Қазақ әдебиетін тарихи дәуірлеу



Кіріспе

1 Қазақ әдебиетінің тарихы: тарихи дәуірлеудегі тың тұжырымдар
1.1 Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері
1.2 Кеңестік қазақ әдебиеті тарихының зерттелу үрдісі
1.3 Тәуелсіз қазақ әдебиеті тарихының даму бағыты
1.4 Әдеби байланыс

2 Егеменді қазақ әдеби сыны мен теориясы, жанр табиғаты.
2.1 Көркемдік үрдістегі бағыттар
2.2 Жанр табиғатын саралау мен талдаудағы сыншылдық эстетикалық көзқарас
2.3 Сындағы оянған ұлттық сана көріністері
2.4 Проза, поэзия жанрындағы көркемдік ізденістер

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерімен қатар ұлттық жаңа көркем жазба әдебиеті де дамыды.
Қазақ әдебиеті ХХ ғасырдың 90-шы жылдары цензуралық қатаң қадағалау мен партиялық бақылаудан құтылды. Осыдан бастап қазақтың жаңа әдебиетінің өмірге келуіне мүмкіндік туды. Қазақстан Республикасы Атазаңында алтын әріптермен «Сөз бостандығы» деп жазылуы – тосқауылдың бірден-бір шегіне айналды.
Бүгінде тиым атаулы келмеске кетті. Ойлаудың жаңа ұлттық деңгейіне қол жеткізілді. Тарихи зерде бұрмаланып, жалғандыққа айналуы тоқтатылып, ақиқаттық тарихи жады үстемдік ете бастады. Бұның өзі – халықтың өткен тарихын көрсетуде кертартпа, бұрмаланған амал-тәсілдерді өзгертіп, әдебиетке жаңа леп әкелді.
Соңғы жиырма жылда қазақ қоғамында үлкен тарихи кеңістік жасалды. Ол там-тұмдалып, жоғалуға айналған руханиятымызды қалыптастыруда, жадыдан өшуге айналған ұлттық көркем ойлау жүйемізді қайтаруда үлкен рөл атқарды.
Кейінгі, егемендікке қол жеткен жылдары, қазақ көркем сөз өнері кеңес империясының міндетті түрдегі қалыбынан, әсіресе, әдебиеттегі интернационалдық, партиялық және жалпы адамзаттық арақатынас жөніндегі мәселеден арылды. Көркем әдебиет мазмұн мен пішін жағынан мүлдем жаңа арнаға ауысты.
Жиырма жылда қазақ өмірінде ғасырға татырлық ұлы өзгерістер өтті. Қоғам сапалық биікке көтерілді, сана жаңғырды, жаңаша дүниетаным қалыптасты. Бұл өзгеріс көркем әдебиетке де ықпал етті. Жаңа заман жаңа әдебиетті өмірге әкелді.
Осындай қордаланған күрделі мәселе әдебиетші мамандар тарапынан жан- жақты зерттеуді қажет етті. Әдебиеттану ғылымының әр саласы жаңаша пайымдалған ғылыми тұжырымдармен зерделене бастады.
Атап айтқанда, кеңестік дәуірде аттары аталмай, «алашшыл -ұлтшыл», «діни-клерикал», «ескішіл-байшыл», «пантүрікшіл-панисламшыл» аталып, әдеби мұралары мансұқталып келген қаламгерлердің қазақ әдебиеті тарихындағы орны анықталды, ұлттық сөз өнеріндегі әдеби түр, жанрлардың калыптасып, даму кезеңдері қайтадан тәуелсіз санамен сараланды, қазақ әдеби үдерісіндегі ағымдар мен бағыттардың тарихи-саяси мәні ашылып зерделенді; қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасы ақталған кезден бері ұлттық әдебиет теориясы тіпті жалпы филологиялық (тілтаным, әдебиеттанудағы) қисындар жаңа көзқараста зерттелді; қазақ әдеби сынының арналары, сынның жанрлық өрістеуі ұлттық әдеби сынның тарихи даму кезеңдері тұрғысынан қарастырылды, есімдері аталмай, мақалаларынан саяси астар тауып, кеңестік саясаттың құрбаны болған сыншылардың еңбектері ақталып ғылыми айналысқа түсті; қазақ әдеби байланысы түркілік, батыс-шығыстық, жалпы әлемдік контактология аспектісінде қарастырылды.
Дегенмен бұл зерттеулер әдебиеттанудың жеке салалары (тарихы, сыны, теориясы) негізінде жеке-жеке тұжырымдалғанмен де, жалпы тәуелсіз әдебиеттану ғылымы ретінде жинақталып қарастырылған жоқ. Магистрлік жұмыстың өзектілігі де осында.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тәуелсіз қазақ әдебиеттану ғылылмының көкейкесті мәселелері жаңаша танымдағы теориялық және әдіснамалық негіздегі кандидаттық, докторлық ғылыми жұмыстарда қарастырылды. Әдеби сын мен теория тұрғысынан С.Қирабаев, Т.Кәкішов, Р.Бердібай, З.Ахметов, Ш.Елеукенов, З.Қабдолов, Р.Нұрғали, Б.Майтанов, Қ.П.Жүсіпов, Қ.Ергөбек, Б.Ыбырайым, Б.Кәрібаева, С.Негимов, Д.Ысқақұлы, А.Исмақова, Ж.Смағұлов; әдебиет тарихы мен ұлттық руханият арнасында Қ.Мұхаметханов, М.Мырзахметов, Т.Қожакеев, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, М.Жармұхаммедұлы, А.Еспенбетов, Қ.Сыдиықұлы, А.Сейдембеков, Ж.Тілепов, З.Жұмағали, С.Дәуітұлы, С.Мақпыров, Т.Жұртбай, Қ.Алпысбаев, Р.Тұрысбек, Б.Әбдіғазиұлы, А.Жақсылықов, Қ.Мәдібай, Д.Қамзабекұлы, Б.Омарұлы, А.Шәріп, Б.Ердембеков; әдеби байланыс, контактологияда Ш.Сәтбаева, Ө.Күмісбаев, Ә.Дербісәлі, С.Сүтжанов т.б ғалымдардың соңғы кездегі зерттеулеріне түрлі аспектіде өзек етіп алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. 1990-2009 жылдар аралығындағы тәуелсіз қазақ әдебиеттануының ғылыми мәселелері жүйелі түрде қарастырылып тұжырымдалды:
- қазақ әдебиеттану ғылымы бүгінгі кезең талабында қарастырылып, жекелеген ақын-жазушылар мұрасы мен шығармашылық қырларының зерттелуіндегі тұжырымдар сараланды;
- ұлттық әдебиеттану ғылымының кеңестік қысымнан түбегейлі арылу барысындағы тоталитарлық жүйе тезінен өткен әдебиеттанудың тәуелсіздік кезеңдегі даму барысы түйінделді;
- сөз өнерінің өзекті мәселелерін әдеби үдеріс, жекелеген қаламгерлер шығармашылығы мен туындылары негізінде шолу және жинақтай қарастырылған сын зерттеулердің әдеби сынды дамытудағы маңызы айқындалды;
- қазақ әдебиеті көркемдік дамуының әдеби-теориялық мәселелерін талдаудағы ізденістер сараланып, әдебиет теориясы өзекті тақырыптарын арқау етіп алған зерттеулер талданып қарастырылды;
- әдеби жанрлардың монографиялық еңбектерде теориялық түрлі аспектіде зерттелуінің қазақ сөз өнеріндегі теориялық негіздері айқындалып жан-жақты байыпталды;
- қазақ әдебиетін әлемдік әдебиетпен байланыста қарастырып, олардың өзара қарым-қатынастарын көркемдік-идеялық аспектіде зерттеген ғалымдардың еңбектері сараланып, әлемдік контактологиядағы қазақ әдебиеті дамуының бағыты айқындалды.
1. Қамзабекұлы Д. Қазақ әдебиеттану ғылымы, бүгіні мен ертеңі // Егемен Қазақстан, 2006. –№123-124
2. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001. – 447 б.
3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – Б.201
4. Ысмаилов Е. Ақындар. – Алматы: Көркем әдебиет баспасы, 1956. – Б. 44-45
5. Қазақ әдебиетінің тарихы. 4-том. – Алматы, 2010. – Б. 122-145
6. Кәкішев Т. Тарихты түптен тартсақ // Қазақ әдебиеті, №27, 2006. – Б. 4-5
7. Жаксылыков А. Образы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы: автореферат диссертации ... кандидат филологических наук. – Алматы, 1999. – 23 б.
8. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1989. – 436 б.
9. Большая советская энциклопедия. Том 1. – Москва, 1931. – С.590
10. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
11. Күзембаев Ж.Е. Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы: филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының авторефераты. – Алматы, 2010, – 23 б.
12. Нұрғали Р. Алаш идеялары және Тәуелсіз Қазақстан мұраттары // Егемен Қазақстан, 2008
13. Қамзабекұлы Д. Аққан жұлдыз // Егемен Қазақстан, 2007, 11
14. Қорғанбек А. Олжа салған он томдық // Егемен Қазақстан, 2009. – №81-83
15. Р. Марсеков. Қазақ әдебиеті жайынан // Қазақ газеті, 1915. – №112-113
16. Ысмағұлов Ж. Алтын ғасырдың ақ таңы. – Алматы: Арыс, 2009. – 431 б.
17. Иманғазы Н. Қазақ әдебиетінің төркіні мен тарихын дәуірлеу мәселесі:филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының авторефераты. – Астана, 2005, – 21 б.
18. Ысмайлов Е. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде. – Алматы: Қазақстан біріккен мемлекеттік баспасы, 1941. – 120 б.
19. Алтынсарин И. Собрание сочинении в трех томах. – Алматы, 1978. – 306 б.
20. Дәуітұлы С. Күрделі кезең шежіресі // Ана тілі, №21
21. Қайырбеков Ә. Тарлан талант тағдыры // Ана тілі, 2006, 02
22. Сүтжанов С.Н. Қазақ-түркі әдеби байланыстары (ХХ ғасырдың алғашқы ширегі). – Павлодар: ПМПИ, 2005. – 204 б.
23. Сүтжанов С.Н. Әдеби байланыс негіздері. Оқу құралы. – Павлодар, 2008. – 138 б.
24. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-том. – Алматы: Ғылым, 1999. – Б. 110-290
25. Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 182 б.
26. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы: Санат, 1994. – Б. 223-224
27. Елеукенова Г.Ш. Қазіргі әдеби сын туралы бірер сөз // ҚР ҰҒА Хабарлары. Филология сериясы. – №1(173). – 2009. – Б. 3
28. Әуезов М. Шығармалар жинағы. 19-том. – Алматы: Жазушы, 1985. – 450 б.
29. Нүсіпова А.Ж. Сағат Әшімбаевтың сыншылық шеберлігі // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. №2 (110). – 259 б.
30. Ысқақұлы Д. Әдебиет айдынында. – Алматы: Арыс, 2008. – 453 б.
31. Меңдеке Ә. М.Мағауинді Қазақстанға қай бетімізбен шақырамыз // Алаш айнасы, 2009, 02
32. Бельгер Г. Мұрат пен Марат // Жұлдыз, 2010, № 9. - Б. 104
33. Тұрысбек Р.Өлеңтанудың өрісті өрнектері //Егемен Қазақстан, 2010 №9
34. Шапауов Ә.Қ.Драматургия мәселелері.Оқу құралы.-Павлодар:ПМУ,2002-76 б
35. Нұрғали Р.Жеті томдық шығармалар жинағы.-Астана:Фолиант,2005-154 б.
36. Жарылғапов Ж.Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер:Монография– Қарағанды:Гласир,2009– 400 б.
37. Құндақбаев Б. Жүсіпбек Аймауытов және театр өнері. Кітапта: Шернияз (пьесалар жинағы). – Алматы: Өнер, 1990. – 155 б.
38. Тұрысбек Р. Әдеби сын және шындық шырағы // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2006, №9. – Б. 40-43
39. Пірәлиева Г. Әділдікпен өткен әдемі өмір // Ана тілі, 2008, 09
40. Тойшанұлы А. Діні берік Бәйтерек // Алаш айнасы, 2010, 04
41. Жұмабек С. Сын симфониясы. Таңдамалы. Әдеби толғаныстар, мақалалар.– Алматы:Алатау, 368 б.
42. Кәкішұлы Т. Жанр жайлауы. 1-кітап: Оқу құралы-Алматы:Қазақ университеті.2007-462 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
I.Қазақ әдебиетінің тарихы: тарихи дәуірлеудегі тың тұжырымдар
1.1 Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері
1.2 Кеңестік қазақ әдебиеті тарихының зерттелу үрдісі
3. Тәуелсіз қазақ әдебиеті тарихының даму бағыты
4. Әдеби байланыс

II. Егеменді қазақ әдеби сыны мен теориясы, жанр табиғаты.
2.1 Көркемдік үрдістегі бағыттар
2.2 Жанр табиғатын саралау мен талдаудағы сыншылдық эстетикалық көзқарас
2.3 Сындағы оянған ұлттық сана көріністері
2.4 Проза, поэзия жанрындағы көркемдік ізденістер

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде еліміздің
әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерімен қатар ұлттық жаңа көркем
жазба әдебиеті де дамыды.
Қазақ әдебиеті ХХ ғасырдың 90-шы жылдары цензуралық қатаң қадағалау
мен партиялық бақылаудан құтылды. Осыдан бастап қазақтың жаңа әдебиетінің
өмірге келуіне мүмкіндік туды. Қазақстан Республикасы Атазаңында алтын
әріптермен Сөз бостандығы деп жазылуы – тосқауылдың бірден-бір шегіне
айналды.
Бүгінде тиым атаулы келмеске кетті. Ойлаудың жаңа ұлттық деңгейіне қол
жеткізілді. Тарихи зерде бұрмаланып, жалғандыққа айналуы тоқтатылып,
ақиқаттық тарихи жады үстемдік ете бастады. Бұның өзі – халықтың өткен
тарихын көрсетуде кертартпа, бұрмаланған амал-тәсілдерді өзгертіп,
әдебиетке жаңа леп әкелді.
Соңғы жиырма жылда қазақ қоғамында үлкен тарихи кеңістік жасалды. Ол
там-тұмдалып, жоғалуға айналған руханиятымызды қалыптастыруда, жадыдан
өшуге айналған ұлттық көркем ойлау жүйемізді қайтаруда үлкен рөл атқарды.
Кейінгі, егемендікке қол жеткен жылдары, қазақ көркем сөз өнері кеңес
империясының міндетті түрдегі қалыбынан, әсіресе, әдебиеттегі
интернационалдық, партиялық және жалпы адамзаттық арақатынас жөніндегі
мәселеден арылды. Көркем әдебиет мазмұн мен пішін жағынан мүлдем жаңа
арнаға ауысты.
Жиырма жылда қазақ өмірінде ғасырға татырлық ұлы өзгерістер өтті.
Қоғам сапалық биікке көтерілді, сана жаңғырды, жаңаша дүниетаным
қалыптасты. Бұл өзгеріс көркем әдебиетке де ықпал етті. Жаңа заман жаңа
әдебиетті өмірге әкелді.
Осындай қордаланған күрделі мәселе әдебиетші мамандар тарапынан жан-
жақты зерттеуді қажет етті. Әдебиеттану ғылымының әр саласы жаңаша
пайымдалған ғылыми тұжырымдармен зерделене бастады.
Атап айтқанда, кеңестік дәуірде аттары аталмай, алашшыл -ұлтшыл,
діни-клерикал, ескішіл-байшыл, пантүрікшіл-панисламшыл аталып, әдеби
мұралары мансұқталып келген қаламгерлердің қазақ әдебиеті тарихындағы орны
анықталды, ұлттық сөз өнеріндегі әдеби түр, жанрлардың калыптасып, даму
кезеңдері қайтадан тәуелсіз санамен сараланды, қазақ әдеби үдерісіндегі
ағымдар мен бағыттардың тарихи-саяси мәні ашылып зерделенді; қазақ әдебиеті
теориясының негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасы
ақталған кезден бері ұлттық әдебиет теориясы тіпті жалпы филологиялық
(тілтаным, әдебиеттанудағы) қисындар жаңа көзқараста зерттелді; қазақ әдеби
сынының арналары, сынның жанрлық өрістеуі ұлттық әдеби сынның тарихи даму
кезеңдері тұрғысынан қарастырылды, есімдері аталмай, мақалаларынан саяси
астар тауып, кеңестік саясаттың құрбаны болған сыншылардың еңбектері
ақталып ғылыми айналысқа түсті; қазақ әдеби байланысы түркілік, батыс-
шығыстық, жалпы әлемдік контактология аспектісінде қарастырылды.
Дегенмен бұл зерттеулер әдебиеттанудың жеке салалары (тарихы, сыны,
теориясы) негізінде жеке-жеке тұжырымдалғанмен де, жалпы тәуелсіз
әдебиеттану ғылымы ретінде жинақталып қарастырылған жоқ. Магистрлік
жұмыстың өзектілігі де осында.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тәуелсіз қазақ әдебиеттану ғылылмының
көкейкесті мәселелері жаңаша танымдағы теориялық және әдіснамалық негіздегі
кандидаттық, докторлық ғылыми жұмыстарда қарастырылды. Әдеби сын мен теория
тұрғысынан С.Қирабаев, Т.Кәкішов, Р.Бердібай, З.Ахметов, Ш.Елеукенов,
З.Қабдолов, Р.Нұрғали, Б.Майтанов, Қ.П.Жүсіпов, Қ.Ергөбек, Б.Ыбырайым,
Б.Кәрібаева, С.Негимов, Д.Ысқақұлы, А.Исмақова, Ж.Смағұлов; әдебиет тарихы
мен ұлттық руханият арнасында Қ.Мұхаметханов, М.Мырзахметов, Т.Қожакеев,
Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, М.Жармұхаммедұлы, А.Еспенбетов,
Қ.Сыдиықұлы, А.Сейдембеков, Ж.Тілепов, З.Жұмағали, С.Дәуітұлы, С.Мақпыров,
Т.Жұртбай, Қ.Алпысбаев, Р.Тұрысбек, Б.Әбдіғазиұлы, А.Жақсылықов, Қ.Мәдібай,
Д.Қамзабекұлы, Б.Омарұлы, А.Шәріп, Б.Ердембеков; әдеби байланыс,
контактологияда Ш.Сәтбаева, Ө.Күмісбаев, Ә.Дербісәлі, С.Сүтжанов т.б
ғалымдардың соңғы кездегі зерттеулеріне түрлі аспектіде өзек етіп алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. 1990-2009 жылдар аралығындағы тәуелсіз
қазақ әдебиеттануының ғылыми мәселелері жүйелі түрде қарастырылып
тұжырымдалды:
- қазақ әдебиеттану ғылымы бүгінгі кезең талабында қарастырылып,
жекелеген ақын-жазушылар мұрасы мен шығармашылық қырларының зерттелуіндегі
тұжырымдар сараланды;
- ұлттық әдебиеттану ғылымының кеңестік қысымнан түбегейлі арылу
барысындағы тоталитарлық жүйе тезінен өткен әдебиеттанудың тәуелсіздік
кезеңдегі даму барысы түйінделді;
- сөз өнерінің өзекті мәселелерін әдеби үдеріс, жекелеген қаламгерлер
шығармашылығы мен туындылары негізінде шолу және жинақтай қарастырылған сын
зерттеулердің әдеби сынды дамытудағы маңызы айқындалды;
- қазақ әдебиеті көркемдік дамуының әдеби-теориялық мәселелерін
талдаудағы ізденістер сараланып, әдебиет теориясы өзекті тақырыптарын арқау
етіп алған зерттеулер талданып қарастырылды;
- әдеби жанрлардың монографиялық еңбектерде теориялық түрлі аспектіде
зерттелуінің қазақ сөз өнеріндегі теориялық негіздері айқындалып жан-жақты
байыпталды;
- қазақ әдебиетін әлемдік әдебиетпен байланыста қарастырып, олардың
өзара қарым-қатынастарын көркемдік-идеялық аспектіде зерттеген ғалымдардың
еңбектері сараланып, әлемдік контактологиядағы қазақ әдебиеті дамуының
бағыты айқындалды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тәуелсіздік – халқымыздың
мол әдеби мұраларын жинауға, жүйелеуге, жаңаша зерттеуге мүмкіндік туғызып
отыр. Жұмыстың негізгі мақсаты – қазақ сөз өнеріндегі болып жатқан осындай
жаңа өзгерістерді жаңаша көзқараста тұжырымдаған еңбектерді саралап,
тәуелсіздік кезіндегі әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңінің бағытын
айқындау. Осы мақсаттан өрістейтін мынадай міндеттер алға қойылды:
- тәуелсіздік рухындағы әдебиеттанулық зерттеулердің әдеби мұраны
игеру, әдебиеттің ғылыми тарихын жасаудағы қол жеткізген табыстарын
сараптап, дәуірлеудегі тың концепция негізінде әдебиет тарихын тереңдете
отырып жүйелеудегі маңызын ашып көрсету;
- тәуелсіздік кезеңдегі әдебиеттануда ақтаңдақтар мәселесінің өткір
қойылуы, Зар заман, Алаш әдебиеті өкілдерінің әдеби мұрасын,
шығармашылығын жаңаша танымда зерттеу бағытына бетбұрыс жасаудағы
ізденістерді қарастыру;
- ХХ ғасырдың соңғы он жылы мен ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығындағы
қазақ әдеби сынының тәуелсіздік үдерісінде жаңғырып, көркемдік танымда
саяси бұрмалаулардан айығудағы жағңашыл ізденістерін анықтау;
- қазақ сөз өнері теориясының тарихи даму өрісін жанр жүйесінің
зерттелуі тұрғысынан анықтап, әртүрлі ғылыми-зерттеушілік әдіс тәсілдерді
ұштастыра қолдану тәжірибесінің шығармашылық арнада кеңінен игерілуін
талдап көрсету;
- әлем әдебиеті мен қазақ әдебиеті арасындағы байланыс, алмасу,
ортақтық сияқты мәселелрді әлемдік әдеби үрдіс негізіндегі тың
тұжырымдармен зерделеген еңбектердегі ізденістерді саралау.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- ұлт әдебиетінің тарихын жүйелеу тың тұжырымдармен нақтыланып әдеби-
теориялық аспектіде зерттеу негізінде жаңа биікке шықты;
- қазақ әдебиетін зерттеу тың қадамдармен өрістеп, қаламгерлер
шығармашылығын, әдебиеттің даму бағытын, жалпы әдеби үдерісті монографиялық
еңбектер аясында қарастырудың басым бағыты жаңаша сипат алды;
- әдеби сын ұлт әдебиетінің даму бағдарын байыптауға бағыт алды және
сынның дамуында егемендікке дейінгі кезеңдегі идеологиялық қыспақтан орын
алған олқылықтарды батыл көтерді;
- әдеби жанрлардың теориялық мәселелерін түрлі аспектіде жүйелі талдау
мен саралаудағы зерттеу еңбектерінің жаңаша өріс алуымен қазақ сөз өнері
теориялық тарихының негіздерін орнықтыруда тәуелсіз санадағы тың қадам
жасай алды;
- әдеби-теориялық ой-пікірде жаңаша талдау мен саралаудың әдіснамалық
негіздері өрістеді, жанр табиғатын танытуда сыни, ғылыми ой-пікірді
кемелдендірудің басты ұстанымдары нақтыланды;
- қазақ әдебиетіннің даму үдерісін әлемдік контактология аясында
әсіресе, туыстас әдебиет үндестігінде қарастыруға, шығыстық рухани
ықпалдастықта байланыстыруда келелі тұжырымдар жасалды.
Зерттеу жұмысының ғылыми-әдістемелік негізі. Тәуелсіз қазақ
әдебиеттануын зерттеу барысында әдебиеттану ғылымындағы теориялық,
әдіснамалық тұжырымдар мен пікірлер, ғылыми ұстанымдар негізге алынды.
Зерттеу барысында А.Байтұрсынов М.Әуезов, Е.Ысмайылов, Ж.Ысмағұлов,
С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Р.Нұрғали, А.Жақсылықов, С.Дәуітұлы, Д.Қамзабекұлы,
Р.Тұрысбек, Б.Құндақбаев, Д.Ысқақұлы, Г.Пірәлиева, Г.Елеукенова, С.Сүтжанов
т.б. ғалымдар еңбектері, сондай-ақұжымдық зерттеулердің ғылыми-әдістемелік
негіздерін бағыт-бағдар ұстандық.
Зерттеудің ғылыми-теориялық және практикалық мәні. Жұмыста ұсынылған
тұжырымдар, қортындыларды жоғары оқу орындарындағы әдебиет тарихы, әдебиет
сыны, әдебиет теориясы пәндерінен өткізілетін жалпы курстарда, сондай-ақ
арнаулы курстарда семинар сабақтарында пайдалануға болады.
Зерттеудің тәсілдері. Жұмысты жазу барысында дәстүрлі ғылыми талдау
мен жинақтау, тарихи-салыстырмалы, кешенді талдау әдістері негізге алынды.
Зерттеу жұмысының сарапталуы мен жариялануы. Зерттеу жұмысына арналған
мақалалар Қ.Сатпаев халықаралық конференциясында, Қазақстан Педагогикалық
Хабаршысында, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің
ұйымдастыруымен өткен республикалық конференцияда, Айқап және Қазақстан
журналының 100 жылдығына арналған республикалық конференцияда, Қазақстан
Республикасы тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналған Ғылым және Білім -
2011 жас ғалымдардың халықаралық конфренциясында баяндамалар жасалынып,
талқылаудан өтті.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, ішкі тараушалары бар екі
тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақ әдебиетінің тарихы: тарихи дәуірлеудегі тың тұжырымдар

1.1 Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері
Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ертедегі темір дәуіріндегі
(б.з. д. VІ-VІІ ғ.ғ.) сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, б.з. ертедегі орта
ғасырлық мемлекеттер тұсындағы қарлұқ, оғыз, қимақ тайпалары, дамыған орта
ғасырлық мемлекеттер кезіндегі наймандар, керейіттер, жалайырлар, қыпшақтар
тарихы мыңдаған жылдарға созылғандығын назарға алсақ, қазақ әдебиетінің
тарихы да бұрынғы кеңес кезіндегідей XV ғасырдан емес, одан арғы көне дәуір
әдебиетінен басталады. Сол себепті ұлттық әдебиет тарихының негізгі
мәселелерінің бірі дәуірлеу болып табылады. Себебі Қазақстан тәуелсіздік
алғанға дейін екі мың жылға жуық тарихы бар қазақ әдебиетінің бүкіл
елімізге ортақ дәуірлеу мәселесі қолға алынбаған еді. Бұл проблемаларға
байланысты тоталитарлық жүйенің өзге ұлттардың тарихының даму процесін
кеңестік тарихпен ғана байланыстырған біржақты ұстанымдарына қазіргі
тәуелсіздік талаптары тұрғысынан батыл тойтарыс бере отырып, қазақ
әдебиетінің көне заманнан бүгінгі күнге дейін дамуының өзіндік
ерекшеліктерін есепке алу негізінде әдебиет дамуының кезеңдерін халықтың
жалпы тарихи даму процесін дәуірлеуден бөлек алып қарауға болмайды.
Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекет кезеңі VІ ғасырдан басталып, ХХ
ғасырға дейін созылған ұзақ мерзімді қамтыды. Қазақ әдебиеті тарихының
өткен дәуірлері де осы қоғамдық құрылыстың негізгі даму кезеңдері -
қалыптасуы мен нығаюы, дамып өркендеуі, дағдарысы мен тоқырауы, қайта дамып
күшеюі, ең соңында, құлап ыдырауы сияқты тарихи жолдарына сәйкес келеді
және де, өз кезеңдері бойынша осы қоғамдық даму процесінің ерекшеліктеріне
толыққанды сипаттама жасайды. 
Қазақ әдебиетінің жүздеген ғасырлар бойғы дамуының әр тарихи
дәуірлерін бажайлағанда әр кезеңді бір-бірінен даралап тұратын өзіне тән
белгілері мен қасиеттерін, жанрлық, көркемдік ерекшеліктерін анықтап алу
қажет. "Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы әдебиет" ұжымдық монографияда
қазақ әдебиетінің көне заманнан ХІ ғасырға дейінгі аралықты қамтыған кезеңі
көне дәуір, ал ХІІ ғасырдан бастап, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырға
дейінгі кезең орта ғасыр кезеңі деп аталады. Көне дәуірдегі түркі жазба
әдеби ескерткіштеріне сақ-ғұн дәуіріндегі әдебиет туындылары, түркі және
қытай халықтарына ортақ мәдени мұралар, Иран мен Тұран әлеміне ортақ әдеби
шығармалар, түркі-моңғол бірлігі заманындағы әдеби мұралар, көне түркі
әдебиетіне жататын Орхон-Енисей руна жазба ескерткіштері, оғыз-қыпшақ
дәуіріндегі әдебиет мұралары - "Қорқыт ата кітабы", құмандардың "Кодекс
Куманикус" жазба туындысы, "Оғызнама" дастаны, Қарахандықтар тұсындағы
әдебиеттің көрнекті өкілдері Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" ("Құт
әкелетін білім") еңбегі, Махмұд Қашқаридің "Диуани луғат-ит-түрік" ("Түркі
сөздерінің жинағы") кітабындағы аңыздар мен әпсаналар, әдеби-поэтикалық
үзінділер енеді. Бұл шығармалардың барлығын дерлік түркі халықтарының ортақ
рухани байлығы деп бағалаған жөн. ХІ-ХІІ ғасырлар түркі халықтарының жазба
әдебиетінің туып, қалыптасуымен байланысты болса, әрі бұл аралық кезең
қазақ халқының қалыптасуы алдындағы дайындық кезең болғандығын да ескеру
керек.
Қазақ әдебиетінде жаңадан басылып жатқан, жарық көріп жатқан әдеби
шығармалар мен ғылыми зерттеулерде қазақ әдебиетінің тарихы, теория мен
сынының жаңа қырынан зерттеліп жатқаны мәлім. Мұндағы түрткі болған идея -
ол тәуелсіздік идеясы. Қазақ әдебиетінің тарихын қарастырғанда, осы уақытқа
дейінгі әдебиет тарихындағы еңбектер Кеңестік кезең тұсында жазылған,
зерттелген. Әрине біздің де осы уақытты, яғни тәуелсіз қазақ әдебиетінің
тарихын жазуда Кеңестік кезеңдегі дерек көздеріне сүйендік.
Жалпы қазақ әдебиетінің, жазба қазақ әдебиетінің түп тамыры қадым
замандарға барып тіреледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениеті, төл жазуы
болған бабаларымыз орта ғасырлардың өзінде (V-VIII ғас.) мәңгі өлмес
мұралар жасады. Ғылымда Орхон-Енисей жазулары аталатын, түркі
тайпаларының байырғы қоныс мекендерінде көне руна жазумен тасқа қашалып
қалдырылған бұл тамаша ескерткіштер қазір адамзат мәдениетінің даму
тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі болып саналады.
Түркі қағанаттары құлағаннан (VIII ғас) соңғы кезіндегі әдеби өмір
орталығы тікелей Жетісу мен Сыр бойына ауысады. Өзіндік сипатқа ие дала
мәдениетімен қоса қала мәдениеті де өркендейді. Осы кезеңде бірталай түркі
тайпаларының ислам дінін қабылдауына байланысты , руна жазуын араб
жазуына алмастыра бастады. Осы кезеңдегі бізге жеткен үлгілердің
ішіндегі ең көнесі, көлемдісі – 1069 жылы жазылған атақты дидактикалық
шығарма Құтадғу Білік Поэма авторы Юсуф Хас Хаджиб Шу алқабындағы
Баласағұн қаласының тұрғыны. Бұдан соңғы ғасчырларда жасаған, қазақ
әдебиеті тарихына белгілі мөлшерде қатысы бар ақын-жазушылардың ішінен
Хакім-Ата (ХІІ ғ) мен Ғали (ХІІІ ғ.) Дүрбек пен Сейф Сараи (ХІV ғ)
есімдерін атауға болады. Махмұд Қашқари жазған түркі тілдерінің сөздігі
Диуани лұғат-ат-түрк (1074) және қыпшақ тілінің сөздігі Кодекс
Куманикус (1303) сияқты ескерткіштер де көне дәуірдегі қазақ поэзиясы,
қазақ фольклоры туралы мол мағлұмат, құнды деректер береді.
ҮІІІ-ІХ ғасырларда Түркі қағанаты дәуірінде оғыз-қыпшақ тайпаларына
ортақ тілде жазылған ерлік эпостары - Қорқыт ата кітабың мен Оғызнамең
дастаны сол замандағы қазақ ұлыстарының өмір шындығын бейнелеумен
ерекшеленеді.
Қарахан мемлекеті тұсындағы немесе ислам дәуірі (Х-ХІІ ғ.) деп
аталатын тарихи кезеңді түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы
қайта өркендеу дәуірі деуге болады. Әл-Фарабидің Риторикаң, Поэзия өнері
туралың, Махмұт Қашқаридің Диуани лұғат ат-түрікң (Түркі сөздерінің
жинағың), Жүсіп Баласағұнның Құтты білігің, Қожа Ахмет Иасауидің Диуани
хикметің (Ақыл кітабың), Сүлеймен Бақырғанидің Бақырғани кітабың және
т.б. осы дәуірдің зор жетістігі болып табылады. Бұл туындылар орта
ғасырдағы түркі жазба әдебиетінің өркендеп, ілгері дамуына өлшеусіз үлес
қосты.
XІІІ-XV ғасырларда Дешті Қыпшақ даласында авторлық ауыз әдебиеті
суырып салып өлең шығару, ауызша орындау және ауыздан-ауызға берілу түрінде
дамып өркендеді. Оның басты ерекшеліктері ретінде авторының болуын,
мәтінінің біршама тұрақтылығы мен мазмұнының нақтылығын, шығарманың
адресаты - арналған адамның болуын, сондай-ақ шығарма стилінде автордың
даралығының болуын, оның өзінің "менін" көрсетіп отыруын атау керек.
Бізге жеткен авторлық поэзияның ең ертедегі үлгісі XІІІ-XV ғасырларға
жатады. Бұл - "Ұлық жыршы" атанған Кетбұға (XІІІ ғ.) жырларының үзінділері.
Олардың өмірбаяндары мен шығармашылықтары туралы деректер өте жұтаң және
негізінен аңыз күйінде жеткен. Мазмұны мен жанры жағынан әр түрлі мәтіндер
сол дәуірдегі Алтын Орда қоғамының рухани өмірінде ақындар мен жыраулар
басым болғанын дәлелдейді.
Қалай болғанымен де, дерек көздері бойынша ХІІІ ғасырдағы жырлардың
жеткен үзінділерінен байқайтынымыз, ол рухани ауыз әдебиетінің ертеден
басталғандығын аңғартады.
Қазақ әдебиетінің тарихын да, оның дәуірлерін де біздің ұлттық
тарихымыз, оның даму кезеңдері белгілейді. Қазір біз әдебиетіміздің тарихын
көне дәуірлерден бастап жүрміз, онда жалпы түркі халықтарына ортақ
мұраларды сөз етеміз. Әдебиет деген қазақтың ұлттық мәдениетінің үлкен бір
саласы. Оның дамуы ұлттың тілімен, ділімен, ұғым-түсінігі, парасатымен,
дүниетанымымен тікелей байланысты. Осының бәрі көркем туынды арқылы
көрініп, халықтың санасына сіңген, оның рухани өмірін қалыптастырған.
Әдебиет туралы ғылым (әдебиеттану) көркем әдебиеттің осы жолдағы ізденісін,
табыстарын, халықтың ұлттық бейнесін ашудағы еңбегін, ойлау мен бейнелеудің
жолдарын жинақтайды, қорытындылайды. Сөйтіп, әдебиет тарихы жүріп өткен жол
бүгінгі ұрпақтың ұлттық ой-санасының жаңғырығуына әсер етеді. Әдебиеттің
тәрбиелік мәні, өмір танудағы қызметі – бәрі де сын еңбектер мен
зерттеулерде ашылады. [1.7]
Қазақ әдебиет тарихын бұрыннанн бері зертеушілер зерттеудей-ақ зерттеп
келе жатыр. Алайда әдебиет тарихын тұтастай алып зерттеуге оның ұзақ
дәуірлердегі дамуының заңдылығын ескеретіндей жағдайда бола бермегені рас.
Тарихи дамудың кеңес иделогиясына жақын жағын қарастырғандықтан, көп
уақыт бойына ұлттық деген ұғымның ауызға алынбай, мәдени мұрамызға
социализм тұрғысынан ғана қарастырылғаны шындық еді. Көне мұраларымыз бен
діни ұғым-түсініктен туған жырларымыз ұзақ уақыт бойы жабық жатқандықтан
дер кезінде жазылмай, ескерілмей келді. Міне, осындай мәдени мұраларымызды
жан-жақты зерттеу тәуелсіздік алғаннан бері қарқынды жүргізілуде. Оның
дәлелі ретінде, қазірде 20 томы шыққан, барлығы 100 том болып басылады деп
жоспарланған Бабалар сөзі, Қазақ әдебиетінің тарихын (10) айтуға
болады.
Әдебиет өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет тарихы да халық
тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің рухани өмірінің жарқын көрінісі,
елеулі бір саласы ретінде көркем сөз өнері ел тарихымен бірге қалыптасып
дамыды. Адам санасы, ой-өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс
екендігін ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің
бірі екендігі даусыз ақиқат. 
Қазақ елінің әлеуметтік күйін, ел мұңын жырлаған әдеби кезеңді
М.Әуезов Зар заман әдебиеті деп атайды. Оның пікірінше, зар заман
ақындарын сол дәуірдің тарихи жағдайлары туғызған. Ақтабан шұбырындыдан
басталған қазақ қайғысы кейін орыс патшалығына бағынуға ұласып, ноқтаға
бас иіп, асаудың жуасып, алыптың басылған уақытымен жалғасады. Зар заман
ақындарының шығуын М.Әуезовтің ХIХ ғасырдың орта кезінен бері қарай,
Исатай, Махамбет, Кенесарылар қозғалысынан кейінгі кезеңге жатқызады. Бұл
кезең мен Абылай заманының арасындағы тарихи байланыстарға лайық әдебиетте
де Кенесары жорығының артынан шыққан зар заман ақындары мен Абылай
дәуірінде болған ақындардың арасынан сондайлық үзілмейтін жалғастық табады.
Ол Абылай дәуіріндегі зар заман ақынын екі топқа бөледі: бірі – келер
күннің жұмбағын шешіп беріп, елге өсиет айтатын қария, екіншісі – толғау
айтқан жырау. Екеуінің де көпке айтар сөздері өлең күйінде айтылып, тақпақ,
толғау болып келеді. Олар – елдің ақылшы кемеңгері, заманның сыншысы, елді
меңгерген хан мен бектің ақылшы уәзірі. Қауым тіршілігінде саяси салмағы
зор ақындардың аузынан шыққан сөзі де қорғасындай ауыр, оқтай жұмыр, өтімді
болған. Мұхтар осы дәуір поэзиясының үлгісі есебінде Асан қайғы мен Бұқар
жырау шығармашылығына тоқталады. Асан ел алдына, әдебиет алдына халықтың
ендігі күйі не болады деген сұрақ қоя білді дейді. Оған мысал ретінде
Асанның мұнан соң қилы – қилы заман болар, заман азып, заң тозып жаман
болар. Қарағайдың басына шортан шығып, балалардың дәурені тамам болар
деген жыры мен Жәнібек ханға айтқан сөзін келтіреді. Сол арқылы Асанды бұл
дәуірдегі әлеумет тіршілігінің ең шаншулы мәселесін әдебиет жүзінде
түсіріп, алғаш рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген ақын ретінде бағалайды.
Зар заман ақындарының сары уайымы Асаннан басталады деген қорытынды
жасайды. Ал Бұқар шығармашылығынан М.Әуезов әлеумет қамын сөйлеу, мұң –
зармен, арманмен сөйлеу қабілетін көреді. Бұқар Асан қайғының жоғарғы
өлеңдеріндегі жұмбағын шешеді, басқа жырларында қайғы шерін Асан заманының
қайғысымен жалғастырады.
М.Әуезовтің кітабы ұлттық әдебиеттің даму жолы туралы алғашқы сүрлеу
болғандықтан, онда әдебиет тарихына қатысты көптеген деректер, жеке ақындар
еңбектері толық бағасын ала қойған жоқ. Оған сол тұста ақындар
шығармаларының түгелдей жиналып басылмауы себеп болған дейді Серік
Қирабаев. [2.234]
Қазіргі тәуелсіздік жағдайында, еліміздегі қоғамдық-саяси құрылыстың
түбегейлі өзгеруіне байланысты, әлеуметтік ғылымдар саласындағы көптеген
ұстанымдармен бірге ұлттық әдебиет тарихын дәурлеу жөніндегі көзқараста да
елеулі өзгерістер орын алып отыр.Соларға сәйкес әр дәуірдің ішкі
құрылымында да тиісті алмасулар,толықтырулар мен ауыстырулар болатыны
түсінікті.
Соның бір көрінісі –Шал ақын шығармашылығынан зерттеу мен зерделеу
мезгілінің XIX ғасыр басына шығарылғандығы.Бұл уақыт шеңберіндегі жай ған
тасымалдау емес, ақын мұрасының бүкіл табиғатын ескергендіктен туған мәнді
өзгеріс.
Қазақ әдебиетіндегі жыраулар поэзиясының төрт ғасырға жуық тарихы
бар. Анығын айтқанда, қазақ халқы он бесінші ғасырдың алғашқы жартысында,
Қазақ хандығын құрғанда, оның алдында талай келелі кезеңдер тартылып
отырған еді. Жас елдің көкейтесті мәселелері мен тілектерінің қандай
қиындықтармен жүзеге асқанын желмаямен жер шолып, ел кезген Асан ата
сөздерінен байқаймыз. Неліктен әз атаның Асан Қайғы атанғанын да түсінуге
болады.
Жыраулар поэзиясына, жалпы жыраулар кім дегенге Мұхтар Әуезов мынандай
сипаттама береді: Жырау құр ғана тақылдақ өлең айтпайды: бұл заман
сынышысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ түйіні шаиасқан сөздерді сөйлейді. Өзі
тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заманды болжайды. Не айтса да,
көптің қамы мен жәйі, мұңы туралы не көпке арнаған ақыл,өсиет ретінде
айтылады.[3.131]
Әрине, уақыт бір орнында тұрмайды. Тарих тегершігі ілгері жылжыған
сайын заман өзгереді.Олардың зардабы алдымен халықтың басына түседі.
Ауыз әдебиетінде жыраулар сахнадан кеткенімен, олардың айтқыштық
өнері, суырып салма шығармашылық дәстүрі жоғалмады.Жыраулар орныны ақындар
басты. Бұл құбылысты ақындар шығармашылығын жан-жақты зерттеген Есмағамбет
Ысмаилов бір кезде былайша түсіндірген.
Жыраудың ақындық рөлі қазақ әдебиетінің еретерек кезінде зор болып,
бертінде бәсеңдеуінің негізгі себебі-жаңа қоғамдық тарихи даму жағлдайында
жыраудан гөрі ақындықтың, яки жыршылылықтың маңызы артқандығы. Жырау
өмірдің сан алуан шындығын, адамның сезім дүниесін терең бейнелей алмады,
ал ақын болса, ол әсіресе XIX ғасырдан бері өзінің ақындық, профессионалдық
өнерін кең дамытты, ол бертінгі жазба әдебиет дәуірімен ұштасты. Сонымен
жыраулықтың келесі дәуірлердегі заңды дамуы ақындық пен жыршылық
болды.[4.45]
1927 жылы жарық көрген М.Әуезовтің Әдебиет тарихында тарихи жырлар
мен зар заман ақындарының туу, қалыптасу жолдарына шынайы ғылыми тұрғыдан
түсінік береді.
Тарих өлеңдері ең алдымен ел тіршілігінде анық болып өткен тарихи
оқығадан туады. Пәлен жыл мен пәлен жылдың арасында болған дәуірдің жыры.
Ал зар заман ақындары туралы былай дейді: зар заман ақындарының көпшілігі
XIX ғасырдың орта кезінен бері қарай, Исатай, Махамбет, Кенесары
қозғалысының артынан шығады. Қалың қазақтың ұйтқысын шайқап шыққандай
болып, орта жүзді, кіші жүзді түгел оятқан Исатай, Кенесары қозғалыстары
қайғылы халмен біткен соң, елдің тауы шағылып, иығы түсіп, бұрын болымсыз
үміті болса,белгісіз келешектен күткен азған сәуле болса, барлығы да жаңағы
ерлердің жолсыз жорықтарынан соң суалып біткендей болды. Сондықтан XIX
ғасырдың орта кезінен кейін зар заман күйі қалың елге түгел жайылады..
Мұхтар Әуезовтің айтуы бойынша, жаңағы тарихи жырларды туғызған
оқиғалар мен сол жырлардың өздерінің, сондай-ақ зар заман тақырыбындағы
шығармалардың дүниеге келу кезеңі Абылай заманынан бастап, Абайға дейін,
яғни жүз жылға созылған. [4.143]
Жүз жылдық дәуірдің қалың бір қапталын толтырып, әдебиет арнасына
халықтың айтқыштық өнерін жаңа бір өріске өрбіткен сурып салма ақындар легі
де өздерінің соны үрдісімен қосылған еді деп айтуға толық негіз бар.Ендеше
сол лектің көш басында Шал ақынның тұлғаланып көрінуі де даусыз ақиқаттың
бірі еді.[5.122]
Ұзақ жылдар Қазақ университетінде ұстаздық етіп, әдебиет тарихының
барлық кезеңінен оқу кітаптарын шығарып келген Ханғали Сүйіншәлиев 1997
жылы Қазақ әдебиетінің тарихы атты оқулық жариялады.
Бұрын жасалған оқулықтар ескіре бастаған соң, Ана тілі баспасы Қазақ
КСР білім беру министрлігінің рұхсатымен Қазақ әдебиетінің тарихы атты
серияны шығара бастап, аяғына жеткізе алмай келеді. Оның көзқарастары мен
мазмұндауларында бұрынғы көзқарастардың дағы аз емес. Қазақ университетінің
профессоры Бейсембай Кенжебаев басқарып, ұзаққа созылған айтыс-тартыспен
1967 жылы шыққан Ежелгі дәуір әдебиеті хрестоматиясы негізінде
Н.Келімбетов 1986 жылы оқулық жасап, оны екінщі рет әлгі сериямен 1991 жылы
шығарды. Одан кейін Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет хрестоматиясы
Мұхтар Мағауиннің жәдігерлігімен жарық көрді. Бұл екі кітап- бұрынғы Қобыз
сарыны монографиясы мен Алдаспан жинағын редакциядан өткізіп,
студенттерге ұсынылған дүние. Бірақ, XVIII-XIX, XX ғасырлардың көркемдік
шындығы әлі толық ашылған жоқ. Сонау 50-60 жылдарда ағаларымыз жасап
кеткендерге мардымды ештеңе қоса алмай келеміз деп дабыл қағуда Тұрсынбек
Кәкішұлы.[6.4]
Қазақ әдебиеті тарихының кеңестік кезеңде де кең көлемде де зерттеліп,
1960-1967 жылдарда алты кітаптан тұратын үш том болып жарыққа шыққаны
көпшілікке мәлім.Бірақ ол уақыттарда кейін бүкіл әлемде, біздің елде
ғаламат өзгерістер болып өтті.Соған орай эстетикалық ой-сана, көркемдік
мұраттар, осы реттегі талғам мен талап жаңа сатыларға көтеріліп биіктеді.
Әлбетте, алғашқы әдебиет тарихы өз міндетін атқарды. Бірақ ол қанша құнды
болғанымен кеңестік кезеңдегі партиялық цензура, идеологиялық қыспақтың
салқыны тимей қоймады, көптеген нәрселер одан өтіп ашық айтылмады[1.8]
Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген авторефераттың бірі ол-Жаксылыков
Аслан Жамелевичтің Образы, мотивы и идей с религиозной содержательностью в
произведениях казахской литературы атты Алматыда 1999 жылы баспа бетін
көрген авторефераты. Зерттеу жұмысының өзекті сипаты басты тақырыптың
жалпытеориялық проблема ретіндегі әдебиеттегі діни-эстетикалық факторлар
генезисін қазақ фальклоры мен бүгінгі әдебиеті материалдар негізінде
қарастырылуында. Жұмыстың жаңалығы – жаңалығы осы бір кешенді тақырыптың
әдебиеттегі діни проблематиканың эстетикалық қалпы мен оның түрлі
пішіндерінің әдебиеттер арасындағы көрінісінің - тұтас қарастыру
(диахрония) әдісімен талдануда. Жалпы осы диссертацияда: мәденигенездің
мәнді кезеңдеріндегі дін мен әдебиеттің рухани қарым-қатысы
қарстырылады.Ежелгі және орта ғасырлардағы түркілік әдебиеттегі діни
мазмұндағы бағыттардың мәнді пішін мен образ жасау құралдарының қоғалысы
көрсетіледі.Қазақ хандығы тұсындағы ақын-жыраулар поэзиясы мәні мен
типологиясы айқындалады. ХІХ, ХХ ғасырлардағы әдебиеттегі эстетикалық идея
мен пішіндер қозғалысы қарастырылады.Зар заман өкілдері Абай мен Шәкірімнің
діни-ағартушы ақындардың, сол тәрізді Ш.Бөкеев, М.Жұмабаев,М.Көпеев,
Ғ.Қараш т.б сөз өнерлері шеберелерінің арасындағы дәстүр жалғастығы
айтылады.
История распорядилась таким образом, что в казахской литературе в
определенные периоды (ХIХ век) функционировали литературные течения
выраженной религиозной окрашенности и ориентации ( поэзия течения зар
заман, творчество поэтов – религиозных просвитителей ), активно влиявших на
общественное сознанание. В результатате идеологических, политических
репрессий вся это обширная, сложная вековая литература оказалась в
советское время запрещенной, и в казахском литературоведении тех лет она
изредка только упоминалась крупными учеными, писателями, М.О.Ауезовым,
А.Байтурсыновым, Х.Досмухамедовым, С.Сейфуллиным, С.Мукановым,
А.Маргуланом,Е.Исмаиловым, Б.КЕнжебаевым,Х.Суйншалиевым и др. В официальных
же изданиях и публикациях эта литература подвергалась охаиванию,
шельмованию. В последнее десятилетие в нашей науке развивается активное
переосмысление всего этого богатого творческого наследия, его места роли в
национальной литературе, культуре, появились отдельные и коллективные
исследования, посвященные творчеству Ш.Кудайбердиева, Д.Бабатайулы, М.
Монкеулы, А.Кердери,М.Ж. Копеева, Н.Наушабаева, Ш.Жангирова, Г.Караша,
Ш.Бокеева и др.
А.Ж.Жаксылыков бұл әлі үлкен зерттеудің басы ғана дей отыра, әлі қазақ
әдебиетінде нағыз өзіндік рөлін,орнын ала алмаған әлі көп еңбекті талап
ететін ХІХ және ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар мен
олардың басқа да әдебиетпен байланысын, олардың ұлттық мәдениетке қосқан
үлесін анықтау қажет дейді.
А.Ж.Жаксылыков өз авторефератының жаңалығы ретінде соңғы онжылдықта
қазақ әдебиеттануының бірнеше жаңа диссертация жұмыстарымен толыққандығын
айтады.
Несколько раньше была защищена кандидатская диссертация
Н.Келимбетова, посвященная творчеству Ш.Жангирова. В числе подобных следует
назвать кандидтские диссертации С.Ж.Бермагамбетова, К.К.Мадибаевой,
С.Н.Сутжанова, М.Тажимуратова, Г.К.Аюпово й, а также докторские
диссертации А.Кыраубаевой, У.Калижана. Среди работ представителей смежных
наук следует назвать диссертацию философа Г.Есимова.
В названных диссертационных работах литературоведов обьектами
исследования выступили либо творческая биография отдельных представителей
поэзии религиозной восточной ориентации ( диссертация С.Бермагамбетова
посвящена творчеству А.Кердери, Мадибаевой К.К - анализу творчества
Шортанбая в рамках течения Зар заман; М.Тажимуратова – поэзии Г.Караша;
Г.К.Аюповой - эпическому наследию Ш.Кудайбердиева , либо стилевые тенчение
локализованного периода ( в диссертации У.Калижана анализиурется творчество
группы поэтов - религиозных просветителей 19-го и начала 20 века), либо
генезис и типология восточных жанров в казахской литературе (в диссертации
А.Кыраубаевой раскрывается проблема бытования и развития жанров кисса и
дастан в национальном искусстве слова). [7.7]
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі болып жатқан үлкен үрдістің бірі ол қазақ
әдебиетін жан-жақты, жаңа тұрғыдан қарастыра зерттеу, салыстырмалы зерттеу
әдістері мен қазақ әдебиеті тарихын жаңа көзқарас, тың деректермен дәуірлеу
мәселері сонымен қатар кеңестік кезеңде жете зерттелмеген ақын-
жазушыларымыздың асы мұраларын ұлттық тұрғыда қарастыру қызу қолға алынып,
жоғарыда аталынып өткен А.Ж.Жаксылыковтың мысалға келтірген бірнеше ғалым,
зерттеушілерін атап өтуге болады.
Қазақ әдебиетінің тарихын, көне дәуірден бүгінге дейінгі өткен жолын
зер сала қараған адам сол дәуірдің бәрінде де жалғасып үзілмей келе жатқан
бір ұлттық идеяны көреді. Ол – халықтың бірлігі, тәуелсіздік, ешкімге бодан
болмай дербес ел болу идеясы. Сол арқылы халық өзінің намысын, биік
мәртебесін қорғаған. Мұның тегі арғы түрік мұраларынан бастау алатыны
даусыз, Күлтегін жырында кездесетін әкеміз, ағамыз құрған халықтың атақ-
даңқы өшпесін деп, түрік халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым –
деген сөздер сол халық мүддесі жолына өмірін арнаған, жанын да қиюға дайын
батырдың монологы. Осы ұлт мүддесі үшін ол сыртқы жаумен алысады, елінің
тұтастығы мен бірлігін сақтауға тырысады.
Таза қазақтың әдебиеті туған кезде де, хандық дәуірде бұл идея үзілген
де, бәсең тартқан да емес. Бұқар жырау өзінің тілек өлеңінде Желкілдеген
ту келіп, Жер қайысқан қол келіп, Сонан сасып тұрмауды, Алпыс басты ақ
орда, Ардақтаған аяулың, Күнінде біреуге тегін олжа болмауын тіледі. Мұның
бәрі сахарадағы көшпелі елге көз тіккен сырткы көршілерден сақтаудың,
тәуелсіз болу үшін керек бірлік пен ынтымақтың сөздері болатын.
Орыс отаршылдығы кезінде бұл идея ашық та, тұспалдау жолмен де
айтылды. Ашық дейтініміз байырғы қазақ жерін біртіндеп жаулап, елді ата
қонысынан айыра бастаған саясатқа қарсы наразылық сөзі еді. Еділді тартып
алғаны – етекке қолды салғаны, Жайықты тартып алғаны — жағаға қолды
салғаны, Ойылды тартып алғаны – ойдағысы болғаны дегенді Мұрат ақын айтты,
Махамбеттің Жәңгірге қарсы күресінің негізінде отаршылдыққа қарсылық
жатқаны белгілі. Ол да елі, жері үшің қырқысты, Еділ үшін егестік, Жайық
үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық, Тептер үшін тебістік деп тебіренді
Бірақ мұндай ашық күрестің жолы болған жоқ. Ел отаршылдыққа мойын ұсынды.
Бірақ тәуелсіздікті аңсау тоқталмады, Іштен тыну, заманның өзгерісін көріп
торығу – Зар заман сарынын туғызды. Ақындар уытты сөзін Жәңгірге төккен
Махамбетке ұқсап, ел басындағы әкімдерге арнады. Солардың Әбілпейіз,
Абылай – екі асыл сұңқардың (Дулат) ел ұстау дәстүрінен айрылып қалғанын,
жаудың қай жақтан келетінін аңғармай, дұшпанына қызмет істеп отырғанын
сынады. Еспембет сияқты батырлардың өтіп кеткенін, енді ондай ел қорғар
батырлар жоқтығын күңірене жырлады. Абай мен Ыбырай халық басына түскен осы
ауыртпашылықты көрді. Бірақ олар орыстармен ынтымақтаса отырып, солардың
мәдениетін, білімін, ғылымын игеріп, сол арқылы теңдікке, тең тұруға жетіп
барып, тәуелсіздік аламыз деп ойлады, XX ғасырдың басында қазақ киген
отаршылдық қамыты қатайып, мойын бұрғызбай, күшейе түсті. Жергілікті
халықты орыстандыру, шабындык, егіндік, шырайлы жерлерді тартып алып,
Орталық Ресейден әкелінген жерсіз шаруаларды қоныстандыру саясаты жедел
жүрді. Дамудың мешеу күйінде тұрған елді отаршылдық пен ұлттық езгі екі
жақты қыспаққа алды. Қазақ елінің болашағына қауіп төнді.
Мұндай жағдай бір біздің басымызда ғана емес, Ресейге бодан болған
бұратана халықтың бәрінің басына туды. Ресейдің ішкі өмірінде жағдай
ауырлап, наразылық күшейді. Оған капиталистік қарым-қатынастардың
шиеленісуі, империализмнің өрістеуі себепкер болды. Патшашылдыққа қарсылық
ұлғайды. Реакция бұл толқуларға қарсы дөкір саясат ұстанып, халық толқынын
күшпен басуға тырысты. Мұның аяғы XX ғасыр басындағы буржуазиялық
революцияларға алып келгені белгілі. 1905-1907 жылдардағы алғашқы орыс
революциясы тұсында-ақ бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық
жолындағы қозғалыс тасқыны құрсауына енді деп жазды Ә.Бөкейханов.
Осындай, қазақ халқының ояна бастаған тұсында, оның ұлт-азаттық
жолындағы күресі туын берік ұстап, халық өмірінің шындығы мен алдыңғы
қатарлы идеясын жырлаған қоғамдық сананың бір түрі – қазақтың ұлттық
әдебиеті болды. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті Абайдың ағартушылық,
демократтық жолын ұстана отырып, оны саяси күрес идеясымен толықтырды,
отаршылдықты, ұлттық езгіні айыптады, халықтың қараңғылыққа қамалып отырған
күйін керіп күйініп, оны өнер-білім үйренуге шақырды. Орыстың ұлы
революционер-демократы А.И. Герцен XIX ғасырдағы орыс әдебиетінің қоғам
алдындағы еңбегін зор бағалай келіп, бұл әдебиет саяси бас бостандығы жоқ
елде жан ашуын айтатын бірден-бір трибунаға айналды деген еді. Біздің
әдебиетіміз де XX ғасыр басында осындай үлкен қоғамдық міндет атқарды.
Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың осы әдебиеттің басы-қасында
болуы, ұлт мүддесі жолындағы саяси күресті әдебиетшілердің бастауы –
біздің әдебиетіміз үшін үлкен мақтаныш. Қазақ халқының патриархалдық
мешеулікке байланып, орыс отаршылдығының езіп-жанушы күшейген тұсында
қиналған халықтың жан ашуын алдымен осы екеуі айтты. Халқына жаңа сөз
арнады. Бірі сөз тыңдауға салғырт надан халқының құлағына маса боп ызыңдап,
екіншісі бар даусымен оян, қазақ деп жар салды, XX ғасыр басындағы
қазақтың прогресшіл әдебиеті, оның қайраткерлері осы идеядан нәр алды.
Халық бостандығы тақырыбына жыр жазған ақындардың барлығы да Ахмет пен
Міржақыптың кең қолтығының астынан өрбіді. Отаршылдыққа қарсы күрес, елдің
тәуелсіз даму жолына түсуі, алдыңғы қатарлы елдерге теңелу, оқу-білім
үйрену, халық тұрмысының ауыртпашылықтарын ашына сөз ету бүкіл дәуір
әдебиетінің ерекшеліктеріне айналды.
Ахметтің ақындығы 1909 жылғы Петербургте басылған Қырық мысалдан
басталады. Бұл И.А.Крылов мысалдарының аудармасы еді. Алайда, Ахмет
кітабында орыс мысалшысының аудармашысы дәрежесінде қалып қоймады, шығарма
сюжеті мен идеясын қазақ жағдайына ыңғайлап, қоғамдық әділетсіздік пен адам
мінез-құлқындағы ұнамсыздықты тұспалдап айтты, оған қарсы үн таратты. Ал,
Маса (1911. Орынбор) кітабында заман жайлы ойларын көркем бейнелей отырып
жеткізді. Ол ұлт тағдырын, оның бостандығы идеясын, қанау астындағы күйін
шебер суреттеп, адам бойындағы азаматтық сезімді, намысты оятуға қызмет
етті.
Бүкіл өзінің саяси-қоғамдық, ағартушылық және әдеби-публицистік
қызметінде Ахаңның қасында болған идеялас жолдасы, сенімді досы және інісі
Міржақып Дулатов еді. Бұл екеуінің өмірінде де ұқсас жайлар көп. Екеуі де
орыс мектебінде білім алып, ауылдық мектептерде мұғалім болудан бастады.
Елді оқу-білімге үгіттеп, патша әкімшілігінің зорлық-зомбылығына қарсы
күреске дайындады. Екеуінің саяси-революцияшылдық қызметі де басталды. 1905
жылғы орыс революциясы күндері Қарқаралыда болған халықтық демонстрацияға,
Оралдағы конституциялық-демократиялық партияның сьезіне қатысты. Міржақып
сол съездің жұмсауымен 1906 жылы Петербургке барып, Серке атты қазақша
газет шығаруға араласты. Газеттің 1907 жылғы бірінші санында Жастарға
деген өлеңін бастырды, екінші санында Біздің мақсатымыз атты мақала
дайындады. Онда Қазақстанда 1905 жылы демонстрация кезінде патша өкіметінің
атына айтылған талап-сындар жазылғандықтан, газет конфескеленіп, таратылмай
өртеніп кетті. Полиция күзетінің мәліметінде мақала Қазақ халқын
жергілікті және орталық өкіметке қарсы қою рухында жазылған делінген.
Дулатовтың ақындық публицистік қызметі де осы тұстан басталады. 1909
жылы ол атақты Оян, қазақ! атты өлеңдер кітабын жариялады, 1911 жылы
қайта басылған кітапты патша әкімшілігі конфескелеп, баспаға айып салды,
авторын түрмеге жапты. Петербургтегі баспасөз істерінің кеңесшісі В.Д.
Смирнов кітапты оқып отырып, оның мазмұнын Серке газетінің екінші
санындағы мақалаға ұқсастық тапқан.
Осы сияқты қуғынға қарамастан, М. Дулатов өзінің әдеби-публицистік
қызметін тоқтатқан жоқ. Бақытсыз Жамал атты роман (1910), Азамат(1913),
Терме(І915) кітаптарын жариялады.
Түрмеге бір түсіп, бір шығып, өмірін қуғын астында өткізген ол ақыры
1913 жылдан бастап Орынборға тұрақтап, Ахметпен бірге Қазақ газетін
шығарысты.
Ахмет пен Міржақып шығарған Қазақ газеті олардың көркем
туындыларында көтерген идеяны ашық публицистика тілімен халыққа тікелей
жеткізуге қолайлы жағдай туғызды. Олар сол бір аласапыран тұста қазақ
халқының тағдырына қатысты оқиғаларға өз көзқарастарын ашық білдіріп
отырды. Қазақ қоғамының дамуында ұлттық демократиялық бағыт ұстанды. Патша
саясатының қатал сыншысы болды. Бірақ орыс халқына теріс көзқарас ұстанған
жоқ. Ұлтаралық сөзге, іске бармады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерлісіне,
майданға солдат беру мәселесіне, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің
мақсат-міндеттері жайлы әңгімелерге қатысты ой-пікірлерінде олардың үлкен
азаматтық, қайраткерлік тұлғасы танылады. Осындай мақалаларды бірге
жазысқан Ә.Бекейханов та қайраткерлігіне қоса әдебиет мәселесін жетік
білетін адам еді. Оның әдеби-сын мақалалары, зерттеулері әдебиеттік
фактілер негізінде қазақ халқының ұлттық мүдделерін корғау идеясына
құрылды.
Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, елін
ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей
ширықтырған, етек-жеңін жиғызған. Қазақ газеті болатын деп М.Әуезов
тегін жазбаған.
Қазақ газеті ұлт-азаттык қозғалысының бостандық үшін күрес идеясына
ұласуына зор әсер етті. Алашорда кұрылған тұста тәуелсіз мемлекеттің
идеологиясына негіз болған осы идеялар еді. Ахмет пен Міржақып идеясы елді
оятты. Алдымен ойы бір, ақылы бір жас таланттар оянды. Олар ұстаздарының
ісін жалғастырып алып кетті. С.Торайғыров, М.Жұмабаев, С.Дөнентаев,
М.Сералин, С.Көбеев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов сияқты
бірін-бірі толықтыра шыққан жастар тобы әдебиеттің жанрлық, тақырыптық
ізденістерін байытып, қазақ халқы өмірінің шындығын кең көлемде бейнелеуге
жетті. Елдің артта қалушылығын сынап шеней отыра, отаршылдық езгіге қарсы
үн көтерді, тәуелсіздіктің туын биік ұстауға тырысты. Бұл салада
Сұлтанмахмұттың таланты айрықша танылды. Ол Алашорда көтерген идеяның
жауынгер жақтаушысы болды. Ұлт көсемдерінің соңынан еріп, қазақ халқына
атар таң, келер жарық, сәуле, нұрды солардың есімімен байланыстырды.
“Таныстыру” (1918) поэмасында “Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов... бірі –
Күн, бірі – Шолпан, бірі Айым” деуінің де сыры осында. “Әлиханның Семейге
келуі” (“Сарыарқа”, 1917. 30 қазан, 1З қараша) атты мақаласында
Сұлтанмахмұт елдің “еңбегі сіңген ерін” күтіп алғанын суреттей келіп: “Ол
ері – елі үшін құрбандыққа жанын берген, бит, бүрге, қандалаға қанын
берген, көрдей сасық ауа, темірлі үйде алаш үшін зарығып бейнет көрген,
басқан аяқ кер кеткен заманда жасымай алашына қызмет еткен, болса да қалың
тұман, қараңғы түн, туатын бақ жұлдызына көзі жеткен, түймеге жарқылдаған
алданбаған, басқадай бір басы үшін жалданбаған, қайткенде алаш көркейер
деген ойдан басқа ойды өмірінде малданбаған Әлихан Нұрмұхамед ұлы
Бөкейханов еді”, – деп жазды. Осы сөздердің өзі-ақ Сұлтанмахмұттың Әлихан
бастаған іске тілектестігін танытады. Ол Алашорда құрылған күндері “Алаш
ұранын” жазып, патшаның құлауына, елдің автономия алуына қуана үн қосты.
Сұлтанмахмұт шығармашылығы ақынның заман туралы үлкен толғанысынан туады.
Әсіресе, оның романдары реалистік өнердің күшімен XX ғасыр басындағы қазақ
елі өміріндегі қайшылықтар мен рухани сілкіністі кең бейнелейді. “Қамар
сұлуда” ол қазақ әйелінің тағдырына үңіле отырып, ескі ауылды құрт аурудай
есеңгіреткен, тоздырып бара жатқан қараңғылықты, әдет-ғұрыптың кертартпа
жақтарын ашына сынай суреттесе, Кім жазықтыда” қазақ қоғамы жайлы ойларын
ел билігін ұстаған адамдардың әрекеті арқылы көрсетеді. Әжібайды жаңалық
атаулыға бөгет болып, ескі тіршілікті бар күшімен қорғап отырған
ауыртпалықтың шындық бейнесіне айналдырады. Ақынның “Шындықтың аулын іздеп
шығуы да” заман, уақыт әсері.
Жүсіпбек пен Мұхтардың алашқа қатысы, тілектестігі бұрыннан белгілі.
1918 жылы Семейде Алашорда жұмысына араласып, екеуі “Абай” атты журнал
шығарды, елдіктің, тәуелсіздіктің туын көтерген өлең, әңгімелер, мақалалар
жариялады, Жүсіпбектің Ұран, Әскер марсельезасы өлеңдері сол тұста
жазылған. Олар қазақ халқының азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресінің
ұранына айналды. Патша құлағаннан кейінгі үмітін ақын Алашордаға артты.
Жүсіпбек пьесалары мен романдары қазақ халқының ел болуын, тәуелсіздік
жолымен дамуын, оның оянып, есейіп келе жатқан жаңа адамдарын бейнелеу
мақсатын көздеді. Ол шын мағынадағы европалық үлгідегі бірінші қазақ
романын жазды, Қартқожа мен Ақбілек арқылы халық ішінен шығып, ұзақ
өмір талқысынан өтіп барып жолын тапқан жас ұрпақтың өкілдерін көрсетті.
1917 жылғы бір мақаласында Мұхтар Әуезов: Қазақтың ұлттық қалпы
өзгерілді, Тізгін мақсұты басқа, ниеті шалғай, суық бауыр жаттың қолына
тиді... Кемеңгер билердің заманы құрып, адамды мал мен пұлға сатып алатын
заманға киліктік, – деп жазыпты ( Алаш, 1917. 30-наурыз). Автор ұзақ
жылдар бойы отаршылдықтың халықтың мінез-құлқына, әдет-ғұрпына жасаған
өзгерістерін құлдық психологияны, ұйымсыздық, ұсақтық, рушылдық, жікшілдік,
парақорлық, арызқойлық, әйел халіне теріс көзқарас сияқты кеселдерді атап
көрсетті. Ол кеңес үкіметінің алғашқы шараларға осы жағдайды түзеуге
пайдаланбақ болды. Жаңа жағдайда отаршылдық көзқарастың жалғасуына,
заманның келеңсіз өзгерістеріне наразылығын Семейде, Орынборда кеңес
жұмыстарына қатысып жүргенде-ақ талай байқатқан. Сондықтан да қазақ обкомы
оған: Партия жұмысына дұрыс қарайды, бірақ тәртібі нашар. Ұлтшылдықпен
ауырады, ұлт мәселесін өзінше түсінеді. Революция ісін тұтас бір ұлттың
мүддесіне пайдалануға тырысады, – деп мінездеме берген. Бұл жағдай
М.Әуезовтің Орынбордағы партия ұйымы басшыларымен келісе алмай, партия
билетін тапсырып, Ташкентке кетіп қалуына себеп болған. 1926 жылдың өзінде
Қаракөз пьесасының прологында көпті көрген Тарих деген шалдың атынан
айтылған монологта жазушы заман өзгерістеріне сыншылдықпен қарап, қазақтың
ертедегі еркін өмірін қызықтайтынын білдірді. Сарыарқадай, сары жайқын
даланың кешегі бір кезде өскен сері жігіт, еркін кызы шығады. Хан – қара,
би мен бек, ана мен баланың қиялын тербеткен жыршысы шығады. Заманның
жігіт, еркетотысы келеді, танырмысың, танымассың. Ол аса бір соққан желдей,
алыста сары белдей, Арқаның ақ төсінде ақ айналы көлдей толықсып аққан
селдей, шырқап кеткен келмей, алыстағы асқардай, алқынсаң да келмейтін
аршындап өткен заман ғой. Сол күн есіңде қалмады ма екен? Жасыл бел басына
тіккен ала туды ұмытты ма екен? Қайғылы сары өзен сыбызғы үнін ойлай ма
екен?
Бүгін дала жай болып сарылған, бүгінгі ән мұңайған, жүдеу, қаралы жел
шалқып еспей күңіренеді, домбыра күй тартпайды, жылайды, қыз ән шырқатпай
сыбырлайды, – дейді Тарих-шал сахнаға шығып.
Халықтың дербестігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Шортанбай - қазақ әдебиетіндегі зар заман дәуірінің көрнекті өкілі
Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі. Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңдерін сипаттау
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Ежелгі дәуір әдебиеті жалпы қазақтың емес күллі Түркі жұртынның мәңгі мұрасы
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Пәндер