Мен сүйіп оқитын Абай өлеңдері



Абай өлеңдеріне шолу.
Мен сүйіп оқитын Абай туындылары

Шын хакім,сөзің асыл . баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жаның.
Әлемнің құлағынан әні кетпес.
М.Жұмабаев
Қазақ жұртының маңдайына біткен бірегей ұлы,қаламгер.ағартушы,философ,композитор,ұлтын сүйген біртуар ақын,әлемді мойындатқан ойшыл,дана Абай Құнанбаев әрбір есті қазақтың жүрек түкпірінен терең орын алған десек қателеспейміз.Мен сол көп қазақтың бірі ғанамын.Осыдан 7-8 жыл бұрын М.Мақатаев өлеңдерімен әуестеніп,әкеме менің ең сүйікті ақыным Мұқағали,ол ең мықты ақын дегенімде,әкемнің : қазақта Абайға парапар ақын жоқ,осыны ұмытпа дегені әлі есімде.Сол уақыттан бері осы ұғымды талай-талай ұлы адамдардың айтып кеткендігін естіп келемін.Абай анасының да аты Ұлжан болғандықтан ба, мені Абаймен байланыстырып тұратын бір жақындық бар сияқты болады да тұрады.
Абай Құнанбаев шығармалар жинағы

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: Қазақ тілі білімі

ЭССЕ

Тақырып: Мен сүйіп оқитын Абай туындылары

Орындаған: Жұмағазы Ұ.
Қабылдаған: Қалдыбаев Т.
Группа:Фи-13-7Р

Шымкент 2014

Мен сүйіп оқитын Абай туындылары

Шын хакім,сөзің асыл - баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жаның.
Әлемнің құлағынан әні кетпес.
М.Жұмабаев

Қазақ жұртының маңдайына біткен бірегей ұлы,қаламгер.ағартушы,философ,компо зитор,ұлтын сүйген біртуар ақын,әлемді мойындатқан ойшыл,дана Абай Құнанбаев әрбір есті қазақтың жүрек түкпірінен терең орын алған десек қателеспейміз.Мен сол көп қазақтың бірі ғанамын.Осыдан 7-8 жыл бұрын М.Мақатаев өлеңдерімен әуестеніп,әкеме менің ең сүйікті ақыным Мұқағали,ол ең мықты ақын дегенімде,әкемнің : қазақта Абайға парапар ақын жоқ,осыны ұмытпа дегені әлі есімде.Сол уақыттан бері осы ұғымды талай-талай ұлы адамдардың айтып кеткендігін естіп келемін.Абай анасының да аты Ұлжан болғандықтан ба, мені Абаймен байланыстырып тұратын бір жақындық бар сияқты болады да тұрады.

"Абайды оқымаған қазақ - қазақ емес " деген Б.Момышұлының өсиетін ескере келе,мен де ақын өлеңдерімен таныса бастадым.Абай Лермонтов,Пушкин,Байрон шығармаларынан өзіне жақындық тапқаны секілді,мен Абай өлеңдерінен жүрегіме соншалықты жақын,соншалықты жағымды дүниелер таптым.Мен Абайдан білімге деген құштарлықты,халқыма деген сүйіспеншілікті,тіліме деген құрметті,дініме деген сенімді,әлемге деген қызығушылықты үйрендім.Ендеше, осы эссемде Абайдың өзім сүйіп оқитын шығармалары жайлы сөз қозғағым келеді.
Абайдың :
Қалың елім,қазағым,қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы мене жаманды айырмадың,
Бірі қан,бірі май боп екі ұртың, - деген өлең жолдары жүрегіме ең жақын туынды.Өз заманында өзгеден ойы озық туған ақын осы өлеңінде жұртының надандығына,сауатсыздығына,бейқамды ғына налып,жаны аши қарайды.Ақын жүрегінің осы бір сыршыл шумақтарын оқыған сайын Абай сезінген сезімнің бір ұшқынын ұққандай баламын.
Ғаламның кілті,мағыналы өмірдің мәні,ақылдың шыңы білімде екенін ерте ұғынған Абай өзінің ғана емес,дүйім жұртының да сауатын ашуды армандаған.
"Ғылым таппай мақтанба ", "Әсемпаз болма әрнеге " , "Жасымда ғылым бар деп ескермедім ", "Интернатта оқып жүр ", " Білімдіден шыққан сөз" тағы басқа өлеңдерін осы мақсатта өскелең ұрпақты тәрбиелеу ойымен шығарса керек.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла.
Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым,кінә қойма,- деген өлеңін оқи отыра,Абай жанының жалғыздық көргенін,кең жазира қазақ даласында оған мұңдас,сырлас жандардың аз болғанын байқаймыз.Әлем ойшылдарымен дәрежесі тең талант иесінің осы өлеңі кез келген жүректі шымырлатпай қоймайды.
Абай өлеңдерінің ішінде ерекше көзге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғ. екінші жартысы –ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына шолу
Абай Құнанбаев өмірбаяны
Абайдың қоғамдық қызметі
Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің педагогикалық сарыны
Абай (Ибраһим) Құнанбайев
Қара сөздердегі адамгершілік бастауы
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы кейіпкерлердің сипаттамасы
Қуат Терібаевтің айтыстары мен аудармалары
Пәндер