Муниципалды басқаруды жүзеге асыруда бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің рөлі



Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.бет

I. Бюджетаралық қатынастар . бюджеттік реттеудің негізгі
құраушысы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.бет

II. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді бөлу ... .10.бет

III. Салық . бюджетаралық қатынастарды реттеуші механизм ретінде ..15.бет

IV. Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жолдары ... ... ... ... .22.бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24.бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ...25.бет
Кіріспе

Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры [1].
Ел бюджеті ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды құралы болып табылады. Кез келген реформаны жүргізу және экономиканы дамыту орасан зор қаржыны талап етеді. Қазіргі кезде бюджет қоғам өмірінің барлық саласын: халық шаруашылығын, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру, білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс пен басқаруды қамтитын экономикалық реформаны жүргізуге мемлекеттің сыртқы және ішкі ресурстарын жасақтап әрі шоғырландыруға қабілетті.
Бюджет процесіндегі республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады [1].
Бюджетаралық қатынастар – бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіліктерді шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу ретімен жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызған шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртүрлі мүддесінде, шығындарды қаржылындыру үшін аумақтарды біріктіру бойынша бюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктері келесілерден тұрады:
- біріншіден, мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын, бюджеттік үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық тізімі келтірілген;
- екіншіден, берілген анықтамада бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастар да бюджетаралық қатынастарға жатқызылған.
Мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық формасы болып, оның бюджеттік жүйесі табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтік әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен, мүмкін болатын икемділікті қамтамасыз ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған.


1 Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі (2004жылғы 24сәуір №548-ІІ, өзгертулермен 7.07.06ж. №176-ІІІ)

Бюджетаралық қатынас – мемлекетті басқарудың негізгі мәселелерінің бірі. Саяси тұрақты қоғамды және үнемі өспелі ұлттық экономиканы құру аймақаралық айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейінше мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға жалпы алғанда мыналар жатады:
- жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату;
- бюджеттік жүйенің әрбір деңгейіне бекітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу;
- барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздейтін кірістерді тарату.
Қалыптасатын бюджетаралық қатынастардың мәнін, олардың ұйымдастырылу ретін және ерекшеліктерін зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер деңгейлеріне тәуелді, оларды деңгейаралық қатынастарға және бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға бөлуге болады. Олар: бюджеттік жүйе деңгейлері арасында тұрақты негізде шығыстар және кірістерді толық немесе бөлшектеп шектеу, бюджетаралық реттеу, бірігіп қаржыландыру шаралары бойынша және өзара қатынастарды жедел реттеу, мақсатты қолдау бойынша бюджетаралық қатынастар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі (2004 жылғы 24 сәуір №548 – ΙΙ, өзгертулермен 7.07.06 ж. №76 – ΙΙΙ).

2. Д. А. Тілеужанова
Бюджетаралық қатынастарды дамытудағы реттеуші салықтардың жағымсыз және оң тенденциялары. // Экономическая наука в Казахстане: проблемы и пути реформирования: Материалы междунар. научно-практ. конф: сб. науч. тр. – Алматы: Экономика, 2003 – ч.1.

3. П. Б. Исахова
К вопросу разграничения полномочий между уровнями государственного управления и совершенствования межбюджетных отношений. // Финансы Казахстана – 2003 - №1.

4. Д. Тілеужанова
Бюджетаралық қатынастардың тұжырымдамалық негіздерін реттеуші салықтар көмегімен оңтайландыру. // Қаржы – қаражат – 2003 - №4.

5. Ж. Елубаева
Теоретические воззрения на формирование и развитие межбюджетных отношений. // Финансы Казахстана – 2003 - №2.

6. А. Исабек
Жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің қалыптасуына талдау жасау (Қызылорда облысы бойынша). // Қаржы – қаражат – 2005 - №2 .

7. А. Тулеубекова
Межбюджетные отношения как составная часть бюджетного регулирования. // Финансы Казахстана – 2004

8. Статистикалық бюллетень №12 (96), желтоқсан 2006 ж.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Экономиканы мемлекеттік реттеу
кафедрасы

Тақырыбы: Муниципалды басқаруды жүзеге асыруда
бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің
рөлі

Ғылыми жетекші

Орындаған:

Жоспары:

Кіріспе____________________________ ____________________3-бет

I. Бюджетаралық қатынастар – бюджеттік реттеудің негізгі
құраушысы ретінде____________________________ ________________5-бет

II. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді бөлу_____10-
бет

III. Салық – бюджетаралық қатынастарды реттеуші механизм ретінде __15-бет

IV. Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жолдары_________________22-бет

Қорытынды__________________________ ________________24-бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі_______________________25-бет

Кіріспе

Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды
қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры [1].
Ел бюджеті ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды құралы болып
табылады. Кез келген реформаны жүргізу және экономиканы дамыту орасан зор
қаржыны талап етеді. Қазіргі кезде бюджет қоғам өмірінің барлық саласын:
халық шаруашылығын, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру, білім беру,
ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс пен басқаруды қамтитын
экономикалық реформаны жүргізуге мемлекеттің сыртқы және ішкі ресурстарын
жасақтап әрі шоғырландыруға қабілетті.
Бюджет процесіндегі республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
бюджеттері арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан
Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар
болып табылады [1].
Бюджетаралық қатынастар – бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде
елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіліктерді шектеу,
тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту
нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу ретімен жоғарғы деңгей
бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар
туғызған шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен
байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізде
уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір
билік деңгейінің әртүрлі мүддесінде, шығындарды қаржылындыру үшін
аумақтарды біріктіру бойынша бюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және
муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық
қатынастар. Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктері келесілерден
тұрады:
- біріншіден, мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын,
бюджеттік үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық
тізімі келтірілген;
- екіншіден, берілген анықтамада бір деңгей бюджеттері арасындағы
қатынастар да бюджетаралық қатынастарға жатқызылған.
Мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық формасы болып,
оның бюджеттік жүйесі табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтік
әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен, мүмкін болатын икемділікті
қамтамасыз ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен
шартталған.

1 Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі (2004жылғы 24сәуір №548-ІІ,
өзгертулермен 7.07.06ж. №176-ІІІ)

Бюджетаралық қатынас – мемлекетті басқарудың негізгі мәселелерінің
бірі. Саяси тұрақты қоғамды және үнемі өспелі ұлттық экономиканы құру
аймақаралық айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейінше мүмкін емес.
Бюджетаралық қатынастарға жалпы алғанда мыналар жатады:
- жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін
жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында
бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату;
- бюджеттік жүйенің әрбір деңгейіне бекітілген өкілеттіліктерге бара-
бар шығындар шамасын негіздеу;
- барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту
және анықтауды көздейтін кірістерді тарату.
Қалыптасатын бюджетаралық қатынастардың мәнін, олардың ұйымдастырылу
ретін және ерекшеліктерін зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік
береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер
деңгейлеріне тәуелді, оларды деңгейаралық қатынастарға және бір деңгей
бюджеттері арасындағы қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық
қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға
бөлуге болады. Олар: бюджеттік жүйе деңгейлері арасында тұрақты негізде
шығыстар және кірістерді толық немесе бөлшектеп шектеу, бюджетаралық
реттеу, бірігіп қаржыландыру шаралары бойынша және өзара қатынастарды жедел
реттеу, мақсатты қолдау бойынша бюджетаралық қатынастар.

I. Бюджетаралық қатынастар – бюджеттік реттеудің негізгі құраушысы ретінде
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес бюджетаралық
қатынастар бұл – бюджет үрдісіндегі жоғары тұрған бюджеттердің төменгі
бюджеттермен қарым-қатынасы.
Бюджетаралық қатынастар мыналарға негізделеді:
- мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы қызметтер мен
өкілеттіліктерді нақты бөлу;
- бюджет деңгейлері арасындағы кірістер мен шығындарды бірыңғай бөлу;
- бюджетаралық қатынастарды бірыңғай және ашық (прозрачность) әдісі
негізінде анықтау.
Қазақстандағы бюджетаралық қатынастардың формалары мен
әдістерін қарастырудан бұрын, бюджетаралық қатынастар үлгілерінің
түрлері толық зерттелмегенін айта кеткен жөн. Ағылшынның мамандары Г.
Хьюз бен С. Смиттің экономикалық ынтамақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ)
елдерінің (аз халқы бар елдерді қоспағанда – Жаңа Зеландия, Ирландия,
Люксембург)бюджеттік жүйелеріне берген бағалары қызықты да қажетті. Олар
мына белгілер бойынша бағалайды:
- бюджетаралық қатынастарды реттеудегі ұқсастықтар;
- бюджетаралық қатынастардың ерекшеліктері;
- орталық және субұлттық биліктер рөлдерінің қатынасы.
Нәтижесінде жоғарыда аталған 19 елі төрт топқа бөлінді.
Бірінші топқа 3 федеративті (Австралия, Канада, АҚШ) және екі
унитарлы (Ұлыбритания, Жапония) мемлекеттері кірді.
Екінші топқа Солтүстік Еуропа елдері кірді: Дания, Норвегия, Швеция,
Финляндия.
Үшінші топқа Батыс Еуропаның федеративті елдері кіреді: Австрия,
Германия, Швейцария.
Төртінші топқа: Бельгия, Франция, Греция, Италия, Нидерланды,
Португалия, Испания.
Бірінші топтағы елдер кең салықтық өкілеттікке негізделетін аймақтық
және жергілікті биліктің тәуелсіздігімен (самостоятельность) ерекшеленеді,
екіншісі – аймақтық және жергілікті биліктердің әлеуметтік шығындарды
қаржыландырудағы жоғары үлесі, үшіншісі - әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің
автономдығы, төртіншісі – аймақтардың орталық бюджетке қаржылық
тәуелділігі.
Статистикалық анализ көрсетіп отырғандай (1,2кесте), экономикалық
дамыған елдерде жергілікті бюджеттің өте жоғары қаржылық автономдығы бар
және жергілікті бюджетке тәуелсіз немесе аз тәуелділігі бар бірқатар
мемлекеттер бар.
Швеция, Люксембург, Исландия және Испания сияқты елдерде жергілікті
бюджеттердің табыстары барлық соманың 99,2% - 72,8% құрайды. Жапония,
Франция, Финляндия, Бельгия және Дания елдерінде жергілікті бюджеттің
қаржылық автономдығы 68 – 56% құрайды. Орташа алғанда, жергілікті бюджеттің
жеке табыстарының үлесіне 59,5% келеді, ал орталық әкімшілік бюджетінен
трансферттерге 40,5% келеді.
Алайда, көптеген мемлекеттердегі жергілікті органдар өзінен жоғары
тұрған органдарға тәуелді болып келеді. Олар – Нидерланды, Италия,
Ирландия, Португалия. Олардың трансферттері ағымдағы табыстың 62 -80%
құрайды. Мұндай орталық әкімшілік жағынан жергілікті бюджеттерді
қаржыландыру, аймақтардың дамуындағы диспропорцияны жою мақсатында
бюджеттік каналдар арқылы ұлттық табысты қайта бөлу (перераспределение)
үшін жасап отыр. Бұл елдерде негізгі салықтардың барлығы орталық органның
бюджетіне түседі, ал жергілікті органдарда салық салу ағымдағы табыстың 10%
- на жетер-жетпес.

Кесте 1 – 1994 жылғы бюджеттік жүйе звеноларының табыстары *
(пайыз бойынша)
Елдер Орталық бюджетФедерация Жергілікті Әлеуметтік
субъектілері бюджеттер сақтандыру
мүшелерінің қорларының
бюджеттері бюджеттері
Федералды мемлекеттер
Австралия 75,8 44,8*** - -
Австрия 46,5 21,8 15,3 31,9
Канада 33,2 53,6 27,9 6,2
АҚШ 31,9 47,6*** - 30,7
Германия 29,2 27,0 16,2 42,0
Швейцария ** 29,2 30,4 21,5 37,5
Орташа 41,8 37,5 20,2 29,7
Унитарлы мемлекеттер
Бельгия 54,7 - 12,5 50,9
Ұлыбритания 72,8 - 27,6 18,9
Дания 68,3 - 49,7 12,8
Ирландия 79,6 - 36,7 18,8
Исландия 76,7 - 24,9 16,9
Испания 44,4 - 25,9 45,6
Италия 66,4 - 39,8 51,9
Люксембург 62,4 - 14,0 36,8
Нидерланды 50,6 - 34,3 42,8
Норвегия 58,5 - 31,6 32,6
Португалия 70,5 - 8,0 27,3
Франция 41,9 - 16,6 44,5
Швеция 53,0 - 35,7 25,1
Жапония 35,0 - 44,8 43,2
Орташа 59,8 - 29,7 32,3

* Fiscal Federalism in theory and practice. IMF, 1997 – P.669.
** Тек ағымдағы табыстар
*** Штаттар мен муниципалитеттер бюджеттерінің сомасы.

Жергілікті бюджеттік-салықтық жүйелердің құрылымы әр елдерде әр
түрлі. Бұл тарихи дәстүрлермен, жергілікті қаржыларды бақылайтын
мемлекеттік бақылаулардың көлемі мен формаларын анықтайтын заңнамалармен,
жергілікті бюджеттер мен банк секторы арасында қалыптасқан қарым-қатынас
және басқа да ерекшеліктермен түсіндіріледі.

Кесте 2 - 1994 жылғы нарықтық экономикалы елдердегі жергілікті билік
органдары бюджеттерінің ағымдағы табыстарының құрылымы *

(ағымдағы табыстар бойынша,%-бен)
Елдер Жеке табыстар Реттеуші
табыстар
(орталық
әкімшілік
тен
трансферт
тер)
Мемлекеттсалықтар Басқа да Жеке
ік табыстар табыстар
меншіктен барлығы
және
кәсіпкерл
іктен
табыс

Исландия
АҚШ**
Люксембург
Испания
Австрия
Швейцария
Швеция
Жапония
Норвегия
Германия
Франция
Финляндия
Дания
Бельгия 16,3 35,4 7,4
Австралия** 14,5 - 39,9
Ұлыбритания 8,3 - 37,2
Канада 2,4 - 32,6
Португалия 3,0 23,3 5,9
Греция 12,6 9,3 5,3
Италия 1,7 6,3 4,4
Ирландия 3,4 - 7,5
Нидерланды 8,5 1,9 4,5
-орташа 4,8 36,9 20,0
1 2 3 4
Республикалық 6 8461 979 71 490 434 56
бюджет
1 2 3 4
Алматы қаласының 51 936 643 55 397 512 44
бюджеті
Барлығы 121 498 656 127 071 995 100
Алматы қаласы бойынша салық комитетінің көрсеткіштері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті өзін-өзі басқару
Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық моделі
Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыру
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары және олардың қаржы - экономикалық негіздері
Жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру
Бурабай аудандық маслихатының жергілікті басқару құрылымы мен қызметтерін бағалау
Шет мемлекеттерде муниципалды қызметті жүргізу ерекшеліктері
Жергілікті басқарудың теориялық негіздері
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары: жағдайы және даму басымдылықтары
Қазақстанда жергілікті өзін - өзі басқару жүйесі
Пәндер