«Халық банкі» АҚ-ның құрылу тарихы, акционерлері және қаржы ұйымдары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

6
1.1 Коммерциялық банктердің несиелік операциялары 6
1.2. 1.2 «Халық банкі» АҚ.ның құрылу тарихы, акционерлері және қаржы ұйымдары
14
1.3 Банктің қаржылық. шаруашылық нәтижесін талдау 16
2 БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ . НЕСИЕЛІК
НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ЕСЕП ЖАСАУ
24
2.1 « Халық банктің» несиелік құрылымы мен құрамын талдау 24
2.2 Банктің несиелік қоржынын бағалау 41
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ. НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН БАСҚАРУДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
46
3.1 «Халық банкі » АҚ.ның бөлімшесінің қаржылық. несиелік жағдайын жақсарту бойынша шаралар
46
3.2 Несиелік тәуекелді төмендетудің банк қызметінің тиімділігіне әсері 49
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59
ҚОСЫМША А 61
ҚОСЫМША Б 62
ҚОСЫМША В 63
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде экономиканың нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты нарықтық субьектілердің еркіндігі жоғарылап, экономикалық және заңдылық жауапкершілігі артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні бірдей өсті. Мұның бәрі олардың қаржылық жағдайын бағалау рөлін арттырды: ақша құралдарын орналастыру мен пайдалану.Ондай бағалаулардың нәтижелері ең алдымен банктің алдағы қызметіне, меншік иелеріне, кредиторларға, инвесторларға, жеткізушілерге, менеджерлерге және салық органдарына керек. Берілген жұмыста банктің несиелік тәуекеліне сипаттама беріледі және талданады.
Банк - клиенттердің ақшасымен жүргізілетін бизнес жүйесі. Сондықтан, клиенттермен бірге ақша табуға тырыса отырып, олардың да өз бизнесін дамытуына жағдай жасайды. Бұл банкке де, клиенттерге де пайдалы, үнемі жаңа банк өнімдерін енгізіп отырады, олай етпесе, барлық артықшылықтарын жоғалтып алуы мүмкін. Сол себепті, банк өзінің жұмысын әрқашанда жаңартып, әр - түрлі акциялар жүргізеді, жаңа технологияларды енгізіп отырады.
Коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін Орталық банктен қарыз алады. Біздің республиканың банктік тәжірибесінде бұл жиі болатын құбылыс. 2005 – 2007 жылдары коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының 60 пайызын Ұлттық банкінің орталықтанған несиелері есебінен толтырды. Сөйтіп, Ұлттық банкінің несиелері банктердің ресурстарының тұрақты көзіне айналды.
Коммерциялық банктер өз қызметі барысында Ұлттық банкінің заңдары мен ережелеріне сүйенеді. Ұлттық банк және коммерциялық банктер бір – бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қазақстанда коммерциялық банктердің даму қарқыны жоғары деп айтуға болады. Себебі, қазіргі кезде осы банктердің жоғары деңгейге жетіп дамуына байланысты ел экономикасына да, жағдайы да жақсаруда. Банктердің барысындағы бәсекелестіктің арқасында әрбір банк бәсекелестікке бейім келеді. Әр - түрлі акциялар жүргізу арқылы клиенттерді өздеріне тартады.
Банктердің несие жүйесі қазіргі уақытқа дейін ұзақ тарихи дамуда және де ол нарықтық экономиканың талаптарына сай өзгеріп отырады. Қазіргі несие жүйесінде мынадай үш негізгі буын бар:
1) Орталық банк;
2) Коммерциялық банктер;
3) Маманданған несие – қаржы институттары.
Қазіргі коммерциялық банктер несие – қаржы мекемелерінің әмбебап сипаттағы түрі. Ол халық пен кәсіпорындардан салымдар қабылдап несие беріп қана қоймай сонымен қатар клиенттерге қаржылық қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктердің операциялары пассивті және активті болып көрінеді.
Қазақстанда коммерциялық банктер екінші деңгейдегі банктер болып табылады. Коммерциялық банктер ссудалық капитал нарығының әр түрлі секторларында әрекет етуші көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибеде танымал қаржылық операциялар мен қызметтердің басым бөлігін орындайды. Коммерциялық банктер дәстүр бойынша кез келген елдің несие жүйесінің барлық жүйесі рөлін атқарады.
Олар бұрынғысынша үкіметтің, іскер топтардың және миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын жинақтаушы қаржы орталығы болып табылады. Ссудалық және инвестициялық банктер әртүрлі қарыз алушылар үлкен өз қорларына жол алады.
Берілген жұмыстың негізгі мақсаты – «Халық банкі» АҚ несиелік ресурстарының негізгі проблемаларын ашып, несиелік қоржынын басқару бойынша ұсыныстар жасау.
Несиелік тәуекелді басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның нақты несиелік жағдайы жөнінде баяндау және несиелік тәуекелдің деңгейін анықтай отырып, банктің алдағы қаржы жылдарының жемісті еңбек етуін қамтамасыз ету.
Берілген мақсаттардан келесі міндеттерді құруға болады:
- қаржылық тұрақтылықты бағалау;
- табыс пен рентабельділікті талдау;
- несие тәуекелінің топтамасын жасау
- несиелік тәуекелдің деңгейін төмендету бойынша шараларды ұсыну.
Жоғарыда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін «Халық банкі» 2005-2007 жылдары қаржылық- шаруашылық есебі пайдаланылады.
«Халық банкі» нарықтағы қаржылық операцияларды жүзеге асырушы, несие беру, депозитке алу сияқты екінші деңгейлі банктерге тән қызметті атқаратын коммерциялық банк болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998.28.01. № 3838 Жарлығы. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің 1998 – 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасының Заңы. Аудиторлық кызмет туралы. Астана, 20.11.1998.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Бухгалтерлік әдістемесі және әдістемелік ұсынымдары, - Алматы: Кәусар бұлақ, 1999.
4. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предриятиях.-Алматы: Центраудит –Казахстан ,2002.-728с.
5. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. – Алматы, 2003. -655 бет.
6. Кеулімжаев Қ.К.,Әжібаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. – Алматы,2003.
7. Кеулімжаев Қ.К., Корреспонденция счетов. –Алматы: БИКО, 2000.
8. Ілиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005. – 552 бет.
9. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Баймомартов Ү.С., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. – Ақтөбе, 2004
10. Правовое регулирование банковской деятельности. /Под ред. Е.А. Суханова - А.: Учебно-консультативный центр "ЮрИнфо", 2006.
11. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. Іскер адамның орысша - қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі.- Алматы:МВП Инкар,2004.-320 бет.
12. Әмірқанов Р.Ә.,Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы.-Алматы: 1999.-188 бет.
13. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие.-Алматы: Экономика, 2002.-184 с.
14. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник. –Москва: 2004.-760с.
15. Балабанов А.И.,Балабанов И.Т. Финансы. Учебное пособие.- Петербург: 2000. -192 с.
16. Балабанов И.Т. Основы финансового менеджмента. Учебное пособие.-Москва: 1999-512 с.
17. Берлин С.И. Теория финансов.Учебное пособие. –Москва:Приор,2000.-256 с.
18. Дробозина Л.А. Финансы.Учебник для вузов.- М.:ЮНИТИ,2000.-527 с.
19. Елубаева Ж.М., Бюджетная система Республики Казахстан: теория, практика и направления развития. - Алматы: 2004-346 с.
20. Заяц Н.Е., Фисенко М.К., Бондарь Т.Е. и др. Теория финансов. Учебное пособие. - М.:Высшая школа, 2004.-368 с.
21. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования.- Алматы. Қаржы-қаражат.1995.-160 с.
22. ҚұлпыбаевС. және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. - Алматы.:Мерей, 2001.-176 бет.
23. Мельников В.Д.,Ли В.Д. Общий курс финасов. Учебник.-Алматы:Институт развития Казахстана, 2001.-285 с.
24. Сарсенова Д.А. Применние методов учета себестоимости услуг на предприятиях. Журнал. Бухгалтерский учет и аудит.№5, 2004г.
25. Банковское законодательство/ Под ред. Е. Ф. Жукова, А.: ЮНИТИ, 2005.
26. Белгібаев Қаржы және банк статистикасы - Алматы,2005ж
27. Қалғұлова А. Банктегі бухгалтерлік есеп беру – Алматы 2006ж
28. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. – Алматы 2007ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
6
1.1 Коммерциялық банктердің несиелік операциялары 6
1.2. 1.2 Халық банкі АҚ-ның құрылу тарихы, акционерлері және қаржы
ұйымдары 14
1.3 Банктің қаржылық- шаруашылық нәтижесін талдау 16
2 БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ - НЕСИЕЛІК
НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ЕСЕП ЖАСАУ 24
2.1 Халық банктің несиелік құрылымы мен құрамын талдау 24
2.2 Банктің несиелік қоржынын бағалау 41
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ- НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН БАСҚАРУДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 46
3.1 Халық банкі АҚ-ның бөлімшесінің қаржылық- несиелік
жағдайын жақсарту бойынша шаралар 46
3.2 Несиелік тәуекелді төмендетудің банк қызметінің тиімділігіне 49
әсері
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59
ҚОСЫМША А 61
ҚОСЫМША Б 62
ҚОСЫМША В 63

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде экономиканың нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты
нарықтық субьектілердің еркіндігі жоғарылап, экономикалық және заңдылық
жауапкершілігі артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық
тұрақтылығының мәні бірдей өсті. Мұның бәрі олардың қаржылық жағдайын
бағалау рөлін арттырды: ақша құралдарын орналастыру мен пайдалану.Ондай
бағалаулардың нәтижелері ең алдымен банктің алдағы қызметіне, меншік
иелеріне, кредиторларға, инвесторларға, жеткізушілерге, менеджерлерге және
салық органдарына керек. Берілген жұмыста банктің несиелік тәуекеліне
сипаттама беріледі және талданады.
Банк - клиенттердің ақшасымен жүргізілетін бизнес жүйесі.
Сондықтан, клиенттермен бірге ақша табуға тырыса отырып, олардың да
өз бизнесін дамытуына жағдай жасайды. Бұл банкке де, клиенттерге
де пайдалы, үнемі жаңа банк өнімдерін енгізіп отырады, олай
етпесе, барлық артықшылықтарын жоғалтып алуы мүмкін. Сол себепті,
банк өзінің жұмысын әрқашанда жаңартып, әр - түрлі акциялар
жүргізеді, жаңа технологияларды енгізіп отырады.
Коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының жетіспеушілігінің
орнын толтыру үшін Орталық банктен қарыз алады. Біздің
республиканың банктік тәжірибесінде бұл жиі болатын құбылыс. 2005 –
2007 жылдары коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының 60 пайызын
Ұлттық банкінің орталықтанған несиелері есебінен толтырды. Сөйтіп,
Ұлттық банкінің несиелері банктердің ресурстарының тұрақты көзіне
айналды.
Коммерциялық банктер өз қызметі барысында Ұлттық банкінің
заңдары мен ережелеріне сүйенеді. Ұлттық банк және коммерциялық
банктер бір – бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қазақстанда коммерциялық банктердің даму қарқыны жоғары деп
айтуға болады. Себебі, қазіргі кезде осы банктердің жоғары деңгейге
жетіп дамуына байланысты ел экономикасына да, жағдайы да жақсаруда.
Банктердің барысындағы бәсекелестіктің арқасында әрбір банк
бәсекелестікке бейім келеді. Әр - түрлі акциялар жүргізу арқылы
клиенттерді өздеріне тартады.
Банктердің несие жүйесі қазіргі уақытқа дейін ұзақ тарихи
дамуда және де ол нарықтық экономиканың талаптарына сай өзгеріп
отырады. Қазіргі несие жүйесінде мынадай үш негізгі буын бар:
1) Орталық банк;
2) Коммерциялық банктер;
3) Маманданған несие – қаржы институттары.
Қазіргі коммерциялық банктер несие – қаржы мекемелерінің
әмбебап сипаттағы түрі. Ол халық пен кәсіпорындардан салымдар
қабылдап несие беріп қана қоймай сонымен қатар клиенттерге қаржылық
қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктердің операциялары пассивті және
активті болып көрінеді.
Қазақстанда коммерциялық банктер екінші деңгейдегі банктер
болып табылады. Коммерциялық банктер ссудалық капитал нарығының әр
түрлі секторларында әрекет етуші көп қызметті мекемелер болып
табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибеде танымал қаржылық операциялар
мен қызметтердің басым бөлігін орындайды. Коммерциялық банктер
дәстүр бойынша кез келген елдің несие жүйесінің барлық жүйесі
рөлін атқарады.
Олар бұрынғысынша үкіметтің, іскер топтардың және миллиондаған
жеке тұлғалардың салымдарын жинақтаушы қаржы орталығы болып
табылады. Ссудалық және инвестициялық банктер әртүрлі қарыз алушылар
үлкен өз қорларына жол алады.
Берілген жұмыстың негізгі мақсаты – Халық банкі АҚ несиелік
ресурстарының негізгі проблемаларын ашып, несиелік қоржынын басқару бойынша
ұсыныстар жасау.
Несиелік тәуекелді басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның нақты
несиелік жағдайы жөнінде баяндау және несиелік тәуекелдің деңгейін анықтай
отырып, банктің алдағы қаржы жылдарының жемісті еңбек етуін қамтамасыз ету.

Берілген мақсаттардан келесі міндеттерді құруға болады:
- қаржылық тұрақтылықты бағалау;
- табыс пен рентабельділікті талдау;
- несие тәуекелінің топтамасын жасау
- несиелік тәуекелдің деңгейін төмендету бойынша шараларды ұсыну.
Жоғарыда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Халық банкі 2005-
2007 жылдары қаржылық- шаруашылық есебі пайдаланылады.
Халық банкі нарықтағы қаржылық операцияларды жүзеге асырушы,
несие беру, депозитке алу сияқты екінші деңгейлі банктерге тән қызметті
атқаратын коммерциялық банк болып табылады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1 Коммерциялық банктердің несиелік операциялары

Коммерциялық банктерді шамамен үш топқа бөлуге болады.
Бірінші – ірі жергілікті банктер. Оған КазкоммерцбанкАҚ , АҚ Халық
банкі, ТуранӘлемБанкі АҚ кіреді. Екінші топқа шетелдік банктерді
жатқызамыз. Ал, соңғы топқа жергілікті шағын банктер кіреді.
Қазақстандағы коммерциялық банктердің қаржы капиталының молдығы
актив ауқымының кеңдігі салыстырмалы түрде арзан депозит және
диверсикациялық клиент базасы банк жүйесіндегі бәсекеде табысты
әрекет етуге мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктер әрдайым жұмыстарын жақсартып және жаңа
технологияларды енгізіп отырады. Себебі перспективалы отандық
банктер, әсіресе, шетелдік банктер бәсекелестікте мықты болып
келеді.
Қазақстандағы коммерциялық банктердің ішіндегі Халық банк АҚ
алатын болсақ, бұл банк активтері мен капитал мөлшері жөнінен
еліміздегі ең ірі банк және банк тұтынушылары үшін тиімді.
Банк - клиенттердің ақшасымен жүргізілетін бизнес. Сондықтан,
клиенттермен бірге ақша табуға тырыса отырып, олардың да өз
бизнесін дамытуына жағдай жасайды. Бұл Халық банк АҚ де,
клиенттерге де пайдалы, үнемі жаңа банк өнімдерін енгізіп отырады,
олай етпесе, барлық артықшылықтарын жоғалтып алуы мүмкін. Сол
себепті, банк өзінің жұмысын әрқашанда жаңартып, әр - түрлі акциялар
жүргізеді, жаңа технологияларды енгізіп отырады.
Коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының жетіспеушілігінің
орнын толтыру үшін Орталық банктен қарыз алады. Біздің
республиканың банктік тәжірибесінде бұл жиі болатын құбылыс. 2006 –
2007 жылдары коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының 60 пайызын
Ұлттық банкінің орталықтанған несиелері есебінен толтырды. Сөйтіп,
Ұлттық банкінің несиелері банктердің ресурстарының тұрақты көзіне
айналды.
Коммерциялық банктер өз қызметі барысында Ұлттық банкінің
заңдары мен ережелеріне сүйенеді. Ұлттық банк және коммерциялық
банктер бір – бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қазақстанда коммерциялық банктердің даму қарқыны жоғары деп
айтуға болады. Себебі, қазіргі кезде осы банктердің жоғары деңгейге
жетіп дамуына байланысты ел экономикасына да, жағдайы да жақсаруда.
Банктердің барысындағы бәсекелестіктің арқасында әрбір банк
бәсекелестікке бейім келеді. Әртүрлі акциялар жүргізу арқылы
клиенттерді өздеріне тартады.
Банктердің несие жүйесі қазіргі уақытқа дейін ұзақ тарихи
дамуда және де ол нарықтық экономиканың талаптарына сай өзгеріп
отырады. Қазіргі несие жүйесінде мынадай үш негізгі буын бар:
4) Орталық банк;
5) Коммерциялық банк;
6) Маманданған несие – қаржы институттары.
Қазіргі коммерциялық банктер несие – қаржы мекемелерінің
әмбебап сипаттағы түрі. Ол халық пен кәсіпорындардан салымдар
қабылдап несие беріп қана қоймай сонымен қатар клиенттерге қаржылық
қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктердің операциялары пассивті және
активті болып көрінеді.
Қазақстанда коммерциялық банктер екінші деңгейдегі банктер
болып табылады. Коммерциялық банктер ссудалық капитал нарығының әр
түрлі секторларында әрекет етуші көп қызметті мекемелер болып
табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибеде танымал қаржылық операциялар
мен қызметтердің басым бөлігін орындайды. Коммерциялық банктер
дәстүр бойынша кез келген елдің несие жүйесінің барлық жүйесі
рөлін атқарады.
Олар бұрынғысынша үкіметтің, іскер топтардың және миллиондаған
жеке тұлғалардың салымдарын жинақтаушы қаржы орталығы болып
табылады. Ссудалық және инвестициялық банктер әртүрлі қарыз алушылар
үлкен өз қорларына жол алады.
Қазақстанда инвестиция дамуы жоғары деңгейде. Коммерциялық
банктердің инвестициялық қызметі арқылы салыстырмалы ұзақ мерзімнің
ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу
арқылы жүзеге асырылады. Инвестицияның қарыздан бірқатар айырмашылығы
бар, біріншіден, қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімді қайтарымдылық
шартымен қолданылады, ал инвестиция салынған ақша қаражаттарының
ағынын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Екіншіден, несиелеу
кезінде бастамашылық қарыз алушыдан болған, ал инвестиция кезінде –
несие берушіден болады. Үшіншіден, несиелік мәміле нақты несие
беруші мен қарыз алушы арасында жасалады, ал инвестициялау нарықта
міндетті қызметті қарастырады.
ҚР қазіргі қоғамдық дамуында экономикалық және қаржылық ортаның
өзгеруі жүруде. Н.Ә. Назарбаевтің өзінің Қазақстан зайырлы мемлекет
ретінде даму және құрылу стратегиясы атты еңбегінде нақты Қазақстанның
саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайларының бөлікпестігін көрсете
отырып, стратегиялық мақсаттары үштік ретінде қарастырады. Барлық
экономикалық агенттер арасында нарықтық қатынастарды құру көптеген
аспектілерін қайтадан қарауды көздейді.
Көптеген банктік тәуекелдердің арасындағы маңызды рольдердің бірін –
несиелік тәуекел алады. Банкирлердің бағалаулары бойынша банктер мен
банктік жүйелердің қаржылық жағдайын тұрақсыздандыратын негізгі факторлар
орта және шағын бизнестің өндірістің таларсыз жағдайы; бактерден
өнеркәсіптерге берілетін несиелердің қайтарылмауы; бұған қоса несиелік
тәуекелді азайтуға және оларды тиімді анықтауда банктік менеджменттің де
алатын орны бар.
Несиелік тәуекел несиелік мекемелерді банкроттық жағдайға, банктерді
үлкен шығынға әкеледі. 1995 жылдан бастап Қазақстандық банктердің саны 4
есе азайған.
Несиелік тәуекелге әртүрлі әдебиеттерде әртүрлі анықтама берілген.
Несиелік тәуекел – несиелік келісімде көрсетілген мерзімі ішінде
қарыз алушының қарызын төлемеу қаупі. Несиелік тәуекел – несие берушінің
есепбі бойынша қарыз алушының негізгі қарызы мен пайызын төлемеуі.
Біздің ойымызша несиелік тәуекел дегеніміз қарыз алушыны несиені
төлеу қабілетсіздігінің тәуекелі.
Несиені қайтармау кезінде банкте ақша қорының дефициті туындап,
капиталы азаяды. Несиелік жоғалтулар көп болуы, банкроттыққа әкелуі мүмкін.
Қайтарылмаған несиелердің сапасы банктің өзінің қорынан көлемі көп
болған жағдайда – банк төлем қабілетсіз болады. Себебі, қолында бар
активтердің көлемі міндетті активтерден аз және оларды толығымен төлеу
мүмкін емес. Бұл жерде банк иелері қызығушылықтары ғана емес, салымшылар,
яғни физикалық және юридикалық тұлғаларда зардап шегеді.
Несиелік тәуекел оны бағалау және болжау кезінде ықпал ететін
көптеген факторларға байланысты.
Макроэкономикалық:
- экономикалық дағдарыс, салалар бойынша өндірістің құлдырауы;
- аймақтық тәуекел;
- инфляция;
- бюджеттік және қаржылық дағдарыс;
- заңдық актілердің механизм іске асыру және заңдық базаның жоқ болу
тәуекелі;
- банктік жүйенің тұрақсыздығы;
- саяси тәуекелдер; тәуекелдерді сақтандыру жүйесінің дамымауы;
- ақпараттық нарықтың дамымауы;
- жеке нарықтардағы қолайсыз өзгерістер.
Қарыз алушы өндірістерге байланысты:
а) қаржылық тұрақсыздық, төлемқабілетсіздік;
б) дебиторлық және кредиторлық қарыздардың қомақтылығы, ақша
ағымының мерзімге сай келмеуі;
в) өндірістік-технологиялық тәуекел;
г) мүліктік тәуекелдер;
д) коммерциялық тәуекелдер;
е) әлеуметтік тәуекелдер;
ж) ақпаратты бұрмалау тәуекелі;
з) басқару тәуекелі;
и) несиені мақсатсыз қолдану, жауаптылықтан қашу;
к) бюджеттің және бизнестің нашар жоспарлануы, көрсетілген
жоспардың орындалмауы;
л) дебитордың міндетін орындамау тәуекелі.
Банкке байланысты:
- несиелеудің тексерілген методикасы мен технологиясының жою
болуы;
- қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін бағалауда талаптардың
кепілдік сапасының төмен болуы;
- заңдық тәуекелдер;
- банкті басқару тәуекелі; -
- әртараптандырудың толыққанды болмауы;
- есеп пен бақылауда кемшіліктің болуы;
- экономикалық шарттардың іс-әрекетіндегі өзгерістерге дағдылау
тәуекелі;
- ақпарат сапасының төмен және жеткіліксіздігі.
Енді аталғандарға қысқаша шолу жасасақ. Мароэкономикалық
факторлар:
1) экономиканың дағдарыстық жағдайы, өндірістік экономикалық
құлдырау, елдегі экономикалық жағдай, өнімді шығару және өндіру
көлемінің азаюы (өнімді өндіру және жеткізу жүйесінің бұзылуы,
нарықтық конъюктураның тұрақсыздығы, ішкі және сыртқы нарықтық
тұтынудың азаюы);
2) жүйелілігін іске асыратын аумақта банктерде экономикалық қиындық
туындау мүмкіндігі;
3) қарыз алушылардың негізі қарыздарын инфляция әсерінен қорытынды
сапаның құнсыздануы активтер өзінің алғашқы құндылығын жоғалтады;
4) өтелмеген қарыз дағдарысы, қолма-қолсыз есептердің қолма-қол
немесе бетпебет мәміле арқылы жүргізілуі өнімді өткізуден түсетін
пайда өнеркәсіптің шотына түспеді;
5) заңдық актілердің болмау немесе орындалмауы, несиелік мәміле
жасаудағы мүліктік жауапкершіліктен екі жақтық және шаруашылық
қатынастардың құқықтық реттелуінің қанағаттанарсыз дәрежеде
жүруі, нормативтік базадағы өзгерістер, еркін кәсіпкерліктегі
мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтын басшылардың ұйымдастырушылық
қасиетінің болмауы;
6) банктік жүйе құрылымының аяқталмауы, банкаралық есептер арасында
тоқталым жағдайының болмауы және жүйелік тәуекелге тез ұшырауы;
7) экономикалық нақты секторлардағы салаларын қолдаумен мемлекеттік
саясаттың жүйелі жүргізілмеуі. Инвистициялық барлық түрлерінің
азаюы;
8) елде сақтандыру жүйесінің дамымауы, соның ішінде табиғи
апаттардың сақтандыру жүйесі, несиелік тәуекелдер, сақтандыру
қызметінің қымбаттылығы;
9) шынайы ақпаратты алу мәселесі. Потенциалды сатып алушыларға
ақпараттарды жеткізу, бағалау, және жинауға арналған арнайы
ұйымдардың жоқтығы, қарызалушылардың қаржылық жағдайы мен банктер
арасындағы ақпарат алмасудың болмауы. Потенциалды клиенттер
туралы ақпараттар банк жағынан өзінше жүргізілетіндіктен көп уақыт
алады;
10) сұранымның төлем қабілеттілігі және нақты кіріс көзінің азаюы,
жалпы экономикалық конъюнктурасының және жеке нарықтардағы
қолайсыз өзгерістер;
Қарыз беретін өндіріске байланысты факторлар:
- қарыз алушы өнеркәсіптің юридикалық мәртебесін анықтамау, патент
немесе лицензияның жоқ болуы немесе мерзімінен өтіп кетуі;
- қарызалушы өндірістің қаржылық жағдайының нашар болуы,
төменқабілеттілігінің төмендігі бұрынғы міндеттерін орындай
алмауы, ақша ағымының тұрақсыздығы;
- негізгі өндірістік қорлардың физикалық және моральды тозуы,
ескірген технология. Бұлар құрал-жабдықтардың тоқтауы, авария,
өндірістік кемшіліктер нәтижесінен болатын өндірістің тоқтап
қалуына әкелуі мүмкін;
- қарыз алушы өндірістің және кепілге қойған мүлікке құқығының
болмауы;
- өндірілетін өнім көлемінің бәсеке қабілетсіздігі өнімнің сапасының
төмендігінің нәтижесінен оны нарықта өткізу мүмкіндігі азаяды.
Банкке байланысты төмендегідей факторлар бар;
-Қарыз алушының несиені төлеу қабілеттілігін толығымен
қарастырылмайды, сенімділкпен төлеу қабілеттілігінің деңгейіне талаптары
азаяды; қарызалушы туралы аз немесе жалған ақпарат оның несиелік тарихы
қарастырылмайды; алған несиесінің дұрыс жұмсалмауы туралы бақылаудың
болмауы: алған кепілдік сапасы туралы және келсім туралы толық қамтамасыз
етілмесе, кепіл құнының өзіндік құнынан жоғары бағалануы.
-Банк қызметкерлерінің құқықтық толық даярлықтарының болмауы,
осының негізінде несиелік келісімді жөндегенде азаматтық заңның нормалары
орындалмайды. Бұл серіктестіктің өз міндеттерін орындамауға мүмкіндік
береді.
-Банк қызметкерлерінің өз мансаптарын пайдаланып, жолдастық
негізсіз несие беру; басқару шешімдеріндегі қателіктер; несиелік бсқару
структурасының ұйымдастырылуының дұрыс жүрмеуі; әрбір қызметкерлердің
жауапкершілігінің болмауы; қызметтік өкілеттілігін дұрыс пайдаланбау;
несиелңк даму операциясында ұзақ мерзімдік стратериялардың болмауы;
банктің несиелік саясатында өзіндік өзгерістер енгізу.
-Несиелік қаржыны нашар басқару: қарыз алушыларға үлкен көлемде
несие беру, банктің кез келген саласында экономикаға өзгеріс енгізетін
несиелік іс-әрекеттің жоғарғы дәрежесі.
Несиелерді тағы алу үшін пайызымен несиенің өзін мерзімінен ерте
жабу.
Аймақтық экономикалық несиеленіп отырған салалардағы өндіріс
жағдайын болжау және нәтижелердің жоқ болуы немесе дұрыс болмауы.
Шот есебінің жағдайы туралы ақрпараттың аздығы, яғни құжат
карточкасының көлемі мен құрамы, уақытылы несие төлемеу, қарыз алушының
басқа банктерден шот ашуы.
2004 жылы ҰБ-ң негізгі бағыттарының бірі болып банк тұтынушылардың
заңды қызығушылықтарын қорғау, банк жұмысының жүргізілуі туралы бақылауды
іске асыру, ликвидациялау комиссиясының құру арқылы соттық емес тәртіппен
бенктерді жою.
2004 жылғы 4 қаңтардағы қорытынды бойынша екінші деңгейдегі
банктерді соттық емес тәртіппен жоюд 26 банк және 48 бөлімшесі болған. Ал
ҚР-ға банктердің саны 43.
Аймақтық деңгейде қарастыру барысында 1995-2001 жылдар аралығында ШҚ-
ғы аймақтық банктерден нормативтермен несиелік тәуекелге әкелетін
факторларды бұзғаны үшін лицензиялары алынған. Олар: АКБ Ертіс Крамс
Банк, АБ Паритет банк, ОАО Шығыс банк. Бұған қоса бас банктерді ШҚ-дық
6 бөлімшесі жабылды. Олар: Крамсдаулет банк, Видергебурт банк,
Казномстрой банк, Казтранс банк, Астана банк, Казпочта банк. Ал
көптеген банктер бір уақытта бірнеше банктерден несие алып, төлемқабілеті
мүлдем жоқ жағдайға ұшыраған.
Осы пролемаларды шешу үшін 17.17.2996 жылы ҚП-ң ҰБ-ң Несиелік тіркеуге
қажет екінші деңгейлі банктер ақпарат ауысуы туралы №246 қаулысы
қабылданды. Осы ережеге байланысты екінші деңгейдегі барлық банктер ҚР-ң
ҰБ-нен алынған несие жөнінде, кепілдіктермен міндеттер және мерзімі туралы
барлық ақпаратты көрсетуге міндетті.

1.2 Халық банкі АҚ-ның құрылу тарихы, акционерлері және қаржы
ұйымдары

Қазақстандағы Халықтық Банктің тарихы – бұл Қазақстан
территориясындағы жинақтау жүйесінің құрылуы және тұрақтануы.
Тарихта ең бірінші болып 1826 Николай I кезінде жалпы жинақтық касса
жүйесі құрылды.
1860ж. Патша үкіметі Мемлекеттік банк құрды, оның бөлімшелері
Қазақстан территориясында болды. Мемлекеттік банктің алғашқы бөлімдері
Уральскіде (1876), Петропавловскте (1886), Семейде (1887), Верныйда
(1911) ашылды. Алматыда СССР – дің жинақ банкісі ашылды.
1929ж. Республикалық жинақ кассасы ашылды.
30 ж. жинақ кассалары ақша қаржыларын тартумен ғана емес, кассалық
қызметтер, азаматтарды сақтандыру, партиялық алымдарды қабылдаумен де
айналысты.
1960 ж, соңында жинақ кассасының салымшылары 1770 мың, салым суммасы
322,7 млн. рубль болды. 1950 жылы жинақ кассасының саны 1960 жылмен
салыстырғанда 1,8 есе өсті , 1960 ж аяғында 2805 болды .
04, 05, 1972 жылы Министрлер кеңесі мемлекеттегі жинақ кассаларының
қызметтерін кеңейту және дамыту туралы үкім қабылдады. Бұл жұмысты басқару
Мемлекеттік Банкке жүктелді.
1988 ж, Банктік реформа екі деңгейлі жүйеге көшті: орталық банк –
маманданған банктер.
Қазақстан республикасының тәуелсіздігі үшінші, реорганизациаланған этап
–трансформация және банкинг функциясына бейімдеу және Қазақстан Халық
Банкінің даму хронологиясы басталды.
1992 ҚР Жинақ банкі құрылды, ол бір жылдан кейін ҚР үкіметіне қарайтын
Казахстанның Халық банкі атты дербес заңды тұлғаға айналды.
1995 ж банк жабық Акционерлік Қоғамға айналды. 1998 ж Үкіметтің
100% қатысуымен Қазақстанның Халықтық Жинақ Банкі ашық акционерлік
қоғамына айналды.
Қазіргі уақытта Халық банкі активтердің және меншікті капиталдың көлемі
бойынша екінші деңгейлі банктердің үштігіне кіреді.
01,01, 2007 ж банктің активтері KZT 558,5 млрд. тенге, жарғылық капитал
- KZT 17,5 млрд., меншікті капитал - KZT 80,3 млрд., 2006ж таза пайда KZT
14,1 млрд. тенге болды.
2001 ж Халықтық банктің жекешеленуі, бизнесті несиелеуге көп мүмкіндік
берді.
Қазақстанның Халық Банкі АҚ Директорлар Кеңесі:
• Директорлар Кеңесі төрағасы - Павлов Александр Сергеевич
• Астанбекова Камиля Валерьевна, Директорлар Кеңесі мүшесі,
• Сатылганов Кайрат Алпамышович, Директорлар Кеңесі мүшесі, ЖШС
Фирма АЛМЭКС президенті
• Марченко Григорий Александрович, Директорлар Кеңесі мүшесі ,
Қазақстанның Халық Банкі АҚ Төрағасы
• Дамитов Кадыржан Кабдошевич, Директорлар Кеңесі мүшесі, УК
ТМК АҚ Директорлар Кеңесі мүшесі .
Қазақстанның Халық Банкі АҚ әртүрлі аймақтарда орналасқан төрт
деңгейлі басқару бөлімдерінен тұрады.
Банктің ұйымдық құрылымы:
1. Жоғарғы орган - акционерлердің жалпы жиналысы.
2. Басқару органы - директорлар кеңесі.
3. Атқарушы орган - атқарушылар.
4. Бақылаушы орган - ревизиялық комиссия.
5. Несиелік комитет – несие саясатын жүргізуші орган.
Акционерлердің жалпы жиналысы жыл сайын өтеді, келесі сұрақтарды шешеді:
1) банк жарғысына қосымшалар енгізу;
2) банк құрылымын өзгерту;
3) реорганизация и ликвидация;
4) директорлар кеңесін сайлау;
5) жылдық қаржылық есепті бекіту;
7) банктің таза кірісін бөлу;
8) жыл қорытындысы бойынша дивидендтерді бөлу.
Қазақстанның Халық Банкі АҚ казіргі уақытта Ностро шоты бойынша
35 банкпен қатынаста. Оның - 23 шетел банкі, 6 - ТМД, 59
корреспонденттік шоттарашылған. Банктің Лоро шоттары- 89, соның 54 шоты
тенгемен, қалғаны шетел валютасымен.
Қазақстанның Халық Банкі АҚ Moody's, Standard Poor's, Thomson Bankwatch
Bree. American Express Bank LTD - банк Credit Suisse First Boston ,
Мангистаумунайгаз ,Казахмыс агентстволарымен байланыста .
White Case, Bracewell Patterson, Baker McKenzie, Cameron McKenna,
Stibbe Simont Monahan Duhot агентстволарымен байланыста Қазақстан
Республикасының заңдылығына сәйкес және Конституцияға сәйкес,
ҚР–ң нормативтік құқықтық актісімен және де жарғылығына
байланысты банк өз қызметін басқарады. Банк есеп айырысу кассасының
бөлімін құруына міндетті, заңды түлғалар болып келмейтіндер,
банктің сенім хаты бойынша.
Банк Ұлттық банктің келісімі бойынша есеп айырысу – кассасының
бөлімін аша алады[1].
Басқарма Бастықтарының шешімі бойынша Банк филиал ашуына болады
және ҚР – ң басқада территориялық аймақтарында да да ашуларына болады.
Банк филиалдары заңды тұлға болып саналмайды және өз қызметін бас
банк арқылы қызметін атқара алады. Банк қызметінің мерзімі шексіз.
Банк қызметінің мақсаты табыс табу болып табылады.

Банкте ҚР Ұлттық банктің лицензиясы болған жағдайда ғана
келесідей банк операциясының түрі атқарылады:
- заңды тұлғалардан депозиттер қабылдау;
- жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау;
- кассалық операция;
- аударма операциясы;
- есептеу операциясы;
- несиелік операция;
- сенім хат операциясы;
- клирингтік операция;
- сейфтік операция;
- ломбардтық операция;
- төлем карточкасын шығару;
- инкассация және бағалы металдармен банкноталарды аудару;
- төлем құжаттарды инкассаға қабыладу;
- нақты шетел валюталарын айырбастау операцияларының ұйымы;
- чек кітапшаларын шығару;
- құнды қағаздар нарық қызметінің клирингі.
Халық Банкі АҚ Банкісінің 2008 ж негізгі экономикалық
көрсеткішісінің қызметі.
2008 жылдің өзінде төлем карточкалары 37,9% өсті және 433,4 мың
дана құрады. Карточканы қолданушылардың көбісі алтын карточкасын
пайдаланады, яғни осы карточка үлесі 26,5 пайызға дейін өсті. Жалпы
төлем карточкасының нүктесінің көлемі 54,8 пайызға дейін өсті.
2008 жылы Халық Банкі АҚ сауда операциясындағы карточкаларының
көлемі 569,3 млн. теңгеге өсті. Жалпы нақты ақшаны беру 47,6% және
13,0 млрд. теңгенң құрады.
Халық Банкі АҚ еңбек ақы төлеу карточка жүйесінің бағдарламасы
дамып келеді. Қәзіргі уақытта банк Қазақстанның 1037 бюджеттік және
коммерциялық ұйымдармен қызмет атқарады.
Корреспонденттік қатынастар және көптеген клиенттердің көлемінің
өсуімен банкаралық аударым төлемін талап етумен және алуы 20,3
пайыз болды яғни 565,5млрд. теңге.
Жыл ішінде несиелік салымдар көлемі 2230887 млн.теңгеге өсті.
Бұл салымдар көлемі 2007 жылы 2,4 есе өсті, ал 2006 жылы 5,3 есе
өсті. 2006 жылы құжатталған несиелердің көлемі 1437819 мың.теңгеге
дейін өсті Ал банктік гарантардың көлемі 2007 жылы 207900 мың.теңге
болды.

1.3 Банктің қаржылық- шаруашылық нәтижесін талдау

Кәсіпорын қаржысы – кәсіпорынның ақша табыстары мен жинақтарын
қалыптастыру мен пайдалануға байланысты ақша қатынастарының жиынтығы. Олар
негізгі және айналым капиталының айналысын, мемлекеттік бюджет, салық
органдары, банктер, сақтандыру компанияларымен байланысты қамтамасыз
етеді, екі қызметті атқарады:
а) қайта өндіру;
б) бақылау.
Қайта өндіру қызметі – қаржы айналымына қажет ақша ресурстарымен
қамтамасыз ету.
Бақылау қызметі – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық әрекетіне
қаржылық бақылау жасау.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы ұйымның нақты қағидаларына
сүйенеді:
1) фирманың қаржылық ресурстар маневрлігін қамтамасыз ететін
қаржылық ресурстардың қатаң орталықтандырылуы;
2) қаржылық жоспарлау, кәсіпорынға түскен барлық қаржылар мен
кеткен шығындарды жоспарлау;
3) нарықтың өзгермелі коньюнктурасына негізделген тұрақты
қаржы резервтерін қалыптастыру;
4) әріптестер алдындағы қаржылық міндеттемелерді бұлжытпай
орындау.
Қаржылық стратегияның басты міндеті – кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Бұл кезде кәсіпорын үшін маңызы зор екі сұрақ шешімін табады:
- шығындармен күрес;
- табысты жоғарылату.
Кәсіпорын өз шығындарын табыспен жауып қана қоймай, рентабельді болуы
керек. Өзін-өзі қаржыландыру – өндірікстік шығындардың орнын жабу ғана
емес, өндірісті кеңейтуді қаржыландыру болып табылады. Ол табыс пен
амортизация есебінен жүзеге асырылады.
Табыс көлемін жинақтау процесінде оның көлемі салық есебінен
қысқарады. Нәтижесінде қайта бөлінген табыс қалады.
Қаржыландыру саудалық капитал құралдарын тарту жолымен жүзеге
асырылады, оларға: банк несиелері, құнды қағаздар, шығару (акция,
облигация) жатады. Алайда кәсіпорынның меншік қаржыландыру көздеріне
тоқталайық.
Меншік капитал – капитал иесі кәсіпорын басшысы болып табылатын
капитал. Оған жарғылық қорды, яғни алғашқы және соңғы меншік құралдарының
салымын жатқызуға болады.
Табыс кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылады, ол
өнімді өткізуден түскен, басқа операциялардан түскен қаржылық нәтижелерден
жасалады. Жалпы түрде ол жалпы табыс деп аталады.
Өнімді өткізуден түскен табыстан акциз және өндіріс шығындарын алып
тастасақ жүзеге асырудан түскен табысты аламыз.
Табысты анықтау кәсіпорынның жалпы табыс алуымен байланысты.

Сурет 1 - Өзіндік құн, жалпы табыс пен пайда

Пайда массасы мен жалпы табыс өндірістік-шаруашылық қызмет
нәтижесіндегі тиімділік мөлшерін сипаттайды.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын максималды пайда алумен
қатар, бәсекелестерге төтеп беретіндей өз позициясын нақты ұстау керек. Ол
үшін табыстың қалыптасу көздерін білген жөн.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Қаржылық қызмет – бизнестің жұмыс тілі, кәсіпорынның жұмыс
нәтижелерін немесе операцияларды қаржылық көрсеткіштерсіз таңдау мүмкін
емес.
Нақты сұрақтарды шешу үшін және қаржылық жағдайды мамандандырылған
деңгейде бағалау үшін, кәсіпорын басшылары көбінде қаржылық талдау көмегіне
сүйенеді. Сондықтан қаржылық жағдайды объективті бағалау үшін нақты
факторлар қатынасына өту керек – қаржылық көрсеткіштерге немесе
коэффициенттерге.
Қаржылық коэффициенттер есептіліктің түрлі статьялары арасындағы
пропорцияларды сипаттайды. Нақты қаржылық коэффициенттердің деңгейі
салыстыру базасынан төмен болса, ол кәсіпорын қызметіндегі белгілі бір
олқылықтарды білдіреді.
Қаржы менеджері үшін қаржылық коэффициентттер үлкен маңызға ие, ол
сыртқы қолданушылармен байланыс қызметін бағалау үшін қажет.
Салық органына кәсіпорын салықты төлей ала ма деген сұрақ маңызды.
Сондықтан олардың тарапынан қаржылық жағдай келесі көрсеткіштермен
сипатталады:
а) баланстық пайда;
б) активтер рентабельділігі;
в) өткізу рентабельділігі.
Бұл көрсеткіштер шыға отырып, салық органдары бюджет төлемдерінің
түсімін анықтай алады. Банктер кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жайындағы
сұраққа жауап беру керек.
Өтімділік пен төлем қабілеттілігін бағалау.
Меншік айналым құралдарының көлемі – ағымдық активтерді жабу көзі
болып табылатын меншік капитал бөлігін сипаттайды. Оның көлемі ағымдық
активтердің ағымдық міндеттемелерден жоғарылауына тең.
Жабу коэффициенті – активтердің жалпы өтімділігін бағалайды;
Жедел өтімділік коэффициенті – жабу оэффициентіне ұқсас,
міндеттемелердің қай бөлігі бірден жабылатындығын білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде оның мәні – 0,2-0,25.
Қорларды жабудағы меншік айналым құралдарының үлесі – ең кіші шегі
50%.
Қорларды жабудағы коэффициенті – қорларды қалыпты жабу көздері мен
қорлар саласы арасындағы қатынас.
Қаржылық тұрақтылықты бағалау.
Меншік капиталдың концентрациясының коэффициенті – жалпы құралдар
сомасындағы кәсіпорын иелерінің үлесін сипаттайды. Бұл коэффициент жоғары
болған сайын кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтала береді.
Қаржылық тәуелділік коэффициенті – меншік капиталдың қандай бөлігі
ағымдық қызметті қаржыландаруға жұмсалатындығын білдіреді.
Ұзақ мерзімді салымдар құрылымының коэффициенті – негізгі және
айналымнан тыс активтердің қай бөлігі инвестицияланғанын көрсетеді.
Меншік және тартылған құралдардың қатынасының коэффициенті –
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жалпы бағалауын көрсетеді.
Берілген көрсеткішетр үшін бірыңғай нормативті критерийлер жоқ. Ол
көптеген факторларға байланысты: салалық құрылымы, несиелеу қағидалары,
құралдар көзінің құрылымы және т. б.
Іскерлік белсенділікті бағалау.
Ондай сапалық критерийлерге: өнімді өткізу нарығының кеңдігі,
кәсіпорын беделі т.б. жатады. Сандық бағалау келесі бағыттар бойынша
жүргізіледі:
– негізгі көрсеткіштер жоспардың орындалу деңгейі;
– кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігінің деңгейі;
Келесі қатынас тиімді
,
(1)
мұнда – қаржылық табыстың өзгеру темпі.
Бұл тәуелділік мынаны білдіреді:
а) экономикалық потенциал өседі;
б) өткізу көлемі өседі;
в) табыс өседі.
Бұл – кәсіпорын экономикасының алтын ережесі.
Екінші бағытты жүзеге асыру үшін есептеледі: шығару, қор қайтарымы,
өндірістік қор айналымы, операциялық цикл ұзақтығы, авансталған капиталды
бағалау.
Жалпы көрсеткіштер ресурс қайтарымдылығы және экономикалық өнім
тұрақтылығының коэффициенті болып табылады.
Ресурс қайтарымдылығы – құралдардың 1 теңгесіне шығарылған өнім
көлемін сипаттайды.
Экономикалық өсім тұрақтылығының коэффициенті - кәсіпорын орташа
қандай темппен дамитынын көрсетеді.
Рентабельділікті бағалау.
Рентабельділікті кеңістіктік–уақыттық аспектіде талдай отырып, 3
ерекшелікке мән беру керек:
– уақыт, кәсіпорын жаңа технология мен өнім өндіруге көшкенде;
– тәуекел проблемасы;
– бағалау проблемасы.
Алайда барлығы баланста көрсетіле бермейді, мысалға сауда маркасы,
жаңа технологиялар, персонал ақшалай бағаланбайды, сондықтан қаржылық
шешімді қабылдау кезінде фирманың нарықтық бағасына назар аудару керек.
Құнды қағаздар нарығындағы жағдайды бағалау.
Акция бойынша табыс – таза табыстың қарапайым акциялардың жалпы
санына қатынасы. Дәл осы көрсеткіш акциялардың нарықтық құнына әсер етеді.
Акциялардың құндылығы – акцияның нарықтық құнын акцияға табысқа
бөлу. Бұл көрсеткіш акцияға деген сұраныс индикаторы болып табылады, ол
инвесторлардың акцияның 1 теңге табысына қанша төлеуге келісетінін
білдіреді.
Акция рентабельділігі – акцияға төленетін дивидендтің оның нарықтық
бағасына қатынасы. Акция рентабельділігі – фирма акциясына салынған
капиталдың қайтарым пайызын көрсетеді.
Дивидендтік шығарылым – акция бойынша төленетін дивидендтің акция
табысына қатынасы.
Бұл коэффициентпен табыстың реинвестициялау коэффициенті тығыз
байланысты, ол өндіріске бағытталған үлесті сипаттайды.
Кәсіпорын балансы мен оның құрылымының талдауы.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауы жылдық немесе кварталдық
бухгалтерлік есептілік мәліметтері бойынша жасалады.
Қабылданған топтама терең талдау жасауға мүмкіндік береді. Ол
балансты оқу үшін ыңғайлы, онда баланс нәтижесінің өзгерісі, кәсіпорын
құралдарының дұрыс орналастырылуы, ағымдық төлем қабілеттілігі көрсетіледі.
Балансты оқуды, әдетте, оның өзгерісін анықтаудан бастайды. Ол үшін баланс
нәтижесін (жыл басындағы) жыл аяғындағы нәтижесімен салыстырады. Көлденең
баланс жасау кезінде көрсеткіштердің абсолютті және салыстырмалы өзгерісі
талданады. Баланс өзгерісінің динамикасын бағалаған соң, баланс
динамикасының өндіріс көлемінің динамикасына сәйкестігін тексеру керек.
Өндіріс көлемінің тең өсімі, баланс саласының артуы құралдарды пайдалану
жақсарғандығын білдіреді.
Табыс, тауарлық және шығарылған өнім көрсеткіштерін мүлік құнының 1
теңгесіне есептегенде алдыңғы жыл мәліметтерімен сәйкестендірген жөн.
Берілген көрсеткіштер нарықтық экономикалы елдерде кәсіпорын басшыларының
іскерлік белсенділігін бағалау үшін қолданылады. Оны сипаттау үшін қор
қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі, капитал айнлымы,
экономикалық өсім коэффициенттері қолданылады.
Тік талдау – статьяның нақты базалық статьяға пайыздық қатысы.
Оның көмегімен кәсіпорын қызметіндегі өзгерістер мен негізгі
тенденциялар анықталады.
Баланс активінің құрылымы келесі көрсеткіштерден тұрады: кәсіпорын
мүлкі, негізгі құралдар мен айналымнан тыс активтер, материалдық айналым
активтері, ақша құралдары мен қысқа мерзімді қаржы салымдары.
Осы көрсеткіштер бойынша кәсіпорынның барлық мүлік құралдырының
айналымы мен өндірістік потенциалының өзгеру тенденциясын анықтайды.
Кәсіпорынның қаржылқ жағдайы көбінесе оның өндірістік қызметімен
сипатталады. Сондықтан қаржылық жағдайды талдау кезінде оның өндірістік
потенциалын бағалау керек.
Өндірістік және қаржылық саясат туралы қорытындыны капитал салымдары
мен ұзақ мерзімді салымдарға қатысты жасауға болады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы: меншік, қарыз құралдары, құралдар
мобильділігі, айналымнан тыс құралдардың қатысы, ұзақ мерзімді пассивтермен
сипатталады.
Өтімділік пен баланстың төлем қабілеттілігі.
Өтімділік деп материалдық және басқа құндылықтардың жүзеге асырылу
және ақша құралдарына айналу мүмкіндігін айтады.
Өтімділік деңгейі бойынша кәсіпорын мүлкін 4 топқа бөледі:
– өте өтімді құралдар (ақша құралдары, қысқа мерзімді қаржы
салымдары);
– тез өткізілетін құралдар (дебиторлық қарыз, дайын өнім және
қызмет көрсету);
– орташа өтімді құралдар (өндірістік қор, айналым шығындары);
– өтімді емес активтер (материалдық емес актив, негізгі құралдар,
толық ұзақ мерзімді қаржы салымдары).
Баланс өтімділігін арнайы көрсеткіштер арқылы бағалайды. Ол
кәсіпорынның төлем қабілеттілігімен тығыз байланысты.
Ағымдық төлем қабілеттілігі балансты құру күніне анықталады.
Кәсіпорын төленбеген мерзімі өткен қарыздары болмағанда төлемге қабілетті
болып саналады. Күтілетін төлем қабілеттілігі төлем құралдары мен алғашқа
міндеттемелерді белгілі күнге сәйкестендіру мерзіміне есептеледі.
Жоғарыда айтылғандай төлем қабілеттілігі баланс өтімділігіне тікелей
тәуелді. Сонымен қатар кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне басқа факторлар
да әсер етеді – елдегі саяси-экономикалық ахуал, ақша нарығының жағдайы,
банктік заңдылық, меншік капитал жағдайы, басқа кәсіпорындар.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауын оны кешенді бағалаумен
аяқтайды. Қаржылық жағдайды талдау кезінде оны жақсарту бойынша шаралар
дайындалып, қаржылық стратегияны дайындауға көп көңіл бөлінеді.
Сонымен бұл бөлімде қаржылық талдаудың теориялық негіздері, яғни
түрлері, әдістері, талдау әдістемесі, анықтаушы коэффициенттер, оларға
тәуелді көрсеткіштер туралы сөз қозғалды.

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ- НЕСИЕЛІК НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ЕСЕП ЖАСАУ

2.1 АҚ Халық Банктің несиелік құрлымы мен құрамын талдау

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктіріледі.
"Коммерциялық банк" термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне
осында "коммерциялық банк" деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және
басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына кызмет
көрсете бастағандықтан да банктің "коммерииялық" деген атауы бастапқы
мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің "іскер" деген сипатын білдіреді,
оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет
көрсетуі олардың қызметтерінің байланыссыз болады. Коммерциялық. банктер
нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік
мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиентеріне 200-ге жуық
әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді
операииялар коммерциялық банктерге өз клиентерің сақтай отырып,
қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін
пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің
коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операииялық буыны болып қалуы
кездеи-соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие қарыжының жағдайына
көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады. Банктердің шығындарды жабу
жағдайы клиенттерді тартуда үлкен роль атқарады,
Кесте 1 . Ірі Қазақстандық банктердің несие тәуекелін жабуға арналған
қорлары.
Ақш мың. доллары
Ссуда Резерв
Банк аты Үлес салмағы (в %)01.01.06ж. 01.01.07ж.
01.01.04г. 01.01.05г.
2005 2006 2007
Кірісті активтер Кіріс әкелетін акти Активтер 0,65 0,83
деңгейі
Әрекет қабілеттілікОперациялық 0,95
коэффициенті шығындарОперациялық кірістер
Рентабельділік Пайда-неттоМеншікті 0,15 0
коэффициенті қаржы-нетто
Жеткілікті капитал Меншікті қаржы Пассив 0,1 0,05
коэффициенті
Тартылған Ақылы тартылған қаржылар max 1,2
қаржыларды тиімді Кірісті активтер
пайдалану
коэффициенті
Активтердің Барлық активтер пайдасы 0,05 0,005
рентабелділік Пайда *100
коэффициенті, Спрэд
пайда Банк пайдасы
пассив

Таблица. 2005ж Қаржылық есепті экспресс- талдау..
Көрсеткіштер Мүмкін мәнКритикалықЕсептеу Мәні
мән
Кірісті активтер 0,65 0,83 8906307,96 0,81
деңгейі 10337333,35
Әрекет 0,95 188142,00 81594,00 2,31
қабілеттілік
коэффициенті
Рентабельділік 0,15 0 700907,47 (586491,60+ 0,80
коэффициенті 217712,53+ 72877,42^)
Жеткілікті од 0,05 (586491,60+ 217712,53+0,08
капитал 72877,42) 10937375,35
коэффициенті
Тартылған max 1,2 10237996,89 8906307,96 1,15
қаржыларды тиімді
пайдалану
коэффициенті
Активтердің 0,05 0,005 392646,21 10937375,35 0,04
рентабелділік
коэффициенті,
Коммерциялық 392646,21 0,25
банк (1149584,00+345462,16+
рентабелділігі 81594,00)
Спрэд - пайда (1149584,008906307,96)-0,09
(448676,5310237996,89)

ҚХБ рентабелділігі 2005ж 25% құрады, яғни 1 тенге кіріске 25 тиын
пайда келеді. Активтердің рентабелділігі банктің пайда алу қабілетін,
сапасын, банктің өз активтері мен пассивтерін басқару тиімділігін
көрсетеді, яғни коэффициент = 0,04 активтердің тиімді жұмысалуын
білдіреді.
Тартылған қаржыларды тиімді пайдалану коэффициенті 2005 ж 1,15 болды
, ол несиелік операциялардың өсу темпімен байланысты.
Капиталдың үлес коэффициенті пассивтағы активтердің қандай бөлігі
меншік иесіне тиесілі екенін білдіреді. Бұл коэффициент неғұрлым үлкен
болса, банк соғұрлым сенімді және перспективті. 2005 ж ол көрсеткіш 0,08
немесе 8% болды.
Кірісті активтер деңгейі жоғары- 0,81 немесе 81%, бұл банктің шығынсыз
жұмысына әсері бар. Бірақ кірісті активтердің тәуекел деңгейіжоғары
болғандықтан, банктің тұрақсыздығын көбейтеді.
Жалпы айтқанда 2005 ж ҚХБ қызметі пайдамен аяқталды, критичикалық мәнге
жеткен жоқ. Бірақ, жоғары деңгейлі тәуекел болды:
1) операциондық, себебі операциондық шығындар кірістен көп;
2) активтердің жалпы үлесіндегі кірісті активтердің төленбеу тәуекелінің
жоғарылығы;
3) тәуекелдер себебінен пайданың төмендеуі.

Таблица 8 2006 ж Қаржылық есепті экспресс-талдау.

Көрсеткіштер Мүмкін мән Критикалық Есептеу Мәні
мән
Кірісті 0,65 0,83 8592795,00 0,84
активтер
деңгейі
Әрекет 0,95 91062,42 66386,21 1,37
қабілеттілік
коэффициенті
Рентабельділік 0,15 0 393751,74 (666094,42+ 0,47
коэффициенті 155209,58+ 11469,00)
Жеткілікті 0,1 0,05 (666094,42+ 0,08
капитал 155209,58+
коэффициенті 11469,00) 10274694,90
Тартылған max 1,2 9460721,00 8592795,00 1,10
қаржыларды
тиімді
пайдалану
коэффициенті
Активтердің 0,05 0,005 212216,63 10274694,90 0,02
рентабелділік
коэффициенті,
Коммерциялық 212216,63 (665786,11+ 0,23
банк 195149,16+ 66386,21)
рентабелділігі
Спрэд пайда (665786,118592795,00)0,05
-(272034,379460721,00
)

8 кесте бойынша рентабелділік көрсеткіштерін талдауға болады. ҚХБ
Кірістілігі 0,23 немесе 23%, бұл 1 тенге жалпы алымға 23 тиына таза кіріс
келеді.
Әрекет қабілеттілік коэффициенті 1,37%, операциондық шығындар
операциондық кірістен көп.
Тартылған қаржыларды тиімді пайдалану коэффициенті бірлікте болуы
тартылған қаржылардың несие ресурсына пайдалануын көрсетеді. 2006ж бұл
көрсеткіш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің басшы қызметтері
Банктерді ерікті және еріксіз қайта құру
Қаржы мамандығы бойынша оқу тәжірибесі бойынша есеп
Ақ "тұранәлем банкінің" құрылу тарихы
«Темірбанк» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихы, жұмыс істеу бағыты
Корпоративтік басқару жайлы
Мемлекеттік несие нарығы
Жинақтаушы зейнетақы қорының маркетингтік қызметтерінің әмбебаптылығы
Банктердің мәні және оның қызметтері. АҚШ және Германия банктері
Банк операцияларын лицензиялау
Пәндер