Құқықтық сана ұғымы, түсiнiгi және маңызы



Жоспар

КIРIСПЕ 3

І тарау. Құқықтық сана ұғымы, түсiнiгi және маңызы 5
І.1. Құқықтық сана қоғамдық сананың элементi ретiнде 5
І.2. Құқықтық сананың құқықтың әлеуметтiк функциясын жүзеге асырудағы рөлi 13
І.3. Құқықтық сананың түрлерi және ерекшелiктерi. 18

ІІ тарау.Құқықтық мәдениеттiң түсiнiгi және маңызы. 21
ІІ.1. Құқықтық мәдениет құқықтың сапалық деңгейiнiң көрсеткiшi ретiнде 21
ІІ .2. Құқықтық мәдениеттi қалыптастырудағы құқықтық тәрбиенiң маңызы 26

ҚОРЫТЫНДЫ 30

СIЛТЕМЕЛЕР 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 32
КIРIСПЕ

Жұмыстың тақырыбы “Құқықтық сана және құқықтық мәдениет” деп танылады. Сана – объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға ғана тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән-жайын, мазмұнын, ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық процестердiң заңды нәтижесi болып табылады. Сана - шындықты бейнелеудiң механизмi мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология және психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бiрi.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. Антогонистiк қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты.
Тақырыптың өзектiлiгi - отандық мемлекеттiлiктiң жаңа даму сатысы, меншiк түрiнiң өзгеруi, экономикалық реттеудiң тәсiлдерiнiң өзгеруi құқықтық тәрбие нысанының әдеттегi қалыптасқан салттарының өзгеруiн талап етедi. Алайда бұрынғы қалыптасқан ережелердi жаңа талаптарға сай етiп өзгерту де жаңа құқықтық тәрбиенiң алдына қойған негiзгi мақсаттардың бiрi болып табылады.
Қылмыстылықтың өршiп, азаматтардың әлеуметтiк қорғалуының деңгейi төмендеген кезде азаматтарға олардың құқықтарын түсiндiру, олардың мүмкiндiктердiн айқындаудың маңызы өте зор.
Қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейiн қарастыра отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған ұлттық идеяның қажеттiлiгiн айта кету қажет.Қазiргi таңда бiздiң қоғамда келешектегi даму ориентирiнiң қалыптасу деңгейi өте нашар, ал барлық мемлекеттiк саясаттың өзi осы ориентирлер негiзiнде құрылатынын ескерсек, бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтiк саяси құндылықтар қоғамға өзiнiң керi әсерiн көптеп тигiзуде. Осының негiзiнде мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгiлi бiр дәрежеде жүзеге асыра алмай отыр. Қазiр мемлекет екi парралельдi әлемде қатар өмiр сүрiп келедi; оның бiрi – фантомдық легитимдiлiк, яғни заңның қағаз жүзiнде ғана болуы, ал екiншiсi – бiздiң қоғамның нақты жағдайы-онда заң да, құқық та қағаз жүзiнде қала бередi. Бұл құқықты әлеуметтiк құндылық ретiнде жоққа шығарып,құқықтық нигилизмге әкелiп соғады. Бұндай жағдайдың орын алу себебi – қазақстандық экономика деңгейi және көптеген азаматтардың өмiр сүру деңгейiнiң құлдырауы. Қоғамда ертеңгi күнге деген сенiмсiздiк,үмiтсiздiк дертi өршiп келедi. Бұның барлығы әлеуметтiк теңсiздiк негiзiнде болып отыр.
Мынаны атап өткен жөн: қазiргi қоғамның батыстық сипат алуы қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нолрмаларына түбегейлi қайшы келуде. жастардың қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нормаларымен келiспейтiндiгi, қазiргi қоғамдағы құықтық мәдениет және тәрбие деңге йiн құлдыратуы мүмкiн, ал аз ғана уақыттан кейiн бұл қылмыспен күресу деңгейiнiң де құлдырауына әкелiп соғатындығы рас. Сондықтан бiздiң елiмiз сықылды жас мемлекетке идеалды содель ойластырып табу керектiгiн атап өткiм келедi. Мiне, соның негiзiнде құқықтық мәдениеттi әлеуметтiк құндылық ретiнде танытуға болады. Бұл орайда баспасөз ақпарат құралдарының шексiз мүмкiндiктерiнiң бар екендiгiн атап айтайық және осы шексiз мүмкiндiктердi Қазақстан Республикасының гүлденуi үшiн жұмыс жасатуымыз керек.
Жұмыста Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева сияқты қазақстандық авторлардың, сонымен қатар, ресейлiк Хропанюк В.Н., А.В.Малько, Н.И.Матузов., стяқты авторлардың еңбегi қолданылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
НОРМАТИВТIК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТIЛЕР
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Абенов Е.М., Арынов Е.М., Тасмагмбетов М.М. Казахстан:эволюциягосударства и общества. Алматы,1996.
2. Азаров Ю.П. “Искусство воспитывать”/Книга для учителя/ Москва “Просвещение” 1985г.
3. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Учебное пособие для ВУЗов.“Эльфа”,1996 ж.
4. Жоламан Қ.Д.,Мухтарова А.К.,Тәуекелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,1996.
5. Люблинская А.А. “Учителю о психологии” /Учебное пособие/ Москва “Просвещение” 1977г.
6. Марченко М.Н. Теория государства и права. М.:Зерцало. 1998.
7. Основы государства и права Республики Казахстан. Учебноеғ пособие. Под.ред. Г.С. Сапаргалиева. Алматы, Жетi Жарғы. 1997.
8. “Правовая культура: проблемы теории и практики”. Под редакцией Ибраевой А.С. г. Алматы 2002г.// “Жетi Жаргы”
9. “Общая Теория Государства и Права”.//Под редакцией Комарова С.А. Москва 1998г.
10. “Теория Государства и Права”. Курс лекций. //Под редакцией Н.И. Матузова, А.В. Малько - Москва 2002г. “ЮРИСТЪ”.
11. “Теория Государства и Права”. //Под редакцией Нерсесянц В.С. Издательская НОРМА - ИНФРА*М// Москва 1999г.
12. Сальников В.П. “Правовая культура: проблемы формирования гражданского общества и правового государства”\\ Демократия и законность. Самара 1991 г.
13. Спиридонов Л.И. Теория государства и права. Зерцало. М:.1996.
14. Теория государства и права:Ч 1. Под. ред. А.Б. Венгерова. “Юристъ”1996.
15. “Теория Государства и Права” под редакцией В.Н. Хропанюка. 2002г.
16. Учебное пособие “Введение в гражданское образование”. //Алматы 2002г.
17. Хутыз М.Х.,Сергейко П.Н. Энциклопедия права.М. “Знание” 11995.
18. Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственности и государства. М., “Знание”1985.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КIРIСПЕ 3
І тарау. Құқықтық сана ұғымы, түсiнiгi және маңызы 5
І.1. Құқықтық сана қоғамдық сананың элементi ретiнде 5
І.2. Құқықтық сананың құқықтың әлеуметтiк функциясын жүзеге асырудағы рөлi
13
І.3. Құқықтық сананың түрлерi және ерекшелiктерi. 18
ІІ тарау.Құқықтық мәдениеттiң түсiнiгi және маңызы. 21
ІІ.1. Құқықтық мәдениет құқықтың сапалық деңгейiнiң көрсеткiшi ретiнде 21
ІІ .2. Құқықтық мәдениеттi қалыптастырудағы құқықтық тәрбиенiң маңызы 26
ҚОРЫТЫНДЫ 30
СIЛТЕМЕЛЕР 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 32

КIРIСПЕ

Жұмыстың тақырыбы “Құқықтық сана және құқықтық мәдениет” деп
танылады. Сана – объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға ғана
тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән-
жайын, мазмұнын, ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық
процестердiң заңды нәтижесi болып табылады. Сана - шындықты бейнелеудiң
механизмi мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын
философия, социология және психологияның және жалпы танымның ең басты
категорияларының бiрi.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық
санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып
отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны
жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. Антогонистiк
қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. оның мазмұны әр таптың
қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты.
Тақырыптың өзектiлiгi - отандық мемлекеттiлiктiң жаңа даму сатысы,
меншiк түрiнiң өзгеруi, экономикалық реттеудiң тәсiлдерiнiң өзгеруi
құқықтық тәрбие нысанының әдеттегi қалыптасқан салттарының өзгеруiн талап
етедi. Алайда бұрынғы қалыптасқан ережелердi жаңа талаптарға сай етiп
өзгерту де жаңа құқықтық тәрбиенiң алдына қойған негiзгi мақсаттардың бiрi
болып табылады.
Қылмыстылықтың өршiп, азаматтардың әлеуметтiк қорғалуының деңгейi
төмендеген кезде азаматтарға олардың құқықтарын түсiндiру, олардың
мүмкiндiктердiн айқындаудың маңызы өте зор.
Қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейiн қарастыра
отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған
ұлттық идеяның қажеттiлiгiн айта кету қажет.Қазiргi таңда бiздiң қоғамда
келешектегi даму ориентирiнiң қалыптасу деңгейi өте нашар, ал барлық
мемлекеттiк саясаттың өзi осы ориентирлер негiзiнде құрылатынын ескерсек,
бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтiк саяси
құндылықтар қоғамға өзiнiң керi әсерiн көптеп тигiзуде. Осының негiзiнде
мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгiлi бiр дәрежеде жүзеге асыра
алмай отыр. Қазiр мемлекет екi парралельдi әлемде қатар өмiр сүрiп келедi;
оның бiрi – фантомдық легитимдiлiк, яғни заңның қағаз жүзiнде ғана болуы,
ал екiншiсi – бiздiң қоғамның нақты жағдайы-онда заң да, құқық та қағаз
жүзiнде қала бередi. Бұл құқықты әлеуметтiк құндылық ретiнде жоққа
шығарып,құқықтық нигилизмге әкелiп соғады. Бұндай жағдайдың орын алу себебi
– қазақстандық экономика деңгейi және көптеген азаматтардың өмiр сүру
деңгейiнiң құлдырауы. Қоғамда ертеңгi күнге деген сенiмсiздiк,үмiтсiздiк
дертi өршiп келедi. Бұның барлығы әлеуметтiк теңсiздiк негiзiнде болып
отыр.
Мынаны атап өткен жөн: қазiргi қоғамның батыстық сипат алуы
қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нолрмаларына түбегейлi қайшы келуде.
жастардың қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нормаларымен келiспейтiндiгi,
қазiргi қоғамдағы құықтық мәдениет және тәрбие деңге йiн құлдыратуы мүмкiн,
ал аз ғана уақыттан кейiн бұл қылмыспен күресу деңгейiнiң де құлдырауына
әкелiп соғатындығы рас. Сондықтан бiздiң елiмiз сықылды жас мемлекетке
идеалды содель ойластырып табу керектiгiн атап өткiм келедi. Мiне, соның
негiзiнде құқықтық мәдениеттi әлеуметтiк құндылық ретiнде танытуға болады.
Бұл орайда баспасөз ақпарат құралдарының шексiз мүмкiндiктерiнiң бар
екендiгiн атап айтайық және осы шексiз мүмкiндiктердi Қазақстан
Республикасының гүлденуi үшiн жұмыс жасатуымыз керек.
Жұмыста Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева сияқты қазақстандық авторлардың,
сонымен қатар, ресейлiк Хропанюк В.Н., А.В.Малько, Н.И.Матузов., стяқты
авторлардың еңбегi қолданылды.

І тарау. Құқықтық сана ұғымы, түсiнiгi және маңызы

І.1. Құқықтық сана қоғамдық сананың элементi ретiнде

Сана – объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға ғана тән
ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән-
жайын, мазмұнын, ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық
процестердiң заңды нәтижесi болып табылады. Сана- шындықты бейнелеудiң
механизмi мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын
философия, социология және психологияның және жалпы танымның ең басты
категорияларының бiрi. Сана негiзiнен жеке адам санасы және қоғамдық сана
болып екiге бөлiнедi. Сана адамдардың қоғамдық - өндiрiстiк iс-әрекетiмен
еңбек процесiнде пайда болып, тiлдiң шығуымен тығыз байланыста қалыптасады.
Қай дәуiрде болмасын адам туғаннан бастап, алдынғы ұрпақ жасап кеткен
заттық дүниеге тап болады да, тек сол заттық дүниенi белгiлi мақсатта
пайдаланып үйренгенде ғана ол саналы адам болып қалыптасады.
Адам тарихи қалыптасқан iс-әрекеттер, дағды мен тәсiлдердi игерiп,
әсiресе тiлдi игеру нәтижесiнде айналадағы заттар мен құбылыстардың
объективтi заңдылықтары мен қасиеттерiн танып бiледi. Адам айналадағы
дүниеге өзiн қарама қарсы қойып белгiлi мақсатта iс-әрекетпен шұғылданғанда
сол объективтi шындық туралы өзiнiң бiлетiн түсiнiгi мен бiлiмiне сүйенедi.
Бүкiл адамзат тарихының барысында қалыптасып жиналған рухани қазына,
мәдениет, мораль, дiн, қоғамдық психология, өнер, құрал-жабдық адамның
шығармашылығынан туып, оның қолымен жасалған бүкiл заттық дүние түгелiмен
адамзаттың қоғамдық санасы болып табылады. Сана тарихи тәжiрбиенi, бiлiм
мен ойлау тәсiлдерiн бойына сiңiрiп, шындықты, рухани идеалды игерiп,алда
тұрған мақсат мiндеттердi белгiлеп, адамзат қоғамының бүкiл практикалық iс
әрекетiн бағыттайды. Адамдар өзiнiң шығармашылық ойларын жүзеге асырып,
табиғатты, қоғамды дамытумен бiрге. өздерiн де жетiлдiредi. Рухани өмiрдiң
құбылысы ретiнде құқық қоғамдық және индивидуалдық сана сфераларына
бөлiнедi.
Қоғамдық сана-объективтi дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында
бейнеленуi. Қоғамдық сана адамның тәжiрибелiк iс-әрекеттерiнен байқалады.
Сана қоғамның рухани мәдениетiнiң құрамды бөлiгi болып табылады. Қоғамдық
сананың түрлерi-саясат, құқық, философия, мораль, дiн қоғамдық болмысты
бейнелей отырып, оған белсендi ықпал етедi. Қоғамдық сананың түрлерiнiң
әрқайсысының өз объектiсi мен бейнелеу тәсiлi болуына қарамастан, болмыс
пен адам санасына өзiндiк әсерiн тигiзедi. Идеологияның саяси құқықтық
нысандары қоғамның эконолмикалық қатынасын саяси және құқықтық тiлде, ал
өнеркөркемдiк образдармен, мораль-адамдардың мiнез құлқының белгiлi
қағидалары мен ережелерi түрiнде бейнелейдi.
Қоғамдық сананың түрлерi қоғамның экономикалық базисi мен байланыс
жасау сипатына қарай әртүрлi болады. Мысалы, идеологияның саяси және
құқықтық түрлерi басқа ныандарына қарағанда экономикалық базиске жақын
тұрады. Бұлар қоғамның өндiрiстiк,шаруашылық қатынаста рын тура, тiкелей
бейнелеп, олардың төте ықпал жасауымен қалыптасады. Қоғамдық сананың
түрлерi тарихи өзгерiстерге түсiп, белгiлi тарихи кезiнде осы нысандардың
бiрi қоғамның рухани өмiрiнде үстем болып, қалғандарын өзiне бағынышты
етедi. 1 Мысалы, феодализм дәуiрiнде дiн ұстемдiк еттi. Капиталистiк
қоғамда құқық пен саясат билiк алып, философия, өнер, мораль мен дiннiң
дамуына зор ықпал тигiздi.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық
санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып
отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны
жазалау.
Қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. антогонистiк
қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. Оның мазмұны әр таптың
қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты.
Құқықтық нормаларды жүзеге асыру - қоғамға пайдалы iс-әрекет құқық
нормаларынаң талабына орындау заң белгiленген мүмкiндiктi пайдалану үшiн
азамат белгiлi бағытта әрекет жасап, белсендiлiгiн көрсетуi қажет. Құқықтық
белсендiлiктiң екiншi жағы адамның сана сезiмiне байланысты. Құқықтық сана
сезiм белгiлерi мыналар:
- құқықты белгiлеу;
- құқықты түсiну;
- құқықты құрметтеу;
- құқықтың дұрыстығына жане әдiлдiгiне сену;
- құқықты сақтауға дағдылану;
- құқықтың талаптарын бұлжытпай орындау.
Құқықтық сана - Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып
жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына және қалауына, құқыққа басқа да құқықтық құбылыстарға
құқықтық сезiмдерiнiң, әсерлiгiнiң, көзқарастарының, пiкiрлерiнiң
бағаларының жүйесi.
Құқықтық сана- қоғамның құқықтық өмiрiн жандандыру және дамытуға
үлкен үлес қосады.
Құқықтық сана – құқық номаларын қалыптастырудың қажеттi шарты. Олай
дейтiн себебiмiз, құқықтық нормалар заң шығару органының саналы түрдегi
ерiктi қызметi арқылы өмiрге келедi. Адамдардың белгiлi бiр мүдделерi мен
қажеттiлiктерi заң нормаларында бейнеленбестен бұрын,ол нормаларды құрушы
лауазымды тұлғалардың ой-санасынан өтедi. Сондықтан да құқық нормаларының
сапасы олардың қоғамдық даму қажеттiлiгiне сәйкес келедi, ол нормаларды
құратын органның құқықтық көзқарасы, құқық санасының деңгейiмен тығыз
байлансыта болады.
Құқықтық сана- құқық нормаларының нақты және толығымен iске
асырылуының ең басты шарты. Құқықтық нормаларының талаптары тiкелей
азаматтарға қойылады. Бұл талаптарда олардың саналы түрдегi ерiктi
әрекеттерi арқылы орындалады. Яғни неғұрлым құқықтық сананың деңгейi жоғары
болса, соғұрлым құқық нормаларының ережелерi нақтырақ орындалады.2
Қоғамдық мәдениет саласында құқық мәдениетiнiң
жетiстiктерiн ғана басқарып, реттеп отырады. Мәдениет өзiнiң даму
процесiнде қоғамның рухани байлығын, халықтың сана сезiмiн дамытып, жоғары
дәрежеге жеткiзедi. Құқықта өз кезегiнде мәдениеттi қорғап, реттеп отырады.
Осыдан келiп, құқықтық мәдениет қалыптасады. Ол өзара байланысты эдементтер
арқылы көрiнiс табады:
- қоғамдағы құқықтық сананың жағдайы, құқықты түсiнудiң деңгейi,заңдылықтың
талаптарын орындау қажеттiгiн түсiну;
- заңдылықты сақтау;
- заң шығарудың ерекшелiгi,оның мазмұны мен нысанына көңiл бөлу;
- сот, прокуратура және де басқа құқық қорғау органдарының жұмыс атқару
сипаты.
Сонымен сана-объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға тән ең
жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән жайын
мазмұнын ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық
процестердiң (түйсiну, сезiну, қабылдау, ойлау т.б.) заңды нәтижесi болып
табылады. Сана негiзiнен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екiге
бөлiнедi.
Сана адамдардың өзара iс-әрекеттерiнiң нәтижесiнде өмiрге келiп,
дамып, ескiрiп, жаңарып жатады. Бұл объективтiк өте күрделi процесс, сан
алуан бағытқа, жүйеге бөлiнiп, қоғамның сана-сезiмiн топтастырып,
қалыптастырады. Оның негiзгi нысандары: саяси, моральдық, ұлттық,
эстетикалық, дiни, құқықтық т.б. сана сезiмдер. Бұлар бiр бiрiмен тығыз
байланыста дамып отырады.
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдағы сана-сезiмнiң объективтiк даму
процесiне сәйкес құқық саналығының маңызын дамытып, нығайтып отырады.
Құқықтық сана-сезiмнiң мазмұны төрт жүйедегi қарым-қатынастарды қамтиды:
қоғамдағы нормативтiк актiлердiң дамуы, жаңару, орындалу, қорғау
процесiн, оған халықтың сана-сезiмiнiң әскерiн, көзқарасын, iс-әрекетiн
бiрiктiредi.
Құқықтық сана-сезiмнiң негiзгi функциялары: бiрiншi –халықтың құқықтық
бiлiмiн арттыру; екiншi-сана сезiмдi дұрыс дамыту үшiн тәжiрбиелiк
жұмысты жақсарту; үшiншi - қоғамдағы қатынастарды реттеудi, басқаруды
жақсарту үшiн адамдардың сана-сезiмiн көтеру. Құқықтық сана-сезiм
нормативтiк актiлердiң негiзгi, қоғамдағы қатынастарды дұрыс реттеушi,
басқарушы күш. Ол құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, дұрыс орындалуына
және оның болашағын дұрыс болжауға өте зор әсер етедi.
Құқықтық сана- сезiмнiң ерекшелiктерi:
- құқықтық сана-сезiм қоғамдағы тек нормативтiк актiлер мен құбылыстарды,
қатынастарды бейнедейдi. Ол жаңа нормалардың қабылдану және олардың
процесiн қамтиды. Саяси,моральдық, ұлттық т.б. көзқарастар құқықтық сана
сезiмге әсер етiп, құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, орындалуына ықпал
етедi;
- қоғамның даму процесiн, құбылыстарын сана сезiм құқықтық тұрғыдан
сезiнiп,сол позициядан қорытынды тұжырымдар жасап, баға бередi. Мысалы:
құқықтық қатынас, құқықтық жауапкершiлiк, құқықтық тәртiп т.б.
Қоғамдағы құқықты дамыту үшiн заңдылықты тәртiптi қатаң сақтау үшiн
құқықтық сана сезiмнiң маңызы зор. Бұл сана сезiмдi қоғам көлемiнде дамыту
керек, әсiресе заңгерлердiң, органда қызмет атқаратын азаматтардың бiлiм,
тәжiрибесiн, сана-сезiмiн көтерудi қажет етедi. Халықтың әсiресе
заңгерлердiң белсендiлiгi үш түрлi болады: бiрiншiсi-құқықтың субъектiлерi
өзара қатынасты тек дұрыс басқарып, жаңалыққа ұмтылмау- сылбыр енжар
деңгейi; екiншiсi-эвристикалық деңгей-құқық субъектiлерiнiң жаңалыққа
талпынып, мәселенi шешудiң жаңа жолдарын табу; үшiншiсi- интеллектуалдық
деңгей-жаңалықты ашуда үзiлiстiң болмауы, жоғары дәрежеде белсендiлiктi
көтеру. Белсендiлiктiң соңғы екi түрi құқықтық сана сезiмнiң дамуына өте
зор әсер етедi.
Құқықтық сананың мазмұны әр таптың, қоғамның экономикалық, саяси,
мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты. Құқықтық сана халықтың саяси
жилищное правоәне құқықтық жауапкершiлiгiн арттырады, өздерiнiң заңдарда
көрсетiлген құқығы мен мiндеттерiн адал орындап отыруына, мемлекет пен
еңбек тәртiбiн қатаң сақтауға зор үлес қосады.
Қоғамдық сана сезiмнiң басқа нысандарына қарағанда құқықтық сана
адамдардың ой-өрiсiне, рухани ойлау процесiне өте зор әсер етедi. Себебi
құқықтық қатынаста адамдар нормативтiк актiлердi бұлжытпай орындаулары
қажет, екi жақты құқы пен мiндет бар, дұрыс орындалмаса жауапкершiлiк бар.
Сондықтан, құқықтық қатынастардың субъектiлерiне түсетiн ауыртпашылық
айтарлықтай мол. Құқықтық сана өз құрылым жағынан екi түрге бөлiнедi:
құқықтық идеология жилищное правоәне құқықтық психология.
Құқықтық идеология дегенiмiз – қоғамдағы құбылыстарды, қатынастарды
құқықтық тұрғыдан жүйеге келтiру. Құқық туралы пiкiрлер мен көзқарастар
белгiлi бiр жүйеге түсiрiлiп, ғылыми негiзде дәлелденген күйде болады. Бұл
идеологияны қалыптастыруға заңгерлер, саясатшылар, экономистер философтар,
тарихшылар жилищное право және т.б. мамандар қатысады. Құқықтық идеология
қоғамдағы әр бағыттағы, әр саладағы мақсаттарды бiрiктiрiп дамытады.
Құқықтық психология дегенiмiз – қоғамның құқықтық сезiмiн, ақыл-ойын,
әдет-ғұрып, дәстүрiн бiрiктiру болып табылады. Жеке адамдардың, қоғам
мүшелерiнiң әр түрлi топтарының санасында – заңдарға олардың қолданылуына
байланысты туған әсерлер, көңiл-күй және сезiмдер жатады. Қоғамдық көлемде
осы мәселелердi бiрiктiрiп, дамытып, халықтың сана сезiмiн көтерiп,
демократияны нығайту. құқықтық мемлекет қалыптастыру болып табылады.
Құқықтық сана сезiмнiң жүйелерi мен түрлерi:
1. Қатынастың субъектiлерiне қарай құқықтық сана үшке бөлiнедi: жекелiк,
топтық жилищное право және қоғамдық құқықтық сана. Бұл үшеуi бiр-бiрiмен
тығыз байланысты болады. Сонымен қатар, олардың өз дербестiгi болады. Әр
жеке адамның сана сезiмi әр деңгейде болады: өте жақсы дәрежеде, жақсы,
орташа және нашар дәрежеде. Егерде топтың басым көпшiлiгiнiң сана сезiмi
жақсы дәрежеде болса, бұл топ мүшелерiнен жақсылықты күтуге болады. Осы
әдiс тәсiлмен қоғамның сана сезiмiнiң дәрежесiн, деңгейiн бiлуге болады.
Сол арқылы қоғамның қай саласында адамдардың қандай тобына жұмыс жасау
бағытын анықтауға болады.
2. Мазмұнының тереңдiгiне қарай құқықтық сана тағы да үшке бөлiнедi:
күнделiктi құқықтық сана, кәсiптiк құқықтық сана, теориялық құқықтық
сана. Адамдардың күнделiктi құқықтық сана сезiмi олардың рухани,
парасатылық, инабаттылық, өмiр тәжiрибесi арқылы қалыптасады.
Кәсiптiк құқықтық сана қоғамның әр саласында жұмыс атқаратын заңгерлер
тәжiрибесi арқылы қалыптасады. Олардың құқықтық бiлiмi де тәжiрибесi де мол
болғандықтан сана сезiмдерi де жоғары дәрежеде болады. Сондықтан, құқықтық
нормалар дұрыс орнындалып, құқықтық тәртiп жақсы дамиды.
Теориялық құқықтық сана қоғамдағы заң ғылымының жан жақты, жақсы
дамуы арқылы қалыптасады. Жақсы дамыған заң ғылымы қоғамның сана сезiмiнiң
дәрежесiн,деңгейiн көтередi, сол арқылы құқықтың жақсы дамуына зор әсер
етедi.
Құқықтық сана сезiмнiң бұл жүйелерi мен түрлерiнiң қоғамда атқаратын
жұмыстары өте зор. Олар бәрi бiрiгiп, құқықтық нормаларды өмiрге әкеледi,
оны дамытады, олардың дұрыс орындалуына жан жақты үлес қосады. Қоғамдағы
құқықтыө сананың деңгейi не ғұрлым жоғары болса, соғұрлым заңдылық та,
құқықтық тәртiп те жақсы дамиды.
Құқықтық сананың субъектiлерi әлеуметтiк тұрғыдан бiрнеше түрге
бөлiнедi:
- жеке адамның құқықтық санасы ол ес бiлгеннен қалыптаса бастайды;
- ұжымдық құқықтық сана. Әр ұжымның қызметiнiң ерекшелiктерiне байланысты
ұжымдық құқықтық сана қалыптасады.
- қоғамдық құқықтық сана. Адамдар жасына, жынысына байланысты сан алуан
бiрлестiктерге бөлiнедi. Әр топтың ерекшелiктерiне байланысты құқықтық ой
сана, көзқарас қалыптасады.
- халықтық құқықтық сана. Қазақстан халқы мем лекеттiң билiктiң б iрден бiр
бастауы. Демек. халықтың да өз көзқарасы сана сезiмi бар.
Көне дәуiрде ешқандай құқықтық сана деген жеке ұғым болған жоқ. Орта
ғасырларда да құқықтық сана толық қалыптасқан жоқ, аздап бұл туралы
пiкiрлер ғана болған. 16-18 ғасырларда көптеген пiкiрлер, ғылыми
зерттеулер өмiрге келдi. Қоғамдық ғылымдардың алдында көп талаптар
қойылды: демократияны дамыту, абсолюттiк монархияны жою, мемелекеттiк
билiктi бөлу, адамдардың табиғи бостандықтарын, құқықтарын шектеуге жол
бермеу. Қазiргi заманда құқықтық сана өмiрде де, ғылымда да жан жақты
зерттелiп,қоғамның, мемелекеттiң дамуына зор үлес қосуда,мемлекеттiк
аппарат күрделi дамуда, заң шығарушы процес с сапалы жұмыс жасап,
қоғамдағы барлық қарым қатынастарды реттеп, басқаруда. Сонымен, құқықтық
сана - қоғамдағы құқықтық құбылыстарға адамдардың, сезiмдерiнiң,
әсерлерiнiң, көзқарастарының, пiкiрлерiнiң, бағаларының жүйесi; ол заң
шығарудың нормативтiк актiлердiң дұрыс орындалуының, құқықтың сапалы
дамуының негiзгi шешушi механизмi деуге де болады.
Қоғамды, мемлекеттi дамытуда, оның құқықғын нығайтуда қуатты құралдың
бiрi – еңбекшi бұқара. Сондықтан заң жобаларын талқылауға, құқықтық
нормалардың дұрыс қолданып, мүлтiксiз орындалуын бақылауға олар белсене
қатынасады. Құқықтық сананы заңды мiнез- құлық деп те атайды. Бұл құқық
нормаларының нұсқауларына сәйкес келетiн жеке тұлғаның сана сезiмi. Осы
сана сезiм арқылы заң орындалады және жүзеге асырылады. егер адамдардың
мiнез құлықтары құқық нормаларынаң талаптарына сәйкес келсе, онда
құқықтық тәртiп нығаяды. Құқықтық сана сезiм арқылы қоғам басқарылады,
оның өмiрi қалыпты жағдайда жүргiзiледi, азаматтардың құқықтары мен
мiндеттерi жүзеге асырылады. Егер адамдардың мiнез құлық тары заң
нормаларының талаптарына сәйкес келсе,онда құқықтық тәртiп нығаяды. Мұны
азаматтардың көбi түсiнедi, сондықтан құқықтық қатынастардың басым
көпшiлiг заңды мiнез құлық негiзiнде құрылады. Азаматтар құқық талабын
белсендiлiкпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес құқықтық сан
екi түрге бөлiнедi: белсендi заңды мiнез құлық және енжар заңды мiнез
құлық.
Белсендi заңды мiнез құлық лауазымды тұлғлардың, азаматтардың өз
бастамасы мен белгiлi мақсатқа негiзделген заңды әрекеттерi. Бұл мiнез
құлықтың түрлерi сан алуан. Ол-субъектiлердiң өз мiндеттерiн адал ниетпен
сапалы атқарып азаматтардың өздерiне жүктелген мiндеттердi қалтықсыз,
сана түрде орындауы; сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып
мемлекеттiң, қоғамдық ұйымдардың жұмысна белсене қатысып әлiнше көмектесу
заңдардың жобасын талқылауда бет көрсетiп өз пiкiрiн ортаға салу құқытық
белсендiлiкке осы әрекеттер жатады.
Енжар заңды сана сезiмнiң көрiнiсi де сан валуан. Азамат өзiне
жүктелген мiндеттердi жауапсыз орындайды, нормативтiк актiлердi жүзеге
асыруға енжерлықпен немқұрайдылықпен қарайды. Мұндай мiнез-құлықта екi
тапта ұтылыста болады. Мысалы, шарттық қатынаста субъектiлердiң екеуi де
немесе бiреуi мiндеттерiн дұрыс орындамаса екi жағы де ұтылыста болады
зиян шегедi. Мұндай енжар қылық басым болса мемлекетке де келетiн зиян
көп.
Қоғамның экономикалық, әлеуметтiк мәдениеттiк дамуы жақсы деңгейде
болса адамдардың сана сезiмi де сол дәрежеде болады. Осыған сәйкес
қоғамның құқығы да жақсы дамып қатынастарды жақса реттеп басқарып
отырады.3
Егер де қоғамның экономикалық әлеуметтiк дамуы дағдарысқа ұшыраса онда
сана-сезiмнiгң сапасы төмендеп құқықтық нигилизм немқұрайдылық етек жая
бастайды. Қылмыстың саны өседi қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртiп
нашарлайды. Оның себептерi:
1. Азаматтардың көпшiлiгiнде демократиялық мәдениеттiң жоқтығы;
2. Қоғамда әкiмшiлiк әмiршiлiк жүйенiң ұзақ уақыт өмiр сүруы;
3. Ескi мемлекеттiң ыдырауы, жаңа жүйенiң толық қалыптаса алмауы;
4. Қоғамның экономикалық әлеуметтiк деңгейiнiң нашарлауы.
Қазiргi өтпелi кезеңде Қазақстан Республикасынын алдында тұрған мүдде
мақсаттар өте көп. Солардың бiрi халқымыздың құқықтық сауаттылығын
көтеру. Оның негiзгi бағыттары:
- Елiмiзде құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту. Бұл iске қоғамның барлық
мүшелерiн тарту;
- Тәрбие жұмысын барлық бағытта жандандыруға көңiл бөлу, инабаттылық,
парасаттылық, патриоттық, еңбекшылык бағыттарда;
- Халықтың рухани сана-сезiмiн бiлiмiн жақсарту;
- Мемлекеттiң заң шығару, құқықтық нормаларды орындау жұмысын жақсарту;
- Мемлекет аппараттарындағы қызметкерлердiң мамандық сапасын көтеру;
- Заңдылыққа құқықтық тәртiпке қатаң бақылау жүргiзу.
Осы көрсетiлген бағыттар арқылы құқықтық тәрбиенi жақсарту тек аппараттың
ғана жұмысы емес. Бұл күрделi және өте өзектi iске қоғамдағы барлық
бiрлестiктер, одақтар, ұжымдар, саяси ағымдар мен ұйымдар белсендi түрде
қатысуы керек. Құқықтық тәрбиенi жақсарту үшiн қоғамның экономикалық
әлеуметтiк жағдайын жақсару, демократияны бостандықты дамыту керек.
Сонымен құқықтық сананың сапасын жақсартып қоғамдағы маңызын көтеруге зор
үлес қосатын құқықтық психология мен құқықтық идеология. Психология мен
идеологияны теңестiрсек идеология басым болады. Өйткенi психология
адамдардың санасында заңдарға олардың қолдануына байланысты туған тек
әсерлерiн, көңiл-күйiн, сезiмдерiн ғана көрсетедi. Ал идеологияның
қоғамға әсерiнiң шеңберi де, кеңiстiгi де өте кең, маңызы да анағұрлым
жоғары. Идеология құқық жөнiндегi пiкiрлер мен көзқарастарды бiр жүйеге
келтiрiп ғылыми негiзде дәлелдеп қызмет атзқарады. Мұндай тұрақты
қалыптасқан демократиялық мәдени әлеуметтiк құқықтық идеология әр
мемлекетке өте қажет. Онсыз қоғам сапалы дами алмайды. Оны бiздiң
елемiздiң оншақты жылғы тәуелсiз дамыған тарихы дәлелдеп отыр. Кеңестiк
дәуiрде 60 жыл үстемдiк жасаған сорақы коммунистiк саясат идеологияға
нигилистiк көзқарасты қалыптастырып, елiмiз көптеген қиыншылықты,
қолайсыз жағдайларды бастан кештi. Тәуелсiз жас мемлекеттiң iргесiн
нықтауға байланысты тұжырымның бiрi iлiмдiк жағынан қорытылуы тиiс. Ондай
ұлттық идеологияның негiздерi бiзде жоқ емес. Тек оны нақтылай дәлелдей
түсу қажет. Құқықтық қоғамы бар мемлекет құрсақ та, Қазақстанның өзiне
лайық идеологиясы болу керектiгiн практика растап отыр.
Қорыта айтсақ құқықтық идеологияны жаңғырту, озық өркениет жетiстiгiн
қабылдау, мәдениет пен өркениеттi ұштастыру, ұлттық тәрбие беру,
мемлекетiмiзде қаржы қаражат, заң, өндiрiс, бiлiм беру, денсаулықты
сақтау және бұқаралық ақпараттың үйлесiмiн тауып үндестiретiн құрал
мемлекеттiк ұлттық идеология болып табылады. Бұл жерде ескеретiн мәселе
кеңестiк дәуiрде заң ғылымын марксизм теориясына сәйкес түсiнiп ғылыми
зерттеулердi осы бағытта жүргiзгендiк болып табылады.
Қазақстанда құқық жүйесiнiң болашақта даму бағыттары:
1. Құқықтық идеологияны қалыптастыруға қоғамдағы барлық саяси, әлеуметтiк
күштердi бiрiктiру қажеттiлiгi. Әрбiр одақ әржаққа тартса идеология
болмайды;
2. Құқықтық идеологияның қалыптастыру жұмысы жариялы ашық демократиялы
түрде жүргiзiлiп, барлық халықты олардың құрған ұйымдарын қатыстыруға
толық мүмкiндiк беруi керек;
3. Құқықтық идеологияны қалыптастыру процесiнде халықтың көпшiлiгiнiң
мүддесiне нұқсан келтiрiлмеуi керек. Өйткен демократиялық қоғамда жеке
адамдардың бостандықтары мен мүдделерi қатаң сақталуы керек;
4. Құқықтық идеологияның алдындағы сан қырлы мүдде мақсаттың ең күрделiсi,
ең маңыздысы Қазақстанның тәуелсiздiгiн, қорғанысын күшейту. Мiне осы
мәселелерге бiрлестiктер, ұжымдар, саяси партиялар жұмыла кiрiсуi қажет.

Құқықтық сана халықтың, адамдардың саяси және құқықтық жауапкершiлiгiн
арттырады, өздерiнiң заңдарда көрсетiлген құқықтары мен мiндеттерiн адал
орындап отыруына мемлекеттiң және еңбек тәртiбiн қатаң сақтауға зор үлес
қосады.

І.2. Құқықтық сананың құқықтың әлеуметтiк функциясын жүзеге асырудағы рөлi

Рухани өмірдің құблысы ретінде құқық қоғамдық және индивидуалды сана
сферасына жатады. Бұл ғылым түсінігін түсіну үшін құқық нормалары,
нормативтік актілер, құқық қолданушы шешімдер және басқа да құқық
баламалары өзіндік теориялық және мәдениет қатынасы тәжірибелері
қарастырылады. Құқықты шын мәнісінде анықтау үшін бұл түсініктер құқықта
құқықтық сана категориясы ретінде қарастырылады.
Құқытық сана – бұл адамдардың қарым-қатынасы, әлеуметтік қоғамдағы
әрекеттенуші және қажетті құқықтары, және де көрініс пен сезім жиынтығы.
Құқықтық сана қоғамдық сананың басқа да формалары сияқты (мораль, дін,
өнер, философия) қоғамдық сананың маңызды бір формасы, - құқықтық сананың
шындықты рухани танудың апецификалық тәслі. Рухани мәдениетте құқықтық
сананың салыстырмалы өзіндік ерекшелігі құқықтық көзқарас, ойлар, теориялық
сезімдер, экономика, саясат, мемлекет және шынайы заңдарға тәуелсіз
жалпылама өмір сүреді. Соңғысының өзгеруі, әрине құқықтық сананың дамуы
үшін нақты параметрлерді қалыптастырады, бірақ ол ешқашан “кординалды”
түрде құрмайды және сәйкесінше одан шығатын қ.с. мәдени-тарихи ойын жоя
алмайды.
Сондықтан құқықтық сана – құқықтың “ретті қойылған” сияқты да толық,
нақты тәуелсіз құбылыс. Бұл құбылыс құқық теориясының құқықтық мәні, оның
генезисі. Сол немесе басқа да өркениет шегінде құқықтық бағалаудың мәдени
спецификасы, құқықтық тәртіптің деформациясы, қылмыстық және басқа
әлеуметтік потологияның пайда болу көздері себептері.
Құқықтық сана мәдениеттің элементі толық және әр жақты идеалды, рухты
құқықтық мәнін білдіреді, халықтың өзіндік архетиптік инварианттарының
өмірлік заңдылықтары.
Өркениеттің әртүрлі типтеріндегі, әртүрлі мәдени-тарихи бірлестіктерде
әрекет ету нормалары туралы, сол немесе басқа жағдайларды және т.б. реттеу
тәсілдері туралы біртекті емес көзқарастар бар екені белгілі. Бұл
әлеуметтік реттеудің этно-құқықтық заңдылықтары туралы дегеніміз. Оларды
мемлекеттік және экономикалық бұйрықтарды шешуге детерминизацияланатын
құқықтық сана өзінің нақты логикалық дамуына, “тәуелді” феномен ретінде
қарастырады. Ал олар алдымен мәнеди рух, құқықтық әлемдік және ұлттық
потенциалды ойлаушысы ретінде болады.
Құқықтық сана күрделі құрылымды морфологияға ие. Ғылымда құқықтық сана
құрылымының түсінігі өңделген. Құқықтық сана құрлымды түрде екі негізгі
элементтен тұрады: құқықтық психилогия және құқықтық идеология.
Құқықтық психология – жеке жеке адамдардың күнделікті адам тәжірибесі
нәтижесінде қалыптасқан, сонда-ақ заңды тұлғалардың да қоғамдық саналарының
эмпирикалық және бірлескен деңгейіне сәйкес келеді. Құқықтық психологияның
мазмұны болып табылатындар: сезім, эмоция, уайым, көңіл-күй, әдеттер,
стереотиптер, яғни олар адамдардың заңды нормалары мен тәжірибесінде іске
асу кезінде көрінеді. Құқықтық психология мемлекеттің сол немесе басқа да
топтарындағы қандай да болмасын адамдың жекелеген психологиялық реакциялары
көрінетін құқықтық сананың өзіндік стихиялық “жүйеленбеген” қабаты.
Жаңа немесе ескі заңдары алып тастау бойынша қуаныш пен өкініш,
заңдылық нормаларды қолдану тәжірибесіндегі қанағаттандырарлық немесе
қанағаттандырмаған. Сезім, құқық қорғау органдарының әрекеттері, заңдылық
құқықтарды бұзудағы қарым-қатынасқа немқұрайлы немесе қолдау көрсету –
мұның бәрі құқықтық сезім (әмоция) және олар біріге отырып, қоғамдық санада
құқықтық психология сферасын құрайды.
Құқықтық психология күнделікті өмір деңгейінің көрінісі ретінде
құқықтық сана құрылымында тұрлаулы рөл алмайды деуге болады. Құқықтық
психология заңдылық элементінің қатысуымен – қалыптасқан барлық қоғамдық
қатынастарды сол немесе басқа да деңгейлеріне қатысты құқық танудың кең
таралған формасы.
Дәл психилогиялық реакциялар ортасында құқықтың өзінің әлеуметтік
мәнін анықтаушы әрекеттерді жүзеге асырады. Олар: гуманизм, әділеттілік,
субъектілердің формалді түрде теңдігі және т.б.. Құқықтың бұл сипаттамалары
адамның сезімдерін білдіреді: олардың адикваттылығының адамның
психологиялық көңіл-күйіне, заңдылықтарға көбіне барлық құқықты жүзеге
асыратын тәжірибелердің және іс жүзіндегі актілердің тиімділігі тәуелді
болады.
Сонымен, құқықтық психология – құқықтық көрініс сферасының тікелей
әсерімен түсінігінен “жабық” та терең сферасы болып табылады.
Тұрғын халықтың психологиядағы көрінісін, әлеуметтік ақталған рұқсат
ереже бойынша жаңа заң реализацияларының үлкен проблемаларына апарады,
құқық қорғау органдарының қызметінде көпшілік қиыншылықтарды тудырады.
Мемлекетті құқықтық саясатында тұрғын халықтың құқықтық психологиясына
мін тағу бірнеше рет сол немесе басқа мемлекеттік шаралар дағдарыста болды.
Өзінің әлеуметтік мақсаттағы көзқарастары тиімді болды.
Бұдан басқа, құқықтық психологияболашақ өзін-өзі қиын ұстауда,
объективті бақылау құбылысы маңызды бөлім, яғни санасыздықты қосады – бүкіл
әлемдік психологиялық құбылыстар мен процестерді, дәл бағытталған
фактормен, яғни, субъект өзіне баға бере алмас жағдай әсерінен. Санасыздық
сферасы құқықтық көріністердің генезисінде белсенді көрсетілген
қалыптастыруда құқық сияқты және құқыққа қарсы тәртіппен көрінеді.
Санасыздық құқық психологиясы құбылысы ретінде интуиция, психологиялық
аффект, әдетті әрекеттер, әлеуметтік жүріс-тұрыс, сонымен қатар талпынуда,
әрекеттер, себептерін адамдар мойындамайтын.
Осымен, құқықтық психология – қоғамдық сананың сферасын құқықты
бақылау үшін принципті және маңызды, оны оқуға құқық теоритиктерін, және
құқық ғылымының мамандарына жағдай жасауға бағытталған.
Құқықтық сана құрамындағы құқықтық психологиядан басқа құқықтық
идеология да жатады, яғни ол қоршаған ортаны психологиялық тұрғыдан
ұғынудан гөрі ғылыми-теориялық белгі және шындықты меңгеру деңгейіне сәйкес
келеді.
Құқықтық сана – бұл қоғамның, құқықтық қатынастардың қоғамдық өмірінің
көрінісі, қоғамдық сананың, әлеуметтік топтардағы және жеке тұлғаның
құқықтық пікірлерінің мәні мен рөлі. Құқықтық сана – құқық туралы мағына
және іс-жүзіндегі құқық пен ойлардың бағасы; құқықтағы қажет ететін
өзгерістер туралы ойлар, яғни құқықтық сана бұл объектінің көрінісінің
нәтижесі ғана емес, ол сондай-ақ объектіге және мемлекеттік барлық жүйесіне
әсер етуші құрал болып табылады.4
Идеологиялық тұрғысында және идеология арқылы барлық әлеуметтік
топтардың, класстардың, халықтарды, мемлекеттің, әлемдік бірлестіктердің
қажеттіліктері мен мүдделерін табуға болады. Әрине жеке индивидуалдық
элементі құқықтық шындықтың көрінісінің идеологиялық түрінде де; сол немесе
басқа идеологиялық доктрина жеке адамдармен құрылып, қалыптасады. Ол
адамдар: ғалым-философтар, қоғамдық-саяси қызметкерлер, олар соңында құқық
және мемлекеттің толық жүйелі көрінісінің санасында қол жеткізіледі.
Бірақ, құқықтық идеология айтарлықтай құқықтық психология, құқықтық
сананың дәрежесі мен сипаты бойынша асып түседі. Егер құқықтық психология
құқықтық құбылыс арқылы жоғарғы-сезімді аспектілерге сай сыртқы әсерге
фиксирленсе, онда құқықтық идеология әлеуметтік сана, құқық табиғатының
мәнін айқындауға тырысады. Ол сондай-ақ, әдеттегідей, аяқталған мәдени-
тарихи философия және догма түрінде көрсетуге тырысады.
Шын құқықты түсінудің тәсілдері ретінде құқықтық идеологияның үлгілері
болып келесілер табылады: 1) құқықтық Гегельдік философиясы; мемлекет және
құқықтың табиғи құқықтық, позитивтік, марксистік доктринасы; көптеген
қазіргі кездегі құқықтану консепциялары. Бұдан басқа құқықтық идеологияны
кеңінен “қолдану” сферасы – құқықтық психологияға сая стихиялық – бұқаралық
жеке адамдар қатынастары емес, ал толықтай әлеуметтік бірлестіктердің
қажеттіліктері мен мүдделерін айқындауға бағытталған институцияландырылған
топтар: класстар, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, мемлекет,
мемлекетаралық бірлестіктер.
Сол немесе басқа да қазіргі кездегі билік қатынастарда қатынасатын
саяси ұйым, әдеттегідей саяси құқықтық идеология негізінде консервативті,
либералды, марксистік, христиандық және т.б. негізінде қалыптасады. Бұл
жағдайда құқықтық идеология өзінің негізгі мұратын орындайды, ол партия,
қозғалыс, толық саяси адамдар жүйесіне ұйымдастырылған өзіндік әлеуметтік
жоспарлы-бағдарлама қызметін орындайды; нақты әлеуметтік және құқықтық
идеаларды түбегейлі және мақсатты қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Демократиялық және әлеуметтік, мәдени, тарихи сияқты мемлекеттік
құқықтық идеологияның түсініктемелері әрбір қогғамның қызметі үшін негізгі
өмірлік жағдайы болып табылады.
Бірақ жазылмаған заң бар: сана, соның ішінде құқық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Құқықтық сана, жалпы түсінігі
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Құқықтың қалыптасуының нормалары
Құқықтық жүйе ұғымы
Этика ұғымы және оның заты
Құқықтық мәдениет ұғымы
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау
Пәндер