Мұстафа Шоқайұлының қоғамдық –саяси қызметі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Халқының жарық жұлдызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Мұстафа Шоқайдың өскен ортасы, балалық шағы және қайраткер ретінде қалыптасу кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарастарының қалыптасуына
қоғамның әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

ІІ Мұстафа Шоқайдың 1917 жылғы революциялық
өзгерістер тұсындағы қоғамдық .саяси қызметі ... ... ... ... ... 13
2.1 Мұстафа Шоқайдың Түркістан Автономиясын құрудағы
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Мұстафа Шоқайдың Кеңес өкіметімен қарым .қатынасы ... ... ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын сарп еткен азаматтардың ұлт-азаттық қозғалысының тарихын қайта парақтап, шынайы түрде «ақтандақтарының» бетін ашып жаңа заман талабына сай зерделеудің маңызы зор.
Аталған тақырыптағы мәселенің көкейкестілігін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсылтан Назарбаев Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайының мәжілісінде сөз еткен болатын. Елбасымыздың осы маңызды тұжырымы ұлт-азаттық күрес тарихын жаңаша тарихи тұрғыда зерттеуді,сол күрестің басында тұрып қазақ елін отарлық езгіден құтқаруды, оның мемлекеттігін қалпына келтіруді және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына қосуды басты мақсаттарына айналдырған қазақ зиялылары: М.Шоқай, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, Ж.Ақбаевтардың кеңестік дәуірдегі атқарған қоғамдық-саяси қызметтеріне шынайы баға беруді күн тәртібіне қойды.оларды «ұлтшылдар», «халық жауы» деп жағылған қара күйеден ақтауға, әсіресе М.Шоқай туралы жаңсақ пікірлерді тарих беттерінен алып тастап оның өмірі мен қызметіне обьективті баға беру, ғылыми тұрғыда зеттеулер жүргізу отандық тарих ғылымындағы өзекті мәселе екендігі анық.
Аталған өзекті тақырып бойынша халықаралық, республикалық көлемде зерттеулердің методолиялық негізгі ұстанымдарын белгілеген: ғылыми теориялық конференциялар, Мұстафа Шоқай дәрістері, аталмыш тұлғаның әуағына бас иіп ас беру, пікір алысу рәсімдері өткізілді.
Жалпы алғанда бүкіл сананлы ғұмырын тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл Түркістан халықтарының тәуелсіздігіне арнаған,сол тәуелсіздік үшін күрестің көшбасшысы болған,қазақтың ұлы перзенті Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметін зерттеу, сол арқылы ХХ ғасырдың басындағы Түркістан халықтарының тарихын,жаңа тарихи ауысымда қорыту және тарихымыздың қиын өткелдерінде бірігуді арман мұратына айналдырған М.Шоқайдың қаһармандыққа толы өнегес
3
қастерлеу оның баға жетпес мұраларын саралау,мұғажарлық жағдайда жүргізген идеялық күресін ғылыми тұрғыда көрсету және оны Қазақстан тарихының тарихнамасына қосу күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері
М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметін жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан қорытып, бұрын тарихымызда белгісіз болып келген немесе әдейі бұрмаланған тұстарын тың деректерге сүйеніп тарихи шындық тұрғысынан зерттеу оның өз ұлтына берілген шынайы келбеті мен қайталанбас ерекшеліктерін ашып көрсету – зертеу жұмысының басты мақсаты. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
- М.Шоқайдың саяси көзқарасының қалыптасуына оның өскен ортасының әсерін анықтау
- ХХ ғасырдың басындағы М.Шоқайдың қоғамдвқ-саяси қызметіне обьективті баға бере отырып, 1916 жылғы көтеріліске байланысты қызметіне және Мемлекеттік думадағы мұсылман фракиясының хатшысы қызметіне талдау жасау
- М.Шоқайдың 1917 жылғы қос революция кезіндегі және одан кейінгі қызметін анықтау
- М.Шоқай жетекшілік еткен Түркістан автономиясының атқарған қызметін талдау
- М.Шоқайдың шетелдік мұрағаттарда сақталған еңбектерін ғылыми тұрғыда зерделеу
- М.Шоқайдың қызметіне қатысты шетелдік және отандық зерттеулерді жинақтау және олардың ғылыми деректік маңызына дәйектілікпен қарау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Мұстафа Шоқай Таңдамалы І Том Алматы Қайнар, 1998ж
2. Мұстафа Шоқай Таңдамалы ІІ Том Алматы Қайнар, 1999ж
3. Мұстафа Шоқай Түркістанның қилы тағдыры Алматы Жалын,1992ж
4. Әлихан Бөкейханов Шығармалар Алматы Қазақстан,1994ж
5. Асанбай Асқаров Ұлы Тұранның Ұлдары Алматы Нұрлы әлем,1998ж
7. Мәмбет Қойгелдиев «Түркістанның ұлы перзенті»// Қазақ тарихы, 1997ж. №2 15-22 бет
8. Талас Омарбеков «Мұстафа Шоқайдың эмграцияғя кетуінің кейбір мәселелері»// Қазақ тарихы, 1997ж. №2 28 бет
9. Кеңес Нұрпейіс «Мұстафа Шоқай Қазақстан мен Түркістанның 1917-1927 жылдардағы қоғамдық –саяси өмірі туралы» //Қазақ тарихы, 1997ж. №2 24 бет
10.Әбу Тәкенов «Мұстафа Шоқай өмірінің кейбір қырлары»// Қазақ тарихы, 1997ж. №2 41 бет
11. Мәмбет Қойгелдиев «Тұтас Ттүркістан идеясы және Мұстафа Шоқай» //Егемен Қазақстан, 1997ж. 1 ақпан
12. Гүлбиғаш Омарова «Түркі рухының қайта оралуы ұлттық мемлекет құру жолында демеу бола ма?» //Түркістан, 2004ж 6 мамыр
13. Ә.Әлімұлы «Жас Түркістанның отанға оралуы» //Қазақ елі, 2004ж 28 сәуір
14. А.Сатаев «Мұстафа Ташкентте»// Қазақ елі, 1997ж 1 тамыз
15. Ә.Әлібеков «Мұзарт» //Егемен Қазақстан, 2004ж 25 тамыз
16. Ж.Ахметова «Мұстафа Шоқай және Түркістан автономиясы»// Ізденіс, 2004ж. №1 10 бет
17. Ә.Исахов «Ұлы тұлғаның ұрпақтары»// Оңтүстік Қазақстан, 2006ж. 29 тамыз 4 бет
18. Б.Қалымбет «Мұстафа Шоқай Ата тегі»//Жас Түркістан, 2002ж. №1 13 бет

22

19. С.Балғабаев «Бостандық алар күн туса» //Қазақ әдебиеті, 2006ж. №40 8-9 бет
20. Дархан Қыдырәлі «Қос бәйтерек: (М.Шоқай мен Т.Рысқұлов ұлт мүддесі жолында қалай күресті?)»//Оңтүстік Қазақстан, 2004ж. 7 қазан
21. Әсима Ипмағанбетова «М.Шоқай –кемел ой кемеңгері»// Ақиқат, 2003ж. №7 64 бет

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Халқының жарық жұлдызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Мұстафа Шоқайдың өскен ортасы, балалық шағы және қайраткер

ретінде қалыптасу кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарастарының қалыптасуына
қоғамның әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ Мұстафа Шоқайдың 1917 жылғы революциялық
өзгерістер тұсындағы қоғамдық -саяси қызметі
... ... ... ... ... 13
2.1 Мұстафа Шоқайдың Түркістан Автономиясын құрудағы
қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Мұстафа Шоқайдың Кеңес өкіметімен қарым –қатынасы
... ... ... ... ... 19
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .21
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...22
Сілтемелер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...24

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын
ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын сарп еткен азаматтардың ұлт-
азаттық қозғалысының тарихын қайта парақтап, шынайы түрде
ақтандақтарының бетін ашып жаңа заман талабына сай зерделеудің
маңызы зор.
Аталған тақырыптағы мәселенің көкейкестілігін Қазақстан Республикасының
президенті Нұрсылтан Назарбаев Дүние жүзі қазақтарының бірінші
құрылтайының мәжілісінде сөз еткен болатын. Елбасымыздың осы маңызды
тұжырымы ұлт-азаттық күрес тарихын жаңаша тарихи тұрғыда зерттеуді,сол
күрестің басында тұрып қазақ елін отарлық езгіден құтқаруды, оның
мемлекеттігін қалпына келтіруді және қазақ қоғамын өркениетті елдер
қатарына қосуды басты мақсаттарына айналдырған қазақ зиялылары: М.Шоқай,
А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков,
Ж.Ақбаевтардың кеңестік дәуірдегі атқарған қоғамдық-саяси қызметтеріне
шынайы баға беруді күн тәртібіне қойды.оларды ұлтшылдар, халық жауы деп
жағылған қара күйеден ақтауға, әсіресе М.Шоқай туралы жаңсақ пікірлерді
тарих беттерінен алып тастап оның өмірі мен қызметіне обьективті баға беру,
ғылыми тұрғыда зеттеулер жүргізу отандық тарих ғылымындағы өзекті мәселе
екендігі анық.
Аталған өзекті тақырып бойынша халықаралық, республикалық көлемде
зерттеулердің методолиялық негізгі ұстанымдарын белгілеген: ғылыми
теориялық конференциялар, Мұстафа Шоқай дәрістері, аталмыш тұлғаның әуағына
бас иіп ас беру, пікір алысу рәсімдері өткізілді.
Жалпы алғанда бүкіл сананлы ғұмырын тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл
Түркістан халықтарының тәуелсіздігіне арнаған,сол тәуелсіздік үшін күрестің
көшбасшысы болған,қазақтың ұлы перзенті Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси
қызметін зерттеу, сол арқылы ХХ ғасырдың басындағы Түркістан халықтарының
тарихын,жаңа тарихи ауысымда қорыту және тарихымыздың қиын өткелдерінде
бірігуді арман мұратына айналдырған М.Шоқайдың қаһармандыққа толы өнегес

3
қастерлеу оның баға жетпес мұраларын саралау,мұғажарлық жағдайда жүргізген
идеялық күресін ғылыми тұрғыда көрсету және оны Қазақстан тарихының
тарихнамасына қосу күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелердің бірі болып
табылады.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері
М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметін жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан
қорытып, бұрын тарихымызда белгісіз болып келген немесе әдейі бұрмаланған
тұстарын тың деректерге сүйеніп тарихи шындық тұрғысынан зерттеу оның өз
ұлтына берілген шынайы келбеті мен қайталанбас ерекшеліктерін ашып көрсету
– зертеу жұмысының басты мақсаты. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына
мынадай міндеттер қойылады:
- М.Шоқайдың саяси көзқарасының қалыптасуына оның өскен ортасының әсерін
анықтау
- ХХ ғасырдың басындағы М.Шоқайдың қоғамдвқ-саяси қызметіне обьективті баға
бере отырып, 1916 жылғы көтеріліске байланысты қызметіне және Мемлекеттік
думадағы мұсылман фракиясының хатшысы қызметіне талдау жасау
- М.Шоқайдың 1917 жылғы қос революция кезіндегі және одан кейінгі қызметін
анықтау
- М.Шоқай жетекшілік еткен Түркістан автономиясының атқарған қызметін
талдау
- М.Шоқайдың шетелдік мұрағаттарда сақталған еңбектерін ғылыми тұрғыда
зерделеу
- М.Шоқайдың қызметіне қатысты шетелдік және отандық зерттеулерді жинақтау
және олардың ғылыми деректік маңызына дәйектілікпен қарау.

Тақырыптың тарихнамасы

Қарастырылып отырған мәселенің тарихнамасы ХХ ғасырдың алғашқы
ширегінен бастау алады. Осы кезеңдегі яғни жалпы халықтың ояну кезеңіндегі
қазақ халқының азаттық қозғалысы жолындағы және мемлекеттік бірлік
4
мәселелеріне ерекше мән беріп, қазақ халқының болашақ тағдыры үшін күрескен
қазақ интеллигенциясы жөнінде алғашқылардың бірі болып мәселе көтерген
Ә.Бөкейханов болды. Ол М.Шоқай бастаған қазақ зиялыларына кейінгі ұрпақтың
болашағын ойлайтын қоғам алдындағы жауапты жүкті тапсырады.1
М.Шоқайдың өмірі мен қызметін зерттеушілердің арасында журналист,
ғалым, шетелдегі қазақ тарихшысы, публицист Хасан Оралтай ерекше көзге
түседі. Х.Оралтайдың М.Шоқай туралы еңбектері түрік тілінде Ыстамбулда
бірнеше рет басылымдарда жарық көрді.2
Мұстафа Шоқайды жаладан арашалау туралы ғалымдар М.Қойгелдиев,
К.Нұрпейісов, Т.Омарбеков, Ә.Тәкенов, М.Жолдасбековтардың еңбектерін ерекше
атап өтуге болады.3
Отандық тарих ғылымында еліміз тәуелсіздік алғанға дейін қазақ
зиялыларының тарихы оның ішінде М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі
зерттелмеген. Кейбір зерттеушілердің еңбектері мен мақалалары жарық
көргенмен, олар кеңестік әкімшіл-әміршілік биліктің ықпалына бейімделіп
жазылды.
Мұстафа Шоқай туралы еңбектердің ішінде деректік маңызы тұрғысынан
ғалым Б.Садықованың зерттеулерін ерекше атауға болады. Б.Садықова Мұстафа
Шоқайдың жары Мария Шоқайдың естеліктерін Франция мұрағатынан алып,
құрастырып, кітап етіп шығарды.
М.Шоқайдың шетелге мұғажырлыққа кетуі жөнінде теріс баға берушілерге
алғашқы соққы бергендер С.Шәкібаевқа қарсы пікір жазған жазушы Әнуар
Әлімжанов пен тарихшы А.Такенов болды. А.Такенов М.Шоқайдың шетелге
эмиграцияға кетуі бас бостандығын қорғап қалу емес, сол бостандығын сақтау
арқылы Европадағы демократиялық мүмкіншіліктерді пайдалана отырып,
Түркістандағы жағдайды дүние жүзіне паш ету, социалистік солақай
революцияға қарсы күресті жалғастыру... -деп анық ойын білдірсе,ал
Т.Омарбеков осы орайда біз тарихшы Ә.С.Тәкеновтың пікірімен толық
қосыламыз- дейді.4
М.Шоқайдың ғасыр басындағы қарқынды атқарған қоғамдық-саяси қызметі жан-
жақты зерттеліп, толық халқына танылып болды деп қорытынды пікір айту
5
әлі де ерте. әсіресе, оның 1917 жылғы қос революция тұсындағы Түркістан
өлкесіндегі өз халқының жоғын жоқтап атқарған қоғамдық -саяси қызметі,
Мұстафаның саналы ғұмырындағы ең бір жарқын қызмет атқарған кезеі болды. Ол
туралы өз зерттеулерінде Ә.Байшуақов, Ә.Аманқұлов, Б.Досманбетов, М.Кереев,
Р.Санжарұлы, Ә.Әлібеков,Д.Қыдырәлі, Б.Дәрімбет, С.Ибрашұлы, О.Сәпиев, Н.
Әбжанұлы, М.Маханов жазды.5
Соңғы жылдары Мұстафа Шоқайдың шетелде шашырап жатқан және елімізге
әкелінген мұғажырлық мұралары жөнінде Х.Әбжанов, С.Ковальская, Ф.Әли тағы
басқалар,ал шетелдегі құнды мұрасы Яш Түркістан журналының отанға оралуы
жөнінде Ә.Әлімұлы, Г.Омарова жазды. 6
Қарастырылып отырған мәселенің ғылыми әдебиеттерде баяндалу тарихына
жасалған шолу тақырыптың арнайы зерттеу обьектісі болмағандығын аңғартады.
Кеңестік дәуірде бұл мәселені арнайы қарауға қажетті алғышарттар қалыптаса
қоймады. Еліміз егемендік алғаннан кейін ғана халқының тәуелсіздігін
армандаған тарихи тұлғаларымыздың атқарған істері тарихнамаға ене бастады.
Мұның өзі тақырыптың өзектілігін арттыра түседі.

6
І Халқының жарық жұлдызы
1.1 Мұстафа Шоқайдың өскен ортасы, балалық шағы және қайраткер ретінде
қалыптасу кезеңі
ХХ ғасырдың басында Ресейдің Қазақстанды отарлау процесі бұрын болмаған
жаңа сипат ала бастады. Қазақ халқы өзінің саяси да, рухани
дадербестігінен, жері мен елдігінен айырылып, діні мен тілі, мәдениеті
төмендетілген мүшкіл халге жетті. Осы тұста қазақ халқының мұң-мұқтажын
жоқтап, осы қараңғы түнектен халықты алып шығуды, қазақ халқына теңдік,
бостандық алып беруді мақсат еткен қазақ зиялылары: М.Шоқай, Ә.Бөкейханов,
М.Дулатов, Ж.Аймауытов сынды тұлғалар саяси күрес сахнасына шықты. Олар
патша өкіметінің отарлық саясатына, қызыл империяның қиянатына қарсы
күресуге бел буды. Солардың ішінде бүкіл саналы ғұмырынтек қазақ халқының
емес, бүкіл түркі жұртының бостандығы мен тәуелсіздігіне арнаған Мұстафа
Шоқай болды.
Мұстафа Шоқай Ақмешіт Перовск, қазіргі Қызылорда қаласында ескі
күнтізбе бойынша 1890 жылы 25 желтоқсанда дүниеге келген. Жаңаша күнтізбе
бойынша бұрынғыға 13 күн қосқанда 7 –қатар болып, 1891 жылға шығады. Оыған
байланысты кейбір басылымдарда 1890 жылдың 7 –қаңтары болып қате жазылып
жүр. Дұрысы ескіше 1890 жылдың 25 –желтоқсаны, жаңаша 1891 жылдың 7
–қаңтары. Мұстафаның тегі Орта Жүздің Қыпшақ, оның ішінде Торайғырдың
Шаштысы, Батый ұрпағының Жанай тармағы болса керек. әкесі Шоқай дала
қазақтары арасында ерекше мәдениетті, елге беделді кісі болған. Шоқайдың
әкесі Торайғыр Сыр қазақтары Ресейдің қол астына кірмей тұрғанда Хиуа
ханының датқасы яғни уәлаят басшысы болған. Торайғырдың да, Шоқайдың да
суреттері патша үкіметінің арнайы тапсырмасымен жасалған фотоальбомға кіруі
тегін емес сияқты. Шоқай ағайындары ішінде ерте отырықшылықпен айналысып,
бау –бақша егеді, кірпіш үй салдырады. Бірақ қазақ ғұрпынан айнымайды, қазы
танылған Шоқай үйіні есігі қара қазаққа айқара ашылып жатты. Дегенмен
байлықты малмен өлшейтін дала қазақтары үшін Шоқай ауылы кедей саналады. Ол
өзінің бау –бақша егінін малға айырбастап немесе көптеп қоныстана бастаған
7
орыстарға шаруаның құрал –сайманындарын, малға айырбастап өмір сүрді.
Мұстафаның нағашы жұрты да текті болған. Анасы Бақты -әйгілі
әскербасылардың бірінің ұрпағы. Оның әкесі өзбек хандарына қарсы ұрыстарда
аса ерлік көрсетіп, қазақ батырлары санатына кірген. Ал, Түркістанды патша
әскерлері жаулап ала бастаған кезде де ұзақ уақыт орыстармен елінің
азаттығы үшін күрескен. Мұстафаның болашақ анасы осы соғыстарға қатысып,
әкесіне жәрдем етеді. Атқа мініп, шөл далада дұшпан әскерлерінің жолын
барлап, хабар жеткізіп отырған. Бақты өлең жазып, дастандар жырлаған. Ана
тілінде сауаттанып және әкесі сияқты арабша да білген.
Шоқай би отыздан аса ағайын –туыстарымен бір ауылда тұрған. Қазан
төңкерісіне дейінгі мекені Орынбор –Ташкент теміржолы бойындағы Сарышығанақ
станциясынан 5 шақырым жерде. Шоқай 1912 жылы Мұстафаның 22 жасында қайтыс
болады. Шоқайдың үш ұлы Сыздық, Мұстафа, Нұртаза және екі қызы Әтіркүл мен
Батима екінші әйелінен туады, бірақ Мұстафаны бірінші әйелі бауырына
салады. Мұстафа өле -өлгенше сол асыраған шешесін аузынан тастамай өтеді.7
Торғай датқаның ауылы Сыр өңіріндегі сол заманға сай білім мен
мәдениеттің орталығы болған. Торғай датқаның үшінші ұлы Әліш патша
үкіметіне қайта-қайта хат жазып, Әулие Тораңғыл деген төрт сыныптық
мұсылманша мектеп мшуға рұқсар алған. Түркістан генерал-губернаторы бұл
мектепті қадағалап отырған. Бұл мектепті Түркістан Халық ағарту ісінің бас
инспекторы Федор Михайлович Керенский де келіп қадағалап көріп кеткен.
М.Шоқай алты жасында осы Әліш ағасы салдырған мектептің табалдырығын аттап,
төрт жылдық ауыл мектебін екі жылда бітіреді. Мұстафаның болашағынан үміт
күткен әкесі заман ағымына қарай оны орысша оқытуға Ақмешітке алып
келеді.осыдан соң Мұстафаны оқуын жалғастыруға Ташкентке гимназияға ағасы
Әліш алып барады. Мұстафа гимназияға бейтаныс бір орыс мұғалімінің
көмегімен зорға қабылданады. Мұстафа гимназияға осылайша 1902 жылы
қабылданып, оны 1910 жылы үздік бітіреді. Мұстафа осы гимназияны бітірерде
де әділетсіздік көреді. Оңды-солын енді ғана тани бастаған Мұстафаның
қоғамдық – саяси
8
көзқарасының қалыптауына бұл оқиға ықпалын тигізсе керек. Мұстафа
Петерборға университетке оқуға түсерде де орыс билігінің бұратана
халықтардың балаларына лауазымды қызмет алатын оқуға түсуге тыйым
салатынын көрді. Онда Мұстафа Самсонов Заң факультетінде
Түркістандықтарға берілетін стипендия тек орыстар үшін... сонда да түсем
оқуға маған Қазан татарларының стипендиясы уәде етіліп қойылған-деп
Мұстафа Петербордаға университетіне түсерде де әділетсіздік байқаған
болатын.
1921 жылғы Айқап жуналының 13 санында Мұстафа туралы мынандай сөздер
жазылыпты: Осы күндері Петербор университетінде 1910 жылдан бермен қарай
Сырдария облысының Певорск уезінің Гродековский болысының Шашты қыпшақ
руынан Мұстафа Шоқаев даген жігіт оқып жатыр. Бұл жігіт Перовск уезінен
жоғарғы жерде оқыған бірінші қазақ баласы болса керек.8 Шындығында
Мұстафа Петерборда оқыған алғашқы қазақ жігіттерінің бірі еді.
Мұстафа Петерборда оқып жүргенде тілмаштық қызмет атқарып елден
адамдардың мұң-мұқтажын білуге мүмкіндік алады. Осындай заңға байланысты
мәселелерді шешу үшін Петербор сотының адвокаты, социал- демократ Николай
Дмитриевич Соколов Мұстафаға көп көмектескен.

9
1.2 Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарастарының қалыптасуына қоғамның әсері
Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси көзқарастарын қалыптастырған тарихи
орта Петербор қаласындағы революциялық көңіл-күйдегі социалист-
революционерлер болды. Атап айтқанда, Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси
көзқарастарының қалыптасуына Уақытша үкіметті басқарып отырған Александр
Федорович Керенскиййдің де ықпалы болды. М. Шоқай Керенскиймен Ташкентте
ер балалар гимназиясында бірге оқыған. Гимназияны үздік бітірген соң екеуі
де Петербор университетінің Заң факультетіне түскен.
Университетті бітіргеннен кейін Керенский немере ағасының көмегімен
округтік сотқа қызметке тұрады. Осыдан кейін де ол Мұстафамен жолдастық
байланысын үзбеген. Осы достықтың арқасында Мұстафа Шоқай да адвокаттық
жұмысқа орналасқан.
Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарастарының өткірлігі сонда, Керенскийдің
өзі онемен саяси тақырыптарға ашық сөйлесетін болған. Ол туралы Мұстафа:
...мен және Керенский 1916 жылғы қарашада өз үйінде біздің дала
қазақтарымен өткізген бір сұқбатын есіме алып отырмын. Торғай уалаятынан
келген өкілдер түркістандықтардан алынатын жұмысшылардың орнына он мың ат
бергісі келетіндіктерін, осыған өкіметті көндіру үшін Керенский екі арада
жүруін өтінген еді. Сонда Керенский оларға: Мен сіздерге мынадай кеңес
бергім келеді, орыс үкіметіне сенуге болмайды, ол сіздердің атыңызды да
алады, онан соң жігіттеріңізді де жұмысқа жегеді,-деген болатын.9
Мұстафаның терең білім алып, саяси көзқарастарының қалыптасуы және
қоғамдық қозғалысқа, халқының азаттық жолындағы күресіне қатысып шыңдалуы
оның Петербордағы өткізген күндерімен тұспа-тұс келеді.
М.Шоқайдың сяси көзқарасының кеңеюіне Петербордағы қызмет жасап жүрген
отандастарының да үлкен ықпалы болды. Мемлекеттік Думаның мүшелері
Ә.Бөкейханов, Түркістандық қайраткерлер Сералы Лапин, Махмуд Ходжа Бехбуди,
Мунуар Қары және Ахмет Байтұрсыновтар мен Мұстафа Шоқай тығыз байланыс
жасап, өздерінің отандары Түркістанның болашағы жайлы талқылап
10
жүрді. М.Шоқайдың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына өзімен тұстас
болған осылардай ұлт зиялыларынның ой-ықпалы күшті болды. Ресей үшін аса
күрделі шақта жұмыс жасаған М.Шоқай 1914 жылы Әлихан Бөкейхановтың
ұсынысымен ІV Мемлекеттік Думаның Мұсылман фракиясының хатшысы болып
тағайындалды. Мұстафаның осы саяси қызметке орналасуы түркі тектес
халықтардың, оның ішінде қазақ халқының, отарлық езгіге қарсы қозғалысының
бастауымен тұспа-тұс келеді. Өйткені ХХ ғасырдың басында Ресей отаршылдары
өзінің билігін Орта Азияға және Қазақстанға терең орнатқан болатын. Түркі
халықтарына ата-мекенінен, әдет-ғұрпынан, мәдениетінен айырылып, мәңгүрттік
болу қаупі төнді. Мұстафа патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы
күресетін күш қажет екендігін түсінді. Сондықтар да Ресейдің езгісінде
отырған Түркі халықтарын біріктіруді қажет деп есептеді. Дума
депутаттарымен араласып мұсылмандық Түркістандық көзқарвстарын толықтырады.
1916 жылғы саяси дүдбелең, Түркістандағы халықтың көтерілісі М.Шоқайдың
патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күресу туралы идеяларын одан
әрі жетілдіріп, оның қоғамдық саяси көзқарасын дамытты. Ол Петербордағы
студенттік жылдарында тура түскен осы 1916 жылғы көтеріліске орай Ресей
Мемлекеттік Думаның Мұсылман фракиясының жұмыстарында белсенді рөл атқарды.
Түркістан және Дала өлкелеріндегі көтерілістерді басу кезіндегі орыс
әскерлері жасаған заңсыз шаралардың Дума тарапынан тексерілулеріне үлес
қосты.
М.Шоқайдың ұлттық қоғамдық-саяси көзқарастарының қлыптасуына татар және
башқұрт халқының азаттығы үшін күрескен саясаткерлердің де ықпалы болды.
өйткені бұл халықтар патшаның отарлық қамытын басқа ұлттардан ертерек киген
болатын. Сол себепті Ресей империясының отаршылдық саясатына да ең
алғашқылардың бірі болып ұлт-азаттық қозғалысқа шыққан татарлар мен
башқұрттар болды. Татар ұлтының данагөйі, туған халқының азаттығы үшін
күреске бүкіл саналы өмірін арнаған Мирсаид ұлы Сұлтан Ғалиев 1917 жылы
мамырда Петербор қаласына келеді. Сосын Тұрар Рысқұлов және Мұстафа
11
Шоқайлармен бірге Түркістан халықтарының тәуелсіздігі үшін күреседі.
Мирсаид Хайдарғалиұлы Сұлтан Ғалиевтің ашық өткір сынды пікірлері Мұстафаға
өзінің саяси көзқарастарын тұжырымдауға ықпал етті.
Міне осындай өткір пікірлі зиялы қауым саясаткерлердің ортасында жүрген
Мұстафаның да Түркістан халықтарының тәуелсіздігі туралы өткір ойлары,
ұтымды пікірлері қалыптасты.
Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарастарының қалыптасуы туралы Хасан Оралтай:
Ұлтшыл азамат туған елін жат – жұрттық езгі қанаудан құтқарып, талан –
таражға түскен жер – суын игілігін өзіне қаратып берудің, сондай – ақ
халқын оқу – ағарту мен жалпы шаруашылық саласында алға бастырып, оның
ауыр жағдайын жеңілдетіп жақсартуды сонау өзінің студенттік кезеңінде – ақ
басты Түрік тұқымды мұсылман халықтары жастарымен жиі кездесіп әңгімелесу
арқылы бастаған. Солардың қатарында кейін Башқұртстанның ұлттық үкіметінің
бастығы және әлемге әйгілі тарихшы ғалым болған профессор Ахмет Зәки Уәлиди
Тоған барды - дейді.
Мұстафа Шоқай орыс отаршылығының негізінде екі үлкен мәселе жатыр
дейді: Патша өкіметінің ұраны Сібірияны нағыз орыс Сібіриясына
айналдырғаны сияқты, Түркістанды да нағыз орыс Түркістанына айналдыру10
болатын. Бірінші мәселе, жергілікті халықтың материалдық және рухани
өркендеуіне шек қойып, оны азып – тозып өліп бітуіне душар ету. Екіншісі –
орыс мұжықтарын өлкеге көшіріп әкеліп, мұнда орыс көршілігін жасау. Мұстафа
Шоқай патшалық Ресейдің осы залым саясатын әшкерелеп, Түркістанды өзінше
дербес тәуелсіз мемлекет етіп құруды мақсат, мұрат етті.

12
ІІ Мұстафа Шоқайдың 1917 жылғы революциялық өзгерістер тұсындағы қоғамдық
–саяси қызметі
2.1 Мұстафа Шоқайдың Түркістан Автономиясын құрудағы қызметі
Отаршылдықтың тауқыметін тартып, ұлттық езгіні бастан кешіріп жатқан қазақ
халқының наразылықтарының өсуі азаттық қозғалыстың қарқын алуы,
революцияның алғы шарттарының пісіп келе жатқаны әбден анық болды.
Титықтаған халық көтеріліске шыға бастады.
Қазақстан мен Орта Азияда 1917 жылғы ақпан буржуазиялық демократиялық
революцияның қарсаңында царизмнің ауыр дағдарысқа ұшырағандығы айқын көріне
бастады. Бұл кезде Ресейдің қол астындағы түркі халықтарының қозғалысына
исламдық идеологиялық бағыт жетекшілік етті.
Тарихшы М.Қойгелдиевтің пікірінше Ислам қозғалысының көш басында
Исмаил Гаспиринский, Садри Мақсуди, Әли-Мардан –бек Топчибашев, Сәлімгерей
Жантөрин сияқты қайраткерлер тұрды.11 Осы айтылған кісілердің ішінен
М.Шоқай Әли-Марданбек Топчибашевты ерекше атайды Оның атымен бүкіл Ресей
түріктерінің қоғамдық-сяси тарихы байланысты – дей отыра М.Шоқай
Топчибашевтің саяси қызметі басталған кезде ұлттық күрес мәселесі әлі толық
анықемес еді... замандастарын үкімет басшыларына Ресей түріктерінің
орыстармен тең құықта болуын талап етті.
Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейханов та бұл қозғалыстардан тыс қалмады.
Түркістан халықтарының ұлт-азаттық қозғалысына илеологиялық жағынан бұл
кезде бағыт берген Тәржіман, Уақыт,Қазақ газеттері және Айқап
журналы болды.бұл басылымдар ортақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұстафа Шоқайұлы-тарихи тұлғалығын зерттеу
М. Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы
Мұстафа Шоқай және тұтас Түркістан идеясы
Мұстафа Шоқай және Түркістанның біртұтастығы идеясы
Мұстафа Шоқайұлының Тәуелсіздік жолындағы саяси қызметі
Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі
Қазақ баспасөзі – алаш зиялыларының большевизмге қарсы күресі тарихының дерек көзі
Шетелдегі түрік диаспорасының қалыптасу тарихы
XX ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп саласының дамуы, ерекшелігі
Мұстафа Шоқайдың 1917 жылғы қос революция кезеңіндегі және шетелге мұғажыр болып кеткенге дейінгі қоғамдық-саяси қызметі
Пәндер