Еуропадағы «қайта өрлеу» өнері



Жоспар:

Кіріпе

I. Еуропадағы «Қайта өрлеу» өнері.
II. Леонардо до Винчи.
III. Рафаэль Санти.
IV. Микеланджело.

Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер
Кіріспе

«Қайта өрлеу» мәдениетіне Еуропа елдері үлкен үлес қосты. Осы дәуірдің таңдаулы шығармалары әсем мәдениетінің қорына кірді. Бұл елдердің тарихи, әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани дамуларының өзгешеліктері осы елдердегі «Қайта өрлеудің» өзгеше болуына әсер етті.
«Қайта өрлеу» мәдениеті ренессанс мәдениетінің классикалық ошағы болған Италияда пайда болды. Бұның белгілі себептері болды. Италия арқылы, Еуропаны Азиямен жалғастырған, порттар мен қол өнершілікпен айналысатын қалалардың (Флоренция, Генуя, Венеция, Болонья және т.б.) тез көбеюіне әсер еткен, аса маңызды сауда жолдары өтті.
Италия арқылы, қол өнерінің дамуы мен қол өнершілердің көбеюіне әсер еткен крестаносшылар өтті. Мата өңдіру өнеркәсібі басқа елдерге қарағанда ертерек дамыды. Осының барлығы қала-республикаларындағы саяси жағдайдың және мәдениеттің қарқынды дамуына қолайлы жағдай туғызды. Кейбір елдерде, қалалықтардың феодалдарға қарсы күресі, елдің күшті монархиялық үкіметтің қол астына бірігумен аяқталса, Италияда басқарудың Республикалық формасының жеңісімен және көптеген қала- республикалардың құрылуымен аяқталды. Бұл ортағасырлық мәдениет пен саясатқа қанағаттанбаған үшінші таптың(буржуазиялық) жеңісі болды. Осылайша, саяси күрес те әлемді жаңаша ұғынуға әкелді.
Ең ақырында, Италия көне мәдениетің тікелей мұрагері екені де шешуші рөл атқарады. Бұл елде оның ескерткіштері басқа жерлердің қай-қайсысынан да болсын көп сақталды.
Италияндық «Қайта өрлеу» хронологиясының шеңбері ХІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІ ғасырдың аяғына дейінгі кезеңдерді қамтиді. «Қайта өрлеу» дәуірі бірнеше кезеңге бөлінеді: - Проторенессанс («Қайта өрлеу» қарсаны) – ХІІІ ғасыр мен ХVІ ғасырдың басы: - Ерте «Қайта өрлеу» - ХІV ғасырдың ортасы мен ХV ғасырдың аяғына дейін: - Биік «Қайта өрлеу» - ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың бірден үш бөлігі: - Кеш «Қайта өрлеу» - ХVІ ғасыр мен ХVІІ ғасырдың басы.
«Қайта өрлеу» туралы ХV ғасырдың аяғына дейін тек Италияға қатысты айтуға болады. Еуропаның басқа елдерінде ол көп кеш басталды және өздерінің асқан шеберлері болса да онда елеулі көрініс таппады.
Италиядағы қала қала-республикаларды габсбургтік монархия бағындырған 1530 жыл, Италияндық «Қайта өрлеудің» аяғы деп есептеледі. Тәуелсіздігін тек Пажская болысы сақтап қалды, сонымен қатар Венеция көпке дейін өз еркіндігін сақтады.
Пайданылған әдебиеттер:

1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. А. 2003.
2. Любимов Л. «Батыс Еуропа өнері» Алматы: Өнер, 1982.
3. Төлебиев С.К. Өнер өрісі. А. 1987.
4. «Мировая художественная культура» Под ред. Б.А.Эренгросс. – М.: Высш.шк. 2001 .
5. Лосев А.Ф. «Эстетика Возрождения» М.: 1978 год

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріпе
I. Еуропадағы Қайта өрлеу өнері.
II. Леонардо до Винчи.
III. Рафаэль Санти.
IV. Микеланджело.
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлкеттік Университеті

Тарих факультеті
Археология, Этнология және Отан тарихы кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қайта өрлеу мәдениеті.

Тексерген: Амрина.М.С.
Орындаған: Аменов.А.С.

Қарағанды 2010
Кіріспе

Қайта өрлеу мәдениетіне Еуропа елдері үлкен үлес қосты. Осы дәуірдің
таңдаулы шығармалары әсем мәдениетінің қорына кірді. Бұл елдердің тарихи,
әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани дамуларының өзгешеліктері осы
елдердегі Қайта өрлеудің өзгеше болуына әсер етті.
Қайта өрлеу мәдениеті ренессанс мәдениетінің классикалық ошағы болған
Италияда пайда болды. Бұның белгілі себептері болды. Италия арқылы,
Еуропаны Азиямен жалғастырған, порттар мен қол өнершілікпен айналысатын
қалалардың (Флоренция, Генуя, Венеция, Болонья және т.б.) тез көбеюіне әсер
еткен, аса маңызды сауда жолдары өтті.
Италия арқылы, қол өнерінің дамуы мен қол өнершілердің көбеюіне әсер
еткен крестаносшылар өтті. Мата өңдіру өнеркәсібі басқа елдерге қарағанда
ертерек дамыды. Осының барлығы қала-республикаларындағы саяси жағдайдың
және мәдениеттің қарқынды дамуына қолайлы жағдай туғызды. Кейбір елдерде,
қалалықтардың феодалдарға қарсы күресі, елдің күшті монархиялық үкіметтің
қол астына бірігумен аяқталса, Италияда басқарудың Республикалық формасының
жеңісімен және көптеген қала- республикалардың құрылуымен аяқталды. Бұл
ортағасырлық мәдениет пен саясатқа қанағаттанбаған үшінші
таптың(буржуазиялық) жеңісі болды. Осылайша, саяси күрес те әлемді жаңаша
ұғынуға әкелді.
Ең ақырында, Италия көне мәдениетің тікелей мұрагері екені де шешуші
рөл атқарады. Бұл елде оның ескерткіштері басқа жерлердің қай-қайсысынан да
болсын көп сақталды.
Италияндық Қайта өрлеу хронологиясының шеңбері ХІІІ ғасырдың екінші
жартысы мен ХVІ ғасырдың аяғына дейінгі кезеңдерді қамтиді. Қайта өрлеу
дәуірі бірнеше кезеңге бөлінеді: - Проторенессанс (Қайта өрлеу қарсаны) –
ХІІІ ғасыр мен ХVІ ғасырдың басы: - Ерте Қайта өрлеу - ХІV ғасырдың
ортасы мен ХV ғасырдың аяғына дейін: - Биік Қайта өрлеу - ХV ғасырдың
аяғы мен ХVІ ғасырдың бірден үш бөлігі: - Кеш Қайта өрлеу - ХVІ ғасыр мен
ХVІІ ғасырдың басы.
Қайта өрлеу туралы ХV ғасырдың аяғына дейін тек Италияға қатысты
айтуға болады. Еуропаның басқа елдерінде ол көп кеш басталды және өздерінің
асқан шеберлері болса да онда елеулі көрініс таппады.
Италиядағы қала қала-республикаларды габсбургтік монархия бағындырған
1530 жыл, Италияндық Қайта өрлеудің аяғы деп есептеледі. Тәуелсіздігін
тек Пажская болысы сақтап қалды, сонымен қатар Венеция көпке дейін өз
еркіндігін сақтады.

Еуропадағы Қайта өрлеу өнері

Италияндық Қайта өрлеудің арқауы – адам, оның қадірі, түсінігі және
жетістіктердің құндылығы. Ренессанс гуманизімінің негізі – осы көзқарас.
Ренессанс гуманизімі көне гуманизімнің дәстүрін жалғастырады, бірақ одан
айырмашылығы жаңа буржуазиялық заманның жігерлі және кәсіпқой адамы мен
көне полис адамының айырмашылығындай. Көне қоғамның және көне өнердің бас
кейіпкері – ақылды да жайсаң, шыныққан және эстетикалық дамыған адам.
Қайта өрлеу жігерлі, жан-жақты сауатты, еңбекқор, өз тағдырын өзі
жасайтын адамды қалыптастырады.
Қайта өрлеу өнерін дінге қойшы деп айтуға болмайды. Сол кездерге діни
сюжеттегі туындылар жасалды, дінге сенушілік те болды, бірақ соның барлығы
жаңа мағынада болды. Қайта өрлеу кезіндегі адамдар үшін орта
ғасырлықтармен салыстырғанда, құдай мен адамдардың арасы жақындады.
Адамдардың өмірде жақсы көргендері, жоғары бағалағандары – елдердің ерлігі,
қарттардың даналығы, балалардың нәзіктілігі, әйелдердің сұлулығы,
табиғаттың көркі және адамның өз қолдарымен жасағандары – осының барлығы
қасиетті тарихтың қазынасына, атрибутына айналды. Сонымен қатар Қайта
өрлеу дәуірінің барлық көркем шығармалары – бейнелеу өнері, әдебиет,
сәулет өнері, әуен, театр және басқалары жаңа сезіммен рухтанды. Ортағасыр
таңбасынан, мәдениеттің ортағасырлық мызғымас заңдарынан бас тартып, Қайта
өрлеу өнері өмір демін сезінді. Бейнелеу өнері, әсіресе сыршырай және
мүсін италияндық Қайта өрлеудің ең жарқын беттері болып қалды.
Проторенессанс (ХІІІ ғасыр және ХІV ғасырдың басы) - Қайта өрлеудің
табалдырығы (қарсаңы), өнерде жаңаның елді ғана пайда болды.
Проторенессанс Тоскана провинциясының Пизе, Сиене, Флоренция Қайта
өрлеудің - көне Грецияның Афинасы сияқты, көркем мәдениет орталығы болды.
Флоренция әлемге Данте, Петрарку, Баккаччо-ларды силады, Флоренцияда,
Еуропа бейнелеу өнерінің негізін қалаушы, реализмнің атасы Джотто ди
Бондоне (126676-1337) өмір сүрген және жұмыс істеген.
Джоттоның негізгі жұмысы – фреска. Джоттаның ең атақты фрескалары
Падуадағы дель Арена капелласында тұр. Капеллада библия тақырыбына 37 сурет
орналастырылған, олар – Поцелуй Иуды (Иуданың табынуы), Иоаким у
пастухов (Иоаким малшылар арасында). Суретшінің Христостың өмірі мен
азабын бейнелеуін ерекше айтуға болады.
Ерте Қайта өрлеу (ХІV ғасырдың аяғы – ХV ғасыр) – полотнолары әлем
музейлерінің көркі болған бірқатар дарынды суретшілер Мазаччо (1445-1523),
Сандро Боттичелли (1445-1510) және басқа да ондаған атақты суретшілермен
ерекшеленеді.
Суретші Мазаччо, мүсінші Донателло және сәулетші Филиппо Брунеллески
(1337-1446) Ерте Қайта өрлеудің жетекші тұлғалары.
Флоренция өнерінің шарықтау шегіне жеткен дәуір болған ХV ғасырды
Мазаччо шығармалары ашады.
Суретшілерінің өмірі қысқа болды 27 жас (осы көрмеушілікпен ұлан
өлтірген), бірақ оның өнері шеберліктің жоғары мектебі болды.
Мүсінші Донателло монументалды бедерлі мүсіндер жасаудың негізін салды.
Оның көптеген еңбектері белгілі, мысалы: Киелі Георгияның және
пайғамбарлардың бейнелері, Флоренцияның гербі және т.б. Бірақ, оның ең
атақты еңбегі Давидтің мүсіні. Бұл монументалдық мүсіндеуде, сол заманда
адамның жалаңаш мүсінін жасаудағы алғашқы еңбек еді.
Сол кездің белгілі суретшілерінің бірі Сандро Ботичелли болды.
Ботичелли көптеген сыршырайлық полотнолар жазды. Солардың арасындағы ең
атақтысы Көктем және Венераның дүниеге келуі суреттері. Аңыз бойынша
қуаныштың, махаббаттың құдайы теңіз көбігінен туған. Бұл Қайта өрлеу
дәуіріндегі, көне тақырыпқа жасалған, ең үлкен (172х278) сурет еді.
ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың басын биік Қайта өрлеу деп, ал ХVІ-
шы жүз жылдықтың алғашқы он жылын Ренессанстің алтын ғасыры деп атайды.
Бұл жылдары жаңа мәдениеттегі ізденістер өз аяқтауларын тапты. Италияндық
Қайта өрлеу реализімінің өзіндік белгілері – классикалық анықтығы,
кейіпкердің адамшылықтары олардың қимылдары мен әлпеттерінің гармониялық
көрініс табуы бұрын болмаған биіктерге көтерілді.
Биік Қайта өрлеу тек қана өзінен бұрынғы дамудың жалғасы және соңы
ғана емес, сонымен қатар ол сапалы да жаңа кезең. Оның ең озық өкілдері
өздерінің алдындағылардың ізденістерін жалғастырып қана қоймай, алған
білімдерін басқа міндеттерге терең қолданған. Солар жасаған бейнелер – адам
сұлулығы мен даналығының гимні.
Биік Қайта өрлеу үш ұлы титандар (алып тұлғалар), дарынды суретшілер
Леонардо до Винчи, Рафаэль Санти және Микеланджело Буонаротти еңбектерін
кең дәріптеді.

Леонардо до Винчи (1452-1519) – фантастикалық ақыл-ойлы және көркемдік
дарынды адам болған.
Қайта өрлеу-дің дарынды суретшісі Рафаэль Сантидің (1483-1520)
еңбектерінде көне дәстүрлер мен христианство рухының синтезі елеулі орын
алды.
Қайта өрлеу-дің үшінші титаны - Микеланджело Буонаротти (1475-1564).
Өз дәуірінің ұлы шебері, сыршырайшы, мүсінші, сәулетші, ақын Микеланджело
әлем мәдениетінің қазынасына өзінің зор үлесін қосты.
Қайта өрлеу дәуірінің атақты суретшілерінің бірі Тициан Вогеллио
(147677 немесе 1480-1576) болды. Тициан қыл қаламына мифологиялық және
христиандық сюжеттегі туындылар, портрет жанырындағы шығармалар жатады.
Ұлы шебердің атақты суреттерінің бірі Жантайып жатқан Венера. Бұл
шығармасында автор әдеміліктің өз типін ашады. Тицианның Венерасы алдымен
әйелдің табиғи сұлулығы. Шебер бейне жасауда, табиғи сұлулықты адам
келбетімен және болмыстың қуанышымен толықтырып, сұлулықтың көне идеалын
қайта жаңғыртады.
Тицианның соңғы еңбектері кеш Қайта өрлеу кезеңіне жатады. Тициан
шығармалары сыршырайдың келесі жүз жылдығына үлкен ықпал жасады.
Сәулет өнері. Сәулет өнері Қайта өрлеу-дің көркем мәдениетінде
алғашқы орындардың бірін ашады. Оның дамуының жаңа стадиясын Ренессанс
анықтады. Бұл кезеңдері сәулет өнерінің негізгі ерекшеліктері – азаматтық,
жаңа құрылыс көлемінің өсуі, монументалдық, культтік өзгерістердің орнауы.
Жаңа кезең әлемдері сәулет өнерінің тарихына Ф.Брунеллески, Л.Альберти,
Д.Браманте, Микеланджело Буонаротти, Ф.Делорма және т.б. ұлы есімдерді
жазып қалдырды.
Қайта өрлеу мәдениетінің басқа да түбірлері сияқты жаңа сәулет өнері
де Италияда пайда болды. Оның дамуын үш негізгі кезеңге бөлуге болады; ерте
кезең – 1420-1500 жылдар. Оның жетекші сәулетшісі Ф. Брунеллески, ал
негізгі орталығы Тосканы провинциясы және оның бас қаласы, Италиян
Ренессансының бесігі, Флоренция қаласы болды; биік кезең – 1500-1540
жылдар, жетекші сәулетшісі Д.Браманте болып, ал орталығы Римге ауысқан кез;
кеш кезең – 1540-1580 жылдар. Бұл уақыттың жетекші сәулетшісі ұлы мүсінші
және сыршырайшы Микеланджело Буонаротти болды.
Қайта өрлеу-дегі сәулет өнерінің бірінші туындысы, жобасын 1421 жылы
Италияндық Ренессанс сәулет өнерінің негізін қалаушы ф.Флоренциядағы
Тәрбие үйі ғимараты болды. Бұл құрылыстың ортағасырдағы готикалық
құрылыстан көп айырмашылығы болды және туындап келе жатқан жаңа стильдің
ерекшеліктермен оқшауланды.
Сәулет өнерінде биік Қайта өрлеу-дің негізін қалаушы Донато Броманте
(1444-1514) болды, ал оның ең үлкен туындысы – Ренессанс кезеңінің ғаламат
құрылысының Петр саборы.
Кеш Қайта өрлеу - бұл өткен кезеңдері дәстүрлерінің әрі қарай даму
уақыты. Кеш Қайта өрлеу алдымен Микеланджело Буанаротти, Д. Виньолы,
Андреа Палладио еңбектерімен таныстырылады. Микеланджело сәулетшілігінің
құнды туындылары оның шығармашылыққа мүсінші, пластика шебері ретінде
қарағаның, өз уақытымен озып, кейін кең тараған және барокко стилінің
тууына жол ашқан жаңа ағымдарды бастады.
Қарастырып отырған кезеңінің аты әйгілі сәулетшісі Дж. Виньола (1507-
1573) ХХ ғасырға дейін әлем сәулетшілері қолданып келген Сәулет өнерінің
бес ордер тәртібі деген әйгілі трактатын жазды. Бұнда элементтердің жұп
сандық қатынасы көрсетілген.
А.Палладио (1508-1580) туындылары оның туған қаласы Виченциямен
байланысты. Ол, Италияндық және әлемдік сәулет өнерінің дамуына, ең бастысы
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы, сәулет
өнерінің классицизіміне үлкен жер етті.
Италияндық Қайта өрлеу-дің сәулет өнері Еуропа елдерінің сәулет
өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді, бірақ бұл ол елдерде феодалдық
қатынастар мен готикалық дәстүрлердің тым тұрақты болуы жерінен жүз жылға
кеш қалды.
Көркем әдебиет. Көркем әдебиет жаңа дәуірдің өзіндік кескіні мен
мазмұның әржақты сипаттады. Гуманистік идеалогияның алғашқы түбірлері
Орта ғасырдың соңғы ақыны және жаңа уақыттың бірінші ақыны Данте
еңбектерінде өз орның тапты.
Данте Алигьери (1265-1321), Джованни Бокаччо (1373-1375) және Франческо
Петрарка (1304-1374) – Италияндық Қайта өрлеу-дің белгілі жазушылары
шығармашылық, тематика, жанр сипатында бұлар бір – біріне ұқсамайды. Бірақ,
бұлардың тарихи тағдырларын біріктіретін бір өзгешелік бар. Бұлар көп
жазған және әдеби шығармалармен қатар кейбір әдебиеттану жұмыстарын
қалдырған. Бірақ, әлемдік әдебиет тарихында бұлардың әрқайсысы әйгілі
туындылардың біреуімен байланысады: Данте – Құдайдай комедия-мен, Боккачо
– Декамерон-мен, Петрарка – Лаураға орналған өлендерімен.
Әдебиет әлемінің тағы бір жарқын бейнесі Никколо Макиавелли (1469-1527)
– Италияндық жазушы және кеш Қайта өркендеу-дің саяси деятелі. Оның
Государь аты саяси трактаты кеңінен белгілі.
Европадағы Қайта өрлеу өнері.
Нидерландының қайта өрлеу өнері.
Нидерланды айтқанда ең бірінші сұңғат өнерінін атап өтуіміз қажет.
Мұндағы сұңғаттың ескі стильден жаңа – қайта өрлеу дәуірі стиліне өтуі өте
ұзаққа созылды. Нидерланды сұңғатында әсіресе, адам бейнесі готикалық
сымбаттылық негізінде бейнеленіп, Италия суретшілеріндей анатомиялық
саралау (анализ) жасалып, пропорциялық заңдылықтар сақтауға онша көңіл
бөлмеді. Осы кемшіліктерді білдірмеу үшін адамды көбінесі киімдың сұңғаттық
шығармалары Италия суретшілеріндегіндей ауқымды, монументальды бола алмады.
Нидерландыда Италиядағыдай фреска, роспистер емес, көбінесе кішігірім
қондырғылы картиналар жазу басым болды. Олар жалпы қала табиғатын,
күнделікті өмір көріністерін кескіндеуді жөн көрді. Тағы бір ерекшеліктері:
бейнелеу кезінде ұсақ-түйек болып табылатын шағын нәрселердің өзін
тәптіштеп, аса бір ыждағаттылықпен жазды.
Нидерланды сұңғатының негізін салушылардың қатарында ағайынды
суретшілер Ян ван Эйк (1380-1441) пен Хуберт ван Эйктер болды (1366-1442).
Бұл суретшілердің картинасына тән нәрсе: табиғат көрінісі мен қала
көркін негізгі кейіпкер – адам бейнесімен байланыстыра бейнеледі. Салардың
бірі – Ян ван Эйктің Эулие Варвара атты туындысы. Екінші бір көңіл
аударатын дүние – Ян ван Эйктің замандасы әрі шәкірті Рогир Ван дер
Вейденнің (1399-1464) қолынын шыққан Ашамайдан босату жұмысы. Бұл
суретші көбінесе драмалық портреттік жұмыстарға қалам тартты.
Он бесінші ғасырдың аяғы мен он алтыншы ғасырдың басында осы елде
өзгеше, өзіндік болмыс бітімі бар суретші өмір сүрді. Ол – Иеронимус Босх
(1450-1516). Суретші өзінің туындыларында, қиял ғажайып жәйтерді және адам
шошырлық қорқынышты мақұлықтар өмірін әсерлеп бейнелеуді ұнатты.
НИдерланды қайта өрлеу дәуірі суретшілерінің ішіндегі ең атақты шебері
– Питер Брейгель болды. Суретші көбінесе қарапайым адамдар – шаруалар
өміріне, салардың тыныстіршілігін көрсететін тақырыптарға қалам тартты.
Картиналарына тән нәрсе: көптеген жыпырлаған ұсақ адам кескіндерінің әр
түрлі қимылда тәптіштен бейнелеп берілуі.

Леонардо до Винчи
Леонардо до Винчи Флоренция мен Пиза аралығындағы Албан тауларының
етегінде Винчи қалашығында 1452 жылы дүниеге келген. Болашақ ұлы
суреткердің дарыны өте ерте көрініс бастады.Ол бала кезінде арифметикаға
жетік болғаны сонша, тіпті өзінің сұрақтарымен оқытушыларды мүдіртіп
отырған. Сонымен қатар Леонардо музыкамен шұғылданды, Лирада кереметтей
ойнай білді және суырып-салма өлендерді тамаша айта білген екен. Алайда оны
сурет салу мен мүсін жасау бәрінен де көп елегізетін еді. Әкесі оның салған
суреттерін досы Андреа Веророкиоға көрсетеді. Ол бұған таң қалып,
Леонардоның өз өмірін сыршырайға арнау керек екенін айтады. 1466 жылы
Леонардо Верокки шеберханасына шәкірт болып кіреді. Көп ұзамай ол өзінің
ұстазынан асып түседі.
Бірде әкесі дөңгелек қалқанды әшекейлеп беруін сұрайды. Одан кейін ол
осы әшекейлеп берген қалқанды көргенде шбер суретшінің туындысы екеніне
сенбей қорыққанынан шегіншектей берген екен. Леонардо оның көңілін
орнықтырып: Бұл туынды міндет мақсатына жауап беріп тұр деп ғибраттылықпен
әшекейді түсіндіріп беріпті. Леонардо тек сыршырай емес, жаратылыстану
ғылымдарымен және инжинерлік іспен айналысқан. Мәселен: Стамбулда оның
сұлтанға жазған хатын тапқан. Хатта Стамбул мен Голатаның арасын қосатын
көпірдің керек екенін және жобасын баяндаған. Бірақ оған ешкім құлақ
аспаған. Ол көпір кейін ХІХ ғ. ғана салынады.
Леонардоның қазіргі заманға жеткен жазбаларының кейбіреуі мынандай:
Архитектура мен әскери іске арналған том. Анатомия жөніндегі қолжазба,
жарық пен көлеңке туралы трактат, стреометрия жөніндегі трактат. Құстардың
ұшуы туралы трактат. Көз туралы трактат. Сыршырай жайлы трактат. Судың
ағысы мен өлшемі туралы трактат. Бұл қолжазбаларын замандастары түсіне
қоймаған. Кейінгі заманда ғана оның алуан қыры кемеңгерлігін әлдеқайда
анығырақ түсіне бастаған.
Леонардо до Винчи бірінші орынға сыршырайды қойған екен. Леонардо үшін
сыршырай – адам кемеңгерлігінің асқақ көрінісі, өнер атауының ең биігі.
Әлем сезім арқылы танылады, ал көз сезімдерінің әміршісі. Көз деп жазады
ол, - адам денесінің терезесі, осы терезе арқылы адам өзінің жолына қарайды
және әлемнің сұлулығынан Ляззат алады. Соның арқасында, адам жаны адамға
тән зынданда қуанышқа бөленеді, онсыз бұл адамдық зындап – азап.
Леонардо үшін сыршырай – адам кеменгерлігінің асқақ көрінісі, өнер
атаулының ең биігі.
Леонардоның ең алғашқы толық қанды шығармасы – Үңгірдегі құдай-ана
(Париж, Лувр) – жаңа өнердің салтанат құрғанын паш етеді. Барлық
бейнелердің жайғасуы, көз қиықтары өзара жарысып тұр.
Олардың жүзінен де, көгілдір тартқан саңылаудан да, төбеден төнген
жартастар қараңғылығынан да Леонардоға тән әлдебір құпия аңғарылады.
Гүл ұстаған құдай-ана туындысына тоқталайық. Бұл эрмитаждағы басқа
құдай-ана бейнесімен салыстырғанда, олар қозғалысыз көрінеді. Ал Гүл
ұстаған құдай-ана жүзінде бақытты күлкісі бізді қуанту үшін одан соң
алдыңғы томпиған ұлымен әлі балалығы арылмаған ол мәз-мейрам боп ойнап
кетуге бейім тұр.
Эрмитаж мамандарының пікірінше Леонардо до Винчидің өзі салған деп
есептелетін Литта – құдай ана картинасы бар. Бұл адамды еріксіз
тебірентетін ана – образы. Таңғажайып сұлулық! Солай бола тұрса да,
ұлжайтып көрсетіп әйнектен Мадоннаның тырнақтарының желінгенін көруге
болады. Сол кезде маникюр аристократтар арасында ғана тараған. Суретші
мұндай ұсақ-түйекті неге бейнелеген? Бұдан суретшінің нақты шындықпен
байланысты болып қана беретінін білеміз.
Леонардоның творчествалық шыңы есептеліп кеткен Джаконда портреті
жөнінде. Маған шын мәнінде тамаша картина жасаудың сәті түсті – деп айтқан
екен. Ол портретті салуға 4-жыл сары етіпті. Осы туынды туралы Вазари былай
деп жазады:
Франческо дель Джакондаға Леонардо оның әйелі Моно Лизаның суретін
салып беру ісін қолға алады...
Мона Лиза өте сұлу болғандықтан да Леонардо мынандай тәсіл қолданды:
портетті салу кезінде ол лирада ойнап, өлен айтатын музыканттармен Моно
Лизаның көңіл күйін көтеріп тұру үшін сай қымоздар барды шақырды. Осының
бәрін әйел жүзін әлденеден мұң басып кетпеу үшін жасады. Джаконданың
күлімсіреуі – сол сайқы мазақ ісіне жымыю ғана жатыр. Ал ұлы суретші
кемеңгерлігімен Джаконданың күлімсіреуін ғажайып етті, әрі ойлы, әрі қуақы,
әрі мысқылды, жан дүниені баурап, тартып алатындай Леонардалық күлімсіреу.
Визаридің кәдімгі тірі адамның көзіндей, мөлдірей, мөлтілдеп тұр, әп-
әдемі таңауы сәл ғана жел бергендей болып, ерекше бір нәзіктікті аңғартады.
Оймақ аузын алуан түсті бояудың үйлесімі мен ғана жасалған дүние емес,
табиғаттың ғажайып бір жаратылысы дерсің. Жымиғаның сүйкімділігі сонша, бұл
портретке тәңірдей табына рахатты сезімге бөленесін. Бұл портрет таңғажайып
шығарма өйткені ол өмірдің өзіндей көркем.
Леонардо до Винчидің творчествалық жолын айтсақ. Ол сыршырайшы,
мүсінші, әрі суретші, суырып салма ақы, музыкант, өнер теоретигі театр
спектакльдерін қоюшы, мысалы, ертегі жазушы, философ,әрі математик,
инженер, өнер табушы, механик, аспанға самғаудың алғашқы хабаршысы,
гидротехник және әскери инжинерлік құрылыстардың маманы. Физик әрі
астраном, анатомия және оптика маманы, биолог, геолог, зоология маманы және
ботаник болды.
Атақты сәулетші Леонардо да Винчи өз құдіретіне деген сенімнің айғағы
болған кемеңгер тұлға.
Рафаэль Санти
Урбино сарайы, адамдардың бір-бірімен үлгі-өнеге, сапайлық әуестікке
деп қою жаңа гуманистік идеалдары дәріптеу жөнінен бәсекелесетін сол
кездегі Италияның кішігірім сарайларының бірі болатын. Урбино сарайындағы
әр күн алуан қилы сайыстармен өтетін ал кешке қарай жұмыстың бірі өлен мен
сонеттер оқу, комедиялар көрсету, жұмбақтар шешу, би билеп, ән салу үшін
герцогия бөлмесінде жиналатын.
Философия, поэзия, өнер жайында пікір алысатын. Сондай кештердің
бірінде жан-жақты жетілген сарай адамы қандай болу керектігі жөніндегі
әңгіме қозғалды. Ондайлар санатына сол кездегі білімді,қоғамның мақсатымы
болып табылатын, әр нәрседен хабарлар. Сегіз қырлы бір сырлы адам
жатқызулуы тиіс дегендей ұғым болатын. Сол кештер туралы атақты кітап
жазған Больдассера Кастильоне еді. Бұл кітап туралы көп айтылып көп
жазылған. Осы кітапті өнер жайында емес, адам жайында жазған. Костильоне
кітабы Кортеджнанон (сарай адамы деген сөз) – деп аталады.
Оның қаһармандарынан Ұлы дәуірдің әлдебір бейнесін көргендей боламыз.
Өйткені Костильоне Ренессанс дәуірі адамының тамаша образын жасағысы келді.
ХV-ХVІ ғасырдағы бүкіл Италия өнері өзінің барлық болмысында
үйлесімділік әсемдікпен қанағатшылдықпен өрілген: онда сезімді ақыл мен
логика жеңіп ең ұстамсыз деген шабыттың өзін сабасына түсіреді. Міне осы
орайда кемел адам идеалынан өзінің ең ақсақ мұраттарына сүйеніш тапқан және
дүние жүзілік тарихта ең ұлылардың бірінен саналатын бір суретші бар. Ол –
Рафаэль.
Рафаэль Урбинода туған. Ол өлгенше Картеджино - авторы Кастильонмен
дос болған: Сіз берген сюжеттерге мен бірнеше сурет салдым барлығына
ұнату, бірақ менің өзімді қанағаттандырмады-ау деп қорқамын - деп айтқан
екен.
Ал Кастильоненің Рафаэльді қаншалықты жақсы көретіндігі, өз анасы
жазған хатынан көреміз Рафаэлім қасымнан табылғандықтан Римде жүрмеген
сияқтымын. Марқұм енді иманды босын. Рафаэль жас кеткен еді.
Рим папасы Лев – Х-ның секретарі: Рафаэль Урбинскі жөнінде былай деп
жазады. Бұл жігіт мейлінше қайрымды, аса парасатты, жан-дүниесі ізгілікке
толы. Ол Рим қаласының бұрынғы тұлғасын қайтадан қалпына келтіруде: қабат-
қабат қирандыны ашып, басылып қалған іргетасқа жете, құрлыстың бәрін
ертедегі автордың сипаттамаларына сай қалпына келтіруде, сөйтіп ол папа Лев
пен барлық римдіктердің таңғалысын тудырғаны сонша, тіпті жұрттың бәрі
дерлік оны мәңгі қаланың бұрынғы ұлылығын қайтадан салтанат құрғызу үшін
көктен келген құдайдай көруге.
Рафаэль Ватикандағы Сан-Далуо сарайын қайта салу жұмысына аяқтауға
араласады. Себебі жұмыстың қырған кезінде 70 жасқа келген сәулет өнері
сәулет иесі Брамонте қайтыс болған еді.
Екі ұлы суретшінің ойы ғажайып үйлесімді сурет өнері мен сәулет өнері
бір ансамбль құрды.
Ватикан лоджиясы – бұл ұзын галерея, әр қадам басқан сайын сіздің
алдыңыздан бірін-бірі қайталамайтын сурет картиналары таңғажайып ою-
өрнектер кездеседі. Шағын 12 плафгонға Таураттың ең маңызды деген
эпизоттары (сондықтан да бұл Рафаэльдің таураты деп аталады) енгізімен.
Рафаэль жасаған көріністердің орналасу тәртібі ерекше, замандастарын
қайран қалдырған. Мысалы: Сириялық қолбасшы Элидор ат тұяғының астында
жатып, талқтамақ болған екі жігіт екі жағында тұрар еді (текст бойынша).
Рафаэль Элидоры ар намыстан да құр алақан емес, тіпті қорлық көріп
жатқанның өзінде ұстамдылық көрсетіп өзінің қадірін түсірмейді. Таяқтамақ
болған екі жігіт, таяқтарын оңтайлап, жүгіріп кіріп келеді. Жас жігіттердің
аяқтары жерге тиер-тиместен қатты жүгірісі тамаша көрсетілген т.б.
Рафаэльдің атақты кілемдер сериясы: Барлық аулау ләззаты Жайыл қайым-
Інжілдік сюжетке жасаған картондары – бейнелеу өнеріндегі аса мәнді
баяндаудың үздік үлгісі болып саналады.
Вельфилиннің айтуына қарағанда бұл картондар адам жанының алуан күйін
білдіру үшін суретшілерге таптырмас асыл қазына болды. Рафаэльдің
Флоренциялық құдай аналары тамаша, сүйкімді адам жанын баурап алатын жас
аналар. Соның ішінде ең атақты картинаны Сикст – құдайы – анасы (осылай
деп монастырдің атымен аталған бұл махраттың образы соған арналған)
Поленев: Меккедегі қара тас арабтарға қандай киелі болса, Сикст құдай анасы
Европалықтарға сондай қасиетті дүние, - деп бекер жазбаған.
Мария бұлт арасында боласын көтеріп келе жатады, оның құдыретін
аңғартарлық ештеңе жоқ, жаңалайаяқ. Сөйткенмен оны оқалы киім киген Сикст
папасы тізе бүгін, әміршідей қарсы алып тұр. Қасиетті Варвара аса зор
құрметпен жүзін төмен салып отыр, ал екі кішкентай періште болса ой-арманға
толы көздерін жоғары тіге қалыпты.
Бұл көрініс қазір де толғатпай қоймайды. Себебі Сискт құдай анасын
көріп толғанған ақын-жазушылардың көңіл күйінен мысал келтірейік.
Жуковский: Перде ашатын, аспан құпиясы адамның көз алдына келген.
Әуелде қалыптап жүріп келе жатқан құдай ананың қозғалысы мүлде
аңғарылмайды, бірақ оған ұзақ қарасаң, ол жақындап келе жатқандай болады.
Буменский: Оның көз қарасында ерекше бір қаталдық пен ұстамдылық бар,
онда қайырым күту мен жалбарыныс жоқ, онда тәкапарлық пен жиіркену сезімі
де жоқ, солардың барлығының орнына өз ұлылығын ұмытпастай кешірімділік
бар.
Герцен: Оның жан дүниесі әлем-жәлем, оны: Сенің балан құдай перзенті,
сен құдай тапқан анасын,- деп сендіріп қойған: Ол қуанышы бей-жай болып,
аналық көрегендікпен бейне бір: Алындаршы мұны, бұл менің балам емес, -
деп тұрғандай. Бірақ сөйте тұра, баласын кеудесіне қаттырақ қыса түсіп,
егер оны алыс жаққа алып қашып кететін болса, пенде сияқты жай ғана аялап
асырағанды армандаған кейіп танытады. Достоевский Сикст құдай анасы адамға
тән ізгіліктің, адам даналығының ең құдыретті көрінісі - деп білді. Сол
суреттің үлкен репродукциясын Достоевский өзі көзі жұмылғанда төсегінің
үстіңгі жағына іліп қойған.
Рафаэльдің Ватикандағы атақты фрескасы Афина мектебі (1509-1511) онда
Аристотель мен Платон баспалдақтың ортасы іспетті. Платон шабыт отымен
нұрланған ол Таураттағы әулиеге ұқсайды.
Саусағынан аспанды нұсқап, идеялар дүниесін болжайды. Ол жердің ғажайып
перзенті. Оның Платонға бұрылған жүзі алысқа қалықтаған бұлттардың фонында
парасаттылық пен ізгілік сәулесін шашады. Оның образында сабырлық,
ұстамдылық адам құмарлығына тоқтам салатын шынайы күш ретінде бейнеленген.
Кешенді адам образы толығымен нақты көрініс тапқан.
Рафаэль туралы вазари, ең сирек кездесетін ішкі жан сезімді тербейтін
дарын жарқыран тұрды, оның бойында әсемдік, еңбек сүйгіштіктің сұлулықтың,
қарапайымдылық пен ізгі өнегеліктің мол үлесін тапқандығын айтады. Егер
астамшылық болмаса: Құдай емес, бірақ құдайдан былай емес – дейді.
Жоғары және төмен тұрған адамдармен қалай қарым-қатынас жасаймыз
керектігін ең тамаша өнегесін көрсетумен болды. Оның табиғат дарытқан
қасиеті болды. Оны бір көрген-ақ әркім жаман пиғылдан арылатындай
ынтымақтастық қалыптасты, ондай ынтымақтастық соның тұсінда ғана болды.
Рафаэльдің мейрімді мінезі адамды өзіне тартты, шәкірттеріне қалтықсыз
көмектесті, шынайы әкелік мейріммен басшылық етті. Сондықтан да ол сарайға
барғанда оның артнан 50 шақты суретшілер еріп жүретін. Шын мәнінде ол
суретші емес, құзыры мырзадай өмір сүрген еді, - деп жазады.
Рафаэль кемелді адам идеясын өзінің ең асқақ мұраты етіп алды, ол өз
өмірі мен шығармаларында сол кемелді адам образын жасау мұратын жүзеге
асырды.Жоғарғы қайта өрлеу дәуірінің Ұлы шебері міне осындай болған еді.
Микеланджело
Микеланджело жастайынан мүсін өнері мен сыршырай емес, сонымен бірге
соларға қатысты, байланысты деген салалардың барлыгына өз өмірін арнаған
еді, ол мұнымен керемет кұштарлықпен айналысқаны соншалық – тіпті кейбір
кездерде адамдармен араласудан қалды...
Сондықтан да оны бәзбірлеулер өр көкірек, ал ендіқайсыбірі ақымақ,
делқұлы, деп есептеді, ал, шынында, оның бойында ондай жат мінездің біреуі
де жоқ еді. Бірақ (көптеген ұлы адамдардың басында болатын жайт сияқты),
шеберлікке деген сүйіспеншілік пен үздіксіз үзденіс оны оңашалық іздеуге
мәжбүр ететін, ондай шеберліктен ләззат алып, қанағаттанып, рахатқа
бөленетіні соншалық - әр түрлі басқосулар қуандырудын орнына ой толғамын
бұзып қапаландыратын
Бұл Микеланджелоның шәкірті Асканио Кондивидің пікірі. Бұл пікір
Микеланджелоның тағы бір шәкірті Вазаридің жазғандарына сай келеді:
Микеланджелоның оңашалықты жақсы көретіні ешкімге де ерсі болып
көрінуі тиіс емес, ал адамды оңашалық пен ойға жетелейтін өнерді пір
тұтты... Оны көңілге сыйымсыз жай көріп, тәң қалып жүргендер қателеседі...
Ол өзі болғанмен, - деп жазады Вазари, - үнемі тапшылықпен өмір сүрді,
өзінің достарын ешқашан қонақ еткен емес. Егер біреу-міреу оған тарту жасай
қалатын болса, онда оған өмір бойы қарыздар болып қаламын деп сыйлық алуды
да ұнатпайтын.
Осының бәрі білетін Леонардо мен Рафаэльдің табиғатынан қаншалықты
өзгеше еді! Дегенмен, Вазаридің пікірін одан әрі тыңдайық.
Кейбіреулер оның сараңдығын айтып кінәлайды. Олары бекер... Онымен
бірге болған мен оның тіпті ақы сұрамай-ақ қаншама сурет салып, картиналар
мен құрылыс жұмысын жүргізуге ақыл-кеңес бергенін жақсы білемін... Жұртқа
дабыра етпей-ақ көмек берген, қыздарға енші бөлген, өзінің көмекшілері мен
қызметшілерін дәулетті еткен адамды сараң деп айтуға бола қояр ма екен.
Мысалы, ол өзінің қызметшісі Урбиноны аса бай адам етті. Бірде
Микеланджелоның: Егер мен қаза болсам не істейсің: - деген сұрағына
Урбино: Тағы да біреуге қызмет етемін, - деп жауап қайтарады. Сонда
Микеланджело: О, жазған-ай, - мен саған көмектесеін, - деп сол арада оған
екі мың скуда сыйлады, бұл цезарьлар мен ұлы поптардың ғана қолынан
келетін қайырымдылық еді.
Біз Микеланджело өмірінің соңғы кезінде аса бай адам болғанын білеміз.
Оның жомарттықты жиі жасағанына, сірә, шүбә келтіруге болмас. Біз оның,
әйтеуір, есебін тауып алған, алып қалуға тырысқан әкесі мен ағайындарына
барып аямай көмектескенін де жақсы білеміз. Бірақ, ол өз басын күйттеу
дегенді білмеген, жападан-жалғыз өмір кеше жүріп дүние рахатын ойламады,
күй талғамады. Жиі-жиі киімшең ұйықтап жүрді, өйткені жұмыстан өлердей
шаршағанда шешініп, киінуге мұршасы да келмейтін. Апталар бойы аяқ киімін
шешпейтін де жағдайлар да болған, кейінен етікті оның ісініп кеткен
аяқтарынан терісімен сынырып алуға тура келетін.
Оның портретіне қарап, Микеланджелоның сырт пішіні сүйкімді, келбеті
келіскен адам деп айтуға болмайды.
...Микеланджело, - деп жазады Кондиви, - дене бітімі жақсы, тарамыс,
сүйекті адам еді... Бірақ, ең бастысы, дене жаттығуларын көп жасап,
нәпсісін тыйып, тамақты бойына шақтап ішудің арқасында денсаулығы мықты
болды. Басының құлақтан жоғары жағы төңкерілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХVІІІ гасырдағы орыс өнері
Франция мемлекеті туралы
Ортағасыр мәдениетіне түсінік
Шығыс және Батыс Рим империяларына бөліну
Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия
Батыс Еуропадағы орта ғасырдағы тәрбие және мектеп
Ортағасыр мәдениеті
Христиан, араб-мұсылман мәдениеті
Қайта өрлеу және философиясы
Н. Макиавеллидің саяси және тарихи көзқарастары
Пәндер