Халықаралық құқықтың түрлері, қайнар көздері



Мазмұны

Белгілеулер және қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінің жалпы сипаттамасы ... ... ... .7
1.1 Халықаралық жария құқықтың қайнар көздері ұғымы және түрлері ... ... ... ..7
1.2 Халықаралық шарттың халықаралық құқық қайнар көздері арасындағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2.1 Халықаралық шарттардың құқықтык табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.2.2 Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.2.3 Халықаралық шарттардың әрекет етуі, тоқтатылуы және жарамсыздығы.27
2 Халықаралық құқықтың қайнар көздерінің топтарға жіктелуі ... ... ... ... ... ... ..32
2.1 Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық.
кұкықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.2 Дипломатиялық және консулдық құқықтың қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ...50
2.3 Халықаралық сипаттағы кылмыстық істермен күрес туралы құқықтық актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
2.4 Ғарышты игеру бырысында қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық.құқықтық қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
2.5 Халықаралық әуе құқығының қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
2.6 Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
2.7 Экономикалық құқықтың қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
2.8 Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66
2.9 Халықаралық гуманитарлық құқықтың қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Халықаралық құқықтың материалдық қайнар көздері ретінде халықаралық еңбек бөлінісі нәтижесінде дамитын және халықаралық құқық нормаларын түзетін бүкіләлемдік экономикалық катынастарды айтамыз. Осы заманғы халықаралық құқықтың мағынасындағы қайнар көздері - бұл оның нормалары мен қағидаларының көрінуі мен бекітілуінің ерекше, арнаулы нысаны. Осы заманғы халықаралық құқықтың заңдық қайнар көздері халықаралық құқық шығармашылықта ерекше орынға ие, атап айтқанда халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларының қалыптасу және пайда болу процесін қорытындылайды.
Сөйтіп, халықаралық құқықтың кайнар көздерінің - заңи мағынасы - бұл, оның субъектілерінің келісілген еркін білдіретін халықаралық құқық нормаларына айналған нысандар.
Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерін сараламай тұрып, ен алдымен норма жасау проблемаларымен танысып шығу қажет. Яғни мемлекеттер арасындағы әр түрлі қатынастар құқықтық норма арқылы реттеледі, ал халықаралық құқықтың қайнар көздері құқықтық нормалардан тұрады емес пе.
Норма жасау процесі кезінде құқық субъектілері өздерінің қызметтерінің басым бағыттарын айқындайды, яғни халықаралық құқықтың мәнін тұтастай алғанда.
Латын тілінен аударғанда норма сөзі (латын. norma) - міндетті деп танылған заңдастырылған заң, тәртіп, құрылым деген мағынаны білдіреді.
Кейбір құқықтық нормалардың мазмұны мен әрекет ету тетігі құқықтық емес нормалармен ұқсас болады, мысалы, халықаралық сыпайыгершілік (өнеге) нормасына ұқсайды. Аталған соңғы норма заң тұрғысынан міндетті емес, оларсыз халықаралық теңіз және дипломатиялық құқык өмір сүре алмайды. Мәселен, ашық теңіздегі кемелердің өзара салют беруі, дипломатиялық салтанат рәсімі.
Халықаралық сыпайыгершілік - меймандостық, тату көршілік актілерін, мемлекеттердің өз еріктерімен ерекше көңіл аударып, құрметтесуін көрсетеді.
Алайда халықаралық сыпайыгершілік ережелері халықаралық-құкықтық қатынастың қатысушылары үшін заңдық тұрғыда міндетті болуы да мүмкін. Мүндай жағдай халықаралық шартта да (құқықтың шарттық нормасы), сондай-ақ халықаралық құқықтық дәстүрде де (құқықтың әдеттегі нормасы) бекітілуі мүмкін.
Халықаралық құқықтық нормалар ұлттық-құқықтық нормалармен тығыз байланысты, бұл тезистің дәлелі ретінде өзара әрекеттесу процесін айтуға болады; Халықаралық-құқықтық нормалар - бұл халықаралық жария құқық субъектілері тәртіптерінің белгілі бір ережелері.
Ондай нормаларға мынадай сипат тән:
- біріншіден, халықаралық құқық субъектілерінін, қатынастарды реттеуі;
- екіншіден, міндетті сипаты, яғни қүқықтық нормалардың заңдық күші, себебі құқықтық емес нормалардың өзіндік міндетті күші болады;
- үшіншіден, жалпы сипаты, яғни норманың әрекет етуі көптеген жағдайларды ескере қарастырылған.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Тункин Г.И. Теория международного права. – М.: Международные отношения, 1970. – 370 с.
2. Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. – Алматы: HAS, 2003. – 384 б.
3. Ерджанов Т.К. Международное публичное право. – Алматы, 2006. – 892 с.
4. Айдарбаев С.Ж. Халықаралық шарттың халықаралық құқық қайнар көздері арасындағы орны // Тәуелсіз Қазақстанның дамуының саяси, экономикалық және құқықтық аспектілері. Ғылыми-теориялық конференцияның материалдар жиынтығы. – Алматы, 2004. – Б. 90-92
5. Халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 ж. Вена Конвенциясы // Халықаралық құқық бойынша документтер жиынтығы / Жауап. ред. М.Б. Құдайбергенов. – Алматы, 2002. – Б. 210-219
6. Талалаев А.Н. Право междунанродных договоров: действие и применение договоров. – М., 1985. – 249 с.
7. Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы» 1995 жылғы заң күші бар Жарлығы // www.zakon.kz
8. Сарсембаев М.А. Международное право: Учебное пособие. – Алматы: Ғалым, 1999. – 448 с.
9. Тиунов О.И. Принцип соблюдения договоров в международном праве. – Пермь, 1976 – 319 с.
10. Соғыс кезінде халықты қорғау туралы 1949 ж. 12 тамызындағы Женева Конвенциясы // Халықаралық құқық бойынша документтер жиынтығы. 1 том / Жауап. ред. М.Б. Құдайбергенов. – Алматы, 2002. – Б. 348-356
11. Устав Организации Объединенных Наций от 26 июня 1945 г. (извлечение) // Международные акты о правах человека. Сборник документов. – М.: НОРМА – ИНФРА, 1998. – С. 37-38
12. Всеобщая декларация прав человека 1948 г. // Международные акты о правах человека. Сборник документов. – М.: НОРМА – ИНФРА, 1998. – С. 39-52
13. Международный пакт о гражданских иполитических правах от 16 декабря 1966 года // Международные акты о правах человека. Сборник документов. – М.: НОРМА – ИНФРА, 1998. – С. 53-68
14. Кудайбергенов М.Б. Права ребенка в казахстанском и международном праве: Учебник. – Алматы, 2001. – 240 с.
15. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Астана: Елорда, 2011. - 56 б.
16. Қазақстан Республикасының 1999 ж. «Неке және отбасы туралы» Заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2011. – 75 б.
17. Европейская Конвенция о защите прав человека и основных свобод от 4 ноября 1950 года // Международные акты о правах человека. Сборник документов. – М.: НОРМА – ИНФРА, 1998. – С. 539-551
18. Даниленко Г.М. Международная защита прав человека. – М., 2000. – 375 с.
19. Шестаков Л.Н. Права человека. – М., 1990. – 249 с.
20. Галенская Л.Н. Право убежища. – М., 1970. – 218 с.
21. Сарсембаев М.А. Дипломатическое и консульское право. – Алматы, 1999. – 315 с.
22. Венская конвенция о дипломатических отношениях от 1961 года // Международное право в документах / Под ред. М.Б. Кудайбергенова. – Алматы, 2000. - С. 79-91
23. Богатырев А.Г. Международное сотрудничество государств в борьбе с преступностью. – М., 1998. – 294 с.
24. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2011. – 148 б.
25. Косбасаров Т.Е. Правовая основа международного космического права // Вестник КазНУ имени Аль-Фараби. – 2007. - № 3. – С. 151-153
26. Қабанбаева Г.Б. Ғарышты игеру бырысында қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық–құқықтық қайнар көздері // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. – 2008. - № 6. – Б. 154-157
27. Пирадов А.С. Космос и международное право. – М., 1981. – 284 с.
28. Халықаралық азаматтық авиация жөніндегі 1944 ж. Чикаго Конвенциясы // Халықаралық құқық бойынша документтер жиынтығы. 2 том / Жауап. ред. М.Б. Құдайбергенов. – Алматы, 2003. – Б. 215-224
29. Молодцев С.В. Международное морское право. – М., 1987. – 279 с.
30. Лазарев М.И. Теоретические вопросы современного морского права. – М., 1993. – 246 с.
31. Вельяминов Г.М. Основы международного экономического права. – М., 1994. – 175 с.
32. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды. – М., 1982. – 225 с.
33. Лукашук И.И. Источники международного права. – Киев, 1966. – 238 с.

Мазмұны

Белгілеулер және
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінің жалпы
сипаттамасы ... ... ... .7
1.1 Халықаралық жария құқықтың қайнар көздері ұғымы және
түрлері ... ... ... ..7
1.2 Халықаралық шарттың халықаралық құқық қайнар көздері арасындағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2.1 Халықаралық шарттардың құқықтык
табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.2.2 Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі
сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.2.3 Халықаралық шарттардың әрекет етуі, тоқтатылуы және жарамсыздығы.27
2 Халықаралық құқықтың қайнар көздерінің топтарға
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ..3 2
2.1 Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық-
кұкықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2.2 Дипломатиялық және консулдық құқықтың қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ...5 0
2.3 Халықаралық сипаттағы кылмыстық істермен күрес туралы құқықтық
актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
2.4 Ғарышты игеру бырысында қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық-құқықтық
қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .56
2.5 Халықаралық әуе құқығының қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
2.6 Халықаралық теңіз құқығының қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
2.7 Экономикалық құқықтың қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
2.8 Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66
2.9 Халықаралық гуманитарлық құқықтың қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .72

Белгілеулер және қысқартулар

Осы дипломдық жұмысында келесі тиісті бедгілеулер және қысқартулар
қолданылды:
ЭКОЭЛК – БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі
БЖКБ – босқындар мәселесі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы
комиссар Басқармасы
ХЕҰ – Халықаралық Енбек Ұйымы
БДҰ – Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
ФАО – БҰҰ-ның Азықтүлік және ауыл шаруашылық ұйымы
ЕҚЫҰ – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым
ДИ АҚБ – демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Бюро
БӘҰ – Бүкіләлемдік сауда ұыймы
ГАТТ – тарифтер және сауда жөніндегі Бас Келісім
ЖХЭТ – Жаңа экономикалық тәртіп орнату
ЮНЕП – БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасы

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Халықаралық құқықтың материалдық қайнар көздері
ретінде халықаралық еңбек бөлінісі нәтижесінде дамитын және халықаралық
құқық нормаларын түзетін бүкіләлемдік экономикалық катынастарды айтамыз.
Осы заманғы халықаралық құқықтың мағынасындағы қайнар көздері - бұл оның
нормалары мен қағидаларының көрінуі мен бекітілуінің ерекше, арнаулы
нысаны. Осы заманғы халықаралық құқықтың заңдық қайнар көздері халықаралық
құқық шығармашылықта ерекше орынға ие, атап айтқанда халықаралық құқықтың
нормалары мен қағидаларының қалыптасу және пайда болу процесін
қорытындылайды.
Сөйтіп, халықаралық құқықтың кайнар көздерінің - заңи мағынасы - бұл,
оның субъектілерінің келісілген еркін білдіретін халықаралық құқық
нормаларына айналған нысандар.
Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерін сараламай тұрып, ен алдымен
норма жасау проблемаларымен танысып шығу қажет. Яғни мемлекеттер арасындағы
әр түрлі қатынастар құқықтық норма арқылы реттеледі, ал халықаралық
құқықтың қайнар көздері құқықтық нормалардан тұрады емес пе.
Норма жасау процесі кезінде құқық субъектілері өздерінің қызметтерінің
басым бағыттарын айқындайды, яғни халықаралық құқықтың мәнін тұтастай
алғанда.
Латын тілінен аударғанда норма сөзі (латын. norma) - міндетті деп
танылған заңдастырылған заң, тәртіп, құрылым деген мағынаны білдіреді.
Кейбір құқықтық нормалардың мазмұны мен әрекет ету тетігі құқықтық
емес нормалармен ұқсас болады, мысалы, халықаралық сыпайыгершілік (өнеге)
нормасына ұқсайды. Аталған соңғы норма заң тұрғысынан міндетті емес,
оларсыз халықаралық теңіз және дипломатиялық құқык өмір сүре алмайды.
Мәселен, ашық теңіздегі кемелердің өзара салют беруі, дипломатиялық
салтанат рәсімі.
Халықаралық сыпайыгершілік - меймандостық, тату көршілік актілерін,
мемлекеттердің өз еріктерімен ерекше көңіл аударып, құрметтесуін көрсетеді.
Алайда халықаралық сыпайыгершілік ережелері халықаралық-құкықтық
қатынастың қатысушылары үшін заңдық тұрғыда міндетті болуы да мүмкін.
Мүндай жағдай халықаралық шартта да (құқықтың шарттық нормасы), сондай-ақ
халықаралық құқықтық дәстүрде де (құқықтың әдеттегі нормасы) бекітілуі
мүмкін.
Халықаралық құқықтық нормалар ұлттық-құқықтық нормалармен тығыз
байланысты, бұл тезистің дәлелі ретінде өзара әрекеттесу процесін айтуға
болады; Халықаралық-құқықтық нормалар - бұл халықаралық жария құқық
субъектілері тәртіптерінің белгілі бір ережелері.
Ондай нормаларға мынадай сипат тән:
- біріншіден, халықаралық құқық субъектілерінін, қатынастарды
реттеуі;
- екіншіден, міндетті сипаты, яғни қүқықтық нормалардың заңдық күші,
себебі құқықтық емес нормалардың өзіндік міндетті күші болады;
- үшіншіден, жалпы сипаты, яғни норманың әрекет етуі көптеген
жағдайларды ескере қарастырылғы.
Осы заманғы халықаралық-құқық ғылымының маңызды мақсаттарының бірі
халықаралық құқық нормаларының тиімділігі проблемалары болып отыр. Бүл
проблеманың қолданбалы сипатта екені сөзсіз. Ол тиімділік объектілермен
және реттеу әдістерімен камтамасыз етіледі. Себебі, сараптау объектісі
ретінде халықаралық субъектілердің әрекеттері, олардың құкыққа сай немесе
құкыққа қайшы тәртіптерін анықтау болса, зерттеудің негізгі әдістері болып
әлеуметтік әдістер табылады. Халықаралық қүқықтық реттеудің соңғы нәтижесі
тек субъектінің тәртібімен емес, сонымен қатар халықаралық қатынастардын
белгілі бір түрлерінің қалыптасуынан да көрінеді. Сол себепті, халықаралық
жария қүқықтың тиімділігін арттырудың маңызды шартының бірі норма құру
процесін жетілдіру болып табылады. Бүған, халықаралық құқықтық нормаларда
халықаралық қатынастардың дамуының объективті заңдылықтары көрінгенде,
нормативтік ережелердің айқындығы мен нақтылығы болғанда, құқықтағы
олқылықтарды зерттегенде ғана қол жеткізуге болады. Халықаралық қүқық
нормаларының тиімділігін анықтағанда осы жүйенің ерекшеліктерін ескеру
қажет.
Г.И. Тункин "маңызды ерекшеліктердің бірі... деп норманы" бұл қүқық
жүйесі субъектілерінің өзара жасайтьйдығын әділ атап өткен. Осындай
ерекшелігіне байланысты халықаралық құқықтағы норма күру процесін жеке
мемлекеттердің үлттық қүқықтарындағы норма қүру процесімен салыстырғанда
әлдеқайда күрделі болып шыға келеді [1,101].
Осы заманғы халықаралық құқық субъектілерінің арасында туындайтын
қатынастар қайнар көздер арқылы реттелетіні баршаға мәлім. Сондықтан
халықарарлық құқықтық нормалар халықаралық құқықтың жалпыға танылған
қағидалар негізінде қабылдануы тиіс. Сонымен бірге, халықаралық құқықтың
қайнар көздерінің адамзат қоғамының өмірі үшін маңызды рөл атқаратыны
жалпыға мәлім.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Осы заманғы халықаралық
құқықтың заңдық қайнар көздері халықаралық құқық шығармашылықтағы
ерекшелігін, сонымен қатар халықаралық қайнар көздерінің халықаралық құқық
нормаларын қалыптастырудағы орны мен рөлін анықтау.
Аталған мақсат дипломдық зерттеудің келесі міндеттерін айқындайды:
- халықаралық құқықтың қайнар көздерінің құқықтық табиғатын мазмұндау;
- халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінің ұғымы мен тұрлерін
қарастыру;
- халықаралық шарттың халықаралық құқық қайнар көздері арасындағы
орнын анықтау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде халықаралық жария құқық
субъектілерінің арасында туындаған қатынастарды реттеуге бағытталған қайнар
көздерінің қызметі.
Ғылыми зерттеудің пәні ретінде осы тақырыпқа қатысты халықалалық-
құқықтық актілер, отандық және шетелдік заң әдебиеттері, басылымға шыққан
ғылыми баяндамалар мен монографиялар.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі. Жұмыс негізіне алынған
материалдар: халықаралық-құқықтық актілер, М.А. Сарсембаев, Ж.О.
Құлжабаева, С.Ж. Айдарбаев, Т.К. Ерджанов, Г.И. Тункин және т.б. заңгер-
ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмыстың методологиялық негізі. Зерттеу барысында жалпы және
жеке ғылыми дербес әдістер қолданылды: анализ, синтез, құқықтық-
салыстырмалы, жүйелі-құралу, логикалық, нақты социологиалық, тарихи және
т.б.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Дипломдық жұмыс материалдары және
тұжырымдары халықаралық құқықтың қайнар көздерін ғылыми тұрғыдан түсінуге,
талдауға және тиімділігін арттырудың нақты ұсыныстары айтылады. Сонымен
қатар, арнаулы курстар дайындауға, ғылыми зерттеулер ісін жүргізуге
дипломдық жұмыс материалдары негіз бола алады.
Диплом жұмысының күрылымы. Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне
сай кіріспеден, екі тарау, соған сәйкес он бір тараушадан, қорытындыдан
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінің жалпы сипаттамасы

1.1 Халықаралық жария құқықтың қайнар көздері ұғымы және түрлері
"Құқықтың қайнар көздері" деген термин материалдық және ресми (заңдық)
екі аспектіде қолданылады.
Халықаралық құқықтың материалдык қайнар көздері ретінде халықаралық
еңбек бөлінісі нәтижесінде дамитын және халықаралық құқық нормаларын
түзетін бүкіләлемдік экономикалық катынастарды айтамыз. Осы заманғы
халықаралық құқықтың мағынасындағы қайнар көздері - бұл оның нормалары мен
қағидаларының көрінуі мен бекітілуінің ерекше, арнаулы нысаны. Осы заманғы
халықаралық құқықтың заңдық қайнар көздері халықаралық құқық шығармашылықта
ерекше орынға ие, атап айтқанда халықаралық кұқықтың нормалары мен
қағидаларының қалыптасу және пайда болу процесін корытындылайды.
Сөйтіп, халықаралық құқықтың қайнар көздерінің - заңи мағынасы - бұл,
оның субъектілерінің келісілген еркін білдіретін халықаралық кұкык
нормаларына айналған нысандар.
Қайнар көздердің жүйесі негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді.
Негізгіге мыналар жатады:
- Халықаралық шарт;
- Халықаралық дәстүр;
Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздеріне мыналар жатады:
- Халықаралық үйымдардың шешімдері, қарарлары;
- Халықаралық Соттың және Төрелік соттың шешімдері;
- Мемлекетішілік зандар, ұлттық соттардың шешімдері;
- Халықаралық құқықтағы ғалымдар доктринасы;
- Өркениетті ұлттар таныған құқықтың жалпы қағидалары".
Халықаралық құқықтын өзіндік қайнар көздері болып
табылмағанымен де, бүл қайнар көздер, біріншіден, "халықаралық-күқыктық
нормалардын жасалу процесінде белгілі бір сатылары болып табылады;
екіншіден, заң шығару процесі барысына әсерін тигізеді; үшіншіден,
халықаралық құқық нормаларының бар болуын немесе мазмұнын бекітеді.
Халықаралық шарт шарттасушы тараптар үшін құқықтар мен міндеттер
түзеді, бұлар оның заң нормаларында бекітіледі. Осы қайнар көз халықаралық
құқықтың негізгі қағидаларына сәйкес келетін заң нормаларын жасайды.
Халықаралық қүқық нормаларын жасайтын мемлекеттердің келісілетін еріктері
аяқталған нысанда болғанда шарт жасалады. Соңғы жағдайда біз мемлекеттер
арасында жасалатын келісімдерді де айта аламыз. Ол үшін ереже бойынша
жазбаша бекітілген немесе ауызша айтылатын белгілі бір мәтін болу керек.
Халықаралық құқық доктринасы халықаралық шарттардың құқыққа сай болуының
басты белгісі ретінде оларды жасау барысындағы еріктілікті айтады. Сондай-
ақ, шарт тиісті мемлекеттердің тең құқылы ерік білдіруі бола табылған
жағдайда құқықтың қайнар көзі болып саналуы мүмкін. Халықаралық шартта көп
мәрте қолдануға есептелген жалпы нормалар немесе бір ғана жағдайда
қолданылатын жеке нормалар да болуы мүмкін Халықаралық шарттың қүқықтық
табиғатына, жасалу сатыларына "Халыкдралық шарттар қүқығы" деген тарауда
кеңінен тоқталатын боламыз.
Халықаралық дәстүр шарттан кейін екінші орынға ие, бұрындары ол басым
дәрежеге ие болатын. Әдеттегі нормалар ұзақ мерзімді тәжірибенің
нәтижесінде, қүқық субъектілерінің ондай норманың заңи міндетті сипатын
мойындағанынан кейін пайда болады. Шарттық және әдетгегі нормалар
халықаралық құқықтың жалпы жүйесін құрайды, олар бір-біріне қайшы келмейді,
керісінше, халықаралық қүқық нормаларын тиімді қолдануды камтамасыз етеді.
Халықаралық дәстүр дегеніміз халықаралық тәжірибеде қалыптасқан тәртіп
ережесі, халықаралық құқық субъектілері оның заңи міндетті сипатын
мойындайды [2,33]. Дәстүрдің шарттық нормадан айырмашылығы тиісті
ережелерді нақты көрсететін заңдық құжат еместігінде. Дәстүр бар немесе
бірнеше мемлекеттердің халықаралық әрекеттерінін үқсастықтарының күші
бойынша жинақталады. Ол ұзақ мерзім бойында қолданылады және заңдық
міндеттілігіне сенім сипатында болады. Сонымен, мемлекет тәжірибелерінің
үзақтығы салыстырмалы сипатта. Бүгінгі тандағы халықаралық қатынастарда
әдеттегі нормалардың қысқа мерзімде жасалуы да кездеседі, мысалы, ғарыш
құқығында, теңіз қүқығында.
Сөйтіп. халықаралық дәстүрге мыналар тән:
- Қолданылу мерзімінің ұзақтығы.
- Мойындалуының жалпылығы.
- Заңдық міндеттілігінің сенімділігі.
Халықаралық дәстүрдің пайда болуы үшін қайталанба тәжірибе керек.
Халықаралық-құқықтық әдебиеттерде кез келген қайталанудың әдеттегі
нормалары жасалмайтыны жөнінде аз айтылып жүрген жоқ. Қандай да бір
әрекеттердің қайталануы тәртіп нормасын жасауға әкелмеуі де мүмкін, ол жай
әдетке айналып кетеді. Халықаралық әдет деп мемлекеттердің зандық
міндеттілігі бар деп есептелінбейтін жалпы тәжірибелерін айтады.
Халықаралық қатынастарда, әсіресе дипломатиялық қатынастар мен теніз
кеме қатынасында көп уақыттан бері әрекет етіп келе жатқақ дегенмен
халықаралық құқық нормасы болып табылмайтын нормалар аз емес. Мәселен,
дипломаттардын жүктерін кеден бақылауынан тексермей өткізуге, үшінші
мемлекеттің аумағында дипломаттардың кейбір артықшылықтарының болуына,
әдетте көптеген мемлекеттер рұқсат етеді. Алайда 1961 ж. дипломатиялық
қатынас туралы Вена Конвенциясы өз күшіне енгенге дейін мүндай нормалар
халықаралық құқықтық деп емес, халықаралық сыпайыгершілік нормалары деп
есептелетін.
Халықаралық дәстүр мен халықаралық шарт құқықтың негізгі қайнар
көздері және жалпы халықаралық құқық нормаларын жасаудың екі түрлі тәсілі
болып табылады. Сөйтіп, халықаралық құқықтың әдеттегі нормаларын шарттық
жолмен өзгерту көп кездесетінін, әсіресе халықаралық құқықтың жүйеленуінде
кездесетінін баса айтқан жөн. Ал шарттық нормаларды әдеттегі нормаларға
ауыстыру жағдайлары сирек кездеседі, яғни шарттық тәжірибе әдетте оларды
өзгерту ережелерін немесе күшін жоюды қарастырады.
Халықаралық ұйымдардың шешімдері, қарарлары. Халықаралық құқықтың
аталмыш қайнар көзінің маңызы халықаралық құқық субъктісі ретіндегі
халықаралық ұйымдардың рөлімен бірге арта түседі. Аталған қайнар көз өз
бетінше халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды. Халықаралық үйымдардың
қаулылары, ең бірінші Бас Ассамблея мен
Қауіпсіздік Кеңесінің карарлары норма жасау процесіне қатысады.
Мәселен, БҰҰ Жарғысының 11-бабында Бас Ассамблеянын "Б¥¥ немесе Қауіпсіздік
Кеңесіне мүше-мемлекеттерге ұсыныстар беру" құкығы ғана бар екендігі
көрсетілген. БҰҰ-ның барлық органдарының ішінде Қауіпсіздік Кеңесіне ғана
бейбітшілікті қолдану мәселелері бойынша, барлық мүше мемлекеттерге
міндетті шешімдер қабылдау мүмкіндігі берілген және ол Б¥¥ Жарғысының 25-
бабында бекітілген.
Халықаралық Соттың және төрелік соттың сот шешімдері. Халықаралық Сот
пен төрелік сот қолданыстағы құқықтарды қолданады, талдайды, алайда құқық
нормаларын шығармайды. Халықаралық Сот Статутының 38-бабында олардың
шешімдерін "құқықтық нормаларды анықтау үшін көмекші құралдар" ретінде
бейнелейді. Сот шешімдерінің маңызды рөлі мемлекеттердің соттағы
тәжірибелерін көрсетуінен шығып отыр. Оның халықаралық құқықтың жүйеленуіне
көмегін тигізері сөзсіз.
Халықаралық құқық нормаларының қалыптасуына ұлттык заңдар зор әсерін
тигізеді. Дегенмен, ұлттық заңдар халықаралық-қүқықтық норма санатында
танылған кезде ғана халықаралық кұқықтын қайнар көзі болып есептеле алады
(халықаралық шарт арқылы немесе халықаралық дәстүр арқылы).
Халықаралық Сот Статутының 38-бабында Соттың істерді шешу барысында
"құқықтық нормаларды анықтау үшін қосымша құралдар ретінде түрлі ұлттардың
жария құқықтары бойынша ең білікті мамандарының доктриналарын" қолдану
мүмкіндігі қарастырылған.
Мұндай доктриналардың маңызы қолданыстағы халықаралық құкықтын қандай
да бір нақты қағидалары, нормалары мен институттарының мазмүнын айқындау
үшін мамандардың ғылыми пікірлерінін қосымша материалдар ретінде қызмет
етуінен көрінеді. Доктриналар халықаралық қатынастың жаңа ережелерін
дайындай алады және қалыптастыра алады. Бірақ олар заңдық тұрғыда міндетті
болуы үшін халықаралық тұрғыда танылуы керек, яғни бүл ғылыми көзқарастар
халықаралық қатынас катысушыларының ерік білдірулерін келісімге келтіруге
негіз болулары қажет [3,57].
"Құқықтың жалпы қағидалары" проблемасын Ұлттар Лигасы қозғаған
болатын, алғашында халықаралық әділ соттың Түрақты Палатасы Статутының 38-
бабында, кейін БҰҰ-ның Халықаралық Сот Статутында орын алды. "Құқықтың
жалпы қағидалары" деген ұғым "құқықтың негізгі қағидалары" деген ұғымнан
өзгешелеу. Мәселен, "құқықтың жалпы қағидаларына" үлттық құқықтық
жүйелерде, сондай-ақ халықаралық құқықта да қолданылатын құқықтық
нормаларды түсіндіру және қолдану процесіндегі заңдық түсініктер, заң
логикасының, техникасының ережелері жатады.
Халықаралык жария кұқықтың қайнар кездерінін жүйесіне сәйкес,
әдебиеттерде "қатаң құқық " және "жұмсақ құқық " деген ұғымдар қолданылады.
"Қатаң қүқық " санатына халықаралық шарттарды және үкіметаралық
ұйымдардың міндеттейтін шешімдерін жатқызса, "жұмсақ қүқыққа" -ұсыныстық
қарардарды жатқызады.

1.2 Халықаралық шарттың халықаралық құқық қайнар көздері арасындағы
орны
Халықаралық шарттар құқығы – шарттық-құқықтың нормалар жиынтығын
құрайтын, халықаралық шарттардың жасалу тәртібін, жарамдылық шарттарын,
әрекет етуі мен тоқтатылуын айқындайтын халықаралық жария құкықтың бір
саласы. Халықаралық шарттардың құқығы осы заманғы халықаралық құқықтың
негізгі салаларының бірі, ол халықаралық құқықтың барлық құқықтық
нормаларымен, институттарымен және салаларымен тығыз байланысты болып
табылады. Бұл сала осы заманғы халықаралық құқықтың қызмет тәртібін,
шарттық нормаларды жасау тәртібін, олардың жарамдылығын, әрекет ету, тоқтау
рәсімдерін, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаудын құқықтық салдарын
айқындайды. Шарттық құқықтың мұндай басымдылық рөлі оның реттеу
объектісінің ерекшелігімен осы заманғы халықаралық қатынастардағы
маңызымен, сондай-ақ халықаралык шарттар құқықтарының қайнар көздерінің
өзгешелігімен айқындалады. Халықаралық шарттың өзі халықаралық шарттар
құқығының объектісі болып табылады, ол халықаралық құқықтың негізгі қайнар
көзі; әдеттегі ғана емес, сонымен бірге шарттық ережелерді де өзгерту
құралы; халықаралық жария құқықтың барлық салаларында халықаралық құқықтың
маңызды жаңа нормаларының жасалуына мүмкіндік береді. Құқықтың осы
саласының құрылымында, мазмұнында болып жатқан езгерістердің халықаралық
құқықтың басқа салаларының мазмұнынан көрініс табары сөзсіз. Жоғарыда атап
өтілгендер халықаралық жария құқықтың осы заманғы жүйесінде халықаралық
шарттар құқығының ерекше орын алатынын көрсетеді.
Халықаралық шарт – бұл халықаралық құқық субъектілерінің, ең алдымен
және негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің келісілген көрінісі, ол
тараптардың өзара мүдделі мәселелері бойынша жасалады және қатынастарды
халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сай, өзара құқықтар мен
міндеттерді жасау жолымен реттейтін шарттық ережелер болып табылады. Мұнда
айта кететін бір жайт, халықаралық құқықтағы шарт шарттық процесс
қатысушыларының ерікті ғана емес, сонымен бірге бір-біріне маңызы бірдей
жол берушілік нәтижесінде пайда болады. Халықаралық шарт құқығының теориясы
шарттарды тең құқықты және тең құқықсыз деп екіге бөледі. Халықаралық жария
құқық субъектілерінің сапалы шарттық тәжірибелері үшін тең құқықты
шарттардың алар орны ерекше екені дау тудырмайды, олар шарттық процесс
қатысушыларының тәуелсіздігі мен дербестігін өзара мойындауға негізделген
[4].
Ал, өкінішке орай іс жүзінде кездесетін теңқұқықсыз шарттарды не
сипаттайды?
- Шарттық процестің негізгі субъектілері – мемлекеттердің
тәуелсіздігін сыртқы жағынан шектеу.
- Халықаралық құқық субъектілерінің ішкі құзыреттерін құрайтын
мәселелерге қол сұғу.
- Өз мемлекеттерінің заңдарына бағындыру әрекеті.
- Келісуші мемлекеттердің құқықтар мен міндеттерді бөлісудегі
әжептеуір үйлеспеушіліктерінің болуы.
- Қаржылық міндеттемелердің сәйкессіздігі, өзара тиімділіктің
болмауы, жол беруде бірдейліктін, теңдіктің жоқ болуы.
Халықаралық шарт мемлекеттер арасында туындайтын дауларды бейбіт
жолмен шешудің жалғыз құралы, тиісінше халықаралық келісімдер
мемлекетаралық қатынастармен бір мезгілде пайда болған деуге болады.
Мемлекетаралық ынтымақтастықтың даму тарихы мүндай шарттардың көптігі мен
түрлі-түрлі болғандығын дәлелдейді. Әлемдік бірлестіктің дамуына қарай,
шарттық процесс қатысушыларының міндеттемелері нақтыланып, заңи сипат айта
бастады. Мысалы, алғашында шарттық міндеттемелер діни моральға негізделсе,
ХVІІ-ХVIII ғғ. шарттар монархтардың саяси моралына сүйене бастады;
халықаралық шарттар қүқығында XIX ғ. саяси шарттардың тек құқықтык нысанда
ғана емес, сондай-ақ дін мен моральға сүйенген кезеңі ретінде сипатталады.
Сөйтіп, халықаралық саяси шарттар қүқықтық шарттардан келіп шыққан еді.
Мемлекеттер олардың заңдық күшін мойындай отырып, шарттардың моральдық-
саяси маңызын да жоққа шығармайды.
Халықаралық шарттар құқығының қалыптасу процессі рим құқығының
әсеріне, оның ішінде міндеттемелік құқық нормаларының әсеріне көп ұшырады.
Мәселен, "расtа sunt servanda" — "шарттар орындалуы тиіс" деген шарттар
құқығының негізгі ережесі рим қүқығынан алынған. Шарттық құқықтың жүйеленуі
тұтастай алғандағы халықаралық құқық жүйеленуінің ажырамас бөлігі болып
табылады. 1935 ж. Гарвард университетінің негізінде бір топ заңгерлердің
Гарвард Жобасы деп аталатын еңбектері жарыққа шықты. Халықаралық жария
құқықтың осы саласынын ресми жүйесін 1924 ж. ¥лттар Лигасы кабылдады.
Алайда, сарапшылардың дайындаған баяндамасы сол күйі талқыланбаған күйде
қалды. Халықаралық шарттар туралы 1928 ж. америкааралық конвенция жүйелеген
алғашқы халықаралық-құқықтық акт болып табылады. Шарттар құқығы туралы
мәселе 1950 ж. бастап, халықаралық құқық Комиссиясының жүйелеу жүмыстарының
тізіміне енгізілді. 1968 ж. шақырылған халықаралық шарттар құқығы
жөніндегі Вена Конвенциясы 1969 ж. халықаралық шарттар құқығы туралы Вена
Конвенциясын қабылдаумен аяқталды. Конвенция 1980 ж. 27 қаңтарында күшіне
енді, себебі 1969 ж. Конвенцияның 84-бабына сәйкес, ол "қосылу туралы отыз
бесінші бекіту грамотасын немесе отыз бесінші құжатты сақтауға бергеннен
кейін отыз күн өткенде" күшіне енеді деп көрсетілген. Қазақстан
Республикасы оған 1993 ж. 31 наурызында қосылды.
Бұл жүйелеу қүжаты 85 баптан және қосымшадан тұрады. Оның
Кіріспесінде, халықаралық шарттар құқықтарының жүйеленуі және үдемелі дамуы
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, халықтар арасындағы
достық катынастарды дамытуға және бір-бірімен ынтымақтастықты жүзеге асыру
жолындағы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі деп
көрсетілген. Кейінірек халықаралық кұқық Комиссиясы халықаралық ұйымдардың
қатысуымен жасалатын шарттардың әрекетін реттейтін нормалардың жүйеленуін
жүзеге асырды. 1986 ж. халықаралық қауымдастық мемлекеттер мен халықаралық
үйымдардың арасындағы халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена
Конвенциясын қабылдайды. Осы нормативтік актілерді қолдану тиімді болу үшін
екі Конвенция баптарының нөмірлері сәйкестендірілді. 1978 ж. тағы бір
маңызды жүйелеу акті - мемлекеттердің шарттарға қатысты құқықмирасқорлығы
туралы Вена Конвенциясы қабылданды. Сонымен, халықаралық құкык
Комиссиясының жоғарыда аталған жүйелеу жұмыстары халықаралық құқық
қызметінің маңызды сатысы болып табылады.
Халықаралық жария құқықтың барлық субъектілері халықаралық шарттар
құқығының субъектілері бола алады. Халықаралық-құқықтық әдебиеттерде
шарттық процестің субъектілік құрамын айқындау үшін: "субъектілер",
"катысушылар", "контрагент", " халықаралық шарттың тараптары" сияқты түрлі
терминдер пайдаланылады. "Контрагент" термині, белгілі болғанындай, сауда
тәжірибесінде, ал "субъектілер" термині ғылыми түрде қолданылады. Осындай
жалпы санаттардан басқа, 1969 ж. Вена Конвенциясының 78-бабында, 1986
ж. Конвенцияның 80-бабында "шартқа қол қоюшылар" термині қолданылған.
Шарттық ережелерді талқылауға қатыспаған, бірақ шартқа қол қойған мемлекет
халықаралық-құқықтық міндеттемелердің теңқұқықты қатысушылары болып
есептелетінін айтып өту керек.
Барлық мемлекеттердің халықаралық шарт жасасу құқықтары бар. Мұндай
ереже халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 ж. Вена Конвенциясының 6-
бабында: "Әрбір мемлекеттің шарт жасасу құқық қабілеттілігі бар" деп
бекітілген [5]. Сонымен бірге, мемлекеттердің шарттардың белгілі бір
түрлерін жасау құқығы шектелуі мүмкін. Мысалы, халықаралық келісімдерге
сәйкес, ұдайы бейтарап мемлекеттердің қорғану сипатындағы одақтық шарттарды
жасау, әскери одақтар, әскери көмектер туралы келісімдер жасау құқығы жоқ.
Бұл ұдайы бейтарап мемлекеттердің қүқықтық табиғатына байланысты.
Өздерінің тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттардың шарттық кұқық
қабілеттілігі олардың халықаралық құқық субъектілігінің бір бөлігін
құрайды. Мысалы, Иорданиядағы жағдайды қалпына келтіру туралы 1970 ж. Каир
Келісімі; тәуелсіздік үшін қарулы күрес кезеңіндегі алжир ұлтында шарттық
қатынастар болды, олардың Алжир Республикасы құрылғанға дейін өздерінің
қарулы күштері ғана емес, сонымен бірге өз үкіметі де бар болатын.
¥лттардың отарлық режимін қандай да бір нысанынан тәуелсіз және басқа
мемлекеттердің, оның ішінде метрополиялардың тануынан да тәуелсіз күйде
халықаралық шарттық қатынастарға түсе алатынын халықаралық құқық тәжірибесі
дәлелдеуде.
Халықаралық ұйымдардың шарттық құқық қабілеттілік сипаты халықаралық
құқықтың негізгі субъектілері мемлекеттердің шарттық құқық қабілеттілігінен
өзгешерек. Халықаралық үйымдар, егер олардың құрылтай құжаттарында осындай
рәсім көзделген жағдайда немесе мүше-мемлекеттердің ерекше өкілеттіктеріне
негізделген жағдайда ғана шарттық процеске катыса алады.
Халықаралық қатынастар іс-тәжірибесінде түрлі санаттағы субъектілер
қатысатын көп жақты шарттар кездеседі. Бүл шарттарды өздерінің зандық
табиғаты жағынан "аралас" немесе күрделі деп атауға болады. Мысалы,
халықаралық ұйымдардың теңіз спутниктік байланысын пайдалану туралы 1976 ж.
келісімнің (ИНМАРСАТ) қатысушылары мемлекеттер, жария және жеке сипаттағы
ұлттық ұйымдар болған. Эквадор, Юнеско және Чарльз Дарвин Федерациясы
арасындағы Галапагосс архипелагының биологиялық бірлестігін қорғау шаралары
туралы 1964 ж. үш жақты келісімде, Ч.Дарвин Федерациясы үкіметтік ұйым бола
алмайтындықтан халықаралық құқықтың субъектісі бола алмайды.

1.2.1 Халықаралық шарттардың құқықтык табиғаты
Халықаралық құқық субъектілерінің арасында өзара келісілетіннің
барлығы халықаралық шарттың объектісі немесе заты болып табылады. Ол
материалдық және материалдық емес құндылықтар, әрекет немесе әрекетсіздік
болуы мүмкін Халықаралық, сонымен қатар ішкі мәселелер де халықаралық
шарттардың объектілері болуы мүмкін, оларды шешу шарттық процестің барлық
қатысушылары үшін мүдде болады. Шарттық тәжірибеде халықаралық құқықтың
барлық негізгі қағидаларының орындалуы міндетті. Мысалы, егер халықаралық
құқық субъектілері мемлекеттік шекараларды делимитациялау және
демаркациялау туралы шартқа қол қойса, онда мүндай жағдайда аумақтық
тұтастық қағидасы мен шекаралардың қол сұғылмайтындығы қағидаларын орындау
басты орында болады. Шарттық процеске қатысушылар экономикалық келісім
ережелерін талқылаған кезде, олардың назары өздеріне жүктелген
міндеттемелерді адал орындау қағидасына, туындаган дауларды бейбіт түрде
реттеу қағидасына, мемлекеттердің ынтымақтасу қағидасына аударылады. Егер
шарттық ережелер адамның қүқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне
катысты болса, онда мемлекеттер өздеріне адамның құқықтары мен негізгі
бостандықтарын құрметтеу қағидасына, халықтардың тең құқықтылығы мен өзін-
өзі басқару қағидасына сәйкес міндеттемелерді алады.
Халықаралық шарт объектісінен оның мақсатын айыра білу керек, яғни ол
осындай шарттардың әрекет ету нәтижесінде мемлекеттердің қол жеткізгілері
келетін мақсаттары болып табылады. Мақсат әркашан да нақты сипатта, ол
көбіне-көп халықаралық шарттың Кіріспесінде, кейде оның негізгі бөлігінде
көрсетіледі. Басқаша айтқанда, халықаралық шарт объектісі дегеніміз оның
мақсатқа жету жолындағы құралы болып табылады. Халықаралық шартты жасай
отырып, онда біріккен мақсатты көрсете отырып, келісуші тараптың
әрқайсысының жеке максаттары да болуы мүмкін.
Кез келген халықаралық шарттың ажырамас қасиеті және оның халықаралық
дәстүрден ерекшелігі, мүнда субъектілердің еркі анық керсетілетіндігінде.
Халықаралық құқық субъектілерінің еріктерінің айқын сипат алуына
көмектесетін құралдар мен тәсілдер халықаралық шарттың нысанын құрайды.
Оларға ауызша тұжырымдар және анықтамалар, сондай-ақ шарттың әр түрлі
бөліктерінің орналасу арақатынасы мен рөлі, оның құрылымы мен атауы
жатқызылады. Белгілі болғанындай, халықаралық шарттар жазбаша, кейде ауызша
нысанда жасалады. Мысалы, халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена
Конвенциясының шарттық ережелері сауда шарттарының жазбаша да, ауызша да
жасалу нысандарын қарастырады.
Халықаралық шарт нысанының маңызды элементтерінің бірі және оның
көмегімен субъектілердің ниеттерін айқын көрсететін нәрсе - ол шарттық
процестің қатысушылары қолданатын тіл болып табылады. Халықаралық шарт
мәтінделген, сөзбен бекітілген келісім түрінде болуы мүмкін. Халықаралық
шарттың қандай да бір міндетті тілі жоқ екенін айтуымыз керек. Белгілі
болғанындай, екі тарапты шарттар келісуші екі тараптын білетін тілдерінде
жасалады. Екі тараптың тілдерінде жасалған мәтіннің бірдей заңдық күші
болады, яғни олар тең. Бұл ереже шарттың қорытынды баптарында жиі
көрсетіледі. Кейбір жағдайларда екі тарапты шарттар екі тілде емес, үш
тілдегі нұсқада жасалуы мүмкін. Оны тараптардың серіктестерінің тілін
білмегендіктен, екі тарапқа да белгілі тілге жүгінуімен түсіндіруге болды.
Мұндай жағдайда, қарама-қайшылықтар туындайтын болса, бір мемлекеттің тілі
келесі тарапқа түсініксіз болса, үшінші тілдегі мәтін түпнұсқалық
(аутентикалық) болып есептеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Балтық
елдерімен шарт жасасу тәжірибесінде шарттарды үш тілде жасау кездеседі:
қазақ тілінде және шарт жасасушы Балтық елінің бір тілінде - литва, латвия,
эстон тілдерінде; үшінші қолданылатын тіл - орыс немесе ағылшын тілдері
болады. Халықаралық әмбебап ұйым - Біріккен ¥лттар ¥йымының аясында
жасалатын шарттар, әдетте, осы үйымның алты ресми тілдерінде - орыс, араб,
ағылшын, француз, испан және кытай тілдерінде жасалады.
Халықаралық шарт нысанының элементтеріне оның құрылымын, шарттың
атауын көрсететін кіріспесін, негізгі және қорытынды бөлімдерін жатқызады.
Халықаралық шарт құқығы теориясында шарттың кіріспесі, халықаралық шарттың
басқа бөлімдерімен теңдей заңдақ күші бар ажырамас бөлігі ретіндегі маңызы
көпке дейін жоққа шығарылып келді. Алайда, халықаралық шарт құқықтары
туралы 1969 ж. Вена Конвенциясыньщ 31 -бабында шарттың контексіне
кіріспенің де кіретіні анық көрсетілген. Кіріспеде келісуші тараптардың,
уәкілеттілердің атаулары, дәлелдері және өкілеттерінің жарамдылығы ғана
емес, сонымен бірге шарттың мақсаты да көрсетіледі. Мысалы, БҰҰ-ның 1945 ж.
Жарғысының Кіріспесінде соғыстың зардаптарынан құтқару, адамның негізгі
құкықтарына деген сенімді бекіту, міндеттемелердің әділдігі мен құрметтеуді
сақтауға шарт-жағдайлар жасауға көмектесу және т.б. мазмұндалған. Қазақстан
Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы
БҰҰ-ның қамқорлығындағы ұжымдық бітімгершілік батальонын үйымдастыру және
кұру туралы 1995 ж. 15 желтоқсандағы Келісімнің Кіріспесінде БҰҰ мүшесі
екендігі, барлық әлемде бейбітшілікті сақтау үшін халықаралық
қауымдастықтың жоғарғы жауапкершілігін бөлісу туралы тезис, дағдарыстарды
реттеу, соғыс қаупінің алдын алу және т.б. реттеудегі БҰҰ-ның күш салуына
тараптардың бірігіп үлес қосуға ұмтылулары ескеріліп өткен.
Халықаралық шарттың орталық бөлігі бөліктерге, тарауларға, баптарға,
параграфтарға, тармақтарға, тармақшаларға бөлінеді. Осындай бөліктерге бөлу
халықаралық шарттардың мәтінін пайдалануды, әсіресе олар үлкен көлемді
болған жағдайда жеңілдетілді. Аталған элементтердің бар немесе жоқ болуы
шарттың мазмұнына, қатысушылардың санына, мақсаттарына және өзге де
факторларға байланысты, мысалы, жоғарыда аталған 1969 ж. Вена Конвенциясы
көпжақты шарт ретінде бөліктерге, бөлімдерге, баптарға, тармақтарға,
тармақшаларға бөлінеді. 1949 ж. Женева Конвенциясы әрекеттегі армиялардағы
жараланғандар мен аурулардың жағдайын жақсарту, сондай-ақ теңіздегі қарулы
күштердің құрамынан кеме апатына ұшыраған жәбірленуші адамдардың жағдайын
жақсарту туралы мазмұны тарауларға, баптарға, тармақтарға, тармақшаларға
бөлінген. Ал дипломатиялық қатынас туралы 1961 ж. Вена Конвенциясы, ядролық
қаруды таратпау туралы 1968 ж. шарттың мазмұнды тек баптарға, тармақтарға,
тармақшаларға бөлінген.
Халықаралық шарттардың корытынды ережелерінде, белгілі болғанындай,
қол қою, бекіту, қосылу актісі, шарттын заңды күшіне ену негіздері, шарт
жасалатын тілдер жөнінде мәліметтер, депозитарийді көрсету және мәтіннің
түпнұсқалығы туралы тезис болады.
Халықаралық шартта қосымша материалдардан, қол қоюдың қорытынды
хаттамаларынан, ноталар немесе хаттар алмасудан, реттеу рәсімінің
ережесінен тұратын қосымшалар болуы мүмкін Қосымшаның кіріспеден, негізгі
және қорытынды ережелерден өзгешелігі, ол шартта немесе қосымшада тікелей
көрсетілсе, шарттың ажырамас бөлігі бола алады [6,71]. Мысалы, БҰҰ-ньщ 1945
ж. Жарғысының 92-бабына сәйкес, Халықаралық Сот Статуты Жарғының ажырамас
бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей
Федерациясы үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу туралы 1994 ж.
19 желтоқ-сандағы шартта, аталмыш шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын
бірнеше қосымшалар көзделген Мысалы, № 3 қосымшада жалға алудың қосымша
шарттары бар: визасыз режим мәселелері, кедендік рәсімдеу, тұрмыстық шарт-
жағдайлар. Белгілі болғанындай, аумақтық мәселелер жөніндегі шарттарда
топографиялық карталар, демаркациялық (шекаралық) белгілері бар қосымшалар;
ал халықаралық экономикалық шарттарда - техникалық стандарттары, тарифтері
бар қосымшалар болады.
Халықаралық шарттардың нысандарын атау сияқты элементтері де үлкен
маңызға ие. Себебі, халықаралық тәжірибеде жасалатын шарттардың саны
шексіз. Сондықтан кездесіп отыратын шарттардың атауын есептеу қиынға
соғады. Көп колданылатын атаулардың түрлері мынадай: шарт, конвенция,
келісім, пакт, хаттама, жарғы, статут, біріккен өтініш, декларация,
мазмұндама, хартия, меморандум, регламент, акт, ноталар алмасу және т.б.
Бүгінгі таңда халықаралық шарттар атауларының заңдық ерекшеліктері де және
мұндай атаулардын көпшілік таныған топтамалары да жоқ. Сонымен бірге,
кейбір атаулардың іс жүзінде ұзақ мерзім пайдаланылуы нәтижесінде біршама
заңдылыққа ие болатынын да айта өту керек. Мысалы, халықаралық ұйымдарды
немесе олардың жеке органдарын құру туралы шарттар жарғылар немесе
статуттар деп аталады (БҰҰ Жарғысы, ТМД Жарғысы, Халықаралық Сот Статуты).
Көптарапты шарттардың қатысушылары, әдетге, өздерінің кұкықтары мен
міндеттерін конвенция нысанында ресімдейді (Женева Конвенциясы, Гаага
Конвенциясы). Қалыптасқан халықаралық тәжірибеде соғыс және бейбітшілік
мәселелері, адамның қүқықтары мен бостандық мәселелері жөніндегі маңызды
шарттық ережелер пактімен белгіленеді (шабуыл жасамау Пактісі, Рерих
Пактісі, адам құқықтары жөніндегі Пактілер). БҰҰ-ның халықаралық құқық
Комиссиясында шарттардың түрлі атауларын талқылаған кезде ноталар алмасу
сияқты атау туралы мәселе қызу талас туғызды. Комиссияның кейбір мүшелері
ноталар алмасуды дипломатиялык қызметтің салдары ғана деп есептейді.
Алайда, Вена Конференциясы қатысушыларының көпшілік бөлігі ноталар алмасуды
халықаралық шартты жасаудың бір тәсілі деп есептеу керек, себебі осындай
алмасу арқылы тараптардың келісімдері ресімделеді деп айтып өтті. Үкімет
басшылары мен мемлекет басшыларының өтініштері мен мазмұндамалары сияқты
шарттық актілер халықаралық-қүқықтық қатынастарда үдемелі орын алуда. Осы
заманғы жағдайда оларда маңызды саяси, экономикалық және әскери мәселелер
женіндегі келісмдердің, келіссөз жүргізудің нәтижелері көрініс табады.
Халықаралық шарттар құқықтарының теориялық курсы үшін халықаралық
шарттардың жіктелуінің үлкен маңызы бар. Жіктеуге мыналар негіз болады:
Шартка катысушылардың сандық кұрамына байланысты: екі тарапты және
көп тарапты. Екі тарапты шарттар, өз кезегінде әр тарапта бір қатысушы
болатын әдеттегі екі тарапты шарттарға және бір тарабында да, екінші
тарабында да бірнеше қатысушылары бар шарттарға бөлінеді. Көп тарапты
шарттардың ішінде қатысушылары шектеулі шарттар (топтық немесе шектелген
деп аталатын) және жалпы (әмбебап) шарттар болатынын айыра білу керек.
Халықаралық шарт объектілерінің түрлеріне байланысты: саяси.
экономикалык. арнайы мәселелер бойынша. Шабуыл жасамау туралы,
дипломатиялық және елшілік катынастарды орнату жөніндегі, аумақтық
мәселелер жөніндегі шарттар және т.б. саяси шарттарға жатқызылады.
Экономикалық мәселелер жөніндегі шарттар санатына тауар жеткізілімі
және тауар айналымы жөніндегі, есептік-несиелік шарттар, ендірістік
меншікті қорғау туралы, қосарланған салықтан құтылу үшін шарттар
және т.б. жатқызылады. Арнаулы мәселелер жөніндегі халықаралық
шарттар көлік, ауыл шаруашылығы, ғылым және мәдениет, денсаулық
сақтау, құқықтық мәселелер көлемінде жасалады.
Халықаралық шарттарды жасайтын органдарға байланысты шарттар
мемлекетаралық. үкіметаралық. ведомствоаралық болып бөлінеді. Қазақстан
Республикасы Президентінің "Халықаралық шарттарды жасасу, орындау және
күшін жою тәртібі туралы" заң күші бар Жарлығының 3-бабына сәйкес,
халықаралық ұйымдар шетелдік мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының
атынан мемлекетаралық шарттарды жасайды; үкіметаралықты - Қазақстан
Республикасының Үкіметі атынан; ведомствоаралықты - Қазақстан
Республикасының министрліктерінің, мемлекеттік комитеттерінің және өзге де
орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын мемлекеттік органдардың
атынан жасайды [7].
Халықаралық шарттың жасалатын мерзіміне байланысты мерзімді
және мерзімсіз шарттар болады. Халықаралық шарттың қорытынды ережелерінде
қандай да бір шарттың әрекет ету мерзімі келісіледі. Мысалы, конвенциялық
шарт ережелері, әдетте, мерзімсіз болады. Тауар жеткізілімі, лизинг
мерзімдеріне байланысты экономикалық шарттар мерзімді халықаралық шарттарға
жатқызылады.
Зандық салдарына, ұлттық заңдардын өзгеруіне байланысты
халықаралық шарттарды өзі орындалатын және өзі орындалмайтын халықаралық
шарттар деп бөледі. Егер мемлекетте халықаралық шарт ұлттық заңдарды
қосымша, нақтылайтын норма қабылдамай-ақ қолданылатын болса, онда ол өзі
орындалатын болып есептеледі. Мұндай санатқа, әдетте қаржылық мәселелерге
байланысты Қазақстан қатысатын шарттар жатқызылады. Өздерінің мәні бойынша
шарттар халықаралық болып есептеледі, олардың реттейтін қатынастарына әсер
ету нысаны бойынша өздері орындалатын болады, өйткені Қазақстандағы
қаржылық зандарда олар имплементтелмеген. Алайда, осы заманғы шарттық
тәжірибеде олар кездесіп қалады. Мәселе халықаралык бухгалтерлік есеп
аясындағы, салық салу, инвенстициялық қызмет, қаржылық қызмет көрсету,
бәсекелестік ережелеріндегі шарттар. Әрекеттегі ұлттық заңнамаға өзгерістер
енгізуі тиіс шарттық ережелер өздері орындалмайтын болып есептеледі.
Халықаралық шарттарды жіктеу үшін үсынылған негіздер толық көлемде
емес және оның қолданбалық маңызына қарағанда теориялық маңызы анағұрлым
көбірек.

1.2.2 Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары
Халықаралық шарттарды жасау дегеніміз – бірнеше жүйелі сатылардан
құралатын күрделі процесс. Халықаралық шарттар процесінің теориясында осы
процесті техникалық жаққа қарай жатқызу туралы пікірлер қалыптасқан
Халықаралық шарттарды жасау өте күрделі, оның күрделілігін шарт
обьектілерінің күрделілігімен, қатысушыларының табиғаты мен көлемімен,
кейбір жағдайларда саяси жағдайдың жағымсыздығымен түсіндіруге болады. Осы
шарт процесіне халықаралық шарттың қатысушылар тарапының заңи әрекеттері
мен тұтастай бірқатар нақты сатылары кіргізіледі, олар: келіссөздер
жүргізуге уәкілетті тұлғаларды тағайындау; уәкілеттерді ұсыну және тексеру;
шарттың мәтінін үйлестіру; шарттың жобасын талқылау және қабылдау; шарттың
түпнұсқасын жасау (парафирлеу); шартқа қол қою; ескертулерді жариялау;
шартты бекіту; бекіту грамоталарымен алмасу және депоненттеу; шартты
промульгациялау (жариялау); Біріккен Ұлттар Ұйымында шартты тіркеу. Кейбір
заңгерлер шарт жасауға шарттың заңды күшіне енуін де жатқызып жүр. Шарттың
процесіне жоғарыда аталған сатылардың бәрін енгізу міндетті емес. Ол
шарттың нысанына, тараптың қатысушыларының алдын ала келісуіне байланысты.
Халықаралық шартты жасау рәсімін қарастыру халықаралық-құқықтық
әдебиеттерде әдетте, өкілеттіліктерді беруден басталады. Кейбір қайнар
көздерде өкілеттіктерді беру, шарт бастамашылығы сияқты халықаралық шартты
жасаудың алдында болады деп керсетілген.
Егер халықаралық шартты халықаралық конференцияларда немесе
халықаралық ұйымдарда ұсынуға мемлекет өкілдік берген мемлекет басшылары,
үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері, дипломатиялық өкілдіктердің
басшылары жасайтын болса, онда халықаралық шарттар құқықтары туралы 1969 ж.
Вена Конвенциясының 7-бабының 2-тармағына сәйкес, жоғарыда аталған тұлғалар
өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асырғанда шарттық процеске
қатысу үшін арнайы өкілеттіктердің берілуін қажет етпейді. Қазақстан
Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасынын халықаралық шарттарын
жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 ж. Заң күші бар
Жарлығының 9-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасыньщ Президенті,
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, Қазақстан Республикасының
сыртқы істер министрі арнаулы өкілеттіксіз-ақ келіссөздер жүргізуге және
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қоюға құқылы".
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдігінің
басшысы немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы
өкілдігінің басшысы тиісінше өзі барған мемлекетпен немесе осы халықаралық
ұйымның шеңберінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу
жөнінде арнайы өкілеттіксіз келіссөздер жүргізуге құқылы.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдігі
басшысының немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы
өкілдігі басшысының арнайы өкілеттіктері болған ретте ғана Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарына қол қою құқығы бар.
Қазақстан Республикасының министрі, Мемлекеттік комитетінің төрағасы,
өзге де орталық атқару органының басшысы, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік органның басшысы өз құзырындағы мәселелер жөнінде арнайы
өкілеттіксіз-ақ келіссөздер жүргізуге және Қазақстан Республикасының
ведомствоаралық шарттарына қол қоюға құқылы.
Арнайы өкілеттіктерді беру қажет болған жағдайда, келіссөздер жүргізу,
шартты қабылдау, оның түпнұсқасын бекіту, қол қою құқығы құжатта
куәландырылуы тиіс. Мұндай өкілеттіктер жасалатын шарттың барлық сатыларына
таралмауы мүмкін, мысалы, тек қол қоймай келіссөздер жүргізуге берілуі
мүмкін. Бұл мәселелер өкілеттіктерді тексеру жөніндегі комитеттің
құзыретіне жатады. Өкілетті адамның, тегі, аты, әкесінің аты, оның
өкілеттеріне кіретін мәселелер аясы көрсетіледі. Егер екі тарапты шарт
жасалса, онда қатысушылар өкілеттіктерінің түпнүсқаларымен алмасады. Ал,
көп тарапты шарттарда өкілеттіктер конференцияның немесе ұйымның
хатшылығына тапсырылады. Конференцияда баяндама ұсынушының өкілеттіктерін
тексеру үшін арнайы комитет құрылады.
Халықаралық шарттың келісілген мәтінін жасау шарт процесіндегі
міндетті саты болып табылады. Осы сатыға шарт жобасын талқылау мен қабылдау
және оның түпнүсқасын бекіту де кіреді. Келіссөздер жүргізу келісілген
мәтінді дайындаудың негізгі сатысы болып табылады. Олар халықаралық шарттың
келісілген мәтінін дайындаудың мынадай сатыларынан өтеді:
- әдеттегі дипломатиялық көздерді пайдалану;
- халықаралық конференциялардың қызметі;
- халықаралық ұйымдардың қызметі.
Әдеттегі дипломатиялық арналар келісуші тараптардың дипломатиялық
өкілдіктерінің қызметінен тұрады. Келісуші тараптар шарттың жобасы бойынша
келіп түскен ұсыныстарды талқылап, мәміле, өзара талаптан қайту арқылы
өздерінің позицияларын үйлестіреді. Жүргізілген келіссөздердің нәтижелері
бойынша халықаралық шарттың біртұтас келісілген мәтіні жасалады.
Халықаралық шарттың жобасын дайындау процесінде тараптар негізгі мәселелер
жөнінде алдын ала келісімдерге қол жеткізеді [8,307].
Халықаралық конференциялардың қызметі халықаралық шарт мәтінін
үйлестірудің маңызды нысанының бірі болып табылады. Жоғарыда халықаралық
шарттардың құқықтары туралы 1969 ж. Вена Конвенциясының мәтінін үйлестіру
жөніндегі Вена конференциясының жұмысын айтқан едік. Қарусыздану, соғыс
құрбандарын қорғау мәселелері жөніндегі жүйелеу жұмыстары Гаага, Женева
конференцияларының жүмыс нәтижесі болды. Мүндай нысанның ерекшелігі
халықаралық шарт жасасу процесін алдын ала ұйымдастырып, дайындауда.
Қазіргі кезде шарттың келісілген мәтінін дайындау үшін мемлекеттер мен
үкімет басшыларының жоғары деңгейдегі кездесулері кеңінен таралып келеді.
Мысалы, Шанхай кездесуі, Давостағы экономикалық форум, Алматы басқосуы және
т.б.
Қазіргі кезең тәжірибесінде халыкаралық шарттар мәтіндерін жасау
халықаралық үйымдардың қызмет аясына кіреді. Бүл көбіне халықаралық
ведомствоаралық шарттарға байланысты болып келеді. Шарттың мәтінін
үйлестірудің мүндай нысаны шарт тәжірибесінің арнаулы мәселелерін толық
қамтиды, шарт процесі қатысушыларының құзыреттері мен кәсібилігін
жақсартады.
Шарт мәтінін қабылдау - дауыс берудің қажетті рәсімі, оның көмегімен
мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың өкілетті тұлғалары шарттың
мәтінімен келісетіндіктерін білдіреді.
Екі тарапты шарттар және аз мемлекеттер қатысатын шарттардың мәтіні
келіссөздерге қатыскан барлық мемлекеттердін дауыс беруі арқылы
қабылданады. Халықаралық қауымдастықтың қалыптасқан тәжірибесінде
халықаралық конференцияларда шешім қабылдау рәсімі білікті дауыстар санына,
атап айтқанда 23 дауысқа келтірілген. Консенсус жолымен шешім қабылдануы
да мүмкін (латын сөзіндегі consensus - келісім, бірауыздылық деген
мағынада), яғни пікірталас нәтижесінде даулы мәселе бойынша қол жеткізетін
ортақ келісімге келу және халықаралық келіссөздерге қатысушылар
позицияларының жақындасуы, шарттың мәтінін ресми дауыс берусіз қабылдау.
Рәсім ережелері дауыс беру нысанын да айқындайды. Оның ішінде ең көп
қолданылатыны - қол көтеру арқылы дауыс беру. Маңызды шешімдер қабылданатын
жағдайда конференцияға қатысушы барлық мемлекеттер алфавитті тәртіпте жеке-
жеке дауыс береді, оны конференцияның төрағасы жеребе бойынша айқындайды.
Дауыс беру қорытындысы көпшілікке дауыстап айтылып, конференцияның
хаттамасында бейнеленеді.
Мәтінді үйлестіру және қабылдау рәсімінен кейін осы мәтінді түпкілікті
деп тану және өкілетті тұлғалар тарапынан өзгертілмейтіндей бір тәсілді
анықтау қажеттігі туындайды. Шарттың қабылданған мәтіні түпкілікті деп
танылатын рәсім мәтіннің түпнұскалығын бекіту деп аталады (грек сөзі
аиіһепііісоз - түпнұсқа; түпнұсқаға сәйкес , алғашқы қайнар көзден шығатын
деген мағынаны береді). Түпнұсқалық мәтін дегеніміз - бір немесе бірнеше
тілде жасалатын мәтін, олар бірдей түпнұсқалық деп қарастырылады және
бірдей зандық күші болады. Қазіргі кездің шарттық тәжірибесінде мәтіннің
түпнұсқалығын бекітудің мынадай нысандары қолданылады:
- қол қою (парафирлеу - рагарһе деген француз сөзі –
қысқартылған жазу мағынасында) - халықаралық шартқа уәкілетті адамның
атыжөндерінің бас әріптерімен алдын ала қол қою;
- халықаралық конференцияның Қорытынды Актілеріне шарттың
мәтінін енгізу;
- халықаралық конференцияның қарарына шарттың мәтінін енгізу.
Халықаралық шарттың өзі үшін міндетті болатындығына мемлекеттің келісім
беруінің маңызды тәсілдерінің бірі оған қол қою. Халықаралық шарт асасудың
қазіргі кезең тәжірибесінде шарттың қол кою сатысынан өтпейтін кездері де
болады. Мысалы, халықаралық Еңбек ұйымының кейбір көп тарапты
конференцияларын мемлекеттер қол қоймай-ақ бекітеді. Дегенмен, қол қою шарт
жасасудың маңызды сатысы болып қала бермек, сондықтан болар шартқа қол
қойған күн шарттың жасалу мерзімі болып есептелінеді.
Халықаралық шартқа қол қоюдың екі түрі бар: түпкілікті және түпкілікті
емес (немесе шартты, немесе ad referendum, яғни одан әрі қарастыру үшін қол
коюды кейінге калдыру). Асі геіегепсіит шартқа қол қою, егер шарт кейін
үкіметтің бекітуін қажет етсе, яғни жоғарғы заң шығарушы орган шарт мәтінін
бекітуі қажет болған жағдайда уәкілетті адам жүзеге асырады. Алайда, қол
қоюдың бұл түрі соңғы емес және парафирлеуден мынадай айырмашылықтары бар:
- ad referendum - мемлекеттің шарттың өзіне міндетті
екендігімен
келісу тәсілі; ал парафирлеу тек түпнұсқалықты анықтау мақсатымен
ғана шектеледі, яғни парафирлеуден кейін қол қойылады.
- ad referendum-ға қол қоюды растаудың кері күші бар, яғни кол
қойғаннан кейін мемлекет шарттық міндеттемелердің субьектісі болып
табылады; ал парафирлеуде ондай кері күш болмайды.
- ad referendum-ға қол қою, парафирлеудегі сияқты уәкілетті
адамның
аты-жөнінің бас әріптерін қоюмен шектелмейді; мұнда алдын ала қол
қою (шартты түрде) үшін уәкілеттіктің болуы шарт.
- ad referendum-ды мемлекет мақұлдағаннан кейін ол аяқталған
болып табылады, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқықтық нормалар ұғымы және оның белгілері
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінің түсінігі
Әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен түрлері
Азаматтық құқықтың қайнар көздері түсінігі мен түрлері
Аграрлық құқық
Құқық түсінігі
Құқық нысаны
Мемлекетшілік және халықаралық құқық кепілдіктері
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Пәндер