Көлік түрлері. Теміржол көлігі.



Кіріспе
1. Көлік кешені
1.1 Темір жол көлігі:
1.2 Құбыр көлігі:
1.3 Әуе көлігі:
1.4 Автомобиль көлігі:
1.5 Су (өзен) көлігі:
2. Темір жол көлігін қайта құрылымдаудың мақсаттары мен міндеттері. Қайта құрылымдау принциптері.
3. Қазақстан Республикасындағы темір жол көлігінің жалпы сипаттамасы.
3.1 Қазақстан Республиксындағы темір жол көлігінің бекеттерінің, стансаларының, тораптардың ролі.
3.2 Темір жол көлігіндегі бекеттерді, стансаны және топтарды жобалағанда қолданатын техникалық нормалар
3.3 Теміржол көлігіндегі бекеттерді, стансаларды, тораптарды жобалағанда қолданатын негізгі техникалық нормалар
3.4 Темір жол көлігіндегі бекеттерді, стансаларды, тораптарды жобалағанда қолданатын эконоико.математикалық әдістемелері (ЭМЭ) мен электронды.есептеу машиналары (ЭЕМ).
4. Темір жол көлігінде қолданатын бекеттер және олардың жіктелуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі қоғам дамуындағы көліктің рөлі мен орнын белгілей отырып экономикалық теория оны жалпы арналған еңбек құралы, өңдірістің жалпы шарттарының бірі ретінде қарастырады. Кәсіпорын ішіндегі жұмысшылар мен еңбек құралдарын тасымалдай отырып, көлік технологиялық еңбек бөлінісінің нәтижесінде туындайтын байласынстарды жүзеге асырады. Бұл функцияларды ішкі өндірістік көлік атқарады. Өндірушілер (жіберушілер) мен тұтынушылар арасында әр түрлі өнім түрлерін тасымалдай отырып, көлік аймақтық еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болған байланыстарды іске асырады.
Көлік бір жағынан – нарық сараланымы (сегмент) яғни тауарлар айырбасын «нақты» іске асырушы және тұрғын халыққа қызмет көрсетуші, ал екінші жағынан – он нарық субъектісі ретінде тауарлар мен жүргізушілерді тасымалдай отырып өз қызметін сатады. Мұндай қызметті көліктің әрбір түрі әрқалай іске асыруы мүмкін және осының нәтижесінде олар көлік нарығын қалыптастырады.
Сонымен қатар көлікке оны халық шаруашылығының басқа салаларынан ерекшелендіретін кейбір өзгешеліктер тән.
Біріншіден, көлік жаңа заттық өнім өндірмейді, алайда айналым аясындағы өндіріс үрдісінің жалғасы іспетті болып табылады.
Екіншіден, көлік өнімін, яғни жолаушы және жүк тасымалын, көлік өндірісінің үдерісінен бөліп қарау мүмкін емес. Оны жинақтап, қор жасау да мүмкін емес.
Үшіншіден, көлік өнімінің құрылымында шикізат болмайды. Оның өзіндік құнындағы еңбекақының үлесі өнеркәсіптегіден екі есе жоғары. Өтелім, отын және электр қуаты үшін жұмсалатын қаражат көліктің барлық пайдалану шығындарының жартысына жуығын құрайды.
Төртіншіден, көлікті дамытуға бөлінетін қаржы айналымы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалатын қаржы айналымынан өзгеше болады. Көлік нарығында жаңа зат түріндегі тауар емес, керісінше көлік өнеркәсібінің өндіріс үдерісінің өзі жүзеге асырылады, сондықтан көлік жүйесі жұмысының тиімділігі мен сапасына қойылатын талаптар көлік қызметінің соңғы нәтижесі болып
1.Көбдіков М.А., Бекжанов З.С., Сарбаев С.Ш. Теміржол көлігі
2.Уалханов Б.Н Автокөлік көлігі

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
1. Көлік кешені
1.1 Темір жол көлігі:
1.2 Құбыр көлігі:
1.3 Әуе көлігі:
1.4 Автомобиль көлігі:
1.5 Су (өзен) көлігі:
2. Темір жол көлігін қайта құрылымдаудың мақсаттары мен міндеттері.
Қайта құрылымдау принциптері.
3. Қазақстан Республикасындағы темір жол көлігінің жалпы сипаттамасы.
3.1 Қазақстан Республиксындағы темір жол көлігінің бекеттерінің,
стансаларының, тораптардың ролі.
3.2 Темір жол көлігіндегі бекеттерді, стансаны және топтарды жобалағанда
қолданатын техникалық нормалар
3.3 Теміржол көлігіндегі бекеттерді, стансаларды, тораптарды жобалағанда
қолданатын негізгі техникалық нормалар
3.4 Темір жол көлігіндегі бекеттерді, стансаларды, тораптарды
жобалағанда қолданатын эконоико-математикалық әдістемелері (ЭМЭ) мен
электронды-есептеу машиналары (ЭЕМ).
4. Темір жол көлігінде қолданатын бекеттер және олардың жіктелуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Қазіргі қоғам дамуындағы көліктің рөлі мен орнын белгілей отырып
экономикалық теория оны жалпы арналған еңбек құралы, өңдірістің жалпы
шарттарының бірі ретінде қарастырады. Кәсіпорын ішіндегі жұмысшылар мен
еңбек құралдарын тасымалдай отырып, көлік технологиялық еңбек бөлінісінің
нәтижесінде туындайтын байласынстарды жүзеге асырады. Бұл функцияларды ішкі
өндірістік көлік атқарады. Өндірушілер (жіберушілер) мен тұтынушылар
арасында әр түрлі өнім түрлерін тасымалдай отырып, көлік аймақтық еңбек
бөлінісінің нәтижесінде пайда болған байланыстарды іске асырады.
Көлік бір жағынан – нарық сараланымы (сегмент) яғни тауарлар айырбасын
нақты іске асырушы және тұрғын халыққа қызмет көрсетуші, ал екінші
жағынан – он нарық субъектісі ретінде тауарлар мен жүргізушілерді
тасымалдай отырып өз қызметін сатады. Мұндай қызметті көліктің әрбір түрі
әрқалай іске асыруы мүмкін және осының нәтижесінде олар көлік нарығын
қалыптастырады.
Сонымен қатар көлікке оны халық шаруашылығының басқа салаларынан
ерекшелендіретін кейбір өзгешеліктер тән.
Біріншіден, көлік жаңа заттық өнім өндірмейді, алайда айналым аясындағы
өндіріс үрдісінің жалғасы іспетті болып табылады.
Екіншіден, көлік өнімін, яғни жолаушы және жүк тасымалын, көлік
өндірісінің үдерісінен бөліп қарау мүмкін емес. Оны жинақтап, қор жасау да
мүмкін емес.
Үшіншіден, көлік өнімінің құрылымында шикізат болмайды. Оның өзіндік
құнындағы еңбекақының үлесі өнеркәсіптегіден екі есе жоғары. Өтелім, отын
және электр қуаты үшін жұмсалатын қаражат көліктің барлық пайдалану
шығындарының жартысына жуығын құрайды.
Төртіншіден, көлікті дамытуға бөлінетін қаржы айналымы өнеркәсіп пен
ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалатын қаржы айналымынан өзгеше болады.
Көлік нарығында жаңа зат түріндегі тауар емес, керісінше көлік
өнеркәсібінің өндіріс үдерісінің өзі жүзеге асырылады, сондықтан көлік
жүйесі жұмысының тиімділігі мен сапасына қойылатын талаптар көлік
қызметінің соңғы нәтижесі болып табылатын оның нарықтық өніміне ғана емес,
сондай-ақ, тікелей көліктің өзінің өндірістік үдерісіне де қойылады.
Қазіргі жағдайда көлік қатынастарының дамуы кез келген елдің өз өндіргіш
күштерінің өсуіне және оның сыртқы қатынастарына байланысты. Әлемдік жүк
тасымалын атқарудағы көліктің жеке түрлерінің үлес салмағы шығыс еуропалық
елдерде: судағы қатынаста – 23%, құрлықтағыда - 64% және басқа түрлері
бойынша - 13%; өнеркәсібі дамыған елдерде тиісінше - 62%, 27%, 11%, ал
дамушы елдерде - 84%, 10%, 6%-ға сәйкес. Жер шары аумағының 70%-ын алып
жатқан дамушы елдер әлімдік инфрақұрылымның 5%-ын құрайтын әлсіз құрлықтық
көлік жүйесіне ие.

1.Көлік кешені – құрамына темір жол, атомобильдік, әуе, өткізгіш
құбырлар, теңіз және өзен (су) жолдарының қатынастары енетін, экономика
инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі болып табылады. Оның хал-
ахуалына – республикамыздың халық шаруашылығы салалық кешендерінің
(агроөнеркәсіптік, отын-энергетикалық, кенметаллургиялық, құрылыс және
т.б.) дамуы, экономика салаларының өндіріс түрлерінің және аймақтық
кешендерінің өзара байланыстарының қамтамасыз етілуі – тәуелді.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2002 жылғы мәліметі
бойынша, барлық көлік түрлерінің жүк айналымындағы темір жол көлігінің
үлесі – 56,9%-ды; өткізгіш құбырлардың үлесі - 27%-ды; автокөліктікі - 16%-
ды, әуе жолдарының үлесі – 0,02%-ды және және өзен жолдары көлігінің үлесі
– 0,02%-ды құраған.
Қазақстан Республикасында көлігінің халық аралық жағдайға сәйкестігі.
Қазақстан көлігінің даңғылдық түрлері төмендегі ерекшеліктермен
сипатталады.
1.1Темір жол көлігі:
- климат жағдайына, жыл мен тәулік уақытына қарамастан жүк және
жолаушыларды тасымалдаудың тұрақтылығы;
- жоғары өтукізу және тасымалдау қабілеті;
- жүк тасымалдаудағы салыстырмалы төменгі құн;
- үлкен көлемдегі жүктерді алыс және орта қашықтыққа тасымалдаудағы
жоғары тиімділік.
Темір жол құрылысына жүк және жолаушылар ағындары көп мөлшерде
шоғырланғанда ғана өтелетін күрделі ақша салымдары талап етіледі.
1.2Автомобиль көлігі:
- темір жол көлігіне қарағанда жүкті жеткізудің үлкен жылдамдығы және
маневрлілігі;
- жүктерді жіберуші қоймасынан алушының қоймасына дейін қайта тиеу
операцияларынсыз жеткізу мүмкіндігі;
- жүк тасымалдаудағы тұрақтылық пен манерлілік, ең ұсақ жүк
жіберушілерді қоса алғанда, жүктерді аз партиялармен жеткізу қабілеттілігі;
- темір жол көлігімен салыстарғанда алыс емес қашықтықта жолаушылар мен
жүктердің кіші ағындарын игеру кезінде қаражатты аз талап етеді.
Автомобиль көлігінде жүк және жолаушы тасымалдаудың өзіндік құны темір
жол көлігіне қарағанда жоғары болады.
1.3Құбыр көлігі:
- табиғи-климаттық жағдайларға қарамастан тұрақты жұмыс режимі;
- жүк тасымалдауды басқару режимі мен пайдаланудың қарапайымдылығы бұл
жерде тасымалдау мен тиеу-түсіру операциялары бірыңғай үдерістің ішіне
кіреді;
- операцияларды механикалындару мен автоматтандырудың жоғары дәрежесіне
байланысты еңбектің жоғары өнімділігі;
- мұнай және мұнай өнімдерін қайта айдаудағы төменгі өзіндік құн;
- көліктің басқа түрлерімен салыстарғанда тасымалдау бірлігінің
қаражатты аз талап етуі.
Құбырлар көліктің імбебап түрі емес – ол арқылы тек сұйық және газ
тәрізді жүктер ғана айдалады.
1.4Әуе көлігі:
- жолаушылар мен жүктерді жоғары жылдамдықпен және аз уақыттың ішінде
жеткізу.
Жүктерді әуе көлігімен тасымалдаудың өзіндік құны өте жоғары. Сондай-ақ
бұл көліктің кемшіліктеріне көп энергияны қажет етуі, ауа райына
тәуелділігі, тасымалданатын жүктердің салмағы мен көлемдерінің шектелуі
жатады.
1.5Су (өзен) көлігі:
- терең өзендердегі жоғары тасымал қабілеттілігі және тасымалдың,
әсіресе үлкен жүктерді (сумен ағызатын ағаштар, мұнай құятын кемелердегі
мұнай және т.б.) тасымалдаудың төменгі өзіндік құны;
- үлестік қаражаттардың жұмсалуы, металл мен отын шығындарының аз болуы;
Өзен көлігінің кемшіліктеріне өзен ағысының негізгі жүк ағындарына
сәйкес келмеуі; жыл көлемінде жүк тасымалдаудың тұрақсыздығы; темір жол
көлігімен салыстырғанда жүкті жеткізу жылдамдығының төмендегі; сондай-ақ
басқа көлік түрлерін қарағанда жүк қозғалысы жолының ұзақтығы жатады.
Жоғарыда көрсетілген көлік түрлері мен жолаушыларды тасымалдау нарығында
бір-біріне бәсекелестік жасайды. Мысалы, құбыр мен темір жол көліктері
мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауда; темір жол және автомобиль
көліктері – көлемді үйілетін жүктерді қоспағанда, жүктердің барлық
номенклатурасы үшін бәсекелестікке түседі.
Теңізге шығу жолының, кеме жүретін өзендердің болмауы сияқты
географиялық жағдайлар су тасымалдарын жүргізуді жоққа шығарады. Сонымен
қатар, Қазақстан аумағының кеңдігіне, автожол инфрақұрылымының
дамымағандығына, әуе көлігінің техникалық жыбдықталуының төмендігіне және
құбыр көлігінің қарқынды дамуына қарамастан, жүз жылдан астам уақыт
еліміздегі жүк қозғалысы мен халықты жаппай тасымалдаудың негізгі құралы
әмбебап және салыстырмалы түрде арзан темір жол болып табылады.
2.Темір жол көлігін қайта құрылымдаудың мақсаттары мен міндеттері:
- даңғылдық инфрақұрылымның үстінен мемлекеттік бақылауды қалдыра
отырып, темір жол көлігін нарық жағдайына көшуге ыңғайлау;
- жабдықтау және тасымал қызметтерінің бәсекелестігін дамыту кезінде
және салаға жеке бастамашылық пен инвестицияларды қатыстыру арқылы темір
жол көлігінің тиімділігін қамтамасыз ету;
- темір жол көлігінің импорты алмастыру өндірістік базасын дамыту;
- өтпек тасамалдау нарығында темір жол көлігінің бәсекелестік
қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Осы мақсаттарға жету үшін жаңа Бағдарлама келесі мәселелердің шешемін
қарастырады:
- темір жол көлігінің нормативтік-құқықтық базасының өзгеруін;
- қамтамасыз ету қызметтерінің негіздерден бөлінуін;
- инфрақұрылымға қатысудың бірдей құқығын бере отырып, жыл-жымалы құрам
операторларының бәсекелестік нарығын құру;
- өндіріс қуаттарын оңтайландыру, темір жол көлігінің тиімділігін өсіру;
- технологиялық қажетті минимумнан өзге әлеуметтік саланы бөлу;
- жолаушы тасымалы аймағында акционерлік қоғамға түрлендіру жүргізу және
әлеуметтік мәні бар қызметтерге демеу қаржы беру мәселелерін шешу;
- күрделі-қалыпқа келтіру, жаңғырту және локомотивтер мен вагондарды
құрастыру бойынша өз базасын салу;
- темір жол көлігінің жоғары ғылыми және капитал сыйымдылығына
байланысты ғылыми-зерттеу салалық институттарын құру.
Қайта құрылымдау принциптері. Қайта құрыламдау басталғанға дейінгі
Қазақстан темір жолының тарихи үлгісі - өзінің барлық техникалық
құралдарын, операцияларын, қызметтерін сату, әкімшілік функцияларын
біріктіріп, бақылаған монолитті ұйым (Қазақстан темір жолы ҰК ЖАҚ).
Операцияларға пайдалану, жөндеу, қосымша-көмекші, күзет, коммуналдық,
өнеркәсіптік және темір жол көлігінің қиын технологиялық болмысымен
анықталатын қызметтері енді.
Сонымен бірге социалистік экономика кезінде ТМД темір жолдары
мемлекеттік масштабқа парапар әлеуметтік саланы және құрамына денсаулық
сақтау, білім, мәдениет және спорт, тұрмыс-коммуналдық кешенді мекемелері
кіретін азық-түлік қажеттілігі жүйесін, су, жылу, энергиямен жабдықтау
инфрақұрылымын құрды.

3 Қазақстан Республикасындағы темір жол көлігінің жалпы сипаттамасы.

Теміржол көлігі дегеніміз-тасымал құралдарының негізгі бір түрі.
Адамды, жүктерді таситын халық шаруашылығының бір саласы.
Қазақстанның теміржол көлігі біздің халық экономикасының негізгі, немесе
шешуші қатардағы материалдық негізі болып саналады.
Республиканың біртұтас халық шаруашылық жүйесінде көліктер негізгі
инфрақұрылымдық саланың бірі болып саналады. Олар Қазақстанда көлік
қоғамның жүкпен жолаушыларды тасымалдауға деген қажетін және саланың өзара
қарым-қатынастарын қамтамасыз етеді.
Өткен уақытта да, алдағы уақытта да,әсіресе жаппай тиелетін жүктерді
тасымалдағанда теміржол көлігі өзінің жетекшілік ролін (қызметін)
сақтайды. Ал Қазақстанда теміржол көлігі өзінің жетекшілік қызметін одан
әрі сақтай береді.
Қазіргі кезде Қазақстанның тасымалдау мұқтажының ұзындығы 14530 км-ден
астам теміржол қамтамасыз етеді. Олар Батыс Қазақстандағы, Шығыс
Қазақстандағы, Тың аумағындағы, Алматыдағы теміржолдары.
Тың теміржолы Қазақстанның орталық және солтүстік аудандарын
тасымалдау жұмысымен қамтиды. Бұған Қарағанды, Теміртау, Павлодар,
Екібастұз, Қостанай т.б. территориялық кешені кіреді.
Бұл арада қара және түсті металлургия, көмір өндіру, энергия құрылысы,
химиялық, машина жасау салалары бар. Құрылыс материалдарын шығаратын, халық
тұтынатын товарлар шығаратын салалар бар. Мұнда дәнді дақылдар егетін
ауылшаруашылығы да бар. Сүт, май, жеміс және т.б. өнімдерді шығаратын
шаруашылықтар да бар.
Осылардың тасымалдау жұмысын орындайтын, оларды осы тасымалдау жұмысымен
қамтамасыз ететін көліктің ең негізі Тың теміржолы болып саналады.
Батыс Қазақстан темір жолы Қазақстанның Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе,
Атырау, Орал т.б. аймақтарын тасымалдау жұмысымен қамтамасыз етеді. Бұл
теміржолымен негізінде мұнай өнімдері, құрылыс маетериалдары (заттары),
ауылшаруашылықтың өнімдері т.б. заттар тасымалданады.
Алматы темуржолы Қазақстанның Шымкент, Тараз, Алматы, Семей, Шығыс
Қазақстан т.б. аймақтарын тасымал жұмысымен қамтамасыз етеді. Бұл
теміржолымен көбінесе транзит жүктері, жеңіл өндірістің, тамақ өндірісінің
заттарын, жолаушыларды тасымалдайды.
Біздің елде Теміржол Қазақстанның барлық көлік жүйесінің негізі болып
саналады. Олардың басымшылығы сонша барлық көліктердің жүк айналымының ¾
бөлімін теміржол көлігімен орындалады. Қазақстан темір жолы барлық
аймақтарды, аудандарды бір-бірімен байланыстырады, халықтың тасымалдау
мұқтажын қанағаттандырады. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылықтың өнімдерін
қалыпты түрде айналыммен қамтамасыз етеді. Сондықтан теміржол көлігінің
мемлекеттік және халық шаруашылық мәні өте үлкен.
Мемлекеттік біртұтас көліктерінің алдында оның ішінде негізгі көлік
теміржол көлігінің алдына мынандай шарттар қойылады:
ауыл шаруашылықтың, халық шаруашылықтың, жекеменшіліктің, барлық жүк
және жолаушылар тасымалдау қажетін толық қанағатандыру керек;
тасымалдау жұмысын пішінді (тиімді) түрде пайдаланып, олардың тасымалдау
нарқын (құнын) кемітуге тырысу керек;
жолаушы мен жүк тасымалдауға кететін (жұмсайтын) уақыты (мерзімді)
қысқарту керек;
еліміздің тасымалдау жұмысын (жолаушыларды жөнелту-түсіру, жүктерді тиеу-
түсіру т.б.) күн-түн демей, қыс-жаз демей, қар-жаңбыр демей мезгілінде,
керекті мөлшерде орындауы керек;
күннен күнге адам тасымалдау жұмысын жақсарту керек (жылдамдату,
комфортын көтеру т.б.);
тасымалдау процессінде (жүрісінде) жүк бұзылу, жүкті ұрлау т.б. нәрселер
жойылуы керек;
жолаушы және жүк тасымалдауды қауіпсыздандыру керек;
көліктер ауаны, суды, жерді былғамаулары керек;
қозғалыс кезінде көліктің жылжымаларын құрамын қауіпсыздандыру керек
т.б.
Теміржол көлігі еліміздің табиғат байлығын игеруге, елдердің
материалдың, мәдени қажеттерін қанағаттандыруға және Қазақстанды басқа
шетелдермен байланыстырып дамытуға жәрдемдесіп себепкер болады. Ел қорғау
ісінде де теміржолдың маңызы өте зор.
Осы айтылған жұмыстарды орындау үшін теміржол әртүрлі инженерлік
құрылыстармен, техникалық құрылғылармен т.б. әр-түрлі құралдармен
жабдықталған. Оларға мыналар жатады:
Жылжымалы құрамдары:
- локомотивтер (паровоз, тепловоз, электровоздар);
- вагоншаруашылығы (цистерна, ашық вагон, жабық вагон, жарты вагон,
жолаушылар вагоны т.б.);
Жол және жол шаруашылығы:
Сигнализация байланысы;
Есептеу техникалық құрылысы;
Пойыздарды қабылдауға, жөнелтуге, қарсы қабылдауға (скрешение), басып
озуға (обгон поездов), вагондарды таратуға және вагондарды сұрыптауға тағы
сол сияқты операцияларды орындауға арналған құрылыстар;
Жолаушыларды мінгізуге, түсіруге және басқа қызмет көрсетуге арналған
құрылыстар;
Жүктерді тиеуге, түсіруге, сақтауға арналған құрылыстар; Пойыздар
жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған автоматтар,
телемеханикалар, байланыстар және есептеу техникасының құрылғылары (ЭВМ);
Локомотивтерді,вагондарды жабдықтау мен жөндеу құрылыстары;
Электрмен қамтамасыз ету құрылғылары;
Сумен қамтамасыз ету құрылғылары;
Материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету құрылғылары тағы
басқалар;
Теміржол қарамағындағы өнеркәсіп орындарында қызмет көрсететін аймақтың
көлік салаларының өнеркәсіп орындары;
Теміржолдың барлық аймақтарында орналасуына, пойыздардың барлық жағдайда
жүйелі түрде жүруін қамтамасыз ететін лайықты басқару құрылымы бар. Олар:
бір орталықтан басшылық етуді, дара басшылықты сақтауды, өндірісті
территориялық принциппен басқаруды ұйымдастырады.
Теміржол көлігінің жұмысын бағайлайтын негізгі экономикалық
көрсеткіштерге мыналар жатады:
- жүк және жолаушылар мөлшері;
- жүк және жолаушылар айналымы;
- теміржол көлігінде жүк және жолаушылар айналымын бір өлшемге
келтірілген өнімі;
- көліктің өнім құны;
- теміржолда жүк тасымалының жиілігі және т.б.

3.1 Қазақстан Республиксындағы темір жол көлігінің бекеттерінің,
стансаларының, тораптардың ролі.

Теміржол көлігінде тасымалдау жұмыстарды көңілді орындау үшін
бекеттердің, стансалардың, тораптардың ролі ерекше және өте үлкен.
Тораптардың, стансалардың ауылшаруашылыққа деген мән-маңызы да өте
үлкен. Мысалы:
1) Ауылшаруашылығы теміржол көлігімен станса, тораптар арқылы тоғысады.
Стансаларда олардың жүктерін тиеу-түсіру, жүктерді жөнелту т.б. жұмыстар
орындалады.
2) Жолаушылар тасымалдау жұмыстарын атқарады (жолаушыны міңгізу-түсіру,
багаждарды тиеу-түсіру, пошталарды жөнелту т.б. жұмыстар орындалады).
3) Станса мен тораптар арқылы басқа көліктер: (автомобиль көлігі, су
көлігі, құбыр көлігі, әуе көлігі т.б.) теміржол көлігімен әрекеттеседі.
4) Станса мен тораптар теміржолда алға қойған (жобаланған) тасымалдау
жұмыстарын үлгілі түрде орындауға үлкен әсер етеді.
5) Теміржол стансаларында, тораптарда жүк және жолаушы пойыздары
құралады, оларды таратады және т.б. соларға сәйкес керекті жұмыстар
орындалады.
6) Станса мен тораптар теміржолдың технико-экономикалық көрсеткіштерін
тиімді түрде орындауға үлкен әсер етеді.
7) Вагондардың 70 пайызынан астам вагон айналым уақыттары станса мен
тораптарда өтеді.
8) Теміржолдың қолдану ұзындығының 60 пайыздан астамы стансада,
тораптарда орналасқан.
9) Теміржолда қолданатын негізгі құрылыстардың көбісі станса мен
тораптарда орналасқан т.б.
Сондықтан станса мен тораптардың теміржолдағы ролі өте үлкен екені
дәлелсіз-ақ көрініп тұр.

3.2 Темір жол көлігіндегі бекеттерді, стансаны және топтарды жобалағанда
қолданатын техникалық нормалар

Теміржолда бекеттерді, стансаны және тораптарды жобалаудың негізгі
мақсаттары дегеніміз-теміржолда тасымалдау жұмыстарын өз уақытында, керекті
мөлшерінде орындау үшін қолданатын жабдықтардың көлемін анықтап және оларды
қалай құру керек екенін көрсететін техникалық іс қағаздардың (құжаттардың,
документтердің) жиынтығын айтады.
Сондықтан бекеттерді, стансаны, тораптарды жобалау үшін алдымен
тасымалдау жұмысының көлемін, олардың процесін, қолданатын жабдықтарды,
олардың құрылыс әдістемелерін және құрылыс жұмыстардың түрлерін т.б.
мәліметтерді анықтайды. Содан кейін тасымалдау процесіне сәйкес құрылысқа
керекті техникалық құжаттарды жобалайды.
Темір жолда жаңа құрылыстар салу үшін, не қолданып жүрген, құрылыстарды
кеңейту үшін жобалау сызбалары жасалынып беріледі. Олар негізінде екі
кезеңнен (екі сатыдан) тұрады: техникалық жобалау) сызбалары және жұмыс
жобалау сызбаларынан. Егер құрылыс жұмыс көлемі аз болса екі кезеңді
біріктіріп – технико - жұмыс жобалау сызбасы беріледі.
Темір жолда жобалаушылар жобалауды орындау үшін теміржол бастығының
бастапқы (әуелі) дерек (дәлел) ретінде берген құжаттарды т.б. дәлелдерді
қолданады. Бұл құжаттарда теміржол жабдықтарының орналасуы, өндірістердің
орналасуы, экономикалық ауданның бағыты т.б. жобалауға керекті мәліметтер
болуы керек.
Теміржолдың техникалық жобалауында мынандай сұрақтар анықталанады:
Жобалауға ұсынып отырған трассада жаңа теміржол, стансалар салуға бола
ма? Олардың оптималдық (тиымдылық) жағдайлары;
Колданып жүрген бір басты теміржолдық трассасында жаңа стансалар, екі
басты теміржолды салу керек пе және салуға бола ма?
Олардың жағдайы;
- қолданып жүрген теміржолдың жұмыс технологиясының процестері бар
өндірісті тиымды етіп және басқа жоғары өнімді өндірістерді өнімді етіп
қолдана ала ма?
- қолданып жүрген теміржолдың құрылыстарын, жабдықтарын басқа
объектілермен қатар кооперировать етіп қолдануға бола ма?
- теміржолдың ұйымдасытру жұмыстарында, олардың экономикалық
жұмыстарында автоматтар қолдануға бола ма?
- жаңа жобаны еңгізгеннен кейін теміржолдың негізгі технико-экономикалық
көрсеткіштері қандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі
Көлік кешені
Автомобиль көлігі
Жүк тасымалдаудың қаржы экономикалық көрсеткіштері
Көлік логистикасы
Қазақстанның көлік инфрақұрылымының қазіргі жағдай
Туристік экскурсиялық поездар маршруттары
Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау ерекшеліктері
Теміржол көлігінің Қазақстан экономикасындағы маңызы
Аймақтық көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу
Пәндер