Абай поэзиясының шығыстық негіздері



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Абай және Абай дәуіріндегі қазақ өлеңі.
1.1. XIX ғасырдағы өлең құрылымы және сөз ұнасымы ... ... ... ... ... ... .. 7
1.2. Жаңа жазба өлеңдері, әдеби ықпалдастық мәселелері ... ... ... ... ... . 16

2. Абай поэзиясының Шығыс ақындар поэзиясы арасындағы сабақтастық.
1.1. Әл.Фараби . Абай поэзиясындағы сабақтастық сырлары ... ... ... ... 28
1.2. Яссауи ілімі . Абай даналығының көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 45

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 47
Тақырыптың өзектілігі. XIX ғасырдағы қазақ өлеңінің классикалық үлгісін өрбіткен Абай ақындығының танылу тарихында қазақ өлеңінің көп сыры ашыла түскені шындық. Қазір де сол Абай ақындығының айналасынан қазақ өлеңінің сиқырына бастайтын сансыз сыр жатыр. Абайтанудағы кейінгі кезеңдегі, ілгергі, ХХ ғасыр басындағы нәтижелерді тұтастай ғылыми айналымға қосу арқылы бұл тұста әлі де көп «көмбенің» жатқанына көз жеткізуге болады.
Абай өз дәуірінің кемел поэзиясын жасады. Абай ақындығында қазақ өлеңінің бар үлгісі, бар түрі айналымға қосылды десек, асырып айту емес.
Халқы үшін қажымай еңбек ету, ақ жолдан айнымай, адам болуды келешекке мирас етті. Абай Құнанбайұлының «толық адам» іліміне үңіліп, телегей-теңіз мұрасын зерттеу, бабамыздың рухани қазынасын елдік санамызды нығайтуға және ұрпақ тәрбиесіне кеңінен пайдалану – бүгінгі күннің талабы.
Абайдың әдеби мұрасының рухани нәр алған көздерінің бір саласы ретінде Шығыстың рухани қазына көздері деген ұғым ғылыми тұрғыдан танылып мойындалса да, бұл саланың арнайы зерттеу нысанына алынып меңгерілуіне әрқилы жасанды саяси-әлеуметтік тосқауылдар болып келеді. Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы пікір айтқан Абайды танушы қаламгерлердің Шығыс тілдерін білмеуі немесе орталықтан евроцентристік танымның насихатталып ақыл ой-сананы тұтқындауы, оқтын-оқтын ақыл-ой иелерін саналы түрде қуғынға алып, көзін жойып отырудың етек алуы да алға басуға оралғы бола берді. Тек совет халықтары атынан орыстың тарихы мен мәдениетін, ғылымын таза орысшылдық пиғыл тұрғысынан мадақтап көп ұлтты совет халқының санасына сол пиғылды орнықтыруды мақсат еткен бұл аталмыш қаулының саяси астары өте жымысқы мұрат-мақсатты көздеген болатын-ды. Бұл қаулының астарында жатқан саяси-идеологиялық мақсат Одақтағы түркі тілді халықтардың мұсылмандық Шығыспен мың жылдан астам қоян-қолтық араласудан туған рухани байланысты үзуді, олармен рухани мәдени байланысы қалыптасқан халықтың тарихи есін жойып жіберіп, одан мүлде адастыруды көздеді. Міне, осы саяси идеологиялық мақсат тұрғысынан келіп қоғамдық ғылымдар саласында

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Жұмыстың тақырыбы: Абай поэзиясының шығыстық негіздері
Жұмыстың көлемі: 48
Пайдаланылған әдебиеттер: 36
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - Абайдың шығыстық сарында жазылған, яғни Шығыс ақындарының өлеңдеріндегі сыр өлеңдерінің Абай поэзиясында өзгеше, өзінше қолдану тәсілдерін анықтау. Поэзиядағы сыни сипат, астарлы ой, шеберліктің поэтикалық салмағын зерделеу. Зерделеу жайын анықтауы.

Жұмыстың нысаны: Абай поэзиясының негіздерді қарастыруда XIX ғасырдан бастап Абай поэзиясы мен Шығыстық үлгідегі жазылған өлеңдерін, және Абайдың Шығыстың зерттеушілерді, Шығыс ақындарының өлеңдеріндегі сабақтастық сырларын бітіру жұмысының негізгі нысанына алынды.
Жұмыстың зерттеу әдісі: Диплом жұмысында тарихи - салыстырмалы, баяндау, талдау, жинақтау әдістері қолданылды.
Жұмыстың дерек көздері: Диплом жұмысына, Абайдың шығыстық үлгідегі жазылған өлеңдері туралы айтылған, жарыққа шыққан пікір-тұжырымдар, Абай поэзиясымен Шығыс ақындарындағы тұжырымдар, әдеби сын еңбектер негіз болды.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Абай поэзиясының өзіндік орны, поэзияда шығыстық үлгінің қолданылу тәсілдері, бүгінгі оның зерттелуі, ақынның таным-түйсігі, ой-өрісі қаншалықты дәрежеде екені қарастырылды.
Тірек сөздер: Поэзия, шығыстық үлгі, ақындық шеберлік.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, Абай поэзиясының шығыстық негіздері екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1. Абай және Абай дәуіріндегі қазақ өлеңі.
1.1. XIX ғасырдағы өлең құрылымы және сөз ұнасымы ... ... ... ... ... ... .. 7
1.2. Жаңа жазба өлеңдері, әдеби ықпалдастық мәселелері ... ... ... ... ... . 16

2. Абай поэзиясының Шығыс ақындар поэзиясы арасындағы сабақтастық.
1.1. Әл-Фараби - Абай поэзиясындағы сабақтастық сырлары ... ... ... ... 28
1.2. Яссауи ілімі - Абай даналығының көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... . 45

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. XIX ғасырдағы қазақ өлеңінің классикалық үлгісін өрбіткен Абай ақындығының танылу тарихында қазақ өлеңінің көп сыры ашыла түскені шындық. Қазір де сол Абай ақындығының айналасынан қазақ өлеңінің сиқырына бастайтын сансыз сыр жатыр. Абайтанудағы кейінгі кезеңдегі, ілгергі, ХХ ғасыр басындағы нәтижелерді тұтастай ғылыми айналымға қосу арқылы бұл тұста әлі де көп көмбенің жатқанына көз жеткізуге болады.
Абай өз дәуірінің кемел поэзиясын жасады. Абай ақындығында қазақ өлеңінің бар үлгісі, бар түрі айналымға қосылды десек, асырып айту емес.
Халқы үшін қажымай еңбек ету, ақ жолдан айнымай, адам болуды келешекке мирас етті. Абай Құнанбайұлының толық адам іліміне үңіліп, телегей-теңіз мұрасын зерттеу, бабамыздың рухани қазынасын елдік санамызды нығайтуға және ұрпақ тәрбиесіне кеңінен пайдалану - бүгінгі күннің талабы.
Абайдың әдеби мұрасының рухани нәр алған көздерінің бір саласы ретінде Шығыстың рухани қазына көздері деген ұғым ғылыми тұрғыдан танылып мойындалса да, бұл саланың арнайы зерттеу нысанына алынып меңгерілуіне әрқилы жасанды саяси-әлеуметтік тосқауылдар болып келеді. Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы пікір айтқан Абайды танушы қаламгерлердің Шығыс тілдерін білмеуі немесе орталықтан евроцентристік танымның насихатталып ақыл ой-сананы тұтқындауы, оқтын-оқтын ақыл-ой иелерін саналы түрде қуғынға алып, көзін жойып отырудың етек алуы да алға басуға оралғы бола берді. Тек совет халықтары атынан орыстың тарихы мен мәдениетін, ғылымын таза орысшылдық пиғыл тұрғысынан мадақтап көп ұлтты совет халқының санасына сол пиғылды орнықтыруды мақсат еткен бұл аталмыш қаулының саяси астары өте жымысқы мұрат-мақсатты көздеген болатын-ды. Бұл қаулының астарында жатқан саяси-идеологиялық мақсат Одақтағы түркі тілді халықтардың мұсылмандық Шығыспен мың жылдан астам қоян-қолтық араласудан туған рухани байланысты үзуді, олармен рухани мәдени байланысы қалыптасқан халықтың тарихи есін жойып жіберіп, одан мүлде адастыруды көздеді. Міне, осы саяси идеологиялық мақсат тұрғысынан келіп қоғамдық ғылымдар саласында бұл мәселе туралы зәредей пікір айтуына, зерттеп танып білуге қатаң тиым салынып, тілге кісен, ой-пікірге тұсау салынды. Сондықтан әлі де дұрыс зерттелмей келе жатқан Абай поэзиясының Шығыстық негіздерін зерттеу диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін айқындай түседі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Абайдың поэзиясы оның ішінде Шығыстық үлгісі жайында тоқталмаған зерттеуші ғалымдар, әдебиетшілер кем де кем.
Абайдың Шығыс әдебиетіне қатысы жайлы әдебиеттану ғылымында М. Әуезовтан кейін А. Байтұрсынов, Қ. Жұмалиев, С. Мұқанов, Ғ. Есім, Қ. Жұбанов, Б. Кенжебаев, Р. Сыздықова, Қ. Өмірәлиев, Т. Әлімқұлов, М. Мырзахметов, А. Қыраубаева, Ө. Күмісбаева, А. Жақсылықов, т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылып отырды.
Абай мұрасының рухани нәр алған көздерінің бірі ретінде мұсылмандық Шығыс классиктерін бөлмей-жармай пікір толғап келген М. Әуезов аузы күйген үріп ішер дегендей космополитизм туралы саяси ызғары қатты қаулыдан кейін оларды жасанды түрде шекараның ар жағы мен бер жағындағы деп екшей сөйлеуге мәжбүр болды. Бұлай етпесе қатер бұлтының төнуі мүмкін еді. Міне, жағдай осылайша ушығып тұрғанда, Абайдың әдеби мұрасының Шығысиың рухани қазына көздеріне байланысты, яғни араб, иран классиктерімен қарым қатынасып космополитизм дақпыртымен күсталанып жатқанда, Абай мұрасының суфизмге арақатынасын сөз ету, ол жайында келелі пікір білдіру қызыл шоқты жалаң аяқ басудың өзі болып шығатын еді.
Абай өлеңдерінің құрылысын арнайы зерттеу нысанына айналдырған алғашқы авторлар С. Мұқанов, Е. Ысмайлов, Қ. Жұмалиев, Б.Кенжебаевтардың Яссауи тақырыбының дендеп баруына кезеңдік идеология тұсау болғаны белгілі. Бертініректе бұл тақырыпта қалам тартқан зерттеушілерден З. Ахметов Абайдың қазақ өлеңінің құрылысын түрлендірудегі өзіндік өрнегін айқындауға тырысса, М.Мырзахметов осы саладағы зерттеулерді біршама тереңдетіп, ақын өлеңдерін құрылымдық жағынан ежелгі әдебиет нұсқаларымен байланыстыру тәжірибесінің алғашқы баспалдағын қалады. [16]
Ал Абайдың Шығыстық үлгісі жайлы мәселесін Қ. Мәдібай өзінің диссертациясында қарастырған болатын.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломның мақсаты - Абай поэзиясының Шығыстық негіздерін зерттеу. Осы мақсатты айқындау үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
- Абай дәуіріндегі қазақ өлеңінің көркемдік маңызын анықтау;
- Абай поэзиясының өзіндік қызметі жайлы ой қорытып, тұжырымдар жасау;
- Өлеңдегі сөз ұнасымын айшықтау;
- Шығыс ақындары арасындағы сабақтастық сырларын ашу;
- Абайдың Шығыстық үлгіні қолдануы туралы ой қорыту.



1 тарау. Абай және Абай дәуіріндегі қазақ өлеңі.
1.1. ХІХ ғасырдағы өлең құрылымы және сөз ұнасымы. Абай поэзиясы - өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейкесті, ең күрделі және маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия. Оның өлеңдерінде, қарасөздерінде қазақ өмірінің көркемдеп бейнеленген телегей теңіз шындығы бар. Абай шығармаларының қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өрісі аса биік, мүлде жаңа ой-пікір көркем сезім әлемін ашқаны даусыз.
Абай поэзиясының ішкі рухы мен көрініс-көркі, сипаты мен сыны бұрын әдебиетте дәл мұндай дәрежеде көрінбеген жарасымды жаңалық танытады. Ақын поэзиясына осындай күш-қуат, көркемдік сәлет беріп тұрған - оның шығармаларында қазақ халқының бүкіл өмірінің, әсіресе сол дәуірдегі қоғамдық өмірінің шындығы терең бейнеленеді және оларда әдебиеттегі ұлттық көркемдік ойлау өзгешелігінің, өмір құбылыстарын сөзбен мүсіндеу шеберлігінің жарқырап көрінуі. Абай поэзиясының тілі, сөз кестесі мен өлең өрнегі кіршіктей қоспасы жоқ саф таза халықтығымен, келісті қарапайымдылығымен, тартымды сондылығымен құнды.
Абай поэзиясын, творчествасын түгелдей алып, тұтас әлем деп қарағанда, оның нақтылы мазмұн-мағынасы, құрылыс-бітімі алуан түрлі шығармалардан тұратынын, олардың өзіндік сипат өзгешеліктері сөз емес екенін де толық ескерсек керек. Бұл тұрғыдан қарағанда Абай шығармашылығына оның танымдық, көркемдік мәні, негізгі тақырыптың арналарын, адамгершілік сарын-әуендерін айқындауға, талдап айтуға тірек боларлық біртұтас концепциялық көзқарас қандай қажет болса, әр шығармаға тереңдеп үңіліп,өзіндік сипатын ұғынып- түсіне білу сондай қажет екені анық.
Абай поэзиясының аса бағалы қасиеті, артықшылығы - онда ешқандай жасандылықтың ізі жоқ. Қысылмай қымтырылмай, шабыттың қуатымен тебірентіп еркін сөйлеу, жан-тәнімен сезінген, жүрек жарды ой толғамын ортаға салу, боямалап, әшекейлемей, ақтарыла адал айтатыны - міне, Абай поэзиясының адамды баурап алатын ерекше тартымдылығы алдымен осы қасиеттерінде. Абай өлеңдерін қайталап оқыған сайын жаңалығы аз жадағай пікір, жауыр болған жаттанды сөз, сырттай сұлу көрінетін көркемдік түр іздеушілік, алабажақ ашық түсті бояуларға әуестік секілді жасандылықтың бәрі шынайы өнер табиғатына жат нәрсе екеніне тағы бір көз жеткізгендей боламыз. Ақын тілінің байлығы, бейнелілігі, өткірлігі ой-сезім қуаттылығына байланысты.
Абай шығармаларында ойшылдық пен суреткерлік ажырамас бірлік тауып, аса маңызды қоғамдық, азаматтық, халықтық мәселелерде терең толғайтын жаңа сапалы поэзиясының тууына негіз болды. Қазақ әдебиеті жазба әдебиет үлгісіндегі нағыз лирикалық туындылардың жаңа түрлерімен молықты және осының өзі Абайдың ұлттық поэзиямыздағы ой-сезім жүйесін шексіз байытып, сөздің мағыналық, суреттілік қуатын атқаруына, тіл ұстартуына зор мүмкіншілік туғызып, бұл салада ақынның өнімді жаңалық табуына жол ашты.
Абай қазақ әдебиетінде өмірді бейнелеудің жаңа көркемдік әдісін - реалистік әдісті қалыптастырып, қазақтың әдеби тілін, ақындық тілін биік сатыға көтерді.
Поэзиядағы, әдебиет шығармасында сөз, тіл жаңалығы деген жеке-жеке сөздерді қолданудағы жаңалық қана емес, ол алдымен белгілі бір ой-пікірді, сезімді жеткізудегі шеберлік, көркемдік.
Зор қоғамдық пікірді, көркемдік қуаты күшті ақындық ой-сезімді барынша жатық, тауып айтылған, қарапайым сөздериен айтып беру поэзиясының таңдаулы туындыларында үнемі кездеседі және мұның өзі асқан шеберліктен туады.
Халықтың сөйлеу тілінің және ақындық шығармашылық өнерінің байлығын кеңінен пайдалана отырып, Абай өлең-сөздің шеберлік құралдарын жетілдіреді, ақындық тілдің образдық - бейнелеу мүмкіндіктерін молықтырады. Қазақтың әдеби тілін, ақындық тілін ұстартып, шыңдап жетілдіреді.
Абай поэзиясындағы адамның сезім дүниесінің орасан зор байлығы, сезімнің нәзіктігі мен өткірлігі, оқушыны баурап алатын керемет күші - осының бәрі ақынның тіл кестесіне, сөз қолдануына бөлекше сипат дарытқанын көреміз. Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін, сезімнің сан құбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және басқа бейнелі сөздер өте көп кездеседі. Мысалы Абай поэзиясында жүрек, көңіл секілді ұғымдарға берілген тың анықтамалар, эпитеттер мол екені зерттеушілер назарын айрықша аударып келді. Осының дұрыстығын мына мысалдардан айқын көруге болады: ыстық жүрек, сорлы жүрек, ауру жүрек, жылы жүрек, ынталы жүрек, мұз жүрек, асыл жүрек, асау жүрек, ет жүрек, жас жүрек, ызалы жүрек, шошыған жүрек, ит жүрек, шын жүрек, сұм жүрек, сақ жүрек, ғаділетті жүрек, өртенген жүрек, өрбіген жүрек, үрпиген жүрек, қапаланған жүрек, айнымас жүрек, жаралы болған жүрек, сөніп қалған жүрек, сезімпаз көңіл, ер көңіл, жаралы көңіл, есер көңіл, шын көңіл, қара көңіл, сынық көңіл, ақ көңіл, кірлемеген көңіл. Осылардың көбін ақын өзі туралы өз көңіл-күйін, сезімін жеткізу мақсатымен айтқан.
Бұлармен қатар Абай жүректің көзі, жүректің оты, көңілінің көзі ашық, көңілдің жайлауы ой өлкесі деген секілді ауыспалы мағына туғызатын бейнелі сөздерді - метафораларды қолданады.
Абайдың өзіндік қолтаңбасы айқын танылатын метафораларға жастықтың оты, жүректің көзі, дүние есігі, өмірдің өрі деген секілді бейнелі сөз үлгілерін қосуға болады.
Ақынның жан тебірентерлік сөзі көзінің жасымен, жүрегінің қанымен араласып шыққанда болса, соғанда селт етпейтін, мән бермейтін, іші жыламайтын адамды ішіндегі мұзы ерімейді деу - бұл бейнелеп суреттеуге шеберлікті оп-оңай көзге түсе бермейтін ұқсастықты, жақындық-жалғастықты көре беретін тапқырлықты аңғартады.
Абайдың дүниеге көзқарастарының үш қайнар көзі (халық ауыз әдебиеті, шығыс поэзиясы, орыс және европа мәдениеті) оның ағартушылық ой-пікірлерінің де негізі болып табылады. Бұл бағыттағы хакім ұстаздың рухани-имандылық көзқарастарының түп негізін құрайтын басты көздің бірі - араб, парсы, түркі тіліндегі шығыстық көркем классик поэзиясы екені белгілі.
Өзіне дейінгі шығыс ғұлама-ойшылдары Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қайқабас, Ж. Қарабағи, Ә. Науай, Ғ. Дауани, т.б. еңбектерінде мазмұнын жалпы адамзаттық тәлім-тәрбие қағидаттарымен ұштастыра қарау дәстүрі - ұлы ақынға да зор ықпалын тигізді. Алайда оны дамытуда Абай ойы өзіндік дара сипатқа ие болып Мекемтас Мырзахметұлының айтуы бойынша олар тума құбылысқа айналып кеткен. [4]
Абай шығармаларындағы М. Әуезов таныған шығыстық рухани арналар көзі эпопеяның төрт кітабында орын алу, арнайы аталып өту себептері бар. Эпопеяның бірінші кітабында Абайдың медреседе оқуы мен шығыс классиктері шығармаларымен танысуына байланысты аталатын әр түрлі сарындағы көркем туындылардың бәрі де Абайдың ақындық кітапханасының шығысқа қатынасының шама-шарқын, көлемін біршама анықтауға ұлы ақын ізденістерімен рухани нәр тартқан шығыстық қазыналарының шет-шегін айқындай түсуге қарай сұрыпталып отырады.
Шығыс мәдениетін тереңдеп оқып үйренуден, әрі оны шығармашылық жолмен меңгеруден М. Әуезов шығыстың әр түрлі тілдерде жазылған түп нұсқаларды Абайдың тіл жағынан дендей білу шамасын шындыққа сай көрсетеді. Себебі тілді білу процесі тез арада бола қоятын оңай нәрсе емес. Шығыстық араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған шығармалар Абайдың оқып үйрену, меңгеру жолын Мұхтар Әуезов: Абай жақсы ұғынатын шағатай, түркі кітаптарымен қатар тілін қиналып түсінетін араб, парсы және олардан гөрі де ауырырақ тиетін орыс тіліндегі кітаптар, - деп жіктей көрсетеді. [24] Бұл кезең - Абайдың отыздан асып, жігіт ағасы болған шағы. Абай ақындық өнер жолына шындап құлай берілгенге дейін оның рухани нәр алып сусындар бұлақтары негізінен, өзі туған халқы мен шығыс әлемінде жатқаны байқалады. Қазақ қауымы орыс - европа мәдениетіне қолартқанға дейін қазақ ақындары жайлап төстеген рухани өрісі ең мықтағанда осы аталмыш екі рухани қазынамен шектелетін.
Абайдың шығыс поэзиясы классиктерімен алғаш танысуы Медреседе басталған. Шәкірт ақын ұлы классиктерге еліктеп, алғашқы өлеңдерін жазу үсттінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Шығыстық ақын - шайырлардың қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы
Табиғат лирикасы. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері
Абай поэзиясындағы араб тілінен енген сөздер
Алтын Орда дәуірі әдеби мұраларының зерттелуі
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс туралы ақпарат
«Абай мирасының шығысқа қатысының зерттелуі»
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Пәндер