Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау және олардың әкімшілік-құқтық мәртебесі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1.тарау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкерлер ұғымы жӘне олардың Әкімшілік.құқықтық мӘртебесінің негіздері
1.1. Мемлекеттік қызметкерлер ұғымы және оладың санаттары
1.2. Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік.құқықтық мәртебесінің негіздері

2.тарау МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУҒА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1. Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау тәсілдері
2.2. Мемлекеттік қызметті өткеруді әкімшілік.құқықтық реттеу

Қорытынды
Пайдаланылған Әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел болып таңылған соң, алғашқы он жылдығынан соң оның болашақ экономикасының шекарасы көріне бастады. Жаңа индустриялы елдер қалыптасып, бұрынғы алыптар ел экономикасына сай қайта қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасы Жапония және Еуропа елдерінің нарығын қайталай отырып тиімді экономиканы әрі қарай жалғастыру қажет.
Кадрлық қызметті бағалау – кадрлық қызмет бағдарламасымен байланысты шығындар мен табыстарды өлшеуге бағытталған нақты қалыптасқан жүйелік процесс. Бұнда ұйымның нәтижесі оның бұрынғы көрсеткіштерімен салыстырылады.
Ұйымдағы персоналдардың еңбегін бағалау бұл персонал қасиеттерінің қызмет орны талаптарына сәйкес келуін бекітетін мақсатты процесс. Персоналдардың тиімділігін бағалау қызметкерлердің мамандығына және оның нәтижелерінің ерекшеліктеріне негізделген.
Ұйым өз қызметкерлерін олардың қызметінің тиімділігін жоғарлату және профессионалдық даму қажеттіліктерін анықтау мақсатында бағалайды.
Адамның экономикалық және ғылыми-техникалық жағдай талаптарына сәйкес келуі ұйымдар экономикасының тиімділігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да қазіргі заманда негізгі мақсат ұйымдардағы басқару қызметін жетілдіру және оларды бағалау болып отыр.
Мемлекеттік ұйымдарда басқару қызметі адамның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған негізгі мақсатқа жетуге ынталандырады. Мемлекеттік қызметтің тиімділігі және сапасы ең алдымен мемлекеттік қызметкерлерге және олардың роліне байланысты.
Мемлекеттік қызметтің өз деңгейінде іске асырылуы, мемлекеттік қызметкерлерге оның қажеттілігін түсіндіру білім беру саласымен қатар жүреді. Сондықтан да Н.Ә.Назарбаев өзінің 2007 жылдың 1 наурызындағы “Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан” атты Жолдауында кадрларды дүниежүзілік стандартқа сәйкес қайта даярлаудың маңыздылығын көрсеткен. Мұнда
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Н.Ә.Назарбаев “Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан” Жолдау 1.03.2007ж.
2. “Қазақстан - 2030” Даму стратегиясы.
3. Мемлекеттік басқарушылық қызметшілерді аттестациядан өткізу Ережесі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы №327 Жарлығы.
4. К.Маркс, Ф.Энгельс, Сочинение второе издательства, том 23,343 стр.
5. Г.Р.Кремнев, “Управление производительностью и качеством”, Москва, Инфра-М., 2000 год, 206-207 стр.
6. Г.Х.Попов, “Оценка работников управления”, Москва, 1976 год, 351 стр.
7. М.К.Соляник, “Оценка эффективности управления предприятием”, Сборник научных трудов Кузбасского политтехнического института, 1990 год, №30, 52-98 стр.
8. Г.В.Моисеев, А.Д.Ремесник, Г.А.Шевина, “Эффективность работников управления”, Киев, 1989 год, 202 стр.
9. Е.Ситников, “Человеческий капитал и его использование в экономике”, Журнал “Саясат”, №2, 2004 год, 19-22 стр.
10. Учебное пособие “Экономика, организация и управление предприятием”, Москва, 2004 год,148 стр.
11. Е.В.Маслов, “Управление мемлекеттік қызметкером предприятия”, Москва, 2001 год, 121-145 стр.
12. Д.М.Иванцевич, А.А.Лобанов, “Человеческие ресурсы управления”, Москва, 1993 год, 26-58 стр.
13.Учебник, “Экономика рынка”, Москва, 2003 год, 98-102 стр.
14.Учебник, “Рынок труда”, Москва, 1999 год,26-32 стр.
15. Ю.Н.Дубровский, “Совершение организации труда. Научная организация рабочего места”, Москва, 1976 год, 12-28 стр.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1-тарау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкерлер ұғымы жӘне
олардың Әкімшілік-құқықтық мӘртебесінің негіздері
1.1. Мемлекеттік қызметкерлер ұғымы және оладың санаттары
1.2. Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері

2-тарау МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУҒА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1. Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау тәсілдері
2.2. Мемлекеттік қызметті өткеруді әкімшілік-құқықтық реттеу

Қорытынды

1 Пайдаланылған Әдебиеттер

2 КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел
болып таңылған соң, алғашқы он жылдығынан соң оның болашақ экономикасының
шекарасы көріне бастады. Жаңа индустриялы елдер қалыптасып, бұрынғы алыптар
ел экономикасына сай қайта қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасы
Жапония және Еуропа елдерінің нарығын қайталай отырып тиімді экономиканы
әрі қарай жалғастыру қажет.
Кадрлық қызметті бағалау – кадрлық қызмет бағдарламасымен
байланысты шығындар мен табыстарды өлшеуге бағытталған нақты қалыптасқан
жүйелік процесс. Бұнда ұйымның нәтижесі оның бұрынғы көрсеткіштерімен
салыстырылады.
Ұйымдағы персоналдардың еңбегін бағалау бұл персонал қасиеттерінің
қызмет орны талаптарына сәйкес келуін бекітетін мақсатты процесс.
Персоналдардың тиімділігін бағалау қызметкерлердің мамандығына және оның
нәтижелерінің ерекшеліктеріне негізделген.
Ұйым өз қызметкерлерін олардың қызметінің тиімділігін жоғарлату
және профессионалдық даму қажеттіліктерін анықтау мақсатында бағалайды.
Адамның экономикалық және ғылыми-техникалық жағдай талаптарына сәйкес келуі
ұйымдар экономикасының тиімділігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да қазіргі
заманда негізгі мақсат ұйымдардағы басқару қызметін жетілдіру және оларды
бағалау болып отыр.
Мемлекеттік ұйымдарда басқару қызметі адамның материалдық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған негізгі мақсатқа жетуге
ынталандырады. Мемлекеттік қызметтің тиімділігі және сапасы ең алдымен
мемлекеттік қызметкерлерге және олардың роліне байланысты.
Мемлекеттік қызметтің өз деңгейінде іске асырылуы, мемлекеттік
қызметкерлерге оның қажеттілігін түсіндіру білім беру саласымен қатар
жүреді. Сондықтан да Н.Ә.Назарбаев өзінің 2007 жылдың 1 наурызындағы
“Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан” атты Жолдауында кадрларды дүниежүзілік
стандартқа сәйкес қайта даярлаудың маңыздылығын көрсеткен. Мұнда сонымен
қатар мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құрастыру бағытында азаматтарға
ұсынылатын қызметтің тиімділігі мен сапасын ескере отырып, мемлекеттік
қызметкерлерді бағалаудың қажеттілігін атап өткен.
Бағалау жүйесін таңдағанда оның персоналдарды басқарудың басқа
жүйесіне, мысалы, компенсацияға, мансапты жоспарлауға, профессионалды
оқытуға тиімділікке қол жеткізу мақсатында және келіспеушіліктердің алдын
алу мақсатында сәйкес келуін талдау қажет болып отыр.
Біздің еліміздегі персоналдардың қызметін жетілдіру, оларды
бағалау мәселелері шетелдік ғалымдарымыз М.Месконның, М.Альберттің,
В.Ю.Озирдің еңбектерінде, ресей ғалымдарымыз И.Н.Герчинованың,
Е.В.Масловтың, А.Е.Лобановтың, Ю.Н.Дубровскийдің және тағы да басқалардың
еңбектерінде қарастырылған.
Дегенмен де персоналдың және оларды бағалау жүйесінің кәсіпорын
тиімділігінде алатын орнын ескерсек, бұл мәселенің шешімін жетілдіру жолы
әлі де үлкен зерттеуді қажет етіп отыр. Мемлекетке қызмет көрсететін
персоналдарды бағалау, бағалауды жетілдіру жолдары қазақстандық
экономистердің әдебиетінде әлі де жеткілікті дәрежеде қарастырылмаған.
Сондықтан да осы диплом жұмысында осы мәселелерді қарастыруды мақсат етіп
қойдық.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
қызметкерлердің қызметін бағалау және тиімді қолданылуына ұсыныстар беру.
Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылды:
персоналдың, яғни мемлекеттік қызметкерлердің атқаратын қызметінің
жетілдіру жолдарын қарастыру;
персоналдардың, яғни мемлекеттік қызметкерлерді бағалауға талдау жасау;
мемлекеттік қызметкерлерді бағалаудың тиімділігін арттыруға ұсыныстар
жасау.
Дипломдық жұмыс обьектісі: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
қызметкерлерді бағалау тәсілдері және олардың қызметтерін жетілдіру
бағыттары.
Дипломдық жұмыстың зерттеу заты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік
саясаты мен мемлекеттік қызметкерлері арасындағы байланыс.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан және 2 сызбадан тұрады.

тарау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкерлер ұғымы жӘне
олардың Әкімшілік-құқықтық мӘртебесінің негіздері

Мемлекеттік қызметкерлер ұғымы және оның санаттары
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықтың субъектілері ретінде
демократия мен құқық негізнде экономика, әлеуметтік мәдениет және әкімшілік-
саяси аяларын басқару, қазақстан мемлекеттілігін нығайту және қоғамды
реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарды. Елімізде
қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жатқан қайта құруға
байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа
талаптар туғызды. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында мемлекеттік
аппараттың қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың міндеттеріне
толығынан сай келмейтін болғандықтан мемлекеттік қызметті реформалаудың
қажеттігі пайда болды Реформалаудың мақсаты қазіргі және келешектегі саяси
және экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын қабілетті жаңа үлгідегі
мемлекеттік аппарат, жоғары кәсіби білікті, құзіретті, тиімді және тәртіпті
аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік қызметшілердің тиісті әкімшілік-
құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды.
Соңғы кезге дейін заңнамаларда мемлекеттік қызмет ұғымыныңы
түсінігі болмады. Заң әдебиеттерінде бұл ұғымға мемлекеттік ұйымдардың
(органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және т.б) қызметшілерінің
қызметтік лауазымдарына сәйкесмемлекеттің міндеттері мен функцияларын
жүзеге асыруға бағытталған және мемлекет ақы төлейтін еңбек қызметін
орындауы жатқызылды. Сонымен кез келген мемлекеттік ұйымдағы барлық
қызметшілер мемлекеттік қызметшілер болып саналады.
Мұндай жағдай 1995 ж. дейін сақталып келді. Қазақстан Республикасының
1995ж. Конституциясы мемлекеттік қызметке кірудің және мемлекеттік қызметші
лауазымына үміткерге қойылатын негізгі қағиданы белгіледі. 1995 ж.
желтоқсанда Қазақстан Республикасысы Президентінің Мемлекеттік қызмет
туралы заң күші бар жарлығы шықты-бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке
арнайы арналған бірінші норматитві құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі
қолданыстағы 1999ж. 23-шілдеде қабылданған.
Мемлекеттік қызмет туралы заңмен және оған өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды.
Аталған заңда мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет ұғымдарына
жаңа мән-мағына берілген. Мемлекеттік қызметшілерге тек мемлекеттік
органдарда, кез келген мемлекеттік ұйымдарда емес, мемлекеттік лауазымдық
қызмет атқаратын адамдар жатады.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды жасақтау мақсаттарына
қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Мемлекеттік саяси
қызметші-тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси- айқындаушы
сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап
беретін мемлекеттік қызметші.
Саяси лауазымдар:
Қазақстан Республикасы Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси
қызметшілер, олардың орынбасарлары;
Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары және Парламент
Палаталарының Төрағлары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси
қызметшілер, олардың орынбасарлары;
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот аппаратының басшысы, оның орынбасарлары;
Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын
мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын
лауазымдар жатады. Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар
да жатқызылуы мүмкін.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші-мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына
кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық
өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлкеттік қызметші. Сонымен мемлекеттік
қызметшілерді жоғарыдағыдай екі топқа бөлудің негізгі мақсаты мемлекеттік
қызмет аясында демократияландыруды қамтамасыз ету, саяси қызметке
тағайындалатындардың шегін белгілеу, оларға байланысты кәсіби
қызметшілердің ауысуларын болдырмау, сөйтіп мемлекеттік аппараттың қалыпты
жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оның тиімділігін арттыру. Мемлекеттік
лауазымдардың осылай бөлудің негізінде аталған заңда мемлекеттік қызмет
ұғымының анықтамасы берілген. Мемлекеттік қызмет- мемлекеттік
қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен
функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару
жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық
мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселенегізгі
болып табылатындығымен айқындалады. Тек мемлкеттік аппарат реформаларды,
жаңа идеялар мен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті, бірақ басқару
қызметінде болатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір
бөлігінің қабілетсіздігімен, кей кезде тіпті реформалық бағдарламаларды
қабыл алмауымен, одан бетер-олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты
екендігі белгілі. Мемлекеттің мықты кадр потенциалын тиімді етіп пайдалану-
алғы шепте тұратын жалпыұлттық міндет. Әр түрлі саясаткерлер келеді,
кетеді, ал мемлекеттік басқару машинасы барлық жағдайларда да қалтқысыз
жұмыс істеуге тиіс. Мемлекеттік қызметті реформалау жөніндегі жүргізіліп
жатқан шаралар мемлекеттік аппараттың дәл, ұтымды және үнемді қызметін
қамтамасыз етуге, оны партиялық немесе топтық мүдделерге пайдалану
мүмкіндігін болдырмауға бағытталған.
Мемлекеттік қызметтің принциптері мемлекеттік қызметті ұйымдастыру
мен қызмет атқару жүйесіндегі аса маңызды заңдылықтарды белгілейді. Олар
мемлекетттік қызметтің жүйесінде пайда болатын қатынастардың
маңыздылығын,заңдылығын және әлеуметтік құндылығын қамтиды. Мемлекеттік
қызметтің жүйесінде пайда болатын қатынастардың маңыздылығын, заңдылығын
және әлеуметтік құндылығын қамтиды. Мемлекеттік қызметтің құқықтық
принциптерінің болмауы зорлық-зомбылыққа, ең жаман мағынадағы төрешілдікке,
бытыраңқылыққа, заңсыздыққа,әділетсіздікке әкеп соғады.
Мемлекеттік қызмет туралы Заңда мемлекеттік қызметтің төмендегідей
принциптері белгіленген.
1. Заңдылық принципі мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін
атқарған және олардың құқықтарын қамтамасыз еткен кезде ҚР-сы Конституциясы
мен заңдарының өзге нормативтік құқықтық актілерден жоғары күші
болатындығын білдіреді. Бұл Конституцияның 4-бабының екінші тармағы ел
Конституциясының ең жоғары заңдық күші бар және ол Республиканың бүкіл
аумағында тікелей қолданылады деген қағидаға негізделеді.Конституция
мемлекеттің Ата заңының- оның Конституциясының ең жоғары заң күші болатын
жүйе құруды болжайды, ал барлық өзге нормативтік құқықтықактілер соған
сәйкес болуға тиіс.
Мемлекеттік қызметші құқықтық актілерді, азаматтардың құқықтарын
қатал сақтауға, оларды жүзеге асыру мен қорғау үшін барлық қажетті
мүмкіндіктерді жасауға міндетті.
Заңдылық идеясын іске асырудың мынадай бағыттарын атап айтуға болады:
қызметші азаматтар мен ұйымдардың заңдарды орындауына қол жеткізуге тиіс,
оның өзі заңдарды сақтауға тиіс, оның құқықтары қорғалатын болуға тиіс.
2. Қазақстандық патриотизм принципі, (гректің patriotes- отандас,
patris-отан дегені) - мемлекеттік қызметшінің өз Отанын, халқын
сүйетіндігін, оларға деген терең сезімін, берілгендігін, Республиканың
тәуелсіздігін нығайтуға, онда өркениетті демократиялық қоғам құруға, елдің
экономикасы мен мәдениетін, ең алдымен өз халқының тілі мен дінін дамытуға
бар білімі мен күш жігерін аянбай жұмсайтындығын білдіреді.
3. Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына
бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастық принципі.
Бұл Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол аталған тармақтардың
тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау
принципіне сәйкес жүзеге асырылады дегн Конституцияның 3-бабының 4-
тармағына негізделген.
Сонымен бірге бұл биліктің әрбір тармағының атқаратын қызметінің
аражігін ажыратуды, нақтылап белгілеуді көздейді. Олардың әрқайсысының
белгілі бір шамада дербес болатынын, өз функцияларын орындағанда
белгіленген шекте тәуелсіз екендіін білдіреді. Солай бола тұра бұл
принциптің мәнінен мемлекеттік қызметшінің заң шығарушы (өкілді) органның
депутаты болуғақұқы болмайтындығы туындайды. Немесе керісінше: депутаттар
мемлекеттік қызметте бола алмайды.
4. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің
мемлекет мүдделері алдындағы басымдық принципі. Бұл Қазақстанның
заңнамаларындағы жаңа ереже мемлекеттік қызметшілердің адам мен азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын білуге, сақтауға және қорғауға міндеттейді.
Қазақстанда құрылып жатқан құқықтық мемлекет үшін адамның ең қымбат қазына
екендігін тану және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарымен заңды
мүдделерін бұзуға әкеліп соқтыратын іс-әрекеттері үшін Мемлекеттік қызмет
туралы заңда қаралған барлық мемлекеттік қызметшілердің жауапкершіліктері
болмай қалмайтындығы міндетті болуға тиіс.
5. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы
бар принципі Конституцияның 33-бабының 4-тармағында бекітілген. Оның мәні
мынада, меммлекеттік қызметке қабылдаған кезде
нәсіліне,жынысына,ұлтына,тіліне,әле уметтік тегіне,мүліктік және лауазымдық
жағдайына, тұрақты тұратын жеріне, дініне, иланымына, қоғамдық
бірлестіктерге қатыстылығына байланысты қандай да болсын тікелей немесе
жанама шектеулер қоюға болмайды. Мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігі
Қазақстанның азаматы болуына, жасына және мемлекеттік қызметшілер үшін
қойылатын басқа талаптармен ғана байланысты.
6. Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі принципі
ҚР- сы Конституциясының 24-бабының 1-тармағында бекітілген әркімнің еңбек
ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы барлығына
негізделеді.
7. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік және жоғары біліктілік
принципі мемлекеттік лауазымның бос орнына (вакансияға) кандидатты
іріктеген кезде пайдаланылатын негізгі белгілер. Басымдық ең лайықтыға,
жақсы дайындығы барға, мамандығы бойынша жұмысының көп өтілі барға, іс
жүзінде өзінің ұйымдастырушылық қабілеттілігін көрсеткенге беріледі.
8. Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу
принципі ҚР-сы Конституциясының 24-бабының 2-тармағында бекітілген
әркімнің өз еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар
деген ережеге негізделеді.
9. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз
өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік
қызметшілер үшін міндеттілік принципі Қазақстан мемлекеттілігінің негізгі
бастауларының бірі болып табылады. Ол мемлекеттік биліктің біртұтастылығына
және заңның жоғары күші болатынына, төменгі органдардың жоғарғы оргнадрға
бағыныстылығына негізделеді. Осының арқасында мемлекеттік механизмнің
барлық буындарында атқарушылық тәртіп үшін шынайы жағдайлар жасалынды.
10. Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болу және есептілік принципі
мемлекеттік қызметтегі тәртіпті нығайтудың, мемлекеттік қызметшілердің
өздерінің міндеттерін ойдағыдай орындауын қамтамасыз етудің, олардың сол
үшін жауапкершіліктерін арттырудың аса қажетті және тәжірибеде сыналған
пайдалы тәсілдері.
11. Қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру принципі мемлекеттік
қызмет туралы заңнамалардың ашық болуын, мемлекеттік органдарға қол
жетерлік болуын және олардың мемлекеттік қызметшінің тағдыры, құқықтық
жағдайы туралы мәселелерді оның ырзашылығымен және келістілігімен шешулерін
болжайды. Жариялылықты кеңейтпейінше, қоғамдық пікірді ескермейінше,
бақылау үшін ашық және қолжетушілік болмайынша мемлекеттік қызметшілердің
шынайы бақылауда болуы мүмкін емес. Мемлекеттік органдардың бірде бір
қызметкері бақылаудан, сыннан тысқары қалуы тиіс емес.
12. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалу
принципі олардың қалыпты қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайлар туғызуды,
қызметтік міндеттерін орындауға тосқауыл болатын кедергілерді жоятын тиісті
шаралар қолдануды көздейді. Қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық
қорғалуы: олардың еңбегінің беделін көтеруді, айтарлықтай жоғары еңбек ақы
төлеуді, еңбек етуге, демалысына қалыпты жағдай туғызуды, мемлекеттік
сақтандыруды, қызмет жөнінен өсуді болжайды.
13. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы
атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін
көтермелеу принципін жүзеге асыру шаралары Мемлекеттік қызмет туралы
заңның 23-бабында қаралаған.
14. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не
тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін
жеке жауаптылық принципі мемлекеттік тәртіпті күшейтуге мемлекеттік
қызметшілердің тапсырылған жұмыс үшін жеке жауаптылық сезімін
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
15. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз
жүргізу принципі қызметшілердің тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта
даярлануын, кәсіби денгейі мен біліктілігін арттыруларын, арнайы оқу
орындарын ұйымдастыруды, т.б болжайды.
Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол
берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде
заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық
бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.
Мемлекттік қызметшілердің атқаратын міндеттері мен функциялары, олардан
саяси және діни алаламаулықты талап етеді.

Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері

Мемлекеттік қызметтің мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық
актілердің аумағы мен мазмұны мемлекеттік-қызметтік қатынастардың пайда
болуының және іске асырылуының мүмкіндіктерімен алдын ала анықталады. Бұл
жерде ең алдымен лауазымға орналасуға және мемлекеттік қызметшілер
өздерінің өкілеттіліктерін жүзеге асыруға байланысты мәселелерді шешкенге
дейін, мемлекеттік билік органдарының жүйесі мен олардың ішкі (ұйымдық-
штат) құрылымын анықтау, мемлекеттік лауазымдардың тізбесін бекіту және
оларды санаттар мен топтар бойынша жіктеу, әрбір лауазым бойынша
өкілеттліктер мен функциялардың көлемін, сондай-ақ осы лауазымдарға
орналасматын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарды
(білімі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі мен тәжірибесі жөнінен) белгілеу
қажет екендігі еске алынып отыр.
Мемлекеттік - қызметтік қатынастардың қатысушысы ретінде мемлекеттік
қызметшінің құқықтық жағдайын анықтаған кезде заңнамаларда: оның құқықтары,
міндеттерімен кепілдіктері; мемлекеттік қызметпен байланысты шектеулер;
көтермелеу және жауаптылық белгіленуі тиіс.
Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері де құқықтық нормалармен
реттелінеді: мемлекеттік қызметке кіру; бос лауазымдарға орналасу
тәсілдері; мемлекеттік қызметішіні аттестациялау; біліктілік дәрежелерін
беру; мемлекеттік қызметті тоқтату.
Мемлекеттік-қызметтік қатынастарды іске асырудың қажетті алғы шарты
мемлекеттік қызметте азаматтарды қабылдауды, сондай-ақ оларды лауазымдарға
тағайындау мен ауыстыруды, мемлкеттік қызметте болған кезде оларға
біліктілік дәрежелер (әскери және арнайы атақтар, сыныптар, шендер,
дипломатиялық рангілер) беруді жүзеге асыру үшін құқық берілетін нақты
нақты мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарды белгілеу болып табылады.
Мемлекеттік органдардың кадрлар жөніндегі жұмысының маңызды элементі-
мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асыру. Кадр саясаты заңдарда, өзге
нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі және солар арқылы іске
асырылады. Кадр саясатының жетістігі мемлкеттік аппараттың сапасымен, оның
заңнамаларды атқарумен, атқарушылық тәртіптілігімен тікелей байланысты.
Мемлекеттік қызмет туралы заңдар Конституциядан, Мемлекеттік қызмет
туралы заңнан, ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Мемлекеттік қызметті құқықтық реттеуде ҚР-ның Конституциясы маңызды
роль атқарады. Онда мемлекеттік басшы лауазымдарға адамдарды қызметке
тағайындау (сайлау) және қызметтен босату туралы Президенттің,
Парламенттің, оның палаталарының және Үкіметтің құзіреттері белгіленген.
Мемлекеттік қызмет туралы заң мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың
құқықтық негіздерін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайының
негіздерін және мемлекеттік қызметті өткерудің тәртібін белгілейді. Заңның
негізгі мақсаты- мемлекеттік қызметтің біріңғай жалпы мемлекеттік құқықтық
негізін жасау, оған кәсібилік сипат беру. Заң төрешілдікпен, сыбайлас
жемқорлықпен, шенеуніктік зорлық-зомбылықпен, жеке адамға берілгендік
принципі бойынша кадр іріктеп алу практикасымен күресу үшін құқықтық
негізді дамытуға мүмкіндік туғызады. Ол мемлекеттік қызметшілерге, олардың
міндеттеріне тек талаптарды арттыруға ғана емес, сонымен бірге ошлардың
құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге де бағытталған.
Заңда көп жаңа маңызды ұғымдар бар: мемлкеттік лауазым, мемлекеттік
қызмет, мемлекеттік қызметші, біліктілік дәреже деген не екендігі және
басқалар туралы. Ол мемлекеттік қызметте орналасқысы келетін немесе
орналасқан азаматтарға қойылатын талаптарды күшейте түскен: арнаулы
білімс, аттестациялау, біліктілік емтихан, қатал тәртіптік жазалар жүйесі
жете қабілеттілігі жоқ немесе қара ниет қызметшілердің жолына қатаң
кедергілер жасауға толық мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызмет туралы заң барлық мемлекеттік қызметшілерге
қолданылады, бұған Конституцияда, конституциялық заңдарда немесе өзге де
заң актілерінде олар үшін өзгедей құқықтық мәртебе белгіленген жағдайлар
қосылмайды.
Жекелеген мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтің
ерекшеліктерін реттейтін бірнеше заңдар бар. Оларға, мысалы, ҚР-ның ішкі
істер органдары туралы 1995ж. 21-желтоқсандағы, Авриялық құтқару және
құтқарушылардың мәртебесі туралы 1997ж. 27-наурыздағы, ҚР-ның
дипломатиялық қызметі туралы 2002ж. 7-наурыздағы, ҚР-ның қаржы полициясы
органдары туралы 2002ж.4-шілдедегі, Әскери міндеттілік және әскери қызмет
туралы 2005ж. 8-шілдедегі, т.б Заңдар жатады.
Мемлекеттік қызметтің бірқатар мәселелері бойынша ҚР-сы Президентінің
Жарлықтары бар: ҚР-сы саяси мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының реест
бекіту және саяси мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жазалар қолданудың
тәртібі туралы Ережені бекіту туралы 1999ж. 29-желтоқсандағы, Қазақстан
РЕспубликасы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының реестрін және
әкімшілік мемлекеттік қызметішілер санаттарыныі тізбесін бекіту туралы
1999 ж. 22-желтоқсандағы; Қазақстан Республикасы әкімшілік мемлекеттік
қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы 1999 жылғы 29-
желтоқсандағы;Қазақстан Республикасы әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне
тәртіптік жазалар қолдану Ережелерін бекіту туралы 1999 ж. 31-
желтоқсандағы; Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу
Ережелерін бекіту туралы 2000 ж. 21- қаңтардағы; Мемлекеттік қызмет
өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы 2000 ж. 10-наурыздағы;
Қазақстан Республикасы саяси мемлекеттік қызметшілер антының мәтінін және
Қазақстан Республикасы саяси мемлекеттік қызсметшілердің ант беру тәртібін
бекіту туралы 2000 ж. 13- сәуірдегі; Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының мәселелері туралы 1998 ж. 12-
қарашадағы өкімі; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Қазақстан
Республикасы агенттігі туралы Ережені бекіту туралы 1999 ж 3-
желтоқсандағы; Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережені бекіту
туралы 2003 ж. 4-желтоқсандағы; Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер
лауазымдарының санаттары бойынша тізілімін бекіту туралы 2004 ж. 17-
қаңтардағы; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта
даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы 2004 ж.
11-қазандағы; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс
Кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы Ережелерін) бектіу
туралы 2005 ж. 3-мамырдағы; Қазақстан Республикасы мемлекеттік
органдардың кадрларын даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі
жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2005 ж. 31-мамаырдағы; Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана
және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері туралы Ережені бекіту туралы
2005 ж. 30-маусымдағы және т.б.
Мемлекеттік қызметтің көптеген мәселелері тәртіптік жарғылармен және
ережелермен, нақтылы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері туралы
ережелермен, нақтылы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшілері туралы
ережелермен, Үкіметтің, министрліктер мен агенттіктердің өзге де
нормативтік актілермен реттелінеді.
Жалпы алғанда, мемлекеттік қызмет - күрделі кешенді құқықтық
институт, ол құқықтың бірнеше салаларымен (конституциялық, әкімшілік,
еңьек, қаржы және басқалармен) реттеледі. Мемлекеттік органдардағы
мемлекеттікке жатпайтын лауазымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдарда
(шаруашылық серіктестерде, акционерлік қоғамдарда, мекемелерде, ұйымдар мен
кәсіпорындарда) істейтіндердің қызметіеңбек туралы заңнамалармен
реттелінеді.

Мемлекеттік лауазымдар ұғымы және оларды топтастыру

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеген
кезде мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымдарының құқықтық мағынасы
мен топтастырылуын дұрыс түсінудің ерекше маңызы бар.
Жалпы түрде алғанда лауазым деп, оған орналасқан адамның
өкілеттілігінің мазмұны мен көлемін білдіретін, белгіленген тәртіппен
құрылған бастапқы құрылымдық (ұйымдық) бөлік түсіндіріледі. Бұл ұйымдық-
құқықытық санат тек қызметшілерге ғана тән: халықтың басқа топтары
мамандықтары бойынша (мысалы, жұмысшылар өнеркәсіп кешенінде) жұмыс істейді
(студенттер, оқушылар) оқиды т.с.с.
Мемлекеттік қызмет туралы 1999ж. 23-шілдедегі заңда мемлекеттік
лауазымның қазіргі кезеңдегі мағынасына орай оны қандайда болмасын өзге-
мемлекеттік емес лауазымнан айыратын ұғымы берілген. Мемлекеттік лауазым-
нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттіліктермен
лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген мемлекеттік органның құрылымдық
бөлігі. Сонымен мемлекеттік деп тиісті мемлекеттік органның
өкілеттіліктерін атқару және қамтамасыз ету туралы міндеттер көлемі
белгіленген, еңбекақы төленетін және осы міндеттерді орындау үшін жауапты
болатын тек мемлекеттік билік органдарындағы, сондай-ақ Конституцияға және
басқа заң актілеріне сәйкес құрылатын өзге мемлекеттік органдардағы лауазым
аталады.
Мұндай өзге мемлекеттік органдарға, мысалы, Қазақстанның Ұлттық
Банкі, Қазақстан Республикасының Прокуратурасы, Адам құқықтары жөніндегі
Уәкілдің аппараты және т.б. жатады.
Мемлекеттік лауазым ұғымы тек мемлекеттік қызмет ұғымын анықтау
үшін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік қызметшінің құқықтық жа
Мемлекеттік лауазым ұғымы тек мемлекеттік қызмет ұғымын анықтау үшін ғана
емес, сонымен бірге мемлекеттік қызметшінің құқықтық жағдайын, мемлекеттік
қызметті өткерудің тәртібін (лауазымға орналасудың тәсілін, біліктілік
дәрежесінің денгейін, мемлекеттік қызметті тоқтатудың негіздерін т.б)
анықтау үшін өзекті, негізге алынатын ұғым болып табылады. Бұл орайда 1999
ж. 23-шілдедегі заңмен белгіленген мемлекеттік қызметтіңмемлекеттік
лауазымдарын бөлудің принципті маңызы бар.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдары ең
алдымен саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Бұл екі топ
лауазымдардың тізілімдері (Реестрлері) ҚР-сы Президентінің 1999ж. 29-
желтоқсандағы Жарлықтарымен бекітілген. Саяси мемлекеттік қызметшілер
лауазымдарына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның
орынбасарлары, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының
басшыларымен олардың орынбасарлары және басқа республикалық мемлекеттік
органдардың басшы қыземткерлері жатқызылған.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаттар белгіленеді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын, лауазымдық өкілеттіліктің
көлемі мен сипатын көрсететін әкімшілік лауазымдар жиынтығының саралаушылық
сипаттамасы.
Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді.
Лауазымдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарының топтарына
бөлулауазымдарды топтастыруды қолданыстағы басқарудың құрылымына
сәйкестендіруге мүмкіндік туғызады.
Президенттің 1999ж. 29-желтоқсандағы №318 жарлығымен мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерлауазымдарының Тізілімімен қоса санаттарының тізбесі
бекітілген. Ол тізбе бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазымдар А,В,С,Д,Е
санаттар топтарына бөлінген.
А-тобына-Президент әкімшілігі; В-Парламент Палаталарының аппараттары,
Премьер-Министрдің кеңесі, Жоғарғы Соттың аппараты, ҚР Конституциялық
кеңесінің аппараты, ҚР Президентінің Іс Басқармасы; С-Президентке тікелей
бағынышты және есепті органдар, Орталық атқарушы органдар, Үкіметтің
құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар, орталық атқарушы органдардың
ведомстволары, облыстық, аудандық аумақтық органдар; Д-облсытардың,
аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың) аппараттары, облыстар,
аудандар мәслихаттарының аппараттары, облыстар, аудандар соттарының
аппараттары; Е-жергілікті атқарушы органдар жатады. Қазіргі кезде
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша
тізілімін бекіту туралы ҚР-сы Президентінің 2004 ж. 17-қаңтардағы жарлығы
басышылыққа алынды.
Әрбір санат тобының лауазымдары бірнеше сандық бөліктер бойынша
бөлінеді. Мысалы, А санаты тобына жатқызылған әкімшілік лауазымдар: А-1-
Мемлекеттік хатшының Кеңесшісі, Әкімшілік басшының Кеңесшісі: А-2-
Мемлекеттік хатшының Көмекшісі т.б; А-3-Консультант, Аға эксперт; А-4-Аға
референт, Эксперт; А-5-Референт; А-6-Аға маман; А-7-Маман.
Әр санат тобындағы лауазымдарды топтастыратын сандары әр түрлі.
Мысалы, С санаты С-1-ден С-13-ке дейін, Е санаты Е-1-ден 9-ға дейін.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі мемлекеттік
қызметтің лауазымдарын бір ізге келтіруге жәнебасқарудағы қажеті жоқ
буындарды қысқартуға бағытталған.
Заңда және заңға тәуелді актілерде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
қойылатын біліктілік талаптар тағайындау арқылы мемлекеттік қызметшілердің
кәсіби мамандығын арттыруға бағытталған шаралар белгіленген, бұл қабілетсіз
адамдардың мемлекеттік қызметке кіруіне сенімді бөгеу болып табылады.
Біліктілік талаптары,-делінген Заңда,- мемлекеттік әкімшілік қызметті
атқаруға үміткер азаматтарға оның кәсіби даярлығының денгейін,
құзіреттілігін және нақты әкімшілік қызметке сәйкес келуін анықтау
мақсатында қойылатын талаптар.
ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының
2004ж. 23-қаңтардағы бұйрығымен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының
санаттарына типтік біліктілік талаптары бекітілген.
Мемлекеттік органдар осы типтік біліктілік талаптары негізінде
өздерінің штат кестесінде қаралған әкімшілік лауазымдарына, олардың
функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, біліктілік талаптарын жасап
бекітеді.
Барлық санаттар топтарындағы лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтар үшін негізінен мынадай талаптар белгіленген: жоғарғы кәсіптік,
тек кейбір санаттар үшін ғана немесе орта кәсіптік білімі; мемлекеттік
қызмет өтілі, кейбір лауазымдар бойынша, мысалы, С-8,Д-4,Е-5 санаттарына ол
талап етілмейді, бар болуы керек.
Сонымен бірге әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтар ҚР-
ның Конституциясын, Мемлекеттік қызмет туралы, Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы, Әкімшілік рәсімдер туралы, Нормативтік құқықтық
актілер туралы, Қазақстан Республикасының Тіл туралы, заңдарын,
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс Кодексін
(Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы Ережелерін), тиісті санаттағы
нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды
реттейтін ҚР-ның нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Нақты санаттағы
лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа
да білімдер талап етіледі. Бұл типтік (Үлгі) талаптар мемлекеттік
әкімшілік қызметке азаматтарды таңдағанда, тестілеу бағдарламасын
анықтағанда аттестация жүргізгенде, еңбек ақы тағайындағанда, әкімшілік
қызметшілерді даярлау мен біліктілігін арттыру бағдарламасын жасағанда
міндетті түрде басшылыққа алынуға жатады.

1.2 Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері

Қазақстанның мемлекеттік қызметшісінің, құқықтың кез келген
субъектісі сияқты – Қазақстан Республикасының азаматы, Конституциямен және
басқа бірнеше нормативтік құқықтық актілермен адам мен азамат үшін
белгіленген құқықтары, бостандықтарымен міндеттері бар. Сонымен бірге ол
мемлекеттік қызметке орналасқан сәттен бастап мемлекеттік-қызметтік
қатынстардың субъектісі болып табылады: оған ерекше құқықтары беріліп,
міндеттер жүктеледі, міндеттерді орындау үшін жауапкершілік тартатын
болады. Бұл жерде, біріншіден, нақты қызмет бойынша өкілеттіктерді
айқындайтын лауазымдық құқықтар мен міндеттерді және, екіншіден,
мемлекеттік қызметшілер үшін,олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарына
қарамастан, белгіленген жалпы құқықтар мен міндеттерді айыру керек.
Лауазымдық құқықтар мен міндеттер мемлекеттік органның міндеттері
мен функцияларынан туындайды және оынң өкілеттігін білдіреді. Мемлекеттік
қызметтің мемлекеттік әкімшілік лауазымдартізілімдерінде лауазымдар
санттарының бірізге салынған тізбелері бекітілген, ал әрбір лауазым үшін
нақты құқытар мен міндеттер тиісті нормативтік құқықтық актілермен
белгіленеді. Бұл басшының, басқа лауазымды адамның немесе қатардағы
мемлекеттік қызметшінің лауазымы болуы мүмкін.
Мысалы, басшының лауазымына мынадай өкілеттілктер тән:
Бағынышты құрылымдық бөлімшелердің немесе жеке қызметшілердің
қызметіне басшылық жасау және оларға жүктелген міндеттердің орындалуы үшін
дербес жауапкершілігі;
Бағынышты қызметкерлердің арасында міндеттерді бөлу және олардың
өздерінің міндеттерін орындау үшін жауапкершілігінің дәрежесін белгілеу;
Бағынышты құрылымдық бөлімшілер мен қызметшілердің лауазымдық
өкілеттіліктерінің көлемін айқындайтын ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтар
бекіту;
Басшының құзіретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқытық
актілер шығару туралы арнаулы құқықтары, бағыныштылардың жұмысын
ұйымдастыру және үйлестіру;
Меншікке билік ету, еңбек шарттарын (контрактілер) жасау,
қызметкерлерді қызметке тағайынщдау және қызметтен босату, оларды
көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі өкілеттіліктер;
Өзге ұйымдармен қарым-қатынас жасау, жұмыстың ерекше нысандары мен
әдістерін қолдану жөніндегі құқықтары [14].
Мемлекеттік қызметшілердің жалпы құқықтарымен міндеттері Мемлекеттік
қызмет туралы 1999ж. 23-шілдедегі Заңда белгіленген. Бұл құқықтар мен
міндеттердің ерекшелігі сол, олар орналасқан лауазым туралы
өкілеттіліктерді емес, қызметшілердің мінез құлықтары мен іс қимылдарының
жалып ережелерін, олардың лауазымдық қызметтері бойынша өкілеттіліктерін
іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастыру сипаты бар жағдайлар мен
шараларды білдіреді.
Әрбір мемлекеттік қызметішінің, өзінің атқарып отырған қызметі
жөніндегі нақты өкілеттіліктеріне қарамастан, мыналарға құқығы бар:
Республиканың азаматтарына Конституциямен және заңдармен кепілдік
берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер
қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды
орындауын талап етуге;
белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті
ақпарат пен материалдар алуға;
лауазымдық міндеттер атқару үшін белгіленген тәртіппен ұйымдарда, олардың
меншік нысанына қарамастан,ғ болуға;
басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес
міндеттерін және қызметтік өкілетіліктерінің көлемін дәлдеп белгілеуді
талап етуге;
жеке басының қадір қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де
лауазымды адамдар мен азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен
көзқарас жасалынуына;
өзі атқаратын лауазымға,жұмыс сапасына, тәжірибесіне және Мемлекеттік
қызмет туралы заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына
және еңбегіне ақы төленуіне;
тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға(
және біліктілігін арттыруға;
өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз
танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсініктеме беруге;
біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы
ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға;
қызметшінің пікірінше негізссіз айып тағылған жағдайда қызметтік
тексеру жүргізілуін талап етуге;
еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғары
жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;
әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;
мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша шығуға;
зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандырылуға;
жоғары тұрған мемлекеттік органдармен лауазымды адамдарға мемлекеттік
қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге.
Жоғарыда аталғандардың ішінен мемлекеттік қызметішінің қызмет бойынша
жоғарылау құқығы ерекше көңіл аударуға тұрарлық. Бұл құқық (мансап құқығы)
мемлекеттік қызмет туралы біздің заңнамаларымызда бірінші рет бекітіліп
отыр.
Әрбір қызметшіде, ол мемлекеттік қызметте істеп тұрған кезде, қызмет
бойынша көтерілу құқығы пайда болуы мүмкін. Бірақ мұндай құқықтың нақты
болуы туралы тек сол кезде ғана айтуға болады, егер қызметші атқарып
отырған қызметімен салыстырғанда жоғары лауазымға орналасу үшін қойылатын
барлық талаптар бойынша тура келетін болса. Егер де мысалы, оның жоғары
лауазым бойынша қажетті білімі, сәйкес келетін лауазымдардағы өтілі болмаса
немесе соңғы аттестацияда оның қызмет бойынша көтерілуге жеткілікті
қабілеті жоқ делінген болса, онда оның бұған негіздемелері жоқ деп санау
керек.
Әрбір қызметші атқарып отырған мемлекеттік қызметінің мемлекеттік
лауазымы бойынша өкілетіктеріне қарамастан мыналар жөнінде міндетті:
Республиканың Конституциясы мен Заңдарын сақтауға;
Қазақстан Ресупубликасы Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік
қызметшінің антын беруге;
Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды
мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда
белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар
бойынша қажетті шаралар қолдануға;
өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес
өкілеттігін жүзеге асыруға;
мемлекеттік тәртіппен еңбек тәртібін сақтауға;
өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға;
заңдарда белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;
басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды
адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдер мен нұсқауларын
орындауға;
мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны
сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де, заңмен
белгіленген белігіл біруақыт ішінде, ол жөнінде қолхат бере отырып
сақтауға;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін,
ар-намысын және қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және
олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді
талап етпеуге;
мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері оның өкілеттілігімен түйісетін
немесе қайшы келетін жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды
адамды дереу хабардар етуге;
қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби денгейі мен
біліктілігін арттыруға.
Мемлекеттік қызметшілердің Мемлекеттік қызмет туралы заңда
белгіленген негізгі міндеттерінен туындайтын нақты міндеттері үлгі
біліктілік талаптар негізінде айқындалады және тиісті мемлекеттік
органдардың басшылары бекітетін мемлекеттік нұсқаулықтарда көрсетіледі.
Бұлардан басқа мемлекеттік саяси қызметшілердің функционалдық
міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президенттің 2000ж. 10-
наурыздағы жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметті өткеру туралы
Ережемен, тиісті мемлекеттік орган туралы Ережемен және лауазымдық
нұсқаулықтармен айқындалады.
Олардың негізгі функциялары мыналар:
Мемлекеттік саясатты айқындауға және іске асыруға жәрдемдесетін
шешімдер қабылдау;
Қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау;
Мелекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобалардың орындалу барысын
реттеу және бағалу, сондай-ақ орындалу үшін дербес жауапкершілік;
Мемлекеттік органның жұмысын басқару;
Бағынышты мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық жасау болып
табылады.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кіргенде құқықтар мен
міндеттерден басқа заңнамалармен белгіленген бірнеше шектеулер мен
тыйымдарды да өз еркімен қабылдайды, олардың мақсаты мемлекеттік
қызметшінің жоғары рухани бейнесін және оның лауазымдық
өкілеттіктерінңшегінде іс қимылының еркіншілігін қамтамасыз ету. Мұндай
шектеулер мен тыйымдар билікті теріс пайдаланушылыққа, сыбайлас жемқорлық
көріністеріне тосқауыл болуға тиіс.
Билікті бөлу принципіне байланысты мемлекеттік қызметшіге өкілді
органдардың депутаты және жергілікті өзін өзі басқару органдарының мүшесі
болуға рұқсат етілмейді. Оған, педагогтік, ғылыми және өзге де
шығармашылыққызметті қоспағанда, басқа ақылы қызметпен айналысуға болмайды.
Мемлекеттік қызметшіге үшінші тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет
істейтін не өзіне тікелей бағынышты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік
органда өкіл болуға тыйым салынады.
Оған өзінің қызметтік іс-әрекетін материалдық техникалық, қаржылық
және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа дамемлекеттік мүлік пен
қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға тыйым салынады.
Мемлекеттік қызметшінің ереуілдерге, мемлекеттік органдардың қалыпты
жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін
әрекеттерге қатысуына рұқсат етілмейді.
Оған лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты азаматтар мен заңды
тұлғалардың қызметін жеке мақсатына пайдалануға тыйым салынады.
Бұл тыйымдармен оның кімге болса да тәуелді болмау мақсаты көзделеді,
әсіресе егер бұлш кез келген түрде заңсыз сыйақы алуға қатысты (сыйлықтар,
ақшалай сыйлық, ссудалар, қызметтер к өрсету, ойын сауықтарды, демалысты
төлеу және т.б).
Мемлекеттік қызметші заңнеамалармен белгіленген тәртіппен қызметке
кіргеннен кейін бір ай ішінде мемлекеттік қызмет өткеру уақытында өзінің
меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті
(акциялар пакеттерін) және осы адамдарға заңды тиесілі ақшаны, сондай-ақ
мүліктік жалға берілегн өзге де мүлікті қоспағанда, пайдалану табыс алуға
әкеп соғатын өзге де мүлікті сенім білдірген басқаруға беруге міндетті.
Бірақ оның осы мүліктен, соның ішінде сыйақы, дивиденттер, ұтыстар,мүлікті
жалға беруден және басқа да заңды көздерден түскен табыс нысанында табыс
алуға құқығы бар.
Мемлекеттік қызметшіге өзінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары,
бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы
бөлек аға інілері мен апа сіңілілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе
ері (зайыбы) атқаратын қызметке тікелей бағынысты лауазым, заңдарда
көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс
Кодексінде бұлардан басқа да мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының негізгі
стандарттары белгіленген. Мемлекеттік қызметшілердің этикалық, кәсіби,
мәдени денгейі мен мінез құлық нормалары нақтыланған. Кодексте белгіленген
нақты талаптар бойынша, мысалы, заңмен белігелнеген жағдайлардан басқа,
Қазақстандық немесе шетелдік туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де
сапарларға шақырудан бас тартуға тиіс.
Сонымен жоғарыда айтылғандардың негізінде мемлекеттік қызметшілер
үшін белгіленген тыйымдар мен шектеулердің соншалықты маызды екеніне
көзіміз жетті.

2-тарау МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУҒА ТАЛДАУ ЖАСАУ

2.1. Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау тәсілдері

Ұйымдар алдына қойған мақсатқа жету үшін өмір сүреді. Осы мақсаттың
жүзеге асу деңгейі ұйым қаншалықты тиімді әрекет ете алатындығын, яғни
ұйымның ресурстарының қаншалықты тиімді қолданылытындығын көрсетеді.
Пайда көрсеткіші жалпы ұйым қызметінің тиімділігін бағалауға
мүмкіншілік береді. Мұнда кез-келген қызметшінің қызметке қатысу деңгейі
анықталады.
Әрине, қызметшілерінің барлығының өз қызметтерін орындау деңгейі
бірдей емес, кез-келген ұйымда немесе бөлімшелерде – лидерлер, сонымен
қатар қызметті орташа деңгейде орындайтын басшылар да болады. Бұл
дифференцияцияны жүргізу үшін әр қызметкердің өз қызметтерін орындау
тиімділігін бағалаудың орталықтандырылған жүйесіне қалыптастыру қажет.
Мұндай жүйе басқарушылық қызметтің тиімділігін:
әріптестерді ынталандыруға әсер ету арқылы;
профессионалдық оқуды жоспарлау арқылы;
профессионалдық дамуды және карьераны жоспарлау арқылы;
марапат құралы, алға жылжу және жұмыстан босатылу туралы шешім қабылдау
арқылы жоғарылатады.
Жоғарыда аталған артықшылықтар ұйымға бағалау жүйесі енгізілген бойда
келмейді. Олар мынадай шаралар жүзеге асқан соң енеді:
Біріншіден, бағалау жүйесін және ең бастысы қызметкерлерді нақты
бағалау жүйесін қызметкерлер объективті бағалау керек. Бағалау жүйесіндегі
объективтік дегеніміз – онда аталған критериялар ашық түрде және
қызметкерлерге түсінікті болу қажет.
Екіншіден, бағалау нәтижесі конфеденциалды болу қажет, яғни оның
нәтижесі жұмыскердің өзіне, басшысына және адам ресурстарының бөліміне
белгілі болу қажет. Нәтижені барлық қызметкерлерге жариялау басшы мен
бағынышты арасындағы антогонизмді тудырады, қызметкерлерді кемшіліктерді
жою жоспарын дайындауға және жүзеге асыруға кедергі жасайды. Мемлекеттік
қызметкерлерді бағалаудың бірнеше жүйесі бар.
Мемлекеттік қызметкердарды, соның ішінде басшыларды бағалау
тәсілдерінің қолданылуының өзіндік мәні бар. Аттестациялау барысында,
басшыларды таңдау процесінде, алға жылжытуға кадрлер резервтерін
қалыптастыруда, сондай-ақ кадрлық құрамда ағымдық өзгерістер жағдайында
бағалауды жүргізу – бұл ұйымның бағалаушылық қызметінің бағыты болып
табылады.
Бағалау – бұл мемлекеттік қызметкерлердің қызметінің құрылымындағы
маңызды элемент болып табылады. Бағалау арқылы кімнің жалақысын өсіру
қажет екендігі, кімді жұмыстан босату қажет екендігі, ал кімді қызметі
бойынша алға жылжыту қажеттігі туралы мәлімет (ақпарат) анықталады. Сәйкес
бағдарламаның жүзеге асуы жауапкершілікті тудырады және жұмыс сапасын
арттыруға ықпал етеді. Бұндай бағалау қызметі бойынша ауысуға, алға
жылжуға, марапаттауға және жұмыстан босатуға заңды негіз береді, жұмысқа
қабылдау бойынша жасақтауға материалдар береді, жалақы көлемін және марапат
көлемін анықтау үшін қажетті ақпараттар береді.
Қазір кейбір ұйымдарда критериялар мен жұмыс принциптеріне қойылатын
талап – мемлекеттік қызметкерді іскерлік және жеке қасиеттері бойынша
бағалау. Бұл үшін сәйкес сапа критерияларын қалыптастыру қажет.
Басқару саласындағы кез-келген басшы жалпы мамандардың белгісі
бойынша міндетті іскерлік сапаларды меңгеру қажет. Оларға:
мемлекет құрылымын және оның ерекшеліктерін, дамытудың қазіргі бағыттарын
білу;
экономиканы білу, жоспарлау тәсілдерін, экономикалық талдау тәсілдерін
білу;
мемлекеттік бюджет шығындарын үнемдей отырып мемлекеттік қызметтің оң
нәтижелеріне қол жеткізудің тәсілдері мен құралдарын таңдай білуі;
ұйымдастыру және жоспарлау, қызметті ұйымдастыру саласында арнайы білімді
меңгеріп оны практикада қолдана білу;
кадрларды тиімді орналастыра білу;
ұжымды алға қойылған мақсатқа ынталандыра білу;
тәртіпті сақтау;
басқару аппаратының қызметін мақсатқа сай жоспарлай білу;
бағыныштылар арасындағы хұқты, құзіреттерді және жауапкершілікті бөле білу;
жеке қызметті жоспарлай және ұйымдастыра білу, жағдайға байланысты жұмыстың
тиімді стилін таңдай білу;
оперативті сұрақтарға және күнделікті қызметтегі шешімдердің нақтылығы және
дәлдігі;
өз жұмысының және ұжым жұмысының нәтижелерін бақылау;
өз қызметіне және бағыныштыларының қызметіне бюрократизмді араластырмау;
Нарықтық экономикада басқарушылық мемлекеттік қызметкерлерге мынадай
талаптар қойылады:
шындық және әділдік;
бағыныштылармен жақсы қарым-қатынаста бола білу;
кез-келген жағдайда өзін-өзі ұстау;
принципиалдылығы;
басқарушылық шешімді қабылдаудағы бір бағыттылығы;
ұжымдастарының кеңесін тыңдай білу;
өз хұқтары мен кеңестерін тыңдай білу, т.с.с.
Еңбек нәтижесін бағалау жүйесі дәл анықтамаларды қамтамасыз ету
қажет. Бағалау жүйесі мынадай этаптардан тұрады:
Әрбір мемлекетті қызметкердің қызметі бойынша және оларды бағалау
критериялары бойынша еңбек нәтижесінің стандартын бекіту.
Мемлекеттік қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізудің саясатын жасақтау.
Міндетті тұлғаларға бағалау жүйесін жүргізуді міндеттеу.
Қызметкерлердің еңбек нәтижесі бойынша анықтамаларды жинақтауды бағалауға
жауапты тұлғаларға тапсыру.
Бағалау нәтижесімен қызметкерлердің өзімен отырып талдау.
Шешім қабылдап, бағаны құжаттау.
Ең маңызды әдістемелік проблемалардың бірі – мемлекеттік қызметкерге
бағаны кім беру қажет. АҚШ елдерінің тәжірибесінде бұл қызметпен басшы -
менеджер айналысады. Сондай-ақ бірнеше бақылаушыдан тұратын комитет,
бағаланушының ұжымдастары, жұмыс жағдайына тікелей қатысты тұлғалар бағалай
алады, өзін-өзі бағалайды, бағалау формаларының жиынтығын қолданады.
Бағаланушы өзін-өзі бағалаған жағдайда бағалаушылардың қорытындысына
қарап, өзі-өзіне баға береді. Бұл тәсіл мемлекеттік қызметкер қасиеттерін
жетілдіру үшін қолданады. Бақылаушының бағасы өзін-өзі бағалаумен
бекітіледі, ал басшының бағалау нәтижесі бағыныштыларының бағалау
нәтижесімен салыстырылады. Бағалау нәтижесін екі жақты талдау басшылар үшін
нақты ұсыныстар береді.
Негізгі бағалау бағыныштыларының басшылармен бағалануы, мақсаты-
жұмысшының жеке басын дамыту мүмкіншіліктерін көрсету.
Белгілі бір қызмет орнына кандидатты ұсынуды талдаудың маңызды,
тиімді әрі перспективалы тәсілдерінің бірі – ұжымдық талдау. Бұл эксперттік
тәсіл ХХ ғасырдың басынан қолданылып келе жатқандығына қарамастан бүгінгі
күні ұсыныстарға толық жауап береді. Кадрлық жұмыста коэффициенттік тәсілі
және үлгі тәсілдері салыстырылады. Мемлекеттік қызметкермен қызмет ету
тәсілдерінің мақсаты ұйымда қабылданған кадрлық саясаттың концепциясымен
анықталады.
Басқарушылық мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалауда мынадай
талаптар қойылады:
Жеке көзқарастарға немесе жеке пікірлерге объективті тәуелсіз болу қажет.
Сенімді болу қажет.
Басшының басқарушылық қызметті жүргізудің нақты деңгейі анықталуы қажет.
Болжам негізінде мемлекеттік қызметкердің мүмкіншілігі анықталуы қажет.
Бағалау процесі бағалаушыға да, бақылаушыларға да және бақыланушыларға да
түсінікті болу қажет.
Мемлекеттік қызметкерлерді бағалаған жағдайда қызметтің тиімділігі,
бейімделу механизмі, мәселелі аймақтарды локализациялау бағаланады. Бағалау
жүйесін қолданғанда ұйым үшін және қатысушылар үшін мынадай артықшылықтар
байқалады.
Ұйым үшін:
жеке ықпалды білу мүмкіншілігі (қажеттіліктер, мақсаттар мен көзқарастар)
мемлекеттік қызметкердің күшті және әлсіз жақтарын білу;
біліктілігі жоғары мемлекеттік қызметкерлерді жинау.
Қатысушылар үшін:
өз жұмысының нәтижелерін алға жылжыту;
басшыға қойылатын талаптарды біліп, өзі меңгеруге тырысу;
карьера және өмірлік мақсаттары саласында жеке жоспарларға шешім қабылдау .
Жалпы мемлекеттік қызметкерді бағалаудың іскерлік және диагностикалық
түрлерін қарастырайық.
Кадрларды таңдау және қабылдау, олардың еңбегін ынталандыру, олардың
біліктілігін жоғарылатудың жетілдірілуі мемлекеттік қызметкерлері іскерлік
бағалаумен байланысты. Басшы өзіне берілген қызметті міндеттердің
талаптарына сай орындау қажет. Іскерлік бағалаудың негізгі мақсаты –
мемлекеттік қызметкерлердің еңбек потенциалын көрсету, осы потенциалды
қолдану деңгейін жоғарылату, мемлекеттік қызметкердің өз орнына сәйкестігін
анықтау және құндылығын бақылау. Іскерлік бағалау қызметтің тиімділігін
арттыруға бағыт алады, себебі бағалау нәтижесінде мүмкіншіліктер көрінеді:
сәйкес қызмет орнына кадрларды ұсынуды жетілдіру;
кадрларды қолдану тиімділігін арттыру;
біліктілікті жоғарылатудың бағытын анықтау;
мемлекеттік қызметкердің жұмыс тәсілін жетілдіру.
Таллиндік мектеп мамандарды аттестациялаудың жүйесін жасақтады. Бұл
жүйе эксперттік бағаларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамс құқығы доктринасы құқықтық мемлекетті және ынтымақтастық
Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, қызметі
Қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздері
Қазақстан Республикасының конституция лық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Қазақстанның құқықтық саясатының тұжырымдамасы негізіндегі атқару ісін дамытудың құқықтық
Мемлекет механизмі және мемлекеттік аппараты. Қазақстан Республикасының Үкiметi
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстыру
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Мемлекет аппараты, тетігі
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы
Пәндер