Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес



Мазмұны

Кіріспе
1 Кәсіпкерліктің экономикалық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Кәсіпкерлікке қажет экономикалық әлеуметтік және
құқықтық жағдайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2. Кәсіпкерліктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Кәсіпкерліктің түрлері олардың өзара қатынастары және
бизнеске қатысудағы өзгешеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оның
даму преспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
3.1 Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік . ұлттық экономиканы
дамытудың маңызды шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.2 Қазақстанда жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... .22
3.3 Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы , себептері. ..23
3.4 Кәсіпкерлік ісіне мемлекеттің ықпал жасау механизмі ... ... ... 25
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады:
1) белгілі бір істің түрі
2) сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың мінез – құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері белсенді, іскерлік болар екен? Өздеріңіз ойланыңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе ? Сан есебінен алғанда белсенділік өте азғантай энергетикалық шығынан, шамадан тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін баруы мүмкін. Мысалы: Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалистік революциясы. Сапа жағынан спотандық белсенділік (ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсерлермен болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсенділік ( қайғы- касірет шегу), сонымен бірге еркін белсенділік . Адамдардың белсенділігі әртүрлі болады: саяси , әлеуметтік , экономикалық , әскери , тарихи , айуандық т.б болып бөлінеді .
«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады . Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы , ал кәсіпкерлік табы қанаушы тап болады.
Қолданылған әдебиеттер

1. Әбдіғали Әбдіманапов
Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері.
(халықаралық стандарт)
Алматы-2006

2. С.Б. Баймұханова
Ә.Ж. Балапанов.
Бухгалтерлік есеп.
Алматы-2001.

3. Қ.К. Кеулімжаев
Н.А. Құдайбергенов
Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері.
Алматы
Экономика
2006

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1 Кәсіпкерліктің экономикалық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .5
1.1 Кәсіпкерлікке қажет экономикалық әлеуметтік және
құқықтық
жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 8
2. Кәсіпкерліктің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.10
2.1 Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі
түрлері ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Кәсіпкерліктің түрлері олардың өзара қатынастары және
бизнеске қатысудағы
өзгешеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...12
3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оның
даму
преспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...16
3.1 Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы
дамытудың маңызды
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..20
2. Қазақстанда жаңа кәсіпорынды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... .22
3. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы , себептері. ..23
4. Кәсіпкерлік ісіне мемлекеттің ықпал жасау механизмі ... ... ... 25
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады:
1) белгілі бір істің түрі
2) сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс
істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және
іскерлік адамдардың мінез – құлқы типтерімен байланысты болатын
шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері
белсенді, іскерлік болар екен? Өздеріңіз ойланыңызшы: холерик пе,
сангвинник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе ? Сан есебінен
алғанда белсенділік өте азғантай энергетикалық шығынан, шамадан
тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға
дейін баруы мүмкін. Мысалы: Париж коммунасы, Ұлы Октябрь
социалистік революциясы. Сапа жағынан спотандық белсенділік
(ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсерлермен
болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсенділік ( қайғы-
касірет шегу), сонымен бірге еркін белсенділік . Адамдардың
белсенділігі әртүрлі болады: саяси , әлеуметтік , экономикалық ,
әскери , тарихи , айуандық т.б болып бөлінеді .
Кәсіпкерлік деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке
қолданылады . Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы , ал
кәсіпкерлік табы қанаушы тап болады.
Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс
тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табумен байланысты .
Өндірісе, айырбаста шектелген белсенділігін емес , адамдардың жан –
жақты белсенділігін (іскерлігін) талап етеді . Сондықтан
экономикалық белсенділік , іскерлік еріксіз немесе еркін болуы
керек.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі
, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды : көпестер ,
саудагерлер , қол өнері қызыметтеркерлері . Кәсіпкерліктің алғашқы
дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып , өздері
сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген . Бұл тауарлы өндірістің
бастапқы жабайы түрі .
16 ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды ,
акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы , 1554 жылы Англия
сауда компаниясы , 1660 жылы Ост – Индия сауда компаниясы . 17
ғасрдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды .
Ресейде Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді.
Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін
дамыған жоқ . Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды . 1861
жылғы рефермадан кейін темір жол құрылысы , ауыр өнеркәсіп
салалары орын алды .
Кәсіпкерліктің субъектісі - жеке адамдар, сонымен бірге , заңды
тұлғалар , біріккен серіктестер ( партнерлер ) : арендалық , ұжым ,
ашық және жабық акционерлік қоғамдар , шаруашылық ассоциациялары ,
әртүрлі бірлестіктер ( корпорациялар ) .

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері :
- дербестік және тәуелсіздік :
- экономикалық ынталылық :
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілігі:
- жаңашылдық .

1. Кәсіпкерліктің экономикалық негізі
Экономиканың негізін екі фундаменталды ақиқат құрайды және олар
шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды .
Бірінші ақиқат : қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе
тойымсыз .
Екінші ақиқат : экономикалық ресурстар шекті немесе сирек .
Экономикалық ресурстар дегеніміз – бұл тауар өндіруде қолданылатын
барлық табиғат , адам және адамдардың өндірген құрал жабдық
ресурстары Олар : фабрика , зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары :
әртүрлі жабдықтар, инструменттер , өндірістік тауарлар мен ауыл
шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар: әртүрлі
транспорт , байланыс құралдары : материалдық байлықты өндіруге
қатынасатын алуан түрлі еңбектер: жер және қазбалы байлықтар . Олар
мынадай үлкен екі категорияға бөлінеді :
1. Материалдық ресурстар - жер оның табиғи байлығы және капитал.
2. Адамдар ресурсы - еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік .
Қысқаша экономиеалық ресурстардың мәніне тоқталайық .
1. ЖЕР. Жер деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады -
өндіріст қолданылатын барлық табиғаттың әншейін байлығы. Оған
мынадай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар,
минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары т.б .
2. Капитал немесе инвестициялық ресурстар - барлық өндірілген
өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналары, жабдықтар,
фабрика - зауыттар, қойма, транспорт, құралдарының барлық түрлері
және тауар өткізу торабы . Құрал жабдықтарды өндіру және
қорландыру процесін инвестициялау дейді .
Тауарлар екіге бөлінеді : 1 . Инвестициялық тауарлар ( капитал),
олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді .
2 . Тұтыну тауарлары қоғамның қажетін тікелейқанағаттандырады .
Инвестициялықтауарға ақша капиталы кірмейді . Ақша ештеңе
өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды . Ақша - бұл финанс
капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал .
3. Еңбек - бұл кең мағыналы термин . Экономистер оны
адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл - ой
қабілеттілігін бейнелейді .
4 . Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы.
Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1 . Кәсіпкер барлық ресурстарды : жер , капитал және еңбекті
өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігін алады, яғни
өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне
сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз
қолына алады және фирманың ( кәсіпорынның ) іс бағытын
айқындайды .
3. Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар
өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа
формаларын енгізу аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін
істелетін істің егжей - тегжейін айқынталдап, қортындысында не
болатынын білген жөн ( капитализм совет өкіметі емес, ешкім
әншейін көмек көрсетпейді .) Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін
іс қабілеттілігін тәуеклге салмайды, сонымен бірге өндіріске
кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің
қаржыларын тәуекелге салады .
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші -- мол пайда табу .
Ресурстарға төлем . Жоғарыда көрсетілген ресурстар , яғни
өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде
беріледі.
1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
2. Жер, су бергеніне рента алады.
3. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды , ол зиян да болуы
мүмкін. Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану
жөніндегі ғылым екенін кәсіпкер жете түсіну керек . Экономикалық
тиімділік – бұл
шығын өнім мәселесін қамтиды . Экономикалық тиімділіктің
критериясы (өлшемі) әрбір өнім бірлігіне шаққанда неғұрлым аз
шығын жұмсау . Қорытып айтқанда қоғам барлық ресурстарды тиімді
пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады.Ол үшін
ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін
толық қамтамасыз ету қажет. Сондықтан толық қамтылу деген
экономикалық терминді түсіндіріп кетелік .
Толық қамтылу деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды
іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек. Егіске жарамды
жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы , яғни барлық жарамды
ресурстарды іске қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе
шығын көбейеді: жұмысшылар еңбек ақы алады, инвестициялық
тауарлар сатылады т.б . яғни ел байиды, нарық тауарға толады,
адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады . Қазақтың мақалы бар
шығын болмай, тығын болмайды деген . Қоғамның өмір сүру негізін
материалдық өндіріс , яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.
Шын мәнінде, кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып,
өзі Төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді
қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне еңбек ақы, капиталға пайыз, жер
иелеріне рента кәсіпкерлерге кәсіпкерлік пайда, социализм мен
капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде жұмыс күшінің
өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал
екіншісінде - қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және
кәсіпкерлік пайдаға.
Қоғамның өндірген таза пайдасын осылай бөлуді қамтамасыз ету
үшін мемлекеттік органдар құрылады, оны қорғауға полиция, қарулы
күштер ұйымдастырылады.
Қазақстанда қоғамдық меншікке негізделген экономиканың жеке меншік
экономикасына ауысуы ұзақ мерзімді, ақыл – ой, парасатты жұмысқа
негізделген экономикалық күрделі шараларды қолдануды талап етеді.
Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер
табын даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты
құру үшін бірінші, білім керек, екінші, өкімет экономикалық
саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет . Елдің болашақ тағдырын
білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай
жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы
керек. Аш – жалаңаш елде кәсіпкер де халықты та байымайды.

1.1 Кәсіпкерлікке қажет экономикалық әлеуметтік және құқықтық
жағдайлар
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай
керек. Олар: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтер-
дің алуан түрлері: тұтынушылардағы ақша – қаражат көлемі, яғни сатып
алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық –
кемдігі, еңбек ақы қорының артық - кемдігі, қарыз ( несие )
беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек т.б.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін нарықтың инфрақұрылымы болуы керек:
банктер, шикізат, материал, құрал - жабдықтар сатышулар, тауарды
тұтынушыларға дейін жеткізетін мекемелер, заң, бухтерлік т.б. қызмет
көрсететін мекемелер, еңбекке орналастыру агенттігі, оқу орындары,
жарнама, көлік, сақтандыру, байланыс, ақпарат т.б. мекемелері.
2. Әлеуметтік жағдай. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру
үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың
тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы
болуы шарт. Оған қоғамның рухани даму дәрежесі және діни нормалар
ықпалын тигізеді. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы
жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты.
Кәсіпкер өз ісіне шын берілген және одан қанағат алуы парыз. Ол
мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс : денсаулық
сақтау, жұмыс орнын жасақтау , еңбек ақы мөлшерін қадағалау т.б.
Кәсіпкерлікті жасақтау және оны дамыту үшін кадрларды оқыту,
білім дәрежесін, мамандығын көтеруге көңіл бөлу, кәсіпкерлер
даярлауды тұрақты қадағалу .
3. Құқықтық жағдай . Ең бастысы кәсіпкерлікті істерді
реттейтін заңдар болуы шарт . Оған мыналар жатады : Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі, салық туралы заңдар ,
кәсіпкерлерді бюрократтардан қорғайтын заңдар, шағын және орта
бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар т.б.

2.Кәсіпкерліктің түрлері
Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады:
өндірістік, коммерциялық, финанс және консультациялық.
Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге
қоғамдық қүрылымдар меншігі.
Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің
(ұжымның) құрамы болуы керек.
Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2)
ұжымдық экономикалық.
А. Ұжымдық - құқықтық кәсіпкерліктер . 1. Серіктестіктер -
адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер
болады. Олар өз капи-талдарын қосады және әрбір мүше өзінің
капиталымен жеке жауап береді.
Серіктестіктердің түрлеріне: толық серіктестік, коммандиктік
мүшелер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мүшелері, акционерлік
қоғам және оның түрлері: ашық және жабық акционерлік қоғамдар
кіреді.
Толық серіктестік – мүшелері өзмүліктері шеңберінде
жауапкершілікке ие болады.
Коммандиктік мүшелері - аралас жауапкершілікке ие болады, яғни
біреулері толық мүлкімен, ал екіншілері салынған капиталдың
негізінде жауап береді.
Ж.Ш.С. мүшелері – тек қана салынған капиталдың негізінде
тәуекелге барады және жауап береді.
Акционерлік қоғам – бұл жарғылық капитал белгілі бір
үлестерге ( акциаларға) белгіленген заңды тұлға, құқығы бар
кәсіпорын
Ашық акционерлік қоғам - өз акциаларын ашық сатуға және
басылымдарда акциаларының құнын жариялауға құқылы.
Жабық акционерлік қоғам - акциалар құрылтайшылардың арасында
сатылады және акциалардың құны жарияланбайды
Ұжымдық ( қоғамдар ) өздерінің қаражаттарымен бірігеді . Шектелген
жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап
бермейді . Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайдаларының
мөлшерінде болады . Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің
барлық дүние - мүлкімен жауапты .
Б. Кәсіпкерліктің ұжымдық – экономикалық формалары.
1. Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың
бақылау пакеттерін сатып алады.
2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті
бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми –
техникалық, өндірістік , экономикалық және әлеуметтік міндеттерді
бірігіп шешу.
3. Консорциум- бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін ( мысалы,
өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
4. Синдикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
5. Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын
бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
6. Финанс- өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда
капиталының бірлестігі.

2.1 Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
Қазіргі Қазақстанда мынадай ұжымдық - құқықтық формалы
кәсіпкерліктер құрылуда .
1. Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері
өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті
серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы,
зияны пайдаға қарайбөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып
сонан салық төлейді.
2. Коммандиктік серіктестік . Барлық серіктестік мүшелері
серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше
мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде
жауапкершілікке алады.
3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар . Оның мүшелері қоғамның
міндеттемелеріне жауап бермейді , ал зиян тәуекеліне өздерінің
үлестерімен жауып береді .
4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам, қоғам міндеттемелеріне
өздерінің заттарымен жауап береді.
5. Ашық және жабық акционерлік қоғам .
6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
7. Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ.
Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын
тек мемлекеттік немесе мунципиалдық болады. Унитарлы кәсіпорын
федералдық қазына кәсіпорыны болып есептеледі.

2.2 Кәсіпкерліктің түрлері олардың өзара қатынастары және
бизнеске қатысудағы өзгешеліктері
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру
өзгешелігі , кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы
оған бүгінен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады . Осыған орай,
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді.
Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік
технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке - тұтынушылардың кейіннен сатып алуына
тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу үшін қызмет көрсету , жинау ,
өңдеу , және ақпарат беру, құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған
әрекеттер жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түріне және оны
іске асыру үшін қаржылық және матерриалдық ресурстар, ал кейде олар
көп мөлшерде қажет болады . Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің
нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар
өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай
қызмет керсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен байланысу,
сонымен бірге шикізат, материалдар, энергия т.б. жабдықтаушылармен ара
қатынасты орнату.
Келесі кезең өндіріс факторлары. а) Негізгі өндірістік қорлар: ғимараттар,
құрылыстар, өндірістік құрал жабдықтарды сатып алу немесе арендаға алу. б)
Өндірістік айналым қоры: еңбек заттары, шикізаттар, негізгі және қосымша
материалдар, отын және энергетика ресурстары, жөндеу жасауға қосалқы
бөлшектер, сатылып алынатын құрастыру бөлшектері,
полуфабрикаттар, келешекке керекті шығындарды жабу кезі. Инструменттер
мен инвентарлар айналым қорына екі белгісімен: бағасымен және
пайдалану мерзімімен бөлінеді.
Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз - бірінші кезеңдегі
тауар өндіруді меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар
өніміне тікелей қатынасады.
Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы, немесе құлақтандыру
арқылы жалдап алады. Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мамандығы,
тәжірибелілігі жеке қасиеттері т.б. ескерілуі керек.
Қажетті информация - ресурстарды қосымша қосуға мүмкіндіктерді
ойластырып, алдын ала есептеу. Финанс қаржыларының керек мөлшерін анықтау.
Коммерциялық кәсіпкерлікке - қызмет түрін сипаттайтын, оның
мазмұнының мәнін анықтайтын тауар – ақша қатынастары, тауар –
айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен
айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге - байланысты өндірістік ресурстарды
қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы
ретінде, не сатып алу, нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай
білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының
өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары
болуы ерек екеніне сүйену қажет.
Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары, сауда мекемелері.
Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты жұмыс істейтін көтерме сауда
нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен
бірге, келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдері жасалады.
Мүндай шарттар бойынша төлемді мерзімді уақыт өткеннен кейін келісілген
бағамен сатады. Мысалы, диханшылардың егін оруға қаражаты жоқ. Оған банкир
ақша берем, сен 4-5 айдан кейін астығыңды мынандай бағамен сатасың деп
келісім шарт жасайды. Ол көпшілік жағдайда нарық бағасынан төмен болады.
Тауар биржалары мынандай қызмет атқарады:
- сауда-саттық келісім жасауға делдалдық қызмет атқарады;
- тауар сатуды тәртіпке келтіреді, сауда операцияларын реттейді;
- баға туралы, өндіріс жағдайын, тағы басқа бағаға ықпал ететін факторлар
жөнінде мәліметтер жинап жариялайды.
Тауар биржасының айналымының көп бөлігі нақты тауарлар сату емес, тауарды
келісім бойынша сату, болашақта тауарлармен тұтынушыларды жабдықтау туралы
шарттар жасаудан тұрады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды сатып алу - сату
операцияларымен байланысты. Өндірістік кәсіпкерліктен коммерциялық
кәсіпкерліктің айырмашылығы, біріншісі тауар өндірсе, екіншісі сатып алып
сатады. Сауда өндірістің жалғасы болып табылады.
Коммерциялық касіпкерлікпен шұғылданар алдында маркетингалық талдау
жасау керек. Жалпы алғанда барлық шаруашылық істерді ұйымдастыру, басқару
жүйесін жасақтау болып табылады.

Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциалық кәсіпкерліктің бір түрі, солай
болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшалығы - тауар болып
есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар ( акциялар, облигациялар,
вексельдер, кепілдіктер және т.б ), яғни бірдей ақшаларды сату
тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан
қаржылық кәсіпкерлік – бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық
кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі коммерциялық технология
мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар – қаржы активі болып
саналады.
Финанс кәсіпкерлігіне негізінен коммерциялық банкілер және қор биржалары
кіреді. Коммерциялық банкілер - бұл финанс - кредит мекемелері, негізінен
акционерлік типте болады. Олар көпшілікке коммерциялық кәсіпорындарға несие
береді, ол үшін пайызставкасымен берген несиесін қайырады. Банкіде активті
және пассивті операциялар болады. Қор биржадары - бағалы қағаздар нарығы.
Ол капиталдың қозғалысын жеделдетеді және активтердің реалды құнын
анықтайды.
Консультативтік кәспкерлік - бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда мынандай
жұмыстар істеледі; финанстық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді
маркетинг, тәуелсіз кеңестер. Нарыққа бағытталу туралы финанстық,
шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер т.б.
көрсетіледі. Консультация (кеңес беру) әдістері:
1) эксперттық консультация - мұнда маман өз бетімен диагноз
қояды, шешімдер жасақтайды және енгізуге ұсыныстар береді;
2) процесстік консультация - фирманың маманы клиентпен белсенді түрде
қарым-қатынаста болады, оның өз ойын айтуына ынталандырады,
клиентпен бірге талдау жасайды сонан кейін ұсыныстар белгілейді.
3) оқулық консультация- лекция оқу, семинар өткізу, оқу құралдарын
жасақтау т.б
Практикада бұл үш түрі де аралас болуы мүмкін.

3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оның
даму преспективалары

Инфляция жағдайында қаржы тұрғысынан оң нәтижелерге айтарлықтай
тез жетуге блатындықтан, негізінен қаржы айналымы саласында
басталған Қазақстанның шағын және орта бизнесінің даму тәжірибесі
бүгіндері бірте – бірте көмескілене бастады . Реформалардың негізгі
мақсаты - макроэкономикалық тұрақтылық кәсіпкерлік қызметтің ұсақ
және орташа тауар өндірушілерге айналғанға дейін кеңейтілуін
қалайды.
Олар өздерінің арасында ішкі бәсекелістік ортаны қалыптастыру қажет.
Бұндай жағдайда мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға қолдау жасау жолына
түсуі тиіс.
Үкімет өзінің осындай бағдарламалары туралы талай мәрте жариялады
. Енді осы ыңғайдағы саясат торабына талдау жасауға да болады.
Министр Кабинетінің Қазақстан кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
орталығын құру туралы 1994 жылғы 11 қазандағы қаулысымен танысу, бұл
құжатты Қазақстан кәсіпкерлері контресі әзірлеген, оның
республикадағы кәсіпкерлердің бәрінің бірдей көңілінен шығады деуге
келмейтінін көрсетеді . Айта кетсек, қаулы оны қосар орындаушылардың
да келісімімен қабылдануы тиіс еді, бірақ олай болмаған . Бұл
аталған үкімет шешімінің жартыкештігін көрсетсе керек. Атап айтқанда,
ол кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі ғылыми орталық атқаруға
тиісті міндеттерді толық атап көрсетпейді. Оның қызметінің негізгі
бағыттарымен міндеттерін жүзеге асырудың механизмдері, оны
қаржыландырудың тәртібі мен көздері анықталмаған.
Бұған қоса бюджет тапшылығы жағдайында орталықты ұстау үшін
үстіміздегі жылдың өзінде 5 миллион теңге, сондай – ақ шетелдік
техникалық көмек шеңберінде қаржы және ғимарат бөлу көзделген.
Осы қаулымен, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі ережеге
сәйкес, орталықтың ғылыми – практикалық кеңесі құрылған. Оның бірқатар
мүшнлнрі бір мезгілде кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік
комиссияның да мүшелері. Мұны орынды деуге бола ма екен ?
Қалыптасқан жағдайда Ғылыми және жаңа технологиялар министрлігі
жанындағы Қазақ мемлекеттік ғылыми – техникалық ақпараттар институты
базасында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі Ғылыми ақпараттық
орталық құрылған қолайлырақ секілді. Бұлай еткенде осы бағдардағы
ұйымдық құрылымдарды, кадрларды, ақпараттық және материалдық –
технкалық ресурстарды барынша тиімді пайдалануға болатын еді.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың кәсіпкерлікті
қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры ұсынған екінші нұсқасы шағын
бизнес орталықтарының республикалық жүйесі арқылы жұмыс жүргізуді
көздейді. Бұл жүйенің элементтеріне мыналар саналады: бизнес
дамытудың ұлттық орталығы, нарықтық инфрақұрылымдар элементтері,
кәсіпкерлер бірлестігі, аймақтық шағын бизнес орталығы, сауда жүйесі,
лизинг. Сонымен бірге көзделіпотырған жүйенің орталық буыны аймақтық
орталықтар болады деп жобалауда .Олар бизнес – инкубаторлар бизнес
орталықтары, технопарктер үлгісінде жұмыс істеуі мүмкін.
Осындай ШБО желісін құру бастамасын қолдай отырып, бірқатар
ескертпелер мен толықтырулар айтсақ. ШБО – лар ұсақ және орташатаур
өндірушілер тобының құрылуы процесіне мемлекет тарапынан ықпал
етудің нақты құралы бола алады. Алайда барлық орталықты бір
қалыптан шыққандай ұқсастырып қою дұрыс емес. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі орны
Бизнесті дағдарыстан кейін дамыту үшін жағдай жасау
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық әлеуеті
Қазақстандағы венчурлық бизнес
Кәсіпкерлік және оның Қазақстанда даму ерекшеліктері
Шағын бизнесті қолдау тәжірибесі
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті дамытудың жолдары
Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары
Пәндер