Қазақстан флорасының (соның ішінде дәрілік шөптер) және фаунасының жағдайына қоршаған ортының әсері



Қоғамның әлеуметтік гүлденуіне ықпал ететін ғылыми-техникалық прогресс, өндіргіш күштердің бұрын-соңды болмаған ауқымда дамуы адамның табиғатқа араласуын үшейте түседі. Соңғы онжылдықтарда өндіріс пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына, қалалардың жедел бой көтеруіне байланысты табиғи кешендердің өзгеруі өсімдіктер мен жануарлар әлемінің азаюына, олардың өспей кеміп кетуіне әкеліп соқтыруда.
Жаңа елді мекендер мен ірі қалалардың, мұнай және газ өткізу жолдарының, автомагистральдар мен теміржолдардың тез қарқынмен салынып, бой көтеруі, өзендер ағысын артық реттеу, тың және тыңайған жерлерді игеру табиғи шөп өсетін өңірдің азая түсуіне жол ашты. Осының барлығы ең соңында биологиялық түрлердің жоғалуына әкеледі. Сондықтан, дәл қазір табиғатты қорғау қажеттілігі ерекше шиеленісе түседі.
Қазақстан флорасы әр түрлі таксондардың (түрлер, туыстастық және т.б.) құрамы мен саны бойынша, сондай-ақ географиялық жатығынан да, атап айтқанда,табиғи-климаттық аймақтар мен жоғарғы белдіктер бойынша да айтарлықтай өзгерістерге ұшырай бастады. Далалар мен шөлді аймақтардың жазық бөлігінде флораның әртүрлілігі мен өзіне тәнділігі батыстан шығысқа қарай, ал таулы жүйелерде солтүстік шығыстан (Алтай) оңтүстік батысқа (Батыс Тянь-Шань, Қаратау) қарай көбейеді.
Қазақстан аумағында өсімдіктердің 6000-нан астам түрлері, 5000-ға жуық саңырауқұлақтар, 485 қыналар, 2000 астам балдырлар, 500 жақын мүк тәрізділер түрлері тіркелген. Жоғары өсімдіктердің құрамында дәрілік, азықтық, техникалық, тағамдық, әсемдік, ағаштық-бұталық өсімдіктер бар. Негізгі емдік шөптер (80 %) ресурстары Іле жотасында, Боралдай тауында, Алтайда, Тарбағатайда таралған.
Қазақстан фаунасын санау омыртқалы жануарлар бойынша ғана аяқталған, оның жеке кластары бойынша фаунистикалық мәліметтер жинақталған. Қазақстан аумағында омыртқалы жануарлардың (Vertebrata) 835 түрлері тіршілік етеді, соның ішінде: сүтқоректілер – 178, құстар – 489 (олардың 396 осында ұялайтын, қалғанары не қысқа келеді, немесе көктем мен күзде келеді). Жорғалаушылар – 49, қосмекенділер – 12, балықтар – 114.

2-Сұрақ Антропогендік әсердің салдарынан көптеген жануар түрлерінің саны азайды және олардың тіршілік ету ортасы қысқара бастады. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1978 жылы бекіткен Қазақстанның Қызыл кітабы осы құбылысты өте көрнекі көрсетеді.1998 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша оған омыртқалы жануарлардың 125түрі (15%) және омыртқасыздардың 96 түрі (олардың 85 түрі буынаяқтылар) осы кітапқа енгізілген.

Т:№6 Қазақстан флорасының (соның ішінде дәрілік шөптер) және фаунасының
жағдайына қоршаған ортының әсері
1.Қазақстан флорасы мен фаунасының түрлік әртүрлілігі.
2. Антропогендік факторлардың жануарларға әсері.
3. Әртүрлі техногендік әрекеттердің сипаты мен салдарлары
4. Қазақстанның өсімдік ресурстары
5. Қоршаған орта факторлары және олардың өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне
әсері

Қоғамның әлеуметтік гүлденуіне ықпал ететін ғылыми-техникалық
прогресс, өндіргіш күштердің бұрын-соңды болмаған ауқымда дамуы адамның
табиғатқа араласуын үшейте түседі. Соңғы онжылдықтарда өндіріс пен ауыл
шаруашылығының қарқынды дамуына, қалалардың жедел бой көтеруіне байланысты
табиғи кешендердің өзгеруі өсімдіктер мен жануарлар әлемінің азаюына,
олардың өспей кеміп кетуіне әкеліп соқтыруда.
Жаңа елді мекендер мен ірі қалалардың, мұнай және газ өткізу
жолдарының, автомагистральдар мен теміржолдардың тез қарқынмен салынып, бой
көтеруі, өзендер ағысын артық реттеу, тың және тыңайған жерлерді игеру
табиғи шөп өсетін өңірдің азая түсуіне жол ашты. Осының барлығы ең соңында
биологиялық түрлердің жоғалуына әкеледі. Сондықтан, дәл қазір табиғатты
қорғау қажеттілігі ерекше шиеленісе түседі.
Қазақстан флорасы әр түрлі таксондардың (түрлер, туыстастық және т.б.)
құрамы мен саны бойынша, сондай-ақ географиялық жатығынан да, атап
айтқанда,табиғи-климаттық аймақтар мен жоғарғы белдіктер бойынша да
айтарлықтай өзгерістерге ұшырай бастады. Далалар мен шөлді аймақтардың
жазық бөлігінде флораның әртүрлілігі мен өзіне тәнділігі батыстан шығысқа
қарай, ал таулы жүйелерде солтүстік шығыстан (Алтай) оңтүстік батысқа
(Батыс Тянь-Шань, Қаратау) қарай көбейеді.
Қазақстан аумағында өсімдіктердің 6000-нан астам түрлері, 5000-ға жуық
саңырауқұлақтар, 485 қыналар, 2000 астам балдырлар, 500 жақын мүк
тәрізділер түрлері тіркелген. Жоғары өсімдіктердің құрамында дәрілік,
азықтық, техникалық, тағамдық, әсемдік, ағаштық-бұталық өсімдіктер бар.
Негізгі емдік шөптер (80 %) ресурстары Іле жотасында, Боралдай тауында,
Алтайда, Тарбағатайда таралған.
Қазақстан фаунасын санау омыртқалы жануарлар бойынша ғана аяқталған,
оның жеке кластары бойынша фаунистикалық мәліметтер жинақталған. Қазақстан
аумағында омыртқалы жануарлардың (Vertebrata) 835 түрлері тіршілік етеді,
соның ішінде: сүтқоректілер – 178, құстар – 489 (олардың 396 осында
ұялайтын, қалғанары не қысқа келеді, немесе көктем мен күзде келеді).
Жорғалаушылар – 49, қосмекенділер – 12, балықтар – 114.

2-Сұрақ Антропогендік әсердің салдарынан көптеген жануар түрлерінің саны
азайды және олардың тіршілік ету ортасы қысқара бастады. Қазақстан
Республикасының Үкіметі 1978 жылы бекіткен Қазақстанның Қызыл кітабы осы
құбылысты өте көрнекі көрсетеді.1998 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша
оған омыртқалы жануарлардың 125түрі (15%) және омыртқасыздардың 96 түрі
(олардың 85 түрі буынаяқтылар) осы кітапқа енгізілген.

4 кесте. Жойылып кету қаупі төнген түрлер саны

Ел Барлығы Қызыл кітапқа Іс жүзінде Қауіп Шартты
енгізілгендеріжойылғаны төнген орнықты
күйде күйде
Қазақстан 594 297 71 101 125
Республикасы

Сирек кездесетін (реликті) жануар ақбөкен (Saiga tatarica) ХХ ғасырдың
басында жоғалып кетуге жақындағанда ғалымдардың қажырлы түрде күш салуы
арқылы қалыпты өндірістік деңгейге жету үшін 2005 жылға дейін ақбөкен
аулауға мемлекет тарапынан тиым салынған.
Қазақстан су флорасы мен фаунасының күйіне ауыл және коммуналдық
шаруашылықпен, өнеркәсіппен, транспортпен байланысты су қоймаларының
ластану және эвтрофикация үрдістері кері әсер жасауда. Тұрғындар санының
өсуі өзендер мен өзен алаптарын антропогендік түрлендіріп, су жүйелерінің
қирауына соқтырады. Сулық ортаның хииялық заттармен ластануы су флорасы мен
фаунасының маңызды топтары өкілдерінің қырылуына және тіршілігі бұзылуына
әкеліп соғуда.
Су нысандарының (көлдер, өзендер, су қоймалары) экологиялық жүйесі
деградациялануы осылар есебінен болады:
- химиялық және билогиялық (балық түрлері басқа жақтан әкелінген)
ластану;
- органикалық қалдықтармен ластанудан болған су қоймаларының
эвтрофикациясы;
- суаруға өзеннен су алу және өзеннің суы ағысын реттеу;
- биоресурстарды қолдануға бүкіл ел бойынша бақылау нашарлағанда;
- бирациональдық өндіру (шаруашылыққа құнсыздарын аз ұстап, құнды
түрлерін артық ұстау) салдарынан биоценоздарды сапалық қайта құру.
Бұл жағдай су флорасы мен фаунасы үшін қауіп төндірді, балықтар
бірлестігі құрамының бұзылуына, судың физика-химиялық қасиеттерінің су
организмдерінің тіршілік ету жағдайларын, балықтар қоныс аударды мен
уылдырық шашуын нашарлатты, су қоймаларының биоөнімдік мүмкіндіктерін
төмендетті.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына балықтардың 14 түрі енді.
Үш категориядағы 800 биологиялық нысандардың (күйреуге жақын
қауіптегілер; қауіп төнгендер – орташа мерзімді; душар болатындар – ұзақ
мерзімді әрекеттегі) қауіп төнгендердің ең көп санды нысандарының басымы
тауда тіршілік ететіндері (228 түр) және нағыз орташа шөлдерде (151 түр)
тіршілік етеді. Онда бірақ экожүйелер мен түрлер саны бар, олар қорғауды
және аялап күту тәртібін қажет етеді.

5 кесте. Балық аулау (тонна)

Ел 1990 1991 1992 1993

6 кесте. Жойылып кету қаупі бар балықтар түрінің саны

Ел Барлығы Қызыл Іс жүзінде Қауіп Шартты
кітапқа жойылғаны төнген тұрғылықты
енгізілгені күйде күйде
Қазақстан 27 14 2 3 10

3-Сұрақ Биологиялық әртүрлілікке техногендік әсер етудің сипаты мына
дәреже бойынша анықталады: күшті, орташа, әлсіз; зоналық әрекеті бойынша
(ареалы); жиынтық кешені бойынша бағаланады.
Биоәртүрлілік үшін ластанған өзендердің, өнеркәсіптік агрегациялардың
және көршілес орналасқан ракета-ядролық сынақ полигондарының трансшекаралық
әрекеттері қауіпті. Басқа сыртқы елдерден технологиялардың әкелуі және
экологиялық ауқымы мен карантиндік қауіптілігі бағаланбай биотаны
интродукциялаудың тәуекел қаупі бар.
Республикада биоәртүрлілік үшін ішкі қауіп төндіретіндер мыналар:
- Арал теңізі бассейнінің, Семей ядролық полигонының және басқа жер үсті
және жер асты ядролық сынақтарының күйретушілік (кризис) жағдайлары;
- Мұнай өнеркәсіптері, өнеркәсіп кешендері (Павлодар-Екібастұз,
Қарағанды-Теміртау және б.) ракеталық сынақ полигондарының Байқоңыр-
Бетпақдала ауданы;
- Көптеген жас экожүйелердің ландшафтық қалыптаспаушылығы, өзін-өзі
өндірудің жоғалуы, экожүйелер өнімділігі мен түрік популяциялар
санының төмендеуі;
- Урбанизацияда, құрылыста, өзендер суалуында, жерлер жыртылуда түрлер
мен экожүйелердің құртылуы (немесе қысқаруы мен әлсіреуі);
- Табиатты зиянды түрде балансталынбай пайдалану және биологиялық
ресурстарды игерудің нормативтері болмауы;
- Стихиялық апаттар, соның ішінде құрғақшылық, аяздар мен кенет суық
түсулер, өрттер, селдер, тау көшкіндері.
Республикадағы техногендік әрекеттердің ең көп жиынтығы фауна мен
флора әртүрлілігіне тура қауіп төндіретін мұнай өнеркәсібі дамыған
Солтүстік Каспий маңайында білінген. Павлодар-Қарағанды өнеркәсіптік кешені
әсер ететін аймақта және Оңтүстік Қазақстан өнеркәсіптік өңдеу кешенінде
қауіптілік дәрежесі аз емес.
Республика аумағының 6 % артығын әскери-космостық нысандар, бұрын
орналастырылған ядролық полигондар алып отыр. Ірі жолдар 27 млн. кв. км,
электр тасымалдау жолдары 458 мың км созылды. Дамбалар, суару каналдары, су
қоймалары биотүрлілікке қомақты түрде әртүрлі жанаша әсер етеді.
Биологиялық әртүрлілікті сақтау бойынша шешімдер қабылдау үшін,
әрекеттің нақтылы түрлері үшін өңдеп шығарған ШРЕК өзгертетін, бір қатар
техногендік әрекеттерге биологиялық әртүрліліктің жауап реакцияларын
анықтау және олардың жиынтық эффектісін табу қажет. Өнеркәсіптік жүктемелер
көтерген аудандарда бұзылған жерлерде (экожүйелерде) реабилитациялық
шаралардың болмау факты биоресурстар жоғалу тәуекелі қорқынышты сигналы
болып қызмет етеді.
Антропогендік әрекет салдарынан зооценоздар құрылымы өзгереді:
жануарлардың түрлік құрамының өзгеруі мен жалпы санының азаюымен қатар
эврибиоттық өзгергіш түрлер көбірек бола бастады. Ірі өнеркәсіптік
қалаларда, әскери полигондардың аумақтарында және пайдалы қазбалар өндіру
аудандарында фауналар елеулі өзгерістерге ұшыралы. Даланың шөлге айналу
құбылысына қарсы жасаған адам қызметтерінің кейбір түрлері фауна жағдайына
қолайсыз әсер жасады. Мысалы, артезиандық құдықтармен суландыру шөлдің
түрін өзгертеді, көптеген шағын көлдер пайда болады, бұрғыланған жерден
өзінен-өзі сулар ағады. Осындай суаттарға жануарлар жиналады, бұл
браконъерлікті оңайлатады және күшейтеді. Жолдар салу, құбырлар, электр
тасымалдау жолдарын жүргізумен байланысты құрылыс жұмыстары фаунаға үлкен
әсер жасайды. Олар табиғи ландшафтарға бөтен элементтер енуіне жағдай
жасайды, олардың аборигендік фаунаға қолайсыз әрекеттері болуы мүмкін.
Қазақстанда антропогендік қызметтің қарқындылығы нәтижесінде
жануарлардың мекендеу орындары азаюда. Сонымен бірге қалыптасудағы
антропогендік ландшафтар аумақтарында бастапқы табиғи экожүйелер бұзылады,
ол түрлердің көбінің құрып кетуімен қатар жүреді.
Тішілік ету орнының негізгі өзгеруі территорияларды ауылшаруашылық
және өнеркәсіптік игеруле, елді мекендер мен әскери полигондар салғанда,
автомобиль жолдарын, ирригациялық және басқа құрылыстар салғанда болады.
Қалалық өнеркәсіп нысандары құрылыстарын салу салдарынан 35 млн. га жер
ауыл шаруашылық егіс айналымынан шығарылған. Жер жырту (31 млн. га), флора,
фауна аймақтары түрлері ареалдарының және экожүйелердің қысқаруы 65 млн. га
асты. Өнеркәсіптік өңдеулерде және пайдалы қазбалар өндіруде экоцид болады.
Адам әрекетінен болған тіршілік орнының аздап өзгеруі, ортаның
жергілікті және жаһандық ластануымен, түрлерді іріктеп алумен, ылғалдану
тәртібінің өзгеруімен, өртенумен, продуценттердің биомассасы азаюымен,
түрлердің шеттен кіруімен байланысты.
Таулық далалар өсімдіктері де қомақты өзгерістерге ұшырады, өйткені
жыртылмаған жер бөліктерінде шөп шабылады, мал жайылады. Іле Алатауының
биік тауларындағы 123 ассоциаларының 50 %-да трансформалану болған.
Тау баурайын ауыл шаруашылық қарқынды игеру және урбанизация
нәтижесінде жер бетіндегі өсімдіктер өте күшті бұзылды, Қазақстан жерінің
өзіне тән эфемероидтық-жусандық, жусан шөлдер іс жүзінде жойылды деуге
болады. Қаратау тауларындағы аса бірегей табиғат бірлестігіндей (Spireantus
schrenkianus) және Шу-Іле тауларындағы (Niedzwedzkia semiretchenskia)
бүгінгі жағдай үрей туғызады, олар қорғалатын аумақтар сыртында және мал
жайылатын жерлерде орналасқан.
Өзеннен су жіберілмеуіне байланысты алап өсімдіктері деградациялануда
және көп түрлі жануарлардың тіршілік орнына жарамай қалуда.

4-Сұрақ Биосфераның барлық өзара байланысқан – элементтерінің, оның
кәдімгі бірлігі – экожүйе мен биогеоценоздың негізі, жердің нәзік өсімдік
қабаты антропогендік әрекетке шыдамайды. Аумағының басым бөлігін
экстрааридтік климаттық жағдайлардағы жазықтар алып жатқан Қазақстанда
өсімдіктер жамылғысының антропогендік өзгерістері өте анық білінеді. Малдың
үзбей жайылуының, дәрілік шөптердің шикізаты өндірілуінің, таулы ормандарды
жаппай кесу және бақылаусыз жер жырту нәтижелерінде өсімдіктер
бірлестігінің едәуір конвергенцияға ұшырағанын байқаймыз.
Эндемиялық түрлер – бұлар республика аумағында ғана кездесетін немесе
шектелген жерде ғана шығатын өсімдік түрлері. Қазақстанда олардың саны 600
астам. Жоғалып кетуіне нағыз қатер төнген түрлерге эндемдер мен қолайсыз
жағдайда қалған (жер жыртылуына, мал жайылымына айналған өсімдіктер өсетін
жер орындары) кең тараған түрлердің аралдық популяциялары.
Қазақстандағы мал шаруашылығын өркендетудің ғасырлар бойы қалыптасқан
дәстүрлеріне сәйкес мал азғындық (жайылым мен шабындық) өсімдіктер жалпы
жасыл шалғынның негізгі көзі болып саналады. Республикадағы жерлердің
ауданы 188 млн. га құрайды. Табиғи мал азғындық жерлер 178 млн. га жер
ауданында сақталған. Табиғи жайылымдар алатын жер ауданы 172 млн. га
құрайды. Шабындықтар Республикада 5,8 млн. га, ол жалпы жер ауданының 2 %
болады. Таулық азықтық жерлер 7599,1 мың гектарды алады, олардың ішінде
7212,3 га – жайылымдар, ал 279,9 мың га шабындықтар болады. Қазақстан
аумағында өсетін 6000 өсімдіктер түрінен, олардың пайдалылығы туралы
мәліметтер 1200 түріне ғана бар, ол 20 % құрайды.
Қазақстанның бай өсімдік дүниесі бірқатарқұнды азықтық шөптердің көзі
болады, оларға дәнді дақылдар тұқымдасынан шыққандар: селеу, бидайық
сияқтылар жатады. Азықтық жағынан құрғақ шөл климатты және топырақ
тұздылығына төзетін әжірек, ақ қамық, бидайық, еркек шөп, қарашағыл,
бозшағыл сияқты өсімдіктер өте құнды. Жабайы өсетін қосжарнақтылар ішінде
азықтық құны аса жоғары бірқатар өсімдіктер бар: сары, көк жоңышқа, сиыр
жоңышқа, чина, түйе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Африка материгінің топырағы, өсімдігі және жануарлар дүниесі
Ақсу-жабағылы қорығы
Мезгілсіз өсімдік гүлі
Қазақстан жабайы фаунасын және өсімдектерін қорғау. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
Синантропты өсімдіктердің жіктелуі
Тарбағатай жотасы - Геоқұрылымдық тұрғысынан
Экологиялық туризм түсінігі
Жануарлар дүниесі
Қазақстан табиғатының эталондық бөліктері
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының табиғат қорғау ісіндегі рөлі
Пәндер