Азаматтық құқықтың қағидалары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Азаматтық құқықтың жалпы ережелері

1.1 Азаматтық құқықтың пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

1.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

II Азаматтық құқықтың түсінігі мен қағидалары

2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі ... 10

2.2 Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық қағидасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

2.3 Шарт еркіндігі қағидасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2.4 Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол берілмейтіндігі.14

2.5 Азаматтық құқықтардың қорғалуы қағидасы ... ... ... ... ... ... ... ... .15

III Азаматтық құқық жүйесі

3.1. Азаматтық құқық жүйесіне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ..18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азаматтың мәртебесін, олардың құқықтары мен бостандықтарын ең маңызды институт ретінде ерекше бөліп жеке бөлім нысанында бекітеді. Сонымен қатар Негізгі Заңдағы Адам және азамат бөлімі Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне, басқа да мемлекеттік органдарына арналған бөлімдердің алдында тұр. Осындай Конституцияның құрамы да адам және азамат құқықтары институтының ерекше орнын көрсетеді. Азаматтық құқықтық қағидаларының мазмұны туралы мәселелер маңызды және белгілі мөлшерде өзекті болып табылады. «Азаматтық құқықтық қағидалары» институтын айта отырып ескеретініміз, бұл бостандықтың нақты тарихи дәрежесінің ең көрнекті конституциялық-құқықтық нысаны. Азаматтық құқықтық қағидалары оның болмысының маңызды белгілерін іске асыратын азаматтық құқықтықтың ажырамас бөлігі. Олар арқылы тұлғаның өмірін, адамгершілік қасиетін және қоғамдық өмірдің барлық құқық салаларында қызмет ету адамның бостандығын қамтамасыз ететін нақты және формальды түрдегі табиғи мүмкіндіктері пада болады. «Азаматтық құқықтық қағидалары» түсінігінің туындауы мен оны бөлек санаттағы құқықтар ретінде танып білу, табиғи құқық идеяларының пайда болуымен және дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі қоғамда негізгі құқықық қағидалар мен бостандықтар ажырамас және әркімге туылған сәтінен бастап тиесілі екендігі танылады. Бұл құқықтарды олардан ешкім және ешқандай жағдайда айыра алмайды.
Нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да көзқарастарына, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік, таптық, өзге де жағдайына қарамастан адам барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болуы тиіс. Бұдан басқа, адамнаң қай елге немесе аумаққа тиесілілігіне байланысты, бұл аймақтың тәуелсіз, біреудің қамқорлығындағы өзін-өзі басқара алмайтын немесе өз егемендігі бойынша әлде бір шектеулері бар болатындығына қарамастан саяси, құқықтық немесе халықаралық мәртебесі негізінде ешқандай өзгешеліктер болмауы тиіс.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі деп есептеуге болады. Өйткені, бұл саламен реттелетін құқық қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтық құқығымен реттелетін қатынастарының түсінігі – реттеу пәні мен реттеу тәсілдері.
Адам мен азаматтың құқықтары туралы мәселе тұлғаның қоғамда және мемлекеттегі нақты жағдайы мәселесінің құрама бөлігі болып табылады. Әр адам туа пайда болатын ажырамас құқықтарға және белгілі көлемдегі материялдық және рухани игіліктерге ие. Олардың қамтамасыз етілуі үшін қоғам мен мемлекет қолғабыз етуі тиіс. Азаматтық құқық қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды.
Ι Нормативтік-құқықтық актілер:
1 Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз, 1998 жылы 7 қазандағы № 284 І заңымен енгізілген өзгертулер мен тылықтырулар./ Алматы: «ЮРИСТ» Баспасы. – 2004, 31 бет.
1.2 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2006.- 309 б.
1.3 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы жарлық – Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі №2198 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығы.
1.4 «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіндегі құқықтарын қорғау туралы» .1998жылғы 27 сәуірдегі Жарлығы,
1.5 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу» 1995 жыл. 17 сәуір.
1.6 «Шаруашылық серіктестіктер туралы» 1995 жыл. 2 мамыр.
1.7 Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексі, 1 бөлімі – РФ Мемлекеттік думасы 1994 ж. 21 желтоқсанда қабылдаған, 2 бөлімі – РФ Мемлекеттік думасы 1995 ж. 22 желтоқсанда қабылдаған.

ΙΙ Арнаулы қолданылған әдебиеттер
2.1 Б.К.Абдыкадыров. Гражданское право.
2.2 Гражданское право. Учебник. Ч.1./Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К.Толстого.М.: «Проспект» , 1997, 113-бет.
2.3 ГК РК (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. Алматы, «Жеті Жарғы », 1998, 100-бет.
2.4 Гражданское право, Сборник статей. Общая часть. Учебное пособие.- Алматы,2003.- 458 с.
2.5 З.Жайлин Ғ.А. ҚР Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім.-1 том.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004.-264 бет.
2.6 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы. Алматы: Дәнекер, 2003жыл.
2.7 Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық – Алматы: Жеті Жарғы, 2001. Құрастырған Е. Баянов.
2.8 М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. Азаматтық құқық. 1 том. 2 басылымы.- Алматы,2003.- 736 бет.
2.9 Кулагин М.И. Предпринимательство и право: Опыт Запада. М.: Дело. 1992.С.
3. Төлеуғалиев. Азаматтық құқық. Жалпы және Ерекше бөлім. Алматы: Жеті Жарғы .-2003. 426бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтық құқықтың қағидалары тақырыбына
курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Азаматтық құқықтың жалпы ережелері

1.1 Азаматтық құқықтың
пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.2 Азаматтық құқықтың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..8

II Азаматтық құқықтың түсінігі мен қағидалары

2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі ... 10

2.2 Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық
қағидасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2.3 Шарт еркіндігі
қағидасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2.4 Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол
берілмейтіндігі.14

2.5 Азаматтық құқықтардың қорғалуы
қағидасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

III Азаматтық құқық жүйесі

3.1. Азаматтық құқық жүйесіне жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... 18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азаматтың мәртебесін,
олардың құқықтары мен бостандықтарын ең маңызды институт ретінде ерекше
бөліп жеке бөлім нысанында бекітеді. Сонымен қатар Негізгі Заңдағы Адам
және азамат бөлімі Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне,
басқа да мемлекеттік органдарына арналған бөлімдердің алдында тұр. Осындай
Конституцияның құрамы да адам және азамат құқықтары институтының ерекше
орнын көрсетеді. Азаматтық құқықтық қағидаларының мазмұны туралы мәселелер
маңызды және белгілі мөлшерде өзекті болып табылады. Азаматтық құқықтық
қағидалары институтын айта отырып ескеретініміз, бұл бостандықтың нақты
тарихи дәрежесінің ең көрнекті конституциялық-құқықтық нысаны. Азаматтық
құқықтық қағидалары оның болмысының маңызды белгілерін іске асыратын
азаматтық құқықтықтың ажырамас бөлігі. Олар арқылы тұлғаның өмірін,
адамгершілік қасиетін және қоғамдық өмірдің барлық құқық салаларында
қызмет ету адамның бостандығын қамтамасыз ететін нақты және формальды
түрдегі табиғи мүмкіндіктері пада болады. Азаматтық құқықтық қағидалары
түсінігінің туындауы мен оны бөлек санаттағы құқықтар ретінде танып білу,
табиғи құқық идеяларының пайда болуымен және дамуымен тығыз байланысты.
Қазіргі қоғамда негізгі құқықық қағидалар мен бостандықтар ажырамас және
әркімге туылған сәтінен бастап тиесілі екендігі танылады. Бұл құқықтарды
олардан ешкім және ешқандай жағдайда айыра алмайды.
Нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да көзқарастарына,
ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік, таптық, өзге де жағдайына
қарамастан адам барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болуы тиіс. Бұдан
басқа, адамнаң қай елге немесе аумаққа тиесілілігіне байланысты, бұл
аймақтың тәуелсіз, біреудің қамқорлығындағы өзін-өзі басқара алмайтын
немесе өз егемендігі бойынша әлде бір шектеулері бар болатындығына
қарамастан саяси, құқықтық немесе халықаралық мәртебесі негізінде ешқандай
өзгешеліктер болмауы тиіс.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Азаматтық құқық сала ретінде
елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі
деп есептеуге болады. Өйткені, бұл саламен реттелетін құқық қатынастарының
шеңбері кең.
Азаматтық құқығымен реттелетін қатынастарының түсінігі – реттеу пәні
мен реттеу тәсілдері.
Адам мен азаматтың құқықтары туралы мәселе тұлғаның қоғамда және
мемлекеттегі нақты жағдайы мәселесінің құрама бөлігі болып табылады. Әр
адам туа пайда болатын ажырамас құқықтарға және белгілі көлемдегі
материялдық және рухани игіліктерге ие. Олардың қамтамасыз етілуі үшін
қоғам мен мемлекет қолғабыз етуі тиіс. Азаматтық құқық қағидалары деп
қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын
айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды,
оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды.
Азаматтық құқықтың қағидаларына азаматтық-құқықтық қатынастарға
қатысушылардың теңдігі, меншікке және басқа заттық құқыққа қол
сұқпаушылық, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол
беру болмайтындығы, азаматтық-құқықтарды кедергісіз жүзеге асырлуы,
нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз
етіндігі, азаматтық құқықты сот арқылы қорғау жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты:  – осы азаматтық құқықтың Қазақстандық және
халықаралық құқықтар арасындағы орны мен маңыздылығын және қоғамдағы орны
мен ерекшелігі туралы толық мәлімет беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз:
ол азаматтық құқық ұғымы, оның әдістері , азаматтық құқық реттеу тәсілдері,
азаматтық заңдарды және азаматтық құқықтың принциптерін анықтау және
курстық жұмыстың құрылымды мазмұны мына бөлімдерден тұрады: кіріспе
бөлімі, үш тарау, тоғыз параграф және қорытынды бөлімі, сондай-ақ
жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі қамтылған.

I АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.1Азаматтық құқықтың пәні

Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік
заңгерлер Рим азаматтарының құқығы – цивильді құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді. Римдік jus
civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік
қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы
әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы
сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Сондықтан да азаматтық құқықты
цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды цивилист деп жүр.
Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария
және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді:
жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал
жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді.
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке деп
бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі
бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі
бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жүйелерде болып
жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін
тигізіп отыр. Бұл орайда біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен
жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді
жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз..., ендеше осы
бағытта әр түрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы
зор.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі
болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды
тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен
тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап,
басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал
азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық
құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай
салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі
қолданылады. ҚР-нің азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және
қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ
мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік
қатынастар болып табылады. Бір сөзбен айтқанда мүліктік қатынас дегеніміз –
мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі
қатынас болып табылады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің
тиістілігіне қарай заттық қатынас, мүліктің бір адамнан екіншісіне
ауысуы, өтуі міндеттемелік қатынас, меншік иесінің қайтыс болуына
байланысты болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас)
тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен
реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып
алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып
табылады.
Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей
реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзіәртүрлі сипатта
кездеседі. Сайып келгенде, мүліктілік дегеніміз заңды белгі болып
табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құқық
пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсын бөліп
қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік
қатынастардың мынандай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық
құндылыққа ие болумен байланысты материалдық обьектілер жайында
адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында
болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы,
қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.
Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушылардың құн заңына
сүйенетін мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген тауар-ақша
қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықты экономика
жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі
өзегіне айналады. Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас
болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып
жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастардың
екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес
жеке қатынастар мен мүліктік қатынастарды реттейді. Мүліктік емес жеке
қатынастың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес
жеке қатынастар жатады. Бұл жердегі (байланыстылық) деген сөз жеке
қатынастардың мүлікке бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық
қатынастардың біртұтас бірлікке болуын айқындайды (мәселен, авторлық,
өнертабыс және т.б. қатынастар). Мысалы, бір ұйымның басқа бір заңды
тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса онда ол әлгі тұлғаға зиянын
тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп мәселен, шығарманың авторы үшін
мүліктік қатынастың мүліктілігі пайда болады. Сондықтан мүліктік
қатынасқа байланысы мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық
нормаларымен реттеледі.
Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың
екінші түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және
басқа субьектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға
ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда
мүлік мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді.
Мүліктік емес жеке қатынас Қазақстан Республикасы Конституциясымен
реттеледі. Конституцияның 2-тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын
құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне
мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың
мейлінше кең ауқымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты реттеудің
пәні, міне, осындай. Енді әдістеме жөніндегі мәселеге тоқталайық.

1.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі.

Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу
әдістемесі болады. Ал оның жеке қырлары субьектілердің құқықтық
мәртебесінде, құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың
мазмұнын айқындау әдістерінде және заң санкцияларында топтастырыла
көрсетілген.
Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық құқықтық реттеу
әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:
1. Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы
олардың тауар-ақша және басқа қатынастарына негізделген заңды түрдегі
теңдігімен сипатталады. ( АК-тің 1 және 2-бабы, 1-тармағы ). К.Маркс
Капиталда былай деп жазды: Бұл заттар бір-біріне тауар ретінде
қатысуы үшін тауар иелері бір-біріне адам ретінде, бұл заттарды еркімен
билейтін адам ретінде, қатысуға тиіс: демек олардың әрқайсысы екеуіне
ортақ ерікті акт арқылы, өз тауарын басқаға бере отырып, өзге тауарды
өзі иемденеді. Демек, олар бірін-бірі жекеменшікші деп білуге тиіс.
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігіне
келсек, олардың азаматтық айналымда тең құқықты, тәуелсіз субьектілер
екендігін көреміз,әрі оның әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие болады,
сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл
азаматтық құқық субьектілерінің бірде-бірі азаматтық құқық қатынасында
екінші жаққа біржақты міндет жүктеуіне болмайды деген сөз. Сонымен қатар
құқықтық қатынастағы жақтардың араларында дау туындаған жағдайда,
екінші жақ үшін міндетті болып табылатын шешімді қабылдай алмайды;
2. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз
еркімен және өз мүддесін көзд ей отырып ие болады және оларды
жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен
міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез-келген
жағдайларын белгілейде ерікті (Аз. Кодекстің 2-б, 2-тармағы). Демек,
азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларына өзінің қалауынша және
мүддесіне сай келетін жағдайларды таңдауына мол мүмкіндік жасалады;
3. Тараптар азаматтық-құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына
ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігін таңдауға ерікті (теңдік және
тұлғалардың өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігі). Азаматтық құқықты
қорғау сотпен (төрелік сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады, бұл
орайда Азаматтық Клдекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық істерді
жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық әдістері
қолданылады. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, бұзылған құқықты
қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, құқық
қорғау туралы талап арызбен сотқа шағымдануға кедергі жасамайды. Былайша
айтқанда, сот бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды қорғауға тиіс. Егер
қандай –да бір құқық әкімшілік жолмен қорғалса, онда ол заңға тікелей
сүйенуі керек. Мұндай жағдайда құқыққа байланысты дау сотқа бірден
жіберілмей, алдымен әкімшіліктің шешімін күтеді. Әкімшілік шешім
қабылдағаннан кейін ғана оны сотқа беруге болады. Азаматтық Кодекстің 9-
бабының 1-тармағында мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті
өкілді атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз
немесе орындауға жатпайды деп тану туралы азаматтық құқықтарды қорғаудың
жаңа тәсілі енгізілген. Азаматтық кодекс қабылданға дейін көптеген құқық
орындаушы органдар заңға сүйеніп жасған құжаттардың сол заңға сәйкес
келмегенімен іс жүзінде оның қолданылып келгеніне әрі мұндай заңсыз
құжаттарды ешкімнің де теріске шығармағанына талай мәрте көз жеткізген
болатын, ал осындай келеңсіздік көп қиындық келтірді;
4. Азаматтық құқықтық жауапкершілік өзіндік сипатымен, атап айтқанда,
мүліктік және өтем түрінде айқындалады; сондай-ақ оған келтірілген
залалды толықтай өтеу талабы да жатады; заң құжаттарында өзгеше
көзделмеген жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне
де байланысты болады.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, мынандай тұжырым жасауға болады:
азаматтық құқық – құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары жіәне
қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-
ақ мүліктік қатыныстарға байланысты (немесе байланысы жоқ) мүліктік емес
жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

ІІ Бөлім АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)

Азаматтық құқық қағидалары түсінігі. Азаматтық құқық қағидалары деп
қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын
айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды,
оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды.
Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтып қана
қоймай, азаматтық заңдылықтардың толық көлемін қамти отырып, АК 2 бабында
көрініс тапқан.
Принцип ( қағидат ) термині латынның сөзі – бастау, негіз дегенді
білдіреді. Азаматтық принциптері ( қағидаттары ) – ол нормативтік сипаты
бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа
алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше
маңызды тұстарын көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны
қолдану азаматтық құқықтың тек жалпы принциптері ( қағидаттары ) арқылы
мүмкін болады.2.4., 86 бет.
Принциптер ( қағидаттар ) Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда
бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен
жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден
басым түседі. Принциптер азаматтық құқықтық нормалардың барлық
жүйесін қамтып, басшылықққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы
азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісі беки түсуіне
байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны
қолдану міндеттілікке айналды. Бұрын-соңды азаматтық принциптер заң
нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретінде
бекітілмеген еді, тек азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен
мәнісіне байланысты деген жалпылама тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ
КСР АК-тің 4-бабы).
Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық принциптерінің ролі мен
маңызды туралы былай деп тұжырымдайды: Біріншіден, ол тікелей әрекет
ететін нормалар түрінде кездеседі. Екіншіден. Ол жаңа заңды жасау
немесе бұрыңғы заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден,
құқық ұқсастығын қолдану қажет болған жағдайда заң принциптері
басшылыққа алынады. Төртіншіден, мұндай принциптер құқықтық нормалардың
бастапқы мазмұнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларының
мазмұнының түсінілуі жүзеге асырылғанда назарға алынуға тиіс (мысалы,
Азаматтық кодекстің 6, 392-баптарын қараңыз). Бесіншіден, заң
принциптеріне сүйене отырып, заң нормалары арасындағы қарама-
қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған
жағдай кездескенде ғана қолданылады. Осы мәселелерге орай оған екі
жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, принциптер тек заң
актілері жүйесінің сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ол
заңгерлердің құқықтағы құқықтарын белгілейді.
Екіншіден, азаматтық құқық принциптер өзінің реттеу жүйесі
арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни
бірінші кезекте азаматтардың конституциялық құқығын азаматтық құқықтар
арқылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі.
Азаматтық құқықтың мынандай қағидалары бар:
• Азаматтық құқықтар құқық қатынасқа түсуші тараптардың теңдігілігін;
• Меншікке қол сұқпаушылық;
• Жеке істерге рұқсатсыз кіріспеушілік;
• Келісімнің, шарттың  еріктілік қағидасы және т.б.
Тараптардың заңдық теңдігі негізінде мүліктік-бағалы және жеке
мүліктік емес қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалары ретсіз
есем, олар нақты жүйеде орналасқан. Азаматтық құқық жүйесі объективті
тұрғыда құрылған және азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың
өзіндік ерекшелігіне негізделген.
Көптеген азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жалпы
қасиеттері оларды құқықтық реттелуінің бірегейлігін, ал осы қатынастардың
нақты түрлерінің кейбір сипаттамалары олардың құқықтық реттелуінің
дифференциациясын қайта анықтайды. Азаматтық құқық жүйесі бойынша екі
бөлімге бөлінеді, олар жалпы және ерекше бөлім.
Азаматтық құқық бөлімінің пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың бір
сипаттылығы кез келген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды
реттеу кезінде қолданылатын азаматтық құқық нормаларын бөліп алуға
мүмкіндік береді.
Бұл құқықтық нормалардың жиынтығы азаматтық құқықтың жалпы бөлігін
құрайды. Ол салалық реттеу пәнінің бір түрін көрсетіп, барлық салалық
нормалар үшін біріктіруші бастау ретінде қызмет етеді, олардың заңды
мазмұнының жалпылығын анықтайды.
Жалпы бөлік табиғаты бірдей қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде
қарама-қайшылықтарды болдырмауға және азаматтар мен ұйымдардың
әрекеттерінің жеке салаларында пайда болатын қоғамдық қатынастарды
азаматтық-құқықтық реттеудің қажетті бірегейлігін қамтамасыз етеді.
Жалпы бөлім азаматтық құқықтың жалпы ережелерін, меншік және өзгеде
заттық құқытарды, міндеттемелік құқытарды, шарт жөніндегі жалпы ережелерді
қарастырса, ерекше бөлім міндеттемелердің жекелеген түрлерін,
интелектуалдық меншік құқығын, мұралық құқық және халқаралық жеке құқық
қатынастарын зерделейді.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері. Азаматтық заңдылық бірегейлігі мен
дифференциациясын ескере отырып орналасқан азаматтық құқық нормалары түрлі
құқықтық нормативті актілердің баптар түрінде (әрі қарай – нормативті
актілер немесе құқықтық актілер) көрініс табады, оларды азаматтық құқықтың
қайнар көздері деп аталады. Аталған нормативтік актілердің жиынтығы
азаматтық заңдылықты құрайды.
АК 3 бабында азаматтық заңдылық түсінігіне тек АК және оған сәйкес
қабылданған өзге заңдар кіреді көрсетілген. Азаматтық құқықтың қайнар
көздерінің негізгі үш түрін жіктеуге болады, олар мыналар: нормативтік
құқықтық актілер, салт – дәстүрлер, шарт [6].
Азаматтық құқық нормалары заңдарда және нормативті актілерде бекітілуі
мүмкін. Барлық осы нормативті актілер заңды күшіне байланысты қатаң
иерархиялық жүйеде орналасқан, нормативті актінің мәні оның заңды күшімен
анықталады. Нормативті актінің заңды күші неғұрлым үлкен болса, соғұрлым
оның азаматтық заңдылық жүйесіндегі алатын орны басым болады. Азаматтық
заңдылықтың нормативті актілерін осылайша құрылуының тек қана теориялық
емес, тәжірибелік маңызы да бар.
Азаматтық заңдылық, нормативті актілерінің көптігі және заң шығарушы
техниканың әлсіздігінен, түрлі нормативті актілердің бір мәселені әртүрлі
шешетін жағдайлары жиі кездесіп отырады. Бұндай жағдайда басым заңды күші
бар нормативті акт қолданылады.
Барлық заңдар  заңды күшіне қарай заңдар және заңға бағынышты
нормативті актілер болып бөлінеді. Заңдар мемлекеттік өкілетті жоғарғы
органдарының шығарған нормативті актілері, олар заңға бағынышты нормативті
актілерге қарағанда басым заңды күшке ие.
Конституциялық заңдар ішінен ең үлкен заңды күшке Қазақстан
Республикасының Конституциясы ие. Өйткені ол елдің ең  негізгі Заңы болып
табылады. ҚР Конституциясында құқықтың түрлі салаларының нормалары бар.
Олардың ішінде азаматтық құқық нормалары да бар.
Азаматтық заңдылықта Азаматтық кодекс түріндегі салалық
кодификацияланған нормативті актілер ерекше орын алады. Салалық
кодификацияланған нормативті актілер азаматтық құқық пәніне кіретін барлық
қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған және Қазақстан Республикасы
территориясында азаматтық заңдылықтың дамуына негіз болып табылады.
АК салалық кодифицикацияланған нормативті акті ретінде Қазақстан
Республикасының бүкіл территориясында мүліктік-бағалы және жеке мүліктік
емес қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге арналған. Осыған
сәйкес АК азаматтық құқық пәніне кіретін барлық дерлік қоғамдық
қатынастарды реттеуге бағытталған азаматтық заңдылықтың ең маңызды
қалыптарын бекітеді.
Кодифицикацияланған нормативті актілермен қатар азаматтық заңдылық
жүйесін азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жеке түрлерін
реттейтін арнайы заңдар құрайды [7].
Мысалы, Қазақстан Республикасының Сақтандыру туралы Заңы, сақтандыру
ұйымдары мен азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер арасындағы, сонымен қатар
сақтандыру ұйымдарының өз арасындағы сақтандыру саласындағы қатынастарды
реттейді; “Қазақстан Республикасының Патенттік Заңы” мүліктік және
құрастырмаларды, пайдалы модельдерді және өндірістік үлгілерді құру,
құқықтық қорғау және қолдануға байланысты туындаған олармен байланысты жеке
мүліктік емес қатынастарды реттейді; ҚазССР Тұтынушылар құқықтарын қорғау
Заңы тұтынушылар мен кәсіпкерлер арасында туындайтын қатынастарды реттейді
Заңға бағынышты актілер нормативті актілер ішінен азаматтық заңдылық
жүйесінде Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметі шығаратын
құқықтық актілер түрінде белсенді роль атқарады.
Азаматтық құқық және халықаралық құқық нормалары. Қазақстан
Республикасы әлемдік бірлестіктің бөлігі болып табылады, сондықтан
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылығы халықаралық құқықтардың жалпы
қолдаған қағидалары мен нормалары, Қазақстан Республикасы қатысатын
халықаралық келісімдермен есептесуі керек. Осыған сәйкес Қазақстан
Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған
қағидалары мен нормаларына қосыла отырып Қазақстан Республикасының
халықаралық келісімдері негізінде Конституциялық құқықтық жүйенің құрамдас
бөлігі ретінде қарастырады. Бұл дегеніміз, азаматтық құқық пәніне кіретін
қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған
принциптері мен нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық
келісімдері қолданылуына мүмкіндік береді деген мағынаны береді.
Азаматтық заңдылық, іскерлік ғұрыптар, іскер айналым дәстүрлері,
мораль және адамгершілік ережелері. Іскер ғұрыптар деп азаматтық айналымда
орнатылған тәртіп ережелерін айтады. Өздігінен іскер ғұрыптар азаматтық
құқық қайнар көздері болып табылмайды. Бірақ та мемлекет құқықтық акт
арқылы іскер ғұрыпты санкцияған кезде ол заңды күшке ие болып азаматтық
заңдылық жүйесіне кіреді.
Қазіргі кезде барлық іскер ғұрыптар арасынан тек қана кәсіпкерлік
салада қолданылатын іскер айналым дәстүрлерін бөледі. АК күшімен
кәсіпкерлік әрекет нәтижесінде туындаған дауды шешу кезінде сот қолдана
алатын іскер айналым дәстүрлері деп заңдылықпен немесе келісіммен
қарастырылмаған, бірақ өз мазмұнында жетерліктей анықталған, кәсіпкерлік
әрекеттің қандай да бір саласында кеңінен қолданылатын тәртіп ережелері,
мысалы қандай да бір міндеттемелерді орындау дәстүрі және т.б. Іскер
айналым дәстүрі қанай да бір құжатта тіркелгендігіне не тіркелмегендігіне
қарамастан қолданыла алады) [8].
Азаматтық заңдылық, сот пленумдарының шешімдері, шешімдер, соттық
практика және сот прецеденті. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумы
жалпыланған материалдарды қарастырып, заңдылықты қолдану жөнінде бастаушы
талқылаулар береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының
талқылаулары Қазақстан Республикасының жалпы юрисдикциясындағы барлық
соттар үшін міндетті. Аталған талқылаулар нормативті актілер болып
табылмайды, олар құқықты қолдану актілері болып табылады.
Сот пленумдарының қаулылары азаматтық заңдылықтың мәнін талқылап,
түсіндіруі ғана тиіс, азаматтық құқықтың жаңа нормаларын құрмайды.
Сондықтан сот пленумдарының қаулылары азаматтық құқықтың қайнаркөзі болып
табылмайды.
Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сот практикасы да жатпайды. Сот
тәжірибесі деп бір категориялы істерді соттардың бірнеше рет бір түрлі
шешімдер шығару жағдайын айтады. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне
сонымен қатар сот прецеденті де жатпайды. Сот прецеденті деп соттың нақты
іс бойынша шығарған шешімін келесі бір ұқсас жағдайға қолдауын айтады.
Азаматтық заңдылық әрекеті. Азаматтық заңдылық уақыта, кеңістікте және
қатынасқа түсуші тұлғалар арасында әрекет етеді. Азаматтық құқық нормалары
азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
АК заңдарының құқықтық актілерінің кері күштері болмайды. Азаматтық
құқықтың уақыт аралығындағы әрекетін деп заңның әрекет ету мерзімін
қарастырамыз. Жалпы заңның әрекет ету мерзімі мынандай түрлерде
сипатталады, заңды күшіне ену мерзімі, заңды күшін жою мерзімі және әрекет
ету мерзіміне байланысты.
Заңды күшіне енуі бойынша мерзімдер ресми басылымға шыққан кезден
бастап 10 күн өтісімен немесе нақты сол басылымда көрсетілген мерзім. Ал
заңды күшін жою мерзімдері мынадай жағдайлармен сәйкестенуі мүмкін, тура
сондай жаңа заңның қабылдануы немесе заңның әрекет ету мерзімінің аяқталуы.
Кеңістіктегі әрекеті деп нормативтік құқық актінің барлық Қазақстан
Республикасы аумағына толығыменен даруын айтамыз, сонымен қатар кейбір
актілер тек белгілі органдардың немесе ұйымдардың шегінде ғана әрекет ете
алады оларды локальді нормалар деп атаймыз. Ал азаматтық заңның тұлғалар
арасындағы әрекеті деп азаматтық қатынасқа түсуші кез-келген тараптарға
даруын айтамыз, мысалы жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен
заңды тұлғалары.
Азаматтық қатынастарды қарастыру барысында олардың қолданудағы
императивтік және диспозетивтік жағдайларға зейін салу керек.
Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің Азаматтық
Заңдардың негізгі бастаулары деп аталатын 2-бабында бекітілген. Яғни
сол арқылы мемлекет пен қоғамның азаматтық заңдарының алдына қойған
мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және
ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген принциптерді
талдасақ дейміз.

2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі.

Азаматтық құқықтың басты қағидаларының бірі олардың
қатысушыларының теңдігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға
қатысушылардың теңдік принципі қоғамдық қатынастарды азаматтық- құқықтық
реттеу әдістемесінің өзімен айқындалады. Яғни бұдан азаматтық құқықтық
қатынастарда тараптарың жағдайы тәуелсіз тең дәрежеде болатындығын көреміз.
Демек азаматтық қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты
емес, ал тәуелділігі оның мінез құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне қатысты
болмау керек.2.4.,88 бет. Азаматтық заңмен реттелетін мүліктік және
мүліктікемес қатынастар жүйесінде субъектілер теңдігі төмендегідей
жәйттерді білдіреді:
1. мемлекетет немесе оның әкімшілік- аумақтық бөлінісі азаматтық –
құқықтық қатынастарға жалпы негізде, өзге қатысушылармен тең құқықта
қатысады. Бір айта кететін жайт, азаматтық – құқықтық қатынастардағы
мемлекеттің жауапкершілік ерекшелігі (дербес иммунитеті) заңда
көрсетілмеген (АК-тің 111-114 баптары);
2. заңды тұлғалардың құқылық мәртебесі біртабан жақын келеді. Мысалы,
қазіргі кезде азаматтар ғана емес, заңды тұлғалар да шартпен
өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілей алады, сондай ақ заңға
қайшы келмейтідей шарт талаптарының кез келгенін таңдауға ерікті;
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар
еңбек шартын, оның ішінде келісім шартт жасауға қатысы бар;
3. егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдік жеке және заңды
тұлғалар, сондай –ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда ҚР-
ның азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қандай құқықтар мен
міндеттер көзделсе, нақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Азаматтық құқықтың қағидаттары мен бастаулары
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Азаматтық құқық субъектілерінің азаматтық құқықпен өзара байланысы
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен байланысы
Азаматтық құқық және халықаралық құқық нормалары
Азаматтық құқықтың мүліктік және мүліктік емес қатынастары
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Азаматтық құқық жүйесі
Пәндер