Технологиялық карта



Мазмұны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Тұтас құймалы бетон және темірбетон процестерінің технологиясы ... ...4
3. Тұтас құймалы бетон және темірбетон процестерінің технологиясы бо.йынша жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
4. Бетондаудың кешенді процесінің мағынасы мен құрылымы ... ... ... ... ... .6
5. Қалыптардың түрлері, қолдану аймағы және міндеті ... ... ... ... ... ... ... ...7
6. түзілістерді арматуралау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
7. Арматура түрлері, жіктелуі және оларды нығайту тәсілдері ... ... ... ... .13
8. Тасымалдау және ширатылмайтын арматура элементтерін орнату ... .15
9. Алдын .ала ширатылған темірбетон түзілістерін арматуралау ... ... ... .17
10. Бетон қоспасының технологиялық қассиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
11. Бетон қоспасын дайындауды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
12. Бетон қоспасын тасмалдау және түзілістерге беру ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
13. Бетон қоспасын төсеу және тығыздау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
14. Іргетастар мен сілемдерді бетондау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
15. Бетондаудың арнайы әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
16. Бетонды баптау және қалыпты ажырату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
17. Бетондау процестері технологиясының төтенше жағдайлардағы ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
18. Бетон және темірбетон жұмыстарының сапасын бақылау ... ... ... ... ... ...36
19. Бетон жұмыстары өндіргенде қауіпсіздік техникасын сақтау ... ... ... ... ..37
20. Жинақтау механизмдері. Жинақтау кранын таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... 38
21. Жұмыс көлемін есептеу ведомосі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
22. Жұмыс өндірісінің калькуляциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
23. Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
24. Техникалық.үнемділік көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
25. Қажетті материалдар ведомосі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
26. Қажетті техника ведомосі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
27. Бетон және темірбетон немесе ірі бөлшектерді қабылдау ... ... ... ... ... ...43
28. Аяқталған бетон және темірбетон конструкцияларға немесе ірі бөлшектерге қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
«Құрылыс Процестерінің технологиясы» құрылыс инженерін құрайтын жалпы инженерлік пәндердің ең бір жетекші саласы болып саналады және инжинерлік геодсзия, кұрылыс материалдары, сәулет, үймереттер мен ғимараттардың конструктивтік элементтері, кұрылыс машиналары, жалпы білімдік және ғылыми пәндердің білімдеріне негізделген. Ол құрылыс өндірісі технологиясының білім саласындағы ғылыми-жаттығу құрамының бөлігі болады.
«Құрылыс процестері технологиясы» пәнінде тиімді құрылыс материалдары мен түзілістері, ғылыми-техникалық процестің бүгінгі жетістіктері, жұмысшылардын еңбегін қарқынды үйымдастыруға арналган теориялық негіздері, және өндіріс процестерін орындау адістері мен тәсілдері оқылады.
Оқулық 20903 — «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша оқитын пәннің бағдарламасына сәйкес жаңа Республикалық аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып дайындалды. Оқулықта құрылыс жүмыстары технологиясының жеке түрлерінің теориялық, есептік және практикалық негіздері келтірілген.
Оқулық материалдарын оқып үйрену нәтижесінде, студент:
- құрылыс өндірісінің негізгі ережелері мен міндеттерін; үймереттер меи ғимараттарды тұрғызғанда құрылыс процестерінің түрлері мен ерекшеліктерін; қажетті қаржыны; техникалық және тарифтік мөлшерлеуді; құрылыс өнімінің сапасына қойылатын талаптарды және оның қамтамасыз ету әдістерін; еңбек және қоршаған ортаны қорғау талаптарының және қамтамасыз етілуін; құрылыс процестері технологиясының әдістері мен тәсілдерін; жобалау және іске асыру сатыларында технологиялық тиімділерін таңдау және қабылдау әдістерін меңгеру кажет;
- құрылыс процестері мен жұмыс операцияларының құрамын анықтау, құрылыс процесінің әдісін және керекті техникалық құралдарды дәлелді таңдауын; құрылыс процестерінің технологиялық карталарын зерттеп дайындауын; еңбек сыйымдылығын, кұнын, құрылыс процесінің машина сыйымдылығын және жұмысшылар, машиналар, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды анықтауын; бригадаларға (жұмысшыларға) өндірістік тапсырма дайындауын; жұмыс көлемін өлшеуін, орындалған жұмыстарды қабылдап алуын, олардың сапасын бақылауын жасай алуы керек.
«Құрылыс процестерінің технологиясы» пәнінің материалы «Имараттар мен ғимараттардың құрылыс технологиясы», «Құрылыста енбек қорғау», «Құрылыс экономикасы», «Кұрылысты ұымдастыру және басқару» сияқты мақсатты даярлық пәндерін бастамастан бұрын оқылып, оларды игерудің негізі болып табылады.
Ғылыми - техникалық прогресті шапшаңдату, халық шаруашылығының барлық салаларын дамыту, адамдардың тұрмыс жағдайларын жақсарту — күрделі құрылыстың даму дәрежесі мен техникалық деңгейінің көтерілуіне байланысты.
Салынып және жаңғыртылып жатқан құрылыс жобалары техниканың ең жаңа жетістіктері негізінде тұрғызылуы қажет, ал өндірістік кәсіпорындар

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Технологиялық
карта

КЖ-4303002-ҒҰС-06-2

Орындаған
Сейтқожин

9-қабатты Офистік ғимарат ARIYAN
Саты
Парақ
Пар-р
Қабылдаған
Керимкулова

У
2

Кеңесші
Керимкулова.

АҚжМК



Мазмұны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Тұтас құймалы бетон және темірбетон процестерінің технологиясы ... ...4
3. Тұтас құймалы бетон және темірбетон процестерінің технологиясы бо-йынша жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
4. Бетондаудың кешенді процесінің мағынасы мен құрылымы ... ... ... ... ... .6
5. Қалыптардың түрлері, қолдану аймағы және міндеті ... ... ... ... ... ... ... ...7
6. түзілістерді арматуралау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
7. Арматура түрлері, жіктелуі және оларды нығайту тәсілдері ... ... ... ... .13
8. Тасымалдау және ширатылмайтын арматура элементтерін орнату ... .15
9. Алдын - ала ширатылған темірбетон түзілістерін арматуралау ... ... ... .17
10. Бетон қоспасының технологиялық қассиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
11. Бетон қоспасын дайындауды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
12. Бетон қоспасын тасмалдау және түзілістерге беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
13. Бетон қоспасын төсеу және тығыздау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
14. Іргетастар мен сілемдерді бетондау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
15. Бетондаудың арнайы әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
16. Бетонды баптау және қалыпты ажырату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
17. Бетондау процестері технологиясының төтенше жағдайлардағы ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
18. Бетон және темірбетон жұмыстарының сапасын бақылау ... ... ... ... ... ...36
19. Бетон жұмыстары өндіргенде қауіпсіздік техникасын сақтау ... ... ... ... ..37
20. Жинақтау механизмдері. Жинақтау кранын таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ...38
21. Жұмыс көлемін есептеу ведомосі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
22. Жұмыс өндірісінің калькуляциясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
23. Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
24. Техникалық-үнемділік көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 1
25. Қажетті материалдар ведомосі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
26. Қажетті техника ведомосі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
27. Бетон және темірбетон немесе ірі бөлшектерді қабылдау ... ... ... ... ... ...43
28. Аяқталған бетон және темірбетон конструкцияларға немесе ірі бөлшектерге қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 3

Кіріспе

Құрылыс Процестерінің технологиясы құрылыс инженерін құрайтын жалпы инженерлік пәндердің ең бір жетекші саласы болып саналады және инжинерлік геодсзия, кұрылыс материалдары, сәулет, үймереттер мен ғимараттардың конструктивтік элементтері, кұрылыс машиналары, жалпы білімдік және ғылыми пәндердің білімдеріне негізделген. Ол құрылыс өндірісі технологиясының білім саласындағы ғылыми-жаттығу құрамының бөлігі болады.
Құрылыс процестері технологиясы пәнінде тиімді құрылыс материалдары мен түзілістері, ғылыми-техникалық процестің бүгінгі жетістіктері, жұмысшылардын еңбегін қарқынды үйымдастыруға арналган теориялық негіздері, және өндіріс процестерін орындау адістері мен тәсілдері оқылады.
Оқулық 20903 -- Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша оқитын пәннің бағдарламасына сәйкес жаңа Республикалық аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып дайындалды. Оқулықта құрылыс жүмыстары технологиясының жеке түрлерінің теориялық, есептік және практикалық негіздері келтірілген.
Оқулық материалдарын оқып үйрену нәтижесінде, студент:
- құрылыс өндірісінің негізгі ережелері мен міндеттерін; үймереттер меи ғимараттарды тұрғызғанда құрылыс процестерінің түрлері мен ерекшеліктерін; қажетті қаржыны; техникалық және тарифтік мөлшерлеуді; құрылыс өнімінің сапасына қойылатын талаптарды және оның қамтамасыз ету әдістерін; еңбек және қоршаған ортаны қорғау талаптарының және қамтамасыз етілуін; құрылыс процестері технологиясының әдістері мен тәсілдерін; жобалау және іске асыру сатыларында технологиялық тиімділерін таңдау және қабылдау әдістерін меңгеру кажет;
- құрылыс процестері мен жұмыс операцияларының құрамын анықтау, құрылыс процесінің әдісін және керекті техникалық құралдарды дәлелді таңдауын; құрылыс процестерінің технологиялық карталарын зерттеп дайындауын; еңбек сыйымдылығын, кұнын, құрылыс процесінің машина сыйымдылығын және жұмысшылар, машиналар, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды анықтауын; бригадаларға (жұмысшыларға) өндірістік тапсырма дайындауын; жұмыс көлемін өлшеуін, орындалған жұмыстарды қабылдап алуын, олардың сапасын бақылауын жасай алуы керек.
Құрылыс процестерінің технологиясы пәнінің материалы Имараттар мен ғимараттардың құрылыс технологиясы, Құрылыста енбек қорғау, Құрылыс экономикасы, Кұрылысты ұымдастыру және басқару сияқты мақсатты даярлық пәндерін бастамастан бұрын оқылып, оларды игерудің негізі болып табылады.
Ғылыми - техникалық прогресті шапшаңдату, халық шаруашылығының барлық салаларын дамыту, адамдардың тұрмыс жағдайларын жақсарту -- күрделі құрылыстың даму дәрежесі мен техникалық деңгейінің көтерілуіне байланысты.
Салынып және жаңғыртылып жатқан құрылыс жобалары техниканың ең жаңа жетістіктері негізінде тұрғызылуы қажет, ал өндірістік кәсіпорындар пайдалануға берілгенге дейін салынатын тұрғын үй, қоғамдық және басқа да имараттар мен ғимараттар техникалық жағынан озық және қазіргі заман талаптарына сай болуы керек. Барлық құрылыс жинақтау жұмыстары сапалы әрі қысқа мерзімде жүзеге асырылуы тиіс.
Қоғам дамуының әділ заңдылығы құрылыста техникалық прогресті жылдамдатуды талап етеді. Ең алдымен кұрылыстың сапалық деңгейін жақсарту керек, оның еңбек және материал сыйымдылықтарын азайтып, пайдалану сапасын жоғары көтеру керек. Құрылыстың ұйымдастыру - техникалық деңгейі озат технологияны және жұмыс өндірісінің ұтымды әдістерін пайдалану арқылы артады.
Құрылысты индустрияландырудың негізгі бағыттары: дайындалатын құрылыс түзілістері мен бөлшектердің дәлдік қатарын көтеру, оларды ең жоғары дәрежелі зауыдтық дайындықпен шығару, олардың материал сыйымдылығын азайту, құрылыс процестерін жан-жақты механикаландыру және автоматтандыру болып саналады.
Жұмысты механикаландыру құрылыстың мерзімін кемітуге мүмкіндік туғызады, нақтылы еңбекті үнемдеуді қамтамасыз етеді, кұрылыс өндірісінің процесіне динамикалық түр береді. Құрылыс жинақтау жұмысының өндіріс технологиясын жетілдіру саласындағы техникалық негізгі бағыттары мыналардан тұрады: салынатын объектілерге барынша құрамалығы ескерілген және құрылыс процестерін оңай технологиямен камтамасыз ететін жобалар жасап қолдану, тиімді құрылыс материалдарын пайдалану, жұмысты жан-жақты механикаландыруға негізделген жаңа жоғары өндіргіш технологиялық процестерді іске асыру.

ТҰТАС ҚҰЙМАЛЫ БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Бетон көбінесе өнеркәсіптік азаматтық және ауыл шаруашылық үймереттерлі тұрғызғанда және тағы басқа салаларда кең қолдауда. Темірбетонның әмбебаптылығы және үнемділігі түзілістер жөніндегі жобаның есебі және технологиялык тәсілдері әбден жетілдіру жоғары берікті және жеңіл бетондар әр түрлі қосымшалары бар бетондарды қолдану әдістерін жетілдіру бетон құрылымы пайда болу теориясы даму мүмкіндігінше жоғарылайды. Бетон және темір-бетон қолдану саласын кеңейту көп құрастырмалы түзілістер шығаруды қамтамасыз ететін процестер мен жұмыстарды мүнын ары озат техника негізінде кең жайылған механикаландыру және автоматтандыру мүмкіндігін туғызады. Зауыттар тек кана дайым кұрастырмалы темір-бетон түзілістерді кана емес калыптар жинағы арматура қаңқасы мен торлар тауарлы бетон қоспасы бетон және ерітінділер үшін құрғақ қоспа физика-механикалық және технологиялык касиеттерін меңгеруге мүмкіндік беретін бетон қоспалары мен ерітінділеріне әр түрлі қосымшалар шығарады
Бетон жұмыстары ұқыпты жасалған жұмыс өндірісінің жобасы негізінде жүргізіледі онда бетон қоспасы жөне бетонда әтетін физика-химиялық процестер бетон жұмыстары технологиялык процестермен үймереттер мен ғимараттардың салынатын түзілістер ерекшеліктерімен жергілікті жағдайларды ескере отырып үйлестіріледі.

ТҰТАС ҚҰЙМАЛЫ БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бетоннан және темірбетоннан жасалған түзілістер жұмыс өндіру тәсілі бойынша: ширатылған және ширатылмаған арматурасы бар құрастырмалы, тұтас күймалы және кұрастырмалы-тұтас күймалы болады.
Құрастырмалы түзілістер арнайы зауыдтарда және полигондарда жасалады,сонан-соң көлікпен салынатын

Қалып жасау Құрылыс процестері

Қалыпты орнату

Арматура жинақтау

Бетон қоспасын төсеу

Бетонды сақтау күйі

Қалыпты ажырыту
объектіге жеткізіліп, жинақтау механизмдерімен жобалық қалпына орнатылады.
Құрастырмалы-тұтас қүймалы түзілістер зауытта жасалған құрастырмалы элементтерден және оларды бір бүтінге біріктіретін тұтас күймалы бөлігінен тұрады.
Тұтас қүймалы түзілістер алдын ала дайындалған қалыпқа арматура мен бетон қоспасын салу арқылы тікелей тұрғызылатын объектіде жасалады. Бұл жағдайда құрылыс алаңына қалып, арматура және бетон қоспасы жеткізіледі.
Кей жағдайларда кұрастырмалы темірбетонмен салыстырғанда тұтас құймалы бетон мен темірбетон қолдану тым ұтымды, әсіресе сейсмикалық аймақтарда, энергетикалық және су шаруашылық құрылысында, биік үймерет- тер мен ғимараттар тұрғызанда.
Жұмыс бағыты

I
Қалыпты
орнату
II
III
IV
Арматура жинақтау
Қалып
орнату

Бетон
қоспасын
төсеу
Арматура
жинақтау
Қалып
орнату

Бетонды күту
Бетон
Қоспасын
Төсеу
Арматура
орнату
Қалып
орнату

ТҰТАС ҚҰЙМАЛЫ ТЕМІР-БЕТОНДЫ ӨНДІРУДІҢ ТАСҚЫНДЫ ӘДІСІНІҢ ҮЛГІСІ. I -- IV -- алымдар

Бетондаудың кешенді процесінің
мағынасы мен құрылымы
Тұтас құймалы бетон және темірбетоннан жасалған үймереттер мен ғимараттарды тұрғызудың кешенді технологиялық процесін дайындау және құрылыс процестері түрінде көрсетуге болады. Бұлардың біріншісі құрылыс алаңы маңынан тыс зауыттарда орындалады ал екіншісі құрылыс процестері белгілі технологиялық жүйемен аяқталған өндірістік циклін жасап тікелей объектілерде өндіріледі онын нәтижесінде тұтас қүймалы бетон әлде темірбетон түзілісі немесе ғимарат шығарылады.
Тұтас құймалы бетон және темірбетон жұмыстарын өндіру кешенді процесі шапшаң тасқынды әдісі бойынша жұмыстардың барлық процестерін өзара үйлестіріп орындаудан тұрады және өзіне келесі процестерді енгізеді қалыпты тасымалдау және орнату соңынан оны ажырату арматураны тасымалдау және орналастыру бетон қоспасын тасымалдау төсеу және тығыздау тұрғызу процестерінде және қату процесінде бетон қоспасының сапасын бақылау.
Жетекші процесс бетон қоспасын төсеу болады оған барлық қалған процестер бағытында.
Жұмыс өндірісініц тасқынды әдісі жеке алымдарға бөлінген жұмыстардың барлық кешегіп орындаудың кең ырғағын қамтамасыз етеді. Сонымен ор алымда темірбетон жұмыстарыиың барлық кешенінің тиісті құрама процестері орындалады
Жұмыс 1 алымда қалыпты орнатудан басталады сонансоң II алымға көшеді ал I арматурашыларға босатылады. Бір алымнан жұмыс орындау шамасымен жұмысшылар келесі алымға ауысады ал босаған алымға басқа мамандық жұмысшылары келеді.
Қалыптардың түрлері, қолдану аймағы және міндеті
Бетондалатын түзілістерді жобалық өлшемдері мен сыртқы пішінін қамтамасыз ететін формаларды қалып деп атайды. Қалыптар түрлі материалдардан жасалған және әр түрлі конструкциялы жүк көтеруші, тіреуіш және форма жасайтын элементтерден тұрады. Қалып дағдыдағыдай арнайы зауыдтар мен цехтарда жасалған элементтерден жиналады.
Қалып конструкциялары тұрақтылық, өзгермейтіндік, қаттылық және беріктілікке ие болу, форманың дұрыстығын, бетон бетінің сапасын қамтамасыз ету тез жиналып және ажырату, арматураны орналастырғанда, бетонды төсегенде және тығыздағанда кедергі жасамау керек.
Қалып кұрылыс алаңына дайын элементтер және қалың-арматура блоктар түрінде жеткізілу керек.
Қалып оған әрекет ететін негізгі күштерді есепке алумен есептеледі: бетон қоспасымен арматура массасы, қалып және ағаштардың өз салмағы, қалып және төсемдерде істейтін адамдар, механизмдер массалары, жел, дірілдеу және бетон қоспасының бүйір қысымының әсері.
Қолданудың кайталау белгісі бойынша қалыптар инвентарлы және тұрақтыға бөлінеді. Сонымем конструктивті ерекшеліктеріне және атқаратын міндеттеріне байланысты инвентарлы қалып жинамалы-ауыстырмалы және жылжымалы болуы мүмкін.
Қалып жасау үшін қолданатын материалдар бойынша олар металл, ағаш, ағаш-металл, темірбетон, армоцемент және синиез немесе резеңкеленген матадан жасалған пневматикалыққа бөлінеді.
Ең ұтымдысы жүк көтеретін және тіреуіш элементтері металл, ал бетонмен жанасатын тақтай ретінде кесілген ағаш материалдар, суға төзімді фанера, пластиктан жасалған құрастырмалы конструкциялар болады.
Ағаш қалып тақтай, фанера, ағаш жаңкалы және ағаш талшықты такталардан жасалады. Сонымен бетонға тікелей жанасып тұратын калып тақталарының ені 150 мм-ден артық болмау керек. Инвентарлы қалып жасау үшін қолданатын ағаш жаңқалы және ағаш талшықты тақталар суға төзімді болу керек.
Кесілген ағаш материалынан қалып жасау үшін жапырақты және қылқан жапырақты ағаш тұқымын пайдаланады. Жүк көтеретін қаңқалар жасау үшін әдетте дымқылдығы 15%, ал баскаларға 25 % артық емес қылқап жапырақты ағаштар қолданады.
Металл қалып қалыңдығы 1,5 -- 2 мм болат табақ және прокат пішіндерінен жасалады.
Темірбетон қалып өзімен жоба қалпына алдын ала орнатылатын және жасалатын түзілістің оң жағы болатын темірбетон тақталардан түрады.
Армоцементті қалып сым тормен арматураланған уақ түйіршікті бетоннан дайындалатын, қалындығы 15 -- 20 мм армоцементті тақталар түрінде қолданады.
Синтетикалық материалдардан жасалған қалып қатты матрицалардан дайындалады. Арматураланған әйнек пластик және полипропилен, эпоксит шайырынан жасалған катты және резеңкеленген матадан жасалған иілгіш матрицалар кең таралуда.
Қалыптар бетондалатын түзілістер типіне және жұмыс өндірісінің қабылданған технологиясына байланысты функциональді міндеті бойынша жіктеледі. Осыған сәйкес қалыптардың келесі титттерін айырып таниды:
Жинамалы-ауыстырмалы қалып дайын инвентарлы калқандардан, бекіту тіреуіш элементтерінен тұрады. Қалыптың осы типі құрылыста жиі қолданылады және ауыспалы немесе қапталатын өлшемдері бар әр түрлі тұтас құймалы түзілістерді тұрғызу үшін: фундаменттерді, бағаналарды, арқалықтарды, жабындарды, қабырғаларды және т.б. бетондауға қолданылады. Бетон ажыратуға мүмкіншілік беретін беріктікке жеткен соң қалып элементтері бөлшектеліп жаңа орынға ауыстырылады. Жинамалы-ауыстырмалы қалыптың элементтерінен жеке элементтерге бөлшектемей кранмен жииақталатын және ажыратылатын ірі панельдер мен блоктар жасауға болады. Жасауға ең оңайы жұқа тақтайшалармен құрастырылған қалқандар болады. Дегенмен мұндай қалқандардың қызмет ету мерзімі шамалы (3-реттік). Ал шегемен бекітуді желімге ауыстырғанда және тақтайларды металл шегемен шыбықтар арқылы қоскднда қалыптар калқандарының айналымдылығы едәуір көбейеді. Бұл жағдайда қалқан тақталары кернеуді өзара бөліп тұтас ретінде жұмыс істейді және мұндай қалқандардың екі жағын да пайдалануға болады.
Көтермелі-ауыстырмалы қалып қалқан, арнайы бекіткіш және көтеру тетіктерінен тұрады және ауыспалы қалыңдығы бар қабырғалы темірбетон ғимараттарын (түтін кұбырын) тұрғызу үшін қолданады. Сыртқы және ішкі екі шошақ қабықтан тұрады. Қабықтар қалыңдығы 2 мм табақ болаттан дайындалған панельдерден жиналады, олар өзара болаттармен қосылады. Сыртқы қабық өлшемі 2700x850 мм тік бұрышты панельдерден және биіктігі 2700 және үстімен 818, астымен 850 мм өлшемдері бар трапеция тәрізді панельдер формаға қажетті конустық береді.
Ішкі қабықтың және калыптың панельдері 1250x600 мм өлшемдері бар -- тік бұрышты, олар екі яруспен ілінеді.
Ғимаратты бетондау яруспен жүргізіледі. Бетон қажетті беріктілікке жеткен соң калып шахталы көтергіш арқылы жоғарғы яруске көтеріледі. Шеңбер бойынша форманың ұзындығын азайту қалыпты көтеру сайын қалыптардың панельдерін шығарып алу арқылы қамтамасыз етіледі.
Жылжымалы қалып домкрат рамаларына бекітілген қалқандардан, жұмыс еденінен, домкраттардан, жетекші станциядан және басқа элементтерден жиналады. Қалыптың бұл типі темірбетонды үймереттердің тік элементтерін және біршама үлкен биік ғимараттарды тұрғызғанда қолданады. Жылжымалы қалыптың негізгі элементтері: калқандар, домкрат рамалары, жұмыс төсеніші, аспалы төсемдер, домкраттық стерженьдер, домкраттар болады. Домкрат рамалары бетон қоспасының қысымын қабылдайтын қалып қалқандары орнатылатын негізгі күш алушы эле-менттер болады. Домкрат рамаларына және домкраттар бекітіледі, олар қабырға өсі бойынша орнатылған шыбықтарға сүйеніп қалыптың барлық конструкциясын көтереді.
Қалып қалқандарын биіктігі 1 -- 1,2 м секция түрінде қабырга негіздерінде жинайды. Сонымен қалқандарға олардың 1:500 -- 1:200 биіктік шегінде конустық беріледі, ол жаңа төселген бетоннан қалыпты жұлып алуын жеңілдетсді.
Домкрат рамалы көп жағдайда металдан жасалады, бірақ төрт қырлы ағаш бөренеден де болуы мүмкін. Қалып формалары қалындығы 1,5 -- 2 мм табақ болаттан жасалады, бұл олардың бір қабатты ғимараттарды бірнеше рет пайдалануға мүмкіншілік береді.
Қалыпты қалқандар конструкциясы бойынша екі түрге бөлінеді: ірі және ұсақ қалқанды. Соңғы қалып тым әмбебап, бірақ жинақтау және ажыратуға көп еңбекті қажет етеді. Ұсақ қалқандарды қолданғанда оларды тақтайдан жасалған доғаға (кружалаға) іліп қояды, ал ірі өлшемді қалқандарда тақтай доға қалқанның конструкциясына кіреді. Жұмыс төсемін көтергіш сырғауылдардан істейді, олардың үстіне қалындығы 32 мм тақтайлардан еден жасайды. Төсеніштіғ көтергіш сырғауылдары қалың қалқандардың тақтай доғасына да, домкрат рамаларының тіреулеріне де сүйенсді.
Жұмыс еденіне қамытты құрылыс материалдарын (бетон қоспасы, арматура, домкрат стерженьдері, ағаштан жасалган бұйымдар), транспортерлер және т.б. орналастырады. Кей жагдайларда жұмыс төсемін жабынды бетондау үшін қалып ретінде пайдаланады.
Домкрат бекітілген домкрат рамасы және домкрат шыбығы кетергіш қондырғы кұрады. Рамалар аралығы есептеумен анықталады жөне әдетте 1,5 -- 2,5м болады. Рама мен формалар көтеруі домкрат шыбықтарына тірелетін
гидравликалық немесе электрмеханикалық домкраттармен қамтамсыз етіледі. Гидравликалық жабдық қалыпта жартылай автоматтық және автоматтык тәртібімен көтеруге мүмкіндік береді. Автоматтық көтеру тәртібі көлденеңділігін автоматтық басқарумен алдын ала берілген бағдарлама бойынша қалыпты көтеруге мүмкіншілік береді.

ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚАЛЫПТЫҢ КОНСТРУКТИВТІК ҮЛГІСІ
I -- жылжымалы қалыптың калканы; 2 -- домкрат рамасы; 3 -- домкрат; 4 -- домкрат шыбығы; 5 -- үстіңгі ішкі жүмыс орны; 6 -- үстіңгі сыртқы жүмыс орны; 7 -- астыңғы ішкі жүмыс орны; 8 -- астыңғы сыртқы жүмыс орны; 9 -- жабыңғы тақтаны сүйейтін түтас қүймалы темір-бетон қабыргасындағы ойық; 10 -- түтас қүймалы темір-бетондағы есік немесе терезе ойығы

Көлденең-ауыспалы (сырғымалы) қалып ашық тәсілімен сүйеу қабырғалары, коллекторлар, тоннельдерді және тұрақты көлденең қимасы бар ұзын бойлық түзілістер мен ғимараттарды бетондау үшін қолданады. Конструкциясына және калыпты сүйемелдейтін тесемге байланысты сырғымақ калыптар екі топқа белінуі мүмкін: биіктігі бойынша өзгермейтін тесемдері және көтеріліп-түсірілетін төсемдері барларға.
Блок-форма қалқандар және бекіткіштерден тұратын ірі габаритті кеңістік қаңқалы түзіліс болады, ол ростверк, сатылы фундамент, типті бір шама аз көлемді бекітулі түзілістерді бетондау үшін қолданады. Қалыптың осы типті түзілісінің ерекшелігі оны жинақтау кранымен тұтас орнату мүмкінділігі болады. Конструктивтік орындалуы бойынша блок-формалар алмалы-салмалы және ажырамайтын болады. Ажырамайтын блок-формалар қатты конструкциялы болып жасалады, олардың ажыратуы жазықтарды жылжытусыз орындалады. Бұл үшін оларды конусты етіп жасайды.Үлкен өлшемді бекітулі түзілістерді бетондау үшін беттерін ажыратқанда ашылатын алмалы-салмалы формалар пайдаланады (3.5-сурет).
Блок-форманы бүтіндей кранмен орнатуға және алуға болады. Олардың айналымдылығы 200 -- 300 рет болады. Алынбайтын немесе қаптау-қалыбын бетондағанда қалып және қорғаныш әлде сәндік қаптау ретінде қолданады. Қалыптың осы түрі конструкцияға кіреді және онымен бірлесіп жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.

ФУНДАМЕНТТТЕРДІҢ АЖЫРАМАЙТЫН БЛОК-ФОРМАЛАРЫ
1 -- бағана тіреуінің калыбы; 2 -- баспалдақ қалыбы; 3 -- домкраттар тіреуіштері; 4 -- жинақтау ілмектері;

Алынбайтын қалыптың элементері түзілістерді бетондау аяқталған соң сонда қалдырылады және кейбір жағадйда су айырғыш, жылу сақтағыш, қаптау міндеттерін орындайды және ол тоқымалы тор, металл, пластмасса, армоцемент, әйнек цемснт, темір-бетоннан жасалады.
Пневматикалық қалыптың ғимарат пішініне сәйкес пішілген иілгіш ауа өткізбейтін қабық пішіні болады. Оны жұмыс қалпына орнатып бетонмен толтырады, сонан соң оның ішінде ауа немесе газдың артық қысымын жасау арқылы жоба қалпына көтереді.

\

\

\

\

\

\

ч

\ \
ч

ҚАЛҚАНДЫ АҒАШ ҚАЛЫП
1 -- қалқан тақтайлары;
2 -- түтастырғыш тақтайша

Қаптау-қалып құрылыс индустриясының мекемелерінде жасалады және жоба қалпына кран көмегімен орнатылады, бұл орнатудың көп еңбекті қажет ететін процесін едәуір жеңілдетеді. Сонымен оларды ажырату бойынша көп еңбекті операциялардың қажеті болмайды.
Бетондау блоктарында темірбетон қаптау-қалыпты әдетте бірнеше тәсілдермен бекітеді. Бетон сілемінде қатты арматура, ал тақталарда шығару-ілмектер болса, онда оларды орағыштар және тәжілермен бекітеді. Анкерлеуші ілмектсрі жоқ тақталарды олардың іліктерінен өтетін тәжілер арқылы бекітеді. Нашар арматураланған сілемдерде және жұқа қабырғаларда қалып тақталарын бетондауға кейін алынатын инвентарлы металл немесе ағаш сырғауылдар көмегімен бекітеді.
Металл қаптау-қалыбын темірбетон түзілістерін ерекше ауыр жағдайларға пайдаланғанда қолданады, қайта ол сенімді су айырғыш ретінде пайдаланады және бетонды майдаланудан және радиоактивтік сәулеленуден қорғайды.
Металл қалып дағдыдағыдай бетондалатын түзілістің бір жағына орнатылады. Бүл үшін қалыңдығы 5-тен 10 мм дейін болат табақтар пайдаланады. Табақтар қаттылығы швеллер дәнекерлеуімен қамтамасыз етіледі, олар бетонда калады және қаптау мен бетон сілемінің тұтасуын қамтамасыз етеді.
Құрылыстың өзіндік құнын төмендетудің ең маңызды факторларының бірі оның айналымдылығы болады. Қалыптың айналымдылығы көтерілген сайын оның құны арзандайды, сондыктан оны жасауға жұмсалған шығындардың орнып толтыру үшін қалыпты үздіксіз, кайта-қайта пайдалану керек. Осы мақсатпен технологиялығы артығырақ қалыптарды қолдану қажет және бірінші қолданғаннан кейін оларды жөндеу арқылы пайдалану қалпына келтіру керек.
Бірнеше рет пайдаланған қалыптың толық құны мына формуламен аныкталады
Сп = С + (п - 1) а С,
мұндағы С -- қалыптың алғашқы кұны, тг; п -- қалыптың айналымдылығы; а -- тозу коэффициенті, ал әр айналымның құны мынаған тең
С1 = С [ (1 - а)п + а ].

Түзілістерді арматуралау
Тұтас құймалы құрылыстың артықшылығына көбінесе түзілістерді орынды арматуралау себепші болады. Тұтас құймалы темірбетон түзілістері үшін арматура типі осы түзілістердің жұмыс ерекшелігін, олардың өлшемдері мен пішін үйлесімін, жұмыстардың технологиясы мен ұйымдастыруын еске алып таңдалады. Арматуралау әдісін белгілегенде арматуралық толтыру құруының технологиялығы еске алынады, ол еңбек шығындарын, механикаландырылған еңбектің мөлшерін, жұмыстарды орындау өнімділігін аньіқтайды.
Темірбетон түзілістерін жасау еңбек сыйымдылығы және үнемділігі көбінесе түзілістерді арматуралау бойынша қабылданған шешімдерге байланысты. Түзілістерді арматуралау жұмыстардың жалпы циклінде 17 -- 30% құнынан және 15 -- 25% еңбек сыйымдылығынан тұрады.
Арматура ретінде болат және пластмасса, әйнек, базальт және органикалық материалдардың талшықтары пайдаланылады.
Арматура жұмыстары екі негізгі процестерден тұрады: арматура бұйымдарын жасау және оларды бетондалатын түзілістің калпына орнату.
Арматура бұйымдары дағдыдағыдай арматура-дәнекерлеу зауыдтарында әлде құрылыс индустриясы кәсіпорындарының цехтарында жасалады,онда жасау процестері барынша механикалаидырылған болады.
Арматура бұйымдарын жасау операциялары арматура болатты тасымалдау, түзету, тазарту және кесу, шыбықтарды бүгу, тор және қаңқалар дәнекерлеу, оларды бүгу, кеңістік қаңқаларын құрастыру және қоймаға дайын бүұымдарды тасымалдаудан түрады.
Мацңзы бойынша жинақтау-орнату процестерінің тех-ологиясы ширатылған және ширатылмаған арматураға әр түрлі болады.
Дағдылы және ширату-арматураланған түзілістерде ширатылмаған арматураны бетон қоспасын төсегенше орнатады, ал ширатылған арматураны -- түзіліс бетондары аяқталып және бетон қажетті беріктікті алган соң. Бүл үшін арматураны бетонда қалдырылған өңешке кіргізеді,
сосын ширату жасайды, арматура элементтерінің ұштарын бекітеді және өңештерді бітейді.
Арматура түрлері, жіктелуі және оларды нығайту тәсілдері
Арматура атқаратын мімдетіне қарай жұмыстық бөліп тұратын жинақтау жәие қамыттарға бөлінеді.
Негізінде созу күшін кабылдаға арналған (иіліс, созу, центрден тыс қысу және созу) әдетте жұмыс арматурасы түзілістің созылған зонасында орналасады. Кейбір жағдайларда арматураның осы түрін және қысу күштеріне қарсы бетонды нығайту үшін қолданады.
Арматура бетонмен бірге жұмыс істеуді қамтамасыз ету керек және тұтас құйма түзілістің типтерің олардың жұмыс схемасын жөне бетонның беріктік сипаттамасын еске алып таңдалу керек.
Бөліп түратын арматура жұмыс арматурасы шыбықтар арасында күштерді біркелкі болу үшін қызмет етеді. Бөліп түратым және жұмыс арматураларымың қосылуын дәнекерлеу немесе бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жинақтау арматурасы каңқаға жеке шыбықтарды кұрастыру ыңғайлылығы және жұмыс арматурасының дәл орналасуын белгілеу үшін қойылады.
Қамыттар түзіліс бетонын қиғаш жарық пайда болудан қорғау жене арматура қаңқасын жасау үшін қызмет етеді. Қамыттар бағаналар арматурасының тік шыбықтарының ыдырауына кедергі жасайды.
Арматура өзінің негізгі міндетінен басқа түзілістердегі шөгу температура көлік және басқа уақытша күштерді қабылдау үшін пайдаланады.
Темір-бетон түзілістердегі арматура мелшері иақты шекте жобаланады және арматура коэффициентімен сипатталады ол жұмыс арматурасының кима ауданы мен бетонның қима ауданының қатынасына тең.
Негізгі арматура бұйымдары жазық және бүгілген торлар мен қаңқалар, кеңістік қаңқалар, дәнекер бұйымдары болады.
Торлар жазық және оралмалы болып жасалады. Олар дәнекерлеу арқылы қосылған бойлай және көлденең арматурадан тұрады. Торлар диаметрі 3 -- 7 мм төмен көміртекті суықтай созылғаи сымнан және А-Ш класты өзгермелі пішінді ыстықтай таптап жасалған төмен қоспалы болаттан жасалады. Торлар ұзындығы 9 м-ге дейін, ені 1,5 м-ден 3,0 м-ге дейін жұмыс және бөліп тұратын екі бағытта ауыспалы адыммен жұмыс арматурасы бар болып дайындалады.
Жазық қаңқалар тар және ұзын бұйымдар түрінде жасалады олардың шілтері жұмыс бойлық және бөліп тұратын көлдеңең стерженьдерден түрады. Көлденең шыбықтар созу және опыру кернеулеріи қабылдайды.
Кеңістік қаңқалар әр түрлі қимамен жасалады -- бекітулі тік бұрышты және кисық сызықты.
Металл донекерлеу бүйымдары темір-бетон түзілістерін косу үшін арналады. Дәнекерлеу бұйымдары көбінесе болат тілігінен жөне анкер кұрылғысы көмегімен қосылатын прокат профилінен жасалады.
Арматура болат механикалық қасиеттеріне (беріктік шегі және аққыштық шегі) байланысты төрт негізгі класстарға А-І, А-ІІ, А-ІІІ, А-ІV жатқызуға болады. Арматура болатты өнеркәсіп диаметрі 3-тен 90 мм дейін шығарады. Жасау технологиясына байланысты арматура болатты ыстықтай прокатпен алынатын шыбықты және суық күйінде созумен жасалатын сымға бөлінеді.
Шыбықты арматура өз қезегімен:
прокаттан кейін термиялық нығайту өңдеуге салынбайтын ыстықтай таптап жасалғанға;
диаметрі 10 -- 90 мм класы А-ІП в; диаметрі 10 -- 32 мм класы А-ІV өзгермелі пішінді ыстықтай таптап жасалғанға;
прокаттан кейін термиялық нығайту өңдеуге салынатын термиялық нығайтылғанға;
диаметрі 10 -- 25 мм класы А-ІУ, А-У және оқтын пішінді термиялық нығайтылғанға;
диаметрі 10 -- 90 мм класы А-ІІ; диаметрі 6 -- 40 мм класы А-Ш в өзгермелі пішінді созумен нығайтылғанға бөлінеді.

Шыбықты арматура жатық және-өзгермелі пішінді жасалады. Өзгермелі пішінді ыстықтай жұқартып жасалған болаттың бетінде арматура мен бетонның жақсы тұтасуын камтамасыз ететін екі бойлай жуандау және көлденең бұранда тәрізді шонақтар болады.
Суық тартылған сым арматурасы арматура сымына және арматуралық сым бұйымдарына бөлінеді.
Сым кәдімгі ширатылмайтын арматура үшін (диаметрі 3 -- 8 мм класы В-І) және жоғары берік ширатылатын арматура (диаметрі 3 -- 8 мм класы Вр-ІІ (үшін шығарылады. Арматуралық сым және өзгермелі пішінді болып жасалады (диаметрі 3 -- 8 мм класы Вр-П).
Өзгермелі пішінді сымның класын белгілегенде В (волоченая -- созылған) көрсеткішіне қосылған Р (рифленая -- кедір-бұдырланған) деген мағынаны көрсетеді. Болат маркасы оның химиялық құрамына байланысты белгіленеді. Мысалы, болат кұрамына кіретін металдарды әріптермен белгілейді. С -- кремний, Г -- марганец, Т -- титан. Болат 23х2г2ц маркасында бірінші цифрлар проценттің жүзінші үлесімен кеміртек мөлшерін көрсетеді; әріптерден кейінгі цифрлары тиісті элементтің мөлшерін белгілейді (цифр жоқ болса оның мелшері 1,0%-тен аспайды).Арматуралық болат құрылыс алаңына жеке стержень немесе оралма түрінде, ірілендірілген конструктивті эле менттер, дайын оралмалы және жазьгқ дәнекер торлары түрінде туседі.

АРМАТУРА БОЛАТЫН НЫҒАЙТУ
а -- тартумен; б -- суықтай сопайтумен
Аланда болат куәлікке (кұжатқа) сәйкес қабылданады, онда даярлаушы зауыдтың аты, болат маркасы, балкыту нөмірі, болаттың химиялық құрамы және механикалық сипаттамасы көрсетілу керек.
Арматура болаттарының беріктік шегі жоғарылаған сайын оның шығыны азаяды, бұл темірбетонды арзандатуға және болатты үнемдеуге жеткізеді.
Осы мақсатпен ыстықтай таптап жасалған арматура болатты суық өңдеуге салады -- тарту, суықтай сопайту және күшпен калибрлеу. Сонымен тойтарту құбылыс нәтижесінде металдың аққыштық шегі көтеріледі.
Тарту диаметрі 10 мм-ге дейін сымды нығайтуға қолданады. Процесс шығатын бөлігі кірісінен кіші конус тәрізді болат тақтасында жасалған тесіктерден тартудан түрады. Сонимен болат беріктігі 20 -- 25% көтереді. Тартудан өткен болат санды суықтай тартылған деп атайды (3.6,а-сурет). Суықтай сопайту үшін дөңгелек болатты арнайы станоктың белдік жүйесін өткізеді. Осының нәтижесінде болаттың бетінде екі өзара перпендикуляры жазықтарда батқан іздер пайда болады (3.6,б-суретті қара). Сонымен арматура аққыштық шегі 30 -- 40% көтеріледі.
Арматура болатты күшпен калибірлеу оны арнайы қондырғыда созудан тұрады содан кейін ол 4 -- 8% созылады. Күшпен калибірлеу диаметрі 6 -- 12 мм арматура үшін қолданады және оның аққыштық шегі 20 -- 25% жоғарылайды.

Тасымалдау және ширатылмайтын арматура элементтерін орнату
Арматураны дайындау орнынан орнату орнына тасымалдағанда оны бүлініп, майысудан қорғау жағын қарастырған жөн. Арматураны, арматура бұйымдарын, торлар пакеттері мен орамдарды жөнелту алдында сызбаға сәйкес оларды нөмірлеп, бирка жапсыру қажет.
Арматура бұйымдарын тасымалдау үшін көлік құралдарын таңдау құрылыс жағдайларына, тасымалдау қашықтығына, арматура түзілістерінің салмағы мен өлшемдеріне байланысты жасалады. Арматураны әдетте вагонетка-платформалары, жүк автомобильдері, темір жол платформалары және т. б. тасымалдайды. Арматураны арту түсіру кранмен жүзеге асырылады. Сонымен қаңқаларды ілмекке ілу жобада көрсетілген тораптарда жасалу керек, олар алдыи ала қызыл бояумен белгіленеді.
Арматураны жинақтауды арматурашылардың мамандандырылған звенолары жүргізеді. Звенолардың қүрамы мен саны жинақталатын арматура түрі мен жұмыс көлеміне байланысты. Арматураны тек қалыпты тексергеннен, актіге қол қойғаннан және оған орындау үлгісін жасағаннан кейін ғана орнатуға болады. Сонымен бетонда қалатын дәнекер бөлшектері, құбырлары және бөлшектердің орнатуын ұқыпты тексеру керек.
Арматураны орнатқанда алдыңғы орнатылған элементтер орнаты-латындарға бөгет жасамауы, әрі орнатылған арматураның беріктігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Арматуралау және бетондау процесінде жобада көрсетілгеп қорғаныш қабатының қалыңдығы қамтамасыз етілу керек, ол түзілістің түріне және атқаратын міндетіне байланысты.
Арматуралық дайындаулардың салмағы 100 кг-нан аз болса орнату орнына бірнеше данамен пакеттеп кранмен әпереді, ал жинақтау қолмен жүргізіледі. Тым ауыр элементтер кран көмегімен жинақталады.
Арматураны жинақтау фундаменттерден басталады, олардың арматуралық торларын қалыңдығы қорғаныш қабатының қабатына тең бетон төсеніштеріне жайып қояды. Торларға тік шыбықтарды немесе қортықтарды дәнекерлейді, оларға соңынан бағаналар арматурасын бекітеді.
Бағана қаңқасын жоба жағдайына қалыптың ашық жағынан немесе кран көмегімен толық жинақталған қалыпқа барлық қаңқаны түсірумен орнатады. Қалыпқа бағананың арматуралық қаңқасын орнатқан соң өстер бойынша бағана жағдайын дұрыстайды. Сосын бағана периметрі бойынша бетонның қорғаныш қабатының қалыңдығын тексерген соң қаңқа шыбықтарын фундаменттердің арматура шығаруларына косып бекітеді.
Қырлы жабынғыларды арматуралағанда алдымен аркалықтар мен ри-гельдердің арма қаңқаларын, сосын тақталар торын орнатады. Армату-раланатын элементтер салмақтарына байланысты оларды крандар көмегімен не-месе қолмен орнатады.
Егер арма қаңқалар жеткілікті қатты болса торларды қалыпты орнатқанша арматуралайды. Қабырға қалыңдығы мол болған жағдайда армақаңка дайын қалыпқа орнатылуы мүмкін, ал қалыңдығы шамалы болса -- қалыпка бір жағынан орнатады.
Бетондау алдында орнатылған қалып акті жасалып қабылданып алыну керек, онда жұмыс сапасына баға беріледі, жобадан тайқу жазылады, қисыны бар түзету және бетондау мүмкіншілігі бойынша қорытынды беріледі. Орнатылған арматураны қабылдау бетондауға дайындалғаи учаскелер бойынша жасалады. Орнатылған арматураны қарағанда шыбықтардың сапасы мен диаметрін, олардың дұрыс орналасуын, дәнекер бөлшектері болуын және тұрған орындарына назар аударып, жобамен салыстыру керек.
Алдын ала ширатылған темірбетон түзілістерін арматуралау
Бетондардың механикалық қасиеттері қысқанда жоғары беріктік және созылуға аз кедергімен сипатталады. Осыған байланысты темірбетон түзілістерінің созылған зонасында арматура бар болуына қарамастан әдеттегі созатын кернеу-лерден микрожарықтар түрінде бүліну іздері пайда болады, ол арматура коррозиялану қауіптілігін тудырады. Сондықтан кәдімгі темірбетон түзілістері орнына осы кемшілікті жою мақсатымен алдын ала ширатылған темірбетон түзілістері қолданылады, олардың иегізіне созылуға қарсы тұратын бетонда жасанды қысу кернеулерін жасау әдісі салынған.
Бетонды жасанды қысу және алдын ала ширатылған темірбетон жасау арматураны алдын ала ширату аркылы жүзеге асырылады, ол кернеу күштерін алған соң ширатылмаған қалпына келуге тырысып, қатқан бетонды қысады.
Практикада арматураны төсеу және ширатудың екі тәсілі қолданылады -- тірекке және бетонға. Бірінші тәсілде арматураны стендтің немесе қалыптың тіректеріне салып тартады да, сонан соң бетондайды. Екіиші тәсіл қатқан бетонға керу -- тұтас кұймалы құрылыста кең тарағаи.
Сондықтан бетонға керілетін арматура өткізу үшін онда арнайы өңештер жасайды. Ол үшін бетондау алдында калыпқа болат құбырлар түріиде өңеш жасаушылар орнатылады, олардың диаметрі әдетте арматура будасы диаметрінен 10 -- 15 см артық болады.
Болат құбырлар бетонға жабысып қалмау үшін әр 15 -- 20 мин кейін өс айналасында айналдырып отырады, ал бетондау аяқталған соң 2 -- 4 сағ. кейін шығарып алынады.
Бетон жобалық беріктікке жеткенде өңештер арқылы жоғары берік сым будалары түріндегі арматураны немесе болат арқандарын тартады. Арматура кернеуін бір жақты немесе екі жақты әсер ететін гидравликалық домкратпен жүзеге асырады.
Бір жақты әсер ететін гидродомкраттар көмегімен арматураны тартқанда арматура будасының бір ұшын стакан анкеріне тықпалайды, ал екіншісін арнайы цангалы қысқыш көмегімен өңештің қарама-қарсы шетіне бекітеді. Станок анкерін муфта арқылы домкрат поршенінің жылжымалы штоктан муфта және стакан анкері арқылы арматура будасына беріледі. Домкратты алғаннан кейін арматурада пайда болған тарту күші анкер тетіктері арқылы бетонға беріледі және оны қысады.
Екі жақты әсер ететін домкраттармен тартқанда арматура будасына конус тесігі бар болат тығырық кигізеді, оған домкрат қалақтарын тірейді. Сым ұштарын домкраттың жылжымалы цилиндріне орнатқан сақиналы қысқышқа бекітеді. Цилиндрге май бергенде буда тартылады және де арматура тартылу монометр бойынша бақыланады. Домкратты алғаннан кейін тығырық арқылы тарту күші бетонға беріледі.
Түзілістердің тұтастығын және арматураны коррозиядан қорғауды қамтамасыз ету үшін өңештерге маркасы 300-ден кем емес цемент ерітіндісін қысып толтырады. Сонымен ерітінді отырмайтын немесе ұлғаятын цементтен дайындалады.
Бетон қоспасының технологиялық қасиеттері
Бетон қоспасы деп дұрыс тандап алынған, біркелкі күйге дейін араластырылған, байланыстыратын материал, толтырғыштар, су және қажетті жағдайлардан түратын, әлі қатпаған коспаны, ал төселген және қалыптанған бе-тон коспасын бетон деп атайды.
Бетон сапасы бірнеше көрсеткіштермен сипатталады: қысу жане созуға беріктігі, тығыздығы, су сіңірмеушілігі, аязғ төзімділігімен.
Бетон қысу және созуға беріктігі бойынша кластарға бөлінеді. Бетон кластары оның 0,95 қамтамасыз етулігімен МПа-мен өлшенетін кепілді беріктігіне сәйкес келеді және саны бетонның мөлшерлі кедергісіне тең.
Ауыр бетондар су сіңірмеушілігі бойынша келесі маркаларға бөлінеді: 2; 4; 6; 8; 12; аязға төзімділігі бойынша -- 50; 75; 100; 150; 200; 300; 400; 500.
Бетон коспасы технологиялық қасиеттері бойынша екі негізгі талапты қанағаттандыру керек:
дайындау процесінде алған біркелкілігін тасымалдағанда, аударып салған-да және қалыпқа немесе басқа формаларға төсегенде сактау;
бетондалатын түзілістің типі, қабылданған әдістері және құрастырмалы бұйымдардың қалыптау шарттары және қоспаны тығыздау карқындылылығына тиісті төсеу қолайлығына ие болу.
Қоспаның біркелкілігі оның кабаттасуына, яғни қоспадан құ-растырушылардың бір-біреуі немесе су бөлінуіне, мүмкіишілік бермейтін ең аз қажетті байланыстылыққа себепші болуда. Бетон қоспасының қажет байланыстылығы және су ұстау қабілеттілігі бетон құрамын дұрыс іріктеп алу, құрамына кіретіндерді дәлме-дәл дозалау, оларды сапалы араластырумен қамтамасыз етіледі.
Төсеу қолайлылығы, яғни қоспаның әр түрлі тығыздау құралдары әсерімен оңай төселу қабілеттілігі жылжымалылық және қаттылық көрсеткіштермен бағаланады.
Бетон қоспасының жылжымалылығы сантиметрмен көрсетілетін бетон қоспасының бақыланатын жаңа калыпталған конустың отыруымен (КО) сипатталады.
Бетон қоспасының қаттылығын (К) анықтау аспабында оның алдын ала қалыпталган конустың тегістелуіне қажет секундпен дірілдету уақытымен анықтайды.
Қаттылық немесе жылжымалылық көрсеткіштері бойынша бетон қоспаларын бірнеше маркаларға бөлуге болады: қаттылық бойынша Қ4 (және көбірек, с), ҚЗ (21 -- 30, с), Қ2 (11 -- 20, с), Қ1 (5 -- 10, с) жылжымалылық бойынша Ж1 (4 және кемірек, см), Ж2 (5 -- 9 см), ЖЗ (10 -- 15, см), Ж4 (16 және көбірек, см).
Бетон қоспасының жылжымалылығы ең алдымен су мөлшері және су-цемент өзара қатынасы, цемент түрі, толтырғыштар ірілігі, құмның түйіршік құрамы мөлшері, бетонға қосымшалар енгізу жоне т. б. байланысты. Қоспадағы судың молдығы бір мезгілде оның қабаттасуы кеуекті болуын және бетонның сапасын төмендетеді.
Жылжымалылығы үлкен (5 см және көбірек) бетон қоспаларын қалыпқа төсеу жеңілірек, яғни олардың технологиялылығы артық. Қатты қоспаларды төсеу еңбек сыйымдылығын және энергия шығынын көбейтеді. Бірақ жақсы тығыздалған катты қоспалар сапасы жоғары бетон алуға мүмкіндік береді.
Бетон қоспасына заказ бергенде оның дайындық дәрежесі, беріктік класы, төсеу қолайлылығы бойынша маркасы (қаттылығы және жылжымальгғы), аязға төзімділігі, су сіңіргіштігі, орташа тығыздығы және стандарт белгісі қыскаша белгіден тұру керек.
Бетон қоспасын дайындауды ұйымдастыру
Қазіргі жағдайда бетон қоспасын дағдыдағыдай тауар зауыттарында орталықтан дайындайды. Бірақ көбінесе шағын объектілерде бетон қоспасымен қамтамасыз ету үшін жылжымалы немесе инвентарлы бетон араластырғыш қондырғылар пайдаланылады.
Бетон қоспасын дайындау процесі келесі технологиялық операциялардан тұрады: құрамына кіретін материалдарды (толтырғыштар және цементті) қоймалардан араластырғыш қондырғыларға тасымалдау, дозалау, механикалык, араластыру және төсеу орындарына жеткізу үшін дайын бетон қоспасын көлік құралдарына беру. Сонымен бетон қоспасын дайындаудын негізгі операциясы оның құрамындағы бөліктерді механикалық араластыру болады.
Бетон араластырғыштар компоненттер тиеу және дайын қоспаны беру тәсілдері бойынша циклдік (оқтын) және үзіліссіз, ал араластыру тәсілі бойынша гравитациялық және ықтиярсыз болады.
Цикл үш операциядан тұрады: негізгі материалдарды тиеу, араластыру және дайын коспаны түсіру. Мұндай үлгі дозалауды жылдам өзгертуге және бетон қоспасын әр түрлі параметрмсн беруге мүмкіндік туғызады. Үздіксіз қимылды бетои араластырғыштарды дозалау, тиеу, араластыру және дайын қоспаны беру процестері үзіліссіз жүреді. Гравитациялық араластырғыштарда компоненттер кішкентай бөлшектер еркін құлау негізін пайдаланумен араластырылады. Барабан сыйымдылығы араластырғышқа тиелген құрғақ материалдар көлемі бойынша анықталады жене 100, 250, 500, 750, 1200, 2400 және 4500 литр болуы мүмкін.
Ықтиярсыз қимылды бетон араластырғыштарда қалақтар немесе жұдырықшалар болады, олар айналғанда қоспа араластырылады. Бүл әдіс аз жылжымалы қатты қоспаларды дайындағанда, қоспаны кеуекті және жеңіл толтырғыштармен дайындағанда қолданылады.
Цикльдік негізде жүмыс істейтін бетон араластырғыштың сағаттық өнімділігін мына формула бойынша анықтайды

мүндағы V -- құрғақ сылақ бойынша бетон араластырғыштың сыйымдылығы, л; пил -- бір сағаттағы илеу саны; Ку -- уақыт бойынша бетон араластырғышты пайдалану коэффициенті (0,9 -- 0,95).
Илеу саны мына формуламен анықталады

мүндағы t1 , t2 және t3 -- тиісінше қоспаны тиеу, араластыру және түсіру ұзақтылығы, с.
Дайын коспа көлемі және оны құратын материалдар көлемі қосындысының өзара қатынасымен сипатталатын бетон қоспасының шығу коэффициенті ауыр бетондар үшіи 0,7, жеңіл толтырғыштардағы бетондар үшін 0,75 жоне ұяшықты бетондар үшін 0,8 тең.
Бетон қоспасын тасымалдау және түзілістерге беру
Әдетте бетон қоспасын тасымалдау деп оны бетон зауытынан кұрылып жатқан объектіге жеткізу және объект шегінде төсеу орнына беруді атайды. Бетон қоспасыи төсеу орнына тасымалдау тәсілін зауыттан құрылыс алаңының қашықтығы, бетондалатын ғимараттың түрі, көлік құралдарының бары, бетон қоспасының қасиеттерін еске алып таңдайды. Сонымен бетон қоспасын тасымалдау тәсіліне байланыссыз түрде ең маңызды технологиялық шарт -- оның біркелкілігін және қажетті жылжымалылығын сақтауды қамтамасыз ету керек. Сондықтан бетон қоспасыи тасымалдағанда жауын-шашын тию, күн сәулесі мен жел әсері және цемент суы ағып кетуден сақтау керек. Бұдан басқа бетон қоспасы төсеу орнына аударып тиеусіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Техникалық үрдістерді реттеудің статистикалық әдістері туралы
Техникалық үрдістерді реттеудің статистикалық әдістері
Ыстық цехты ұйымдастыру
Педагогикалық технологияны талдау сызбасы
Ашық жүйелер концепциясының ГАЖ инструментальдық пакеттерінде қолданылуы
Топографиялық карталарды жаңартудағы заманауи технологиялар
Аң аулау шаруашылығының ірі масштабты карталарын құрастыру
Экологиялық жағдайы
Геоақпарат ғылымының ТМД мен Қазақстанда даму тарихы мен деңгейі
Пәндер