Құқықтық қатынас ұғымы мен ерекшеліктері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
І бөлім.Құқықтық қатынас ұғымы мен ерекшеліктері
1.1.Құқықтық қатынастың түсінігі мен белгілері ... ... ... ... ... ...4
1.2.Құқықтық қатынас түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ІІ бөлім. Құқықтық қатынас құрылымы
2.1.Құқықтық қатынас субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2. Құқықтық қатынас объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3.Құқықтық қатынас мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ІІІ бөлім. Құқықтық қатынастың пайда болу алғышарттары
3.1.Құқық нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3.2.Құқық субъектілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3.3 Заңи айғақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Кіріспе
Құқықтық қатынастар -белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық катынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас -қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары - саяси, құқықтық, моралдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар. Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы - өзара заңды байланыста реттелген бұлжымас бірізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бірізділікті табу, оның ең басты, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу - ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі элеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді . Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір элеуметтік ортасы болып табыладСонымен, қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қаты-настарды реттеп, басқарып отырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз.
2 «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар туралы» 2007 жылы 21 мамырдағы № 254 ҚР Заңы.
3. «Актуальные проблемы теория государства и права» курс лекций под. Ред А.Г. Хабибулина. Уфа, 1995
4. Ашитов З.О. «Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері». Оқулық- Алматы: «Жеті жарғы» 2003.
5. Булгакова Д.А. «мемлекет және құқық теориясы» Оқу құралы- Алматы: 2005.
6. Баянов Е. « Қазақстан Республикасының мемлекеті және құқығының негіздері» Оқулық- Алматы 2003.
7. Венгеров А.Б. «Теория государства и права» Учебник- Москва, 2000г.
8. Жоламан К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы «Эверо» 2004 .
9. Ибраева А.С, Сапарғалиев Ғ.С. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы- Алматы, «Жеті жарғы», 1998 жыл.
10. Лазерев В.В. «Теория государства и права» Москва 1992г.
11. Сапарғалиев Ғ.С, Ибраева А.С. «Мемлекет және құқық теориясы»: Оқулық- Астана: Фолиант, 2007 жыл.
12. С.А. Табанов. «Салыстырмалы құқықтану негіздері»: Оқулық- Алматы: «Жеті жарғы», 2003 .
Хропанюк В.Н. «Теория государства и права», Учебник- М. 2000г.
13. Черданцев А.Ф. «Теория государства и права». Курс лекций: Екатеринбург. 2002г.
14. «Заң және заман» №10 (107) қазан 2009.
15. «Хабаршы» Заң сериясы Алматы. №4 (40). 2006.
16. «Егемен Қазақстан» 2009. 9 шілде.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .2
І бөлім.Құқықтық қатынас ұғымы мен ерекшеліктері
1.1.Құқықтық қатынастың түсінігі мен белгілері ... ... ... ... ... ...4
1.2.Құқықтық қатынас
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ІІ бөлім. Құқықтық қатынас құрылымы
2.1.Құқықтық қатынас
субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2. Құқықтық қатынас
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3.Құқықтық қатынас
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ІІІ бөлім. Құқықтық қатынастың пайда болу алғышарттары
3.1.Құқық
нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3.2.Құқық
субъектілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.3 Заңи
айғақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Кіріспе

Құқықтық қатынастар -белгілі бір өндіріс тәсілі
негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де
сан қилы қатынастар. Философия тарихты қоғамдық қатынастарды материалдық
және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық катынас
объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық
қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік
қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс
процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың
жиынтығы. Өндірістік қатынас -қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам
материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі
байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен
қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын
алады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең
маңыздылары - саяси, құқықтық, моралдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар.
Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы - өзара заңды байланыста реттелген
бұлжымас бірізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі
бірізділікті табу, оның ең басты, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың
өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу - ғылымның зор еңбегі.
Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі элеуметтік топтар арасындағы
қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді
. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір
сүретін белгілі бір элеуметтік ортасы болып табыладСонымен, қоғамдағы
барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік,
қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қаты-настарды реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық қатынастар дегеніміз- мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары
мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-
белгілері:
Бірінші - құқықтык қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп
отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қаты-настың
мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса
жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар ар-қылы
нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екінші - қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің
толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес,
тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін
кұқықтық қатынас жасайды.
Төртінші - егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе
субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің
қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға
тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты.Құқықтық қатынастар түсінігін, ерекшеліктерін
айқындау, оның түсінігі мен белгілеріне тоқталу.

Құқықтық қатынас- бұл құқық нормаларының негізінде пайда болатын
қоғамдық қатынас, мұнда тараптар өзара, мемлекетпен кепілденген нақты екі
жақты құқықтар мен міндеттермен байланысады.

І бөлім. Құқықтық қатынас ұғымы мен ерекшеліктері
1.1.Құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері
Құқықтық қатынас категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық
категориялардың бірі болып табылады. Және адамдардың жүріс- тұрысына
құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық
қатынас- бұл қатысушылары субъективтік құқықтары мен заңды мүдделерді
иеленетін, құқық нормаларымен бекітілген қоғамдық қатынас. Құқықтыұ
қатынастар дегеніміз- қатысушылардың субъективтік құқықтары мен заңда
көрсетілген міндеттеріболатын құқық нормаларымен заңда көрсетілген
айғақтарға сәйкес туындайтын, ерік- ықтиярды білдіретін қоғамдақ
қатынастар[1]

Құқықтық қатынастар– құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Құқықтық қатынастарға мынадай белгілер тән. 1) құқықтық қатынас - бұл
қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қатынас және
олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз
заттарына қақысы бар, бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас
жасағанда жүзеге асырады. 2) Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-
құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен
құқықтық қатынас арасында ажырамас байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық
нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда
көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы,
құқықтың ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей
көрсетілмеген қатынастарға қолданылады. 3) Құқықтық қатынас - субъективтік
құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс.
Субъективтік құқыққа ие болушы соны пайдалана алатын тұлға, ал құқықтық
міндет жүктелген міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста қақысы
бар тұлға және міндеті бар тұлға болады; адам, ұйым, мемлекет органы. 4)
Құқықтық қатынас - ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін
қатысушылардың еркі қажет. Кейбір құқықтық қатынастар пайда болу үшін
тараптардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал кейбір құқықтық қатынастар
тек бір тараптың еркіне ғана байланысты пайда болады (қылмыстық іс заң
қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады). 5) Құқықтық қатынасты мемлекет
қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете
отырып, мемлекет құқықты қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын
құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып саналады.
Демек, құқықтық қатынастар- бұл құқық нормалары реттейтін қоғамдық
қатынастар. Қазіргі дамыған қоғамдық ғылымдарға құқықтық қатынастардан
басқа экономикалық, саяси, адамгершілік, отбасы – некелік, экологиялык,
еңбек, әлеуметтік қатынастар жиі кездеседі.Алайда, құқықтық қатынастардың
өзіндік сыры, белгілері бар, олар арқылы біз басқада қоғамдық қатынастарды
ажырата аламыз.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттегіш ретінде заңды құқықтар мен
міндеттердің нақтылы байланысын белгілейді. Сондықтан осындай байланыстың
өзі құқық қатынастарын түсінудің кілті болып табылады. Алайда құқық
қатынастары негізінде жалпы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Оны
құқықтық қатынастардың мынадай белгілерінен аңғаруға болады:

1. Әдетте, ол құқық нормалары негізінде туындайды, яғни құқық нормасы
құқықтық қатынастардың туу,өзгерілу және тоқтатылу жағдайларын
тұжырымдайды. Бұл жағдайлар нормалардың гипотезасын қараған кезде
байқалуы мүмкін, оны заңдар актілер дейді.

2. Сезінушілік және еркіндік мәнінің болуы, құқық қатынастары
субъектілерінің өзінің іс- әрекеттерін басқара алатын мүмкіншілігі
мен оларды сезіне білетін жағдайларына есептелінген. Құқық
қатынастарының алқымына субъектілердің өз еріктерін бақылай алмайтын
іс- әрекеттер кіре алмайды. Дәлірек айтсақ, құқық қатынастары- бұл
ерітілік қатынас.

3. Құқық қатынастарға түсушілердің арасында байланыста субъективтік
құқықтат мен заңды міндеттердің болуы, яғни құқық нормаларында
көзделген құқық қатынастар тараптарының құқықтары мен міндеттерінің
байланыстылығы. Мұндай байланыс, осы нормадағы гипотезеда
көрсетілген айғақтардың пайда болар кезіндегі құқықтық нормалардың
диспозицияларында тағайындалады.

4. Бұл, қатынастар, әрине мемлекет тарапынан қорғалады және олар
мемлекеттік мәжбүрлеу негізін қалайды, яғни субъективтік құықтар мен
заң міндеттерін іске асыру мемлекетті көндіру мүмкіншілігімен
қамтамасыз етіледі. [2]

Құқықтық қатынастар түсінігі- жалпы құқық теориясының ең маңызды
категориялардың бірі. Өйткені, құқықтық қатынастардың
өзі құқықтық тетіктің сондай бөлігі болып табылады, онда құқық өзі
реттейтін объектімен қосылады- әлеуметтік аямен. Құқықтық қатынастар
нәтижесінде өте қиын құқықтық құрылым пайдаболады
1.2.Құкықтык қатынастардың түрлері.
Құқықтық қатынастың түрлеріне мыналар жатады: 1) субъектілерді жекелеу
тәсіліне қарай- жалпы (субъектілердің жалпы құқықтары мен міндеттерінің
негізіндегі құқықтық байланыс, әрине бұлар жекелеген өзіндік құқықтары мен
міндеттеріне ие бола алмайды) және нақтылы (мұнда субъектілердің біреуі
ғана (субъективтік құқыққа иелігі) құқықтық байланасының жеке даралық
негізі арқылы анықталады); 2) нақтылы қатынастардағы субъектілердің жеке
даралану тәсіліне қарай- салыстырмалылық, яғни бұларда барлық қатысушылар
жеке тізбектеліп анықталады (субъективтік құқыққа негіздер және міндеттерге
иелер де) және абсолюттік, мұнда тек тарптардыңбір жағы ғана субъективтік
құқыққа иелі болады да, ал өзге адамдардың барлығы да міндетті болып
келеді(дәлірек айтсақ тараптардың бір жағында құқық болса, оның екінші
жақтары міндетті атқарады; 3) құқықтың функцияларына қарай- реттеушілік
(реттілік нормалар мен құқықтың реттеушілік функциясын іс жүзіне енгізу
негізіне қалыптасқан) және қорғаушылық (номалардаы қорғау мен құқықтың
қорғау функциясын іске асыру негізінде туындаған); 4) құқық салаларына
қарай- конституциялық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық,
әкімшілік құқықтық және басқалар болып табылады.

Құқық қатынастарының пайда болу кезінен құқықтық нормаларды іске асыру
процесі басталады, яғни нақтылы мінез-құлықтағы (тәртіптегі) тұжырымдар
олардың талаптарына сәйкестендіріледі. Сондықтан да болар құқық
қатынастарын әр кезде өмірдегі құқық нормалары, іс-қимылдағы
(әрекеттегі) құқық нормалары делінеді, олардың былайша аталуының мәнісі
қағаз жүзіндегі құқық нормаларынан ажырату үшінгі қажеттілігінен
туындаған деседі.

Осыдан келіп, біз, құқық қатынасы туралы мынадай анықтама бергенді жөн
көрдік: бұл оған қатысушылардың өзаралық субъективтік құқықтары мен
міндеттерінің құқық нормалары негізінде пайда болатын, әрі мемлекет
тарапынан қамтамасыз етілетін ерікті құқықтық байланысы.

Құқықтық қатынастың құрамына элементтер ретінде дәстүрлі жолмен
мыналарды қосады:

а) құқықтық қатынастардың субъектілерін (қатынасушыларды);

ә) субъективтік заңды, құқық пен міндеттілікті (оларды құқықтық
қатынастардың заңды мазмұны деа атайды);

б) фактілер негізіндегі құқықтық тәртіп, құқықты іс жүзіне асырудағы
құқық пен міндеттілік (оны құқықтық қатынастың материалдық мазмұны деп
атайды); құқықтық қатынастың объектілері.

Құқықтық қатынастар әр түрлі негіздерге байланысты топтастырылады.
Белгілі салаға жатуына байланысты және басқа салаларға бөлу арқылы айыруға
болады.

Олардың функционалдық мақсатына байланысты реттеушілікке және
күзетушілікке (қорғаушылық) бөліп қарауға болады. Өз жағынан,
реттеушіліктің ішінен белсенді кейіптегі құқықтық қатынасты бөліп айтады
(олар міндеттеушілік пен өкілетті басқарушылықтың нормалары негізінде пайда
болады және пассивтік кейіптегі құқықтық қатынас (тыйым салатын нормалардың
негізінде пайда болып, құқықтық статистикалық, бекітушілік функциясын
көрсетеді).

Жекеленген деңгейге байланысты салыстырмалы деп бөлінеді, онда құқықтық
қатынастарға қатынасушылардың бәрі аталған және абсолютті, онда тек бір
жағы ғана жекешеленген- өкілетті басқарушы (управомоченный) (мысалы, меншік
туралы құқықтық қатынастар). Сол қатарды кейбір авторлар (профессор С.С.
Алексеев, профессор Н. И. Матузов) жалпылама деп бөледі (не жалпылама
реттеушілік), онда субъектілердің құқықтық жағдайы, олардың құқықтық
статусы, құқықтық субъектілігі жанама түрде қамтылады.

Құқық жүйесі қай жағына жақындығына (тәндігіне) байланысты құқықтық
қатынастарды: материалдыққа, процессуалдыққа, жекешеленгендікке және
көпшілікке бөледі.

Сонымен бірге, жәй күрделі құқықтық қатынастарға бөлуге болады. Күрделі
құқықтық қатынастар өзінің құрамында бірнеше кешенді субъективтік заңды
құқықтары мен міндеттері бар қатынасушыларды ұстай алады. Ең элементарлы
(жәй) көрінетін екі субъектісі бар қатынастар, оның біреуінің заңды құқығы,
ал екіншісінің корреспондировать ететін заңды міндеттілігі бар.

ІІ бөлім . Құқықтық қатынастың құрылымы
2.1.Құқықтық қатынас субъектілері
Құқықтық қатынастардың субъектісі дегеніміз- тиісті субъективтік құқықтар
мен заңи міндеттерге ие құқықтық қатынастардың қатысушылары.

Құқықтық қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілет және
әрекеті қалыптасу қажет. Құқық қабілеттілік дегеніміз- құқыққа бостандықтар
мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқық қабілеттілік адам туған сәттен
басталып, өлгенде аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
азаматтардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде
мүлік, оның ішінде шетелдік валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке
не өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу; шетелдерге кетуге,
қайтып келуге ерікті; шаруашылық құруға, қарым- қатынас жасауға т.б.
құқықтары бар (кодекстің 14- бабы). [3]

Әрекет қабілеттілік дегеніміз- адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана
алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау
қабілеті. Әрекеттің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі
жасқа толу болып табылады. Адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық
қасиет ретіндегі құқық қабілеттіліктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда
айтарлықтай дамыған ақыл- ой мен еркіндіктің болуына, өзінің іс-
әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты.
Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке
толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Кәмелетке
толған адамдар өздерінің іс әрекеттері арқылы толық көлемде азаматтық
құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді
белгілеп, оларды орындай алады. Құқықтық субъектіліктің адамның тәртіп
бұзғаны үшін заңдылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі: құқықтық
жауаптылық мүмкіндігі (деликтоспособность) деп аталады. Бұл мүмкіндік
Республиканың қылмысты істер заңы бойынша 16 жасқа толғаннан басталады. Ал,
ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау...) жасаған жағдайда 14 жастан
басталады.

Құқықтық субъектіліктің шарттар жасап басқа да келісімдер жүргізуге
негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілік деп аталады. Толық
әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие болады. Кәмелетке
толмаған 14 жасқа дейінгілер үшін келісімді олардың атынан ата- аналары,
асырап алушылары, қамқоршылары жасайды.

Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілікке заң актілерінде
қарастырылған тәртіппен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу
қойылмайды.

Субъектілердің екі түрі бар: жеке тұлға және заңды тұлға. Жеке тұлға-
бұл құқықтық қатынастардың жеке дара қатысушылары. Жеке тұлға болып ҚР
азаматтары, шетел азаматтары, азаматығы жоқ адамдары саналады.

Жеке тұлға жалпы ұғымы ҚР АҚ-ның 12-бабында тұжырымдалған. Бұл бап
жеке тұлғалар туыстық ұғымымен Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа
мемлекеттердің азаматтарын (шетелдіктерді), сондай-ақ азаматтығы жоқ
адамдарды біріктіреді. Қазақстан аумағында тұратын жеке тұлғалардың басым
көпшілігі рның азаматтары болғандықтан, ал АК ҚР-дың ұлттық заңы болып
табылатындықтан, ол Қазақстан азаматтарын ғана емес, жеке тұлғаларды да
белгілеу үшін кең мағынада әдетте азамат терминін қолданады. Егер заңдар
мен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар Қазақстан азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен міндеттерді
атқаратындықтан, азамат терминін осылайша кең мағынада түсінуге болады
(ҚР Конституциясының 12-бабының 4-тармағы, ҚР АК-ның 3-бабының 7-тармағы).
Азамат ұғымы әлдеқайда кең маңызға ие болып, құқықтың барлық салаларында
қолданылғанымен, мұнда, азаматтар туралы азаматтық құқықтың субъектілері
ретінде сөздің арнайы мағынасында ғана айтылады.[4]

Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шарушылық жургізудің, жедел басқару
құқығында оқшау мүкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап
беретін, сотта талапкер мен жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп
танылады. Оларға: ұйымдар, шарушылық серіктестіктері, қоғамдар, тұтыну
кооперативтері, діни ұйымдар, мекеме.

Заңды тұлғаның белгілері:

1. Оқшауланған мүлкі болады;

2. Өзінің міндеттемелері бойынша мүліктерімен жауап береді.

3. Өздерінің атауы болады.

4. Сотта талапкер және жауапкер бола алады.

Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды.
Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен
қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп
түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлга
ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын
ұжымдық құрылым- заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.

Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі сның құрылтай құжаттарында көрсетіледі
АҚ-ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметін жарғының және құрылтай
шартының не жарғысының негізінде жүзеге асырады.

Заңды тұлғаның органдары. Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы
құқықтық басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттіксіз (сенімхатсыз) өз
атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық
құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.

Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не
ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма,
директорлар кеңесі және т.с.с. ұжымдық органдарға жатады. Заңды тұлғалардың
органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін, олардың өкілеттіктерін
заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы заң актілері мен құрылтай
құжаттары анықтайды.
Заңды заңды филиалдары мен өкілдіктері. Филиалдар мен өкілдіктер заңды
тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан мүліктік және аумақтық оқшау
бөлімшелері болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктердің заңды тұлға
мәртебесі болмайды. Филиалдың (өкілдіктің) оқшау өз мүлкі болмайды,
филиалдың (өкілдіктің) мүлкі есепке алыну мақсатында жеке баланста тұрады,
бірақ мұндай баланс дербес болмайды; мүліктік тұрғыдан алғанда филиал
(өкілдік) өз атынан емес, сны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет етеді;
және ең ақырында, ол дербес мүліктік жауап бермейді, оның іс-әреттері үшін
заңды тұлға жауап береді. Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы. Заңды тұлғаның
қайта құрылуы (АҚ-ның 45-бабы) және таратылуы (АҚ-ның 49-бабы) нәтижесінде
заңды тұлғаның ызметі тоқтатылады.

2.2.Құқықтық қатынас объектілері.

Құқықтық қатынастардың объектісі дегеніміз-бұл құқық қатынастары
субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің қайда бағытталғандығын айтамыз.

Теорияда объектіге байланысты екі тұжырым қалыптасқан

1. Плюралистік. 2. Монистік.

Плюралистік теорияға байланысты- объектілерде мыналар танылды:

1. Материалдық игілекдер: (заттар, ақша, құнды қағаздар).

2. Интеллектуалдық щығармашылық нәтижелер: (өнер, әдибиет, кино).

3. Жеке мүліктер емес игіліктер: (жеке адамның өмірі, денсаулығы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында пайдалану
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығынан дәрістер
Дәстүрлі құқықтық жүйе
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Әкімшілік құқық. Әкімшілік құқықтық нормалардың ұғымы және ерекшеліктері
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Ресей Федерациясының Конституциясы орыс мемлекеттің негізгі заңы
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Арнайы субъектісінің мәні, ұғымы, белгілері
Қазақстан Республикасының құқық жүйесі
Пәндер