Аңырақай шайқасы



Мазмұны
1. Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. Зерттеу бөлімі . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
2.1 Аңырақай шайқасы болған жер және Аңырақай шайқасы . . .. 5
2.2 Аңырақай шайқасы туралы деректер негізінде жазған
ғалымдардың еңбегі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
2.3 Қазақ батырларының әскери өнері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
3. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
1. Кіріспе
Аңырақай шайқасын зерттей отырып, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келген Ұлы қазақ даласын бабаларымыздың жаудан қорғағанын, ұлт үшін дүниедегі ең биік –тәуелсіздік пен ауызбіршілік екенін айтқым келеді. Сондықтан Аңырақай шайқасын және оның тактикасын (тәсілдерін) таңдап алдым. Өткені «Аңырақай шайқасы» қазақ ауызбірлікте болса, қандай да болмасын дұшпанын жер ете алатынын, рухы жоғарғы ұлы ұлт екенін дәлелдеген сындарлы кезең. Осы тарихи оқиғаны зерттеу үшін мен көп кітаптарды ақтардым, мұғалімдерден сұрадым. Оның әрбір кейіпкерінің мінез-құлқын ашуға әсіресе Қазбек Тауасарұлының «Тұп тұқияннан өзіме шейін» атты кітабы қатты көмек берді. Қазақ халқының мемлекеттік заң жүйесін жасаған үш кемеңгер Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Айтеке билердің адам сүйсінетін ғажап істерінен дерек, жұрттың назарын аударғым келеді. Қанжығалы Бөгембай, қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай батырлардың ерліктері мен өмірбаяны, қазақ тәуелсіздігі үшін соғысқан, атын естісек те нақты ерліктерін біле бермейтін біраз батырлары туралы баяндамақпын. Қазақ халқының тарихи тағдыры туралы Ел басымыз Н.Назарбаев:«менің халқымның басынан өткізген ең қиын жылдардағы аяусыз да, қатал өмірдің ағымында мәңгілікке жойылып кетудің алдында тұрып көрсеткен ерлігі мен төзімділігі мені таң қалдырады. Қазақтар бірнеше рет өлім алдында тұрды. Бірақ олардың өмірге деген, бостандыққа деген құштарлығы қайтадан аяғына тік тұрғызды»,-деп жазады. 1723жылы қазақ халқы үшін «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалған ең қайғылы кезең болды. Осыған байланысты Шәкәрім Құдайбердіұлы Қалқаман Мамыр» поэмасында былай деп суреттейді:
Осы жол қазаққа белгілі жол,
Ақтабан шұбырынды дегені сол.
Жаяу жүріп табаны әппақ болып,
Қорлық көріп қазақтың шұбырғаны ол.
Саматұлы Қалиолла Ахметжановтың «Жарған темір кигендер» деген кітабын пайдалана отырып: қазақ батырларыны кәсіптік әскери құралдары «бес қару», яғни қару-жарақты қолдану әдісін зерттеу. Сонымен қатар қазақ халқында соғыс жүргізудің, бүкіл әскермен айқас өткізудің, шабуыл жасау мен шегінудің тағы басқа түрлі тактикалары, әдіс-тәсілдері өте көп болғанын
1. «На пороге XXL века». Алматы 1996жыл, 206-бет
2. Қазақ Әдебиеті «Қалқаман Мамыр» поэмасы
дәлелдеу басты мақстым. Бұл еңбекте осы тақырыпқа қатысты мәселердің бәрін көтеріп, бәрін шешу мүмкін емес, бірақ көптеген айтылмай жүрген проблемаларды қарастыруға мүмкіндік бар. Жазба деректер, ауыз әдебиетінің үлгілері, бейнелеу өнер материалдары қазақ халқының соғыс өнеріне өзіндік ерекшелігі бар, ортақ жүйе болғанын көрсетеді. Бұл өнердің даму тарихын анықтап, бар ерекшелігімен түгел қалпына келтіру үшін терең , түбегейлі зерттеулер қажет.
4. Пайдаланған Әдебиеттер тізімі:
1. Қ.С.Ахметжанов. Алматы.1996 жыл. 256бет
2.Ақтабан шұбырынды. 272-278бет. Қазақ көне тарихы. Алматы 1993 жыл. 400 бет
3.Бұланты шайқасы.Қарағанды-1998жыл. 64 бет
4.В.В.Галиев. Мысль. Алматы-200жыл 61-65 бет
5. І.Есемберлин. Алматы-1973жыл. «Жанталас». 320 бет
6.Егемен Қазақстан газеті. 25.10.2000жыл
7.Қаз. ұллтық энциклопедиясы. Алматы-1998жыл. 72 бет
8.М.Қозыбаев. Тарихи зердесі. (Замана асуы) 1-кітап Алматы ғылым 19998жыл. 344бет
9.Қасымбаев. Қазақ тарихы.2000жыл №2 53-57 бет
10.М.Мағауин . Алматы-1994жыл 130-140 бет. 239бет.
11.К.Маданов.Алматы-19995жыл 76-82бет
12.Мұхаметқанұлы Нәбижан. XV ғасырдан XVIII ғасырға дейін. Тарихи зерттеулер.Шежірелік деректер. Алматы-Жалын 1994жыл. 40-57 бет
13.Н.Ә.Назарбаев. Аңырақай шайқасы туралы. 282-284 бет.Тарих толқынында.Алматы. 1999жыл. 296бет
14.О.Сұмағұлұлы, М.Қожаев,А.Оразаққызы.
Алматы-Атамұра-1999жыл. 176 бет

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Бағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Сексиясы :Тарих

Тақырыбы: Аңырақай шайқасындағы қазақ батырларының әскери өнері

Мына жерге өз аты жөніңді жаз
Мысалы:Авторы:Болат Әділ, 9 а сыныбы ,
Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы

Мына жерге өз жетекшіңді жаз
Мысалы:Жетекшісі:Сексенбаева Винур Намысбайқызы, Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы

Кеңесшісі:өз кеңесшіңді жаз

Аннотация
ғылыми жұмыс
Ж О Б А С Ы

Оқушының ғылыми жұмыспен айналасуының өзі,оның ізпемпаздығы мен қабілеттілігі бар екенін айқындап отыр.
Қазақ халқының тарихында күні бүгінге дейін терең зерттелген немесе зерттеуді қажет ететін тың тақырыптар жеткілікті.
Соны ғылыми тұрғыдан зерттеп,тән-тағынасын ашып көрсетуге талпыныс жасап отырған мен оқушым Болат Әділдің
Аңырақай шайқасындағы қазақ батырларының әскери өнері тақырыбындағы зерттеу жұмысы ең алғаш баспалдағы деуге болады.
Зерттеу мақсаты: Аңырақай шайқасын зерттей отырып , ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келген Ұлы қазақ даласын бабаларымыздың жаудан қорғағанын ,ұлт үшін дүниедегі ең биік-тәуелсіздік пен ауызбіршілік екенін айтқым келеді.
Зерттеу жұмысының қорытындысы: Қазақ батырларының қолданған қарулары туралы Еуропалық бағыттағы ғылымда теріс көзқарас қалып келген болатын . Кейінгі кезде археологиялық материалдардың негізінде орыс авторлары Черненко,Смирнов,Хазановтардың еңбектерінде батырлардың қолданған қарулары тереңделіп зерттелді.Зерттеу нәтижесінде қару-жарағымыз көрші елдерден кейін қалған емес,қайта озық алда болды.

Аннотация
В работе Тактика Анракайской битвы приведена новая информация об истории Анракайского сражения, более широко описана примеченная тактика, виды оружия, военное искусство, умение и мастерство воинов, а также историческое значение Анракайской битвы в освобождение казахского народа от джунгарского ига.
Данная работа ставит своей целью посредством этих исследований воспитывать у молодого поколения чувства патриотизма и укрепления и расширение национального сознания.
В труде приведены новые факты, неотраженные в учебниках , не полностью исследованное наукой, мало отраженное в художественной литературе то, как был побежден враг, имеющий значительный перевес в численности войск и оружия.
В этих исследованиях говорится о роли биев Толе, Казыбек, Айтеке в единении народа и установлении законности в степени. Описывается в труде глубокое освоение казахскими батырами военной тактики и уменьшение принять на деле тактические приемы боевого искусства. Здесь использованы прежние исторические названия местностей казахской степи. К примеру: Аңырақай Қалмақ қырылған.
Изучая тактику Анракайского сражения, исследователь указывает шестнадцать методов и приемов , использованных казахскими воинами в данной битве, из них восемь тактических глубоко раскрывает.

The Summary
In job Tactics Anyrakai of fight is given the new information on a history Anyrakai of battle, noticed tactics. kinds of the weapon, military art, skill, and skill soldiers, and also historical meaning (importance) Anyrakai of fight in clearing the Kazakh people from djyngar yoke is more widely described.
The given job puts by the purpose by means of these researches to bring up at young generation of feling patriotism both strengthening and expansion of national consciousness.
In work the new facts not reflected in the Textbooks, not completely investigated science poorly reflected in fiction are given now the enemy having significant overweight in number of amries and weapon was defeated.
In these researches is spoken about a role biev Roofing felt, Kazibek, Aiteke in a unification of people and establishment of legality in a degree. The deep development Kazakh batirami of military tactics and reduction is described in work to accept on business tactical receptions of battler dashing art. The former historical names of districts of the Kazakh steppe here are used. For example: Anyrakai , Kalmak kirilgan
Studying tactics Anrakai of battle.the researcher specifies sixteen methods and receptions used Kazakh soldies in the given fight,from them eight tactical deeply open.

Мазмұны
1. Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. Зерттеу бөлімі . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
2.1 Аңырақай шайқасы болған жер және Аңырақай шайқасы . . .. 5
2.2 Аңырақай шайқасы туралы деректер негізінде жазған
ғалымдардың еңбегі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
2.3 Қазақ батырларының әскери өнері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
3. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22

1. Кіріспе
Аңырақай шайқасын зерттей отырып, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келген Ұлы қазақ даласын бабаларымыздың жаудан қорғағанын, ұлт үшін дүниедегі ең биік - тәуелсіздік пен ауызбіршілік екенін айтқым келеді. Сондықтан Аңырақай шайқасын және оның тактикасын (тәсілдерін) таңдап алдым. Өткені Аңырақай шайқасы қазақ ауызбірлікте болса, қандай да болмасын дұшпанын жер ете алатынын, рухы жоғарғы ұлы ұлт екенін дәлелдеген сындарлы кезең. Осы тарихи оқиғаны зерттеу үшін мен көп кітаптарды ақтардым, мұғалімдерден сұрадым. Оның әрбір кейіпкерінің мінез-құлқын ашуға әсіресе Қазбек Тауасарұлының Тұп тұқияннан өзіме шейін атты кітабы қатты көмек берді. Қазақ халқының мемлекеттік заң жүйесін жасаған үш кемеңгер Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Айтеке билердің адам сүйсінетін ғажап істерінен дерек, жұрттың назарын аударғым келеді. Қанжығалы Бөгембай, қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай батырлардың ерліктері мен өмірбаяны, қазақ тәуелсіздігі үшін соғысқан, атын естісек те нақты ерліктерін біле бермейтін біраз батырлары туралы баяндамақпын. Қазақ халқының тарихи тағдыры туралы Ел басымыз Н.Назарбаев:менің халқымның басынан өткізген ең қиын жылдардағы аяусыз да, қатал өмірдің ағымында мәңгілікке жойылып кетудің алдында тұрып көрсеткен ерлігі мен төзімділігі мені таң қалдырады. Қазақтар бірнеше рет өлім алдында тұрды. Бірақ олардың өмірге деген, бостандыққа деген құштарлығы қайтадан аяғына тік тұрғызды,-деп жазады. 1723жылы қазақ халқы үшін Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама деген атпен қалған ең қайғылы кезең болды. Осыған байланысты Шәкәрім Құдайбердіұлы Қалқаман Мамыр поэмасында былай деп суреттейді:
Осы жол қазаққа белгілі жол,
Ақтабан шұбырынды дегені сол.
Жаяу жүріп табаны әппақ болып,
Қорлық көріп қазақтың шұбырғаны ол.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Саматұлы Қалиолла Ахметжановтың Жарған темір кигендер деген кітабын пайдалана отырып: қазақ батырларыны кәсіптік әскери құралдары бес қару, яғни қару-жарақты қолдану әдісін зерттеу. Сонымен қатар қазақ халқында соғыс жүргізудің, бүкіл әскермен айқас өткізудің, шабуыл жасау мен шегінудің тағы басқа түрлі тактикалары, әдіс-тәсілдері өте көп болғанын
1. На пороге XXL века. Алматы 1996жыл, 206-бет
2. Қазақ Әдебиеті Қалқаман Мамыр поэмасы
дәлелдеу басты мақстым. Бұл еңбекте осы тақырыпқа қатысты мәселердің бәрін көтеріп, бәрін шешу мүмкін емес, бірақ көптеген айтылмай жүрген проблемаларды қарастыруға мүмкіндік бар. Жазба деректер, ауыз әдебиетінің үлгілері, бейнелеу өнер материалдары қазақ халқының соғыс өнеріне өзіндік ерекшелігі бар, ортақ жүйе болғанын көрсетеді. Бұл өнердің даму тарихын анықтап, бар ерекшелігімен түгел қалпына келтіру үшін терең , түбегейлі зерттеулер қажет.

2.Зерттеу бөлімі
2.1 Аңырақай шайқасы болған жер және аңырақай щайқасы
Таңдап алған тақырып бойынша бұрыннан белгілі нәтижелерге талдау жасап өтейін.
Аңырақай Жамбыл облысы Шу ауданы жеріндегі тау сілемі. Шу- Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тарихи жер аты. Абсолюттік биіктігі 1295 метр, ұзындығы 75километр, ені 5километр. Архей гнейстері мен кристалды тақтастардан түзілген. Беткейлерінің оңтүстік-батысы жазық, солтүстік-шығысы құлжар, қорым тасты, шаңды келеді. Қиыршық тас аралас-қан қоңыр топырағында жусан, бетеге, селеу, қараған, тобылғы, ал тау аңғарларында бұта аралас қау өседі.
Аңырақайдағы Итішпес көлінің маңында 1729жылы (кейбір деректерде 1730жылы) қазақ жасақтары жоңғар басқыншыларын ойсырата жеңген. (1729жылдың мамыр-маусым, кейбір деректерде 1730жыл) біріккен қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның бастауымен үш жүз хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билер (Төле, Қазыбек, Әйтеке), сұлтандар , батырлар қатысқан Ордабасы шыңында бүкіл қазақ қолының бірігуі, жауға қарсы бірыңғай шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүздің жасақтары 1728жылдан бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан өліп, Қалдан Церен билікке келген (1727жылы). 1723жылдан бастап еліміздің Шығысы мен Жетісуды, Оңтүстігін, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірді басып алған жоңғарлар енді қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрып,үш жүздің жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды)жиналды. Бұл таулардың бауырында Үлкен Орда қонған, Кіші Орда қонған деген жер атаулары күні бүгінге дейін сақталған. Аңырақай шайқасы солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығыс Күртіге дейінгі аралықтағы бедерлі жерлерде өткендгін, бұл өңірде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Бұл қорымдар КСРО Бас штабының 1942жылғы құпия картасында көрсетілген. Аңырақай аталатын осы өңір. Шамамен көктемде басталып, жаз айларына ұласқан 40-45күн майданда біртіндеп басым түсе бастаған қазақтар Итішпестің Алакөлі (Балқаштың шығысындағы Алакөл емес) маңында жеңіске жеткен. Балқаштың оңтүстігіне қарай 120километр шамасындағы бұл көл қазір Сорқұдық деп аталады. Көлдің ұзындығы 10-12 километр, ені 2километр. Оның қасындағы шайқас өткен соғыс алаңының ұзындығы
30-35километр, ені 20километр. Аңырақай шайқасына 30-35мың қазақ, 35-40мың жоңғар әскері қатысты деген болжам бар. Орыс барлаушыларының деректеріне қарағанда 1723-1725 жылдары қырғынға көп ұшырап, жері жау қолында қалған Ұлы жүз 10мың жасақ шығарған. Орта жүз жауынгерлерінің саны 15мыңдай болған. Адамдары көбірек сақталған Кіші жүз жер шалғайлығынан 10-15мыңдай әскермен келді деп топшалауға болады. Үш жүздің жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр жүзеге асырды. Аңырақай шайқасында алғашқыда позициялық, күштерді барлау соғысы болды. Екі жақ та өңірдің таулы, жыралы бедерлерін өз мақсаттарына ұтымды пайдаланып, жауын аз шығынмен көп қыруға тырысып бақты. Қалмақ жағының қару-жарағы басым еді. Мылтық пен бірге өздеріңде құйылған, Ресейден сатып алынған әр түрлі қашықтықта атқылайтын зеңбіректері де болды. Қазақтар бұл кезде зеңбірекке қарсы ұрыс тәсілдерін меңгергенін байқатты. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетінін көрсетті. Ай қорланды, Құйрық жеу, Ашамай тағы басқа қазақтың байырғы тәсілдерін кеңінен қолданды. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан Төле би басқарды. Бұл қолдың құрамындағы Дулат тайпасының әр руының қолын: Шымыр Қойгелді, Жаныс өтеген, Ботбай Сәмен, ошақтыларды Саңырақ, ыстыны Төлек, Албандарды Хангелді батырлар бастады. Кіші жүз қолын: Тама Есет, шекті Тайлақ тағы басқа батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы шапырашты Наурызбай да қатысқан. Шапырашты Бөлек батыр жекпежекте қалмақ Аңырақайды, шымыр Ақша батыр қалмақ дәржіні өлтірді. (Дәржі атты жер бар). Бұл соғыста көптеген атақты батырлар: Шымыр Ақша, Күнту Барлыбай, Сиқым Қарабатыр сияқты тағы басқа батырлар шейіт болды. Итішпестің Алакөлі маңындағы соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, шарға қарай жөңкіле қашты. Болат ханның інісі Сәмеке ұлы хандыққа сайланбайды. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады.

2.2 Аңырақай шайқасы туралы деректер негізіндер жазған ғалымдардың еңбегі.
Аңырақай шайқасы туралы жоғарыда айтылған тарихи оқиғаларды жалғастыра отырып, осы деректер негізінде жазған ғалымдардың еңбегіне жеке жеке тоқталайын .
Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама оқиғасы туралы кезінде Мәшһүр Жүсіп қалам тартып,деректер негізінде еңбек жазғаны мәлім. Орлабасыдағы үш жүздің басын қосқан құрылтайы-ірі тарихи оқиға. Отан тарихында ел бірлігін баянды еткен бұл жиын туралы ғалымдар ізденіз жасап, зерттеулер жүргізді.
Ақтабан шұбырындыдан кейін босқан халықты Жиделі Байсын жерінен Шу асып, Арқаға жеткізген шақшақұлы Жәнібек еді. Үш жүз қосынының қолбасшысы Қанжығалы Бөгенбай ұран тастап, ұлытауда бас қосып, сарбаздарға темір қыздырып, Дархан ұстаның басшылығымен біздің жыл санауымыздан бұрын қалған балқыту пештерін қалпына келтіріп, темір балқытып, болат қорытады. Ордабасыдағы шешім бойынша 1727 (1728) жылы көктемде Ұлытаудан бастау алатын Бұланты және Білеуті өзендерінің арасында созылған Қарасиыр жазығында үш жүздің қолы қалмақ әскерін ойсырата жеңді. Алғашқыда Қалмақ қырылған атанған төбе осы айқас даласында.
Әбубәкір Диваев Көк кесене атты еңбегінде Орта жүз қанға батып, қасіретке кездескен жылдары, Кіші жүздің батыры Тайлақ, оның жиені, Ұлы жүздің батыры Саңырақ үш жыл аттан түспей, егескен жаумен атысып, Бұланты шайқасында ерліктерімен көзге түскенін атап көрсеткен. Бұланты айқасы Ұлы Отан соғысының тарихында түбегейлі бетбұрысты бастап берді. Ақтабан шұбырындыға ұшырап қасірет шеккен қазақ халқы тұтасып, бірігіп қарсы тұрса жоңғарларды жеңуге болатынына, туған жерін қайтара алатынына көзі жетті. Ұлытаудағы жеңісті бекітіп қазақ-қалмақ қарама-қарсылығындағы түбегейлі жеңісті баянды еткен Аңырақай шайқасы, М.Тынышпаевтың айтуынша, 1730 жылдың көктеміне дейін болған, Аңырақай шайқасы туралы кезінде ел арасындағы аңыздарды Ә.Дивев жинаған. Ол аңыздың бірінде Сырдарияның шыршыққа құйылар тұсынан өтіп, Қазығұрттың батысынан Келес - Бадам жотасы арқылы Ұлы жүздің қолы, олардың теріскірек Орта жүз қолы, Қаратаудың батыс беткейінен Кіші жүз қолы Іле бойына құлаған. М.Тынышбаев осы аңызға сүйеніп, жергілікті топономикалық көмегімен ұлы шайқастың панорамасын жасауға тырысқан. Әбілқайыр хан аты бұл маңда екі рет кездеседі. Бірі Балқаштың оңтүстігінде, екінші рет Подгоное, Ақыртөбе станцияларының түбінде Әбілқайыр сайы бар. Осыған сүйеніп, ғалым М.Тынышпаев ұрыс аясының шеңберін Балқаш, Әбілқайыр тауы, Хантау, Аңырақай тауы, Подгорное, Әбілқайыр сайы, Ордабасы, Әбілқайыр сайы, Ордабасы көлемінде қарайды. Көз алдыңызға радиусы 150-200 километр болатын соғыс даласы келеді:Біздің заманымызға жеткен аңыздың бірінде 1730-ит жылының көктемінде Арғанатыға(Ұлытау) жинал деген ұран жеткен. Көктемде үш жүзден 40мың қол жиналған. Одан бұрын Ордабасыда бас қолбасшы болып хан тұқымынан Әбілқайыр атанғаны, қарадан баһадүр Қанжығалы Бөгенбай сайланғаны мәлім. Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Әбілқайыр тауы атанған жотада Кіші жүз қолы орналасты деп болжамдауға болады. Әбілқайыр ханның қолы қазақ қосынының жартысынан астамы еді. Қолбасшы ставкасының ұрыс даласынан қашық болуының да сыры бар сияқты. Шамасы ол Балқаштың нар қамасында шайқастың шешуші кезінде қосылған қосымша қол болуы мүмкін. Жаудың қарсы жағынан Хантауында Ұлы жүз бен Орта жүз ордасы тігілді. Хантау төбесінен Әбілқайыр тауы, Аңырақай тауы, бүтін ұрыс даласы көрінеді. Аңырақайдың сырты Іле өзені, атақты Жусан дала жазығы. Балқаш көлінің ең тұзды мүйісі жазда кеуіп, ақ тақыр болып, бөлшектенген бөлігі Итішпес Алакөл атанған. М.Тынышпаевтың айтуынша ұрыс даласы сол жерден жүзден астам шақырым. Шын мәнінде, Балқашьың мүйісінен Аңырақай тауы 60-75 шақырымдай. Шамасы М.Тынышпаев Итішпес Алакөл мен Іленің Аңырақай ағысына дейінгі қашықтықты айтуы мүмкін.

Жер аты неге Аңырақай аталды?
Бұған ел арасында екі түрлі түсінік бар. Бірі- жаудың сағы сынып, бағы тайып, жеңілгені сонша ұрыс алаңын аңырап басына көтерген. Екіншісі-Қапшағай тауын жарып, ен далаға құлап аққан сарқырама Аңырақай ағысы аталады екен. Екі таудың ортасында созылып жатқан жазықта күзде, қыста аңырап өкпек жел де соғады Қалай болғанда да Аңырақай даласы Хантауы мен Аңырақай тауының ортасынан алып, Итішпес Алакөлге көсілген кең жазыққа ұласады. Қазақ қолы орналасқан жақпар-жақпар жоталарға неше мың қол сиып кеткендей.
Аңырақай шайқасындағы жекпе-жек.

Абылай мен Серіштің (Шарыштың) жекпе-жегі қашан болды? Бұл әдебиетте екі түрлі пікір таласы кездеседі.Бірінші пікірдің авторлары-Бұқар жырау, Үмбетай жырау, Тәтіқара жырау, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім қажы, Мұхметжан Тынышпаев.Алғашқы үш жырау сол заманның өкілдері, соңғы үшеуі қазақтың ғұлама ғалымдары. Ұлы бұқар Абылайдың бағы жиырма жасқа келгенде жанды деп өз жырларында талай рет айтады. Ал тілімді алмасаңдеген жырда Бұқар жырау:
Сен жиырма жасқа жеткен соң,
Алтын тұғыр үстінде,
Ақ сұңқар құстай түледің.
Дәулет құсы қонды басыңа,
Қыдыр келді қасыңа,
Бақ үйіне түнедің... дейді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Аңырақай шайқасы» және оның тарихи маңызы
Ғасыр шайқасы - аңырақай
Аңырақай шайқасы және оның маңызы
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі және аңырақай шайқасының маңызы
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарындағы қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі
Қазақ-жоңғар соғыстары. .ХҮІІІғ бірінші ширегіндегі қазақ-орыс қарым-қатынастары. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің барысы
Қазақстанның жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы ішкі саяси жағдайы
Қарақалпақтармен бірге қазақ жасақтары
Жоңғар Шапқыншылығы
XVIIғ Соңы мен XVIII ғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты
Пәндер