Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі



I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Экологиялық құқықтың түсінігі.
2. Құқықтық қорғауға жататын экологиялық жүйелер.
3. Табиғат пайдалану құқығының түсінігі және оның түрлері.

III. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Қазіргі заманда адамзатты және қоршаған ортаны сақтап қалудан маңыздылығы жоғары проблема жоқ. Ол өзінің жалпыадамзаттық мәнділігімен өмірлік проблема басқа әлемдік катаклизмдерді (дүние жүзілік соғыстар, халықаралық қақтығыстар, нәсілдік шыдамсыздық және т.б.) артқы планға шығарды.
Экологиялық проблемалар ғылыми білімнің дамуында және қазіргі замандағы адамзат қауымында бірінші орынға ие болды. «Экология» термині грекше oikos – үй, қоршаған орта, отан, мекен; logos – түсінік, білім. Ағылшын тіліндегі «ecology» сөзінің аудармасы социологияның бір саласын білдіреді. Онда адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынасын зерттейтін ғылым екендігі жазылған.
«Экология» терминін 1866 жылы неміс зоологы Э. Геккель (1834-1919) енгізді. Бірақ экология ғылымы ХХ ғасырдың басында пайда болды. 60 жылдарда кең қолдана бастады. Сол кездерде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасындағы экологиялық кризісі туралы айта бастады.
Экология ғылымы бірнеше ғылымдардың мәліметтеріне негізделіп жасалған кең түрдегі биология ғылымының бір саласы. Экология тірі организмдердің өзін қоршаған ортамен өзара байланысын зерттейтін биология ғылымының бір саласы.
Экологизация білімнің барлық салаларына әсер тигізе бастады. Сонымен бірге құқықтық ғылымға, әрине оған объективті негіздер бар. Бұл негіздер негінен қоғам мен табиғаттың арасындағы қатынастардың шиеленісуі және қоршаған ортаны қорғау жайындағы ғаламдық проблемалардан құрылған. Бұл проблемаларды адамдардың мемлекеттік, әлуметтік, ұлттық негізіне қарамай, ортақ күштермен ғана шешуге болады.
Құқық саласының құрылу процессі объективті түрде негізделеді, яғни табиғатты қорғау немесе қоршаған ортаны қорғау туралы басты реттеуші заңдардың болуы және болмауына байланысты емес. Ондай заңдардың пайда болуы берілген бірлестіктердің ішкі дамуы процесстерінің нәтижесі болып табылады, егер оның өмір сүруі халықтың түбегейлі қажеттіліктерінен туындайтын болса.
Экологиялық құқық – құқықтың сол саласы туралы ғылыми білімдердің жүйесі, сонымен бірге оның құрылуы мен дамуы, экологиялық қатынастардың құқықтық реттеу ерекшеліктері мен принциптері, экологиялық құқықтың негізгі институттары, экологиялық қатынастардың мемлекеттік реттеуі, табиғат ресурстарына меншік ету құқығы, экологиялық құқықбұзушылық үшін заңи жауапкершілігі, табиғат ресурстарының және қоршаған ортаның қолдануы мен қорғауының құқықтық режимін зерттейтін құқық ғылымының саласы.
Экологиялық құқық құқық нормаларынан құрылған жүйеден тұрады. Ол қазіргі және келешек адамдардың ұрпақтары үшін қоршаған ортаны сақтау мен жақсартуға негізделген, қоғам мен табиғаттың өзара қатынастар сферасындағы, қоғамдық
1. «Экология. Курс лекций», Присный А. В., Белгород, 1999.
2. «Теория Государства и Права», А. С. Ибраева, Н. С. Ибраев, Алматы, 2003.
3. «Заң терминдердің сөздігі», Оразалинов С., Айымбетов М., Бодаубай Б., Ақыпбекұлы Ө., Алматы, 2004.
4. «Қазақстан Республикасының Мемлекет және Құқық негіздері», Алматы, 2003.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Құқықтану кафедрасы

Пәні: Экология құқығы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі.

Орындаған:

Тексерген:

Алматы, 2010

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Экологиялық құқықтың түсінігі.
2. Құқықтық қорғауға жататын экологиялық жүйелер.
3. Табиғат пайдалану құқығының түсінігі және оның түрлері.

III. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі заманда адамзатты және қоршаған ортаны сақтап қалудан
маңыздылығы жоғары проблема жоқ. Ол өзінің жалпыадамзаттық мәнділігімен
өмірлік проблема басқа әлемдік катаклизмдерді (дүние жүзілік соғыстар,
халықаралық қақтығыстар, нәсілдік шыдамсыздық және т.б.) артқы планға
шығарды.
Экологиялық проблемалар ғылыми білімнің дамуында және қазіргі
замандағы адамзат қауымында бірінші орынға ие болды. Экология термині
грекше oikos – үй, қоршаған орта, отан, мекен; logos – түсінік, білім.
Ағылшын тіліндегі ecology сөзінің аудармасы социологияның бір саласын
білдіреді. Онда адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынасын
зерттейтін ғылым екендігі жазылған.
Экология терминін 1866 жылы неміс зоологы Э. Геккель (1834-1919)
енгізді. Бірақ экология ғылымы ХХ ғасырдың басында пайда болды. 60 жылдарда
кең қолдана бастады. Сол кездерде адамның қоршаған ортамен қарым-
қатынасындағы экологиялық кризісі туралы айта бастады.
Экология ғылымы бірнеше ғылымдардың мәліметтеріне негізделіп жасалған
кең түрдегі биология ғылымының бір саласы. Экология тірі организмдердің
өзін қоршаған ортамен өзара байланысын зерттейтін биология ғылымының бір
саласы.
Экологизация білімнің барлық салаларына әсер тигізе бастады. Сонымен
бірге құқықтық ғылымға, әрине оған объективті негіздер бар. Бұл негіздер
негінен қоғам мен табиғаттың арасындағы қатынастардың шиеленісуі және
қоршаған ортаны қорғау жайындағы ғаламдық проблемалардан құрылған. Бұл
проблемаларды адамдардың мемлекеттік, әлуметтік, ұлттық негізіне қарамай,
ортақ күштермен ғана шешуге болады.
Құқық саласының құрылу процессі объективті түрде негізделеді, яғни
табиғатты қорғау немесе қоршаған ортаны қорғау туралы басты реттеуші
заңдардың болуы және болмауына байланысты емес. Ондай заңдардың пайда болуы
берілген бірлестіктердің ішкі дамуы процесстерінің нәтижесі болып табылады,
егер оның өмір сүруі халықтың түбегейлі қажеттіліктерінен туындайтын болса.

Экологиялық құқық – құқықтың сол саласы туралы ғылыми білімдердің
жүйесі, сонымен бірге оның құрылуы мен дамуы, экологиялық қатынастардың
құқықтық реттеу ерекшеліктері мен принциптері, экологиялық құқықтың негізгі
институттары, экологиялық қатынастардың мемлекеттік реттеуі, табиғат
ресурстарына меншік ету құқығы, экологиялық құқықбұзушылық үшін заңи
жауапкершілігі, табиғат ресурстарының және қоршаған ортаның қолдануы мен
қорғауының құқықтық режимін зерттейтін құқық ғылымының саласы.
Экологиялық құқық құқық нормаларынан құрылған жүйеден тұрады. Ол
қазіргі және келешек адамдардың ұрпақтары үшін қоршаған ортаны сақтау мен
жақсартуға негізделген, қоғам мен табиғаттың өзара қатынастар сферасындағы,
қоғамдық қатынастар реттейтін ғылым.
Экологиялық құқықтың пәніне қоршаған ортаны жақсарту және қорғау
сферасындағы қоғамдық қатынастар кіреді.
Экологиялық құқықты оқу пәні ретінде біз, теориялық және тәжірибелік
сұрақтарын қамтитын оқыту әдістемесіне және де құқық нормалары мен олардың
тәжірибе жүзінде жүзеге асыру қажеттілігін білуге мән береміз.
Экология құқығы ғылымы саласында отандық мынандай атақты ғалымдарысыз
бар, ол Байсалов С.Б., Еренов Ә.Е., Стамқұлов Ә.С., Байдельдинов Д.Л.,
Мухитдинов Н. Б.

Экологиялық құқығының түсінігі

Қоршаған ортаны қорғау маңыздылығы арта түсті, себебі адамның қалыпты
тіршілік етуіне жақсы табиғи жағдайлар керек. Табиғат өзінің заңдарымен
дамиды. Ал адам табиғатпен гармонияда болу қажет.
Табиғат және оның байлықтары Қазақстанның ұлттық қазынасы болып
табылады. Ол адамның әл-ауқатының және әлуметтік-экономикалық тұрақты
дамуының табиғи негізі.
Қоғам мен табиғаттың қатынастарын беделді құқықтық реттеуінің басты
себебі – бұл адамның көп мөлшерде қоршаған ортаға әсер етуі. Әдетте
қоршаған ортаға әсерлер жағымсыз сипатқа ие.

Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортанының қолайлы жағдайын сақтап
қалуға, экологиялық тепе-теңдікті бұзбауға негізделген іс-әрекеттер.
Қазақстандағы экологиялық кризистің келесі себептері бар:
- мемлекеттің экологиялық проблемаларды саяси түсінбеушілік;
- экологиялық заңдылықтарды толықтай құрастырмау;
- экологиялық процесстерді нашар мемлекеттік басқару;
- табиғатты пайдаланудағы экономикалық мүдделердің басымдылығы;
- экологиялық бағдарламаларды дұрыс қаржыландырмау;
- кәсіби экологтардың аздығы;
- экологиялық құқықтық сананың және экологиялық-құқықтық мәдениеттің
төмен деңгейлігі.

Бұл проблемалардың шешілуі қоршаған ортаны қорғау процессін тиімді
басқаруына алып келеді.
Құқық жүйесінде жаңа құқық саласы пайда болу үшін кемінде үш шарттар
керек:
1) сондай құқық саласының құрылуына мемлекеттің қызығушылығы керек;
2) қоғамдық қатынастарды реттеуінің ерекшеліктері керек;
3) ерекше құқық көздерінің болуы керек.
Құқық қорғау құқығы басқа құқық салаларынан кейін пайда болды. Ол
біртіндеп жер құқығынан бөлініп шығып, жаңа құқық саласы ретінде пайда
болды. Сол жаңа құқық саласы құқық жүйесінде өзінің басқару-реттеушілік
және қадағалау функцияларының ерекшеліктерімен алдыңғы позицияларға ие
болды.
Біріншісінде табиғатты қорғау құқығы жер, орман, тау және су
заңдарымен бір қатарда тұрды. Кейін құқықтың бөлек саласы болды. Ол табиғи
комплекстің қолдануы мен оны қорғауын реттеп отырды.
Экологиялық құқықтың жүйесі өркениет дамуының жағымсыз процесстер
кесірінен пайда болды. Онда табиғат – қоғам – мемлекет жүйесіндегі
қатынастар жиынтығы жиналған. Сондықтан құқық саласының ерекше түрі. Оның
арнайы функциясымен бірге басты функциясын да бар. Басты функциясы: кез-
келген салада құқықтық реттеудің алғышарты болу.

Құқық қорғау заңдары базисті болып табылады. Оның негізінде
заңшығарушы арнайы құқық қорғау Заңдарын қабылдайды (міндетті қабылдауға):
халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы, өндіріс пен тұтыну қалдықтары
туралы, экологиялық экспертиза туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
туралы және т.б. Ондай заңдарды басқа да құқық салаларында жасалуы керек.

Экологиялық құқық саласының негізгі функцияларына келесілер кіреді:
- экологиялық құқықсубъекттілікті орнату;
- табиғат сфераларының (кадастрлер) құрылған параметрлердің
өзгеріссіздік режимін орнату;
- қоршаған ортаның жағдайы және оның жағдайын болжамдайтын әрекеттерді
реттеуін басқару;
- әлуметтік субъектілердің әрекеттерін лицензілеу мен лимиттеу;
- табиғи ресурстарды өндіру мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін
технологиялық әрекеттерді реттеу;
- қоршаған ортаның қәдімгі жағдайын бұзған үшін жауапкершілікті реттеу.
Экологиялық құқық түсінігі бұл қоғамдық қатынастарды реттейтін
құқықтық нормалар жиынтығы.
Экологиялық құқық – адамдардың қазіргі және келешек ұрпақтар үшін
табиғат ресурстарын сақтап, жақсартуға және сауықтыруға мақсат еткен қоғам
мен табиғат арасындағы қоғамдық қатынастар сферасын реттейтін құқық
нормаларынан құралған қазақстандық құқықтың бір саласы.
Экология құқығы – құқықтың саласы ретінде қазіргі және болашақ ұрпақ
үшін қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен
байланысты қоғам мен табиғаттың (экологиялық) қатынастарды реттеуге
бағытталған нормалар жиынтығы.
Экологиялық құқық кешенді құқық саласы болғандықтан, оның қоғамдық
қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жүйесінен құрылған:
- қоршаған ортаны сақтау, зерттеу және ұдайы өндіру. Сонысен бірге
адамдардың жағымсыз шаруашылық әрекеттер зардаптарын жою және алдын
алу (табиғатты қорғау құқығы);
- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, табиғат пайдаланушылардың
экологиялық құқықты орындауға және олардың сұраныстарын
қанағаттандыру. Сонымен бірге басқа құқық салаларының (азаматтық,
қылмыстық, әкімшілік) экологияланған нормаларын қосады.
Экологиялық құқықтық қатынастар - экологиялық құқықтық нормалармен
реттелетін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар табиғаттағы қоршаған ортаны
қорғау және табиғат ресурстарын ұдайы пайдалануы мен табиғат пен қоғамның
ара қатынасы сферасында пайда болады.
Экологиялық құқық өзіне мына қатынастарды қосады: табиғатты пайдалану;
қоршаған ортаны қорғау; заңи және жеке тұлғалардың экологиялық құқықтарын
қорғау; адамзаттың мүдделеріне сай мемлекетаралық, халықаралық ұйымдардың
қоршаған ортаны қорғауына бағытталған әрекеттер.
Экологиялық құқықтың пәні шаруашылық немесе басқа да әрекеттердің
зиянды нәтижиелерін жою және алдын алу бойынша, қоршаған ортаны жақсарту,
сауықтыру және қорғау сферасындағы қағамдық қатынастар жатады.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
– қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты.
Біздің елімізде таюиғатты қорғау және оның байлықтарын ұтымды
пайдалану қоғамның дамуының конститутциялық қағидаларына енгізген, ол әрбір
адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып
табылады.
Экология – тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған
табиғи орта расындағы қарым қатынасты анықтайтын білім ретінде қолданылады.
Табиғат – санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және
адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі үш түрлі
қызметтердеі атқарады:
1. Жердегі өмірге қажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін
экологиялық қызмет;
2. Адамдырдың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі
болып табылатын экономикалық қызмет,
3. Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін негіз – құлықтық
қызмет.
Адам – табиғаттың эволюциялық дамудың нәтижесі. Табиғат қатынасына
байланысты ол – оның әсерін байқайтын, өмірдің жаратылысынан тәуелді
болатын, оны қоршаған ортаның объектісі ретінде танылатын, табиғи
ресерстарды пайдаланатын, өзінің шаруашылық қажеттіліктерін қамтамасыз ету
үшін табиғатты бейімдеуші субъектісі ретінде танылады.
Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы негізі екі нысандағы қоғамдық
қатынастар негізінде – табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны
қорғауда көрініс табады. Табиғат ресурстарын пайдалану – материалдық және
басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қоғамның экономикалық
мүддесімен анықталады. Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі кезең және болашақ
ұрпақтары үшін қоршаған табиғи ортаның сапасымен байланысты қоғамның
экономикалықдаму мүддесі болып табылады. Бірақ, тірі организмдердің (соның
ішінде адамның да, қоғамның да) жалпы қоршаған ортамен емес, табиғи ортамен
байланысты екендігін көрсету керек. Сондықтан, экологияны сөзбе-сөз түсіну
үшін, тек табиғи ортамен ғана зара қарым-қатынас болған жағдайды айту
керек. Міне тек осы жерде ғана табиғатты дамыту (жақсарту) туралы,
экологиялық заңдарды сақтауға аса назар аудару керек. Қоршаған ортада – бұл
әлуметтік экологияның заты емес. Әлуметтік экологияға, оның құрамдас бөлігі
ретінде құқықтық экология кіреді. Құқықтық экология деп – қоғам мен
табиғаттың өзара байланысынан туындайтын қоғамдық (экологиялық)
қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын айтамыз. Құқықтық экологияның
анықталуының бірі болып, экология құқығы танылады. Экология құқығы деген
ұғымды үш тұрғыдан қарастыру керек: құқық саласы ретінде, оқу пәні ретінде,
ғылым саласы ретінде.
Экологиялық құқығының әдістері дегеніміз – экологиялық құқықтық
қатынастарды реттеуде қолданатын тәсілдер жиынтығы, олар қоғам мен табиғат
арасындағы үйлесімді байланысқа жетуге бағытталған, экологиялық
заңдылықтардың құқықтық ретелуінің сақталуына негізделеді. Эколгиялық
құқықта императивтік жіне диспозитивтік әдістер қолданады. Императивтік
әдістер бір тараптың екінші тарапқа басымдылығын білдіреді. Мемлекет табиғи
байлықтардың меншік иесі ретінде табиғат пайдаланушыларға өз билігін
көрсете алады, мысалы қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапкершілікке тарту,
табиғи ресурстарды пайдалануға беру немесе оларды мемлекеттік мұқтаждарды
үшін қайтарып алу кезінде. Ал диспозитивтік әдістер тараптардың теңдігін
білдіреді, бұл әдіс экология саларында шарттық қатынастарды жүзеге асыруда
қолданады.
Экология құқығының ішкі табиғатын білдіретін өзіне тән қағадалары да
бар. Олар Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңының
үшінші бабында көрініс тапқан. Оларға мыналар жатады:
1. адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Экология ( лекциялар )
Судың ластануы
Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
Экожүйенің жіктелуі
Экология құқығы түсінігі
Экожүйе құрылымы
Әлеуметтік экологияның мәні
Экология және тұрақты даму пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Қазақстан Республикалық экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары
Пәндер