы оқыту үрдісі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні - Балабақша сабақтары: дүниетану, жануарлартану, математика т.б
Курстық жұмыс зерттеудің өзімізше ғылыми жаңалығы - Балабақша балаларына арналған тәрбие түрлері.
Зерттеудің теориялық мәні - мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігі зерттеген әдіскерлер, еңбектеріне шолу жасалынды.
Курстық жұмыста қолданылған зерттеу әдістері - оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, анализ - синтез, бақылау - байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым. Зерттеу тақырыбына қатысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді, дидактикалық нұсқауларды зерделеу, талдау.
Зерттеудің өміршеңдігі - мектеп жасына дейінгі ақыл-ой тәрбиесі балабақшада кеңінен қолданылады.
Курстық жұмысының құрылымы - кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен қосымшадан тұрады.

1 Мектепке дейінгі жас ерекшеліктер
0.1 Жас ерекшеліктері туралы ұғым
Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Жас -- адам ғұмырының белгілі бір кезеңін белгілейтін өлшем. Жас адамның физиологиялық, морфологиялық және психологиялық дамуының көрсеткіші болып табылады. Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін төмендегідей бөледі:
1) туғаннан 1 жасқа дейінгі бөбектік кезең; 2) 1 мен 3 жас арасындағы сәбилік кезең; 3) 3 пен 7 жас арасындағы мектеп жасына дейінгі кезең.
Белгілі кезеңдерге бөлінуі. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады.
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, осындай жас кезеңдерге бөлді: Ол әр жас кезеңіне сипаттама береді. Балалық шақ. Баланың дене жағынан тез қарқынмен өсуімен және сезім органдарының дамуымен сипатталады; жеткіншек шақ- есі мен қиялының, оның орындаушы органдары - тілі мен қолы дамиды.
Әрбір осы жас кезеңдерге жас ерекшеліктеріне сәйкес Коменский білім берудің ерекше сатысын ұсынады.
6 жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектепті ұсынады. Ананың басшылығымен мектепке дейінгі тәрбие іске асырылады.
Сонымен, Коменский балаларды жас кезеңдерге бөлуге бірыңғай мектептің демократиялық қағидасын ұсынған болатын-ды.
Әрбір білім беру сатысы үшін Коменский оқытудың мазмұнын жан-жақты талдады.
Аналық мектеп - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сатысы, онда негізгі тәрбиеші ана болып табылады. Аналық мектепте сабақ Коменскийдің идеясы бойынша, белгілі қатаң бағдарлама бойынша ерекше қарапайым осы жас кезіндегі балаларға түсінікті әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып өткізу қажет болды. Аналық мектептің бағдарламасына ғылымның барлық салаларынан алғашқы мәліметтер енгізілді. Онда балалар су, жер, ауа, жаңбыр, қар, мұз, тас, темір, ағаш, шөп және т.б. дегеніміз не екендігін білу қажет болды, табиғаттанудан қарапайым мәліметтерді меңгеру тиіс болды. Балалар бояуды ажырата білу, аспанның, күннің, айдың не екендігі туралы жағырафия ғылымынан мәліметтер мен алғашқы түсініктер берілді.
Коменскийдің айтуынша, аналық мектеп балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше мән берді (адамды сүю, үлкенге құрмет, кішіге ізет, тәртіпті болу, кішіпейілділік және т.б.)
Ана тілі мектебі аналық мектептен басталған оқытуды жалғастыра отырып, онда алған білімді кеңіте және тереңдете отырып, адам өміріне қажетті: атап айтқанда, ана тілінде жазылғанның бәрін еркін оқу, анық, тез және дұрыс жаза білу, санай, өлшей білу, ән салу және т.б.
Бірақ Коменский онымен шектелмеді. Оның түсіндіруінше, шәкірттер мораль қағидаларын білу, түсіну және өмірде іске асыруға ұмтылу қажет, азаматтық тарих туралы жалпы түсініктері болуы, космографияның және жағырапияның элементтерін білу, шаруашылықтан және саясаттан хабардар болу қажеттігіне тоқталды.
Демек, бұл сол кездің өзінде ана тілін оқытуға негізделген бастауыш оқытудың ерекше бағдарламасы болып табылады. Ана тілі мектебінің ортағасырлық мектептерден ерекшелігі ортағасырлық мектептерде барлық оқыту өмірден алшақ берілді, тек ғана латын тілінде оқытылды, ал ана тілі мектебінде бастауыш мектептегі оқыту тек ғана ана тілінің негізіне сүйенді.
Латын мектебін немесе гимназия ұйымдастыруды Коменский әрбір қалада белгіледі. Латын мектебінің бағдараламасына ортағасыр мектептеріне тән "жеті ерікті өнерлермен" ескі мазмұнымен жаңа мазмұнын ұштастыруға ерекше мән берді.
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.
Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.
Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.
4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері -- 6 жастан өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы - негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі.
Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі
Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудық келесі сатысына көшуге дайындап отырады. Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды.
Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өмірінің іс-әрекеттің жаңа түрі - оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл өзгерісті ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайып, оқуға, жазуға , санауға үйренеді. Оқытудық алғашқы сатысында олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай туғызады. Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары, адамдардық өмірі туралы сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады.
Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі - олардың маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді.
Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті - оқу. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек.
Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақылау, өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды қолдану, балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудық қажет екендігін түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді.
Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды жиі қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене жаттығулары, ойындар баланың есте сақтау қабілетін дамытады.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күрделі бағдарлама, оқулықтармен оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ, өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген қателігін тез байқау, арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет.
Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын мәселе - баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы.
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттың дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек. Еңбек іс-әрекетімен жүйелі айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру, өндіріс орындарына экскурсияға апару, мамандықтармен таныстыру тұлғаның әлеуметтік құнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне даяр болады, дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды.
1.2 Мектепке дейінгі балалықтың жалпы сипаттамасы.
Мектепке дейінгі балалық - бұл өзін адам қоғамының мүшесі ретінде түсінуден (шамамен 2-3 жас) бастап, жүйелі оқуға (6-7 жас) дейінгі кезең. Бұнда күнделікті даму шешуші роль атқармайды,тұлғаның әлеуметтік факторларының қалыптасуы маңызды болыт табылады. Бұл кезде балада негізгі дара-психологиялық ерекшеліктер қалыптасады, тұлғаның әлеуметтік-адамгершілік сапаларының бастапқы белгілері көрінеді.
Бұл кезеңге тән:
- бала өміріндегі негізгі мұқтаждарын қанағаттандыру үшін үлкендердің көмегін көп қажет етеді;
- материалдық, рухани, танымдық мұқтаждарды қанағаттандыруда отбасының ролі аса маңызды;
- балада ортаның жағымсыз ықпалынан сақтану мүмкіндіктері шектеулі.
Дамудың педагогикалық доминантары.
Сөйлеу және ойлаудың дамуы. Белсенді сөйлеудің қалыптасуы ойлау мен бүкіл психиканың дамуына негіз болады. Әдетте, сөйлеудің дамуы ойлаудың негізі деп есептейді. Тәрбиешілер тілі әлсіз кейбір балаларды ойлауы жетіспеген деп есептеп, қателеседі.Бірақ, интеллектуалдық даму балада әртүрлі жүруі мүмкін. Бала тез сөйлеп кетуі немесе интеллектуалдық іс-әрекеті белсенді болса да сөздік қоры шектелуі мүмкін. Тек мынадай жағдайда, егер сөйлеу мен ойлау зардап шексе, баланың психикалық немесе ақыл-ойының дамуы кешігіуі, арта қалуы мүмкін. Ақыл-ойының дамуының арта қалуы бас миының зақымдануы негізінде танымдық іс-әрекеттің бұзылуына байланысты. Зақымдану дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін: ақылдың жеңіл ауытқудан (дебиль) терең ауытқуға (олегофрения) дейін. Олегофрения тұқым қуалау, қалыптасу, жатырдан, босанғаннан кейін болуы мүмкін.
Психикалық дамудың кешігуі әртүрлі биогенетикалық факторлардың әсерінен болады, бірақ олардың негізінде бас миының органикалық зақымдануы жоқ. Егер олегофрендер еш уақытта сау баланың даму деңгейіне жете алмайды. Ал, психикалық дамуы кешіккен баланың болашақтан үміті бар. Олар пайдалы, толық құқықты қоғам мүшесі бола алады. Бірақ оларды ақыл-ойы сау балалармен қосып оқытпаған жӛн. Олар үшін арнайы мектепке дейінгі жүйелі ұйымдастырылған мекеме қажет.
Зейін және естің дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде даму процесі ырықсыз зейіннен ырықтыға, ырықсыз есте сақтаудан ырықтыға, образдық (бейнелік) естен сөздік-мағыналыққа қарай жүреді. Арнайы мнемоникалық қозғалыстардың пайда болуы естің дамуында шешуші роль атқарады. Бала қолдың, саусақтардың,заттардың, символдардың, белгілердің қозғаласы арқылы есте сақтауға тырысады. Бұнда ойынның ролі зор.
Тәрбиешілер мен ата-аналардың көп тараған педагогикалық қатесі зейін мен естің дамуын өз алдына бөлек процестер деп қарамауында, бейнелік сӛздің, мнемониканың ролін ескермеуінде. Балалар тілінің күрделілігін, тереңдігін түсінбей үлкендер оны жай ғана қабылдайды. Олар балаға сӛйлеудің дайын ғана жай (примитив) моделін береді. Бала амалсыз есте қалдырады. Күрделі, дұрыс сөздік моделдер бойынша ойлану, ырықты есте қалдыру жұмысы жүргізілмейді. Кейде үлкендер балалар тілімен сӛйлейді. Баланың сөздік қоры мен ойлауына қарай отырып, онымен үлкенше сӛйлесу керек. Негізгісі, үлкендердің соңынан ере отырып, тілдік модельдің маңызын есте сақтау.
Эмоционалды-еріктік сфераның дамуы бірнеше этаптан тұрады: үлкендердің талаптарын орындау; өзіндік іс-әрекеттің үлкендердің іс-әрекетінен бӛлінуі; үлкендердің іс-әрекетін үлгі ретінде қабылдау; қажеттерді қанағаттандыруға бағытталған әрекет мотивтерінің үлгі бойынша пайда болуы, соның нәтежесінде тұлғалық мінез-құлықтың қалыптасуы; өзінің қылығына, оны бағалауға ориентир жасау; мотивтердің күрделі иерархиясы, қоршаған ортамен қарым-қатынастың күрделі жүйесінің пайда болуы.
Балада жетістікке жету қажеттілігі пайда болады. Жеңілуден қашуға тырысу барлық күшті, ерікті жұмсаумен байланысты. Еріктің қалыптасу процесі өскен сайын жеңу ситуациясы жиеленіп, жеңіске жету үміті арта түседі. Ерікті қалыптастырудағы шешуші мән бұл мақсатқа жету мен шындық мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтарды баланың ұғуы.Бұл процестердің барлық қиыншылығын түсінбеу екі шектелуге апарады. Біріншісі - бала жеңу ситуациясына кірмейді. Инфант типін тәрбиелеу эгоцентризм, еріксіздік, оның нәтежесінде пайда болатын - қырсықтықты қалыптастырады. Екіншіден золушка типін тәрбиелеуде жеңу ситуациясын үнемі істеу, дағдыға айналдыру. Жеңу үмітінің болмауы еріктік күштің дамуын тежейді, еріктік процестерді жояды.Тәрбиешілер мен ата-аналар, көп жағдайда, эмоционалды-еріктік сфераның қалыптасуы тосыннан болатын, нақты мақсатты көздемейтін құбылыс ретінде қарастырады. Бірақ, баланың эмоционалдық тұрақтылығы үшін жағдай жасау, оның жағымды және жағымсыз эмоцияларын бағалау, мағынасын, мазмұнын, бір-біріне ықпалын түсіну керек. Егер, тәрбиеде жағымсыз немесе жағымды эмоциялар басымырақ болса, тұлғада ауытқушылық болады (тұйық, ащушаң немесе жеңілтек,жауапсыз).
Мектепке келген бастап, баланың психологиялық даму деңгейі жекелік ерекшеліктерінің дамуы ұлғая бастайды. Бұл ерекшеліктер ең алдымен олардың ақыл-ой, моральдық даму деңгейлерінің көріністерінен байқалады. Олар ортақ нұсқаулар және психодиагностикалық жағдайларға түрліше әсерлене алады. Кейбір балалардың көзқарастары өз деңгейінде қалыптасқан, психодиагностика тапсырмаларын қиналмастан орындайды, ал кейбір 4-6 жастағы әлсіз дамып келе жатқан балалар мектепке дейінгі тапсырмаларды ғана орындайды.
Сондықтан да кіші мектеп жасындағы балаларға қандай да бір психодиагностикалық әдістемені пайдаланбас бұрын, психологиялық даму деңгейін шынайы бағалау үшін, баланың ақыл-ой деңгейіне сәйкестігін, тіпті жеңіл болып кетпеуін қадағалау қажет.
6-7 жастағы балалардың мектепте оқуға даярлығын қарастыратын болсақ, орта есеппен алғанда олардың 50-80% қандай да бір ерекшелігі және кіші мектеп бағдарламасы бойынша материалдарды толық игеруге, жалпы мектепте оқуға әлі дайын болмайды. Көпшілігі дене бітімі бойынша оқуға дайын болса, психологиялық даму деңгейі бойынша мектепке дейінгі баланың (5-6 жас) деңгейіне сәйкес болып тұрады. Егер мұндай балаға жеткілікті күрделі, жас ерекшелігіне сәйкес ырықты, ырықсыз зейін, есте сақтау және қиялға арналған психологиялық тест ұсынсақ, бала оны орындай алмайды.
Мұндай қиындық ақыл-ой қабілетінің жетіспеуінен емес, тұлғалық-психологиялық даму деңгейінің жетіспеушілігі себебінен туындайды. Егер, керісінше, тура сол тест тапсырмаларын ойын түрінде ұсынатын болсақ, тестілеу нәтижелері жоғары болуы
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.
Педагог үшін маңызды - бұл жағымсыз және жағымды эмоциялардың тиімді байланысын қамтамасыз ету, баланы өзінің көңіл-күйін басқарудың психологиялық механизмдеріне үйрету. Эмоционалдық тұрақсыздық қарым-қатынаста кедергі келтіреді: ұялшақ болуы, тіл табыса алмауы немесе агрессивті болуы баланың психологиялық және адамгершілік тұрғысынан дамуына кері әсер етеді. Эмоционалдық тұрақсыздық пен кӛніл-күй ауыруын шатастырмау керек. Эмоцианалды-ерік сферасының психолого-педагогикалық диагнозын медицинамен реттеп отыру керек.
Өзіндік бағалау. Өзін бағалауы төмен балалар өзіне сенімсіз болады, оларда басқалардың көзқарасымен келісе салу (конформизм) басым. Олардың мінез-құлқына сай: жасқаншақтық, тұйықтық, ұйялшақтық, өшпенділік, кӛзге түсуден қорқу және кӛзге түспей қалудан қорқу.
Парадокстық жағдай: мектепке дейінгі жастағы балалардың ӛзін бағалауы төмендігімен қатар өзіндік сана процесі жеделдейді.Қоршаған ортаның жағдайсыз қарым-қатынасы, сәтсіздік балада эмоционалдық дискомфорт тудырады,содан кейін онда Неге? деген сұрақ туады және жауапты өз күші мен мүмкіндігі келгенше іздеуге тырысады. Кӛп жағдайда жауап таба алмайды да, қатты күйзеледі. Осыдан невроз, депрессия, басқа патология болады.
Баланың өзін асыра бағалауы (белгілі жағдайларда)эгоцентризм, өрккіректік т.б. қалаыптастырады. Өзін асыра бағалауы баланың өзіндік сана процесін тежеуі мүмкін. Балалар ұжымында, педагогтармен, үлкендермен конфликтіге (дау-жанжал) апаруы мүмкін.
Сондықтан, педагог, басқа да ересектер баланың кейбір жеке мінез-қылықтары бойынша (тентек, төбелескіш,өтірікші, сараң) бетіне басып, басқа балаларды салыстырмалы түрде мысалға алудан бас тартқаны дұрыс. Балаға істеген қылығының дұрыс емес екенін айт, бірақ сен жамансың деп айтпа-деген педагогикалық ережені ұмытпау маңызды.
Бастапқы адамгершілік туралы түсініктердің қалыптасуы. Балада жақсы, жаман, әдемі, көріксіз, адал, арам туралы жай ғана түсініктер қалыптаса бастайды. Мектеп жасына дейінгі балаға адамгершілік нормалары мен ережелері туралы қанша айтса да, егер олардың орындалуын нақты бірізді қимыл-қозғалыс арқылы кӛрсетпесе пайдасыз. Мысалы, мырза бала қандай болатынын ойын түрінде немесе өмірде кездесетін жағдайға байланысты ситуацияны модельдеп көрсетеді (тәттіні, ойшықты бӛлісу, ауырып қалған жерді уқалау, дәрі беру т.б.). Осылай қайталанып отырса, баланың санасында жақсы қасиеттер қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі баламен жұмыста жетекші педагогикалық идея - мектепке денелік, психологиялық, педагогикалық дайындық. Бұндай дайындық алдағы оқу жүктемесін қамтамасыз ететін дене қалпын, дара психологиялық сапаларды дамытады, алғашқы әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын, оқу іс-әрекетін игертеді.

Жанұя жағдайына бала тәрбиесін, баланың өзіндік жеке тұлға ретінде дамуына кері ықпалын тигізетін жағымсыз факторлар. Тәрбие әдісінің дұрыс жолға қойылмауы , үлкендермен қарым - қатынастың болмауы, ата - ананың өзіндік қабілеттерінің төмендігі, құрбы - құрдастарының арасында өзін теңдей сезінбеуі, толық емес жанұядан шығуы, отбасындағы үнемі конфликтілік жағдайлардың орын алуы және көптеген кері әсерлер байқалған балалар жанұясы. Ата-ана баланың жас ерекшелігін ескермей талап қоюы, балаға физиологиялық жағынан кері ықпалын тигізеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Мектепке дейінгі жаста темперамент дамуының жас ерекшеліктері
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері
Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Пәндер