Кәсіби оқыту



Мазмұны
Кіріспе
1.Кәсіби оқытудың жалпытехникалық пәндерін оқытудың жалпы сұрақтары
1.1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері
1.2 Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар
1.3 Оқу әдістері және құрал жабдықтары
1.4 Оқытудың кәсіби білім беру жүйесіне қатысты жалпы дидактикалық қағидалары
1.5 Кәсіби оқытудың жүйесі
1.6 Теориялық оқытуды ұцымдастырудың негізгі формалары
1.7 Теориялық оқытуды құрылымы және типтері
3 Оқу процесін ұйымдастыру
3.1 Кәсіби оқу педагогының оқу жоспарын жоспарлау жіне даярлау
3.2 Кәсіби оқытудың оқу.материалдық базасы
3.3 Кәсіби бағдар беру мектептеріндегі сыныптан тыс жұмыс
Тест тапсырмалары
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Әдіснама – әдістер теориясын зерттейтін ғылым

1.1 «Оқыту әдістемесі» ұғымына түсінік

Әдістеме -педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады.Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар [1].
Қазақ халқында балалардың тілін сындыру, сауат ашу, шешен сөйлеуге баулу әдістемелерінің ұлттық дәстүрлері ежелден болған. Алайда ғалымдар ғылымы әдістеме тарихын Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап жүр. Оның «Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы» деп аталатын еңбегі қазақ топырағында туған тұңғыш әдістемелік еңбек болып табылады. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов осы дәстүрді тереңдетіп, «Баяншы», «Тіл жұмсартар» деп аталатын әдістемелік кітаптар жазды.
Осы кезеңнен бастап, қазақ әдістеме ғылымы жан-жақты дамып, сан салалы зерттеулерге ұласты. Жеке пәндерді оқытудың әрбір кезеңдегі (бастауыш кластар, орта мектеп, жоғары оқу орындары т.б.) әдістемелері жасалып, олардың жеке бөлімдері бойынша берілетін білім мен дағдыларды меңгертудің тиімді жолдары зерттеле бастады.
Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім-дилактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білімберу жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады. Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын əдістер саны, түрі орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл оқу əдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мəнділік пен кездейсоқтықты анықтауға жəрдемдеседі, оларды мақсатқа орай əрі тиімді пайдалануға себін тигізеді [3].
Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне тəуелді.
Оқу əдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл - тəсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шəкірттің оқып- үйрену əрекеттерінің өзара байланыстылығы жəне анайылығы осы оқу əдісінен көрінеді.
Дидактикада кең қолданым тауып жүрген жəне бір түсініктер легі –бұл “оқу тəсілі” жəне “оқу ережелері”.
Оқу тəсілдері – оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы «əдіс» түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына шектеп болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей жағдайларда əдіс педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе жəне бір ықшам оқу-тəрбие мəселесіне орай- тəсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша əдіспен (түсіндіру, əңгімелеу, сұхбат) ұсыну
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. – Алматы: РГЖИ «Дәуір», 1992. - 56 б.
2 Кругликов Г.И. Настольная книга мастера профессионального обучения: Учеб. Пособие .-М:Изд.центр «Академия»,2006.-272с
3 Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан // Егемен Қазақстан. — 2007, 1 наурыз.
4 Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы. – Алматы. – 2008. – 11 б.
5 Профессионально-технические школы РК в 2005-2006 учебном году: Агенство РК по статистике // Финансы и кредиты. -2006. №2. -40.
8 Ниязбекова А. Өндірістік оқытдың зертханалық сабағында жаңа технологияны қолдану ерекшеліктері және оның білім беруге әсері // Кәсіптік мектеп.-2009.-№3.-23-25б
9 Өстеміров К. Айтбаева Қазіргі білім бері техникалары.-Алматы:АГТУ,2006
10 Сманқұлова Ж,Е. Техникалық және кәсіптік білім беруді оқытудың жолдары // Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. – 2007. – № 4(4). – 39-43-бб.
11. Смайылова М. Практикалық жүмыстарды жоспарлау туралы. //Қазақстан мектебі, №10, 1988. 29-30 бетгер.
12. Степаненков Н. О планировании работы в учебном процессе-Минск, 1978.
13 Сманқұлова Ж.Е Кәсіби лицейлер еңбек нарығы жағдайында // Кәсіптік мектеп профтехшкола. -2007. № 5-6 (24), - 3-4-бб.
14 Сманқұлова Ж.Е. Білім мен кәсіптің жоғары сапасы – еңбек нарығының талабы // Кәсіптік мектеп профтехшкола. -2007. № 4 (22). –3-4-бб.
15.Калугин Н.И. Профессиональная ориентация учащихся.-М:2001
16 Серіков А. Техникалық мамандықтар бойынша өндірістік оқу сабағын өткізу ерекшеліктері// Кәсіптік мектеп.-2008.-№5-6.-5-6б
17 Скакун В.А. Преподавание общетехнических и специальных предметов в училищах профтехобразования. М., 1989.
18 Скакун В.А. Ведение в профессию мастера производственного обучения. М., 1990.
19 Иваненко В.П. Формирование профессионального мастерства учащихся при обучении в учебных мастерских. М., 1980
20 Скакун В.А. Преподавание курса «Организация и методика производственного обучения». М., 1989.
21 Труханов И.И. Организация и проведение производственной практики. М., 1990.
22 Кравцов Н.И. Организация методической работы в среднем профтехучилище и руководство ею. М., 1989.
23 Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. - Алматы, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі баспаханасы, 1992.
24 Практикалық сабақ беру тиімділігін артгыру/Қүрастырган Б. Сманов. -А, 1989.
25 Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. /Құрастырған Ж. Нүржанова. -Алматы, 1991.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1.Кәсіби оқытудың жалпытехникалық пәндерін оқытудың жалпы сұрақтары
1.1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері
1.2 Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар
1.3 Оқу әдістері және құрал жабдықтары
1.4 Оқытудың кәсіби білім беру жүйесіне қатысты жалпы дидактикалық қағидалары
1.5 Кәсіби оқытудың жүйесі
1.6 Теориялық оқытуды ұцымдастырудың негізгі формалары
1.7 Теориялық оқытуды құрылымы және типтері
3 Оқу процесін ұйымдастыру
3.1 Кәсіби оқу педагогының оқу жоспарын жоспарлау жіне даярлау
3.2 Кәсіби оқытудың оқу-материалдық базасы
3.3 Кәсіби бағдар беру мектептеріндегі сыныптан тыс жұмыс
Тест тапсырмалары
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Әдіснама – әдістер теориясын зерттейтін ғылым

1.1 Оқыту әдістемесі ұғымына түсінік

Әдістеме -педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады.Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар [1].
Қазақ халқында балалардың тілін сындыру, сауат ашу, шешен сөйлеуге баулу әдістемелерінің ұлттық дәстүрлері ежелден болған. Алайда ғалымдар ғылымы әдістеме тарихын Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап жүр. Оның Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы деп аталатын еңбегі қазақ топырағында туған тұңғыш әдістемелік еңбек болып табылады. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов осы дәстүрді тереңдетіп, Баяншы, Тіл жұмсартар деп аталатын әдістемелік кітаптар жазды.
Осы кезеңнен бастап, қазақ әдістеме ғылымы жан-жақты дамып, сан салалы зерттеулерге ұласты. Жеке пәндерді оқытудың әрбір кезеңдегі (бастауыш кластар, орта мектеп, жоғары оқу орындары т.б.) әдістемелері жасалып, олардың жеке бөлімдері бойынша берілетін білім мен дағдыларды меңгертудің тиімді жолдары зерттеле бастады.
Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім-дилактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білімберу жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады. Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын əдістер саны, түрі орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл оқу əдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мəнділік пен кездейсоқтықты анықтауға жəрдемдеседі, оларды мақсатқа орай əрі тиімді пайдалануға себін тигізеді [3].
Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне тəуелді.
Оқу əдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл - тəсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шəкірттің оқып- үйрену əрекеттерінің өзара байланыстылығы жəне анайылығы осы оқу əдісінен көрінеді.
Дидактикада кең қолданым тауып жүрген жəне бір түсініктер легі –бұл “оқу тəсілі” жəне “оқу ережелері”.
Оқу тəсілдері – оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы əдіс түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына шектеп болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей жағдайларда əдіс педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе жəне бір ықшам оқу-тəрбие мəселесіне орай- тəсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша əдіспен (түсіндіру, əңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік –тəсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік - əдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-əрекеттерінің бəрі тəсіл болып есептеледі.
Сонымен, əдіс көптеген тəсілдерден құралады, бірақ олардың жəй жиынтығын білдірмейді. Тəсілдер арқылы оқытушы мен оқушының оқу жұмыстарын орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу субъекттері іс-əрекеттеріне даралық сипат береді.
Оқу ережелері (дидактикалық ережелер) – оқу процесінің қалыпты педагогикалық жағдайларында қандай жəне қайтіп əрекет жасау қажеттігін көрсететін нақты ұсыныс.
Ереже əрқандай тəсілдің сипаттамасы, норматив моделі есебінде қолданылады. Нақты міндет шешіміне пайдаланатын ережелер жүйесі - əдістің норматив-сипаттама моделін құрайды.
Оқу əдістері -тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу əдістері де өзгеріске келеді.
Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде өскелең əулетке тəжірибе өткізу ересектер мен балалардың бірлікті іс-əркеттік процесінде орындалып жатты. Бұл дəуірлердегі басты оқу əдісі еліктіру, еліктеу жолымен іске асты. Ересектер қалай əрекетке келсе, балалар соны қайталап, қорек табу, от жағу, киім-кешек дайындау ж.т.б. үйренді. Негізгі оқуды өзгертпей, қайта жасау (репроедуктив), (мендей етіп істе) əдісі алынды. Кейінгі замандардағы барша əдістер осы қайталай жасау əдісінен өз бастауларын алды.
Мектептердің ресми формаларының ұйымдастырылуы заманынан оқудың сөздік (ауызша) əдістері пайда болды. Мұғалім дайын ақпаратты сөзбен жеткізіп отырды, оқушылар оны есіте отырып, игерумен болады. Қоғамға жазудың келуі, кітап баспасының өркендеуі, білімді жария етуде, жинақтауда жəне əулеттен əулетке жеткізуде (код) таңбаны пайдалануға мүмкіндік берді. Енді сөз негізгі ақпарат ұсыну құралына айналып, ал кітап бойынша оқыту мұғалім мен оқушының ең көп тараған өзара ықпал жасау əдісі болды.
Кітап əрқилы қолданылды. Ортағасыр мектебінде оқушылар негізінен діни мазмұндағы мəтіндерді қарадүрсін жаттаумен шектелді. Осыдан жалаң, жаттанды оқу (догматикалық) əдісі үрдіске айналды. Бұл əдістің сəл жетілген түрі сұрақ қою, дайын жауаптар берумен (софистика) байланыстырылды.
Ұлы жаңалықтар ашу жəне ойлап табу дəуірінде бұрын оқытудың жалғыз-ақ жолы болған сөздік əдіс өз маңызын жоғалта бастады. Өркендеудегі қоғам қажетіне орай оқу процесіне бақылау, эксперимент, өзіндік жұмыс, жаттығу, яғни оқушыда белсенділік, саналылық, ынталылық оятуға бағытталған əдістер ене бастады. Көрнекі оқу əдісі де кең тарады.
XІХ-ХХ ғ.ғ. шектерінде сөздік əдіске балама ретінде бала қажеттері мен қызығуларын біршама толық ескеретін, оның өзіндік əрекеттерінің дамуына жол ашатын эвристикалық (шығармашылдық) əдіс маңызды орын иелей бастады. Кітаби əдістердің орнына табиғи əдістер келді. Яғни оқу шынайы болмыс, қоршаған дүниемен байланыстырылатын болды. Ұстаз бен оқушыны енді оқудың практикалық əдістерін қажет ететін іс-əрекет арқылы оқып-үйрену əдісі қызықтыра бастады. Мұндай оқуда қол еңбегіне, еңбекпен байланысты іс-əрекеттерге, сонымен бірге оқушылардың кітаппен жұмыс істеуіне көп мəн беріліп, балалардың өз тəжірибесі негізінде дербестік қабілетін дамыту басты назарға алынды. Шамалап ізденіс, зерттеу əдістері қалыптасты.
Дегенмен, білім дамуының əр кезеңдерінде қолданымға келген əдістердің қай-қайсысы да өз бетінше жеке қажетті педагогикалық нəтижені қамтамасыз ете алмайды. Оқу əдістерінің əрбірі өз алдына əмбебап қызмет атқармайды. Оқу барысында əрқилы əдістерді өзара байланыстыра қолдану, пайдалану ғана тиімді өнімін береді.

1.2 Оқыту әдістерін белгілері бойынша топтастыру

Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын əдістер саны, түрі орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл оқу əдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мəнділік пен кездейсоқтықты анықтауға жəрдемдеседі, оларды мақсатқа орай əрі тиімді пайдалануға себін тигізеді.
Қазіргі күнде педагогикада əдістерді топтастырудың үш жолы кең танылған.
1. Оқу əдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.
Мұндай топтастыруға байланысты əдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім əрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген əдістер тобына енетіндер:
- білім жинақтау əдісі;
- ептілік жəне дағды қалыптастыру əдісі;
- білімді қолдану, пайдалану əдісі;
- білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) əдістері.
2. Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
Тəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік, іс-əрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі əдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) жəне іс-əрекеттік əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).
Оқу əдістері жүйесінде басты орын сөздік əдістерге беріледі. Олар-əңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дəрісбаян (лекция), кітаппен жұмыс.
Əңгімелеу – оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.
Түсіндіру – бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мəнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен дəлелдеп, оқушы санасына енгізу. Сұхбат – оқудың диалогтық əдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді.
Дəрісбаян (лекция) - көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Дəрісбаянның басқа сөздік əдістерден өзгешелігі – қатаң құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мəнін ашу жүйелікке негізделеді.
Дəрісбаян ғылыми-көпшілік жəне академиялық болып ажыралады. Өткен материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дəрісбаяндары қолданылады.
Қазіргі кезеңде дəрісбаян əдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок) тəсілін пайдалану қажетттігінен туындап отыр.
Оқу сөз-жарысы (дискуссия) əдіс ретінде нақты проблема бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы оқушының ой-пікірі өзінің меншікті шешімі не басқа тұлғалардың ғылыми –теориялық ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз –жарысының басты қызметі –шəкірттердің танымдық ұмтылыстарына дем беру.
Сөз жарыс жəрдемімен оған қатысушылар жаңа білімдерді игереді, өз пікірлерінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізеді, өз көзқарастарын қорғап қалуға үйренеді, басқалар ой топшылауларымен есептесу қажеттігін түсінеді.
Кітаппен (оқулықпен) жұмыс – кітап оқу сөздік əдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл əдістің тиімділігі –оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады.
Баспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың бірнеше жолы бар:
- конспектілеу - оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны. Конспектілеу түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз атынан жасағаны жөн, осы жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды;
- тезистер түзу - негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша баяндау;
- реферат құрастыру – тақырып бойынша бірнеше ақпарат көздеріне шолу беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын беру;
- мəтін жоспарын жасау - мəтінді бөлімдерге келтіріп, əрқайсысына атама беру; жоспар жай не күрделі болуы мүмкін;
- сілтемелер беру (цитирование)- мəтіннен өзгертілместен бөліп алынған көшірме. Сілтемеге байланысты қойылатын талаптар: əдептілік болуы, мағынаның өзгеріске түспеуі, сілтеме алынған еңбектің авторын, атамасын, баспа орыны мен атын, жария жылын, бетін дəл келтіру;
- түсініктеме беру (аннотация)- оқылғанның мəнді тараптарын жойып алмастан, қысқа, ықшам баяндау (ауызша не жазба);
- пікір беру (рецензирование)- оқылған жөнінде өз ойын білдіруге арналған қысқаша ауызша не жазба баян.
- анықтама (справка) түзу –ізденіс нəтижесінде жинақталған ақпарат бойынша мəлімет. Анықтамалар түрі - өмірнамалық дерек, сандық- статистикалық, жағрапиялық, терминологиялық жəне т.б.
- формальды –қисынды модель жасау - оқылғанды сөз-сүлбе (схема) күйінде жеткізу;
- тақырыптық тезаурус құрастыру - тақырып, бөлім не түгелдей пəн бойынша тірек ұғымдардың реттелген жиынтық тізімін жасау;
- идеялар матрицасын жасау - біртекті заттар, құбылыстар жөнінде келтірілген түрлі авторлар еңбектеріндегі салыстырмалы сипаттамаларда кесте формасына келтіру;
- пиктографиялық жазба –сөзсіз бейнелеу.
Білім көзіне орай топтастырудың жəне бір реті - бұл көрнекілік əдістер. Көрнекі əдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тəуелді. Бұлардың бəрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік жəне практикалық əдістермен бірге пайдаланылады.
Оқудың практикалық əдістері - оқушының іс-əрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті –тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық жəне тəжірибелік əдістері бірігеді.
Жаттығулар – материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқу əрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мəрте қайталаумен орындау.
Жаттығулар ауызша, жазба, графикалық жəне оқу-еңбектік болып ажыралады.
Ауызша жаттығулар оқушылардың сөйлеу мəдениетінің, қисынды ойлау, ес, зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды.
Жазба жаттығулардың басты міндеті игерілген білімді бекіту жəне олар бойынша қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, қолдануға бейімдеу.
Оқу-еңбектік жаттығулар ерекше əдістер тобын құрайды. Бұларды пайдалану нəтижесінде оқушылар теориялық біліктерін еңбек іс-əрекеттерінде қолдануға үйреніп, еңбек құрал-саймандарымен, лабораториялық жабдықтармен қатынас жасауға дағдыланады, құрастырушылық-техникалық ептіліктерін дамытады.
Оқушылардың өзіндік əрекеті мен дербес жұмыс істеуіне байланысты қалаған жаттығу қайта жасау, дағдылану, шығармашылдық сипатына ие.
Оқу процесінің белсенділігін көтеру, оқу тапсырмаларының сапалы орындалуына түсіндірмелі жаттығулардың тиімділігі орасан. Бұлардың мəні – оқушы орындап жатқан əрекетіне сипаттама береді, осыдан жаттығу ісі мен білімі көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі.
Лабораториялық жұмыстар əдіс ретінде оқушылардың өз бетінше арнайы приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тəжірибе не эксперимент жүргізуіне негізделген [6]. Жұмыс дара не топта жүргізіледі. Бұл əдісті қолдану барысында оқушылар жоғары белсенділік жəне дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене араласуға мүмкіндік алады.
3. Оқу əдістерін шəкірттердің танымдық əрекеттеріне орай топтастыру.
Танымдық іс-əрекет сипаты оқушының ойлау белсенділігінің деңгейінен көрінеді. Мұндай топтастыру тұрғысынан келесі əдістер түрі ажыралады: түсіндірме – көрнекілі (ақпаратты – рецептивті, іштей түсіну), қайталай жасау (репрадуктивті), проблемді баяндау, бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) жəне зерттеу.
Түсіндірме – көрнекілі əдістің мəні – оқытушы əрқилы құрал-жабдықтар көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны қабылдайды, түсінеді жəне есте қалдырады. Оқушылардың танымдық іс-əрекеті дайын білімдерді есте қалдыруымен еленеді, бірақ бұл бейсаналық деңгейде де болып, ақыл-ой белсенділігіне ешқандайда əсер етпеуі ықтимал. Осыдан түсіндірме, яғни ақпаратты- іштей түсіну əдісі əрдайым тиімді бола бермейді.
Қайта жасау (репродуктивті) əдісте оқытушы ақпаратты дайын күйінде хабарлап, түсіндіреді, ал оқушылар оны меңгеріп, ұстаз тапсырмасымен сол күйінде қайталап айтып береді. Білім өзгеріске түспейді, оқушыдан шығармашыл белсенділік талап етілмейді.
Қайта жасау əдісінің, ақпараттық іштей түйсіну əдісіндегідей басты тиімділігі- уақыт, күш қуат үнемділігі. Бұл əдіс қысқа уақытта, көп күш жұмсамай ауқымды көлемдегі білім қоры мен ептіліктерді түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік береді. Сабақ барысындағы көп қайталаудан білім бекімі бірқанша жоғары болады. Бірақ бұл əдіс те оқушылардың ой белсенділігін көтеруде өзінің тиімсіздігімен байқалады.
Проблемді оқу əдісі - оқу процесіндегі орындаушылық қызметтен шығармашыл іс-əрекетке өту құралы ретінде танылады. Бұл əдістің мəні – оқытушы мəселе ұсына отырып, оның шешімін береді, таным процесіндегі ой өрісінің даму жолын көрсетеді. Оқушылар дайын білімдерді, қорытындыларды тек қана түсініп, есте қалдырумен шектеліп қалмай, дəлелдер қисынына, ой пайымдау тəсіліне бақылау қояды. Мұндай əдісті қолдану барысында оқушылар таным процесінің тікелей қатысушысы болмағанымен, мұғалімнің ой топшылауларына зер сала отырып, өздеріде проблема шешуге үйреніп барады.
Танымдық процестің біршама жоғары деңгейде танылғаны - бұл бөлшектеп ізденіс (эвристикалық) əдісі. Бұл əдіске байланысты оқушылар күрделі оқу проблемасын толықтай бастан-аяқ шешпестен, проблеманы бөлшектерге келтіріп, оларды бірінің ізімен екіншісіне жауап тауып отырады.
Оқытушы мұндайда оқушының ізденіс əрекетіндегі əр қадамына назар сала отырып, оған бағыт-бағдар сілтейді.
Оқудың зерттеу əдісі – оқушының білім игерудегі шығармашылдық ізденісіне басты назар аударады. Бұл əдісті қолданудағы басты мақсат- оқушының білім игерудегі саналылығын көтеру, құбылыстар мен оқиғаларды нақты күйінде қабылдамай, олардың мəн-мағынасына тереңдей ұғынуға үйрету, қорытындылар жасауға баулып, игерген білім, ептілік жəне дағдыларын тұрмыста қолдануға жаттықтыру.
Бұл əдістің бір кемшілігі -көп уақыт жұмсауды талап етеді.
Жоғарыда аталған дəстүрлі əдістерінің бəрі оқушының таңдау, есте қалдыру, мұғалімнің айтқанын қайталау əрекеттерін дамытуға бағытталып, шын мəніндегі шығармашыл еңбек, белсенді таным мүмкіндіктерін өрбітуде тиімсіздік танытады. Бұл кемшілікті белсенді жəне жедел əдістермен толықтыруға болады. Оқудың белсенді əдістері -оқушы іс-əрекетіне өнімділік, шығармашыл- жасампаздық жəне ізденісті - зерттеу сипатын беретін жол-жобалар тобы [7]. Оқу танымдық процесте шəкірт белсенділігін көтеруге дидактикалық ойындар, нақты ситуатцияларды талдау, іскерлік ойындар, проблемді мəселелерді шешу, алгоритм бойынша оқу, ақыл шабуылы (мазговая атака), жеке ұғымдармен жұмыс істеу.
Жедел əдістер – қысқа уақыт аралығында оқу сеанстарына ұзақтай ендіру жолымен көзделген іс-əрекетке үйретуде қолданылады (шомдыру əдісі). Бұл əдістер бизнес, маркетинг, шет ел тілдерін, практикалық психология мен педагогиканы оқытуда кең қолданылуда.
Қазіргі уақыттары жалпы педагогикада теориялық негізін тауып, оқу-тəрбие процесіне еніп жатқан бұрын соңды естімеген əдістер тобын келтіруге болады: суггестопедия – иландыру жолымен оқыту; гипнопедия –ұйқыда оқыту; фармакопедия – дәрі-дəрмек қолданып оқыту. Бұл əдістердің бəрі адамның табиғатындағы, ішкі мүмкіндіктеріне қозғау салып оқытуға бағытталған.
Сонымен, əдіс көп, оның топтастырылуы да сан қилы, əрқайсысы өз алдына тиімді де, кемшілігі де жоқ емес.Осынысына көз жібере отырып, зерделі ұстаз оқу мақсатына, мазмұнына, алдындағы оқу субъектіне сай келетін нақты əдіс таңдайды, оны қолданудың жолдарына мəн береді.

1.3 Оқыту әдістерінің түрлері

Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.
Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов: Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас,-дейді. Сөз өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов Оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол: Баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек,-дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді.
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;
әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
әңгіменің әсерлілігі;
тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда теоремаларды оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады.
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;
себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
жүйелілік.
Түсіндіруоқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
ес пен тілді дамытуы;
оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
оқушылардың білімінің белгілі болуы;
жақсы диагностикалық құрап;
үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
уақыттың көп кетуі;
қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби: Оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік,-деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары:
көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану;
демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.
Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипатыжәне әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді.
Келесі шолу әрбір әдістің артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталады.
1.Баяндама
Жағдай: Оқытушы оқу тобының алдында тұрады және фактілер, түсініктер, негіздер және үрдістер туралы көбіне мүдіріссіз айтады. Ол толық жете зерттелген білімді алдыға тартады, жол-жөнекей сұрақтарды күтпейді.
Егер ауқымды тақырып бойынша кіріспе әрекеттер беру керек болса, бұл әдіс өте тартымды.
Артықшылықтары:
үлкен көлемді деректерді қысқа мерзімде беруге болатындығы
қарапайым әдістемелік және ұйымдастырушылық дайындық мүмкіндігі
огикалық жүйелілікті сақтауға жеңіл қол жеткізуге болатындығы
Кемшіліктері:
кең көлемді білімді қабылдауға үлкен күш керек, есте сақтап қалу қиын
шаршатады, 20 минуттен артық назар салып тыңдау ылжыратып жібереді!
әралуан алдыңғы білімдерді ескеру мүмкіндігінің жоқтығы
сұрақ қою мүмкіндігі жоқтың қасы
оқушыларға жоғары талап қойылу қаупі бар
- оқу енжар түрде өтіп жатады
2. Презентация
Жағдай: Оқытушы оқу тобының алдында тұрып, нақты заттарды, модельдерді, жұмыс мысалдарын, сондай-ақ фотосуреттерді, постерлерді және есту-көру ақпарат құралдарын – фильмдерді, диапозитивтерді және т.б. ұсынады. Алға тарту түсіндірумеен қоса жүріп жатады. Білім беруді қызықты, көрнекті және практикаға жақын етіп іске асырып, фактілер қабылдауды жеңілдету үшін бұл әдіс орынды.
Артықшылықтары:
оптикалық қолдау қабылдау қабілетін және түсінуін ынталандырады
әдістемелік дайындық қиын емес
логикалық жүйелілікті оңай қабылдауға болады
оқушылардың басқадай тек орнында тұрғанда ғана мағлұмат алатын нақты заттар мен жағдайларды көз алдына келтіре алатындығы
Кемшіліктері:
егер талқылау жүрсе, білімді қамту тек біржақты жүреді
егер қосымша шаралар болмаса, біржақтылық қаупі бар
әралуан алдыңғы білімдерді ескеру мүмкіндігінің жоқтығы
-егер оқушы құрылғыларды қолдануда тәжірибесіз болса, құрылғыларда техникалық сәтсіздіктер болу қаупі бар
- оқу енжар түрде өтеді
- 20 минутттен артық назар салып тыңдау қалжыратып жібереді
3. Көрсету
Жағдай: Оытушы оқу тобының алдында тұрып, сайманды ұстауды немесе машинаны күтуді немесе белгілі бір жағдайда тығырықтан қалай шығу керектігін көрсетеді.
Егер практикалық жұмыс әрекеттері көрсетілуі керек болса, бұл әдіс әсіресе ыңғайлы.
Оны нұсқанаумаға қатысты қолдануға болады.
Артықшылықтары:
егер соңынан еліктеу болатын болса, көптеген дағдыларға үйрету оңай
бұрыс әрекеттерден және қателерден аулақ болып немесе басталғанша жөндеуге болады
қадамдардың дұрыс жүйелілігін оңай құруға болады
егжей-тегжейлі тәжірибе беруге болады
әртүрлі жылдамдықпен дағды көрсетудің жақсы мүмкіндігі
Кемшіліктері:
оқытушының мүмкін болу қателіктері оқушыға ауысады
20 имнуттен артық назар салып тыңдау қалжыратады
әралуан алдыңғы білімдерді ескерілмейді
азғантай ғана оқушының көре алатындығы
оқушылар тез шаршайды
- дайындық көп уақытты тілейді
4. Барлау (зерттеу)
Жағдай: Оқытушы бақылау үшін негізгі баптары белгіленген есептерді дайындайды. Ол берілген есептерге жауап табу үшін белгілі бір жерде барлау жасауға тапсырма береді. Оқытушы оқушыларды бақылап және топты бағдарлайды (қауіпсіздік шаралары). Бұл – оқу тобын белгілі бір ортаға енгізуге арналған жақсы әдіс.
Артықшылықтары:
оқу орнымен танысудың босаңсыған және қызықты жолы
оқушылар назар салып бақылауды үйренеді
оқушылардың алдыңғы білімін қатыстырудың қысқа жақсы мүмкіндігі
Кемшіліктері:
көп уақыт талап етеді
- оқушыларға келесіде әлі де өңдеуді талап ететін толық емес түсінік берілуі мүмкін.
5. Оқу сұхбаты
Жағдай: Оқытушы білімді фактілер, негіздер мен үрдістер түрінде береді және ойлану бағдарына әсер ету үшін сұрақтарды пайдаланады да, жауаптар мен талқылаулар күтеді. Бұл жерде барлық дидактикалық негіздерді ескеруге болады, бұл ең кең тараған оқыту әдісі. Бұл түсінуді және “байланыста ойлауды” дамытуға өте қолайлы.
Артықшылықтары:
оқытушы парасаттық (танымдық) қабілетті даму үрдісін тікелей қолдап отырады
ауқымды деректер аздаған қадамдармен талдана алады
оқудың өте белсенді жолы
оқушылардың алдыңғы білімін қатыстыруға жақсы мүмкіндік
Кемшіліктері:
сұрақтар қоюдың қате техникаларын қолдану қаупі бар
оқытушы оқушыны асыра бағалап жіберуі мүмкін
оқушының өз пікірінің бағытын ойластыруына әсер ету қаупі бар
Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тәнзаңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.
Қазақ халқында балалардың тілін сындыру, сауат ашу, шешен сөйлеуге баулу әдістемелерінің ұлттық дәстүрлері ежелден болған. Алайда ғалымдар ғылымы әдістеме тарихын Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап жүр. Оның Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы деп аталатын еңбегі қазақ топырағында туған тұңғыш әдістемелік еңбек болып табылады. 20 ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов осы дәстүрді тереңдетіп, Баяншы, Тіл жұмсартар деп аталатын әдістемелік кітаптар жазды.
Осы кезеңнен бастап, қазақ әдістеме ғылымы жан-жақты дамып, сан салалы зерттеулерге ұласты. Жеке пәндерді оқытудың әрбір кезеңдегі (бастауыш кластар, орта мектеп, жоғары оқу орындары т.б.) әдістемелері жасалып, олардың жеке бөлімдері бойынша берілетін білім мен дағдыларды меңгертудің тиімді жолдары зерттеле бастады.
Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім — дилактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады.

2 Зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі

Бүгінгі күні бүкіл дүние жүзілік білім беру тәжірибесіне жүгінетін болсақ, жылдам қарқынмен оқыту үрдісінің сапалы да жемісті жолы аудиториялық сабақтардың көлемін тиімді қысқарту арқылы студенттердің өздік жұмыстарына уақытты көбірек беріп, олардың шығармашылық қабілетінің өсуіне әсері жоқ оқу пәндерін барынша азайту. Және де оқу жылының барысындағы студенттердің еңбек санының дұрыс бөлінуіне ерекше көңіл бөлу, себебі семестрдегі жүйесіз берілген өзіндік жұмыстар сессия кезіндегі үлгермеушілікке және білім сапасының төмендеуіне әкеліп соғады.
Осыған байланысты, зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау үшін әр студентке оқу-әдістемелік құралдарын көрсетіп, өздік жұмыстарына семестрдің басында дұрыс тапсырма беру, соған байланысты әр тапсырманың ұйымдастыру-әдістемелік материалдары болуы тиіс.
Студенттердің қарқыны қай пәнді болсын оқу кезіндегі зертханалық жұмыстарының дәрежесімен сипатталады. Сонымен, студенттердің зертханалық жұмыстарының ішкі мазмұны – мұғалімнің қатысуынсыз немесе көмегінсіз дайындалу ғана емес, студенттің әрекеті алған ақпаратты білімге қолдана білуге айналдыру функциясы мен сол қызметті басқара білу функциясының үйлесімділігінен тұрады немесе олардың өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін құрған амалдарын білдіреді десек те болады.
Негізінен алғанда, студенттердің зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу технологиясы мынадай элементтерден тұрады:
студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау,
әдістемелік қамтамасыз ету,
бақылау және орындалу бағасы,
талдау және жетілдіру.
Студенттердің зертханалық және практикалық жұмыстарын жоспарлау кезінде, студенттердің өздік жұмыстарымен қатар мұғалімнің жетекшілігімен өткізілетін (СМЖӨЖ) да сағат бөлу керек,, яғни СМЖӨЖ-ң көлемі әр пәнге бөлінген лекция, практика, студиялық және семинар сағаттарының толық көлемінен кем болмауы керек. Қалған өздік жұмыстарының сағаты күнделікті орындауды талап ететін комьютердің тапсырмасымен толықтырылуы тиіс.
Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өткізілетін жұмыстардың уақыты көрсетіліп, оқу кестесіне енгізілуі тиіс және сабақтан соң арнайы аудиторияда өткені жөн.
Әр оқу пәнінің жұмыс бағдарламасының сәйкес бөлімдеріне студенттердің өздік жұмыстарының жоспарланған түрлері, олардың сағатпен көрсетілген еңбек сиымдылығы, бақылау мерзімі және коллоквиумдар, курстық, семестрлік, есепті-графикалық және басқа да жұмыстары міндетті түрде кіргізіліп көрсетілуі керек. Студенттердің зертханалық және практикалық жұмыстарының түрлерін таңдау үшін оқу пәнінің мақсатын, оқушының дайындық сатысын, студенттердің өздік жұмыстарына бөлінген сағаттар санын ескерген жөн.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өздік жұмыстарының қарапайым және қолайлы түрі – коллоквиумдар болып саналады, ол белгілі бір тақырыптағы баяндама немесе деректі мәсеені талқыға салатын ғылыми жиналыс түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Бұған мұғалімдердің де шығармашылық әдіс-амалдары қажет [11].Мысалы, студенттердің жазған мазмұндамасын, жасаған семестрлік, курстық жұмыстарын әдеттегідей қабылдай салмай, әр-түрлі ғылыми пікірталас ұйымдастыру арқылы қабылдаған әлдеқайда тиімді.
Барлық инженерлік қызметтің негізгі мазмұны жобалық-конструкторлық және жобалық-технологиялық құралымнан тұратыны мәлім. Курстық жоба, дипломдық жоба сияқты жобалық-конструкторлық және оқу ісінің синтезін құрайтындықтан, болашақ маман үшін, әсіресе инженерлік мамандар үшін өте қажет курстық жобаны ерекше атап өткен жөн тәрізді.
Тәжірибе көрсеткендей, бір курстық жобаны 2-3 студент орындаса жобаның практикалық сапасын арттыруға болатындығы көрінеді, яғни, бұл топтастырған тәсіл өз бетімен жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге, шығармашылығын және жауапкершілігін арттыруға себебін тигізетіндігі анық. Өйткені жобалау кезінде студенттер таңдау еркіндігін алады.
Білімгерлердің өздік жұмыстарын қадағалаудың тәсілдері де үлкен нәтиже береді. Өзін бағалай және қадағалай білуді, өзіне баға беруді қалыптастыру – оқушының қызығушылық көзқарасын және белсенділігін арттыратын сенімді тәсіл.
Әр пәнге арналған өзіндік жұмыстар студенттердің өз күштеріне сенімділігін және жауапкершілігін арттырып, өзіндік баға беру қабілетін қалыптастырады.
Өзіндік жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы тиіс. Өзіндік жұмыстың керекті нәтижесін алу үшін қойылатын негізгі шарт – студенттерді оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет.
Әрбір студенттің өсуі мен жетілуі оқыту барысында табысты болуы үшін, оқытушы олардың әрқайсының қабілетіне байланысты бейімделген және ерекшеліктеріне сай болуға тиісті, яғни бұл жерде жеке студентке тең құқықты серіктес ретінде сыймен қараудың да маңызы зор. Қайталап айтатын болсақ, жоғары мүддеде үлкен қарқынмен оқыту талабына сай студенттердің өздік жұмыстарына көбірек уақыт беру арқылы оқушының өздігінен ойлау қабілетін кеңейтіп, ізденісін арттыратын деп сөз жүзінде айтып қана қоймай, сонымен қатар, білім беру ісінің сапасын арттыру үшін оқыту үстінде оң қабақ танытып, ұнамды көңіл қоюдың да мәні зор.
Білім беру барысында мұғалім пәнге деген қызығушылықты тудырып, оқушы содан қанағат алатындай жағдай жасауы керек. Өйткені оқу материалын саналы түрде меңгеру, оның қажеттілігін түсініп, мәнін ұғынуға көп байланыст
Жоғарғы мектептерде оқытуды ұйымдастырудың әр алуан түрлері бар: лекциялар, практикалық оқулар және оның түрлері – просеминар, семинар, арнайы семинар, зертханалық жұмыстар, практикум, өз бетінше жұмыс, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары, өндірістік және педагогикалық практика және басқалар. Дидактикада олар студенттердің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуі үшін танымдық қызметтік басқару тәсілдері ретінде түсіндіріледі.
Сонымен қатар лекция, семинар, өз бетінше жұмыс, оқытуды ұйымдастыру түрлері ретінде болады, өйткені олар оқытудың мазмұны мен әдістерін жүзеге асыру шеңберіндегі студенттер мен оқытушылардың өзара іс-әрекетін жүзеге асыратын тәсіл болып саналады.
Жоғары мектептерде оқытуды ұйымдастыру дәрісханалық және дәрісханадан тыс жолдармен іске асырылады, олардың әрқайсысында студенттермен оқу жұмысын ұйымдастырудың жаппай, топтық және жеке түрлері қолданылады [12 ]. Оқу пәнін ұйымдастырудың дәстүрлік формасын төмендегіше жинақтауға болады.
Оқу процесін ұйымдастыру түрлері
Теориялық дайындыққа бағытталған
Практикалық жұмыстарға бағытталған
лекция,
семинар,
өз бетінше жұмыс,
конференция,
кеңес беру практикалық оқулар,
курстық жобалау,
дипломдық жобалау,
практика,
іскерлік ойындар
Жоғары оқу орнындағы практикалық сабақтар. Жоғары мектептердегі оқыту процесі қайсыбір пәнді тереңдетіп оқытуға арналған практика-сабақтарды қамтиды. Практикалық сабақ термині педагогикада зертханалық жұыстардан, жаттығулардан, әр түрлі семинарлардан тұратын, жинақтайтын тектес ұғым ретінде пайдаланылады. Дәрісханада өтетін практикалық оқулардың студенттердің оқытушылармен бірлескен қызметінде практикалық міндеттерді шешу үшін алған білімдерін пайдалану дағдысын қалыптастыруда маңызы зор. әр түрлі практикалық сабақтар академиялық жүктемелердің ең сыйымды бөлігі болып табылады.
Төменгі курстарда практикалық сабақтар жүйелік сипатта болады, олар әрбір немесе екі-үш лекцияның соңынан үнемі өткізіліп отырады. Күндізгі және кешкі бөлімдерде, барлық лекциялық курс және оның негізгі, күрделірек бөлімдері лекциялар мен практикалық сабақтар арқылы өтеді, олар лекцияда басталған жұмыстарды іштей жалғастырады.
Егер лекция ғылыми білімнің жалпы түріндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Касіптік білім беру
Болашақ кәсіби оқыту баклаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау
Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Кәсіптік мектептің орыс тілді аудиторияларында қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту үдерісі
Оқушыларға инновациялық-дидактикалық, модулдік технологиясы арқылы білім беруді теориялық тұрғыдан негіздеу
Дуалды оқыту жүйесі
Кәсіптік оқу орындарындағы казіргі кезде қолданылатын заманауи техникаларды, оларды қолдану әдістерін анықтау
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Пәндер