Бухгалтерлік есеп қағидаларынан экономикалық терминдерге қысқаша сөздік



ГЛОССАРИЙ

(Бухгалтерлік есеп қағидаларынан экономикалық терминдерге қысқаша сөздік )

Еңбек құралы – бұл еңбектің құрал-сайманы, соның көмегімен адам өндіріс процесінде белгілі бір өнім өндіріп шығару үшін еңбек затына әсер ете алады.
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар – субъектінің басқа субъектілердің жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және девиденд немесе процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салуы.
Материалдық емес активтер – бұл құндық бағасы бар, бірақ заттай құндылық болып табылмайтын ұзақ мерзімді салымның объектісі. Оған табиғи ресурстарды, патенттерді, лицензиялар, НОУ-ХАУ, тауар таңбалары және т.с.с. жатады.
Ақша қаражаты – бұл кәсәпорынның кассасындағы қолма-қол ақша қаражатының сомасы, банктердегі есеп айрысу шотындағы, валюталық шоттағы және өзге шоттардағы ақша қаражаттары және кәсіпорынның өзге де қаражаттары.
Есеп айрысудағы қаражат – берілген аванстар бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін алынған вексельдер бойынша дебиторлық берешектер, есеп беретін адамдардағы сомалар.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ГЛОССАРИЙ

(Бухгалтерлік есеп қағидаларынан экономикалық терминдерге қысқаша сөздік )

Еңбек құралы – бұл еңбектің құрал-сайманы, соның көмегімен адам
өндіріс процесінде белгілі бір өнім өндіріп шығару үшін еңбек затына әсер
ете алады.
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар – субъектінің басқа субъектілердің
жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және
девиденд немесе процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен
қаржы салуы.
Материалдық емес активтер – бұл құндық бағасы бар, бірақ заттай
құндылық болып табылмайтын ұзақ мерзімді салымның объектісі. Оған табиғи
ресурстарды, патенттерді, лицензиялар, НОУ-ХАУ, тауар таңбалары және т.с.с.
жатады.
Ақша қаражаты – бұл кәсәпорынның кассасындағы қолма-қол ақша
қаражатының сомасы, банктердегі есеп айрысу шотындағы, валюталық шоттағы
және өзге шоттардағы ақша қаражаттары және кәсіпорынның өзге де
қаражаттары.
Есеп айрысудағы қаражат – берілген аванстар бойынша тауарлар, жұмыстар
мен қызметтер үшін алынған вексельдер бойынша дебиторлық берешектер, есеп
беретін адамдардағы сомалар.
Оқшауланған қаражаттар - бюджетке салық түрінде аударылуға тиіс пайда
сомасы мен кәсіпорынның арнайы қорларын құруға жұмсалған сомалар.
Бөлінбеген табыс - барлық шығыстар мен салық төленгеннен кейін
шығарылытын кірістің қалған сомасы.
Бухгалтерлік есеп – кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық
байқау мен оны бақылау жүйесі.
Статистикалық есеп – экономиканың әр-түрлі салаларында жалпылама
көпшілік сипаты бар құбылыстарды, жалпы қоғамдық құбылыстарды олардың
салалық жағынанажырамас байланыстағысандық жағын зерттейді.
Негізгі құралдар - өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар
жасайтын еңбек құралдары, олар ұзақ уақыт бойы сырқы түрі мен формасын
сақтап, өндіріс барысына қатысады.
Бухгалтерлік есеп тәсілі деп-әдіс,амалдар жиынтығы
түсіндіріледі,олардың көмегімен бақау, есепке алынатын мәлеметтерді жете
білу мен зерттеу жүргізіледі.
Қосарлы жазба-шаруашылық операцияларын есеп объектілерін өзара
байланысын көрсететін бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеу тәсілі.
Активтер- болашақта табыс әкелетін,құндық бағасы бар, өткен
операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде алынған мүліктік және жеке мүліктік
емес игіліктер мен құқықтар.
Кірістер-меншіктеушілердің салымына байланысы жоқ,меншікті капиталдың
көбеюіне әкелетін активтің немесе олардың күдігінің артуы,не болмаса
міндеттемеге азаюы түріндегі есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың
өсуі.
Міндеттеме-өткен операциялардан немесе оқиғалар нәтижесінде пайда
болған және құндық бағсы ,жеке тұлға немесе ұйым пайдасына белгілі бір
әрекет етуші мүлік беруге,жұмыс орындауға,ақша және басқасын төлеуге,әлде
өтеу экономикалық падалы активтің кемуіне немесе ресурстардың жылыстауына
әкелетін белгілі бір іс-қимылдардан қағыс қалуға міндеттілік.
Үздіксіздік принципі - ұымнның қызметі жалғаса береді деп болжам
жасалынады.
Есептеу принципі - кәсіпорындағы кез-келген
операциялар(кіріс,шығыс)есептеліп отырылуы қажет.
Шығыстар-меншіктеушілер арасындағы бөлуге байланысы жоқ, меншікті
капиталдың кемуіне әкелетін,активтердің немесе олардың құнының азаюы не
болмаса міндеттеменің ұлғаю түрінде есепті кезең ішіндегі экономикалық
паданың азаюі.
Шоттар-қаржы жағдайы,міндеттеме немесе капитал туралы ағымдағы ақпарат
жинайтын,жүеленетің экономикалық топтастыру.
Бағалау-белгілі бір уақыт сәтіндегі кәсіпорын мүлкін ақшала өлшеммен
бейнелеу амалы.
Баланс-шаруашылық қаржысын өндіру процесінде оның құрамы мен атқаратын
міндеті бойынша, ал оның қорлану көздерін құралу формалары мен мақсатты
міндеті бойынша ақшалай бағамен белгілі бір мезгілге топтастыру.
Актив-баланстың өндіріс процесінде шаруашылық қаражаттардың атқаратын
міндеттеріне қарай олардың орналасуымен пайдаланылуы бойынша топтастырылған
бөлігін айтады.
Пассив(міндеттемелер)-шаруашылық қаржыларының қорлану көздерінің
құрамы, мақсаты,міндеті,өзіндік капиталын және орналасуы бойынша
топтастырылған бөлігін айтады.
Меншікті капитал-онда кәсіпорындардың жарғылық қоры ,резервтік
қоры,бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі.
Тартылған капитал-Кәсіпорынның міндеттемелері,яғни осы ұйымның басқа
заңды және жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес
берешек борыштары болып табылады.
Бухгалтерлік есепшот – кәсіпорынның шаруашылық қызмеиін басқарып отыру
үшін шаруашылық құралдары мен қорлану көздерін белгілі ұқсастықтарына қарай
біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын есептеп
отыратын ақпаратты мәліметтер әдісі.
Шоттар жүйесі – шаруашылық активтер мен олардың көздерін күнделікті
бақылап, тіркеп, бағалап, ақшалай өлшемге айналдырып, экономикалық маңызына
қарай топтастырып арнайы белгіленген шоттарға түсіру.
Екі жақты жазу – ұйымдардағы күнделік болып отыратын операцияларды,
үдерістерді бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитінежазып есептеп
отыру үшін қолданылатын әдіс.
Дебет – берешек немесе ол тиісті дегенді білдіреді.
Кредит – алажақ немесе ол сенеді дегенді білдіреді.
Активтік шоттар – шаруашылық мүліктерін олардың түрлеріне қарай
жүргізуге арналған шоттар.
Міндеттемелік шоттар – шаруашылық мүлік көздерінің есебін жүргізуге
арналған шоттар.
Сальдо – шоттардағы қалдық.
Бастапқы қалдық – шоттың ашылуы барысындағы қалдық.
Соңғы қалдық – шоттың жабылуы барысындағы қалдық.
Айналым сомасы – бухгалтерлік есеп шоттарында жазылған операциялар
сомасы.
Дебиттік айналым – есепті кезең бойындағы шоттың дебит жағына жазылған
сандардың қосындысы.
Кредиттік айналым - есепті кезең бойындағы шоттың кредит жағына
жазылған сандардың қосындысы.
Қалдық сомасы - әрбір шоттағы дебиттік айналым мен кредиттік
айналым айырмасы.
Шоттар корреспонденциясы – шаруашылық операцияларының екіжақты жазу
әдісі көмегімен бейнеленуі нәтижесінде шоттардың арасында пайда болатын
байланыс.
Жабылған шот – шоттың соңғы қалдығы нольге тең болғандағы шот.
Транзиттік шот – міндетті түрде жабылатын шот.
Шот жоспары – шоттардың белгілі бір ережеге сәйкес номерлері бойынша
жасалған тізімі.
Бухгалтерлік жазба – дебеттелетін, кредиттелетін шоттарды және
шаруашылық операцияларының сомасын көрсету.
Синтетикалық шоттар – шаруашылық құралдары мен олардың қозғалысы
туралы жинақтап қорытылған көрсеткіштер.
Аналитикалық шоттар - есептің тиісті объектілеріне түгел, толық
сипаттама береді.
Аралық шот (субшот) – синтетикалық шотқа қарағанда жіктелінген,
аналитикалық шотқа қарағанда топтастырылған шот, екі шоттың арасындағы
аралық буын.
Шоттардың жұмыс жоспары – бухгалтерлік есептің барлық жүйесін құруды
белгілейтін және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге міндетті болып
келетін бухгалтерлік шоттардың жүйелендірілген тізбесі.
Негізгі шоттар – шаруашылық құралдарының бар-жоқтығы мен қозғалысын,
олардың пайда болу көздерін бақылау.
Реттеуші шоттар – ағымдағы есепте шаруашылық құралдар бағасының
түзетілуі.
Тысқары шоттар – кәсіпорынға тиесілі емес жауапты сақтауда немесе
уақытша пайдалануда жатқан құралды бейнелейді.
Ағымдағы бухгалтерлік қорытынды есеп – қысқа есепті кезеңде жасалатын
есеп.
Жылдық есеп – есеп беретін жылға жасалады.
Алғашқы қорытынды есеп – ұйымның ағымдағы бухгалтерлік есеп
мәліметтері негізінде жасалады.
Жиынтық есеп – еншілес немесе туынды серіктестіктері бар шаруашылық
ұйымдары өзінің немесе сол серіктестіктерінің қорытынды есептерінің
негізінде жасайды.
Ішкі бухгалтерлік есеп – мәліметтері шаруашылықты басқару үшін және
басшылардың мәселелерін шешу үшін пайдаланылады.
Сыртқы есеп – барлық пайдаланушылар үшін ашық түрде беріледі.
Сенімділік дегеніміз – бұл бухгалтерлік қорытынды есептің сенімді және
толық түрде кәсіпорынның мүліктік немесе қаржылық жағдайын таныстыратын
шаруашылық қызметтегі қаржылық нәтижелері болып табылады.
Тұтастылық дегеніміз – бұл ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебінде осы
кәсіпорындағы орындалған барлық шаруашылық операцияларды міндетті түрде
қамтылып көрсетілуі болып табылады.
Тізбектілік дегеніміз – кәсіпорынның бір есепті кезеңінің екінші
есепті кезеңге дейінгі орындалған операциялардың күнделікті тіркеліп
отыруы.
Салыстырымдылық – бұл бухгалтерлік қорытынды есептің бір кезеңдегі
мәліметінің екінші есепті кезеңнің мәліметімен салыстырылып көрсетілуі
болып табылады.
Бухгалтерлік құжат-кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың
орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін
жазбаша куәлік.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері-бухгалтерлік есепті
ұйымдастырудың негізгі қағидалары,ережелері кәсіпорындарда қазіргі
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нарықтық экономикасы дамыған елдерде
қалыптасқан практикаға сай келеді.Оларда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
негізгі тоғыз принципке негізделеді.
ақшалай өлшем-бухгалтерлік есеп ақшалай тұлғадағы деректермен
(көрсеткіштермен,ресурстармен,құрал -жабдықпен ) жүргізіледі.
дербестік-кәсіпорындарда кәсіпорынның меншік нысанына және ұйымның
құрылымына қарамастан бухгалтерлік есеп шоттары оның иелері мен
қызметкерлерінің шоттарынан дербес.
Үкім құжаттары-шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен
өкімдер жатады.
Атқарушылық құжаттар-шаруашылық операциялардың орындалғанын
көрсетедіБұл құжаттарға –тауарлақ-материалдық қорларды алу үшін толтырылған
жүккұжат ,кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлері және тағы
басқаларын жатқызуға болады.
Бухгалтерлік толтырылған құжаттар-ұйымның бухгалтериясы жасаған әр
түрлі анықтамалар ,бухгалтерлік еесп шоттары бойынша орындалатын
операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп
айырысулар
Ішкі құжаттар -дегеніміз белдгілі бір кәсіпорында толтырылып оның
ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады.Құжаттардың бұндай түрі арқылы
қандай бір кәсіпорынның ішкі операциялары құжатталады.
Сыртқы құжаттар-кәсіпорынға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе
ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын
жатқызамыз.Олардың қатарына жабдықтаушы кәсіпорындардан келіп түскен
тауарлық-материалдық қорлар бойынша толтырылған шот
фактураларды,сенімхаттарды жатқызуға болады.
Табиғи шығын нормасы-шегіндегі жетіспейтін және бұзылған мүлік ұйым
басшысының өкімі бойынша немесе өндіріс және айналым шығындарына
жатқызылады,ал нормадан тыс кемшіліктер жауапты тұлғалардың есебінен орны
толтырылады.
Таза табыс-бұл абсолютті экономикалық көрсеткіш.Ол барлық кәсіпорынның
өндірістік,коммерциалыққызметінің нәтижесінде алынатын кірістері мен
шығыстарының арасындағы айырмашылықпен анықталады.
Рентабельділік-(немістің –rentabel- табыстылық деп аталатын сөзінен
шыққан)-салыстырмалы көрсеткіш .Ол ұйымның белгілі бір уақыт аралығындағы
атқарған жұмысын табысы жағынан сипаттайды.
Ақша - төлемнің тауарлар мен қызмет көрсетуге
айырбасталатын және борышты төлеу үшін пайдалынылатын жалпы
қабылданған қаражаттар.
Ақша қаражаттары - ел аумақтары мен шетелдегі банктердегі
есеп айырысу, валюталық және басқа шоттарда, кассаларда орналасқан,
жеңіл сатылатын құнды қағаздар, төлем мен ақша құжаттарында
орналасқан отандық және шетелдік валюталардағы қаражаттар.
Ағымдық шот - қоғамдық ұйымдар мен бюджеттік мекемелер ашатын
банктегі шот.
Корреспонденттік шоттар - банктік операциялардың жекелеген
түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары.
Ағымдық активтер - қысқа мерзімді пайдалануға арналған және
бір жылдан артпайтын шаруашылық циклі ішінде қолма – қол ақшаға
айналдырылатын қаражаттар.
Аккредитив - банк клиенті тапсырысы негізінде қойылатын банктің
ақшалай міндеттемесі көрсетілетін құжат.
Вексель ( немісше Wechsel – “айырбас”) - қатаң түрде белгіленген
сөзсіз және талассыз орындалатын борыш құжаты, құнды қағаз түрі,
ақша міндеттемесі.
Чек - банктегі шоттардан сол бойынша қолма – қол ақша беретін
және соның көмегімен тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін қолма –
қол ақшасыз есеп айырысулар жүргізілетін құжат.
Қолма – қол ақшамен есеп айырысу - сатып алушы меншігіне
түскен кездегі тауардың толық құнын төлеу.
Кассалық кітап - түсу мен жұмсау бойынша барлық
операциялар жазылатын, бір жылға ашылатын кітап.
Дебиторлық берешек – жеке және заңды тұлғалармен өзара
шаруашылық қатынастардың нәтижесінде олардан кәсіпорынға (ұйымға,
мекемеге) тиесілі борыштардың сомасы.
Мерзімі өткен дебиторлық берешек – шартта белгіленген мерзімнен
тыс төлем тәртібін бұзу жолымен айналым қаражатын алу.
Қалыпты дебиторлық берешек – шартта белгіленген мерзімде
кредитордың (сатып алушының) айналымынан қаражат алу.
Үмітсіз дебиторлық берешек – соттың өндіріп алудан бас тартуы
немесе борышқордың төлем төлеуге қабілетсіздігі себепті алу мүмкін
емес деп танылған борыш. Үмітсіз дебиторлық берешек жағдайында
берешек сомасы мен құжаттар бақылау үшін баланста 3 жыл бойына
және баланстан тысқары шотта 5 жыл бойына есепке алынуға тиіс.
Қуыну мерзімі өткеннен кейін дебиторлық берешек залалға жатқызылады.
Дебитор – (лат. debitor борышқор) – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге
немесе азаматқа) берешегі бар жеке немесе заңды тұлға.
Қаржы қызметі – субъект қызметі, осы қызметтің нәтижесінде
меншікті капиталдың және қарыз қаражатының мөлшері мен құрамында
өзгерістер болады.
Материалдық жауапкершілік – қызметкерлердің заңды немесе жеке
тұлғалар келтірген мүліктік, материалдық зиынның орнын толтыруға
міндеттілігі.
Шикізаттар - азды-көпті еңбек сіңірген заттар. Олардың құрамына кен
өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы мекемелерінің өндірген
өнімдері – мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш т.б. материалдар жатады.
Жартылай фабрикаттар - өндірістік үрдістің бір сатысынан толық өтіп
әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар.
Материалдар номенклатурасы - өндірісте пайдаланатын материалдардың
белгілі бір түріне олардың аты, сапасы, мөлшері, тағы да басқа
көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімі.
Түгендеу - барлық материалдардың әрқайсысын біртіндеп санап шығып,
материалдардың нақтылы қалдығын бухгалтерлік баланстағы қалдығымен
салыстыру.
Өндірістік қорлар - бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай
тұтылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына
көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.
Өзге материалдар - бұл өндіріс қалдықтары түзелмейтін, ақаудан
қайтарылмайтын қалдықтар.
Көмекші материалдар - бұл шығарылатын өнім құрамына енетін
материалдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшелігі - өнімнің заттық
негізін қаламайды.
Лифо - бұл материалдық құндылықтарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және экономика саласы терминдерін қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Мұнай газ саласындағы терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Халықаралық аудит стандартына ұқсас стандарттар
Ғылымның тілі
Терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптері
Қаржы терминдерін аудару тәсілдері
Мұнай газ саласындағы мәтіндердің техникалық аудармасы
Түсініктілік принципі
Салыстырмалық принципі
Пәндер