Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. Еңбек нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныстың
жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3. Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мәселелерін реттеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті дамыту керек екендігі айтылған болатын.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. К.Маркс- өз еңбегінде еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік негізін зерттесе, Д.Ж.Кейнс пен М.Фридман еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

І. Нормативтік – құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы кодексі 2007 жылғы 15 мамыр
№ 251-III.
ІІ. Оқулықтар мен оқу құралдары

1. Б. Жүнісов, Ұ. Мәмбетов, Ү. Байжомартов, «Нарықтық экономика негіздері» Алматы 1994 жыл.
2. Шеденов Қ. «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе – 1999
3. Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев
«Экономикалық теория», оқу құралы
4. Бейсенов С. Инфраструктура рынка труда // Человек и труд - 1993 г. - № 1.
5. Бейсенов С. Рынок труда // Экономика и жизнь - 1992 г. - № 3.
6. Вамек А. “Янтарь”: формируется рынок труда // Человек и труд - 1993 г. - № 8.
7. Голодец О. Критическая ситуация на региональных рынках труда // Вопросы экономики - 1997 г. - № 2.
8. Дадашев А. Региональный рынок труда в России: формирование и эффективность управления. // Вопросы экономики- 1995 г. - № 5 - стр. 63-70.
9. Заславский И. Характеристика рынка труда. // Новая жизнь - 1995 г. 18.07
10. Конкина А. На рынке труда // Новая жизнь - 1995 г. - 18.07
11. Маслова И. Особенности российского рынка труда // Человек и труд - 1993 г. - № 3.
12. Подшибякина Н. Рынок труда и единое экономическое пространство // Человек и труд - 1993 г. - № 1.
13. Рынок труда: цифры и факты // Рудный Алтай - 1994 г. - 17 февраля.
14. Трудовой поворот к рынку М. - 90 г.
15. Четвернина Т. Государственные и государственные приоритеты на рынке труда // вопросы экономики - 1997 г. - №2.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. Еңбек нарығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 6
2. Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныстың
жалпы сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 12
3. Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мәселелерін реттеу
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 15
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 21
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа
шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті
дамыту керек екендігі айтылған болатын.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде.
Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта
даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи
көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-
экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін
жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді
формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық
бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми
тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу
тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын
орны зерттелген. К.Маркс- өз еңбегінде еңбек нарығы туралы теориялық-
әдістемелік негізін зерттесе, Д.Ж.Кейнс пен М.Фридман еңбек нарығы мен
жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің
маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан
қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми
зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің
еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз
болады.
Мемлекеттің еңбек нарығын реттеу, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік
саясатын жетілдіру мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер:
Я.Ә.Әубәкіров, Т.А.Әшімбаев, Ү.С.Байжомартов, С.Х.Берешев, Б.А.Жүнісов,
Қ.М.Жұмақанова, М.Б.Кенжеғозин, Ж.Ш.Кенжалина, Ш.К.Көпешов, Ж.К.Қорғасбаев,
А.К.Қошанов, А.Қатарбаева, Н.К.Мамыров, М.К.Мельдаханова, А.Қ.Мейірбеков,
А.Б.Молдашев, Т.Ж.Нұрымбетов, Н.А.Омаров, А.К.Отаров, Ж.Ж.Сүлейменов,
С.Д.Тәжібаев, М.Э.Тілеужанова, Ө.Қ.Шеденов және т.б. өз еңбектерінде жан-
жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан.
Еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік және жинақталған тәжірибелік
материалдар өзіндік ғылыми зерттеу жұмысын іске асыруға ықпал етті.
Курстық жұмыстың мақсаты - еңбек нарығын реттеу және еңбек нарығындағы
жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мәселелеріне қатысты тәжірибелік ұсыныстар
әзірлеу болып табылады. Курстық жұмыс мақсатына сәйкес келесідей міндеттер
қойылды:
-еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық -әдістемелік
негіздерін зерттеу;
-еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік –
экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;
- еңбек нарығының жалпы сипаттамасын қарастыру;
- еңбек нарығының қазіргі жағдайға талдау жасап, тиімділік деңгейі мен
салааралық ерекшіліктерін анықтау;
Жұмыстың пәні - еңбек нарығын реттеу.
Зерттеу нысаны - Еңбек нарығындағы экономикалық қатынастар.
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері ретінде еңбек нарығын
реттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми
жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңдары, еңбек нарығы мен жұмыспен
қамту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары
мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және статистикалық
органдардың ресми мәліметтері алынды.
Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен тұжырымдамалар салыстырмалы талдау,
материалдарды графикалық өңдеу, экономикалық-математи калық болжамдау,
зерттеу әдістерін қолданумен негізделеді.
Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы: Қазақстан Рес публикасының
Ұлттық статистика Агентігінің, Халықаралық еңбек ұйымы ның, Қазақстан
Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис трлігінің
материалдары зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.
Жұмысты орындау барысында қол жеткізген нәтижелер келесідей:
-еңбек нарығын реттеу мен еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен
ұсыныстың жалпы теориялық негіздері қарастырылып, анықтамасы нақтыланды;
- еңбек нарығын реттеу мен еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен
ұсыныстың әлеуметтік – экономикалық мазмұны мен факторлары анықталды;

1. Еңбек нарығы

Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол жұмыс
істейтін басқару күшімен кадр бөлімі, оқу және зерттеу орталықтары, сонымен
қатар әлеуметтік қызмет корпорациялары, мемлекеттік мекемелер, коммерциялық
емес ұйымдар және т.с.с.
Нарықтық экономикаға өту өзіне қажет еңбек нарығы мен жұмыс күшін еріксіз
тартады.
Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, олардың
тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен
анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық агенттері, олар
еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан
еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің
арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі
және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады.
Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын
айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей
қалыптаса қоймаған.
Бұл елдердің өзінде еңбек нарығы тетіктерінің бір – бірімен
үйлесуінде айтарлықтай айырмашылықтар бар, яғни, еңбек нарығының көп
түрлері мен модельдері болады.
Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін ажыратуға
болады:
- сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар);
- ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық ұғымдар).
Сыртқы еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшінің облыстық, салааралық деңгейде
жылжуға бейімделген процесстерін, яғни, жұмыс орындарын еңбеккерлермен
фирма
арасында ауыстыру жолымен толтырады. Ішкі еңбек нарығы еңбеккерлердің фирма
ішінде жылжуына бейімделген.
Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады :
1) әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының
әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті
дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету;
2) экономикалық қызметте еңбекке тиімді түрде тарту, оны бөлу, реттеу және
пайдалану;
3) ынталандыру қызметі бәсекеге қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары
еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға
мүмкіндік тудырады.
Маркстік ілімге қарсы батыс теорияларында еңбек тауар деп саналады.
Нарықтык экономикада "еңбек нарығы" термині қолданылып, жұмыс күшіне
еңбекке кабілетті халыктың белгілі бір тобын жатқызып жүр.
Қазақстандық экономикалық әдебиеттерде зерттеушілердің біреуі “еңбек
нарығы” терминін қолданса, ал екінші біреулері “жұмыс күшінің нарығы”
терминін қолдануда. Соған байланысты осы екі терминнің біреуін, яғни “еңбек
нарығы” терминін қолданған дұрыс деп ойлаймын.
Еңбек нарығы шетелдік әдебиеттерде жеткілікті түрде зерттеліп, айқындалған.
Ал, ресейлік Саткина М.А., Гибриков Г.Г. және қазақстандық Н.К. Мамыров
және т.б. бір топ ғалымдар еңбек нарығы анықтамасын ғылыми тұрғыдан беруде
әр түрлі көзқарасты ұстанады.
Дамыған нарықтық экономикалық жүйеде барлық еңбек өнімдері тәріздес
жұмыс күші де тауарлы форманы иеленеді. Неоклассикалық экономикалық
теорияда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал мен инвестициялар
нарығымен қатар ерекшеленген жұмыс күші мен еңбек нарығы да қарастырылады.
Сондықтан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, саяси-
шаруашылық тәжірибеде жұмыс күші нарығы мен еңбек нарығы деген ұғымдар
бір-біріне сәйкес ұғымдар ретінде қабылданған.
1945 жылы капиталистік елдің экономикалық жағдайы анық түрде ерекшеленді.
АҚШ өзінің территориясында әскери қимылдар болмағандықтан өндіріс қуаты
және рекордты түрде экономикалық өсу байқалған. Ал керісінше, Батыс Еуропа
және Жапония елдері біршама қирауға ұшыраған. Ол елдердің халқы интенсивті
құрылыс жұмыстарын жүргізе отырып шығындарға төзуге тура келді. Бұл
жағдайлар мысалы, Германия және Жапония елдерінде 40-ші жылға дейін
жалғасқан. 30-жылдары экономикалық өсу бүкіл аймақта болды және
жұмыссыздықты болдырмады.
Жапониядағы жұмыспен қамтуды басқару. Өмірлік жалдану жүйесінің
мағынасы, жұмысшы нақтылы түрде өмір бойы бір кәсіпорында жұмыс істейді,
бірте-бірте қызмет баспалдағымен көтеріледі. Білім деңгейіне (орта білім
немесе жоғары білімді) байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым жұмысшыдан
бастайды және бір орында 2-3 жылдан көп отырмайды. Өйткені оның жұмыс
орнында алған білімін жоғалтуға мұрша бермейді. Ал екіншіден, төменнен
бастап, жас маман бірдеңені өзгертуге мүмкіндік алады, басшылардың,
қызметтестердің мойындауына жету, репутациясын орнату.
Швециядағы жұмыспен қамтуды басқару.
Қоғамдағы өмірді ұйымдастырудың Шведтік түрі экономикалық және
өмірлік деңгейді жоғарлату, экологиялық стандартты қамтамасыз етеді. Бұл
модель ерекше технологиялық рента алуды негіздейді, ішкі және әлемдік
нарықта елдің алатын
өнімінің жоғары сапасы мен инновациялығы. Әрине Швеция өте жақсы
әлеуметтік-экономикалық модельді құруды көздейді.
Швецияның тәжірибесі бойынша жұмыссыздыққа жәрдемақы беру іс-
шараларына келесілер жатады:
- кіші және жанұялық кәсіпорынға мемлекеттік субсидиялар мен несилерге
жағдай жасау, яғни бастапқы капитал 10 пайызды ғана құрайды, 70 пайызы
субсидия, 20 пайызы несие, егер кәсіпорын пайда ала алмаса 4 жылға
салықтан босатылады;
- географиялық мобильділік, яғни жұмыс күші тапшылық жерлерге жанұяларды
көшіріп апарады. Оларға үй, жұмыс тауып береді , жағдай жасайды;
- қоғамдық жұмыс, негізінен жастарға , құрылыс, жол, қызмет көрсету, 6
айға дейінгі кепілдеме түрде жалақысы 50-100 пайыз болатын ( сол кәсіптің
орташа жалақысын есептеп ) жұмысқа алу;
- жеке фирмаларға көмек көрсету, жарты жылға дейінгі 50 пайыздық субсидия
беру;
- арнайы техникалық жабдықтау, кәсіпорында мүгедектерге арналған жұмыс
орнын дайындау және кәсіпорын иелеріне жұмысқа алғаны үшін субсидиялар
төлеу және мүгедектердің жалақысына да субсидиядан ақша шамамен қосылады.
Шетелдік тәжірибеде көп уақыт бойына жұмыспен қамту мәселесі қоғамдық
келісімде арнайы енгізілмеген. Бірақ 20 ғасырдың 70-жылдары мұнай
дағдарысына байланысты өзгерген болатын (1973-1979 жылдар). 1980 жылға
дейін жұмыспен қамту бойынша 170 келісім кабылданды. Келісімдерде жұмыс
берушілер жұмыскерлерді бір жыл ішінде немесе бірнеше жыл ішінде босатуға
міндеттеме алады. Мұндай келісімдер белгілі бір жағдайда және берілген
саланың кәсіпорындағы жеткілікті түрде кезекті бағыт ұстанғанда мүмкін
болады.

Еңбек нарығын Қолданыстағы Ерекшелігі Ескерту
реттеу үлгісі үлгісі
Америкалық Жұмысқа алу Тұрғындардың Жұмыссыз
үлгі мен жұмыстан еңбек нарығына кедейлердің
шығу кірудің көптігі
еркіндігі; қиындығы
Фирма
деңгейінде
ұжымдық-келісі
мдікті реттеу
Шведтік үлгі Жұмыс Еңбек нарығына Еңбек ақы
орындарын жастардың төлеудің төмен
құруға, кәсібижұмысқа болуы
даярлау мен орналасу
қайта қиындығы
даярлауға көп
шығын жұмсау
Жапондық үлгі Өмірлік Бұл жүйе Жастардың қызмет
жалдану жастардың еңбекету аясының тар
жүйесінің етуіне өз болуы
қолданылуы әсерін тигізуі
Қазақстандық Еңбек нарығын Еңбекке Жас маманды
үлгі белсенді түрдеорналастыру жұмысқа алу
жүргізу, бойынша жалпы кезінде мемлекет
жұмыспен қамтуқоғамдық тарапынан
саясатын іске жүйенің жұмыс кәсіпорындарға
асыру істемеуі қолдау
көрсетудің
жоқтығы
Ескету-Шетел тәжірибесіне байланысты автордың құрастырған
үлгісі

Сурет 1-Еңбек нарығын реттеу үлгілері
Осы шетел тәжірибесін қолдана отырып Қазақстанның еңбек нарығын
реттеу жүйесін жасауға болады. Шетелдің еңбек нарығына байланысты
тәжірибесін қарастыра отырып Қазақстан өзінің еңбек нарығын реттеу бойынша
үлгісін құруы қажет.

2. Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныстың жалпы сипаттамасы

Еңбек нарығына сыртқы факторларының әсер етуі әлемдік қоғамдастыққа
Қазақстанның ықпал ету дәрежесіне байланысты және ол ықпал ету
үдерістерінің дамуы мен республиканың Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ)
кіруімен күшейе түседі. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі өзгерістер қазіргі
уақытқа дейін республиканың еңбек нарығына онша әсер етпейді. Әлемдік
бағалардың шикізат ресурстары коньюнктурасы экономика мен әлеуметтік
саланың дамуына тұрақты әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың ақпан айындағы Жолдауында
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы қарастырылды. Экономиканың аса маңызды басымды дамуының бірі
бұл – мемлекет Басшысының Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты ең
пәрменді саясаты болған және болып қалады деп анықтаған қазіргі тұрақты
саясат болып табылады. Барлық бағыттар бойынша бізде бағдарламалар бар,
олар қозғалыссыз емес: біз халықаралық тәжірибені енгізіп және жаңа
беталыстарға сәйкес, алға қойған міндеттерге жетуді жалғастыруымыз керек.
Соңғы жылдары әзірленген үкіметтік құжаттар (Қазақстан Республикасында
2000–2002 жылдарға арналған кедейлікпен және жұмыссыздықпен күресу бойынша
мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасында 2003 – 2005 жылдары
кедейлікті азайту бойынша мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан
Республикасының 2004–2006 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық
дамуының индикативті жоспары, 2005–2007 жылдары әлеуметтік реформаларды
әрі қарай тереңдету бағдарламасының жобасы), сондай – ақ басқада
мемлекеттік және салалық бағдарламалар едәуір шараларды көздейді, ал
жалғасып келе жатқан экономикалық өсім, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін
көтеру үшін мүмкіндік құрайды, жұмыссыздықты төмендетеді, адамзат
ресурстарына салынатын инвестицияларды көбейту үшін жағдай туғызады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайы халықтың
экономикалық белсенді және белсенді емес көрсеткішін, жұмыспен қамтылуы
және жұмыссыздық көрсеткіштерінің өзгеруімен сипатталады.
Президентіміздің басты мақсаттарының бірі аса дамыған 50 елдердің қатарына
қосылу үшін орта және кіші бизнесті дамыту болып табылады. Бұл мақсат үшін
10 бизнес-центр және 2 бизнес-инкубатор, 20 бизнес-ассоциациясы құрылды.
Облыстағы компанияларды ішкі нарықта дамытып, көршілес елдердің іскерлігіне
қарап дамытуға тиіспіз. Өз бизнесімізді ерекшелендіріп, шетелден
қызығушылық дамытып оларды өзімізге тартуға тиістіміз. Бұл үшін бізде басқа
мемлекеттермен қарым-қатынас жасау құрылымы бар. Осы бойынша жоба құрып
көздеген мақсатқа жетуге тиістіміз. Тиімді жағында жұмыспен тіркелгендердің
саны көп болуы да мүмкін, ал тиімсіз жағында тіркелген жұмыссыз халықтың
көбісі жұмыспен қамтыла бермейді, яғни олардың белгілі бір мөлшері ғана
жұмыспен қамтамасыз етіледі. жеке меншік болғаннан кейін жұмыссыз халықтың
қамтамасыз етілген бөлігі сол биржа мекемесінің қызмет көрсеткені үшін
белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлейді. Ал экономикалық тұрғыдан
белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі бойынша жоспарлы 2007
жылды, өткен жылмен салыстырғанда -1,1 мың адамға немесе 61,2 % бойынша
жылдан – жылға төмендегенін байқалады.
Еңбек нарығының негізгі көрсеткіші еңбек ресурсы болып табылады. Еңбек
ресурстарының саны мен сапасы халықтың саны мен жас-жыныстық құрамына
байланысты анықталады.
Қоғамдық даму қажеттілігі мемлекеттің демографиялық процестерді
қалыптастыруға белсенді араласуын міндеттейді. Демографиялық процестер өз
табиғаты жағынан тікелей жоспарлау объектісі бола алмайды, бірақ оны жанама
әдістер арқылы реттеуге болады. Ол қоғамның жалпы әлеуметтік-экономикалық
саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Оған демографиялық процестерге
тікелей әсер ететін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, моральдық-
психологиялық және медициналық –демографиялық шаралардың жиынтығы жатады.
Өз кезегінде, бұған демографиялық факторды ескере отырып, тұрғын үй
жағдайын жақсарту, балаларға арнайы жәрдемақыны төлеу, балалар
мекемелерімен қамтамасыз ету, аналарға аяғы ауыр кезінде, босанғанда және
балаға қарау кезінде берілетін демалыс уақытын ұзарту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы
Еңбек қызметі және оның қоғамда алатын орны
Еңбекке сұраныс түсінігі және құрылымы
Еңбек нарығы әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын фактор ретінде
Еңбек нарығын қалыптастыру механизмі
Еңбек нарығының ерекшеліктері
НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДА ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс,жұмысбастылық және еңбекке ақы төлеу
Еңбек нарығының институттары
Пәндер