Экономикалық дағдарыс кезіндегі мемлекеттік бюджеттің ерекшелігі



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Мемлекеттік бюджет және оның экономикаға қосар үлесі ... ... ... ... ... ... ..4
1.1Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен құрылымы ... ... ... ... 4
1.2Бюджетті процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2 Бюджеттің механизмді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1 Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құорылымы..12
2.2 Экономиканы бюджеттік қолдау мен ынталандыру шаралары ... ... ..18
3 Экономикалық дағдарыс кезіндегі мемлекеттік бюджеттің ерекшелігі ... .25
3.1Дағдарыс жағдайлардың мемлекеттік бюджетті реттеуінің негізгі ... ... .
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3.2 Мемлекет басқарудағы дағдарыстың себептері мен белгілері ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
Кіріспе

Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ал мұндай жоғарғы дамуға қол жеткізу және Қазақстан Республикасының бастан кешкен дағдарыстық жылдарды артқатастап, дамудың тиімді жолына түсу үшін мемлекеттің қолдау шаралары қажет болып табылады. Ал мемлекеттің қолдау, дамыту, ынталандыру шараларының негізгілерінің бірі болып бюджеттік-салық саясаты болып табылады. Бұл саясат өз кезегінде мемлекеттік бюджеттің негізінде, оның жоспарлары мен құрамы, толық қандықамтамасыз етілуімен байланысты болып табылады.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржыны орталықтандырудың арасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші аумақтарына шоғырландырылады.
Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысымның тақырыбын қаржы пәнінен «Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі экономиканың дағдарыстық кезеңінде оның дағдарыстан қысқа мерзімде және тиімді даму жолына түсіретін негізгі мемлекеттік саясаттардың бірі мемлекеттік бюджеттің аясында жүргізілетін ынталандыру, қолдау және қаржыландыру шаралары болып табылады.
Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме:
- Қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну;
- Бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау;
- Экономиканың дағдарыстық кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын шараларын, негізгі қолдау саясаттарын ұлттық экономиканы мысалға ала отырып талдау;
- Әлеуметтік саланың дамытудағы бюджеттің маңыздылығы мен дамыту қызметтеріне тоқталу;
- Мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары негізінде жан-жақты талдау
Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2004 ж. 24 сәуірдегі N 548-II)
2. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2002ж.
3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
4. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
5. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2001. – 252 с.
6. Финансы, денги, кредит. Учебник. Под. ред. О.В. Соколовой. – М: ЮРИСТ, 2001. – 784 с.
7. Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
8. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 бет.
9. З.С. Мұхамбетова «Мемлекеттің әлеуметтік аяны рететудегі фискалдық саясаттың маңызы» // Вестник КазНУ. Серия экономическая. №4, 2003г.
10. Л. Бурлаков «Совершенствовать межбюджетные отношения» // Қаржы-Қаражат, №6, 2005г. 12-17стр.
11. Құлпыбаев.С, Баязитов.Ш «Қаржы теориясы». Алматы , 2008 ж.
12. Ілиясов.Қ, Құлпыбаев.С.К «Қаржы» Алматы, 2012ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Мемлекеттік бюджет және оның экономикаға қосар
үлесі ... ... ... ... ... ... ..4
1.1Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен
құрылымы ... ... ... ... 4
1.2Бюджетті
процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..8
2 Бюджеттің механизмді
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен
құорылымы..12
2.2 Экономиканы бюджеттік қолдау мен ынталандыру
шаралары ... ... ..18
3 Экономикалық дағдарыс кезіндегі мемлекеттік бюджеттің
ерекшелігі ... .25
3.1Дағдарыс жағдайлардың мемлекеттік бюджетті реттеуінің
негізгі ... ... .

бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 25
3.2 Мемлекет басқарудағы дағдарыстың себептері мен
белгілері ... ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...37

Кіріспе

Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны
айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық
қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта
түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған,
алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу
туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ал мұндай жоғарғы
дамуға қол жеткізу және Қазақстан Республикасының бастан кешкен
дағдарыстық жылдарды артқатастап, дамудың тиімді жолына түсу үшін
мемлекеттің қолдау шаралары қажет болып табылады. Ал мемлекеттің қолдау,
дамыту, ынталандыру шараларының негізгілерінің бірі болып бюджеттік-салық
саясаты болып табылады. Бұл саясат өз кезегінде мемлекеттік бюджеттің
негізінде, оның жоспарлары мен құрамы, толық қандықамтамасыз етілуімен
байланысты болып табылады.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін
қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге,
экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті
көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге
мүмкіндік береді. Қаржыны орталықтандырудың арасында ақша қаражаттары,
мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін
жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші
аумақтарына шоғырландырылады.
Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысымның тақырыбын қаржы
пәнінен Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің
ерекшеліктері деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі экономиканың дағдарыстық кезеңінде оның
дағдарыстан қысқа мерзімде және тиімді даму жолына түсіретін негізгі
мемлекеттік саясаттардың бірі мемлекеттік бюджеттің аясында жүргізілетін
ынталандыру, қолдау және қаржыландыру шаралары болып табылады.
Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме:
- Қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен
қызмет ету барысын түсіну;
- Бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау;
- Экономиканың дағдарыстық кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің
атқаратын шараларын, негізгі қолдау саясаттарын ұлттық экономиканы
мысалға ала отырып талдау;
- Әлеуметтік саланың дамытудағы бюджеттің маңыздылығы мен дамыту
қызметтеріне тоқталу;
- Мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары негізінде жан-жақты
талдау;
1. Мемлекеттік бюджет және оның экономикаға қосар үлесі
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен құрылымы

Бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен
қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұныны құрайды.
Мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке
алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн,
талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық
бюджет.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің
объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің
объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен,
мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін қажет.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола
отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория
ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүріп отырады. Сонымен бірге бюджет қатынастарына белгілі бір
өзіндік ререкшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің
шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
- Мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және
оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен
байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны
болып табылады;
- Құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік
емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық
шаруашылықтың салалары, аумақтары, экономиканың секторлары,
қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
- Қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан
белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық
өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен
тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет кез келген басқа экономикалық категория сияқты
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің
жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді ұйымдастыруды, заң шығарушы билікті, басқару
апаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын
белігілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы
элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары,
оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары
бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджетіне мынадай деңгейдегi
бюджеттер бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi;
- аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi.
Салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және
орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк
мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және
мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
Салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және
облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк
мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға
арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджетi, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджетi болып табылады.
Салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға
ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар
қаладағы) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған
ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi болып табылады.

Сурет-1 – Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті

Қазақстан Ресупбликасының бюджет жүйесі құрылымының унитарлық типімен
анықталады. өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың президенттік
нысаны және сайланатын парламенті бар унитарлық мемлекет. Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынатсарға және тиісті
құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді
қамтиды. Қазақстанда жалпылап айтқанда мемлекеттік бюджетті құрайтын
республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетке шоғырланған. Оны келесі 1-ші суреттен көре аламыз.
Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру
(профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді
жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын
қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген
орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер – облыстық бюджеттер, қалалардың, аудандардың
бюджеттері. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен
бекітіледі.

1.2 Бюджеттік процесс

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын
білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы
категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл
функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының
қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының
негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде
қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді
қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік
саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған
қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты функцияларды орындайды.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер
бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар,
мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б.
өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы
жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кзеңге, әдетте, бір жылға жасалынады,
бюджеттің кірістерін, шығыстарын орталықтандырылған қаржы ресурстарының
шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп
мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы
жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы
өндірістегі айрықша рөлін анықтайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып
табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика
Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына
сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Еліміздің Конституциясының 4-ші бөлімінің 53 бабында Палаталардың
бірлескен отырысында Парламент: Ресупбликалық бюджетті және Үкімет пен
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен
толықтырулар енгізеді. 1, 25 бет.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты
механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып
табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал
етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекеттік заңдарының бірі болып
табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заң). Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда
айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн және оны келесі сызбадан көре
аламыз.

Сурет-2 – Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы

Мемлекеттік бюджет – ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің
негізгі құралы. Мемлекетік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық
табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді
және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік
күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика және мәдениетті
көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін
пайдаланылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік
қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар.
әлеуметтік саясаттағы басымдықтар – халықтың табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларын) қолдау, денсаулық
сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруын
қамтамасыз етеді.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдалаудың негізгі қаржы жоспары бола
отырып, бюджет барлық шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындармен және басқа
коммерциялық емес ұйымдармен тығыз байланыста болып отырады.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылу процесінде ұлттық
шаруашылықтың қаржы шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық
қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану
процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түседі.
Бюджеттi жоспарлау принциптерiне келесілерді жатқызамыз:
1) сабақтастық принципi - бюджеттi алдыңғы кезеңде негiзге алынған орта
мерзiмдi фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы
жылдары бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау;
2) басымдық принципi - бюджеттi алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған
әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
3) негiздiлiк принципi - бюджеттi нормативтiк құқықтық актiлер және
бюджет жобасына белгiлi бiр түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн
айқындайтын басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау және олардың көлемдерiнiң
негiздiлiгi бюджеттi жоспарлаудың негiзгi принциптерi болып табылады.

Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты
айқындау процесі келесідей сипатта болады:

1. Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған
салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
- мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық
көрсеткiштерiн;
- бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу
тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
- бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
- республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының
негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
- бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
- мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш
саласындағы саясатты;
- ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.
2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта
мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы
бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық
(секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң
атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл
сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын әзiрлеу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган
Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы
қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын
жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы
қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын
қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1
тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының
мәтiнiнде:
1) алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кiрiстерiнiң,
шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттiк кредит беруiнiң,
қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының,
тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi
пайдаланудың) көлемдерi;
2) жалақының, зейнетақының, айлық есептiк көрсеткiштiң ең төменгi
мөлшерi;
3) жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлар
көлемi;
4) республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк
субвенциялар көлемi;
5) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервi мөлшерi;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша
мiндеттемелердi орындау сомасы;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитi;
8) үкiметтiк борыш лимитi;
9) басқа да ережелер болуға тиiс.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң бекiтiлетiн
тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi жалпы iшкi өнiмге ақшалай түрде және
процентпен көрсетiледi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңның жобасын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган
ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының
Үкiметiне қарауға табыс етедi.

2 Бюджеттің механизмді ұйымдастыру
2.1 Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
табылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджет кірістерінің негізгі көзі салықтар немесе оларға барабар
төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеті
кірістерінің құрамы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және
салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен
айқындалады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттiң құрылымы мынадай
бөлiмдерден тұрады:
1) кiрiстер:
- салықтық түсiмдер;
- салықтық емес түсiмдер;
- негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
- ресми трансферттер түсiмдерi;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттiк кредит беру:
- бюджеттiк кредиттер;
- бюджеттiк кредиттердi өтеу;
5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
- қаржы активтерiн сатып алу;
- мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
6) бюджет тапшылығы (профицитi);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):
- қарыздар түсiмi;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджет кiрiстерi салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми
трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта
болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, осы
Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес
бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады. Салықтық
түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар
және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерден тұрады.
Баршамызға белгiлi елiмiздiң салық жүйесi бiршама өзгерiстерге ұшырап,
дамып және нығайып келедi. Бұл орайда 2002 жылдың 1-шi қаңтарынан iске
қосылған Салық Кодексiне байланысты салық салу iсiнде көптеген өзгерiстер
мен жаңалықтар енгiзiлдi.
2001 жылдың 12 маусымында Жаңа салық Кодексi қабылданып, 2002 жылдың 1-
шi қаңтарынан бастап ол iске қосыла бастады. Бұл салық кодексiнде Қазақстан
Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдер, атап айтқанда 13 салық, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттiк
баж, 4 кедендiк алым белгiлендi.
Жаңа Салық Кодексi 2002 жылдың 1-шi қаңтарынан Қазақстанда мынадай
салықтар енгiзiлдi:
1. корпорациялық табыс салығы;
2. жеке табыс салығы;
3. қосылған құн салығы;
4. акциздер;
5. жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнайы төлемдерi;
6. әлеуметтiк салық;
7. жер салығы;
8. көлiк құралдары салығы;
9. мүлiк салығы;
10. экспортқа рента салығы;
11. ойын бизнес салығы;
12. тіркелген салық;
13. бірыңғай жер салығы.
Осы Салық Кодексiндегi 13 түрлi алымдарға:
1. заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
2. жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
3. жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасаған мәмiлелердi
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
4. радиоэлекторндық құралдары және жиiлiгi жоғары құрылғыларды
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
5. механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi
үшiн алым;
6. теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi
үшiн алым;
7. азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
8. дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
9. автакөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру
алымы;
10. аукциондардан алынатын алым;
11. елтаңбалық алым;
12. жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
13. телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожилiк спектiрiн
пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.
Салық Кодексiндегi төлемақыларға:
1. жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
2. жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
3. қоршаған ортаның ластанғаны үшiн төлемақы;
4. жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
5. орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
6. ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
7. радиожилiк спектерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
8. кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
9. сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.
Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн құрайтын негiзгi қаржылық көздер –
салықтар. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiндегi
салықтық төлемдердiң үлесiн келесi 1-шi кестеден және оның су динамикасын 1-
шi суреттен көре аламыз.

Кесте 1

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң жалпы кiрiсiндегi салықтық
түсiмдердiң үлес салмағы

2007 2008 2009 2010 2011 2012
Мемлекеттiк бюджет 242,7 279,4 304,1 393,0 587,0 746,9
кiрiсi (млрд. теңге)
Оның iшiнде: салықтық 178,1 204,1 215,6 330,3 524,1 670,0
түсiмдер
Салық түсiмердiң 73,4 73,0 70,9 89,0 89,3 92,5
мемлекеттiң
бюджетiндегi үлесi %

Кестеден көрсетiлген мәлiметтердi қарастыра келе, қазiргi кезде
елiмiздiң бюджетiнiң кiрiс көзiнiң 90%-ы салықтардан тұратыннын көруге
болады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзi ұлғайған
сайын салықтық түсiмдердiң де өсiп отырғаны байқалады. Себебi, салықтың
экономикалық табиғаты өндiрiске байланысты. Өндiрiс бар жерде табыс та бар,
одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндiрiстiң дамуына барынша
өз ықпалын тигiзiп, өндiрушiлердiң ынтасын арттыруға жағай жасауы қажет.
Аталған заңнаманың негізінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер
санының қысқартылуы және салық салу механизмінің оңайлатылуы, салық салу
қағидаттарының халықаралық стандарттарға көшірілуі, салық жүйесінің
экономика талаптарына сәйкестендірілуі елдегі салық ауыртпалығының
төмендеуіне, шаруашылық субъектілерінің қызметінің тұрақталуына және
сәйкесінше мемлекеттік бюджетке түсімдердің жоғарлауына мүмкіндік жасады.
Оны келесі 2-ші кестеден көре аламыз:

2-кесте. 2005-2012 жж. Мемлекеттік бюджет кірісінің құрылымы, %

Табыстар 2005 2006 2007 2008

Жоспар Жалпы шығын үлесі % Жоспар Жалпы шығын үлесі % Жоспар Жалпы
шығын үлесі % Жоспар Жалпы шығын үлесі % Білім беру 13871506 4,2
14187560 3,7 19988078 4,1 16590003 2,8 Денсаулық сақтау 8938759
2,7 8156516 2,1 13925661 2,8 12038648 2,1 Әлеуметтік қамтамасыз
ету
141314208
43,4
151339841
39,7
157251139
32,2
169813024
29,6 Мәдениет, спорт, ақпарат
3684761
1,1
4655391
1,2
5861697
1,2
8155807
1,4 Әлеуметтік салаға жұмсалған қаржы көлемі

167809234

51,5

178339308

46,8

197026575

40,4

2065977482

36

Осы кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстандағы әлеуметтік саланы
мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру деңгейі әлі де болса төмен екендігін
көреміз. Әлеуметтік шығындардың ішінде ең ірісі болып әлеуметтік қамтамасыз
ету мен әлеуметтік көмек, одан соң білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет,
спорт және ақпаратпен қамтамасыз ету баптары орын алады. 2009 жылы бұл
көрсеткіш жалпы республикалық бюжет шығындарының 51,5% құраса, ал 2012 жылы
бұл – 36% пайызға төмендеген, яғни жылдан жылға әлеуметтік саланы
қаржыландыру төмендеп келе жатқандығын көрсетеді. Біржағынан қарасақ бұл
еліміздің әлеуметтік саласындағы өткендегі дағдарыстық жылдарға қарағанда
қазір айтарлықтай жақсарып қалғандығының куәсі да болар.
2009 жылы білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығындар ЖІӨ-нің 4,2%-ын
құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 3,7% болды. Халықтың денсаулығын сақтауға
жұмсалған мемлекеттік шығындар 2009 жылы ЖІӨ-нің 2,7%-ын құраса, 2010 жылы
бұл көрсеткіш 2,1% болды. Денсаулық сақтауға жұмсалатын қаржының қысқаруына
байланысты және емді алдына алу мекемелерінің тиімсіз жасалған оңтайландыру
нәтижесінде халыққа медициналық көмек көрсету нашарлады. Тек соңғы екі-үш
жылда ғана әлеуметтік саланың білім беру, денсаулық сақтау салаларына деген
мемлекеттік бюджеттен берілетін қаржылардың көлемі көбейе бастады.

3 Экономикалық дпғдарыс кезіндегі мемлекеттік бюджеттің ерекшелігі
3.1 Дағдарыс жағдайлардың мемлекеттік бюджетті реттеуінің негізгі
бағыттары

Қаржылық реттеу - бұл үй шаруашылығы, кәсіпорын немесе мемлекет
билеуіндегі, және табыс көздері, шығын баптары, олардың қалыптасу және
пайдаланудағы ақша жиынтығын басқару. Елде қаржы қорлары қабылданған
шарттар мен жағдайларға сәйкес олардың қайтаүлестіруін қамтамасыз ететін
бюджет жүйесімен аккумуляцияланады.
Бюджет саясаты ерекшелік факторларымен анықталады және ең басты
экономикалық және қаржы дағдарысымен. Осыдан, дамыған нарық экономикасына
тән әдеттегі оқиға ретінде қарастырыла алмайды. Оның мақсаттары мен
міндеттері өткеріп жатқан кезеңнің ерекшеліктерін көрсетеді:
- Бюджет саясатын экономикалық өзгерістердің ортақ міндеттер мен
мақсаттарын жүзеге асырушы құралы ретінде пайдалану;
- Дағдарыс жағдайында экономика мен тұтас экономикалық үрдістерді
минималды басқаруын қамтамасыз етуі;
- Қоғамдық құрылымның ауысу нәтижесінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары
Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі
Әлемдік қаржы дағдарысы
Қаржылық дағдарыс жағдайындағы қаржы жүйесін дамытудын негізгі бағыттары
Инфляцияның себептері мен механизмдері
Экономикалық өсімнің тұрақты қарқындарын ұстауға жәрдемдесу
Еліміздегі қаржы нарығының интеграциялануы және олардың даму болашағына сипаттама бере отырып олардың қазіргі кезеңдердегі тенденциялары мен ерекшеліктеріне сипаттама беру
Нарықтық экономикадағы инфляция
Экономиканың дағдарыстық жағдайындағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Ет өнімдерін өндіретін ЖШС «Казмясопродукт-М» кәсіпорынның ақша ағындарын жоспарлау мен басқару тиімділігін зерттеу және оны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау
Пәндер