Мемлекеттік қарыз және оның зардаптары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Мемлекеттік қарыздар және оның пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері ... ... ... ... ... ... ... ...7

II. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ БАСКАРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Мемлекеттік қарызды басқарудың заңнамалық нысандары ... ... ... ... ... ..10
2.2 Қазақстандағы мемлекеттік қарызды басқарудың мәселесі ... ... ... ... ... ...13
2.3 Қазақстанда мемлекеттік қарыздың басқаруында кездесетін мәселелерді шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

III. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.1 Мемлекеттік қарыздың экономикалық салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.2 Қарыз кезіндегі бюджет тапшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.3 Мемлекеттік қарыздың мағынасы және оны жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Пайдаланған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Мемлекеттік қарыз және оның зардаптары». Жұмыстың тақырыбы өте өзекті болып келеді, өйткені объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік қарыз және оның зардаптары туралы талқылайды – жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты — мемлекеттік қарыздың мәні, оны басқару және зардаптарын көрсету.
Бұл мақсатқа жету үшін біз мына міндеттерді орындауымыз керек:
- мемлекеттік қарыздың мәні мен құрылымын;
- мемлекеттік қарыз және оны реттеудегі негізгі әдістерін;
- мемлекеттік қарызды басқарудың заңнамалық нысандарын;
- Қазақстандағы мемлекеттік қарызды басқарудың мәселесін;
- мемлекеттік қарыздың экономикалық салдарын көрсету.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие мен мемлекеттік қарыздарды зерттеудің маңыздылығы экономикалық жүйедегі орнымен анықталады. Мемлекеттік қарыз ұлттық экономиканы басқарудың басты проблемалардың бірі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы секторы тұрақты дамуда. Бұған қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура және соңғы жылдар бойы Қазақстандағы макроэкономикалық дамудың жоғары тұрақты қарқыны ықпал етуде. "Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдендірген қарыз алу.
1) Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет
2) Мемлекеттік борыштық міндеттемелерді шығару бюджет тапшылығының жоюының негізгі әдістерінің бірі // «Мемлекет және қоғам: қарымқатынастарының жаңа аспектілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференцияның материалдары. -2006.-309-312бб.
3) Мемлекеттік қарыздануға көзқарастардың теориялық эволяциясы // «Бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың мәселелері және келешегі» . -2006.-112-114бб.
4) Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы // Аль- Пари журналы -2007.
105-108бб.
5) www.kaznacheistvo-almaty.kz «Мемлекеттік борышты және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борыш тәуекелдерін басқару».
6) www.nationalbank.kz 20.02.2013 « Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекеттің кепілгерліктері бойынша борыштың жағдайын жыл сайын бағалау және 2013-2015 жылдарға арналған болжамы».

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Экономикалық теория пәні бойынша

тақырыбы: Мемлекеттік қарыз және оның зардаптары

ОРЫНДАҒАН: Баймуханова Назгүл
Есеп және аудит факультеті 1курс

ТЕКСЕРГЕН: Темірбек .Е.Б

Алматы 2013
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Мемлекеттік қарыздар және оның пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .5
1.2 Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... 7

II. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ БАСКАРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Мемлекеттік қарызды басқарудың заңнамалық нысандары ... ... ... ... ... ..10
2.2 Қазақстандағы мемлекеттік қарызды басқарудың мәселесі ... ... ... ... ... ...13
2.3 Қазақстанда мемлекеттік қарыздың басқаруында кездесетін мәселелерді шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

III. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 19
3.1 Мемлекеттік қарыздың экономикалық салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.2 Қарыз кезіндегі бюджет тапшылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3
3.3 Мемлекеттік қарыздың мағынасы және оны жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Пайдаланған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы - Мемлекеттік қарыз және оның зардаптары. Жұмыстың тақырыбы өте өзекті болып келеді, өйткені объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік қарыз және оның зардаптары туралы талқылайды - жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты -- мемлекеттік қарыздың мәні, оны басқару және зардаптарын көрсету.
Бұл мақсатқа жету үшін біз мына міндеттерді орындауымыз керек:
- мемлекеттік қарыздың мәні мен құрылымын;
- мемлекеттік қарыз және оны реттеудегі негізгі әдістерін;
- мемлекеттік қарызды басқарудың заңнамалық нысандарын;
- Қазақстандағы мемлекеттік қарызды басқарудың мәселесін;
- мемлекеттік қарыздың экономикалық салдарын көрсету.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие мен мемлекеттік қарыздарды зерттеудің маңыздылығы экономикалық жүйедегі орнымен анықталады. Мемлекеттік қарыз ұлттық экономиканы басқарудың басты проблемалардың бірі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы секторы тұрақты дамуда. Бұған қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура және соңғы жылдар бойы Қазақстандағы макроэкономикалық дамудың жоғары тұрақты қарқыны ықпал етуде. "Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдендірген қарыз алу. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды оның үкіметі, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады. Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандылығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдалануымен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие мен мемлекеттік қарыздарды зерттеудің маңыздылығы экономикалық жүйедегі орнымен анықталады. Көптеген елдер оның ішінде Қазақстан да борышкерлік міндеттемелерімен, әсіресе, активтер мен пассивтердің құрамы мөлшерлердің құбылмалы пойыздардың үлкен көлемді және қысқа мерзімдермен сипатталатын инвестициялардың ағындары дұрыс болжауда қиындықтар кездестіруде. Қазақстан қазіргі кезде экономикалық сатысында және мемлекет тұрғысыннан инвестициялардың, ал сонғы жылдары жеке меншік арналар бойынша аса белсенді айтарлықтай үлкен көлемдін тартуда. Мемлекеттік кепілдігі жоқ жеке меншік секторының қарызы еліміздің жалпы қарызының 90,4%-ын құрайды, және оның одан әрі өсу үрдісі байқалады. Мұнда ең үлкен қауіпті екінші дәрежедегі банктердің сыртқы міндеттемелердің өсуін тудырады.
Мемлекеттік қарыз бюджеттің жеткіліксіз болуынан халықаралық қаржы ұйымдармен шетелдерден несие алудың нәтижесінде орын алады. Мемлекеттік қарыздың өзі екіге бөлінеді: Ішкі және Сыртқы. Ішкі дегеніміз -- мемлекеттік құнды қағаздар иегерлеріне, ал сыртқы -- өзге мемлекеттермен халықаралық қаржы ұйымдарына қарыз болуы. Қарызсыз ел болмайды. Барлық дамығын елдердің өзідерлік қарыздан көз ашпайды. Ең бастысы сол қарызды тиімді пайдаланып, соның арқасында ел экономикасын дамыту.
Мемлекеттік қарыз -- шығарылып, өтелмеген мемлекеттік заемдар сомасы мен есептелген пайыз қойылымы. Өтелмеген мемлекеттік заемдар белгілі бір мерзімге дейін пайызбен қоса қайтарылуы тиіс.

I. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Мемлекеттік қарыздар және оның пайда болуы
Мемлекеттік қарыздың пайда болуы елдің салықтық-бюджет саясатының табиғи салдары болып табылады. Берешектің пайда болуының арқасында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, шаруашылық жүргізуші субъектілер өзінің тұтынушылық және өндірістік артықшылықтарын іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер алады және сонымен қатар экономикалық өсімге ықпал етеді. Республикалық бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде қарыз алуды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мемлекеттік қарыз алу мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және қарыз шарттарын жасасу жолымен ішкі және сыртқы нарықта жүзеге асырылады. Несие қаражатының қайдан алынғанына қарай Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы қарыздарға, қызмет көрсету мерзіміне қарай күрделі және ағымдағы қарыздарға, мерзіміне қарай:
+ қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;
+ орта мерзімді - 1 жылдан 10 жылға дейін;
+ ұзақ мерзімді - 10 жылдан аса мерзімге - борыш түрлеріне бөлінеді.
Сонымен қатар күрделі және ағымдағы мемлекеттік қарыздарды ажыратады.
Күрделі мемлекеттік қарыз -- мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса айтады. Ағымдағы қарыз -- бұл мемлекеттің барлық борышкорлық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредиттік қатынастарды білдіретін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады.
Қарыздардың салықтардан айырмашылығы:
Қарыздар
Салықтар
1) ерікті сипаты;
2) мәжбүрлеудің бүркемелі нысаны
1) мәжбүрлеме сипаты:
2) мәжбүрлеудің анық нысаны
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады.
* Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), ортамерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады.
* Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетелдік азаматтар мен қоғамдар сатып ала алады.
* Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады.
Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақшалай нысанда шығарылады, бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады. Эмитентке қарай қарыздар орталық үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады. Табыстылық түрлері бойынша қарыздар қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алатын пайыздық, ұтыстық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.
Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 жылы республика Үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының боналары шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25.50.500 мың теңге мөлшерінде 4 рет ойналады. Қарыздың шарттары бойынша 1982 жылғы одақтық қарыз бойынша облигацияларды боналарға айырбастау жолымен Үкімет міндеттемелер қабылдады. 1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-заңи және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі қарызының ұлттық жинақ облигацияларын тарату басталды. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады. Шартты мемлекеттік кредитте кепілдер мен кепілгерліктер нысандар болып табылады. Жыл сайын республикалық бюджет тапшылығының көлемі өсіп отырған фактіні қабылдай отырып, үкіметтік борыштың өсуі заңдылық. Борыштың пайда болуы қарыз алушы борышқа уақытылы қызмет көрсету және өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындайды деген болжамға сүйенеді. Алайда егер қарыз алушының кірістері жеткіліксіз болса, бұл жағдайда борыштық проблемалар туындайды: жинақталған борыш қарыз алушы өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайға жетеді. Демек республика деңгейінде тәуекелді басқару және борышты экономикалық қолайлы деңгейде ұстаудың тиімді рәсімдерін жасауға қажеттілік туындайды.

1.2 Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері
Мемлекеттік қарызды басқарудың әлемдік практикасы сонымен бірге мынадай әдістерді қарастырады: қайта қаржыландыру, жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, кемімелі арасалмақ бойынша облигацияларды айырбастау, қарызды өтеудің мерзімін ұзарту, мемлекеттік қарыздан бас тарту.
Қайта қаржыландыру мемлекеттік берешекті жаңа қарыз шығару есебінен өтеуді білдіреді. Бұл ретте, бұрын шығарылған қарыздардың орнына бірдей құндық арасалмақпен бағамдық айырмашылықты есепке алмай жаңа қарыздың облигациялары беріледі.
Жаңғырту деп бұрын шығарылған қарыздардың шарттарын табыстылығы бойынша аз жағынан да, көп жағынан да өзгертуді айтады. Бірінші жағдайда үкімет борыш бойынша елеулі шығыстар кезінде, екіншісінде инфляцияның болуы кезінде немесе қарыздық облигацияларды сатып алудағы халықтың мүдделігін күшейту мақсатымен істейді.
Мерзімді ұзарту мерзімі бойынша қарыздың бастапқы шарттарын оларды ұзарту немесе қысқартумен байланысты өзгерту болып табылады. Сәйкестендіру бірнеше қарыздарды бір қарызға біріктіруді білдіреді, бұл мемлекеттік қарызды басқаруды оңайлатады. Мемлекеттік қарыз ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік қарызды мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналасу нарығына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.
Сонымен қатар мемлекеттік қарыздың капиталдық және ағымдық түрлері бар. Капиталдық мемлекеттік қарызға мемлекеттің шығыарылған және өтелмеген борыштық міндеттемелерінің барлық сомасы (бұл міндеттемелер бойынша пайыздарды қоса есептегенде) жатады.
Ағымдық қарыз - бұл төлеу мерзімі жеткен мемлекеттің барлық мінедеттемелерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді. Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Экономикалық жағынаң дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болып табылады. Мемлекеттік сыртқы қарыз - шетелдік несиегерлер турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы.
Дүниежүзілік тәжірибеде мемлекеттік мөлшерді салыстырмалы сипаттау үшін арнайы көрсеткіш - борышқа қызмет көрсетудің коэффициенті пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің елдің валюталық түсімдеріне қатысы ретінде есептеп шығарылды. Облигацияларды кемімелі арасалмақ бойынша айырбастау Ұлттық ақша бірлігінің дефляциясы жағдайында және мемлекетке қарыздар бойынша тым қымбат ақшамен есептесу тиімсіз кезде жүргізіледі. Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту мемлекеттің едәуір берешегі кезінде, сондай-ақ олармен байланысты болатын қаржылық қиыншылықтар кезінде қолданылады, үкімет қарыздарды өтеудің және олар бойынша төлемақының мерзімдерін кейінге қалдыра тұру туралы мәлімдейді. Мемлекеттік қарызды төлеуден бастарту (күшін жою) елде саяси режім ауысымы және жаңа үкіметтің бұрынғы міндеттемелерді олардың заңсыздығы себепті орындауды мойындамауы кезінде болады. Бас тарту мемлекет банкроттығының салдарынан болуы мүмкін.
Мемлекеттік қарызды басқарудың аталған әдістері әр түрлі үйлесімде бір мезгілде, мысалы айырбастау, мерзімді ұзарту және сәйкестендіру немесе айырбастау және сәйкестендіру және т.с.с. қолданылуы мүмкін. Қаржыны сауықтыру, соның ішінде мемлекеттік қарыздың өсу қарқынын төмендету жөніндегі шаралардың ішінде мемлекеттік меншіктің бір бөлігін өткізуге болады, яғни жекеше секторға сату жолымен активтердің бір бөлігінен бас тарту; бұл тиімділігі аз меншікті қолдау жөніндегі мемлекет көтеретін ауыртпалықты азайтады. Ұлттық экономиканы дамыту шикізат салаларына шетел кредиттерін, инвестицияларын салмайынша, экспорт және импорт алмастырушы салаларға, аграрлық сектор мен тұтыну тауарларының өндірісіне озат технологияларды тартпайынша мүмкін емес. Бірақ шетел капиталы мен валюталық ресурстарды тарту оларды жоғары тиімділікпен пайдалануға, лайықты қарыздық қаражаттардың қайтарымына дәлелді тәсілдемені қажет етеді: негізгі борыштың сомасы мен пайыздарын төлеу бұл жағдайда нақты өнімнің бір бөлігін басқа елдердің қарамағына беруді қажет етеді. Елеулі сыртқы борыштың көбеюі ұлттық валюта бағамының, экспорт пен импорттың арасалмағының өзгеруімен, отандық экономиканың дамуындағы қиыншылықтармен байланысты ұзақ мерзімді теріс экономикалық зардаптарды тудыруы мүмкін.

II. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ БАСКАРУ
2.1 Мемлекеттік қарызды басқарудың заңнамалық нысандары
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы Қазақстан Республикасының заңдары ҚР-ның Конституциясында негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларыннан, осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыщ туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы тек қана Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. Мемлекеттік емес қарыз алу осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Мемлекеттік қарыз алу және борыш сұрақтарының нормаларын қамтитын нормативтік құқықтық актілер:
* Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексі (12-бөлім Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілгерлігі);
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.02.2009 жылғы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (12-бөлiм Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздар).
Мемлекеттік органдардың қарыз алуы мен борышты басқару саласындағы өкілеттігі Қазақстан Республикасының Парламенті өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері жүктелген республикалық бюджетті бекіту жөніндегі өкілеттікті жүзеге асырады. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілдігі туралы жалпы ережелер бойынша:
199-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергі - лікті атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекет кепілдік берген қарыз алу Қазақстан Pecпублика - сының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асы - рылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы "Қазақстан Pecпубликасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.
3. Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Рес - публикасының резиденттері кез келген мөлшерде, кез келген валютада және кез келген нысанда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шек - теулерді ескере отырып, өз бетінше жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдікпен және мемлекет кепілгер - лігімен тарта алады.
4. Жедел басқару құқығында мүлкі бар заңды тұлғаларға мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым салынады. 202-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелері
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі респуб - ликалық бюджеттің қаражатымен қамтамасыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде міндеттемелер атқарады.
2. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет - тердің қаражатымен қамтамасыз етілетін өзінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде міндеттемелер атқарады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар бір-біpінің міндеттеме - лері бойынша жауап бермейді. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері қарыз берушіге негізгі борыш қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық мөлшерде төленген кезде орындалды деп есептеледі.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесін есепке алуды, талдауды және бақылауды жүзеге асыру арқылы тиісінше үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы органдар борышының мониторингін жүзеге асырады.
204-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі туралы мәліметтерді жариялау.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік борышының ағымдағы жай-күйі, мемлекеттік борышты өтеу есебіне төленген ақша сомасы, берілген мемлекеттік кепіл - діктер және мемлекет кепілгерліктері және кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша төленген ақша сомасы туралы мәліметтер ашық болып табылады және олар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның статистикалық есеп нысанында тоқсан сайын ресми жариялауына жатады.
Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес заемдарының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді; қаржы рыногымен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша үкіметтік және мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарға қызмет көрсетуге екінші деңгейдегі банктерге уәкілдік береді. Барлық мемлекеттік заемдарды және мемлекеттік кепілдіктерді тіркеуді, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштардың мониторингін және оны басқаруды жүзеге асырады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады.

2.2 Қазақстандағы мемлекеттік қарызды басқарудың мәселесі
Қазақстан практикасында бюджеттердің тапшылықтары мен мемлекеттік борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша айтарлықтай ажыратылады. Мемлекеттік қарыздың едәуір бөлігі үкімет тұрғыза -тын өзгеше "қаржы пирамидасы" болып табылатын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттік сыртқы қарыз шетелдік несиегерлер турасында бергілі бір күнге, бергіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемеленің сомасы. Салалар бөлінісінде соңғы 5 жыл ішінде тартылған сыртқы қарыздар көлемі

Елдің сырты қарызының болуы орынды дүниежүзілік практика болып саналады. Алайда, оның шегі болады, ол шектен мемлекеттік қарыздың артуы қауіпті бола бастайды. Қазақстан Республикасының үкіметтік қарызын өтеуді және оған қызмет етуді Қаржы министрлігі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңында көзделген қаражат есебінен Ұлттық банк арқылы, Ұлттық банктің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Ұлттыұ банк өзінің билігіндегі активтер есебінен, жергілікті атқарушы органдар-дың мемлекеттік қарызын өтеуді және оған қызмет көрсетуді ол тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен Ұлттық Банктің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органның қарыздарыда қызмет көрсету үшін тартылатын екінші деңгейдің банктері арқылы жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттік қарыздарды Үкімет белгіленген тәртіппен Қаржы министрлігінде тіркеліп, есепке алынуға тиіс. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің қаражатымен қамтамасыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету, Ұлттық банк өзінің билігіндегі барлық активтермен қамтамасыз етілетін Ұлттық банктің қарызын өтеу және оған қызмет көрсету жергілікті атқарушы орган билігінде тұрған меншік құқығындағы мүлікпен, қаржы ресурстарымен және басқа да активтермен қамтамасыз етілетін өз борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді атқарады.
Сыртқы үкіметтік борыш
2012 жылғы 1 қаңтарға Үкіметтің сыртқы борышы 661,2 млрд. теңгені (4,5 млрд. АҚШ долл.) құрады. Халықаралық қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелер үкіметтік сыртқы борыштың жалпы көлемінен 72,9%-ды, шет мемлекеттердің үкіметтері алдындағы -- 22,6%-ды, шетелдік коммерциялық банктер алдындағы - 4,5%-ды құрады.

ХҚДБ - Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі
ЖХЫА - Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі
АДБ - Азия Даму Банкі
ШКБ - шетелдік коммерциялық банктер
ЕҚДБ - Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі

Ішкі үкіметтік борыш
2012 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі борышы 2 080,5 млрд. теңгені (14,0 млрд. АҚШ долл.) құрады.
Қаржы министрлігі тіркелген және индекстелген купон ставкалары бар өтеу мерзімі 1 жылдан 20 жылға дейінгі мемлекеттік бағалы қағаздарды (МБҚ) шығаруды жүзеге асыруда. 2012 жылғы 1 қаңтарға айналымдағы МБҚ негізгі бөлігін ұзақ мерзімді МБҚ (37%) және ұзақ мерзімді индекстелген МБҚ (34%) құрайды, МБҚ қалған бөлігі орта мерзімді МБҚ (24%), қысқа мерзімді МБҚ (5%) түрінде берілген.
01.01.2012ж. МБҚ қоржынының құрылымы

Қарыздың негізгі сомасы қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық көлемінде жағдайда мемлекеттік борыш өтелген болып саналады. Мемлекеттің сыртқы қарызының болуы ол жасалынған өнімнің бір бөлігін елден тыс жерге берудің қажеттілігін білдіреді. Мемлекеттік қарыз бойынша пайыздық төлемдердің тез өсу тенденциясы бар. Мұндай төлемақылар болашақ экономикалық дамуды тежейді және резипиентел бюджетінің тапшылығын ұлғайтады. Сыртқы қарыздың өсуі сонымен қатар, реципиентелдің халықаралық абыройын төмендетеді және ел үкіметінің саясатына халықтың сенімін кетіреді. Ірі және созылмалы тапшылықтардың және мемлекеттік қарыздың болуының келеңсіз зардаптары микроэкономикалық тұрақтылықтың бұзылуымен бірігеді.
Мерзімді ұзарту мерзімі бойынша қарыздың бастапқы шарттарын оларды ұзарту немесе қысқартумен байланысты өзгерту болып табылады. Сәйкестендіру бірнеше қарыздарды бір қарызға біріктіруді білдіреді, бұл мемлекеттік қарызды басқаруды оңайлатады. Қарызды өтеудің мерзімін ұзарту мемлекеттік едәуір берешегі кезінде, сондай ақ олармен байланысты болатын қаржы қиыншылықтары кезінде қолданылады, үкімет қарызды өтеудің және олар бойынша төлемақының мерзімдерін кейінге қалдыра тұру туралы мәлімдейді.

2.3 Қазақстанда мемлекеттік қарыздың басқаруында кездесетін мәселелерді шешу жолдары.
Халықаралық тәжiрибенi негiзге ала отырып және елдiң борышын басқарудың ағымдағы жай-күйiнiң жағдайын ескере отырып, мынадай бағыттар бойынша борышты басқарудың тұрақты және тиiмдi жұмыс iстейтiн жүйесiн қалыптастыру үшiн тиiстi шараларды iске асыру орынды болып отыр. Жаңа құрылымда көрсетiлген "Мемлекеттiк басқару секторының борышы" ұғымы бюджет заңнамасында айқындалған мемлекеттiң тiкелей борыштың мiндеттемесi болып табылатын "мемлекеттiк борыш" ұғымына сәйкес келедi. Борыштың көрсетiлген жаңа құрылымы мемлекеттiң қазiргi борыштық мiндеттемелерiн ұлғайтуды бiлдiрмейдi, БҰҰ-ның, ХВҚ-ның секторалдық ұстанымдарына және Тұжырымдаманың мақсаттарына барынша сәйкес келетiн жiктеме болып табылады.
Мемлекет басым қатысатын ұйымның сыртқы борышын басқаруға және жеке сектордың сыртқы борышын реттеуге жауапты мемлекеттiк органдар арасында ақпарат алмасудың жұмыс iстейтiн жүйесiнiң жоқтығы борышты басқарудың негiзгi проблемаларының бiрi болып табылады. Сондықтан мемлекеттiк органдар арасында ақпаратпен алмасуды жүзеге асыру және борыштың жай-күйiне тиiстi деңгейде жүйелiк талдау жүргiзу үшiн бiрыңғай кiрiктiрiлген электрондық деректер базасы құрылатын болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік борышты басқарудың 2013-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді саясатының мынадай мақсаттарын өз алдына қояды:
* оның төлем міндеттемелері мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік борыш және оны басқару
Ішкі және сыртқы борыштар
Мемлекеттік борыш және оны басқару туралы
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді шешу жолдары
Халықаралық мемлекеттік несие
Қаржы және инфляцияның шығу тарихы
Қаржы және инфляия туралы түсінік
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары
Инфляция туралы ақпарат
Мемлекеттік борыш оның түсінігі және түрлері
Пәндер