Қабілет туралы шет ел және отандық ғалымдардың теориялық көзқарастары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 . 4

І. Теориялық бөлім.
Қабілет туралы шет ел және отандық ғалымдардың теориялық көзқарастары

1. 1. Қабілет ұғымының тарихына тарихи шолу ... ... ... ... ... ..5 . 17
1. 2. Қабілеттің пен нышанның жеке тұлғада көрініс беруін
психологиялық тұрғыда дәлелдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18 . 32
1. 3. Жалпы қабілетті тәрбиелеу мен жеке тұлғада
қалыптастыру жолын көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33 . 40

ІІ. Эксперименттік зерттеу бөлімі.

2. 1. Эксперименттік зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы ... ... .41
2. 2. Зерттеу әдістемесінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42 . 48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ..50 . 51
Тақырыптың өзектілігі: Қабілет – адамның өз бейімділігі, әр істі істеу арқылы дағдыға айналып, қалыптасатын қасиет. Әр адам өзінің не нәрсеге қабілеті бар екенін біліп, аңғара бермейді.
Қабілет тақырыбы өзекті мәселе, ол туралы әйгілі ғұлама Жүсіпбек Аймауытов былай деп айтқан: «Өзін - өзі танымаған - өзгені тануға шорқақ» деп, айтқаны өте дұрыс. Өйткені шындығында, өзінің не нәрсеге қабілетті екенін өзі білмесе, өзгелер қалай білсін?! Бірақ, қазіргі кезде адам не нәрсеге қабілетті екенін зерттеп білу үшін, арнайы тест сұрақтары, әр түрлі тренинктер өте көп. Адам өзін тану, өз жолын табу өте қиын. Бұл әсіресе, жастар арасында басымырақ. Олар тәжірибесіз, олардың көңілі, ойы құбылмалы, тоқтамалы, сондықтан өзін сынай алмайды. Өмір жолдарыәрқилы. Олар тоқсан жолдың торабында. Қай жолға түсерін білмей дағдарады. Егер жазатайым болып теріс жолға түсіп кетсе, өмір бойы өкініші ойынан кетпейді.
Әрбір өнер белгілі мінсіз қасиетін тілейді. Ондай қасиет болмаса, қызымет жемісті болмайды. Белгілі бір өнерге арналып, нышан арқылы беріліп, қоғам өмірінен көргендіктен адамда ондай қасиет анық байқалады. Біреудің басынан кешкен халін ұға білу, өзін өзгенің орнына қоя білу. Басқалардың кейпіне түсу. Оның үстіне артист немесе биші т.б. болуға өткір сезім, қоғам қажеттілігі, күшті қиял, жаттау қабілеті, ұстамдылық қасиеттер керек. Саудагер болу үшін, ол адамның бойында мынадай қабілеттер болу керек: епті, айлакер, пысық, епшіл, тапқыр, жылмаңдық қабілеттер керек. Өткір сезім, күшті қиял саудагерге керек емес. Егер саудагер – көрсе қызар, шыдамсыз, күйгелек болса, саудасынан ұтылады, ұрынады.
Әскер қызметіндегілер немесе әскер қызметін сүйетіндердің бойында мынадай қабілет – қасиеттер болу керек: ерліктік, тәуекелшілдік қасиет, тез байыптағыштық, көнбістік қабілеттер мен қасиеттер болу керек.
Жақсы оқытушы болу үшін, ол адамның бойынан мынадай қабілеттер көріну керек: ілтипаты тұрақты, кең, мінезі ауыр, жатық бойына берік, ұстамды, білімді, жауапкершілігі мол болу керек. Шәкірттерінің қылт еткен қылығын байқап, жауабына әзір тұру керек.
Жұмыстың мақсаты: Тұлғада жалпы қабілеттің көрініс беруін психологиялық жағынан зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Жалпы қабілетті зерттеген ғалымдар еңбегіне шолу.
2. Қабілеттің психологиялық ерекшелігін теориялық тұрғыдан дәлелдеу.
3. Қабілеттің көрініс беру жолдарын эксперименталды түрде анықтау.
4. Эксперименталды материялдардарға қорытынды жасау.
Зерттеу объектісі: Жоғарғы сынып оқушыларын жан – жақты қабілетті болуына нұсқа-кеңестер құру үрдісі.
Зерттеу пәні: Жалпы қабілетті эксперименттік зерттеу.
Жалпы болжамы: Жоғары сынып оқушыларындағы жалпы қабілетті
1. М.Г.Ярошевский «История психологии» Издательство «Мысль» Москва – 1976. 141 – 142 беттер.
2. Сәбет Бап – Баба «Жалпы психология» оқулық. Алматы «Дарын» баспасы - 2003. 250 – 251 беттер.
3. Хабаршы №2 (15) 2005. 50 бет.
4. О.Құсмолданова «Психология ғылымындағы қабілеттің кейбір мәселелері» «Ізденіс» №2, 2001 ж. 185 – 186 беттер.
5. А.Темірбеков, С.Балаубаева «Психология» Алматы «Мектеп» - 1996 ж. 218 – 220 беттер.
6. М.Мұқанов «Қабілеттілік және оны тәрбиелеу» Алматы – 1960. 14 – 35 беттер.
7. В.П.Зинченко «Большой психологический словарь» Москва «Олма – Пресс» - 2003. 527 – 528 беттер.
8. Ә.Алдамұратов «Жалпы психология» Алматы «Білім» баспасы – 1996 ж. 110 – 111 беттер.
9. Ж.И.Намазбаева «Психология» Алматы – 2005. 281 бет.
10. А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский «Психология» 3 – е изд.Москва «Академия» 2002 г. 488 бет.
11. К.С.Жумасова «Психология» Астана «Фолиант» баспасы – 2006 ж. 87 – 88 беттер.
12. В. Пекелис «Адам қабілетінің қайнары» Алматы «Қазақстан» баспасы – 1976 ж. 25 – 27 беттер.
13. М.Өтелбаев «Қабілет қарымы». «Егемен Қазақстан» газеті 20 тамыз 2008 жыл.
14. Б.М. Теплов “Психология” орта мектепке арналған оқу –құралы. Алматы 1951ж. 173 – 175 беттер.
15. Жусіпбек Аймауытұлы «Психология» Алматы. Рауан -1995ж. 117 – 118, 254 – 259 беттер.
16. Қ. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы 2002ж. 327 – 331 беттер.
17. С.М.Жақыпов «Жалпы психологияға кіріспе» оқу құралы. Алматы «Қазақ университетеі – 2007ж. 208 – 219 беттер.
18. Мүсілімов Әли «Қабілеттілікті дамытудың психологиялық негіздері». «Қазақстан мектебі» 1-2. 2002ж. 67-70 беттер.
19. Р. С. Немов «Психология» Москва «Просвещение» 1995ж. 72-78 беттер.
20. Платонов К. К. «Проблемы способностей» Москва «Наука» 1972ж. 271-292 беттер.
21. Сатыбалды Жақыпов «Оқыту процесіндегі танымдық іс - әрекет психологиясы» «Алма-Прима» ЖШС -2008. 175-177 беттер.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...3 – 4

І. Теориялық бөлім.
Қабілет туралы шет ел және отандық ғалымдардың теориялық көзқарастары

1. 1. Қабілет ұғымының тарихына тарихи шолу ... ... ... ... ... ..5 – 17
1. 2. Қабілеттің пен нышанның жеке тұлғада көрініс беруін
психологиялық тұрғыда дәлелдеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18 - 32
1. 3. Жалпы қабілетті тәрбиелеу мен жеке тұлғада
қалыптастыру жолын
көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33 – 40

ІІ. Эксперименттік зерттеу бөлімі.

2. 1. Эксперименттік зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы ... ... .41
2. 2. Зерттеу әдістемесінің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42 - 48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...49
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... .50 - 51

2
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қабілет – адамның өз бейімділігі, әр істі істеу
арқылы дағдыға айналып, қалыптасатын қасиет. Әр адам өзінің не нәрсеге
қабілеті бар екенін біліп, аңғара бермейді.
Қабілет тақырыбы өзекті мәселе, ол туралы әйгілі ғұлама Жүсіпбек
Аймауытов былай деп айтқан: Өзін - өзі танымаған - өзгені тануға шорқақ
деп, айтқаны өте дұрыс. Өйткені шындығында, өзінің не нәрсеге қабілетті
екенін өзі білмесе, өзгелер қалай білсін?! Бірақ, қазіргі кезде адам не
нәрсеге қабілетті екенін зерттеп білу үшін, арнайы тест сұрақтары, әр түрлі
тренинктер өте көп. Адам өзін тану, өз жолын табу өте қиын. Бұл әсіресе,
жастар арасында басымырақ. Олар тәжірибесіз, олардың көңілі, ойы құбылмалы,
тоқтамалы, сондықтан өзін сынай алмайды. Өмір жолдарыәрқилы. Олар тоқсан
жолдың торабында. Қай жолға түсерін білмей дағдарады. Егер жазатайым болып
теріс жолға түсіп кетсе, өмір бойы өкініші ойынан кетпейді.
Әрбір өнер белгілі мінсіз қасиетін тілейді. Ондай қасиет
болмаса, қызымет жемісті болмайды. Белгілі бір өнерге арналып, нышан арқылы
беріліп, қоғам өмірінен көргендіктен адамда ондай қасиет анық байқалады.
Біреудің басынан кешкен халін ұға білу, өзін өзгенің орнына қоя білу.
Басқалардың кейпіне түсу. Оның үстіне артист немесе биші т.б. болуға өткір
сезім, қоғам қажеттілігі, күшті қиял, жаттау қабілеті, ұстамдылық қасиеттер
керек. Саудагер болу үшін, ол адамның бойында мынадай қабілеттер болу
керек: епті, айлакер, пысық, епшіл, тапқыр, жылмаңдық қабілеттер керек.
Өткір сезім, күшті қиял саудагерге керек емес. Егер саудагер – көрсе қызар,
шыдамсыз, күйгелек болса, саудасынан ұтылады, ұрынады.
Әскер қызметіндегілер немесе әскер қызметін сүйетіндердің бойында мынадай
қабілет – қасиеттер болу керек: ерліктік, тәуекелшілдік қасиет, тез
байыптағыштық, көнбістік қабілеттер мен қасиеттер болу керек.
Жақсы оқытушы болу үшін, ол адамның бойынан мынадай қабілеттер көріну
керек: ілтипаты тұрақты, кең, мінезі ауыр, жатық бойына берік, ұстамды,
білімді, жауапкершілігі мол болу керек. Шәкірттерінің қылт еткен қылығын
байқап, жауабына әзір тұру керек.
Жұмыстың мақсаты: Тұлғада жалпы қабілеттің көрініс беруін
психологиялық жағынан зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Жалпы қабілетті зерттеген ғалымдар еңбегіне шолу.
2. Қабілеттің психологиялық ерекшелігін теориялық тұрғыдан дәлелдеу.
3. Қабілеттің көрініс беру жолдарын эксперименталды түрде анықтау.
4. Эксперименталды материялдардарға қорытынды жасау.
Зерттеу объектісі: Жоғарғы сынып оқушыларын жан – жақты қабілетті
болуына нұсқа-кеңестер құру үрдісі.
Зерттеу пәні: Жалпы қабілетті эксперименттік зерттеу.
Жалпы болжамы: Жоғары сынып оқушыларындағы жалпы қабілетті
3
дамыту. Қабілетті зерттеу негізінде – FLAG тестін қолдану арқылы жалпы
қабілет көрінеді.

Жеке болжамдар:
1. Жалпы қабілеттің дамуына отбасындағы педагогикалық – психологиялық
ахуал әсер етеді.
2. Қабілеттің жан – жақты дамуына қоғам міндетті түрде әсер етеді.
Қолданылған әдістер:
1. FLAG тестін қолдану арқылы жоғарғы сынып оқушыларының жасырынды
патенциалының өзіндік ерекшелігін анықтау.
2. Адам қабілетінің жан – жақты дамуына септігін тигізетін Виктор
Пекелистің тәжірибе жаттығуы.
Қалыптастырушы әдістер:
1. Виктор Пекелистің ұсынған жаттығулары.
2. Ата – аналармен психологиялық кеңес.
3. Оқушылармен жеке психологиялық кеңес.

4
І. Қабілет туралы шет ел және отандық ғалымдардың теориялық көзқарастары.

1.1. Қабілет тарихына шолу.

Қабілетті зерттеу барысында әр психолог әр түрлі пікірде келе жатыр.
Мысалы айтар болсақ, бір ғалымдар қабілетті тұқым қуалайды десе, ал кейбірі
керісінше, яғни қабілет тұқым қуаламайды дейді. Қабілетті зерттеуге өз
үлестерін қосқан ғалым психологтар өте көп.
Қабілеттің даму тарихы ХІХ ғасырдан басталады. Ең алғашқыда Христиан
Вольф ( 1679 – 1754) Эмпирикалық психология (1732) және Рационалдық
психология (1734) деген еңбектерінің шығуының нәтижесінде дүниені тану мен
арман тақырыптарына тоқталып, әсіресе қабілетке тоқталып алғаш қабілет
жайында еңбек жазған ғалым болып келеді. Ол адамның жан – дүниесін
анатомиялық театрдеп қарастырып, біліктіліктің себебі мен негізін
қарастырып, зерттеді. Х.Вольфтың ұстазы Лейбниц болды. Лейбниц психологияға
психофизикалық паралелогизм ұғымын енгізген.
Шотландияда Шотландиялық мектеп ашылды. Оны ашқан Томас Рид (1710 –
1796). Оның пікірінше, әр адам туғанда, принциппен тумайды. Себебі, жақсы
мен жаманды, күн мен түнді айыра алмай туады деп түсіндіріп, адам мен
табиғатты феномен ретінде қарастырды.
Дұрыс қалыптасқан мағына деген концепцияны мистикалық тұрғыда
жазса, ал Беркли мен Юм дұрыс қалыптасқан мағына деген Томас Ридтің
концепциясын мистикалық тұрғыда қарастырғандықтан, Рид пен Дюгальт Стюарт
(1753 – 1828) Беркли мен Юмды қатты сыңға алады. Бірақ, ХІХ ғасырдың
аяғында Шотландиялық мектеп өз дейгейін жояды. Себебі, мистикалық тенденция
басым болып, АҚШ – тың, Ұлыбританияның сынағына ұшырап, өз басымдылығын
жояды.
Қабілетті зерттеу барысында әр психолог әр түрлі пікірде келе жатыр.
Мысалы айтар болсақ, бір ғалымдар қабілетті тұқым қуалайды десе, ал кейбірі
керісінше, яғни қабілет тұқым қуаламайды дейді. Қабілетті зерттеуге өз
үлестерін қосқан ғалым психологтар өте көп.
Қабілет тұқым қуалайды деген пікірді ұстанатындар: Ф. Гальтон, Т. Фрич
және Гитциг, Ф. Галль, Котс болды. Бұл ғалымдардың пікірі бойынша қабілет –
адамға туа беріледі.Ол ары қарай жалғасып, тұқым қуалайды деген пікірді
алға тартып, дәлелдеу мақсатында Франц Галль Френология деген
психологиялық тағылым шығарады ( френология – phrenos – ақыл, logos –
ілім). Галль арнаулы зерттеулер негізінде әрқайсысы белгілі дара қабілетке
сай келетін бас сүйектің 27 учаскесін анықтап, картаға түсірген. Осы
картадан музыка, поэзия, сурет өнеріне сай қабілет істерін айыруға болады
деген. Яғни адамның бас сүйегінің дөңестігі, немесе сайларымен

5
анықтауға болатынын зерттеген. Бірақ, қазіргі медицина бұл тәжірибені
құптамай, ғылым тұрғысынан ерсі деп, қазір ол тәжірибені істетпейді.
Екінші тұжырым, яғни қабілет тұқым қуаламайды деп қарсы шыққан психологтар
да бар. Ол ғалымдар: К.А. Гальвеций, Т.Вальтер, В.Бобен, У.Эшби бұл
ғалымдардың пікірі бойынша қабілет тұқым қуаламайды. Қабілет жүре пайда
болады дегенді меңзейді.
Ал С.М. Жақыповтың Жалпы психологияға кіріспе деп аталатын еңбегінде
френологияны былай сипаттайды:
Френология деп аталатын Франц Галляның оқу қабілеті мұрагерлік
идеясымен байланысты. Френологтар адамның психикалық өзгешелігі оның бас
сүйегінің сыртқы формасына тәуелділігін бақылауға тырысқан. Негізгі идеясы
бас миының қабығы әрқайсысында адамның белгілі бір қабілеттілігі тоқтаған
бірқатар орталықтардан құралады деп негізделінген. Бұл қабілеттердің даму
дәрежесі тиісті ми бөлігінің шамасына тікелей тәуелділігінде орналасқан.
Алайда өлшеу негізінде әрқайсысы белгілі бір дербес ерекшелікке
лайықталынған бас сүйектің үстіңгі қабаты 27 участокқа бөлінген
френологиялық карта құрылған. Солардың арасында қабілет томпағы музыкаға,
поэзияға, кескіндемеге; дөңестерге атаққұмарлыққа, сараңдыққа, батылдыққа
және т.б. белгіленген. Алайда бұл тәсіл жарамсыз болып қалды. Сансыз көп
ашылған жаңалықтар бас сүйек ми қабығының формасын қайталайтынын көрсетті,
сондықтан адамның ақыл – ой және адамгершілік ерекшелігін бас сүйектің
томпағы және ойпаты бойынша анықтау ғылымға қарсы және тиянақсыз.
Психологиядағы қабілет теориясын зерттеуде қабілеті бар балаларды
тәрбиелеу мен оқыту мәселесімен елімізде өте аз айналысқанын атап өтуге
болады. Басымдылық көрсеткен идеологияға сәйкес қабілетті балаларды жеке
бөлуге болмайды, әр балада кез – келген қажетті қасиеттерді құрып алуға
болады деп есептеледі. Осындай мәселелерден психология саласында біздің
ғылым шет елдерден көп артта қалып қойғаны аңғарылады. Шет ел әдебиетінде
даму үрдісінде қабілеттің даму мәселесі мен тұқым қуалаушылық факторларды
бірнеше теорияларға бөліп қарастырады:
Биологиялық теорияларды жақтаушылар – қабілеттің даму үрдісін
адамдарға ата – енесінен тұқым қуалаушылық арқылы қабілеті дамиды дейді.
Олар қабілеттің дамуына әлеуметтік әсердің болуын жоққа шығарып, тума
қабілеттің болуын жақтайды.
Қабілеттің әлеуметтік негіздерін жақтаушылар – қабілет тұрақты
әлеуметтік ортаның әсерінен дамиды дегенді жақтайды. Тек тәрбиелеу арқылы
кез – келген қабілетті дамытуға болады деп есептейді.
Биоәлеуметтік теорияларды жақтаушылар – қабілетке биологиялық және
әлеуметтік әсерлер әсер етеді. Яғни, биологиялық нышан әсер етеді дегенді
жақтаушылар.
Тұлғаның басқа да индивидуалды – психикалық ерекшеліктері сияқты,
қабілетке адам дайын түрінде қол жеткізбейді. Ол өмір барысында және іс –

6
әрекетте құрылады. Адам өмірге психикалық қасиеттерсіз, тек оған қол
жеткізудің жалпы мүмкіндіктерімен дүниеге келеді. Тек өмірмен, ондағы
активті іс - әрекеттің жүзеге асырылуы арқылы адамның миы индивидуалды
психикалық қасиеттермен ерекшеліктерді таба отырып, қоршаған ортаны
бейнелей бастайды. Осы тұрғыда психологияда қабілет туыла берілмейді деген
түсінік шығады. Осы көзқарасты жақтау адам тұлғасы мен оның қабілетін
ғылыми тұрғыда түсіну үшін қажетті шарт болып табылады.
Егер адамдағы цивилизацияның (қоғам дамуының жоғарғы сатысы) тарихын
бақылайтын болсақ, мына фактқа (ақиқат) көңіл бөлмеу мүмкін емес; бұрын
дарынды адамдар қай жерде кездессе де, олар бүкіл топ болып кездескені
таңқаларлық заңдылық сияқты. Осындай жарқ еткен кезең Ежелгі Афинаның
Алтын ғасыр деп аталатын Перикл ғасырында тіркелген.
Яғни, аты әлемге танылған атақты данышпандар: Скульптор Фидий, философтар
Сократ пен Платон, Анаксагор, Зинон өшпейтін трагедияларды жазған Софокл
сияқты данышпандар бір ғасырда өмір сүріп, бір дастарханнан дәм татқан
адамдар болған. Бұл данышпандар бір ғасырда өмір сүріп, қоғам өміріне өз
үлестерін қосып, өз еңбектерін қалдырған адамдар.
Біздің ойымызша, бұдан шығатын қорытынды, адамдағы қабілет қоғам дамуына,
қажеттігіне орай қалыптасады.
Батыс Германия теоретигі Г.Вальтер өзінің Қабілетті балалардың
мектеп қабырғасында өту жолының әлеуметтік айырмашылықтары дейтін
еңбегінде қабілет – өскен ортаға тәуелді дегенді дәлелдеп, тұқым қуалайды
деген теорияны жоққа шығарады. Ал К.А.Гальвеций тұқым қуалаушылық
идеяларына тікелей қарсы шығып, адамды тәрбие арқылы дарындылыққа жеткізуге
болатындығы туралы ғылыми еңбектерін жариялады.
ХІV – XVI ғасыр аралығында ғылымда Қайта гүлдену дәуірінде ғылымның
сан алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды.
Өйткені тез дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми
білімдерді талап ете бастады. Бұл білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы
жағдай туғызды. Сол кездері жан – жақты қабілетті, аса дарынды адамдар көп
болды. Өйткені бұл қоғамның қажетінен туған құбылыс еді. Ф.Энгельстің
Қайта гүлдену дәуіріне берген сипатында былай дейді: күшті, ой - өрісі,
құштарлығы мен сипаты, сан қырлылығы, ғылымдығы жағынан алыптарды керек
еткен және сондай алыптарды
туғызған заман болды... деп жазды. Мысалы; Леонардо да Винчи ұлы суретші
болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, ұлы математик, механик және инженер
болды. Физиканың сан алуан тарауларында табылған маңызды жаңалықтар соның
арқасы. Альберхт Дюрер суретші, гравер, скульптор, архитектор болды, оның
үстіне өзіндік кейбір идеялары бар фортификация системасын ойлап тапты. Бұл
идеяларды көп заман өткеннен кейін барып, монталамбер және фортификация
жайындағы ең жаңа неміс ілімі көтеріліп кетті. Ф.Энгельс айтып отырған
Қайта гүлдену (қайта өрлеу) ХХ ғасырдың

7
бас кезінде қазақ қоғамында да белең алды. Осы кезде тарихи аренаға жан –
жақты қабілетті адамдар: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов,
Х.Досмұхамбетов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т. б. шыққаны белгілі.
Еңбектің сан алуан түрлерінің ұштасуы адамның дене күшінің де, рухани
күшінің де дамуына себепші болады. Адамның білімі, шеберлігі, іс -
әрекеттің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе мен білім икемі дұрыс
ұштасқанда ғана ғылым, техника, әдебиет пен өнер саласында адамның қабілеті
мен дағдысы, таланты дамып, оның ойдағыдай өрістей
түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады.
Қабілеттің тура жолына түсуге адамды табиғаты тура жетектей бермейді
және адамның жетілуі де дәйім бір бағытпен жүре бермейді. Әр адамның өмір
ағымын зерттесек, түрлі қабілеті түрлі мезгілде өсіп - өнетінін байқаймыз.
Біреу салғаннан кең жолға түсетін болса, енді біреу өмірде өр қызметті бір
ұстайтын болып жаралады.Бір қызметтен екінші қызметке көшіп, қабілетінің әр
тарауын жетілдіруді қалайды, оның мүддесі өзінен - өзі өзгеріп отырады. Ол
өзгеруде ешбір жүйе, тәртіп те болмайды. Мысалы, Толстойдың өмірі бұған
үлгі. Толстой Лев Николаевич өз жолын іздеп,
қызметтің әр тарауын істеп, талабының әр жағын жетілткен. Ол сықылдаған
бозбала да, әскер басы да, диқаншы да, тәрбиеші де, жазушы да, философ та
болған, тағы басқа түрлі өнерді істеген. Жас буынға сондай ірі адамдардың
өмірімен таныс болу өте пайдалы.
Кісінің өзі байқамай жүрген қуатын кейде тұтқиылдан өмір, іс
туғызады. Ірі адамның өмірін оқыған жастар олардан өнеге, тәжірибе алады.
Өмір бойы еңбек еткен адамның қандай кемелдікке жеткенін сол адамдардың
өмірінен көруге болады. Кемелдікке жету үшін ірі адамдарда келешектегі
игілікке зор үміт, өзінің күшіне зор сенім болған. Бір нәрсені іздеп,
зерттеп, соңына түскен адам, егер ынтасы, қабілеті, таланты болса, түптің –
түбінде мақсатына жетпей қоймайды.
Р.Кеттел бойынша, қабілет – мақсатқа жетудегі эффектілік, белгілі бір

істі істей алу мінезінің көрінісі болып табылады. Қабілет – іс - әрекетке
қол жеткізу процесінде яғни, индивиттің әр түрлі жағдайларда қаншалықты
тез, әрі оңай және берік әдістерін ұйғаруы және жүзеге асыруда көрініс
беруі. Ол тұлғаның жалпы бағыттылығына байланысты. Қабілеттегі нақты
психологиялық мінезді зерттеуде мынадай бөліктерге бөлуге болады:
1. Бір немесе бірнеше іс - әрекет түрінің сұранысына жауап беретін
индивиттің жалпы қасиеттерінің көрініс беруі.
2. Берілген іс - әрекеттің кішігірім сұраныстарына жауапты арнайы
қасиеттер жиынтығы.
3. Қабілет – даму дәрежесі мен деңгейі талант пен данышпандық тәрізді
түсініктерді анықтайды.
4. Қабілет құрылымын жеке адам қасиеті ретінде анықтағанда,
генетикалық механизмді әсіресе, психикалық процестер мен оның

8
қасиеттерінің даму динамикасына әсер ететін жүйке процестерінің қасиеттерін
еске алу керек.
5. Қабілет – адамның индивидуалды психологиялық ерекшелігі ретінде,
іс - әрекеттің белгілі бір түрлерінің жабдықталуымен және оның сәтті
орындалуымен анықталады.
Ескеретін жағдай; Қабілет құрылымында орындалатын әрекетке жеке адамның
шығармашылық қатынасы, оқуға және еңбектенуге психологиялық дайындығы, өз
қабілет мүмкіншіліктерін білу, оны бағалаудағы маңызы зор.
Нақты адамды өзгелерден ерекшелендіретін психологиялық
мүмкіншіліктердің негізінде индивидуалды мінездеменің ерекшеліктері бар:
- конституциялық ерекшеліктер;
- мидың нейродинамикалық ерекшелігі;
- мидың үлкен жарты шарларының функционалдық асимметриясы т. б.
Мұндай индивидуалды мінездемелік қабілеттер табиғи нышан ретінде көрініс
береді.
Дарындылық және қабілеттілік ұғымының өзгешелік мәнісі мынада:
бұларда адам қабілеттері сол талаптар тұрғысынан зерттеліп адамдарға
белгілі бір практикалық істі ұсынады. Сол себепті жалпы
дарындылық туралы айту мүмкін емес. Тек дарындылық жөнінде бір нәрсені,
қандай болмасын бір істі айту керек. Онда дарындылық
ұғымының өзінде нақты практикалық іспен өзара байланыс қажеттігі бар,
өйткені бұл ұғым тарихи ерекше қасиетке байланыстырылады. Дарындылықты
биологиялық категория ретінде қарастырсақ, бұл ұғым мән – мағынасынан
айырылады. Дарындылықты түсіну мынаған байланысты: қандайда бір құндылық
белгілері бір істің түрлеріне беріледі
және әр нақты істің ойдағыдай орындалуына байланысты болады. Мынадай
екі ойдың арасында көп айырмашылық бар:
1) дәл сол адам өз дарындылығы арқылы қандайда бір жұмысты өте табысты
орындайтындай мүмкіншілігі бар.
2 ) дарындылық – жұмысты таңдап анықтаудың жалғыз ғана факторы болып
есептеледі.Сондай – ақ ол жұмыстың табысты орындалуын анықтайтын жалғыз
ғана фактор болып табылады. Міне, осындай көзқарасты 1939 жылы қазан айында
психология институтында профессор Борис Михайлович Теплов (1896 – 1965)
дарындылық және қабілеттілік туралы өзінің ғылыми баяндамасында атап
көрсетті. Б.М.Теплов кеңес психологы, отандық дифференциалды психологияның
мектебінің негізін қалаған. И.П.Павловтың жоғарғы нерв әрекеті типтері
туралы ілімін жалғастыра
отырып, адамның индивидуалды психологиялық ерекшеліктерінің физиологиялық
негізін зерттеу бағдарламасын құрды. Б.М.Теплов қабілетті
зерттеуде ерекше рөл атқарады.
Кеңес психологиясының міндеттері мынадан тұрады:
1) Адамдардың жаратылыс күші – табиғаттың сыйы ретінде дарындылықты
анықтау;

9
2)Адамның қоғамдық еңбек қызметі мен танымдық тәжірибе қорытындысын
анықтау;
Қабілеттілік және адамдардың жеке басының дамуы, олардың өзара байланысын
анықтау.
Адам дарындылық ұғымымен істес болғанда табиғи органдардың индивидте бар
болуы, органдар қызметінің дамуына табиғи даярлығы оның тіршілік етуі үшін
қажет. Бірақ, әр түрлі дарындылық мұрагерлік арқылы берілгенде, тарихи
жағынан алғанда ішкі биологиялық себептердің ықпал етуімен өзінен - өзі
пайда болмайды. Атап айтқанда тіршілік ету жолдары барлық жаңа операцияға
(психологиялық) бейімделу барысына, органдардың жұмыс істеуіне байланысты.
Биология ғылымына сүйенсек, орган қызметі үшін тіршілік етеді және тек
қана сол орган дамып жұмыс істейді. Әрине, органсыз ешқандай қызмет болуы
мүмкін емес. Бірақ, органдар қызметсіз тіршілік етуі мүмкін және бұл
ақырында олардың кеміп қалуына әкеледі, сондай – ақ рудиментті органдардың
тіршілік етуі туралы куәландырылған фактілер баршылық. Кейбір жағдайда
органның табиғи даярлығы сол бір мезгілде олардың функционалды әзірлігінің
қимылында
болып табылуы индивидтің тіршілік етуі үшін қажет. Адамның қабілеттілігі
өзіндік функционалды әзірлігінің орындалуы әртүрлі бағыттағы қимылы
мен әрекетіне тікелей байланысты. Өйткені, оның тіршілік етудегі қоғамдық
жолы үшін қажет. Сөйтіп, адам жетістікті – оқу мен тәрбие және еңбекті
тәжірибемен ұштастырғанда алады.
Жеке адамға қабілеттің әсері жайлы С.А.Рубинштейн былай деп
жазған: Жеке адамның психикалық бейнесін зеттеу 3 негізгі сұрақтарды
қамтиды: яғни, біз көбінесе жауап іздеуге тырысатын сұрақтар:
1) адам нені қажет етеді?
2) адамға не ұнамды?
3) адам қандай нәрсеге ұмтылады? деген сияқты сұрақтар жатады. Бұл
сұрақтар адамның бағыттылығын, оның қағидалары мен тенденциясын,
қажеттілігін, қызығушылығы мен идеалын анықтайды. Адам нені қажет етеді
деген сұрақтың соңында ол не істей алады? деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақ
қабілет, адамның дарындылығы туралы мәселені қамтиды. Бірақ, қабілет бұл
ең алдымен тек мүмкіндіктер; оны адамның қалай шындап және қалай
қолданатынын білу үшін, біз оның не екенін, оның жеке даралығында негізгі
ерекшеліктер ретінде не байланысқанын білуіміз керек. Бұл сұрақ адамның
мінез – қылығы туралы жеке адамның бағыттылығы, оның қажеттіліктері,
мотивтері, қызығушылығы бірінші орынға босқа қойылып
отырған жоқ. Өзіміздің ішкі әлеміміздің ерекшеліктері туралы ойлануға біз
ерікті немесе еріксіз түрде өзіміздің қажеттілігіміз, арманымыз,
қабілетіміз және мінезіміз жайында сезінуге талпынамыз. Басқа адамдарға
үңіле отырып, оны түсінуге тырыса отырып, біз мынадай сұрақтар қоямыз:
саған не керек ?, сен не істей аласың?, сен кім боласың? деген
сұрақтар қойылады. Сәбидің психикасының даму тарихын қажеттілік
анализінсіз

10
жүзеге асыра алмаймыз. Адамның қоршаған ортаны қабылдауының таңдамалылығын
біз сондай – ақ қажеттіліктер мен жеке адамның қызығушылықтарымен
байланыстырамыз. Бұдан біз жеке адамның бағыттылығына байланысты екеніміз
анықталады. Дәл айтқанда, не есте сақталады, қалай және қаншалықты ұзақ
сақталады? Мұның өзі қажеттіліктер мен қызығушылықтарға байланысты.
Бағыттылықсыз ойлау әрекеті мен зейін анализін жасау мүмкін емес.
В.В.Богословский айтады: Жеке адамның бағыттылығы – ояту жүйесі, ол
адамның активтілігі мен әрекетінің таңдамалылығын айқындайды. Ойшылдар
ерте заманнан жеке адамның активтілігінің ошағын, адамның өмірінің мәнін
анықтауға ұмтылған. Бір ғалымдар – ләззатқа ұмтылу – адам әрекетінің
негізгі мотивін құрайды деп санаса, басқалары адамның өмірінің мәнін
құрайтын негізгі ояту – адам міндетінің негізін құрайды деп санайды.
Мұндай түсініктер жеке адам бейнесін кері түсінуге әсер етеді. Адамды
материалды да, идеалды да мотивтер оята алады. Әр түрлі адамдар бірдей
немесе ұқсас өмір жағдайларында бола тұра әр түрлі сәттіліктерге қол
жеткізетіндерін біз
түсінуге немесе түсіндіруге талпынғанымызда, біз қабілет түсінігіне бет
бұрамыз. Қандайда бір әрекетті орындаудың сапасы, жетістіктер деңгейі,
оның сәттілігі және бұл әрекеттің орындалу барысы, мұның барлығы
қабілетке тәуелді. Адам дайын қабілетпен туылмайды, тек оның
нышандарына ғана ие болады. Оған ми құрылымының ерекшелігі, сезім және
қимыл органдары қабілеттің дамуына негіз болатын табиғи ойлау
ретінде көрініс береді. Нышан әр түрлі мағынада болады. Бірдей
нышандардың базасында сәйкесінше әрекеттердің талап етуіне байланысты, әр
түрлі қабілеттер туындауы мүмкін. Мәселен, өткір бақылампаздық пен көру
есінің жақсы дамуы суретші, геолог тағы басқалар қабілет құрылымына кіруі
мүмкін. Мұндай сапа басқа да ондаған аудандағы мамандарға да артық
болмайды. Қандайда бір қабілет, оған әлеуметтік қажеттілік туындаған кезде
ғана дамиды. Жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу
орындарында оқып жатқан студенттер мен оқушыларға өшпес үлгі - өнеге
қыларлықтай ерен тұлғалар аса қажет. Аса дарынды тұлғаларға ұқсап, олардың
шығармаларын оқып, сондай дара тұлғаларды дәріптеу, қазақ халқының
патриотизм рухына тәрбиелеу процесінде қабілеттің орны ерекше.
Есімі айдай әлемге мәлім, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, көзі
тірісінде шығыс Аристотелі деп аталған, өзіміздің Отырар қаласынан
шыққан ұлы бабамыз Әбу Насыр әл – Фараби барша әлем жұртымен қатар қазақ
халқының да ұлттық мақтанышы екендігі хақ. Қазіргі өркениетті ел тарихында
грек пен қазақтың аты осы екі ғұламамен әлемге мәшһүр болып тұр.
Қабілеттің дамуының психологиялық жағдайларына талдау жасау негізіне
жататын талаптарды қарастыру – кеңес психологиясының классигі

11
көрнекі ғалым Б.М.Тепловтың айтқан ілімдеріне тоқталуды қажет етеді. Оның
айтуы бойынша дарындылықтың жалпы теориясы ... нақты фактілер мен жеке
заңдылықтарды зерттеу бойынша үлкен жұмыстардың нәтижесінде жасалуы
қажет.
Б.М.Тепловтың ғылыми творчествосын қарастырған В.Д.Небылицын
қабілеттерде және дарындылықта ең алдымен жеке даралық айырмашылықтарға
көңіл бөлу керек деді.
Мінез – құлықтық ерекшеліктер қандайда бір мәнді өлшемде, интелект
типімен байланысты. Интелектуалды әрекет деңгейінің өзі индивидтің
мінезімен байланысты емес.
Осы уақыттарда Р.Кэттел, И.Вебб және басқалар көптеген
экспериментті зерттеулердің негізінде қызығушылықтар, ерік күштеріне
қабілет темпераменттің бірқатар ерекшеліктері сияқты жеке адамның бірнеше
бітістері – қандайда бір деңгейде индивидтің ақыл – ой жетістігінің
деңгейін анықтайды деп көрсетеді. Әдетте, мұны интелекті есебіне тұтастай
жатқызған болатын.
Қарастырылып отырған тенденция – Д.Векслер еңбегінде өте айқын
көрінеді. Көптеген зерттеулер негізінде Д.Векслер жалпы дарындылық бұл –
жеке адамның тұтастай көрінуі және жалпы қабілеттің интелектуалы мен
идентификациясына қарсы тұрады деген қорытындығы келеді.
Қабілеттің дамуына жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктері де әсер
етеді. Жаңа жағдайларға бейімділік және іс - әрекетті орындаудың бір
тәсілінен екінші тәсіліне тез өте алуға дайындығы – динамикалық
стереотиптің қалыптасуы мен қайта жасалуының жылдамдығы мен жеңілдігіне
байланысты.
И.П.Павловтың жүйке жүйесінің типтері мен қасиеттері туралы ілімі жеке
даралық – психологиялық өзгешеліктердің физиологиялық механизмдерін зерттеу
үшін ең маңызды эксперименталды теориялық негізі болып табылады.
Н.И.Чуприкова ақыл – ой дамуын жеделдету – адамның бас миының
онтогенезде дамуын зерттеуді қажет етеді деп көрсетеді. Яғни адамның бас
миының онтогенезде дамуы – функциялаудың диффуздық аз дифференцияциалы
формасына біршама арнайы, дискретті формасына қарай жүреді деп түсіндіреді.

Қабілеттердегі жеке даралық өзгешеліктердің табиғи алғы шарттарын
зерттеудің негізгі мәселесі ретінде ала отырып, тек физиолгиялық
тәжірибелермен ғана шектеліп қала алмадық, қабілеттер аса күрделі іс –
әрекеттің нәтижелік белгілерімен, соның ішінде әлеуметтік белгілермен
түсіндіріледі. Соңғысы, яғни іс - әрекеттің нәтижелілігінің әлеуметтік
белгілері оқытудың әдістерінен, мектептегі және жанұядағы жағдайлардан және
көптеген басқа психологиялық емес және әрі психологиялық факторлардан,
мәселен, мінез – құлық, темперамент бітістері сияқты факторлардан тұрады.

12
Егер қабілетті жеке адамның және индивидтің құрылымдарының бірі
ретінде қарастырса, мұндай жағдайда ең болмағанда зерттеудің үш деңгейі
қажет болады: психофизиологиялық, психологиялық және әлеуметтік –
психологиялық деңгейлер.
Жеке адамдағы ең негізгісі және жалпы бағыттар категориясы –
бағыттылық болып табылады. Қатынастық төрт класы: әлемге, еңбекке, басқа
адамдарға және өзіне деген қатынастар (С.Л.Рубинштейн, Б.М.Теплов) жеке
адамның әлеуметтік және психикалық дамуындағы мәнді сипаттаманы қамтиды.
Бұлар қандайда бір қабілеттің жүзеге асуын бағалау кезіндегі ең негізгі
адамгершіліктің векторы болып табылады. Жеке адамның мәнділігі өздігінен
алынған қасиеттермен емес, шындық істердің арқасында жүзеге
асыратын, сол істі тасымалдайтын қоғамдық тарихи күштің мәнділігімен
анықталады.
С.Л..Рубинштейннің ойы бойынша қабілеттің дамуы спираль бойынша жүзеге
асады: қандайда бір деңгейді көрсететін қабілеттің жүзеге асу
мүмкіншілігі қабілеттің ары қарай едәуір жоғары деңгейде дамуы үшін жаңа
мүмкіншіліктерді ашады. Осылайша, адамның дарындылығы жаңа
мүмкіншіліктердің диапазонымен анықталады, ол өзіндегі бар мүмкіншіліктің
таралуын қамтамасыз етеді.
С.Л.Рубинштейн қабілеттің құрамының, құрылымының анықтамасын жасайды.
Ол қабілет құрылымының негізгі екі компонентін көрсетеді:
1. операциялы - іс - әрекетті жүзеге асыратын әрекет тәсілдері.
2. ядро - анализ және синтез процестерінің сапасы ретінде операцияны
реттеуші психикалық процестер.
Б.Г.Ананьев еңбектерінде қабілет және дарындылық – жеке адамның
мінезімен, темпераментімен, өмірлік бағыттылығымен және жеке даралық
психикалық дамуымен байланысты жеке адамның жалпы құрылымының қандай да бір
бөлігі ретінде қарастырылады.
Н.С.Лейте дарынды балаларды зерттей келе, олар еңбекке тартымдылығымен
өзгешеленетін және еңбектен қанағаттануды сезінетін нағыз кішкентай
еңбекқорлар болып табылады, - деп көрсетеді. Бұл тұжырым маңызды ереже
жасауға итермелейді. Еңбекке бейімділік – дарындылықтың көрінуі ретінде
болады.
Е.М.Соколов қабілеттің дамуындағы жеке тұлғалық қасиеттеріне тоқтала
келе, әдеби әлемдік мәліметтерге сәйкес бақылампаздық, білуге құмарлықтың,
бағдарлық – зерттеушілік және творчестволық белсенділіктің
әртүрлі формаларының қалыптасуының бірқатар жағдайларын анықтайтын
факторлардың бірі ретінде қарастыруға болады, деп көрсетеді.
Е.Н.Задорина музыкалық мектептердегі әртүрлі топтардағы оқушылардың
творчестволық және арнайы дарындылықтардың сәйкестігін көрсету мақсатында
алынған мәліметтер бойынша жеке адамның дамуының әртүрлі типін көрсетеді:

13
1. Басқа қабілеттерді жаныштап, төмендету арқылы арнайы дарындылықтың
жоғарғы деңгейіне жетеді.
2. Жалпы және арнайы дарындылық бірін – бірі толықтырып, дамыта
отырып, дарындылықтың екі түрі де жоғары деңгейге жетеді.
3. Арнайы дарындылық айқұын көрінбесе де, іс - әрекеттің түрлі
салаларында жоғары жетістікке жететін творчестволық дарынды жеке адам типі.

Адамның жалпы қабілеттерінің дамуы – оның есте сақтау, қабылдау,
ойлау, қиялдың танымдық процестерін дамытуымен байланысты.
Ойлау бейнелерінің көмегімен пайда болған шындық туралы мұндай ойлау –
символикалық ойлаудың алғашқы қадамы болып табылады және бұл мектеп
оқушыларына тән.
1934 жылы кеңес психологы Л.С.Выготский таным процестерінің дамуы
сөйлеудің дамуымен тығыз байланысты деп қарастыратын көзқарасты айтып
өткен. Тіл тек мәдени қорды тасымалдау құралы ғана емес, мінез – құлықты
реттеуші де болып табылады, сөз қандайда бір іс - әрекетті
тудырушы немесе жоюшы құрал деп айтты. Ал Жан Пиаже (1966ж.) концепциясы
бойынша когнитивті процестердің дамуы айнала қоршаған
ортадағы өзгеріске адамның бейімделуге үнемі тырысушылығының нәтижесі болып
табылады деді.
Бала ойлауы эгоцентрикалы, дегенмен бұл заттарды манипуляциялауға,
оларды салыстыруға, жіктеуге, олардың көмегімен нақты операцияларды
орындауға түрткі болады. Тек он жасқа қарай бала нақты шындықт объективті
талқылау қабілетін меңгереді.
Адамның танымдық процестерінің жиынтығы – оның интелектісін анықтайды.
Интелект – ақылды әрекет етудің, рационалды ойлаудың және өмір жағдайларын
дұрыс шеше алудың қабілеті деп көрсетеді. Д.Векслер, яғни, интелектіні –
адамның қоршаған ортаға бейімделу қабілеті ретінде қарастырады.
Ч.Спирмен жалпы алғанда, интелектуалды емес факторлардың таным
әрекеттеріне деген әсерін теріске шығармады. Алайда, ол жеке адамның
қызығушылығы, оның табысқа жетуді қалауы т.б. сол сияқты мотивациялық
факторлар жалпы таным әрекетінде қандайда бір жағдайда мәнді бейнеленбейді
деп көрсетіп жеке даралық деңгейді өзгертпейді деп есептейді. Осыларға
ұқсас, ол бірқатар характерологиялық сапалар интелектің өзіне тән
ерекшеліктеріне әсер етеді, оның типін анықтайды деген қорытынды жасайды.
М.А.Матова, З.Г.Гуровская зерттеулері көрсеткендей, 9 – 10 жасар
балалардағы таным қабілеттерінің сипаттамасы вервальды емес функцияның
басым күштілігімен, қабылдау, ес және ойлаудың образдылығы мен
эмоционалдылығымен, сөйлеудің локализациясының оң жарты шарлар типіне тән
етуге қарағанда көру латерализациясының күштілігімен байланысты.

14
С.А.Изюмова мнемикалық (жаттау өнері) қабілеттерді және оның табиғи
алғы шарттарын комплексті зерттеу және оның оқу әрекетіндегі нәтижелігімен
салыстыру мәселесін көрсетті. Еске қатысты құбылыстардың кең ауқымын
қамтитын тестердің көмегімен мнемикалық қабілет негізгі екі түрге бөлінеді:

а) Өте күшті әсерде көрінетін қабілет;
б) Мәліметті өте күшті мағыналық көшіруде көрінетін қабілет;
Біріншісі – көп деңгейде вервальды емес қабілет, екіншісі – вервальды
қабілет. Бірінші типтегі мнемикалық қабілеттер белсенділікпен,
информациялық блокпен тығыз байланысты. Мнемикалық қабілеттің екінші типіне
тән басқа тәуелділіктер, олардың корреляторы реттеуші блокқа жататын жүйке
жүйесінің сезімталдығы мен лабилдігі жатады.
Е.П.Гусеваның зерттеулері көрсеткендей, оқушылармен жүргізілген
зерттеулер білімді меңгеру деңгейінде және үйренудің нәтижесінде көрінетін
жалпы қабілеттің компоненті ретінде естің негізгі мәні туралы айтады.
Мәліметті мағыналы көшірумен байланысты мнемикалық қабілеттер барлық мектеп
пәндерін меңгеруден көрінеді. Сондай – ақ өте күшті әсердекөрінетін
қабілеттерде өте маңызды, әсіресе орыс тілі, химия, география, геометрияны
меңгеруде өте қажет.
Қабілетті зерттеуде балалардың дамуындағы жас ерекшеліктерге көп көңіл
бөлінді. Н.С.Лейтес, жеке балалар жас ерекшеліктеріне тән қабілеттердің
дамуының алғы шарттары – жеке даралық қабілеттердің дамып
өсуінің негізгі, - деп жан – жақты негізделген тезис жасайды [10]. Бұл
ереже Е.П.Гусеваның (1986 ж.) зерттеуіндегі 6 және 14 – 16 жасар балалардың
жас және жеке даралық ерекшеліктерін салыстыруға байланысты жүргізілген
экспериментпен дәлелдене түсті.
Қабілет психологиясы – психология ғылымдарының аса маңызды әрі аз
зерттелген салаларының бірі. Бұл саладағы зерттеулердің тұлғаны оқыту мен
тәрбиелеудің теориясы мен практикасы үшін аса зор маңызы бар. Қазіргі
психологияда тұлға қабілетін зерттеу мен қалыптастыру мәселесі жөнінде әр
түрлі теориялық және әдістік көзқарастар қалыптасқан. Олардың ішінде
әсіресе екеуі аса маңызды. Оның біреуі тұлғаның қабілеті оған жаңа білім
жүйесін неғұрлым табысты меңгеруге, жаңа шығармашылық мақсаттарды іске
асыруға мүмкіндік беретін жеке басының тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы,
оқыту үрдісінің табысты болуының алғышарты деп тұжырымдайды. Әр көзқарастың
өзіне тән теориялық және әдістемелік негіздері бар. Бірінші көзқарас
қабілет негізінде адамдардың бір – бірінен айырмашылығының негізін құрайды
деп санаса, екінші – білім беру мен
тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерінің бала қабілетін қалыптастыру мен
дамытуда ерекше маңызы бар екендігін баса көрсетеді.
Психология ғылымының сан алуан мәселелерінің ішінде ең маңыздыларының
бірі – ол қабілет мәселесі. Ғылыми тұрғыда түсіндірілуі

15
өте қиын осы мәселеге баса назар аударылудың бір себебі – ол бұл мәселенің
тәжірибелік аса зор маңызы барлығынан деп қарау қажет.
Өткен 50 – ші 60 – шы жылдарда Б.Г.Ананьев, А.Г.Ковалев, В.Л.Дранкова,
В.И.Киренко, В.А.Крутецкий т.б. және басқа зерттеушілердің еңбектерінде
қабілет проблемасының ғылыми тұрғыдан түсіндіру мәселесінде аса маңызды
істер жасалды. Бұл ғалымдар қабілет проблемаларын қарастырудың басты жолын
анықтады: ол қабілет мәселесін ең алдымен тұлғаның іс - әрекетімен тығыз
байланыста қарастыру қажет екендігін айтқан. Себебі, адам өзін субъект
есебінде іс - әрекетінде көрсетеді, қабілет деп аталатын оның психикасының
ерекшеліктері іс - әрекет барысында дамиды.
Қуат пен ниет серіктесіп бір жүреді. Бірі болмаса, талап босқа
кетеді. Адамның талабы тез іске асу үшін сыртқы шарттың жағымдылығы бір
керек болса, туыста сүйегіне біткен қасиет екі керек. Кейбірінің қабілеті
нышан арқылы көрініс беріп, туғаннан өнерге қабілетті, енді біреуде қабілет
кеш, жүре пайда болады. Адамның қабілеті, икемділікке жетуі, я болмаса
жетпеуі сыртқы шарттардың әсерінен болады. Адам белгілі нәрсеге қабілетінің
шамасын алдымен жан жүйесінің әдебиетімен танысу қажет. Жан жүйесі адамға
ең жақын, керекті, әркімнің кім екендігі, жан өмірі жайынан әңгіме құрады.
Біз көбінесе өзгелердің мінезін, мінін көргіш келеміз; өз мінімізді өз
қасиетімізді өз міндетімізді көрмейміз, көргіміз келмейді. Біздің сыр –
сипатымызды не нәрсеге бейім екенімізді басқалар байқайды. Асқан ақылды,
дана кісілер өзін сынай алады. Мен, менен, менікінің деген мағынасы
екі деп Абай атамыз айтқандайын, мен деген мағына әр түрлі. Адамда
Меншік мен бар, Мендік мен бар. Әлеуметтік мен бар. Бұдан
түйетініміз, адамда меншік мені болу керек. Мендік мен мен әлеуметтік
менді қоғам өмірінде алады, солар арқылы қабілеттің көрініс беруі
бағаланады, яғни сыналады.
Б.М.Тепловтың пікірі бойынша (көптеген оқулықтарда және сөздіктерге
енгендері бойынша), қабілет – бір немесе бірнеше іс - әрекеттерді нәтижелі
орындауға қатысы бар жеке даралық психологиялық ерекшелік және өзінде бар
дағды, ептілік және білімдерге сәйкестенбестен – ақ бұл білім мен
дағдыларды жеңіл әрі тез меңгерумен түсіндіруге болады деп жазады. Қабілет
бұл дамудың нәтижесі, ал нышан – қабілет дамуының негізінде туа пайда
болған анатомиялық – физиологиялық ерекшелік.
А.В. Петровский қабілеттің тұқым қуалайды деген пікіріне қарсы шығып,
өз дәлелдемесін былай келтіреді: егер бидайды жерге сепсеңіз, ол топырақтың
құрамындағы минералды заттармен толысып, ауа – райы әсер етіп, құнар беріп
өсуіне қошаған орта әсер етеді. Сол сияқты қабілетке де, қоршаған орта әсер
етеді. Қабілет – қоршаған ортаға байланысты дамып, көрініс береді.
Богословский, Степанова және Ковалева бұлар да тұқым қуалайды дегенге
қарсы шығып, өз дәлелдемелерін келтіреді. Қабілет – қоршаған орта

16
мен тәрбиеге байланысты дамиды деген пікірді айтқан ХVIII ғасырда Гелъвеций
болды. Американ ғалымы У.Эшби былай дейді: Қабілет – данышпандыққа ие
болатын нәрсе. Нақтырақ айтқанда, балалық шағында және кейінгі өмірінде
интеллектуалды әрекетіне байланысты қабілеттің құрылуы. Қабілетті адам деп
– мың нәтижесіз істер істеп, соның мың біріншісінде жетістікке жеткен
адамды айтамыз. Қабілетсіз адам деп – бірінші немесе екінші әрекет
нәтижесінде жетістікке жетпесе, ары қарай ол мәселе шешілмейді деп
қызығушылығы жоғалып қалатын адамды айтамыз дейді У.Эшби.
Психологтар Г.С.Костюк, А.Г.Ковалев, В.Н.Мясищев нышандарды тек
анатомиялдық – физиологиялық жағынан қарастырмай, мұны бәрінен бұрын жас
бала іс - әрекетті алғаш меңгере бастаған кезеңде немесе кей жағдайда,
белгілі бір қызметпен жүйелі түрде айналыса қоймаған ересек адамдардан
байқалатын психофизиологиялық қасиеттер деп қарайды.
Қабілетке фаталистік көзқарастардың қателіктері. Фаталистік -
қабілетті туыла дайын түрде қалыптасады деген көзқарасты жақтайтындар
фаталистер деп аталады. Тұлғаның басқа да, индивидуалды психикалық
ерекшеліктері сияқты қабілетке адамдар дайын түрінде қол жеткізбейді. Ол
өмір барысында және іс - әрект нәтижесінде құралады. Тек өмірімен, ондағы
активті іс - әрекеттің жүзеге асырылуы арқылы адамның миы индивидуалды
психикалық қасиеттер мен ерекшеліктерді таба отырып, қоршаған ортаны
бейнелей бастайды. Осы тұрғыда психологияда қабілет туыла берілмейді деген
түсінік шығады. Платон қабілетті туыла беріледі және адам пайдаланатын
барлық білімдер бұл оның есіне қайта жаңғырту арқылы түседі деген пікір
айтты. Туыла берілетін қабілеттер бұл – құдайшылық догматикаға еніп,
көрініс береді. XVІІ ғасырда француз философы Декарт еңбегінде тума
идеялартуралы мәселе қарастырылады.
Осындай қабілеттер адамға туылғаннан дайын беріледі деген қате
пікірлер қазіргі кезде де ата – аналар және педагогтардың арасында кең
тараған. Бұл пікірлер тек психологиялық педагогикалық терориялардың
туындауына ғана емес, психологиялық шала сауаттылықты көрсетеді .

17

1. 2. Қабілет пен нышанның жеке тұлғада көрініс беруін психологиялық
тұрғыда дәлелдеу

Адам – табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл – ой иесі және
қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктеріне орай, адамды ғылымның бірнеше саласы
зерттейді. Мәселен, философия ғылымы адамның дүниетанымдық көзқарасын,
ақыл – ой өрісін, санасын, анатомия мен физиология адамның денесі мен
жүйке жүйесінің құрылысын, қызметін қарастырады. Антропология – адамның
қоғамдағы алатын орнын, табиғаттағы өзге құбылыстармен байланыстылығын
зерттеуді мақсат етеді. Тарих ғылымы адамның қоғам өміріндегі қарым –
қатынасын саралауды, ал педагогика адамға білім беру жүйесін қарастырып,
оның қоғамның белсенді азаматы етіп қалыптастыруды көздейді. Психология
ғылымы болса, адам жан дүниесінің сырын, психикасының даму заңдылықтары
мен жеке қасиеттерінің жетіліп, қалыптасу жолдарын зерттейді.
Табиғаттағы ақыл – ой мен сана иесі – адамның өзіндік сипат белгілері
– оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді
өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым – қатынас жасап,
әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам
хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына
көтеріледі. Өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын
танып білу иесіне (субъектіге) айналады.
Жеке адам – дүниетаным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін
бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсететін, табиғатты өзгертуге ықпал
ете алатын жан. Жеке адамның психологиялық құрылымы мен ерекшеліктері
төрт түрлі жағынан қарастырылады, яғни: 1) Жеке адамның әлеуметтік өміріне
қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмтылу (ынтасы мен талаптануы), мұрат,
дүниетанымдық көзқарас, сенім. Бұл – жеке адамның адамгершілік қасиеттерін
білдіретін сипаттар. 2) Адамның білімдарлығы, дағдылары, бейімділігі.
Мұндай сипаттар адамның даралық қасиетін, өзіндік даму деңгейін, тәлім –
тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді. 3) Жеке адамның дара
психикалық процестрінің тиянақтылығы мен өзіндік ерекшеліктері. Ондай
қасиеттерге: ойлау мен зейін, қабылдау мен ес, сезім күйлері мен ерік,
адам психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады. 4) Жеке адамның
биологиялық тума қасиеттері – нышан, жоғары жүйке қызметі. Бұлар адамның
темпераменті мен жас ерекшеліктеріне сәйкес көрініс береді. Мұндай
қасиеттер машықтану мен жаттығу арқылы қалыптасып, жетіледі.
Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің
иегері ретінде әрбір адам – жеке адам болып есептеледі.
Жеке адам түсінігімен қатар біздің қолданымымызда адам, дара
адам, тұлға терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз
ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты.

18
Тұлға дамуының кезеңдері ( Э.Эриксон бойынша)


Даму кезеңі Дамудың қалыпты желісі Дамудың аномалды желісі
1. Ерте Адамдарғы деген сенім. ӨзараАнасының баласына нашар қарауының
нәрестелік шақ махаббат, үйір болу, ата – нәтижесі ретінде баланың адамдарға
(туылғаннан 1 ана мен баланың бірін – бірісенбеуі, мән бермеушілік,
жасқа дейін) тануы, балалардың немқұрайлық, махаббаттан айыру.
араласудағы және басқа да Баланы ана сүтінен өте ерте және
қажеттіліктерін күрт айыру, баланы эмоционалдық
қанағаттандыру. оқшаулау.
2. Кейінгі Дербестік, өзіне - өзі сену.Өз - өзіне сенбеу, өте ұялшақ
нәрестелік шақ Бала өзін дербес, жеке, болу. Бала өзінің бейімделмегенін
(1 жастан 3 бірақ әлі ата – анасына сезініп, қабілеттеріне
жасқа дейін) тәуелді адам деп санайды. күдіктенеді. Қарапайым қимыл
әрекеттерінің дамуында
кемшіліктерді сезінеді, мысалы,
жүргенде. Оның сөйлеу қабілеті
нашар дамыған, кемшіліктерін
қоршағандар-
дан өте қатты жасыруға тырысады.
3. Ерте балалықҚызығушылық және Пассивтілік және адамдарға мән
шақ (3-5 жас белсенділік. Қоршаған ортаныбермеу. Инициативаның болмауы,
шамасында) қызыға зерттеп, бейнелерді салбыр болу, басқа балалардан
елестету, ересектерге қызғану, ұсыныстардан бас тарту,
еліктеу, түрлі рөлдерге рөлдерге қосылу белгісінің
қосылу. жоқтығы.
4. Орта балалықЕңбекті сүю. Мойнына Өзін - өзі кемсту. Әлсіз дамыған
шақ (5 пен 11 жүктелген парызды сезіну, еңбек ету қимылдары. Күрделі
жас аралығы) табыстарға ұмтылу. Танымдық тапсырманы орындаудан, басқалармен
және коммуникативті білім жарысудан бас тарту.
мен әдеттердің дамуы.
5. Жетілу Өз болашағын анықтау. Рөлдердің шатасуы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы
Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ руханияты, тарих, таным, көркемдік арқауында
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрл
Ж. Аймаутовтың педагогика жөніндегі көзқарасы.
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Ж. Аймауытұлының өмiрi мен шығармашылығы
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың ғылыми-педагогикалық негіздері
. Әл-Фараби жайлы
Пәндер