Электронды оқулық, ерекшелiктерi және оның оқыту үрдiсiне тигiзетiн пайдасы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3 . 4 бет
1 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ЖАСАУ КЕЗЕҢДЕРІ
1.1 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ, ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚЫТУ ҮРДIСIНЕ ТИГIЗЕТIН ПАЙДАСЫ ... ... ...
5 . 9 бет
1.2 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ЖАСАУ ӘДIСТЕРI ЖӘНЕ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9 . 17 бет
1.3 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ... 17 . 21 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22 бет
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 23 бет
КIРIСПЕ

Зерттеу тақырыбының көкейкестiлiгi. Соңғы уақытта жоғарғы оқу орындарында бiлiм беру үрдiсiне ақпаратты технологияларды енгiзуге, оқу бағдарламаларын және электронды кiтапхналарды құруға, желiлiк құрылымның дамуына, сонымен қатар дистанциялық бiлiм беруге көп көңiл бөлiнуде.
Осындай жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру университеттiң ауқымды желiге шыға алатын тармақталған желiсiн құрумен байланысты. Дистанциялық оқыту жоғарғы бiлiм алуға деген мүмкiндiктi теңдей таратуға, жеке ерекшелiктерiне сәйкес белгiлi бiр бiлiм деңгейiн алуға кең жол ашады. Дистанциялық бiлiм беру технологиясын енгiзу үшiн әртүрлi пәндер бойынша аудио және видео курстарды құрудың ғылыми әдiстемелiк негiзiн өңдеу, «электронды конференция» технологиясын енгiзу, теледидарлық оқыту бағдарламасына арналған бейне материалдар дайындау, қазiргi кездегi оқыту технологиясын қолдану қажет. Басқаша айтқанда, дистанциялық бiлiм берудегi оқыту процесiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшiн материалды-техникалық және оқу-әдiстемелiк база қажет. Соның iшiнде ерекше атап өтуге болатын әдiстемелiк кешен – электронды оқулық болып табылады. Олар оқу процесiн даралау мен дифференциалдауға, қатенi тексерудi бақылау мен керi байланысты жүзеге асыруға, оқу барысында өзiн-өзi бақылау мен өзiн-өзi түзетудi, әртүрлi жағдайларда тиiмдi шешiм қабылдай бiлу ептiлiгiн қалыптастыруға, ойлаудың белгiлi бiр типiн дамытуға (көрнектi-бейнелi, теориялық), оқуға ынтасын күшейтуге, танымдық iс-әрекетiнiң мәдениетiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
Қазіргі уақытта электронды оқулықтар мен оқу құралдарын жасау мәселесі өзекті болып табылады. Толық өңделген электронды оқулық лекция барысында - демонстрациялау құралы, компьютерлік кластарда өзіндік жұмыстарды орындау үшін - репетитор, компьютер, емтихан алушы алдында - тәжiрибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау ретінде қызмет атқара алады. Дегенмен, электронды оқулық осы функциялардың барлығын орындау үшін оқулықты құрастырушы оқытушының педагогикалық шеберлігі, оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескеретін күрделі әдістемелік құралдар болу қажет.
Кері байланысты ұйымдастыру - оқу процесінің дидактикалық циклінің ең маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Электронды оқулықтар әрбір пайдаланушыларға білім алудың немесе дағды мен біліктілікті қалыптастырудың жеке траекториясын таңдау, құру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Дегенмен, толықтай өз бетiнше білім алу – оқушылардың әртүрлі психологиялық ерекшеліктеріне байланысты әрқашан тиімді болып табылмайды.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

1. А.А.Абжаппаров Система высшего образования Казахстана (проблемы, перспективы)//Открытое и дистанционное образование. Научно – методический журнал №1 2001 г. 7 б.
2. Казахстанская правда 07.11.02. «Инвестиции в образование»
3. Л.В.Бойков Формирование системы управления качеством получаемых знании при дистанционном обучении. //Жаһандану жағдайларындағы дистанциялық бiлiм берудiң жай күйi мен даму стратегиясы: Халықар. ғылыми – практикалық конф. материал. Қарағанды қаласы: ҚРУ баспасы, 2003 ж. 136 б.
4. Г.М.Мутанов. Образование Казахстана в условиях глобализации. // Халықар. ғылыми – практикалық конф. материал. Қарағанды қаласы: ҚРУ баспасы, 2003 ж. 3 б.
5. И.Г.Захарова. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. – М: Издательский центр «Академия», 2003№ - 192 с.
6. Христочевский С.А. «Электронные мультимедийные учебники и энциклопедии», Ж. «Информатика и образование», №2-2002 г.
7. А.В.Шишкин, В.С.Череднеченко Некоторые методические аспекты дистанционного образования. //Открытое и дистанционное образование. Научно – методический журнал №1 2001 г. 18 б.
8. А.Т.Едрисов, М.А.Антонов. Технология компьютерного программированного обучения. //Жаһандану жағдайларындағы дистанциялық бiлiм берудiң жай күйi мен даму стратегиясы. Халықар. ғылыми – практикалық конф. материал. Қарағанды қаласы: ҚРУ баспасы, 2003 ж. 129 б.
9. В.Г.Выгузов. Дистанционное образование: состояние и проблемы. //Жаһандану жағдайларындағы дистанциялық бiлiм берудiң жай күйi мен даму стратегиясы. Халықар. ғылыми – практикалық конф. материал. Қарағанды қаласы: ҚРУ баспасы, 2003 ж. 146 б.
10. Д.Д.Джантасова, В.В.Егоров. Дидактические основы организации учебного процесса в системе дистанционного обучения на базе компьютерных телекоммуникаций. // Халықар. ғылыми – практикалық конф. материал. Қарағанды қаласы: ҚРУ баспасы, 2003 ж. 204 б.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 - 4 бет
1
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ЖАСАУ КЕЗЕҢДЕРІ

1.1
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ, ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚЫТУ ҮРДIСIНЕ ТИГIЗЕТIН ПАЙДАСЫ ... ... ...

5 - 9 бет
1.2
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ЖАСАУ ӘДIСТЕРI ЖӘНЕ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

9 - 17 бет
1.3
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ...
17 - 21 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
22 бет

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ..
23 бет

КIРIСПЕ

Зерттеу тақырыбының көкейкестiлiгi. Соңғы уақытта жоғарғы оқу орындарында бiлiм беру үрдiсiне ақпаратты технологияларды енгiзуге, оқу бағдарламаларын және электронды кiтапхналарды құруға, желiлiк құрылымның дамуына, сонымен қатар дистанциялық бiлiм беруге көп көңiл бөлiнуде.
Осындай жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру университеттiң ауқымды желiге шыға алатын тармақталған желiсiн құрумен байланысты. Дистанциялық оқыту жоғарғы бiлiм алуға деген мүмкiндiктi теңдей таратуға, жеке ерекшелiктерiне сәйкес белгiлi бiр бiлiм деңгейiн алуға кең жол ашады. Дистанциялық бiлiм беру технологиясын енгiзу үшiн әртүрлi пәндер бойынша аудио және видео курстарды құрудың ғылыми әдiстемелiк негiзiн өңдеу, электронды конференция технологиясын енгiзу, теледидарлық оқыту бағдарламасына арналған бейне материалдар дайындау, қазiргi кездегi оқыту технологиясын қолдану қажет. Басқаша айтқанда, дистанциялық бiлiм берудегi оқыту процесiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшiн материалды-техникалық және оқу-әдiстемелiк база қажет. Соның iшiнде ерекше атап өтуге болатын әдiстемелiк кешен - электронды оқулық болып табылады. Олар оқу процесiн даралау мен дифференциалдауға, қатенi тексерудi бақылау мен керi байланысты жүзеге асыруға, оқу барысында өзiн-өзi бақылау мен өзiн-өзi түзетудi, әртүрлi жағдайларда тиiмдi шешiм қабылдай бiлу ептiлiгiн қалыптастыруға, ойлаудың белгiлi бiр типiн дамытуға (көрнектi-бейнелi, теориялық), оқуға ынтасын күшейтуге, танымдық iс-әрекетiнiң мәдениетiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
Қазіргі уақытта электронды оқулықтар мен оқу құралдарын жасау мәселесі өзекті болып табылады. Толық өңделген электронды оқулық лекция барысында - демонстрациялау құралы, компьютерлік кластарда өзіндік жұмыстарды орындау үшін - репетитор, компьютер, емтихан алушы алдында - тәжiрибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау ретінде қызмет атқара алады. Дегенмен, электронды оқулық осы функциялардың барлығын орындау үшін оқулықты құрастырушы оқытушының педагогикалық шеберлігі, оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескеретін күрделі әдістемелік құралдар болу қажет.
Кері байланысты ұйымдастыру - оқу процесінің дидактикалық циклінің ең маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Электронды оқулықтар әрбір пайдаланушыларға білім алудың немесе дағды мен біліктілікті қалыптастырудың жеке траекториясын таңдау, құру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Дегенмен, толықтай өз бетiнше білім алу - оқушылардың әртүрлі психологиялық ерекшеліктеріне байланысты әрқашан тиімді болып табылмайды.


1 Электронды оқулықТЫ ЖАСАУ КЕЗЕҢДЕРІ
1.1 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ, ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚЫТУ ҮРДIСIНЕ ТИГIЗЕТIН ПАЙДАСЫ
Программалау біліктілігінің жүйелі қалыптасуы соңғы уақытта пайда бола бастаған электронды оқулықтармен тиімділене түседі. Ал электронды оқулықтарды білім беру процесін ақпараттандыру құралының бірі деуге болады. Электронды оқулық - компьютер көмегi арқылы өз бетiнше немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бөлiгiн меңгеру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн программалық-әдiстемелiк кешен.
Электронды оқулық - бұл оқу пәнiнiң негiзгi ғылыми мазмұны көрсетiлетiн магниттi тасымалдаушыда (қатты немесе иiлгiш дискте) орналасқан оқытушы, бақылаушы, моделдеушi және басқа программалардың жиынтығы. Электронды оқулық әдетте 3 компоненттен: курстың негiзгi ақпараттық бөлiгi берiлген - презентациялық, алынған бiлiмдi бекiтетiн - жаттығу, бiлiмгердiң бiлiмiн бағалауға мүмкiндiк беретiн - тестiлеуден тұрады. Электронды оқулықтың тиiмдiлiгi келесi ерекшелiктерiнен көрiнедi:
oo қарама - қарсы байланысты қамтамасыз етедi;
oo гиппермәтiндiк түсiнiктемеге бiрнеше рет сiлтеме жасау уақытты үнемдейдi;
oo мәтiндi экранға шығарып қана қоймай, оны әңгiмелейдi, көрсетедi, моделдейдi және т.с.с., тап осы жерде мультимедиялық технологиялардың мүмкiндiктерi мен ерекшелiктерi (көрнекiлiк және түсiнiктiлiк принципi) көрiнедi;
oo жылдам, бiрақ нақты бiр адамға сәйкес темппен белгiлi бiр бөлiм бойынша бiлiмдi тексеруге мүмкiндiк бередi.
Электронды оқулықтың кемшiлiгiне ақпаратны қабылдау құралы ретiнде дисплейдiң нашар физиологиясын (тексттiк ақпаратны кiтаптан оқу экраннан қабылдауға қарағанда ыңғайлы және тиiмдiрек) жатқызуға болады.
Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу құралдарының атқаратын ролі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба - тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп, оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.
Электронды оқулықтар - барлық оқулықтардың материалдарын модульдік түрде құрастыру оның мазмұнын бірыңғай тұрғыдан қарастыруға негізделген. Оқушылардың танымдық негіздері мен ерекшеліктері, жас ерекшеліктер өзгешеліктеріне байланысты ғылыми теориялық ұғымдар жүйесі арқылы жалпыдан жалқыға, абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу электронды оқулықтардың кәдімгі оқу құралдарынан, оның ішінде соңғы буын оқулықтарынан басты айырмашылығы екеніне күмән жоқ.
Электронды оқулықтар ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық - ақпараттық өнім. Электронды оқулық дайындаудың концептуальды негізі модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электронды оқулық дайындау жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни электронды оқулықтар оқыту процесінің автоматтандырылған формасы іспетті. Осындай ойды қорытындылай келе:
Электронды оқулық - дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жекеше меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе.
Осы жүйеге орай электронды оқулықтар оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілдері мен логикасын өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді.
Классикалық түсiнiкте оқулық - белгiлi бiр ғылым аймағы бойынша материал ғылым мен мәдениеттiң қазiргi жетiстiгi деңгейiнде жүйелi түрде берiлетiн оқушыларға немесе бiлiмгерлерге арналған кiтап. Сондықтан да электронды мен баспа оқулығы ортақ белгiге ие, атап айтқанда:
oo оқу материалы белгiлi бiр бiлiм аймағы бойынша берiледi;
oo бұл матеиал ғылым мен мәдениеттiң қазiргi кездегi жетiстiгi деңгейiнде жабдықталған;
oo оқулықтағы материал жүйелi түрде берiледi, яғни оқулықтың бүтiндiгiн қамтитын, бiр - бiрiмен мағыналық қатынасы және байланысы бар көптеген элементтен тұратын толық анықталған шығарма болып табылады.
Көптеген оқытушыларға электронды оқулық терминi ұнамайды деген пiкiрлер бар. Өмiр де, технология да өзгерiс үстiнде болғандықтан жаңа терминдерден қорқудың қажетi жоқ. Өзгерiстердiң барлығына түсiнiстiкпен қарау керек.
Электронды оқулықтың баспа оқулығынан ерекшелiгiн анықтап алу қажет:
oo Әрбiр баспа оқулығы (қағаздағы) оқушыларды дайындаудың белгiлi бiр бастапқы деңгейiне негiзделген және оқытудың соңғы деңгейiн ұсынады. Көптеген жалпы бiлiм беру пәндерiнен кәдiмгi (базалық), күрделiрек, факультативтi оқулықтар бар. Нақты бiр пәнге арналған элетронды оқулық бiрнеше күрделi деңгейдегi материалды қамтуы мүмкiн. Сонымен қатар, олардың барлығы бiр компакт дискiде орналасады, мәтiн анимация мен иллюстрациядан, әр деңгей үшiн интерактивтi режимде бiлiмдi тексеруге арналғанкөп вариантты тапсырмалардан тұрады;
oo Электронды оқулықта баспа оқулығына қарағанда көрнекiлiк басым. Сонымен қатар көрнекiлiк электронды оқулықты жасау барысында мультимедиялық технологияларды: анимация, дыбыстық қолдау, гиперсiлтеме, бейнесюжет және т.б. қолдану барысында қамтамасыз етiледi;
oo Электронды оқулық тексеру тапсырмаларының, тесттердiң көп варианттылығын, көп деңгейлiгiн және әртүрлiлiгiн қамтиды. Электронды оқулық тапсырмалар мен тесттi интерактивтi және оқыту режимiнде берудi қамтамасыз етедi. Қате жауап нұсқалғанда, түсiнiктемелер арқылы дұрысын ұсынуға болады.
oo электронды оқулық құрылымы бойынша ашық жүйе болып табылады. Оларды толықтырып отыруға, түзету енгiзуге, өзгертуге болады.
oo Электронды оқулыққа жету мүмкiндiгi жоғары. Сұраныс кезiнде электронды оқулықтың тиражын көбейтуге, оны желi арқылы жеткiзуге болады.
oo Қолдану барысында әртүрлi қызметтi қамтамасыз етуiне және өңдеу мақсатына байланысты электронды оқулық әр түрлi құрылымға ие болады.
Қорыта айтқанда, электронды оқулық дәстүрлi құралдан, тек оқу материалы ғана емес, сонымен қатар меңгеру (осы материалды түсiну және еске сақтау), бiлiм, бiлiктiлiк және дағдының қалыптасуын бақылау жүйесi программаланғанымен ерекшеленедi.
Бiлiмгерлер үшін электронды оқулық - өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір бiлiмгердiң өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады. Электронды оқулықтар бiлiмгердiң өз бетімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік туғызады. Осы жүйе арқылы бiлiмгер практикалық негізде алгоритмдік ойлау қабілетін дамыта алады. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадынан керекті ұясынан іздеп таба білу де әр адамның бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады. Мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып, білім алу кезіндегі олардың белсенділігі арта бастайды. Оқулықтардың модульдік жүйеге негізделіп құрылуы осы оқулықтың тиімділігін айқындай түседі. Модульдерге бөлуде теориялық заңдылықтардың практикалық тақырыптарға сәйкес келуі негізге алынған.
Оқытушылар үшін - электронды оқулық бұл күнбе - күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Сол себепті электронды оқулықтардың әзірлеп, оны дамытудағы жұмыс та қайта оралып келіп, түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлер арқылы тиімділігі бірте-бірте артады. Электронды оқулықтарды пайдалануда оқытушы ғылыми -әдістемелік потенциялын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Электронды оқулықтар арқылы сабақтың ыңғайына қарай қосымша материал ретінде де, факультативтік және қосымша сабақтарда да қолдануға болады. Әсіресе, саясат, білім, экология тақырыптары қазіргі өмірмен байланыста болады. Электронды оқулығы көрнекілік ретінде де, оқу мен компьютер арасындағы байланыс жасауда да оқытушыларға көп көмек көрсетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тестер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық, бейнелеу мәтіндері түрінде, мультимедиялық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көмегін тигізеді. Электронды оқулықтарды жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру құрылы ретінде пайдалану - алғашқы қадам, бірақ бұл білім жүйесін дамытудың көрнекі белесі, ол оқытушының қазіргі кездегі ролін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Енді оқытушы білім мен ақпарат беретін тұлға емес, ол алға қойған мақсатқа жету жолындағы керекті мәліметтерді тауып алуға көмектесетін кеңесші әрі әріптеске айналып кетеді.

1.2 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ЖАСАУ ӘДIСТЕРI ЖӘНЕ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Қазіргі таңда автоматтандырылған оқыту жүйелерін, соның ішінде электронды оқулық жасаудың көптеген түрлері қарастырылған. Оларды құру әдістері де алуан түрлі. Оқу материалдарын ұсыну түрлері бойынша оларды негізінен 3 түрге бөледі (1-сурет).

гипер-сiлтеме

мәтiн
Мульти-медиалық

Электронды оқулық

Гипер-мәтiндiк

Қарапайым

мәтiн

сурет
анима-ция
аудио жазба

мәтiн

сурет
бейне жазба
иллю-страция

график
1-сурет. Электронды оқулық жасау әдiстерi.

Суретте электронды оқулық жасаудың жай (қарапайым), мультимедиялық, гипермәтіндік әдiстерi ажыратылып көрсетiлген.
Материалды ұсынудың кәдімгі құжат түрінде көрсетілуі, яғни, қарапайым түрдегі электронды оқулық дайындау - ол сызықтық түрде жалғаса қолданылатын текстік жүйе. Бұл электронды оқулық түрі бойынша аздаған материалдық тақырыпқа және бетке бөлінген, мазмұнды, суреттермен текстік материалдар көлемінде берілуі мүмкін. Бұл электронды оқулықпен жұмыс жасау принципі бойынша оқылатын тақырыппен танысу алдын ала белгіленген, өзгертуге болмайтын заңдылықпен жүзеге асады. Бұл кезде жүйе бірінен-соң бірі орындалады және оқытудың ең басынан бастап қолдануды ұсынады. Бұл оқулық түрі бойынша білімді бағалауда тестік жүйе құрылмайды. Мұнда тек өтілген тақырыпқа және оқылып біткен материалдарға ғана баға беру процесі жүреді.
Мультимедиялық электронды оқулық - ол оқу материалдарын демонстрацияланған гармоникалық түрде таратады. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба - тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп, оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады. Мұнда практикум компьютерлік имитаторда құрылады. Ал білімді бағалау тестік жүйе бойынша, ал толықтырушы материалдар интерактивті компьютерлік типте жүзеге асады. Мультимедиялық оқулық - оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып көрумен қатар , түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді және білім алу кезіндегі олардың белсенділігі арта бастайды. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады. Мұғалімдер үшін - мультимедиялық электронды оқулық бұл күнбе - күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Бірақ мультимедиялық оқулықтардың бір кемшілігі - олар жоғарғы дәрежелі ақпараттық қолдауды қажет етеді, компьютер жадысынан көп мөлшерде орын алады.
Оқыту жүйесінің типтері бойынша электронды оқулық жасаудың үшінші түрі - гипермәтіндік электронды оқыту жүйесі болып табылады. Гипермәтін - бұл ақпаратны басқарудың өзге тәсілдермен байланысқан түрі (мысалы, СУБД) пайдаланушы қызметі жұмыс істеуде көптеген керекті ақпаратлардан іздеуден тұрады. Мұнда керекті пән не қажетті құжаттар мағынасы бойынша бір бірімен байланысады және гипермәтін мазмұнымен танысу информационды фрагмент арқылы жүзеге асады. Ақпаратмен танысуда алдын-ала көрсетілген мазмұндама бойынша жүзеге асады. Мазмұн бойынша көрсетілген тақырып арқылы өзіңізге керекті мәліметтерді қуалау әдісі арқылы ала аласыз. Гипермәтіндердің бір-бірімен байланысуы тақырыптық ұқсастыққа байланысты болады.
Гипермәтіндік құжаттарды құрудың көптеген тәсілдері құрылған, ал жалпы өте тиімді болып саналатын екі түрлі тәсілі қарастырылған.
Бірінші тәсіл бойынша, берілгендер негізін Windows жүйесінің көмегімен, анықтамалық түрде құру. Бұл тәсілдің жақсы жақтары яғни плюстері бар. Ең бастысы - ол реализацияланған, новигацияланған жүйе. Оның қызметі: өзімізге керекті мәлімет не ақпаратны автоматты түрде глоссариі құрылған кілттік сөзбен іздеу және документті баспаға жіберу мүмкіндігі бар. Анықтамалық жүйе файлы форматталған текст профикасымен, анимациясымен құрылуы мүмкін. Бірақ мұндай файлдарды құру арнайы компиляциялау процесінің көмегімен құрылатын мүмкіндікті қалайды. Мұнда файлдар компиляторсыз жұмыс жасай алмайды. Анықтамалық файлдар - программалық элементтерді ұстамайды, анықтамалық жүйе ішкі қандай да бір тілдің көмегімен құрылуын қамтымайды. Есесіне локальды компьютердің қатты дискісінде орналасқан пайдаланылатын файлдарды жүктей аламыз. Сонымен қатар текстік материалдарды және оқыту программаларын бөлуге болады.
Негізгі кемшілігі - Windows анықтамалық жүйесін қолданудағы модификацияның мүмкін болмауынан интерфейсті өзгертуге болмайды. Оқулықты көру терезесі операциондық жүйелер объектісінде құрылған және өзгертулерді новигациялық механизм арқылы беру қамтылмаған.
Екінші тәсіл бойынша толық түрдегі гипермәтіндік құжаттарды құру - HTML тілінің негізінде. Бірақ бұл тәсіл өте қиын және гипермәтіндік құжатты құрудың ескіше тәсілі. Сондықтан, электронды оқулық құру түрлі тәсілдермен іске асырылуы керек және әлі де болса дамыта түсу мүмкіндігі бар.
Электронды оқулықтарды құрастыру технологиясы оқыту процесінің заңдылықтарына негізделіп жасылып, бір - бірімен тығыз байланыстағы негізгі төрт бөліктен тұрады . Олар:
1. Мотивациялы - мақсаттық;
2. Мазмұндық;
3. Операциялық;
4. Нәтижелік бақылау компоненттері;
Электронды оқулықтардың мотивациялы - мақсаттық компоненттері модульдерді (микромодульдерді) құрастырудан тұрады. Модуль дегеніміз - жергілікті, жүйелік және функциональдық білім жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетін ұйымдастыратын түйіні болып саналады.
Электронды оқулықтардың мазмұндық компоненті гипермәтін арқылы жүзеге асырылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технология тиімділігі және мүмкіндіктері
Ақпараттық технологияларды қолдану
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Білім беру жүйесінің басты міндеттері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Электронды оқулықтардың құрылымы
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Жаңа педагогикалық технологиялар
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер