Мемлекеттік жер кадастры міндеттері мен сипаттамасы және оны жүргізу тәртібі



Мазмұны

Кіріспе

1.Әдебиетке шолу
1.1 Мемлекеттік жер кадастры: өзектілігі, шет елдік тәжірибелері, жағдайы, даму мәселелері
2. Алматы қаласы Алмалы ауданы туралы мәліметтер

3.Табиғи.экологиялық жағдайлардың қысқаша сипаттамасы
3.1 Климаты
3.2 Топырағы
3.2 Жер беті және жер асты сулары
3.4 Өсімдіктері
3.5 Қала жерінің экологиялық сипаттамасы

4. Алматы қаласының жер қоры

5. Мемлекеттік жер кадастры міндеттері мен сипаттамасы және оны жүргізу тәртібі
5.1 Геодезия бөлімі.
5.2 Жер пайдалану мен жеке меншік құқығын (жер учаскелерді) тіркеу және жер есебін жүргізу
5.2.1 Жер учаскелерін тіркеудің мазмұны мен міндеті
5.2.2 Тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алу
5.2.3 Аудан жерінің есебін жүргізу
5.2.4 Аудан жерін пайдалану жайындағы жылдық есеп беру
5.3 Қала кадастрының автоматтандырылған ақпараттар жүйесі

6. Жерді экономикалық бағалау

7. Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігін сақтау шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн. га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғы – шаруашылық аумақ пен 2 табиғы – шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөл (112,2 млн га), шөлейт (37,3 млн га) және дала (62,4 млн га) аумақтарында болып отыр. Барлық жер қоры жеті санатқа бөлінеді, оның ішінде – 34,4 ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, 43,9 мемлекеттік запастағы жерлер, 7,5 елді мекендердің жерлері, 4,1 өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер, 4,0 орман, 1,3 су қорлары, ал ерекше қорғалынатын табиғи аумақтардың жерлері 0,55 пайыз құрайды. Республикада 161 әкімшілік аудан, қалалар мен поселкелердің саны – 302, ал ауылды елді мекендердің саны 7164 құрайды. Бұл көрсеткіштер республика жер қорының иол болуын, ал табиғи шаруашылықты жағдайының бірдей еместігін және әкімшілік бөлімдерінің көптігін көрсетеді
Кеңес үкіметі уақытында барлық республиканың жерлері мемлекеттік меншікке ауысты, азаматтар мен мемлекеттік заңды тұлғалар ғана жерді пайдалануға құқықты болды. 1990 жылдан бастап Қазақстанда жер қатынастарының өзгеруі басталды, Қазақ ССР-нің жаңа жер кодексі енгізілді, “Меншік туралы”, “Қожалық шаруашылығы туралы”, “Қазақ ССР-де жер реформасы туралы” т. б. заңдар қабылданды. Республика конституциясында (1995 ж.) мемлекеттік жер меншігімен қатар жеке меншік енгізілді. “Жер туралы” (2003 ж.) Президент жарлығында мемлекеттік және жерге меншік орнатылуының ережелері мен заңдылықтары бекітілген, жер реформасы мақсаттарын орнатудың заңды жолдары көрсетілген, жер ресурстарын басқарушы органдардың жерді үйлестіру және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі мен ережелері бекітілген.
Республикада жер реформасы даму жағдайында жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің құрылуы өте қажетті. Қазіргі уақытта, барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын орындайтын республикалық жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесіне кіріп отыр. Жерді үйлестіру, мемлекеттік басты жер қатынастарын өзгерту құрал болып саналады, бірақта реформа жағдайында оның функциялары мен жүргізу әдістері өзгерді. Жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің негізі болып мемлекеттік жер кадастры саналады. Мемлекеттік жер кадастры жаңа жағдайда көпфункционалдық, ғылыми-техникалық және ақпараттық жүйе болып қалыптасып келеді. Жер кадастрының ішінде үш блок қалыптасты – құқықтық, қаржылық және көпфункционалдық. Ал көпфункционалдық кадастрдың ішінде атқарушы, орталық негізі болып автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қалыптасты, бұл жүйе республикалық жер туралы ақпараттық банк ролін атқарады.
Қолданылған әдебиеттер

1. «Алматы» энциклопедиясы «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясы, Алматы, 1996ж.
2. Қ Р Ауыл шаруашылығы әрекеті нәтижесінде химиялық ластанған жерлерді анықтауға әдістемелік сілтеулер. Қ Р АШМ, Алматы, 1991
3. Г. В. Новиков, А.Я Дударев. Қазіргі қаладағы қоршаған ортаны санитарлық қорғау. Л. 1978ж.
4. М. Н.Строганова, М.Г. Агаркова. Қала топырағы: зерттеу тәжірбиесі және топтастыру (мысалда Москва қаласының оңтүстік - батыс бөлігі). Топырақтану.1992ж.
5. Ластанған және нашарланған жерлерді анықтауға әдістемелік ұсыныстар. Ресейжерком. АШМ. Р.Ф., Москва, 1995ж.
6. Алматы қаласы жер мониторингісін жүргізу әдістемелік нұсқаулар (уақытша).Алматы қаласы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті, Алматы,2000ж.
7. Г.Е. Ларина, А.И.Обухов. Москва қаласы Ленин ауданындағы көгалдардағы топырақтың ауыр металдармен ластануы. Топырақтану.1996ж.
8. Д. А. Криволуцкий. «Қаладағы және қала маңындағы аумақтардағы биокөрсетулер» М.Ғылымы, 1993ж.
9. Ю.А. Израиль. Табиғи орта жағдайын бақылау және экологиял. М. Гидрометбаспасы, 2 толықтандырылған баспа, 1984ж.
10. Ю.А. Израиль. Мониторинг философиясы. Метериология және гидрология,1990ж.
11. З. Г. Залибеков.Топырақ жамылғысындағы антропогендік әсердің қарқындылығын зерттеу. Топырақтану 1982ж.
12. Л.А.Гришина, Г.Н. Копцик , Л.О. Моргун.Экологиялық мониторинг үшін топырақ зерттеулерін өткізу және ұйымдастыру. Москва университетінің баспасы, 1991ж.
13. Л.А.Гришина және басқалар.Атмосфералық ластанудың топырақтың қасиеттеріне әсері. ММУ баспасы, 1990ж.
14. Г. Л. Булаткин , Р. А. Матвеева. Егін шаруашылығындағы экологиялық қиыншылықтар. Москва, 1980ж.
В.Н. Башкин. Экосистемадағы ластайтын заттардың көбейіп кеткен
15. Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөніндегі нормативтік актілердің жинағы. Астана, 2003ж.
16. Қазақстан Республикасының жер кодексі. Астана 2003ж.
17. Баға көрсеткіші прейскурант цен. Алматы 2003 ж.

Мазмұны

Кіріспе

1.Әдебиетке шолу
1.1 Мемлекеттік жер кадастры: өзектілігі, шет елдік тәжірибелері,
жағдайы, даму мәселелері
2. Алматы қаласы Алмалы ауданы туралы мәліметтер

3.Табиғи-экологиялық жағдайлардың қысқаша сипаттамасы
3.1 Климаты
3.2 Топырағы
3.2 Жер беті және жер асты сулары
3.4 Өсімдіктері
3.5 Қала жерінің экологиялық сипаттамасы

4. Алматы қаласының жер қоры

5. Мемлекеттік жер кадастры міндеттері мен сипаттамасы және оны жүргізу
тәртібі
5.1 Геодезия бөлімі.
5.2 Жер пайдалану мен жеке меншік құқығын (жер учаскелерді) тіркеу және
жер есебін жүргізу
5.2.1 Жер учаскелерін тіркеудің мазмұны мен міндеті
5.2.2 Тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алу
5.2.3 Аудан жерінің есебін жүргізу
5.2.4 Аудан жерін пайдалану жайындағы жылдық есеп беру
5.3 Қала кадастрының автоматтандырылған ақпараттар жүйесі

6. Жерді экономикалық бағалау

7. Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігін сақтау шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі
мемлекеттік жер қоры 272,5 млн. га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс
және 2 қала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республиканың
территориясында 8 табиғы – шаруашылық аумақ пен 2 табиғы – шаруашылық облыс
бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөл (112,2 млн га), шөлейт
(37,3 млн га) және дала (62,4 млн га) аумақтарында болып отыр. Барлық жер
қоры жеті санатқа бөлінеді, оның ішінде – 34,4 ауыл шаруашылық мақсатындағы
жерлер, 43,9 мемлекеттік запастағы жерлер, 7,5 елді мекендердің жерлері,
4,1 өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес
жерлер, 4,0 орман, 1,3 су қорлары, ал ерекше қорғалынатын табиғи
аумақтардың жерлері 0,55 пайыз құрайды. Республикада 161 әкімшілік аудан,
қалалар мен поселкелердің саны – 302, ал ауылды елді мекендердің саны 7164
құрайды. Бұл көрсеткіштер республика жер қорының иол болуын, ал табиғи
шаруашылықты жағдайының бірдей еместігін және әкімшілік бөлімдерінің
көптігін көрсетеді
Кеңес үкіметі уақытында барлық республиканың жерлері мемлекеттік
меншікке ауысты, азаматтар мен мемлекеттік заңды тұлғалар ғана жерді
пайдалануға құқықты болды. 1990 жылдан бастап Қазақстанда жер
қатынастарының өзгеруі басталды, Қазақ ССР-нің жаңа жер кодексі енгізілді,
“Меншік туралы”, “Қожалық шаруашылығы туралы”, “Қазақ ССР-де жер реформасы
туралы” т. б. заңдар қабылданды. Республика конституциясында (1995 ж.)
мемлекеттік жер меншігімен қатар жеке меншік енгізілді. “Жер туралы” (2003
ж.) Президент жарлығында мемлекеттік және жерге меншік орнатылуының
ережелері мен заңдылықтары бекітілген, жер реформасы мақсаттарын орнатудың
заңды жолдары көрсетілген, жер ресурстарын басқарушы органдардың жерді
үйлестіру және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі мен ережелері
бекітілген.
Республикада жер реформасы даму жағдайында жер ресурстарын басқару
жаңа жүйесінің құрылуы өте қажетті. Қазіргі уақытта, барлық мемлекеттік
органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын
орындайтын республикалық жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесіне кіріп
отыр. Жерді үйлестіру, мемлекеттік басты жер қатынастарын өзгерту құрал
болып саналады, бірақта реформа жағдайында оның функциялары мен жүргізу
әдістері өзгерді. Жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің негізі болып
мемлекеттік жер кадастры саналады. Мемлекеттік жер кадастры жаңа жағдайда
көпфункционалдық, ғылыми-техникалық және ақпараттық жүйе болып қалыптасып
келеді. Жер кадастрының ішінде үш блок қалыптасты – құқықтық, қаржылық және
көпфункционалдық. Ал көпфункционалдық кадастрдың ішінде атқарушы, орталық
негізі болып автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қалыптасты, бұл жүйе
республикалық жер туралы ақпараттық банк ролін атқарады.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1 Мемлекеттік жер кадастры: өзектілігі, шет елдік тәжірибелер,
жағдайы, даму мәселелері
Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар нәтижесінде қоғамдық-
экономикалық формацияны өзгерту процесі, жаңа жер құрлысын және оған сәйкес
сәйкес жер қатынастарын қалыптастыру жүріп жатыр. Өркениетті жер
қатынастарын және жылжымайтын мүлікті басқару жүйесін құру – нарықтық
экономиканың басты құралы, барлық өркениетті елдердегі маңызды
проблемалардың бірі. Осы проблеманы шешудің негізі болып, мемлекеттік жер
кадастрын (МЖК) және оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру.
Формацияны ауыстыру жер кадастрының мақсаттық белгілеуін түбірімен
өзгертуге деген объективті қажеттілікті туғызады. Бұл жердің өзінің
өндірістің негізгі шарасы, кеңістіктік базис және маңызды табиғи ресурстық
функцияларын сақтай отырып, жылжымайтын мүлік қызметін атқаратынын
көрсетеді.Осыған байланысты әрбір жер учаскесі заңды түрде жылжымайтын
мүлік дәрежесін алуы және заңгерлік немесе жеке тұлғалардың мүліктері
құрамына кіруі керек. Осымен қатар, жерді пайдалану әдістері де өзгеріп
жатыр – жерді ақылы пайдалану енгізілуге байланысты жердің кадастрлық
бағасын жүргізу негізінде ақылы жер пайдалануға көшу механизмін құру
қажеттілігі туындайды.
Сондықтан, рационалды басқару үшін жердің әрбір компоненті бойынша
келесі түрдегі жер туралы мәліметтерді тіркеуге алу қажет:
• Меншік құқығы, жерді игеру құқығының сенімділігіне кепілдік беретін
жер игеру құқығы, пайдалану құқығы;
• Жерге және меншікке салық жинау кезінде объективтілікті қамтамасыз ету
үшін жердің бағасын белгілеу;
• Ресурстарды тиімді және рационалды пайдалануды қамтамасыз ету үшін
жерді пайдалану тәртібін орнату.
Меншік құқығы, жерді пайдалану құқығы, оның бағасы және пайдалану,
теориялық жағынан бір бірінен тәуелсіз болғанымен, іс жүргізу барысында
өзара тығыз байланысты. Сондықтан, нарықтық экономиканы жүргізу құралы
болып табылатын, жер нарығының дамуына мүмкіндік туғызатын, фискалды
саясаттың орындалуына (салық салу және басқа да жер төлемдері), ипотекалық
кредит беру мәселелерін шешуге, сондай-ақ жер ресурстарын басқаруға
мүмкіндік беретін толыққанды жер кадастры қажет. Бұл – нарықтық қатынастар
жағдайында мемлекеттік жер кадастры жүйесіне, соның ішінде жерді тіркеуге
алуға және оның кадастрлық бағасын анықтауға деген талапты күшейтеді.
Сондықтан, нарықтық экономика жағдайында жерді пайдалану-жаңа жер
құрылыстарына сәйкес және мемлекеттік жер кадастры жер қатынастарының мүлде
жаңа концептуалды негіздерінде құрылуы және жұмыс істеуі қажет.
Республикада әлемдік стандартқа сәйкес келетін ұлттық жер кадастрының және
оның автоматтандырылған жүйесінің құрылуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі
болып қалады. Қазақстан Республикасында біз мемлекеттік жер кадастрының
жаңа жүйесін құруымыз керек, ол үшін біз нарықтық экономикалы елдердің
тәжірибелерін алуымыз керек, олардың соңғы технологияларын және жер
кадастры әдістерін игеру керек, өзіміздің инфрақұрылымымызды, әлеметтік-
экономикалық ерекшеліктерімізді ескере отырып жүйенің моделін құруымыз
қажет.

Шетелдік тәжірибе
Нарықтық экономика дамыған елдерде көпмақсатқа арналған жер кадастры
кең таралған. Оған: заңгерлік (құқықтық) кадастр (жер учаскелерінің меншік
иелерінің тізімі); салықтық (фискальды) кадастр (жер учаскелерінің бағасы
көрсетілген тізім); жер пайдалану кадастры (жер пайдалану тізімі);
көпмақсатты кадастр (жер учаскелерінің түрлі сипаттамаларын қамтитын
тізім).
Мұндай жүйе ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында құрылады:
экономиканың қаржылық секторының (жер нарығы); жер салығы және басқа да
жерге төленетін төлемдер жұмыс істеуі үшін; ауылшаруашылығындағы жер
саясатын және жерді қолдануды жүргізу мақсатында, қалада және ауылдарда
табиғатты қорғау қызметін жүргізуде; басқа да жер учаскелерін игеру,
пайдалану және үлестірумен байланысты қызметтерде пайдалану үшін.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қызметі келесі талаптарға сай
жүргізіледі:
• Мемлекеттің барлық территориясындағы жер кадастрын жүргізу жүйесі мен
технологиясының бірлігі;
• Жер учаскелерінің өзгеріске ұшырайтын сипаттамаларын мемлекеттік жер
кадастрына енгізудің үзіліссіздігі;
• Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерінің ашықтығыы;
• Мемлекеттік жер кадастрының деректерінің басқа жер туралы, онымен
байланысты табиғат ресурстары және жылжымайтын мүлік объектілері
туралы мәліметтер бар мемлекеттік немесе өзге кадастрлар және
реестрлар туралы мәліметтермен салыстыруға болатындағы және бірлігі.

Мемлекеттік кадастрлық есепке мақсаттық тағайындауларына, жердің
меншік түріне тәуелсіз ел территориясында жатқан барлық жер учаскелері
кіреді. Мемлекеттік кадастрдың негізгі құжаттары болып, мемлекеттік
біртұтас жер реестрі, кадастрлық іс және кезекші кадастрлық карталар,
жоспарлар табылады. Мемлекеттік жер кадастры туралы мәліметке мемлекеттік
ақпараттық ресурс кіреді.
Мемлекеттік кадастр - жер учаскелері туралы мәліметтерді жинау,
құжаттандыру, сақтау, өңдеу, есепке алу және сақтау сияқты тізбекті іс-
әрекеттерді қамтитын бірыңғай әдістеме және технологиямен жүргізіледі. Бұл
проблема ГИС – технология негізінде жер кадастрының автоматтандырылған
ақпараттық жүйесі арқылы шешіледі.
Ұйымдастырушылық тұрғысында Мемлекеттік жер кадастры вертикаль және
горизонталь құрылымы бар мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынның
көпдеңгейлі бірыңғай жүйесін береді.
Сондықтан, толыққанды мемлекеттік жер кадастрының моделін мелекеттің
шекарасындағы жердің шаруашылықтық, құқықтық және табиғи ережелері жайлы
мәліметтерді жинау, құжаттандыру, сақтау, өңдеу, есепке алу және сақтауға
бағытталған мемлекеттік шаралардың бірыңғай жүйесі ретінде сипаттауға
болады. Бұл жүйеге жерге деген құқықты - жердің саны мен сапасын,
кадастрлық бағасын оны рационалды қолдану және қорғау, елдің экономикалық
дамуымен басқару, салық салу, құқығын сақтауға кепілдік беру мақсатында
тіркеу кіреді.
Шығыс және батыс Еуропа елдерінің тәжірибесі барлық батыстық кадастрлар
жүйесі және жерді тіркеу ұзақ уақыттар бойы автоматтандырылған әдіспен
емес, қол күшіне сүйенген дәстүрлі жағдайда қалыптасқанын көрсетеді. Осыған
байланысты жер-ақпараттық жүйелер бірнеше түрге бөлінуі мүмкін:
1. Компьютерленген;
2. Компьютерлену процессіндегі аз компьютерленген;
3. “Қол” жүйесі;
Компьютерленген көпмақсатты кадастр – бұл салыстырмалы түрде жаңа
концепция. Ол басқару органдарының, қызығушылық танытқан әртүрлі ұйымдар,
ведомстар, заңды тұлғалар және жеке азаматтарға жер ресурстары және жерге
деген жекеменшік құқықтары туралы ақпараттық, есептеу және аналитикалық
қызмет көрсетуге арналған маңызды инструменттердің бірі.
Әлемде осындай моделді құрудың екі әдісі бар:
Интегралданған кадастрлық жүйелер (комплексті жүйелер); ведомствалық
жүйелер (екілік жүйелер). Бірінші моделге яғни бір базалық кадастрлық жүйе
аумағына оның құқықтық, фискалды және көпмақсатты құраушылары
біріктірілген. Екілік жүйеде пайдалану құқығын тіркеу (меншік шекаралары
және салық мекемелеріне берілетін мәліметтер) жаңартылған кадастрлық жүйеде
бекітіледі, ал меншік құқығы – дәстүрлі нотариалдық жүйе шеңберінде
жүргізіледі, яғни жерді тіркеуге байланысты құқықтық сұрақтар заңгерлер
арқылы шешіледі, ал сәйкес жазбалар жер-есептеу кітаптарына, реестрларға
жазылады. Бұл қызметтердің бірін – бірі қайталауына, артық қаржылық
шығындарға және қажетті жер ресурстарын басқару механизмдерінен де күрделі
механизмнің пайда болуына әкеледі.
Бірінші әдістің болашағы зор. Оның артықшылықтары: жылжымайтын мүлік
және жерді басқару сұрақтарын кешенді түрде шешу мүмкіндіктері;
интегралданған кадастрлық жүйені жазуға кететін шығындарды төмендеру;
бірыңғай базаны құруға рационалды түрде жақындау т. с. с. Батыс Европаның
дамығңан елдерінің бәрі қазір осы әдіске ұмтылады. Ол территориялық
құрылымдардың жер комитеттері (ведомство), техникалық инвентаризация бюросы
(жылжымайтын мүлікті тіркеу органдары), архитектура органдарын біріктіріп,
жер ресурстарын басқаруға жауап беретін бір басқару органын құруды
көздейді. Жер ресурстарын басқару жүйесінің жұмыс істейтін барлық
аспектілері, оның ішінде саясатты құру және ақпараттарды жалпы бақылау осы
орган арқылы жүзеге асады.
Ауыспалы кезеңде пайда болған экономикалық жағдайларда
ведомстволық жүйені құру үрдісі де өміршең болып қалады. Ол барлық ТМД
елдерінде қолданысқа еніп жатыр. Осы бағытта Ресей Федерациясының
тәжірибесін қарастырайық.
Ресей федерациясының мемлекеттік жер кадастры мемлекеттік жылжымайтын
мүлік кадастрының (МЖМК) функционалды жеке бөлігі ретінде қарастырылады.

Ресей федерациясының жұмыс істейтін заңдары МЖМК-ны әрқайсысы өз
мәліметтер қорында жылжымайтын мүлік жөніндегі деректердің жеке топтарын
тіркеп отыратын әртүрлі жүйелердің жиынтығы және оларға сәйкес органдар
ретінде құрады:
• Жылжымайтын мүлік объектілерінің құқықтық сипаттамаларын жылжымайтын
мүлік құқығын тіркеу және келісім-шарт жасау жөніндегі әділет
мекемелері Біртұтас мемлекеттік құқық реестрінде (БМҚР) тіркейді.;
• Ресейдің жер кадастрының федеральды қызмет органдары жерді есепке
алуды жүргізеді және олардың кеңістікті-аудандық, физикалық және
бағалық сипаттамаларын Біртұтас мемлекеттік жер реестрінде (БМЖР)
бекітеді;
• Техникалық инвентаризация органдары (БТИ) – жылжымайтын мүлік
объектілері және ғимараттарды техникалық инвентаризациялау жүргізеді
және олардың техникалық және құндық сипаттамаларын ғимараттар мен
үйлер реестрінде тіркейді.
Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәліметтердің шашыраңқылығы біраз
келеңсіз факторларды тудырады:
1. Жылжымайтын мүлік объектісі жөнінде толық ақпаратты жылдам алу
мүмкіндігінің болмауы.
2. Жылжымайтын мүлік объектісін жинақтау және сақтауға кететін
шығындардың көбеюіне әсер ететін, ақпараттардың қайталануы; осы
мәліметтерге түсінік берудегі қарама-қайшылықтардың кездесуі.
3. Жылжымайтын мүлік объектілерін қалыптастырудағы қиыншылықтар.
Яғни, құқықтарды мемлекеттік тіркеу органдары БМҚР-ны жүргізу үшін
жылжымайтын мүлік объектілерінің өлшемдері мен орналасқан жерлері туралы
мәліметтерді алуы және сақтауы керек; Ресейдің жер кадастрының федеральды
қызмет органдары жер учаскелерінің көлемдері мен шекараларын белгілеу үшін
құқық иелерінен құқықтарын қорғайтын документтерінің көшірмелерін талап
етеді; БТИ органдары ғимаратты есепке алу барысында осы ғимараттың
орналасқан жер учаскесі жайлы және осы ғимараттың иелері жайлы мәліметтерді
есепке алуы қажет.
Осыған байланысты, Мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрын қамтамасыз
ететін үш құрылымның екеуі (БТИ және жер кадастры қызметі) құрылып, жұмыс
істеп жатуына байланысты, Ресей Федерациясында дәл қазір жер кадастрының
бірыңғай құрылымын құруға дайындық жасалып жатыр. Атап айтқанда, Ресей
Федерациясы Үкіметінің жарлығымен 2001 жылдың 11 қаңтарында шығарған үкімі
бойынша, Ресейдің жер кадастрының Федеральдық қызметінің негізгі бір бөлігі
болып, МЖК оның компетенциясы аясында жүргізу, жер учаскелерінде
орналасқан және онымен тығыз байланыстағы жылжымайтын мүлікті мемлекеттік
кадастрлық есепке алу, жер учаскелерін және олар арқылы жасалынатын келісім-
шарттарды мемлекеттік тіркеуге алу, жердің кадастрлық бағасын белгілеу
(оның ішінде салық салу мақсаттары үшін).

Жер кадастрының қазіргі уақыттағы жағдайы
Қазақстан Республикасының “Жер туралы”заңы және заң аясындағы
актілері МЖК – ны Қазақстан Республикасындағы жерлердің табиғи және
шаруашылық жағдайлары туралы мәліметтер жүйесі, жер учаскелерінің
мөлшерлері мен шекаралары, орналасқан жері мен оларды қолдану мақсаттары,
олардың сапалы сипаттамасы және тағы басқа қажетті мәліметтері ретінде
сипаттайды.Осы сипаттамадан шығатыны, Заң бізді МЖК тек “мәліметтер жүйесі”
(құжат) ретінде ғана түсінуге бағыттайды. Алайда онда жүргізілетін тіркеу
блоктарын Қазақстан Республикасының Юстиция министрлігі органдарының
жүргізуіне тапсыратын жердің құқықтық режимі туралы мәліметтер жоқ. Заңда
жер кадастрын мемлекеттік іс-шаралардың жүйесі ретінде сипаттайтын, мақсат-
бағытын көрсететін негізгі критерийлер жоқ.
Заң жер-кадастрлық ақпаратты құру ұйымдармен және арнайы іс-шараларды
жүргізумен байланысты екендігін көрсетеді. Ақпаратты құру жер туралы
кадастрлық мәліметтерді алуға бағытталған және ол арнайы жер-кадастрлық
құжаттардың құрылуымен (сипаттамалық және карталық) аяқталады. Бұдан
шығатын қорытынды, МЖК бір мезгілде іс-шаралар жүйесі (процесс) ретінде де,
құжат ретінде де (құжаттар жүйесі) қарастырылуы керек.
Заң жер-кадастрлық жұмыстар мен жер-кадастрлық ақпараттың көмегімен
атқарылатын жұмыстардың, жер кадастрын жүргізу принциптерінің арасын нақты
бөліп бермейді. Онда тізбектілік, жер кадастрын жүргізудің деңгейлілігі
сақталмайды; жер кадастрының құрамына кіретін жұмыстардың шеңбері, әртүрлі
деңгейлердегі көрсеткіштері анықталмаған; жер кадастрын жүргізу қызметі,
статусы, құқығы және міндеттері т. б. анықталмаған.
Республикада толыққанды МЖК құру-ғылыми әдебиеттерде жарық көрген
оның идеалогиясының, негізгі ережелерінің қалыптасу деңгейінде. Осы
бағыттағы ғылыми-зерттеу және жобалық-ізденіс жұмыстары енді ғана басталды.
Қаржының жетіспеушілігіне байланысты “Мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің
автоматтандырылған жүйесін құру” – мақсатты кешенді бағдарлама іске
аспады.Бағдарламада жер кадастрының нормативті құқықтық базасын құру
бойынша жүргізілетін жұмыстар, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің
жүйелік және техникалық жобаларын және программалық жабдықтар кешенін құру,
ақпараттарды қорғау және жеткізу жүйелерін құру және кадрларды даярлау және
қайта даярлау.
Қазіргі заманға сай базаның болмауына және бағдарламаны іске асыруға
республикада қаржының мүлде бөлінбеуіне қарамастан, Қазақстан
Республикасының жер ресурстарын басқару Агентствосымен – оның құрамындағы
кәсіпорындардың жәрдемімен жер кадастрын жүргізуге байланысты бүтін бір
жүйе құру мақсатында айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатыр. “ГосНПЦзем” РГП
және шаруашылықты жүргізу құқығына ие ішкі кәсіпорыны жер кадастрын қағаз
жүзінде жүргізуді біртұтас технология бойынша, Қазақстан Республикасының
Юстиция министрлігінің жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі комитетінің
тіркеу центрімен, мемлекеттік кіріс министрлігімен, жергілікті басқару
органдарымен келісіп, бірлікте жүргізуде.
Айта кетерлік бір жай, осы стратегиялық бағытты іске асыру
мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметі соңғы жылдары мынадай қаулы
қабылдады: №253 2000 жылдың 16 ақпанында “Қазақстан Республикасында жерге
деген құқықты қамтамасыз ету ” және №1449 2000 жылдың 25 қыркүйегінде
“Қазақстан Республикасында табиғат объектілерінің мемлекеттік кадастрының
бірыңғай жүйесін цифрлық геоақпараттық жүйе негізінде құру”. “Жер туралы”
заңның жаңа басылымында мемлекеттік жер кадастры мемлекеттік монополияға
жатқызылады, ал оны жүргізу, заң бойынша, Қазақстан Республикасының жер
ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің құрамындағы мемлекеттік
кәсіпорындарға тпасырылады.
Осы себептен, қазіргі жұмыс істеп тұрған “ГосНПЦзем” РГП және оның
ішкі кәсіпорындары және кадастрлық бюроны сақтап қала отырып, осылардың
негізінде мемлекеттік жер кадастрын біртұтас технология бойынша жүргізуді
қамтамасыз ететін мемлекеттік құрылымды құру – мемлекеттік саясат болып
табылады.
“ГосНПЦзем” және оның ішкі кәсіпорындары мемлекеттік жер кадастрын
жүргізеді және материалды-техникалық негізді тек мелекеттік бюджет есебінен
ғана емес, негізінен өзінің шаруашылық қызметтері есебінен құрады. Осының
нәтижесінде, соңғы 10 жылда Республикада жер кадастрының негізі құрылды,
оның әлемдік стандартқа сай инфрақұрылымдары мынадай:
• территорияларды жер-кадастрлық зоналау бойынша шекараларды анықтау
және кварталдардың есепке алу кодтарын жасау бойынша жұмыстар;
• жер кадастрлық құжаттардың жаңа үлгісі жасалды;
• жер учаскелерін есепке алу жөніндегі жер-кадастрлық мәліметтер қоры
жоспарлы түрде қалыптасып, толып келеді;
• ГИС-технологиясы негізінде аудандардың жер-кадастрлық картасының және
есептегі кварталдарының технологиясы құрылды, стнадартталды;
• Автоматтандырылған жер кадастрының мәліметтер қорының құрылымына және
жылжымайтын мүлікке деген құқықты тіркеудің автоматтандырылған
жүйесіне арналған талаптар келісілді;
• Жер кадастрын ғылыми-әдістемелік және программалық жабдықтау құрылып
және жетілдіріліп жатыр;
• ГосНПЦзем нің өндірістік бөлімдерін қайта құру, техникалық және
программалық қамтамасыз ету жүргізіліп жатыр;
• Ішкі мемлекеттік кәсіпорындар құрамында ЖК ААЖ – ның облыстық
орталықтары іске қосылып жатыр;
• ЖК ААЖ-нің аудандық филиалдарын, олардың базасында аудандық
орталықтарды құру жұмыстары жүргізіліп жатыр;
• ЖК ААЖ –ның облыстық және аудандық орталықтарында программистерді,
операторларды және басқа да мамандарды даярлау және оқыту қолға
алынды.
Осыған сәйкес, республикада мемлекеттік жер кадастрын және оның
автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әлемдік деңгейде жүргізуге
бағытталған іс-шаралар жедел қарқынмен жүргізіліп жатыр.
Бірақ, мемлекеттік деңгейде шешуді қажет ететін проблемалар да бар.

Мемлекеттік жер кадастрын ұйымдастырудың проблемалары
Қазақстанда жер кадастрын ұйымдастырудың ерекшеліктері
ТМД елдеріндегідей, республикамызда да тәуелсіздік алғанға дейін
негізінен ауылшаруашылығына арналған жерлерді қамтыған және социалистік
жоспарлы экономиканың қажеттіліктерін ақпараттармен қамтамасыз етуді, жер
ресурстарын басқаруды мақсат тұтатын жер кадастры жұмыс істеді.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық бағытының өзгеруіне байланысты
мемлекеттік жер кадастрын құру мәселесі және оның жаңа жер құрылымдарының
және нарықтық экономика жағдайында жерді пайдалану қатынастарының мүлде
өзгеше концептуалды негіздерінде жұмыс істеу қажеттілігі туындады.
Елдің нарықтық экономикаға көшуі жағдайында МЖК қалыптастыру
(жетілдіру) келесі шарттарға сүйенеді:
• Масштабтары орасан зор мемлекеттің меншігіндегі жерді және онымен
тығыз байланыстағы жылжымайтын мүлікті қайта үлестіру;
• Кадастр жердің барлық категорияларын, республиканың әртүрлі
сипатталынатын барлық жер учаскелерін қамтуы керек: шаруашылықтық,
құқықтық, экономикалық, экологиялық және табиғи күйдегі;
• жер және онда орналасқан жылжымайтын мүлік туралы ақпараттардың
қалыптасуына тікелей немесе жанама түрде қатысы бар әртүрлі
ведомостволар арасында жер кадастрына билік жасау, әсер ету сфералары
үшік күрес жүріп жатыр;
• МЖК жүргізуді, мемлекеттегі жер қатынастарын анықтайтын заң-
нормативтік актілердің жетілмегендігі;
• Кадрлардың жетіспеушілігі, мемлекеттің қаржылық қиыншылықтарына
байланысты техникалық тұрғыдағы жетіспеушілік.
Республикадағы жер-ақпараттық жүйенің құрылуы жер реформасымен және жерді
жекешелендірумен байланысты, сондықтан басынан-ақ біз бір ғана мемлекеттік
органға бағынатын, жер туралы ақпараттың бірыңғайланған кешенді жүйесінің
моделін құруға бағытталған ұтымды шешім қабылдауымызға болады.Ондай тәртіп
процестің барлық қатысушыларының арасында барынша тиімді координацияның
болуына, ұлттық мүдденің сақталуына, құжаттардың бірыңғай стандартын
жасауға және қолданушылар арасында ақпараттырмен алмасуға, тұтынушылармен
барынша тиімді қатынас жасауға кепілдік береді. Жер туралы ақпараттарды
басқару үшін Агентствоның ішінде құрамына сәйкес министрліктердің,
ведомостволардың және қолданушы-ұйымдардың өкілдері кіретін координациялық
кеңес құру керек.
Мұндай жүйені енгізу күрделі және бейнетті жұмыс. Ол бір-бірімен
тығыз байланыстағы келесі аспектілердің орындалуын талап етеді: сәйкес заң
жобасын құру, ұйымдастыру құрылымын жетілдіру, қаржылық механизмдер мен
техникалық шешімдерді анықтау, терең зерттеулер жүргізу және мұқият
жоспарлау. Нарықтық экономикалы елдердің тәжірибелері көрсеткендей,
техникалық проблемаларға қарағанда, заң, ұйымдастыру құрылымдары және
қаржыландыруға байланысты сұрақтарды шешу күрделірек.
МЖК жаңа жүйесін құруға ондаған миллион доллар қаражат қажет, ал
ондай жүйені құру және енгізу процесінің өзі 5-10 жылға созылуы мүмкін.
Бірақ ондай қаражат пен уақыт шығыны тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз
ету тұрғысында өзін-өзі ақтайды. Жердің жаңа ақпараттық жүйесін құруды
инфрақұрылымға ұзақ мерзімді мемлекеттік капитал салу ретінде қарастыру
қажет. Ағымды шығындардың орны пайдаланушылар есебінен толтырылуы керек.
Жаңа жүйені құру кезінде баспалдақты әдісті қолдану қажет. Бастапқы
кезеңде регистрлардың мазмұны қолданушылардың ең алғашқы қажеттіліктерін
қанағаттандыратындай мәліметтермен шектелуі керек. Бұл процестің негізгі
элементтері – демакрация, шекараларды түсіру, жер учаскелерін картаға
түсіру және кадастрлық бағасын белгілеу.
1995 жылғы “Жер туралы” заңда заң жүзінде жер кадастрын ұйымдастыру
және жүргізу ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігіне тапсырылған,
ал іс жүзінде кадастр жүргізудің барлық жұмысы ГосНПЦзем –нің өндірістік
бөлімшелерімен атқарылатын. Оларда кадастрлық жұмыстарды істегендері үшін
ақы төленетіндей заңды негіздегі ешқандай құжат та болмаған. Осының
салдарынан кәсіпорын өз уставынан жер кадастрын жүргізуге қатысты
жұмыстарды шығарып тастауға дейін барған.
Қазір, “Жер туралы” жаңа заңның және заң актілерінің қабылдануына
байланысты осы мәселені шешуге мүмкіндік туды. Бірақ, заң жүзінде шешілетін
біраз сұрақтар бар:
• Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге жауапты етіп ГосНПЦзем-ді және
оның ішкі кәсіпорындарын олардың базасында сәйкес кадастрлық
Орталықтар құра отырып тағайындау керек;
• Жерқұрылысы жұмыстарын лицензиялау туралы сұрақтарды қайта қарастыру
керек. Ондай жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру барысында жинақталған
тәжірибе – кері жағдайда бізде жер кадастрын құруда проблемалар
болатынын көрсетеді. Жер кадастрын жүргізуді қамтамасыз ететін
жерқұрылысы жұмыстары бәсекелестік негізге берілмеуі керек, өйткені
онда жер учаскелерін техникалық бұру және графикалық есепті жүргізуді
бақылау бұзылады, жер учаскелерін тіркеу мен бірыңғай мәліметтер қорын
жасау бағдарламасы бұзылады, мұрағат материалдарын сақтау қиындығы
туады. Ол жұмыстар жер құрылысы қызметінің мамандандырылған
кәсіпорындар жүйесі арқылы атқарылуы керек. Сондықтан, жерқұрылысы,
кадастрлық және карта жасау жұмыстарының мазмұны мен құрамы нақты
бөлінуі және мемлекеттік монополияға тиісті кадастрлық жұмыстардың
түрлері анықталуы тиіс;
• Барлық кадастрлық құжаттар мен материалдардың қазіргі заман талабына
сай рәсімделгендігін (көптеген құжаттар автоматтандырылмаған болуы
мүмкін) тексеру керек;
• ГосНПЦзем-нің, оның құрамындағы кәсіпорындардың және аудандық
филиалдардың автоматтандырылған кадастр жүйесін құру бойынша әр
деңгейге беретін нақты тапсырмаларының іс-әрекет жоспарын құру қажет.
Яғни қазірден бастап, әр облыс МЖК ААЖ –ның жалпы жүйесін құру
бағытында жұмыс істеуі керек;
• Жер учаскелерінің шекараларын түсіру кезіндегі жылжымайтын мүліктің
барлық объектілерін түсіру – жер-кадастрлық түсірудің құрастырушысы
болуы қажет және тіркеу жүргізу органдары кадастрлық жоспарларды
пайдаланулары қажет. Тек қана жер учаскелері емес, жылжымайтын
мүліктің барлық объектілерінің орналасуы жайлы мәліметтер қорын құруға
мүмкіндік беретін ондай процедура дамыған елдердің көпшілігінде
пайдаланылады. Біздің қазіргі жағдайымызда жерқұрылысы кәсіпорындары
жер учаскелерінің “жалаңаш” жоспарын береді;
• Тағы бір маңызды проблема – жер кадастрының бірыңғай
автоматтандырылған жүйесін қаржымен қамтамасыз ету. Казіргі уақыттағы
МЖК ААЖ құрудағы артта қалушылық қаражаттың жетіспеушілігінен.
Қаржылық және материалды-техникалық ресурстардың қатаң шектелуі
жағдайында проблеманы шешудің бір жолы – аталған мақсаттарға
инвестициалық жобаларды тарту немесе жеңілдікпен ұзақ мерзімді
кредиттер алу.
Осы бағытта толыққанды іс-әрекет жүргізу үшін Қазақстан
Республикасында кадастрлық жүйенің жұмысының мақсатын, мәселелерін,
мазмұнын және негізгі принциптерін анықтайтын “Мемлекеттік жер кадастры
туралы” заң қажет. Заңды жетілдіру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі
бірқатар нормативті заң актілерін жасауы тиіс, онда кадастрлық жүйенің
дамуы және жұмыс атқаруының ұйымдастырушылық негіздерін нақтылайтын
детальдаушы кадастрлық процедуралар анықталуы тиіс: жер кадастрын жүргізу
тәртібі; жер-кадастрлық процесс; оның деңгейлілігі; жер кадастрына қатысты
жұмыс түрлері; МЖК жүргізу шараларының орындалуына өкілетті орган; негізгі
кадастрлық көрсеткіштер тізімі, ақпаратты пайдаланушылармен байланыс. Бұл
құжаттарда да белгілі бір тәртіп болуы қажет: МЖК-на мәліметтерді жеткізу,
оның ішіне шектелген мүмкіндікке ие құжаттар категориясына жататын
мәліметтер де кіреді; МЖК-на мәліметтерді жеткізгені үшін төленетін қаржыны
пайдалану; МЖК-ның құжаттарын сақтау және сақтандыру т. б.
Қазақстан Республикасы Агенттігі жер учаскелерін мемлекеттік
кадастрлық есепке алуды, бірыңғай мемлекеттік жер реестрін жүргізуді,
кадастрлық құжаттандыруды және МЖК барлық әкімшілік-территориялық
деңгейлерде жүргізуді қамтамасыз ететін әдістемелер және технологиялық
инструктивті материалдар пакетін құруы және бекітуі қажет.

2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ АУДАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

Алматы қаласы Қазақстан республикасының оңтүстік-шығыс аймағында, Іле
Алатауының солтүстік етегінде, теңіз деңгейінен 700-900 м биіктікте,
негізінен Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аралығында орналасқан.
Алматының аймақтары негізінен таулы болып келеді. Қаланың оңтүстігіндегі
Іле Алатауы – Тянь-Шань таулар жүйесінің бір бөлігі.
Алматы – республиканың автомобиль, темір жол және әуе қатынасының аса
ірі торабы. Тұрғындарының саны 1,5 млн. адамнан асады, ауданы 190 км2;
Мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары – Алматы қалалық және аудандық
әкімшіліктер.
      Жыл өткен сайын Алматы – Қазақстан Республикасының "оңтүстік
астанасы" өсіп, дамып келеді. Қала тарихына тоқталатын болсақ, табиғаты
бай, ауа райы жайлы болғандықтан, қазіргі Алматыны адам ерте заманнан бері
мекен еткен. Б. з. б. 7-3 ғасырда Сақ тайпалары қоныстанған. Сақтардан
кейін саяси басшылыққа ие болған Үйсін тайпалары Алматы маңын ұзақ ғасырлар
бойы мекен етіп келді. Орта ғасырда Алматы қазіргі өз атымен белгілі
болған. 15-ғасырдағы соғыс салдарынан қираған қаланың қалдығы қазіргі
Алматының орнында жатыр. В. Д. Городецкийдің зерттеуі бойынша, ол-шағын
қалашық, шахмат тақтасы тәрізді құрылған жобасында төрт бұрышты қоралары
болған. 1854 ж. осы жерге орналасқан Заилийское, кейіннен “Верное” деген
атпен мәлім болған орыс бекінісі 1867 ж. қала дәрежесіне жетіп, көп ұзамай-
ақ Жетісу облысының әкімшілік орталығына айналды. 1867 жылдан Ұлы Октябрь
социалистік революциясына дейін Түркістан генерал-губернаторына қарасты
Алатау округінің орталығы болып, Верный қаласы деп аталды. 1921 жылғы 14
наурыздан бастап Верный өзінің ежелгі атымен Алматы болып аталды. Ал 1921
жылғы шілде айында болған аса күшті тасқын қалаға үлкен материалдық шығын
келтірді. 3 млн. м 3 аймақты қамтыған лайлы тасқын жолындағы үйлер мен
ғимараттардың барлығын шайып кетті де қалаға аса ірі материалдық шығын
келтірді. Қала халқы бар күштерімен қираған тұрғын-жай, ғимараттарды қысқа
мерзімде қалпына келтіруге кірісті.
Қалада құрылыс жұмыстары қызып, дами бастады: жаңа өнеркәсіптер пайда
болып, бұрыннан бар мекемелер кеңейіп, қуаттана бастады. 1924 жылы Алматы
Жетісу губерниясының әкімшілік және мәдени орталығы болып ҚАССР-інің
құрамына енді. Ал 1929 жылғы мамыр айында ҚАССР үкіметі Қызылордадан
Алматыға көшті. Осы кезден бастап өнеркәсіп орындары, мәдени-ағарту
мекемелері көптеп салынды, қала халқының да саны тез өсе бастады.
     Алғашқы бесжылдықта (1928-32) Алматыда 10 ірі кәсіпорын іске қосылды,
оның бірі механикаландырылған аяқ-киім фабрикасы. 50 жж. басында Алматы
республиканың мәдени орталығына айналды. Қалада 64 мектеп және техникумдар,
13 жоғарғы оқу орны, опера және драма театрының филиалы, ТЮЗ, 5 кинотеатр,
киностудия т. с. с. Алматыда машинақұрастыру зауыттары, вагон ремонттайтын
зауыт, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің кәсіпорындары іске қосылды. 50-
жылдардың ортасында қала өнеркәсібінде отандық фирмалар пайда бола бастады
(Ю.А. Гагарин атындағы және 1 Май тігін өнеркәсібі, "Жетысу" аяқ киім
фабрикасы, "Мерей" мебель жасау фабрикасы, "Қызыл-Ту" пластмассалық
бұйымдар шығаратын фабрика). Ондаған жаңа кәсіпорындар іске қосылды.
Техникалық прогресс еңбек өнімділігіне көп жағынан әсер етті, халықтың
материалдық деңгейі жақсарды. Бүгінгі күнгі Алматы – бұл үлкен, қазіргі
заман талабына сай келетін, республиканың саяси, әкімшілік және мәдени
орталығы. Мұнда аса кең жоғарғы, орта және мамандандырылған-техникалық оқу
орындарының желісі бар. Ұлттық ғылым Академиясы орталығы болып табылатын
көптеген ғылыми-зерттеу орталықтары қазіргі ғылымның барлық салалары
бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қалада 1200 км ге дейін созылатын
1200-ге жуық көшелер бар. Алматыға сырттан келген әрбір адам қаланың
қайталанбас көрінісіне, жасыл желегіне, тауларының жоғарылығына,
биіктігіне, түзу де кең көшелеріне және ғимараттарына қызығады. Оның үстіне
қазіргі құрылыстардың жеке-жеке объектілер түрінде емес, бүтін
мөлтекаудандар, тұрғын үй кешендері түрінде салынып жатқаны қалаға ерекше
бір көрік береді.
Табиғаты. Алматы төңірегінде алманың бірнеше түрі, оның ішінде дүнеи
жүзіне әйгілі апорт, алмұрт, шие, қара өрік, жүзім т. б. өседі. Қаланың
оңтүстігінде - әсем де асқақ Алатау. Оның биік шыңы – Талғар (4973 м) Үлкен
Алматы өзеніндегі ГЭС-те тобы мен Алматыға таяу Іле өзенінде салынған ірі
Қапшағай ГЭС-і қаланы электр қуатымен қамтамасыз етеді. Кей жылдары өзен
арнасымен төмен қарай лайлы тасқын ағады. 1887, 1921, 1956, 1963 ж. осындай
тасқындар болды. Іле Алатауы – сеймикалық аудан. Алматыда апатты жер
сілкіну 1887 ж. (10 балл), 1910 ж.(12 балл), болып өтті. 1887 ж. 28
мамырдағы жер сілкіну кезінде кірпіш үйлер тегіс қирады. Тек ағаш үйлер
ғана қирамай қалды. Жер сілкінудің салдарынан 400 млн. м3 тау жыныстары
қопарылып, қала 2,5 млн. сомға жуық зиян шекті. Алматыда жер жылына 200
ретке жуық баяу сілкінеді.

Алматының су тасқындары мен жоғары сейсмикалық белсенді зонада
орналасуына байланысты апаттардан қорғауға арналған құрылыстарды салу
кезінде халықтың қауіпсіздігі проблемалары да ескеріледі. Мұндай
құрылыстарға “Медеу” шатқалында және Үлкен Алматы өзенінің жағасына
салынған селге қарсы плотиналар, тасқынды бұратын дамбылар және жер
сілкінісіне шыдамды ғимараттар жатады. ТМД елдерінің сеймикалық қауіпті
зоналарындағы ең биік ғимараттардың бірі 25-этажды “Қазақстан” қонақ үйі
1979 жылғы 5 баллдық жер сілкінісінде сынақтан өтті. Біраз уақыт бұрын
саяси және әлеуметтік маңызды құжат болып табылатын Алматының 2030 жылға
дейінгі даму бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламада сейсмикалық қауіпсіз
құрылыстар салу мәселесіне баса назар аударылған.

Халық санының өсуіне байланысты транспорттың қажеттілігі артып, 90-
жылдардың басында метро құрылысы басталған болатын. Алайда қала астынан аса
үлкен көлемдегі жер асты суы мен тектоникалық жарылулардың табылуына
байланысты метрополитеннің құрылысы тоқтап қалды да, егемендігіміз
алынғасын қайта қолға алынды.

Алматы қаласы 6 әкімшілік ауданға бөлінеді. Олар:

1. Алмалы 2. Әуезов

3. Түркісиб 4. Жетісу

5. Бостандық 6. Медеу аудандары.

Алмалы ауданы
Алмалы ауданы (бұрынғы Совет ауданы) – оңтүстік астананың орталық
бөлігінде орналасқан аса ірі әкімшілік, өнеркәсіптік-қаржылық және мәдени
орталық. “Ескі орталық” деп саналатын бұл аудан қаланың ең бір шағын, халық
тығыз орналасқан ауданы. Ауданы - 19,4 кв.км. Халқының саны - 184,0 мың
адам. Халықтың тығыздығы – 1 кв. км.-ге 9084 адамнан. Алмалы ауданының
негізгі бөлігіне 1950-1970 жылдары көп қабатты үйлер тұрғызылған, жеке
меншік үйлер жоқтың қасы.
Өнеркәсіптік өндіріс саласы бойынша ауданда 39 ірі кәсіпорын жұмыс
жасайды, олардың қатарында - АК "Казахстан жолдары", ЗАО "Казгитерфрахт",
ОАО "КАТЭП", ОАО "Казвторчермет", ОАО "Искер", ТОО "Латон", ЗАО
"Промтехмонтаж". Ірі кәсіпорындардың ішінде 8-і – тамақ өнеркәсібі, 12 – сі
машина құрастыру және металл өңдеу саласында жұмыс істейді. Орташалары -
35. ОАО "АЗТМ" –алдыңғы қатарлы ауыр машина жасау кәсіпорыны, мұнда
металлургия кәсіпорындары үшін созу станы мен прокат жабдықтарын, көпшілік
қолды бұйым – протативті газ плиткаларын, мұнай өндіру және тау жыныстарын
қазу өнеркәсіптеріне арналған құрылғылар шығарылады. АО "ЫРЫСТЫ - АВРЗ" –
темір жол вагондарын жөндеу және қалпына келтіру ісімен айналысатын аса ірі
зауыт. Өнеркәсіптік өндірістің үлкен бөлігін тамақ өнеркәсіптік
кәсіпорындары құрайды.
Жалпы қаладағы ірі және орта кәсіпорындардың 26,7%-і осы Алмалы
ауданында орналасқан, олардың 20-дан астамы үлкен жетістіктерге жетіп отыр.
Олар: АЗТМ, “Іскер”, “Қыз-Жібек”, “Кока-Кола”, маргарин, ашытқы заводтары,
“Бахус”, “Алматы шайы”, “Теплокоммунэнерго”, “Сайман”, “Оқжетпес”,
“Электротранс-сервис” бірлестіктері, “Поршень”, кермика заводтары,
“Солнечный” сүт заводы және т. б. өндіріс орындары.
     Өнеркәсіптік өндірісте өткен жылдарға қарағанда өсім байқалады.
Өндірістің өсімі 18,5% -ке артты, ал физикалық көлемнің индексі қала
көрсеткішін 4,4%-ке арттырды. Аудан бойынша 2004 жылдың өнімдерінің
(тауарлар мен қызметтер) жалпы көлемі 35 миллиард теңгені құрайды, ал ал
өндірісте 27,6 миллиарда теңге болды.
Бүгінгі күнгі мемлекеттік саясаттың басымдылық көрсетілетін тұстарының
бірі ол - кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту. Нарықтық экономикада бұл-
экономикалық өсудің қарқынын анықтайтын жетекші сектор. Ел президентінің
өткен жылғы қазан айында өткен ХI форумда қойған мәселелері бойынша
Алматыда 2003-2005 жылдарға жасалған шағын кәсіпкерлікті дамыту мен
қолдауға арналған және Алмалы ауданындағы сауда мен қызмет көрсету
салаларына байланысты 2005 жылға жасалған бағдарлама жұмыс істейді.
2004 жылы ауданда 15389 шағын бизнес субъектілері тіркеуден өткен. Әр
ай сайын олардың өндірістік-қаржылық қызметтеріне мониторинг жүргізіліп
отырады. Шағын бизнестен жиналатын салық мөлшері жалпы түсетін салықтың
27%-ін құрайды. Жылдан жылға жұмыстар мен қызмет түрлерінің көлемі өсіп
келеді.
Кәсіпкерлік халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуіне де әсер етеді ,
түрлі кәсіпорындарда жұмыс істейтін халықтың саны – 38 мыңнан астам. 2004
жылы жоспар бойынша 1900 жұмыс орны құрылу керек болса, оның орнына ауданда
2221 жаңа жұмыс орындары ашылды. Олардың басым көпшілігі “Дастархан”
ЖШС, “Силк Вэй” гипермаркетінде және бірнеше жаңа объектілерде.
Аудан территориясында 20 банк орналасқан, олардың ішіндегі аса ірілері
– ҚР Халық банкі, АБ "ЦентрКредитБанк", АБ "Темірбанк", "Каспий банкі".
Ауданда 5 мыңға жуық шағын бизнес субъектілері жұмыс істейді. Алмалы ауданы
қаланың ғылыми орталығы болып саналады, оның территориясында 13 мемлекеттік
және 13 жеке меншік жоғары және ортамамандандырылған оқу орындары
орналасқан. Олардың ішіндегі аса ірілері - С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ
мемелекеттік медицина университеті, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және
коммуникация академиясы, К. Жүргенов атындағы өнер академиясы, Алматы
технология және бизнес институты, Дене шынықтыру институты, Қазақ
мемлекеттік әлем тілдері университеті, Қазақ-Британ техникалық
университеті, Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі.
Ауданда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры,
М. Ауэзов атындағы Қазақ академиялық драма театры, Лермонтов атындағы Орыс
драма театры, Ұйғыр музыкалық комедия театры, Құрманғазы атындағы
мемлекеттік консерватория, . Денсаулық сақтау жүйесі бойынша көз
ауыруларының, кардиологиялық, онкологиялық және радиологиялық ғылыми
зерттеу институттары да орналасқан. Ауданда ең соңғы медициналық
құрылғылармен жабдықталған бірегей мекеме – аймақтық диагностика орталығы
орналасқан.

3 ТАБИҒИ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

3.1 Климаты
Климаттық жағдай – Алматы қаласының экологиялық жағдайын анықтаудың
маңызды бір бөлігі болып табылады. Алматының территориясы қарлы шыңдары бар
биік таудың етегінде орналасуына байланысты климаттық жағдайының
әртүрлілігімен ерекшелінеді. Аймақтың теңіз деңгейінен жоғарылығына
байланыстыклиматтық жағдайлардың ауысуында байқалатын вертикальды табиғы
зона айқын көрінеді. Биіктеген сайын жауын-шашын мөлшері көбейеді,
температуралық режим, ауаның ылғалдылығы ауысады. Қаланың оңтүстік бөлігіне
жауын-шашынның үлкен көлемі, жеткілікті ылғалдылық, жыл мезгілдері бойынша
температуралық режимнің айырмашылықтарының аз болуы. Ал солтүстік бөлігіне
басқаша климаттық көрсеткіштер тән: қысқы және жазғы мезгілдердегі барынша
қатал температуралық режим, жауын-шашынның аз мөлшері және барынша құрғақ
жағдайлар.
Алматының климаты континенттік. Қаңтардың орта температурасы – 8`С,
кей жылдары – 20-дан 25`C –қа дейін төмендейді, шілдеде 22`C, тамызда одан
да жоғары. Жылдық жауын-шашынның орта мөлшері 600 мм-ге жуық; көбінесе
көктемде және жаздың басында түседі. Қыста қар аз жауады, әрі ұзақ
жатпайды. Алматының ашық күндері жиі, желі сирек. Жазы ұзақ (мамырдан
қыркүйекке дейін), көбінесе ыстық әрі құрғақ; қысы қысқа, кейде жылымық;
күзі жылы; көктем ерте шығып, кей жылдары суық қайталайды.
Табиғат зоналарындағы климаттық жағдайлардың айырмашылықтары жайлы
нақты, анық суретті алу үшін әртүрлі биіктікте орналасқан үш метеостанция
бойынша көпжылдық мәліметтер келтіріледі:
• Усть-Горельник (теңіз деңгейінен биіктігі-1943 м)
• Алматы, ГМО (теңіз деңгейінен биіктігі-847 м)
• Алматы (теңіз деңгейінен биіктігі-671 м)
Негізгі климаттық көрсеткіштер бойынша келесі заңдылықтарды байқауға
болады.Температуралық режим бойынша қаланың жоғарғы бөлігіндегі +100 –тан
жоғары температураның қосындысы 13870 ты құрайды, биіктіктің төмендеуіне
байланысты бұл шамалар 32460 және 34110-қа дейін жоғарылайды.
Метеостанцияның мәліметтері бойынша Усть-Горельниктегі ауаның орташа
жылдық температурасы +4,00-ты, Алматыда +7,20, Алматы, ГМО да +8,80
жылылықты құрайды. Ең жылы ай июльдегі температура қаланың жоғарғы
бөлігінде +14,90 , төменгі бөлігінде +22,90, +23,40. Ең суық ай қаңтардағы
температура, сәйкес, -6,30,-6,80,-11,50 аязды болады. Метеостанцияның
мәліметтері бойынша ауаның абсолютті жоғарғы температурасы Усть-Горельникте
+320-ты, Алматыда +420, Алматы, ГМО да +430 -ты құрайды. Сәйкес абсолютті
төменгі температуралары -280,-380,-480 аязды құрайды.
Климатқа температуралық инверсиялар тән, яғни жер биіктеген сайын
температура жоғарылайды. Қыс мезгілінде тау сағасында жазыққа қарағанда күн
жылырақ болады.

Түскен жауын-шашынның көлемі – маңызды климаттық фактор болып
табылады. Жазықтықтағы орташа жылдық жауын-шашынның ең төменгі көлемі 509-
625 мм. Салыстырмалы биіктіктің көтерілуіне байланысты жауын-шашынның
көлемі 916 мм-ге дейін жоғарылайды.
2003 жылғы жауын-шашынның көп болуы бірнеше жылдан бергі орташа нормадан
асып кеткендіктен, берілген есепте 1 қаңтардан 31 тамызға дейінгі тәулікте,
аптада және ай бойы түскен жауын-шашынның түрі мен көлемі жайлы қосымша
мәліметтер келтірілген.
Климаттық мәліметтер Абай- Сейфуллин көшесінде орналасқан ОГМС Алматы
метеостанциясынан алынған. Жауын-шашынның ең көп көлемі мамыр, маусым,
шілде және тамыз айларында, нормадан 1,22-3,64 есеге артық көлемде түскен.
Күшті жауын-шашын қандай да бір деңгейде қала территориясындағы топырақтың
жоғарғы горизонттарындағы ауыр металдардың шайылуына және көшуіне әсер
етті. Көрсеткіштердің жоғары болуы бір жағынан ауаның салыстырмалы
ылғалдылығына да әсер етеді. Жазықтықтағы ең жоғарғы ылғалдылық желтоқсанда
және қаңтарда 74-75%, ең төменгі шілдеде және тамызда 44-55%7. Ал таудағы
ылғалдылық былайша үлестірілген: ең жоғарғы ылғалдылық мұнда жазда –60-65%,
ең төменгісі қыста – 52-55%.
Қала территориясы негізінен желдің оңтүстік-шығыс және оңтүстік –
батыс бағытының әсерінде болады. Олардың жылдамдығы үлкен емес, 1,5-1,8
мсек- тан аспайды. Бір жылдағы күшті желдер болатын күндердің орташа саны
(15 мсек-тан жоғары)- тауда –2, тау сағасында – 9, жазықта – 15. Құралдар
жиі штиль күйін көрсетеді. Тауда жергілікті таулы-жазықты желдер соғып
тұрады.
Қардың жамылғысы аса қуатты емес: солтүстікте орташа биіктік-12 см.,
оңтүстіктегі тау сағасында – 28 см, тауда-68 см. Қар жамылғысының пайда
болуы 31 қарашаға келеді, метоестанцияның айтуынша Алматы, ГМО-да –111,
Усть -Горельникте – 173 күн болады. Ал қар жамылғысының қайтуы сәйкес – 2
сәуір мен 7 мамырға келеді. Келтірілген көрсеткіштерден қаланың солтүстік
бөлігіндегі климаттық жағдайлар оңтүстігіне қарағанда қаталдау екенін
байқауға болады.
Температуралық режим, жауын-шашын, ауаның ылғалдылығы өсімдіктің,
қарашіріктің жағдайын, топырақтағы қозғалмалы денелердің сипатын анықтай
отыра, топырақ құру процестеріне терең із қалдырады.
Қаланың физикалық-географиялық, табиғи-климаттық ерекшеліктерін және
экологиялық талаптарын ескермей дамыту және индустрияландыру-қала
территориясында экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соқты. Іле
Алатауының сағасындағы климаттық жағдай атмосфераны өздігінен тазартатын
ресурстардың өте әлсіздігімен сипатталады. Температуралық режим, жауын-
шашын, желге негізінен солтүстіктен соққан трансконтиненталдық ауа
массасының араласуына және тау жыныстарында ауа ағымының әсерінен пайда
болатын мүжілген қабаттың құрылуына аса үлкен динамикалық кедергі
келтіретін тау қырқасы әсер етеді.
Климатқа, сондай-ақ, зонаның климаттық жағдайын күрделендіретін,
вертикаль ауа алмасуына кедергі келтіретін, жер бетінде ластандыру
өнімдерінің жиналуына әсер ететін температуралық инверсиялар тән.
Қаланың жоғарғы (оңтүстік) бөлігінде 20 км–ге жуық аймақта осы
аудандағы қолайлы аэрацияны тудыратын таулы-алқапты жел соғады. Қаланың тау
жүйесінен алыста жатқан солтүстік территориясы өзін-өзі тазартудың үлкен
күшімен сипатталады. Бұл жерде атмосфераның өзін-өзі тазартуы тау жүйесімен
бұзылмаған атмосфераның жалпы циркуляциясымен байланысты ауа ағынымен
жүргізіледі. Сонымен, ауа бассейнінің төмен аэродинамикалық шарттары,
жердің күрделі рельефі, қаланың интенсивті, бірақ әрқашан рационалды бола
бермейтін құрылысы және басқа да жағдайлар ауа бассейнінің экологиялық
сыйымдылығын төмендетеді, жердің күйін, өсімдік жабуларын, жер бетіндегі
және жер астындағы сулардың сапасын төмендетеді.
Қоршаған ортаны сауықтыру үшін және халықтың денсаулығын сақтау үшін
Алматы қаласының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиімді
шаралар қолдану керек.

3.2 Топырағы
Мониторинг объектісі ретіндегі топырақтың ерекшелігі олардың
биосферада орналасу орны мен функциясына байланысты.
Қаладағы топырақ қабаты өзінің бастапқы табиғи қасиетінің едәуірінен
айырылып қалды. Антропогенді әсердің нәтижесінде топыраққұру процестерінің
табиғи ағыны бұзылды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
Жер кадастры құжаттамасы
Жануарлар дүниесінің кадастрын жүргізу ережесі
ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Жер кадастры туралы
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетігі
Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі
Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Пәндер