Экологиялық қылмыстардың белгілерінің құқықтық сипаттамасы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.8

I.тарау экологиялық қылмыстарға түсінік.

1.1. экологиялық қылмыстардың түсінігі және басқа да қылмыстық құрамдардан айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ...9.18
1.2. экологиялық қылмыстардың түрлеі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.22

II. тарау Экологиялық қылмыстардың белгілерінің құқықтық сипаттамасы

2.1. Экологиялық қылмыстардың объектісі және объективтік жағын анықтаудың кейбір құқықтық мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23.40
2.2. Экологиялық қылмыстың субъектісі мен субъективтік жағының кейбір құқықтық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41.49

III . тарау Экологиялық қылмыстарды саралаудың құқықтық проблемалары
3.1 Экологиялық қылмыстарды саралаудың түсінігі ... ... ... ... .50.51
3.2 Экологиялық қылмыстарды саралаудың түрлері ... ... ... ... .52.63

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64.65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66.70
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі

Елімізде экологияны қорғау тек біз ғана емес сонымен қатар көрші шет елдерге де ерекше маңыз болып отыр. Экологияны қорғау туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2008 жылғы халыққа жолдауында атап көрсеткен.
Бүгінде қоғамымызда жаңа қоғамдық қатынастардың пайда болуы, мемлекетімізде қылмыс құралдарының пайда болуына әкеп соқтырып отыр. Жиырмасыншы жүзжылдықта халық санының өсуі , ғылыми - техникалық жаңалықтардың ашылуы, өз кезегінде табиғи байлықтардың жойылуына, қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтырып отыр.
Табиғи ресурстар материалдық өндірістің өсуіне, нарықтық қатынастардың одан әрі дамуына және жетілдіріле түсуіне ықпал жасайтын өндірістік күштердің құрамды бөлігі болып табылады. Табиғатпен өзара қарым – қатынас жасап, сан – алуан іс - әрекетке бара отырып, адамдар бір жағынан оған ықпал етеді, яғни басқаша сөзбен айтқанда, оны өзгертеді, сондай – ақ оны қайта өзгерту барысында өзі де өзгерістерге ұшырайды. Қоғам мен табиғаттың бір – біріне деген өзара әсер ету процесі жүреді.
Қазақстан Республикасы - табиғи ресурстармен қамтамасыз етілген әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Алайда біздің еліміздің табиғи ресурстарының соншама молдығына қарамастан , оған қамқорлықпен қарау қажеттілігі әрқашан туындап отырады. Әрине, қоғамның қазіргі дамуы табиғи ресурстардың шаруашылық мұқтаждықтарына белсенді түрде пайдаланылуына сүйенеді. Бұл процесс нарықтық қатынастар дами түскен сайын одан әрі күрделене береді. Көрініп отырғандай, судың тапшылығы ұзақ уақыт бойы өзекті болып қала береді.
Қолданылған нормативтік актілер мен әдебиеттер
1. Қ.Р. Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз.
2. “ ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” 1998 ж. 7 қазан.
3. ҚР Қылмыстық кодексі 1997 ж.
4. “ Қоршаған ортаны қорғау туралы” ҚР заңы 1997 ж. 15 шілде.
5. “ҚР Экологиялық кодексі” 2007 ж.
6. “ Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы” 1997 ж. 15 шілде.
7. “ Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы”1996 ж.
8. ҚР Жер кодексі 2003 ж. 19 шілде.
9. ҚР Орман кодексі. 2003 ж. 23 шілде.
10. ҚР Су кодексі 2003 ж. 23 шілде.
11. 1995 ж. 7 шілде ҚР Заңы “ Мұнай туралы”
12. 1998 ж. 26 маусым ҚР “ Ұлттық қауіпсіздік туралы”
13. 1998 ж. 23 сәуір “ Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы”
14. Закон КазССР “ Об охране атмосферного воздуха”1981г.
15. Қазақстан Республикасындағы радиоактивті қалдықтар көмудің тәртібі туралы. ҚР Үкіметінің 18.10.1996 ж. Қаулысы.
16. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемді өндіріп алу тәртібі туралы ҚР Үкіметінің 1.12.1998 ж. Қаулысы.
17. Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын қолдану тәжірибесі туралы ҚР Жоғарғы сот Пленумының № 16 2000ж. 22 желтоқсандағы Қаулысы.







1. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл – Алматы: Атамұра, 2003ж.240 бет.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы – 2030; гүлдену, қауіпсіздік жіне жақсарту.
3. Колбасов О.С. Концепция экологического права. Право окружающей среды в СССР и Великобритании.-М.,1998.5бет
4. Плешаков А.М. Экологические преступления: концепции и система понятий. Государство и право.-1993. №8. 82 бет
5. Клобасов О.С. Указ.соч.-5бет
6. Петров А.М.,Уголовно-правовая борьба с экологическими преступлениями. М.,1993-7бет
7. Плешаков А.М.Уголовно- правовая борьба с экологическими преступлениями. М.-1993-7 страница.
8. И.Ш. Борчашвили. Экологические преступления: понятие и квалификация.- Караганда, 1995-9-11 страница.
9. Ляпунов Ю.И. Преступления и проступок по делам нарушении законов об охране природы. Социалистическая законность-1974г.№3
10. Андрейцев В.И. К модели экологических преступлении УК союзных республик. Вестник Моск. Унив-та. Серия 11. Право – 1989 - №5-35страница.
11. Жевлаков Э.Н. Экологические преступления: понятие, виды, проблемы ответственности. М.,1992.11-13 страницы.
12. Ляпунов Ю.И. Уголовно- правовая охрана природы органами внутренных дел.М.1974-17 страница.
13. Тяжкова И.М. Некоторые вопросы уголовно- правовой лхраны природы.М. 1978-99 страница.
14. Дубовик О.Л.Жалинский А.Э. Причины экологических преступлений.М.1988-60 страница.
15. Повелицына П.Ф. Уголовно- правовая охрана природы в СССР-Ашхабад.1991-22 страница.
16. Петров В.В. Экология и право.-М.,1981-215 страница
17. Ағыбаев А.Н.Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім.А.-2007-37 страница
18. Уголовное право.Часть общая. А.-1998 под.ред.Рогова И.И. и Баймурзина Г.И.
19. Курс советского уголовного права: Особенная часть-М. 1955-373 страница.
20. Жевлаков Э.Н. Общие вопросы квалификации преступлений в области охраны окружающей среды.-М.1986-8 страница.
21. Пионтковский А.А.Курс советского уголовного права-М.1959-368 ст.
22. Трайнин А.Н. Должностные и хозяйственные преступления –М.1938-118 ст.
23. Леонтьев Б.М. Преступления против природных богатств СССР. Советское уголовное право. Часть особенная-М.1975-262 ст.
24. Жевлаков Э.Н. Экологические преступления: понятия, виды, проблемы ответственности: Автореферат дисс.доктора юрид.Наук.-М.1991-13ст.
25. Советское уголовное право.Часть особенная.-М.1983-258ст.
26. Дурманов Н.Д. Преступление-акт внешнего поведения человека. Советское Государство и право.1947 №4-12ст.
27. Жевлаков Э.Н. Общие вопросы квалификаций преступлений в области охраны окружающей среды.М.1986-43ст.
28. Повелицына П.Ф. Уголовно-правовая охрана природы в СССР.М.1981-33ст.
29. Уголовный кодекс штата Огайо 2901.33; Уголовное право буржуазных стран. Часть общая: сб.законодательных актов.М.1990 94-95, 159-161 ст.
30. Трайнин А.Н. Защита мира и уголовный закон. / Избр.пройзведения/ -М.1969-259,297 ст.
31. Плещаков А.М. Экологические преступления ( понятие и квалификация. М.1994-46,47ст)
32. Широков В.Субъект преступления в области охраны окружающей среды Советская юстиция-1985 №5-19ст.
33. Жевлаков Э.Н.Субъект преступления против природы Социалистическая законность-1986-№5747-49 ст.
34. Булатов Г.Г. Филимонов Б.А.Браконьеров к ртвету-М.1966.35 ст.
35. Рохлин В.И.., Пинчук В.И., Сердюк В.М. Расследование и прокурорский надзор по фактам нарушения продоохранного законодательства. Вопросы методики и квалификаций.Л. 1991-43ст.
36. Вода, которую мы пьем. Экономика и жизнь-1991- №2,50 ст.
37. Куншакбаев Н. Не безбрежные водные ресурсы. Экономика и жизнь-1991, №9-3ст.
38. Демина С.А.Закон на страже природы.М,. 1987-26 ст.
39. Колыско А.Ю.,.Моляев Е.О. Экологические преступления Н. Новгород. 1993.48 ст.
40. Бушуева Т.А.Уголовная политика в области охраны окружающей природной среды. Проблемы советской уголовной политики. Владивосток. 1985. 102ст.
41. Пакутин В.Д.Уголовно- правовая охраны внешней природной среды.( объект и система преступлений) Уфа 1977.83ст.
42. Курс советского уголовного права. М. Наука 1971.44 ст.
43. Шемученко Ю.С. , Мунтян В.Л., Розовский Б.Г. Юридическая ответственность в области охраны окружающей среды Киев. 1978.112 ст.
44. Эффективность юридической ответственности в охране окружающей среды. М. Наука. 1985-56 ст.
45. Аксененок Г.А. Природа и человек в условиях научно- технического прогресса. Вопросы философии -1973г.-№107, 34ст.
46. Алексеев С.С. Проблемы теории и права: Курс лекции в двух томах.-Свердловск. 1972.т.1. 33ст.
47. Анашкин Г.З. Уголовно – правовые проблемы охраны природной среды в СССР. Вопросы борьбы с преступностью –М. 1979. Вып. 30. 8ст.
48. Беличенко Ю.П., Шевцов М.М. Рациональное пользование и охрана водных ресурсов. 2-ое изд., перераб. И доп. –М. 1987.77ст.
49. Богомяков Ю.С. Понятие, виды и система преступлений в области использования природных богатств.Сб.науч.тр.-Уфа 1970 вып. 19 ст.
50. Бушуева Г.А. О причинах экологических правонарушений. Проблемы причинности в криминологий и уголовном праве.- Владивосток. 1983г.
51. Колбасов О.С. Закон об охране природы: необзодимость и сущность. Хозяйство и право. -1989-№17
52. Кузнецова Н.Ф. Преступления и преступность. –М. 1969г.
53. Вольфман Г.И. Ответственность за преступления в области охраны природы: квалификация и наказание- Саратов. 1984.18 ст.
54. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030. Алматы: Білім,1997ж.
55. Байдельдинов Д.Л. Правовой механизм государственного управления в области экологии.Қазақ университеті. А. 1998ж.47 бет.
56. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының экология құқығы /Оқу құралы 2 бөлім. Тараз,2003
57. ЕрофеевБ.В. Основы земельного права. М.1971г.
58. Сахипов М.С. Правовая охрана лесов.А. Наука. 1971г
59. Плещаков А.М. Уголовно-правовая борьба с экологтческими преступлениями.М.,1994.3 ст.
60. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылға арналған Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан. 7 ақпан. 2008 ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3-8

I-тарау экологиялық қылмыстарға түсінік.

1. экологиялық қылмыстардың түсінігі және басқа да қылмыстық құрамдардан
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... 9-18

2. экологиялық қылмыстардың
түрлеі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .19-22

II- тарау Экологиялық қылмыстардың белгілерінің құқықтық сипаттамасы

2.1. Экологиялық қылмыстардың объектісі және объективтік жағын анықтаудың
кейбір құқықтық мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23-40

2.2. Экологиялық қылмыстың субъектісі мен субъективтік жағының кейбір
құқықтық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 1-49

III – тарау Экологиялық қылмыстарды саралаудың құқықтық проблемалары

3.1 Экологиялық қылмыстарды саралаудың түсінігі ... ... ... ... .50-51

3.2 Экологиялық қылмыстарды саралаудың түрлері ... ... ... ... .52-63

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .64-65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66-70

Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі

Елімізде экологияны қорғау тек біз ғана емес сонымен қатар
көрші шет елдерге де ерекше маңыз болып отыр. Экологияны қорғау
туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың 2008 жылғы халыққа жолдауында атап көрсеткен.
Бүгінде қоғамымызда жаңа қоғамдық қатынастардың пайда болуы,
мемлекетімізде қылмыс құралдарының пайда болуына әкеп соқтырып
отыр. Жиырмасыншы жүзжылдықта халық санының өсуі , ғылыми -
техникалық жаңалықтардың ашылуы, өз кезегінде табиғи байлықтардың
жойылуына, қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтырып отыр.
Табиғи ресурстар материалдық өндірістің өсуіне, нарықтық
қатынастардың одан әрі дамуына және жетілдіріле түсуіне ықпал
жасайтын өндірістік күштердің құрамды бөлігі болып табылады.
Табиғатпен өзара қарым – қатынас жасап, сан – алуан іс - әрекетке
бара отырып, адамдар бір жағынан оған ықпал етеді, яғни басқаша
сөзбен айтқанда, оны өзгертеді, сондай – ақ оны қайта өзгерту
барысында өзі де өзгерістерге ұшырайды. Қоғам мен табиғаттың
бір – біріне деген өзара әсер ету процесі жүреді.
Қазақстан Республикасы - табиғи ресурстармен қамтамасыз етілген
әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Алайда біздің еліміздің
табиғи ресурстарының соншама молдығына қарамастан , оған
қамқорлықпен қарау қажеттілігі әрқашан туындап отырады. Әрине,
қоғамның қазіргі дамуы табиғи ресурстардың шаруашылық
мұқтаждықтарына белсенді түрде пайдаланылуына сүйенеді. Бұл процесс
нарықтық қатынастар дами түскен сайын одан әрі күрделене береді.
Көрініп отырғандай, судың тапшылығы ұзақ уақыт бойы өзекті болып
қала береді.
Қазіргі таңда адамдарға тиесілі ресурстардың көбісі
толығымен қолданысқа алынған, өмір сүру ортасының нашарлауы,
құрлықтардың химиялық және радиоактивті заттармен улануы,
климаттың өзгеруі, өсімдіктер мен жануарлардың азаюы орын алып
отыр. Осы туындап отырған жағдайдың арқасында жер бетінде
табиғи реакцияның бұзылуына, адамдар арасында түрлі – түрлі
аурулардың пайда болуына апарып отыр. 1 ,с.1
Бұл жағдай біздің елімізге де қатысты болып отыр.
1992 жылы 18 қаңтардың № 1162 – XII Жоғарғы кеңестің қаулысы
бойынша Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып
жарияланды. Аталған аймақ қалпына келтіруге келмейтін, Арал
теңізі және ондағы аймақта тұратын халықты әлеуметтік қорғау
үлкен проблема болып отыр.
Аймақтың тағдыры аса күрделі экологиялық ақуалмен
анықталатын болады. Табиғи, оның ішінде, энергетикалық ресурстар үшін
өршіп тұрған күрес жағдайында Орталық Азия ерекше ынта туғызып
отыр. Табиғи байлықтардың – мұнай мен газ, түсті және өте сирек
кездесетін металдар, алтын күміс, уран және басқа кендердің мол
қорын иелік етуге әлемдік державалардың ынтасы тууда, аймақтың
дүниежүзілік экономикадағы маңызын арттыра түсуде. 2.с.5
Статистикалық мәліметтерге сәйкес әрбір үшінші өндіріс ортасы
заңды сақтамайды. Мысалы, Қарағанды облысын алып қарасақ, бұл аймақта
426 ластаушы өндіріс ортасы бар екен. Облыс бойынша Теміртау
қаласы бірінші орында тұр. Жыл сайын Қарағанды облысы бойынша 112
млн. тонна өндіріс қалдықтары, металлургиялық шлактар шығарылады. Тап
осындай жағдай Республиканың басқа да аймақтарында туындап отыр.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жезқазған, Батыс Қазақстан облыстарында
соңғы 15 жыл ішінде түрлі жұқпалы аурулардың күрт көбеюі байқалды.
Химиялық радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану
кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы нәтижесінде Қазақстан
Республикасы аумағында улану, сәулелену көздері пайда бола бастады.
Бірнеше қоршаған ортаға қауіпті ірі өндіріс орындары
экологиялық сараптамадан өткізілінбей жобаланып, орналастырылып жатыр.
Осыған орай қазіргі таңдағы актуальді мәселелердің бірі екені
сөзсіз.
Сондықтан осы проблемаға байланысты өз кезегінде зерттеуді
талап етеді.
Сондықтан ғалымдардың бүкіл қоғамның табиғи ресурстарын
пайдаланудың адам үшін қажеттілігі мен табиғи ортаны қорғаудың
қажеттілігі арасындағы қарама – қайшылықтарға байланысты дабыл қағуы
өте орынды болып табылады. Осыған байланысты зор маңызды : табиғи
ресурстарды өте көп мөлшерде шаруашылық мақсатқа пайдаланудың
қоршаған ортаға тигізетін теріс зардаптары мен залалдарын жеңілдету,
барынша азайту және табиғи байлықтарды молайту жөнінде қамқорлық
жасау міндеті туындайды. Табиғатты тиімді түрде үнемді пайдалану
және оны қорғау шаралары, оның ресурстарын пайдалану кезіндегі тепе
– теңдікті белсенді түрде сақтау, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, ал
бұл талаптар бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру жөнінде
пәрменді шараларды жүзеге асыру қажеттігін туындырып отыр.
Табиғатты қорғау және оның байлығын тиімді пайдалану
мәселесін шешуді қамтамасыз ететін әдіс – тәсілдер жүйесін жасауға
әр – түрлі құқықтық институттар белсенді түрде қатысады. Олардың
бәрінің де маңызды мән – жайы бар және экологиялық дағдарыс
мәселесін шешуге белгілі бір дәрежеде ықпал жасайды. Алайда, олар
тигізетін ықпалдар табиғатты қорғау орындарының өзара қарым –
қатынасын дамыту мен жетілдірудегі мемлекеттік басқарудың ролін
көтеруге негізделуі тиіс.
Жер мен оның қойнауын, ормандар мен су байлықтарын заңды
тұлғалар мен жеке азаматтардың ұтымды пайдалану жөніндегі қызметіне
бақылау жасаудың, есеп жүргізудің белгілі бір тәртібін енгізе
отырып, мемлекеттік басқару институты іс жүзінде табиғатты пайдалану
мен оны қорғауды қамтамасыз етудің барлық саласын қамтиды. Сонымен
қатар, қоршаған табиғи ортаның сапасын қамтамасыз ету мемлекет пен
оның органдары жүргізетін шараларының жүйесіне тікелей байланысты.
Осы жәйттің өзі қоғамдық қатынасқа қатысатын субъектілердің ерекше
құқықтармен қамтамасыз етілуін қажет етеді. Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алғаннан бері табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен
қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды одан әрі жақсарту жөнінде
бірқатар шаралар қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған “Қазақстан Республикасының
Конституциясы”, Қазақстан Республикасының Заңы, 1997 жылы 15 – шілдеде
қабылданған “Қоршаған ортаны қорғау туралы” , 1997 жылы 15 – шілдеде
қабылданған “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы” , 1996 жылы
қабылданған “ Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы” , 2003
жылы 26 – маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының “ Жер
кодексі” , 2003 жылы 19 – шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының
“ Орман кодексі” , 2003 жылы 23 – шілдеде Қазақстан Республикасының “
Су кодексі” , 2007 жылы қабылданған “ Экологиялық кодексі” , 1995 жылы
7 – шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының “ Мұнай туралы” ,
2001 жылы 23 – қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының
“ Жергілікті мемлекетті басқару туралы” , 1998 жылы 26 – маусымда
қабылданған Қазақстан Республикасының “ Ұлттық қауіпсіздік туралы”
, 1998 жылы 23 – сәуірде қабылданған “ Халықтың радияциялық
қауіпсіздігі туралы” Заңдарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлықтарында табиғатты қорғау қатынастарын реттеу,
табиғатты қорғау аясындағы мемлекеттік басқаруды жақсарту жөніндегі
нормалары белгіленген. Бұл құжаттарда нарық жағдайында табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі қарым – қатынастың
құқықтық негізін жасауға және жерді, оның қойнауын, ормандар мен
суды игеру ісіне шетелдік инвесторларды тарту мәселесін шешуге
талпыныс жасалған. Дегенмен, жоғарыда аталған және басқа да құқықтық
құжаттар табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы
мемлекеттің тарапынан басқару ісіне байланысты көптеген мәселелерді
толық шеше алмаған. Оларда әртүрлі мемлекеттік органдардың табиғи
ресурстарды басқару жөніндегі қызметтері нақтыландырылмаған, сондай –
ақ көптеген нормативтік актілерде табиғатты қорғау жөніндегі қарым –
қатынасты реттеу туралы нақты нормалар белгіленбеген болатын.
Күні бүгінге дейін тиісті заңдар игеруге берілген табиғи
ресурстар мен сол игерудің шаруашылық нәтижелерінің жағдайына әлсіз
ықпал жасап отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Экологиялық қылмыстар, яғни қоршаған ортаны қорғау саласындағы
мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің теориялық мәселелері көп
жылдардан бері заңгер ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді.
Қазақстан ғалымдары бұл мәселені зерттеуге зор үлес қосқаны баршаға
мәлім. Мәселен, С.Б. Байсаловтың, Н.Б. Мұхитдиновтың,
Д.Л. Байдельдиновтың, А.Н. Ағыбаевтың, Г.И. Баймурзиннің, И.И.
Роговтың, Ә.С. Стамқұловтың, К.А. Шойбековтың, Ә.Е. Ереновтың, Ә.Е.
Бектұрғановтың еңбектері табиғат ресурстарын қорғау, реттеу мәселесіне
арналған.
Қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеудің кейбір өзекті мәселелері
Г.А. Аксененок, О.С. Колбасов, Н.И. Краснов, А.В. Петров, Ю.С.
Шемшученко, Б.В. Ерофеев, С.А. Боголюбов, А.М. Плешаков, Ю.И. Ляпунов,
О.Л. Дубовик, А.Э. Жалинский, Э.Н. Жевлаков, П.Ф. Повелицына және т.б.
сияқты Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдері ғалымдарының еңбектерінде
зерттелген.
Алайда жоғарыда аталған ғалымдардың көптеген еңбектері
мемлекетіміздің нарықтық қатынасқа өтуінен бұрынғы кезеңдердегі
зерттеулері болғандықтан оларда қазіргі жаңа заң актілерінің
ерекшеліктері мен жаңадан қалыптастырған ғылыми көзқарастар көрініс
таппаған. Сонымен бірге мемлекеттің нарық жағдайындағы табиғи
ресурстарды пайдаланушылардың қызметіне араласуының шегі туралы
мәселелер де қажетті деңгейде талданып, зерттелмеген.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Зерттеудің мақсаты Республикамыздың нарықтық қарым –
қатынасқа көшу, табиғи ресурстарды игеруде, табиғат ресурстарын
пайдалану мен қорғау саласындағы, мемлекеттік басқарудың құқықтық
мәселелерін кешенді түрде зерттеу, сонымен бірге осы мәселелер
бойынша заң шығару ісін жетілдіру жөнінде нақты тәжірибелік,
теориялық ұсыныстар жасау болып табылады.
Мақсатқа байланысты мынандай міндеттер:
- Экологиялық құқық бұзушылықтарды реттейтін құқық
нормаларының құқық жүйесіндегі орнын анықтау;

- Табиғатты қорғау қатынастарын дамыту мен жетілдірудегі
мемлекеттік басқарудың ролін көрсету және кетеру;

- Нарық жағдайындағы табиғи байлықтарды пайдаланушылар
қызметіне мемлекеттік органдардың қазіргі жүйесін танып –
білу және айқындау;

- Жоғарыда қарастырылған проблемалар бойынша табиғи
ресурстарды қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
органдарының қызметін жетілдіру мен дамытуға, оның
тиімділігін арттыруға бағытталған қағидалар мен
тәжірибелік ұсыныстарды жасау мен оны ашып көрсету.
Диплом жұмысының көлемі және құрылымы.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, алты параграфты қамтитын үш
тараудан, қорытындыдан, нормативтік – құқықтық актілер мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-тарау. Экологиялық қылмыстар туралы жалпы түсінік және әртүрлі ғылыми
көзқарастар.

1. Экологиялық қылмыстардың ұғымы және басқа да қылмыстық
құрамдарының айырмашылығы.

Экологиялық қылмыстар өзіндік мазмұны мен арнайы белгілері бар
құқыққа қайшы іс-әрекет болып табылады. Алғаш рет экология түсігін
ғылыми айналысқа өзінің 1866жылы Жалпы морфология деген еңбегінде
Э.Геккель енгізген болатын. 3, с.5 Экология сөзі ұзақ уақыт бойы ғылыми
пән тірі организмдермен қоршаған ортаның ара-қатынасын реттейтін
биологиялық бөлімі ретінде қолданады.
Соңғы үш онжылдықта экология ұғымы әлеуметтік ұғымға айнала
бастады. Бұның себебі адамдардың өмір сүру ортасының өздерінің жеке
қызметтердің арқасында нашарлануы, өндірістік өндірістік қызметінің
сипаттының өзгерімен, табиғи ресурстарды пайдаланудың жаңа жолдарының
пайда болумен тікелей байланысты. Қазіргі жаңа ұғымы бойынша
экология қоғам мен қоршаған табиғи ортаның байланысын реттейтін
ғылым болып табылады.
Сонымен қатар көптеген экологиядан туынды ұғымдар пайда бола
бастады. Олар: адам экологиясы, экологиялық қағидалар, экологиялық
кризис, экологиялық саясат және т.б. 4,с.6. Осыған орай әлеуметтік
экология қоғамда ерекше орынға ие бола бастады. Адамдар арасында
сұранысты, моральдік аспектілері бар ұғымға айналып, осыдан
экологиялық этика, экологиялық мәдениет, экологиялық-құқықтық сана,
тіпті экологиялық наным-сенім концепциялары пайда болды.
Юриспруденция саласында экология термині алғаш рет 1972 жылы
КСРО-ның Жоғарғы Сотының Пленумындағы табиғатты қорғау жөніндегі
заңдардың қолдану тәжірибесі жөнінде талқылауда О.С.Кольасовпен
қолданылады. Ал экологиялық құқықбұзушылықтар жөніндегі мәселелер КСРО
– ның Жоғарғы Кеңесінің “ О неотложных мерах экологического
оздоровления страны” ( 1989г.) деген қаулысында қарастырылды.
Заң шығару деңгейінде бұл ұғым “ Основах уголовного
законодательства Союза ССР и Республик” ( 1991г.) шықты. Оның 3
бабында : екі не одан көп республикалардың экологиялық құқықтары
мен мүдделері жайлы, ал 27 бабында – экологиялық қауіптің төнуі
туралы жазылған.
1992 жылғы Ресейдің жаңа Қылмыстық Кодексінде экологиялық
қылмыстарға арналып арнайы тарау берілген. Қазақстан Республикасының
Жаңа қылмыстық Кодексінде де экологиялық қылмыстарға арнайы тарау
бар.
Экологиялық қылмыс жөнінде бірнеше Кеңес дәуіріндегі заңгер
ғалымдардың берген анықтамалары айтарлықтай бар. Соның бірі В.В. Петров
былай деген: экологиялық құқық бұзушылық – ол айыпты, құқыққа қайшы,
адам денсаулығына нақты қауіп төндіретін әрекет болып табылады.5.с.13..
Бұл жерде экологиялық құқықтық тәртіп деп табиғат қорғау
заңдарының қызмет істеу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастарды
түсінеміз.
1998 жылы бұл мәселе алғашқы орынға ие болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі
құқық қорғау органдарына “ экологиялық құқық бұзушылық” ұғымын енгізу
жөнінде бірнеше тапсырмалар берді. Онымен қоса лауазымды тұлғалардың
болған апаттардың экологиялық зардаптарын, тұрғылықты халықтың денсаулығы
және өмір сүру ортасының ластануы жайлы ақпараттарды қасақана
жасырғаны үшін жауаптылық мәселесі жөнінде ұсыныстар берілді.
Заң шығару органының бұл шешімі қылмыстық құқық теориясына “
экологиялық қылмыстар” түсінігін енгізу арқылы, басқа экологиялық құқық
бұзушылықтардан айырмашылықтарын, сол сияқты қоғамдық қауіпсіздікке қарсы
бағытталған қылмыстардан, адамның жеке басына және денсаулығына қарсы
қылмыстардан, меншікке қарсы қылмыстардан, меншікке қарсы бағытталған
қылмыстардан ажыратып алуға үлкен септігін тигізді.
Заң әдебиеттерінде табиғатты қорғау саласында экологиялық қылмыстарды
анықтау жөнінде бірнеше көзқарастар бар. В.И. Андрейцев экологиялық
қылмыстар деп – қоршаған табиғи ортаның табиғи ресурстарынпайдалану және
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңмен белгіленген режимді
бұзуға бағытталған әрекеттерді түсінуді айтады.6.с.23.
Э.Н. Жевлаковтың айтуынша экологиялық қылмыстар – адамдардың өмір
сүруінің биологиялық негізінде, өміріне, денсаулығына және шаруашылық
қызметіне қол сұғушылық болып табылады. Экологиялық қылмыстар – бұл табиғат
арқылы, оған әсер ету негізінде адамға қарсы бағытталған қылмыс деп
түсіндіреді.7.с.38.
Табиғатты қорғау саласындағы қылмыстар туралы Ю.И. Ляпунов былай
дейді: табиғи ресурстарға қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті,
айыпты іс - әрекет арқылы әсер ету, яғни оны басып алу ( билік ету),
жою ( құрту), бұзу ( жарамсыз ету) 8.с.41.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстар – бұл қоғамға
қауіпті, құқыққа қайшылығымен қоршаған ортаны қорғау немесе табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалануды қауіп – қатерге төндіру не оған зиян келтіру
деп есептейді И.М. Тяжкова. 9.с.18.
О.Л. Дубовик пен А.Э. Жалинский экологиялық қылмыс деп заңмен
белгіленген қоғамға қауіпті әрекет ( әрекет және әрекетсіздік) арқылы
қоршаған ортаға, оның компоненттеріне, адам өміріне қажетті және әлеуметтік
құндылық ретінде саналатын табиғи объектілерге, оны қорғауға, ұтымды
пайдалануға тигізетін қолсұғушылықты айтады. 10.с.21.
Табиғат қорғау саласындағы және оны ұтымды пайдалануға қарсы
бағытталған қылмыстардың құрамдарын талдау арқылы мынадай анықтама
жасауға болады дейді – П.Ф. Повелицына. Яғни экологиялық қылмыстар – бұл
қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану ережелерін сақтауға
және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қарсы қарсы бағытталған
қоғамға қауіпті заңмен белгіленген қолсұғушылықтар болып табылады.
В.В. Петровтың ойы бойынша, экологиялық қылмыстар деп – белгіленген
экологиялық құқықтық тәртіпке және табиғи ортаға, адам денсаулығына қол
сұғатын қоғамға қауіпті іс - әрекет немесе осындай қауіп төндіруді айтады.
Экологиялық қылмыстардың түсінігі Қазақ ССР – нің Заңы “ Қазақ ССР
– ғы қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы” заңында да берілген.
Ондағы 72 бапта: экологиялық қылмыс деп қоршаған табиғи ортаны қорғау
заңда көрсетілген республикадағы экологиялық құқық тәртіпке, адамдардың
денсаулығына немесе қоршаған ортаға, не нақты қауіп төндіретін экологиялық
зардап тудыратын қылмыстық заңмен белгіленген қоғамға қауіпті іс -
әрекет ( әрекет немесе әрекетсіздік) түсіндіріледі.
Экологиялық қылмыс дегеніміз қоршаған ортаға, оның ресурстарына
халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстық
заңға қайшы іс - әрекеттер болып табылады.
Экологиялық қылмыстардың заты – нақты табиғат ресурстары; жер,
су, ауа, жануарлар дүниесі, орман – тоғай, мал т.б. болады.
Экологиялық қылмыстардың топтық объектісі қоршаған ортаны қорғау,
табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолайлы табиғи
жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі
экологиялық қылмыстарды реттейтін нақты қоғамдық қатынастар. Тікелей
объектісінің ерекшеліктеріне байланысты. Қылмыстық кодекстің 11 –
тарауындағы экологиялық қылмыстар мына төмендегі түрлерге бөлінеді:
экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар шаруашылық және өзге де
қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы ( 277 - бап); ықтимал
экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды
өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы ( 278 - бап);
микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен
жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы ( 279 - бап); мал
дәрігерлік ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы
күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы ( 280 - бап); экологиялық
ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау ( 294 - бап); Су және
атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар; суларды
ластау, бітеу және сарқу ( 281 - бап); атмосфераны ластау (282 – бап);
теңіз аясын ластау ( 283 - бап);
Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелеріне
қол сұғатын қылмыстар. Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы
және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың
бұзылуы ( 284 - бап); жерді бүлдіру; жер қойнауын қорғау және пайдалану
ережелерін бұзу( 286 - бап);
Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне
қарсы қылмыстар: су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу( 287 -
бап); жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу( 289 - бап); заңсыз
аңшылық ( 288 - бап);
Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы
қылмыстар: ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу ( 291 - бап); ормандарды жою
немесе зақымдау ( 292 - бап);
Ерекше табиғи – биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне
қарсы қылмыстар: жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып
кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс - әрекеттер ( 290 - бап); ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы ( 293 - бап); Шаруашылық
және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы ( 277
- бап);
Қылмыстық кодекстің 277 – бабында көрсетілген осы қылмыстың тікелей
объектісі шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар,
табиғат объектілерін сақтау, қоршаған ортаны жақсарту, халықтың экологиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтін қатынастар болып
табылады. 17.с.37.
Қылмыстың объективтік жағы табиғи ресурстарды пайдалану,
кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді жобалау, орналастыру
салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсіп,
энергетика, көлік пен байланыс объектілерін, ауыл шаруашылық
мақсатындағы және мелиорация объектілерін пайдалану, қалалар мен басқа да
елді мекендерді салу кезінде, әскери және қорғаныс объектілеріне,
әскери және ғарыш қызметіне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы
үшін жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуір
ластануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе
өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр зардаптарға
әкеп соғуы арқылы сипатталады.
Заңда көрсетілген шаруашылық немесе өзге де қызметті жургізу
үшін экологиялық қауіпсіздіктің мынадай талаптарын сақтау қажет:
жобаны техникалық-экологиялық негіздеу, жобалауды қоршаған ортаны
зиянды қалдықтармен ластауды жою шараларын қатыстырумен қоршаған
ортаны пайдаланудың тиімді жақтарын есепке алу қажет; объектілерді
орналастыруға табиғат ресусрстарын тиімді пайдалану жақтары,
экологиялық, экономикалық, демографиялық процесстердің даму
ерекшеліктері еске алынуы, сондай-ақ объектілердің құрлысы құзіретті
мемлекеттік органның оны жүргізуге арнайы түрде берген рұқсатын
алынғаннан кейін жүргізілуі керек. 6,с.131
Объектілер барлық талаптар орындалғаннан кейін ғана пайдалануға
беріледі; әскери және қорғаныс объектілері, әскери және ғарыш
қызметіне қойылатын барлық талаптар орындалған соң іске қосылады.
Осы қылмыстың объективтік жағы ҚК-нің 277-бабының
диспозициясында көрсетілген шаруашылық және өзге де жұмыстарды
жүргізуге қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы, қылмыстардың
зардабы және олардың арасындағы себепті байланыс арқылы көрініс
табады.
Талаптардың бұзылуын анықтау үшін арнаулы нормативті – құқықтық
актілерге жүгінуге талап етеді: яғни бұл баптың диспозициясы бланкеттік.
Экологиялық талаптарды реттейтін арнаулы нормалар біршама. Олардың
қатарына: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы “ Экологиялық
сараптама туралы”; Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 15 шілдедегі “ Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар туралы”; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15
шілдедегі “ Қоршаған ортаны қорғау туралы”; Қазақстан Республикасының 1993
жылғы 21 қарашадағы “ Жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және
пайдалану туралы”; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы “
Өсімдіктер карантині туралы” заңдары, сондай- ақ жер қатынастары,
атмосфералық ауаны қорғау туралы т.б. заңдар жатады.
Экологиялық талаптардың бұзылуы орын алғандығы Қазақстан
Республикасының “ Экологиялық сараптама туралы” арнаулы заңымен реттеледі.
Экологиялық қылмыстардың негізін бір ғана заң категориясымен
түсіну мүмкін емес. Бұл мәселеге кешенді жүйелі түрде келген жөн. Ол үшін
қоғам мен табиғаттың ара – қатынасының негізін, адамның табиғатта алатын
ролі мен орнын анықтау қажет.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде экологиялық құқық дегеніміз
қоршаған ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарға қол сұғатын
кінәлі әрекет болып табылады. 4.с.17.
Қылмыс туралы сөз болған жерде қылмыстық құрам туралы сұрақ қойылады.
Қылмыстық құрам қылмыстық құқық теориясындағы даулы мәселелердің бірі
болып табылады.
Соның ішінде экологиялық қылмыстық құрам қылмыстық құқық теориясында
ең күрделі шиелінескен мәселелердің негізгісі болып табылады.
Бұл мәселе жөнінде бірнеше авторлардың айтқан пікірлері жеткілікті.
Экологиялық қылмыстық құрамдар туралы әртүрлі көзқарастардың экологиялық
қылмыстардың объектісі, яғни реттелінетін қоғамдық қатынастардың ішкі
құрылысы және оның элементтерінің мазмұны туралы қарама – қайшы
көзқарастардың орын алуында.
Қылмыстық құрамды дұрыс анықтау теориялық және практикалық мәнге
ие. Құрамды дұрыс анықтау қылмыстың әлеуметтік – саяси мәнін және оның
қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын ашуға көмектеседі. 8.с.11.
Экологиялық қылмыстық құрамдарды заң әдебиеттерінде басқа қылмыстық
құрамдармен алмастыру бірнеше заңгер ғалымдардың еңбектерінде айтылған.
Ғалымдардың көзқарастары бойынша экологиялық қылмыстардың құрамдарын
шаруашылық қылмыстардың құрамдарымен меншіктік қылмыстардың құрамдарымен
алмастырып айтады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың қылмыстық құрамдарын
талдай келе шаруашылық қылмыстардың қылмыстық құрамдарынан өзіндік
айырмашылықтары бар. Себебі қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың
негізінде зардап тек халық шаруашылығы емес, қоршаған ортаға да келеді.
Мысалы: Экологиялық жүйенің өзгеруі, энергетикалық, жылу, радияциялық
баланстың өзгеруі, климаттың өзгеруі және т.б. Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы қылмыстардың қылмыстық құрамдарын шаруашылық қылмыстардың
қылмыстық құрамдарымен ғана айырмашылығын көрсету жеткіліксіз.
Басқа ғалымдардың пікірлері бойынша экологиялық қылмыстардың
қылмыстық құрамдарын меншіктік қылмыстардың қылмыстық құрамдарымен орын
ауыстырады. Меншіктік қылмыстардың қатынастарын мемлекеттік меншік,
яғни табиғи байлықтардың материалданған мемлекеттің меншігінде деп
түсіндіреді. 10.с.21.
Бұл туралы көзқарас Ю.И. Ляпуновтың еңбегінде толық жетілдірілген
нысанда көрініс тапқан. Ляпуновтың қарастырған концепциясының негізінде
табиғи ресурстарға қарсы бағытталған қолсұғушылық, ол мемлекеттік меншіктің
қоғамдық өндірістік қатынастардың материалдық негізіне қолсұғушылық деген
қорытынды жатыр. Дәлірек айтқанда, оның пікірі бойынша қоршаған ортаны
қорғау саласындағы қылмыстардың қылмыстық құрамдары, мемлекеттің
меншігіндегі табиғи байлықтардың заттандырылған түріндегі қатынастар
болып табылады. 11.с.13.
Бұл жерде Ю.И. Ляпуновтың көзқарасымен қоршаған ортаны қорғау
саласындағы қылмыстардың құрамын меншікпен мағыналастыру қылмыстың мәнін
экологиялық тұрғыдан қажетті деңгейде ашып көрсетпейді, ол таза
экономикалық категория ретінде қарастырады.
Сонымен қатар меншікте тек қана табиғаттың белгілі бір заттай
нысанға айналған және адамдардың билігінде орналасқан объектілер ғана
болды. Бірақ қылмыстық құқық табиғи ортаның ешкімнің меншігінде болмайтын
элементтерін де қорғайды. Мысалы: атмосфералық ауа, ашық теңіз суы.
Жоғарыда қарастырылып жатқан көзқарас бойынша аталған элементтер
қылмыстық қүқықпен қорғалу мүмкіндегі жоқ, себебі ол элементтер мемлекет
меншігінің пәні болып табылмайды.
Меншікке қарсы қылмыстардың пәні болып мүлік, тауар, құнға ие
материалданған құндылықтар табылады. Экологиялық қылмыстардың пәні –
табиғат ресурстары, яғни табиғаттан белгілі бір адам еңбегі арқылы бөлініп
алынған кезде ғана тауар – ақшаны санына айналады.
Әрқашанда қоршаған орта тығыз байланысын тоқтатпай тұратын табиғат,
табиғи объектінің болуы экологиялық қылмыстық құрамдардың басқа ұқсас, сол
сияқты табиғи объектінің байланысты қылмыстық құрамдардан айырмашылығын
көрсететін арнайы белгілеріне жатады. Табиғат объектілерімен байланысты
қылмыстың барлығы экологиялық қылмыстар болып табылмайды. Табиғат
объектілерімен байланысты қылмыстарды экологиялық деп тану үшін
қолсұғушылық болған сәтте объект экологиялық байланыс жүйесінде болуы
қажет. 13.с.99.
Аталған белгіге байланысты экологиялық қылмыстық құрамдарға мынадай
құрамдарды, ұрлау, жою, жабайы аңдармен құстарды, еріксіз ұстаудағы
зоопарктердегі және т.б. жануарлар, құстарды, аквариумдегі балықтарды,
балық шаруашылығындағы сату, пайдалану мақсатындағы балықтарға зиян
келтіруді жатқызуға болмайды. Жоғарыдағы көрсетілген қолсұғушылық
объектілер табиғи жаратылысқа ие болғанмен, олар біріңғай экологиялық
жүйеде болмағандықтан және қоршаған орта және оны қорғауға әсерін
тигізбегендіктен бір топқа жатқызылмайды.
Осыған байланысты В.В. Петров былай деген: табиғат объектілері үш
титулға ие, табиғат объектісі, меншік және шаруашылық меншіктері. Расында
да табиғатты қорғай отырып, біз табиғат объектісінің иесінің
пайдаланушылық, жалға берушінің құқықтарын қорғаймыз. 6.с.19.

1.2 Экологиялық қылмыстардың жүйесі.
Арнайы экологиялық қылмыстардың түрлерін жүйеге айналдыру жөнінде
бірнеше рет байқау жасады. Олар арнайы экологиялық қылмыстық
субъектіні сапалы көрсеткіші бойынша топтастырады.
Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу ( 289 - бап). Қылмыстың
тікелей объектісі жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық
қатынастар. Қылмыстың заты жануарлар дүниесі.
Жануарлар дүниесі мемлекетіміздің табиғи байлықтарының, ең басты
бөлігі, оған Республика аумағында құрғақта, суда, аспанда және жер
астындағы еркін өмір сүретін жануарлардың барлығы жатады. Жануарлар
түріне: сүтқоректілер, құстар бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер
жатады.
Жануарлар дүниесін құқықтық қорғау Қазақстан Республикасының
Конституциясында, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 21 қазанда
қабылданған “ Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы”, “ Жануарлар дүниесін
қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы” заңдарында баян етілген.
Осыған орай жануарлар дүниесін құқықтық қорғау, өсімін молайту,
оларды сақтауға мемлекет айрықша мән беріп, оларды қорғау ережелерін
елеулі түрде бұзған жағдайда кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тарту
шаралары көзделген.15.с.22.
Қылмыстық кодекстің 289 – бабында көрсетілген қылмыс ( Жануарлар
дүниесін қорғау ережелерін бұзу ) объективтік жағынан : а) өндіріс
процестерін жүзеге асыру мен көлік құралдарын пайдалану, өсімдіктерді
қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды
қолдану кезіндегі жануарлар дүниесін қорғау ережелерінің бұзылуы.
Бұларға: қазылған шұңқырларға жаппай жөңкілген жануарлардың құлап
мертігуі, өлуі, көлік құралдарын жүргізушілерінің жануарларды қағып, басып
өлтіруі, зақымдауы, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық
тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қауіпсіз қалдырудан оны
жануарлардың пайдаланып, ауруға, өлім – жітімге ұшырауы сияқты фактілер
жатады. б) аңшылық алқаптарымен балық шаруашылығы тоғандарын
пайдалануымен қорғау тәртібін бұзу. Бұл жерде жануарлардың осы түрін
қорғау ережелерін бұзу туралы сөз болып отыр. Арнаулы нормативті
актілерде ол туралы нақты көрсетілген.
Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі қылмыстың зардабы
– ірі шығынға соқтырған жануарлар дүниесінің жойылуы немесе қырылуы
болып табылады. Жойылу деп жануарлардың жеке түрінің мүлде жоқ болып
кетуі, ол қырылуы деп оның белгілі бір бөлігінің өлім – жітімге
ұшырауы болып табылады. Жойылуы немесе қырылуы ірі залал көлемінде
болуы керек. Ірі көлемдегі залалдың түсінігі Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің 288 – бабының ескертуінше берілген.
Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзумен одан болған
зардаптың арасындағы себепті байланыс анықталуы қажет. Қылмыс материалдық
құрамға жатады және ол заңда көрсетілген зардап көрініс алған уақыттан
бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан алғанда
қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істелуі мүмкін. Қылмыстың субъектісі 16
– ға толған жай немесе лауазымды адам.
Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кетуі қауіп
төнген түрлерімен заңсыз айналысу(290 - бап).
Қылмыстың объектісі құрып кету қаупі төнген жануарлар мен
өсімдіктердің қорғалуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты – Қазақстан Республикасының қызыл кітабына негізілген
жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері және олар
мекендейтін жерлер. Қылмыс объективтік жағынан алғанда Қазақстан
Республикасының қызыл кітабына негізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек
кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін немесе олар мекендейтін
орындарды заңсыз олжалап алу, өткізу, сондай – ақ оларды жою арқылы
сипатталады. 17.с.51.
Қазақстан Республикасының қызыл кітабына жануарлар мен өсімдіктердің
сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген түрлері жазылады. Оларды
заңсыз олжалауға, алуға, өткізуге, сондай – ақ жоюға заң мүлдем тыйым
салады. Қызыл кітапқа жазылған жануарлар мен өсімдіктердің мекендейтін
орындарына – жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерінің
өсіп - өнуіне бөлінген жер, су үсті бөліктері жатады. мысалы Қорғалжын
аумағы аққулар мекендейтін орын. Каспий жағалауы ерекше сирек құстар мен
балықтар өсетін орын. Өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері өсетін –
Тянь – Шань шыңы т.б.
Қылмыс құрамы құрылысы жөнінен материалдық. Ол заңда көрсетілген
зардаптың сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесін заңсыз
олжалау, алу, өткізу немесе жою әрекеттерінің біреуін істеген уақыттан
аяқталған деп танылған.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі 16 – ға толған кез келген адам.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы ( 293 - бап).
Қылмыстың тікелей объектісі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің
қорғалуы мен сақталуын реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты мемлекет қорғауына алынған ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар ( қорықтар, ұлттық, тарихи – табиғи және мемориалдық
парктер, заказниктер, табиғат ескерткіштері, қорық аймақьары,
ботаникалық және зоологиялық бақтар, дендарийлер, курортты және демалыс,
туризмге арналған аймақтар.).
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізімі және оларды пайдалану
тәртібі “ Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтары”
туралы арнаулы заңында көрсетілген.
Қылмыстың ( 293 – баптың 1 - тармағы) объективтік жағы: а) ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың режимін бұзу; б) осы режимді бұзудан
елеулі зиян келтіру арқылы сипатталады.
Ережелерді бұзуға ( мемлекеттік табиғи қорықтардан басқа) ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды бүлдіру, жою, өрт қою, су жіберу
арқылы оларды қирату, ластау, осы аумақтардағы ағаштар мен бұталарды
кесу сияқты қоғамға қауіпті іс - әрекеттер жатады. Заңның бабы
бланкетті диспозицияға негізделген. Осыған байланысты ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың режимін реттейтін, қолданылып жүрген
арнаулы құқықтық – нормативтік актілерді дәл анықтап, оның қайсы
талаптарының бұзылғанын анықтау қажет.
Елеулі зиянның түсінігі ҚР 288 – бабының түсінігінде берілген.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың
субъектісі 16 – ға толған адам.
ҚК – тің 293 – бабының 2 – тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи қорық қорының
объектілерін елеулі зиян келтіре отырып қасақана зақымдағаны немесе
жойғаны үшін жауаптылық белгіленген.
Экологиялық ластау зардаптарын келтірген үшін ( 294 - бап)
жауаптылық:
а) экологиялық ластауды келтірген жағдайды;
б) осы ластау өлімге, жаппай ауруға немесе өзге де ауыр зардаптарға
әкеліп соқса;
в) экологиялық залалсыздандыруды жүргізуге міндетті адамдардың оны іске
асырмауы;
г) экологиялық ластау зардаптары едәуір зиян келтірсе туындайды;

II – тарау. Экологиялық қылмыстардың белгілерінің қүқықтық
сипаттамасы

2.1. Экологиялық қылмыстардың объектісін және объективтік
жағын анықтаудың кейбір құқықтық мәселелері.

Экологиялық қылмыстар мен байланысты мәселелерден қылмыстық заңмен
қорғаланылатын қатынастың алатын орны зор. Қылмыстың объектісі қылмыстық
құқық теориясының маңызды әрі даулы мәселесі болып табылады. Жалпы ереже
бойынша, қылмыстың объектісі бұл қылмыстық заңмен қорғалынатын қоғамдық
қатынастар. Дегенмен, осы сала бойынша зерттеушілер бұл ұғымға әр –
түрлі сипаттама, құрылым және мазмұнын бере отырып анықтау барысында
тікелей объект ретінде “ қоғамдық қатынастар” дегенді мынадай
ұғымдармен, “ мүлік”, “ мүдде” және басқа да ұғымдармен алмастырылады,
бұның себебі ретінде әдебиеттерде қоғамдық қатынастардың ішкі құрылысы және
оның мазмұнының элементтері жайлы ортақ шешімнің болмауы. 11.с.24
Қылмыстың объектісін дұрыс анықтау теолиялық және тәжірибелік
маңызы зор. Ол қылмыстың әлеуметтік – саяси өзектілігін, сонымен
қатар, оның қоғамдық қауіптілігі мен дәрежесін анықтауға көмектеседі.
Қылмыстың қол сұғу объектісі, объекті түрлері, қылмыстың заты және
қылмыс объектісі жайлы жалпы сұрақтар жөнінде ортақ көзқарастың
болмауы, әрине қылмыстың түрлері мен және жеке талаптарына талдау
жасау барысында қарама – қайшылықтар туындайды. Осыған орай объектінің
маңыздылығы жөнінде біртұтас шешімнің болмауы осы қолсұғушылық бағытталған
объектілердің тікелей және топтық объектілердің ара қатынасы мәселесін
шешуге жол бермейді. Экологиялық қатынастар объектісінің маңыздылығын
шешу арқылы қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттің қылмыстық –
құқықтық реттеу саясатын дұрыс анықтауға сол сияқты қылмысты сараптау
да, ұқсас құрамдардан айыруға және криминализация, декриминализация қызметі
саласында сұрақтар анықталынады. Қорғалынатын қоғамдық қатынастардың
маңыздылығын түсіну шығармашылық қызметінде және заңды соттық талқылауда
үлкен роль атқарады. 20.с.17 .
Табиғи байлықтарды қорғау саласындағы қылмыстық қол сұғушылықтар
әдетте мынадай призма арқылы ұтымды ( дұрыс, бірқалыпты) табиғи
ресурстарды және қоршаған ортаны пайдалану ( сақтау, өндіру, жақсарту)
талдау жүргізілді. Осы күнге дейін қылмыстық құқық теориясында ресурс
сақтау басымшылық көрсетіп келеді. Бұл көзқарас мынадай себептерге
байланысты толық болып есептелмейді: біріншіден, табиғи байлықтарды ұтымбы
пайдалану, ол шаруашылық мүдделерге бағынуға жақынырақ болып келеді.
Осылайша адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау екінші мәселе болып қалып
отыр. Екіншіден, табиғи ресурстарды пайдалану жөнінде заңдардың әр түрлі
ведомстволық нормативтік актілерде көрініс табуы. Анализ бойынша, олардың
мазмұны, реттейтін қатынастары бір – біріне қарама – қайшылық туғызып
отыр.
Қылмыстық – құқықтық әдебиеттерде экологиялық қылмыстардың объектісі
жөнінде заңгер ғалымдардың арасында ортақ көзқарас жоқ. Кейбір ғалымдар
табиғатты қорғау саласындағы қылмыстардың объектісін табиғат байлықтарын
шаруашылық пайдалану қатынастарына жатқызады, себебі бұрынғы
Республикалардың Қылмыстық Кодекстерінде экологиялық қылмыстар
шаруашылық қылмыстар жөніндегі тарауға енгізілген.
Ал, А.Н. Трайнин табиғатқа қарсы қылмыстарды шаруашылық қылмыстарға
жатқызады. 22.с.113
З.А. Вышинская бұл қылмыстарды социалистік – шаруашылық мүдделерге
қарсы қылмыстар деп атады. Бұл қылмыстарды әр – түрлі салада
қарастырады. Мысалы: орман шаруашылығы саласындағы, аң аулау
саласындағы, балық аулау және т.б. Н.А.Биляев бұл қылмыстың объектісі
деп, табиғи байлықтарды тасымалдау және өндіру қызметінің тәртібін
есептейді. Талдау бойынша экологиялық қылмыстардың топтық объектісі –
шаруашылық қылмыстардың объектісінен айырмашыл ықтары бар. Қоршаған
ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың жасалынуы арқылы халықшаруашылығына
ғана емес қоршаған табиғи ортаға да зардап келеді.24.с.13
Басқа ғалымдардың пікірі бойынша қарастырып отырған қылмыстардың
объектісі ретінде табиғи байлықтардың заттандырылған социалистік меншік
қатынастары қарастырылады. Бұл жайлы нақты және толығырақ
Ю.И.Ляпуновтың еңбегінде көрініс тапқан оның айтқан концепциясында табиғи
ресурстарға қылмыстық қол сұғушылық социалистік меншіктің өндірістік
қоғамдық қатынастардың материалдық негізіне қол сұғушылық деген
қорытынды ой жатыр. Ю.И. Ляпуновтың пікірі бойынша табиғат қорғау
саласындағы қылмыстардың объектісі болып – мемлекеттік меншіктің
заттандырылған табиғи байлықтары табылады.9.с.23
Табиғатты қорғау саласындағы қылмыстардың объектісі деп –
меншіктік қатынастарды жатқызу қылмыстық экологиялық тұрғыдан толығымен
ашып көрсетпей, экономикалық категория ретінде қарастыруға жатқызады. Бір
жағынан меншіктік қатынаста тек заттандырылған формадағы адамдардың
билігінде табиғи объектілер жатады. Ал бірақ қылмыстық құқық табиғи
ортаның белгілі біреудің меншігінде бола алмайтын элементтерінде
қорғайды. Мысалы: атмосфералық ауа, ашық теңіз сулары. Осы аталған
ғалымдардың пікірімен келісетін болсақ жоғарыдан аталған объектілер
мемлекеттік меншікке жатқызылмағандықтан қылмыстық құқықпен
қорғалмайтын болып отыр.
Меншікке қарсы қылмыстардың заты болып – мүлік, тауарлық – заттық
құндылықтар және т.б. табылады. Экологиялық қылмыстардың заты болып
табиғи ресурстар, яғни белгілі бір қызмет арқасында бөлініп тауар –
ақша нысанына айналатын компоненттер табылады.
Тағы бір ғалымдар тобының көзқарастары бойынша экологиялық
қылмыстардың объектісі деп – табиғи байлықтардың өзін жатқызады. Біздің
көзқарасымыз бойынша мұндай позициямен келісуге болмайды. Себебі, табиғи
байлықтарды ( орман, жерасты байлықтары, балықтар, жануарлар) объектілер
деп есептесек, онда экологиялық қылмыстардың заты мен объектісінің
айырмашылығын жоғалтып отырмыз.
Экологиялық қылмыстардың объектісі деп – табиғи байлықтарды пайдалану
тәртібін атайтын ғалымдардың пікірлерімен келісуге болмайды. Себебі,
пайдалану ол қоғамдық қатыс болып табылмайды, керісінше оларды
пайдаланудың регламентациясы болып табылады. Сонымен қатар беріліп отырған
анықтама өте тар, себебі олардан қандай әлеуметтік құндылықтар зардап
шегетіні белгісіз және қандай мүдделер осы пайдалану тәртібімен
қамтамасыз етілетіні белгісіз.
Экология саласындағы қоғамдық қатынастардың мазмұны мен құрылымын
талдау арқылы және әлеуметтік мүдделерді зерттей келе, Э.Н. Жевлаков
мынандай қорытынды шығарды – экологиялық қылмыстардың объектісі деп
қылмыстық құқық пен қорғалынатын табиғи ортаны ұтымды түрде пайдалану,
адамға қолайлы сапалы түрде қорғау және халықтың экологиялық қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды түсінуді айтады.
Жоғарыда аталған Э.Н. Жевлаковтың қоғамдық қатынастарын экологиялық
қылмыстардың объектісі деп айтсақ дұрыс болмас. Себебі онымен келіссек
адамға қолайсыз табиғи ортаны пайдалану құқықпен реттелмейтін болып
шығып отыр. Ал оны қорғау заңдардың мақсатына сәйкес келмейді.
20.с.45
Экологиялық қылмыстардың объективтік жағы белсенді әрекет арқылы
және әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Табиғат қорғау жөніндегі
нормалар көбінесе тыйым салу сипатында болады. Тек кейбір жағдайларда
белгілі бір тұлғалар үшін құқықтық міндет жүктелген, яғни оны
орындамаған жағдайда қылмыстық жауапкершілік туындайды.
Заңмен көрсетілген тұлғалардың белгілі бір міндеттерді орындамауы
немесе тиісінше орындамауы әрекетсіздік болып табылады, ал тыйым салу
нормалары арқылы жазылғандар әрекет арқылы жүзеге асырылады. Заң
әдебиеттерінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың объективтік
жағы тек қана белсенді әрекеттер арқылы жасалады деген тұжырымдар бар.
Олар: орманды кесу, балықтарды заңсыз аулау және жою, жерді, суды,
ауаны және т.б. ластау. Біздің көзқарас бойынша бұл тұжырыммен келісуге
болмайды. Қылмыстық құқыққа әрекетсіздік деп – қоғамға қауіпті,
ерікті, өз ісіне толық есеп беретін, енжар түріндегі тұлғаның жүріс –
тұрысы, яғни ол тұлғаның өзіне жүктелген міндетті белгілі бір
жағдайда ол міндетті орындауға жағдайы бола отырып әдейі орындамауы
танылады.
Экологиялық қылмыстардың көбісінің құрамы формальдық құрамға жатады.
Бұл жерде заң шығарушылар белгіленген ережелердің бұзылуын нақты көрсетіп
объективтік жақтың міндетті белгісі ретінде, сонымен қатар қылмыстық
жауаптылықты одан туындаған белгілі зардаппен байланыстырмайды. Мысалы:
Суды ластау және заңсыз аңшылық ету және т.б. сияқты қылмыстардың
құрамдары.
Заң шығарушылар экологиялық қылмыстарға байланысты материалдық құрамды
атайды.
Оның міндетті белгісі ретінде белгілі бір ережелердің бұзылуы
ғана емес. Сонымен қатар одан туындаған қылмыстың нәтижесінде, яғни
қылмыстық зардаппен оны байланыстырып тұрған себепті байланысты жатқызады.
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты ережелердің бұзылуы арқылы
жасалынған қылмыстардың жауаптылығы егерде жасаған әрекетпен одан
туындаған зардап арасындағы себепті байланыспен жасалынса әрекетті
жасаған тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Сол сияқты экологиялық
қылмыстардың құрамдарында келте құрам кездесуі мүмкін. 27.с.64
Қылмыстың объективтік жағының факультативиі белгілерін көп жағдайларда
объективтік жақтың негізгі құрамының міндетті белгілері болып келеді.
Мысалы, заңсыз балық аулау, заңсыз аңшылық, континентальдық шельф жөнінде
заңдарды бұзу заңсыз орманды кесу құрамдары егер нақты жағдайда балама
түрде объективтік жақтың мынадай белгілері тыйым салынған уақыт, рұқсат
етілмеген орындар, әдістер, құралдар, қылмыс жасау құралдары толғанда орын
алады. Ал заңсыз балық аулаумен аңшылық ету үшін әкімшілік рұқсат
қосымша қажет. Кейбір факультативтік белгілер әрекеттің қоғамдық
қауіптілігін өзгерте отырып негізгі құрамды қосымша құрамға айналдырады.
Қылмыстық құқық теориясында материалдық құрамды қылмыстарды саралау
кезінде зардап ретінде қатаң түрдегі сапалы және сандық жағынан пайда
болған зиянды, яғни тиісті норманың диспозициясындағы көрсетілгендей ұғым
бекітілді. Н.Д. Дурманов жазғандай, сан жағынан таусылмайтын өзгерістерден
пайда болған нақты адамның жүріс – тұрысы емес қылмыстық құқық “ жалпы”
жүріс – тұрысты емес “ кең” мағынадағы жүріс – тұрыс емес, тек заңда
жазылған нақты қылмыстың белгілеріне сәйкес әрекеттер болып табылады.
26.б,19
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың зардаптарын бағалауда
бұл айтылған тезис өте маңызды роль атқарады деп – Э.Н. Жевлакоа айтқан,
яғни табиғи ортаның барлық компоненттері бір – бірімен тығыз байланыста
бола отырып экологиялық жүйені құрайды және оның кез – келген бөлігінде
өзгеріс болса басқаларына әсерін тигізеді. Мысалы, ауаның ластануы
ормандардың құруына алып келеді, оның арқасында су балансының бұзылуы,
топырақ эрозиясы, сол аймақтың климаттық жағдайының өзгеруіне әкеп
соғады.33.б.49
Экология саласындағы қылмыстарды саралау барысында келтірілген зиянның
бүкіл көлемін белгілеудің қажеті аз, ал керісінше заңда көрсетілгендей,
негізгі жақынырақ зардаптарды ескеру қажет. Бұл ережені сақтамау тұлғаларды
негізсіз айыптауға әкеліп соғады.
Табиғи ортаға келтірілген зиян 3 элементтен тұрады:
А) Нақты зардап;
Б) Пайдаланбаған қосымша шығындар;
В) Алынбаған түріндегі шығындар;
Қылмыстың объектісі экологиялық қауіпсіздігі аясындағы қатынастар.
Қылмыстың заты – микробиологиялық, биологиялық агенттер, микроорганизмдер (
бактериялар, вирустар, микроскопиялық грибтер т.б. ) улы заттар.
Қылмыс объективтік жағынан микробиологиялық немесе басқа да
биологиялық агенттерді немесе улы заттарды жинап қою, жою немесе көму
кезінде экологиялық талаптарды бұзу немесе оларды Қазақстан Республикасына
ұқсату, сақтау немесе көму сияқты заңсыз әкелу, егер бұлар адам
денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қатерін туғызғаны
арқылы сипатталады. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттер
немесе улы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы беру
Экологиялық қылмыстардың ұғымы және мәні
Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
Диверсияның қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Экологиялық қылмыстар туралы
Экологилық қылмыстың жалпы сипаттамасы
Қылмыстың түсінігіне маңызды ережелерін одан әрі дамыту жөніндегі ғылыми-теориялық негіздер ұсыну
Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
Қылмыстың құрамы және оның маңызы
Денсаулыққа қарсы орташа ауырлықтағы зиян келтіру
Пәндер