Экология есептерін компьютерлік модельдеу



МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Негізгі бөлім
І Бөлім: Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық. теориялық негіздері.
1.1. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері.
1.2. Оқушылардың экологиялық білім мазмұны . психологиялық.
педагогикалық проблема.
2 бөлім: Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру.
2.1. Экологиялық білім берудің ұтымды жолдары.
2.2. Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие
берудің мазмұны.
2.3. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің кейбір технологиясы мен
Әдістемесі
3 бөлім: Экология есептерін компьютерлік модельдеу
3.1 экологиялық информатиканы оқытуда ақпараттық жүйенің тиімділігі

Практикалық бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай апатты зардаптар Қазақстанның Семей, Қызылорда, Батыс Қазақстан (Нарын, Азғыр, Тайсойған), Орталық Қазақстан (Сарышаған, Байқоңыр, Балқаш), Оңтүстік Қазақстан (Созақ) аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе тұрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды, ал экологиялық әлеуметтік тұрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып саналады. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.
Рио-де-Жанейрода (1992, маусым) БҰҰ – ның қоршаған орта бойынша өткізген конференциясында қарастырылған мәселелер (дүние жүзіндегі бүгінгі экологиялық жағдай; әлемдік қауымдастардың экологияны тұрақты дамытуға талпынысы т.б.) бойынша қабылданған шешімдер білім мен тәрбиені экологияландыруға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жеткіншектердің экологиялық білімі мен тәрбиесі міндеттерінің маңыздылығы арта түседі [1;2].
Өркениетті елдермен қатар Егеменді Қазақстан Республикасы да Рио-92 қабылдаған шешімге парасаттылық көрсетіп, біздің қоғамның приоритетті дамуының стратегиялық бағыттағы “2030” тұрақты дамуының сара жолын көрсетті [3].
Одан кейін де Елбасының мемлекеттік экосаясаты мен экономикалық саясаты табиғат ресурстарын тиімді пайдалану әлемдік деңгейдегі үрдістеріне үн қосып “адам – қоғам – табиғат” арасындағы гармониялық үйлесімділіктің теориялық аспектілерін тұжырымдады. Бүгінгі таңда “Білім туралы” Заңдарды жетілдіру және білім сапасын әлем кеңістігінің білім деңгейіне көтеру көзделіп отыр. Яғни нәтижеге бағытталған білім сапасын өміршең ету жоспарлануда.
Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды заңдар мен құжаттар қабылданды [4;5;6;]. Соның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы” (2003 ж.) көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің өміршең бағдарламасын нақтылап берді [7]. Елбасының №1241 (2003) Жарлығымен мақұлданған бұл тұжырымдама ҚР “Қазақстан Республикасының конституциясы’, “Білім туралы” заңына сәйкестендірілген бірден-бір мемлекеттік білім мен экологиялық саясатына қолдау көрсеткен шешуші құжаттардың бірі болды [8;9].
Пайдаланылған әдебиеттер

1. “Қазақстан - 2030” дейінгі “Қазақстанның даму шараларын іске асыру стратегиялары туралы” Президент жарлығы 28.01.04 1998
2. Доклад Конференции организации обьединенных нации по окружающей среде и развитии. ООН, Нью-Йорк, 1993.
3. Международная Конференция ООн по окружающей среде РИО -1982
4. Қазақстан Республикасында 2004-2015 жылдарға арнаған экологиялық қауіпсіздікті сақтау туралы тұжырымдамасы. Астана. 2003.
5. “Қоршаған орта туралы заңдарды қолдану” Алматы 2000, 7 б.
6. Қазақстан Республикасында үздіксіз кәсіби педагогикалық білімді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2004.
7. Мұқанова Б.Ы. Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері. Педагогика оқулығы. Алматы, 2003, 8-9 Б.
8. Шілдебаев Ж.Б. Экологияны мектепте оқыту әдістерін өзекті мәселелері “География және Табиғат”, Алматы №1,2004, 25-30 Б.
9. Шыңғысбаева Ш. Экологиялық білім беру жолдары. Қазақстан географиясы және экология. 10-11 Б.
10. Аймағамбетова Қ. Педагогикалық үрдісті экологиялық білім мен тәрбие беру негізінде ұйымдастыру. “Бастауыш мектеп” №10, 2003 ж, 16-17 Б.
11. Маткаликова Т. Экология және біз. “биология және сауаттылық негізі” №2, 2006 ж. 70-73 Б.
12. Тамабаева Т. “Өсімдіктер тіршілік модулі” Бастауыш мектеп журналы №3 2004 ж 43-46 б.
13. Экологиялық білім бағдарламасы. Алматы 1999 ж. 65 Б.
14. Шілдебаев Ж. Экологиялық білім берудің негізгі педагогикалық принциптері “Үздіксіз білім берудің қазіргі жағдай мәселелері немесе болашағы” Сборник РИК, №3 2000 60-70 Б.
15. Шілдебаев Ж.Б. Экологиялық білім қалыптастырудың пәндік жүйесі. Бастауыш мектеп, Алматы, №4, 2004, 15-24 Б.
16. Көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие жақсарту жолдары. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 1992, 87 Б.
17. Орынбаева Г. Сағымбаев Т. “Оқушыларға экологиялық тәрбие беру”. Экология негіздері, алматы, 1995
18. Жангельдина Д.І. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
19. Қараев Ж.А. Таубаева Ш.Т. Аганина Қ.Ж. және т.б. Қазақстанда орта білім жүйесін дамытудың кейбір бағыттары. Қазақстан мектебі. Алматы, №7,8 1999 17-18Б, 24-25Б.
20. Сәбденалива Г.М. Этноэкология (Факультативті бағдарлама) Алматы, 1998, 22 Б.

Қосымша әдебиеттер:

1. Могилев, Пак и др “Информатика” уч/пр – 230 с
2. Экоинформатика. Теория, практика. Методы и системы Под ред. В. Е. Соколова. Санк – Петербург 1992 -235 с
3. Лютый А. А, Сдасюк Г. В “Системы информации и глобальные экологические проблемы” Москва. 1993 -94 с
4. К. Ж. Бұзаубақова «Мектептік экология негіздері» 1994 -32 б
5. А. М. Берлянт Геоинформатика:наука, технология, уч дисциплина. 1992 -16 с
6. Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан, Алматы, 2004.

7. Магилев, Пак и др “Информатика” уч/пр – 230 с
8. Қ. С. Әбдиев, К. М. Беркінбаев “Экологиялық информатика мен есептеу техникасы” курсының бағдарламасы –12 б Кентау 1994.
9. Экоинформатика. Теория, практика. Методы и системы Под ред. В. Е. Соколова. Санк – Петербург 1992 -235 с
10. Лютый А. А, Сдасюк Г. В “Системы информации и глобальные экологические проблемы” Москва. 1993 -94 с

Тақырыбы:
“Экология есептерін компьютерлік модельдеу ”

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Негізгі бөлім
І Бөлім: Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық-
теориялық негіздері.
1.1. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері.
1.2. Оқушылардың экологиялық білім мазмұны – психологиялық-
педагогикалық проблема.
2 бөлім: Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға экологиялық білім
мен тәрбие беру.
2.1. Экологиялық білім берудің ұтымды жолдары.
2.2. Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие
берудің мазмұны.
2.3. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің кейбір технологиясы мен
Әдістемесі
3 бөлім: Экология есептерін компьютерлік модельдеу
3.1 экологиялық информатиканы оқытуда ақпараттық жүйенің
тиімділігі

Практикалық бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара
әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген
жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың
шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары
үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді.
Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай
апатты зардаптар Қазақстанның Семей, Қызылорда, Батыс Қазақстан (Нарын,
Азғыр, Тайсойған), Орталық Қазақстан (Сарышаған, Байқоңыр, Балқаш),
Оңтүстік Қазақстан (Созақ) аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи
экологиялық жүйе тұрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды,
ал экологиялық әлеуметтік тұрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып
саналады. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы
дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал
жасауда.
Рио-де-Жанейрода (1992, маусым) БҰҰ – ның қоршаған орта бойынша
өткізген конференциясында қарастырылған мәселелер (дүние жүзіндегі бүгінгі
экологиялық жағдай; әлемдік қауымдастардың экологияны тұрақты дамытуға
талпынысы т.б.) бойынша қабылданған шешімдер білім мен тәрбиені
экологияландыруға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Жеткіншектердің экологиялық білімі мен тәрбиесі міндеттерінің маңыздылығы
арта түседі [1;2].
Өркениетті елдермен қатар Егеменді Қазақстан Республикасы да Рио-92
қабылдаған шешімге парасаттылық көрсетіп, біздің қоғамның приоритетті
дамуының стратегиялық бағыттағы “2030” тұрақты дамуының сара жолын көрсетті
[3].
Одан кейін де Елбасының мемлекеттік экосаясаты мен экономикалық
саясаты табиғат ресурстарын тиімді пайдалану әлемдік деңгейдегі үрдістеріне
үн қосып “адам – қоғам – табиғат” арасындағы гармониялық үйлесімділіктің
теориялық аспектілерін тұжырымдады. Бүгінгі таңда “Білім туралы” Заңдарды
жетілдіру және білім сапасын әлем кеңістігінің білім деңгейіне көтеру
көзделіп отыр. Яғни нәтижеге бағытталған білім сапасын өміршең ету
жоспарлануда.
Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және
қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды
заңдар мен құжаттар қабылданды [4;5;6;]. Соның ең маңыздысы “Қазақстан
Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі
тұжырымдамасы” (2003 ж.) көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің
өміршең бағдарламасын нақтылап берді [7]. Елбасының №1241 (2003) Жарлығымен
мақұлданған бұл тұжырымдама ҚР “Қазақстан Республикасының конституциясы’,
“Білім туралы” заңына сәйкестендірілген бірден-бір мемлекеттік білім мен
экологиялық саясатына қолдау көрсеткен шешуші құжаттардың бірі болды
[8;9].
Экологиялық проблеманың пайда болуы ең алдымен әлеуметтік-экономикалық
факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де,
жеке адамның топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта
бағдарлау жолымен де шешуге болады. Адамзат экологиялық тұрғыда қоғамды
дамытудағы көзқараспен байланыстағы жаңа менталитетті қалыптастыру
қажеттігін мойындайды. Әлеуметтік әрекет құралы ретінде қоғамдық
экологиялық таным әлеуметтік бақылаудың барлық механизмдерін дұрыс іске
асыруды қамтамасыздандыруы қажет, тұрғылықты халық қоршаған ортаны жақсарту
мәселесіне, сонымен бірге оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру
мәселелеріне аса назар аударғаны жөн.
Осы тұрғыда жеткіншектердің экологиялық ой-өрісін дамыту, экологиялық
мәдениетін қалыптастыру проблемасының көкейкестілігі күннен – күнге арта
түсуде. Ғалымдардың пайымдауынша, экологиялық білім мен тәрбие барлық
тіршілікке қатысты ішкі жауапкершілік сезімі мен парызды дамытуы қажет,
өйткені тіршілікті ортаны сақтау мен адамның денсаулығы қоғамның құндылық
жүйесінде ең маңызды категорияның бірі болып саналады.
Экологиялық білім бүгінгі заманның кешенді проблемасы ретінде
философиялық - әлеуметтік зерттеулердің обьектісінен түскен емес. Олардың
еңбектерінде экологиялық проблема жалпы адами тұрғыда қарастырылады
(Э.В.Гирусов, А.С.Ахизер, И.П. Герасимов, В.Д.Мазур) [10;11;12;13].
Экологиялық білімді дамытуда бірқатар тұжырымдамалардың (Рио-де-Жанейрода
(1992) БҰҰ –ның өткізген конференциясында қабылданған; ЮНЕСКО – ЮНЕП
үкіметаралық конференцияда (Тбилиси, 1977) қабылданған [14]; “Қазақстан
Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі
тұжырымдамасы” 2003 ж. қабылданған) негізгі қағидаларының маңыздылығы
жоғары болды [7].
Бүгінгі Республикамыздың Білім және Ғылым министрлігінің
бағдарламасына сәйкес оқу жүйесін және білім беруді жаңа деңгейде
ұйымдастыру өзекті мәселеге айналып, қолға алынып отыр. Осы өзекті
мәселенің бірі – ол бала бақшадан бастап, орта және жоғары мектептерде
үздіксіз экологиялық білім жүйесін қалыптастыру.
Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиенің табиғаттың қатысында,
табиғат арқылы берілуіне байланысты екендігін бүгінде ғылыми педагогикалық
зерттеулер дәлелдеп отыр. Табиғатпен қарым – қатынас баланың ойлау, есте
сақтау, бақылағыштық қабілеттеріне, сана – сезімінің жылдам өсіп жетілуіне,
түйсігіне т.б. оңды әсер ету мүмкіндігі шексіз. Себебі, Адам табиғи тірі
ағзаның бірі. Адам өзінің болмысы мен игерген білім жүйесі нәтижесінде өзін
кейінгі өмір кезеңдерінде көрсете алады.
Адамның тура және жанама іс-әрекеттерінің қатысында еліміздің
экологиялық жағдайының асқындап, оның дүниежүзілік қауіпті жағдайға айналып
отырғандығы бәрімізге мәлім. Сондықтан да қоғамның қазіргі талабы - әрбір
адамның экологиялық сауатты, мәдениетті болуы. Осы тұста білім саласының
барлық буынына экологиялық мазмұнның берілу қажеттігі туындайды. Қажеттілік
экологиялық білім беру мәселесін шешуді төменнен жоғарыға қарай
жүргізілуін, оны жеке пәндермен ғылыми негізде ұштастыра және тәжірибе
жүзіне дамыта оқыту барысында, барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланумен
байланыстырады. Сонда бесіктен бастап, ата анаға дейін экологиялық тәрбие,
мәдениет дағдысын қалыптасу қажеттігі туындайды.
Кейінгі кездегі мектептерге арналып шығарылып жатқан жаңа оқулықтарда
экологиялық түсініктер беріліп жүр. Себебі, жоғары мектеп өзінің іргетасы
саналып жүрген орта мектептерден сапалық өзгерісті талап етеді. Кез–келген
пәнді оқытуда, ондағы тақырып материалдарының мәтінінің мазмұнын
баяндағанда, түсіндіргенде оған табиғатты қорғау және көркейту шараларын
үйретуді көздейтін, табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын,яғни
экологиялық білімді орнықтырудың мүмкіндіктерін арттыратын педагогикалық іс-
әрекет қажеттігі туындайды. Осы қажеттілік қанағаттандырылса ғана тұлғаны
экологиялық тәрбиеге қалыптастыру үрдісінің алғашқы сатысы жүзеге асырылды
деуімізге болады.
Оқу үрдісі тәрбие үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде жалпы мақсаттан
бастау алып, ортақ белгілі бір талаптарға жүгінетіні белгілі. Сондықтан да
мектеп қабырғасында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие берудің
мақсаты – білім мен білікті қалыптастыру ғана емес,ол тұлғаның дүниетанымын
дамытып, жан-жақты етіп тәрбиелеу. Осы қайшылықтарды зерттеу проблемамызды
айқындауға және тақырыпты “Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің
кейбір мәселелері” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін №53 орта мектептің 7сынып
оқушыларына экологиялық білім беру мен табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Зерттеу мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беруді теориялық
жағынан негіздеу, мүмкіндіктері мен шарттарын, мазмұнын анықтап,
әдістемесін айқындау. Соның нәтижесінде оқушылардың өзі тұратын өлкелердің
табиғатын қызғыштай қорғайтын адамзат етіп тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық – теориялық негіздерін
анықтау.
Оқушылардың экологиялық білімділігін қалыптастырудың ұтымды жолдарын
анықтау.
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының тұжырымдамасын жасау.
Оқушыларға жаңа технология бойынша экология пәнін оқыту әдістемесін
негіздеу және оның тиімділігін тәжірибелі - эксперимент жүзінде
тексерістен өткізу.
Зертеудің болжамы: егер, оқушылардың экологиялық білім мазмұны
теориялық -әдіснамалық тұрғыдан дәлелденіп, арнайы тұжырымдама негізінде
жасалған тиімді әдістеме арқылы жүзеге асырылса және оқу - әдістемелік
кешенмен қамтамасыздандырылса, оқушылардың экологиядан білімі артып,
практикалық іскерлігі мен дағдысы шыңдалады, дүниетанымдық, адами -
эстетикалық көзқарасы қалыптасады, өйткені, бірегей табиғатты сақтау әр
оқушының тікелей экологиялық мәдениетіне, табиғатты қорғаудағы сауатты
көзқарасына байланысты.
Жетекші идея: оқушылардың экологиялық саналығы мен оның мектепте
меңгерген жүйелі білім мазмұнының сапасына байланысты.
Зерттеудің әдіснамалық – теориялық негіздері Адам мен қоршаған
табиғи ортаның өзара қатынасы туралы ілімі, таным теориясы, жеке тұлғалық
іс - әрекет теориясы, табиғат пен оқушылардың өзара қатынасы туралы
танымдық пікірлер, тұжырымдамалар философиялық көзқарастар, педагогикалық,
психологиялық ой – пікірлер, ғылыми – зерттеулер мен болжамдар.
Зерттеудің көздері. Зерттеу проблемасы бойынша философтардың,
әлеуметтанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; ҚР Білім және
Ғылым министрлігінің жоғары және көпсатылы оқу орындарының оқу – тәрбие
процесіне байланысты ұсынған құжаттары (тұжырымдамалары, кешенді
бағдарламалары, оқулықтар мен оқу - әдістемелік құралдар, электронды оқу –
құралдары); педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ресми
материалдар (ҚР Конституциясы, “Білім туралы”Заңы, ҚР “Қазақстан 2030”
даму стратегиясы; ҚР “Білім” мемлекеттік бағдарламасы; “ҚР экологиялық
білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы”; “ҚР экологиялық қауіпсіздікті
сақтау’; “Экологиялық білім бағдарламасы”; “Қазақстан Республикасының 2004-
2015 жылға арнаған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы”; “Айнала қоршаған
ортаны қорғау туралы” Заң және т.б. қаулы қаралар, баяндамалар және т.б.)
автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық
(салыстырмалы, индуктивті – дедуктивті талдау), эмприкалық (сұрау,
бақылау, педагогикалық, эксперимент, педагогикалық іс – тәжірибелер);
математикалық статистикалық есептеу әдістері теориялық талдау жасау
қолданылды.

Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
1. Экологиялық білім–барлық халықтың, соның ішінде оқушылардың
дүниетанымы мен көзқарасына, мәдениетіне терең бойлауды қажет ететін
адамгершілік құндылықтарының проблемасы. Бұл құндылықтарға табиғатқа және
тіршіліктегі барлық көріністерге деген аялы сезім, табиғатты қорғау
қажеттілігіне деген ішкі сенім жатады.
2. Оқушылардың экологиялық білім мазмұны нақты шарттар арқылы
(мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік), жүзеге асырылады: мазмұндық –
тұжырымдама негізінде жасалған бағдарламалар, оқулықтар мен құралдар
жасаумен айқындалады; Ұйымдастырушылық - оқу–тәрбие процесінде әртүрлі
жүмыс формаларын, әдіс–тәсілдерді, амал– жолдарды пайдаланумен айқындалады;
әдістемелік – ғылыми тұрғыда негізделген жұмыстарды практикада қолданумен
анықталды.
3. Оқушыларға экологиялық білім беру тұжырымдамасы экологиялық білім
мазмұнын дұрыс жүзеге асыруға бағдарлайды.
4. Экологиялық білім мазмұнын жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі
оқушылардың экологиялық білім, іскерлік, дағды, әдеп деңгейін арттырады,
экологиялық мәдениетін жетілдіріп, қоршаған ортаны қорғауға бағыттайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні.
1. Орта білім беретін оқу орындарында сыныптарда және сабақтан тыс
жұмыстарында оқушыларға табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие берудің
ерекшелігі, мәні ашылды.
2. Оқушыларға сыныптан тыс факультативті сабақ арқылы жүйелі
экологиялық тәрбие беру үлгісі жасалды.
3. Оқушыларға экологиялық тәрбие беруде қазақ этнопедагогикасы
материалдарын пайдалану әдістемесінің мазмұны айқындалды.
4. Экологиялық тәрбие беруде сабақ және сабақтан тыс жұмыс формалары
тәжірибе – эксперимент жүзінде тексеріліп, дәлелденді және олардың
негізінде әдістемелік нұсқаулар жасалды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, 3 теориялық,
практикалық бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, ғылыми
аппаратқа (зерттеудің объектісі, пәні, болжамы, мақсаты, міндеттері,
жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, әдістері, ғылыми жаңалығы,
теориялық, практикалық мәні, қорғауға ұсынылған қағидалары, зерттеудің
дәлелдігі мен негізділігі нәтижелерді сынақтан өткізу мен ендіру) сипаттама
беріледі.
Этноэкологиялық тәрбие берудің және оқушылардың экологиялық білім
мазмұнының әдіснамалық – теориялық негіздері – атты бірінші бөлімде зерттеу
проблемасының әдіснамалық – теориялық негіздері айқындалды, республиканың
бүгінгі таңдағы әлеуметтік – экологиялық жағдайы оның білім саласына әсері
мазмұндалады. Экологиялық білім жүйесінің қалыптасу кезеңдері дәлелденіп,
әрбір кезеңге мазмұндық түсінік беріледі. Шет мемлекеттердегі экологиялық
білім жүйесінің, өзіндік ерекшеліктеріне мән беріледі. Ұлтымыздың
даналарының нақыл сөздерін сабақтың тақырыбына сәйкес пайдалану.
“Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие
беру” - атты екінші бөлімде оқушыларға жаратылыстану пәні арқылы
экологиялық білім мен тәрбие беріп оқытудың принциптері, тиімді әдіс –
тәсілдері беріледі. Оқушылардың экологиялық білімін сабақтарда, сабақтан
және мектептен тыс уақытта әртүрлі жұмыс формалары арқылы жетілдіру жолдары
қарастырылады. Тәжірибелі – эксперимент жұмысының нәтижесі беріледі.
Экология есептерін компьютерлік модельдеу атты үшінші бөлімде
экологиялық білімді компьютерлендіру мәселелері қарастырылып мысалдар
келтірілген. Экологиялық информатиканы оқытуда ақпараттық технологиядан
пайдалану тәсілдері және оны оқу үрдісінде пайдалану жолдары қарастырылған.

Практикалық бөлімде

Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, тұжырымдар мен қорытынды және
ғылыми - әдістемелік нұсқаулар беріледі.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру
Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнайы оқу орындарының, лицейлер мен
гимназиялардың оқу тәрбие процесінде, сондай – ақ мұғалімдер мен
тәрбиешілер біліктілігін жетілдіретін салаларда пайдалануға болады.
Зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері Қазақ Мемлекеттік қыздар
педагогикалық институтының “Экология” кафедрасында баяндамалар жасалынып,
мақұлданды.
Зерттеу жұмысымыз 2 жыл бойы қарастырылды 1-кезеңде зерттеу тақырыбы
алынып, осы проблема бойынша философиялық, педагогикалық, оқу - әдістемелік
әдебиеттерге талдау жасалынды. Білім беретін мектептерде табиғат қорғауға
бағыттай жүргізілген көпшілік және алдыңғы қатарлы педагогикалық
тәжірибелер зерттелді. Бұл кезеңде экологиялық білім берудің теориялық
негіздері зерттелді және оларды шешу әдістері анықталынды.
2–кезеңде анықталған әдістердің теориялық негіздері №53 қазақ орта
мектебінде практикалық жүйеде тәжірибеден өткізіліп, тұжырымдалды.

І бөлім. Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық
теориялық негіздері.

І.І Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
Қазіргі уақытта қоғамның алдында экологиялық тәрбие мен білім беру
мәселесі тұр. Жер бетіндегі экология заңдарын бұзуға күш салатын бірден –
бір зоологиялық түр – адам. Адамдардың күш санасы бар, және де сол сана
мейлінше дамыған сайын экология туралы білім деңгейі төмендей түспек. Егер
қазір жер бетінде адамдардың басым көпшілігінде экология мен дағды мүлдем
жоқ десек, қателеспеген болар едік.
Сауаттылықтың (экологиялық) жайылуы халықтың мәдениетіне кері әсерін
тигізеді. Оны тек тәрбиемен, білім берумен қалпына келтіруге болады.
Басқадай жол іздеуге уақыт аз, табиғи комплекстердің бұзылуы күннен күнге
өршіп барады.
Россияның ірі ғалымы А. Яблоков экологиялық білім беру проблемасына
тоқталады: Адамдардың экологиялық білім алуының жаңа сатысы керек. Адамның
білім мен тәрбие алудың өн бойында оқ балабақшадан жоғарғы оқу орына
дейін - экологиялық білім беру мәселесі бірінші орынға қойылуы қажет.
Табиғатқа қамқор сезіммен қарайтын адамды тек осылай ғана тәрбиелеп
шығаруға болады. Қазіргі уақытта экологиялық білім берудің баршаға ортақ
және үздіксіз жүйесінің құрылуы педагогтар алдына міндет етіп қойылды. Бұл
міндет білім беру бағдарламасында бекітілген. Жаңа заман ой – пікірлерінің
қалыптасу ерекшелігі мынада: ТМД елдерінде және біздің республикамызда
экология мәселесіне аударылған назар басқа елдердегіден кем емес.
Қоршаған табиғи ортаға деген жауапкершілік қарым – қатынас тәрбиесінің
мәселесі соңғы кезде оқушылардан бастап студенттерге дейін бастауыш сынып
оқушыларынан бастап, оқу жұмысы методистерінің назарын аударды.
Экологиялық білім берудің мәні неде? Бастауыш сынып оқушыларының
қабылдауына қандай экологиялық ұғымдар тән? Оқушы жастардың экологиялық
мәдениетінің элементі болып табылатын табиғатқа деген қамқор сезімді
тәрбиелеудің ерекшелігі неде? Қандай методикалық шарттар қолданғанда, бұл
мәселе ең үлкен педагогтік нәтиже береді?
Алайда, экологиялық білімнің бағыт – бағдарын белгілеуді елеулі пікір
талас туғызып отыр. Басты назарда “Табиғат аясы”, “Қоршаған орта” немесе
“Табиғат әлемі” мәселесінің тұру қажеттігі принципті мәселеге ие болды.
Көптеген шет елдердегі оқу жүйесінде экологиялық білім беру әр түрлі
пәндерді оқытуда сыныптағы оқушылардың білім деңгейлеріне, жас
ерекшеліктеріне, өмір тәжірибелеріне байланыстырып кіріккен (интегралдық)
пәндер негізінде беру жағына назар аударады. Мысалы, АҚШ–та жалпы білім
беретін колледждерінде педагогикалық ұжымның таңдап алуына орай міндетті
түрде оқытылатын бес түрлі экологиялық кіріккен пәндер оқытылады.
Біздің ТМД елдерінде алғашқы кездерде барлық пәндерді экологияландыру
бағыты басым болғандықтан және барлық оқу бағдарламалары шамадан тыс оқу
материалдарын енгізгендіктен бірінші үлгі тиімді болмай шықты. Сонда да
болса, әрбір пәндердің оқу пәндердің бағдарламаларында экологиялық
бағыттағы енген тақырыптар бір – бірін толықтырып, жүйелі білім беруге
талпынады.
Соңғы жылдары кейбір оқу орындарында экологиялық бағдардағы пәндердің
берген білімі мен тәрбиесін жинақтайтын пән “экологиялық” арнайы курс 8 –
сыныптарда жүргізіле бастады. Біз оны белгілі бір жүйеге келтіріп және
“Этноэкология” факультативін қосып, сыныптан тыс жұмыстармен толықтырып
оқушы жастарға экологиялық тәрбие беруге талпыныс жасадық.
Ендігі кезекте, бізде оқушы жастарға экологиялық білім мен тәрбие
беруде бірінші тарауында ғылыми негіздерін, мақсат міндеттерін талдаудан
кейін оның мазмұндарын жасауда қандай талаптарға, ұстамдарға
негізделетініне назар аударып, ұлттық оқу орындарында іске асырылып жатқан
экологиялық тәрбие беру жұмыстарына негіздеме беруге талпындық. Экология
ғылымын қай жағынан алып қарасаңыз да, оның биология ғылымының құрамды
бөлігі екені ап–айқын көрініп тұр. Ал биология ғылымы табиғаттану ғылымының
бөлігі екені зиялы азаматтардың барлығына түсінікті. Бірақ экология ғылымы
биология ғылымының, биология ғылымы табиғаттану ғылымының мәселесін шеше
алмайтынын кез – келген адамға түсінікті жағдай.
Экология ғылымы-табиғат қорғау ғылымының негізгі бастау бұлағы.
Табиғат қорғау ғылымын, оның қағидаларын, заңдарын табиғатты өмірлік
қажеттілікте пайдалануда міндетті түрде орындау мәңгілік, баянды өмір сүру
негізі.
Табиғат сырын жан–жақты білуге ұмтылу, оның қорларын қажетіне
пайдалану, адам баласының қанына сіңген қасиет . Бұл қасиетсіз адамның
өмір сүруі мүмкін емес. Ендігі мақсат– осы қасиеттің барлығын жер басып
жүрген, әрбір адамның саналы түрде өмірге пайдалануға көмектесу. Бұл
мақсаттың орындалуы әрбір адамзаттың табиғат қорғау тәрбиесінен өтуінен
тікелей байланысты. Осы жұмысты орындау ұстаздың міндеті.
Демек, жоғары оқу орны қабырғасында студенттерге табиғат, экология
жайында тиянақты білім беріп, оларды табиғат қорғау тәжірибесінен
өткізсек, мақсат түбегейлі орындалады, оқушы жастардың саналы түрде, өмір
бойы табиғат қорғау ісімен айналысатын болады.
Ал келешек ұрпақты экологиялық апаттан сақтап, қоршаған ортаға деген
сүйіспеншілік сезімін оятып, табиғатты қорғау жұмысына белсене араласатын
ұрпақ тәрбиелеуде профессор Н.С. Сарыбековтің жетекшілік етуімен “Табиғат
қорғау орталығы” құрылып, онда М.Н.Сарыбеков,БұзаубақоваК.Ж.т.б.
зерттеушілер көлемді жұмыстар атқарып жатыр. Н.С. Сарыбеков алты кезеңнен
тұратын отбасы бала – бақша балаларынан экологиялық сауат ашып, тәрбие
берудің мүмкіндіктерін, мазмұндарын ұсынады. Мәселен, әр сәбиді табиғат
қорғауға әр отбасында бастау алуы тиіс,бала–бақша бағдарламаларында
балалардың табиғатты түсініп табиғатты аялау идеясын өндіру қажет. Былайша
айтқанда, мектепке дейінгі әр балалар “табиғат”, “жасыл желек”, “мөлдір
су”, “көгілдір аспан”, “торпалы топырақ”, “гүл”, “денсаулық”, “сұлулық”,
“әдемілік”, “сайраған құс”, “жүгірген аң”, “туған елім, жерім, отаным,
республикам” ұғымдарының мән – мағынасын, мазмұнын білуі тиіс. Сонымен
қатар, ол негізгі және профильді мектептердің 9-10 сыныптарында “экология
және табиғатты қорғау” пәнін оқытуды ұсынады.
Қоғам мен табиғат арасындағы өзара қарым – қатынастың ғылыми негіздері
мен мүмкіндіктері, мазмұндары жайлы Санкт –Петербургтік ғалымдар А.Н.
Жиров, И.В. Игнатенко, А.Н. Ласточкин, В.П. Саломиндердің “Геоэкология”
авторлық бағдарламасының өзіндік ерекшеліктері бар. Шынын айту керек,
осындай бағдарлама республикамызда әлі де қарастырылмаған. Мәселен,
экологиялық тәрбие берудің негізгі мәселелердің оқу орындардың жоспарында
және оның жалпы білім берудегі алатын орындары мен қисынды құрылымдық
құрамдарын анықтау, экологиялық білім беруде шетелдегі әріптестердің озат
тәжірибелеріне ұқыптылықпен қарау. Жоғары оқу орын бітірген студент қоғам
мен табиғат арасындағы қарым – қатынастардың мән – мағынасын, мазмұнын,
адам өмір сүретін ортаның экологиясын өз жанындай сақтау, айналасын
қоршаған өлі және тірі табиғатқа өз бауырындай ілтипаттылықпен қарау сияқты
адамзаттың құнды бағдарлары жастарға отбасынан бастап жоғарғы білім алғанға
дейін жоспарлы тәрбиелене білген. Студенттердің қоршаған ортаға және өз
денсаулығына деген көзқарсы адам өмір сүруіне тікелей және қосымша әсер
ететін қоғам мен табиғаттың заңдылықтарын түсіну негізінде олардың оқу
үлгерімі өсіп, танымдық қызығушылық қасиеттері өрбіп отырады екен.
Экология курсы оларды жүйелеуге және жалпылауға, сонымен бірге адамның
ролі мен орнын түсіну үшін қажет міндетті білім мен біліктіліктің
қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Оқу құралдарында әртүрлі типтегі сабақтарды, яғни лабораториялық
жұмыстарды, таным жорықтарды, өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
келтірген.
Білімді терең меңгеруге студенттердің практикалық қалыптастыру әртүрлі
танымдық міндеттерді мақсатты және жүйелі түрде шешуге мүмкіндік жасайды.
Әрбір сабақта, әртүрлі оқу әдістерін пайдалану қажет. Мысалы, лекциялар,
әңгімелесу, семинарлар, студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстары,
олардың рефераттар немесе қысқаша баяндамалар дайындауы, ойындар,
диспуттар, конференциялар және т.с.с. ұйымдастыру студенттердің танымдық
қызығушылықтарын арттырып, оқу белсенділіктерін дамытады.
Жалпы, қорыта келгенде студенттерге экологиялық тәрбие беру, оның
интегралды сипаты жаратылыстану, қоғамдық – тарихи, гуманитарлық –
эстетикалық, еңбек циклді оқу пәндерінің барлығында белгілі дәрежеде
бейнеленуін қамтамасыз етеді. Көптеген ғалымдар оның осы ерекшелігін
негізге ала отырып, экологиялық тәрбиені әртүрлі дүниетанымдық, саяси
адамгершілік эстетикалық, құқықтық, еңбек және т.б. тәрбие элементтерінен
тұратын, өзара тығыз, байланысқан жүйе ретінде қарастырады. Бұл
экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін қандай да болмасын бір ғана оқу
орны арқылы шешілуі мүмкін емес. Былайша айтқанда олардың идеяларының
мазмұны кең мағынада толық қамтылған пән жоқ. Жоғарғы оқу орнындағы
экологиялық тәрбие беру мәселесінің жеке пәндерде біріктірілген мазмұнның
болуы, оны әрбір пәннің өз тұрғысынан қарастырылуын және педагогиканың
жүйелік ұсталымын ескере отырып, бағдарламаға сәйкес басқа пәндермен де,
пәнаралық байланыс негізінде зерттеуді қажет етеді.
Жоғарғы оқу орнындағы экологиялық тәрбие беру ісінің педагогика
теориясы мен жоғарғы оқу орны тәжірибесінде жаңа сала ретінде қызу
қарқынмен дамып келе жатқандығын байқатады. Бұл салада теория мен
практиканы дамытудың қажеттілігі жалпы теориялық және жеке әдістемелік
бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін дәлелдейді.
Бірақ қазіргі жоғарғы оқу орындарының практикасы шын мәнінде уақыт
талабынан кейін қалып, ол экологиялық сауатты, тәрбиелі студенттерді
дайындауды қамтамасыз ете алмай отыр. Зерттеуші ғалымдардың пікірінше
мұндай жағдайдың туындауында басты себептердің бірі – экология идеясын
ұғындырудың жеткіліксіздігі, табиғи ортаның бағалылығы көпшілігінде
пайдакүнемдік негізде түсіндірілуі, экологиялық мазмұндағы білімдердің
өзара тығыз бірлігінің болмауы деп санайды.

1.2. Оқушылардың экологиялық білім мазмұны - психологиялық –
педагогикалық проблема.
Қоршаған ортаны қорғау мәселесі, биосфера ресурстарын тиімді
пайдалану, Егеменді Қазақстан республикасының мемлекеттік маңызды
міндеттердің бірі. Ғылыми – Техникалық прогресс қоғамдағы әлеуметтік және
экономикалық өзгерістер табиғат тепе – теңдігінің бұзылуына, қауіпті
жағдайлардың пайда болуына себепкер болып отыр.
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері–аймақтық
техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы,
атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, тірі организмдердің
генетикалық қорының азаюы, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи
құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтардың
жинақталып айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде.
Кейбір аймақтарда жағдайлардың ауырлағаны соншалық тежеуге келмейтін
апаттар, болашағын пайымдап білуге болмайтын құбылыстар қаупі өсіп келеді.
Еліміздің қолайсыз экологиялық ахуалы қазіргі кезде бастан кешіріп отырған
экономикалық дағдарысты одан әрі тереңдетіп, әлеуметтік шиеленістің
ұшығуына итермелеп отыр. Ал, экологиялық жағдайлармен қатар халықтың
әлеуметтік проблемаларын шешуде экономикалық қиындықтарда кедергі келтіріп
отыр. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін оң шаралармен, іс-әрекеттерді
қолданбаушылық халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар, әлеуметтік
жанжалдар туғызып, халық шаруашылығы дамуының бірсыпыра маңызды бағыттарын
тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал. Осыған орай, Қазақстан
Республикасының Конституциясының 38-бабында “Қазақстан Республикасының
азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға
міндетті” - делінген [8,13].
Ата Заңымызға негізделіп жасалған ҚР “Білім туралы” Заң мен 2004 жылы
қабылданған білімді дамыту тұжырымдамаларында көрсетілген талаптарды іс
жүзіне асыру жоғары, орта және арнаулы білім беруде оқушылар мен
студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыруға
байланысты екендігі баршамызға аян [9,7].
1996 жылдың тамыз айынан бастап Республикада табиғатты қорғау туралы
жаңа заң қабылданып күшіне енді [4]. Заң әр адамның өмірі мен денсаулығы
үшін айналадағы ортаның барынша қолайлы болуын қамтамасыз етіп, табиғатты
қорғаудың экономикалық, практикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеп
берді.
Ол мынадай тармақтардан тұрады.
- Республикада халыққа білім беру орындары табиғат қорғау жөнінен
халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие және білім беру жүйесін жүзеге
асыру;
- жалпыға бірдей кешенді түрде және үздіксіз экологиялық тәрбие мен
білім берудің жоғары және арнаулы оқу орындарында маман кадрларды кәсіптік
жағынан даярлау, олардың біліктілігін арттырудың, барлық мүмкіндіктерін
жасау;
- құжаттың 64-бабында айтылғандай барлық оқу орындарында міндетті
түрде экологиялық білім берудің қажеттілігі айтылып ол бойынша азаматтардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қажетті экологиялық білім мазмұнынын
алу үшін, оқу орындарының ұстанған кәсіби бағдарламаларына қарамастан
барлық жоғары және арнаулы оқу мекемелерде экологиялық білім негіздерін
міндетті түрде оқыту;
- арнаулы оқу орындарының бағытына сәйкес айналадағы ортаны қорғау
және табиғатты ұтымды пайдалану жөнінде арнайы курстар оқыту көзделеді.
Қазіргі кезде білім беру ошақтарының алдында тұрған міндеттерінің бірі
- жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды
табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өзінің өмір сүретін
ортасы мен еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді
пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп, әрбір адамның
экологиялық білім дәрежесі мен тәрбиесі орта және арнаулы білім беру
ордаларында қалыптасып, келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.
Әлемдік ғылымдар саласында ғылыми –техникалық үрдісі әлдеқашан
қалыптасқан экология, табиғаттану, табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын
алуда. Ғылымдар тарихында “Экология” терминін тұңғыш 1866 жылы неміс
биолог-ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Ол “Экология” - деп тіршіліктің
әрбір түрінің немесе организм оны қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасын
зерттейтін ғылым саласы екенін дәлелдеді.
Соңғы кезде, экологияны биология ғылымының саласы ретінде емес, жеке
ғылым тұрғысынан қарастырып жүр. Сондықтан, әртүрлі экологиялық мәселелері
жаратылыстану ғылымына енетін пәндердің барлығы да қамтиды да, олардың
әрқайсысы өз ілімі салаларынан зерттеп қарастырады. Мысалы, биологиялық
пәндер бойынша тірі организм, организмдердің әртүрлілігі, өсіп-көбеюі, жер
бетінде таралуы, организмдердің шығу тегі, селекция, генетика туралы
зерттесе, ал география сабағында географиялық қабатты тиімді пайдалану мен
қорғау, геологиялық орта және геожүйе, табиғи кешенге адамдардың шаруашылық
қызметтеріне тигізетін әсерін зерттейді.
Ал, экология ғылымы табиғатты барлық өзгерістерді айнала қоршаған
табиғи ортасы және адамның іс-әрекеттерімен байланыстырып зерттейтін
кешенді ғылымдарға айналды. Сондықтан да экология ғылымы барлық
жаратылыстану ғылымдарының негізгі өзегіне айналды. Ал, бүгінгі ғылым
кеңістігінде жеке ғылымдар төңірегінде зерттеулер жүргізу сын көтермейді.
Қазір барлық ғылым проблемалары кешенді түрде зерттеулер жүргізу
арқылы шешіледі. Яғни, экология ғылымдарының ғылымы деңгейінде іргелі
ғылыми зерттеулердің қорғаушы күшіне айналған. Табиғат қорғау Заңына
байланысты елімізде жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдарда
“Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік
маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға экологиялық білім
мен тәрбие беру үрдісін жетілдіріп жүзеге асыру керек” -деп көрсетеді.
Осыған байланысты республикаларды үздіксіз білім беру жүйесінде, яғни бала-
бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін жан-жақты экологиялық білім
беруді саналы және мақсатты түрде ұйымдастыруды міндеттейді.
Міндетті іске асыру мақсатында мектеп оқушылары мен жоғары оқу
орындарының студенттеріне “Экология негіздері” курсы оқытыла бастады. Адам
мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болатын экологиялық қарама-
қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл прогресшіл адамзатты
байыпты ойлануға итермелейді. Бұл әлемдік проблеманы шешуге үлес қосу ғылым
мен техниканың міндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика
ғылымдары мен мектептердің де басты және игілікті борышына айналуда.
Ғасырлар бойы өзін табиғаттың қожасы, әміршісі ретінде сезініп келген
адам, бойындағы оған деген тұтынушылық, пайдакүнемдік қатынасын
психологиялық тұрғыдан қайта құру қажеттігі туып отыр. Бұл проблеманы алдын
алудың бір жолы-халыққа экологиялық білім беру. Экологиялық білім мен
тәрбие берудің теориялық зерттелуінің өзіндік даму және қалыптасу тарихы
бар.
Өйткені, қоғам мен табиғаттың өзара бір-біріне әсер ететіндігі туралы
халыққа білім беру, адамның практикалық іс-әрекетінде басшылыққа алатын
табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастырады. Жас ұрпаққа экологиялық білім
және тәрбие беруде мектептің алатын орны ерекше. Экологиялық білім жалпы
және арнаулы білім берудің бір компоненті ретінде шәкіртті жан-жақты
дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағытталған. Қазіргі
уақытта экология ғылымы теориялық және практикалық маңыз алған ғылымның
барынша тез дами бастаған саласының біріне айналды. Экология ғылымы –
табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми – теориялық негізін қалайды. Ол
жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін
атқара алады.
Тарихи тұрғыдан алғанда, адамның табиғаттағы және әлеуметтік ортадағы
болмысында кездескен алғашқы проблемалары еді. Сондықтан, әлеуметтік –
экологиялық тақырыптарға байланысты пайымдаушыларымыз ежелгі замандардан
бергі қоғамдық сананың элементтері болып келіп және олардың байлығын
молайта түсуге білімді тереңдету, экологиялық тәрбие беру, болашақ
ұстаздардың экологиялық мәдениетін қалаптастыру, ол үшін арнайы мамандар
дайындау – жалпы білім беру жүйелерінің алдыңғы шарты.
Экология проблемасы ғасырлар бойы ғалымдардың зерттеу обьектісінен
тура болсын, жанама болсын да түскен емес.
Кезінде орта ғасыр ғұламалары табиғатқа қатысты өз көзқарастарын
философиялық - әдіснамалық тұрғыда тұжырымдаған.
ІХ-ХV ғасырларда шыққан ғұламалар Әль-Фараби, Ж.Баласағұн,
Қ.А.Иассауи, М.Қашқаридің тіл ғылымы, логика, психология, география, этика
т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше. Соның ішінде Әль-
Фараби медицина, биология, география ғылымдарын теориялық философиялық
тұрғыдан негіздеуге көп күш жұмсаған энциклопедист ғалым. Мысалы, “Адам
организмдері жайлы”, “Жануарлар организмдері жайлы”, “Темпераменттер
туралы” т.б. еңбектер жазған. Онда “... адам баласы жаратылыстың, бүкіл жан
иесі атауларының биік шоқтығы, сондықтан оны құрметтеу, қастерлеу керек”,
деп түсіндірді [74].
Ал М.Қашқаридің қайсы бір еңбектерін алмаңыз, үлкен әлеуметтік –
этикалық, ой – тұжырымдар, парасат, табиғат көріністерін, білімділікті
арқау етіп алған.
Қорыта келгенде, Әль-Фарабидің, М.Қашқаридің бұлардан басқа көптеген,
философиялық және натурафилософиялық, әлеуметтік этикалық тұжырымдарына да
жаратылыстану жайында айтқан бағалы пайымдаулар мен ғылыми қорытындылар
кездеседі.
ХІХ ғасырдың демократ–ағартушылары: В.Г.Белинский, А.Н.Герцен,
Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев мектепте немқұрайлы оқытуда және оған
мейірімсіздік қатынаста қарауға қарсы шықты. Орыс ағартушылары табиғат
туралы саналы білім беру және адамның табиғаттағы мінез-құлқын айқындайтын
моральдық санасының қалыптасуына әсер етуіне ерекше мән береді. Бұл
пікірлер, олардан кейінгі педагогикаға табиғи құбылыстар мен объектілерді
түсінудегі білім мен сезім арқылы өзара байланысын негіздеуге үлгі болды.
Сонымен қатар, қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті
орын алатын ұлы қайраткерлері, халқымыздың ұлы ағартушылары: А.Құнанбаев,
Ы. Алтынсарин, Ш.Уәлиханов шығармаларында табиғатқа деген сүйіспеншілік
көзқарастың негізі деп түсініп, көшпенді елдің өміріне, ата-ананың
шаруашылығына бейімделген егін жинау, шөп шабу, жайлауға шығу, қыстауға
қайту, аң аулау кездесетінін еске ұстап, табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға
ақыл –кеңестер берген.
Халықтың мақтанышы Ш.Уәлиханов ғалым туған халқының табиғатпен қарым-
қатынастары, әдет-ғұрып, дәстүрін зерттей отырып, өз ұрпағын табиғатпен
қарым – қатынас жасауда ізгілікке баулитын халық педагогикасының тәрбиелік
мәнін жоғары бағалайды. Ол: “Табиғат! Өзіңіз айтыңызшы тіршілікте одан
ғажап, одан құпия не бар екен” - дей келе, қазақтар киеліге үлкен мән
берді. Табиғаттағы... кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа
қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы алғандарды құрметтеу, ырым
жасап тұру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі деп көрсетті.
Ш.Уәлихановтың табиғат жайында қалдырған бай мұрасы қазіргі уақытта
жас ұрпақты, табиғатты қорғауға тәрбиелеуде бірден-бір таптырмайтын көмекші
қатынастары әдет-ғұрпын, дәстүрін, этикасын, зерттеп, қазақтар арасындағы
жақсылық, сенім олардың “Табиғаттағы шексіз қадірлеуінен туған” деген ой
түйіндейді. Ұлы ғұлама ойшылдардың қоршаған ортаға, табиғат болмысына
деген ой-пікірлері мен көзқарастарының көкейкестілігі бұрынғыдан артпаса
кеміген жоқ.
Экологиялық білім беруде барлық жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар
білімдері байланыстыра меңгерілуі тиіс. Мұндай білім тіршілік ету
стратегиясына ғана емес, сонымен бірге арнайы ортада адам тіршіліктің
сапасының жақсаруына да үлес қосу керек. Яғни, мұндай білім қоршаған
ортаның сақталуына, оның табиғи және қоғамдық компоненттерінің жақсаруына,
адамдардың шығармашылық еркін және құнды тірі организм ретінде тіршілік
жағдайларын жасауына мүмкіндік тудыруы қажет. Адам қызметтерінің қажетті
шарты ретінде табиғат пен қоғам адамдарының мәдени болмысының көрінісі
болып табылады, өйткені, тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің
күрделі адамдық қасиетін білдіре алады.
Қазіргі педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие берудің
ғылыми негізін, мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін толық, әрі тұтас
анықтауға зерттеушілер ұмтылады. Педагогикалық теорияда экологиялық білім
мен тәрбие берудің мазмұнын айқындауға және оны орта білім беру
мектептерінде қай сыныптан бастап және оқушыларға экологиялық білім мен
тәрбие беруге болашақ мұғалімдерді даярлауға экологиялық материалдарды
басымырақ беру керектігі жайлы ғылыми нұсқаулар мен озат тәжірибелер әлі де
болса дәлелдене қойған жоқ.
Зерттеу барысында мектеп оқушыларының экологиялық білім мазмұнын
тұжырымдауда педагогикалық теориялар басшылыққа алынып, соның негізінде
жасалынды.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен таныса және талдай отырып,
экологиялық білім берудің мақсаты жастарды айналадағы табиғи ортаға
жауапкершілікпен қарауға үйрету екенін анықтадық.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда “жауапкершілікпен қарау” ұғымына
жататындар:
а) табиғи ортада адам өзін қалай ұстауы керектігін түсіну;

ә) табиғаттың халық қазынасы екендігін сезіну;
б) табиғатқа тигізетін өз әрекетінің салаларын көре білу;
в) табиғат пен қарым-қатынасын жаратылыстану және
ізеттілік білім тұрғысынан негіздеп алатындығын түсіну қажет. Сонымен,
экологиялық білім және тәрбие берудің әдіснамалық және теориялық жағынан
зертелу жайын қарастырудан туындайтын тұжырым экологиялық білім мен тәрбие
беруде мынадай басты ұстанымдарды ескеру қажет.
Олар:
Экологиялық оқу материалдарын оқытуды бір жүйелілікпен үздіксіз
жүргізу.
Оқу үрдісінде экологиялық білім мен тәрбие беруде пәнаралық
байланыстың болуы.
Экологиялық оқу материалдары әлемдік, ұлттың және өлкелік өзіндік
мәселелерін айқындап, оны ұғындырып түсіндіруге өзара байланыстығын ашу.
Жастардың қоршаған ортаны танып білуде және оны қорғауда, аялауда,
көркейтуде интеллектуалдық және ерекшелік – эволюциялық тұрғыдан, жасайтын
іс-әрекеттері мен қызметтері біртұтастықпен бір-бірімен ұштасуы тиіс.
Қазіргі кездегі экологиялық дағдылардың пайда болуы адамдардың
экологиялық сауатсыздықтарының нәтижесі деп есептеу орынды. Экологиялық
білім мен тәрбиелеу мәселелері жалпы білім берудің элементі ретінде
оқушыларға айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты
қалыптастырумен және қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде
меңгерумен сабақтас қаралады. Күннен күнге шиеленісіп келе жатқан
экологиялық дағдарыстың қауіптілігі баршаға мәлім. Экологиялық білім
берудің өмір талабынан туындайтын негізгі жеке экологиялық тәрбие беру
істерімен ғана шектеліп қоймай, табиғатты үздіксіз қорғау, іс-әрекеттерін
бір тізбекке біріктіру. Мұндай тәрбие жұмыстарының бір бөлігі, экологиялық
оқу-ағарту қажетті білім, тұжырым түсінік, сенімдер қалыптастыруға
бағытталады.
Қазақстан Республикасының академиясының академигі, профессор
А.С.Бейсенова өзінің оқушыларға экологиялық білім беру тұжырымдамасында:
“Экологиялық тәрбие ананың сүтімен берілуі тиіс...” деген философиялық
көзқарастарын білдіреді. Одан әрі Қазақстанда көпшілікке үздіксіз
экологиялық білім мен тәрбие берудің құрылымын, әдістемелік-педагогикалық
негіздерін, оқу тәсілдерін ұсынып келеді. Экологиялық білімнің негізгі
мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады, ал экологиялық,
тәрбиенің мақсаты, ғылыми, білім, көзқарас және сенім жүйелерін
қалыптастыру болып есептеледі. Экологиялық білім берудің қазіргі заман
педагогикасының теориясы мен практикасында үш үлгісі қалыптасып келеді.
Біріншісі көп пәнді үлгі. Мұнда дәстүрлі пәндердің мазмұнына жеке
бөлім, тақырып енгізіледі және бұрыннан бар тақырыптардың мазмұны
экологиялық мәліметтермен байытылады.
Екіншісі бір пәнді үлгі, орта мектептердің оқу жоспарына арнайы
экология курсын енгізу арқылы жүзеге асады.
Үшіншісі аралас үлгі. Мұнда экологиялық білімнің жеке мәселелері
дәстүрлі пәндерде қарастырылып, соңынан сол пәндерді біріктіріп, қорытатын
арнайы пән бойынша оқытылады.
Сурет 1. Оқушыларға үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің
құрылымдық жүйесі

Экологиялық білім беру оқушыларға педагогикалық тұтастық тұрғыда әсер
етеді. Осылайша сабақ беру барысында олар экологиялық мәселелерінің
тұтастығын ғылыми негізде қабылдайды, табиғатпен қайта түлеген ортаға
тиімді ықпал ету жөніндегі нақты білім мен сарамандық тәжірибені, дағдыны
меңгереді.
Табиғат пен қоғамның өзара жан-жақты байланыстығын бірте-бірте аша
түсу әлеуметтік шындықтың тұтастығы мен дамуына оқушылардың көзқарсымен
сенімін тұжырымдап бекітеді. Біртұтас байланыстың себеп-салдары туралы
экологиялық білім, құрылымдық талдаудың жүйесі мен түсініктерді қорыту
оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағыттылығын міндеттерді шешуші түбегейлі
жақсарта түседі. Оқушылардың сезімі мен сенімін дамытып, оларды
парасаттылыққа тәрбиелеуге экологиялық-психологиялық тұрғыдан келудің де
маңызы зор. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық аяушылық және басқа
гуманистік ерекшеліктерін дамыту барысында табиғатпен сырласуы
жеткіліксіздеу болса, олар парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде
қысым көру мен шектеушілікке душар болуы. Психологиялық тұрғыдан
экологиялық білім мен тәрбие беру дегеніміз мынаған саяды:
а) қазіргі кездегі қоғам мен табиғат арасындағы тәуелсіздіктің бүгінін
терең түсініп, келешегін болжай білетін экологиялық сауатты адам тәрбиелеу.
Ол үшін оқушыларды экологиялық ұғымдар жүйесін қамтитын біліммен
қаруландырумыз керек;
ә) қалыптасқан білім деңгейіне сәйкес табиғи орта туралы жауапкершілік
сезім, туған табиғатқа жалпы халықтық қазына деп қарайтын көзқарас пен
табиғатты сақтау талаптарын ескере отырып, оқушылардың табиғаттағы жеке
мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру;
б) экологиялық мәселелердің тұтастығын ғылыми негізде қабылдап,
қоршаған ортаға тиімді ықпал ету жөніндегі іс-әрекетті, дағдыны меңгеруі
қажет. Л.С. Высотскиидің ойынша, тәрбие процесі негізінде оқушының жеке
қызметі алынуы тиіс, ал тәрбиешінің барлық өнері сол аталған қызметті
реттеп, бағыттап отыруда ғана... Психологиялық тұрғыдан мұғалім тәрбиелеуші
ортада тәрбиеленушімен өзара әрекет кезінде оның ұйымдастырушысы,
реттеушісі және бақтаушысы. Әлеуметтік орта – тәрбие процесінің шынайы
тетігі. Мұғалімнің қызметі сол тетікті меңгеру болып табылады. Айтылған
ойдан шығатын психологиялық қорытынды: баланы қандай да бір қызметке,
үйрету үшін оны қызықтыра біліп, осы қызметке дайындай білу қажет. Сол
кезде оқушы өздігінен бар жан-тәнімен беріле орындайды да, қажет болған
жағдайда ғана мұғалімнен керегін сұрап алады. Сонымен, экологиялық білім
мен тәрбие берудің басты міндеті-әдейі және мақсатқа сәйкес балалардың
мінез-құлық іс-әрекеттердің жаңа формаларын қолдана білу, яғни олардың
экологиялық санасының дамуын жоспарлы түрде дамыту б.т.

ІІ Бөлім. Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға экологиялық білім
мен тәрбие беру.

2.1. Экологиялық білім берудің ұтымды жолдары .

ХХІ ғасыр – инновация мен индустрияның заманы. Техника өзінің дамуымен
бірге жер шарына түрлі экологиялық зиян да әкеледі. Одан алдымен адам
баласы зардап шегеді. Ал кез келген экологиялық жағдайға адамның өздері
алдын ала дайын тұрғаны абзал. Экологиялық білім мен тәрбие қоғамның әрбір
мүшесіне бағытталып, жалпы халыққа табиғатты қорғау және көркейту шарасын
үйретуді көздейді, мұның түпкі мақсаты – табиғат байлықтарына
жауапкершілікпен қарайтын, экологиялық тұрғыда саналы жеке тұлғаны
қалыптастыру. Ол үшін біріншіден, білім алушыға тәрбиеленушіге
жаратылыстану пәндерін негізге ала отырып, экологиялық білім беру керек,
екіншіден, осы білімін табиғатты қорғау, көркейту ісіне бағыштай білуге
тәрбиелеу қажет. Экологиялық білім берудің ең жүйелі де, ұтымды жолы білім
ордаларында пәндерді экологияландыру арқылы экологиялық мәселелерді
түсіндіруді үйлесімді жүргізу, сонымен бірге арнайы экологиялық білім
беретін курстарды қалыптастыру уақыт талабы.
Экологиялық білім мен тәрбие жас жеткіншектердің экологиялық санасының
дамуын қамтамасыз етіп, жеке тұлғаның экологиялық мәдениетінің негізін
қалайды, бұл бағдарламаның сызба нұсқасы.
Экологиялық білім – экологиялық тәрбие – экологиялық сана –
экологиялық мәдениет – жалпы халықтық міндет.
География сабағындағы экологиялық білім беру білім стандартына
негізделіп жүргізіледі.
Жаңа ғасырда экологиялық пән енгізіліп, типтік бағдарламасы жасалуы
қажет. Сабақта экологиялық білім берудің бірнеше әдіс-тәсілдерін;
табиғаттағы көркемдікті сезіне білуге үйрету; қоршаған ортаның әдістерін
байқау, бақылау, өлкетану жұмыстары арқылы зерттеу, зерделеу; қоршаған
ортаның ластануы жайлы ғылыми материалды жинақтау; көгілдір экрандағы
хабарларды пайдалану.
География курсын экологияландырудың басты жолдары:
-экологияның білім жүйесін үздіксіз жетілдіру, оқушыларға
экологиялық хабарламаларды жан-жақты кеңейтілген түрде беру;
-оқушылардың ойлай білу жүйесін қалыптастыру және оған
экологиялық тұрғыдан қорытынды жасай білу;
-іздену мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының элементтерін меңгерту,
экологиялық проблемаларды шешуде дұрыс шешім қабылдау;
-жергілікті экологиялық проблемаларды шешуде оқушылардың
тәжірибелік іс-әрекетін дағдыландыру. (Экологиялық ұйым мен үйірмелер құру,
экологиялық соқпақ ұйымдастыру, экологиялық үгіт–насихат жұмыстары; дәріс,
пікірсайыс т.б.) Ол үшін:
1. Дәстүрлі емес сабақ формалары арқылы әртүрлі экологиялық мазмұндағы
танымдық ойын (КВН, сайыс сабақ, жәрмеңке сабақ, саяхат сабақ т.б.)
сабақтар өткізу;
2. Жекелеген тақырыптарға арналған ғылыми мазмұндағы экологиялық
конференциялар өткізу.
3. Экологиялық мазмұндағы қабырғалық материалдар жинау.
4.эколог мамандармен кездесулер өткізу.
5. Өндіріс орындарына экскурсия жасау және оны қорытындылау.
6. Өлкетану бағытында аймақтық экологиялық мәселелерді оқып зерттеу
және оны күнделікті оқу үрдісінде пайдалану.
7. География сабақтарындағы экологиялық білім мен тәрбие беру
жүйесінде аймақтық компоненттерді пайдалану.
Мектептерде экологиялық мәселелерді танып-білудегі тиімді әдіс түрі –
экологиялық мәселелерді ортаға салып талқылау арқылы пікір алмастыру,
жарыссөз ұйымдастыру. Бұл оқыту әдісі қарастырылған материалды оқушыларға
бір жақты беріп қана қоймай, осыдан туындайтын әртүрлі көзқарастарды бір
жүйеге келтіруге және бірыңғай ой-пікірдің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Еліміздің жекелеген аймақтарындағы экологиялық мәселелер жөнінде,
мысалы Семей полигоны, Арал аймағының экологиялық мәселелері, өнеркәсіптік
қалалар мен жекелеген өндіріс орындарында қалыптасып отырған экологиялық
мәселелер мен экологиялық проблемаларды шешуде атқарылып жатқан іс-шаралар
туралы 9-10 сыныптарда сайыс сабақтарын өткізіп, ғылыми-әдістемелік
тұрғыдан сараптама жасау оқушылардың экологиялық білмдерін жетілдіре түсері
сөзсіз. География сабақтарында экологиялық білім беру үрдісінде
географиялық карталар мен атластарды қолданудың маңызы өте зор. Карта
арқылы кез келген обьектінің географиялық-экологиялық байланыстарын
нақтылауға болады. Экологиялық білім берудің құрамдас
бөлігі, ол оқушылардың табиғат пен тікелей қарым-қатынасынан туындайды.
Мектептердегі география курсын оқыту барысында туған өлкені танып –білу
мақсатында ұйымдастырылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстану және экология есептерінің дифференциалдық модельдерін құрып-зерттеу
Компьютерлік модельдеу
Компъютерлік модель
Жүйе күйінің функциясы
Математикалық модельдеудің негізгі кезеңдері
Модель және компьютерлік модельдеу пәнінен дәрістер кешені
Сызықтық бағдарламалаудың қосалқы есептері және оның экономикалық интерпретациясы
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Болашақ заңгерлерді экологиялық тәрбиелеу - кәсіби дайындықтың аспектілерінің бірі ретінде
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Пәндер