В. Вильсонның «14 пункті»



Бітімге қол қойғаннан кейін соғысқа қатысқан мемлекеттердің өкіметтері «бейбіт» конференцияға аласұра дайындалды. Осы мемлекеттердің астанасында дайындық дипломатиялық жұмыстар жүргізіліп, министрлер кеңес өткізді, баяндамалар мен анықтамалар құрылып, эксперттер мен кеңесшілердің үлкен аппараттары ұйымдастырылды. Жеңіске жеткен державалардың мүдделеріне сәйкес кіші мемлекеттерді қолдану үшін өз айналасында блок құруға талпынды. Олар жаулап алынған иеліктерді бөлісуге, ал жеңілген мемлекеттердің империалистері өз мүдделерін қорғауға дайындық жүргізді. Жаңа соғыстың болу қаупінен сақтандыратын келісімнің құрылымы туралы империалистік мемлекеттер басшыларының ешқайсысы ойламады. Егер бұл мәселе туралы айтылса, тек халықты алдау үшін ғана айтылған еді деуге келеді. Мәселе халық армандаған бейбітшілік туралы емес, «ықпал ету сферасын» бөлу туралы болды. Дайындалу үстіндегі келісімдер мен мәселелер қайта бөлінетін иеліктерді легализациялау және қалыптасқан күштер арақатынасын баяндау керек болды. Халыққа қарсы, антидемократиялық сипаттағы бейбіт келісім дайындала бастады.
АҚШ, Англия, Франция империалистері демократиялық және революциялық қозғалыстарды басатын қанқұмар жендеттердің рөлін атқарды.
Америка империалистері соғыс нәтижесінде миллиондаған адамдардың өлімі мен көз жасы арқылы байи түсті. АҚШ империалистері Германияны қауіпті бәсекелес ретінде тауып, оның күшейіп кетуінен қауіптенді. Олжаны бөлісуде үлкен бөлігіне дәмеленген және халықарлық билікте өз ықпалын күшейтуге ұмтылған АҚШ соғысқа араласты. Соғыс Германия мен оның одақтастарының жеңілуімен аяқталған кезде АҚШ империалистерінің мақсаты Англия мен Францияның күшейіп кетуіне жол бермеу болатын. АҚШ империалистерінің дүние жүзінде үстемдік етуге талпынуы В. Вильсонның «14 пунктінде» жарқын көрініс тапты. Ол конгресске жолдау хат негізінде 1918 жылғы 8 қаңтарда басылып шықты. Американ халқымен дүниедегі басқа халықтарды да aлдап-арбауға талпынған Вильсон американ экспансиясының жоспарын «демократия» және «гуманизм» туралы екі жүзді фразеологизммен бүркемелемекші еді. Бірінші пункте құпия келісімдерге қарсы күресу деп, жасырын түрде Вильсон АҚШ-тың қатысуынсыз жасалған империалистік державалардың келісіміне қарсы шықты, себебі олар американ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Ивашин И.Ф. Поражение Германии в Первой мировой войне. Создание версальской системы,- Москва, 1950 – 33 с.
2. Потемкин Г. История дипломатии, - Москва, 1942 – 883 С.
3. Жамбатырова Г.Ш., Байзакова К.И., Губайдуллина М.Ш. История международных отношений и внешней политики Алматы, 1998 с. 114.
4. Никольсон Г., Как делался мир в 1919 году - Москва, 1945г. 195 С.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
В. Вильсонның 14 пункті
Бітімге қол қойғаннан кейін соғысқа қатысқан мемлекеттердің өкіметтері бейбіт конференцияға аласұра дайындалды. Осы мемлекеттердің астанасында дайындық дипломатиялық жұмыстар жүргізіліп, министрлер кеңес өткізді, баяндамалар мен анықтамалар құрылып, эксперттер мен кеңесшілердің үлкен аппараттары ұйымдастырылды. Жеңіске жеткен державалардың мүдделеріне сәйкес кіші мемлекеттерді қолдану үшін өз айналасында блок құруға талпынды. Олар жаулап алынған иеліктерді бөлісуге, ал жеңілген мемлекеттердің империалистері өз мүдделерін қорғауға дайындық жүргізді. Жаңа соғыстың болу қаупінен сақтандыратын келісімнің құрылымы туралы империалистік мемлекеттер басшыларының ешқайсысы ойламады. Егер бұл мәселе туралы айтылса, тек халықты алдау үшін ғана айтылған еді деуге келеді. Мәселе халық армандаған бейбітшілік туралы емес, ықпал ету сферасын бөлу туралы болды. Дайындалу үстіндегі келісімдер мен мәселелер қайта бөлінетін иеліктерді легализациялау және қалыптасқан күштер арақатынасын баяндау керек болды. Халыққа қарсы, антидемократиялық сипаттағы бейбіт келісім дайындала бастады.
АҚШ, Англия, Франция империалистері демократиялық және революциялық қозғалыстарды басатын қанқұмар жендеттердің рөлін атқарды.
Америка империалистері соғыс нәтижесінде миллиондаған адамдардың өлімі мен көз жасы арқылы байи түсті. АҚШ империалистері Германияны қауіпті бәсекелес ретінде тауып, оның күшейіп кетуінен қауіптенді. Олжаны бөлісуде үлкен бөлігіне дәмеленген және халықарлық билікте өз ықпалын күшейтуге ұмтылған АҚШ соғысқа араласты. Соғыс Германия мен оның одақтастарының жеңілуімен аяқталған кезде АҚШ империалистерінің мақсаты Англия мен Францияның күшейіп кетуіне жол бермеу болатын. АҚШ империалистерінің дүние жүзінде үстемдік етуге талпынуы В. Вильсонның 14 пунктінде жарқын көрініс тапты. Ол конгресске жолдау хат негізінде 1918 жылғы 8 қаңтарда басылып шықты. Американ халқымен дүниедегі басқа халықтарды да aлдап-арбауға талпынған Вильсон американ экспансиясының жоспарын демократия және гуманизм туралы екі жүзді фразеологизммен бүркемелемекші еді. Бірінші пункте құпия келісімдерге қарсы күресу деп, жасырын түрде Вильсон АҚШ-тың қатысуынсыз жасалған империалистік державалардың келісіміне қарсы шықты, себебі олар американ экспансиясын жүргізуге кедергі келтірген болатын. Екінші пунктте теңіз еркіндігі ұранын бүркемеленген американ империализмі теңіздегі ағылшын үстемдігіне қарсы шықты және болашақта осы үстемдікті жойып, өз үстемдігін орнататын талабы көрсетілді. Үшінші пункте AҚШ империалистерінің ашық есік және тең мүмкіндік қағидасын жүзеге асыру ниетін ерекше атады. Осы пунктке қарағанда, соғыстан әлсіреген басқа державалар дүние жүзілік рынокта байи түскен АҚШ-пен бәсекелесуге мүмкіндігі жоқ, нәтижесінде АҚШ үстемдікке ие болады. Төртінші пункте ұлттық қарулы күштерді соңғы минимумға дейін идеясымен американ империалистері өз қарсыластарын қарусыздандыруға ұмтылды. Бесінші пункте барлық отарлар мәселесін шешуді сылтау етe отырып, АҚШ шешуші рөлді және отарларды бөлуде үлкен бөлікті талап етті. Халықаралық жұмыста үстемдікке ұмтылуын көрсетпеу үшін АҚШ империалистері Еуропадағы тепе-теңдік туралы жария етті.
В.Вильсонның тоғызыншы, он бірінші және он үшінші пунктінде кіші ұлттарды қорғау ұранымен американ империалистері оларды өздеріне бағындырмақ болды.
Америка Құрама Штаттары өзіне бағындыру мақсатымен басқа мемлекеттерге негізгі әсер ететін тетігі қарыз болған.
Вильсон он төртінші пунктінде халықаралық ұйым құру жоспарын мақсаты - бүкiл дүние жүзіне өз ықпалын тарату үшін осы ұйымды құрал ретінде пайдалану. Шын мәнінде Ұлттар лигасы дүниежүзілік монопольды фирмаға Янки және К0 айналу керек болған. Американ империалистері Ұлттар лигасын пайдаланып халықаралық реакция күшін Кеңестік Ресейге және халықаралық революциялық, қозғалысқа қарсы мобилизациялауды көздеді. Бүкіл Еуропа В.Вильсон кейпінде құтқарушыны көріп, адам таңқаларлық кездесулер ұйымдастырды.
Оны Парижде Ұлт қаһарманы аталған Фоштан да үлкен құрметпен қарсы алды, Вильсон, алған бетіңнен қайтпа! - деген ұранға лейбористік газеттің бір беті арналды.
Вильсон АҚШ-ң мықты позициясын үлкен табандылықпен және өнермен пайдаланып, Клемансо мен Ллойд Джордж тарапынан тәжірибелі дипломаттар қарсылығын көргенмен, конференцияда бірнеше жетістіктерге жетті. Президент Вильсонның мінезі мен саясатын түсіну мүмкін емес, - деп жазды Никольсон. - Ол Лансингпен (АҚШ-ң сыртқы істер министрі) қарым-қатынаста ұстаным танытты, себебі үндеместен құдаймен араласқанды жөн көрді. Ол Құрама Штаттарының сенатына суықтықпен қарады, себебі өзін Мюрат вилласына (Париждегі Вильсон резиденциясы) сенат өкілі ретінде емес, Ұлы Үнсіз Халықтың өкілі ретінде құдай жіберді деп сенді... Вильсон Ұлттар лигасының жарғысын адамзат қайғы-қасіретінің емі деп санады.
Вильсонның жеткен дипломатиялық жетістіктерінің қатарына, ең алдымен, 14 пункт негізінде бекіту, бейбіт келісімге Ұлттар лигасының жарғысын қосу, Италияның өз мүдделерінен бас тартуын жатқызған дұрыс. Бірақ президент дипломатиясының әлсіз жақтары да болды. Айта кететін жайт, Вильсон конгресте көпшілік қолдауына ие болмады: 1918 жылы қарашада болған соңғы президент сайлауында ол лидер болған демократиялық партия жеңілді, сол себепті ол әр уақытта оппозицияға жалтақтауға мәжбүр болды. Екіншіден, Вильсонның әлсіздігі оның Германияны толық күйретуге жол бермеуге талпынуы, бұл жаңа соғысқа дайындалу үшін экономикалық және саяси мүмкіндіктердің сақталуын білдірді. Ақырында, Вильсон дипломатиясының ең әлсіз жағы -- Кеңестік Ресейге көзқарасы. Бейбітшіліктің шартының 6-пунктінде Вильсон Ресейге қатысты өз саяси дамуы мен ұлттық саясатын тәуелсіз шешу үшін толық мүмкіндік беруі кепілдік етті. Бірақ іс жүзіне көшкеніне Вильсон бұл пунктті Ресейді бөліске салу бағдарламасына айналдырды. 14 пунктке полковник Хауз (Париж конференциясында АҚШ делегациясының мүшесі және Вильсонның досы болған) құрған арнайы талдауда 6-пункт мынадай түрде көрсетілген: Негізгі сұрақ орыс территориясы бұрын Ресей империясына болған не болмағандығынан туындайды. Бұл олай еместігі түсінікті, себебі 13 пункт тәуелсіз Польшаның құрылуын қарастырады. Поляктар үшін дұрыс болып табылғандықтан, ол финдіктер, литовецтер, латыштар, мүмкін, украиндықтар үшін де мойындалуы керек. Ресейді бөліске салу мұнымен бітпейді. Американ дипломатиясының ұсынысы бойынша Кавказды Түрік империясының мәселесінің жартысы ретінде қарастыру керек болды. Түрістандық республикаларды бір ұлы державалардың қол астына беру ұсынылды. Вильсон тіпті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Париж бейбіт конференциясы
Версаль вашингтон жүйесі
Париж бітім конференциясындағы ақш позициясы
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі Версаль-Вашингтон жүйелері
Америка Құрама Штаттарының Версаль келісімінен кейінгі сыртқы саясаты
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі Версаль-Вашингтон жүйесі
АҚШ-тың ішкі жағдайы және “жаңа бағыт”
Бірінші дүниежүзілік соғысты қорытындылау
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
Версаль бейбіт конференциясы. 1919-1925 жылдардағы соғыс қорытындысын шығару үшін жиналған конференциялар мен келісімдерде жіберілген қателіктер салдарын танып-білу
Пәндер