Техногенді сипаттағы апаттар.



Жоспар.
I Кіріспе.
II Негізгі бөлім.
2.1 Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар.
2.2 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері.
2.3 Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар.
2.4. Радиакциялық қауіпті обьектілердегі апаттар.
2.5. Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар.
2.6. Көлiк апаттары.
2.7. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың сипаттамасы.
III Қорытынды.
Қазақстан экологтары біздің жерімізде қазір 21млн тонна өнеркәсіп қалдығы жиналып қалғанын айтып, дабыл қағуда. Соның 30 млн-ы – радиоактивті қалдықтар.
2004 жылы 9-10 қаңтарда болған Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға сапары кезінде “Байқоңыр” ғарыш айлағын жалға алу мерзімін 50 жылға ұзарту және оны екі жақтың бірлесіп пайдалануы жөнінде ортақ келісімге қол жеткізді.
Әлемде ең “ғарышқұмар” ел саналатын Ресей өзінің ғарыш аппараттары-ның 70 %-ін “Байқоңырдан” ұшырады. Бұрынғыдай емес, қазір ғарыш кешенінде жоспарланған бағдарламалар мен жобаларға Қазақстан мамандарын көбірек қатыстыруға мүмкіндік қарастырылып жатыр. Екі ел президентінің кездесуі барысында қол жеткізілген тағы бір нәрсе – «Байқоңырдың» экологиялық қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету болса, бұл бағыттағы бастамаларды әзірге көре алмай отырғанымыз рас. Келісімде экологиялық тұрғыдан қауіпті отындармен (мәселен, гептил) жұмыс істейтін ғарыштық-зымырандық кешенді пайдалануды біртіндеп қысқарту қарастырылғанмен, түбегейлі шешімін таппаған сыңайлы.
Тақырыптың өзектілігі: “Байқоңыр” төңірегіндегі экологиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екеніне зер салайық: мәселен осыншама жыл бойына ғарыш айлағын гептилмен жұмыс істейтін 2000-нан аса зымыран тасығыштар ұшырылыпты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ғалымдары Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының ауласында, жер қыртысында, өсімдіктерде, суында гептильдің түрлі көлемдегі дозалары барын анықтапты. Кей өңірлердің 1 шаршы метрінде гептильдің мөлшері 2500 млг-ға дейін жететін көрінеді. Ал, оның адам денсаулығына аса қауіпті емес деп саналатын ең жоғарғы дозасы – 1 шаршы метрге 0,1 млг болуы керек!
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлеуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.

Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлеует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігін алды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Malimetter.kz
2. Қазақстан Республикасының азаматтарының табиғи және техногенді сипаттағы жағдайда құқықтары
3. Уикипедия

КІРІСПЕ

Қазақстан экологтары біздің жерімізде қазір 21млн тонна өнеркәсіп қалдығы жиналып қалғанын айтып, дабыл қағуда. Соның 30 млн-ы - радиоактивті қалдықтар.
2004 жылы 9-10 қаңтарда болған Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға сапары кезінде "Байқоңыр" ғарыш айлағын жалға алу мерзімін 50 жылға ұзарту және оны екі жақтың бірлесіп пайдалануы жөнінде ортақ келісімге қол жеткізді.
Әлемде ең "ғарышқұмар" ел саналатын Ресей өзінің ғарыш аппараттары-ның 70 %-ін "Байқоңырдан" ұшырады. Бұрынғыдай емес, қазір ғарыш кешенінде жоспарланған бағдарламалар мен жобаларға Қазақстан мамандарын көбірек қатыстыруға мүмкіндік қарастырылып жатыр. Екі ел президентінің кездесуі барысында қол жеткізілген тағы бір нәрсе - Байқоңырдың экологиялық қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету болса, бұл бағыттағы бастамаларды әзірге көре алмай отырғанымыз рас. Келісімде экологиялық тұрғыдан қауіпті отындармен (мәселен, гептил) жұмыс істейтін ғарыштық-зымырандық кешенді пайдалануды біртіндеп қысқарту қарастырылғанмен, түбегейлі шешімін таппаған сыңайлы.
Тақырыптың өзектілігі: "Байқоңыр" төңірегіндегі экологиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екеніне зер салайық: мәселен осыншама жыл бойына ғарыш айлағын гептилмен жұмыс істейтін 2000-нан аса зымыран тасығыштар ұшырылыпты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ғалымдары Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының ауласында, жер қыртысында, өсімдіктерде, суында гептильдің түрлі көлемдегі дозалары барын анықтапты. Кей өңірлердің 1 шаршы метрінде гептильдің мөлшері 2500 млг-ға дейін жететін көрінеді. Ал, оның адам денсаулығына аса қауіпті емес деп саналатын ең жоғарғы дозасы - 1 шаршы метрге 0,1 млг болуы керек!
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлеуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.

Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлеует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір мемлекет ішіндегі мемлекет еді.КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігін алды.

2.1Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады.
Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т.б. апаттар жатады.
2.2Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері
Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар
Радиациялық қауіпті объектілердегі апаттар
Өрт және жарылыс қауіпі бар объектілердегі апаттар апаттар
Көліктегі апаттар (темір жол, автокөлік, әуе, су және метро)
Гидродинамикалық қауіпті объектілердегі апаттар
Коммунаолды және электр жүйесіндегі апаттар
2.3 Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар
Химиялық өндіріс халық шаруашылығында кеңінен пайдаланады.Бірақ кейбір кездерде кішігірім апаттар орын алуда.Ол апаттар әсерінен химиялық зиянды заттар атмосфераға тасталынып қоршаған ортаны ластауда.Химиялық өндірістің қауіпсіздігі шикізаттың және өнімнің физика химиялық қасиетіне,қондырғылардың сенімділігіне, технологиялық процестің сипатына, химиялық зиянды заттардың сақталу және тасмалдау шарттарына, бақылау құралдардың деңгейі мен жағдайына, мамандардың профессионалдық біліктігі мен дайындығына және апатқа қарсы құралдардың тиімділігіне байланысты.Химиялық қауіпті заттардың тасталуы химиялық ластануға әкеліп соғады. Химиялық қауіпті заттар адам организміне тыныс алу жүйесі және тері арқылы енеді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне жара беттеріне де кіреді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне әсер жағынан 4 қауіпті классқа бөлінеді:
Өте қауіпті.
Жоғары қауіпті.
Орта қауіпті.
Қауіптілігі аз.
Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау
Химиялық саладағы апаттар 2 категорияға бөлінеді:
жарылыс салдарынан болған апаттан технологиялық тізбектің және инженерлік қондырғының бұзылуы;
апат салдарынан қосымша технологиялық және негізгі қондырғылардың зақымдануы.
Химиялық апаттардың топталуы.
Жеке.
Обьектілі.
Жергілікті.
Регионалды.
Глобальды.
Жеке - зақымдағы улы заттарды атмосфералық ауаға тастамаған апат.
Обьектілі-зияндығы жоғары улы заттардың санитарлық қорғау зонасының радиусынан аспайтын апат.
Жергілікті-зияндылығы жоғары улы заттардың қоймасының қирауынан туындаған апат.
Регианалды-зияндылығы жоғары улы заттардың үлкен көлемді тасталуына алып келген апат. Глобальді-үлкен химиялық қауіпті өндірістік барлық зияндылығы жоғары улы заттардың барлық қоймаларының толық қирауының салдарынан болатын апат (20-сурет).
2.4. Радиакциялық қауіпті обьектілердегі апаттар
Қазіргі кезде көптеген шаруашылық және ғылым салалары радиактивті заттар мен жедел сәулесінің көздерін пайдалануда. Ядролық энергетикада жоғарғы қарқынмен өркендеуде. Осыған орай бұл салаларда да апат орын алуы мүмкін. Апат болған жағдайда мекендеген жай радиактивті ластануға және адамдар сәулеленуге душар болар. Локальді апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілердегі қондырғылардың істен шығуының арқасында қондырғы технологиялық тізбектің қисында және ғимараттық белгіленген нормадан аспай байқалады. Жергілікті апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығу арқасында санитарлық қорғау аумағында белгіленген нормадан аспай байқалуы. Жалпы апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығуының арқасында санитарлы қорғау аумағынан тыс жерде белгіленген нормадан артық мөлшерде байқалуы. Негізгі радиактивті қауіпті обьектілерге: атом станциялары, ядролық отын дайындайтын өндіріс орындары, радиактивті қалдықтарды көму және өндеу орындары, ядролық реакторы бар ғылыми және жобалау институттары, ядролық энергетикалық қондырғылары бар көліктер жатады.
Жедел сәуле көздері
Жедел сәуле көздері табиғи және техногенді болып бөлінеді. Табиғи сәуле көздеріне жер радиакциясы мен ғарыштық сәулелер кіреді. Техногендік сипаттағы жедел сәуле көздеріне жататындар:медициналық апаттар. Бұлар техногендік сәуленің 50% құрайды;ядролық отын комплексіндегі өндіріс орындар;ядролық қаруды сынақтан өткізу.
2.5. Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар
Өрт - бұл жану салдарынан материалдық байлықтың жойылуы және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай. Жану дегеніміз жанушы зат пен ауадағы оттегінің арасындағы тез жүретін сонымен бірге газ, жылу және жарық бөлетін процесс. Жану толық және толық емес болып бөлінеді. Толық жану оттегі жеткілікті жағдайда, ал толық емес жану оттегі жеткіліксіз жағдайда жүреді. Өзі тұтану (самовоспламенения) химиялық процесстің әсерінен болатын жағдай. Өзі тұтанудың температурасы әр түрлі факторлардан тұрады. Атап айтқанда жанушы қоспаның құрамы мен көлемі ортаның қысымы т. б. байланысты. Көптеген газдар мен сұйықтар 400-700 °С аралығында, ал қатты денелер (ағаш, көмір) -250-450 °С аралығында тұтанады. Өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілерге жарылу және тұтану қауіпі бар заттарды өндіру, сақтау және тасмалдаушы өндірістер жатады.
Жарылу, өрт пен жарылыс, және өрт қауіпі бойынша өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілер 5 категорияға бөлінеді (А,Б,В,Г,Д). Бұлардың ішіндегі өте қауіптілері А,Б,В кетегориялары. А категориясына - мұнай өңдеу зауыттары, химиялық өндірістер, мұнай өнімдері қоймалары мен құбырлар кіреді. Б категориясына - көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант пурдасын дайындайтын және тасымалдайтын, сонымен қатар диірменнің ұнтақтан бөлімдері кіреді. В категориясына-ағаш кесу, ағаш өңдеу және столярлық өндірістері кіреді. Г- категориясына ыстық күйіндегі жанбайтын заттарды өңдеу және тасымалдау өндірістері мен қоймалары кіреді. Д- категориясы салқын күйдегі жанбайтын заттар мен материалдарды сақтау өндіріс орындары мен қоймалары жатады.
Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жану жағынан 3 топқа бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын және жанғыш.

Жанбайтын деп жоғары температура мен оттың әсерімен тұтанбайтын және жанбайтын материалдарды айтады. Қиын жанатын деп жоғары температура мен оттың әсерімен қиын тұтанатын және от ошағы болған жағдайда ғана жанатын материалдарды айтады. Жанғыш деп жоғары температурада немесе оттың әсерімен тұтанып кететін және от ошағынан алып тастағанда да жана беретін материалдарды айтады.
Үлкен өндіріс орнындағы және елді мекендердегі өрттер жеке және жалпы болып келеді. Жеке бұл бір ғимарат пен құрылымда болатын өрт. Жалпы бұл елді мекендегі өндіріс орындарындағы ғимараттардың 25 % алып жатқан өрт.
Өртті сөндіру құралдары мен жолдары
Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 % ) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді өрт сөндіруші заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады. Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді. Мұнай өнімдеріндегі болған өрттерді сөндіруде өртті галландірленген калиреудегі негізіндегі өртті басуға арналған құрам көп қолданылады. Өртті өшіруде екікөмірқышқыл және көмірқышқыл содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың арасын бөгейді. Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе бастасы мен көпірік пайда болып химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен қатар үлкен қысым пайда болады. Соның арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды. Ол өрт сөндiргiштiң көбiк атқылау мерзiмi 60 см. Көпiрiктiк өрт сөндiргiштердiң артықщылығы көптеген жанып жатқан заттарды өшiруге мүмкiншiлiгi бар сондай - ақ жанып жатқан сұйық заттарды(май, керосин, бензин, мұнай) заттарды қондырғылар мен құралдарды сөндiрушiн көмiр қышқылды өрт сөндiргiштi пайдаланады. Мұндай өрт сөндiргiш металл балоны түрiнде кездеседi. Оның iшiнде қысымы 170 кг\см -ден тұратын сұйық көмiрқышқыл болады. Баллон қорғағыш мембраномен қамтамасыз етiлген. Жанып жатқан затты сөндiру үшiн баллонның шашу түтiкшесiн артқа қарай бұрып жақындатсақ жеткiлiктi мұндай өрт сөндiргiштердiң өрт сөндiруге кететiн уақты 25 - 60 секунд. Ал атқыламаның ұзындығы 1,5 - 3,5 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техногендік апаттар
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар
Химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар
Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак
Көлік жүйесіндегі апаттар
Tабиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
Техногендік сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары
Төтенше жағдайлар
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және олардан қорғау
Пәндер