Ерлік салтанаты



Жоспар:

I. Кіріспе

Ерлік салтанаты

II. Негізгі бөлім

1. Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,
Ару қыздар . алаулап от кешкендер!

2. М. Мәметова . қазақтың аяулы қызы

3. Ә. Молдағұлова . қазағым деген ұрпақ өкілі

III. Қорытынды

Батыр десе батыр еді . . .
Ерлік салтанаты

Аспан жер арасын
Өрт қаптады жалыны жалаңдаған,
Көңірсіді құйқадай адал далам.
Бір-бірінің қанынан ұрттамаса,
Тыншымастай сұстанды Адамға Адм.
Түндер келді жарыңның құшағында
Рахаттың орнына алаңдаған
Жас орнына мөлдіреп жанарда қан
Тамайын деп тамбаған, тама алмаған.
Алмасты лез күрсіну, күңіренумен
Жүректерден шарықтап таралған ән.
Түнде соғар дүлейін жасырғандай,
Күліп-атып қылымсып таң алдаған.
Бейнетімен бақ құшқан кең далаға
Қанды өзендер құйғандай сан арнадан.
Мазасыз әлі қысқа бұл тіршілікте
Болар кейде мейірімді адамнан аң
Сәби көңіл жандардың жанын улап
Бітіспес кек, ызамен арамдаған.
Дөңбекшіді сонда жер қанға бөгіп:
“Не кінәң бар, Адамдар, табар маған?!”

Иә, қара жерді дөңбекшітіп, жазықсыз жандардың жанын жазылмас жарамен қан жылатқан көп қазақ халқының ер жүректілігі мен қанға сіңген қаһармандағын әлем алдында тағы да әйгі еткен екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына да келер жылы 60 жыл толғалы отыр. Ерліктің салтанатты жеңісіне жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, соғыс қантөгісін бастан кешірген талай адамдар соғыс салған азап пен қасіретті күні бүгінге дейін ұмытқан емес және бұл еш уақытта да көмескіленуі мүмкін емес. Адал жарды аяуласынан, ананы жалғызынан айырған бұл сұм соғысты қалай ғана естен шығарарсыз.
Жеңіс салтанаты. Миллиондарды өмір мен үміттен айырған осы соғыстағы жеңіс салтанаты оп-оңай келген жоқ. Отан сүйгіш ұл - қыздардың майдан мен тылдағы жан аямас еңбегінің жемісі еді – бұл.
Иә, Отан қорғауға тек асыл ер – азаматтарымыз ғана емес, қолына қару алып, майдан үшін тағдырын белге буған ардақты апа, әпкелеріміз де болды.
Ана және соғыс. Бір – бірінен жер мен көктей алшақ жатқан осы екі ұғымның бір сәт басын қосып көріңізші. Сіздің көз алдыңызға өртеген үй мен шырылдаған сәби, жүректі ысқылаған қайғымен аралас ыза мен
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. “Арулар отты жылдарда”. “Қазақстан” баспасы.Алматы,1975
2. “Совет Одағының қазақстандық батырлары”. “Қазақстан”баспасы. Алматы,1969
3. “Қазақтар.Казахи”. Көпшілікке арналған тоғыз томдық аықтамалық. 2 – том. “Тарихи тұлғалар”
4. Қазақ Совет Энциклопедиясы

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе

Ерлік салтанаты

II. Негізгі бөлім

1. Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,
Ару қыздар – алаулап от кешкендер!

2. М. Мәметова – қазақтың аяулы қызы

3. Ә. Молдағұлова – қазағым деген ұрпақ өкілі

Қорытынды

Батыр десе батыр еді . . .

Ерлік салтанаты

Аспан жер арасын
Өрт қаптады жалыны жалаңдаған,
Көңірсіді құйқадай адал далам.
Бір-бірінің қанынан ұрттамаса,
Тыншымастай сұстанды Адамға Адм.
Түндер келді жарыңның құшағында
Рахаттың орнына алаңдаған

Жас орнына мөлдіреп жанарда қан

Тамайын деп тамбаған, тама алмаған.
Алмасты лез күрсіну, күңіренумен
Жүректерден шарықтап таралған ән.
Түнде соғар дүлейін жасырғандай,
Күліп-атып қылымсып таң алдаған.
Бейнетімен бақ құшқан кең далаға
Қанды өзендер құйғандай сан арнадан.
Мазасыз әлі қысқа бұл тіршілікте
Болар кейде мейірімді адамнан аң

Сәби көңіл жандардың жанын улап

Бітіспес кек, ызамен арамдаған.
Дөңбекшіді сонда жер қанға бөгіп:
“Не кінәң бар, Адамдар, табар маған?!”

Иә, қара жерді дөңбекшітіп, жазықсыз жандардың жанын жазылмас жарамен
қан жылатқан көп қазақ халқының ер жүректілігі мен қанға сіңген
қаһармандағын әлем алдында тағы да әйгі еткен екінші дүниежүзілік соғыстың
аяқталғанына да келер жылы 60 жыл толғалы отыр. Ерліктің салтанатты
жеңісіне жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, соғыс қантөгісін бастан
кешірген талай адамдар соғыс салған азап пен қасіретті күні бүгінге дейін
ұмытқан емес және бұл еш уақытта да көмескіленуі мүмкін емес. Адал жарды
аяуласынан, ананы жалғызынан айырған бұл сұм соғысты қалай ғана естен
шығарарсыз.
Жеңіс салтанаты. Миллиондарды өмір мен үміттен айырған осы соғыстағы
жеңіс салтанаты оп-оңай келген жоқ. Отан сүйгіш ұл - қыздардың майдан мен
тылдағы жан аямас еңбегінің жемісі еді – бұл.
Иә, Отан қорғауға тек асыл ер – азаматтарымыз ғана емес, қолына қару
алып, майдан үшін тағдырын белге буған ардақты апа, әпкелеріміз де болды.
Ана және соғыс. Бір – бірінен жер мен көктей алшақ жатқан осы екі
ұғымның бір сәт басын қосып көріңізші. Сіздің көз алдыңызға өртеген үй мен
шырылдаған сәби, жүректі ысқылаған қайғымен аралас ыза мен кек оты
жанраынан ұшқан ана бейнесі елестер еді. Балғын сәбиіне көкірегін тосып,
емірене аймалаған ана мейірімін елестетіңізші!

Не деген бақыттылық!

Отыр еді көзінде жақұт тұнып

“Соғыс” деген бір сөзден есеңгіреп,
Зәресі ұшты орнынан атып тұрып.

Мейірім мен шаттық үшін ғана жаратылғандай бал – бұл жанған ана жүзін ашу
мен кек торлады. Күле шаттана білген ана ел басына мұнар күн туғанда,
қасіретімен Жре үстіндегі жазықсыз тіршілікті қорғауға деген шексіз
махаббаты пен бір қайратқа мінгендей жігерленді.
Он сегіз бен жиырманың арасындағы әлі жігіт сүйіп үлгермеген, күні кеше
қос тұлымы желбіреп, ертеңгі болашаққа аппақ арман, балауса үмітпен
күлімдеп қараған жас қыздар нәзік балтырын сыздатқан солдат етігін киіп,
гұл құшуға жаралғандай нәзік саусақтары ауыр автоматты көтеріп, майдан
өтіне бара жатты.
Ұлы Отан соғысының от-жалынды жылдарында ер-азаматпен бірге қолына қару
алып, майдан шебіне аттанған Әлия мен Мәншүктей қыздарымыз сан жүздеп
саналады.
- Майданға жету, қалайда жаумен бетпе-бет келіп, кек алу – біздің бар ой –
арманыңымыз осы болатын,- деп еске алады Ленинград қаласын әуе
шабуылынан қорғаған зенит зеңбірегі расчетінің командирі Әлима Ақжолова.
- Әлі күнге жүрегімнің түкпірінде сақталып келген бір сырым бар. Ешкімге
айтқан емеспін. Есіл – дертім ұшқыш болу еді. Біраз қиындықтардан кейін
Хабаровск маңындағы самолет механиктерін дайындайтын курсты бітіріп,
сонда қызмет еттім. Батысқа қанша сұрансам да жібермей қойды. Ауылға аз
күнге демалысқа келіп, енді қайтар жолда бір қулық істегім келді.
“Документі жоқ адамды майданға алдыңғы шепке жібереді” дегенді естігенім
бар. Новосибирск қаласына жақындағанда документтерімді құрттым да,
қалаға келген соң, әскери комендатураға барып:
- Мен документтерімді жоғалтып алдым, майданға жіберіңіз, - деп тұрып
алдым. Сол бойыммен Ленинградтан бір-ақ шықтым. Өтірік айтып, біреулерді
алдағаныма осы күнге дейін қысылып, бір адамға айтпаппын. Бірақ, бәрі
сол майданға жетсем деген адал ниеттен шыққан еді.

Абайлады сонда Мәншүк жан – жағын,
Көрді өзінің жапа – жалғыз қалғанын.
Көзге жанар, көкірекке кек толып,
Қиналады қимай серік – саңлағын.
Қара көзді жарқ еткізді танадай ,
Төңкерілді ашылып бір қарамай,
Пулеметте ойнап тұрған он саусақ
Қалды қатып бір серпуге жарамай.

Он жылдықты жаңа бітірген өңкей жас қыздар ел басына күн туғанда,
ел басына түскен ауыр күндерде әскери мамандықты тез-ақ игеріп, аса
қабілеттілік көрсетті. Танкистер Жамал Байсейітова, Құлкен Тоқбергенова,
Гүлжамила Талқанбаева, пулеметші Гүлжамила Бейсенбаева, радистер Орынкүл
Мысырова, Мәкір Ботақанова, Бикен Садуақасова, мерген Мәлике Тоқтамысова,
байланысшы Фазира Теміралиева және басқада қазақстандық қыздардың ерлігі –
олардың қандай іске болмасын талант пен қабілетін дәлелдеп берді. Әрине
қолына қару алмаса да, майдан алаңының дәл ортасында жүріп, соғыс
күндерінің ащы – тұщысын бірге татысқан қыздар да көп. Соғыс тылдарында қыз
– келіншектердің көбі әскери дәрігер, медсестра болып істеді. Бұлардан
басқа ішкі істер жұмысында газет, баспахана саласында жұмыс істеген
көптеген қыздар болды.
Қазақстандық әйелдер тек қана майдан шебінде емес, тылда да аянбай еңбек
етіп, ерліктің небір үлгілерін көрсетті. Ежелден халқымызға тән ерлік пен
елдіктің ауыр жүгін жауапкершілікпен көтеріп, туған жерден алыста, батыста,
шайқасқан ардагер жауынгерлеріміздің сенімді серігі бола білді біздің аяулы
қыз - келіншіктеріміз.
Уақыт алға жылжыған сайын кешегі өрім жас, бүгінгі жүздерін әжім шалған
аналардың ел басына туған сын шақта қайыспай күрескен қажар – қайратының
мән – маңызы тереңдей түсуде. Қиын сәттің алдарына тартқан ауырпалығын
мойымай атқарғандарын олардың ешқайсысы да керемет ерлік жасадық деп
ойлаған жоқ. Бірақ сол сұрапыл жылдардан нешеме ширек ғасыр өткеннен кейін
әйел жауынгердің қай – қайсысы да сол бір кездерін толқи еске алады. Отты
күндердің тауқыметін ұрпақтары ешқашан көрмеуін тілей отырса да, бүгінгі
жастарымыздың жалынды да Отан сүйгіш болып ер жетуін қалайды олар.
Иә, Ұлы Жеңіс – барша халықтың, “Отан үшін”, “бейбітшілік үшін” деп
күрескен әрбір адамзат баласының жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер,
бүгінгі ардақты әже – аталарымыздың жеңіске жетер жолда тындырған ұлан –
ғайыр істері біздің жадымызда мәңгілік сақталатын дастандай жалғаса береді.

Ақ шашты ана!
Саптан шықпай нық басып келесің бе?
Сыздап тұр – ау әлі күн оқ тескен жер..
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,
Ару қыздар – алаулап от кешкендер!

Мәншүк Мәметова

Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туған.
Мәншіктің ата – анасы ерте қайтыс болады да, бес жасар баланы оның тәтесі
Әмина Мәметова бауырына басады. Мәншүкің балалық шағы Алматыда өтті.Ұлы
Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматыда медициналық институтта оқып,
сонмен бір мезгілде Респубика Халық комиссарлар советінің секретариатында
қызмет етіп те жүрген.
1942 жылы тамыз айында ол өз еркімен Қызыл армия қатарына алынады да,
майданға аттанады. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанған.
1944 жылы, наурыздың 1-інде СССР Жоғары Советінің президумының Жарлығымен
аға сержант Мәншүк Мәметова Жиенқалиқызына қаза тапқаннан кейін Совет
Одағының батыры атағы берілді.

Халқым деп туған еді ..

Отан – анаға ересен қауіп төнді. Совет елінің жеріне неміс фашист
басқыншылары қара құзғындай қаптап кірген. Бұл күндері Мәншүк Мәметова
әскери комиссариатқа қайта – қайта арыз беріп, өзінің қолына қару алып ер
намысын қорғағысы келетінін білдірді. Ақыры, 1942 жылы тамызда жау қалаға
ентелей ұмтылған шақта оның қояр да қоймаған өтініші қабылданып, алыстағы
ордадан келген қазақ қызы өзге жігіттермен бірге солдат атанды. Мәншүк
келіп түскен бөлімде оны писарь етіп қалдырды. Алайда патриот қыз алғы
шептің жауынгері болуға бел байлады. Бір айдан соң аға сержант Мәншүк
Мәметова 21 –гвардияшы атқыштар дивизиясының атқыштар батальонына жолдама
алды.
1943 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жырдың маңызы әрі көркемдік ерекшелігі
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті жайлы
Ортағасырлық Еуропаның көркем өнер мәдениеті
Отанды қорғау - мемлекеттің маңызды қызметі
Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік идеялары
Ортағасырлық Еуропаның көркем өнер мәдениеті туралы
Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530-1605)
Қыз Жібек туралы
Романдық стильдегі құнды нысандар мен ескеркіштер
Бұқар жырау толғаулары
Пәндер