Трансверзалды ауытқулардың формалары, өлшемдері, жақтың орналасуы, альвеолярлы өскіндер, тіс қатары мен тістеу



Трансверзалды ауытқулардың формалары, өлшемдері, жақтың орналасуы,
альвеолярлы өскіндер, тіс қатары мен тістеу


Түсінік, жалпы сипаттама және классификациясы. Бұл топқа трансверзалды (көлденең) ауытқулары бар, яғни, орталық таңдай жіктерінен өтетін сагитталды жазықтыққа қатысты болатын ауытқулар жатады. Жақ, тіс қатары, тістердің тобы немесе жекелей тістер бұл жазықтыққа өте жақын немесе өте алыс орналасуы мүмкін. Нәтижесінде тарылған жақ немесе тіс қатары пайда болады. Ол патологияда шайнау ағзасының маңызды бөлігі болып табылады. Қарама – қарсы құбылыс – жақтың бүйір бөлімдері орталық жазықтықтан алыс болған кезде, ешқандай практикалық маңызы жоқ кеңейтілген жақ түзіледі. Сондықтан, трансверзалды ауытқулар көбіне жақтардың және тіс қатарының тарылуы дегенді бідіреді.
Тіс қатарының қалыпты формасы жоғарғысы үшін полуэлипс және астыңғы тістер үшін парабола деп атау қабылданған (сур. 397).

Сур. 397. Тұрақты тістеу: а — алдыңғы жағынан, 6 — бүйір жағынан, в –ортогнатикалық тістеу (Калвелис Д.А.).

8 Бөлім. Трансверзалды ауытқу формасы, өлшемдері,
жақтардың орналасуы

Сур. 398. Тіс қатарының типтік ауытқу формалары (үзік сызықпен қалыпты форма белгіленген, бірыңғай сызықпен – ауытқулы), түсіндірме мәтінде берілген.
Клиникада тіс қатарының ауытқулы формасы көбінесе жоғары жақта кездеседі (398 сур.):
• Дамымаған жоғары жақ, ал төменгі жақ қалыпты дамыған және физиологиялық жағдайда кездеседі; «жалған проген» (398 сур. а);
• U – тәрізді, алдыңғы аумағы бар, бар тіс қатарына симметриялық тарылған (жаппай тістер нығыз немесе желпуіш тәрізді) (398 сур. б);

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
8 БӨЛІМ

Трансверзалды ауытқулардың формалары, өлшемдері, жақтың орналасуы,
альвеолярлы өскіндер, тіс қатары мен тістеу

Түсінік, жалпы сипаттама және классификациясы. Бұл топқа трансверзалды (көлденең) ауытқулары бар, яғни, орталық таңдай жіктерінен өтетін сагитталды жазықтыққа қатысты болатын ауытқулар жатады. Жақ, тіс қатары, тістердің тобы немесе жекелей тістер бұл жазықтыққа өте жақын немесе өте алыс орналасуы мүмкін. Нәтижесінде тарылған жақ немесе тіс қатары пайда болады. Ол патологияда шайнау ағзасының маңызды бөлігі болып табылады. Қарама - қарсы құбылыс - жақтың бүйір бөлімдері орталық жазықтықтан алыс болған кезде, ешқандай практикалық маңызы жоқ кеңейтілген жақ түзіледі. Сондықтан, трансверзалды ауытқулар көбіне жақтардың және тіс қатарының тарылуы дегенді бідіреді.
Тіс қатарының қалыпты формасы жоғарғысы үшін полуэлипс және астыңғы тістер үшін парабола деп атау қабылданған (сур. 397).

Сур. 397. Тұрақты тістеу: а -- алдыңғы жағынан, 6 -- бүйір жағынан, в - ортогнатикалық тістеу (Калвелис Д.А.).

8 Бөлім. Трансверзалды ауытқу формасы, өлшемдері,
жақтардың орналасуы

Сур. 398. Тіс қатарының типтік ауытқу формалары (үзік сызықпен қалыпты форма белгіленген, бірыңғай сызықпен - ауытқулы), түсіндірме мәтінде берілген.
Клиникада тіс қатарының ауытқулы формасы көбінесе жоғары жақта кездеседі (398 сур.):
* Дамымаған жоғары жақ, ал төменгі жақ қалыпты дамыған және физиологиялық жағдайда кездеседі; жалған проген (398 сур. а);
* U - тәрізді, алдыңғы аумағы бар, бар тіс қатарына симметриялық тарылған (жаппай тістер нығыз немесе желпуіш тәрізді) (398 сур. б);
* Ер - тоқым тәрізді, жаншылған тіс қатары, тарылуы біркелкі емес, премоляр және моляр аумағында екі жағынан да анықталған, (398 сур.), бұл форма көбінесе жоғары және жіңішке таңдай жиынтығымен байланысқан.
* V - тәрізді тіс қатарының формасы өткір тарылумен және сүйір бұрыш түзуге дейін жаппай аумақтың алдына түсуімен сипатталады. Алдыңғы тістердің көбі тығыз орналасқан, конвергирленеді, ұзын ось бойымен айналған, жақтың көлденең диаметрі тарылған, сагитталды - ұзартылған, қатты таңдай көпір тәрізді формаға ие және өте жоғары болады, дегенмен, өлшем бұны растамайды, мұндай жақтың қалыптасуының себебі, баланың басын шалқайта және аузы ашылып жатуынан пайда болады, тыныс алу жұту кеңістігінде немесе тыныс алу жолындағы кеңсіріктің ісіп ауруынан аденоидтардың болуынын; мұндай ауытқу көбінесе тұрақты тістеуден болады. Жиірек төменгі жақта кездеседі; доғаның алдыңғы бөлігі артқы бағытта жаншылған, трапецияның қысқа негізі болып келеді; бүйір тістер түзу сызық бойымен орналасқан, ал қиылысқан бұрыштарда бұл үш сызықтың бойында азу орналасқан; мұндай жақтар рахит кезінде пайда болады және сондықтан да оны көбіне рахитты деп атайды; ассиметриялық тіс қатары жоғары жақтың жартысының біркелкі емес дамуымен сипатталады, (сур. 398, е), бұл ауытқу бет - әлпеттің ассиметриясымен сүйемелденеді. Тіс қатарының тарылуы жеке ауытқу түрінде немесе макрогнатий, пргнатий, ашық және жабық тістеу түрінде болуы мүмкін (сур. 401, 402).
Апикалды базисі параметрлерінің тіс қатарының өлшемдерімен байланысы өте маңызды (Снагина Н.Г.).

399 сурет: V - тәрізді тыныс алудың қиындауы жағдайындағы жоғары жақтың көрінісі (Агапов Н. И)

400 сурет: Төменгі жақтың формасының трапия тәрізді түрі рахитты, (Агапов Н. И)

401 сурет: Біржақты қиылыс тістеу, адентия

402 сурет: Екіжақты қиылыс окклюзия алдыңғы ашылулы тістеумен.

Автор тарылудың 3 деңгейін атап көрсетеді: Біріншісі, тістердің тығыз орналасуынан және ұзын осьтің бойымен азырақ айналумен сипатталады; екіншісі, анағұрлым мәнді тарылу, тіс қатарынан бір немес екі тісті бөлшектік ығыстырылуы; үшіншісі, бірден тарылу, тістердің бір - біріне жабынқыш тәрізді орналасуы және тіс қатарынан жеке тістерді жалпылай ығыстырып шығуы.
Тарылудың көп түрлілігі диагностиканы қиындата түседі. Терапия жоспарын дұрыс қалыптастыру үшін патогенез бен тарылудың (жақ, альвеолярлы өсінді, тіс қатары немесе үйлестірілген форма) құрылысын нақты түрде білу керек. Мұны диагностикалық модельдерді зерттеу негізінде (Пон, Герлах, Тон индекстері) құрылыс анализі мен таңдайдың кеңдігі (тікелей немесе беткі ТРГ, таңдай тігісінің рентгенографиясы). Сұрақтарды шешуде қажеттілігі мен емдеу шарасы бойынша емделушінің сыртқы бет - бейнесін, түрлі функциясының бұзылуын, тістеу түрін анықтау керек болады.
Үстіңгі немесе астыңғы тіс қатарының тарылу кезінде бүйір тістер түрлі байланыста болуы мүмкін (сур.69 қараңыз): 1) үстіңгі тістердің тарылу кезіндегі бүйір тістер астыңғы тістер бойымен адырлы - бұдырлы орналасып, қосбеттік вестибулоокклюзия түзеді (сур.69, а қараңыз); 2) біркелкі емес тарылған үстіңгі тістер доғасында бір жақта үстіңгі және астыңғы бүйір тістердің қатынасы қалыпты болуы мүмкін, ал басқасында - кері, яғни, бір беттік вестибулоокклюзия болады (сур. 69, б); 3) үстіңгі жақтыңдің бір жағы біркелкі емес кеңейтілген тіс қатарында немесе астыңғы тарылған бүйір тістер ортогнатикалық қатынаста, ал басқа үстіңгі тістер таңдай бетімен вестибулярлы астыңғы бүйір тістерге қатысты болады, бұл бір жақты лингвоокклюзия сипатына ие (сур.69, в); 4) астыңғы жақтың тым тарылуы немесе үстіңгі - төменгі бүйір тістердің кеңейтілуі үстіңгі тістерден ішке қарай екі жақты лингвоокклюзия түзеді (сур. 69, г қараңыз).
Қиылыс тістеу - тістер қатарының трансверзалды ауытқуы. Бұл өте ауыр, ұзақ белсенді емдеуді талап етеді және ұзақ ретенционды периодқа ие. Қиылыс тістеудің жиілігі,берілген әдебиетте 2 -- 6% құрайды.
Қиылыс тістеудің даму себептері алуан түрлі болуы мүмкін: ісіп - қызару процесі және соған байланысты жақтың өсуінің бұзылуы, шайнау функциясының төмендеуі (жай шайнау) немесе бір жақпен ғана шайнау (көптеген тісжегінің болуы, ерте тісті жұлып алып тастау), мерзімнің бұзылуы және бірізді тістердің жарып шығуы, сүт тістерінің адырлы - бұдырлы болуы және тіс қатарының біркелкі емес орналасуы, мұрынмен тыныс алудың бұзылуы, дұрыс жұтына алмау, кальций алмасудың бұзылуымен байланысты түрлі аурулардың пайда болуы, тумалы таңдай жарығының болуы, миодинамикалық тепе - теңдіктің бұзылуы, зақым әсері.
А. А. Левенец пен Е. Г. Перова диспластикалық ауруларға жататын тірек - двигатель аппаратының бұзылуы (омыртқаның өзгеруі және сколиоз) ағзаның барлық қаңқасының жүйелік зақымдануына, соның ішінде тіс - жақ апппаратының да зақымдануына әкеледі. Мәліметтер бойынша, емделушілердің арасында мұндай тіс - жақтың ауытқулар 1, 6 есе көп кездеседі. Оның ішінде бірінші орында тұрған терең тістеу, кейін тіс қатарының ауытқулары және дисталды окклюзия.
Бұлардың ішінде жиі кездесетін себептердің бірі жаман әдеттер екен В. А. Дистель докторы төмендегі берілген мысалдар бойынша көрсетті: Аня Ц., гармоника жағынан дамыған, тәртіпке үйренген: балабақшада тәрбиеші балаларға ұйықтар алдында оң жақ бүйірмен жатып, қолын алақанымен бетін басып ұйықтауларын талап етті; Аня бұл міндетті тек балабақшада ғана емес, сол сияқты үйінде де орындады. Нәтижесінде Аняда альвеолярлы өсінді мен үстіңгі жақтың тіс қатарының деформациясы арқасында біржақты қиылысы тістеуі дамып кетті. Ортодонттың балабақша тәрбиешісімен сұхбаттасу кезінде балабақшада топтағы балалардың барлығы солай ұйықтайтынын, ал қиылыс тістеуінің тек бір балада пайда болғанын факт ретінде келтіре отырып, өзінің қателігін түсіне алмады.
Клиникалық көрініс. Қиылыс тістеуінің клиникалық көрінісі бір қатарлы емес және әрбір түрлілігі өзіне тән ерекшеліктерге ие. Бұл кезде бет - бейненің формасы бұзылуы мүмкін, төменгі жақтың қозғалысының бәсеңдеуі шайнау эффективтілігінің төмендеуіне әкеледі, ал кейде жарақаттық окклюзия және пародонт ауруларына әкеледі. Ауызды кеңейтіп ашқан кезде, төменгі жақтың араласуына, яғни, девиация (ауытқу) ауру белгілеріне әкеледі.
Тірек себептері болып, тіс қатарының айқыш - ұйқышталуының болуында, яғни, тістердің қалыпты қабысуынан кері қабысуға айналуында. Берілген ауытқудыі ішіндегі формасы (Трезубов В. Н) бір жақты (оң немес сол) қиылыс тістеуі, төменгі және үстіңгі тіс қатарлары бір пункте кездескен кезде болатыны атап өтіледі (сур. 403, а, б).
Екіжақты қиылыс тістеу қос қиылысумен сипатталады және оның екі түрі болуы мүмкін. Біріншісі, алдыңғы бөлікте тістердің ортогнатикалық қайта жабуы, ал бүйір бөліктерде - төменгі макрогнатияға тән кері орналасуы (сур. 403, в). Екіншісі, керісінше, бүйір бөліктерде - қалыпты қарым - қатынас, ал алдыңғысында - үстіңгі тістердің астыңғы тістермен кері қайта жабумен сипатталады (сур. 403, г)
Қиылыс тістеу жоғарғы жақтың қалыпты параметрлерінде болуы мүмкін (тістік - альвеолярлы форма) немесе ІІ - III класты ауытқулармен байланысуы мүмкін. Егер таңдайдың ені бірінші молярлы аумақтағы тіс қатарының енімен бірдей болса, яғни, Mi -- Мг * В -- Bi (сур. 404) болса, онда бұл альвеолярлы тіс формасы. Егер Mi -- Мг - дан В -- Вг анағұрлым көбірек болса, онда тарылуы қаңқалық деңгейде пайда болды деген сөз. Қиылыс тістеуінің жіңішке терең таңдайда және қалыпты немесе тістердің вестибулярлы иілімінде болуы қаңқалық диспропорцияның бар екенін дәлелдейді (Proffit W).
Л. В. Ильин - Маркосян төменгі жақтың жылжуынсыз қиылыс тістеуін бөліп көрсетті (бүйір бөліктегі тіс қатарының Э. Энгельдің 1 класы бойынша қатынасы). Бұл жағдайда бір немес екі жақтық беттің жарты бөлігінің және жоғарғы еріннің жалпаюы байқалады. Қиылыс тістеуі төменгі жақтың бүйір жылжуымен болуы да мүмкін. Бұлар Э. Энгель бойынша ІІІ класты біржақты ауытқуды көрсетеді және автордың көзқарасы бойынша еріксіз тістеу нсұқасы ретінде қарастырылады.

Сур. 404. Диагностикалық моделдерде таңдай биіктігін өлшейтін құрал (1), альвеолярлы тіс формасының қиылыс тістеуі (2), В -- Bi арақашықтығы, яғни, таңдайдың ені, үстіңгі молярлдың (М -- Mi) арасындағы арақашықтығына тең. Қиылыс тістеуінің қаңқалық формасы, (В -- Bi) таңдай ені М -- М қашықтығына қарағанда аз.

Сур. 405. Төменгі жақтың сол жақтық жылжуы: 1 - екінші функционалды сынама - дағдылы окклюзияны зерттеу, яғни, емделуші ерінді қысып, тістерін қабыстырады, ал бет - бейне ассиметриясы айқындала түседі; 2 - дәл осы сынамада тіс қатарының байланысы және төменгі жақтық бастарының орналасуы (Ильин - Маркосян Л. В).

Сур. 406. 1 - Функционалды сынама, яғни, ауызды кеңірек ашқан кезде бет - әлпеттің ассиметриясы соған тәуелді ұлғаяды немесе жоғалып кетеді; 2 - осы сынамадағы буындардың басының орналасуы (Ильин - Маркосян Л. В).

Сур. 407. а - әдетті қиылыс окклюзияны салыстырмалы зерртеу; б - емделушінің төменгі жағын орталық окклюзияға жылжытуы және бұл жағдайда бұзылым нақтыланады; в - тіс қатарының қарым - қатынасы және буын басының төртінші сынамада орналасуы (Ильин - Маркосян Л. В).
Төменгі жақтың параллелді орталық - сагитталды жазытыққа жылжытылуынан басқа, ол диагонал бойынша жылжыуы мүмкін (төменгі жақтың диагоналды жылжуы). Соңғы жағдай жиі кездеседі. Мұндай қиылыс тістеуде төменгі бүйір тістер біржақты, кері байланыста болып, дисталды орналасады (Э. Энгельдің ІІ класы бойынша). Жақтардың қатынасы бұл жағдайда бірден аасиметриялық жағдайда болады, окклюзия мен сыртқы түр біршама өзгереді.
Сыртқы қаралуда бет - әлпет конфигурациясының кенеттен бұзылуы байқалады, бұл жақта үстіңгі еріннің төмен түсіп кетуі де білінеді, ал беттің төменгі бөлігінің қарама - қарсы жалпаюы байқалады. Төменгі жақтардың бұрыштары да өзгереді: әдетте ол жылжу бағытында тікелей жақын келеді, ал қарама - қарсы бағытта 135 -- 140° - қа кеңейтіледі. Жылжу бағытында төменгі жақтың тармақтарының қысқартылуы болуы мүмкін.
Төменгі жақтың жылжуын анықтау үшін Л.В.Ильиной-Маркосянның функционалдық сынамасы қолданылады (сур. 405 -- 407)*.
Қиылыс тістеуінің барлық формасында ұрттың сілекейлі қабатын тістеуден окклюзионды байланысудың аумағының азаюы себебінен біршама шайнау функциясы бұзылған. Лингвалды қиылыс тістеуде төменгі жақтың бүйір қозғалыстары шектелген. Сол сияқты дыбыстарды айтқанда тілдің орналасуының өзгеруінен сөйлеу мүмкіндігі де бұзылады. Дұрыс емес сөйлеу артикуляциясын анықтау үшін, емделушіге тіс және ызың дыбыстары бар сөйлемді көп мөлшерде айтқызу керек.
Дифференциалдық диагностикада самай - жақтық буындарды ретгенологиялық зерттеуге үлкен мән беріледі. Төменгі жақтың жылжуынсыз қиылыс тістеуде буынның бастары симметриялы және жиірек буын шұңқырында орналасады. Төменгі жақтың жылжуында ассиметриялық орналуы мүмкін. Самай - төменжақтың буындардың қалыпты функциясы жиі бұзылған, кейінірек деформациялық артроз түріндегі аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Емдеу. Қиылыс тістеуді (әсіресе дәлме - дәл, төменгі жақтың жылжытылуымен) ассиметриялық қалыптасудан және беттік қаңқаның дамып кетуінен және самай - жақтық буындардың даму жағдайдарын болдырмас үшін ертерек алдын алған жөн.
Қиылыс тістеудің барлық формалары үшін шайнау, жұту, сөйлеу функцияларын жақсарту мақсатында сыртқы түрдің өзгертілуі және тіс қатарының дефектісі кезіндегі рационалды протездеуге керек жағдайларды жасау үшін емдеуді әр түрлі жаста өткізу керек. Сондықтан көптеген дәрігерлер емдеу шараларын сүт тістеуінде өткізетін болса, онда осындай ауытқуладың алдын алуға болатынын айтып өтті.
Баланы деформациялық бағытта қарқынды шайнауға үйрету керек, мүмкіндігінше жаман әдеттерді тию керек. Біржақты қиылыс тістеу кезінде тіс қатарын дұрыс емес қабысудан сақтандыру үшін дөңестің сүт молярын тегістеуге болады. Мұны тек кері жабуда ғана қолдануға болады.
Баланың үстіңгі тіс қатарының симметриялық тарылу кезінде аузын жапқанда біржақты бүйір тістермен байланыста болу үшін төменгі жақты литералды жылжытады. Ол біржақты қиылыс тістеуіне әкеліп соғады. Бұл үшін сүт ұрты мен моляр арасындағы енін өлшеу арқылы тарылуды анықтауға болады (сур. 61, 62, 404 қараңыз). Бұл өлшемдердің қалыпты жағдайында сүт ұртын тегістеуге болады, ал егер ені азайса, онда төменгі жақтың тіс қатарын кеңейту керек болады.
Ортодонтияда жоғарғы жақты жылдам және жай кеңейту қолданылады. Жылдам кеңейту ортодонтикалық аппараттың үлкен кеңейткіш күшті пайдалану арқылы іске асуымен сипатталады. Бұл әдіспен жақты кеңейту өте аз уақыт периодында орталық таңдай тігісін ашып, оның кейін жаңа сүйек ұлпасына айналуымен жүзеге асады. Бұл клиникалар мен гистологиялық тәжірибелерде рентгенологиялық расталған.
Жылдам әрі жай кеңейтуде күш салатын нүкте - тіс, бірақ жақты кеңейту клиникалық көрініске тәуелді оның тек иілу есебінен емес, сол сияқты таңдай жиегінің ашылу есебінен де болады. Тіс қатары формасын қалыпқа келтіретін және бір уақытта таңдай тігісін ашатын аппараттар берілген.
Лингвалды қиылыс тістеуде сүт тістер периодында жоғарғы жақтың шамадан тыс өсуі, бұл аумаққа басатын ауыздан тыс таңғыш байлайды, астыңғы тіс қатарын бір уақытта тістеумен жүзуге асады. Сүт тістеу периодында көп күш жұмсаудың қажеті жоқ, себебі, жылдам кеңейту мұрын элементтерінің құрылысына әсер етуі мүмкін. Аппараттың күшін тым асырып жіберген кезде, кеңсірік аумағында жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін.
Таңдай тігісінің аумағындағы морфологиялық өзгерісінің динамикасының өзгеруі жоғарғы жақтың кеңейтілуі төрт фазада пайда болатын заңдылықты анықтайды (Логановский А.Я.).
Бірінші фаза үшін, активтелген аппаратты тіркеу моментінен және 3 тәулік шамасында жүзеге асады, коллаген талшықтарының қан - тамырларды басатын күшті созу қасиеттері тән келеді. Рентгенограммада бұл уақытты орталық таңдай тігісі жағынан қандай да бір өзгерісті байқау мүмкін емес. Бұл фазаның соңында жоғары жақтың қарама - қарсы бағыттағы тістер бір - біріне қысыммен әсер етеді, ал нәтижеінде қан құю ошағы пайда болады. Тек осыдан кейін жоғарғы жақтың жарты бөлігінің арасында механикалық байланыс пайда болады және таңдай тігісі ашылады. Иірлік таңдай тігісінің түзілуі сүйек майының дұрыс біркелкі емес өсуінен болады (остеофитикалық) (сур. 408, 409).
Мұндай құбылыстар клиникалық тәжірибелерде көптеп кездеседі. Емделушілердің жағы кеңейген жағдайда, оның тәртіптілігіне қарамастан, ортодонтикалық аппаратпен жүйелік қолдану және біршама күшін пайдалануға көп уақыт кетпейді. Нақты периодта активті кеңейту басталады: жоғарғы жақтың орталық тістерінің арасында диастема пайда болады, ал рентгенограммада таңдай тігісінің саңылауын байқауға болады (сур. 410, 428). Бұл момент және бірінші фазаның соңында өтетін морфологиялық өзгерістерге сәйкес келеді.
Екінші фаза шамамен 3 және15 тәулік арасында жалғасады және кеңейтілетін тігіс шекарасындағы жас сүйек ұлпасының түзілуінің басталуымен сипатталады. Бұл уақытта орталық тістер арасында диастема пайда болады, ал рентгенограммада, әсіресе жақ аумағында жаппай саңылау көрінеді. Балаларда жоғарғы жақтың кеейтілуінде диастема пайда болғаннан кейін аппарат күшін азайту керек болады, себебі оның кейінгі белсенді әсері патологиялық просцестерге әкелуі мүмкін. Аппараттың күшін азайту кезінде жаңа сүйек ұлпасының қалыптасуына әкеледі.
Келесі фазалар тігістің шетімен сүйек ұлпасының ары қарай пайда болумен сипатталады. Осы жағдайда Жақтың жартысының арасында механикалық байланыс азаяды. Үшінші фаза - сүйек ұлпасының белсенді қалыптасу периоды - екінші фазадан кейін бірден жалғасып 15 - тен 30 тәулікке дейін созылады. Бұл периодта жаңа сүйек ұлпасының қарқынды қалыптасуы жүреді, бірақ рентгенограммада тек орталық таңдай тігісінің кеңейтілуін ғана аңғаруға болады. Бұл, жас сүйек ұлпасының рентген сәулесін оңай өткізуіне байланысты болады.
Төртінші фаза - кеңейтілген орталық таңдай тігісі аумағында сүйектің соңғ қалыптасу фазасы болып саналады. Шамамен 30 тәуліктен кейін басталады және 2 ай және одан көп жалғасады. Рентгенограммада тіс түріндегі тігістің орталығына бағытталған жаңа сүйек ұлпасының түзілуін байқауға болады.
Ақырын ортодонтикалық емдеуде жоғары жақты кеңейту үшін шамамен 2 - 3 айдан 1 - 2 жылға дейін уақыт керек болады. Рентгенологиялық бұл жағдайда әрқашан белгілене бермейді және тігістің біршама кеңейтілуі негізінен оның алдыңғы бөлігінде байқауға болады. Мұндағы байланыстырғыш ұлпа қабаты жақтың кейейтілу кезінен бастап рентгенологиялық анықтамасы нақты байқалады. Кейінгі жақтың кеңейтілуінде тігістің ені ұлғаймайды, керісінше, 3 - ші айда және одан кешірек оның кейбір тарылулары сүйек түзуші процецестерге қатысатыны байқалады.
Сур. 408. Бірінші фазаның соңындағы орталық таңдай тігісінің тістерінің схемалық көрінісі: а - бір қалыпта, б - қантамыр жолдарын қысқан кезде.

Сур. 409. Микрофотограмма: 1) 9 жастағы баланың таңдай тігісінің орталық бөлігі; 2) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар стоматологиясы пәнінен дәрістер
ОРТОДОНТИЯЛЫҚ АППАРАТТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Тіс қатары ақауының жіктелуі
тіс қатарының қысқартылуы. ортодонтика
Стоматологиядан дәрістер
Төменгі жақ сүйегін резекциялағаннан кейінгі протездер
Тіс қатарлардың аномалиялары
Металдардың қирауы, қаттылығы, тозуы
Ортодонтия және стоматологиялық ортопедиялық негіз ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендемеген кездегі тістердің аса қажалуы, клиникасы, емдеуі
Пәндер