Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде оқытудың теориясы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
I. ИНФОРМАТИКАНЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ 4
1.1 Модульдеп оқыту педагогикалық технологиясының теориялық негіздері. 4
1.2 Модульдеп оқыту педагогикалық технологиясын қолдануда компьютерлік технологияларды құрал ретінде пайдаланудың қажеттілігі 6
1.3 Информатика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологиялар 10
ІІ. ИНФОРОРМАТИКА САБАҚТАРЫН ТҮРЛЕНДІРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ. 20
2.1 Информатика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологияларды қолданудың тиімді әдістері. 20
2.2. Жаңа технология арқылы информатика сабақтарын түрлендірудегі машықтану сабағы 29
2.3.Информатика сабағын түрлендірудегі қолданылатын дамытушы ойындар 31
2.4.Информатика сабағында жаңа технология арқылы оқушылардың білімдерін бақылау 35
ҚОРЫТЫНДЫ 40
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 42
ҚОСЫМШАЛАР 43
КІРІСПЕ

Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мәні түрліше қарастырылады.
Қазіргі пайдаланып жүрген мағынадағыдай педагогикалық технология ұғымы 1960 жылдардан бастап бихеииористік, необихеиористік тұжырымдардан басту алатын, «толық меңгерту» теориясына негізделген, жоғарыда атап өткендей нәтиже алуға бағытталған АҚШ және батыс Европа елдеріне практикаға ене бастаған маңгеру технологияларына байланысты пайда болды.
Осы жылдарды шетелдерде біршама қолға алынған оқытудың технологиялық құралдарын пайдалану, бағдарлы оқыту мәселесі де педагогикалық технологиялар теориясының қалыптасып, дамуына үлкен ықпал етті. Жалпы оқытудың педагогикалық технологиялары ұғымы педагогика ғылымына жүйелі түрде 1970 жылдардан бастап ене бастады. Кейбір әдебиеттерде оқыту процесін технологияландыру оған ақпараттық технологиялық құралдарды пайдаланумен байланыстырылатын көзқарастар айтылады. Төменде талданып «педагогикалық технология» ұғымының мәнінен көретініміз мұның бір жақта, алғашқы, үстіртін пікірден туғандығы.
Қазіргі уақытта білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сабақтың тиімділігін арттырудың көптеген әдіс тәсілдері бар:

• жекелеме немесе топтармен жұмыстар;
• мөлшерленген үй тапсырмалары;
• стандартты емес сабақтар т.с.с

Стандартты емес сабақтың бір түрі модульдік сабақ. Модульдік сабақ бірнеше артықшылықтармен ерекшеленеді. Сабақ басталысымен оқушы өзінің не істеу керектігі, яғни сабақтың соңында өзінің нені біліп шығуы керектігі жөнінде толық мағлұмат алады. Себебі, оқушыларға мұғалім алдын ала дайындалған сабақтың жүру жоспарын, яғни орындайтын тапсырмалар нұсқауын таратып береді. Онда сабақтың түпкі және оның әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетілген.
Топпен жұмыс істеу кезінде оқушы өз пікірінің дұрыстығын немесе қателігін көрсетуге, онымен пікірлесе отырып ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Оқушыда өз білімі өзі бағалау және бақылау дағдысы қалыптасады. Әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмалары әр түрлі деңгейде алуға болады. Модульдік сабақ өтілген тақырып бойынша сыныптағы барлық оқушының білімін тексеріп бағалауға мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Лапчик М.Л. и др. Методика преподавания информатики: Учебное пособие для студентов педвузов. Москва «Академия», 2001.
2. Машбиц Б.И. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. – М.: Педагогика, 1988.
3. Информатика и оброзования. Москва., 2005ж. №1,2.
4. Республика ұстаздары. Алматы., 2005ж. №1-6
5. Е.Дайрабаева, А.Дайрабаева «Педагогика пәнінің негіздері» Алматы., 2005ж.
6. Т.С.Садыков, А.Е.Абылкасымова «Методология 12-летнего образования» Алматы., 2003 ж.
7. Ж.А.Қараев «Компьютерді оқу процесінде пайдалануға кіріспе» Алматы., Рауан, 1992ж.
8. Ж.А.Қараев, К.З.Халықова «Информатиканы 5 сыныпта оқыту методикасы. Әдістемелік құрал.» Алматы., 1993ж.
9. Информатикадан Мемлекеттік білім беру стандарты. 7-11 сынып. Алматы., 1998ж.
10. А.П.Ершов, В.М.Монахов, А.А.Кузницов «Основы информатики и вычислительной техники» Москва., Просвещение, 1985ж.

Инфорорматика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологиялар

Мазмұны

Кіріспе 3
I. ИНФОРМАТИКАНЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ
4
1.1 Модульдеп оқыту педагогикалық технологиясының теориялық негіздері. 4
1.2 Модульдеп оқыту педагогикалық технологиясын қолдануда компьютерлік
технологияларды құрал ретінде пайдаланудың қажеттілігі 6
1.3 Информатика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологиялар 10
ІІ. Инфорорматика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологияларды қолдану
әдістемелері. 20
2.1 Информатика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологияларды қолданудың
тиімді әдістері. 20
2.2. Жаңа технология арқылы информатика сабақтарын түрлендірудегі
машықтану сабағы 29
2.3.Информатика сабағын түрлендірудегі қолданылатын дамытушы ойындар 31
2.4.Информатика сабағында жаңа технология арқылы оқушылардың білімдерін
бақылау 35
Қорытынды 40
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 42
Қосымшалар 43

Кіріспе

Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында
педагогикалық технология ұғымының мәні түрліше қарастырылады.
Қазіргі пайдаланып жүрген мағынадағыдай педагогикалық технология ұғымы
1960 жылдардан бастап бихеииористік, необихеиористік тұжырымдардан басту
алатын, толық меңгерту теориясына негізделген, жоғарыда атап өткендей
нәтиже алуға бағытталған АҚШ және батыс Европа елдеріне практикаға ене
бастаған маңгеру технологияларына байланысты пайда болды.
Осы жылдарды шетелдерде біршама қолға алынған оқытудың технологиялық
құралдарын пайдалану, бағдарлы оқыту мәселесі де педагогикалық
технологиялар теориясының қалыптасып, дамуына үлкен ықпал етті. Жалпы
оқытудың педагогикалық технологиялары ұғымы педагогика ғылымына жүйелі
түрде 1970 жылдардан бастап ене бастады. Кейбір әдебиеттерде оқыту процесін
технологияландыру оған ақпараттық технологиялық құралдарды пайдаланумен
байланыстырылатын көзқарастар айтылады. Төменде талданып педагогикалық
технология ұғымының мәнінен көретініміз мұның бір жақта, алғашқы, үстіртін
пікірден туғандығы.
Қазіргі уақытта білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл
процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім
парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның
тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сабақтың тиімділігін
арттырудың көптеген әдіс тәсілдері бар:

• жекелеме немесе топтармен жұмыстар;
• мөлшерленген үй тапсырмалары;
• стандартты емес сабақтар т.с.с

Стандартты емес сабақтың бір түрі модульдік сабақ. Модульдік сабақ
бірнеше артықшылықтармен ерекшеленеді. Сабақ басталысымен оқушы өзінің не
істеу керектігі, яғни сабақтың соңында өзінің нені біліп шығуы керектігі
жөнінде толық мағлұмат алады. Себебі, оқушыларға мұғалім алдын ала
дайындалған сабақтың жүру жоспарын, яғни орындайтын тапсырмалар нұсқауын
таратып береді. Онда сабақтың түпкі және оның әрбір элементінің нақты
мақсаты көрсетілген.
Топпен жұмыс істеу кезінде оқушы өз пікірінің дұрыстығын немесе
қателігін көрсетуге, онымен пікірлесе отырып ұжымдық шешім қабылдауға
үйренеді. Оқушыда өз білімі өзі бағалау және бақылау дағдысы қалыптасады.
Әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмалары әр түрлі деңгейде алуға
болады. Модульдік сабақ өтілген тақырып бойынша сыныптағы барлық оқушының
білімін тексеріп бағалауға мүмкіндік береді.

I. ИНФОРМАТИКАНЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ

1.1 Модульдеп оқыту педагогикалық технологиясының теориялық негіздері.

Қазiргi заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық
iлiмдер негiзiнде құрылған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология
болып табылады. Оқу процесiн технологияландыру басқа ақыл-ой талабына ғана
негiзделген рационалистiк немесе технократтық деп аталатын дидактикалық
парадигмамен әдiснамалық байланыста. Педагог рационалистердiң негiзгi
мiндетi – оқу материалын меңгерудiң неғұрлым тиiмдi тәсiлдерiн iздестiру.
Нақ осы модель төңiрегiнде оқытудың техникалық құралдарын қолданудың мүмкiн
жолдары пайда болып, ол кейiннен оқыту технологиясы ұстанымдарына жалғасты.
Педагогикалық технологияның ерекшелiгiн педагогикалық жүйенi жобалау
тұрғысынан анықтау үшiн жобалаудың бiлiм беру аймағында оқыту жүйесi мен
оның жекелеген компоненттерiн жасаумен шектелмейтiнiн ескеру қажет. Жобалау
сонымен қатар оқушының интеллектуальдық даму заңдылықтарын, оқу iс -
әрекетiнiң қалыптасу ерекшелiктерiн және педагогикалық басқарудың
тәсiлдерiн зерттейтiн құрал ретiндегi әдiснамалық қызмет те атқарады. Оқыту
технологиясының әдiснамалық қызметi жалпы стратегиялық үлгi – оқытуды
жобалау, ұйымдастыру және жобаны жүзеге асыру арқылы анықталады.
Академик В.Л.Беспальконың анықтамасы бойынша педагогикалық технология
тәжiрибеде жүзеге асырылатын белгiлi бiр педагогикалық жүйенiң жобасы. Ал
педагогикалық жүйе дегенiмiз оқытудың әдiстемелiк жүйесi, формасы мен
құралдары мен оған сәйкестi дидактикалық процестердiң жиынтығы.
Педагогикалық жүйе педагогикалық технологияны жасаудың негiзi болып
табылады. Педагогикалық технологияның әдiстемеден бiр ерекшелiгi- оқушының
оқу – танымдық қызметiнiң құрылымы мен мазмұнын анықтайды. Технологияны
пайдалану оқушылардың барлығының табысқа жетуiне әкеледi. Педагогикалық
технология – оқушылардың жеке басын дамыту мен бiлiм беру мақсатына жету
жолындағы педагогикалық қызметтiң, iс - әрекеттiң жүйелi дамып отыратын
жобасы.
Педагогикалық технология – педагогика ғылымының оқыту мақсатын,
мазмұнын және әдiстерiн зерттеп, айқындаушы және педагогикалық процестi
жобалаушы бiр бөлшегi. Ол – бiлiм стандартында көзделген оқыту нәтижелерiн
қол жеткiзу жолындағы мақсат, мазмұн, әдiстер мен құралдардың бiртұтас
қызметiн бейнелейтiн процесс.
Қазiргi заманғы педагогикалық технология төмендегiдей негiзгi
әдiстемелiк талаптарға сай болуы тиiс:
1. Технологиялық сызба (карта) технологиялық процестiң оны жеке
функционалды бөлiктерге бөлу және олардың арасындағы логикалық
байланыстарды белгiлеу арқылы көрсететiн шартты бейнесi болуы қажет.
2. Әр педагогикалық технология тәжiрибеде игерудiң белгiлi бiр ғылыми
тұжырымдамасына негiзделуi тиiс: бiлiм беру мақсаттарына жету процесiнiң
ғылыми негiздемесi болу керек.
3. Педагогикалық технологияның барлық жүйелiк сипаттары: процестiң
логикасы, барлық бөлшектерiнiң өзара байланысы, тұтастығы болуы қажет.
4. Оқу процесiн жобалау, жоспарлау, мақсатын анықтау мүмкiндiктерi
ескерiлуi керек: кезеңдi диагностика, нәтижелердi түзету мақсатында әдiстер
мен құралдарды түрлендiру мүмкiндiгi қаралуы қажет.
5. Қазiргi заманғы педагогикалық технологиялар бәсекелестiк жағдайда
қызмет етедi. Сондықтан, белгiлi бiлiм стандартына сай нәтижелi оқыту
кепiлдiгiн берiп, нәтижесi тиiмдi, шығыны аз болуы керек.
6. Педагогикалық технологияны басқа бiлiм беру мекемесiнде басқа
субúектiлердiң де қолдану мүмкiндiктерi ескерiлуi керек, яғни кең дәрежеде
қолданылатындай болуы тиiс.
Педагогикалық технология оқу процесiнiң қойылған мақсатқа жетуiне
кепiлдiк бередi. Мақсатқа жету үшiн керi байланыс болуы керек. Соған
байланысты оқытуға технологиялық қатынаста төмендегiдей шарттарды
көрсетуге болады:
а) мақсат қою және нақтылау, мақсатты нәтижеге табысқа жетуге орай
айқындау;
ә) ағымдағы нәтиженi бағалау, қойылған мақсатқа жету жолында оқытуды
өзгерту;
б) нәтиженiң қорытынды бағасы.
Мектепте оқыту технологиясы оқыту процесiне қажеттi психологиялық -
педагогикалық iс - әрекеттердiң жүйелi кешенi - әдiс, тәсiл, амал,
дидактикалық талап ретiнде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртiбiне, оқуға
ынтасына, iс - әрекетiне игi әсер етедi және сонымен бiрге, мұғалiмдердiң
педагогикалық iс–тәжiрибесiнiң нәтижелiгiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн
оқу – тәрбие процесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Жоғарыда
келтiрiлген түсiнiктерден, оқыту технологиясы дегенiмiз педагогикалық
тәжiрибеде оқыту мен тәрбиенiң нақты көзделген мақсатына қол жеткiзу
жолындағы тұтас дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен iс - әрекеттер
тiзбегi екенiн көремiз.
Жалпы бiлiм беретiн мектептер үшiн педагогикалық технология мындай
төрт басты шартты қанағаттандыруы тиiс (В.П.Беспалько).
а) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоЮы
қажет. Оқу процесiнiң нәтижелi болуына 100% кепiлдiк беруi қажет;
ә) оқушының өз бетiмен жасайтын оқу танымдық қызметiнiң құрылымы мен
мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие процесiнiң жобасына негiзделуi қажет;
б) оқу мақсатын диагностикалық нәтиже беретiн жолмен анықтап, оның
меңгерiлу сапасын дәл тексерiп бағалауды қажет етедi;
в) практикада оқу процесiнiң толықтығын қамтамасыз етiлуi тиiс.
Қәзiргi таңда бiлiм беру iсiн реформалау “iзгiлендiру парадигмасы”
негiзiнде бiлiм берудiң мазмұнды - әдiстемелiк негiзiн жүйелi өзгертуiн
ғана емес, сонымен бiрге логикалық - әдiстемелiк негiздi жаңартуды
анықтауды, педагогикалық жүйенiң жаңа парадигмасын жетiлдiрудi қажет етедi.
Бiлiм беру жүйесiн жаңартуда және жетiлдiруде алдымен жаңа негiзде
әдiстемелiк жүйенi құру, содан соң дидактикалық процестi ескере отырып,
педагогикалық жүйенi технологиялық негiзде құрған дұрыс деп есептеймiз.
Мұндай жүйелiлiк тәжiрибеде барлық жаңа инновациялық идеялардың жүзеге
асуына кепiлдiк беретiн саралап оқытудың педагогикалық түзу технологиясын
құруға мүмкiндiк бередi.

1.2 Модульдеп оқыту педагогикалық технологиясын қолдануда
компьютерлік технологияларды құрал ретінде пайдаланудың қажеттілігі

Оқытудың бұрынғы жүйесін сүйемелдеу бағытында ең тиімді
технологияларға мыналарды жатқызуға болады.
Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға
жаңа материалдарды (иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық
материалдар, т.с.с.) көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші
жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану
процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар
технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып,
сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін
(презентациялық сүйемелдеу жұмысын алдын ала мұғалім немесе басқа біреу
дайындағанда) қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық
коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануға дағдыландырады. Осыларға
қоса, мектептің жергілікті компьютерлік желісі болу және бұл желінің
Интернет жүйесіне қосылуы мұғалімдердің жұмысын біріктіре отырып дайындауға
мүмкіндік беріп, сабақ берудің жаңа технологиясын игеру ісін оқытушылардың
өздеріне де өте қызықты етіп көрсете алады.
Үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру. Компьютерлік
технологияларды осы мақсатта пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс
өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге
көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған
білімін бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми
элементтер енгізіп, оны кейіннен де пайдалануға болатындай етіп, білім
мекемелерінен алынатын білім мен дағдылану деңгейлерін нақты түрде
стандарттау технологиялары2 (азғантай болса да) жайлы айтуға негіз бола
алады. Өкінішке орай, біздің осы тәжірибелеріміз бақылау мақсатында АКТ-ны
пайдалану бұрынғы оқу процесіне ешқандай жаңа өзгеріс енгізе алмайтынын
көрсетті, өйткені бақылау ісі оқушылармен кері байланыс ұйымдастырудың
алғашқы сатысы ғана болып саналады. Бұдан гөрі қомақтылау нәтижеге қол
жеткізу үшін оқушылардың алған білімдеріндегі ақтаңдақтарды тиянақты түрде
қадағалау негізінде білім тексеру процесін автоматтандыру керек екені
белгілі болды.
Бұл процестің негізі мынада – мұғалім тексеру нәтижесі жайлы
толық ақпарат ала отырып, балалардың әрқайсысына олардың қатесіне
байланысты қағазға жазылған қосымша тапсырма береді. Бұларды орындау
нәтижесін тағы да компьютерлік тест немесе мұғалімнің өзі тексеріп шығады.
Мұндағы бір айта кететін жайт – соңғы бақылау баға қою мақсатында емес,
оқушының қай тақырыпты қалай меңгергені жайлы мәлімет беретін дидактикалық
тест алу мақсатында жүргізіледі. Осындай технология өзінің тиімділігін, әрі
қызықтылығын көрсетті, оның мысалы ретінде орыс тілі ережелерін оқып үйрену
кешенін пайдалануды келтіруге болады. Мұндағы негізгі мәселе объективтілік,
сенімділік және дұрыстық (валидность) талаптарына сай келетін, ғылыми
тұрғыдан негізделген компьютерлік тестер жасау керек екендігі белгілі
болды.
Төменгі сынып оқушыларына арналған тренаж.
Төменгі сынып оқушылары бірнеше рет қайталай отырып үйренуді талап
ететін оқу материалдарын жиі қолданады екен. Осылар үшін дидактикалық
тренажер-ойындарды пайдалану (жас балалар компьютермен жұмыс жасауды
көбінесе ойын ретінде қабылдайды) олардың оқу материалдарын қайталау ісін
компьютерде ынталандыра жүргізу жолымен біраз жылдамдатуға мүмкіндік берді.
Мысалы, Петька атты сұрқоянның басынан кешкендері деген дидиактикалық
ойын тәжірибелері (арифметикалық амалдарға арналған тренажер) балалардың
мысалдарды компьютердегі фондық есептер ретінде шексіз отырып шығаруға
дайын екендігі байқалды және осылай үйрену оқу тиімділігін 3-5 есе
арттырды.
Қосымша сабақтар. Балалардың бұрынғы білім деңгейлерінің әр
түрлілігін әлсіз оқушылар үшін – коррекциялау топтарын құру арқылы,
қалғандары үшін – үйірмелер мен факультативтер сияқты қосымша сабақтар
ұйымдастыра отырып, олардың деңгейлерін біркелкілендіріп реттеуге
болатынына көз жеткіздік. Шетел тәжірибелері көрсеткендей коррекция
есептерінің бірсыпырасын компьютер арқылы шығару өте нәтижелі идея деген.
Компьютер көрнекілігінің жоғары деңгейі, оқушылардың оның алдындағы шексіз
шыдамдылығы және компьютер жансыздығы өте өзімшіл балалардың да
компьютер көмегін үнсіз қабылдайтынын байқадық. Мұндағы пайдалы әсер
коэффиценті өте жоғары, бірақ оның бірсыпыра қиындықтары да бар, олар: а)
балалардың танымдық қасиетін басқаруға бағытталған, жақсы коррекция
жасайтын программалар алу қиындығы; ә) мұғалімнің мұндай сабақтарды
ұйымдастыруға, өткізуге көп уақыт жұмсайтыны және ондай сабақтарға төлемақы
қарастырылмағандығы.
Оқыту. Компьютерді жаңа сабақ өту кезінде де тиімді қолдануға болады.
Мысалы, біздің зерттеулеріміз а) теориялық материалдарды бірнеше бөлікке
бөліп, оларды есте сақтау үшін бірнеше тапсырма орындалатын программаланған
оқыту процесі жүргізілсе; ә ) бір компьютерге балаларды бірін-бірі
үйретулері үшін өз таңдаулары бойынша екеуден отырғызса; б) оқытуға
арналған есеп дұрыс құрастырылып, оның нәтижесін бақылау да объективті
түрде жүргізілсе, жаңа материалдарды игеруге кететін уақыт 40-50 %-ға
артатынын көрсетті.
Егер компьютер сабақты жүйелі түрде өткізудің басты компоненті бола
алатын болса, онда жоғарыда айтылғандарға төмендегілердей тағы да бірнеше
технологиялар қосылады4.
Компьютерлік модельдермен жұмыс істеу.
Модельдермен жұмыс істеу, бір жағынан, балаларға таңдау еркіндігін
(мен былай істесем, не болар екен) беріп, өз жаңалығын ашу жағдайын
модельдеуге мүмкіндік беретін оқу ісінің зерттеу компоненті болады, екінші
жағынан, оқушыларға өз теориялық білімдерін практикада қолдану мүмкіндігін
береді. Модельді пайдаланудағы орындалуға тиіс ең басты шарт – ол құралдың
оқыту есептеріне сәйкес келуі.
Компьютерлік технологиялардың құрал ретінде пайдаланылуы. Қазіргі
таңда компьютерде осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Оқыту
жүйесіндегі көптеген есептер оларды қолмен есептеу (қуатты калькулятор
тәрізді) арқылы шығаруға бағытталған. Оларды шығару үшін компьютерді
пайдалануға болады, бірақ ол онша қажет те емес. Тек ақпараттық
коммуникациялық технологиясыз (компьютерсіз) ешқандай жұмыс атқаруға
болмайтын жерлерді атап өткіміз келеді. Мысалы, ондай бағыт Миасс қаласының
№18 мектебінде табылды деуге болады: онда орыс тілі мұғалімі стилистикадан
факультатив жүргізеді. Факультативте кәдімгі мәтіндік редактор қолданылады.
Ол кез келген мәтінді жылдам өзгертіп жазып бере алады. Компьютерді
пайдаланбай, мұндай сабақты жүргізу мүмкін емес5 (мәтінді қайтадан қолмен
бірнеше рет жазып көріңіз).
Компьютерді ақпарат дайындауға пайдалану. Мұндай бағыт жоғары оқу
орындарында нақты бір салаға арналған керекті мәліметті тауып алу үшін
қолданылады. Бұл тәсіл институт кітапханасында жоқ, ең керекті, әрі жаңа
ақпарат алу үшін уақыт үнемдеу мүмкіндігін береді. Бірақ осы бағытта
студенттердің өзіндік жұмысын орындауда басқаша құру мәселелері де
туындайды. Мысалы, реферат жазу жұмысы өзінің қажет емес екендігін дәлелдеп
береді. Интернеттегі мүмкін болатын барлық тақырыптарға арналған
рефераттардың болуы олардың керектісін көшіріп алып, өз фамилияңды жазып,
алғашқы бетті өзгертіп мұғалімге тапсыра салуға әкеліп тірелген жоқ па?!
Жобалар технологиясы. Бұл бағыт ақпараттық технологияларда және басқа
салаларда да топтап оқыту кезінде қолданылады. Мұнда компьютер әрі құрал
ретінде, әрі байланыс элементі ретінде де пайдаланылады.
Дистанциялық оқыту – ақпаратттық коммуникациялық технологиялық
құралдар (компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедиа құралдары) және
ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу (күндіз, сырттай, экстернат)
формасы. Бүгінгі таңда осы технология өте кең тараған, ол сырттай оқу
жүйесіне балама (альтернатива), нақтырақ айтқанда, қосымша роль атқарып
келеді. Дистанциялық оқытудың артықшылықтары: а) компьютерлік
телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыларға жылдам жеткізеді;
ә)телеконференциялар арқылы нақты уақыт режимінде студенттердің мұғаліммен
сұқбаттасуын ұйымдастыра алатын виртуальды класс жасау мүмкіндігі туды;
б)ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық қуатын оқытуға да, әрі
оқушылармен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады. Бұл технологияның
біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әзір ертерек, өйткені толыққанды
дистанциялық оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де
жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне,
байланыс арналарының да сапасы жоғары болуы керек, бізде ол жағы әзірге
әлсіздеу. Дегенмен осы оқыту түрінің элементтері көбейіп, оны жақтаушылар
саны күннен күнге көбеюде. Бұл технологияны жүзеге асырушылар білім
сапасына байланысты оның көптеген проблемалары бар екендігін айтуда.
Қай бағытта жүруге болады: оқытудың жаңа технологияларын жасау. Мұнда
екі жолды көрсетуге болады. Алғашқы тәсіл оқу процесінің ажырамас бөлігі
болып табылатын жаңа ақпараттық технологиялар (келтірілген мысалда -
компьютерлік модельдер) құралдарын кеңінен пайдалануды ұсынады. Осы тәсілде
екі түрлі сабақ өткізу қарастырылған: жай сабақ (мұғалім, оқушылар, тақта,
бор, презентация құралдары), және алдыңғы сабақтар нәтижесі бойынша
жүргізілген лабораториялық практикум. Бұл тәсілдің сөзсіз артықшылығы болып
оқушылар жұмысының зерттеу және шығармашылық компоненттеріне баса көңіл
бөлуі саналады. Осының нәтижесінде, біріншіден, алынған білімнің практикада
(мектеп сабақтарында бұған сирек мүмкіндік беріледі) қолданылуы қамтамасыз
етіледі, екіншіден, ол оқушылардың зерделік дамуына бағытталған түрде
жүргізіледі.
Осы тәсілдің кемшілігіне мыналар жатады: а) арнайы кәсіби ұжымдардың
осындай кешендерді ғылыми тұрғыдан қарастырып жасау қажеттілігі (мұндай
кешен мектеп қабырғасында жасала қояр ма екен); б)олардың техникалық және
программалық жабдықтамалардың болуына аса тәуелділігі (оқыту бағасы тез
көтеріліп кетеді); в) осындай кешендердің таралу механизмдерінің болмауы
(қаржының аз болуына байланысты, осындай жасалған әзірлемелер туралы жедел
мәлімет алуға болмайтындығына орай сатып алусату бірсыпыра қиындықтар
туғызады); г) толықтыру, өзгерту жүргізу қиын (бірдеңені өзгерту өте
күрделі іс немесе мүмкін емес, авторлармен тұрақты байланыс керек).
Екінші тәсіл (оның мысалы ретінде автор ұсынған тұтынушыларға
арналған информатиканы айтуға болады) АКТ-ны білім беру технологиясы мен
толық игер моделі (Б.Блум, т.б.) жүйесінде пайдаланатын оқу процесіне
көшу болып саналады. Оқу материалдарын фактологиялық және қолданбалы
бөліктерге бөлу, оқытудың модульдік, жекелеп үйрету және дифференциалдау
(деңгейіне қарай білім беру) қағидаларын қатар пайдалану, өзін-өзі және
өзара бірін-бірі оқыту элементтері, пәнді игеруді қамтамасыз етудің
(электрондық оқулықтар фрагменттері, арнайы тестер, компьютерлік есеп
жинақтары, анықтамалықтар, демонстрациялық файлдар, т.б.) ажырамас бөлігі
ретінде АКТ-ны пайдалану – оқыту және жетілдіру мақсаттарына тиімді түрде
қол жеткізуге болатын білім жүйесін құруға мүмкіндік береді. Мұндай
тәсілдің артықшылығына мыналарды жатқызуға болады: а)оқытудың жоғары
нәтижелілігі; ә) әртүрлі білім мекемелері үшін осы жүйенің икемділігі мен
бейімделгіштігі; б) жүйенің жеңіл өзгертілуі мен толықтырылуы (тестер
толықтырылады, файлдағы тапсырмалар жеңіл түзетіледі, web-оқулықтар оңай
толықтырылады, өзгертіледі; салыстырмалы шектеулер ретінде тек арнайы
құралдарды ғана айтуға болады); в)қолданудың әмбебептығы (өздігінен жұмыс
істеуді де, әрі оқыту процесін де қамтитын тиімділігі).
Әрине, бұл тәсілдің кемшіліктері де жоқ емес. Оларға: а)мұндай
кешендерді кәсіби ұжымдарды ғылыми түрде жасап шығу керектігі және де оны
кең түрде қарап шығу қажеттілігі; ә) оның техникалық және программалық
құралдардың болуына тәуелділігі; б) осындай кешендердің таралу
механизмдерінің болмауы; в) мұғалімдердің ақпарат беруші рөлінен шығып,
кеңес берушіге айнала алмауы тәрізді жұмыстар жатады.
Қорыта келе, осы мақаланы жазуға авторды итермелеген ойды айтқым
келеді. Көбінесе компьютерлік техниканы алуды армандаушылар мен оны
алушылар (олар бір мекеме болмауы мүмкін) деңгейлеріне қарай техниканы
пайдалануды өздерінің мүмкіндіктері мен білетін жұмыстарына ғана қолданады.
Және де техниканың берілу көлемінің шектеулілігіне байланысты оның басым
бөлігі информатика сабағына тиеді.
Компьютерлік класты басқа пәндерді оқытуға пайдаланатын кездер де
(бірақ ол сирек кездеседі) болып жатады. Ондайда сол пәнді оқытуға
компьютерді қалай пайдалануға болатынын және соған керекті технологияны
іздейтін сәттер туындайды. Көбінесе мұндай мәселе былай шешіледі: осы пәнге
лайық программалар ізделеді де, оның бірен-сараны оқушыларға ұсынылады.
Мұғалімдер мен балаларға компьютерді пайдаланатын сабақтар ұнайды да,
ешқандай қосымша әңгіме тумайды. Осындай көңілді сабақтар саны жыл бойынша
онша көп (пайыздық көлемін айтсақ) болмайды және оның тиімділігі де көп
адамды қызықтыра қоймайды. Осымен іс бітеді.
Әрине, соңғы жағдайда басқаша тәсіл қолданған дұрыс болар еді –
алдымен АКТ-ның бұрын оқытуда тексеруден өткен тиімді жолдарын (олардың
бірсыпырасы жоғарыда айтылды) пайдалану керек, тек содан кейін барып қолдан
келгенше тәжірибе жасауға болады.
Тағы да қосарымыз – мәселені оқыту процесінен гөрі оның нәтижесіне
қарай бұру керек. Негізінде, оқыту нәтижелілігі бірінші кезекте тұрмай, кез-
келген технологияның және жаңа құралдардың артықшылығын дәлелдеу қайырымсыз
және құр босқа істелетін жұмыс болып табылады. Мұндайда жүре келе
идеологиялық тұйыққа тірелеміз, оның мәнісі – жаңа құралдарды қолдану үшін
жаңа құралдар қолданамыз. Осының нәтижесінде мұғалім оқу процесінде АКТ-ны
кеңінен қолдануды көрсетеді және айтып береді, бірақ оның нәтижесін
сұрасақ, Балаларға ұнайды деген жауап дайын тұрады. Бұдан шығатын жол
түсінікті, әрі анықталды деп айтуға болады, ол: оқытудың нәтижелерін
объективті түрде бақылайтын құралдар болуы тиіс және олар ішкі (мұғалім
құралы) әрі сыртқы сипатта (тексеру тәсілі) қолданылуы керек.
Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясын информатика пәнін
оқытуда қолданудың дидактикалық ерекшеліктері.

1.3 Информатика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологиялар

Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу
әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім
алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала
береді. Білімнің адамның жұмысқа тұру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін
әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге
қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен
оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды
табысты пайдаланып, заң және экономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі
мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім
қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.
Функциональдық дайындау тұжырымдасынан жеке тұлғаны дамыту
тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана
емес, мұнда мамандарды мемлекеттік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке
тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа
тұжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, оны іс
жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат
алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мұғалімдердің өздерінің әртүрлі
жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау
арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды
фактор болып оқушылардың қазіргі және болашақта қолданылатын информациялық
коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз
ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға
икемділігін қалыптастыру ісі саналады.
Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы. Ересектердің білім алуы.
Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам
жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр түрлі
қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің жаңаруының жылдам
үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті жоғары оқу орнына алған
білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды.
Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы, оның іс жүзінде пайдалануға ұмтылу
қоғамдағы ересек адамдардың білім алу мәселесін қиындатып жіберді. Ересек
жандардың білім алуына деген көзқарас және оның қазіргі замандағы рөлі
түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап
өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы
ретінде қарастырылып отыр.
Білімді тауарға айналдыру.
Білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру. Білімді негізгі
қоғамдық капиталға айналдыру және білім алуға байланысты табыстың өсуі осы
тауарды пайдаланатын адамның, жалпы қоғамның және нақты бір мекеменің пайда
табуына байланысты болып отыр. Осыдан барып білім беру саласын аралас түрде
қаржыландыруға, осы саладағы нарықтық қатынастарды дамытуға негіз болатын
мүмкіндіктер пайда бола бастайды.
Мектептегі информациялық технологиялар және информация курстарын
бағдарламалау тілдерінің элементтері бар компьютер туралы алғашқы білім
түрлері ретінде қарастыру – кейіннен зиян тигізетін өте қарапайым көзқарас
Компьютерлік ғылымдар пәндерін инженерлік білім негіздерсіз (жоғары оқу
орындарына емес) нашар техникалық жабдықталған ортада үстірт оқып үйренуге
талпыну – мектеп түлегінің көзі алдында АКТ мүмкіндіктерінің рөлін төмен
түсіру деген сөз. Балалардың мұндайда компьютерге байланысты теріс
көзқарасы қалыптасып, кейіннен оларды көптеген қиындықтарға душар етуі
мүмкін.
Орта мектеп өмірге білікті программалаушылар беру тиісті емес ( оларды
университеттер дайындауы керек), оның атқаратын қызметі де ондай емес.
Балаларды оларға қызықты, әрі өмірде керек болатын нәрселерге үйрету қажет.
Оның үстіне дәл осы сәттегі мәселелер жалпы жеке адамның жан-жақты және
гармониялық түрде дамуымен қайшы келмеуі тиіс. Менделеев атап өткендей
орта білімнің негізгі мақсаты оқушыларды жеке жетілдіру, олардың қоршаған
ортаға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру және жеке қасиеттерін
(байқампаздық, ой таластыра білу, еңбек сүйгіштік және т.б.) дамыту.
Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі,
әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни
АКТ-ның техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу
керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы
рөлін жақсы атқара алады.
Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол
педагогикалық новацияларда есепке алынып отыруы қажет.
Педагогиканың негізгі қозғаушы күші ретінде барлық тәрбиелік әрекеттер
негізгі ынта болып саналатынын айтқан артық болмас. Өндірісте де
ынталандыруға байланысты менеджмент ең бағалы ресурсты – кадпрларды
жетілдірудің негізгі құрамды бөлігі болып табылады емес пе? Балалар да
ересек адамдар тәрізді егер оқу нәтижесі ертеңгі күні пайдалы болатынына
көзі жетсе, оған зор ықыласпен қарап, тез үйренуге тырысады. Егер оқу
процесі дұрыс құрастырылып, компьютер оның жылдам игерілуіне көмектесетін
болса, оқушылар мақсаттарына жылдам қол жеткізе бастайды.
Мектептерде ақпараттық, телекоммуникациялық және программалық
жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни
әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек – олар практикалық
қажеттілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады.
Информациялық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы ақпараттық және
программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнының арзандауына, оған қоса АКТ-
ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен
сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр.
АКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын мәселелерге салқын
қандылықпен қарап, оларды шешу кезінде мектептегі информациялық жүйелердің
мынадай негізгі элементтеріне әсер ететінін айту керек:
• әдістемелік жабдықтау жағына;
• мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға;
• қолданбалы программалық жабдықтамаларға (энциклопедиялар, меди-
ресурстар, модельдеу, әкімшілік-шаруашылық кешенін басқаруға);
• базалық программалық платформаға (Windows операциялық жүйесі +
Office);
• аппараттық кешенге (компьютерлер, жергілікті желі, Интернетке
қосылу).
Қазір бізде Білім берудегі жаңа технологиялар орталықтары көптеп
ашылуда, олардың барлығы да бір мәселені шешуі керек, бірақ олардың бір
стратегиялық желісі, даму жолдарының басыңқы бағытын (приоритетін)
анықтайтын бағдарламалары жоқ. Олардың әрқайсысы тек өз ісін, өз бағытын
дұрыс деп есептейді. Мақсаттары бір, шығындары үлкен, ал алға жылжып
жатқандары шамалы. Нәтижесінде “Аққу, шортан һәм шаян ” мысалындағыдай
әрқайсысы әр жаққа тартады.
Интеллектуальды ұлттық қорларды дамытудың басыңқы бағыттарына
бағытталған бағдарламалар мен білім технологияларын жетілдіру – саяси
маңызды стратегия.
Мұндай процестің маңыздылығы Экономикалық ынтымақтасу және жетілдіру
ұйымына кіретін көптеген елдердің осындай жоспарларды тиянақты түрде
құрастыруынан көрінеді. Мысал ретінде “The National Crid for Learning”
(Ұлыбритания) және “Schulen und Netz” (Германия) жоспарларын көрсетуге
болады, осындай жоспарларды АҚШ, Қытай, Индия, Индонезия, Оңтүстік Корея,
Тайлан мемлекеттері де жүзеге асыруда. 2000ж. аяғында АҚШ Білім министрлігі
жасап шыққан Білім технологияларының ұлттық приоритет ретінде қарастырылуы
тиіс. Олар білім беру процесінің шет жағында қалмай, оның негізгі ядросы
болып қалыптасуы керек.
Жаңа жоспар негізінде электрондық оқыту (e-Learning) тұжырымдамасы
жатыр, оның стратегиялық рөлі бұған дейін кең тараған электрондық бизнес
ұғымынан гөрі маңызды болып саналады.
Осындай жағдайда біз не істеуіміз керек? Біздің білімге деген
көзқарасымызды қайта қарайтын кез келді. Алдыңғы қатардағы дамыған елдердің
білім саласындағы АКТ-ны өмірге енгізу тәжірибесін қалтықсыз көшіруге
болмайды.
Біздегі бір қиындық – халқымыздың 40 пайызы ауылдық жерлерде
орналасқан және ауылдағы 1500-дей ірі елді мекендер телефонмен қамтылған.
Сонымен ауылдағы оқу процесіне АКТ-ны жалпы қолданысқа енгізу мәселесі
қалаға қарағанда өте күрделі іс болып табылады.
Мұндай мысалдар көптеп кездеседі, бірақ бұл білім саласын
ақпараттандыру қашықтағы болашақтың ісі деген сөз емес. Оған бір мысал –
ауылдық мектепте АКТ – ны қолданудағы біздің тәжірибеміз. Бұл жұмысымыз
ары қарай жалғастырылып жатыр, бірақ істелген шаруаның өзі кейбір қала
мектептерінде әлі жасала қойған жоқ десе де болады. Алматы облысы Райымбек
ауданындағы мектептерінің бірінде 32 компьютерді біріктіретін жергілікті
желі жасалып шықты. Көптеген пәндерге арналған сыныптарға – информатика
сыныбына (12 компьютер), физика (1+5 компьютер), электрондық оқу залына
(1+5 компьютер), мектеп әкімшілігіне (2 компьютер) арналған компьютерлер
қойылды. Электрондық оқу залы 42 электрондық оқулықтарынан тұратын
медиатекамен жабдықталды. Барлық сыныптар үшін информатика пәнін өткізуге
арналған қазақ тіліне арналған оқулықтар мен оқу құралдары бар кітапхана
толығынан жасақталды.
Қазір біздің жобамыздың екінші кезеңі басталып, осы мектеп Халықаралық
ақпараттандыру академиясымен (ХАА) келісім шартқа отырды. Шарт бойынша
білім саласындағы АКТ аймағында барлық мұғалімдерге арналған курстар
өткізілетін болды. Оған Республикалық білім беру ғылыми - әдістемелер
ақпараттандыру орталығы да (РБАО) араласып, оқыту мақсатында теледидарды
қолдана отырып, электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі мен қашықтан
оқытуды ұйымдастыру бойынша тренинг жүргізілетін болды.
Әрине, мектептің компьютерлік базасы ара қарай толықтырылады,
жетілдіріледі, бірақ соған қарамастан, қолдағы бар құралдарды толық
пайдаланып, солардың мүмкіндіктерін барынша қолдануға тырысу қажет.
Болашақта Ұлттық агроуниверситетпен жұмыс істейтін ауыл жастарына арналған
қашықтан оқыту курстарын өткізу жөніндекелісімшарт жасау көзделіп отыр,
олар фермерлік, бухгалтерлік, экономикалық және т.б. салаларды қамтуы тиіс.
Қорыта келе айтарымыз – оқу процесінде АКТ – ны қолданысқа енгізу
техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып
саналады, Бүгінде мектептің де, жоғары оқу орнының да мұғалімдеріне
компьютерсіз жұмыс істеуге болмайтынын ұғынатын кез келді, компьютер оларға
өз кәсіби функцияларын жүзеге асыратын құрал ретінде қажет.
Бұл салада проблемалар жеткілікті, бірақ оларды шешетін де
мүмкіндіктер де баршылық. Қай тәсілдің ыңғайлы екенін уақыт көрсетеді, тек
әрекет етпей, күтіп отыру – жалқаулардың ісі. Бұл салада жұмыс істелмесе,
ертеңгі күні жете алмайтындай күйде артта қалып қоюға болады.
АКТ – ны білім жүйесіне енгізуді қолға алған Республикалық
координациялық (үйлесімдік) кеңес ұйымдастыру керек. Ол соңғы кезде көбейіп
бара жатқан сапасыз электрондық оқулықтар шығаруды азайтып, өз ұсыныстары
арқылы оқу орындарындағы істеліп жатқан жұмыстарды дұрыс жолға қоюға
мұрындық болар еді. Жақсы электрондық оқулық – информациялық технологиялар
аймағында білікті мамандар мен педагогтар жұмысының нәтижесі, мұндай
жұмысты техникалық жағынан жүзеге асыру біраз қаржы жұмсауды керек етеді.
Өкінішке орай, сапалы оқулықтар жасау ісін көптеген оқу орындары қажетті
деңгейде атқара алмай келеді.
Осыған байланысты жыпылықтап жанып сөніп тұратын мүмкіндіктер бар,
Flash технологиясы элементтерін аздап пайдаланатын электрондық деген атқа
жанаспаса да, ие болуға тырысатын оқу құралдары саны күн санай көбейіп
барады. Бұл Электрондық оқулық деген үлкен ұғымның мағынасын төмендетуге
әкеліп соқтырмас па екен?
Ақпараттық технологияларды практика жүзінде пайдалану жолында арнайы
білім беру мақсатында жаңа пән – информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде
оқытылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі
информациялық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізі болып табылатын әлемнің
ақпараттық-жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым-
қатынасын қалыптастыру сиақты мәселелермен анықталып келеді. Осыған қоса
қазіргі кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы
(методологиясы) мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік
өзгерістер болып жатыр.
Сондықтан “мектептегі информатиканы оқытудың негізгі міндеті –
ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу
барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін-өзі көрсету, дамыту құралы
ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету
болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық
технологияларды пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемінің информациялық
бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады”.
Оқушылардың білімі тереңдеп, өрістері кеңейген сайын олар одан
кейінгі оқуын жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады.
Бірақ ақпараттық технологиялардың жедел дамуына орай осы пән көлемінің
тұрақты түрде ұлғайып отыруына және оқыту сағаттарының жетіспеуіне
байланысты бұрынғы білім беру аясында шешуге болмайтын мәселелер туындап
келеді. Осы мәселе оқытылатын мәлімет көлемі мен оған бөлінетін сағаттар
арасындағы сәйкессіздікке баса назар аударуға негіз болып отыр. Бұл
қайшылықты шешуге болмайтын мүмкіндік беретін бір тәсіл – оқытуға керекті
сағат санын арттырмай-ақ, күннен күнге ұлғайып отырған ақпарат көлемін
игеруге мүмкіндік беретін жаңа білім беру технологияларын енгізу болып
табылады.
Сағат саны жетіспей, оқу құралдары да тапшы болып отырған осы кезеңде
білім беру бағдарламасын толық жүзеге асыру үшін мен жаңа оқыту
технологияларына негізделген әдістемелік және дидактикалық материалдар
жасап, соларды пайдаланып келемін. Оқушылардың білім алу процесін
жетілдіріп, оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық тәсілдер
балаларға ақпараттық технолгогиялар жағынан терең білім алуға көмектесіп,
кейіннен жоғары оқу орындарында да табысты түрде оқуға кепілдік береді.
Мұндай технологияларға Жобалар тәсілін, Модульдік оқытуды, бір
мәселеге баса назар аударту (концентрированное обучение) арқылы оқыту,
әркімді деңгейіне қарай жетілдіру (дифференцированное обучение) және жеке
тұлғаға бағытталған оқыту элементтері, ойын программалары мен тест арқылы
тексеру істерін жатқызуға болады. Оқушылардың білімге деген ынтасын арттыра
алатын біріктірілген немесе бинарлықсабақтар жаңа материалдарды тиянақты
ұғып, оларды бекіту жолында жақсы нәтижелер беріп келеді.
Мектеп бағдарламасының әр түрлі бөлімдерін игеруге байланысты мен
бірнеше әдіс-тәсілдерді пайдаланып жүрмін.
Мысалы, бір тақырыпқа баса назар аударту элементін пайдалану арқылы
оқу процесін сағат санын арттырмай-ақ оқытылатын мәліметтің үлкен көлемін
игеретіндей етіп ұйымдастыруға болады, ол үшін материалдарды бір жүйеге
келтіріп, жалпылап жіктеу және құрылымдау тәсілдерін пайдалану керек. Осы
тәсіл оқу процесін жеделдетіп (интенцификациялап), оқушылардың танымдық,
қызығушылық қасиеттерін екпінді түрде дамыта отырып, жеке тұлғаның толық
қалыптасуына- оқытудың жалпы тәсілдері мен түрлерін, яғни дидактикалық
негіздерін түрлендіруге мүмкіндік береді.
Осындай мәселелер бір тақырыпқа баса назар аударту элементін
пайдаланудан басқа модульдік-дифференцирлік, яғни әркімді деңгейіне қарай
жетілдіру, жоба арқылы оқыту жолымен де шешіледі.
Оытудың модульдік жүйесі – оқыту бағдарламасы бірнеше бөліктерге
(модульдерге) бөлінетін технология болып табылады, оны төмендегі схема
бойынша жүргізуге болады.

Модульдік оқыту тәсілінде пәннің барлық материалын қарастырып,
оның теориялық және практикалық тапсырмаларын құрастырып, жеке тақырыптарға
арналған әдістемелік материалдардың бірнеше нұсқаларын жасап шығу керек.
Оқушылардың білім деңгейін және олардың өзіндік тапсырмаларын орындауын
бағалау үшін рейтингілік жүйе элементтерін пайдаланған абзал. Модульдер
санын таңдау үшін бағдарламаны бірнеше жеке тақырыптарға – мәліметтердің
аяқталған толық блогына бөліп шығу керек, олар бір-бірімен сабақтас болып,
өте үлкен немесе өте шағын болмауы тиіс.
Модульдің практикалық бөлігі оқушыларға орындайтын практикалық,
өзіндік және лабораториялық жұмыстар тізімдерін толық қамтуы тиіс.
Практикалық жұмыстар мен жеке тапсырмалар оқушылар модуль тақырыптарын
өткен соң жауап беретін сұрақтармен толықтырылады. Практикалық тапсырмалар
теорияны толық қарастырып, модульдің материалдарн тиянақты түрде меңгеруге
көмектесүі тиіс. Оған қоса модуль оқушылардың сол тақырыптарды игеруін, өз
білім деңгейлерін тексере алатын өзін-өзі бақылау, тексеру жұмысымен
аяқталады. Модульдік жүйені енгізудің нақты нәтижесі ретінде оқушылардың
өзіндік жұмыстарға көптеп көңіл бөле бастағанынан білуге болады. Олардың
материалдарды түсіну деңгейі артып, білімдерінің жүйелене бастағанын
үлгерімдерінің өсуі анық көрсетеді.
Оқытудың модульдік жүйесі әрбір оқушыны керекті материалдармен
қамтамасыз ететін әрбір мұғалімнің өте көп дайындалуын талап етеді, ал бұл
оңай емес.
Оқушылардың білімге деген ынтасын, пәнге деген қызығушылығын
арттыратын, соның салдарынан білім деңгейін де көтеретін тағы бір тәсіл –
жобалар тәсілі болып табылады. Бұл тәсіл соңғы кездерде бүкіл әлемде кең
таралып келеді. Жоба ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны,
белгілі бір бұйымды немесе өнімді жасауды есеп шығаруды, схема құрастыруды
жүзеге асыратын, жұмыс нәтижесі практикалық бір жазба, схема немесе есеп
түрінде көрсетілетін жұмыс болуы керек. Жобалар тәсілі негізінде:
практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын
жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады.
Бұл тәсіл практикалық бір нәтиже беретін іздеу зерттеу, таңдау тәсілдерінің
кең спектін пайдаланып, оған сыртқы факторлардың әсерін қарастыру болып
табылады. Осындай жұмысты орындау барысында балалар алған білімдерін толық
пайдаланып, өздері де жаңа бастама, идея берулері керек. Жобалар тәсілін
сауатты түрде қолдана білу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде
жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізу қажет. Жобалар әр түрлі типте –
зерттеу,шығармашылық жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет
жинақтау, оны талдау, өқңдеу, орналастыру, безендіру) жұмыстар, практикаға
бағытталған істер сияқты болып өқұрастырыла береді. Пәндік-мазмұндық
аймағына байланысты моножобалар (бір пән аясында) немесе пәнаралық жобалар
бола береді. Үйлестіру, қадағалау сипатына қарай тікелей (нақты) немесе
жасырын координациялық жобалар, байланыстарына қарай – ішкі, аймақтық,
халықаралық жобалар болады. Орындаушыларының санына байланысты жеке, жұптық
немесе топтық жобалар да жасала береді. Атқарылу мерзіміне қарай – қысқа
мерзімді, орташа немесе ұзақ мерзімді деп бөлуге, аралас немесе
дистанциялық (қашықтан) халықаралық жобалардеп айтуға да болатындары бар.
Бұлар қазіргі информациялық технологияларды – жергілікті (локальді) және
ауқымды (глобальді) электрондық желілерді, мультимедиялық оқыту құралдарын
пайдалануға, тұрмыста компьютерлерді кең қолдануға байланысты туындап отыр.
Көптеген мектептерде дистанциялық алыстан оқыту ісінің дамуына
байланысты қашықтан білім беру жобалары, олимпиадалар, конкурстар жүргізу
етек ала бастады. Дистанциялық оқыту формалары оқушылардың бір-бірімен
қатынасу, араласуына (коммуникация) байланысты психологиялық проблемаларды
шешіп, оларға бұрынғыдан гөрі ашығырақ болуға көмектесіп отыр. Өз ойларын
жүзеге асыру жолында ақпарат алмасу арқылы жұмыс жасау оқушыларға бір-
біріменараласудың , ауызба-ауыз сөйлесудің орнын толтырады. Дицтанциялық
қызмет көрсету істерінің ашық түрде ашық түрде атқарылуы оқушылардың дүние
танымын планеталық деңгейге дейін көтерді деуге болады. Барлық елдердің
және континенттердің жақын екндігін сезіну – Интернет желісіндегі
электрондық пошта мен web-жүйелерін пайдалана бастаған әрбір оқушының жаңа
көңіл күйлерінің ең алғашқы белгісі екендігіне дау жоқ.
Жаңа оқыту технологияларын пайдалану аясында информатика пәнін
оқытуды жетілдіру, яғни әрбір оқушының өз ерекшеліктеріне, ынтасына,
мүмкіндіктеріне орай білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйесін жасауға
ұмтылу ең басты мақсат. Осы міндеттерді атқару үшін жоғарыда айтылғандай,
оқушының жеке білім алуға талпынуын, ұжымдық қасиеттерін де жетілдіретін,
өзінің білім алу жолын өзі басқаратындай деңгейге жеткізетін бірнеше
педагогикалық технологиялар пайдаланылып отыр.
Керекті технологиялар мен әдістемелер оқушының дайындығына, жасына
және қарастырылатын пән бағдарламасының бөліміне қарай таңдалып алынады.
Мысалы, Жобалар тәсілі PowerPoint, FrontPage, Access және Word офистік
программаларын оқып үйрену кезінде тамаша нәтижелер береді.
Информатиканы дербес компьютерде жұмыс істемей игеру мүмкін емес.
Оқушылардың компьютерде өзіндік тапсырмаларды орындап, жеке жұмыс істеуі
тиімді түрде өтуі үшін әр түрлі деңгейдегі тапсырма кәртішкелері мен үйрету
кәртішкелерінің көлемді базасы болу керек. Осы кәртішкелік базаларды
тұрақты түрде пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін, өзін-өзі
бақылауын арттырып, практикалық жұмыстарының да санын көбейтуге мүкіндік
береді. Ол оқушылардың білімі сапасын жетілдіру негізі деуге болады.
Сабақтарда тестік тапсырмаларды пайдалану да жақсы нәтиже беріп
келеді. Тестерді тұрақты пайдалану мен информатикалық диктанттар өткізу
білімді жүйелі түрге келтіру, осының салдарынан білім сапсын жақсартуға
мүкіндік береді. Автор әр түрлі тақырыптар бойынша көптеген тестер жасап
шығарды.
Мысалы программалау тілін оқытуда сабақ алдында минитест жасап, ары
қарай соның қателерін талқылап отырамыз. Тестер қағазда немесе электрондық
түрде беріледі. Өтілген материалдарды бекіту үшін минитестерден бөлек
кроссвордтар пайдаланылады. Кроссвордтар – негізгі ұғымдарды, ережелерді
есте сақтауға, ал минитестер – оқушылардың алған білімдерін жүйелі түрге
келтіру мен оларды тереңдету мақсатында қолданылады. Соңғы бақылау кезінде
электрондық тест өткізу жақсы нәтижелер береді, оқушыларға екі немесе одан
да көп командалар қатынасатын ойын тестері қатты ұнайды.
Жеке адамға және топтарға да бағытталған тәсілдерді (жоба немесе
шығармашылық тапсырма), екі бала істейтін, консультантпен бірігіп атқаратын
жұмыс түрлерін сабақта жиі пайдаланған дұрыс. Тапсырмаларды тексеру кезінде
кәдімгі тексеруден басқа өзін-өзі бақылау, бірін-бірі тексеру істеріне көп
көңіл бөлінеді.
Жергілікті желіге қосылан компьютер класында Интернетті, электрондық
энциклопедияларды және анықтамаларды екпінді түрде пайдалану керек. Мұндай
жұмыс белгілі бір дағдылар қалыптастырудан басқа балалардың мәліметті
жылдам іздеп тауып, оны өңдеуін жетілдіріп, олардың шығармашылық
белсенділігін арттырады.
Мысалы, “Word процессоры. Web-парақтар жасау” тақырыбы бойынша соңғы
сабақта балалар өз жеріне, республикасына арналған минижобалар (Менің
Қазақстаным, Алматы менің туған қалам, Қазақстан табиғаты, Қазақстанның
жануарлар әлемі, Алматы маңы, Іле Алатауы) жасады. Осы сабақтың жоспарын
“Мектептегі Интернет” әдістемелік құралынан көруге болады. Мұндай сабақтар
ақпараттық технологиялардан алған дағдыларын бекітумен бірге оқушылардың өз
еліне, туған жеріне деген патриоттық сезімдерді тәрбиелеуге көмектеседі.
Информатика – оқушы қолына ақпаратты өңдеу, сақтау және тасымалдау
құралын беретін пән болып табылады. Мектеп қабырғасында оқытылатын
информациялық технологиялар интерактивті байланыс пен компьютерлік
технолгиялар құралдары арқылы топтық немесе халықаралық жобаларға қатынасу
мүмкіндігін береді.
Соңғы жылдары әрбір алматылық оқушы қолдана алатын Интернет әр түрлі
дистанциялық жобаларға қатынасуға мүмкіндік береді. 1997 жылдан бастап
оқушылармен бірге әр түрлі дистанциялық жобалар жасап, білім саласындағы
халықаралық І* EARN желісінде жұмыс істеп келеміз. І* EARN – жастар мен
олардың мұғалімдері бізді қоршаған орта жайлы әр түрлі тақырыптар бойынша
бір-бірімен араласып, пікір алысатын ерекше болып табылады.
Оқушылар осындай жұмысқа араласу барысында дистанциялық жобалар мен
олимпиадаларға қатынасушылар бір-бірімен мәлімет алмасуға, қатынасуға,
информацияларды компьютерде өңдеу істеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
Мектептегі информатика пәнін саралап оқыту әдістері
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Әдістеме және оқыту технологиясы
Жекелеме пәндерді оқытудағы ақпараттық технологиялар
«Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу негізінде орта мектепте информатиканы саралап оқытуды ғылыми негіздеу
Ақпараттық оқыту ортасы
Пәндер