Бастауыш мектеп математикасында құзіреттілікті қалыптастыру.



ЖОСПАР
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1. ҚҰЗІРЕТТІЛІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.1 Құзіреттілік түсінігіне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2 Оқушылардың білімділік құзіреттіліктерін қалыптастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. БАСТАУЫШ МАТЕМАТИКАСЫНДА ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.1 Құзіреттілік тұрғыдан математика сабағын өткізу жолдары ... ... ... ... ... 8
2.2 Оқушылардың құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған тапсырмалар үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім-дер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» -деп нақты көрсетілген.
Жалпыұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты да тұжырымдамаға сәйкес төмендегідей: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында» (2007 ж., 28 ақпан): «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Оқы-тудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет» деп көрсетілген.
Оған сапалы білім, оқушының өміріндегі оқуға және өз білімін көтеруге дайындығы негізгі алғы шарт болып табылады. Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушының әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі.
Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғам-дағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Осы тұрғыда жұмысымыздың зерттеу нысаны ретінде бастауыш сыныптағы құзіреттілік тұрғыдан өткізілген математика сабағы алынды.
Зерттеудің мақсаты: Оқу үрдісіндегі құзыреттілік дамыту мәселелері бойынша оқытудың әдістемелік жүйесін жасау және оның тиімділігін анықтау.
Зерттеудің болжамы: оқушылардың құзыреттілік тұғыры бойынша бағытталған тәжірибеден пайдалыны ала біледі; өзінің алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра біледі және оны ретке келтіре алады; өзінің алдындағы міндеттерін өздігімен шеше алу біліктілігі қалыптасады.
Сонымен, болашақ ұстаздың ұстанымы “құзыретті тұлғаны” дамыту, ізденісті маңдайға тигізіп, білімді санаға сіңіру, ұғымды түсінікке ұйытқы болғызу болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Білім туралы заң. - Астана. 2004.
2. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. - М: Педагогика, 1986.-239б.
4. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өзік дамуында. Алматы, 2006.
5. Адамар Ж. Исследование психологии процесса изобретения в области математики. - М: Советское радио, 1970. - с.27-98
6. Шацский С.Т. Избранные педагогические сочинения. В 2-х т. - М.: Педагогика, 1980. 22б
7. Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізі. Бастауыш Н.Назарбаев «Инновациялар мен оқу- білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» - Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқылған лекция. Астана,2006.
8. Егемен Қазақстан. 26.12.2003 ж. №332-333.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
9. Исаева Т.Е.Классификация профессионально-личностных компенсаций вузовского преподавателя //Педагогика. 2006. №9. С 55-60
10. Нұрмашқызы А.Қатысымдық құзыреттілік мәселесі туралы. // Білім.Образование. 2008 №6 б.32-33 мектеп 2006 ж,. № 7.

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ҚҰЗІРЕТТІЛІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Құзіреттілік түсінігіне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Оқушылардың білімділік құзіреттіліктерін қалыптастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. БАСТАУЫШ МАТЕМАТИКАСЫНДА ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.1 Құзіреттілік тұрғыдан математика сабағын өткізу жолдары ... ... ... ... ... 9
2.2 Оқушылардың құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған тапсырмалар үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім-дер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру -деп нақты көрсетілген.
Жалпыұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты да тұжырымдамаға сәйкес төмендегідей: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында (2007 ж., 28 ақпан): Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Оқы-тудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет деп көрсетілген.
Оған сапалы білім, оқушының өміріндегі оқуға және өз білімін көтеруге дайындығы негізгі алғы шарт болып табылады. Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушының әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі.
Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғам-дағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Осы тұрғыда жұмысымыздың зерттеу нысаны ретінде бастауыш сыныптағы құзіреттілік тұрғыдан өткізілген математика сабағы алынды.
Зерттеудің мақсаты: Оқу үрдісіндегі құзыреттілік дамыту мәселелері бойынша оқытудың әдістемелік жүйесін жасау және оның тиімділігін анықтау.
Зерттеудің болжамы: оқушылардың құзыреттілік тұғыры бойынша бағытталған тәжірибеден пайдалыны ала біледі; өзінің алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра біледі және оны ретке келтіре алады; өзінің алдындағы міндеттерін өздігімен шеше алу біліктілігі қалыптасады.
Сонымен, болашақ ұстаздың ұстанымы "құзыретті тұлғаны" дамыту, ізденісті маңдайға тигізіп, білімді санаға сіңіру, ұғымды түсінікке ұйытқы болғызу болып табылады.
1 ҚҰЗІРЕТТІЛІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Құзіреттілік түсінігіне жалпы сипаттама

Қазақстан Республиксының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті - білімдік шоғырландырудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұғырға көшу. 12 жылдық білім беру жағдайында әлемдік деңгейдегі белгіленген білім беру міндеттерін нәтиже ретінде көру мүмкіндігі туындайды. 12 жылдық білім беру проблемалары орталығы дайындаған Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты білім берудің мазмұнын жобалау және белгілеу тәсілдерінің жаңа үлгісін ұсынады. Бұрын мемлекеттік стандарттар берілетін материалдың көлемін мен құрылымынның нормаларын белгілеген болса, жаңа стандарт жобасында білім берудің нәтижелері норма ретінде бекітілген. Ең басты нәтиже құзыреттілік болып отыр.
Құзыреттілік тұғыры бойынша білім беру прагматикалық сипатта болады және мыналарға бағытталады: тәжірибеден пайдалыны ала білу; өзінің алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра білу және оны ретке келтіре алуы; өзінің алдындағы міндеттерін өздігімен шеше алу біліктілігі.
Бұл үшін құзырет және құзыреттілік деген ұғымдардың мән-мағынасын ашып алуды жөн көрдік. Құзыреттілік және құзырет ұғымдарын, тұлғаның құрылуында феномен ретінде құзыреттілікке ие болудың мәнін және табиғатын түсінуде А.М.Аронов, Дж.Равен, А.Н.Тубельский, Б.И.Хасан және т.б. пайымдауларының мәні зор. Соның ішінде А.М.Аронов құзыреттілікті белгілі бір әрекетке даярлығы деп қарастыруды ұсынады, құзыреттіліктің іс-әрекеттік негізі қазіргі білімдік және болашақтағы практикалық әрекетті байланыстырады. Ғалымның ойын жалғастырушы .Г.Б. Голуб құзыреттілік тұғырда оқушының белгілі бір өнімі бар іс-әрекеті жатыр, іс-әрекет ойлау әрекетінің бөлігі, ал құзыреттілік бұл іс-әрекеттің жіктелген субъектіленген іс-әрекеті деп ерекше атап өткен. Бұл құзыреттілікті іс-әрекеттік категориясы деп түсінуге мүмкіндік береді. Автордың пікірінше, ол субъективтенген, яғни жеке іс-әрекет тәжірибесінен өткен, субъективті тәжірибеге айналады. Сонымен, құзыреттілік - оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, біліктілігін, дағдыны және әрекеттің барлық тәсілдерін меңгеруі, білім берудің нәтижесі.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталады:
Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік - оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын кабілеті, жоғары әдептілік. кұндылықтар негізіңде жасампаз коғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматгылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтык, белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
Мәдениеттанымдық құзыреттілік -- жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдік мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс кызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
Оку-танымдык құзыреттілік -- окушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оку-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін карастырады.
Коммуникативті құзыреттілік -- адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
Ақпараттык-технологиялык құзыреттілік -- бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен акпаратты акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік қоғамдық жағдайларға накты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, енбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға таддау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда {өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік кадір-касиет сезімімен үйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты карау) жеке және коғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ыкпал етуді қарастырады.
Құзыреттілігі жоқ мұғалімнің оқушылары да құзыретсіз екендігін есте ұстаған жөн. Құзыреттілік құралдарының тізімі бәрінен бұрын оқушы ұстанымына да байланысты. Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру олардың белсенділігіне байланысты болады, яғни мұғалімнің белсенділігі оқушылардың белсенділігіне ауысқан кезде ғана болады. Оқушыларды оқыту үдерісінде төменде көрсетілген технологияларды белсенді пайдалану керек: жобалар әдісі, жарыссөз әдісі, ойын технологиясы (рөлдік ойындар), проблемалық пікірталас, интерактивтік оқыту технологиясы (жұппен, шағын топтарда), модульдік оқыту технологиясы.
Жобалар әдісі, мысалы, ақпараттық, коммуникативтік, жеке тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіру және т.б. сияқты құзыреттілікті қалыптастыруға қолданыла бастады.
Оқу-танымдық құзыреттілікті қалыптастыру -- бұл оқу іс-әрекеті мен өз қызметін талдау біліктілік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жүйелілік дағдылары, мысалы, сұлбалар, алгоритмдер құрастыру арқылы қалыптасады. Осы құзыреттілікті қалыптастыру үшін сабақтарда өзін-өзі бақылау және өзара бақылау белсенді түрде қолданылады.
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру ойын технологиялары, пікірталастар көмегімен сатылай жүргізіледі. Негізгі біліктілікті қалыптастыруда оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдары маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Сонымен, оқушы құзыреттілігін қалыптастыру үшін әр ұстаз өзіне тиімді әдіс-тәсіл мен технологияны қолдана алады. Ол "Модульдік оқыту технологиясы", Қараевтың "Оқытудың педагогикалық технологиясы" болуы мүмкін, бірақ ең бастысы шәкірт қойылған проблеманың шешімін өзі табуы керек, әрекет жасай білуі керек.

2.2 Оқушылардың білімділік құзіреттіліктерін қалыптастыру әдістері
Оқушылардың білімдік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық моделі
Оқушылардың білімдік құзыреттілігі деп оның шығармашылық, теориялық, практикалық, кәсіби және компьютерлік дайындығының сапалық деңгейін айтамыз. Білімдік құзыретті оқушы өзгеге үлгі, ортасының мақтанышы, адамгершілік қасиеттерге ие, өзгені және өзін өзі дамытуға дайын екендігіне кәміл сенуге болады деп ойлаймыз. Құзырет - адамның белгілі бір құбылыс не күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп, өзінше пайымдай білу қасиеті. Құзыреттілік - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйрететінін алдын - ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы. Құзыреттілікке үнемі іздену, өзін - өзі жетілдіру арқылы жетуге болады.
Соңғы жылдары әлемдік білім беру тәжірибесінде "құзырет" ұғымы білім беру мақсаттары секілді негізгі ұғымдардың біріне айналды .
Оқушылардың білімдік құзыреттілігін қалыптастыру негізінің мазмұнын шәкірттердің тұлғасының сапалық мінездемелері құрайды. Оқушылардың білімдік құзыреттілігін қалыптасқандығы оның кәсіби дайындығының ең жетілгендігі деп түсінеміз.
Біз зерттеу жұмысында, оқушылардың білімдік кұзыреттілігін пәннен терең хабарлығы, практикалық іскерлігі мен дағдылары бар, білімді, өзіне-өзі сеніммен ілгері ұмтылатын, жоғары нәтиже мен сапаға жете алатын тұлғаның интегративті (жүйелі) қасиеті, -- деп түсіндік.
Оқушылардың құзыреттілік қызметінің компоненттері
Оқушылардың құзыреттілік қызметі үнемі ойлануды, қандай да бір белгісізді іздеуге бағытталады.
Республиканың және шетелдің психологтары ойлаудың проблемалық жағдайдан туындайтындығын және оны эксперимент арқылы шешуге болатындығын дәлелдеген. Ойлау үрдісі және оның нәтижелері өзара байланысты. Ойлау әрекетінің нәтижелері - ұғым. Білімнің өзі ойлау процесіне қатысады және оны дамыта отырып оның бұдан кейінгі бағытын анықтайды [1].
Құзіреттілікті қалыптастыруға мысал келтірсек:
Мысал: Атасы төрт немересімен орманға саңырауқұлақ теруге барды. Барлығы орманда саңырауқұлақ іздеп, жан-жаққа кетті. Біраз уақыттан соң атасы демалуға отырып саңырауқұлақтарын санаса, 45 екен. Осы кезде немерелері келді. Олар ешқандай саңырауқұлақ таппаған екен. Атасы ол төртеуіне өзіндегі барлық саңырауқұлақтарды бөліп берді. Немерелері тағы жан-жаққа кетіп, біраз уақыттан соңкейін барлығы жиналып үйлеріне қайтады. Осы уақытта бір немересі 2 саңырауқұлағын жоғалтып алады, екінші немересі 2 саңырауқұлақ тауып алады, үшінші немересі атасы қанша саңырауқұлақ берсе тағы сонша саңырауқұлақ тауып алады, ал төртінші немересі атасы берген саңырауқұлақтардың жартысын жоғалтып алады. Үйлеріне барғаннан кейін санап көрсе саңырауқұлақтардың саны бірдей екен. Атасы әрқайсысына қанша саңырауқұлақ берген?
Талдау арқылы шығарып көрейік.
Есеп шартынан атасы ең аз саңырауқұлақты үшінші немересіне бергені көрініп тұр. Атасы үшінші немересіне берген саңырауқұлақтарды бір бөлік деп алсақ, онда ол тауып алғанымен қоса үйге 2 бөлік алып келді. Яғни, барлық немерелері 2 бөліктен алып келді. 1-2 немерелерінің атасы берген саңырауқұлақтарының қосындысы 4 бөлік. 4- немересіне де 4 бөлік берген.
Атасы берген кездегі саңырауқұлақтардың барлығын қоссақ : 9 бөлік.
Яғни, 1 бөлікте 5 саңырауқұлақ бар.
Атасы немерелеріне саңырауқұлақтарды сәйкесінше былай бөлген: 12, 8, 5, 20.
Енді теңдеу құрып үйренгендер үшін:
x- үйге әрбір немересі алып келген саңырауқұлақтар саны болсын. Онда бірінші немересіне атасы x+2, 2-не x-2, 3- не x2 4- не 2xсаңырауқұлақтар берген.
(x+2)+(x-2)+x2+2x= 45 9x2=45 x=10
Жоғарыдағы нәтижені аламыз.
Қорыта келгенде теориялық зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері бізге келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:
Философия, педагогика, психология және жалпыға бірдей математикалық білім берудің тәжірибелері, өткізген зерттеу жұмысының мәліметтері Математиканы оқытудың құзіреттілігі ұғымына келесідей түсініктеме беруге мүмкіндік берді: құзыретті ойлауды қалыптастыру - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің бір бөлігі болып табылатын адамның қоршаған ортамен математика заңдылығына негізделген қарым-қатынасын қамтамасыз ететін интеллектуалдық, әрекеттік, эмоционалдык-сезім салаларының жиынтығын қызықты шығармашылық әдістемелер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті
Модельдеу түрлері және мәтіндік есептерді шешу әдістері
Бастауыш мектептегі математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Проблемалық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы
Бұрыштарды өлшеу
Шамалардың қатынасы, сандардың қатынасы
Бастауыш мектеп математикасында проблемалық оқыту технологиясын қолдану
Пәндер